Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдері 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдері 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну;
• Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну;
• Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білу.

1. 1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ 7.2.3.2 " механикалық энергияның екі түрін ажырату және
7.2.3.5 –энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;
оқу мақсаттары бойынша білімдерін демонстрациялайды.
І топ механикалық энергияның түрлерін ажыратады
ІІ топ энергияның түрленуіне мысалдар келтіреді
ІІІ топ екі топтың жұмысының нәтижесін талдайды және механикалықэнергияның сақталу заңын тұжырымдайды
Бағалау критерийлері:
Механикалық энергияның түрлерін біледі.
Механикалық энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады
Механикалық энергияның сақталу заңын дұрыс тұжырымдайды.
Орындалған тапсырмалардың кемшіліктерін түзете отырып, мұғалім кері байланыс береді.
2. Ой қозғау.
Мұғалім 6-слайдтағы суретті көрсетеді. Болат шар пластинамен соғылғаннан кейін тоқтайды. Шардың пластинаға қатысты потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергиясы нөлге тең болады. Бұл шардың энергиясы жоғалып кеткенін білдіреді ме?(энергияның сақталу заңы тұжырымдалады)
3. Мақсатты болжау.
• Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну;
• Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну;
• Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білу.
4. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді.
1. Суы бар пробирканы қыздырған кезде тығынның ұшып шығу тәжірибесін және колбаға ауаны енгізгенде, тығынның ұшып кетуі мен тұманның пайда болу тәжірибесін жасайды.Оқушылардан бөлшектер қозғалысы және ішкі энергия артады деген сөздерді пайдалана отырып, тығыннның неге ұшып шыққанын түсіндіріп берулерін сұрайды.
EСКЕРТУ!Демонстрация кезінде тығын үлкен жылдамдықпен ұшып шыға алатынын есте сақтау қажет, сондықтан тығынмен түтікшені өте нығыздап жаппау керек. Тығынды оқушыларға қарай немесе терезе жаққа қарай бағыттамаңыздар.
Бұл қыздырған кезде бөлшектердің ішкі энергиясының артуын көрсететін маңызды демонстрация болып табылады.
2. Сұйық пен газдың ішкі энергиясын салыстырады.
3.Әр түрлі массадағы денелердің ішкі энергиясын салыстырады.
Оқушылар ішкі энергияның қандай физикалық шамалардан тәуелді екенін түсінулері тиіс.
Келесі тәжирибелерді оқушылар орындайды.
1) тиынды картонға үйкеу,
2) сымды бір жерден бірнеше рет майыстыру,
3) термометрді қолдың жылуымен жылыту және т.б.
Әрбір тәжірибені сипаттайды және ішкі энергиясы қандай әдіспен өзгертілгенін анықтайды. Оқушылар ішкі энергияны қандай әдістермен өзгертуге болатындығын түсінулері қажет.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, энергияның түрленуін және ішкі энергины өзгертудің тәсілдерін түсіндіреді.
5. Сабақты бекіту.
а) Суретке қарап дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атаңдар. ...........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий