Исламбек Төлеубайұлы

Исламбек Төлеубайұлы – «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті.
Ол сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті.

Исламбек Салжанов Қобда ауылынан 150 орындық балабақша құрылысын салу үшін 250,0 млн. теңге қаржы бөлді. Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Қордың басты мақсаты – отандық мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, қоғамда мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, дарынды балаларды қолдау, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қол үшін беру.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Елена Шушлебина

Елена Шушлебина – Зеленов аудандық ауруханасының учаскелік медбикесі

Ақтөбе қаласының 35 жасар тұрғыны Роза Тасқала ауданында туысқандарының үйіне қонаққа келген болатын. Жүктілігіне байланысты таңертең оны туыстары облыстық перинаталдық орталығына жеткізу мақсатында жолға шығады. Алайда жолда жүкті әйелдің толғағы басталғанын байқайды. Шұғыл Переметное ауылынан жедел жәрдем шақырады.

19 шілде күні сағат 11:20 Зеленов аудандық ауруханасына Орал-Тасқала тас жолынан қоңырау түседі. Еңбек демалысына шығуына байланысты дәрігер, акушер-гинеколог қызмет орынында жоқ болған. Алайда бригадамен учаскелік медбике Елена Шушлебина шұғыл жолға аттанады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Хон Юрий

Хон Юрий - Ақтөбе облысындағы қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің аға инспекторы
Юрий Борисович түскі астан кейін әріптесі екеуі күнделікті бақылауға шығады. Келе жатып, оның көзі көлде тұншығып жатқан адамға түскен еді. Бірден көлікті тоқтатып, күннің суығына қарамастан суға секіріп, батып бара жатқан адамды жағаға алып шықты. Қатты тоңғаннан ба, әлде суда әбден дәрмені таусылғаннан ба құтқарылған адам есін жоғалтып үлгеріпті. Юрий әріптесі екеуі жақын маңдағы медициналық бекетке апарып, жас жігітке алғашқы көмек көрсетілді. Өз қызметін мінсіз орындаған Юрий Хон осылай бір адамның өміріне араша болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Назарбаевтың жерде жатқан суреті желідегілердің ашуын туғызды (фото)

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында президенттің суреті жерде тапталып жатыр. Суретті ақтөбелік журналист Асқар Ақтілеуов 6 шілде күні түсірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Жаңалықтар
Толық

Шәууәл айы. Ораза және намаз уақытының кестесі 2017 жыл

Толық

Димаш Құдайбергеннің әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қазақ Тәуелсіздігіне — 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті.
Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында......
kz
Толық