Астанада Елбасы экологиялық отынмен жүретін көлік таксопаркінің тұсауын кесті

Бүгін Астанада "Қазақ елі" монументі алаңында Астана қаласы әкімдігінің көмегімен, "AllurGroup" компаниясымен іске асырылған "Эко такси" қалалық таксопаркі инвестициялық жобасының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

"Астана Эко такси" жобасы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге қаланың инфрақұрылымын дайындау бойынша Әкімдіктің үш бағдарламасының бірінші іс-шарасы болып табылады. Жобаға: Astana mobility - қаланың көліктік инфрақұрылымы және логистика саласын жаңарту және жақсарту жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру; Astana Green City - энергетикалық тиімділік және жаңартылған энергия көздері саласындағы шешімдерді жүзеге асыру; Welcome to Astana! - қаланың туристік қызығушылығын дамыту және қонақ үй және мейрамхана, қызмет көрсету саласының инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жатады.

Жаңалықтар
Толық

Танымал әншімін!

Танымал рок-жұлдызға концерттен кейін бір мұжық келіп:
- Айтыңызшы, сіз сондай танымалсыз, бірақ залдың жартысы бос?
- Қалай бос? Менің концертіме билетті екі есе көп сатады. Алып сатарлар әуелі билетті концерт алдында 200 доллардан сатады.
- Жақсы, сосын сіздің күйтабақтар да.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)

Ақмола облысы, Қосшы ауылы
Ыбырайқызы Рыскүл



Тәрбие сағат мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Тәрбие сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты)

Тәрбие сағат тақырыбы: Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты
1. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.
2. Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
3. Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі.
Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық.
4. Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.
5. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.
Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Өйткені, мен бүгін тәуелсіз, еркін елдің ұланымын.
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік көк туын көкке ұста)

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Сағымбаева Жансая Мергенбайқызы


Тәрбие сағат тақырыбы: «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылыққа баулу арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық