Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы


ШҚО, Үржар ауданы, Жанай ауылы,
"Жанай орта мектеп - бақша" КММ - нің
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Кайракпаева Бахытхан Муханқызы

Баяндама.
Тақырыбы: «Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысы Қаскелен ауданының Шамалған ауылында дүниеге келді.
Әр сөздің астарында осы арада,
Ағайын ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы елбасының жеке дара.
Өмірдің судай ағып өзегімен.
Келеді президенттер кезегімен.
«Елбасы, Назарбаев»- егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен.

1990 жылы республика президент қызметі белгіленді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды.
1991 жыл, 1 - желтоқсан. Республикада бүкіл - халықтық президент сайлауы болып өтті. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Бүгін бізде ерекше күн, өйткені біз 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күнін тойлаудамыз.
Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы
болды. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп мақтанышпен айта аламыз.

Тұңғыш Президент күні дегеніміз – қазақ халқы үшін, біз үшін өте маңызды мереке. Бұл біздің нағыз Тәуелсіздігіміздің басы. Бұл мерекенің орны бөлек – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халық өз еркімен сайлап, ел тізгінін сеніп ұстатып, ақ киізге көтеріп, сеніп артқан күн. Сондықтан бұл күннің маңызы да, мәні де жоғары.
Құрметті әріптестер, қонақтар, оқушылар! Қазақ халқының ең ұлық мерекесі құтты болсын!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, көшбасшымызбен бірге биік белестерді бағындыра берейік. Баршаңызға береке - бірлік тілеймін.


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу