Жанкелді Немеребай (Қарғалдақ...)

Жанарым толған сезімнің ұшқынды өлеңі,
Еліттің сәулем көзіме түстің де мені.
Өзіңмен бір сәт сырласып өткенгі күндей,
Көктемгі гүлдей құшаққа қысқым келеді.
Сейілтіп мұңды шертіп ең жүректің қылын,
Көлеңке басқан көңілді нұр еттің күнім.
Жиырма бесімнен селт етпей келген едім ғой,
Жолығып саған неліктен дір еттім бүгін.
Кездескен сайын рухани.....
Өлеңдер
Толық

Жанкелді Немеребай (Әкем барда жазылған өлең...)

(Ай туған сәт)

Ай туыпты жұмада әке бүгін,
(Оған сәлем бермесем қателігім).
Ай көрдім, аман көрдім деп айтатын,
Бар емес пе қазақта мәтел-ұғым.
Ақ бұлттары аспанның шудалы екен,
Арасынан шалқақтау туған екен.
Тысқа шығып айға......
Өлеңдер
Толық

Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...)

Анажан, өмірімнің желкені едің,
Сен жоқсың. Енді кімге еркеледім?
Бүгінгі қызығымды көрсетпеген,
Ой, өмір-ай, неғылған келтелі едің.
Шынында өмір неткен келтелі едің,
Анамды асықтырдың, ентеледің.
Бір күнде балалықты артқа тастап,
Жас күнімді есейттің....
Өлеңдер
Толық

Жанкелді Немеребай (Ауылда қалған балалық...)

Тауларды кезіп шың-құзбен,
Табанды тасқа тілгізген.
Бозбала күнім есімде,
Боз тайға әкем мінгізген.
Таң қурай менен құлпынай,
Құлпырған кезең шіркін-ай.
Өреге тізген анамның,
Ірімшігі мен құртын-ай.
Өріске ерте......
Өлеңдер
Толық

Жанкелді Немеребай (Поэзия)

Жүрекке жыр, кеудеме толтырып ән,
О, поэзия өзің деп толқыды жан.
Ғашық едім мен саған жан-тәніммен,
Азабыңды қаншама тарта білгем.
Қармағымды үмітпен тереңге атып,
Табамын ба деп жүрмін сенен бақыт.
Жазған болса ақын....
Өлеңдер
Толық

Нұрболат Жолдасбек (Көктемгі блюз)

Өкпелеме.Жылама,көкем,ертең,
Гүлге орайды көркіңді көктем ерке.
Құсым ең қиялымда көп көретін
Түсірген сені кімдер көктен ерте.

Тығылса деп алқызыл ұртыңа үміт,
Бір күні әлей,ай да аппақ,бір күні ұлы.
(Білем саған дәл мендей ынтық ымырт)
Ғалам кезген күлкіңнен.....
Өлеңдер
Толық

Қазақша - арабша Алла тағаланың 99 көркем есімдері және мағынасы

Аллаһ - الله

Оның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
Есімдер мағынасы
Толық

31 қазанда алып астероид айға соғылуы мүмкін

Бұл алып ғарыш денесі абырой болғанда, біздің ғаламшардан алыс траектория бойынша ұшуда. Оның жер серігімен қатығысу мүмкіндігі бар, деп жазады британдық БАҚ, ғалымдардан алған ақпаратқа сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Ғабиден Қожахмет (Бәрінен де сен әдемі жеңгесің)

(Қайны, қайын сіңлілердің лебізі)

Арнап кетпей гүл-өмірдің жатқа әнін,
Біздің үйдің босағасын аттадың.
Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің,
Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың.

Ағамызға дедің де бақ құсыңмын,
Жүрегіңнен қадірлі орын ұсындың.
Жабырқаған болса....
Өлеңдер
Толық