Өсімдіктерді күту (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

  Өсімдіктерді күту (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат әлемі
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді күту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.2.3.4 Бөлме және мәдени өсімдіктерге қандай күтім қажет екенін білу;
2.2.3.2. Өсімдіктердің күн энергиясын жұтатынын түсіну
2.1.2.3. күтілетін нәтижелерді болжау
2.1.4.1.Өсімдіктер арасындағы айырмашылықтарды салыстыру және түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Өсімдіктің жақсы өсуі үшін топыраққа күтім жасау керектігін түсіну және топыраққа қалай күтім жасайтынын білу. Бөлме және мәдени өсімдіктерге қалай күтім жасау кректігін білу. Тәжірибелер мен басқа да зерттеулердің нәтижелері болжамдармен сәйкес келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдістерін жетілдіру кректігін түсіну.

(Ұ) Оқушыларға «Бағбанның биін» жасауды ұсыныңыз. Олар топпен бағбанның қимылын көрсетеді.
(Ұ) Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың назарын оқулықтағы құралдардың суретіне аудару. Олардан суреттерді атауларын, оны құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін айтып беруді сұрау. Оқушылар сол қимылдарды жасап берулерін өтіну. Егер мүмкін болса, олардың әрқайсысын көрсету.
(ОТ,Ж) Күтім жасау.Жұптасып ақылдас.
- Топыраққа күтім жасау керек пе?
- Әлде өсімдікке ғана ма?
- Неге?
- Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан?
- Тамыр одан не сіңіреді?
- Егер өсімдікті суармаса не болады?
- Тыңайтқыштар не үшін керек?
- Топырақты неге қопсыту керек?

(ОТ,Т) Топпен жұмыс. «Зерттейік» оқушылар жұппен жұмыс істейді. Сыныптағы бөлме өсімдіктерімен жеке жұмыс істейді.
• Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып оны суару;
• Сосын топырақты қопсыту;
• Жапырақтарға су бүркіп, шаңын сүрту.
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
- Ластауға болмайды.
- Табиғатты тиімді пайдалану керек!
Бір тал ексең, он тал ек
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)
- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий