Сүндет Байғожин Әбдірахманұлы (1984 жылы 13 наурыз)

 Сүндет Байғожин Әбдірахманұлы (1984 жылы 13 наурыз)

Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин (1984 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған) — әлемге танымал қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Астана Опера театрының жетекші әншісі.
Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы 13 наурызда дүниеге келген.
2004 - 2008 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін жеке орындаушы мамандығын бітірген.
2007 жылдан Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында солисті болды.
2013 жылдан Астана Опера театрының жетекші опера әншісі.
Шығармашылығы
Сүндет Байғожинның репертуарында көптеген опералар бар: Марсель («Богема» Дж. Пуччини), Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковского), Малатеста («Дон Паскуале» Г. Доницетти), Леско («Манон Леско» Дж. Пуччини), Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Алеко («Алеко» С. Рахманинова), Анет баба («Калкаман-Мамыр» Б. Кыдырбек), Оспан («Камар сулу» Е. Рахмадиева), Кокбай («Абай» А. Жубанова, Л. Хамиди), Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини), Кожагул, Жиенкул («Біржан-Сара» М. Тулебаева), Креспель, Лютер («Сказки Гофмана» Ж. Оффенбаха), Доктор Гренвиль, Барон («Травиата» Дж. Верди), Граф Чепрано («Риголетто» Дж. Верди) және т.б көптеген шығармалар бар.
Ресей, Австралия, Франция, Корея Республикасы, Италия және т.б шетелдерде гастрольдік сапарларда болды.
Жетістіктері
Халықаралық "Шабыт" фистивальінің лауреаты
Н.Тілендиев атындағы халықаралық фистивальінің бас жүлдегері
Б.Төлегенова атындағы халықаралық фистивальінің бас жүлде иегері
«Тоти Даль Монте» халықарылық конкурстың бас жүлде иегері (Трэвизо, Италия)
Arena di Verona халықаралық опера әншілері конкурсының бас жүлде иегері (Италия)
Марапаттары
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты
2011 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған
2016 жылы ТМД халықаралық парламент ассамблиясының "ТМД мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі үшін" алтын медалі
2017 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!