Тәуелсіздік күні


Тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы. Қазақстанның ұраны, көкбайрағы, елтаңбасы.
«Қазақстан: Туылған тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты».
«Отан – отбасынан басталады» деген плакаттар, шарлар, гүлдер.
Жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын алғаш көтерген 16 желтоқсан туралы айта кеткеніміз жөн.
1 - оқушы: Үш бақытым
Ең бірінші – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу – Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен.
2 - оқушы. а) Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын алғаш көтерген 16 желтоқсан туралы айта кеткеніміз жөн. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Міне осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Бұл оқиға сол себепті де тарихта «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды. Бес жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның халық тағдырымен тікелей байланыстығында.
3 - оқушы: б) «Желтоқсан құрбандары»
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын шырқамайтын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Кеудеңді әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,
Уакытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
4 - оқушы: Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи түбірлі өзгерістердің жүзеге аса бастауына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи мән – маңызы айрықша жауапты шешімдерге толы болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы және әнұраны бар.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалануы тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Осы 24 жыл ішінде көптеген өзгерістер болды.
5 - оқушы. 1991 жылы 16 - желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
1992 жылы 4 - маусымда Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылданды.
1993 жылы 15 - қазанда ұлттық валюта төл теңгеміз дүниеге келді.
1998 жылы 20 - мамырда Қазақстан Республикасының астанасы – Астана (Ақмола) қаласы болып бекітілді.
2016 жылы 24 - жылдығын тойладық.
6 - оқушы: Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам тілі - өз тілім!

Көрініс: «Тәуелсіздік ақ таңы»
Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.
Әжесі: Е.... – тәуба! Бергеніңе шүкір...
Немересі: - Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр, жүріңіз көрейік!
Әжесі: - Е,..., е, жарығым, бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: - Әжетай, Тәуелсіздік деген не?
Әжесі: - Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.
Немересі: - Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.
Әжесі: - Әй балам - ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап басым айналады. Аздап тынықпасам болмас.
(Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін уқалап тұрады): - Әже жап – жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: - Е, ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.
Немересі: - Ендеше мен жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші!
Сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді «жүгіре жөнеледі).
7 - оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
8 - оқушы.
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын, Жетер сан шеккені малдай азап.
9 - оқушы:
Ана тілім - біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып – қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп қараңыз.
«Менің Қазақстаным» әні.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу