Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар (9 сынып, II тоқсан)

 Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Атмосфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар
Оқу мақсаттары: 9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады
Сабақтың мақсаты: Оқушылар атмосфераның қолайсыз және қауіпті құбылыстарын болжап, олардан сақтану жолдарын үйренеді.
(М) 8 сыныпта Атмосфера тарауында сіздер климат түзүші факторларын таныс болдыңыздар. Оларға не жатады?
2018 жылы Астанада болған шаңды дауылдың суреті көрсетіледі.
Мұғалім ой шақыруға сұрақтар қояды:
- Қазақстандағы дала зонасында болатын шаңды дауыл орташа есеппен алғанда жылына 20-38 күн құрайды.
- Қазақстанның оңтүстігінде және Балқаш көлінің маңында шаңды дауылдар 55-60 күн соғады.
Осы құбылыс адамзат тіршілігіне қандай кедергі келтіруі мүмкін?
Оқушылар жұпта талқылайды, қалаулары бойынша ойларымен бөліседі. Сабақтың тақырыбы анықталады.
(С) Тақтаға бірнеше қауіпті құбылыстар тізімі шығарылады.
Оларды жіктеу ұсынылады.
Жауаптары көрсетіледі. Атмосфералық құбылыстарды табиғи және антропогендікке бөледі.
Сабақта негізінен атмосфералық құбылыстардың табиғи жолмен пайда болғандары талқылынатыны туралы айтылады.
(Ж) Мәтінмен жұмысты орындауға нұсқаулық беріледі:
1. Қауіпті, зиянды атмосфералық құбылыстарды дәптерге жазу
2. Бұл құбылыстарды тудыратын себептерді анықтау
Оқушылар мәтінмен танысып, жұпта талқылап, бір-біріне сұрақ қойып, тапсырманы орындайды. Қажеттілік туындаған кезде мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.
Оқушылар жергілікті жердің қолайсыз және қауіпті құбылыстардың инфографикасын құрастырады.
Шағын топтағы жұмыс.
А. Жеребе бойынша қауіпті атмосфералық құбылыс пен Қазақстанның аумағы таңдалады.
1. Шығыс Қазақстан
2. Батыс Қазақстан
3. Солтүстік Қазақстан
4. Оңтүстік Қазақстан
Ә. АКТ пайдаланып соңғы 10 жылдағы байқалған қауіпті атмосфералық құбылыс туралы мәлімет табады.
Б. Оқушылар жергілікті жердің қолайсыз және қауіпті құбылыстардың инфографикасын сызады:
Дескрипторлар:
Оқушылар
соңғы 10 жылдағы байқалған қауіпті атмосфералық құбылыс туралы мәлімет табады;
құбылыстың қайталануы (қанша рет);
экономикалық шығын (кез-келген, мысалы млн теңге, қираған ғимарат, үсікке ұшыраған егін аумағы, жарақат алу т. б.).
Оқушылар өздерінің таңдауы бойынша жергілікті жерде болатын қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды болжау мүмкіндігін анықтайды.
Оқушылар топта инфографика құрастырып, сыныптың алдында қорғайды. Дескрипторлар бойынша бірін бірі бағалайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады, кері байланыс ұсынады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 5 781



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді