» » » » Балабақша сабақ жоспары: Көктем жаршысы құстар

Балабақша сабақ жоспары: Көктем жаршысы құстар

Балабақша сабақ жоспары: Көктем жаршысы құстар казакша Балабақша сабақ жоспары: Көктем жаршысы құстар на казахском языке
Құстар – көктем жаршысы
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.

Тәрбиеші:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза мөлдір көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Балалар:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:
Сендер қандай әдемісіңдер, мейірімді, ақылды баласыңдар!
Осындай қайырымды, ақжарқын болып өсуіңізге табиғаттың тигізер әсері мол. Табиғат – Ана сендерге мол шапағатын төгіп, көтеріңкі көңіл – күйді сақтай отырып, бүгінгі ашық оқу іс – әрекетімізді бастаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, ал күз мезгілінде қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
Балалар:
Күн суытып, жауын – шашын мол болады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
Тәрбиеші:
Дұрыс балалар, өте жақсы, жарайсыңдар. Мұның бәрі табиғаттың құбылысы екен. Ал, балалар, табиғат туралы не білеміз? Табиғат дегеніміз не, қане, мониторға қарап, есімізге түсірейікші.
«Табиғат» атты сызбамен жұмыс.
Тәрбиеші:
Ал, енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам» ойынымен байқап көрейік. ( 2 топқа бөліп, сұрақтарға жауап алу. Сайыс соңынан ұпай сандарын анықтау)
Жарайсыңдар балалар, сендер табиғат туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Балалар, тақтадағы әдемі сөзжұмбақты көрдіңдер ме? Сөзжұмбақты дұрыс шешсек бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы шығады. Ал, қане, сөзжұмбақты шешу үшін жасырылған жұмбақтардың шешуін табуға дайынбыз ба? Ендеше мұқият тыңдайық.

1. Екі айыр құйрығы
Қияқ мұрт қанаты
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)

2. Талдың басында
Жемі бар қасында
Үй тұр саялы
Достарға аялы. (Ұя)

3. Өзі сақ, өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын, өзі ала
Бұл қандай құс? (Сауысқан)

4. Тоқылдатып мазаны ап
Ағаштарды тазалап
Ормандарды емдейді
Зиянкесті жаралап. (Тоқылдақ)

5. Сары үрпек балақан
Енесіне ереді
Көгалды шоқып көп
Дән іздеп тереді. (Балапан)
6. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ақ
Қыста алысқа кетеді. (Қараторғай)

Жаңа оқу іс – әрекеті.
Балалар, қараңдаршы, сөзжұмбағымыз шешілді. Балалар, сендер әріптерді үйренуді жаңа бастап жатқандықтан сендер әлі оқи алмайсыңдар. Сендерге мен оқып беремін. Қызыл әріптермен «ҚҰСТАР» деген сөз шықты. Ендеше жаңа оқу іс – әрекеті құстарға байланысты «ҚҰСТАР – КӨКТЕМ ЖАРШЫСЫ» деп аталады.
Балалар, тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы – ҚҰСТАР болып есептеледі. Құстардың түрлері өте көп. Құстардың пайдасы мол. Олар табиғаттың байлығы болып саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып – қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады.
Құстар өте пайдалы, олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

Құстар үлкен екі топқа бөлінеді.
1. Үй құстары
2. Дала құстары
Үй құстарына: Қораз, тауық, үйрек, балапан, қаз.
Дала құстарына: Торғай, қарлығаш, аққу, үкі, тоқылдақ.
Ал енді балалар, шаршаған шығарсыздар, сендермен біраз сергіп алайық,

Сергіту сәті: «Шөп – шөп шөжелерім» әнімен.
Қорытынды:
- Балалар, сонымен біздің тақырыбымыз не туралы болды?
- Құстар қалай бөлінеді?
- Қандай құстармен таныстық?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Балалар, жарайсыңдар, өте жақсы қатыстыңыздар.

Табиғат – біздің байлығымыз. Табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар табиғат қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.
- Балалар, келген қонақтармен қоштасамыз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құстардың аттарын білу.
Меңгеру: Құстарды бір – бірінен айырмашылығын ажырата білуге, сұраққа толық жауап беруге үйрету......



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 82 | 27.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Көктем жаршысы құстар арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Көктем жаршысы құстар, балабақшаға Көктем жаршысы құстар арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары , Балабақша сабақ жоспары: Көктем жаршысы құстар