» » » » Балабақша сабақ жоспары: Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем

Балабақша сабақ жоспары: Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем

Балабақша сабақ жоспары: Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем казакша Балабақша сабақ жоспары: Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем на казахском языке
Мақсаты: Балабақша мен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата - аналар, әріптестер! Адам үшін ең аяулы, ең қатерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Наурыз тойын аңсап дәйім
Ата – бабам жырлап келген.
Той – думандар жалғассын деп
Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз.

1. «Балапан» тобының қыздарын «Қамажай» биімен қарсы алыңыздар.
Тақпақтар:
Қайырбек Кішкентайдан өсірген,
Құшағында аялап.
Қатем болса кешірген,
Анам маған сая бақ.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік тербеткен.
Әнін тыңдап анамның,
Мен осылай ер жетем.

Әлімжан Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген анашым.
Алақаның сая маған,
Жақсылығың бала үшін.
Қарыздармыз ана саған,
Таттың өмір шыжығын.
Аман - болсын бала - шағаң,
Көр солардың қызығын.

Әсемай Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.

Гауһар Келбетіңде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана - деген жылылық,
Ана - деген мейірім.

Медет Күтері бар баланың,
Мерекесі ананың.
Сегізінші наурыз
Үшінші ай санадым.
Ана - бақыт, берекем,
Сүйенішім сен екен.
Құлпыра бер көктемдей,
Құтты болсын мерекең.

Камила Әжем менің ақ әжем,
Аппақ әжем, пәк әжем.
Басқалардай емессіз,
Сүйкімдісіз ақ әжем.

Ендігі кезекте, сайысқа түсетін ақ жаулықты әжелерімізді ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
4.
(Әділқазылар алқасының құрамын бекітіп, әжелерді сайыстың шартымен таныстыру)
«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
«Көтерейік көңілді ән - жырменен» (өнер сайысы)
«Білгенге маржан» (мақал - мәтелді жалғастыру)
«Өнерлі саусақтар» (дайын қолөнер бұйымдарды көрсету)
«Мықты болсаң, тауып көр» (әр түрлі тапсырмаларды орындау)
«Жақсы сөз, жарым ырыс» (бата беру)
(сайыстың бірінші шарты бойынша әжелер өздерін таныстырады)
Жүргізуші: Әділқазылар әжелеріміздің бағаларын саралағанша «Айгөлек» тобының кішкентай бүлдіршіндерінің орындауында «Ән айтамыз анаға» әнін бүгінгі мерекеге тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!

Нұртай Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.

Сабрина Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен - кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Аружан Б. Анашым қарыздармын мен өзіңе,
Құрметпенен зейін салам әр сөзіңе.
Маған үміт артқаныңды сеземін,
Мейіріммен қарағанда көзіме.

Әлішер Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік тербеткен.
Әнін тыңдап анамның,
Мен осылай ер жеткем.

Аружан С. Менің әжем – шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде,
Бізді ойлап жүреді.

Біржан Ана сенің қасиетіңе қайранмын,
«Қарашығым» дегеніңнен айналдым.
Сен қасымда жүрген кезде демеу боп,
Жүрегіме ұя салсын қайдан мұң?

Ілияс Анасының айтқанын,
Ақылды бала тыңдайды.
Тыңдамаса баласы
Ана жағы тынбайды.

Шерхан Тәтті сүтін емізген,
Дәмді тамақ жегізген.
Анам аман жүрсе екен,
Ақ анашым дегізген.

Диас Ананың арқасында,
Мәпеленіп өстік біз.
Ананың арқасында
Еркелеп өстік біз.
Ананы ұмытпаймыз,
Қашанда алыс жүрсек.
Ананың амандығы,
Жарқылдап ашық күлсек.

(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй!
- Сонымен, сайыстың 2 - ші кезеңіне өтеміз. Қазір алдарыңызда әжелеріміз өз өнерін ортаға салады. (Әжелер өз өнерлерін көрсетеді)

- Әділқазылар әжелеріміздің ұпайларын анықтағанға дейін «Балапан» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

Хор «Әжетайым» әні
Аягөз Еркелесе «күнім» дейді,
Ұрысқаны білінбейді.
Маңдайымнан иіскеп мені
«Құлыншағым», «Күнім» дейді.

Жанарыс Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Көркемай Менің әжем – гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем.

Бақытжан Менің әжем сымбатты,
Әжем маған қымбатты.
Құрт пен майын жинайды,
Бізге оны сыйлайды.

Нұршат Әжем мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам үайым жейді.
Анам мені «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.

(Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады)
- Сайыстың 3 - ші кезеңі «Білгенге маржан». (Әділқазылардан конвертті алып ондағы мақал - мәтелді жалғастыру). Сайыскерлерге 1 минут уақыт беріледі.

1. Алған бір жазықты,
Алдырған екі жазықты.

2. Қолыңмен істегенді,
Мойныңмен көтер.

3. Ұсынған мойынды алмас кеспес.
4. Нағашымен күрессе жиені жығылар.
5. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

6. Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.

7. Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа.

8. Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.

9. Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

10. Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Әжелеріміз дайын болғанша «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
«Корей биі»
(әжелеріміз тапсырманы орындайды)
- Әділқазылар шешімі дайын болғанша көрермендер арасында «Кім жылдам?» ойыны ойналады. (ойын мақсаты: үстел үстіне қойылған түрлі - түсті қағаз, ақ қағаз, желім, қайшыны пайдалану арқылы құттықтау парағын тез, әрі ұқыпты орындауы қажет).

(Әділқазылардан бағасын сұрау)
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан
- Сайыстың 4 - ші кезеңінде әжелеріміздің үйден өз қолдарымен қолөнер бұйымдарымен таныстырамыз.

- Әділқазылар әжелеріміздің ұпайларын анықтағанға дейін «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз. Біздің топтың балалары тек қана қазақ тілінде емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де аналарын құттықтай біледі.

Дана Май диар, диар Мами,
Ай лав ю, вери мач.
Ай уиш ю би хэппи,
Он зэ эйтс оф Мач.

Арман Зэ эйтс оф мач,
Ай уант ту си,
У хэппи смайл.

Ырысжан Зэ эйтс оф мач,
Из хиа тудэй.
Ай риали хэв,
Сам ворде ту сэй.

Нұржамал Зэ эйтс оф Мач,
Ай уант ту си ю шайнинг,
Лайк э стар.

Данияр Зэ эйтс оф Мач,
Ай виш ю хэпи лайф.

Ербатыр Ай лав ю, бейби, вери Мач,
Энд виш ю он зэ эйтс оф Мач.

(Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады)

Сайыстың 5 - ші кезеңі «Мықты болсаң, тауып көр» (Әділқазылардан конвертті алып ондағы әр түрлі тапсырмаларды орындау) Сайыскерлерге 3 минут уақыт беріледі. Сайыскерлеріміз тапсырманы орындағанша, көрермендер арасында ойын өткізіп жіберейік. Ойынның шарты: тыйым сөздерді айту.
- Әділқазылар шешімі дайын болғанша «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

«Қуыршақтар биі»

(Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады)
«Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер»
Сайыстың 6 - ші кезеңі «Жақсы сөз, жарым ырыс» (бата беру)
Әжелеріміз бүлдіршіндерімізге өз баталарын берсін.
- Әділқазылар әжелеріміздің ұпайларын анықтағанға дейін «Балапан» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
«Жалқаубек биі»

Жансая Әжем менің шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде,
Бізді ойлап жүреді.
Әрбір айтқан ақылын,
Жүрегіме сақтаймын.
Ертегісін тыңдамай,
Ұйқыға мен жатпаймын.

Мадина Демалыста қыдырып,
Ата - әжеме барамын.
«Аман - есен жеттің бе?»-
Дейді олар «қарағым».
Кезек - кезек бетімнен,
Шүлпілдетіп сүйеді.
Бір нәрсені бүлдірсем,
Аздап қабақ түйеді.

Мерует Ана - біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Анамыздан тарайды,
Біздің ана тіліміз.

Салтанат Ең қымбатты өмірде,
Ана екенін біліңіз.
Ана жанын түсініп,
Ойнаңыз да, күліңіз.

Сержан Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Қадірбек Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, анашым, ертең - ақ,
Отың болып жанам ғой.
Анам менің ақ анам,
Балашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын шаттанам.

(Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады)

- Әділқазылар сайыстың қорытындысын анықтағанға дейін «Балапан» және «Айгөлек» тобынан Ырысжан мен Жансаяны «Нұрын төккен маған» атты әнімен қарсы алыңыздар
Самира Ақ бесікте жатқан кезде - ақ анашым,
Жүрегінің жылуына қандырған.
Табанымды қара жерге тигізбей,
Көтерумен ақ білегін талдырған.

Сабина Анам менің ақ анам,
Балашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын, шаттанам.

Анель Анашым, жан анам,
Балдан тәтті бал анам.
Үйге келсең, мақтанам,
Құшақ жая қарсы алам.

Мадина Әжем мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Әжем мені «күнім» дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

Бағдат Менің апам тамаша,
Еркелеткен иіскеп.
Мен өскенде апама,
Берем әсем үй істеп.

Салтанат Аяулымсың, ақылшымсың, апашым,
Анам менің, бар адамға данасың.
Күліп ойнап ортамызда жүре бер,
Жаутаңдатпай екі көздің қарасын.

Қуандық Әжем менің – аяулым,
Жұмсақ жүрек иесі.
Әжем барда ояумын,
Әжемнің бар киесі.
Қартайса да әжемді,
Тәңір өзің сүйеші.

Дана Еркелеймін шаттанып,
Қасымда анам болғасын.
Балаларды басқа емес,
Тек аналар қорғасын.

Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға береміз.

Жеңімпаз әжелерімізді анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
«Парасатты әже» –
«Өнерлі әже» -
«Шебер әже» -
«Дана әже» -

Сайысқа қатысқан әжелерімізді құттықтау үшін «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін «спорт» биімен шақырамыз.

Жүргізуші:
Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем – дей отырып, көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз күні туылған туған күн иелері: мектеп - бақша әдіскері және «Айгөлек» тобының бүлдіршінін туған күндерімен құттықтаймыз. Туған күн иелеріне денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүттің
Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз. .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 61 | 27.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем, балабақшаға Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакш, Балабақша сабақ жоспары: Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем