👈 қаріп өлшемі 👉

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? 1-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? 1-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер.
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.2.1.5 бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Өсімдікті қалай күту керектігін біледі;
Көпшілігі:
Өсімдікті күтуге қажетті заттарды анықтайды;
Кейбір оқушылар:
Өсімдікті күту жолдарын айтады.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Өткенді қайталау.
«Артығын тап» ойыны
Түрлі суреттер болады. Оқушылар өсімдікке қажетті жағдайларды ғана анықтайды. Артық суреттерді алып тастайды.
Зерттеу нәтижесімен танысу. Қорытынды шығару.
ІІІ. Қызығушылықтарын арттыру:
Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң, сәні бұзылады.( Гүл )
-Дұрыс. Жарайсыздар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.
«Бағбанның қимылы» понтамимика.
Оқушылар топпен бағбанның қимылын ойлап тауып, неліктен ондай қимыл көрсеткенін түсіндіреді.
«Сиқырлы себет» ойыны
Себеттен сипап сезіп, заттарды алу. Гүлге суқұйғыш, сусепкіш, шағын күрек.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Жаңа сабақ:
Ертегі тыңдау.
Адамдар гүлдерді жақсы көреді. Олардың сұлулығы көңілді көтерді. Гүлдер ауаны тазартады. Бірақ қыста олар өспейді, сосын адамдардың көңілі түсіп қалатын болды. Сондықтан олар гүлдерді үйде отырғызып, оны күтетін болды. Сөйтіп бөлме өсімдіктері пайда болды.
Ой қозғау
- Біз қандай бөлме өсімдіктерін білеміз?
- Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
- Гүлдердің сыртқы келбетттері қандай?
- Сіздер ол өсімдіктерді дұрыс өсуі үшін қалай күтесіздер?
Күтуге қажетті құралдармен танысу.

Сергіту сәті:
Жел еседі бітімізге,
Шайқалады ағаштар.
Жел ақырын-ақырын-ақырын
Биік-биік ағаштар
Зерттеу жұмысы:
Жұмысты жұпта жасайды.
Әр жұп шүберек, су сепкіш, су бүркегіш, таяқша беріледі.
Гүлді күту ережелерін сынып оқушыларымен талқылау.
Тым көп су құюға болмайды.
Су бүркегішпен қатты сепсе, жапырақтары сынып қалуы мүмкін.
Таяқшамен қопсытқанда, тамырына дейін тигізбе.
Гүлдің жанында жүгірме, ойнама, гүл құлауы мүмкін.
Болжау: Егер гүлді дұрыс суарып, топырағын қопсытса не болады?
Төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алып, гүлге күтім жасайды.
- Өсімдіктің ерекшелігін ескеріп, оны суару.
- Топырақты таяқшамен қопсыту.
- Жапырақтың шаңын сүртіп, су бүркегішпен себу.
Болжамдарыңыз дәл келді ме? Дәл келу үшін не істеу керек?
Бейнефильм көру. Бейнефильм бойынша топтар «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы жұпта сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беру.
Топтық жұмыс:
Әр топқа өсімдікті күту жолдары көрсетілген түрлі суреттер беріледі. Суреттерді терминдер мен тірек сөздерді қолданып, суреттер арқылы гүлдің күту жолдарын ретімен орналастарды, сипаттайды.
ҚБ: бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды, бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.
Дәптермен жұмыс:
Құрал-саймандардың атын дұрыс жазу..........

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы