Қазақстан Республикасының рәміздері

 Қазақстан Республикасының рәміздері

«Қазақстан Республикасының рәміздері» ашық оқу іс- әрекеті

ІІ- сәбилер «Қарлығаш» тобы

Өркізген тәрбиеші Ергулова Камила

Оқу іс-әрекеттің тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері»

Мақсаты:Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру.Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Отан сүйгіштікке баулу, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Тіл байлықтарын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, тақпақ айту, шығармашылық.

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Слайдтан көрсету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті



Мотивациялық

қозғаушы



Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Бізге қонаққа апайлар келіпті,қане барлығымыз шаттық шеңберін құрып апайлармен амандасайық.



Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апайлар.

Сәлеметсіздер ме!

Рефлексті коррекциялаушы

Балалар оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын жыл мезгілдерін қайталап өтейік.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Осы жыл мезгілдерін атаңдаршы?

-Қазір жылдың қай мезгілі?



-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?







-Жарайсыңдар балалар сендер жыл мезгілдерін естеріңе жақсы сақтапсыңдар.

Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз бойынша Тіл дамыту. Оқу іс-әрекетіміз-дің тақырыбы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау» деп аталады.



-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді өлең жолы мен бастаймыз.



Бәрі де сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның,

Өлгенше сүйіп өтетін.



-Балалар осы өлең шумағын да айтылған «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүр міз.

-Осы «Отан» дегеніміз не?

-Дұрыс айтасың Алмас.

Осы «Отан» туралы тақпақ айтайықшы.
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар,біздің Отанымыз,мемлекетіміз ҚР-сы деп аталады. Біздің еліміз егеменді тәуелсіз мемлекет. ҚР-сы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің тұңғыш президентін сайлады.

Біздің еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев.

ҚР-сы тәуелсіз мемлекет болғандықтан өз рәміздері болады. Олар: Гимн,Ту,Елтаңба.

Біздің ұлттық тіліміз- қазақ тілі. Ал еліміздің Елордасы – Астана қаласы.

-Балалар Отанымызды, Президентімізді,Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

-Ал енді балалар Отанымыз Қазақстан туралы кім қандай тақпақ айтады.

Балалар сендер Отан,Қазақ-стан туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер! Жарайсыңдар, ал мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?
Жарайсыңдар балалар,сендер өскенде өз отандарыңды қорғайтын азамат боласыңдар. Ол үшін сендер еліміздің мемлекеттік рәміздерін жақсы білулерің керек. Олай болса еліміздің рәміздерімен танысайық.

Туды көрсетіп сипаттау.

-Балалар мынау ҚР-ның мемлекеттік туы. Туымыздың түсі аспан түстес көк. Көк түс – бірлік пен ашық аспанды көрсетеді. Туымыздың ортасында сәуле шашқан күн бейнесі орналасқан.Ол – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Күн астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі орналасқан.Ол еркіндіктің, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігінің белгісі.

Туымыздың сабы бекітілген тұсында қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген. Бұл ою-өрнек қазақ халқының қол өнер шебері болғанын білдіреді.

Мемлекеттік туымыздың авторы қазақтың қылқалам шебері Шәкен Ниязбеков.

-Қане ,балалар бәріміз бірге қайталайықшы.

-Балалар осы мемлекеттік туымыз туралы кім қандай тақпақ айтады.
-Өте жақсы балалар,сендер туымыз туралы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер.



Елтаңбаны көрсетіп сипаттау.

-ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің бірі – Елтаңба. Елтаңбада көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан күн сәулесі тәріз дес уықтар таралған. Шаңырақ пен уық – отбасы негізі, Отанымыздағы көптеген ұлттардың бір шаңырақ астындағы бірлігін көрсетеді.Оң жағы мен сол жағында қанатты қос тұлпар бейнесі бейнеленген.

Ал елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз орналастырылған.

Бес жұлдыз – әр бір адамның, халықтың жол нұсқайтын жарық жұлдызы деген мағынаны білдіреді.

Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу жазылған.Ол мемлекетіміздің атын білдіреді.Осы бір әсем де асқақ Елтаңбаның авторлары: Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков.

-Қане балалар бәріміз бірге қайталайықшы.
-Балалар осы Елтаңбамыз туралы тақпақ айтайықшы.
Әнұранды сипаттау.

-ҚР – ның мемлекеттік рәміз дерінің бірі – Гимн.Гимнді салтанатты жағдайларда, екі ел басшылары кездескенде, үлкен жиындардың ашылуын да орындалады.Сонымен бірге өз балабақшамызда күнде таңертең айтылады. Гимнді орындағанда міндетті түрде орындарымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.

Әнұранның авторлары:

Нұрсұлтан Назарбаев,

Жұмекен Нәжімеденов,

Шәмші Қалдаяқов.

-Балалар бірге қайталайық.

-Қане балалар осы Гимн туралы кім тақпақ айтады.

-Балалар ендігі оқу іс-әрекеті мізді шығармашылық жұмыспен жалғастырамыз.

Шығармашылық жұмысымыз ды бастамас бұрын бойымызды жазып сергіп алайық.

Сергіту сәті

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Егеменді ел көрдім.



-Балалар шығармашылық жұмысымыз да желімдеп жапсыру арқылы Туды бейнелейміз.

-Балалар бүгін біз оқу іс-әрекетімізде ҚР-ның Мемлекеттік рәміздерімен таныстық.

-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады екен?



- Еліміздің президенті кім?





-Балалар ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін атаңдаршы.

Жарайсыңдар балалар! Барлықтарыңда бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыңдар.Ендеше оқу іс-әрекетімізді Гимнмен аяқтайық.
Жылдың 4 мезгілі бар


-қыс, көктем, жаз,күз

-қазір жылдың күз мезгілі.



-күн суытады,

-жапырақтар сарғайып жерге түседі,

-күн бұлттанып,жиі-жиі жаңбыр жауады.
Балалар оқу іс-әрекетімен танысады.
Балалар мұқият тыңдайды.

-Шота Уалиханов,

Жандарбек Мәлібеков.



Бекұлан

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада – аспан әлемі.



Тілекқабыл

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Балалар қайталайды.



Жансая

Әнұраным жанұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі – бақи шырқалады.

Республика Әнұраны

Балалар сергіту жаттығуын орындайды
Балалар шығармашылық жұмысты орындайды.

-Қазақстан
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Ту, Елтаңба, Гимн.

Балалар атап,көрсетіп береді.

Балалар орындарынан тұрып гимнді орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атап,көрсете білу. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!