Мерт болды ақын, бықсық өсек Ар пендесін кетті жұлып. Кеудесінде оқ, шөлдетіп кек, Абзал басын иді сұлық. Ұсақ ғайбат қорлығына Төзе алмады ақын жаны, Озбыр қауым зорлығына Көнбей, жалғыз шықты тағы. ....
Сұлтан деген баланың Болды мойнақ күшігі, Мойынында қарғысы, Тап-тұйнақтай үйшігі. Күндіз кіріп үйшікке Ұйықтайды, дем алады; Түні бойы көз ілмей, Есік алдың бағады. ....
Жастық қып, шынтаққа алып Алатауды, Келтірмей тобығынан Атырауды, Отырды шалқып тасып Жамбыл жырау, Той - жабдық жасап жатты Жамбыл аулы. Ай үзік, жұлдыз уық, күн түндікті, Тойға арнап Жамбыл аулы бір үй тікті.......
Баяғыда Өлеңі үшін ақылды Кесірленіп, кесім айтып ақырғы, Ойсыз әкім абақтыға қамапты Қанжар тілді жау жүрек жас ақынды. Қаталдықтың көрсетпек боп көкесін, Қабаттасып сөздері де кекесін, Бір түрмеде бірге ұстапты ақынның Нағашысын, шешесі мен әкесін. Бос кезде де жүрген еді байымай, Өзі кедей төртеуінің ойы бай.......
— Мазалайды көңілді сұрақ талай. Үмітімді күндерім жүр ақтамай. Бақыт қайсы, Өмірде барлығы да Баянсыз өте шықса тұрақтамай? — Қыс өтеді, Ериді сүт — ақ қар да.......
Бүгіннен бөлек болған бұрынғысы, Көзайым көркемдіктің туы, үлгісі Жетісу — Жаратылыс деген күштің Тамаша, таңғажайып туындысы! Жұмақтай тазалыққа ашылған жер. Жұмбағын ғасырлардың жасырған жер.......