» » » » Балабақша сабақ жоспары: Көк тудың желбірегені

Балабақша сабақ жоспары: Көк тудың желбірегені

Балабақша сабақ жоспары: Көк тудың желбірегені казакша Балабақша сабақ жоспары: Көк тудың желбірегені на казахском языке
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Раушан Сисенбаева

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көк тудың желбірегені»
Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата - бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздіктің, гүлденген Тәуелсіз ел - Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Қазақ елі»слайд.

Балалар «Желтоқсан желі»әуенімен топқа енеді.
Шаттық шеңбері:
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін
Қыз қолында гүл жүрсін
Көк аспанда көк туым
Жарқырасын күн бүгін
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Желбірейді көк туымыз».
- Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз.
Ол – ел?
Қазақстан Республикасы
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Астана қаласы
Қазақстан Республикасының елбасы кім?
Н. Ә. Назарбаев

- Балалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін білеміз бе?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері Ту, Елтаңба, Гимн.
- Балалар, орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайық. Балалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.

Балалар, Қазақстан Республикасының Гимнінің сөзін жазған кімдер?
Балалар жауабы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі қандай?
Көгілдір

Туымызда не бейнеленген?
Балалар жауабы

Тудың авторы кім?
Балалар жауабы

Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?
Елтаңбаның авторы кім?
- Балалар, 1992 жылы 4 - ші
маусымда Елбасымыз ту
шашағын сүйіп тұрып, қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!- деген болатын. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы кімдер тақпақтар біледі?
Ақсұңқар: Көк туымыз бетінде
Қыран бүркіт қанаты
Сол қырандай еркіндеп
Біз өсеміз талапты

Мейрамбек: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Аяужан: Гимні елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

Иә, балалар әр елдің, мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мыңдаған жылдардың тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік,
Осы үш ұғымның салтанат құруы жолында қаншама қиындықтарды бастан кештік. Иә, Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп, көрейікші. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті. 1986 жылы Алматы қаласында өткен желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті. Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев сынды аға - апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. Қайрат Рысқұлбеков сәулет - құрылыс жоғарғы оқу орнының студенті. .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 53 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Көк тудың желбірегені арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Көк тудың желбірегені, балабақшаға Көк тудың желбірегені арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары , Балабақша сабақ жоспары: Көк тудың желбірегені