Орта Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу тарихы 1- сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Орта Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу тарихы 1- сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Бірқатар деректерден дәлелді ой-пікір түйіп, қорытынды жасау
Меңгерілген материал бойынша дәйекті қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты: 10.1.1.2 - Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Орта Азиядағы архитектуралық ескерткіштер

Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысына аса көңіл бөлінеді. Сондықтан оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің, дәрістерді белсенді және аса белсенді жүйеде жүргізудің маңызы өте зор. Бұл студенттердің жаңа оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады. Және болашақ мамандардың қабілеттерін дамытады.
Осы мақсатпен «ПИК-05-8к2» тобының студенті «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен «Орта Азиядағы архетиктуралық ескерткіштер» тақырыбы бойынша кейс зерттеп даярлаған. Кейс әдісілекция сабақты оқытушы қойған нақтылы проблемалық жағдайды жеке топшаларда зерттеп талқылап, содан кейін топ бойынша жалпы шешім қабылдауға және жұмыс нәтижелерін топтың жалпы сөз сайысында презентациялауға негізделген. Сабақты кейіс үрдісімен жүргізу үшін студенттер лекцияның бастауына дейін кейстің тақырыбы мен әне мазмұнымен танысуы керек. Студенттердің алдына қойылған проблемалық жағдайлар пәннің жұмыстық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес құрастырылған. Оқытушы студенттердің жұмысын бағалаған кезде әрбір студенттің белсенділігін, топта жұмыс орындау қабілеттерін, шешімдерін техникалық рәсімдеу сауаттылығын, проблемалық жағдайды шешудегі жаңа көзқарастарын, жағдайды талдай білу қабілеттерін, альтернативті шешімдерді бағалай білу және өз шешімдерін қорғай білу қабілеттерін ескереді. Бұл кейсті орындау бір лекциялық сабаққа есептелген.....
Рефераттар
Толық

География | Азиядағы жаңа индустриялы елдер

Жұмыстың өзектілігі: Азиядағы жаңа индустриялы елдер мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттердегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Азиядағы жаңа индустриялы елдерның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Азиядағы жаңа индустриялы елдер – экономикалық дамудың жаңа жолына түскен елдер тобы жатады. Атап айтатын болсақ Оңтүстік Корея Республикасы, Сингапур, Тайвань және Гонконг жатады. Тайвань мен Гонконгты кейбір деректерде Қытайдың қос қанаты деп те атайды.
Осы мемлекеттерге қысқаша сипаттама беретін болсам. Олар мына төмендегідей:
Тайвань
Ел атауы: Тайвань Республикасы;
Жер көлемi: 36 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 21 миллион адам;
Астанасы: Тайбэй қаласы;
Ақша бiрлiгi: жаңа тайвань доллары.
Сингапур
Ел атауы: Сингапур Республикасы;
Жер көлемi: 0,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 4,6 миллион адам;
Астанасы: Сингапур қаласы;
Ақша бiрлiгi: АҚШ доллары.
Корея Республикасы
Ел атауы: Корея Республикасы;
Жер көлемi: 99,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 48,3 миллион адам;
Астанасы: Сеул қаласы;
Ақша бiрлiгi: корей вонасы.
Гонконг
Ел атауы: Гонконг;
Жер көлемі: 1075 шаршы шақырым;
Халық саны: 5,8 миллион адам;
Астанасы: Гонконг;
Ақша бірлігі: гонконг доллары.
Бұл елдер туралы кіріспеде қысқаша мәлімет бере кеттім. Толық мәліметті негізгі тараулардан оқи аласыз.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Азияның жаңа индустриялы елдерінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Алдыңғы Азиядағы мамлюктер

Мәмлүк сөзі ислам тарихында үлкен рөл ойнаған "ақ құлдарға" - қатысты айтылатын сөз болып табылады. Мәмлүк сөзі араб тілінде "мамлук" - иеліктегі деген мағынаны білдіреді. Бастапқы кезде бұл-сөз "абд мамлук" деген тіркестегі "иеліктегі құл" деген мағынаны білдірсе, уақыт өте келе "мәмлук" сөзі субстантивтеніп, "абд" - құл сөзіне қарама-қарсы тек әскери мақсаттарға пайдаланылатын құлдарға қатысты айтылатын терминге, одан соң осы мәмлүктердің мемлекеттік құрылымдағы әлеуметтік орындарының жоғарылауына байланысты ресми титулға айналған. Мысалы, сұлтан Бейбарыстың хатшысы Ибн Абдузахир шығармаларында өзін "кіші мәмлүк" деп көрсетеді. Құлдан туған ғана құл саналған, ал мәмлүк азат жанұяда өмірге келіп, кейіннен тұтқынға түскен немесе жастай құл базарында сатылған адам. Мәмлүк сөзін сұлтандар да өздерінің титулдарына қосып жазатын болған. "Малака" иелену, билеу деген етістіктің есімше формасы. Мәлік, мүлк, мемлекет деген сөздер де осы түбірден өрбиді. (1)....
Курстық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты

Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады.
Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Адыраспан – бел ауруларына ем

Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық