«Азаматтарға арналған үкімет» Алматыдағы Алатау аудандық ХҚКО-да орын алған кісі өліміне қатысты жауап берді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді. Білімі — 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы); — 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады; Отбасылық жағдайы Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара. Еңбек өтілімі • Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);....
Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (18 ақпан 1993 жылы туған, Үшқұдық қаласы, Науаи облысы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисті ретінде танымалдылыққа ие болды. Жəне X фактор жобасының жартылай финалист сияқты т.б танымалдылығы бар. Өмірбаяны Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар. Отбасы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласында тұрады. Балалық шағы Топтағы вокалистердің бірі Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2002 жылы отбасымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Жанұясында ортаншы бала, ағасы мен қарындасы бар. "Кейде қарындасым ренжігенде мені "Э, найнти уан!" деп атайды" ....
Аида Боранбай 31 арна тележүргізушісі 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжін тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады. Еңбек жолы. Телеарна табалдырығын алғаш рет он алты жасында аттаған. «Таң» телеарнасындағы «Сәлем» ойын-сауық бағдарламасына жүргізушілікке іріктеу жүріп жатқанын естіп, қатысып, бағы жанып, іріктеуден өтіп кетеді. Бұл телеарнада екі жыл қызмет атқарып, одан кейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасына да іріктеу арқылы өтіп, жарты жыл жұмыс істейді. Ал, 31 арнада төрт жылдан астам жұмыс істеуде.....
Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен. Фильмография: 2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?» 2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев) 2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов) 2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947). Өмірбаяны Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағанды облыстық драма театры) бастады. 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Ойнаған рольдері Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.....
Сара Өрдембайқызы Тыныштығұлова (1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бөрлітөбе ауылында туған) — әнші. Қазақ КСР Халық артисі (1979). Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1970). Алматы облысының Құрметті азаматы (2001). Парасат орденінің иегері (2017). Сара Өрдембайқызы 1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бөрлітөбе ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық эстрада студиясын бітірген. 1971 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1969 - 1975 жылдары Гүлдер (ансамбль)нің солисті. 1976 жылдан Қазақконцерттің солисті. Шығармашылығы Сара Тыныштығұлованың репертуарынан Қазақтын халық әндері ("Ауылың сенің іргелі", "Ақ дариға") мен осы заман композиторларының Н.Тілендиевтің "Алатауы", Ш.Қалдаяқовтын "Шынарым", Е.Хасанғалиевтің "Аңсағаным", және шет ел халықтарының (түрік, вьетнам, т.б.) әндері орын алды.....
Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин (1984 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған) — әлемге танымал қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Астана Опера театрының жетекші әншісі. Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы 13 наурызда дүниеге келген. 2004 - 2008 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін жеке орындаушы мамандығын бітірген. 2007 жылдан Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында солисті болды. 2013 жылдан Астана Опера театрының жетекші опера әншісі. Шығармашылығы Сүндет Байғожинның репертуарында көптеген опералар бар: Марсель («Богема» Дж. Пуччини), Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковского), Малатеста («Дон Паскуале» Г. Доницетти), Леско («Манон Леско» Дж. Пуччини), Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Алеко («Алеко» С. Рахманинова), Анет баба («Калкаман-Мамыр» Б. Кыдырбек), Оспан («Камар сулу» Е. Рахмадиева), Кокбай («Абай» А. Жубанова, Л. Хамиди), Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини), Кожагул, Жиенкул («Біржан-Сара» М. Тулебаева), Креспель, Лютер («Сказки Гофмана» Ж. Оффенбаха), Доктор Гренвиль, Барон («Травиата» Дж. Верди), Граф Чепрано («Риголетто» Дж. Верди) және т.б көптеген шығармалар бар....
Байжанбаев Жанат (Жан) Әнуарбекұлы - актер. 1961 жылы 5-тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген. 1984 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының штатты актері. КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1989). 2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Отбасылы. Жары – Гүлнар, қыздары - Диляра мен Рамина. Кинодағы рөлдері: 2015 Рэкетир 2: Жаза (Қазақстан) - Жан ....