» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кімнің мекені жақсы? (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кімнің мекені жақсы? (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кімнің мекені жақсы? (2 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кімнің мекені жақсы? (2 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Оқу мақсаттары: 2.2.3.2 Жоспар/ иллюстрацияны негізге алып мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.
Сабақ мақсаттары: Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау.
Сабақ барысы: Сабаққа оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау
«Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
А) артық сөзді тап.
Қарлығаш, мысық, мекен, құмырсқа.
/оқушылар мекен сөзінің артық екендігін айтады/.
-Балалар, мекен деген не?
-Бұл сөздің бүгінгі сабақпен байланысы қандай деп ойлайсыңдар?
/оқушы жауабы тыңдалады/.
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Кімнің мекені жақсы? деп аталады.
Үй тапсырмасын сұрау
«Табиғат дыбыстары»
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Кімнің мекені жақсы?
Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау.
Дескриптор
 -тақырып/жоспар/ иллюстрация бойынша әңгіме құрастырады;
-әңгімені жүйелі баяндайды.
Сөздік жұмысы
Мекен
Шалшық
Қаздию
Батпақ
Паңдана
Болжау
Тақырып бойынша мәтінді болжау.
Оқиық
Мәтінді оқу
Түсінбеген сөздеріңді белгілеп отырыңдар.
-Қандай сөздерді түсінбедіңдер?
- Шалшық - жиналып қалған су.
- Балшық - жаңбыр суы мен топырақтың араласқан қоймалжыңы.
- көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр.
- таңдайы кепті – шөлдеді.
- көде – далалы жерде өсетін шөп.
- үйіріліп – аспанды жапты.
- жердің миы шығып – балшық болды.
-деп қамықты — уайымдады.
-жарықшақ – жердің тілінген жерлері.
Мәтінді рөлге бөліп оқу
-Кейіпкерлер немен кездесті? (көкқұтанмен)
- Көкқұтанның мекені қандай екен? (борсыған шалшық су )
-Ал сендерге осы көкқұтанның мекені ұнады ма? Неге?
-Ары қарай құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуі нелермен кездесті?
- Сонымен, балалар ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс қай жер екен?
- Әркімнің өз мекені, өз жері екен.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Дифференциация
1 топ. Сурет бойынша мазмұнын айту.
2 топ. Әңгімеге жоспар құру.
3 топ. Сахналау.
4 топ. Ой толғау айту.
Топтар дескриптор бойынша бірін- бірі бағалайды.
Көкқұтан, құрбақа, жауынқұрты сияқты өз туған жерің туралы әңгімеле. Әңгімеңді «О, шіркін, дүниеде мен тұрған жерден асқан жақсы жер жоқ ... » деп баста.
/ Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек./
- Енді бүгінгі кейіпкердің бірі- құмырсқаға арнап
5 жолды өлең құрайық.
Құмырсқа
Мықты, еңбекқор.
Жүреді, көтереді, тасиды.
Құмырсқа қанағатшыл.
Жәндік.
Мақал – мәтелдер айту.
Туған жер, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
1. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
2. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары
3. Бақа көлінде патша
Балық суында патша
Жігіт елінде патша.......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 15 |


Загрузка...