22 Наурыз мерекесіне орай өткізілетін мерекелік іс-шара сценарийі


«Ұлы күні Ұлыстың, басы болсын ырыстың!»

(Наурыз мерекесіне орай өткізілетін мерекелік іс-шара сценарийі)

«Ұлы күні Ұлыстың, басы болсын ырыстың!»

(Наурыз мерекесіне орай өткізілетін мерекелік іс-шара сценарийі)

Іс-шараның мақсаты:

Жас жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау; қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтармен кеңірек таныстыру; әртүрлі ұлттық ойындар арқылы жас жеткіншектердің тұлғалық қабілетін дамыту.

(Мерекелік іс-шараның ашылуын білдіретін музыка үні қойылады)

Фанфар: «Наурыз» биі

І-жүргізуші:

Жылғалардан су ағып, көктем келді еліме,Алтын түсті алтын күн нұрын шашты төгіле.Құстар сайрап, ән салып, шартарапта ұшады,Бәйшешектер бүр жарып, нұр ойнайды көгімде.

ІІ-жүргізуші:Алауыртқан қыстан соң, көктем келді қуантып,Көк желекке оранып, құлпырар гүлдер бүр жарып.Аспан шайдай ашылып, көкке орнады нұрлы күн,Әсем көктем келеді, қырларымнан ән салып.

І-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді ата-аналар, білім көкжиегіне қанат қаққан жас жеткіншектер!

ІІ-жүргізуші:

Көгілдір көктемнің хабарын жеткізген, Самарханның көк тасы еріп, күллі дүниеге жан бітірген Наурыз мерекесіне орай «Ұлы күні Ұлыстың, басы болсын ырыстың!» тақырыбымен өткізіліп отырған мерекелік іс-шарамызға қош келіпсіздер!

І-жүргізуші:

Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында өткізіліп отырған мерекелік іс-шараның шымылдығын мерекелік құттықтаумен ашу үшін мектебіміздің көшбасшысы ---------------- сахна төріне шақырамыз.

(-------------- мерекелік құттықтау айтады)

ІІ-жүргізуші:

Алыстан арып келсең айран ұсынып, қонақ десе құрт-майын сақтаған абзал аналар, жақын жүрсе қылығымен сүйсінткен апаларымыз бесігін тербетіп, бесік жырын айтқан, әлдиін әнмен әлдилеген. Олай болса, қазақ, өзбек, әзірбайжан тілдеріндегі аяулы аналарымыздың әлдиін тыңдайық.

(Үш тілде әлди орындалады)

І-жүргізуші:

Көкпеңбек дала, туымдай асқақ көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.

Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,

Жадырап қалған көңілді күндей өңір бұл.

ІІ-жүргізуші:

Келді көктем, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп.

Жақсылықтардың жаршысы болған наурызым,

Сен өмірімнің көктеміндейсің мәңгілік.

Көктемгі көңіл күйді әнмен әуелетіп, бимен бағындырайық деген ниетпен ортаға -- «---» сынып оқушыларын шақырамыз!

(Ортада -- «--» сынып оқушылары «---» әніне топпен билейді)

І-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

ІІ-жүргізуші:

Көктем келсе табиғат құлпырады,Жүректерге ғажайып сыр тұнады.Гүлге толып айнала күн жарқырапЖанарларда қуаныш нұр тұрады.

Сахна төріне әріптесіміз -----ағайды шәкірттерімен бірге шақырамыз! Құрметті мерекелік іс-шара қонақтары «Наурыз-көктем айы» әнін қабыл алыңыздар!

І-жүргізуші:

Көктемді күткен сағынып,

Қыр жатыр күнге табынып.

Арнадан асқан бұлақ та

Әнінен қалған жаңылып.

 

«Жақсы адамдарым» әнімен ---- «----» сынып оқушысы ------ортаға шақырамыз! Жас өнерпаздың мерекелік тарту-таралғысын қабыл алыңыздар!

ІІ-жүргізуші:

Әнім де саған,биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде наурыз күлімде.

Сахна төріне ---- «----» сынып оқушысы ------- «----» әнімен шақырамыз!

І-жүргізуші:

Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Осымен бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу