» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 Жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- жоспар бойынша берілген сөздер, сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
- үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
- сөз ішінде э әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар «Адамгершілік әліппесі» атты үлкен кітапшадан талап, қанағат, рақым сөздерін алып, сол топтарға барып отырады. Аталған топ үстелдерінде жасырылған сұрақтар бар. Әр топ сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
• Мәтін дегеніміз не?
• Мәтіннің қандай бөліктері болады?
• Мәтіннің ерекшеліктерін айт.
• Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сипаттама бер.
• Мәтін құрағанда нені басшылыққа аласың?
Өткен тақырыптар пысықталып, шолу жасалады. Содан соң мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
І1. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу. Э әрпін жазу:
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады
(Ж, Ж) «Есте сақтау» диктанты
Мақсаты: э әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.
Оқушылар диктантты жеке орындайды. Уақыт шектеліп беріледі. Тақтадағы сөздерге қарап болған соң, дәптерлеріне жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, жұпта тексереді. Содан кейін нтерактивті тақтадағы дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
Эльмира, Экспо, эскимо, энциклопедия, электр, экскаватор, Эдельвейс, Эленора, эксклюзив, эстафета
Тапсырма: Эстафета сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында э әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.
Бағалау дескрипторы:
- құрамында э әріптері бар сөздерді сауатты
жазады;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін
сақтап көлбеу, үзбей, көркем жазады.
- дыбыстық талдау жасайды.
Сергіту сәті «Буги-буги» әнінің әуенімен дене, қимыл жаттығуларын жасау арқылы өткізіледі.
(Т, Ж) 3 топқа бір суреттен таратылып беріледі. Оқушылар суреттің не туралы, қандай әңгіме болуы мүмкін екендігін топта ақылдасып, шешіп, ол әңгімені суреттейтін бірнеше тірек сөздерді жазып шығады. А4 қағазға әр топ сурет бойынша сөздер тізбегін жазып отырады. Ойланып, шешім қабылдаған соң әр топ өз жұмыстарын шығып қорғайды. Сөздер тізбегін және топқа берілген суреттерді тақтаға іледі. Суреттер мазмұнына сай жоспар құрылады. Берілген жоспар мен көмекші, тірек сөздерге сүйеніп, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазу керектігі айтылады.
Жоспар
1. Аула ішінің тазалығы
2. Жердегі балапанның халі
3. Балалардың іс-әрекеті
1-деңгей: Берілген суреттердің реті бойынша сөйлемдер жазады.
2-деңгей: Оқиғалардың желісі бойынша сызбаға сүйене отырып, мәтін құрастырып жазады.
3-деңгей: Суреттердегі детальдарды басшылыққа ала отырып, өз бетінше мазмұнды мәтін құрастырып жазады.
Берілетін тірек сөздер: шырылдады, жерге, ұя, қамқорлық, қуанды, көктемде, балапан, шиқ етті, риза болғандай.
Бағалау дескрипторы:
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім,
соңы) сақтайды;
- сурет бойынша шағын мәтін құрап жазады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап,
жазады;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап
көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады;......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 19 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Жақсы мен жаманды айыра білемін 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жақсы мен жаманды айыра білемін, сабақ жоспары Жақсы мен жаманды айыра білемін 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Жақсы мен жаманды айыра білемін, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )