Жар салып, жасақ жияр білімді Алик, Білімсіз хұзарлардан алмаққа кек. Қаласын, егіндерін ызасы үшін От пенен қойған арнап қылышқа деп. Қол бастап, киіп сауыт - Царградты, Сыр мінез таңдап....
2013 жылдың шілдесінде 4 338 вакансияның ішінде сыйақысы ең жоғарысы (жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарының 32%-ын құраған) сауда саласында екені белгілі болды.
Фото: ok-inform.ru
Оған сәйкес, бас директор қызметі үшін айына бір миллион теңге және компания табысынан жылдық бонус ұсынылған, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы HeadHunter компаниясына сілтеме жасап.
Аталмыш топ-менеджердің қызметіне сатылымдарды басқару, баға белгілеу жүйесін жасау міндеттері кіреді. Зерттелген аумақта жалақысы жоғары мамандықтар "Құрылыс және жылжымайтын мүлік" (500-ден 800 мыңға дейін) және "Өндіріс" салаларына тиесілі (3 мың мен 4 мың доллар арасында).
Ал ең төменгі жалақы ІТ-салада (15 мың теңгеге дейін) және банк құрылымында (18 мыңнан 35 мың теңгеге дейін) екен.