» » » Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында)

Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында)

Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында) казакша Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында) на казахском языке
Жастық қып, шынтаққа алып Алатауды,
Келтірмей тобығынан Атырауды,
Отырды шалқып тасып
Жамбыл жырау,
Той - жабдық жасап жатты Жамбыл аулы.
Ай үзік, жұлдыз уық, күн түндікті,
Тойға арнап Жамбыл аулы бір үй тікті.
Сол үйге кіріп жатты тойшыл халық,
Деп: «Жәке, той-думаның болсын құтты».
Шалқыта шаңырағына ту байлаған,
Кең өлке кілем төсеп, гүл жайнаған.
Шақырып ұлы тойға шар тарапты
Балхаштың комбинаты айғайлаған.
Жайылып жер-жаһанға тойдың даңқы,
Құмарта құлақ тікті әлем халқы,
Айбарлы Алатауға тұрды қарап,
Сүйсінген Гималай мен сонау Әлпы.
Дабылы ұлы тойдың әлемді алған.
Кетті асып асулардан, ғасырлардан... —
Жол ұзақ, желмаямен жете алман деп,
Парнаста Гомер тұрып етті арман.
Фердауси қолына алып «Шаһнамасын»,
Иранның мінбе етіп мұнарасын,
Тапсырып Лахутиға, сәлем айтып,
Құттықтап Жамбыл тойын иді басын.
Карт Жамбыл домбырасын отыр шертіп,
Күй кернеп, кең өлкені күмбірлетіп,
Құйылған ұлы арнаға өзендейін
Жан-жақтан ағылған жұрт жеделдетіп.
Соқтырып сөз самалын Абай алда,
Басшы боп келіп жетті топ адамға.
Аққуға аспандағы әнін қосып,
Шырқатып келе жатты Біржан сал да.
Асынып сары садақ сұр жебелі,
Келеді ер Махамбет — жыр нөсері.
Ту байлап құлагердің шоқтығына,
Арқаның ақ тұйғыны Ақан сері.
Ән салған Жаяу Мұса жаяулатып,
Балқытып, мамырлатып, баяулатып;
Бір жақтан бұрқыратып Бұхар жырау,
Сүйімбай сел ағыза тау құлатып,
Қиырдан Құрманғазы күй тыңдатып,
Тәттімбет түстік жерден сылқылдатып,
Салдыртып келіп жетті Сұлтан Махмұт
Екі өмір арасына бір түн қатып.
Бетке алып езі салған даңғыл жолын,
Келеді Пушкин бастап тойға тобын:
Лермонтов, Некрасов, Гоголь, Чехов...
Толстой тиеп алған алуан томын.
Екпіні еңсергендей жер мен кекті,
Текпіні солқылдатып төңіректі,
Дауысы жерді жара, тау жаңғырта,
Мұз балақ Дауылпаз боп Горький жетті.
Көк тіреп төбесімен ақын Байрон,
(Көрген жан сымбатына қалған қайран):
Шекспир, Шиллер, Шота, Гете, Гейне...
Қалған жоқ ешбір ақын ұлы тойдан.
Алыбы асыл жырдың Жамбыл атам,
Үстінде орден таққан жібек шапан,
Қарсы алып құшақ жайып меймандарын,
Боп жатты той думаны ұлы дарқан.
Ортада сапырылған сары қымыз,
Былқылдап пісіп жатыр бағланыңыз.
Күй кеулеп, үй түндігі желпілдейді,
Қосылып домбыраға сырлы қобыз.
Ақ көңіл аңқылдаған ақын Пушкин
Лебізі әуезіндей аққу құстың,
Қымызды қана ішіп, отыр төрде
Аңыз ғып асыл сырын Күншығыстың.
Пушкиннің баса отырып оң жақ санын,
Көрсетіп, қолына алып өз жинағын,
Әндетіп отыр оқып ақын Абай
«Евгений Онегиннен» аударғанын.
Күй кеулеп, тиді кезек квартетке — Бетховен,
Чайковский, Бах, Шубертке,
Шалқыды сыры терең симфония,
Қосылып Құрманғазы, Тәттімбет те.
Қолында Шекспирдің күміс кесе,
Жанында біздің Мұхтар тізерлесе, —
Жазсаңыз,—дейді Мұхтар Шекспирге,-
Қазақтың өмірінен бір пьеса.
Горький оқып Сәбиттің «Теміртасын»,
Кей сезінің қояды сызып астын.
Бір топтың ортасында Сұлтан Махмұт
Диханның қарап отыр «Шалқымасын».
Сақалын сылап-сипап қолмен тарап,
Толстой төрде отыр тамашалап,
Әбділда қолтықтап ап Гейне досын,
Шақырып алып барад оңашарақ,
Тайыр кеп дейді:— мынау жазғандарым,
Бастадым бір поэма, аты «Нарын»,
Сіз бастап араласақ Нарын құмын,
Қақ бөліп алар едік гонорарын.
Асқар жүр ақ қағазға мақта ораған,
Мұның не леп сұрасаң дейді — роман,
Лауазімі «Шәуілдір», авторы өзім,
Сәті түссе бес жылда болар тамам.
Тастай сап Жұмағали «Күләндасын»,
Басқа бір қыздың, сипап «Қара шашын»,
— Шашыңды сенің, сәулем, жазар едім,
Болмай тұр,— дейді,— оңаша жатар дачым.
Гогольдің, құлағына Әлжаппар кеп,
Сыбырлап айтып жатыр әлде не деп?
Дей ме әлде,— бәйгі алдым пьесама,
Кетіңіз біздің үйден «Бесбармақ» жеп.
Әр сөзге Белинский салып құлақ,
Салмақтап жұрттың сөзін отыр сынап,
— Сыңға сын бола ма деп сіздің жақта,—
Күлімдеп Есмағамбет тұрды сұрап.
Жатқа айтып Маяковский поэмасын,
Бір топ жас қоршап алған айналасын,
Ғали мен Қалижан түр төне түсіп,
Суырып қалтасынан лирикасын.
Қария күміс сақал, бурыл шашты,
Жасаған Жамбыл жырау тоқсан жасты,
Қолға алып езгі досы домбырасын,
Арнасы асыл жырдың тағы тасты.
Алтын жыр ақтарылып ауызынан,
Желпілдеп жер түндігі дауысынан,
Тамылжып бар табиғат тұрды тыңдап,
Көлде қаз, аспанда аққу, тауда құлан.
Жүйіткіді кәрі тарлан шын көсіліп,
Ағылды асқар ойдан жыр жосылып,
Жамбылды алқа қотан ортаға алып,
Шырқады барлық ақын бір қосылып.
Болғанда Жамбыл солист, Горький дирижер,
Баритон,— Байрон, Біржан, Пушкин — тенор,
Бас болып бар дауыспен Маяковский,
Тау тербеп, жер сілкінтті екпінді хор:
Толғауын тоқсан жырдың түйдек-түйдек,
Жосылтып Жамбыл жырау кетті үдеп,
Ақындар овация жатты жасап,
Уралап:—уа жүйрігім, тусаң — ту, деп.
Тоғысқан алуан ақын тойлы өмірде
Бәрінің жүректері соқты бірге,
Ту ұстап, тұлпар мініп Жамбыл сонда,
Бастады бақыт төрі Кремльге.
Халқымның қасиетті төрі болған,
Әр тасы ұлы думан Қызыл алаң,
Безеніп қызыл тумен гүл бақшадай,
Құлпырған сол алаңға толған адам.
Жарына Кремльдің ұран қаққан,
Әр әрпін нұрға бөлеп, алтындатқан:
«Жазушы — адам жаны инженері» —
Деген сөз бар әлемнің, көзін тартқан.
Күмбірлеп Кремльден соқты сағат,
Басталар жетті уақыт ұлы парад,
Алаңның ортасында Маяковский,
Астында ойнақтаған арғымақ ат:
«Смир-но-о-о!» дегенде ол, жиналған жұрт
Секундтта сапын түзеп, болды жым-жырт,
— Болды! — деп,— парад дайын! —
Шауып барып Горькийге Маяковский берді рапорт.
Кенеттен: күн жауғандай күн күркіреп,
Тасқандай ұлы мұхит — жер тітіреп.
Күй кернеп, шаттық үдеп шалқыды алан,
Күн көсем келе жатты күлімсіреп.
Көк күнін шапақ шашқан қызыл арай,
Көктемде көкжиектен көрген талай,
Вулкандай бұрқыратып бойда шаттық,
Күн кесем келе жатты дәл осылай.
Шаттықтың Қызыл алаң көлі болып,
Шалқыды, қазы ұшып, аққу қонып...
Ақынға біткен өңшең алып жүрек
«Партия, партия!» деп тұрды соғып.
— Баста— деп бұйрық беріп тұрды
Горький,
Ту тіккен трибунада Маяковский
Беріп тұр бар дауыспен команданы:
— Шагом марш!
Раз — два — тпи!
Левый, левый
Мылтықтай мойынға асып домбырасын,
Тайпалтып теке жаумыт тор жорғасын,
Парадты бастап Жамбыл жөнелгенде,
Жан-жақтан жауды ұран деп: «Жасасын!»
Парадын ақындардың тамашалап
Күлімдеп күндей көсем тұрған қарап:
«Ақынның Алатауы жаса Жамбыл!»
Дегенде, жер жаңғыртты жұрт уралап.
Алдында Мавзолейдің тәуап етіп,
Тізіліп колонналар жатыр өтіп...
Жанында жан жолдасы — серіктері,
Күн көсем тұр төбесі көкке жетіп.
Томдарын тиеп, тіркеп тракторға,
Сапысын сары алтынды алып қолға,
Толстой тәуап етті Мавзолейге
Көсем де сәлем берді ақсақалға.
Роллан, Барбюс бастап бір колонна,
Қос сұңқар қанат қаққан алтын таңға.
Tу байлап қаламдарын келед кезеп
Жауап деп жауыз фашист Каннибалға.
Гитлеоге тісін қайнап кетті Гейне
Сөйледі қарап тұрып Мавзолейге.
— Ризамын, улы ЛРНИН. партияға
Право берген мендей еврейге.
Мария Тереса Леон күлімсіреп,
Фашисті қаламына алған түйреп,
Ойбайлап, көлбақадай тырбаңдайды.
Сұм фашист қабырғасы қалған күйреп.
Мойнына самурайдың арқан тағып,
Тепкілеп, бет - аузына күйе жағып,
Бақыртып, дырылдатып, итше сүйреп,
Келеді Э-Ми-Сяо өшін алып.
Мынау кім, елден ерек танымайсың,
Жамылған жолбарыстың жон терісін?
Бүл Шота, жеткен бізге ұзақ жолдан,
Айырып жеті қабат жер қыртысын.
Кім мынау, кобзарь ойнап келе жатқан,
Бірде шат, бірде мұңлы ойға батқан?
Бұл Тарас, бір заманда кезден жасы
Көл-көсір кең далада Дондай аққан.
Аумағы Алатаудай ақын Абай,
Салған ол, суреттеп сөзден сарай,
Сыйғызып сарайына ғасыр сырын,
Келеді бүгін езін мыңға балай.
Бір кезде боздап өткен Ақан серің,
Құшақтап құба жонда «Қорқыт көрін»,
Сол бүгін сүйінішпен әкеліп тур,
Тарту ғып Буденныйға құлагерін.
Құшақтап қу қарағай Құрманғазы,
Күңіреніп еткен күйші қысы-жазы,
Толғап кеп тоқсан күйді, бір күй тартты, —
Көсемге күн сымбатты деп, байғазы.
Парадқа тұрсаң қарап көзіңді алмай,
Айдыны ақындықтың ағылғандай,
Айдынның аққанындай алуан ақын
Жан-жақтан жиналыпты бірі қалмай.
Қосылып марш ойнаған оркестрге,
Бәрінің жүректері соққан бірге,
Арналған асыл алғыс партияға
Шақырған бар ақынды ұлы өмірге.
Көсемін алуан ақын алып қолын
Таудай қып тартты үйіп асыл томын.
Көрсетті компартия келешектен
Ашылған ақындықтың жаңа жолын

Автор: nurgul95 | 98 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл тойы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл тойы)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл мен Кенен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл мен Кенен)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Шәкірт балаларға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Шәкірт балаларға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қыйсыбайға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қыйсыбайға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қалжың)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қалжың)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Төлегенге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Төлегенге)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаңа жыл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаңа жыл)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қайта келген жастық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қайта келген жастық)
Өлең: Жамбыл Жабаев (X съезге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (X съезге)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шәкiрт балаларға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шәкiрт балаларға)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Таппаспын сендей салақты)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Таппаспын сендей салақты)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сүйінбайға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сүйінбайға)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздық Сұлтанға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздық Сұлтанға)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жалғызбын деп жүрмесін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жалғызбын деп жүрмесін)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Абышқа)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Абышқа)

KZ / Өлеңдер жинағы, қасым аманжолов Жамбыл тойында өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Жамбыл тойында, қасым аманжолов Жамбыл тойында өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша қасым амандолов өлеңдері касым аманжолов олендери касым аманжолов стихи на казахском Жамбыл тойында, Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке