Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық  (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: гравитациялық және электростатикалық өріс қасиеттерін салыстыра білу
Сабақ мақсаттары: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастықты анықтау арқылы электр өрісінің қасиеттерін бір жүйеге келтіру.

(W) Электр өрісінің сипаттамаларын қайталау
Оқушылар тарау бойынша сұрақтарды құрастырады және екі топқа бірігіп өзара жарысады.
(W) Слайдта берілген сурет бойынша оқушылар жұптасып жауап береді, кейін жауаптарын талқылайды.
Электр өрісінің жұмысы
Есеп шарты: q 1>0 электр зарядын q 2>0 нүктелік
заряд өрісіндегі АВСD
тұйық контур бойымен көшірген .

1. Қандай бөліктерде өрістің зарядты көшіру жұмысы оң болған?
2. Қайсысында теріс болған?
3. Қайсысында нөлге тең болған?
4. Жүйенің потенциалдық энергиясы қалай өзгерген?
5. Зарядтың орын ауыстыруына кеткен толық жұмыс неге тең?

Жауаптары: 1-AB, 2- CD, 3- BC,AD, 4-алдымен кеміді, кейін артты, 5- нөлге тең

(Т) Гравитациялық және электр өрісі арасындағы ұқсастық

Масса орын ауыстырғанда гравитациялық өрiстiң жасаған жұмысы потенциалдық энергияны азайтады .
+q оң заряды орын ауыстырғанда электр өрiстiң жасаған жұмысы потенциалдық энергияны азайтады
Электр өрiсiнiң күш сызықтары потенциалдық энергияның кему бағытын көрсетедi. Егер өрiс оң жұмыс жасаса, онда өрiстегi зарядталған бөлшектiң потенциалдық энергиясы кемидi, және онымен бiр уақытта, энергияның сақталу заңы бойынша, оның кинетикалық энергиясы өседi, бөлшек үдеуi өседi (электр лампасындағы электрондар үдемелi қозғалады). Керiсiнше, терiс жұмыс iстегенде потенциалдық энергия өсiп, кинетикалық энергия кемидi, яғни бөлшек тежеледi.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 122



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады