Баяндама: Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігі

Баяндама: Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін  пайдалану тиімділігі казакша Баяндама: Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін  пайдалану тиімділігі на казахском языке


Ақтөбе қаласы,
Есет батыр атындағы АОМКЛИ әдіскері
Сатен Г.И.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі заманғы тегіс қамти алатын ақпараттық технологияларды білім алу үрдісіне енгізу білім беру жүйесі реформасының орталық буыны болуы тиіс. Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты долына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады». Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей – ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа білім беру парадигмасы мен білім беру модернизациясын қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі механизмдердің бірі – білім беруді ақпараттандыру. Білім беру құрылымы қамтамасыздандыратын үрдіс ретінде қазіргі ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану қарастырылады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің таралуы оқу үлгісінің түрлерінің кеңеюін, дамуын және жаңа ұйымдастырылған оқыту әдістері мен формаларының туындауына түрткі болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру жалпы білім беру мен арнайы пәндері ақпараттық жабдықтарды қолдана отырып, мультимедиялық технологиялардың негізінде оқыту мәселелері болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осыған орай, кез келген пәннен дидактикалық материалдар дайындауға болады.
Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электронды оқулық дегеніміз мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазу болады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажетті элементі – аудиохабарлар. Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталатын болсақ:
• Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
• Оқушы оқулықты қажет етпей – ақ, информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
• Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
• Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
• Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
• Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
• Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
• Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
• Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
• Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
• ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары.
• Психология – педагогикалық талаптардың жоқтығы.
• Пәнаралық байланыстың аздығы.
• Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
• Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
• Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
• Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
• Берілген материалдағы санитарлық – гигиеналық нормалардың сақталмауы.
• Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
• Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады; гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйгеге келтірілген заңдылығы болуы керек.осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
• Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
• Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы:
• Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау;
• Түрлі сабақтарды электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарынжүргізуге мүмкіндік бар.
Қорыта келгенде, қазіргі ақпараттық технологияның дамыған шағында барлық оқу орындары мен мектептерде электронды оқулықты пайдалану пәнді оқытуда оқушылар мен студенттердің ерекше қабілеттерін, белсенділіктерін, шығармашылықтарын арттыру мақсатында жасалынған электронды оқулық кез келген практикант үшін де, мұғалімдер үшін де көмекші құрал болатыны сөзсіз. Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабақта пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой - өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір – бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймыз. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ, баяндама ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ, қазақша баяндама ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ, баяндама ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ, баянда, Баяндама: Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігі