Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

 Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жылыжай эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін білу
Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жылыжай эффектісі себептері мен салдарларын біледі.
Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады
Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды
Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді.

Ой-қозғау.
Оқушыларға биосферадағы жылыжай әсері туралы суреттер таратамын
Миға шабуыл сұрақтары:
- Берілген суреттер нені сипаттайды?
- Бұл сурет ағзалар үшін пайдалы ма әлде зиянды ма?
- Жауабыңызға дәлел келтіріңіз
- Пайдалылығына бір мысал айтыңыз
- Ертеректе жылыжай эффектісі болған ба? Неге?
- Неге соңғы 100 жылда климат ерекше жылынды?
- СО2 – нің атмосферада көбеюі табиғи факторға байланысты ма, әлде антропогендік факторға байланысты болды ма? Оны қалай дәлелдей алады?
- Соңғы 50 жылда ауаның температурасы қанша градусқа көтерілді? Қай жерде көбірек: Европа елдерінің солтүстігінде ме әлде тұтастай жер шарында жылыну жүрді ме?

Оқушыларды топтарға бөлу. Алдын ала оқушылар аттары жазылған стикерлер араластырып «кездейсоқтық» әдісімен топтар құру.

Сынып 3 топқа бөлінеді.Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

І топқа «Жылыжай эффектісін» сызбасын сызу

ІІ топқа – Жылыжай эффектісін туғызатын факторларды зерттейді. (дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі,су және ауа температурасының көтерілуі)

ІІІ топқа - Жылыжай эффектісін қоршаған ортаға әсерін жою жолдарын ұсыну (суретпен немесе сызбалармен беруге де болады)

Топтар өз постерлерін қорғайды.Әр топқа қалған екі топ мұқият тыңдап сұрақтар қояды.Постерлерді бағалау критерийлері:
- Ғылымилылығы
- Сызбаның дұрыстығы және көрнекілігі
- Тақырыпты аша білу
Озон қабатының жұқаруы. Мұғалім түсіндірмесі.
Жаңа сабақ материал бекіту мақсатын бейнебаян көрсету.

Кері байланыс.
Үйге тапсырма: Жылыжай эффектісі туралы интернет желісінен соңғы зерттеулермен танысу...........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий