Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

 Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мекені 9-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және
сөйлеу барысында қолдану
Сабақтың мақсаттары:
• Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздеу
• Берілген тақырып бойынша сөздерді қолдану
Барлығы:.мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша қосымша ақпарат табады және тақырыпқа қатысты сөздердің мағыналарын түсінеді
Көпшілігі: тақырып бойынша қосымша ақпарат табады, тақырып бойынша сөздерді қолданады.
Кейбірі: жануарлардың мекендері туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар шеңберге тұрып, үйге берілген құмырсқа туралы мәтінді бір-сөйлемнен айтып, мазмұндайды.
«Болжау» стратегиясы. Жануарлардың мекендері туралы суреттер көрсету арқылы сабақтың мазмұнын болжату
Суреттерге қара. Бұгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсың?
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
• Қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінемін;
• Тақырып бойынша сөйлемдер құраймын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді мағыналас сөздер арқылы меңгерту, суретті қолдану
мекен- тұратын жер
мекендейді-тұрады, тіршілік етеді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құрайды.
Жануарлардың мекендейтін жерлерін атауларымен сәйкестендіреді.
ШӨЛ
ДАЛА
СУҚОЙМА
ТЕҢІЗ
ОРМАН
ПОЛЯРЛЫҚ АЙМАҚ
ДЖУНГЛИ
САВАННА
1-2 жұптың жауаптары тыңдалады, қалғандары дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Т) Айтылым. Оқушыларға анықтамалықтар, энциклопедиялар, суреттер беріледі.
Жануарлардың мекендері және сол жануарлар туралы қосымша ақпарат іздейді. Топ мүшелері бірлесіп, бірнеше сөйлем айту тапсырылады. Оқушыларға көмек ретінде сұрақтар беру:
• Қайда мекендейді?
• Немен қоректенеді?
• Терісі қандай?
• Денесі қандай?
• Салмағы қанша?
• Жауынан қалай қорғанады?
Дескриптор:
• Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздейді.
• Берілген тақырып бойынша 5-6 сөйлем(ақпарат) айтады.
• Сөйлем құрылымын сақтайды.
«Бағытталған оқу» әдісі бойынша қолдауды қажет ететін 3-4 оқушымен топ құру,жұмыс жасауға бағыттау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 953



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі