ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨКІЛДІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Астана

2015

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ЭОЖ 94(5Ж)(063) КБЖ 63.3(5Қаз)

Қ 17

Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кеңесі ұсынған.

Редакция алқасы:

 Г.Н. Әбдіқалықова, Е.Б. Сыдықов, М. Алтангерел, Д. Қамзабекұлы (жауапты редактор), С.А. Қасқабасов, Б.Е. Көмеков, Х.М. Әбжанов, С.А. Ақтаев, Ш.Қ. Бейсенова, Б.Б. Кəрібаев, К.Ә. Әлпейісова

Жалпы редакциясын басқарған Г.Н.ƏБДІҚАЛЫҚОВА

 Қ 17«Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар»: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары / (даярлаған Д.Қамзабекұлы). Астана: «Форма Плюс» баспасы, 2015. – 304 б.

ISBN 978-601-7313-87-6

 Жинаққа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы өкілдігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп өткізген «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның таңдаулы баяндамалары мен сөздері енді.

 Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған бұл ғылыми шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың ұйытқы болуымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2015 жылы 12 маусымда өтті. Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар мен қаламгерлер, тəжірибелі ұстаздар мен жас зерттеушілер қатысты.

 Еңбек тарихқа қызығатын отаншыл рухтағы қалың оқырман қауымға арналған.

ЭОЖ 94(5Ж)(063)

КБЖ 63.3(5Қаз)

 Мұқаба сыртына ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Ағымсалы Дүзелхановтың туындысы пайдаланылды.

© Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2015

© БҰҰ Қазақстандағы

 Даму бағдарламасы өкілдігі, 2015 ISBN 978-601-7313-87-6© «Форма Плюс» баспасы, 2015

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

МАЗМҰНЫ

Е.Сыдықов

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ҰЛТ ҰЛАҒАТЫ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ

Г.Мусабалина

Женщина в традиционной казахской семье:

исторический аспект240

Ж.Нұрсұлтанқызы, А.Жұмабекова

«Қазақ əйелі» концептісінің ұлттық-мəдени ерекшелігі245

Б.Сарбасов, И.Сарбасова

Қазақ тағылымындағы əйел тұғыры251

Ұ.Ибайдуллаева

Фатима ізденіс жолындағы ханша256

Г.Адаева

Шығармашылық жəне əйел түйсігі259

М.Сүлеймен

Аты аңыз, заты қаһарман арулар265

Қ.Серікқызы

Қазақ əйелі: өткен мен бүгіннің таным көзі270

Г.Хайруллина

Ұлт діни дүниетанымындағы əйелдер орны276

Ұ.Қамзабек

Тарихи фильмдердегі əйелдер бейнесі280

Л.Омарқұлова

Ұлт ұлағатын ұлықтаған286

С.Қажыкен

Айтулы аналардың əжелік өнегесі292

ҚАРАР297

АННОТАЦИЯ299

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Қадірлі Алтангерел Мунхтуя ханым!

Құрметті конференцияға қатысушылар!

 Елімізде кең көлемде аталынып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы – Отанымыздың мерейлі белесі. Ұлт көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев: «2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы» деп айтқанын жақсы білесіздер.

 Қазақ хандығы тарихы мен тағдырын жан-жақты зерттеп, насихаттау – маңызды мəселе. Соның ішінде хандық тұсындағы ханымдар мен ел аналарының рөлін байыптау елдігіміз үшін қажет. Өйткені, əйел қауымы – қай қоғамда болсын жақсылықтың бастауы, дəстүрдің мəйегі, өркендеу мен үйлесімнің ұйытқысы.

 Тарихтың осындай көкейкесті мəселесін қозғауға мұрындық болып отырған ҚР Мемлекетік хатшысы Гүлшара Наушақызына жəне де Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы өкілдігіне ризашылығымызды білдіреміз!

 Қазақ хандығы өз заманында озық ел билеу тəртібіне негізделген, заң шығару, құқық жүйесін ұйымдастыруды орайымен жүргізген, ата дəстүр мен салт-сананы үзіліссіз жалғастырған мемлекеттік бірлік бола білді. Қазақ мемлекеті ата-бабаларымыздың ескі жұртында, қазақ халқының ежелгі жеріндегі түрлі этникалық-саяси бірлестіктер негізінде құрылды.

 Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол дəстүр жалғастығының құндылықтары, ұрпағына даму мен азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет.

 Ел тарихы мен бүгінгі тəуелсіздік мүддесін үйлестіре қараған Елбасымыз игі дəстүрді жалпыұлттық идея – «Мəңгілік ел» мұратымен тұтастыра білді. Олай болса, «Мəңгілік ел» идеясы аясында Қазақ хандығын жəне мемлекеттілікті қалыптастырып, дамытқан ханымдар мен арулардың ұлт алдындағы еңбегін, тағылымын, мұрасын байыптау – ғылым, білім, мəдениет үшін аса маңызды мəселе.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Таяуда Елбасымыз ұсынған 5 бағдарлы реформа мен оған жетудің 100 нақты қадамы – бізге тарихқа да, бүгінгі күнге де парасатпен қарауды, бейбіт те серпінді ел ретінде дамуды нұсқайды.

 Дəстүрді жалғастыру мен жаңғырту жолында тарихи негіздерді байыптап отыру – Тəуелсіздігіміздің асыл мұраты, елеулі міндеті деп білеміз.

Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА,

ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы

Әйелдер істері жəне отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы

Құрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі қауым!

 Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең саяси шешімінің арқасында бүкіл ел болып атап өтіліп жатқан бұл айтулы дата – халықтың ұлттық тарихи санасын тереңдетуге жəне қазақстандық патриотизмді күшейтуге кең жол ашып беруде.

 Ұлт тарихындағы ұлы белестердің бірі саналатын осы мерейлі жыл ішінде елімізде рухани-мəдени маңызы зор көптеген елеулі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың ішінде, бүгінгі конференцияның тақырыбы тың, мазмұны ерекше деп білемін.

 Өйткені, өрелі тарихымызда батырлар мен ақындарды дүниеге əкелген, ақылымен ел билеген жəне айбатымен жау қашырған аналар

– қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білген.

 Қазақ – қызын қадірлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Əйел ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы əйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі əрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Бұл – біз межелеп отырған «Мəңгілік Ел» мұраттарының айрықша бастауларының бірі болып саналады.

 Қазақ елінің Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсында орын тебуі халқымыздың салт-санасы мен дəстүріне шығыс пен батыстың озық үлгілерінің қатар енуіне септігін тигізгені мəлім. Көшпенділер ұғымында тіршіліктің бастауын, өмірдің жалғасын сабақтастырушы ретінде əйелдер қауымы ерекше құрмет тұтылған.

 Біз ұлт танымына, ұлт парасатына, ұлт пəлсапасына өзгенің емес, өз көзімізбен қарайтын кезеңге көтерілдік. Сондықтан, жаугершілік замандарда кірмені өзекке теппеген, кеңестік кезеңде қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жеріне айдалып келген ұлттар мен ұлыстарды бауырына басқан, сол арқылы өзінің ерекше өмір сүру салтымен, ұлттық дəстүрімен толеранттылықтың үлгісін көрсеткен,

«мың өліп, мың тірілген» халқымыздың тамаша қасиеттерін танып, ұлт тарихындағы ұлы аналардың ұлағатын жас ұрпақтың санасына сіңіру – біз үшін көкейкесті мəселе. Осы «ұлт дəстүрі» деп аталатын генетикалық кодымыздың бастауы да, жалғастырушысы да – əйел- аналар екені ақиқат.

 Халқымыздың арғы-бергі тарихында өмір сүрген белгілі əйелдер ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Мысалы, белгілі орыс зерттеуші Левшин Бопай ханым туралы: «Ол – ханның əйелі жəне тақ мұрагерлерінің анасы ғана емес еді. Бопай – Әбілқайырдың айнымас серігі, ақылшысы, сенімді тірегі бола білді» деп таңдана жазды. Азия тарихын терең зерттеген саяхатшы Семенов-Тянь- Шаньский дала ханшасы Айғанымның білімі мен талғамына Ресей патшасы І Александрдың таң-тамаша қалғанын жазады.

 Ал, ұлтымыздың аса көрнекті академигі, археолог Әлкей Марғұлан Айғаным жазған хаттардың, құжаттардың саны бірнеше жүзге жеткенін жəне олардың көпшілігі жеке адамдардың қолында сақталуы мүмкін деген болжамын айтып кеткен.

 Сан ғасырлық тарихымызда ел бірлігі үшін басын бəйгеге тігіп, жерін қорғау үшін атқа қонған, бір ауыз сөзбен билік айтқан дана, батыр, шешен əйелдер туралы осындай деректер баршылық. Дегенмен, жазба деректер, нақты фактілер қамтылған құжаттар бүгінгі заманға толық күйінде жетпегені белгілі. Алдағы уақытта мұндай құнды деректерді əлем елдерінің архивтерінен, өз еліміздегі дерек көздерінен жинастырып, ұрпақ игілігіне ұсынатын кез келді деп білемін.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Биыл ел болып атап өтіп жатқан қазақ хандығының 550 жылдығы аясында отандық тарихшы-ғалымдар алдағы уақытта зерделейтін бірқатар лакуналар бар деп ойлаймын. Соның ішінде, «қазақ хандығы» ұғымын мемлекетшілдік жəне дəстүр категорияларымен жүйелеп, байыта түсу керек деген пікірдемін. Хандықтың тарихи орнын тек билік лауазымы ғана анықтамайтыны, оны анықтау барысында елдік мəртебесі мен парасаты, экономикасы, жер аумағы мен халқы, тіпті саяси истеблишменттегі əйелдердің үлесі де қамтылуы қажет деп есептеймін.

 Яғни, хандық туралы толыққанды ұғым қалыптастыру үшін хан ордасында елдік деңгейдегі кеңесімен тарихта қалған – ханымдар мен ханшалар, би мен батырлардың аналары мен асыл жарлары туралы тарихи мағлұматтарды терең зерделеген жөн.

 Бұлардың ішінде ханға əділдігін айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, есімдері тұтас жұрттың тəрбие бесігіне айналған Нүрила, Қызай, Қойсана, Қарқабат, Дəулетбике сынды аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай бермек. Өйткені олар – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тəлім-тəрбиенің ұраны мен қағидатына айналған асыл тұлғалар.

 Бұл ретте, бүгінге дейін ұлт тарихындағы осындай тұлғалы əйел- аналар тақырыбына арналған бірде-бір ғылыми басқосулардың өтпегенін, арнайы жинақ пен энциклопедияның жарыққа шықпағанын да айта кетуіміз керек.

 Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан қоғамы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға жұмылуда. «Мəңгілік Ел» идеясы – елдегі тұрақтылық пен тұтастықтың, рухани өрлеудің, бірлік пен келісімнің басты тұғыры. Бұл асқақ мұратқа қол жеткізуде бізге ең əуелі мемлекеттіліктің терең тарихын зерделеу аса қажет. Мыңжылдықтарға тамыр тартып, сақ, ғұн дəуірлерінен бастау алатын мемлекеттілік тарихында Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұлттық мемлекет ретінде құрылған Қазақ хандығы кезеңінің тарихи маңызы ерекше деп есептеймін. Соның ішінде, хандық дəуірдегі мемлекет өмірінде елеулі рөл атқарған белгілі əйелдер туралы зерттеулер жүргізудің мəні зор.

 Менің ойымша, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақ мемлекеттілігін қалыптастырып, дамытуға үлес қосқан ханымдар мен арулардың ұлт алдындағы еңбегін байыптап, тағылымды

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

өмірлерін жұртшылық назарына ұсыну үшін кешенді ғылыми жобаларды қарастыру қажет.

 Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын мұндай жобаларды «Қазақ ханымдары мен арулары» жəне «Қазақ əйелдері: тарих жəне қазіргі заман» деп атауға болады. Бұл орайда, жоғары оқу орындары гуманитарлық бағыттағы магистрлік жəне PhD диссертацияларының тақырыбына бұрын қарастырылмаған Қазақ хандығы тұсындағы əйел тұлғаларының қайраткерлігін, мұрасын зерттеу нысанасы етіп енгізген жөн болар еді деген ойдамын.

Сонымен бірге, халықтың тарихи танымын арттыру мақсатында

«Қазақ ханымдары», «Қазақ əйелдері» деген тақырыптарда энциклопедиялық жинақтар əзірлеп, жарыққа шығарсақ игілікті істі ілгері бастыратынымыз анық.

 Бұған қоса, халқымыздың тарихындағы тағылымдық кезеңдерді, жалпыұлттық құндылықтарды жастар санасына сіңіру үшін еліміздегі жоғары оқу орындарында «Ұлт дəстүрі» атты элективті курстар енгізуді жоспарлағанымыз жөн.

 Бұл мəселелерді Білім жəне ғылым министрлігі Мəдениет жəне спорт министрлігімен бірлесіп сараптап, алдағы уақытта лайықты жүзеге асырады деген сенімдемін.

Тұтастай алғанда, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасы

«Қазақстан-2050» стратегиясында жəне «Ұлт жоспары:100 нақты қадамда» белгіленген əлемдегі ең озық отыз елдің қатарына кіруде халықтың рухани-мəдени əлеуеті мен биік деңгейі ерекше рөл атқаратынын естен шығармауымыз керек.Яғни, ұлтымыздың ұлағатты тарихын, оның ішінде Қазақ хандығы кезеңінің мəні мен маңызын жадына сіңірген біздің халықтың осындай жасампаз істерді жасауға əлеуеті де, мүмкіндігі де жететініне ешқандай шүбəміз жоқ. Конференциябарысындаайтылғанидеялар,тұжырымдар, ұсыныстар мен ой-пікірлер игілікті істердің бастауы болуына

тілектеспін.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Мунхтуя АЛТАНГЕРЕЛ, Заместитель Постоянного Представителя Программы развития ООН в Республике Казахстан

Құрметті достар! Дорогие друзья!

 Я рада приветствовать Вас на конференции по случаю знаменательного праздника в истории Казахстана. Особенно приятно выступать мне сегодня от имени женской половины.

 Хочу поблагодарить со-организаторов данного мероприятия: Национальную комиссию по делам женщин и семейно- демографической политике при Президенте Республики Казахстан, и особенно Гульшару Наушаевну Абдыкаликову за ее внимание к вопросам человеческого развития и роли женщин в этом процессе. Также хочу поблагодарить Ерлана Батташевича Сыдыкова, и весь коллектив Евразийского Национального Университета за столь теплый прием сегодня.

 Не случайно, что мероприятие проходит в стенах ЕНУ имени выдающегося ученого Льва Гумилева, который продвигал идею объективной оценки роли кочевых цивилизаций в развитии человечества.

 Как нам всем известно, Государство – Казахское ханство, уже в 15-ном веке смогло объединить крупные кочевые племена Средней Азии и в сравнительно короткое время истории превратиться в сильное государство в нашем регионе. И я убеждена, что роль женщин, а точнее женщин-лидеров в разных областях развития в этом процессе была важной.

 Кочевой быт не делит людей на мужчин и женщин, он предъявляет к ним одинаковые требования, и они стараются им соответствовать. История казахского ханства богата примерами, когда женщины брали на себя ответственность за судьбу государства и народа, и с успехом решали самые сложные задачи исторического масштаба.

 Если позволите я коротко хотела бы рассказать о роли Мандухай- хатун, которая стала образом мудрости и храбрости в истории моего народа. Примечательно, что монгольская императрица Мандухай-хатун жила примерно около 550 лет назад (1449-1510),

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

как раз в годы становления казахского ханства. Монголия, можно сказать тоже переживала большие изменения в этот период. Будучи мудрым политиком, Мандухай-хатун смогла вновь воссоединить монгольские тумены под общим знаменем, разрозненные в период правления ее предшественников, что сыграло значительную роль в истории страны. Ей удалось также сохранить влияние потомства Чингисхана в Монголии. Сегодня образ Мандухай-хатун ассоциируется с дальновидностью, стратегическим мышлением в государственном управлении.

 Но к сожалению, в современном мире заслуги женщин-лидеров в истории относительно мало изучены, а порой даже не оценены полностью. Возможно из-за нехватки источников и сведений, а возможно из-за «невнимания» к гендерным аспектам исторического развития.

 В этой связи, данное мероприятие приобретает особую актуальность в свете празднования 550-летия Казахского Ханства. Мне особенно приятно, что личности Карашаш, Ханши Айганым, Суюнбике, Сузге, Бопай ханым, Тойкара-ханым получат импульс к еще более глубинному анализу роли выдающихся женщин в истории Казахстана.

 У казахской государственности долгая и яркая история, однако я уверена, что у казахстанцев не менее замечательное настоящее и светлое будущее. Сегодня у Казахстана есть 100 конкретных шагов, которые гармонично образуют основу для 5 институциональных реформ, а эти реформы – основа для успеха «Нұрлы жол». В свою очередь, «Нұрлы жол» это своевременная и верная политика в рамках Стратегии-2050. Однако, самым главным ориентиром устойчивого и долгосрочного развития является идея – «Мəңгілік ел», которая является лейтмотивом всех стратегий и политик Республики Казахстан.

 Расширение прав и возможностей женщин в равной степени и их эффективное участие в жизни общества является одним из крупнейших инвестиций Казахстана и любой страны для достижения устойчивого развития государства. Также важно больше поддерживать участие женщин на всех уровнях принятия решений

– от стен парламента, государственного управления и до местных советов.

 Вовлечение женщин в принятие решений является не только данью социальной справедливости, но это и качественно иной

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

взгляд на вещи, которые ранее обсуждались без должного внимания и могли иметь огромное воздействие как в жизни женщин и детей, так и всего развития общества.

 Например, широкая представленность женщин политиков в Парламенте Швеции также, стало одним из ключевых факторов принятия плана по демографическому развитию, достойно оценив роль женщины не только как матери и члена семьи, но и активного члена общества в различных областях государственного развития. Женская половина шведского Парламента добилась отмены

«патерналистского» подхода к женщинам со стороны государства, что все еще являлось абсолютной парадигмой во многих соседних с ней странах. Примечательно, что утвержденная данным парламентом демографическая политика на сегодняшний день является самой эффективной в Европе по обеспечению гармоничного воспроизводства населения и развития человеческого капитала. Простота и жизнеспособность данной политики, сегодня признается Германией, которая традиционно не жалела средств и усилий в вопросах социального развития, но все же оказалась бессильной к таким вызовам как низкая рождаемость, старение населения и прочих тенденции.

 Данный тезис иллюстрирует что женщины являются не только бенефициарами развития, а скорее женщины представляют движущую силу перемен, способствующей и стимулирующей экономическое развитие.

 За последние 15-20 лет мировое сообщество значительно продвинулось в деле достижения равноправия мужчин и женщин, однако на сегодняшний день ни одна страна в мире не может заявить с уверенностью, что абсолютные цели в данной области достигнуты.

 Понимая важность всестороннего характера развития, Программа развития Организации Объединенных Наций сотрудничает с представителями всех слоев общества, оказывая помощь в государственном строительстве стран, с тем чтобы они могли противостоять кризису, поощряя и поддерживая рост, ведущий к улучшению качества жизни каждого человека. Работая на местах в 177 странах и территориях, ПРООН предлагает странам, включая Казахстан глобальное видение и локальные решения по разным вопросам, содействующие более полноценной и полноправной жизни людей и повышающие жизнестойкость государства.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Разрешите пожелать, чтобы представленная на сегодняшней конференции тематика получила широкий резонанс в обществе и дала дальнейший импульс в продвижении роли женщин в развитии. ПРООН готова и желает поддержать Ваши усилия в данном направлении.

 Столь ощутимое у казахов уважение к женщине хорошо иллюстрируется в известной казахской пословице: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен əлемді тербетеді».

Барлығыңызға сəттілік пен табыс тілеймін!

Қуатжан УƏЛИЕВ,

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің жауапты хатшысы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТУДІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

 Бүгінде Қазақ хандығының тарихын зерттеу мен насихаттау қазақстандық патриотизмді нығайтуда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ ол халықаралық сахнада Қазақстанның оң имиджінің қалыптасуына жəне нығаюына ықпал етеді.

 Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге Қазақстан халқы ассамблеясы, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми қауым, жастар өкілдерінің, Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысуы аса өзекті жəне бұл мəселе бірлік пен тұтастық дəстүрінің сабақтастығын ерекшелей түседі.

 Осы ретте мерейтойды мерекелеудің мынадай негізгі міндеттері алға қойылып отыр:

  • Қазақ хандығының 550 жылдығын жалпыұлттық деңгейде мерекелеу;
  • Қазақстан халқының бірлігін нығайту жəне қоғамды тəуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік жəне келісімге негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыру;
  • Ел тарихына, қаһармандық өткеніне, дəстүріне, мəдениетіне жəне мұрасына құрметпен қарауға тəрбиелеу;
  • Қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін нығайту;
  • Азаматтардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастыру жəне жаңа мемлекетті құруға ортақтығын түсіндіру, елдің

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жəне болашақ ұрпақтың тағдырына бірлесіп жауапты болу сезімдерін қалыптастыру;

- Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге жəне оларға белсенді қатысуға еліміздің барлық азаматтарын тарту.

 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында қазақ тарихына қатысты

«Біздің тарихымыз – бұл бірлік пен тұтастық тарихы», «Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы», «Қазақ хандығының тарихы – халықтың күш-қуаты мен рухының үлгісі» деген ойларын айтады.

 Жалпы, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу бірнеше бағытта жүргізіледі.

 Патриоттық бағыт. Халықты отанына деген сүйіспеншілікке, бірлікке, табысқа жəне гүлденуге бастайды. Қазақ хандығының құрылуы біздің халқымыздың тəуелсіздікті алуға деген табанды ұмтылысының жəне шынайы патриотизмнің көрінісі болды.

 Ғылыми бағыт. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу жылы Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеу мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтуге басымдық беріледі. Ол үшін келесі шараларды жүзеге асырылады:

 XV–XX ғасырларда Қазақ хандығын зерттеген саяхатшылардың, зерттеушілердің жəне кəсіби тарихшылардың еңбектерін тыңғылықты зерттеу;

 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы бойынша шетелдік мамандарды, соның ішінде тарихшы, шығыстанушы, лингвисттерді қатыстыра отырып халықаралық ғылыми конференциялар өткізу;

 Қазақ хандығы бойынша анықталған жəне зерттелген материалдарды жүйелеу.

 Медиялық бағыт Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етілетін болады. Бұл жетекші орталық телеарналардан ғылыми-көпшілік бағдарламаларды, Қазақ хандығының құрылуы, дамуы жəне нығаюы туралы деректі, көркем фильмдерді əзірлеу жəне көрсету, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу тақырыбы бойынша интернет-сайттар мен əлеуметтік желілерде материалдарды орналастыру жəне ілгерілету.

 Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу өскелең ұрпақты патриоттыққа тəрбиелеуге, азаматтардың өз тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға, қоғамның рухани-мəдени жағынан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

біріге түсуіне, қазақстандықтардың бойында мемлекеттілік пен тəуелсіздік құндылықтарының нығаюына, олардың жасампаздыққа жəне жаңа биіктерге ұмтылуына ықпал етеді.

Елбасының тапсырмасына сəйкес 2015 жылы Қазақ хандығының

550 жылдық мерейтойы аясында елімізде көптеген шаралар атқарылуда. Мысалы, жыл басынан бері мерейтой аясында республика көлемінде 100-ден аса мəдени шара, 40-тан аса ғылыми шара, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Елшіліктерінің ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізілуде.

Солардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:

 Астана, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Тараз, Петропавл, Қарағанды жəне т.б. қалаларда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциялар өтті. Аталған шараларға белгілі тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар көптеп қатысты.

 Сонымен қатар, Астана, Алматы Өскемен, Семей, Павлодар қалаларында, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мерейтойына арналған музыкалық, əдеби кештер жəне концерттер, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Қызылорда облыстарында «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналған ақындар айтысы өтті.

 2 сəуірде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі К. Мəсімов пен Мажарстан Премьер-Министрі В. Орбанның қатысуымен «Алтайдан Дунайға» Халықаралық мажар-қазақстандық экспедициясының ашылу салтанаты болды; 2-3сəуірдеҒ.МүсіреповатындағыҚазақмемлекеттік академиялықбалаларменжасөспірімдертеатрында

Т. Ахтановтың «Ант» («Қазақ елі») спектаклінің тұсаукесері өтті.

 Алдағы уақытта, яғни маусым айында Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «Ұлытау – ұлт ұясы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи қорық-мұражайы сапар-орталығының құрылысы аумағында тас қою, Бұланты шайқасы болған жерде стеланы салтанатты түрде ашу, тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында «Алтай-түркі əлемінің алтын бесігі» халықаралық форумын өткізу, «Мəңгілік Ел» картинасын салу, ұлт тарихына арналған деректі, көркем жəне анимациялық фильмдерді түсіру, тарихи кесенелер мен ескерткіштерге (Қожа Ахмет Яссауи, Жошы хан, Алаша хан кесенелерін, Ежелгі Сауран, Отырар оазисі ескерткіштері, Ақыртас, Баласағұн сарай кешендерін)

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

реставрациялау жəне консервациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Мəдениет жəне спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, Сатай Сыздықовтың

«Қарлық Қарахан мемлекеті: саяси, тарихи жəне мəдени мұралары», Мұхамед Хайдар Дулатидің (құрастырған Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы» ҚБ, аудармашылары Ислам Жеменей, Қанат Сыздықов, Ұлан Еркінбаев) «Тарих-и Рашиди» кітабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, Маргарита Өмірбекованың «Көшпенділер мəдениеті қазақ халқының дəстүрлі өнерінің мəдени рəміздік негіздері», Берекет Кəрібаевтің «Қазақ хандары», Бигелді Ғабдуллиннің «Великое кочевье» жəне т. б. кітаптарын шығарады.

 Мерейтойлық негізгі шараларды Елбасының қатысуымен 2015 жылғы қыркүйекте Астана, Тараз қалаларында өтеді. Мəдени- спорттық жəне бұқаралық іс-шаралар Тараз қаласында, салтанатты жиналыс, мерекелік концерт пен ғылыми-практикалық конференция Астана қаласында өткізіледі. Бүгінде осы шараларды өткізу үшін жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінің үздік жобасына республикалық конкурс жарияланып, оның ең үздік жобасы таңдалды. Қазіргі уақытта монумент орнатылатын жерге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткіші болып табылатын «Көне Тараз» қалашығында археологиялық зерттеулер, реставрация жəне консервация жұмыстарын жүргізу басталып кетті.

 Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды қаржыландыруға демеушілерді жұмылдыру бойынша Мəдениет жəне спорт министрлігі, Жамбыл облысының əкімдігі жəне т.б. мемлекеттік органдар жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта демеушілермен жұмыстарды үйлестіру жəне тиiмдi жүргiзу мақсатында арнайы «Мəңгілік ел» қоғамдық қоры құрылып отыр. Қоғамдық қордың қызметін Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Анатолий Башмаков тəрізді көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінен, танымал спорт жəне өнер қайраткерлерінен жəне т.б. құралған құрылтайшы кеңес бақылауда.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 ҚуатАмлон Мұнай» ЖШС, «КазЦинк» ЖШС, «Каспий нефть ТМЭ», «Кумколь Транс Сервис», «СП «КазГерМунай» ЖШС. Бұл компаниялар мерейтой шараларына демеушілік көрсетті.

 Тағы 50 шақты компаниялар осы бағыттағы ұсыныстарымызды қарастыру үстінде.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ЕЛ МҮДДЕСІ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ТҰЛҒАСЫ

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі

ҚАРАШАШ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

 Бүгінгі конференциямыз аса көкейкесті мəселеге арналып отыр. Былай қарағанда, «Қазақ ханымдары мен арулары» деген тақырып бүгінгі күнде соншалықты өзекті емес сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, олай емес. Қазақ тарихында, өмірінде əйелдердің атқарған ролі жай ғана əңгіме емес. Біздің ханымдар мен аруларымыз жайында айта отырып, қазақ мемлекетінің өткенін, ол қандай болғанын, кімдер қандай іс тындырғанын, қандай қайраткер болғанын біле аламыз. Сонау Томиристен бастап, кешегі Әлия, Мəншүк, Хиуаз, я болмаса білім мен ғылым, медицина мен педагогика салаларында орасан қызмет еткен ХХ ғасырдағыжəне қазіргі кездегі апа-қарындастар, қыз-келіншектер – бəрі ұлтымыздың дамуына аянбай қызмет етті, етіп келе жатыр.

 Біздің алдымызда үлкен проблема тұр: қазақты сақтай аламыз ба, жоқ па? Қазақты сақтау ғана емес, халқымызды келер ұрпаққа өркениетті, өзіндік келбеті бар ұлт ретінде аманат ете аламыз ба? Мəңгілік ел бола аламыз ба?

 Ол үшін не істеу керек? Саяси-əлеуметтік, экономикалық тұрғыда не істеу керектігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев анықтап, айқындап берді. Бұл салада жаһандануды өз дəрежесінде ұтымды пайдаланып жүрген елміз. Ал, рухани тұрғыда, ұлттық менталитет тұрғысында қаншалықты пəрменді жұмыс істеліп жатыр? Мемлекет тарапынан ресми түрде айтылып, жасалып жатқан іс-əрекет аз емес. Бірақ бұл салада біздің жетістіктеріміз экономика мен саясаттағыдай емес. Бұл – ащы шындық.

 Менің баяндамам 2 бөлімнен тұрады. Алғашқысы – Қарашаштың фольклордағы бейнесін талдау жəне оның бейнесі арқылы Қазақ хандығы тұсындағы рухани, отбасылық, қоғамдық құндылықтарды сипаттау.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Ал, екінші бөлімі – Қарашаш бейнесінің тəлімдік, тағылымдық мəні неде, соны пайымдау. Яғни қазіргі қоғамдағы əйелдер мен рухани һəм отбасылық құндылықтар туралы айтып, өзіміздің түсінік-пайымымызды ортаға салу мен пікірлесу.

 Қарашаш деген адам өмірде болған ба, жоқ па? – ол жағы беймəлім. Бірақ оның аңыздарда көрсетілетін тұрмыс-тіршілігі, іс- əрекеттері, оның кездесетін, ұшырасатын, араласатын адамдары – бəрі Қазақ хандығы заманын еске түсіреді.

 Аңыздар мен əңгімелерде Қарашаш өмірінің əр кезеңі суреттеледі, яғни оның өмір жолы, өсуі туралы біршама мəлімет беріледі. Бірде ол тезек теріп жүрген, отын арқалап жүрген жасөспірім қыз, бірде үлкен кісілермен ақылды əңгіме-дүкен құратын бойжеткен, енді бірде ол Жиреншемен отау тіккен келіншек болып көрінеді. Тіпті оның дүниеден өткені туралы да əңгімеленеді. Олай болса, ол өмірде болмаса да, хандық заманында, дəлірек айтқанда əз Жəнібек ханның кезіндегі қарапайым да қатардағы қазақ əйелінің символдық сипаты бар, жиынтық бейнесі деуге болады.

 Қарашаш – қазақ фольклорында ерекше бейне. Ол – Қарлыға құсап майданға араласпайды, Құртқа секілді алдағыны біліп отыратын көріпкел емес, Ақжүніс сияқты батырмен бірге қашпайды, Гүлбаршын тəрізді басқа түскенді көрермін деп отырмайды. Ол тіпті Баяннан да, Жібектен де, Айманнан да өзгеше. Бұл арулардың бəрі – эпикалық кейіпкерлер, олар эпосқа тəн сарында əсіреленіп көрсетіледі, олардың шыққан тегі де, тірлік еткен ортасы да басқа, атқарып жүрген іс-қимылдары кесек, яғни олар – романтикалық кейіпкерлер.

 Қарашаш – кедейден шыққан адам, кəрі кемпір мен шалдың жалғыз қызы. Ол үлде мен бүлдеге оранған, арманшыл қыз емес. Кəдуілгі қарапайым қазақтың күнделікті жұмысын атқарып жүрген жасөспірім бала. Отын жинап, тезек теріп, мал қайырып жүрген, үйде кəрі ата-анасына қамқор болып жүрген, оларға уақытымен ас- суын беріп, асырап жүрген бойжеткен. Солай бола тұрса да, Құдай дарытқан ақылы мен инабаттылығы арқасында ханға да, қараға да, бүкіл елге де қадірлі болып шығады. Оның өмірі – түгел сынақ пен жауаптан тұрады. Оны жас кезінде Жиренше де сынайды, Жəнібек хан да сынайды. Қарашаш барлық сынақтан сүрінбей өтеді, небір қиын да күрделі сұрақтар мен жұмбақтарды ұтқыр шешеді.

 Қарашаш – ақылды əйел, үнемі шаруа тірлігінде жүреді, əр нəрсені, қандай шаруа болса да тыңғылықты істейді, алдын-

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ала ойлап, істің немен бітетінін ескеріп отырады. Әр жұмысты сабырлықпен атқарады.

 Күйеуіне берген ханның орындалмайтын тапсырмаларын ақылмен, тапқырлықпен шешеді. Мəселен, хан оның күйеуіне 100 еркек қойды көктемге қоздатып бер деген шарт қояды. Әйтпесе, басыңды алам дейді. Қарашаш ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында Жиреншені ажалдан алып қалады. Сол сияқты бір топ сиырды соймай, ішін тазартып бер деген ханның Жиреншеге берген тапсырмасын да тапқырлықпен ұтымды орындап шығады.

 Жалпы, Жəнібек ханның Жиреншеге берген тапсырмалары тəрізді сарындар əлем фольклорында да кездеседі. Ол «Трудные поручения» деп аталады.

 Қарашаш – өте қайырымды, тəрбиелі, əдепті жас. Жолаушылап келе жатқан адамдарға жөнімен сөйлесіп, дұрыс жолды көрсетеді. Үйіне клеген қонақтарды əдеппен қарсы алып, қазақ дəстүрі бойынша оларға барлық жағдайды жасап, риза етіп аттандырады.

 Сондай-ақ үйіне келген адамдармен өте əдепті сөйлесіп, олардың қойған сауалдарына сабырмен жауап береді, салиқалы əңгіме-дүкен құрып, өзінің ақылдылығы мен тапқырлығын көрсетеді.

 Қарашаш – Жиренше мен Жəнібек хан тұсында өмір сүрген аңыздық кейіпкер. Оның бүкіл тіршілігі қазақ хандығы заманын сипаттайды. Оның атқарған, есте қалған іс-əрекеттері Жəнібекпен, Жиреншемен тікелей байланысты.

 Қарашаш туралы аңыздардан сол кездегі мемлекеттің болмысын, тəртібін, ханның құзіретін, уəзірлер мен қарашалардың тыныс- тіршілігін аңдауға болады. Хан – бүкіл билікті қолына алған басшы, мемлекеттің күллі мəселесін өзі шешеді, ақ дегені – алғыс, қара дегені

– қарғыс. Соғыс кезінде қол бастайды, шайқасқа жасақтармен бірге кіреді. Бұл аңыздардан тағы көретініміз: елде, мемлекетте – көбінесе тыныш өмір, бір қалыпты өтіп жатқан тіршілік. Кəдімгі ауыл, мал бағып жүрген адамдар, міндеттерін атқарып, хан маңайында жүрген шабармандар, сапардағы жолаушылар, тезек теріп, отын жинап жүрген өспірім қыздар, бие сауған келіншектер, т.б.

 Қарашаш туралы əңгімелер мен аңыздар əлем халықтарының фольклорында кездесетін «Ақылды жауап» («Умные ответы») деген диалог түрінде баяндалатын оқиғаларға құрылады. Әлбетте, бұл аңыз-əңгімелер əр халықтың өмір салтына байланысты болып келеді, сол елдің тұрмыс-салтын, тыныс-тіршілігін, кəсібін, т.б. ерекшеліктерін көрсетеді.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Біздің де Қарашашқа қатысты аңыздар Қазақ хандығы тұсындағы елдің тұрмыс-тіршілігінен, болмысынан, салт-санасы мен əдет- ғұрпынан мол мəлімет береді. Мұнда қоғамдық та, əлеуметтік те, рухани да, отбасылық та мəселелер көрініс береді, сол замандағы адамдардың тіршілігі, мінез-құлқы, олардың ара-қатынасы жəне хан мен қарашының, билік пен бұқараның ара-қатынасы, не керек қазақ хандығы кезіндегі болмыстың көптеген қыр-сыры ашылады.

 Қарашаш пен Жиренше туралы əңгімелер мен аңыздардан сол замандағы отбасылық құндылықтар, қоғамдық əдеп тəртібі жөнінде біршама ақпарат алуға болады. Мəселен,

  • отбасындағы ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, татулығы, бір-бірін аялауы, құрмет тұтуы;
  • қоғамға құрметпен қарау, ел ағалары мен басшыларын сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету;
  • сөз еркіндігінің болуы. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» деген шарттың қолданыста болуы;
  • некелесу мəселесінде жалпыға ортақ тəртіптің болуы, зорлықпен емес, өз қалауыңмен тұрмыс құру мүмкіндігінің болуы;
  • əйелдердің топ алдында, билік алдында сөз сөйлеп, өз ойын ашық айта алуы;
  • бала тəрбиесіне ерекше мəн беру, қыз баланы ертеден отбасы болуға баулу, ұл баланы отбасын, жарын қорғауға, керекпен қамтамасыз етуге үйрету, т.б.

 Осы сияқты көптеген əдет-ғұрыптың ХХ ғасырдың ортасына дейін ел ішінде сақталып, қолданылғанын білеміз.

 Алайда, қазақты жетілдіреміз, Еуропа мəдениетіне, өркениетіне жеткіземіз деп, Компартия мен Совет өкіметі дəстүрлі құндылықтарымызды қуғынға салды, тиым салды, сол үшін адамдарды жазалады. Нəтижесінде, орыстандық, орыс мəдениеті, тіпті бүкіл орыстың əдет-ғұрпы, салты «біздікінен жақсы» деген ұғым қалыптасты, одан үлгі алдық, үйрендік, өзіміздің мұрамызды мансұқтадық, ұмыта бастадық. Сөйтіп, қазақ жастарында ұлттық құндылықтарға нигилистік көзқарас пайда болды. Өкінішке қарай, біз сол нигилизмнен əлі құтыла алмай келеміз. Тіпті бұрынғыдан да өрши түскен сияқты. «Құндылықтар құлдырады» деп небір сорақы жəйттерді айтып та, жазып та жүрміз. Бірақ ондай келеңсіздіктердің пайда болуының себебі неде? Мəселе осында!

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Себептің бəрі – отбасы құндылықтарының бұзылуында болып тұр.

 Біздің мақсатымыз – бұрынғы əдеттер мен ғұрыптарды, дəстүр мен салттарды қазіргі өмірге сол қалпында көшіру емес. Біздің мақсатымыз – қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптастырып ұстанған өз мəдениеті, салт-дəстүрі, рухани, отбасылық, этикалық құндылықтары бар екенін, олар ешбір халықтың құндылықтарынан кем емес екенін көрсету. Осы құндылықтар қазақты халық ретінде сақтап келгенін көрсету. Қандай жағдайға түссе де, қазақ осы құндылықтарын жоғалтпай, оларды өмірінің темірқазығы етіп келгенін, солар арқылы ұлттық өзінділігін, ерекшелігін сақтап, бүгінге жеткізгенін паш ету. Бұл құндылықтарымызды кешегі қызыл империя да түгелімен жоя алмады, қанша тырысса да, қанша тиым салынса да, қудаланса да ел арасында шілдехана, сүндетке отырғызу, сəждеге жығылып намаз оқу, «наурыз көже» беру, құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, марқұмды жерлеу, жоқтау, қырқын беру, ас беру, құран қатым шығару деген бүкіл халықтық əрі отбасылық дəстүрлер мен ғұрыптар мүлде жоғалып кеткен жоқ, болып жатты. Бұқара елдің тұрмысында жасырын түрде де, ашық түрде де жүзеге асып жатты.

 Көздің қарашығындай сақтап келген осыншама мол мұрамызды қазіргі заманда мүлде жоғалтып алмау керек. Қазақты өзіндік қасиеті бар, ешбір елден кем емес этикасы, эстетикасы бар ұлт ретінде сақтап қалу қажет. Ол үшін мұрамызды, руханиятымызды бүгінгі өмірге бейімдеп, əдемі қалпында өмірде пайдалана білуіміз керек, оларды келешек ұрпақтарға аманат етіп тапсыруға тиіспіз.

 Біздің алдымызда үлкен сын тұр. Жаһандану үрдісі рухани өмірімізге де дендеп кіріп, өте қатты ықпал етуде. Өзіміздің мəдениетіміз бен руханиятымызды менсінбеу, оған ескі деп,

«периархальщина, предрассудки» деп, біразын мансұқтап жатырмыз. Нигилистер Батыстың «тобырлық мəдениетін» қабылдап жатыр. Әлбетте, өзге елдің мəдениетін, əдебиетін, өнерін білу жаман емес. Бірақ мəселе қай мəдениетін қабылдауда классикалық, ізгілікті дүниелерін білу керек, одан үлгі алып, үйрену өте жақсы. Оларды біле отырып, өзіңді де ұмытпа, өзіңді төмендетпе. Ал, «тобырлық» Батыс – не беріп жатыр? Рухани азғындық, имансыздық еркек пен еркектің, əйел мен əйелдің некелесуі, көшеге, магазинге жаңалаш келу, кісі өлтіру, зорлау, т.т. Сахнада көрсетіп жүрген «тобырлық өнердің» ешқандай эстетикасы жоқ.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Қазақты өз келбетінде сақтап қалып, басқа жұрттың руханиятына еліктеп кетпей, жаһандануды сылтау етіп, өзге елдің мəдениетіне сіңіп кетпеудің басты тетігі, құралы – ең алдымен отбасындағы тəлім-тəрбие болмақ. Отбасында дұрыс тəрбие алмаған қызды, бозбаланы балабақша да, мектеп те, университет те түзей алмайды. Оған көзіміз жетіп отыр.

 Қазіргі ең актуальді, ең зəру проблема – өзіміздің ұлттық менталитетімізді сақтау. Ол үшін отбасылық құндылықтарды жасөспірімге жөргектен бастап миына сіңіру қажет. Бұл шаруаның ең негізгі өзегі – отбасында жасөспірімді ерте кезден имандылыққа баулу, тəрбиелеу, ата-баба дəстүрін құрметтеуге, əрі ұстануға үйрету. Имандылыққатəрбиелеудегенне?Олеңалдымен адамгершіліктің, тазалықтың шарттарын орнықтыру жəне оларды

өмір бойы ұстану.

 Ұстану: адамға қиянат жасамау, күнəға батпау, яғни ұят, обал, сауап, ынсап, қанағат деген ұғымдарды санаға сіңіру. «Ұят кімде болса, иман сонда» – деген Абай. Ал иман деген не? Ол – Аллаға сену. Адам қайтыс болары хақ. О дүниеде Аллаға жауап беретінді ұмытпау. Күнəң үшін тозаққа түсетінің есте болуы тиіс. Құдайдан қорқу. Қазіргі көрініс беріп жүрген сұмдықтар – сол иманның жоқтығы, Құдайдан қорықпау. Мен біреуге қиянат жасап қойдым-ау, мен күнəға баттым-ау, обал болды-ау деген ой жоқ.

 Өмірдің тірегі, сəні де, мəні – əйел екені белгілі. Әйел қандай болса, қоғам сондай. Ендеше əйел түзелмей, қоғам түзелмейді. Демек, ең əуелі əйелдің жағдайын түзеу міндет. Бізде гендерлік саясат бар, ол кеңес заманында да болған, бірақ біржақты еді, яғни əйелдерді – қоғамдық, саяси қызметке тарту басты мақсат болды. Ал, қарапайым, қатардағы əйелдің жағдайы, мұң-мұқтажы ескерілмеді. Біздіңше, гендерлік саясат деген жекелеген қыз-келіншекті саясатқа, қоғамдық қызметке тарту ғана емес, онымен ғана шектеліп қалмау керек. Мемлекеттегі əйел затын (мейлі үйде отырған, немесе бала қарасын, ауру бақсын) бəрін түгел қамқорлыққа алу қажет, оларға тиісті дəрежеде жағдай жасап, нақты жəрдем көрсету керек. Әр перзенті үшін қомақты жəрдемақы беріп, үймен, т.б. нəрсемен көмектесу –басты шаруа болуға тиіс. Отбасын, отбасылық құндылықтарды сақтап, жетілдіру үшін – ең əуелі əйелдер мен олардың перзенттеріне жағдай жасалуға тиіс.

 Сонда ғана отбасының өмірі жақсарады, неке ұзақ сақталады, дұрыс тəрбие беріледі, қоғам түзеледі. Бейресми дерек бойынша 100%

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

некенің 30%-ы алғашқы жылы, 20%-ы бес жылға жетпей бұзылады екен. Сонда 50% отбасы жойылады. Бұл да – имансыздықтың салдары.

 Ал, осы айтылғандардың бəрін қалай жүзеге асыруға болады? Барлық міндетті тізіп жатпай-ақ, негізгі шарттарды атасақ деймін.

    • Біздегі практикалық педагогика жаңаша ұғынылуы қажет. Демек, ол туралы жаңа, ұлттық концепция жасау керек. Ол менталитет пен өмір талабын ескеріп жасалуға тиіс.
    • Тəрбиенің ең басты өзегі – отбасылық құныдылықтарды алға шығару.
    • Тəрбиені отбасынан бастап, имандылыққа негіздеу керек.

 Осындай принциптер мен проблемаларға негізделген жаңа педагогикалық концепция – қазақ халқын сақтаудың, оны жаңа сапаға көтерудің, демографиялық өсірудің – басты кепілі деп білеміз. Сонда ғана біз əлемдік өркениетке өз келбетімізді сақтай отырып енеміз əрі оған өз үлесімізді қоса аламыз.

Болат КӨМЕКОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры,

ҚР ҰҒА академигі

Самат ӨТЕНИЯЗОВ,

Қазақ-Америка университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

ƏБІЛҚАЙЫРДЫҢ БОПАЙ СҰЛУЫ

 Қазақ елінің тарихында өзінің есімдерін алтын əріппен жазып кеткен батыр əйелдер болды. Соның бірегейі өз ерліктерімен, ақылдылығымен тарихта атын қалдырған Бопай сұлу (Бəтима, өмір сүрген уақыты шамамен 1690-1780 жылдар). Ханның бəйбішесі, ел анасы, байырғы дала өркениетінің дəстүрімен, көргенділікпен елдің қамын ойлайтын ұрпақтарын тəрбиелеген Бопай сұлудың қазақ қоғамында өзіндік орны ерекше.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Бопай сұлу Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның жары мен құты болды. Бопай Әбiлқайыр ханның екінші əйелі бола тұра, өзінің табиғатынан ерекше салиқалы, басалқы, тағатты қасиеттерінің арқасында аса жоғары «сұлтанша» лауызымына ие болды.

 Бопай сұлудың шығу тегі туралы екі түрлі дерек бар. Бір деректерде Бопай сұлу Кiшi жүздегi белгiлi батыр адай Мырзатайдың бір туған бауыры делінсе, екінші бір деректерде Кіші жүздің беделді қазақ сұлтандарының бірінің қызы, атақты Дербісəлі сұлтанның қарындасы болған деп айтылады.

 Әбiлхайырдың Бопай сұлуға үйленуi жəне екеуiнiң арасындағы шынайы махаббат пен ынтықтық туралы ел iшiнде көптеген аңыз əңгiмелер таралған. Көп нұсқасы бар, сол аңыздардың бiрiндегi Әбiлхайыр мен Бопай сұлудың ғашықтық сезімдері қазақтың лиро-эпос жырларындағы кейіпкерлердің сезімдерінен кем емес. Сол ғашықтар хикаясы туралы əдемi аңыз халық арасына кеңінен таралған.

 «Бір күні Кiшi жүздегi əйгiлi батыр Жəнiбек пен Әбiлхайыр жолда келе жатып кеш түсе бiр ауылға кез болады. Бұл бiр батырдың ауылы екен. Ауыл иесi аса бай, жасы үлкен кiсi екен. Оның бой жетiп отырған қызы Бопай сұлуды көргенде Әбiлқайыр ақыл-есі кете ғашық болады. Жəнiбек батыр жас төренің бұл мінезіне таң қалады. Келесi күнi жолға аттанған Әбiлқайыр күтпеген өнер шығарып сол ауылда қалатынын айтады. Жəнiбек батырға өз жөнiмен кетуге тура келедi. «Қайтсем де Бопай сұлуды алмай тынбаймын» – деген

Әбiлқайыр оған ермей қалып қояды.

 Қыз ауылына қайтып келген Әбiлқайыр өзiнiң төре тұқымынан екенiн жасырып Бопайдың əкесiнiң малын бағуға жалданады. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы, жiгiттiң сұңқары Әбiлқайыр батыр жылқышы болып жүрсе де, аз уақыт iшiнде ауыл адамдары арасында сенімге ие бола бастайды. Көп ұзамай сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да жан тəнiмен ұнатып сүйіп қалады. Осылай екі жастың арасындағы сезім ұлғая түсіп, Әбілқайыр Бопай сұлудың əкесiнен рұқсат сұрауға бел буады. Мұндай жағдайды күтпеген қыздың əкесi қызының бағасын білгендіктен, өзіне кедей жігітті тең көрмейді. Ендігі кезекте ол қызын Әбілқайырға берместің амалын іздестіріп, «Қызымның қалың малына ала аяқты 90 күрең ат жəне 60 боз ат əкелесiң, əйтпесе қызымды бермеймiн» – деп шарт қояды. Аталған шарт жас батырға ауыр тиеді. Дегенмен көзсіз ғашық болған Әбілқайыр қыз əкесінің шартын орындауға жолға аттанады. Бопай сұлудың

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

əкесі «Жалғыз атты кедей жiгiт бұл шартымды орындай алмас» – деп үмiттенеді. «Тiрi жүрсем Бопай сұлуды алмай тынбаймын» – деп серт берген Әбiлхайыр əлгi айтқан жылқыны ағайындарынан, ел-жұрттан сұрайды, алайда ешқандай нəтиже шықпайды. Шарқ ұрған жас батырдың осындай аянышты күйiн естіген Жəнiбек батыр жетiп келедi. Қу кедейлiк қолын кесiп отырған жас төренi аяған, əрi келешегiне сенген Жəнiбек батыр Әбiлхайырға керектi 150 айғырды өз жылқысынан шығарып, санап бередi. Оған қоса ол өзi барып Бопай сұлудың əкесiне қазақтың əдет-ғұрпы бойынша құда түседі. Сөйтiп əйгiлi қазақ батыры Жəнiбек екi ғашықтың басын қосып, үлкен азаматтық іс жасайды».

 Әрине, ежелден келе жатқан қазақтың дəстүрі бойынша Бопай сұлудың атастырылып қойылғаны белгілі. Оның үстiне байдың қызы болғандықтан, сəйкесінше мықты адамға айттырылған. Әбiлқайыр мен Бопай сұлудың арасындағы ғашықтық сезім дəстүрді бұзуға мəжбүрледі. Қалай болғанда да Әбiлқайыр сынды жас батырдың Бопай секілді əйгiлi сұлуға үйленуi оның шын мəнiнде өмiрдегi бақыты едi. 1711 жылы олардың тұңғыш баласы Нұралы дүниеге келді.

 Бопай төре ұрпағының шаңырағына құтты келін болды. Ол келiн болып түскелi Қажы сұлтан шаңырағының құт-берекесі арта түсті. Әбілқайырдың тасы өрге домалады. Көп ұзамай Әбiлқайырды Кіші жүздің игi жақсылары ақ киiзге көтерiп хан сайлады. Бопай сұлудың өз басы да қазақ əйелiне тəн кiшiпейiлдiлiк, ақылдылық, ұстамдылық, парасаттылық жəне басқа сол секілді қасиеттерiмен Әбiлқайыр шаңырағында жақсы келiн, əрi жақсы бəйбiше атанды. Әйел болса да ердiң ақылы мен батырлығын өз бойына сыйдырған абзал жан едi. Бопай сұлудың аса беделдi болғаны соншалық Әбiлқайырдың көптеген саяси iстерiн ақылмен шешуге көмектескен. Батыр атанған Әбілқайырдың қилы мінездеріне тоқтау айтып, сабырлылыққа шақырып, сабасына түсiрiп, қиын мəселелердi бабымен шешуге көмектескен. Бопай Әбілқайырдың ел басқару ісінде кеңесшісі, арқа сүйер тірегі болған. Елдің ішкі жəне сыртқы саясаты мəселелері шешілетін құрылтайларда Бопай өзі құқық білгірлері билер мен шешендік өнер иелерімен қатар сөз сөйлеп ел басқару ісіне қатысқан. «Бопай сұлу өзінің ақылымен құрметке ие болған, сондықтан да кей кездері орданы басқару ісіне үлкен əсер еткен. Әдетте əйелді барлық қоғамдық жұмысқа араластырмайтын қарым-қатынастың болғанына қарамастан, Бопай сұлудың өзінің

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жеке мөрі болған» – деп Қазақстан тарихы бойынша ірі маман А. И. Левшин жазып өткен. Сондықтан ел iшiнде қадірі артқан Бопай анаға халқы мəртебелі, парасатты «Бара бəйбiше» атағын сыйлаған.

«Бара бəйбiше» ұғымының Батыс Қазақстанда бiрнеше мазмұнды мағынасы бар. Негiзiнен – өз ақылымен, даналығымен елге қадiрлi болған ел iшiндегi аса беделдi аналарымызға айтылған. Сонымен қатар, Бопай сұлу есімі «Ардақты бəйбiше», «Ардақты ана» болып ел есiнде мəңгi қалды.

 Әбілқайыр əйелі Бопайдың кеңесін тыңдап, оның пікірін бағалаған. Әсіресе Еділ қалмақтары мен башқұрттармен қарым- қатынастың өршіген шағында Әбілқайырдың сол кездегі Ресейге жақындасуын қолдаған Бопай болатын. 1731 жылы А. И. Тевкелев бастаған Анна Иоанновнаның елшілігі келген кезде, бірінші болып өз мөрін басқан еді. Сонымен қатар өз үлгісі негізінде өзгелерді де осы шартқа көндіре алған.

 Әбілқайыр өлгеннен кейін ұлы Нұралының хан болып сайлануы, Бопайдың Ресей империясымен дипломатиялық қарым- қатынасының негізінде іске асқан.

 Бопай ақыл-кемеңгерлігімен қатар, таңқаларлық ерекше əдемі болған. Бұл туралы көптеген аңыз-əңгімелер ғана куəлік етпейді. 1736 жылы Кіші жүз даласына ағылшын саяхатшысы жəне суретшісі Джон Кэстль келген. Кэстльдің суреттеріндегі оның бейнесіне қарай отырып, Бопайдың бес баласы бар, қырықтан асқан əйел екеніне сену қиын. Сонымен қатар, дала сұлуының соншалықты нəзік келбетінің арғы жағында асқан ақыл мен қатал мінездің болғанына сене алмайсыз.

 ХVIIІ ғасырдың ортасында, яғни 1748 жылы Әбiлхайыр өлгеннен соңғы дəуiрдегi тарихи құжаттарда Бопайдың аты көп кездеседi. Оның Орынбор басшыларына жəне Петербургке жазған хаттары сақталған.

 Бопай сұлу 1780 жылы 31 мамырда қайтыс болған. Алайда ел ақындары мен дана қарттары аузынан Бопай есiмi түскен жоқ. Белгiлi Адай ақыны Абыл жыраудың (1777-1864) Баймағамбет сұлтанға айтқандарының iшiнде мынандай толғаулар бар:

Апамнан (Бопайдан) туған əкең Айшуақ хан, Табаның таймай тұр-ау мiнген тақтан.

Дəлiрген тажал сынды дəрежеңдi,

Деп жүрсiң Құдай қорып, Қыдыр баққан...

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Әбiлқайыр ханның Бопайдан басқа да əйелдерi болған. Бопайдан кейiн əр түрлi жағдайда екi əйел алған екен. Алайда, барлық құжаттарда Бопай сұлудың ғана аты аталады. Оның осынша құрметке ие болуы тек Әбiлқайыр ханның əйелi ғана емес, өзiнiң жеке басының ақылдылығы мен беделiне байланысты болды.

 Әбiлқайыр хан мен Бопай сұлудың алты перзентi дүниеге келдi. Солардың бесеуі ұл, бiреуi қыз бала болған. Ұл балалары Нұралы (1710/11-1790), Ералы (1720-1794), Қожахмет (1722-1749), Айшуақ

(1723/24-1810), Әдiл (1730-1750). Қыз баласы Зылиқа 1745 жылы дүниеге келген. Әбiлхайыр балаларының iшiнде Қожахмет пен Әдiл жастай қайтыс болған. «Алып – анадан туады» демекші, Бопай сұлудың тəрбиесімен өніп-өскен үш ұлы да хан болып, еліне елеулі қызмет атқарған. Нұралы (1748-1786), Ералы (1791-1794), Айшуақ (1797-1805). Кiшi жүз хандары болды.

 Аңызға айналған Бопайдың тұлғасының даңқы қазақ еліне таралған. Бопайдың аты мақтаныш пен өнегенің рəмізіне айналған. Бопайдың мавзолейіне тəу ету мақсатында қадірлеп, қастерлеп халық рухына сыйынған. Ел iшiнде қыздарға Бопай деп ат берушілер көбейген. Соның ішінде өз дəуірінің мақтанышына айналған Кенесарының қарындасы Бопай Қасымқызын да атап өтуге əбден болады. Бопай сынды ақылына көркі сай кемеңгер əйел- ана тұлғалары қазақ тарихында көнеден бері баршылық. Мұндай тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері мен тарихтағы орнын анықтап, тиісінше баға беріп, ұрпақтарға сабақтастық желісінде салиқалы дəстүрлерін жеткізу – бүгінгі күннің еншісінде.

Рəбиға СЫЗДЫҚ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері,

ҚР ҰҒА академигі

БАТЫРЛАР МЕН ҒАШЫҚТАР ЖЫРЫ – ƏДЕБИ ТІЛ ҮЛГІСІ

 Ауызша туып, ауызша дамыған: таралған, сақталған қазақ көркем үлгілерінің ішінде сөздік байлығы жағынан да, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін көркемдік кестесі жағынан да ерекше

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тұрған қазақ əдеби дүниесінің ішіндегі ең көлемдісі, ең əсерлісі – эпикалық туындылар: батырлар жырлары мен ғашықтық жырлар (лиро-эпостар). Олардың көбі – авторсыз (авторы белгісіз) туындылар. Бұларды ауыз əдебиеті, яғни фольклор қазынасы деп жүрміз. Бұлар о бастан да аз болмаса керек, бірақ ұзақ жырды түгел жаттап, ауыздан ауызға жеткізу, ұрпақтан ұрпаққа табыс ету – оңай шаруа емес. Сол себептен де «Ер Едіге», «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр»,

«Ер Сайын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан» сияқты жырлар кеңірек таралып, жиірек айтылып келгенін білеміз.

 Ауызша жасап келген үлгілердің ішінде қысқа қайырылатын жəне иесі (авторы) белгілі өлең-толғаулар бастапқы қалпынан көп өзгермей, біршама жақсы сақталған болса, эпостар сияқты өте ұзақ жырлар ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа жəне əр жерге, əр кезеңде жалғасып (айтылып) отырғандықтан, бұларда қосылып, қысқарып, тіпті сəл-пəл өзгертіліп отырған тұстардың кездесуі сөзсіз. Сондықтан үлкен-үлкен жырлардың екі-үш не одан да көбірек нұсқалары (варианттары) бар. Бұлардың да басым көпшілігінің мазмұнын (тақырыбы), идеясын (нені жырламақ болғаны), көркемдік сипатын (əдебилігі) əдебиеттанушылар айқындап берген болатын. Академик Ә.Марғұланнан бастап, күні кешегі жəне бүгінгі зерттеушілер эпостық жырлардың түп-тегін, сақталу кеңістігін, сақтап жеткізушілердің рөлі мен қызметін, сақталу дəрежесін т.т. кеңінен сөз еткендері белгілі. Тіпті бүгінгі ертегі санатында жүрген «Ер Төстік» сияқты туынды о баста көлемді болғанын, Баянаула мен Ерейментауда оның өлеңмен айтылатын нұсқасы да бар екенін, «Арғы мерген», «Қара мерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Дотан», «Ақ Көбек» атты ертегілердің о баста пайда болып, ұмытыла келіп, қара сөзді əңгімелер түрінде бізге жеткенін Ә.Марғұлан атап кетеді1.

 Бұл жерде пікірталастар да бар: эпикалық əңгімелер эпикалық жырларға негіз болды ма əлде керісінше ме? Академик Ә.Марғұлан атаған мергендердің барлығы «Ер Төстік» эпосынан шығып, бергі кездегі əлеумет тіршілігіне қарай өзгеріп айтылған соның үзінділері ме? Мұндай ертегілерді Ә.Марғұлан «Қария

сөздер» деп атайды, Қорқытты «ұлы жырау» дейді.

1 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. -66 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Өткен XX ғасырдың орта тұстарындағы пікірлердің, яғни «Ер Төстік» əуелде жыр ма əлде қара сөзді ертегі ме?», «Қорқыт жырау болса, толғаулары қайда?» деген сұрақтардың дұрыс-бұрысын шешудің қажеттігін əдебиеттанушылар мен тарихшылардың, тіпті мəдениеттанушылардың еншісіне қалдырып, оның ауызша дамыған əдеби тілге қатысы, «əдебилік» сипатын білдіретін белгілері турасында мынадай ой-толғамдарымызды ұсынамыз.

 Алдымен, Қорқыт, Жиренше шешен, Аяз би, Алдаркөсе, Шықбермес Шығайбай, Қожанасыр туралы сөздердің бізге жеткендері – əр өлкеден, əр кезеңде жиналғандар. Бұлардың көлемі, баяндалу стилі, көркемдігі əдеби үлгіге жататын белгілері жағынан бірдей емес, яғни бұлардың да канондық мəтіндері жоқ, болуы мүмкін де емес. Өйткені айтушыдан жазып алынып, жинақтарда, журналдарда, шағын жинақтарда XIX ғасырдың ІІ жартысынан бастап жарық көргендері – аз ба, көп пе жариялауға ыңғайластырып, ішінара редакцияланып жіберілген мəтіндер. Айталық, Жиренше шешен, Алдаркөсе, Қожанасыр туралы «Дала уəлаяты газетінде» жарияланған материалдар мен олардың ХХ ғасырдың орта тұсынан бастап жарық көрген нұсқаларымен салыстырғанда, араларында тілдік-стильдік айырмашылықтар айтарлықтай екені көрінеді. Бұл жерде біз «Жиренше шешен мен Асанқайғының əңгімесі» деп берілгендерді аңыз əңгімелерден гөрі «шешендік сөз», «поэтикалық толғау» деп таныр едік.

 Ауызша дамыған əдеби тілдің ерте кезеңдерден бастап халық арасына жақсы таралып, XIX ғасырдың II жартысында кейбіреулерінің жиналып хатқа түскен, басылым көре бастаған үлгілері – ауыз əдебиетіне жататын эпостар мен шешендік сөздердің, тұрмыс-салт жырларының тілдік-көркемдік бітімін де талдап-тану қажет. Бұл əңгіме – жеке монографиялық еңбектерде өз алдына кеңінен сөз ететін үлкен тақырып. Бірақ бұл проблема мүлде тың жатыр деуге болмайды2.

 Фольклорлық мұраларды сөз еткен əдебиеттанушылар өз тақырыптарына қатысты ғылыми талдау барысында жырлардың тілдік көркемдігіне тіл маманы ретінде емес, əдебиетші ретінде соқпай кетпейді3. Ауыз əдебиеті мұралары жанры, тақырыбы, мезгіл мен мекен кеңістігі қайда, қашан дүниеге келгені, хатқа

2 Ыбраев Ш. Эпос əлемі. – Алматы: Ғылым, 1993.

3 Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы: Ғылым баспасы, 1996.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

түсуі тұрғысынан сан алуан. Сондықтан «əдебилігі» жағынан, яғни көркемдік сипатын тануда барлығын қосып жіберуге болмайды. Дегенмен ең қысқа қайырылатын мақал-мəтелдерден бастап, эпикалық жырларға дейінгі мол дүниенің əрқайсысы да «көркем туынды», «көркем дүние үлгісі» деген статусқа ие бола алады. Солардың ішінде қазақтың ауызша дамыған əдеби тілінің дүниеге келуінде, дамуында, сақталуында, тіпті бүгінгі қазақ жазба əдеби тіліне əсер етуінде үлкен-үлкен «полотнолардың» (жырлардың) оның ішінде, əсіресе, батырлар жырларының орны айрықша.

 Бүгінге қолымызда фольклор дүниесіне жататын ондаған том жырлар бар. Қазақ əдеби тілін сөз еткенде батырлар жырынан

«Ер Едіге», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын»,

«Қамбар батыр», «Орақ-Мамай» жырларының белгілі бір нұсқаларының тілдік-көркемдік көрінісіне зер саламыз. Әрине, бұл өзге жырлар аталған циклге қосылмайды деген сөз емес. Көрсетілген жырлар – «Ноғайлының ауыр жұртында» қазақ халқын құраған ру-тайпалардың тұрмыс-салты, таным-толғамы анық көрінетін туындылар. Бұлар қазақ топырағында негізінен жыр түрінде таралып, сақталған. О баста олар ертегілер, аңыз əңгімелер сияқты қара сөзбен айтылған ба əлде əуелден өлеңі мен қара сөзі аралас болып таралған ба? – кесіп айту қиын. Бірақ қазақта əр жырдың басым бөлігі өлеңмен келген (сондықтан да

«жыр» деп аталса керек). Жыр қара сөзі аралас, яғни екі сегментті туынды болып келеді. Ал кейбір түркі халықтарында, мысалы,

«Алпамыс батыр» татарларда қара сөзді ертегі түрінде айтылады. Аталған жырлардың əрқайсысының бірнеше нұсқасы бар. Олардың тақырыбы, оқиға желісі, кейіпкерлері бір болғанмен, тілдік- көркемдік тұрпаты біраз өзгешелеу болып келеді. Мысалы, «Ер Едіге» жырына назар аударалық. Бұл жырдың ең əрідегі нұсқасын XIX ғасырдың орта тұсында əкелі-балалы Шыңғыс пен Шоқан Уəлихановтар ел ішінен, яғни қазақтардан жаздырып алған. Бірақ бұл вариант бірден жарық көрмей, оны 1904 жылы профессор П.М.Мелиоранский жариялаған болатын. Шоқанның айтуына қарағанда, жырдың бұл варианты ең əрідегісі жəне көркемі болып танылады.

 Осы нұсқаны біздің талдауымыз бойынша, ноғайлы цикліндегі нағыз қазақша жыр деп тануға болады, яғни біз мұны XV ғасырда дүниеге келген эпостардың тұңғышы деп топшылаймыз. Қазірге бізге таныс түбі бір «Едіге» жырын ноғайлы жұртындағы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

кейбір тайпалар одақтары өздеріне меншіктеп, фонетикалық- грамматикалық белгілері жағынан өздерінің сөйлеу тілдеріне жақындатып жырлап кеткенге ұқсайды. Бұған бұл жырдың қазақтарда, ноғайларда, өзбектерде, Оңтүстік Қырым түркілерінде сақталып келгені дəлел. Жырдың Едіге туралы ондаған өзге нұсқаларында, айталық, Мұрын жыраудың, Ә.Диваев бастырған жəне басқа да нұсқаларда (Қ.Сəтбаев жинап бастырған жырдан басқаларында) Шоқан нұсқасындағыдай тұнып тұрған əсерлі суреттер: поэтизмдер (образды құрылымдар) əлдеқайда аз. Бұларда көбінесе оқиғаны баяндау басым. Әрине, əңгіме бояулы, əсерлі сөздердің аз-көптігінде емес, жырдың тілі қолданған амал-тəсілдердің сипатында. Сірə, бұл жырдың тағы да бір-екі нұсқасымен (қолжазбамен) танысқан Шоқанның өзі жаздырып жинап алған варианттың тілдік-көркемдік жағынан əлдеқайда озық тұрғанын бірден танып-бағаласа керек.

 Едіге туралы жырлардың ортақ тұстары да бар, оқиға желісі де бірдей, бұлардың ішінде жиі айтылатын Ормамбет би өлгенде, Он сан ноғай бүлгенде деген баяндаулар жырдың Ноғайлы жұртында туғанын, бұл ыдырағанда Тоқтамыс хан «алдырттым» деп өкінгендегі қазақ шығып кеткен «үш жүз алпыс отаулы» тайпалар бірлестігі – бүгінгі қазақтар жырды өздерімен бірге алып кеткен. Бұл кезде «Едіге» жыры, əрине, əлі таза қазақшаланып үлгермеген. Жыр тек ауызша емес, жазба түрде хатқа түсіп те сақталған сияқты. Мұны Шоқан жинаған варианттан айқын көреміз. Шоқан нұсқасындағы төгерек (қазақша төңірек болуы керек), қоңғыр қаз (қоңыр қаз), алғаштан (əуелгі), бергештен (кейінгі, бергі), жақын, жеткеш (жеткесін), сөзлесті (сөйлесті), нешік (қайтіп, неліктен), екің де үйден шық (екеуің де) сияқты ноғайлық жеке сөздерді Шоқанға ХІХ ғасырдың орта тұсында жазып берген адамның өзі, яғни қазақтың өзі осы тұлғада айтпаған болар еді.

 «Едіге» жырының бұл ең əрідегі нұсқасының тілдік көркемдігі кейін жырланған, оның ішінде Мұрын жырау жырлап жеткізген варианттарының тілінде де адамдар портреті сөз болған тұста оған қатысты атаулар бейнелі эпитеттермен келеді: төсі аршынды сұлу, аршын төс сұлу, алтыннан соққан ақ орда, күмістен соққан ақ есік (хан ордасын суреттегенде) бұт сауырлы күреңше ат, ақ қара кіс тон, көк ала жорға ат мінген, көк дабылпаз байланып, ұшан теңіз айланып, тұтам бауы сары алтын ақ сұңқар құс береді

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

т.т. осы сияқты тіркестердің көркем сипаттармен (эпитеттермен) берілгені кейін туған көркемдік қорын түзген.

 Қазақ əдеби тілінің жасап өткен кезеңдеріндегі тарихын əрі қарай зерттеушілердің алдында осындай эпостардың варианттарына текстологиялық талдаулар жүргізу қажеттігі тұрады. Мұндай талдаулардың нəтижесі бойынша тек əрқайсысындағы өзгешеліктерді ғана тауып көрсету емес, ол айырмашылықтардың себеп-салдарын, ертелі-кештігін, стильдік тұрғыдан сəтті-сəтсіздігін қоса танып-таныту жұмысы тұрады. Бұл – əрине, бір зерттеушінің бір-екі жылдық қана шаруасы емес. Осындай міндеттерді ескеріп, біз бұл еңбекте ауызша дамыған эпос жанрының тілін кеңінен талдап-таныта алмағанымызды ескертеміз.

 Дегенмен бірнеше жылдан бері қазақ əдеби тілінің бес ғасырлық тарихын пайдаланатын оқулық ретінде жазып жүргенімізде семасиологиялық, этимологиялық ізденістер жүргізген «Сөздер сөйлейді», «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» атты еңбектерімізде сөз ететін материалдарды (мысалдарды) жинау барысында қазақ эпостарының тілі туралы да айтуға керек-ау деген тақырыптар (мəселелер) сан рет ойға оралып жүрді. Солардың шет- пұшпағынан аз-кем тапқан-танығанымызды сөз етсек.

Біз біршама қарастырып үлгерген 5-6 батырлар жыры мен

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларының сөздік қазынасына үңілгенде, онда бірқатар ерекшеліктер бар екені көзге түседі. Айталық, ерлік тақырыпты жырларда ұрыс-соғысқа қатысты лексикалық сөздер айқынырақ көрінсе, ғашықтық тақырыбын жырлайтындарында адамның көңіл күйіне, бір-біріне деген қарым- қатынасына, əдет-ғұрыпқа қатысты сөздер мен тұрақты тіркестер, оның ішінде бейнелі фразеологизмдер көбірек кездеседі.

 Батырлар жырларында аты айтып тұрғандай батырлық, ерлік семантикасын сақтаған жеке атаулар мен қимыл-қарекетті атайтын қолданыстар, оның ішінде бейнелі фразеологизмдер көп кездеседі:

Ырғай сапты сүңгіні Ырғай, ырғай салысты, Итерісіп тұрысты, Найза қанға майысты, Ат тізесін бүгісті, Бүгісе, бүгісе тұрысты. Тебінгіге тер қатып,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қақырғаны қан татып, Түкіргені жын татып, Қақырғанда қан ішті, Түкіргенде жын ішті, Қанжарменен қармасты Семсерменен серместі. Қанжар қалды қайысып, Семсер қалды майысып. Диқан еккен егінді,

Есен алса, тегін-ді.

Қан қабақтан төгілді, Ерлер жаннан түңілді, Аш күзендей бүгілді, Екеуінің ақ сауыт

Шығыршықтан сөгілді... («Қобыланды батыр»)

Қатуланып, қаттанып, Буырқанып, бұрсанып, Мұздай темір құрсанып, Қабағынан қар жауып, Кірпігінен мұз тоңып, Əр жақ пенен бер жаққа,

Найзасын ұстап бармаққа,

Аттанбаққа қалмаққа. («Қобыланды батыр»)

Қабағына қар қатқан, Кірпігіне мұз қатқан, Он екі күнде бір жатқан,

Он үш күнде бір татқан,— О да айтулы ер еді, Қызылбастың елі еді, Құдайдан дұспан сұраған, Жау көрмесе, қураған, Найзаның ұстар жеріне, Қолыма жұмсақ болсын деп, Топтап барқыт ораған, Шын қаһарына келгенде,

Жауған қардай бораған... («Қобыланды батыр»)

Түртіп өтіп кеткені,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Тақиядай ұшады. Екпініне шыдамай,

Атының жалын құшады («Қамбар батыр»)

 Батырлар əдетте ерлік мінез көрсетеді, көбінесе жер- суға (Отанының, отбасының амандығын қорғау үшін олардың қазынасына) таласып, қалыңдығына көз тіккен дұшпандарымен алысады (соғысады). Қазақ батырларының қарсыластары – ата жаулары болып келген қалмақтар, олардың хандары мен батырлары. Бұл – қаһармандық эпостардың тілдік-стильдік белгілерінің бірі. Бұл жырлардың лексикалық қазынасындағы əскери топ, яғни ұрыс- соғыс, қақтығыс-соқтығыс семантикасын білдіретін жеке сөздер қару-жарақ атаулары, қимыл-қареткетті білдіретін етістіктер мен неше алуан жеке сөз тіркестері, дублеттері мен варианттары, əсіресе бейнелі эпитеттер мен метафоралар, салыстырулардың (теңеулер) бүгінде біз көп білмейтін, қолданылмайтын (айтылмайтын, жазылмайтын) түрлерін негізінен батырлар жырлары сақтап, жеткізіп отыр.

 Қазақтардың орта ғасырларда ең негізгі ұрыс-соғыс қаруы жақ (садақ) болса, оның тек өз атауы: жа/жай/жақ, садақ қана емес, құралдың бөліктері: адырна, оқ деген атаулардың да бірнеше варианты тілдегі сөз санын ұлғайта түскендей. Ол нұсқалар көбінесе сөз тіркестері, қос сөздер сияқты морфологиялық тұлғалар түрінде көрінген. Мұнда қару-жарақ, сауыт-сайман атауларын көркемдеп (əсерлі етіп) танытатын эпитеттер, салыстырып атайтын теңеулер, бейнелеп білдіретін метафоралар сияқты көріктеу амалдары жиі қолданылған. Мысалы, ұрыс үстінде батыр не жауынгер (қатардағы сарбаз) қолына найза ұстады, балта сілтеді, қылышпен шапты дей салмайды. Олардың қолындағы найза толғамалы көк найза, алдаспан ауыр қылыш, толғамалы көк сүңгі, толғамалы ала балта, алдаспан ауыр қылыш, он екі құрсау жез айыр, отыз батпан ақ алмас, алты аршын ақ болат, төрт қырланған көк сүңгі, он екі құрсау жез айыр т.б. сияқты құрамды тіркестермен келеді. Бір ғана садақ оғы қозы жауырын қу жебе, қу жебе, сұр жебе деп айтылады. Тек əскери атаулар емес, табиғат көрінісіне қатысты өзен, көл, терек, тау, адыр т.б. сияқты атаулар да эпостық жырларда жалаң айтылмайды. Олар: жапырағы жайқалған жау терек, айдын сулар, аймақ көлдер, бадана көзді кіреуке, отыз батпан ақ алмас, алты аршын ақ болат, шай жібек оқ, қайың оқ, он екі тұтам оқ, күшіген

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жүнді оқ, алдаспан ауыр қылыш сияқты күрделі, əсем атауларды біз тек батырлар жырларынан табамыз. Бұл – əрине, сөз қазынасын байыту үшін емес, эпос тілін əсерлі, құлаққа жағымды көркем сөзді ұсыну мақсатымен туған тұлғалар. Бұл амал-тəсіл қазақ сөзінің кейінгі көріністерінен де кеңінен қолданылған. Оған осы жұмыстағы Махамбет ақынның өлең-толғауларын талдаған сəттеріміз мысал бола алады.

 Бұл күрделі (құрамды) атауларда өте ертеден келе жатқан «көне көз» қолданыстардың орын алғанын да баса айтамыз. Мысалы, қоғалы көлдер, қом сулар деген тіркесте қом сөзі бұл күнде

«толқын» мағынасында қолданылмайды. Сол сияқты су сөзінің де көне мағынасының бірі – «өзен», сонда бұл тіркес қоғалы көлдер толқынды өзендер дегенді білдіретін əсерлі (эмотивтер).

 Бұндай құранды атаулардағы ақ, қара, көк сөздері де түсті білдірмейді, ол да – ертеден келе жатқан көнедегі семантикалық өрістер, «ақ – жақсы», «қара – үлкен, мықты», «көк – мықты» деген көне семантикалық өрістерде келген деуге болады. Тек жеке заттар мен олардың сапасын көрсететін əсерлі қолданыстар ғана емес, іс- қарекетті де бейнелеп , əсерлі етіп айтуды да эпос тілінен табамыз. Айталық, Алпамыс батыр қарсыласы қалмақ ханына «Мен жеңемін!» дегенді Астыңдағы алтын тақ я сенікі, я менікі. Белдеудегі бедеу ат я сенікі, я менікі десе, енді бір батыр қарсыласына: Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деймін, керегеңді кескілеп, отын етсем деймін деп айбат көрсетеді. Сөйтіп, эмотивтер мен экспрессивтер қазақ эпостарының ең сəтті, ең күшті көріністері екенін баса айтамыз. Жырлар тілінің көркемдігі мен əсерлілігін танытуда жиі қолданылған ала – «мықты ат» (жылқы ішінде аламын, қылшық жүнді қарамын), бедеу – «ұрыс-шайқаста мінетін ең мықты ат» (бедеуден бедеу таңдап мінген ер), ала ту – «үлкен немесе ұрыс- шайқаста көтеретін ту» (Абылайдың ала туы), азамат, жолдас

«ұрыс-шайқасқа бірге шығатын сарбаз».

 Қазақтың ерлік жырлары мен ғашықтық жырларының тілінен бірқатар этнографиялық мағлұматтармен осы саладағы жеке сөздерді (этнографизмдерді) көреміз. Мысалы, «Ер Едіге» жырынан бастап, бірсыпыра жырларда кіс атауы жиі кездеседі. Бұл сөз тек осылай аталатын аңның өзін таныстыру үшін емес, терісі бағалы, бұл күнде «бұлғын» деп аталатын аңның ертеректегі атауы, аң терісін жамылған немесе киім тігілетін аң терісі деп түсінуге болады. «Едіге» жырында Едіге баласы Нұрадын туғанда оны қара

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

кіске бөлетті, қара кіс оған батар деп, бала кіске бөлетті деп жырланады. Едіге Тоқтамыс ханға өкпелеп кетіп қалғанда, «оны үгіттеп алып кел» деп жіберген Жанбай парламентер (келістіруші) Едігеге: Сен қайт, саған хан жауырындары жақталы, түйме бауы тартпалы ал қара кіс тон береді оны үстіңе ки-сана, – дейді..

 «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасында ғашықтар туралы бір жатыпты қара кіс жамылысып деген жыр жолдары бар. Демек, ерте кезде аң терісінен бір-біріне жалғап құраған жамылғы жасалатын болған. Бұл – этнографиялық қарекет. Сірə, осы күнде көрпе деген жамылғының түп тегі, үй малдарының төлдерінің терісінен илеп, құрастырып жасаған жамылғы болар: көрпе, көрпеш деген сөздер – төл атаулары.

 Эпостар тілінде қолданылған кейбір сөздер өткен кезеңдердегі қазақ қауымының экономикалық жай-күйінен хабар бергендей болады. Мысалы, «Айман-Шолпан» жыры ХІХ ғасырдың мұрасы екендігін ондағы Көтібар, Есет деген кейіпкерлерінен білетін болсақ, дəл осы кезеңде қазақ даласына сауда капиталының келгенін де жырдың өлең жолдарынан біле аламыз. Айталық, Көтібардың ерке тоқалы Теңгені Айман қыздың: Базарда теңге болсаң, пұл боларсың дегеніне қарап та білуге болады. Бұл жердегі базар, пұл, теңге сөздері сауда-саттықтың бұрынғы айырбас амалынан ауысып, ақшалы түріне көшкен кезеңді көрсетеді.

 «Қыз Жібек» жыры да – сондай, «күні кешегі» ХІХ ғасырдың туындысы. Жібек пен құрбы қыздары мініп бара жатқан пəуескелер (повозки), яғни үсті жабық арбаларды алдыңғы дəуірлердің қыздары түгіл, ханымдар мен ханшалар да көп көрмеген болар.

 Ертедегі ақын-жыраулардың өлең-толғауларында жеке адамның портреттері айтылмайды. Ал қазақ эпостарында сұлу қыздың бет- бейнелік, тұрыс-тұрпаттық портреті өте əдемі беріледі. «Қыз Жібек» жырында Базарбайдың Төлегені көрген қыздарының портреті былайша беріледі:

...Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады; Таң мезгілі болғанда,

Шолпанның туған жұлдызы, Кигені алтын, құндызы, Бейіштен шығып келмесе, Бұл жалғанда хор қызы.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Осы екен деп Қыз Жібек, Жетіп келді қасына – Базарбайдың Төлеген.

Осылайша бірнеше қызды көріп, олардың сұлулығына таңғалып,

«Жібек осы екен!» деп ойлап, оза бергенде, Жібекті тапқан анасын көреді. Онда да əйел затының сұлулығы суреттелген:

Көш алдына қараса, Бір бəйбіше нұр жүзді

Көшті тартып барады. Көш алдында бəйбіше Сары алтынның жабдығы, Бір жүз түйе қазына Қызыл алтын сандығы Көрұғлы сұлтан қатыны, Аға Жүніс перідей,

Көркі раушандай – Жазығы қатын демесең, Қартайса да ілгері

Əлгі қыздан салдығы. Айдың өткен нешесі, Ай қараңғы көшесі,

Жазығы қатын демесең, Қартайса да ілгері

Ілкі қыздан мүшесі. Асылдай болып есіліп, Нұрдай болып шешіліп, Ақ маңдайы жарқылдап, Танадай көзі жалтырап,

Алтынды кебіс сартылдап, Көшті тартып барады, Жібекті тапқан шешесі.

Ал соңында Жібектің өзін көреді. Сөйтсе Жібек:

Қыз Жібектің құрметі, Жиһаннан асқан сəулеті, Лəйлі, Мəжнүн болмаса,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Өзгеден артық келбеті. Үш қызы бар қасында-ай, Өзі он төрт жасында-ай. Кебісінің өкшесі

Бұхардың гауһар тасындай. Ақ маңдайы жалтылдап, Танадай көзі жарқылдап, Алтын шашбау шашында. Қыз Жібектің шаштары Қоғалы көлдің құрағы.

Көз сипатын қарасаң Сегіз бейіш ішінде

Хорлардың жаққан шырағы. Дүрі – гауһар сырғасын Көтере алмай тұр құлағы. Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың ақша қарындай. Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай. Екі беттің ажары Жазғы түскен сағымдай. Білегінің шырайы

Ай балтаның сабындай. Төсінде бар қос анар Нар бураның санындай. Оймақ ауыз, құмар көз,

Іздеген ерге табылды-ай. Өткірлігін байқасаң, Ұсталар соққан кетпендей, Нұр тұқымын еккендей.

Бір ауыз сөз сөйлескен, Мұрадына жеткендей. Тірісі түгіл, Жібектің, Өлігіне адам қайырылып, Бетінен келіп өпкендей. Қыз Жібекті Төлеген Ақылымен танып тұр, Көз мейірі қанып тұр,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Бейіштен жанған шамшырақ, Көзі ойнап жанып тұр.

Белі нəзік талып тұр. Тартқан сымнан жіңішке, Үзіліп кетпей, нағып тұр?!

 Қысқасы, эпостық жырлардың тілдік-стильдік сипатын танып- білуде зерттеушілердің алдыңда сан алуан тақырыптар тұрады. Біздің жоғарыдағы талдап-танытқандарымыз – эпос тілінің оннан бірі ғана (не одан да көп қырлары болар).

 Эпос жырлары тілінің құрылымдық-стильдік ерекшелігі жəне бар. Ол толғау-жырлардың, яғни өлеңдермен келген жырдың ара- арасында қара сөз үзіктерінің жиірек келіп отыратындығы. Ол үзіктер жарты бетке толар-толмас мəтін болып келеді. Мысалы,

«Қамбар батыр» жырындағы ең алғаш кездесетін қара сөз үш жолдық қана. Онда Назым сұлудың əкесі қызының талап-тілегімен жігіт таңдайтынын білдіріп елге жар салады. Бірақ хабаршы Қамбар батырға хабар бермейді. Оның себебін екі жолдық қара сөзбен білдіреді: Назымның ешкімді жаратпағанының мəнісі сол екен, шақырушы жарлы деп Қамбарды шақыртпапты. Мұны «əнсіз əңгіме» деп береді. Жырдағы «əнсіз əңгімелердің» – прозалы сигменттің барлығы да өте қысқа.

 Ал «Алпамыс батыр» жырының қара сөз бөліктері едəуір ұзақтау (бір бетке жуық) болады. Ұзақ жыр-толғаулардың ара- арасында келтіріліп отыратын прозалық бөліктердің араласу себебін зерттеушілер əртүрлі түсіндіреді. Біреулері: «Бұл қоспалар жырдың өзі белгілі бір сазбен жəне домбыра, қобыз сияқты аспаптармен сүйемелдеп айтылатын (жырланатын) болған. Жырды жатқа ауызша айтып отырған адам (жыршы) шаршап кеткен жерінде толғауын бір ауыз қара сөзбен «əнсіз» айтып кетеді», – десе, екінші бір зерттеушілер өзге мотивтерді алға тартады. «Алпамыс батыр» – тұтасынан толғаған ұзақ жыр. Қара сөзді бөліктері ұзақтау, бірер бетке жуық болып, «əлқисса», «онда» деген сөздер жалғастырушы элемент болып келеді. Демек, бұл екі сөз батырлар жырларының барлығында бірдей қызмет атқарып тұрғанына қарағанда, олар стильдік құралдардың бірі əрі жырлардың белгілі бір таңбасы ретінде көрінеді. Жырлардың қара сөзді сегменттері (бөліктері) көркемдік белгілері өлеңмен берілген негізгі бөлігіндей айшықты қолданыстармен келмейді. Негізінен өлеңді бөліктің жалғасы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қысқаша баяндайтын əңгіме стиліндегі материал болып шығады.

 XV-XVII ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде айшықты эпитеттер, əсерлі теңеулер, əсем метафоралардың бірқатары эпостық үлгілерде де жанаса қолданылып жүрсе немесе ішінара бірінен бірі ауысқан болса, енді бірсыпырасын ақын-жыраулардың өздері жасаған дүниелер. Мысалы, батырлар жырларында тақырып бір (ерлік), идея бір (жаугершілік), уақыт кеңістігі (қай кезеңнің оқиғасы) əртүрлі болғанмен, ол да бір (өткендегі), сюжет пен мотив ұқсас болғандықтан, бұлардағы адамдардың, əсіресе басты кейіпкерлердің, олардың үстіндегі киімдері мен ұстаған қару- жарақтардың, астындағы аттарының сипаттамасы көркем түрде беріледі, яғни бейнелі тұрақты тіркес-фразеологизмдер болып қалыптасады: бадана көзді кіреуке (сауыт), қозы жауырын қу жебе (оқ), аюдайын айбатты, арыстандай қайратты, қоспақ нардай күрілдеп (батыр), отыз батпан ақ алмас, алты аршын ақ болат, төрт қырлаған көк сүңгі т.т. Тұрақты бейнелі қимыл атаулары да əрі ортақ (жиі кездесетін), əрі əсерлі түрде көрінеді: сұлу қыздың қасы жайдай керілген, кірпігі оқтай тігілген болып суреттеледі («Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің). Ал оза шауып олжа алу, буырқанып бұрсану, мұздай темір құрсану, туырлығын тілгілеп тоқым ету сияқты бейнелі қимыл атаулары эпостарда да, тіпті олардың қарасөзбен келетін бөліктерінде де, кейбір ертегілерде де орын алады.

 Бұлардан басқа да көріктеуші тəсілдердің бірі жəне ең өнімдісі əр типтегі қайталамалар болып танылады. Қайталама дегеннің түрлері өте көп. Мысалы, «Қобыланды жырында қалмақ батыры Быршымбай ұйықтап жатқанда қолға түскен тұтқындардың жанына келеді:

Келуімен Быршымбай Бөтен сөзге қарамай, Қобыландыны бір шаншып, Қарлығаны бір шаншып Қараманды бір шаншып Сыдырып өтіп жөнелді, –

 деп жырланады. Эпостық жырлардың өлеңмен келген тұстарында тармақ соңында -ай, -ды, дейді сияқты көмекші

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тұлғаларды қайталап беріп отыру кездесіп қалатыны да жоғарыда айтылды.

 Бұл, сірə, табан астында өлең жолдарын ауызша айтуда пайда болатын амал болса керек, ол арқылы өлеңнің интонациялық қуатын арттырады. Мысалы, «Қамбар батырда»:

Мінгенде атың ала-ды, Алаға тоқым салады-ай. Сөздерінен сөз шығып, Алшыораз бенен ағасы Бақандасып қалады-ай...

Сол сияқты:

Сонда Мақтым сөйлейді, Сөйлегенде не дейді?

Ақ төс тазы мен дейді, Қара төбет сен дейді, Таласқаның қыз дейді.

 Әрі қарай бұл жыр үзігінің 9-тармағы деді сөзінің қайталануымен келеді. Бұл амал тек батырлар жырларында емес, «Қыз Жібек»,

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты лиро-эпостардың тіліне де ортақ болғанын көреміз. Бұл тəсілмен келген өлең жолдары көбінесе XIX ғасырда Радлов, Ильминский, Березиндер жинаған (жазып алған) нұсқаларында жиі кездеседі. Радлов жинаған нұсқалардан:

Өлеңнің ақиқатын жарай дейді,

Сегіз ұжмақ бейнесін сарай дейді.

Березин жинаған жырда:

Тазша тұрып армаған кетті дейді,

Қыран-топан құлдарды етті дейді.

 Эпостарда, оның ішінде «Едіге» жырының Шоқан Уəлиханов жинаған нұсқасында айтылмақ ойды бейнелеп ұсыну жақсы көрінеді. Айталық, жұрты үшін еңбек еткен баласы Нұрадынды:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қарға қонбас қара ағаш Қаз қондырдың Нұрадын, Құзғын қонбас қу ағаш Қу қондырды Нұрадын

 деп оның өз жұрты үшін еткен еңбегін бейнелеп, астарлап баяндайды. Көрікті образдар əсіресе өзі туралы сыр шерткен кейіпкердің аузына жиі оралады. Мысалы:

Еменге айыр біткен бұтақпын, Қарағайға қарсы біткен бұтақпын.

 Эпостық жырларда екі не одан да көбірек жолдан тұратын тұрақтытақырыптар(стереотиптер,ұқсастармақтар) болатыны мəлім. Оларды бір жырдың емес, өзгелерінде де қайталанып келіп отыратын поэтикалық блоктар деуге болады. Мысалы: қорамсақа қол салды, бір салғанда мол салды; кезегендей кезеді, созағандай созады, буырқанды бұрсанды, мұздай темір құрсанды...; мінгенде аты ала-ды, қылшық жүнді кара-ды...; астыңдағы алтын тақ, байлаудағы бедеу ат, я сенікі, я менікі т.т. Қазақ эпостарының тілдік-көркемдік белгілерінің бірі жəне өте эмотивтік əсері күштісі – дыбыстық гармонияның орын алатындығы. Ол үндесім өлең жолдарының басқы сөздеріндегі дыбыстық біркелкілік – ассонанс пен аллитерация құбылысының жиі қолданылатындығы. Мысалы, «Едіге» жырының Шоқан

нұсқасындағы:

Еңсесі биік боз орда

Еңкейіп сəлем бермен-ді.

Еңсеме емен болат шоқпар тиген-ді

немесе:

Тоқсан басты ақ орда Тонамай ие болмасам. Торылы жылқы тобышақ Топтан жиып алмасам.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Дыбыстар гармониясы жыр жолының басында ғана емес, жол бойындағы өзге сөздерге де көшіп отырады:

«Едігеде»:

Төбеге шыққан төртеуі Төре берер күндер туғай ма?

 Сөздің, яғни тіл қолданысының көркемдігінің (əдебилігінің) қырларын осындай фактілермен көрсете отырып, бұл белгінің барлық жырда немесе бір жырдың барлық нұсқаларында бірдей еместігін де айтуға болады. Мысалы жоғарыда біз «Едіге» жырының Шоқан нұсқасының тілдік көркем бедерін көрсеттік. Жырдың ертелі-кеш жырланған өзге варианттарына көз салсақ, бұл жырдың

«Мырза Едіге батыр» деген атпен Диваев бастырған нұсқасы негізінен қара сөзбен, ара-тұра өлеңмен келген жолдарының тілі тым қарапайым: қаласын қан қылып... деген сияқты. Мұрын жырау жырлаған нұсқада өлең бөліктері көбірек, оқиға негізінен өлеңмен баяндалады. Мұнда мен деді, сен деді деген ұйқастар жиі ұшырайды. Едігенің Тоқтамыс хан жіберген елшілерге берген жауабын Шоқан нұсқасындағы жауабымен салыстырсақ, Мұрын жыраудағы жауабы тым қара дүрсін.

 Қысқасы, ауыз əдебиетінің оның ішінде үлкен жырлардағы бейнелі сөз тіркестері, яғни көріктеу құралдарымен келген тұрақты түзілімдер осы жырлардың өздерінің тілін ғана көркейтіп тұрған жоқ. Олар ауызша авторлы, авторсыз көркем поэзияның көркемдік қорын да молайтты. Сөз болып отырған ауыз əдебиеті өзінің белгілі бір тұстары (сөз қолданыстары) арқылы авторлы ауызша дамыған əдеби тілдің əрі үлгісі, əрі көшбастары болды деп тану керек.

Əдебиеттер:

  • Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 66 б.
  • Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985.
  • Ыбраев Ш. Эпос əлемі. – Алматы: Ғылым, 1993.
  • Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы: Ғылым, 1996.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Лəззат СҮЛЕЙМЕН,

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, əлеуметтану ғылымдарының кандидаты

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА – ҚҰРМЕТ

 Қазақ хандығының 550 жылдығы – Отанымыз үшін əрі мерейлі, əрі тарихымыздың биік мемлекетшілдік белесін зерделететін меже. Осынау конференция Елбасы ұсынған «Мəңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыру бағытында талай мамандарға жəне жас азаматтарға ой салады деп есептеймін. Өйткені, ұлт тарихының қай жауапты кезінде болсын əйел-ана, ару-қыз ерлердің мойнындағы жүкті бірдей бөлісіп, халыққа – қабырға, жауға – айбар бола білген. Ауызша жеткен деректерде бізге қаскөй жұрттар «қазақ əйелі қасқыр сынды: апанын жауға бермейді, бөлтірігін алдыртпайды» дейді екен. Ал, енді ханның «қырық кісілік ақылын» құрауға себепші асыл сүйекті ханымдарымыз бен ханшаларымыз, əр кезеңде мың-миллиондардың ішінде ақылымен, көркімен, батылдығымен жарқ етіп көрінген аруларымыз туралы неше түрлі аңыз-əпсана, жыр-дастан бар. Біз осы тұлғаларды жаңғыртып, бүгіннің рухани қажетіне жұмсай алсақ, «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілер» еді.

 Тəуелсіздік – негізінен бүгінгі мерей, жеткен жетістік болғанымын, оның бастауы қиын да күрделі кездерде жатқанын ұмытпағанымыз жөн.

 Бүгінгі тату-тəтті өмір сүріп жатқан 17 млн 400 мыңнан асқан халқымыз Қазақстанның тұтас тарихын, бірлік пен тірлік тарихын бес саусағындай біліп жатса, бұл да – азаттықтың жемісі дер едік. Себебі, атам заманнан бүгінге дейін, Елбасымыз айтқандай, Ұлы Қазақ даласы – бейбітшіліктің бесігі, жасампаздықтың жазирасы, өрлеу мен дамудың ошағы. Оған күллі түркіге ұран болған Алтай кезеңін, алғашқы ислам құндылығын қабылдаған Қарлұқ-Қарахан кезеңін, байырғы Тұранды жаңғыртқан Түркістан кезеңін алсақ та жеткілікті. Оның сыртында ғаламның ғылым аспанындағы жұлдыз сынды Фараб-Отырар, Испиджаб-Сайрам, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Тараз т.б. шаһарлардың дүркіреген шағын ұмытуға болмас. Әріден тартсақ, сақ пен ғұн, беріден тартсақ түркі мен қыпшақ – бəрі де əлем мойындаған ұлттық-

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

этногенездік іргетастарымыз. Тағы да Елбасы сөзімен айқындайық:

«Тарихымызда біз ұялатын жер жоқ!».

 Әрине, осы толғамалы тарихымыздың ең бір айшықты, əсем, нəзік тұсы – ханымдар мен арулар тарихы. Тұтастандырып айтсақ, аналар тарихы!

 Түркі дүниесі, соның ішінде қазақ та бар, бір кезде əйелді титулдық айырымымен «хатун» (Тараздағы «Бабаджа хатун» кесенесін еске алыңыз) деген. Тарихшылар бұл «кінəз жары» (княгиня) деген мағына береді дейді. Ал, филологогтер айтатындай, бүгінгі ата тегімізде сақталып қалған «бек» пен «бай» жұрнақтары да сондай титулдық деңгейді көрсетсе, мұның тарихын да жете қарастырған дұрыс сияқты. Тіпті ислам құндылықтарымен сəйкес енген ер азамат атының соңындағы «құл», əйел заты есіміндегі «күл» жұрнақтары ешқандай төмендетудің белгісі емес, биік имани ниет, тіпті титулдық жоғары мəртебе екенін əлі дұрыс айта алмай жүрміз.

 Жалпы осы конференция барысында əріптестеріме бұл тақырыпты жүйелі, ақылмен зерттеуді ұсынар едім. Термин анықталмай, ұғым анықталмайды; атау нақтыланбай, түсінік нақтыланбайды. Мұны мұқият ескерсек екен. Бұл да – біле- білсек, елдік құндылығымыз.

 «Ұлт дəстүрі» – біздің генетикалық кодымыз. Осы кодтың бастаушысы да, сақтаушысы да, келесі ұрпаққа жеткізушісі де – аналар.

 Қазақтың Ұлы даласында саяси истеблишменттегі əйелдер өз уақытында тұрақтылықтың, рухани өрлеудің, келісімнің жаршысы əрі негізі бола білді. Ел басқаруға араласқан ханымдардың ерлермен бірге атқа қонғанып, басын бəйгеге тікті. Ел басқарушылардың ақылман жары, тірегі ретінде хандық құрылысына, мемлекет құраушы істерге қатысты. Тіпті аса қиын патша отаршылдығы заманында байырғы елдік дəстүрдің алтын арқауын жалғастыру жұмыстарын атқарды.

 Міне, мемлекетшілдік құндылықты орнықтыру мен жалғастырудағы, ханымдар мен ханшалардың, ел аналары мен қарапайым əйелдердің тарихи еңбегі осындай.

 Біз осы істерді ұмытпауымыз керек. Оны жаңа заман форматында дамытуымыз қажет. Сондықтан да Тəуелсіздік жылдардың аса жауапты кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Елбасы бақылауында Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

құрды. Бұл құрылым сəтті, абыройлы жұмыс істеп келеді. Аталған комиссия мүшесі ретінде мойнымызда аса ауыр жүктің барын, ол жүктің аты – елге қызмет екенін жақсы сезінеміз.

 Біз – өткенді қадірлеген, жаңаны байыптаған, болашақты бағдарлаған елміз. Сол себепті Қазақ хандығы тұсындағы мемлекетшілдік ой-сананы, отансүйгіштік қасиетті, жоғары адамгершілік парасатты өрістеткен, ұрпағына сіңірген аналарды тарихи еңбегіне əділ баға беруге тиіспіз. Бұл – əрі елдік құндылықты қадірлеу, əрі сабақтастықты сақтау болмақ.

 Біз елдік түсініктегі əйел-ананың болмыс-бітімін, оның ел басқару ісіне қатысты түсінік-пайымын, ұрпақ тəрбиелеудегі таным-білігін қайта қарамаймыз. Өйткені, ол бас-аяғы жүйелі, ғасырлар бойы қалыптасқан айрықша төлтума дүниетаным кешені. Оның иесі

– халық, киесі де – халық. Ол – əбден қалыптасқан, орныққан құндылық. Кейінгі тарихты айтпағанда, ежелгі көшпелілер петроглифтерінің өзінде əйел-ана бейнесі айрықша орынды иеленген. Бұл байырғы өркениетімізде əйелдің əлеуметтік мəртебесінің биік болғандығын, арулардың айрықша құрметтелгенін дəлелдейді.

 Ұлт сөзін ұстаған классик-жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Адамды хайуандықтан адамшылыққа енгізген – əйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарияқаты əйел халіне жалғасады. Сол себепті əйелдің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, əйелдің халін түзе»,- деп жазған еді ХХ ғасырдың басында. Бұл ой əлемді дүр сілкіндірген төңкеріс тұсында айтылды. Бұйырса, оған енді тура 100 жыл толмақ. Енді қараңыз, Ж.Аймауытұлының Ақбілегі мен Б.Майлиннің Раушанынан бері оқыған қазақ əйелі қаншама өсті, жетілді. Сөйте тұра біз əркез халық даналығына, ел дəстүріне шөлдейміз. Дана жазушы бесікпен бірге тағылым мəселесін жайдан-жай айтпаса керек.

 Қазақстан Республикасы – бүгінгі таңда Орталық Азия аясында əйел проблемаларын елеулі нəтижемен шешіп келе жатқан табысты мемлекет. Әлем бізге осындай баға береді. Біз, əлбетте, бұған тоқмейілсінбей əлі де көп жұмыс атқаруға тиіспіз.

 Бүгінгі халқымыздың 52 %-ы – əйелдер. Тəуелсіздік жылдары елімізде 6 миллионнан астам бала дүниеге келіпті. Соңғы он жылда Қазақстанда 23. 894 егіз, 277 үшем мен төртем дүние есігін ашыпты. Отанымызда бақ-береке болмаса, осы табысқа жетер ме едік?

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Әйелдер қазіргі уақытта ерлермен тең дəрежеде қоғамның саяси, əлеуметтік жəне экономикалық өміріне қатыса алады. Олардың сайлауға белсене қатысуын – қоғамдық жасампаздығының айқын көрінісі деп қарауға болады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының 1995–2004 жылғы сайлауларында əйелер өкілдігі орташа есеппен 11-12%-ды құраса, 2007 жылы 15,3 %-ға жетіп, ал 2012 жылы 24,5 %-ға дейін өсті.

 Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінде 28 əйел депутаттық қызмет атқарып, төменгі палата мүшелерінің

26 пайызын құрап отыр. Салыстыру үшін айта кетейік, əлем парламенттеріндегі əйелдер өкілдігінің орташа көрсеткіші – əлі 20 пайызға да жетпеген. Дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізуге талпынып отыр.

 Жергілікті өкілді орган – мəслихат депутаттарының мандаттарын алған əйелдер саны соңғы 15 жыл бойы тұрақты көрсеткішке ие.

 1999, 2003, 2007 жылдары əйелдердің үлесі 17%-ға дейін артса, ал 2012 жылы 18,2 %-ға жетті. Қазір қызметтегі 3.334 мəслихат депутатының 614-і (18,4 %) – əйелдер.

 Еліміздегі ауыл əкімдерін сайлауда да əйелдер белсенділігі жылдан жылға артып келеді. 2013 жылы сайланған əкімдердің ішінде əйел-əкімдер 32 адамға көбейіп, жалпы саны 280-ге (11,4 %) өсті.

 Соңғы уақытта əлеуметтік сауалнамаларға қатысқан əйелдердің 70%-ға жуығы өзінің қабілеттеріне сенетінін айтып отыр. Бұл мəлімет қыздарымыз өзін күшті, дербес тұлға ретінде сезінетіндігін көрсетеді.

 Бүгінде Елбасымыз əйел заты маңызды мемлекеттік жəне саяси шешімдерді қабылдауды болжайтын биліктің барлық деңгейлерінде жүру қажеттігін қадап айтып отыр.

 Қоғам өмірінде əйелдер қызметтің жаңа аясын жəне мүмкіндігін ашуға себепші екенін мақтанышпен айтамыз.

 Біз заман ағымына сай, елдің инновациялық бағдарламаларының шеңберінде əйел кəсіпкерлерді, саяси көшбасшыларды, қоғам қайраткерлерін ірі кəсіпорындар басшыларын жиі кездестіреміз. Бұл үрдіс, əрине, ең алдымен ел тəуелсіздігін нығайтуға қызмет етпек.

 Жалпы, əлімсақтан қазақ əйелінің қайталанбас өзіндік рөлі қалыптасқаны – тарихи шындық. Қазақстанның Еуразия кіндігінде орналасуы Шығыс пен Батыс дəстүрлерін бойына қатар сіңірген қазақ əйелінің болмыс-бейнесін анықтады деуге толық негіз бар.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Кез келген ұлт əйелінің қалыптасқан портреті болады. Мысалы,

«француз əйелі», «италия əйелі», «араб əйелі», «жапон əйелі» дегенде, əрқайсының өзінше ерекшелігі еске түседі.

 Ал қазақ əйелінің портреті ше? Оның басты сипаты – халық дəстүріне адал, намысты, инабатты, ізетті, сыпайы, əдепті, қылықты, білімді, талапты қазақ қызы болатыны сөзсіз. Қазіргі қазақ қызы туған халқының мəдениетімен қатар əлем мəдениетін меңгерген, білікті, əлеуметтік ортаға бейімді, қоғамдық өмірде белсенді. Бұл – заман талабы.

 Бүгінгі құндылықтың ең маңыздысы – қоғамдық тəрбие. Қазақ анасы өз қызын отбасы құруға, шаңырағының ұйтқысы болуға, отбасы мен қоғам берекесін қатар сақтауға, амандық пен табысқа жауапты етуге бала күнінен баулуы тиіс. Бұл жерде жеке үлгі маңызды.

 Үлкенге сəлемдесу, орын ұсыну, жол беру, кимелеп баса көктеп өтпеу, қонақтың атын байлатып, есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен қарсы алып, орнымен шығарып салу, ағайынға, жетім- жесірлерге, мүгедектерге, жора-жолдастарға қайырымды болу сияқты ата салт-дəстүріміздің бірде-бірі ескірген жоқ. Бұлар – ешеқашан ескірмейтін құндылықтарымыз.

 Дəстүрлі қоғамымызда адамнан адам əрқашан дəметіп тұратын табиғи-мінез-құлықтың бəрі адамшылыққа негізделген. Дала өмірінде бұл мінезді қабылдамау немесе қорлау – өзін-өзі қорлаумен жəне халықты сйыламаумен пара-пар. Ал, енді осы дəстүр ұрпақ бойына Ана арқылы сіңген, Ана арқылы өркен жайған. Ендеше біз ұлттық тəрбиені өз балаларымыздың санасына сіңіру арқылы, оны құрметтету арқылы мыңжылдық отбасы дəстүрімізді жалғастыра аламыз. Отбасы мəртебесін, құндылығын нығайта отырып, мемлекетімізді нығайтамыз.

 Бүгінгі Қазақстан мəдениеті дамыған, экономикалық тұрғыдан бəсекеге қабілетті, əлемнің көшбасшы елдері қатарына қосылуға талабы бар, саяси əлеуеті зор мемлекет екенін ескерсек, осы бағытта ұлтымыздың басты байлығының бірі – қазақ қыздары мықты, берік отбасы құру арқылы елдің бүгініне, ертеңіне, болашағына нақты көмектесетінін түсінеміз. Олай болса, əр сəт мемлекет баяндылығының мəні мен міндеті есімізде тұрсын.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Берекет КƏРІБАЕВ,

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДƏУІРІНДЕГІ ХАНЫМДАР

 Өткен жылдың тамыз айының соңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлытау төрінде журналистерге берген сұхбатында осы айрықша өңірдің Қазақ тарихындағы алатын орны туралы кең толғана, тебірене келе, былай деген болатын: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі» [1]. Елбасының осы төрт сөйлемнен тұратын тарихымызға қатысты тебіреніспен айтқан терең тұжырымды ойы – қазақ тарихының өте ежелгі замандардан басталатынын, нақтырақ айтсақ, біздің жыл санауымызға дейінгі II-I мыңжылдықтар шегінен басталатынын көрсетеді. Теориялық-методологиялық мəні зор бұл тұжырымның Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауларын, қазақ этногенезінің негіздерін, қазақтың арғы мəдениеті мен рухани өмірінің іздерін, қазақ халқының арғы ата-бабаларының шаруашылық түрлерін зерттеуде қоғамтанушыларға, тарихшыларға тигізер көмегі зор. Үш мың жылдық тарихымызда көптеген оқиғалар болды, өзгерістер жүрді. Көптеген мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдар пайда болып, бірін –бірі ауыстырды. Әртүрлі замандар болды, небір ірі тарихи тұлғалар мен ғұламалар өмір сүрді. Көптеген құндылықтар ауысты, олардың орнын жаңа құндылықтар басты. Бірақта өзгермеген, өшпеген бірнеше құнды қасиеттер халқымыздың бойында мəңгі сақталып қалды. Олардың біріне, əрі бірегейіне – руханилық тұрғыдан алғанда Анаға деген құрмет жатты.

 Анаға деген құрмет қазақ халқының тарихында мемлекеттілік тарихымен, қазақ халқының этногенезімен, халқымыздың мəдениетімен, рухани өмірімен қатар дамып, біте қайнасып келеді. Оның ежелгі замандардағы көрінісін бүкіл түрік тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тəңірісі болып саналған – Ұмай-анаға деген табынуынан көрсек, мың жылдан астам уақытқа созылған ортағасырларда, əсіресе оның ислам дəуірі кезеңінде

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

«Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» жəне осындай сипаттағы қағидалар арқылы берік орнығады. Қазіргі күндерге дейін жалғасын тауып отырған осы бір асыл қасиет халқымыздың аналарға арнап шығарған əндерінен кең байқалады. Қазақ халқында ана тақырыбына арнап өлең жазбаған ақын, əн шығармаған сазгер жоқ шығар. Егерде əндер тақырыбын арнайы зерттеген маман болса, онда ол ана тақырыбының алдыңғы қатарлардың бірінде тұратынын ешбір қиындықсыз дəлелдеп берген болар еді. Ал оған қарсы ешкім де дау айта алмаған болар еді. Аналарға арнап шығарылған əрбір əннің сөздері жүректің тереңінен шыққаны белгілі. Дегенменде, белгілі

«Анашым» əніндегі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген жолдарды білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Бұл дегеніміз – бірнеше мың жылдардан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан Анаға деген сыйдың, құрметтің қазіргі күндердегі бір ғана көрінісі.

 Жоғарыда айтып өткеніміздей, Анаға деген құрмет қазақ тарихының барлық дəуірінде сақталынып келді. Біз оны хандық дəуір деп аталатын – XV-XVIII ғасырлардағы тарихымыздан анық байқаймыз. 2015 жылы 550 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ елінің тарихында Керей мен Жəнібек хандардың ұлттық сипаттағы қазақ мемлекетінің шаңырағын көтеруімен жаңа белес басталады. Үш жарым ғасырдан астам уақытқа созылған хандық дəуірде ел есінде небір аяулы аналарымыз бен əжелелеріміздің есімдері мəңгіге сақталып қалды. Тарихымыздың хандық дəуірінде өмір сүрген асыл Аналарымыздың есімдері тарихи санамызда мəңгіге сақталып, олар мынадай дерек түрлерінде көріністер береді:

  • жазба дерек мəліметтерінде;
  • ауыз əдебиетінің үлгілерінде;
  • материалдық ескерткіш түрлерінде;
  •  ру-тайпа атаулары мен ру-тайпа ұрандарында кездеседі. Төменде осы көрсетілген тармақтар бойынша аналарымыздың тарихымыздағы рөлі жөнінде жеке – жеке қарастырып көрелік.

 «Батыр да анадан туады» деген халық мəтеліне сай, хандық дəуірдегі əрбір хан, сұлтан мемлекет басшысы, мемлекет қайраткері болып қана қоймай, əрі батыр, əрі қолбасшы бола білген. XV-XVII ғасырлардағы атақты қазақ хандары мен кейбір сұлтандарының аналарының есімдері жазба дерек мəліметтерінде сақталған. Ол жөнінде тарихшы Қадырғали би Қосым ұлы Жалайыридың еңбегінде айтылады. Автор XV-XVII ғасырлардағы қазақтың 6 ханының,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

8 сұлтанының жəне 4 ханымының аналарының есімдерін айтып өтеді. Олар мыналар:

  • Жаған бикем, ол – қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жəнібек ханның əйелі, Қасым ханның анасы;
  • Ханық сұлтан ханым, ол –атақты Қасым ханның əйелі,

Хақназар ханның анасы;

  • Абай-хан-бегім Шығай ханның, Мəлік сұлтанның анасы;
  • Байым-бике – Сейітқұл сұлтанның, Ондан сұлтанның, Алтын- ханымның анасы;
  • Жақсым-бике (Яхшым-бике) Тəуекел ханның, Есім ханның, Сабыр бике ханымның анасы;
  • Дадам ханым – Әли сұлтанның, Сулум сұлтанның, Ибрагим сұлтанның, Шахим сұлтанның анасы;
  • Алтын ханым Оразмұхаммед ханның жəне Тəтті ханымның анасы;
  • Сүйім ханым – Тəуекел ханның əскер басшысы Көжек сұлтанның анасы [2, 258-260].

 Дерек мəліметінде айтылған сегіз ханымнан туған мемлекет басшылары: Қасым хан, Хақназар хан, Шығай хан, Тəуекел хан, Есім хандар – 1511 жылдан 1628 жылға дейін Қазақ хандығын билеген тарихта белгілі тұлғалар. Бұл хандардың билігі тұсында Қазақ хандығы негізінен күшею, өрлеу кезеңдерін басынан өткергені белгілі. Олардың осындай тұлға балып тарихта қалуында аналарының рөлі болғандығын ешкім де жоққа шығара алмайды.

 XVI ғасырдың 20-30 –шы жылдары Қазақ хандығы үшін өте ауыр болғаны белгілі. Тахир ханның билігі тұсында Қазақ хандығының Ноғай ордасымен, Шығыс Түркістан аумағындағы Могулия мемлекетімен қарым-қатынастары күрделі болып, ол қатты шиеленіседі. Осындай жағдайда қазақ-моғол қарым- қатынасын жақсартуға Жүніс ханның қызы, Әдік сұлтанның, одан кейін Қасым ханның əйелі болған– Сұлтан-Нигар ханым белсене араласып, үлкен нəтижелерге қол жеткізеді. Сөйтіп, ақылды ханымның арқасында Қазақ хандығы мен Могулия мемлекеттерінің арасындағы шиеленісті қатынастар бейбіт жағдайға ауысады [3, 413- 414]. Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде Сұлтан–Нигар ханымның парасаттылығын айта келе, Тахир ханның оған туған анасындай құрмет көрсеткенін ерекше айтып өтеді [3].

 XVIII ғасырдағы тарихымызда Кіші Жүздегі Әбілқайыр ханның əйелі – Бопай ханымның ақылдылығы мен парасаттылығы жөнінде

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

орыс деректерінде көп баяндалады. Әбілқайыр ханның тұсында сұлулығымен қатар, ақылдылығымен көзге түскен Бопай ханым Кіші жүзде үлкен құрметке ие болады. Ал 1748 жылы Әбілқайыр ханның қазасынан кейін Кіші Жүздің ішкі саяси өмірінде, қазақ- орыс қатынасында билікте отырған ұлдарына кеңесші, ақылшы бола білген Бопай ханымның есімі жазба деректерде өте жағымды бейне ретінде жақсы баяндалады [4, 410-412, 432-436, 510-519]. Бопай ханым қайтыс болғаннан кейін де, оның моласы талай уақыттар бойы рухани ем іздеген нəзік жандарға азық ретінде қызмет етуін тоқтатпайды.

 Хандық дəуірден бері ел аузында кең таралған ауыз əдебиетінің үлгілерінде Ел Анасы болған – Домалақ ана жөніндегі аңыз- əңгімелер өте көп. Текті жерде туып-өсіп Адал жар, Ел анасы бола білген Домалақ ана ұрпақтарына ақылдылығымен, сабырлылығымен, көрегендігімен, кемеңгерлігімен, əулиелігімен есте қалады. Оның жерленген жері күні бүгінге дейін апаларымыз бен əжелеріміздің, қарындас – жеңгелеріміздің зиярат ететін жеріне айналған.

Тарихымызда аналарымызға қойылған материалдық ескерткіштер

  • күмбездер, мавзолейлер, мазарлар күні бүгінге дейін жетіп отыр. Домалақ ана кесенесі, Рабиға сұлтан бегім мавзолейі, Бопай ханым мазары əлі күнге дейін өздерінің негізгі міндетін жоғалтпай, жаңа ұрпақ өкілдеріне рухани қызмет етуде.

 Аналарымызға деген құрметті қазақ халқының ру-тайпа жəне оның бөлімшелерінің атауларынан, тіпті ру-тайпалар ұрандарынан көруге болады.

 Енді осы пікірімізді төменде дəлелдеп көрсетелік. Алдыменен есімі ұранға айналған Аналар туралы тоқталсақ.

 Негізіненалғанда, қазақ халқының құрамындағы ру – тайпа ұрандарының шығуы мен пайда болуы мəселесі Отандық тарихнамада əлі күнге дейін арнайы тақырып ретінде зерттелмеген. Тек кейбір зерттеу еңбектерінде бұл мəселе жанама түрде қарастырылып өтеді [5, 408-409; 6, 1-2; 7, 106-108; 8, 94]. Сондай ізденістердің материалдарынасүйенеотырып,қазақру-тайпаларының ұрандарының пайда болуы жөнінде мынадай тұжырымдарға келеміз.

 Біріншіден, барлық ру-тайпалардың ұрандарының негізіне белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген нақты бір тарихи тұлғалар алынады.

 Екіншіден, тарихи тұлға есімі ұранға айналуы үшін оның ерекше қасиеттері – əулиелік, батырлық, көсемдік, шешендік секілді қасиеттері айрықша көрінуі керек.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Үшіншіден, кейбір ұрандар бірнеше ғасыр бойы қолданылып, кейіннен оның орнына жаңа ұрандар ауыстырып отырса, кейбір ұрандар өзі пайда болған кезінен бері уақыт тезіне шыдап отырған.

 Төртіншіден, ұрандардың шығуын зерттеу қазақ халқының этногенезін кең түрде қарастыруда көмекші қызмет ете алады екен.

 Қазақ халқының этникалық құрамындағы ірі ру-тайпалардың ұрандарына назар аударғанымызда, көзіміздің жеткені мынау болды. Барлық ұрандардың негізіне ерекше қасиетке ие болған ата- бабаларымыздың есімдері алынған екен. Тек бір ғана тайпаның ұранының негізіне – ана есімі алыныпты. Ол – арғын тайпасының құрамындағыеңбелдіру– Қаракесекруыныңұраны. Ұран – Қарқабат деп аталады. Қарқабат ананың кім, қандай тұлға болғандығы жөнінде ауыз əдебиетінің материалдарында көптеген мəліметтер кездеседі. Ол мəліметтерде Қарқабат ананың асыл қасиеттері туралы көп айтылады. Қарқабат ұранының бір ерекшелігіне – оның уақыт сынына төтеп беріп, пайда болған кезінен бері өзгермей келе жатуы жатады. Бұл да анаға деген құрметтің жарқын бір көрінісі болса керек.

 Қазақ халқында аналардың есімдерімен аталатын ру-тайпа бөлімдері көптеп кездеседі. Бұл да аруақты Аналарға деген бір құрметтің түрі болса керек.

 Қазақ халқының шежірелік құрылымындағы ру-тайпалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелерге, тармақтарға көңіл аударсақ, Аналар есімдерінің рулық тармақтарға берілу жолдары əртүрлі болғанымен, бір ортақ нəрсе бар. Оған – руға есімі берілген аналарымыздың бəрінің ақылды, көріпкел, кемеңгер, сабырлы, салмақты жəне тағы осындай жақсы қасиеттерді иеленген тұлға болуы жатады. Ауыз əдебиетінің мəліметтері мен шежірелік материалдарға сүйенсек, Кіші жүздегі Кете тайпасының атауы – Кете бике анамыздың есімімен байланысты [9,72-73]. Кете бике анамыздың есімі қалай ру атына берілгендігі туралы ел арасында тараған аңыз- əңгімелер бар [10, 91-92]. Әлімнің ішіндегі Қаракесек тайпасында Қасай, Шектіде – Жекей деген тармақтар бар. Шежірелерде Қасай мен Жекейдің апалы-сіңілі қыздар болғандығы туралы айтылады[11, 16-17]. Найманның Матай тайпасында – Қызай, Қаракерей тайпасында – Мұрын атты рулық бөлімдердің бар екені белгілі [12, 125]. Ел арасында кең таралған аңыз əңгімелерде бұл екі анамыз Домалақ ананың қыздары болыпты. Бірінің есімі – Күнбибі, екіншісінің есімі – Жүзей екен. Күнбибі анамыз Қызай

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

деп аталып, одан тараған ұрпақтар қызайлар деп аталып кетіпті. Ал Жүзей анамыздың лақаб есімі Мұрын делініп, одан тараған ұрпақтар мұрындар делінеді. Есімдері аталған Аналарымыздың асыл қасиеттері ғана олардың есімдерін ру тармақшасына бергізіп, олардың есімдерін мəңгіге қалдырып отыр. Бұл да халқымыздың аналарға деген сый-құрметтерінің бірі деп білеміз.

 Осылайша жоғарыда айтылған ойларымыздың бəрін түйіндей келе, қазақ халқының асыл қасиеттерінің бірі – Анаға деген құрмет ежелгі замандардан бері қалыптасып, хандық дəуірде де жалғасын тапқан дейміз. Хандық дəуірдегі осы асыл қасиет аналарымыздың есімдерін жазба деректерде, ауыз əдебиетінде, ру-тайпа ұранына, ру- тайпа атауларына қалдырады. Сол арқылы аналарымыздың есімдері күні бүгінге дейін жетіп, өз халқымен бірге жасап келеді жəне жасай береді де.

Əдебиеттер:

  • Ұлытау төріндегі толғаныс // Егемен Қазақстан, 26.08.2014.
  • Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы жəне оның жылнамалар жинағы. – Алматы: «Қазақ университеті», 1991. – 272 б.
  • Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 616 б.
  • Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (сборник документов и материалов). Изд. АН Казахской ССР, – Алма-Ата, 1961.
  • Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численностей. – СПб., 1897.
  • Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Том первый. Юридический быть. Приложения №1. -1-2 бб. – Ташкент, 1889.
  • Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы, 1993.
  • Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генштаба. Ч.1. Киргизская степь Оренбургского ведомства. СПб., 1865.
  • Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей). Т.13. – 4-кітап, 550-б. – Алматы: «Алаш» тарихи

–зерттеу орталығы, 2010.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

  • Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. – Қызылорда, 2003.
  • Дəуренбекұлы Ж., Құттыбайұлы С. Алты ата Әлім. – Алматы, 1992.
  • Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. – Алматы: «Атамұра», 1994.- 160 б. Ататек кестелерімен.

Сарбас АҚТАЕВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мəдениет қызметкері, құрметті профессор

ЕЛ АНАСЫ АЙҒАНЫМ

 Адам бойындағы асыл қасиеттің бəрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нəр алып бүр жаратынын атам қазақ атамзаманда-ақ білген. Алаш баласының ананы айрықша ардақтап, есімін асқақ ұстайтыны да сонан болса керек. «Алып – анадан» деп, алыптың алыбы – халықты анаға теңейтіні де тегін емес. Шынында да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, аузын айға білеген ақын да, семсерін кекке суарған батыр да, ой кенін қазған ғалым да, əлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Туған халқының атақ-даңқын дəуірлетіп, дүйім дүниеге танытатын да солар. Ал олардың ананың ақ сүтіне жүгінбей, ақылына жығылмай кеткені кемде-кем. Демек, бұл дүниеде анадан асқан, анадан ардақ жан иесі жоқ.

 Бар тірліктің бастау көзі, əрі ұйытқысы, əрі түтқасы осы ана – қарлығаштай қанатымен су сеуіп, қашанда өз отбасының ғана емес, күллі отандасының тыныштығын қорғайды. Ел басына қатер төнсе, ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының бейқұт өңірі, бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын қиып, қасықтай қанын төгуге де əзір. Үй- ішінің алаңсыз тірлігін ғана емес, ұлыстыңынтымақ-бірлігін ойлап, жоғында ерінің орнын басып, елінің қамын жеген аналар да адамзат тарихында аз ұшыраспайды. Солардың бірі де бірегейі Айғаным анамыз.

 Ресей əкімшілігінің ресми құжаттарында Уəлидің ханша Айғанымы деген атпен əйгілі ханымның тегі хан тұқымынан емес, қара халықтан. Атығай елінде қарапайым қазақтың отбасында

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

дүниеге келген. Әкесі Сарғалдақ Құдайберді – Бəйімбет арасында бала оқытқан ұстаз молда. Атасы Мəлік-қожа да оқыған, көзі ашық, кезіндегі білімді адам болған. Ол өз білгенінін балаларына үйретіп, сауатын ашып қана қомай, олардың ілгері, іргелі жерден оқып, білімді де білікті азамат боп шығуына көп көңіл бөлген. Сондықтан да ол Сарғалдағын сонау Қара Бұқарда оқытқан. Он екі пəнді түгел тəмəмдап, ауылға ғалым-ұстаз болып оралған баласы ел ішінде бірдензор абырой-беделге ие боп, кейін билікке де араласқан. Озық ойлы Сарғалдақ ұлдарының ғана емес, қыздарының да оқып, білім алуына айрықша мəн берген. Соның арқасында Айғаным да жүйелі білім алып, жеті жұрттың тілін біліп өсті. Ол əкесінен араб, парсы, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс ойшылдарының шығармаларын көп оқиды.

 Осылай алаңсыз оқып, жауқазындай желкілдеп бой жетіп келе жатқан шағында ауылға Абылайдың тағына ие болған баласы, атақты Уəли хан келеді нөкерімен. Ханға еріп келген əнші-күйшілер мен саятшы-серілердің өнерін тамашалауға жиналған жұрттың ішінен өңі аршыған жұмыртқадай аппақ, сұңғақ бойлы ботакөз бойжеткен ханның көзіне оттай басылады. Жасының біразға келіп қалғанына, бұрын даүш əйелі барына қарамастан, хан қызға құлап түседі де, əкесі Сарғалдаққа жүз салады. Қыздың құны қырық жеті деп, кім мал берсе, сол алатын заман.Оның үстіне хан қолқа сап тұрған соң қарашада қарсылық көрсетер хал бола ма: бірден келісім береді. Бірақ өткір, өжет Айғаным бұйрықтысына шартты өзі қояды.

«Бурабай баурайында Уəлидің бір емес, үш əйелі, əлденеше баласы бар көрінеді. Оларға апарыпқоңсы қондырмасын, мен десе мекенін осы жаққа ауыстырсын» дейді. Хан келісіп, қатын-балаларын Көкше етегіндегі мекендеріне қалдырып, өзі Есілге жақын жердегі Сырымбет тауына кеп қоныс тебеді.

 Уəлимен отасқан он алты-он жеті жылдың ішінде Айғаным оннан астам құрсақ көтеріп, Әбен, Мəмке, Шепе, Шыңғыс, Қанқожа, Әлжандай алты ұл мен Рақия, Нұрила атты екі қыз өсіреді, төрт нəрестесі жастай дүние салады. Қанша балабасты болғанмен табанынан от шыққан уытты, ажарына ақылы сай алғыр Айғаным ханның өзін ғана билеп-төстеп қоймай, оның елін де бірге басқарысады. Кең пейілі мен кемеңгерлігі, мейірбандығы мен меймандостығы арқасында алыс-жақынға бірдей жағып, Орта жүздің игі жақсыларының ғана емес, патша əкімшілігінің келім- кетім өкілдерін де баурап алады. Сонан болар, отыз жеті жыл хандық

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

құрған Уəли жасы жетіп, 1819 жылы дүние салғанда Ресей патшалығы оның төрт ханымынан туған толып жатқан ұлдарының бірін емес, Айғанымның өзін тақ иесі деп таниды. Ол кезде Айғанымның өз кіндігінен тараған ұлдарының алды он төрт-ақ жаста еді. Абылайдай азуы алты қарыс біреуі шығып, тағы да бой бермей кете ме деп қауіп ойлаған патша үкіметі тақтан үміткер Уəлидің бауырының баласы, əменгерлік салтымен ханымға үйленген Сартайды қудалап, жұрт жиылып хан көтерген, шын мəніндегі мұрагер, бəйбішеден туған тұңғышы Ғұбайдолланы да қырына алып, жер аударып жібереді. Отаршылдардың ондағы ойы кілең көкжал сен тұр, мен атайын төрелерден илеуге оңай əйел затын қолайлы көруі еді.

 Қазақтың арғы-бергі тарихында билік айтқан əйел аз болмағанымен, хан атанып, таққа отырғаны жоқ еді. Болса да олардың аты бертінгі ұрпаққа жетпей, ғасырлар қойнауында қалып қойған-ды. Сол себепті Айғанымды орыс патшалығы хан деп білгенімен, қазақтың өзі билеушіміз деп танығысы келмеді. Оның үстіне айбынды да айдынды Абылай ақыл-айламен басын біріктіріп, егеулі найзамен жат жұрттан қорғап, іргесін бекітіп кеткен хандық Уəлидің «сен тимесең, мен тиме» дегендей сылбыр саясатының салдарынан бұрынғы беделінен айырылып, ауа жайылып, азайып ыдырауға бет алған-ды. Осындай қиын-қыстау кезеңде билік қолына тиген Айғанымның соныдан соқпақ салып, елді бірден аузына қаратып ала қоюы оңай емес еді.

 Қалай болғандада, отыз бесінде ханның мөрін қолына алып, он үш жыл ел билеген ол керемет көрегендік танытып, қазақ халқының болашағы орыс жұртымен тату көршілікте, достық қарм-қатынаста екенін тап басып, тани білді. Ілгері елдердің көшіне ілесу үшін өнер- білім, оқу керек екенін терең түсінді. Заманмен, қоғаммен өрелес болу үшін ескіше сауатты боп қана қоймай, орысша да оқу керек деп ұқты. Өзгеге өнеге көрсетіп, алдымен өз балаларын орысша оқытты. Әсіресе, төртінші ұлы – Шыңғысқа үлкен үміт артып, көзі қарақты ана одан қара шаңырақ, хан ордасының болашақ иесін көргендей болды.

 Ол 1830 жылы 16 наурызда Көкшетау округінің бастығынан Ресей үкіметіне адал берілген ұлы сұлтан Шыңғыс Уəлиевтің орысша оқып, жазумен, саясатпен шұғылданғысы келетінін, Ханшаның өтініші бойынша облыс бастығы оны Омбы училищесіне қабылдауға келісім беріп, оқитын-жеріне жетуіне ауызша рұқстан еткенін айтып, Омбыға барар көлігіне дейін көмек көрсетті. Келесі

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жылғы бір хатында ол Омбының облыс бастығынан орысша оқып, білім алуы, пайдалы ғылымдарды үйренуі үшін балалары Шыңғыс пен Төрежанды сондағы училищеге қалдыруын өтініп, Омбының азиялықтар училищесіне тобыл татары, молда Уəлитше Оразымбетованың ұлы – Мұқаметқалиды да шəкірт етіп түсіруін сұрайды.

 Осы өтініштерінің өзінен-ақ Айғанымның жастарға деген қалтқысыз қамқорлығы, ұлтқа, жікке, текке бөлмейтін, алалықсыз ақкөңілділігі мен мұндалап тұрған жоқ па? Мұқаметқали татардың баласы болса, Төрежан Уəлидің басқа əйелінен туған ұл, былайша айтқанда, күндестен туған томарбас. Бірақ Айғаным бөле-жармай, оқуға ынтасы бар жастардың бəрін бірдей көріп, қамқорлық аясына алады.

 Асылы,ол қарақан бастың қамынан халықтың мүддесін жоғары қойған кісі. Қараңғы қазақ жұртының жарыққа ұмтылып, білім жолына түсуіне көп күш-жігер жұмсады. Сырымбетте қарапайым қазақ балалары үшін арнайы мектеп ашқызды. Мектептің тірегі де, тұтқасы да жан-жақты білімі бар мұғалім деп білген Айғаным əдейі сұратып оған Қызылжардан Құтмұханбет Иманқұлов деген ұстазды алдырды. «Бұл молда менің маңымда жүрген мерзім ішінде өз міндетін айрықша ынта-жігермен атқарып, қажыр-қайрат танытты,– деп жазды: – Ол менің балаларыммен бірге төңіректегі қазақтардың 24 баласына тез-ақ хат танытып, тəп-тəуір сауатын ашты. Оның үстіне қаруымдағы жұрттың он бес баласын жəне оқытып шығарды. Өзім сияқты өзгелер де Иманқұловтың еңбегіне дəн разы».

 Омбыға барғанда биік мəртебелі үкімет алдында айрықша еңбегімен көзге түскен қазақ, қырғыз атқамінерлерінің награда алып жатқанына куə болған ханша Омбы облысының бастығы Де Сент- Лоранға: «Сіздің мəртебеңізге мына жəйді жеткізуді парыз санаймын: келесі кезектегі сый-сыяпатыңыздан ынталы да ықтиятты қызмет атқарып жүрген Иманқұловты ұмыт қалдырмасаңыз екен»,– деп жазады. Бала болашағының ұстасы – ұстаз еңбегінің еш болмауын, елеусіз қалмауын Айғаным сонда-ақ ескерген. Ұстазын елемейтін елдің ертеңі жоқ, мектебін құнттамайтын халықтың болашағы бұлыңғыр. Ал ханша өзі ашқан мектебінің оқу бағдарламасын жасауға тікелей араласып, оның орындалуын ұдайы бақылап отырған. Соның арқасында ұлдары мен қыздарына сапалы білім, саналы тəрбие берген. Шығысының арғы-бергі ел тарихын, салт-

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

дəстүрін терең білетін білімдар, Қанғожасының скрипка тартқанда теңдесі жоқ топ жарған күйші болуы да осыдан.

 Айғанымның ең сүйікті немересі Шоқанның тəрбиесіне сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе. Қазақ ойының жарық жұлдызы болашақ ұлы ғалым бес жасында хат танып, жеті жаста жеті жұрттың тілін білсе, ол тікелей əжесінің əсер-ыпалы. Сəби санасын өлең-жыр, аңыз-əңгімелерімен, етегілерімен суарып, кішкентайынан-ақ оны сөз қадірін түсініп, өнерді əспеттеуге үйретті.

 Жаратылысынан жаңашыл Айғаным қазақтардың малшаруашылығымен қатар жерсүмесін еміп, егіншілікпен айналысуына да қатты көңіл бөлген.Жермен жұмыс істеп, егіншілікпен шұғылданудың қыр халқы үшін пайдалы екенін баяндап, жоғарыжаққа талай өтініш түсіреді. «Егін салу үшін тұқымдық астық бөліп, жер өңдейтін құралдармен жабдықтауға жəрдем етсеңіз екен. Қазақтарды егіншілікке үйрететін үш қызметші татар жіберіп, ұн тартатын бір диірмен салғызып, берсе тіпті жақсы болар еді» деп жазады ол Омбы облысының бастығына.

 Әрине, егіншілікпен түбегейлі айналысу үшін жұрт ең алдымен отырықшылыққа ауысып, бір орында тұрақтап тұруы керек. Бұл бағытта да алғашқы үлгіні Айғанымның өзі көрсетеді. Патша əкімшілігіне қолқа салып, Сырымбет тауының етегінен қыстау тұрғызып, тұрақты мекен-жай салып беруін сұрайды. Ол өтінішті Батыс Сібірдің генерал-губернаторы П.М.Капцевич патшаның өзіне жеткізіп, бағалы бастаманың мəнін ашар мəлімхат жолдайды.

«Уəли ханның аталмыш жесірі Айғанымның тілегін назарыңызға сала отырып, жəне өз тарапымнан оның өтінішін орындау пайдасыз емес екенін айта кеткім келді. Мұндай шаралар басқа да белгілі сұлтандар мен оның бағыныштыларын отырықшы өмірге көшуге ынталандырар үлгі-өнеге болар еді», – деп жазады ол.

 І Александр патша Айғанымның тілегін қанағаттандырып, игі ниетінің жүзеге асуына жан-жақты көмек көрсету туралы жарлық шығарады. Ханымның өзіне төрт жүз теңге зейнетақы тағайындайды. Алайда патшаның жарлығына қарамастан құрылыс жұмысы табандатқан он жылға созылып, 1834 жылы ғана аяқталады. Қазір қалпына келтіріліп, мұражайға айналған мекен-жайдың іргесі алғаш осылай қаланған-ды. Оның құрылысына ханшаның өзі тікелей араласып, қонақжайдың ішкі қабырғаларын сылатпай, ақ қозының жүнінен басылған жұқа қатырма киізбен қаптаттырған.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Кезінде сол үйде Айғаным қазақ пен орыстың сүт бетіне шығар қаймағы сынды небір сұңғыла зиялыларын қол қусырып қарсы алып, кең дастарқанның басында елдің саналуан көкейтесті күрделі мəселелерін шешкен ғой.

 Өз замананың қоғамдық-саяси ахуалын жетік білген ханым ел өмірінің ең бір күрмеуі қиын мəселелерін шешуге іркілмей кірісіп, не нəрсенің болсын əділет тұрғысынан таразылауын қарастырды. Әділдігімен, алғырлығымен асқан абырой-беделге ие болған ол ел басқарушылардан əділеттің ақ жібін аттамаумен талап етті. Оның

«Көкшетау дуанындағы қазақтардан сайланған аға сұлтандар мен мəжіліскерлер жарлық бойынша белгіленген мерзімнен артық отырып қалды. Тəжірибеде төбе көрсетіп қалып жүрген алымқорлықтың алдын алып, жолын кесу үшін жəне халықтың өз ерік үні ғана қаракет-қимыл жасауы үшін сайлауға, тіпті дуан мүшелері түгіл, аға сұлтанның өзі де араласпағаны абзал», – деп жазуы əсте де тегін емес.

 Осыған қарағанда Айғаным патша өкіметі ойлағандай айтқанға көніп, айдағанға жүретін қой аузынан шөп алмас көп момақанның бірі болмағанға ұқсайды. Қажет жерінде тиісті талабын да қойып, қалтқысыз орындатып та отырған. Әсіресе, казак-орыстардың баса-көктеп қазақ жеріне қоныс салуына жол бермеуге тырысады. Ондай оқиға кездессе, табан аузында жоғары жаққа хабарлап, шұғыл шара қолдануды талап етеді. Мəселен, Есіл өзенінің төменгі ағысы бойындағы орманды өз бетімен кесіп, үй салып, қыстақ жасайбастаған, қазақтарды қонысынан ығыстырып, малын өрісінен айыруға айналған казак-орыстардың қылығын естіп, бұндай бейбастықты дереу тыю жөнінде дабыл көтереді. Осыған орай облыс бастығы де Сент-Лоран Қызылжар округінің бастығына былай деп жедел нұсқау береді: «Уəлидің ханымы мен өзге де ел ағалары һəм біраз билер маған өтініш арызбен келді. Есіл өзінің төменгі ағысынан жоғары жатқан Қалмақ-өткел алқабындағы бағы заманнан бері қазақтарға тиесілі жерге екінші полктің казактары басып кіріп, жалпақ жатқан жайылымдық жерді жайлап, тұрғылықты халықты ығыстырып жатқан көрінеді. Осынау өтінішке тізімді қоса тіркей отырып, сіздің биік мəртебелі құзырыңызға шекарадағы кардон бастықтары мен земство полициясының қазақтардың рұқсатынсыз олардың жайлау-жайылымы бар жерде ағаш кесуіне, шөп шабуына жол берілмеуін ұсынамын».

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Әрбір ескертпесінен осындай нəтиже шығарып отыруының өзі Айғанымның жоғары ұлықтар алдында айбын-беделі мол болғанын аңғартса керек. Сондықтан да патша өкіметі оның еңбегін ерекше бағалап, барлық іс-қимылын қолдап отырды. Ол өз дəуірінің күрделі қоғамдық саяси мəселелерін шебер шешіп, қазақ жерінің тағдырын талқылауға жан-тəнімен араласып, оны ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетірмеуге жанталасты. Қазақ қырының терістік өңірін геодезиялық жағынан зерттеуді ұйымдастырған орыс ғалымдарына қол ұшын беріп, қажет жерінде олардың жұмысына бақылау да жасады. Қазақстанның орталық жəне терістік өңірінің өзекті мəселелерін шешерде би-болыстардың бəрі де Айғанымның ақыл-кеңесіне жүгінді. Бүл оның ел анасы болғанының белгісі. Ол 1822 жылғы патша өкіметінің «Сібір қазақтары туралы жарлығына» орай хандық таратылып, дуандар құрылып, аға сұлтандық билік енгізілуін де сол аналық кеңдікпен, кемеңгерлікпен қарсы алып, басқарудың жаңа жүйесі жетілуіне елеулі үлес қосты.

 Жасы елуге таянғанда билікті аға сұлтан болған сүйікті ұлы Шыңғысқа тапсырып, елдің тілеуқоры болып, Айғаным тікелей ұрпақ тəрбиесімен айналысады. Балалары мен немерелері сауат ашып, оқып жаза білуі үшін молда ұстап, мұғалім жалдағанмен, олардың бас ұстазы өзі болады. Ат ізін суытпай оның ордасына жиі келіп, қолынан дəм тататын айыр көмей əншілер мен алтын саусақ күйшілердің, жезтаңдай термешілер мен құйма кұлақ қиссашылардың өнері, ел қамын толғаған көсемдер мен таңдайынан шаң шыққан шешендердің өнегесі жастар үшін үлкен бір мектеп болды. Өрнекті сөздің өзі де айтулы шебері, реті келгенде ойын өлеңмен де кестелеп қоятын Айғаным сол өнерпаздардың көбімен қимасындай сыйласып, мұндасындай сырласып, бауырына тартып, базынасын да айтатын. Сондай саңлақтармен риясыз адал адамгершілік қарым-қатынасы жайында ел аузында аңыз əңгімелер де аз емес.

 ...Уəли хан қайтыс болып, бес дуанға намаз айтылғанда арғынның атақты Байдалы шешеніжаназаға келе алмады. Қысқа жіп күрмеуге келмей, «əне-міне келемін» деп жүргенде ханның қырқы да өтіп кетеді. «Қадірлес қария еді, ат ізін салмағаны несі, келіп көңіл айтпағаны несі?» деп ханның қаралы жесірі іштей өкпелеп жүреді. Күндердің күнінде Байдалы да келіп, орданың сыртыңда тұрып сапарынан хабар білдіреді. Алайда басы қаралы, жаны жаралы əрі өкпелі ханым шешенді қолтығынан сүйеп аттан түсіріп алуға сыртқа шыға қоймайды. Сонда шешен атының басын кері бұрып тұра қап:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Ханы өліп,

Қайғырып жатқан, Айғаным. Қара жамылып

Ай-күні батқан Айғаным. Ханға сүйеніп,

Қоқай көрмеген Айғаным. Қамқаға оранып,

Шоқай көрмеген Айғаным.

Мен бір сөз айтайын, тыңдашы,

депті.

 Қара жамылып жоқтау айтуға оңтайлана берген Айғаным құлақ түріп тына қалыпты. Байдалы да тақпақтап төгілте жөнеледі:

Ер қартайды, мал тайды, Екеуледі, ей ханым.

Қатын жалқау, ұл ынжық, Төртеуледі, ей ханым.

Келін қатал кер болды, Ағайын жат ел болды, Алтаулады ей ханым. Кəрілік пен кедейлік, Егіз келді, ей ханым.

Мұның бəрін санасақ, Сегіз болды, ей ханым. Қаусаған жақ, иек бар, Саудыраған сүйек бар. Ауыл алыс жол болды, Оннан асты, ей ханым. Шығар жолды осыдан Өзің тапшы, ей ханым. Құла бие құлындап,

Келе алмадым, ей ханым. Келдім енді, кетемін, Ықылассыз ордаға

Ене алмадым, ей ханым!

 деп атын тебініп жүре бергенде Айғаным жүгіре шығып шешеннің шылбырына оралады. Құрметтеп аттан түсіріп алып, қолтықтап ақ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ордаға енгізеді. Төрге жайғасқан соң Айғанымның жоқтау айтып, жылауға ыңғайланып, мықынын таянғанын байқаған шешен:

 – Айғаным, сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтауайтқалы отырмын. Жоқтауды қоя тұрып, тоқтауды тыңдасаң,қалай болар екен? – дейді.

Айғаным аңырып қалады да, Байдалы ағылып кетеді:

Қайрат деген қыран бар, Қайғыға тізгін бермейтін. Қайғы деген жылан бар, Өзекті шағып өртейтін Үміт сенім, тілек бар, Қуантып куат алдырар. Жылау деген азап бар Қуратып отқа жаңдырар.

 Мен қайғыңды қозғағалы келгенім жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім, Айғаным, – дейді.

 Әдетте, мұндай қадірлі кісі келгенде ханым қара жамылып жоқтау айтып, ол тынғанда төрдегі сəлдесі қара қазаңдай молда сарнап, құранын күңіренте жөнеледі екен. Қаралы ханым одан сайын езіліп, егіліп, орнынан қозғалмай кайғырып ұзақ отырып қалса керек. Бұл жолы мұның бірі де болмайды. Байдалының келуі қайғылы орданың қалыпты тіршілігін қайта оралтқандай əсер етеді. Сыйлы қонағын өзі күтетін дағдысымен Айғаным орнынан тұрып шай қойғызып, мал сойғызады. Жел қағып, жол соғып, шөлдеп келген шешенге сары шарадан сапырып, өз қолымен қымыз құйып береді. Ханымның қабағы ашылып, жүзі жадырай бастаған соң шешен де еркін жайғасып, шешіле, көсіле сөйлейді. Ауыл аймақтың амандығынан басталған əңгіме желісін кең тартып, құлашын еркін сермейді. Шешеннің нақылмен өрнектелген ақыл сөзі Айғанымға əр алуан ой салып, көңілі сергиін дейді. Көңіл кірін кетіргелі ханым да өз тарапынан өкпе-назын іркілмей айтады.

 – Ханмен сыйлас, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан артында қара тұман қалды. Қалың тұманда малтығып мен қалдым. Қараңғыда көзсіз көбелектей қайда қарманарымды білмей, қапа боп қалғанда ат ізін салмағаныңызға өкпелеп те жүр едім. Мен сізді келер, келер де жылатар, жылатар да жұбатар, содан соң ханға бағыштап жақсы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

бір аят оқыр деп ойлағанмын. Бірақ мұның бірін де жасаған жоқсыз. Сонда да мен сергіп, бір түрлі көтеріліп қалдым. Мұның мəнісі не?

  • деп сұрапты шешеннен ханым.

 – Келген беттен білместігіңді бетіңе айттым. Ол жылатқаным емес пе? Қайғырып жатқан жеріңнен тұрғызып, ас-суыңды өзіңе басқарттым, бұл жұбатқаным емес пе? Ал ханымның қайғысы жылаумен жеңілдемейді, ханның күнəсі құранмен жуылмайды. Сондықтан жылаулатпай, құраңдатпай келгенім рас. Мүмкін менің сөзім сенің қайғыңды тереңдетпей, қайратыңды кемелдеткен болар,

  • дейді. «Оныңыз рас, рас», – деп басын изейді ханым. Бір жұма жатқан соң Байдалығаат мінгізіп, құлынды бие жетектетіп, қамқа тон кигізіп,аттандырып салады Айғаным (Шешендік сөздер, Алматы:

«Отау» баспасы, 1992).

 Абылайдан қалған сол қамқа тон Байдалы шешеннің Жаңарқа ауданындағы ұрпақтарында бертінге дейін сақталыпты. Зерделі ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбектің айтуына қарағанда, соны естіп Евней Букетов арнайы іздеп барып киіп көргенде тон еңгезердей Евағаңның тобығына дейін түсіпті. Соған қарап-ақ тон иесінің қандай атан жілік, атпал азамат болғанын бағамдай беріңіз.

 Казақтан да ондай бойы да, ойы да алып даналар мен алыпты өмірге əкеп, халықты аузына қаратқан аналар аз болмағаны ғой. Сондай халықтың қайнаған ортасынан жарып шығып, əйел затынан қазақтың тұңғыш ханы атанған Айғаным анамыз да өткен өмірден. Ол қайтыс болғанда: «1852 жылы қазан айының 19 күні мұсылманша бейсенбіде намаздігер кезінде қазақтың орта жүзінің ханы марқұм Уəлидің жесірі Айғаным Сарғалдаққызы жетпіс жаста дүние салды. 20-сы күні жұмада жерленді. Оның тоғыз ұлы бар еді: екеуі жас кезінде, екеуі жиырмалар шамасында қайтыс болған» деп арнаулы хабар берілді.

 Айғаным С.Мұқановтың «Аққан жұлдызында» Шоқанның анасы Зейнеп келін боп босаға аттаған күні үзілді деп жазылады. Ал нақты деректер оның Зейнеп пен Шыңғыстың тұңғышы – болашақ ғалым Шоқанды бауырына басып, кішкентайынан халық даналығымен сусындатып, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болғанын көзімен көріп, дүниеден озғанын дəлелдейді. Біздер қызықпыз ғой, Шоқанның өзін тəп-тəуір зерттегенмен оның төңірегін тасада қалдырып кете барамыз. Әйтпесе Айғанымның саналы өмір, сан салалы қызметі, соқтықпалы соқпақсыз ортасы өз алдына бір тарих, таусылмас сырлы шежіре емес пе?! Жақында Көкшетаудың Зеренді аудандық

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

газетінен асық досым, бір кездегі белді партия, кеңес қызметкері Олжабай Нұрғалиевтің ол жайында жазғанын оқып қуанып қалдым. Біраз мағлұмат жинап, ханшаның суретін де тауып алыпты. Сол суретті көргенде «Аққан жұлдыздағы» патша мұрагерін қарсы алған кездегі сəн-салтанат еске түсіп, Айғанымның əсем бейнесі көз алдыма келіп тұра қалды. «Оның жарқ еткен шырайлы кескіні бұлт арасынан шыға келген күн сияқтанып, жалт еткен көзі ашық аспандағы жалтыраған шолпандай боп көрінді, – деп суреттемеуші ме еді Сəбең. – Басыңда алтыннан əшекейлеп жасаған, өн бойы түрлі-түсті қымбат тастармен безендірілген, мандайына сиырдың тобығындай үлкен жақұт орнатқан тəж, одан бетіне түсірген жұқа селдір ақ жібек шадыра, үстінде – орысша парча, қазақша үштоп аталатын қызғылт түсті мауыты, оның өрнектері алтыннан: мəнерлі шым жібектен тігілген көйлегі жерге сүйретілген қос етек; аяғындағы оюлы, кестелі биік өкше етігі тек қадам басқанда ғана көзге түседі: тоқпақтай жуан бұрымдары екіге өрілген де, ұшына жалпақтығы алақандай алтын шолпы тағылған, саусақтары мен білектері де қымбат жүзіктер мен сақиналарға толы». Неткен нəзік талғам, ғажайып нақыш десеңші! Сұлулығына сыр мен сымбаты сай келген ажарына ақылы сай осындай аналары болған қазақ халқы ешқашан өркениетті елдер көшінен қалмаса керек.

 Асылы, Айғаным – көзі тірісінде елдің анасы, жердің панасы бола білген ірі тұлға.

Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор

ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ

(Мұрат Мөңкеұлының «Қарасай-Қази» жыры негізінде)

Мұрат Мөңкеұлының шоқтығы биік шығармасының бірі –

«Қарасай-Қази» жыры. Бұл – ерлік пен батырлықты, халықтың жауынгерлік рухын дəріптейтін шығарма. Қаһармандық эпос ұрпақты ел мен жерді қорғауға, атамекеннің қадір-қасиетін санаға сіңіруге үндейді. «Қарасай-Қази» жырының бірнеше нұсқасы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

бар. Бүгінде Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Құдайберген Шоқаев, Мүстежеп Ахметов, Қобылаш Бекмағамбетов, Мұрын Сеңгірбекұлы, Хайролла Иманғалиев, Айса Байтабынов, Наурызбек Рахманқұлов, Сейіт жырау, Жақсылық жырау, Нұртуған Кенжеғұлов жырлаған нұсқалар ел игілігіне айналып отыр. «Қарасай-Қазидың» барлық нұсқалары «Бабалар сөзі» жүзтомдығының 41, 42, 46-томдарында топтастырылды.

 Мұраттың «Қарасай-Қазиы» – жырдың ең қысқа нұсқалардың бірі. Бұл ақынның ұзақ жырының қолға тиген шағын бір үзіндісі болуы да мүмкін. Мұны Х.Досмұхамедұлы былайша ескертіп өтеді:

«Мұрат ескі сөздерді көп білген. Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Асан Қайғы, Қазтуған секілді өткен замандағы адамдар туралы Мұрат көп өлеңдер шығарған. Қарасай-Қази туралы Мұрат екі күндей айтатын еді деп ақсақалдардан естігенім бар. Мұрат сөздерінің көбі осы күні жойылған. Біздің басып отырған «Қарасай-Қазиымыз» ұзақ сөзден қалған бір жұрнақ» [1, 103]. Х.Досмұхамедұлы 1924 жылы Ташкент қаласында бастырған «Мұрат ақынның сөздері» деген кітапқа енген

«Қарасай-Қази» жыры кейін бірнеше рет жарияланды.

 Жырдағы Орақ, Қарасай мен Қази, Ер Тарғын – тұлғалық үлгі дəрежесіне көтерілген бейнелер. Бұл шығарманың 1943 жылы Отан соғысы жүріп жатқан кезде «Қызыл əскер кітапханасы» сериясымен,

«Неміс оккупанттарына өлім келсін!» деген айдармен жеке кітап болып басылып шығарылып, ұрыс даласына аттандырылғаны да сондықтан [2]. Майдандағы жауынгерлерді жігерлендіру үшін осындай ерлік пен қаһармандыққа шақыратын, патриоттыққа тəрбиелейтін шығармалар қажет болды. Сөйтіп, Мұрат ақынның

«Қарасай-Қазиы» да жеңісті жақындатуға үлес қосты.

 «Қарасай-Қази» – тек ерлік пен батырлықты үлгі етіп қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстауға, ел қорғаған ерлердің халқы сүйген мінез-құлықтарынан үйренуге үндейтін шығарма. Мұсаның отыз ұлының бірі Орақ батыр құрулы тұрған алмас қылышқа ұрынып, жан тапсырғанда оның артында Қараүлек деген шешесі, бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр əйелі, Қарасай мен Қази деген екі ұлы, Қибат деген қызы қалады. Жырдағы батырлар бейнесі осы үш əйел затының образдары арқылы тұлғалана түседі. Орақтың сексен беске келген шешесі Қараүлек ұлын былайша жоқтайды:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Айдын да Орақ, ай да Орақ, Айбалтасы қанды Орақ, Аштарханда даңды Орақ. Аюдай арқыраған Орағым, Күндей күркіреген шырағым, Кетіпті алыс сапарға [3, 127].

 Жыр басталысымен-ақ мерт болған Орақтың текті тұлғасы, қаһармандық іс-əрекеті оның жақын-жуықтарының жоқтау өлеңі арқылы баяндалады. Анасының, жан жарының, қызының толғаныстары батырдың болмыс-бітімін танытады, мінез-құлқын кейіптейді, адами қасиеттерін үлгілейді. Шешесі Қараүлек баласының басын бағалап, батырлығын айтып («Қарауыл басы қолбасым, Жортуыл басы жолбарысым»), аналық мейірімін білдіріп («Ежелден сырлас мұңдасым, Жау дегенде тынбасым») отырып жоқтайды. Орақты өлтірген Алшы, Смайыл, Тобаяқтарға «Ертеменен тұра алмай, Белімді бекем буа алмай, Беті-қолым жуа алмай, Көзімнің жасын тыя алмай, Отырғанда мен сөйтіп, Бата оқи келдің бе, Шынымен де балам, ұялмай!» – деп тіл қатып, зар жылайды. Бұл жоқтауда тек Орақтың ғана емес, оны ұлықтаған ананың өз бейнесі де нақты көрініс тапқан.

 Әсіресе, Орақты жоқтаған бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр əйелінің сөзіне ден қоймасқа болмайды. Бұл – батырлардың ай десе аузы бар, күн десе көзі бар аруларды таңдап алу мотивіне кереғар мысал. Кемтар əйел жарының адами тұлғасын жоқтау өлеңімен биіктете түседі. Сол арқылы Орақтың өзіне деген қадір-құрметінің айрықша екенін аңғартады.

Аяғым ақсақ, көзім соқыр болса да, Үстіме қатын алмадың.

Артылдыра қамшы салмадың, Алшаңдаттың мені Орақ [3, 131].

 Әйелдің зарлы жоқтауына қарағанда батырлығымен елге кең танылған, «құланды қақтан қайырған, хандарды тақтан тайдырған» Орақ кемтар қосағының көңіліне қаяу түсірмеген көрінеді. Әдетте қаһармандық эпостарда батырлар бірнеше əйелмен бас қосады. Олардың бəрі де шетінен алма мойын, аршын төс арулар болып келеді. Ал Орақтың бір көзі соқыр, бір аяғы ақсақ жалғыз əйелді

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қанағат тұтуы оның биік парасат иесі екенін көрсетеді. Оның төңірегіндегі əйелдер хас батырға лайық туыс-жекжат болуымен ерекшеленеді.

 Орақтың ақсақ əйелімен бас қосуы туралы көп нұсқада таралған аңыздар жеткілікті. Қашаған Күржіманұлы жырлаған нұсқада Орақ батырдың қалмақтың қаласын шауып келе жатып, жолда дəретке отырған ақсақ əйелді көретіні, оның орнынан қара түтін көкке көтерілетіні туралы айтылады. Батыр бұл тегін емес деп, текті ұрпақ сүюді ойлап, əлгі қырық бірге келген кемтар қызбен бас құрайды [4, 48].

 Сонымен қатар, «Қарасай-Қази» жырының Мұрын жырау нұсқасы былай басталады: «Орақ пен Мамай екі батыр тұрған заманда Ораққа «Әйел ал» десе, алмайды екен. «Маған жақсы əйел керек, жаман əйел алмаймын» дейді екен. Жауға аттанайын деп тұрғанда сол ауылдағы бір көзі жоқ соқыр, бір қолы жоқ шолақ, бір аяғы жоқ ақсақ əйелді көреді. Әскер жинап кетейін деп тұрғанда:

«Қайтіп келетін күн болса, осы əйелді алармын» деп кетеді. Осы əйелден бір асыл бала туады екен деп ойлайды [5, 123].

 Мұның бəрі адамның бойындағы тектілікті əріден тану, асыл қасиеттерді бағалау ұғымдарымен астасып жатыр. Орақтай хас батыр мен оның нəсілі асыл əйелінен ел қорғанына айналған Қарасай мен Қазидың жаралуы – заңды құбылыс. Орақ пен ақсақ əрі соқыр əйелінің қалай көңіл қосқаны жоғарыдағы аңыздың желісімен басқа да кейбір нұсқаларда аталып өтеді. Қашаған нұсқасында ол Шəлгез батырдың қызы, Қобылаш нұсқасында балықшы Шəудір шалдың қызы Қарашаш болып суреттеледі.

 «Орақ-Мамай» қаһармандық жырын зерттеуші Асқар Тұрғанбаев Әміреш Жұмағазин нұсқасында баяндалатын Орақтың үйленуін батырдың жар іздеу мотивімен байланыстырады. «Орақ Қазыман Сұр деген жолдасының ертуімен Айтатыр деген көлде аң аулап жатады. Бір күні сол көлдің қорықшысы Қыпшақ Қара шалдың қызын көріп, Орақ оған көз салады. Орақтың көзі түскенде қыздың түзге отырған жері жанады. Бұл қыз «батыр бала туады» деген белгі екен. Қыздың бір көзі соқыр, бір аяғы ақсақ, құлағы саңырау, басы таз болғанына қарамай, оның əкесіне сұраған малын беріп, айттырып алады [6, 78]. Жырдың негізгі желісіндегі бір көзі соқыр, бір аяғы ақсақ əйелге басқа нұсқаларда кемтарлықтың өзге белгілері де үсті-үстіне жамала түседі. Қолының шолақ, құлағының саңырау, басының таз болуы – осының көрінісі. Бұл – батыр ұлдарды табатын əйелдің нəсілі текті

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

екенін таныту үшін ойластырылған мотивтер. Ұлттың ұлылығын дəріптейтін адами қасиеттерді үлгі ету үшін қажет. Бұл тұрғыда

«Жар іздеу мотивінің негізгі түйіні үй болуы, семья құру болса, ол келешекте өзіндей, не өзінен де асып түсетін ұрпақ қалдыру тілегіне келіп тіреледі» [7, 17] деген Қажым Жұмалиевтің пікіріне сүйенген Асқар Тұрғанбаев мынадай тұжырым жасайды: «Орақтың жар іздеуі Алпамыстың Гүлбаршынды іздеуі, Қобыландының Құртқаны алуынан мүлде бөлек. Мұндағы басты мақсат – болашақ батыр ұл туатын əйелді табу. Әйелдің сұлулығы, шыққан тегінің еш маңызы жоқ. Керісінше, Қарашаш – түрсіз əрі мүгедек. Бірақ ол Орақ өлер сəтте жəне кейін Орақтың кегін қайтарған сəтте (қайғы, қуаныш) бар кемісі жойылып, керемет сұлу əйелге айналады» [6, 78]. Орақтың əйелінің жан сұлулығының белгілері жарын жоқтауынан да («Өлеріңді білгенде, Алланың берген түнінде, Армансыз құшып жатпадым»), Қарасайды жауға аттануға қайрауынан да «Сенің анаң мен едім, Мен саған жерік болғанда, Сегіз жылан жеп едім»), ұлына ақыл қосуынан да («Қибат түгілі мені сат, Ат көңіліңе жараса-ай») айқын байқалады.

 Жырдағы ерекше бейненің бірі – Қарасай мен Қазидың қарындасы Қибат. Қарасай жауға аттанбақ болып, Көкше батырдың Көкбұйра атын саудалағанда ол ақысына Қибатты сұрайды. Шешесімен ақылдасып, ақыры келіскен Қарасайға қарындасы Қибат келіп уəж айтады:

Кешегі əкем кеткен соң, Кемшілік басқа жеткен соң, Жалғыз тайға саттың ба? Атың əйел демесең,

Мен екеуіңнен кем бе едім? [3, 137].

 Осыны естіп, аттан түсіп, жауға қарай жаяу тартқан ағасына жаны ашыған Қибат райынан қайтып («Сен томсарып кетпе, күліп кет, Қалаған атың мініп кет, Мен қыз болсам да ұлдаймын, Қадірімді біліп кет»), ризашылық танытады («Айналайын Қареке, Мен бір бата берейін, Қолыңда жай, ағеке»). Сөйте тұра көңіліндегі наласын да ақтарады («Күндердің күні болғанда, Жалғыз тайға сатқаның, Тек байлаулы басың болмасын»), келер күнін де ойлап қамығады («Абысын, ажын бар болып, Жалғыз тайға келдің деп, Бетіме салық етер ме?»).

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Мұрат Мөңкеұлының «Қарасай-Қази» жырындағы əйелдер – ел қорғаны ерлердің болмысын биіктететін бейнелер, елдіктің сипатын танытатын тұлғалар. Қаһармандық жырдағы батырдың анасы, жары жəне қызы қандай болуы керек десек, осы үшеуінің бейнесі санамызда жаңғыра түспек.

 Қысқасы, Қараүлек, Қарашаш (Мұрат нұсқасында аты аталмайды), Қибат үштігі – ұлт болу, ел болу жолындағы əйел затының үлесін танытатын үйлесімді үштаған дер едік.

Əдебиеттер:

  • Досмұхамедұлы. Х. Аламан. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 176 б.
  • Мөңкеұлы. М. Қарасай-Қази. Алматы: ҚММБ, 1943. – 58 б.
  • Мөңкеұлы. М. Шығармалары. Алматы: «Ана тілі», 2013. – 288 б.
  • Күржіманұлы Қ. Қарасай-Қази // Бабалар сөзі: Жүз томдық. Т.41: Батырлар жыры. Астана: «Фолиант», 2007. – 448 б.
  • Сеңгірбекұлы М. Қарасай-Қази // Қырымның қырық батыры. Алматы: «Арыс», 2005. – 544 б.
  • Тұрғанбаев А. Қазақтың қаһармандық жыры – «Орақ-Мамай». Алматы: «Аrna-b», 2009. – 142 б.
  • Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихы мəселелері. Алматы: ҚМКӘБ, 1958. – 382 б.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

«23 ЖОҚТАУ» ХАНЫМДАР МЕН ƏЙЕЛДЕРДІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖОҚТАУЫ

 Бүгінде Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі, ұлт ұстазы, аса көрнекті тілші, əдебиетші Ахмет Байтұрсынұлын білмейтін адам кемде-кем. Ол туралы қаншама еңбек жазылды, ағартушының мұралары бірнеше дүркін көптомдық болып жарияланып, халыққа

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жетті. Ендігі міндет – сол телегей теңіз мұраны байыптап, парықтап оқу жəне түйегінімізді өскелең ұрпаққа жеткізу.

 А.Байтұрсынұлының бай рухани мирасының ішінде 1926 жылы Мəскеудің «Күншығыс» баспасынан (ресми аты – «Кеңестер Одағындағы елдердің кіндік баспасы») шыққан «23 жоқтау» атты жинағы ерекше көзге түседі [1]. Неге?

 Біріншіден, алақайлап «социализм құрамыз», «бай тұқымын тап ретінде жоямыз» деп жатқан кезеңде сұлтан мен батыр, би мен қожа

– жалпы бұрынғының игі жақсылары туралы жоқтаулар жинағын шығару – ерекше қадам.

 Екіншіден, өткеннен безіп (бұрынғыны біржақты сызып), бəрін жаңадан бастаймыз деген кезеңде А.Байтұрсынұлы еңбектің беташар парағына «қазақ тарихының төрт жүз жылын алады» деп жазуы – таңқаларлық шешім.

 Енді есептеп көрсеңіз, 1926 жылдан 400 жыл алғанда, 1526 жыл болады. Бұл – Қазақ хандығының нағыз күш-қуат алған шағы. Сонымен бірге осы уақыт – бізбен ағайын біраз жұрт азаттығының басы бəйгеге түскен кезең. Бұл ретте ағартушы тарих пен аңыз, жазбаша дерек пен ауызша дерек арасын жақсы зерделеп отыр.

 Кімдер кімді жоқтағанына көңіл бөліңіз: 1) Қараүлек ананың Мамай баласын (батыр) жоқтауы; 2) Қамқаның əкесі Қазыбек биді (Қаздауысты Қазыбек) жоқтауы; 3) Кеңгірбайды жоқтау; 4) Алтай Тəтіні жоқтау; 5) Нысанбайдың Кенесары-Наурызбайды жоқтауы;

6) Қырғыз Жантайды жоқтау; 7) Қырғыз Шоқшалайды қызының жоқтауы; 8) Шақшақ ұрпағы Төлебайды қызының жоқтауы; 9) Төлебайды келінінің жоқтауы; 10) Төлебайды қатынының жоқтауы;

11) Шұбыртпалы Әйкеге шығарған Бұдабай жоқтауы; 12) Қырғыз қызының жоқтауы; 13) Найман Әбжанды жоқтау; 14) Балқын қыздың жоқтауы; 15) Байжігіт Мұратты қатынының жоқтауы; 16) Ысмайыл ханды ханымы Күнжанның жоқтауы; 17) Ерторыны келінінің жоқтауы; 18) Жолдыбайды қызының жоқтауы; 19) Есмағамбетті қатынының жоқтауы; 20) Ерғазыны қатынының жоқтауы; 21) Әбдірахманды Абайдың жоқтауы; 22) Ормамбетті баласы Нарманбеттің жоқтауы; 23) Әбдіғапарды қатынының жоқтауы.

 Жоғарыда «Бұдабай ақын шығарған» дегендей, бұл жоқтауларды көбінесе айтушы емес, басқа бір ақын немесе жыршы шығарғанын байқаймыз. А.Байтұрсынұлы бұл туралы: «Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын лұғатты келеді» деп жазады [2]. Мысалы, «23 жоқтау» жинағындағы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

мұралардың əрбіріне шағын түсініктеме берген «Қыр баласы» (Әлихан Бөкейхан) «Қарпық ақын шығарған», «Найман шығарған» т.б. деп ескертеді.

 Әрине, жоқтау – фольклор жанры. Сондықтан оның уақыт пен кеңістік аясы, деректік негіздері көп жағдайда шартты. Бірақ Қазақ хандығы дəуіріндегі оқиға, тұлға атауларында, олардың жалпы нобайында сəйкессіздік өте аз.

 Қарапайым өмірде жоқтауды «дауыс салу» деп те атайды. Ежелгі əдет-ғұрпымызда адам қайтқан күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылғаны белгілі. Дегенмен оның ерекше жеткізілетін тұсы – жаназаның (ресми діни рəсім) алды-арты немесе кісіні жер қойнына беретін мезет [3]. Ағайын-туыс қазалы үйге «ой, бауырымдап» ат қойып шауып келіп, көрісіп қөңіл айтады. Мəйітті шығарарда марқұмның əйелі немесе қыз балалары жоқтау айтып, қайғысын естелікке құрылған дəстүрлі жыр сарынымен басады [4].

 Әйгілі Байдалы би айтты дейтін: «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» деген сөз бар. Жоқтау

  • қазақ, қырғыз сынды ұлттарда аза ғұрпымен байланыстағы əрі қаралы, əрі артындағы ұрпағын рухтандыратын имани салттың бір түрі. Нақты салыстыруға келе қоймас, бірақ белгілі жағдайда Еуропаның реквиемінің (жан азасы) философиясы, мəн-мағынасы қазақ жоқтауын түсіндіріп бере алады. Бұл жерде біз католиктік ғұрыпты емес, Батыс жұртының марқұм болған жандарға деген құрметін еске салып отырмыз. Әдетте ислам қағидаттары да жоқтауды, марқұмның соңынан жылап-сықтауды қолдамайды. Бұл қағидатты қатаң ұстайтындар: «Исламның алдындағы жəһилия дəуірінде арабтарда «нияһа» деген ғұрып болған. Сол уақытта əйел кісілер бір-біріне қарама-қарсы отырып алып, зар қағып өлген адамды жоқтаған. Ислам келгеннен кейін бұл дəстүр тоқтатылады. Хадисте: «Біреудің тегін жоққа шығарушы мен өліні зар қағып жоқтайтында жəһиліктің əрекет бар» делінеді. Біз дауыс салып жылауды қостамаймыз» дейді [5]. Қазақ елі ұстанатын Әбу Ханифа мазхабы бұл мəселеге оймен, ақылмен келуді нұсқайды. Ата дəстүр құр жылауға немесе жасандылыққа бармай, орнымен егіле отырып бақиға озған жанның тірісіндегі өнеге ісін ұрпаққа аманаттайды. Бүгінгі ғылым, соның ішінде медицина мен психология адам өз бойындағы қайғыны ішіне жұтпай, шығарып тұруын (немесе бөлісуін) қолдайды. Сондықтан қазақ жоқтауы, бір жағынан əрі жұбату, əрі ауыртпашылықты бөлісу функциясын атқарады. Бұған

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

иманды жұртшылық түсіністікпен қараған. Жылау-сықтау шектен шығып бара жатса немесе ол жасанды сипат алса, үлкендер жағы оған тоқтау салған.

 Ұлт тарихындағы классикалық жоқтау қатарында əйгілі Бұхар жыраудың Абылай ханды жоқтауы, Қаздауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абайұлы Әбдірахманды əйелі Мағыштың жоқтауы тұр. Бұл жоқтаулардың əрбір сөзі тарихи шындық пен ел рухының терең сезіміне суарылған.

 Айтулы осы үш мұраның екеуі «23 жоқтау» жинағына енсе, А.Байтұрсынұлы ыждағатының ерекшелігі айқындала түседі.

Қазақ халқы ХІV-ХVІ ғасырлардағы ноғайлы заманының «Едіге»,

«Орақ-Мамай», «Шора» сынды батырлық жырларын ертеден насихаттап, ұлттық рухани мұрасының алтын қорына қосқан. Осы мұралар күні кешеге дейін ел бірлігі мен жер тұтастығына қызмет етті дей аламыз. Сондықтан «23 жоқтаудағы» Мамай батыр рухына бағышталған сөз халыққа өте түсінікті еді.

Қараүлек ана Мамай баласын жоқтауын Ораққа қаратып айтады:

Ай, Орағым, Орағым, Жалғыз қалдың, қарағым! Мамайжан еді ырысың, Бір құрсақтан дүреген, Екеу еді туысың.

Екеуің жауға барғанда, Қалмақты жеңді ұрысың. Серіксіз қалдың, Орағым, Дүние шіркін құрысын!..

 Жоқтаудың осы бастапқы жолдарынан субъективтік, пендешілік ой аңғарыла ма? Әрине, Қараүлек ана болып қайғырған халық барлық пендешіліктен жоғары тұр. Оның ойында бір ғана арман, бір ғана мұң, бір ғана мүдде тұр. Ол – халық мүддесі.

Айқай, енді күн қайда, Қойға тиген бөрідей, Жапыра қалмақ қуатын? Құлыны өлген ақ байтал, Енді саған күн қайда, Ондай бала туатын?-

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 дейді көкірегі қарс айырылып. Халық қиялында егде жастағы Қараүлек елдің өткені мен бүгініне жауапты адамдай тіл қатады. Аналық борышын сезіне отырып, ендігі халық араманынан туатын балалардың Мамай мен Орақтай жаужүрек болатынына секемі бар. Неге?

Өлдің, Мамай, қор болдың... Өлдің, Мамай, құм болдың... Құм ұшырған жел болдың...

 Ау, батырдың анасы бұлай тым езілмеуі керек еді ғой. Тым жербауырламауы тиіс еді ғой.. Жоқ, ел анасы, халық анасы айнала қоршаған қиындықты, құрылған торды көріп, болашағын ойлап, шерменде күйге түседі:

Сауытың қалды сандықта, Алмасың қалды тұлдықта, Аңдасқан дұшпан көп еді – Елің қалды құлдықта...

 Мамай батырдың тірісіндегі ерлігі мен өрлігін санамалаған жəне оны зор мақтаныш көрген ана Жаратқан алдында тəубесіне келе отырып бүй дейді:

Құдай салды, мен көндім, Бұл сапарды ұнаттың, Өзіңді қалмақ қамады, Ақ ордаңды талады,

Артыңда қалаған жас бала, Қашан сендей болады?

Қырық ұл туса бір күнде, Орның қалай толады?

 Қарт ана Мамай өмірінің өрі мен ылдиын, табысы мен талқысын сипатай келе, «ақ үйдің арыстаны, боз үйдің бостаны» болған қаһарманның өліміне иман келтіреді. Егіле отырып шүкір сөзін айтады:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Артыңда қалды жиғаның, Тарқап кетті мейманың, Ұжмақта қылып Құдайым, Жолдасың болсын иманың!..

 Иман – пенденің пəни өмірде жинайтын абыройы, айналасына көрсететін қасиеті, төккен маңдай тері. Дəстүр мен діннің үйлесімінен шығатын осы лепесті Қараүлек ана жоқтауға енгізе алған.

 Әрине, біз бұл жоқтаудан əйгілі Ноғай ордасы мен Қырым хандығы тұлғаларының тарихи дəлдігін мен дерегін іздемейміз. Біз керегі – түркінің талай жұртын, соның ішінде қазақ ұлтын рухани тəрбиелеген, əзиз жанына – азық, өрлік жалауына – тамызық болған

«Қырымның қырық батыры» сынды асыл мұраның жаңғырығын білу. Мамайды жоқтау – елдік пен батырлықты жоқтау. Мамай анасы Қараүлек – берекесіз аңыраған жай біреу емес, батырға ақ сүтін беріп, ақжарма тəлімін сіңіріп баптаған елдің қуаты, дəстүрдің жалғасы.

 Қазақ еліне тұтқа, жұртына қамқоршы болған Қаздауысты Қазыбек би қайтқанда, асыл əкесін қызы Қамқаның жоқтауы – күні бүгінге дейін ұлттың рухани санасында сақталып, жиі айтылып жүретін мұра.

 Қазақ хандығының қабырғалы биі Келдібекұлы Қазыбек – бүгінгі өлшеммен айтқанда, аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, əз Тəуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, танымал шешен,

«Жеті жарғыны» жүйеліп, жүзеге асырушы тұлғалардың бірі (Алаш лидері Ə.Бөкейханның дəлелмен айтқан есебі бойынша Қазыбек би 1661 жылы туып, 1758 жылы қайтқан; бүгінгі энциклопедиялар 5-7 жылға өзгертіп жазады). Ел арасында əкесі Келдібектің де, анасы Тоқмейілдің де аса беделді, парасатты адамдар болғаны жиі айтылады.

«Болашақ бидің анасы сəбиін тербетіп отырып:

Айналып ерді өсірсем, Ақ сүтімді кешірсем, Адалдан болар нəсібің. Тіліңнен болар кəсібің,-

дейді екен» делінеді халық аңызында.

 Ал, енді арғы бабаларынан (Шаншар абыз, Бұлбұл шешен) бері алқалы топта сөз бастаған жас Қазыбек қалмақ қоңтайшысы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Цэван Рабданға барған елшілер ішінен «Дат, тақсыр!» деп алға шығып, алдаспандай кесіп айтқан мына сөздері халықтың эпикалық санасында жатталып қалған:

«Біз, қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзасына жылқының қылын таққан елміз, Дұшпандар басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Дəм-тұзын ақтай білген елміз.

Бірақ асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз».

 Қазақ шежіресіне қарағанда, Қазыбек биден Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Қамқа атты бір қыз тарайды. Жоқтау айтушы – бидің осы жар дегенде жалғыз қызы.

 Қамқа жоқтауы – дəстүрлі қазақ жоқтауы. Мұнда баба жасына жетіп, ел алдындағы парызы мен қарызын молынан өтеген қайраткердің ұзақ та мəнді өмірі жеткілікті сипатталады. Ұлтқа олжа салған ерлігі мен тапқырлығы орайлы айтылады.

Қазаққа арман жол салдың, Қолайлы қылып əр заңға.

Жесір қатын, жетім ұл, Аруағыңа таянып,

Ие болды мал-жанға. Жоғалмастай жол салып, Үлгі болып сөз қалып, Кеткен жоқ əкем арманда, -

дейді Қамқа тəубасына келіп.

 Әрине, қазақ ұғымында «ханда қырық кісінің ақылы бар». Бірақ ол ақыл оңай келмесі тағы да түсінікті. Ақылдың сауыты бекем болу үшін хан да, қара да парасатқа жүгініп, табысты бағалап, барды ұқсата алуы керек. Қазбек би – сол парасат өлшемі.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қамқа жоқтауына мəн беріңіз:

Ақылменен мол тапқан, Бағыменен ел тапқан. Батыр мен хан сасқанда, Əкеме келіп жол тапқан...

Ақылың, бағың молынан, Елің ерді соңыңнан.

Арқасында əкемнің Отырған жоқ бұл қазақ, Ешкімнің кейін тобынан.

 Осы орайда жоқтаушы Қазыбек бидің қазақ ауданынан шығып кеткен елшілдік пен елшілік пайымын (ел шаруашылығына жайлы қоныс сайлау; қалмақ, сарт, орыс арасын таразы басы тең ұстау т.б.) айрықша баяндайды.

 Заманынан оза туған, ақыл-абыройы өзінің емес, халқының олжасына айналған би зердесімен – бай, жəрдемімен – жомарт. Қамқа қыз мұны да есінен шығармайды:

Байлығын несін айтайын, Кедей деп адам айта алмас. Мырза деп несін айтайын, Əркім-ақ қонақ қайтармас.

 Бір сөзбен айтқанда, Қазыбекқызы Қамқа күллі қазаққа мəшһүр би əкесінің қадірін перзенті ретінде ғана емес, халықтың бір өкілі ретінде бағалай алған. Сол себепті де бұл жоқтаудың тарихи маңызы ерекше дер едік. Дəстүрге сəйкес, бұл жоқтауды сөзге ұста бір ақын жазып берді ме, жоқ əлде Қамқа қыздың өз жүрегінен шықты ма – ол жағы бір Аллаға ғана аян. Біз үшін маңыздысы – өзегін жарып шыққан өзінің халықшыл биін халықтың жоқтағаны. Бұл туындының ел жадынан өшпеуіндегі бір сыр да осында.

 «23 жоқтау» жинағына енген таңдаулы бір мұра – Ысмайылханды ханымы Күнжанның жоқтауы. Оған түсініктеме берген «Қыр баласы» (Ә.Бөкейхан) Ысмайылхан – Тəукенің Арыстанбегінің перзенті екенін жазады. Ел аузындағы жəне жазбаша деректерде Тəуке сұлтанның бір баласы Құсбек заманында Қарқаралының

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

аға сұлтаны, дуанбасы екен. Бірде Жетісудаға Жолбарыс хан нəсілінен Рүстем төренің барымташылары Алтай жақтан əкеле жатқан жылқыларынан айырылып қалып, жолай оның 100-ден аса жылқысын олжалап əкетіпті. Істі бейбіт шешу керек. Сонда екі араның мəселесін бітістіруге Құсбекпен сыйлас Қарпықбай би жүрген деседі. Би Рүстем төреге барып, істің мəн-жайын айтқанда, сұлтан өзін алдаған жігіттерінің басын алмақ болыпты. Сонда би төрені тоқтатып, ашуын басыпты. Рүстем сұлтан: «Ақысына не сұрайсың?» дегенде, төре шаңырағында құлдыраңдап бір үш жасар қыз бала жүр екен, сол бүлдіршінді нұсқап: «Құсбек төрінің де осы шамалас інісі бар» деп, құдалық жолын ұсынады. Сол қыз Күнжан екен де, айтқан ұл – Ысмайылхан көрінеді. Кейін Құсбектің осы немере інісі Ысмайылхан Қарашораға болыс болыпты. Әлихан Бөкейханның жазуынша, окружной приказдағы бір жемір майор қазақ əйеліне көргенсіздік жасағанда, Ысмайылхан араша түсіп, қылмысын қолмен қойғандай дəлелдеп, Сібірге айдатқан екен. Ақыры кектен кек туып, əлгі майордың əйелі 1867 жылы төрені улап өлтіріпті...

 Былайша айтқанда, айналасына жəне ағайынына бауырмалдылығымен, əділдігімен танылған Ысмайылхан өлімі

  • қыршын өлім. Өйткені, жоқтауда Күнжан ханым «Отыз жастың ішінде / Жесір қалдым жастайын» дейді. Соған қарғанда, марқұм төре де отыздың о жақ-бұ жағында ажал құшқан.

 Күнжан жоқтауынан бірнеше сипат анық көрінеді: біріншіден, марқұм Ысмайылхан – кісі қолынан, біреулердің қасақана аярлығанан қайтқандықтан, жырда əділеттікті іздеу сарыны байқалады; екіншіден, төре жастай қайтқандықтан, мұнда жанашырлықтың (қыршынды жоқтаудың) ерекше бір үрдісі көрініс тапқан; үшіншіден, ерлі-зайыптылардың бір-бірін жоқтауы бір басқа да, ата тегі ақсүйек жандардың елдік жауапкершілікті («тегіне тартып» дегендей) еске ала отырып жоқтауы бір басқа. Біз бұл жерде

«жоқтауды шығарып берушінің» немесе Күнжанның өзінің жоқтауға əлеуметтік екпін түсіргенін жоққа шығармаймыз.

Асылзада сұңқарым, Өлгеніңді есітіп, Адамзат бəрі қайғырды.

Тағдырды Құдай тез беріп, Отыз жасқа келгенде,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Айбатымнан айырды. Қаһарына мінгенде, Шын ашуы келгенде, Тілмаш құрлы көрмеген, Дуан басы майырды, -

 дейді бір қайтарымында Күнжан. Бұл үзіндіден адал жардың қайғысы да, марқұмның адамшылық ұстанымы да анық көрініс тапқан. Осы тұста қайғырушының əлеуметтік деңгейден (келін) гөрі мəселеге «сырт көз – сыншы» ретінде қарағанын байқап, жоқтау авторлығына халық лайық екенін аңғартатын да жер бар. Ол былай болып келеді:

Мырзалығы сонша еді – Ғаріп пенен ғасірге Барлық малын таратқан. Бөкей, Тəуке, Барақтан Тумай сөзге ілініп,

Ақ патшаға білініп, Жастайынан шен алған, Шапаны келген сенаттан.

 Әрине, бұл деректің бəрі де рас болуы мүмкін. Бірақ сойы – ақсүйек, өзі ел дəстүрін жалғастыруға тиіс тұқымның келіні өз қайын аталарының атын атауы мүмкін емес. Бұл – жай ғана штрих. Одан жоқтаудың мазмұнына, мəртебесіне ешқандай зиян тимейді.

 Бұл жоқтаудағы өлеңмен өрілген бір аңсау-арман – білімді, білікті, батыл жас азаматтың қайталанбас өмірбаян парақтары. Заман – жаңа, адам да – жаңарған, ой-арман да – жаңалықтан тоят іздейді. Бірақ соның бəріне қол жеткізген азаматтың төттенен келген өлімі жаңалық пен əділдікті қатар іздеуші жұртты сансыратады...

Кешегі менің бекзатым, Бесінде мектеп оқыған, Алтыда ақыл тоқыған, Жетісіне келгенде, Жетпіс жерден дін сұрап, Құдықтай көзін шұқыған. Сегізіне келгенде,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Сергелдіге бас болған, Тоғызына келгенде, Толған айдай балқыған, Дəулеті көлдей шалқыған, Он біріне келгенде,

Ақылы асты халқынан, Он екіге келгенде, Құрбы өтпеді нарқынан. Жиырмадан өткен соң,

Енді отызға жеткен соң, Салиқалы би болды...

 Бұл салыстырулар мен деректің бəрі бірыңғай фольклорлық бейне деп айта аламыз ба? Әлде бұл гипербола – əсірелеу ме? «Қазақтың тірісінің бəрі жаман, өлісінің бəрі жақсы» дегеннің кері ме? Жоқ, бұл деректер жай эмоция болмаса керек. Алаштың Әлиханы мен Ахметі ұрпаққа аманаттаған «Ысмайылхан өлімі туралы» мұра шындыққа қиғаш емес деп ойлаймыз. Бұл жерде Күнжан зары – бір есептен халық зары, хандық мұрағы төбесінен ұшқан халық қайғысы. Бұл, бəлкім, «білікті, əділ, елшіл, батыл төре-сұлтан көбейсе, қазақтың есесі біреудің қолында кетпес» деген арман шығар. «Сондай Ысмайылхан өлді, енді сондай арлы азамат шығар ма екен?» деген ой-аңсар болар.

 Қыршын сұлтанды жоқтауда өмір туралы керемет философия бар.

Сұм дүние, сағым боларсың, Баршаны жалмап тынарсың. Жылтырайсың сыртыңнан, Өртенген ішің шынарсың.

Абайлатпай адамға, Ақыры бір күн құларсың... Сұм дүние, қазір көшесің, Өткіздің ердің нешесін.

Бес күндей қызық көрсетіп, Аларсың ақыр есесін...

 Осы тұста Күнжанның зары ұлттың зарына ұласып, адамзат жұмбағын, екі дүние сырын меңзегендей болады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Айырылдың, халқым, нарыңнан, Көтерген ауыр қомыңды-ай!.. Қай теңдікке, ағайын,

Жеткізбей кетті-ай қолыңды-ай?!

 Жоқтаушы немесе жоқтауды оқтын-оқтын қайталап жан жарасын жазған жұрт бұл жерде ой түкпірінде бір ғана Ысмайылханды ұстады деуге келе қоймас.

 Қарап тұрсаңыз, аясына жоқтау жанры енетін фольклор – əлеуетті идеология. XYIII-XIX ғасырда қаһармандық жырлардың неге маңызы артты? Отарланған ел азат күнін, айбарлы шағын сағынды. XX ғасырдың 20-жылдары Мағжандар, 60-жылдары М.Мағауиндер неге қобыз сарынын қозғады, жырлады. Бəрі де ұлт рухы үшін. «23 жоқтау» да – қазақ рухына қойылған ескерткіш. Пəни өмірдегі адам неге бақиға озған адамын жоқтайды? Екі дүниенің обал-сауабын ойлап жоқтайды. Шерлі көңілде идеализациядан гөрі шынайылық басым болады. Кез келген адамның ата-анасы – əрі асқар тау, əрі мөлдір бұлақ. Жоқтау айтқан перзент немесе туысқан осы пананы, осы тазалықты түсінгенін айтып, тəубасына келеді. Содан бір отбасының трагедиясы ұлт трагедиясына айналып кете барады.

«Әке – балаға сыншы», «Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған» нақылдарының мəніне лайық жас азамат қыршын кетсе, айналасы, ағайыны һəм жары немесе сүйгені бордай езіледі. Қайғыдан аһ ұрады. Пəктікпен айтылған жоқтау адамның сай-сүйегін сықырлатып, жанын қозғап, жауапкершілік биігіне алып шығады. Байқасаңыз, былайғы өмірде өлім-жітімде оқылатын қасиетті Құран сүрелері мен аяттары мағынасында осы сарын айқын көрінеді. «Раббым Алла, саған қайтамыз» делінеді Құран-Кəрімде. Қазақтың қара өлеңі мен жоқтауы: «Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен?» дейді. Айтқандайын, 1930 жəне 1937 жылдары А.Байтұрсынұлы сынды зиялыларға саяси кінə тағылғанда, «ескіліктің сөзімен халықты кеңес өкіметіне қарсы қойды» деген. «Тамшы тас жарады» дегендей, имандылықтан азар- безер жүйе ескіліктің сөзінен зəре құты қалмай қорыққан. Әрине, қиын кезеңде мұра ретінде насихатталған жоқтаулардың астарында азаттықты аңсау ұғымы тұрғанын кеңестік билік түсінген. Ал, зиялылар «ескілік» – əрқашан елдік дəстүрдің алтын арқауы деп білген.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Əдебиеттер:

  • Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-т. – Алматы: Алаш, 2006. – 288 б.
  • Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-т. –Алматы: Алаш, 2003. – 408 б.
  • Боздағым: қазақтың жоқтау жырлары (құрастырған – Т. Арынов)

–Алматы: Жазушы, 1990. – 304 б.

  • Іслəмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. – Алматы: Арыс, 2007.– 332 б.
  • Қазақ ырымы мен дəстүрі исламға сай ма? //Қазақстан-Zaman, 23.10.2014

Ханкелді ƏБЖАНОВ, Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология нститутының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ

 Тарихты адамдар түзеді. Олардың іс-əрекеті, ақылы, бəсекесі, қоршаған ортаны игеруі немесе соған бейімделуі, тіпті мінез-құлқы – бəрі тарихи үдерістің барысы мен нəтижесін анықтайтын факторлар. Демек, кешегінің, бүгіннің, болашақтың бастау-бұлағында, өзегінде аналар тұр. Өйткені адамды жаратуда құдайдан кейінгі құдірет аналар ғой. Қасиетті Құранның өзінде: «Әй, адам баласы! Шүбəсіз сендерді бір ер, бір əйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» делінген емес пе? Ендеше, тарих тұңғиығына бойлағысы келген жан – ғалым болсын, əкім болсын, ақын болсын – ең алдымен əйелдер қауымының болмыс-бітімін дөп басып тануы керек.

 Бағалай білсек, бұл орайда жинақталған тəжірибе де аз емес. Әсілі, Қазақстан тарихының мазмұны мен ерекшеліктерін зерделеуге талпыныс, жұмбағы мен құпиясын шешуге құмарлық, əлемдік, құрлықтық, өңірлік өркениеттердегі орны мен қадір- қасиетін ашуға ұмтылыс тарих ғылымының атасы Геродоттан бері бір сəтке тоқтаған жоқ. Қисапсыз жазба деректер, археологиялық

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

айғақтар, этнографиялық жəдігерлер ғылыми айналымға енді, қилы- қилы теориялық, методологиялық қағидалар, болжамдар, пайымдар түзілді. Солардың бірде-біреуі тарихтағы əйел факторын айналып өтпеген екен.

 Сақтардан тартып Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі дəуірге қатысты жазба ескерткіштерде Ұлы даланың əйелдері алтын құрсақ ана да, жаужүрек Отан қорғаушы да, кемеңгер мемлекет басшысы да бола алғаны кешенді айтылады. Ерекше назар аударарлық мəселе мынада: əр тарихи кезеңнің, дəуірдің, тіпті қас-қағым сəттің тағдыранықтағыш себебі мен саласы, оқиғасы мен тетігі бар. Арғықазақ қоғамындағы əйелдер осының бəрінің басы-қасынан табылып отырған. Мəселен, сақ заманындағы мемлекет пен халық тағдыры көбінесе халықаралық қатынастармен, соғыспен, жаулап алумен анықталғаны белгілі. Ұлы сақ патшайымы Тұмар өз еліне баса-көктеп кірген парсы билеушісі Кирді ойсырата жеңгенде ат құлағында ойнап, жебеден оқты қарша борандатқандардың қалың тобы қыз-келіншектер – «ер апалар» (Т. Жұртбай) еді. Тарихтың атасы саналатын Геродот шығармасында Тұмар патшайымның Елбасы, Әскербасы, Ана ретіндегі тұлғасы кемел ашылған. Ал мемлекет мүддесін, халқының болашағын жеке басының қызығынан жоғары қойған сақ қызы Заринаға қатысты аңыз-əңгіме əлемдік тарихнамадан өзіне лайықты орнын тауып отырғанын кездейсоқ құбылыс деуге əсте болмайды.

 Кеше де, ертең де ұлттық қауіпсіздік əйелдер қолында қала бермек. «Әкенің жақсылығы жездедей-ақ» деген халқымыз ұрпақ тəрбиелейтін ана ұлтты да тəрбиелейтінін қапысыз түсінген. Тарихи деректерде Хань билеушілері арнайы даярлықтан өткен ханшайымдарын үйсін гуньмосына қалыңдыққа бергені жайлы мəліметтер мейлінше мол. Егер арғықазақ бабаларымыз жатжерлік жарларын ел басқару ісіне араластырмай, күң орнына жұмсайтын болса, «қытай ханшайымы саясаты» дүниеге келмес еді. Қытайлық ханымдардың кереғар тірліктері өз алдына бөлек əңгіме. Қысқасынан қайырсақ, үйсін күнбиі Оңқай би (ж.с.д. 93-60 жылдар) əмеңгерлік жолымен Жие-ю ханымды алыпты. Ұлы Хань мемлекетінің сəн- салтанатқа толы сарайын тастап, көшпелі үйсін еліне ұзатылып келгендегі Жие-ю ханшаның əу бастағы мақсаты не еді, «Тəңір ұлы» оған қандай міндет жүктеді? – деген сұрақтарға бүгінгі қазақ ғалымы Т. Жұртбай былайша жауап береді: «Ең басты тапсырма: үйсіндердің бауырын жылытып, бетін Ұлы Қытай қорғанына қарату. Сөйте

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

отырып, оларды Хань əулетінің ата жауы – хұндармен өшіктіру. Ретін тауып, өзара қырқыстырып қойып, берекесін бұзу. Жие-ю ханым бұл мақсатына жету үшін өзін де, өзгені де аямады. Соның барысында үйсін мен хұн елі кезек барымталасып, ақыры жауласып тынды».

 Тап қазір «қытай ханшайымы саясаты» Қазақстанға сын-қатерін төндіріп тұрған жоқ. Есесіне мыңдаған қыздарымыз шетелде оқып жатыр, жұмыс істеп жүр. Осылардың санасы мен жүрегінде туған елге махаббаттан артық құндылық үстемдік құрмауына алдымен ата-анасы, содан кейін ер-азаматтарымыз жауапты. Бұған жетудің формуласын бабаларымыз: «Қызға қырық үйден тыйым» деген бір ауыз сөзбен түйіндеген. Мəнісі – қыз баланы аялап бақ, ардақтап өсір, барған жерден бағы ашылсын дегені.

 Шынында да, байырғы түркілер табынған құдіреттің бірі – Тəңірі, екіншісі – Ұмай ана емес пе! Күлтегін тасындағы жазуда:

Əкем Елтеріс қағанды, Шешем Елбілге қатынды, Тəңірі төбесіне ұстап, Жоғары көтерген екен, –

 деген жолдар бар. Қағанның есімін құдай қосқан қосағымен қатар атауы сол заманда əйел мəртебесі өте биік тұрғанын айғақтайды. Күлтегіннің ел қорғайтын ер атануын Ұмай текті шешесінің бағынан деп түсінуі де көп жайды аңғартады.

 Сайын даламыздың тарихы мен тағдырында арулар өшпес із қалдырғанын Домалақ ана, Баян сұлу, Құртқа, Ақжүніс, Қыз Жібек, Айғаным, Зере, Ұлпан, т.б.с.с. аяулы есімдер қаперге салуда. Қыз- келіншектердің ар-намысын, абырой-беделін ресми билік пен заң, салт-дəстүр күші қорғады. Қазақ хандары мен сұлтандарының, билері мен батырларының, датқалары мен тархандарының аналары, жарлары, əпке-қарындастары, қарапайым қыз-келіншектер мемлекеттік тəуелсіздікті сақтауға, ұлт-азаттық қозғалысына, елішілік ынтымақты нығайтуға, саналы ұрпақ тəрбиелеуге баға жетпес олжа салды. Қазақ хандығында бірінші ханымға артылар жауапкершілік жүгі ерекше екенін XVIII ғасырда Бұқар жырау:

Бағаналы орда, басты орда, Байсал орда қонған жұрт. Мамырасып, ел болып,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Байсалды жайлау табылды. Көлдей қамқа төсеніп, Көрікті ханым түскен жұрт,

 деген жолдармен жеткізсе, XIX ғасыр билеушілері Жəңгір ханның Фатимасы, Кенесары ханның Күнімжаны əлі күнге дейін халық жадынан өшпеуінен олар заманынан артып туған жандар екенін ұққанымыз жөн. Хандық дəуірде əлденеше рулардың, жер- суымыздың аналар есімімен аталуы ұлттық тарихымыздағы ерен еңбектерінің шағын өтеуі ғана.

 Патшалық отарлау қазақ қоғамын аса ауыр қарама-қайшылықтарға ұрындырды. Соның сорақы көрінісі – əйел мəселесі. Ұлттың жартысын құрап отырған нəзік жандар оқу-білімнен шет қалғанын, теңсіздікпен жаншылғанын, рухани-имандық деградацияның кермек дəмін тата бастағанын, зардабы болашақта алдан шығатынын Абай, Шоқан, Ыбырай сынды ойшылдар мен Алаш зиялылары айтудай-ақ айтты. Дегенмен жақсылықтан үмітін үзбеді, сенімін жоғалтпады. Мұның тамаша айғақ-дəлелі – «Қазақ» газетінің 2 жасқа толуына орай жазылған құттықтау хаттағы Нəзипа Құлжанованың тілегі.

«Мен қазақ əйелі болғандығымнан, – дейді Н. Құлжанова, – «Қазақ» газетасының берекелі жұмысын əрі апаруға екінші жылға аяқ басқанына қуаныш етіп, аз ақшамен ауданды ұлтының игілігіне іс бастаушыға, оған жолдас, тілектес болып көтермелеп көмегінде болған барша бауырларыма, көңіл ризалығын білдіріп, тəңірі жарылқасын айтуды борышым деп білдім». Ұлтымыздың рухы өсіп, ауқаты артуы, күшеюі үшін қолға алатын істерді былайша тізбелеген:

«Ескі рəсім салған ауырлықты илеп азбастан, еркектің серіктігіне жарап, жақсылық, жамандықты бірге атқарып келе жатқан, ақылды, ақ көңіл, көнбіс, кеңшілік, бауырмал қазақ əйелдері, еркекпен қатар білім білсе, ерлер ұлт үшін жүрген жерінде, оларды қалмай қатарында жүріп іс етуге жарар. Сондықтан жұрттың теңдікке жетуін көздеген ардақты бауырларым, сол жұрттың анасы əйелдердің де ерлерден қалмай, қатарында жұрт ісін етерлік дəрежеге жету жағын да ескерусіз қылмаңыз!»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қазақ хандығы тұсында Асан қайғының:

Қадірін жеңге білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп,-

 деген дəстүрінен қуат алған сөз шеберлері отарлық қыспақтың өзінде қазақ əйелінің мүлтіксіз көркем бейнесін жасай алды. Поэзия мен музыкадағы махаббат тақырыбы, əйел бейнесі кіршіксіз тазалығымен, жан тебіренткен əсерлігімен Батыс пен Шығыстың үздік шығармаларынан асып түспесе, бір мысқал кем емес. М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі, М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнəсі» əңгімесі қазақ қыз-келіншектеріне қамал-қорған болу ниетінен, қатыгез, зорлықшыл билік пен қоғамдық қатынастарды əшкерелеу идеясынан туындаған мəңгілік шығармалар. «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы жарыққа шықты. Араға 4 жыл салып, «Қазақ» газеті «Роман не нəрсе» атты ғылыми-көпшілік мақала жариялаған екен. Мақала авторы Арысұлы «роман адамзаттың өмірін, дəуірін бұлжытпай көрсетуші баға жетпес айна» деген анықтаманы алға тарта отырып, тұңғыш қазақ романын ұлттық əдебиеттегі «тəуір қызметке» санайтынын білдіреді. «Мұнда, – дейді ол, – қазақтың қай жерінде болса да, малға қызығып иə партияға қызығып қыздарын жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа ақша шашып, жақынымен араздасу, қызын сүймегеніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай қыз теңін көксеп қайғыға бату бар. Ата-анадан күдер үзген соң, өз теңімен қашу бар. Ақырында қорлық көру бар. Мұнда бар: шала молла да, жаңа мұғалім де, бар мұнда ақсақал да, би де, болыс та, тілмаш та, орыс та, өтірікке куəлік бергіш указни молла да. Мұнда бар һəр түрлі əйелдер, бозбалалар, ойын сауықтар. Осылардың мархаматы, зорлық-зомбылығы қазақтың рəсімі көрсетілген. Мұнда партиа да, партиаға құмарлар да, ел арасын бұзушы қулар да, барымта да бар». Әйел мəселесін кеңестік жылдар шеше алмады. Сталиндік қуғын-сүргін мен соғыстар Қазақстанды жетімдер мен жесірлер өлкесіне айналдырды. Хрушевтік тың игеру мен брежневтік тоқырау арақты судай ағызумен көмкеріліп, ажырасу, тастанды бала сынды жағымсыз құбылыстарды асқындырды. Мұқағалидің «Жетімдерміз» өлеңі, Алтынбектің «Қара бала» əні сол ауыр дерттердің сыртқа

шыққан мұң-зары.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Әрине, азды-көпті ілгерілеу болғанын жоққа шығармаймыз. Білім-ғылымда, материалдық өндіріс саласында, қоғамдық-саяси өмірде қыз-келіншектердің саны да, үлесі де, үні де зорайғаны рас. Ал қазақ əйелінің ең басты ерлігі не еді деген сұраққа келсек, ол – 1931-1933 жылдарғы алапат ашаршылықтан демографиялық апатқа ұшыраған ұлтымызды жоқ болып кетуден сақтап қалғаны. 1959 жылы Қазақстанда халықтың 29%-ын құраған қазақтың үлесі бүгінде 70%-ға жақындады.

 Біздің аналарымыз қандай қиын-қысталаң шақтарда да халықтың табиғи өсімін биік деңгейде сақтап қалғанын, ұрпағын жөргегінен ошағына, Отанына адал рухта тəрбиелегенін елемеуге қақымыз жоқ. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында большевиктер жүзеге асырған халық шаруашылығын индустриаландыру саясаты да бұл үрдісті тоқтата алмады. Қазақ əйелдері колхоз-совхоз өндірісіндегі жұмысқа жаппай тартыла жүріп, кенттік психологияны бойына сіңіре отырып, балалы үйдің базарын тарқатпады. Күні кешеге дейін қазақи отбасының əрқайсында орта есеппен 6-7 қарадомалақ жарыса өсіп келе жататын. Тап сол тоқырау жылдары Балтық бойындағы республикаларда, ресейлік ірі қалаларда табиғи өсу мəселесі өткір қойыла бастаған еді.

 Қазақ əдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің мына тұжырымында ақиқат жатыр: «Мақтасақ, əйелді мақтайық та, құрметтейік те əйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!.. Бұл шындық қой. Үйткені қай анадан сұрасаң да: – Біз өлімнен күштіміз. Біз дүниеге ақын да, ақыл да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын көбейттік! – демей ме!..». Демек, бүгінгі азаттығымыздың адами факторын аналарымыз қалыптастырды. Апат қаупін сейілткен де, ажалды жеңген де қазақ анасы. Ендеше 1991 жылы жарияланған Тəуелсіздіктің анасы да – қазақ əйелдері. «Орнында бар – оңалар» деген – осы.

 Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарына көз жүгіртіп, құлақ тіксеңіз, қазақ қыз-келіншектерінің атына ауыр сөздер айтылып, кінə тағу жиілеп кеткенін байқау қиын емес. «Шетелдіктердің қолтығында кетті, тəнін сатып жүр, көкектен айырмашылығы қалмады», – дейді. Рас, дауласпаймыз. Бірақ ақиқаттан алшақтамайық. Біріншіден, жезөкшелік – мейлінше көне кəсіп. Әзірге ол кедей елдерде ғана емес, шылқыған бай Америкада да жойылған жоқ. Екіншіден, қазақ қыз- келіншектерінің моральдік деградацияға ұшырағанына ең алдымен

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

өзіміздің жігіттеріміз, ер-азаматтар кінəлі. Жұмыссыздықты сылтауратып, саусағының ұшын қимылдатпастан жанын аяласа, етін ауртпаса, бар жауапкершілікті əйелінің мойнына артып, базар жағалатып жіберсе, əрине, атам қазақ айтқандай, бақпаған мал кетеді, қарамаған қатын кетеді. Сонда да ештен кеш жақсы деген. Әлі сүйекке сіңе қоймаған бұл дерттің алдын алуға мүмкіндік бар. Осыдан 40-50 жыл бұрын сексуалды революция Батыс Еуропаны да жайлаған еді. Біліктілікпен жүргізген саясат арқасында сабасына түсіп, басылды ғой. Біз де құтылармыз.

 Тəуелсіздік жəне əйелдер үйлесімін қозғағанда, екі міндетті шешу қажет деп білемін. Бірі қыз-келіншектер бойындағы қабілет-қарымның ашылуына қолдан келгенше жағдай туғызу, түрлі бөгесіндерді жұлып тастау, екіншісі – аналар алдындағы ғасырлар барысында қордаланған қарыз бен парызды қалтқысыз өтеу. Қос міндетті атқару негізінде бүгінгі таңда өте-мөте өзекті болып табылатын əйелдерге қатысты жұмыссыздықты, алалауды (дискриминация), зорлық-зомбылықты ауыздықтап, тастанды бала, жетім бала, жезөкшелік, əлеуметтік ауру тəрізділерді біржолата жоймасақ та, əлдеқайда бəсеңдетуге мүмкіндік бар.

 Осы орайда бір ғана ұсыныс жасағым келеді. Ғасыр соңына дейін анықталған ұлттық идеямыз «Мəңгілік елдің», 10-15 жылға жоспарланған «100 нақты қадамның» көздегені – дамыған мемлекетке айналу, бақытты өмір сүру. Ендеше алдағы арман-мұратымыздың, кешегі күндер үшін өтелген қарыздың нышанындай кемел ескерткіш кешенін – ана мен баланың Абай, Мағжан, Сəкен суреттеген мүсінін бағаналы орда, басты орда – Ақ Орданың алдына неге тұрғызбасқа. Министрліктер үйіне дейінгі тап сол кеңістік қазіргідей қаңырап бос тұрмай, еліміздің бас алаңына айналуы керек қой. Бас алаңдағы көрікті ханым – ана мен бала мүсіні Қазақстандағы халықтың, биліктің, берекенің ынтымағын баршаға мойындатуға қызмет етері сөзсіз.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Серік НЕГИМОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ əдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы

ҰЛТ ТАҒДЫРЫ МЕН РУХАНИЯТЫНДАҒЫ БОПАЙ ХАНЫМ

 Сонау сақ заманындағы мемлекет тізгінін ұстаған Тұмар патшайым мен Зарина сұлудан бастап, оғыз-қыпшақ дəуіріндегі ел басқарған жеті ару (бұған мысал даңқты əйелдерге арналған кешендер Көк-Кесене, Бикен мұнара, Белең ана, Болған ана, Жұбан ана, Баршынның көк кешені) Алаша ханның ханымы – Ханбибі, Абылай ханның ержүрек қызы – Айтолқын, Бəсентиін Малайсары батырдың қызы, Қаракерей Қабанбайдың жары – Гауһар батыр, қос асылдың құдіретінен жаралған Назым қыз, Сүйіндік Олжабай батырдың анасы – Есенбике, Емельян Пугачев соғысына қатысып, «қыздың пірі», «сиқыршы», «киелі», «Көктемір», «ақ сағым» атанған Табын Сапар (Сапура) Мəтенқызы, ұлы күйші Құрманғазының жан-жүрегін толқытқан қыз Данай сынды қыран жүректі сұңқарлардың сапында 1838-1847 жылдардағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының жалынды ұйымдастырушысы, ұлы қолбасшы Кенесары Қасымұлының қайраткер қарындасы, дала көкжалы, «Алланың шын жаратқан тамашасы» Бопай ханымды айрықша атауға болады.

 Ол күйеуі Сəмеке мен оның жақындары Сартеке пен Досан Әбілқайыровты Кенесары жасақтарының құрамында ел тəуелсіздігі үшін күреске шақырса да, олар азар да безер болып, үзілді-кесілді бас тартады. Хан кеңесінің мүшесі шарболатша шамырқанған Бопай ханым 600 сарбаздан құралған (сұрыпталған) топты ұршыққа үйіріп, шоқтай иіріп, шеберлікпен басқарды. Наполеон айтқандай, жоғары жауынгерлік рухқа ие менің бір солдатымның өзі үш солдатқа татиды деп. Бопай ханым жасағының əрқайсысы мың кісіге татырлық еді. Кенесары əскерін жабдықтаумен шұғылданды, халықтан зекет жинады. Кенесары Қасымұлы құрған хандықтың сыртқы жəне ішкі саясатына барынша белсенді араласып, жан аямай қызмет етті.

 Бопай ханым индивидуалдық ерекше қасиеттерге ие. Оған заманның қара дауылына қарсы ұшатын туа бітті өжеттік

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

(характер), көсемдік, жеңіске деген сенім, қатерлі шақтарда өзін- өзі ұстайтын салқындылық, болаттай жігер-қайсарлық, магиялық қуат, жинақылық, өз ісіне шеберлік, шабыттандырарлық əсерлі шешен сөз, тəртіптілік, энтуазиазм (ынталылық), оптимизм (дүниеге сеніммен алға ұмтылушылық) тəн.

 Атақты оқымысты-тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» дейтін еңбегіндегі мынадай деректерді сөйлетелік: «Өзінің əскери ерліктерімен Кенесарының қарындасы Бопайдың да даңқы шықты. Ол көтерілістің алғашқы күндерінен-ақ оның белсенді қатысушысына айналды. Ол өзінің күйеуі Сəмеке мен оның туыстары сұлтан Сартеке жəне Досан Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен.

 Олар келісім бермеген соң Бопай 1837 жылы өзінің күйеуін жəне оның туыстарын тастап, өзімен алты баласын алып, өз тағдырын көтерілісшілер тағдырымен біржола қосады.

 Бопай зекет жинайтын жəне көтеріліске қосылмаған сұлтандардың мүлкі мен азық-түлігін тартып алатын 600 адамдық ерекше топты басқарды.

 Бопайдың Арғын руына зекет жинауға келгені туралы жансыз Самрат Мамаев былай деп хабарлайды: «Кенесары төлеңгіттерімен бірге Кенесары ісіне қатысуымен қырға кең танылған, оның əпкесі Бопай да келді».

 Осымен қатар, Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына қатысты жəне өзі де жау тылына партизандық жорық жасайтын. Бопай Кенесарының барлық кеңестеріне қатысып отырған, ал Кенесары Бопайдың ақыл-кеңестеріне құлақ асқан.

 Бопайдың ұлы – Нұрқан да көтерілістің белсенді қатысушысы болды. Патша отрядтарымен болған бір шайқаста ол тұтқындалады. Оның ержүректігі туралы жүзбасы Лебедев былай деп жазды:

«Біздің қолымызда қазір қолға түскендер – Кенесарының туған жиені, оның қарындасы Бопайдың баласы, сұлтан Төрехан (Нұрхан – Е.Б.) Сəмекин, Тұңғатар болысының құрметті биі – Инемнің шəкірті Айдарбек Қуандықов жəне Кенесарының төлеңгіті – Сəрсенбай бар, олардың алғашқысы жанұшыра қарсылық көрсетуі нəтижесінде қатты жараланған».

 Хан Кененің жасыл туының астында ұлт қаһармандары Шұбыртпалы Ағыбай, Алтай, Төлебай, Бестақбалы, Бұқарбай, Қыпшақ Иман мен Басығара, Дулаттан шыққан Сұраншы, Жəуке, Байсейіт, Бағаналы Құдайменді, Табын Бұқарбай мен Жоламан,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Тама Танаш, Шəкір, Толыбай, Бұғыбай, Тоғанас, Тобылды, Таймас, Жоламан, Әнеке, даңқты Наурызбайлардың қатарында Бопай ханым 1838 жылы Батыс-Сібір губернаторлығына қарасты Солтүстік-батыс өңіріне өтіп, нəтижелі жорықтар жасаған-ды. Бұл орайда Ілияс Есенберлин «Қаһар» романында Кенесарының қарындасы Бопай туралы елдің сөзін еске салады:

 «Қатын құтырған заман болды ғой осы кез... Сырымбет қырқасынан байын, малын тастап алты баласымен Кенесарының қарындасы Бопай да барып қосылды деген де рас па?

  •  Рас. Қасымның ұлдары арлан қасқыр болса, қыздары қаншық бөрі емес пе. Бопай қазір қолына найза алып бір топ жігіттерді басқарады деседі. Күйеу жұрты, Уəли ханның ауылын шабамын деп тісін қайрап жүрген көрінеді.
  •  Бопай келіп ағасының тобына қосылса Жанайдар батыр да со жерде десеңізші...
  • Неге?
  •  Жанайдар мен Бопай жас кездерінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай болған жоқ па еді? Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ деп Бопайды оған бермеген. Алты бала тапса да Бопай Жанайдар десе ішкен асын жерге қояды деген өсек бар. Екеуінің басы Кенесары ордасында қосылған болар».

 Әрі қарай жазушы ұлт тағдырын, жер-суының жайын, ой-парасат биігінен терең ойлайтындығын жəне отаршылдықтың бұғауына көнбейтіндігін тарихи шындыққа сəйкестендіріп суреттейді:

  •  Ақ патшаға жағынып, жаны шығып жүргенінің өзі де сол емес пе? деді Бопай сəл қабағын шытып, патша жандаралдары бекініс салып, келімсектеріне аздаған үлес бергені болмаса, жердің шұрайлысы əлі де Сəмеке, Нұралы, Бөкей, Уəли хандардың ұрпақтарында ғой. Мал үшін олар қазақтың жері түгіл, жанын берер. Бірі бүкіл Есіл, Нұра бойын жайласа, бірі сонау Сырымбет тауының, Құсмұрын мен Шұбарға дейінгі кең алқабын алып жатыр. Ал өзгелері бір Уəли ханның ана Айғаным қаншығы жайлап отырған бөктерге үш болыстың малы сыяды, – Бопай кенет ағасына ашулана қарады. – Қашанғы ол қаншықты басымызға шығарып қоямыз? Қоңырқұлжадай оны да шабатын мезгіл жетті, жібермейсің бе бір батырыңды.

Кенесары қасқыр көрген бүркіттей түйіле қалды.

  •  Қатын аулын батыр шаппас. Қайын атам жұрты демесең өзің шап!

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Табылған сөзге үйдегілер шу ете қалды.

    • Жөн.
    • Тапқан ақыл.
    • Қатынды қатын шаппаса, батыр шапқаны ерсі.
    • Уəлиханның аулына жолай соғасың, – деді Кенесары аз сөйлей,

ең алдымен арғы беттегі Аманқарағай приказының малын бері айдап өтесің.

Қуанғаннан Бопайдың екі көзі жарқ етті.

- Мен дайын.

 «Орыстың шекпеніне елін сатқан шолтаңдаған билердің», ұлт намысын ойыншық қылған, жеке бастың мүддесін құнттаған, ел келешегіне ой көзімен қарамайтын, алдамшы қызыққа берілген опасыз жандарды Бопай ханым кешірмейді. Ол – ұлы мақсаткер, дарабоз қайраткер. Сондықтан да Бопай ханымның тегеуірінді, екпінді қаһармандық қимылдарына, батырлық тұлғасына арыстан туған Хан Кененің көңілі шат, рухы да асқақ.

 ...Бір жеті өтісімен алты жүз жасақ ерткен Бопай алдымен Аманқарағай приказын, содан кейін Сырымбет тауындағы Уəлиханның бəйбішесі Айғанымның ауылын шапты. Кенесары қолы Көкшетау жақты шауыпты. Ескі кек қайтқандай. Ал батыр қарындасы Бопай Сырымбет саласындағы Уəлиханның жесірі Айғанымның кең сарай алты ағаш үйінің күлін көкке ұшырып, қоймасындағы басулы кигіз, иленген терісіне дейін қалдырмай барын сыпырып əкеп, ата кекті бір қайтарды. Енді Кенесары көңілденбегенде кім көңілденбек? Құдай абырой беріп Ақмола, Ақтау бекіністері де тез алынды. Осы жеңістердің арқасы ғой, енді Қараөткел, Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл өкіріктерінің кей ауылдары бірден Кенесары жағына шыға бастағаны».

 Атқа қонған, атақонысты қорғаған Бопай ханымның теңдессіз ерлігі мен жанкештілігі – ұлт рухының керемет көрінісі. Хан Кененің жəне оның серіктес нояндарының түпкі мақсаты – ежелгі қазақ елінің тəуелсіздігін, дəстүрін, қуатын қалпына келтіру.

 Ұлы суреткер М.О.Әуезовтің «Хан Кене» атты бес перделі тарихи драмасы «езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүрген» Кенесарының ерлік күресіне арналған. Мұндағы басты кейіпкер

– Хан Кене, сонан соң жас батыр Науан (Наурызбай), Ағыбай, Бұқарбай, Жоламан, қолбасы Бұғыбай, Шеген би, Бопай, Дулат елінің Рүстем, Сыпатай, Байұзақ секілді көшбастаушылары мен қырғыз батырлары Кəрібоз бен Жаманқара бар...

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Қасымның асына жиналған жамағат. Хан Кене бастаған топтың қостаушылары батырлар, шынжырлы балуандар, қобыз бен сыбызғы ұстаған жыршы ақындар, əнші-күйшілер... Шеген бидің сөзімен сипаттасақ, «алыстан тоят тіленіп, қасқарып ұшқан қырандарың осылар». Абылай ханның жолын берсін деген тілеуқорлар.

 Иə, осы бір драмада жігіт өнерін сынау бар. Яғни садақ кезеніп жамбы ату. Оғыландар дəл көздеп жамбыға тигізе алмай əуреге түскенде Бопай ханым табанын тасқа тіреп жамбыны ұшырып түсіреді. Құралайды көзге атқан мергендік деген осы. Бопайдың батырлық тұлғасынан елес береді.

 Науанға Қырғыз елшісі Жаманқара «қазақты ел қылар сиқыр жоқ» дегенде, ол оны сол жерде жайратып салады. Сонда ақылман Бопы ханым «Қате болды-ау?!» деп өкінеді.

 Бұ да қырық істің қисынын табатын Бопы ханымның салиқалылығы! Бір заманда Оғыз қағанды жарық дүниеге жасын отындай жалтылдатып əкелген анасы Айқағанды ардақтасақ, бір топ батыр перзенттерді киіз туырлықты қазаққа сыйлаған Бопай ханымның анасы, Қасым сұлтанның асыл жары Шолпан жұлдызындай алтын құрсақ Айкүмістей анадан айналдық.

Шəрбану БЕЙСЕНОВА, жазушы, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

СҮЙІНБИКЕ – ҰЛЫ ДАЛА АРУЫ

 Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай өткізіліп отырған бұл мəртебелі жиында халқымыздың өткен тарихындағы белгілі ару-тұлғалар туралы бізге де айтуға мүмкіндік туғанын өзіме зор қуаныш санаймын.

 Ас қадірлі жиын алқасы, конференцияға қатысушы зиялы қауым, мен сіздермен тарихта бедерлі ізі қалған Сүйінбике ханым жайлы ой бөліскім келеді.

 Сүйінбике патшайым жөнінде не білеміз? Білгенімізді еске түсіріп ойланып көрелікші.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Сүйінбикені сөз етпес бұрын əуелі Сүйінбике өмір сүрген уақытқа, сол кездегі шиеленіскен тарихи оқиғаларға, сол заманның басты қағидаларына көз жіберсек... Сонда ғана біз Сүйінбикенің шын келбетін, табиғатын тани аламыз-ау деп ойлаймын.

 Әңгімені əуелі Сүйінбикенің шыққан тегінен басталық. Ол – ХІҮ ғасырда Алтын Орданың тағына кімді отырғызып, кімді алып тастауды бір өзі реттеп, ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстаған өте ықпалды тарихи тұлға, ел бастаған көсем, ту ұстаған қолбасы, сөз бастаған шешен, «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер еді», – дегендегі Едіге бидің ұрпағы.

 Біз мұны шежірешілердің жазғанына сүйеніп айтып отырмыз. Едігенің бір баласы – Нұрадын. Нұрадыннан – Уақас, Уақастан

– Мұса, Мұсадан Жүсіп туады. Жүсіптің көп ұлы болған дейді, сол ұлдардың арасындағы жалғыз қызы осы Сүйінбике екен. Сол дəуірдегі салт бойынша Едігенің бірнеше əйелі, олардан көптеген балалары, олардың əлденеше əйелдерінен бірқауым ұрпақ тарағаны анық. Алайда, біз өзіміз сөз етелі отырған тақырыбымызға орай, Сүйінбике шыққан тармағын ғана алып қарадық. Бұл арада Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағын» (Алматы:

«Қазақстан» баспасы, 1997) сүйеніп айтып отырмыз.

 Едігенің өзі секілді ұрпақтары да шетінен батыр, ержүрек келеді. Олар туралы небір ғажап жыр-дастандар түзілген, олар əлі де ел жадында сақталған. Мəселен, «Едіге батыр» жыры, «Мұса би»,

«Нұрадын», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қазы» əлі күнге рухани айналымда жүрген құнды мұралар. Олардың баршасы «Бабалар сөзі» жүз томдығына енген.

 Едігенің ұрпақтары заманында кең жайылып өскен, негізінде өркендеп дəуірлеген-ақ əулет болған.

 Сол кездегі халық басына түскен тарихи зобалаңнан бұл əулет те тысқары қалмаған. «...Түркі тектес тайпалар ортақ ту тігіп, орда көтерген, жер көлемі жағынан алғанда да, халқының саны мен əскери күш-қуаты тұрғысынан алғанда да екі жүз жылдам аса уақыт бойы Еуразиядағы ең ұлы мемлекет болып келген Алтын Орда ХҮ ғасырдың алғашқы жартысында көптеген тарихи, қоғамдық себептер нəтижесінде біржола ыдырайды да жеке-жеке шаңырақ көтеріп кетеді...

 Еділ дариясының орта ағысында ежелгі бұлғар-түрік жерінде Қазан хандығы құрылады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Қара теңіздің терістік беті Қиян Дала мен Қырым түбегінде Қырым хандығы бой көтереді.

Еділдің төменгі ағысы Хажы-Тархан хандығы болып бөлінеді.

 Еділ мен Жайық, жем арасындағы ел Ноғай ордасы болып аталады.

Сібірдегі түркі тайпалары Сібір хандығын құрайды.

 Алтын Орданың дəуірлеген заманының өзəнде дербестікке ұмтылған ежелгі Ақ Орда жерінде, қазіргі Қазақстан шегінде Қазақ Ордасы құрлығаны тарихтан аян.

 Сөйтіп жарым жалғанға билік құрған Алтын Орда өзара тəуелсіз жеті бөлікке бөлінеді. Бір ескеретін жайт, бұл кезде татар, башқұрт, ноғай, қазақ деген сияқты ұлттық жік əлі айқын емес еді. Әр хандықта да түркі рулары мен тайпалары мол қоныстанған. Бір текті ұлт болып əлі қалыптаса қоймаған кез еді. Билеушісі ұнамаған рулар бір хандықтан екінші хандыққа көшіп жүрулері жиі кездесетін...

 Діні бір, тегі бір, əдет-ғұрпы ортақ, тілінде болмашы ғана айырма бар туыстас түркі-қыпшақ тайпаларының тек бауырмалдығы кемшін, ауызбіршілігі жеткіліксіз болды. Іргедегі қауіп-қатерді көрмей, өзара бақталасқан қырқысқа бейім тұрды» деп жазады тарихты көп зерттеген ғалым-жазушы Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының əліппесі» атты еңбегінде.

 Жоғарыда Едіге тұқымының өскен тұқым екенін, көптігін айтып өткен едік қой. «...Олар ХҮІ ғасырда билік үшін өзара қым-қиғаш талас-тартыста болғаны байқалады. Бір-бірімен іштей бақастықта, ала ауыздықта еді» – дейді сол еңбектің бір тұсында автор.

 Олардың ішінен нығая бастаған Мəскеу княздігіне жалтақтап, жең ұшынан жалғасып, алыс-беріс жасай бастаған Ысмайыл мырза сияқтылар да өсіп шығады. Сондай-ақ мұсылман хандықтарының ынтымағын, беріктігін сақтап, күш біріктіруге ұмтылғандары да болады. Олардың басында Жүсіп би тұрды. Ол іргелес отырған əрі күннен күнге күшейіп келе жатқан орыс патшалығына қарсы біртұтас беріктік керектігін іштей ұғынады. Сол үшін айналасын туыстық жолмен болса да бекіткісі келеді. Осы мақсатпен Жүсіп мырза жалғыз қызы Сүйінбикені 1533 жылы Қазан ханы – осы хандықтың негізін салушы – Ұлық Мұхаммедтің ұрпағы Жанəлі ханға ұзатады.

 Бұл некеде Сүйінбикенің бағы ашылмаған сыңайлы. Шежірешілердің жазуларына қарағанда, Жанəлі ерік-жігері төмен, ішімдікке үйір, босбелеу, ынжықтау болса керек. Хан ордасындағы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

билік үшін тартыста оның бостығы бек қолайлы еді. Әртүрлі мүддедегі əрқилы топтар əр жаққа тартып, хандықты игеріп ұстай алмаған қалпы, белгісіз жағдайда аңшылықта қаза табады. Хан тағы ұзақ уақыт бос тұрмайды. Қазандықтар Жанəлі ханның жиені, Қырым ханзадасы Сапагерейді хан сайлап алады.

 Сол дəуірдегі дəстүр бойынша, таққа жаңадан отырған хан жесір қалған ханымның əмеңгері болып саналған. Сол салт бойынша Сүйінбике Сапагерейге тұрмысқа шығады. Сүйінбикенің бұл күйеу- жігітке көңілі толып, жүрек қалауын тапқандай бір серпілісті күй кешкені байқалады. Хандықтағы үлкенді-кішілі істерге араласа бастайды. Зерек те сергек зайыбының билікке араласуын Сапагерей де шектемейді.

Амал қанша, Сүйінбикенің бақытты шағы ұзаққа созылмайды.

 Бұл жылдары Алтын Орданың бодандығынан, алым-салық төлеу кіріптарлығынан біржолата құтылған, енді өзін Мəскеу княздігі емес, Руссия деп атай бастаған орыс елінің де күші толысқан кезі еді. Орыс патшалығының тағына Иван Төртінші отырған. Оны халық қаһарлы Иван (Иван Грозный) деп атап кеткен-ді.

 Оның көкірегіне Шығысқа жол ашу үшін күні кеше ғана құдыретті мемлекет құрып отырған түркі тектес қауымды бір-бірлеп талқандап, мəңгілік бұғауға түсіріп, баяғы Византия үлгісіндегі əлемдік империя құрсақ деген дерт жабысады. Ол үшін ең алдымен іргедегі Қазан хандығын талқандаудан бастау керек деп түйген Иван Грозный соның айла-шарғысын ойластырумен болатын.

 Ашық соғыстың үлкен шығынға түсетінін аңдаған Руссия Қазан хандығын іштен ірітуге, іріткі туғызуға көшеді. Хандықтағы əміршілердің ала ауыздығын ушықтырып, зымиян əрекеттермен хандықтың тағына өздерінің айтқандарынан шықпайтын «қуыршақ» ханды қоюды ойластырады. Елінен безген, намыссыз сатқындардың көмегімен игі жақсылардың көздерін бір-бірлеп жояды. Осындай опасыздықтың салдарынан күмəнді жағдайда Сапагерей мерт болады. Осыдан бастап Сүйінбикенің басына айықпас қара бұлт үйіріледі.

 Сапагерейдің Сүйінбикеден бұрынғы ханымдарынан да ұлдары бар еді. Бірақ, Сапагерей өзінің көзі тірісінде Сүйінбикеден туған Өтемісгерейді мирасқорым, тақтың келешек иесі деп танып кеткен екен. Сол себепті үш-төрт жасар Өтемісгерей болашақ хан деп жарияланады да, ол кəмелетке толғанша оның ісін атқарушы (регентша) болып Сүйінбикеге хандықтағы істі басқарып, жүргізуге

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тура келеді. Қазан хандығының билігіне Сүйінбике осылай келген- ді...

 Сүйінбикенің қандай патшайым болғанын біз – бүгінгі ұрпақ қиялымызға қанша ерік берсек те болжай алмаймыз. Өйткені, арада бес ғасыр уақыт жатыр. Оны бұзып-жарып, сол уақыт тынысын дөп басу кім-кімге де оңай емес. Сондықтан біз осыған дейін сол дəуірді зерттеген зерттеушілердің пікірлеріне көбірек сүйенеміз. Әлбетте, бұл еңбектерде дəуір шындығы біршама шынайы көрсетілген деп білеміз.

 Қазан хандығында хандық құрған хандарды, соның ішінде Сүйінбикені арнайы зерттеген ғалымдар баршылық. Олардың арасынан Ризаэтдин Фахретдин мен Һади Атласиды бөліп айтқымыз келеді. Олардың еңбектері, шамамен, осыдан жүз жыл бұрын жарық көрген. Мен бүгінгі сөзімде зерттеуші Һади Атласидың пікіріне көбірек жүгініп, сіздердің назарларыңызға сол зерттеуден үзіктер ұсынғым келеді. Мен танысқан еңбектердің арасында бұл зерттеу нақтылығымен ерекшеленеді. Ғалым «Сөенбикə» деген еңбегін былай деп бастап жазған екен: «...Екі жұрт арасында басталған құдалық Қазандықтар мен Ноғайлар арасын жақындатып, елшілер жүре бастады. Қазан жұрты мен Ноғай жұрты арасындағы жауласу азая түсті. Оны (Сүйінбикені) Қазан халқы жақтыратын...»

 «Жанəлі еріксіз (жігерсіз) хан болғандығы үшін, орыс князінің бұйрығы бойынша іс жүргізіп, оның сөзін екі етпейтін. Сапагерей хан болғаннан кейін, өзінің ұлы жұрттың ханы екенін сезініп, орыс князінің бұйрығымен жүрмей, дербес хандарша жұмыс жүргізетін болды. Бұл жылдар Қазан хандығының ең қуанышты жылдары болып, орыс мойынтұрығынан құтылып, тынышталған кезі еді. Сапагерей ханның өз бетінше хандық құруы, Жанəлі хандай орыс князінің айтқанымен жүрмеуі орыстарға жақпады. Оны өлтіріп тынды...» («Сөенбикə». Қазан, 1914 жыл.)

 Сүйінбике көп уақыт Сапагерейді жоқтап, дауыс салып жылаумен болады. Жоқтаудың сөзін өзі жанынан шығарып, ескі мақаммен зарлап айтады екен. Қазан хандығында бұдан бұрын əйелдердің ондай дауыс салып, зарлап жоқтау айтып жылау дəстүрі болмаған көрінеді. Хан мешітінің имамы Құл-Шəріп бастаған ақсақалдар келіп, тоқтау айтса да Сүйінбике жарының қазасынан кейін көпке дейін өкініш-күйінішін баса алмай, ұзақ уақыт жоқтауын қоймайды. Оның жоқтауы кейбір кездері бірнеше сағатқа созылатын болған. Ол жоқтаулардың кейбір үзіктері ел есінде əлі күнге дейін сақталған.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Оны Қазанның бүгінгі тұрғындары Сүйінбике бəйіттері деп тебіреніспен айтады.

 Татар ғалымы Фатих Урманче Сүйінбикенің жоқтауларының мəтінін жинап, көп зерттеген. Ғалымның «Лиро-эпос татар Среднего Повольжя» деген еңбегінде мынандай жолдар бар: «... По существующему в нашей фольклористике мнению, у Казанских татар надмогильных плачей не было. И их тексты пока что не обнаружены фольклористами. Плачи, особенно причитания невесты сохранились в основном у других мусульманских народов... К тому же если учеств, что Сююмбике была дочерью известного ногайского мурзы, позже (1549) владателя всей Ногайской орды – Иусуф- бека» дей келіп, ерін жоқтауы оның (Сүйінбикенің) қанында бар, ата- бабадан үзілмей келе жатқан дəстүрдің көрінісі деген пікір түйеді. Осы пікірге біз де толықтай қосыламыз. Сүйінбикенің бəйіттері оның тегі мен тамырының біздің халықпен арыдан жалғасып, матасып жатқанының бір дəлелі секілді көрінеді бізге.

 Сүйінбикенің бəйіттерін тебіренбей оқу мүмкін емес. Абай хакім айтқандай:

Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен, Қайғы мен ыза қысқан соң Зар шығады тілімнен, –

 демекші, ері қиянатпен көз жұмған Сүйінбикенің де зар толғауы заңды еді.

 Уақыт өте келе көңілін бекіткен Сүйінбике жылауын азайтып, Сапагерейдің қабірі басына ескерткіш орнатуға ниет етеді. Сапагерей жерленген хандар қорымындағы биік жотаның үстіне көрнекті белгі тұрғызуды қолға алады. Осы бастаған ісі оны қайғыдан сергітіп, жігер бергендей еді. Ол Қазандағы белгілі ұсталарды, тас қалаушыларды жинатып, мұнара тұрғызуды тапсырады. Құрылыстың басы-қасында өзі жүреді, жобасын да өзі болжаммен айтып ұғындырады. Мұнара Қазанның күйдірілген қызыл кірпішінен қаланып, жеті қабат болып өріліп бой көтереді. 1,2,3-қабаттары төрт қырлы, 4,5,6,7-қабаттары сегіз қабат болып келіп, біртіндеп үшкірлене береді. Жетінші қабаттың үстінде тағы бір үшкіл қабат бар. Ол қалайымен қапталады. Басына ай белгісі орнатылады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Мұнара шебер қолдан шыққан берік те бекем ескерткіш болып бой түзейді. Мұнара тұрғызылып біткенде Сүйінбике де иығынан бір ауыр жүк түскендей жеңілденген секілді. Оны бəйіттердегі мына жолдар айғақтайды:

... Хан қабірі үстіне Қондырдым тас мұнара. Дедім: «Өзі өлсе де

Есімі көп жылдарға бара...».

 Сүйінбике əулие екен. Айтқаны айдай келіп, есімдері мен ерекше даңқтары ғасырларды көктей өтіп, бүгінгі күнге жетуі соның дəлелі емес пе?!

 Осы мұнара бүгінде Қазан қаласындағы ең көрнекті тарихи ескерткіш. Әрі Сүйінбике дəуірінен қалған жалғыз жəдігер белгі. Ол бүгінде «Сүйінбике мұнарасы» деп аталады. Жергілікті халық ол туралы ғажайып аңыздар айтады.

 Бастарына бір шырғалаң түскен, Жаратушы иеден тілеу тілеген, жұбаныш іздеген қамкөңіл қыз-келіншектер осы мұнара түбіне келіп, Тəңірге жалбарынатын əдет қалыптасқан, сол сенім əлі де сақталған екен. Сүйінбике мұнарасы жергілікті тұрғындар ұғымында киелі орынға баланады.

 Әңгімеміздің негізгі желісіне қайта оралсақ, Сүйінбике хан тағына отырған соң ері Сапагерейдің ұстанған бағытын жалғастыруды мақсат тұтады. Ол Қазан халқын бейбіт өмірге, мамыражай тіршілікке бастайды. Хан ордасында үлкен кітап қорын жинақтайды. Әрине, ол кезде кітапхана деген термин қалыптаспаған. Орысша түсініктің əсері болар, көне əдебиеттерде «Сүйінбикенің бай книжницасы болған еді», – деп жазады. Ол тағы Қазан қаласының ортасынан «Ғашықтар саябағын» жасауға əрекеттеніп, ағаш отырғызады. Ғашықтар бағын жасауға деген ынтасы оның жасөспірім кезінен бергі арманы екен. Алыс елдерден келген керуендерден түрлі өсімдіктердің, гүлдер мен бұталардың тұқымын алдырып, гүлзарлар жасатады. Қазан демде-ақ құлпырып, көз тартар көрікті де көркем қалаға айналады.

 Жоғарыда аты аталған ғалым-зерттеуші Һади Атласидың біз атап өткен еңбегіндегі мына бір жолдарды ұзақтау болса да келтіргіміз келеді. Бүгінгі ұрпақ – бізге Сүйінбикенің қандай патшайым болғанын тану үшін бұл үзіндінің берер дерегі ерекше деп білемін. Ол былай басталады: «...Сүйінбике өзінің сұлулығымен бүкіл Қазанға даңқты

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

болғаны сияқты, ақылдылығымен де бүкіл хандыққа даңқты еді. Ол өз мүддесі үшін ғана құлшынбай, қайта бүкіл жұрттың мүддесі үшін құлшына жақсылық жасаушы болды. Қазан ұлықтары Сүйінбикеден өздеріне белгіленген сыйларын алатыны сияқты, Қазан халқының орта жəне төменгі тап жіктері де өздеріне лайықты сый-сыяпаттарын қалағандарынша алушы еді.

 Қазанның бұрынғы патшалары хандықтың кейбір таптарын əспеттеп, сый-сыяпаттарын көбіне соларға бағыштайтын да, хандықтың төменгі жіктері, ең кедейлері үлестен құр қалатын. Сүйінбике олай етпеді. Ол ұлықтардың дəрежесіне қарай қазынадан үлес бағыштағаны сияқты, хандықтың орта һəм төменгі дəрежедегілерін де ұмытпай, əрқайсына өзінің несібесінен үлес қалдырды.

 «Жұрттың төменгі жіктегі кісілері Қазан хандығының төрелерінің көбінің есіне кіріп те шықпайтын. Тек, Сүйінбике оларды көңілінен шығармай, оларға көптеген жеңілдіктер көрсетуші еді. Қазан хандығы уақытында оның тағына отырған хандардың көбінің есімі бүгінде ұмыт болса да, Сүйінбикенің есімі ұмытылмады. Оның өзі де көңілде қалғандай еді-ау. Есімі ауыздан түспеді. Оны өз заманының кісілері сағынышпен айтатынындай, соңғы замандарда да сағынышпен айтылып жүретініне бек сенімдімін...

 ...Сүйінбикенің жақсылықтары Қазан халқына күн нұрындай сəуле шашатын. Сол нұр сəуледен əр адамға шуақ құйылатын, бай- кедей демейтін жақсылықтан үлес бұйыратын еді...

 Ол (Сүйінбике) осылай ойлап, солай істеу үшін бар күш- жігерін жұмсаса да, Қазандықтар оны нақты тани алмады, қадірлей алмады. Міне, осының салдарынан Сүйінбике орыстардың қолына тұтқын болып кете барды. Ең өкініштісі, Қазан хандығы өздері үшін ең қажет, теңдессіз бір басшысынан айрылды. Көп жеңіл ойлыларға Сүйінбикенің тұтқындалуы əйтеуір бір шүйкебас əйелдің тұтқындалуы секілді көрінгенімен, шындап қарасақ, бұл тұтас бір хандықтың, бір халықтың тұтқындалуының басы еді. Сүйінбикенің кім екенін Қазан тұрғындары бағамдай білмегенмен орыстар өте жақсы білген еді, оның қандай көреген екеніне анық көздері жеткен. Сүйінбике қаһарлы Иванның жауы болғаны сияқты Иван да Сүйінбикенің жауы еді. Сапагерей ханның кезінде Русияға оқтын- оқтын шабуыл жасауында, сонымен бірге Русияның қол астына өтіп кете жаздап тұрған Қазан хандығын дербес хандық етіп ұстап тұра алуында Сүйінбикенің бек зор ықпалы барын қаһарлы Иван жақсы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

түсінген. Содықтан оны өзіне бітіспес жау санаған» – деп жазады Һади Атласи.

 «...1549 жылдың күзінде орыстар Қазанға шабуыл жасауға нақты бекінеді. Сүйінбике үшін бұл жыл ең қайғылы жыл болды. Ерінің қазасы, баласының жастығы жəне əкесі мен туған-туыстарының бұдан қол үзуі оны шектен тыс қапаландырған еді. Қарашада Мəскеуден аттанған қаһарлы Иван əскері ақпанда (1550) Қазан іргесіне жетеді. Қазанды қаһарлы Иван он бір күн қоршап тұрғанымен, ала алмайды. Сүйінбикеге сырттан ешқандай көмек болмады. Тек жарылқаушы Тəңірі ғана оны қорғансыз тастамады. Қыс ортасында жаңбыр жауып, бұл да орыстарға бөгет болды. Осылай табиғаттың өзі орыстарға сəтсіздік тудырды. Одан кейін аса күшті боран соғып, қарлы боранның борауы оларды тіпті шошытады. Ауа райы кенеттен күрт жылынып, қар еріп, жылға-жылғаға су тола бастайды. Аяқ алып жүргісіз жағдай туады. Осының бəрі қаһарлы Иванның жүйкесін қажайды. Сонымен ол ақпанның 25 күні қоршауды тастап шегінеді. Ол Еділ дария арқылы Зоя жылғасының сағасына шыққан еді. Сол шақта оның басына сұмдық қатерлі ой келеді. Ол азып-тозған əскерін жөнге келітіріп, тəубаларына түсіріп, ширатып, рухтарын көтеру үшін Зоя сағасының бойына дереу шіркеу салуға бұйырады. Сəл ойланып барып, тек шіркеу ғана емес, шағын шаһар салуға көңілі кетеді.

 Зоя жылғасының сағасынан қала салуға шындап ынтыққандықтан қаһарлы Иван 1551 жылдың жазының кірісінде Зояға тың əскер келтіртеді. Құрылысқа қажет ағашты Оғлыш орманынан дайындатады. Сол жазда Зоя қалашығы салынып та болады.

 Зоя қаласының салынуы Қазан хандығын құлату үшін орыстарға мықты тірек болды. Зояның бой көтеруі Қазандықтарды шындап шошындырды. Қазан ұлықтары бас қосып, қаһарлы Иван əскерінен қалай қорғану жөнінде келісе бастады. Орыстардың Қазан хандығының ортасын ойып орналасуы Сүйінбикені тіпті үрейлендірді. Ол Қазанды қорғауды нығайтуға бұйырып, жан- жақтан əскер жиюға кірісті. Әскер жия алмаған жағдайда ерікті адамдардан əскер жалдауға, оған қажет қаражатты өз қазынасынан беруге бекінді.

 Зоя қалашығы тұрғанда Қазанның орыстарға өтіп кетуі аян екендігін түсінген Сүйінбике оларды қаладан қуып шығуға ақтық күші болса да жұмсап, соғысуға бекінді. Қазанның қорғанысын нығайтуға, əскер жинауға бұйрық беруі, жетпегенін өз қаражатына

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жалдап алуға оқталуы – бəрі-бəрі Қазанды, хандықты сақтап қалу үшін істеген əрекеті еді.

 Сүйінбике солай ойлағанымен Қазан халқы олай істемеді. Сүйінбикенің бұйрығын қабылдаған жалғыз-ақ кісі болды. Ол – Қощақ оғлан еді. Қощақ оғлан Қырымдықтар мен Қазандықтардан жиырма мың əскер жинап, сол күшпен соғысуға бекінеді. Бірақ, бұл орыс əскерімен салыстырғанда тым аз күш еді. Әрі орыс əскерінің мылтық, зеңбірек секілді от қарулары болды», – дейді Һади Атласи аталған еңбегінде.

 «...Әйтсе де Қазанды қорғау – үмітсіздің ісі емес еді, – деп жазады Мұхтар Мағауин, – тек көмек қажетті мезгілде жетіп үлгермеді».

 Қазан хандығы осылай құлайды. Оны қорғаушылар тегіс шейіт болып, тірі қалғандары тұтқынға алынып, Мəскеуге жөнелтіледі. Тұтқын болып Сүйінбике мен оның ұлы Өтемісгерей де аттандырылады. Ол жақта Сүйінбикені өз басы көп қорлық, зəбір көреді. Бірақ тəкаппар жанның рухы сынбайды, қаһарлы Иван алдында басын имейді, еңсесін тік ұстайды. Енді олар Сүйінбикені жазалаудың тағы бір амалын ойлап табады. Өтемісгерейді христиан дініне енгізіп, шоқындырып, шіркеуде мойнына крест тағып, Александр деген ат береді. Бұл – оны ата салтымен күндердің күнінде, Қазан хандығы қайтадан бас көтере қалған жағдайда хан тағына отыру мүмкіндігінен біржолата айыру үшін алдын-ала жасалған тосқауыл еді. Христиан дініндегі адамның мұсылман мемлекетіне хан бола алмайтыны белгілі. Алайда, Руссия патшасы «жау бөлтірігінің тірісінен өлісі қауіпсіз» деп тапса керек, Өтемісгерейді жастай өлтірткізіп жібереді. Сүйінбикенің бəйіттерінде мынадай жолдар бар:

Ғаріп балам Өтəмеш Алты жасқа енді жеттің, Пəни дүниəдан өттің, Сөйтіп менің

Бір қайғымды кеміттің,

деп зар төгеді.

 Сүйінбикенің осы бəйіті туралы жоғарыда аты аталған зерттеуші ғалым Фатих Урманче былай деп жазады: «Мать оставшаяся в Москве в плену в совершенном одиночестве, выражает какую-то удовлетворенность в связи со смертью единственного сына. Однако,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

это мысль только на первый взгляд кажется странной. На самом же деле она имеет довольно глубокий смысл...»

 Иə, оның мəнісі тереңде жатыр еді. Сүйінбикедей нағыз мұсылман əйелі үшін баласының шоқынғаны ауыр жаза болды. Ал, осы қайғыны өмір бойы көтеріп жүру баласы үшін де азаптың азабы екенін бүкіл жан дүниесімен ұғынған ана перзентінің содан азат болғанына іштей жеңілдеп, «бір қайғым кеміді» демеске лажы жоқтай. Фатих Урманче де осыны тап басып, тұспалдап айтып отырғандай көрінеді бізге.

 Осы арада сіздердің назарларыңызды тарихқа аударуды жөн көрдік:

 «ХҮІ ғасырдың соңына қарай Жайық бойындағы Ноғайлы жұрты рулы елімен, іргелі жерімен қоса Қазақ Ордасының құрамына енген. Еділдегі Ноғайлының қонысынан ауған қаншама халқы да, сол заманның тілімен айтқанда, қазақ шыққан, яғни өздерін қазақпыз деп жариялап, олар да Қазақ Ордасына құйылған...», – деп жазады Мұхтар Мағауин жоғарыда аталған еңбегінде.

 Ескі қоныста қалған, орыс бодандығын таныған, соған қызмет жасаған Ноғайлының биі Ысмайыл өзінің Иван төртінші патшаға

– Иван Грозныйға жазған бір хатында былай дейді: «Менің ағам Жүсіпке қарасты жұрттың көпшілігі қазақтарға ауып кетті, енді менің өзіммен жауласа бастады, жағдайым өте ауыр», – деген мағынада. Бұл хат мəтіні «История Казахстана в русских источниках ХҮІ – ХХ веков» деген көптомдықтан алынып отыр.

 Бүгінде 550 жылдығы аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының құрылуы, қазақ ұлысының ұлт болып қалыптасуы барысында Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғайлы сияқты кезеңдерді басынан өткергені тарихтан мəлім. Қазақ хандығының құрылуымен Қазақстанның жеке тарихы басталады десек те, Қазақ хандығы деп аталатын жас мемлекеттің құрамына енген ноғайлы руларын тарихтан сызып, бөліп тастай алмайтынымыз тағы рас қой. Сол себепті қазіргі қазақ пен ноғай еліне ортақ тұлғаларды қалайша шет көрмекпіз. Сондықтан да Ноғайлы дəуірінің танымал өкілдерін, ойшылдарын: Сыпыра жырауды, Асан қайғыны, Қазтуғанды, Шалкиізді, Доспамбетті қазақ ақын-жыраулары десек, Сүйінбике де түбі бір қандас, қарындас болып шықпай ма?!

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Сүйінбикенің бір бəйітінде мынандай жолдар бар:

Мың да бес жүз он бесте Келіппін мынау өмірге...

Сүйінбике атым да, затым ноғай, Қайда енді дəуренім?

Сұлу шашым, нұрлы жүзім Таппай сені əуремін, –

деп мұңын шертеді. Бұл – ұзақ тоғаудан алынған бір ғана үзік.

Аударған – ақын Аян Нысаналин.

 Сүйінбикені біз Қазан хандығының дербестігін, тəуелсіздігін сақтау жолында азаттыққа ұмтылған, тəуекелі тұрып, Иван Грозный сынды қанқұйлы патшамен соғысуға бел буған қайсар да ұлы тұлға деп танимыз.

 Сүйінбик туралы білгенімізден білмегеніміз көп болған соң дерек жинау мақсатында 2012 жылы Қазан қаласына арнайы барған сапарымыз жайлы айта кеткім келеді. Сол сапардағы біздің басты іздегеніміз – əлі күнге дейін ел аузында сақталған Сүйінбикенің бəйіттерін жинау, оның тағдырымен терең танысу еді. Бұл сапарда біз осы ойлаған мақсатымызға жеткендейміз.

 Алғашқы бас сұққан мекемеміз – Татарстан Ғылым Академиясының Ғалымжан Ибрагимов атындағы Тіл, əдебиет жəне өнер институты болды. Директоры Минуллин Ким Мұғаллимұлы деген зиялы азамат екен, жылы шыраймен қарсы алды. Біз Сүйінбике жайлы деректер мен оның бəйіттерін іздеп жүргенімізді түсіндірген соң, бізді ауыз əдебиеті бөліміне жіберді. Бұл бөлімде біз Айсылу Садыйқова, Зафер Гамиев, Фатых Урманче сынды белгілі ғалымдармен жүздесіп, танысып, аз уақытта біраз сұрақтарымызға жауап тапқандай əсерде болдық. Осы институтта татар ауыз əдебиетінің мол мұраларын жинақтаған «Халық ижаты» («Халық жырлары») көптомдығының бірінен оған кірген Сүйінбикенің кейбір бəйіттерінің көшірмесін алдық. Ғалым, зерттеуші Айсылу Садыйқова бізге «Сөембикə» журналына баруға кеңес берді, əрі осы журналдың қасында Сүйінбике мұраларын жинап отырған алқа барын да айтып, мекен-жайының қайда екенін тауып бергені.

 «Сөембикə» журналының редакциясы бізді үлкен іждаһатпен қарсы алды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Мен ұзақ жыл «Қазақстан əйелдері» журналында қызмет жасаған едім. Сол уақытта біз Одақтас Республикалар дейтін КСРО-ның құрамындағы əр ұлттың əйелдер журналдарын жаздырып алып тұратынбыз. Ол кезде Татарстанның əйелдер журналы «Азат қатын» деп аталатын. 1991 жылдары коммунистік партия тараған тұста олар журналдарының атын «Сөембикə» деп өзгертіп алған екен. Екі жағымыз да көптен қол үзіп, көз жазып қалған туысқанымызды қайта тауып, қауышқандай əсерде болдық. Әңгімеге өзек болар ортақ жайлар көп еді. Бұл журнал ұжымы бір ғылыми зерттеу институтының жұмысын атқарып отырғандай көрінді бізге.

 Сүйінбикенің бəйіттерін жинап, əлсін-əлсін журналдарында жариялап отырады екен. Сонымен қатар, Сүйінбикенің дəуірі, жеке өмірі жайлы тың зерттеулерді де жинақтап, кітап та шығаратын көрінеді. Сүйінбике жайлы жазылған көркем шығармалар да, өлең- жырлар да осы арада жинақталған. Көкейіміздегі көп сауалдардың жауабына осы арада қаныққандай болдық.

 «Сөембикə» журналындағы əріптестеріміздің Сүйінбике патшайымның есімін ел жадында ұзақ сақталу жолында атқарып отырған істері бізді қатты ойға қалдырғаны анық. Кісі қызыққандай тірлік.

 Осы арада біз Сүйінбикенің суретшілер салған кескіндерімен де таныстық. Бізге ерекше ұнағаны Бақый Урманченің жасаған жұмысы болды. Сондай-ақ Камил Муллашевтің «Сүйінбике ханбике» деп аталатын суреті де ерекше əсерге бөледі. Әрі Камил аға Муллашев Қазақстандық суретші екенін білген соң көңіліміз одан сайын марқайып қалды.

 Қазан сапарында көңілімізді алаңдатқан тағы бір жайды сіздермен бөліскіміз келеді. Қазан қаласында Сүйінбикенің өзі Сапагерей қабірінің басына тұрғызған мұнарадан басқа бірде бір ескерткіш белгінің жоқтығы көңілімізді жүдетті. Не көше, не мектеп, не елді мекен атауы берілмеген. Тек əйелдер журналының атауынан басқа... Осы түйткілді ойға жауап іздеген бізге Һади Атласидің «Сөембикəнің тұтқындалуы бір халықтың, тұтас бір ұлттың тұтқындалуы» деген сөзінде үлкен көрегенділік жатқандай көрінеді.

 Көрегенділік демекші, Сүйінбике бəйіттерін зерттеген ғалым Ф.Урманче «Лиро-эпос татар Среднего Повольжя» деген еңбегінің Сүйінбикеге арналған тарауын былай деп аяқтайды:

 «Сүйінбике өзінің сүйікті жары Сапагерейді жоқтаған бəйіттерінде бір емес бірнеше мəрте Қазандықтарға, тек

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қазандықтарға ғана емес, барша Еуразия мұсылмандарына алдағы қауіпті айтып ескертті ғой. Орыс империясының басқыншылығы тек Қазанды шабумен шектелмейтінін, өзінің басына түскен ахуалдың, бұл – алдағы уақытта мұсылман елдері мен халқының да көретін зобалаңы екенін зарлап айтты емес пе?! Біра, оған құлақ асқан кім бар? Біздің бүгінгі терең қынжылысымызға орай, Қазанның соңғы патшайымының сөзінде үлкен көрегендік, ащы шындық жатқанын енді мойындамасқа лаж жоқ».

Федерацияның құрамында отырғандықтан Сүйінбике турасында

«орыс патшасына қарсы соғысқан» деген қатып қалған ұғымынан тайсақтап, елдік жадылары бодандықтан əлі шыға алмай отырғандай ой тастайды. Сүйінбикенің 500 жылдығы таяу екен ғой деген сөзімізге «біз оны тойлай алар ма екенбіз», – дегендей, күмілжіген жауап қатты біз пікірлескен зиялы қауым өкілдері. Сонда біз іштей

«тəубе» дедік. Тəуелсіздікке қол жеткізген елдің өкілі екенімізді терең сезініп, бақытты күй кештік. «Ал, біздің ел не істей алар екен?» деген сауал да оралды көкейімізге.

 Сүйінбикенің бəйіттерін жинап, Сүйінбикенің Сапагерей қайтқан кездегі жоқтауын, Мəскеуге тұтқын етіп əкетіп бара жатқандағы хан қабіріне барып, оның рухымен қоштасуын жеке-жеке көркем тілмен аударып, Сүйінбикенің зары немесе зар-толғауы деген атпен ауыз əдебиеті нұсқаларына қосуға неге болмасын?! Ол біздің ауыз əдебиеті мұраларын байыта түсері сөзсіз.

 Әрине, біз Сүйінбикенің бəйіттері поэзияның інжу-маржанына жатады дей алмаймыз. Бірақ оның сол дəуірдегі тарихи жағдайлармен қабат өріліп, оларға бір ғасырдың тұтастай тыныс-тіршілігі өзек болып жатқаны шындық қой.

 Мəскеуге тұтқын болып əкетілген Сүйінбике көп жапа шегіп, озбырлық көреді. Баласын қолынан тартып алып, бөлек ұстайды. Ақыры оның да көзін жояды. Әкесі Жүсіп би орыс патшасына:

«Қызымды қайтар, əйтпесе Мəскеуді шабамын» деп, елші артынан елші аттандырумен болады. Иван Грозный бұл уақытта Жүсіптің қолында Мəскеуді шабарлықтай күштің жоғын жақсы білген. Бірақ мұсылман хандықтарының бас көтеруінен сескеніп, əрі Сүйінбикені өлтіріп, тарих алдында қарабет атанғысы келмей, оны Шахəліге сыйға тартады. Қаһарлы Иван Сүйінбикенің ажалы түбінде Шахəліден болатынын алдын ала болжағандай.

 Орыстардың Қазанды алуына жəрдемдескен, халқын сатқан Шахəліні орыс патшасы Рязань губерниясындағы тағы бір

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

мұсылман хандығы – Қасымов хандығының тағына қуыршақ хан етіп отырғызады. Сүйінбикені соған беріп жіберіп, өзі жақсы атты болып, Жүсіп биге: «Қызың дін аман. Қасымов ханына ұзаттым»,– деп жауап хат жібереді.

 Алайда, Сүйінбике халқының қарғысына ұшыраған Шахəліні өзіне теңгермейді. Бойын одан аулақ ұстайды, көңілін бөлмейді. Шахəлі күш қолданып, бетін тілгілеп, көп зəбір көрсетеді. Сүйінбике енді өзін бұдан құтқаратын күштің жоғын əбден білсе керек. Өйткені, бұл уақытта Ноғай ордасы да Ресейдің қол астына өтіп кеткен болатын. Оның əміршісі болып өмір бойы Жүсіп бимен бақталасып, орыстарға жағынумен билікке қолы жеткен Ысмайыл мырза отырған. Қазан хандығы да бас көтере алмастай жаншылып, байлығы талан-таражға түскен еді. Осы қайғыны көтере алмаған Сүйінбикедей ерекше жаратылыс иесі енді артымда алаңдайтындай не қалды дегендей өмірден түңіліп кетсе керек-ті. Ол 1557 жылы Қасымов хандығындағы мешіттің мұнарасынан құлап, төркін жұрағаты Ноғай Ордасынан да, өзі жастай келін болып түскен, ерекше бауыр басқан жұрты – Қазаннан да жырақта опат болады. Азаттыққа ұмтылған ғазиз жаны осылайша жай табады.

 Біз бұл жолы Рязань губерниясындағы Қасымов қаласына бара алмадық. Тəңір қолдап, тағдыр жазып, дəм тартса, алдағы уақытта бір барып, басына тəу етіп қайту ойымызда бар.

 Қазан сапарынан ауыр оймен оралдық. Сүйінбике патшайымның туғанына 500 жыл толуына орай қандай шара жасай аламыз деген тынымсыз ой мазалады. Қазанға бірге барған сапарласым, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ақын Жанат Әскербекқызы екеуміз келген соң Астана қаласының əкімдігіне, əкімшілік жанындағы ономастикалық комиссияға астана қаласынан Сүйінбикенің атына бір көше беруін сұрап, өтінішпен ұсыныс хат түсірдік. Қалалық ономастикалық комиссия оң шешім шығарып, Республикалық ономастикалық комиссияға жолдаған. Сол құзырлы орынның жауабын күтудеміз. Ел ағалары, зиялы қауым өкілдері, Сіздерден осы ұсынысты қолдауды өтініп сұраймыз.

 «Егер де Сүйінбике атына көше берілер болса, сол көшенің бойына оңтайлы жерге Сүйінбикеге ескерткіш орнатсақ» деген суретші Камил Муллашев бастаған ынталы топ бар. Оған керек қаражатты Татарстан жағы көтеруге пейілді көрінеді. Астана мен Алматыда немесе облыс орталықтарында ашылып жатқан жас саябақтардың біріне Сүйінбикенің аты берілсе деген де ұсынысымыз бар.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

ХАНЫМДАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ЖƏНЕ САЯСИ ӨМІРДЕГІ ОРНЫ

 Еуразия тарихындағы төре билігіне қатысты ауызша жəне жазбаша деректерде ханымдардың ерекше орыны атап көрсетіледі. Бұл əсіресе Алтын орда (Ұлығ ұлыс) кезеңіне қатысты тарихи құжаттарда орын алады. Көшпелілердің соңғы империясының билеушілері өткізген саяси кеңестер мен ресми құжаттардың жазылуына қашанда ханымдардың қатысы барлығы деректерденайқындалады. Сол сияқты XVIII ғ. қазақ тарихына қатысты құжаттардың көбi қара халықтан гөрi төре тұқымының, яғни хандар мен сұлтандар өмiрiне қатысты мəлiметтердi көбiрек бередi. Бұл əрине Ресей мен Қазақ Ордасының, немесе Қытай мен Қазақ Ордасының арасындағы қарым-қатынаста қазақ елiмен түбегейлi жақындық, зерттеу, бiлу емес, саяси аңдысудың, тамыр басудың үстем жүргендiгiнiң көрiнiсi. 1731 жылы бодандық туралы алғашқы қабылданған құжаттарда

«Император қамқорлығынан ада қалмайық, жауларымыздан қауiп күтпейiк» деген сияқты тиянақты пiкiрлермен қоса Әбiлқайыр бəйбiшесi Бопай қолын кездестiремiз. Ресейдiң императрицасына Бопай ханым өз атынан 10 түлкi терiсiн сыйға тартқан. Әз Тəуке, Әбiлмəмбет пен Абылай хандарға байланысты жазылған көптеген архив құжаттарында ешқашан əйел атын кездестiрмесек те, Әбiлқайыр маңындағы оқиғалардан Бопай ханымның белсендi əрекеттерi көрiнiп тұрады. Соның iшiнде Қ.Тевкелевтi қарсы алу, қарсы жақпен күрес, ел кеңестерi бəрi де бар. Көптеген қатынас қағаздардан Бопай ханымның Қ.Тевкелевке қазақ мəселесiн талдап жеткiзiп отырғанын байқаймыз. Бопай ханым елшiнi қайынаға деп атауы да өтiмдiлiктiң белгiсi болса керек.

 1740 жылы Бопай ханым Ресей астанасына барып Анна патшаға жолықпақ ниетте болды. Бұл тақырыпта құпия кеңесшi Қ.Тевкелевтiң үкiметке жазған хабарламасы бар. Атақты Ор кездесуiнде генерал- лейтенант В.Урусов Нұралы мен Ералы сұлтандардан ханымның

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қай уақытта астанаға бармақ ойы бар екенiн бiлiп жəне Орынбор үкiметiнiң өз тарапынан қосымша дайындық жасап жатқанын хабар еттi. 1740 жылы қыста бұл келiсiм өз жалғасын таба қойған жоқ, сонымен Бопай ханымның нақты жоспары iске аспады деп жобалауға болады.

 1748 жылы Бопай ханымды хан ордасындағы қабырғалы кеңестен көремiз. Ханым ел басшыларының бетiне Кiшi жүз бен Ресей арасындағы ренiш алдымен елдiң бəтуəсiз мiнезiнен, ханды қəдiрлей бiлмейтiн қасиетiнен, хан тiлiн алмайтын, өз бетiмен жайылып жүретiн тұрақсыздығынан деп қатты екпiнмен айтады.

«Ресейге бодандықтың арқасында ел аздап болса да тыныштық көре бастады, iргеде найзасын төсеп тұрған жау жоқ, қаласы салынып, саудасы жүрiп тұр. Хан болса осы қазақтың амандығы үшiн деп баласын орысқа аманатқа бердi, кiм бауырындығы баласын қиып бөтен жұртқа бередi» деп қазақты қатты сөгiп, бiр жағы ақыл айтып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығару керектiгiн басалқы сөзбен бiлдiрдi [1, 390].

 Қазақ хандарының шежіре деректерінде тектілік мəселесі ерекше орын алады. Оның бір мысалы Есім хан мен Тұрсын ханның заманында жаугершілікте қолға түскен қыздардың тағдыры туралы аңыз əңгімелер. Шəкəрім Құдайбердіұлы «біздің аналарымыз Қатаған ханы хан Тұрсынның қызы екен» дейді. Есім хан Қатағанды шапқанда, хан Тұрсынды өлтіргенде қырық қыз олжаға түскен. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы ол қыздардың олртасында екеуі ғана Тұрсын ханның қызы еді дейді: «біреуін Еңсегей бойлы Ер Есімнің өзі олжаға алып, біреуін «Сары жетім Шақшақ» атанған Шақшақ батыр олжалап алып, баласы Қошқар батырға қосқан. Онан туған Өр Жəнібек. Дəулетбике деген қызды Алтай-Тоқаның Тоқасы алған. Ол қыздан туған балалардың аты – Айыт, Қожабарған, Сатыпалды.

 Нұрбике деген қызды Шаншар тоқалдыққа алған. Мұнан туған балалардың аты: Тілеуке, Бертіс. Оразбике, Қоңырбике деген екі қыздың біреуін Бөйбөрі алған. Онан туған балалардың аты Қойке. Жəне Байбөрінің Қырырəлі, Кедей деген балалары болған.

«Қыдырəлі, Кедейміз, Қойке келсе не дейміз?» деседі екен. Бұл екеуі Қойкемен бір туыса ма, жоқ, енелері басқа ма, ол жерін айырып біле алмадым».

 Тұрсын ханның қыздары туралы Есім заманындағы тарихы əңгімлердің көпшілігінде бар. Мəшһүр қолға түскен қыздардың ішінде тек екеуі ғана Тұрсын ханның қыздары еді дейді. Осы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ханшалардың жанында жүрген өзге қыздарды жорыққа қатысқан батырлар мен билер бөліп алған.

 Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы жаугершілікті баяндаған шежіренің толық нұсқасында Мəшһүр қазақтың көне атауларын жиі қолданып, мəтіннің соңына қарай мынадай анықтама береді:

«Бұрыңғы заманда «хан», «хан ием», «ханым», «ханша» делінуші еді. Бұл заманда қоян көрсе қорқатытындарды «батыр», «хан» дейтұғын болды. Шүберек қылып кигізіп «ханым» делінеді. Мес мойынды қыздарды «ханша» дейтұғын болды. Ешкіні апа, текені жезде дейтұғын заман болды. «Бике», «Бикеш» -бұрыңғының қыздарына айтылатұғын тілі. Бұл зманда «би», «биеке», «бибі» атына қалды. Өз үйіндегі аты сол болса, бір жерге келген соң

«келін», «келіншек» атымен жүреді. Оң жақта «күйеу», үйге келіп орнаған соң «байы» делінетұғын болды. Оң жақта «қалыңдық» аты, үйге келген соң «қатын» атанады» [2, 10 т, 256 ].

 Ел ынтымағы туралы сөз болғанда «Абылай аспас арқаның Сарыбелi» деген əңгiме еске түседi. М.Ж.Көпейұлының айтуынша Абылай хан бiр өкпе кекке байланысты қаракесектен Жанай, төртуылдан Ботақан деген адамдарды ұстатып «екеуiн де көрге тiрiдей салғызып, үйiне келедi. Ханымы айтты: Төре, көп кешiгiп қалдыңыз, қайдан келдiңiз? дейдi. Сонда Абылай – Ботақанды тiрiдей көрге салдырып келдiм, – дейдi. Ханымы сонда айтты дейдi: – Бұл Орта жүзден бiзге дəм бұйырмаған екен. Шығарыңыз көрден Ботақан мен Жанайды» деп [2, 9 т, 55]. Қазақтың тарихи шежiресiнен алынып отырған бұл оқиға елдiң iшкi шаруасына ханымдары араласатындығын көрсетедi. Оған негiзгi себептiң өзi беделдi деген хандардың қолдау iздеп күштi рулардан, елдерден əйел алуы. Ш.Уəлиханов Абылайдың 12 əйел алғанын, олардың қай екенiн анықтай жазады. «Ханның бiрiншi əйелi – төре қызы, екiншiсi

  • қарақалпақ, үшiншiсi – қашқарлық, төртiншiсi – қожа, бесiншi
  • алтыншы əйелдерi қалмақ нояндарының қыздары, жетiншiсi – қырғыз, қалған бесеуi түгел қалмақ елiнен». Шежiре бойынша Абылай ханның артында 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ төрелерiнiң iшiнде осы шамалы ұрпақ қалдырған адамдар аз емес, мысалы Кіші жүзде Әбілқайыр баласы Нұралы ханның бала-шағасының саны одан да көбірек, тек Абылай сияқты əйелдiң бəрiн сырттан алғаны сирек.

 Бопай ханымның да, Абылайдың ханымының да ел билiгiне араласуы тек өз бастарының асыл қасиеттерiне ғана байланысты

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

емес. Көшпелi патриархалды қоғамда əйел ер адамнан төмен тұрады. Мұның ең сенiмдi дəлелi əдет-ғұрып заңдары, соның iшiнде құнға байланысты ережелер. Егер ер адамның құны 100 жылқы болып бағаланса, əйел адамдiкi 50 жылқы. Қазақ əйелi əлеуметтiк белсендi орынға ие болуы оның отбасындағы статусына байланысты. Негiзгi шарт ұлдарының болуы.

 Бопай ханымның ұлдары: Нұралы, Ералы, Қожақмет, Айшуақ, Әдiл Кiшi жүзде хан билiгiн жалғастырған мұрагерлер. Олай болмағанда капитан Н.Рычков «қазақтар ылғи да Хан əйелдерiне аз iлтипат көрсетедi, əсiресе бiрдеңеге ашуланып тұрған сəтiнде ханымдардың көзiнше балағат сөздер айтып, ұратын адамдарына қол жұмсай бередi. Нұралының ханымы бiр қалмақтың қызына ара түсем деп кейiннен қазақтарға айып төлеген», – деп жазады.

 Қазақ хандарына қатысты айтыла кетер тағы бiр жайт олардың эндогамды некелік тəртiбi. Төрелер мен қожалар негізінен жабық қауым құрады. Сол себептен жəне саяси қалыптасқан қарым- қатынастар тəртiбiне, мұддеге орайлас неке түзу өз iштерiнде. 1730 жылдан бастап Кiшi жүздегi шиеленiскен бақталастықтың ортасында жұрген Әбiлқайыр мен Қайып балалары тығыз неке арластығында. Батыр сұлтан Әбiлқайырдың қарындасына үйленген, Батырдың баласы Қарабас сұлтан ол да Әбiлқайырға күйеу бала, Батырдың тағы бiр баласы Бөрi сұлтан (ол қарақалпақ қолынан 1763 жылы қаза тапқан) Абылайдың қызын алған. Батырдың Хиуда хан болатын Қайып деген баласы Қырық сан Барақ сұлтанның қызын алған, Барақтың туысы Көшек хан Нұралы ханның қайын атасы болса, Орта жүздiң белгiлi сұлтаны əбiлпейiз Нұралы ханға күйеу бала, Айшуақ сұлтанның əйелi Батырдың кiшi қызы, 1761 жылы үйленген. Соныменен қазақтың сұлтандары бiр-бiрiне туыс. Төрелердiң iшiнде жетi атаға толғанша үйленбейтiн қазақ салты жоқ.

 Қазақ отбасындағы əйел жағдайы тым төмен, қадiрсiз деп суреттеу үстiрт болмақ. Әрине, қазақ əйелi тұрмыстың негiзгi ауыртпалығын, шаруаның көбiн атқарады. Фальк XVIII ғасырдағы қазақ əйелi туралы «күнделiктi бала күту, тамақ пiсiру, кiр жуудан басқа, отын жинау, ағаш, қамыс, қараған, тезек, жапа, т.б. жұн тұтiп, иiру, тоқу, кигiз басу т.б. терiнi илеу, бояу, кигiз үйдiң туырлығын, үзiгiн басу, жылқыны, түйенi, сиырды, қойды сауу, iрiмшiк, май, қымыз дайындау, сiңiрден тарамыс, терiден ыдыс – торсық пен саба тiгу, ел көшкенде үй жығып, қайта құру, сабын қайнату т.б. толып жатқан шаруа əйел мойынында» деп жазады [4, I, 161]. Сонымен

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

бiрге əйелдер арасында тек қана үй шаруашылығымен қатар сиректе болса əр түрлi қоғамдық шаруаларға ат салысу əдетi бар. 1740 жылы Ор кездесуiне қазақ əйелдерi де қатысқан. Соның бiрi Орта жүздiң өкiлдерiмен келген ана. Ол В.Урусовқа жолығып өзiнiң Едiл қалмақтарының қолында жатқан ұлын босатуды сұрайды. Бəйбiше ұлын тезiрек босата ма деп айырбасқа бiр қалмақты ала келген. Ананың бел буып сондай iрi мəжiлiске баруы қазақ көшпелi қоғамында əйел адамның əлеумет iсiне араласу мүмкiндiгiн көрсетсе керек.

 Көшпелiлер арасынан, соның iшiнде билеушiлер тарапынан неке қарым-қатынастары əр түрлi болатынын бiлемiз. Неке, соның iшiнде сұйек жаңғырту т.б. алдыменен əлеуметтiк байланыс шарты, одақ кепiлi, саяси қадам. 1730 жылы Хиуада хандық құрған Елбарыс қазақ төрелерiнен, оның қызы Ералы сұлтанға айттырылған. 1740 жылы Нəдiр шаh Елбарысты өлтiрген уақытта оның от басы тұтас парсы қолына тұстi. 1732 жылы көктемiнде Әбiлқайыр Арал ханы Шатемiрге немере туысының қызын ұзатты. Оны Нұралы апарып салып, аралдықтармен бiрге Хиуаға қарсы соғыспақ болып келдi. Яғни, отбасынан туындайтын қарым-қатынастар кейде ел мен елдiң арасындағы дəнекер, немесе арасын ашатын құрал.

 Көшпелiлердiң салтында мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттейтін өз ара аманатты от басымен бірге алады. 1743 жылы Жоңғарияға Әбiлпейiз сұлтан от басымен, төлеңгiттерiмен көшiп барды, одан кейiн Шығай сұлтан да отбасын түгел алып барды. 1749 жылы Барақ қарақалпақтың басшы азаматтарының он отбасын аманатқа алды. Абылай хан қырғыздан бiрнеше рет манаптарының балаларын отбасымен аманатқа алды. Аманат екi елдiң арасын қосатын дəнекер де болып табылады, сонымен қатар аманатты үйлендiрiп болашақ қарым-қатынастарға негiз жасау бар. 1741-1743 жылдары Абылай бiр деректерде қалдан Сереннiң туысы Хочу Мергеннiң қызына, бiр деректерде Кенжесарттың қызына үйленген. Абылай мен Малайсарыны ұйғырдың екi қызына үйлендiрген Қалдан Серен. Бертiн келе əр деректерден қайын атасы Кенжесарттың Қытайда болғанын жəне сол жақтан Абылаймен хабарласып отырғанын көремiз.

 Қазақ өзiнiң отбасын қатты қадiрлейдi «өзiмнiң үйiм – өзiме мешiт» деген сөз де қазақтың ұғымына сəйкес. қазақи тəртiп бойынша «құдайы қонақпын, бөлiнбеген еншi, мүжiлмеген омыртқа» бар деген адамды үйден қайта шығармайды. 1747 жылы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Әбiлқайыр мен И.Неплюевтiң шиеленiсi кезiнде қыпшақ ұлысына казак Мансуров келедi. Оның мақсаты Шақшақ Жəнiбекке жолығып хат тапсыру. Тiлеулi бидiң үйiнде жатқан кезiнде Мансуровтың үстiнен Әбiлқайырдың жақтастары тура түстi. Оны ұстап алып ханға апарып бермек болды. Расында да хан ордасы бiр-ақ күндiк жол едi. Тыңшының жаны қысылды. Тек үй иесi Тiлеулi араласып аман қалды. Отбасына байланысты азаматтықтың бiр түрi: қазақтардың қолдарындағы тұтқынды iздеп, егер туысы, ата-анасы келетiн болса сөзге келмей босатып жiберуi. 1747 жылы Орынбордан рұқсат алып баласын iздеп төменгi шектi арғынға қалмақтың бiр адамы жолға шықты. Iздеушi Жəнiбек тарханға жолығып, ақыры iздегенiн тапты. Ендi сатып алмақшы едi тұтқын иесi ештеңе де алмай қайта өзi Орынборға дейiн жеткiзiп салды. Қазақ отбасында қолға түскен тұтқынның көпшiлiгi сiңiп кететiнi ата баласы iшiндегi мейiрбандылықтың, ынтымақтың күштiлiгiне байланысты. Сонымен қатар қазақта XVIII бала асырап алу өте жиi кездеседi. Қазақ шежiрелерi осы құбылысты əр қырынан, əр түрлi мысалдармен суреттейдi. Бала асырап алу XVIII ғасыр дəстүрлi қоғамында кең қалыптасқан мiндеттi құбылыстың бiрi.

 Дəстүрлі қазақ қоғамындағы отбасылар бірнеше ұрпақтың бас қосқан жері. Қоғамдық жағдайдың тұрақсыздығы, жаугершiлiк тұрмыс қазақ ортасында рулардың саяси қызметiн күшейтеді. XVIII ғасыр деректерiнде де бiз тек iрi рулардың аттарын кездестiруiмiз сол себептi. Мəселен: Орта жүздiң iшiнде негiзгi алты рудан басқа деректерде көбiнесе iрi бөлiктерi ғана бар. Мəселен: төртуыл, атығай, қарауыл, бəсентиiн, қанжығалы, тобықты т.б. Егер Кiшi жүз туралы деректер кездессе əңгiме тек Жетiру, немесе Әлiмұлы жөнiнде, тек анда санда ғана оның iшiндегi iрi бөлiктерi аталады. Кiшi жүздегi ру саны 25 болғанымен деректерде 32 таңбалы делiнедi. Шамалап келгенде iрi рулардың ептеп жiктеле бастағанының көрiнiсi. Әлiм iшiнде Шектi руы – 25 мың үй, Төртқара – 30мың үй т.б. Шектiнiң өз iшiнде iрi бөлiктерi, мəселен Бəлекей Шектiлер бөлек. XVIII ғ. аяғы XIX басында олардың өздерiнiң жеке хандары да бар – Әбiлғазы. Оның астанасы – Жанкент. Сырдың құйылысынан 200 шақырым [3, IV, 225].

 Iрi рулардың тұтас қауым екенiн көптеген оқиғалардан аңғарамыз. 1742 жылы К.Миллердi қара қалмақ ордасына бастап апарушы шақшақ Байқұлақ батыр қалмақ қолынан өлдi. Оның өлiмi тек саяси астары ғана бар шаруа емес, сонымен қатар əлi де анықталмаған

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жəйларға толы оқиға. К.Миллердi қалмақтардың қабылдамағаны белгiлi, əрине Ресейге көрсеткен қырдың бiр шетi Байқұлаққа да тиуi мүмкiн. 1743 жылы Байқұлақ батырдың кегiн алу үшiн Шақшақ Жəнiбек тархан қол жинай бастады. Яғни бiр адамның өмiрi тұтас ру үшiн қалмаққа аттануға нақты себеп болды. Қауымның бiр көрiнiсi ел болып жорыққа аттанар алдында құрт-iрiмшiк дайындау. Жауынгердi жорыққа дайындау да қауым iсi. Оның басты шарты бiрнеше ат, жолға азық деп 5-6 қой алу, кейде түйеге дейiн жүк көтеруге ыңғайлы деп бiрге алып жүру. Әр жауынгерде кемi үш аттан болады. Қауымның тiршiлiгi көбiнесе ел басшысының ықпалына қарай қалыптасады. Ру басшыларының қабiлетi, билiкке жүйрiктiгi, қамқорлығы ру қауымының шұғыл өсуiне, ауыз бiрлiгiне əсерi бар. XVIII ғасырдың 30-жылдары Қаракесек арғын елiн Арқаға Қазыбек би бастап келгенде саны 4 мың үй едi дейдi Тевкелев, ал жарты ғасыр өткеннен соң Қаракесек ең саны мол рудың бiрi. 1762 жылы генерал Фрауендорф ол елдің iшiнде ең күштi Қаракесек ұлысы бар. Қазiргi уақытта олардың билiгi Қазыбек биде, ол Орта жүздiң құрметтi төбе биi. Оған Әбiлмəмбет ханның өзi, сол сияқты Абылай сұлтан да, басқа ұлыстардың сұлтандары мен атақты билерi кеңес алу үшiн жыл сайын келiп тұрады, оның келiсiмiнсiз еш шаруаны бастамайды» дейдi [1, 648]. XVIII ғасырда Қаракесек санының күрт өсуiн Қазыбектiң беделi арқасында көршi рулардан, басқа қазақ жүздерiнен, тiптi басқа елдерден келген кiрмелердiң көп сiңiп кетуiмен түсiндiруге болады.

 Жоғарыда көрсетiлген мысалдар қазақтың көшпелi қауымы XVIII ғасырда үлкен өзгерiстерге түспегенiн көрсетсе керек. Осы ғасырдың бiрiншi жартысында қауымдардың өмiрi қалмақ соққыларына байланысты əлсiреп, шаруашылық күйзелiсiне түссе, ғасырдың екiншi жартысында олардың қайта қалпына келiп шаруашылық өмiрдiң, тұрмыстың негiзгi орталығына айналғанын көремiз. Қазақ қауымы ашық қауым, ол көшпелi тұрмыс пен рулық тəртiптi сақтаған адамның бəрiне пана. Қауым iшiне Қарасақал сияқты пассионарилер де кiрiп, тiптi найманнан қос əйелдi бiрдей алып сiңiп кетiп жатады, ол қауымға ерiксiз күшпен əкелiнген тұтқын да енедi. Қауым тiршiлiгiнде ұрпақ өсiру, қауым санын молайту мəселелерi ұзiлiссiз шешiле бередi. Сол сияқты қазақтың дəстұрлi от басы қазақи тiршiлiктiң өсiп-өнуiнiң қайнар көзi есептi, көшпелi қауымға қатысты негiзгi мəселелердi мұлтiксiз атқарады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Əдебиеттер:

  • Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. – Алма-Ата, 1961.
  • Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 1-20 томдар. – Павлодар, 2001-

2010

  • Материалы по истории Казахской ССР [1725-1828] Т. 4. – М-Л., 1940.
  • Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб.1.[V в.э. XVIII в.н.э.] –Москва– Алматы, 1935.

Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ,

Халықаралық Түркі академиясы Тарих бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор

 КӨНЕ ТҮРКІ КӨШПЕЛІЛЕРІ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ƏЙЕЛДЕР

 Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерейтойы қарсаңында əйелдер тақырыбына арнап осындай ғылыми конференция өткізудің маңызы зор. Жоғарыдағы баяндаушылар Қазақ хандығы тұсындағы əйелдердің тарихи орны мен ықпалы туралы қызықты əңгімелер айтып жатыр. Менің ойымша, осында айтылған құбылыстардың барлығы түркілік тарихи дəстүрмен тікелей байланысты. Түркі халықтарының атамзаманнан бері келе жатқан қасиеттерінің бірі

    • əйелдерді ерекше қастерлеу, құрметтеу. Оның көрінісі түркі халықтарының өмірінде жиі байқалады. Сол себептен де, түркі əйелдерінің тарихтағы орны мен жетістіктері туралы айтуға татитын нəрселер баршылық. Төменде біз көне түркі көшпелілерінің саяси өміріндегі əйелдер тақырыбана қысқаша тоқталып кетсек.

 Әңгімені бір көне жұмбақ хаттан (қараңыз: осы баяндаманың соңындағы қосымшаға) бастайық: 1920 жылы Крил Каралевский есімді христиан сопысы Ватиканның мұрағат қорынан бір дана көне хаттың түпнұсқасын тауып алады. Екі жылдан кейін əйгілі француз шығыстанушы ғалымы П. Пелио (P. Peliot) тиісті алғашқы зерттеулер жүргізіп, бұл хаттың 1246 жылы Ұлы Моңғол ұлысы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

билеушісінің атынан сол кездегі Рим папасы Инносент IV-ге жазған хат екендігін айтады. Жұртқа мəлім, 1246 жылы Рим папасының елшісі болып Плано Карпини Моңғол империясының астанасы Қарақорымға барған жəне елшілік сапарға байланысты естелік қалдырған. Осы естелікте ол өзінің моңғол билеушісінен хат тапсырып алғандығын, жəне ол хаттың 3 нұсқасы болғандығын жазады. Карпинидің айтуынша, оның бір нұсқасы «татар тілінде» жазылған, екіншісі сол татар тілінен «саррасин» тіліндегі, яғни мəлім бір мусылман тіліндегі аударма нұсқасы, ал үшіншісі хаттың латын тіліндегі аудармасы. Латын тіліндегі нұсқаны біз Карпини естелігінен-ақ көре аламыз, ал Пелионың пайымдауынша, Ватикан мұрағатынан табылған құжат осында айтылған екінші нұсқа, яғни саррасин тілінде жазылған нұсқа, ол шын мəнінде парсы тілінде болып шықты. Өкініштісі, аталмыш хаттың бірінші нұсқасы, яғни

«татар тілінде» хатталған нұсқасы жоқ. Мұндағы айтылған «татар тілі» деген ұғымға байланысты ғалымдар (оның ішінде Пелио да бар) мынадай қорытынды жасауға бейім: «татар тілі» деп бұл жерде моңғол тілі меңзелген. Дегенмен, хаттың Каралевский тапқан жоғарыдағы нұсқасына қарап бұл қорытындының күмəнді екендігіне көзіміз жетеді. Хаттағы басылған мөр расында моңғол тілінде жазылып, онда Огедейдің ұлы Күйіктің аты көрсетілген. Дегенмен, оған қарамастан, хатта түркизм бірнеше рет көрініс тапқан, бұл жəйт біздің назарымызды ерекше аударады. Әсіресе, хаттың бірінші сөйлемі айқын түрде толығымен түркі тілінде хатталған:

 «M(ä)ŋgü t(ä)ŋrï küč(ü)ndä / quralɣ[a]n [u]lu [u]lusn(ï)ŋ / ?-(ï)ŋ jarïl(ï)ɣ(ï)m(ï)z»4.

4 Бұл біздің жаңаша оқуымыз. П. Плионың оқуы мынадай: «M(ä)ŋgü t(ä)ŋrï küč(ü)ndä / qur(u) l(u)ɣ ulusn(u)ŋ taluynuŋ / khan y(a)rl(ï)ɣ(ï)m(ï)z». Қараңыз: Pelliot P. Les Mongols et la Papauté

// Revue de'lOrient Chrétien, XXIII, 1922-1923.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Енді мына тарихи фактілерге назар аударайық:

 XIII ғасырда шығысқа келіп-кеткен өзге де бірсыпыра еуропалық жиһанкездердің естелігінде «татар тілі» деп қыпшақ-қаңлылардың немесе Ордос жерінде өмір сүрген оңғұттардың тілін де меңзеген. Бұл елдердің барлығы түркі тілдес этностар екендігі даусыз.

 Жоғарыдағы жағдайларды сараптай келе біз мынадай қорытынды шығарып отырмыз: Плано Карпини айтқан «татар тіліндегі» хат шын мəнінде түркі тілінде жазылған. Ендеше, мұнда тиісінше бір сұрақ туындайды: моңғол билеушісі Күйктің мөрін пайдалана отырып өз тілінде мұндай хат жаза алатын адам, сірə, кім?

 Сол дəуірдегі Моңғол империясының саяси өміріне байланысты қытай жəне парсы дереккөздерін, сондай-ақ Карпини жолжазбасын тексере келе біз мына жəйттерді байқаймыз:

      •  «Юань ши» кітабының айтуынша, Огедей қайтыс болған соң, оның əйелі Төрегене 4 жылдай уақыт регент болып, ханшайым міндетін атқарған. Ол Күйікті қаған тағына отырғызғаннан кейін де ұлыстың саяси өмірінде шешуші рөл атқарған. «Юань ши» кітабы тіпті былай деп жазады: «Күйік таққа отырғанымен, саяси шешімдерді тек қана алтыншы ханышайым5 қабылдап тұрды»6;
      •  Плано Карпини дəл Күйік таққа отырғызылған шақта Моңғол ордасына жеткен. Сонда Қарпинилерден ешқандай сый- сияпат алмағандықтан, Күйік хан оларға оң көзімен қарамай қойып, олар аштан өліп қала жаздаған. Оларды қабылдап, оларға қамқорлық көрсетіп, кері жолға салған өзге емес, дəл сол Төрегене хатұн болған7.

 Төрегене хатұн Күйіктің мөрі басылған бос қағазды пайдаланып өзінің бұйрық хаттарын жазып отырған8.

 Қорытынды біреу: Ватикан мұрағатынан табылған жұмбақ хатта Күйіктің мөрі басылғанымен, оны жазған жəне Карпиниге тапсырған адам – Күйіктің туған анасы Төрегене. Ал «Юань ши» мен Жувэйнидің қалдырған мəлімдемелерінде Төрегененің найман елінен шыққандығы анық көрсетіледі9. Жалпы, XIII ғасырда ақсүйек түркі əйелдерінің жоғары саяси орындарға ие болған жəйт осымен ғана шектелмейді. Ортағасырлық мұсылман дереккөздерінен

5 Бұл жерде Төрегене ханшайым меңзеліп тұр.

6 «Юань ши», 2-цзюань, 4а-бет; Juwaynī, Alā al-Dīn. Translated by John Boyle, The history of the world conqueror, p. 200. Manchester university press, 1958.

7 Christopher Dawson, The Mongol Mission, p. 28, 82. Sheed and Ward Ltd, London, 1955.

8 Юань патшалық дəуірінің əдеби жинағы "Го чао вэнь лэй" кітабында Сун Цзичжэнь есімді қаламгердің Елюй Чуцайдің (Огедай, Күйік дəуіріндегі əйгілі уəзір) ескерткіш құлпытасына арнап жазған естелігінде мынадай мəлімет сақталған: "Осы кезде ханшайым (Төрегене 

9 «Юань ши», 2-цзюань, 3b-бет, 4а-бет; 106-цзюань, 1a-бет; 114-цзюань, 1a-бет.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

білгеніміз: сол дəуірдегі ең құдыретті мұсылман билеушілерінің бірі болып саналатың Хорезм шаһының генералдары түгелдерлік шаһтың анасына бойсынады. Ал оның анасы болса қыпшақтың қызы (кейбір деректе қаңлы тегі деп те айтылады). Бір қызығы, оның есімі де Төрегенеге жақын, Төрекен екен.

 Бұл жерде Төрегененің тарихи орны ерекше болып тұр: егер тек қана билік құзыры немесе ықпалы жеткен жер аумағын ескерсек, Төрегене жарты əлемді бақандай 4 жыл билеген əйел болып шығады

  • мұндай жағдай адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс. Демек, бұның өзі көне түркі көшпенлілерінің саяси өмірінде əйел затының орны жоғары болғандығын көрсетеді. Енді біз талқылап отырған хаттың мазмұнына да тоқталып өтсек. Хаттың негізгі идеасы мынадай:

 «Сен, папа, бізді кінəлəп, бізді өздеріңе бағынуға шақырыпсың. Бұл қылығың бізге ұнамайды. Батыстағы сендер емес, біз тəңірдің нағыз өкіліміз, өйткені, тəңірдің əмірі тек бізге түскендіктен, біз қара жер бетіндегі барша елдерді билеуге құқылы болып отырмыз. Сондықтан да, егер біреуіміз екіншімізге бойсыну керек болса, онда бойсынуға тиісті ел біз емес, сендерсіңдер. Жандарың барда, бізге бағынып келіңдер!».

 Сірə, мұндай текаппарлық Меркель сияқты қазіргі саясаткерлерді былай қойғанда, өз кезінде Ресей империясын билеген құдыретті Экатерина ханшайымда да болмаған шығар.

 Бұл кездейсоқ жағдай емес. Бұл – өзінен бұрынғы Көк Тұрік қағанаты кезінде-ақ көрініс тапқан, Еуразия кеңістігіне үлкен ықпал жасаған түркілік сана, түркілік салт-дəстүрдің жалғасы, соның заңды нəтижелерінің бірі.

 Көк Түріктер қағанаты тарихындағы əйелдердің саяси орны туралы сөз еткенде, біздің есімізге əуелі мына бір жəйт келеді: Түркі қағанаты дəуіріне жататын біраз теңгелердің беттерінде қағанның бейнесімен бірге хатұнның бейнесі де сомдалған. Солардың бір мысалы ретінде Батыс түрік қағанатына қатысты мына теңгені көрсетуге болады10:

 Теңгеде көрініс тапқан бұл жағдайды жазба деректер де дəлелдейді. Көне Түрік қағанатына арналған қытайдың жазбаларында "солтүстіктегі варварлардың салтына сай, онда əйелдер билікке көп

араласады" ("北狄风俗,多由内政") деген дерек қалдырылған.

10 Бұл теңгелер туралы ең соңғы зерттеуді менің əріптесім Г. Бабаяров пен А. Кубатин жасап, нəтижесін Халықаралық Түркі академиясында жарияламақ.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Осы деректі дəлелдейтін тарихи дəйектер де жеткілікті. Төменде біз «Чжоу шу» (Чжоу династиясының тарихы»), «Суй шу» («Суй династиясының тарихы»), «Цзю Тан шу» («Тан династиясының көне тарихы»,

«Син Тан шу» («Тан династиясының жаңа тарихы») жəне «Тун дянь» сынды кітаптарда

кездесетін тиісті мəліметтерден бірнеше мысал келтірсек:

  •  Көк Түрік қағанатының хатұндары əскери істерден хабардар болып, əскери əрекеттерге ықпал жасай алған ‒ «Солтүстік варварлардың салты бойынша, хатұн əскери іске араласа алады ...

Ичэн ханыша Шиби [қағанға] өз елшілерін жіберіп «солтүстіктен қауып төніп тұр» деп шұғыл хабарды жеткізіп еді, түріктер сол себептен қоршауларын тастап кетті ...» («北蕃夷俗,可贺敦知兵马

事。… 义成公主遣使告急于始毕,称北方有警,由是突厥解围»);

  •  Көк Түрік қағанатының хатұндары қаған сайлау ісіне араласа алған ‒ «Чуло [қаған] қайтыс болған соң, Ичэн ханыша өз ұлы Оше шадтың сыртқы келбеті нəшəр əрі əлжуаз болғандықтан, оны

мұрагерліктен алып тастап, хан тағына Чулоның інісін отырғызды. Таққа отырған бұл қаған – Ел қаған еді» («处罗卒,义成公主以其子奥射设丑弱,废不立之,遂立处罗之弟咄**,是为颌利可汗»);

  • Хатұн қағанмен бірге елшілерді қабылдаған ‒ «Сырт елдердің

ісімен айналасатын мекеме уəзірі Юань Чжэн [түркі қағанатына]

патшаның ойын жеткізуге барған. Сонда Моцзилянь [қаған] қонақасы берді. Қонақасы кезінде Моцзиляньмен бірге киіз үйде хатұн, Күлтегін жəне Тоныкөк отырды» («鸿胪卿袁振往谕帝意。默

棘连置酒,与可敦、阙特勤、暾欲谷坐帐中»);

  •  Хатұн ел ішіндегі дау-дамайға төрелік жасай алған ‒ «Пуса [қағанның] анасы Вулохун негізінен елдегі дау-дамайды шешуге

жауапты болған. Ол істі қатал əрі əділдікпен шешетін, сол себептен ел ішіндегі бірауыздықпен тəртіп өте керемет болды» («其(菩萨)母乌罗浑主知争讼之事,平反严明,部内齐肃»);

  • Хатұн қағанның бейкүнə адамды өлтіру ісін тоқтата алған ‒

«Қаған ашуланып, əлгі адамды өлтірмек болған, сонда ол өз хатұны тарабынан қарсылық көріп, ойынан қайтқан» («可汗怒,欲杀之,为其妻所抑而»).

Әйелдердіқадірлейтіносындайтүркілікжақсықасиет

түріктермен көрші тұратын халықтардың өміріне де зор ықпал

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жасаған. Жұртқа мəлім, кунфуценство ілімінің ықпалындағы көне Қытайдың əлеуметтік өмірінде əйелдерді көбінесе ошақ басымен байланыстырады. Дегенмен, дəл сол көк түріктермен дəуірлес болған Тан патшалығының тұсына келгенде, жағдай өзгешелеу болған. Сол кездегі қытайлар түркілердің мəдени ықпалында болып, əйелдерінің, əсіресе ақсүйек əйелдерінің қоғамдағы орны өзге уақыттағыдан əлдеқайда жоғары болған. Қытай тарихындағы бірден-бір əйел патшасы Ву Цзэтянь осы Тан патшалық дəуірінде билік құрған. Ал төмендегі қазіргі Қытай жерінен табылған бірнеше археологиялық жəдігерлер де осындай түркі ықпалының қаншалықты болғандығын дəлелдейді:

Түркі кісебелбеу таққан əйелдер (Сиань қаласынан табылған қабырға сурет)

Ат тізгінін ұстаған əйел (Тұрпан жерінен табылған қыш мүсіні)

 Жоғарыдағы айтылған тарихи жəйттер бізді мынадай ойға жетектейді: өз заманының үлгісі болған көне түркі халықтарының гендерлік саясаты, ондағы тарихи тəжірибе түркі ұрпағы ретіндегі қазіргі біздің өмірімізге қызмет етуге тиісті. Егер біз, Қазақ жұрты, өзімізді түркі əлемінің шынайы қарашаңырағымыз деп есептесек, онда біз көне түркілердің көптеген мəдени-рұхани мұрасын əрі қарай жалғастырып, оларды заманның талабына сай етіп жаңғыртуымыз керек. Осы мұралардың қатарында түркілік гендерлік ұғым мен саясаты да жатыр. Қазақта «əйелдің бір қолы бесікті, бір қолы əлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Ендеше, біздің мəңгілік ел болуымыздың бір кепілі – тарихи дəстүрінен жаңылмайтын əйел қауымының жан-жақты өсіп, ел тағдырына лайықты деңгейде араласуында болмақ.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Жоғарыда көрсетілген Төрегене ханшайымның хатында көрініс тапқан, жалпы көне түркілердің саяси құжаттарында жиі кездесетін

«тəңірдің құтында» деп өз елдерін қасиет тұтатын ұғым қазіргі таңда, Қазақ хандығы құрылғаннан 550 жыл кейін өз жалғасын табуда. Біздің ойымызша, қайтадан айбарына мінген Қазақ елі осындай

«тəңірдің құтына» ие болып отыр. Ендеше, Қазақ елінің еңсесі мен мəртебесі аспандай биік болсын!

Қосымшалар:

  • «Күйіктің Рим папасына жолдаған хатының» негізгі мəтіні

Дереккөзі:

P. Peliot мақаласынан

  •  Хаттағы Күйіктің мөрі

Дереккөзі:

P. Peliot мақаласынан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Жамал МАНКЕЕВА,

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТІЛДІК ТАҢБАСЫ

 Қазіргі əлемдік өркениет кеңістігінде жаһандану үрдісі өріс алған кезеңде тіл мен мəдениет сабақтастығын сипаттайтын «ғаламның тілдік бейнесін» анықтаудың мəні зор. Ол əр тілдегі «əлем моделіне», яғни белгілі бір əлеуметтік-мəдени қоғамдағы ұлттық «əлем бейнесіне» жалғасып, өзіндік сипатқа ие болады. Ал, əрбір тілдің ішкі өзгешеліктері сол тілде сөйлеуші ұжымның мəдени кеңістігінде қалыптасатындықтан, əрбір тіл өз ерекшелігімен «əлем бейнесін» өзгеше құрады.

Бірақ бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл)

  • этномəдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде ұлтты бір бүтін етіп тұтастырушы.

 Ежелгі дəуір адамдарының əртүрлі əлеуметтік-тарихи кезеңдеріндегі өкілдерінің айналадағы дүние туралы алуан түрлі сырын, мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін көрсететін тіл деректері, кейбір көне этномəдени сөз қолданыстары бүгінгі заманға халқымыздың бай ауыз əдебиеті, жырлары, ескіліктері, көркем əдебиет мəтіндеріндегі ұлттық-мəдени компоненттері т.б. шығармашылық көздері арқылы келіп жетті. Бұл арада көне тілдік деректер халқымыздың ұзақ этномəдени даму жолын, материалдық жəне рухани құндылықтарын, түп-тамырын неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде қызмет етеді.

 Демек, тіл – адамның əлеуметтік тұрмысын қамтитын мəдениет пен тарихты кешенді сипаттайтын таңбалық жүйе. Ал, əрбір этностың тілі арқылы сақталған болмысының «ішкі» мазмұнын ашу

  • «мəдениетті тану кілті». Ал мұның өзі тіл арқылы сақталған мəдени ұғымдардың мəдени фонын зерттеуге əкеп тірейді. Олай болса, тіл
  • таңбалар жүйесі ғана емес, ол – көркемсөзбен көмкерілген əр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Тіл біліміне де «таңба» категориясының енуі лингвистикадан тыс салт-дəстүр, əдет-ғұрып т.б. ұлттық құндылықтарды белгілі бір мəтін аясында, «мəдениет» терминінің астарында қоғаммен тұтас қарастыруға негіз береді. Тілді зерттеудің мұндай мүмкіншілігі мен жаңа кешенді бағыттары қазіргі қоғамның рухани-мəдени танымдық мүддесімен астасып, ұлт болмысын тану мен танытуға қызмет етеді. Осындай кешенді мақсатты жүзеге асырудың негізгі құралы

    • сөздік ақпарат. Оның негізін құрайтын қазақ жырлары мəтініндегі этнографизмдер, қазақ ескіліктері, мифологемалар, басқа да символдану мен стереотиптену деңгейіне жеткен этномəдениеттің архетиптік көріністері.

 Демек, сөз дүниенің тікелей таңбасы емес. Ол – күнделікті тұрмыс пен тəжірибе негізінде санамызда қалыптасқан танымдық бейне немесе тілдің негізгі коммуникативтік қызметіне қоса, ұлттың рухани қазынасын бойына сақтаған құжаттық, этномəдени мұралық (куммулятивтік) қызметінің нақты көрінісі.

 Қазіргі таңдағы қазақ руханият əлемінде ұлттық сипат пен елдік болмысты тану мен таныту, ұлттық құндылықтар дүниесін түгендеу, оның мəн-мазмұнын, қадір-қасиетін бағалау толғақты мəселеге айналып отырғаны белгілі.Осымен байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасушы танымдық лингвистика бағытының негізгі өзегі – тілді тұтынушының қызметіне, тілдік санасына, ойлау жүйесіне, жалпы мəдениетінің қалыптасуына тілдің қалай ықпал ететінін анықтау.

 Осы орайда бұл өзектің арқауын шешуге дəйек болатын –«қазақ əлемін» құраушы ұлттық құндылықтарды сипаттайтын ұғымдардың көркем сөз бен тарихи-мəдени дереккөздердегі тілдік таңбалары.

 «Қазақ əлемін» танытуда отбасының берекесі мен құтын келтіріп, сақтаушы, ана сүті арқылы қазақы мінезді дарытып, бесік жырын тербетіп, ана тілін үйретуші «қазақ əйелі» – ең үлкен құндылықтық ұғым.

 Жалпы алғанда, əйел мəселесі, негізінен, қазақ əдебиеттануында көркем шығармалардағы əйел бейнесіне қатысты ғана айтылып келді. Ал, шын мəнінде, қазақ тіл білімінің жоғарыда көрсетілген

«ұлт (ұлт мəдениеті) пен тіл біртұтас» деген қағидасына сай қазақ мəдениетін зерделесек, қазақ елінің ұлт болып қалыптасу тарихында ерен еңбегімен, керек жерде ерлігімен, өрлігімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен жəне сүйіспеншілігімен ұрпағының бойына ақ сүті арқылы ұлттық рухты сіңірген əйел-аналар аз емес.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Олай болса, қазіргі таңдағы ана тілінің тағдыры мен ұлттық тəрбиеге қатысты бағзы замандарда төл мəдениетімізде қалыптасқан аналардың алатын орны мен қызметінің мəнін жаңғыртудың маңызы ерекше. Сондықтан да ұлы М.Әуезовтің «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзінің этномəдени кодын тілдік қазынамыздың танымдық кілтін табу арқылы ашуға болады. Соның барысында тіл арқылы сақталған ұлтымызды біртұтас етіп ұйыстыратын ұйтқы күш ретіндегі тəрбиенің өзегін ұстайтын əйелдердің қоғамдағы орны мен ана құдыретінің тіл арқылы сақталған этномəдени бейнесі көрінеді. Атап айтқанда, «қазақ əйелі» концептісінің аясына кіретін көркем жəне прецеденттік атаулар, мақал-мəтелдер, фразеологизмдер, жыр жолдарының т.б. этномазмұндық мəнін ашу арқылы қазақ танымындағы «қазақ əйелінің тілдік бейнесі» ашылады (Ұмай ана, Құртқа, Қыз Жібек, Ақжүніс, Домалақ ана, Бопай, Қызай, Келіншек тау, т.б.).Соның негізінде, бекіген этномəдени жəне гендерлік стереотиптер арқылы «қазақ əйелінің» ойлау қабілеті, зейін-зерде ерекшелігі, парасат-пайым деңгейі, мінезі, махаббаты мен сұлулығының тілдік көрінісі символдық деңгейге дейін көтеріледі. Мысалы, Құртқа – қазақ əйеліне тəн ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек – сұлулық пен сымбаттың, Айман мен Ақжүніс – қулық пен айлакерлік, тапқырлық, ақылдылықтың, Баян

  • сұлулық пен махаббатқа адалдықтың, тұрақтылықтың символы т.б. Осы тектес «қазақ əйелін» танытатын (гендерлік, əлеуметтік, тəрбиелік т.б. қызметтері) ұлттық стереотиптердің айшықты тілдік

көрінісі ақын-жыраулардың мұрасында жан жақты таңбаланған:

Жақсы қатын алсаңыз, Жақсылығын білдірер, Ерін жөнге көндірер, Анық осы, бозбала,

Жұмақтан шыққан хормен тең, Алғаның жаман жолықса, Жамандығын білдірер,

Ер қадірін кетірер,

Оның өзі, бозбала,

Маңдайға біткен сормен тең (Шал ақын);

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

немесе:

Шолпан жұлдыз жар алсаң, Кіргізеді көркіңді-ай Қызықтықпен өткен күн

Болмай кетер бір күндей (Майлықожа).

 Сол сияқты қазақтың танымында қыздың да жас шамасына сəйкес кескін келбеті, сымбаты, жүріс-тұрысы, мінезі, киімі түгел таңбаланған:

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз, Оздырдың салтанатты еліңнен қыз. Сəулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, Реңің сары алтындай көрінген қыз.

Бұлаңда дəурен өтпей басыңнан қыз, Лебізің, сөзің шырын, маржан тісің, Кеткісіз келген адам қасыңнан қыз... Сөйлесең сүт шығады сөзіңнен қыз, Құрбыңа салтанатың білінген қыз... Қамқа бөрік, камзол бешпет, алтын ілгек, Ақ көйлек, зер шашақтан киінген қыз

 Ақын-жыраулар тілінде «қазақ əйелінің» сұлулығы да адамгершілік, этикалық, эстетикалық құндылықтармен сабақтасып, бағаланады:

Алғаным Əли ағаның қызы еді. Қас арудың өзі еді,

Маңдайы күнге тимеген, Желге шашы үрмеген,

Серпіліп адам беті көрмеген (Доспамбет жырау).

 Қазақ тарихы мен мəдениетіндегі «қазақ əйелінің» мəнін эпостық жырлар мен ақын-жыраулардың шығармаларында сипатталғанкиiм атаулаpы, олардыңғажайып өнеp туындысы іспеттіалуан түpлi топтаpы мен байлығы,жаpқындылық, pомантикалық pеңкі «қазақ əйелі» бейнесін тануға, əp адамды киiмiне қаpап, тегiн, жасын, əлеуметтiк жайын ажыpатуға көмектеседі:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Yшiншi тiлек тiлеңiз Yшкiлсiз көйлек кимеске; Yлдемен басын оpаған, Семсеpмен шашын таpаған;

Қыздаpына қызыл ала тонкигiзiп, Қыpмызыға малдыpып (Бұқар жырау).

 Мысалы, өзiнiң баp мəндi өмipi мен тұpмысы кең даламен бiте қайнаған қазақ үшiн жайлауға ия жаңа жұpтқа көшу ең бip үлкен салтанат, қуаныш болған. Сондықтан көшкенде жүк аpтқан түйелеpдiң үстiне кiлем жауып, өздеpi де сəндi киiнуге тыpысқан. Мұны «Қыз Жiбек» жыpындағы көшпен кетiп баpа жатқан қыздаpдың киiмiнен анық байқауға болады:

Бip қыз кетiп баpады, Шытыpма көйлек етiнде Hұp сəулесi бетiнде...

Шолпанның туған жұлдызы Кигенi алтай қыpмызы...

Танадай көзi жаpқылдап, Алтын шашбау шашында... Оpта бойлы дембелше Алтынды қамзол жейдеше... Қаpа жоpға – мiнгенi,

Қаpа тоpқа – кигенi... Танадай көзi жалтылдап, Алтындай кебiс саpтылдап, Көштi таpтып баpады...

 Демек, талғам мен салтанаты жаpасқан қазақ əйелінің киiмiн ұлттық мəдениеттiң жаpқын көpiнiсi адам жанына лəззат беpiп қана қоймай, еңсесiн көтеpіп, санасына ұлттық сəуле құяды. Сондықтан тiлiмiзде сақталған, əсем жыpлаp аpқылы жатталған қазақ қыздарының киiм атаулаpы – халық мұрасының озық үрдісін жаңғыртушы, танымдық-тəpбиелiк мəнi бар ана тiлiмiздiң асыл қазынасы iспеттi.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Мысалы, Қыз Жiбектiң киiмi былай суpеттеледi:

Өзi он төpт жасында-ай

Кебiсiнiңөкшесi

Бұқаpдың гауhаp тасындай. Ақ маңдайы жалтылдап, Танадай көзi жаpқылдап, Алтын шашбау шашында-ай Қыз Жiбектiң дидаpы Қоғалы көлдiң құpағы

Көз сипатын қаpасаң, Hұp қызының шыpағы Дүp жауhаp сыpғасын Көтеpе алмай тұp құлағы

 «Қазақ əйелін» сипаттайтын ұлттық стереотиптердің тек отбасындағы қызметімен, ия сұлулық сипатымен ғана шектелмей, оның қазақ қоғамындағы əлеуметтік орны мен парасат-пайымына қатысты белгілі этнограф-ғалым Х.Арғынбаев келтірген екі деректі атап көрсеткіміз келеді: 1. «Жұпар қорығы» туралы аңыз- əңгіме: Көп жылдар бойы еліне жайлы қоныс іздеген Асан қайғы Жиделібайсынға көшпек болып, дайындыққа кірісіпті. Мұны естіген жесір жеңгесі Жұпар бəйбіше қайнысына келіп, жөн сұраса, Асан қайғы үш жылға дейін төрт түлікті төлдетпей, ту ұстап, қоңдандырып алып, қозғалатындығын айтады. Жұпар бəйбіше көш жолында кездесетін қандай қиындықтардың бар екенін сұрағанда, Асан қайғы жол үстінде «Хан қорығы» деп аталатын көлемді жайылымның кездесетіндігін айта келіп, ол арадан тоқталмай тез өтпесе, қарақшы-хан жендеттерінің елге жəбір көрсететіндігін баяндайды.

 Жұпар ауылына келіп, дереу дайындыққа кіріседі, отыз ұлына біркелкі киім, қару-жарақ, он ақ боз ат, он қара ат, он торы ат дайындайды. Ту бие етін мейіздей кептіреді. Екі жылқының терісінен саба тіккізеді. Киіз үй жабдықтары мен үй жиһаздарын, ыдыс-аяқты мұқият əзірлейді.

 Мерзімді үш жыл өткен соң, Асан қайғы жолға шығады. Ал Жұпар балаларымен əдейі көш соңында болады. Асан қайғы Хан қорығынан суыт өтіп кетеді де, Жұпар көші қорықтың дəл ортасына келгенде

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қасақана арбаның мұрындығын сындырады. Бар жүкті түсіріп, көп малды қорыққа еркін қаптатып, еру болып қалады. Бұл жағдайды естіген Хан нөкерлерімен дереу аттанады. Мұндай істің боларын алдын-ала білген Жұпар сақадай сайланған ұлдарын түгелдей ауыл маңындағы биік төбе сыртына бой тасалатып қояды.

 Сөйткенше болмай Хан да жетіп, бəйбішеден жөн сұрайды. Сонда Жұпар: «Алдияр тақсыр, жесір əйел едім, көш жөнекей осы араға келгенде арбам қирап, көшкен елден қалып қойдым. Алсаң бас міне, əйтпесе, төреңізге құлдық, көш жөнекей болса да сусын ішіңіз», – дейді.

 Хан сөзге келіп, дəм татуға ризашылық білдіреді. «Ханиеме ашық далада дастархан жаймаймын, үй тігіңдер», – деп келіндеріне бұйрық береді Жұпар бəйбіше. Дереу 8 қанат ақ үй тігіліп, мейізделген сарқымыз сапырылады да, тай қазандар да көтеріледі. Сол уақытта ауыл сыртындағы биік төбенің қалтарысынан қару- жарақ асынған ылғи ақбоз атты он жігіт шыға келіп, бəйбішенің алдын ала айтуынша, қатар түзілген үйінде Хан отырған үйге келіп түседі. Қару-жарақтарын үйдің іргесіне сүйей салып, сəлем беріп, үйге кіреді де бəйбішеден төмен қаз-қатар отырысады. Əлден уақытта жаңағы төбеден он қара атты, одан соң он оры атты жігіттер жоғарыда айылған тəртіппен үйге кіріп, отырысады. Жігіттердің біркелкі , жарасымды киімдері мен қару-жарақтары, өздерінің сұстылығы мен əдептілігі, үй-ішінің салтанатымен көрсетіліп жатқан сый-сияпат ханға əбден ұнағандықтан, ол шешіле сөйлеп, əңгіме арасында «Мына жігіттердің бəрі де өз балаңыз ба?», деген сауал қояды бəйбішеге. Сонда бəйбіше:

«Хан жаманы жер қориды, əйел жаманы ер қориды», деген ғой бұрынғылар, мен еріме өзімнің үстіме тағы екі əйел алғызған едім. Үшеумізден осы отырған 30 ұл туды, бəрі де өзімдікі ғой» депті. Хан сөзден жеңіліп, қызғыштай қорып жүрген жерін бəйбішеге беріп, оларды сол арада қалдырыпты. Осыдан барып, бұл қорық ақылды бəйбішенің атымен «Жұпар қорығы» атаныпты дейді халық аңызы» (Х.Арғынбаев. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969. 37-б.).

 2. «Сəн салтанат құруды көксейтін ірі байларды былай қойып, өз шаруасы өзіне жетерлік орта қазақ семьясының ең алдымен əйел салтанатына көңіл бөлгендігін кім жоққа шығарады. Шамасы келген семьяда киімнің асылын əйел киетіндігі, алтын-күмістен

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жасалатын өте қымбат сəнді əшекейлердің əйелге арналатындығы, өте əдемі жəне қымбат ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғалардың, əдемі сəйгүліктерді парлап жеккен пəуескелердің əйелге арналатындығы кімге құпия? Əйел сыйламайтын халық та мұндай жағдай кездесер ме екен? Əрине, жоқ. «Əйел ердің көркі» деген қағида халық творчествосында тегін тумаған болар. Аты аңызға айналған ақылды, тапқыр аналардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі есебінде əңгіме-жыр ету ауыз əдебиет үлгілерінде өте жиі кездеседі. Халық оларды мадақтап, мақтан етеді» (Х.Арғынбаев. Қазақ халқындағы семья мен неке: тарихи-этнографиялық шолу. Алматы: Ғылым, 1973. 72-б.).

 Осы тектес «қазақ əйелі» болмысын сипаттайтын тілдегі таңбалық бірліктердің мазмұны халықтың дүниетанымы мен этноболмыстық, рухани мəдениетінен,күнделікті тұрмыс-тіршілігінентуындап, өмір сүрген ортасына сəйкес психологиясы, əлеуметтік қызметі мен қоғамдағы орны туралы дерек береді.

 Қорыта айтқанда, «адам өзінің əлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, өзіндік «əлем бейнесі» тілдің қызметі арқылы қалыптастырады, ал əрбір тілдің ішкі өзгешеліктері бар болғандықтан, əрбір тіл өз ерекшелігімен «əлем бейнесін» өзгеше қалыптастырады», – деген антропоөзектік бағытқа сай қазіргі əлемдік тіл білімінде қалыптасқан қағиданы қазақ дүниесін, қазақ əлемін сипаттаған қазақ тілі деректері дəлелдейді.

 ҰЛТ ШЕЖІРЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ЕЛ АНАЛАРЫ МЕН ХАНЫМДАР

 1465-1487 жылдары аралығында 380 жылға жалғасқан Қазақ хандығы құрылғанына 550 жыл толуына орай тарихи деректерді сөйлетуде, хандық дəуірдегі ұлт мəдениеті, тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру дағдылары, неке құру рəсімдері мен отбасылық дəстүрлері туралы тарих өрбітіп баяндау маңызды. Бұл мəселе бұқара əлеуметтің тарихи санасын қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды дəріптеуге, қазақ халқына тəн əдептері арқылы мəдени адам болмысының кемелденуіне қызмет етеді.

 Қазақ хандығы жайлы сөз қозғап айтқанымызда, оның тарихы туралы зерделі сөз айтанымызда, тек қана хандық тарихының саяси қырларына ған тоқталмай-ақ, хандықа аясында дамыған қазақ қоғамы, оның шаруашылық тұрмысы мен қатар əлеуметтік күнделікті өмірі, əлеуметтің қалыптасу мен дамуы жайында да айтып отыру керек. Соның бір маңызды институты – отбасы, неке, туыстық қарым-қатынастар жəне соған байланысты басқа да əлеумет тарихы мəселелері жатады. Қазақтың шаңырақ, отбасы дəстүрлері тарих жəне этнография ғылымында отбасы түрі, əке мұрасы мен мұрагерлік құқы, туыстық қарым-қатынастар, туыстық жүйе құрау реті, дəстүрлі отбасыға тəн əйел жағдайы, бала асырап алу, көп əйел алу салты, бала тəрбиесі, қонақ қабылдау дəстүрі, мəйітті жерлеу жəне оның артын күту дəстүрі сияқты мəселелер зерттелген [1].

 Қазақ тарихы, хандық тарихы туралы əртүрлі дерек көздері бар. Ол, əрине, қазақ ортасында болған, бақылаған сырткөз, жатжұрттық, көрші елдердің өкілдері, елшілері, саяхатшылары, саудагерлері болған. Сондай деректердің ішінде қазақтың бала тəрбиесі, үйлену салттары, қазақ баласының, қазақ əйелінің зерделілігі айтылады. Ал енді қазақтың өзіндік тарихи деректерін айтатын болсақ,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

бұған тарихи жырлар, шежірелер, əртүрлі əдеби нұсқалар жатады. Қазақтың отбасы рəсімі мен салт-дəстүрлерінің бір саласы дүниеге ұрпақ əкеліп, бала тəрбиелеу, некелесу, отау құру, үйлену мəселелерін қамтиды, енді бірі жерлеу рəсімдерімен байланысты.

 Шежіре сөйлетіп, тарих хаттаған ұлт тұлғалары – М.Ж.Көпейұлы, Н.Наушабайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбайұлының еңбектері тəуелсіздік алған жылдарда жарияланып, қайта жарыққа шықты. Шежіре дегеніміз халық жинаған тарихи білім, бұқара əлеуметтің насабнамалық жадысы. Халық əйгілі тарихи тұлғалардың өмірбаянына қатысты оқиғаларды ұжымдық есте жақсы сақтайды. Осындай жадыға тоқылған сөзді ескі сөз, шежіре деп атайды. Қазақ қауымының өткен дəуірдегі рухани өмірі мен тұрмыс-тіршілігі туралы шындықты айтатын мағлұмат көзінің бірі – осы халық шежірелері, ескі сөзі, батырлық жəне тарихи жырлар. Қазақ хандығының да, қазақ халқының да тарихына қатысты тұжырымдамалық мəселелер тек қана қазақ шежіресі арқылы қамтылады.

 Қазақ жерінің əйгілі тарихи адамдары, қасиет тұтқан тұлғалары – бойынақұтдарығанəулиелері, берекелібайлары, қадірлі ақсақалдары, аты ұранға айналған батырлары, дана билері туралы маңызды тарихи деректер осы қазақ шежірелерінен табылады. Шежірелер əуелден- ақ қазақтың асыл бабалары жинаған өмір тəжірибесі ұрпаққа жету үшін рухани дəстүр ретінде жалғасқанын осы мысалдар айғақтайды. Қазақтың батырлық жырларында айтылатын маңызды ой – елді, жерді қорғау, бұл істің өзі мемлекетке, мемлекетшілді санаға тəн отаншылдық сезім, туған жерді аялаумен тығыз байланысты.

 Шежірелерде халықтың есінде сақталған тарихи тұлғалар туралы айтылатын болса, көбіне əділ билер, төрелік құрған хан, сұлтандар, елге береке бітірген мырзалар, ержүрек батырлар, даналық дəнін шашқан ақындар жайлы айтады. Сонымен қатар, қазақ шежіресінде қазақ қоғамында жасаған айтулы ел аналары мен ханымдар туралы да деректер молынан айтылады. Қазақтың халық шежіресін айтушылары əйел затын шежіреден қалдырған емес.

«Құда – мың жылдық», «қарға тамырлы қазақпыз» секілді мақалдар қазақ халқының ру-руға қосылып одақ, бірлік, бірлестіктер құру сатысынан бірегей қазақ ұлтына айналуда қыз бала, одан əйел бала, одан келіп бəйбіше атанған əйел затының орны, маңызы ерекше зор болғаны көрініп тұр. Қазақ адамдары «біз қарға тамырлы қазақпыз»,

«құдандалы сары сүйекпіз» деп сөйлейді. Осы нақылдарда бір қырынан қазақ шежіресіндегі əйел затының орны көрсетіліп тұр.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Бұрынғы ескі сөз халық шежірелері де ел анасы болған, ерге ақылшы, екі елдің арасын қосуда ақылдылығы, даналығымен ел аузында есімі сақталған аналар туралы тарихта айтылып отыратын болған. Әсіресе, елге келін болып түскен, елді өсірген аналардың аты даңқты болған. Жақсы ана болатындай қыз тəрбиелеп өсіру – тым арғы замандардан – сақа дəуірінен сақталып келе жатқан игі дəстүр. Түрік дəуірінде де, қазақ заманында да солай болды. Құмай- ана, Тумарыс ана, одан соңғы тарихи эпос жырлардағы Құртқа ана, Гүлбаршын ана. Жиренше шешеннің жары əрі ақылшы серігі Қарашаш ана. Домалақ ана, Қызай ана, Болған ана, Айша бибі, беріде

  • Айғаным, Айпара, Зере бəйбіше, Күнжан, Айғыз, Шоқанның анасы Зейнеп. Тоғжан Самай қызы – Жəмішбай, Кемпірбай, Сақау ақын заманында болған атақты ақын əйел.

 Абылайдың əйелі Топыш ханым, Кенесарының қарындасы Бопай ханым, бұлардың есімі барша қазаққа əйгілі. Ұлтқа-ұлысқа ұя болған аналарды ел ұстайтын ер-отағасымен қосып атау шежірешілердің жадынан еш шықпаған. Өйткені қазақ халқы «Ер жерді сақтайды, қыз ұлтты сақтайды» деген берік ұғымды ұранмен ұғындыра білген. Руыңды сақтаймын десең – ұл өсір, ұлтыңды сақтаймын десең

  • қызыңды тəрбиеле деген. Сəдуақас Мұсаұлы Шорманов: Дінін күткен шын молла пірден артық, ерін күткен жақсы əйел елден артық. /Мысырда патша болып тұрсаңдағы, болмайды өсіп-өнген жерден артық, – деп айтқан. Мəшһүр Жүсіп жазатын Ұлбикенің аты да əйгілі.

 Сонымен, шежіреде гендерлік жағынан тарихқа қатысты мəліметтер көбінесе ер кіндікті адамдардың ата-тектерін өрбітумен қатар əйел заты туралы да айтуды ұмытпаған. Ескі заманда көшпелілердің дəстүрлі əлеуметтік-шаруашылық қатынастары, институттары патриархалдық сипатта дамумен тікелей байланысты болған соң, ер адам туралы мағлұматтар артық айтылады. Алайда, түрік дəуірінен сақталған тас мүсін ескерткіштерінде де ер адам мен əйел адам қатар бейнеленген. Мүсіндерді зерттеген ғалымдар, мүсін тастардағы əйел бейнесінің қалыптасуы халықтың жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыспен байланысын білдіреді деген, бұл байланыс рудың, адамдардың мал-жанның қорғаушысы деп саналған отбасы, ошақ қасының құдай анасы – Ұмайдың бейнесінің тууына түрткі болды дейді. От ана, Бай ана, жарылқа, деген тілеу болған. Содан келе ананы, жерді, суды, айды қадірлеу, ұрпақты қадірлеу Ұмай, немесе Бай-Ана бейнесі қалыптасқанға ұқсайды [2].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Шежіреде əйел заты туралы дерек тыс қалмаған. Алтын Ордадағы Жошы ұрпақтары шежіресінің өзіндік ерекшелігі: шежірелерге тек хан тұқымына жататын ұлдардың аттары ғана емес, қыз бала есімдері де енгізіледі, кейде тіпті кейбір Жошы ұрпақтарының əйелдерінің аттары да шыққан тегімен қатар көрсетіліп отырады [3]. Шежіреде əйел затын жəне туыстық қатынас ретін білдіретін бойжеткен, бибі, əйел, бəйбіше, ана, апа, шеше, əже, қалыңдық, келін, жеңге деген мағынадағы ұғымдар бар. Әлем халықтары өз тегін бірі – ата жағынан, бірі – ана жағынан артық айтып өрбітеді. Осы тұрғыда қазақ ортасында шежірелер мазмұнында негізінен ата-баба тегі туралы өрбіткен, бірақ кейбір қария сөздерде ана жұрты, нағашылар кім болғандығы жайлы да жақсы айтылады. Мұның өзі туыстық ретіне ерекше əсер ететіні белгілі.

 Қазақта ұрпақ өсімі бірнеше рулардың анасы болған үлкен ана туралы баяндайтын шежіре бар. Мəшһүр Жүсіп былай жазады:

«Баяғы Бегендіктен Оразгелдіні, Сүйіндіктен Суғыншыны тапқан қатын Сүйіндік өлген соң байға тиіп кетіп, қуандықта Темеш деген елде Оразды тапқан. Бала күнімізде қариялар аңыз қылып айтып отырушы еді: «бір қатын бес елді өсірген екен» деп [4]. Бұл енді бұрын қазақта болған əмеңгерлік дəстүрмен байланысты болған. Кіші жүзде «Күнжан сұлу əрі ақылды əйел болған», он екі ата Байұлын құрайтын өскен үш тайпаның анасы деседі. «Ертеден кəріқұлақтан атадан-атаға айтылып жүрген Беріш, Таз, Адай үшеуі бір ананың сүтін емген деген» сөз шежірелік деректе сақталған [5].

 Қыздың ұзатылған жерінде аналық қасиеті, даналығы, əдептілігі, ақыл-даналық қасиеттері арқылы ұлағатты мінез-қылығымен дүйім жұртқа, бүкіл ұлысқа ұйытқы болған, өрленіп өсіріп, өрісін ұлғайтқан аналар атаусыз еш шежіре тарихтан қалмаған. Бұған мысалға келтіретін дəлелдер де көп. Мəшһүр Жүсіп: «Мейрам сопының бəйбішесі Нұрпая Кіші жүз Құддыс бидің қызы еді..», – деп бастап, Мейрам ұрпағын Нұрпая ананың даналығын жəне ата-жұртын іздеп келіп Сүйіндікке еншілес етіп төрт ұлы Төртуыл атанған бірлестігі құрғанын тамаша үлгі етіп айтады. «Сүйіндіктің əйелі үйсін Өгіз бидің қызы еді» деп, Нұрпаядан басталған жəне оның төртуылдан тараған ұрпақтың бірлігін тамаша сақтағанын үлгі етіп əңгімелейді. Ерте жəне ортағасырлық уақытта билеуші əулеттердің өзара қарым-қатынастары қыз алысу жолымен ретелгені анық. «Ұлыс, рулар қырқысып, бірін-бірі ала алмаса ымыраға келіп даудың түбін қыз бекітеді, судын түбін шым бекітеді деп қыз беріп, қыз

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

алып, ілік-жілік, құда тамыр болып татуласып отырған. Қазақ пен қырғыз арасында болған кақтығысты енді ғаңа аяқтап, екі ұлт енді ғана ымыраға келіп, қырғыз ханы қызы Тұмарды Әбілпейізге беріп, сүйек болып бітісіп, тыныштық орнаған кез екен», – дейді шежіре деректері [6].

 Көне қытай дерегі қытай патшаларының көшпелі жұртпен елшілік қарым-қатынас нығайтуда қыз беру салты соның бір өзегіне айналдырғанын байқатады. Бұл дəстүр ұзыннан-ұзақ тарихи дəурлер бойы жалғасқан. Қазақ-қалмақ жəугершілік заманында да қалмақ тарапынан бейбіт келісімнің бекіту шарты есебінде қыз беріліп, саяси байланысты құдандалық, туыстық арнаға салуға бет бұрған жақтары болған. «Әбілғазы Баһадүр хан сөзінше Шыңғыс хан кезінде Ойрат ханы Құтлық деген еді. Басында жау болып аяғында жарасып қыз алып, қыз беріп қарады», – дейді шежірелік дерек [7].

 Көшпелі қазақ жұртында да руаралық қарым-қатынастардың тəтті де, тұзды да тұстары осы қыз алу, қыз беру мəселелерімен байланысты болғаны, бұл мағынадағы əлеуметтік байланыстар қоғамдық қатынастардың маңызды реттеуші факторына айналғандығын көрсетеді. Осы күнге дейін қазақта «Ұл өсірсең – қорғаның, қыз өсірсең – өрісің» («Қыз – өрісің, ұл – қонысың»),

«Астың дəмін келтірген тұздан айналайын, елдің арасын қосқан қыздан айналайын» дегендей көптеген мақал-мəтел, нақылдар бар. Қазақ шежіресі кім көрінген еркек кіндіктінің өзін де тізбелей бермейді.

 Қазақ шежірелерінде көбінесе əйел заты қазақ руларын бірлестіруде, ұлтты құрау қызметін атқарғаны айтылады. Құдандаластық, қарға тамырлылықтың сол заманда ру одақтарды жақындастырып, ұйыстыратын ұлт құру ролі қазақ халқының бірегей тілі, салты, дəстүрі сақталуына əсер еткен үлкен мəні болған. Ертеден қалыптасқан салтты білдіретін сөз: «қыз – жат жұрттық». Ұлыс пен руды жақындату үшін қыз беріп, қыз алысу, құдандылық арқылы достық қарым-қатынас орнату ежелгі түрік салты деп білеміз. Құда- құдандалық ұлыс, руларды ынтымақтастырған. Сондықтан дəулетті, іргелі əулет алыс ел, тегі бір басқа тайпалармен қыз алып, қыз беріскен. Осы себепті де қыз «ұзатылатын болған». Қызды алысқа ұзатудың тəрбиелік əрі этномəдени мағынасы да терең.

 Алыстан туыстасу қан алмасуға, зəузат қорының жаңаруына əсер ететіндігі де аян. Ұзатылған қыз, елімен қоштасу жырын –

«сыңсу» айтып жылап, қоштасып аттанады. Оның мағынасы терең.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

«Сыңсуда» ұзатылған қалыңдық қарт ата-анасы, əжесі, əпкесі, сіңлісі, бауырларының əрқайсысын артындағы жеңгесіне, туыстарына тапсырады. Қимай кетіп бара жатқанын білдіріп, оларды мəпелеп, аялап ұстауды еліне, жұртына өсиет етеді. Туған жерімен, елімен, төркін жұртымен қош айтысады, елге, жерге игі тілек айтып, жылап сыңсиды. Бұл жырдың тəрбиелік мəн-мағынасы зор болған.

 Қазақ шежірелерінде қыздың ұзатылғандағы сыңсуы, келіннің ата-енесі не басқа қимас жанашырларының бірі (қайнағасы, атасы, енесі, қайнысы, т.т.) қайтқандағы жоқтаулары да аталып өтіледі. Ұзатылған қыз жыл өтпей немесе бір перзентті болмай төркіндемейді. Межелі уақыт болғанда (ең кемі бір жыл, əйтпесе бірнеше жыл) қайын жұртына, ата-енесінің, шешесінің төркін жұртына амандасуға, көруге, сағынышын басуға шығады. Бұны

«төркіндеу» дейді. Құдалар мен төркіндеген қызды қарсы алуға бұл елдің де белгілі адамдары жиналады. Ел мен ел қосылып ынтымағы жарасады, есте қалады. Қазақтың құдасы сондықтан мыңжылдық болады, ұрпақ аралығындағы, қиыспаған құдалар санау бір қиян жерден бұл кезде үлкен ана-бəйбіше болып танылғанша ананың жұртымен не қыз беріп, не қыз алысып қайта құдалық жасасады. Мұны «сүйек жаңарту» дейді, осыдан барып «қарға тамырлы» қазақ ұлысы құралады. Ұзатылғанда айтылатын сыңсудың да, төркіндеп келгенде айтылатын жырдың да отаншылдық мағынасы зор.

 Үйсін Ошақтының Байлы руы Масудидің «Тарихи Әбілқайыр- хани» еңбегінде XV ғ. аталады. 1867 жылы Ю. Южаков өзінің еңбегінде «Ошақты мен Шапырашты – Суанның баласы» деп жазған. Шежіреде Жəлменденің үш əйел болған, екіншісі Қарашаштан Ошақты туғаны айтылады. XIII ғ. Ысты туралы Ф.Мүбəракшах

«Тарихында» көшіп-қонып жүрген Тілік тұқымын айтады. Шежіреде Ысты – Бəйдібекке немере, Жəлменденің екінші əйелі Сландыдан туған. Қазақ шежірелерінде қадірлі аналар туралы деректер үнемі осылай айтылатын болған. Шежірелерде халықтың есінде сақталған тарихи тұлғалар туралы айтылатын болса, көбіне əділ билер, төрелік құрған хан, сұлтандар, елге береке бітірген мырзалар, ержүрек батырлар, даналық дəнін шашқан ақындар жайлы айтады. Сонымен қатар, қадірлі аналар туралы мол дерек бар. Өйткені, «алып туса – анадан», дейді қазақ даналығы, яғни батырлардың да, билердің де, атақты хандарды да, қайсысы болмасын анадан туатыны белгілі.

 Сіргелі алты əйел алған, бірінші əйелінен – Батыр, Байжігіт, басқа əйелінен – Қарабатыр, Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Дəушауқар, Есім, Досшабақ; үшінші анадан – Сəмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қопақбай, Мамыр, Ботбай; төртінші анадан

  • Жаңабай, Айтбозым, бесінші анадан – Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар; алтыншы анадан – Тутаңбалы, Қайшылы. «Арғынның үшінші əйелінің аты Айнамкөз. Мұнан туатын – Саржетім, Шақшақ. Шақшақ табынан əкесінің аты Қошқар Жəнібек батыр, лақабы қара палуан Жəнібек. Бұл Жəнібек Абылайды Орта жүзге хан көтерген. Батырлығы, кісілігі де толыққан кезі екен» [8]. Қазақ ортасында бір рудан басқа рудың құрамына ауысып жүрген тұлғалар қай заманда болмасын көп болған. «Арғынның үшінші əйелінен – Көбеш, Жібіш, Мұғаш, Тағаш. Бұл төртеуінің ұрпағы аударыс-төңкөріс уақытында Асан қайғымен Жиделі – Байсын еліне сіңіп кеткен. Бұл төртеуі Сарыарқаға келген жоқ. Сыр бойында қалған».

 Қожаларды шежіреде Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) əулетінен санайды. Мұхаммед пайғамбардың көп əйелі болған. Сол əйелдерінен Қасым жəне Ыбраһым атты екі ұл көріп, олар тым жастай өлген. Зейнеп, Рахия, Мүгілсім, Фатима дейтін төрт қызы болып, Мүгілсім де балалалық шағында өлген. Мұсылмандық дəстүрмен, осы есімдер де қазақ ортасында қыз балаға ат қою дəстүрінде орын алған. Жошы хан туралы шежірелік деректерде баршаға мəлім бірер аңыз «Ақсақ құлан» əңгімесінде: «Алашаны құлан шайнап өлтірген. Құланды қуып, қырып өтіпті» дейді. Қария сөз əрі бір күй ретінде берілген шежірелерде Жошының аңға барғанда мерт болғаны айтылса, ендігі бір шежірелерде «жоғарыдағы Жошы Шыңғыстың əйелі Қоңырат қызы Бөртеден (меркіттер оны олжалап əкеткенде) туады. Мүмкін сондықтан да болар, қазақтар оны жатсынбай «Төре» деп төбеге көтерген. Жошы қазақ мəдениетін көтеруге, соғысты азайтуға құлшынған. Мұсылмандарды одақтастыруға тырысқан. Сол үшін əкесі оған у беріп өлтіртіпті деген аңыз да бар» – делінеді. Яғни, қазақ ортасында қожа мен төреден жалғасып келген ат қою дəстүрлері бар. Этнограф-ғалым Халел Арғынбаев «..ислам дінінің əсеріне байланысты толып жатқан аттар қойылатын – деп жазды. Мəселен, əйел аттары – Фатима, Жамал, Зылиқа, Қадиша, Әсімə, Әсия, Шарбану т. б. Әйел аттары мен ер адамдардың атының бір ерекшелігі күн, гүл, айым, атаулы болыап келуі. Қазақ есімдерінің қалыптасуына түрік, моңғол, араб, парсы тілі ықпалы да бар, негізінен түріктік антропонимия үлгілері мол.

 Болыпты Ұлы жүзде Бəйдібек бай, Алатау Таңшолу мекені жай / Басына бақыт қонып қыдыр келіп, артынша дəулет берген

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Жаббар құдай / Сегіз ұлы артындағы қатар өсіп, қайрат-күші, өнер, ғылым, бəріде бар / Қоралас қатар өскен қырғыз қазақ, дəулет күші бақытына келмеді сай / Хисапсыз түрлі қазына жиған мүлік, саны жоқ біткен алда болды төрт түлік / Асынып қару-жарақ сегіз ұлы, арғымақ мінгендері күллі сəйгүлік / Мастанып дəулет қабат абыройына, көршілес салып жүрді елге бүлік / Қырғыздың ақыны Күленнің Аққошқары, күншілік етті бір тітан мұны біліп / Болыпты осы байдың үш əйелі, Домалақ атты дейтін кіші əйелі / Ажарлы туыпты асқан сұлу болмыс, ақылды, аруақты боп осы əйелі / Әйелдің қасиетін бай да біліп, бағады ықыласыменен іші жылып, – деп шежіреден жырланады.

 Малыби заманында өте озық туып, хан қатарында болған. сол үш жіздің баласына басшылық етіп сыртқы жаудан қорғануға аса ақылды, аса шебер болған адам дейді. Малыбидің екі əйелі болған. үлкен əйелінің аты Құндыз, кіші əйелінің аты Жезбике. Үлкен əйелінен туған Күнті. Күнтінің баласы Сұпы, Бақа. Сұпыдан Маңғытай, Сеңгіл. Бақидан Құдайберді. Бұдан төрт бала: Жаулыбай, Аманбай, Сүдембай, Сүйінбай. Кіші əйелінен Түкі, бұдан Байқошқар, Аққошқар, Жаулыбай, бұдан Жанантай, Қоңыр, Шупаш, Сүттібай, бұдан Жанқараш. Сүдембайдан Қырығзалы. Байқошқардан Ақболат. Аққошқардан Қайрақ, Божбан. Осылардан тарап өсіп – өніп əр руға бөлініп қоңырат деген бір тап ел болған.

 Көшеннен Алтай Итқара батыр екен. Көшеннің өз əйелі ақсары Қазыке бидің қызы Базар бике. Жанаттың алғаны алшын бəйбішесі қыпшақ Бəйгелдінің қызы. Малайың халал болса ұлдан артық, бір көрген қызығыңыз жылдан артық/Дəуірің бір күндерде жоғарылса, айтсаңда шылғи өтірік шыннан артық/Аса боран соққанда паналауға, болады биік томар жардан артық/Болғанда түккөргісіз қара тұман, болады жарық жұлдыз айдан артық/Ағайын араз болса алаш артық, мылтықтан от алмайтын ағаш артық/Жаман қатын пісірген жал-жаядан, жеркенбей шайнап жейтін қалаш артық/Қол берген қысылғанда досың артық, бас тартқан қас жолдастар оңбас/Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген, досыңнан қатын-балаң болмас артық. Халық түсінігі бойынша қыз балаға тіл-көз онша көп тие қоймайтын болған, сондықтан оларға ең жақсы аттарды таңдайтын. Қыз аттарына аспан əлемінің, сұлу-момын аңдардың, асыл тастар, қымбат маталар, құнды маталар, нəзік жəне сирек кездесетін өсімдік аттары т. б. пайдалынатын. Мəселен, Айман, Шолпан, Жұлдыз,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Құралай, Тоты, Маржан, Алтынай, Күміс, Жібек, Мақпал, Шынар, Раушан, Қызғалдақ деп жазған.

 «Орта жүз – Жанарыс. Жанарыстан Мейрам туыпты. Мейрам үш қатын алған. Үлкен əйелі Қояннан – Арғын, Найман туыпты. Ол кісі Тарақты деген баланы асырап өсірген екен. Балалар жиналып ойнағанда Тарақты оларға қосылмай тасқа шығып кетеді екен. Осы себепті біреуге біреу қосыла алмаса – «Тарақты болып тасқа шық» деген сөз тəмсіл болыпты. Ортаншы əйелі Жарғанаттан Керей мен Уақ. Үшінші əйелі Жасардан Қоңырат пен Қыпшақ туыпты. Бұларды алты арыс деп атап, Тарақтыны қоспайды. Мейрам өзінің алты баласына былайша баға берген екен: «Арғын менен Найманды қамшы беріп дауға қой/Қоңырат пей Қыпшақты су тартатын қауғаға қой» – дейді шежіре [9].

 «Арғынның үшінші əйелі Айнамкөз. Мұнан туатын Саржетім, Шақшақ дейді. Шақшақ табынан əкесінің аты Қошқар Жəнібек батыр, лақап аты қара палуан Жəнібек деп атайды. Шақшақ Жəнібек, Қошқарұлы Жəнібек, қара палуан Жəнібек – бір адамның аты. Бұл Жəнібек Абылайды Орта жүзге хан көтерген. Батырлығы, адамдығы толыққан кезі екен. Арғынның бас адамы» [10]. Шежіре деректері бойынша аты жиі айтылатын қазақ ақындары: Жапар ақын – Сүйіндік ішінде айдаболдың тəйгелтір табынан. Бала кезінде қорасаннан екі көзі кетіп, соқыр болған. Көтеш ақын Райұлы Сүйіндік ішінде күліктің сексен табынан. XVIII ғ. бас кезінде болған адам. Талай айтыстары бар, жеңілген жері болмапты. Бөрібай ақын Алтайұлы Сүйіндіктің Ақбура табынан шыққан. Қаблан ақын Бөрібайұлы. Кедей болса да сөзін сатпаған. Айтысы жоқ, шығарған тақпақтары көп.

 Сақау ақын Кеспелікұлы Сүйіндіктің, Орманшы табынан. Айтысы көп болған адам. XVIII ғ. Жəмішбай ақын қаракесектің қаракемпір табынан. Айтыстары көп, əнші де болған. XIX ғ. аяқ кезінде болған адам. Кемпірбай Бөгемайұлы ақын қаракесектің қаракемпір табынан. Айтыстары көп. Тоғжан Самай қызы ақын əйел. Атасы қаракесектің бертіс қызылқұрт елі. Әкесі бай болған, барған жері Сүйіндіктің Орманшы елінде Мəңгі деген бай болған, Сақау ақынмен айтысқан» [11].

 Насабнамалық білім дамуында заңдылық бар, ата-тек тарату жүйесінде біршама буын есімдері ұмытылып, төтелеп түседі, кейде жалған генеалогиялық кестелер жасалады, арада талай ұрпақ есімі аталмай қалады. Жеті атасының басында тұрған адамның

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

есімі сақталып, қалған буын сақталмайтыны секілді өз заңдылығы кездесуі, саналы түрде, бейсана түрде де қалыптасады. Саналы түрде болса, шежіре – ата-текті айтушы кейде көп əйелді адамның бірінен болса, арғыдағы күндес аналардың ұрпағын айтпай, атамай бүгіп қалады [12]. Тоқалдан туған баланы кейде шежіреге қоспаған. Ортадағы бір атадан күмəнді жағдайда тараған болса, біле тұра жасырады. Сондықтан «жеті ата жібінің арасында үзік- кетік қалады, сол сияқты себептерден шығады; санаға салынбай айтқанда пəлендей рудың атасынанбыз деп, асығыстықпен, иə сөз қысқарту үшін жетінші атасын ғана айтады. Шежірелік деректердің біршама мəліметтері рулардың өзара үшжұрттық қатынастарын ішкі мəнін қамтып сөйлейді. Осыны шежіре деректерінен алынған төмендегідей қысқа мысалдармен суреттеуге болады: «Жансарының бəйбішесі Қарауыл Қаражігіт бидің қызы екен». «Түменбайдың əйелі Қуандық 12 мың жылқысы бар Сапақ байдың қызы екен. Аты – Ақбет, əйелдерге «болыс енем» атанған». «Жарылғаптың əйелі Қуандық Тілеш–Тілеулі бидің қызы, аты – Ұлжан». «Бесімнің бəйбішесінің аты Бөктік. Қыпшақ Қатықолақ мергеннің қызы».

«Шындығында Әбілқайыр Шыңғыс əулетіне жиен. Атап айтқанда Өзбек ханның үлкен қызы Үриябанудан туған. Үриябану Қорасан əміршісі Гилауыз (Қылауыз) Шайбанидің əйелі болған».

 «Тайтеке Қаржас Анайға қызын бергенде қалың малға осы Ақбет таудан жер алып көшіп келіпті». «Телеуден үш жігіт Өтебай деген байға жиен болып келген. Солардың біреуі Өтебайдың қызын алып, содан қайтып келіп «нағашыларымды тап» деп, Телеу жаққа кеткен. Әйел үш баласын осы жаққа жіберген. Содан олар осы қаржас жеріне келіп өніп-өсті». «Қуандықтың алты баласы ат арқасына мініп, соңына еріп, жасаққа жарағанда Сүйіндіктің отауы сонда түріліпті, қатыны Ұлы жүз – үйсін Өгіз бидің қызы екен дейді.

 Осы мысалдан байқап отырғанымыздай шежірелердің руларға қатысты деректері ең алдымен руаралық үш жұртты əлеуметтік байланыстыру ретімен сəйкес келеді. Үш жүздің қалыптасуы туралы деректер шежірелерде əрдайым үйсін, арғын жəне алшын сияқты үш түрлі негізгі ру атымен байланысты.

 Қазақтың дəстүрлі отбасы жəне туыстық, рулар тарихы арқылы есте сақталған аяулы аналар туралы мəліметті шежіредегі деректерден табамыз. Тарих жасаудағы ана болмысы туралы айтатын қазақ мақалдары да көп. Шежіреде əйел заты қазақ руларын бірлестіруде, ұлтты құрауда консолидациялық қызмет атқарғаны айтылады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қазақтағы құдандаластық қарға тамырлы жүйе жасау арқылы ру одақтарын өзара жақындастырып тұтас ұйыстырған, хандық құруға консолидациялық ролі болған.

 Қазақ шежіресінде қыз балалардың, əйел адамдардың атын атап қою, қыз есімі дəстүрінің бастаулары турасынде ешнəрсе айтылмайды. Бұл турасында əйгілі этнограф Х.А. Арғынбаев

«солай болғанмен де қыз балаға ат қою қиын болмаған, оны əке- шешесінің өзі де қоя салған. Қазақтың қыздарға қоятын аттары ер балаларға қоятын аттарға қарағанда əлдеқайда нəзік, əдемі, айтуға жеңіл, сыпайы болады. Кейбір халықтарда шығу тегін тек ата тегі туралы айтса, басқа халықтарда ата жəне ана тегі туралы түсінікті қатар дамытып, енді бір халықтарда тек аналық тегі туралы айтуды қажет деп білген. Адам баласы Адам ата мен Һауа анадан жаратылды деп, мұсылманда ата текті өрбітуді баса айту жағымен байқалады. Ысрайыл ұрпақтары өз тектерін аналық насабнамасына баса назар аударумен қатар, өздерінің туыстық жəне ұлттық белгілерін сол сипатына орай белгілеуді дəстүр етеді. Байқасақ, расында қарақалпақта Ақшолпан ана есімі ұранға айналған, Бердах шежіресінде айтылады [13].

 Қазақ халқы туыстық ретін үш жұрт деп белгілей отырып, өзінің тікелей туыстары ретінде əке жағынан бірге туғандарды, одан кейін ана жағынан туыс нағашы жұртын жəне неке жағдайына орай қалыптасқан қайын жұртын атап реттейді. Туыстық қатынастардың осы ретіне орай əлеуметтік тұрғыдағы алыс-жақындығы туралы халық даналығы: «Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты – күншіл, нағашы жұрты – сыншыл, қайын жұрты – міншіл» – деп бағалайды. Шежіреде түрік-моңғол халықтарының арғы атасы, арғы анасы туралы ұғымдар кең таралған. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның арғы анасы Алан һуа, түрік шежіресінде Ақ Шолпан есімі əйгілі. Л.С. Толстова деген зерттеуші қарақалпақтың шежірелік аңыздары туралы былай жазады: «ескі аңыздар бойынша мүйтен деген халық өз кезінде саны көп ықпалды қауым болған, мемлекет құрғаны айтылады. Бір заманда бір ел тарапынан қысым көріп, қырғынға ұшыраған деседі. Сонда олардың үрім-бұтағынан қалған егіз баланы сақтап қалған Ақ Шолпан есімді ана болған. Бұл халықтың шығу тегі туралы айтылған матриархаттық үлгідегі бір нұсқа сөз» [14].

 Қазақ шежіресінде «Әнестен – Жабал. Жабалдан – Ақшолпан, Барабар (оңтүстік жақта). Ақшолпаннан – Тəрəнжі, Бұлыш, Қораз»

  • деп, бірде түрік-моңғол, бірде түркмен, қарақалпақ руларының

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

арғы анасы (немесе атасы) ретінде көрсетіледі [15]. Осыған ұқсас жағдайлар кейінгі уақытта шежірелік мəліметтен көрініс тауып, кейбір қазақ руларының аты ана есімімен, немесе ана есімі ұранға айналғаны да болған. Мысалы, Орта жүз арғынның бес ата балаларынан Қаракесек табы арғы анасы Қарқабаттың есімін ұранға айналдырған. Туыстық қатынастарды анықтауда ана тегі ең нақты əрі шынайы болып келеді. Осыған орай ерте дəуір қоғамдарында біршама əлеуметтік-құқтық қатынастары қалыптасқан. Қытай жылнамалары түріктер тарихын баяндауда əуелі ана тегі жағынан сөйлейді ... қағанның жұбайы катун/қатын аталған. Катун сөзінің шығуы белгісіз – деп, зерттеуші К.У. Торланбаева жазады [16]. Біздің түсінуімізше катун/қатын сөзі құт ≈ құтын ұғымынан шығып, ошақ құты, үй құты деген мағынаны білдірген, жəне қатын қатынас орнату, қатынасу деген əлеуметтік байланыс мағынасында айтылады.

Шəкəрім шежіресінде мынадай түрік рəсімі туралы мəлімет бар:

«Түрік халқы парсы жұртындай жеке руымен жүрген халық емес, бірталайы əр рудан қосылып ел болып, маңайындағы елдерді шауып алып, егерде жеңілсе, өзге жаққа ауып кетіп, жəне бір елді шауып əр рудан қосылып əр түрлі атпен аталған. Нəсілі бір болмаса да, екі түрік ағайын болғысы келсе, бір жерін қанатып, қандарын сүтке, яки қымызға қосып, бөліп ішеді де, қаны қосылған. Қарындас болдың деседі. Оны анда дейді. Біздің қазақтың құда-анда дегендегі андасы осы сөз». Ия, қазақ əлі күнге дейін «құда-андалы едік» дейді [17].

 Тарихтағы қазақ əйелінің көрінісі, оның дəстүрлі қоғамдағы орны, қыз затына байланысты мəліметтерді бұрынғы зерттеушілердің еңбектерінен табамыз. Бұл мəселені зерттеген авторлар Ресей империясының отарланған өлкелерде орыс заңдарын енгізу мүддесінен шыққаны белгілі. Сондықтан əлеуметтік өмірдегі дəстүрлі құқтық қатынастардың ыңғайын анықтаумен болған [18]. Мəшһүр Жүсіп сынды шежірешінің өзі елге елеусіз, халыққа қайырым-шапағаты тимеген, санда бар, санатта жоқтарды шежірелік жазбаға қоса бермеген. Ондайда ол кісі

«бұлардың өзі иттен де көп, бəрін жаза беруге өзім қарт, қағаз болса қат» немесе «Оның арғы жері кімнен туып, қалай өсіп-өнгендігінде нем бар» – деп шектей салады.

 Құлболды бабаның бəйбішесі туралы Мəшһүр Жүсіп: «Құлболды: Өзге малды қанша алса да беремін деп / Беруге сол бураны болған қырын – деп бергісі қалыңмалға қасиетті бурасын бергісі келмей, қырын тұрғанда қайын атасы да «Қалыңмалға бермесе сол бураны

/ Қызымды бермеймін деп қасарысқанда / Құлболды Мақпал

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

атты бəйбішесі / Кемеңгер адам екен ақыл иесі / Бураны беріп сол қызды алыңыз» деп / Болыпты бəйбішесі зор кеңесті – деп Мəшһүр Жүсіп əйел даналығын шежіресіне қосады. Сол секілді төркін тегі Бəсентиін ақылды намысқой əйелді ұзақ толғау еткендігі, ол əйел перзент көтермеген соң Бұхара Шəріпке кетіп, перзент тілеп, ақыры содан туған ұлдардан əулие қасиетті тұлғалар болғандығын əдемі жырлаған толғауы бар.

 Енді бір шежірелік деректе осыған ұқсас оқиғалар былайша баяндалады: «Шаштаннан Сары батыр болады. Ол «бағаналы» ұранын шақырып, орда тігіп, он екі əйел алып, халыққа қорған болып жүргенде, бір күні жылқысын жау алады. Батыр Орта жүзді жинап сол жауға аттанады. Бұл жау баяғы Қытайға ауып кеткен өр найманның қаракерейіндегі Ақша хан деген ханның жортуылшылары екен. Қарауылшы жауды көріп, хан өз қызын отау тігіп тастап ұрыссыз көшіп кетеді. Ол уақытта отау тігіп қыз тастаса, жауды енді қумайды екен, жəне де шаппайды екен. Отауды көргесін қызды Сарыаталық алады. Бұл қыздың аты Аққыз екен, Ақша ханның өз қызы екен. Халқын қорғау үшін өз қызын тастаған екен» [19].

 Қорыта айтқанда, қазақ тарихы қоғамдағы саяси өмір мен əлеуметтік тұрмыс жайын толық қамтып, батырлар, билер, ел ақасақалдары мен қатар халық шежірелерінее аты əйгілі, айтулы əйел заты жайында – ел аналары мен ханымдар, тілге шешен ақындары туралы айытып отыруы, олардың есімі мектеп оқулықтарында да жақсы үлгі мен игі өнеге тəрбие мақсаты үшін орын алуы заңды құбылыс болып табылады.

Əдебиеттер:

  • Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996.
  • Досымбаева А. Түркілік тарихи-мəдени кешендер // Қазақ тарихы. – 2004. – № 2. Б. 47-53., 53 б.
  • Әбусейітова М. Түркі жəне парсы деректемелері // Қазақ тарихы.

– 1995. – № 2. – 22-27 бб.

  • Мəшһүр Жүсіп жазған «Қазақ шежіресі» еңбегінде.
  • ҚР БҒМ ӘӨИ ТҚБ, 680 бума. 3-4 дəптер. Қазақтың қысқаша шежіресі. – 1936.– 34 б.
  • Меллетхан Әленұлы. Абақ жəне төре шежіресі.
  • Шежірелік мəтіндерден

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

  • Суан Қареке биден шежіре. Бума № 1289 – ҚР ҚҒА ОҒК, Бума

№ 1289. Дəптер №3 – Шежире. Жинаушы Диваев А. 1941 год. Арабша. – 3 б.

  • Шынай Р. Ата-баба тарихы. Шежіре.– Баян-Өлке, 1991.– 6-7 бб. 10.ҚР БҒМ ОҒК, Бума 901 Мағзұм Ахметов. 33. Тарихи əңгіме.

11. ҚР БҒМ ОҒК, Бума 901 Мағзұм Ахметов. 33. Тарихи əңгіме. 12.ШежіретарқатқанА.Әділханұлықажыəңгімесінен

М.А.Нурмухамедов М.К.Бердах – великий поэт каракалпакского народа. – Ташкент: Фан, 1977. – 32 б.; Х.Хамидов. Ески қарақалпақ тилиниң жазба естеликтери. – Нөкіс: Қарақалпақстан, 1985. – 224 б., 30 б.

  • Толстова Л.С. Исторические предания южного Приаралья: К истории ранних этнокультурных связей народов Арало- Каспийского региона / Л.С.Толстова. – Москва: Наука, 1984. – С. 198 б.
  • Шежіре нұсқаларының қолжазбалары.
  • Торланбаева К.У. Катун и соправление (к вопросу о соправлении и его истоках) / «Историко-культурные взаймосвязи Ирана и Дашт-и Кипчака ХІІІ- XVIII вв.» – 198-199 бб.
  • Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі. – Алматы: «Ол-Жас Баспасы» ЖШС, 2004. – 80 б.
  • Қар.: Женщина в кочевом быту // Туркестанские ведомости.

– 1889. 15, 22 августа. – №№33, 34; Физическое и умственное воспитание у киргиз / Түркістан мұғалімдер семинариясының Есмұхамед Букин деген оқушысының бірі жазған бұл мақаланы жариялаған Н.П. Остроумов // Туркестанские ведомости. – 1883.

– 3 мая. – № 17.

  • Сəдуақас қария Алдабергенұлының шежіресі. ҚР ҚҒА ОҒК Бума

№547 Шежире в изложении Орал карии. Жинаушы Болатов Мади. 1971 год. 1 раздел. Шежире турк. Список Казанского издание 1906 года. 2 раздел. Информатор Орал қария. Араб жазуы. – 50 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Жанат КУНДАКБАЕВА,

профессор Казахского национального университета им. Аль-Фараби,

доктор исторических наук

 ТОЙКАРА-ХАНУМ – ЯРКАЯ ЗВЕЗДА ПРАВЯЩЕГО ДОМА КАЗАХОВ ПЕРИОДА ЗАКАТА ХАНСКОЙ ВЛАСТИ

 Последняя треть XVIII века– это время, когдаврезультате политики Российской империи ханская власть доживала свои последние дни на территории Младшего Жуза. Это был насыщенный событиями период, когда с одной стороны оренбургская администрация проводит ряд реформ с целью окончательной ликвидации ханской власти и введения новых форм управления, с другой стороны, это борьба казахского народа, возглавляемая батыром Срымом.

 Попытка Петербурга ликвидировать ханскую власть в конце XVIII века не увенчалась успехом. Почему? Существуют несколько точек зрения по данному вопросу. Одна из них была высказана в советский период М.П. Вяткиным и затем Б. Сулейменовым, авторами фундаментальных трудов по истории Казахстана XVIII- XIX вв.[1,2].

 Так, они считали, что российское правительство поняло преждевременность реформ Игельстрома и на время восстановило ханскую власть в 1791 г. В реализации своих целей в Казахстане, направленных на ликвидацию традиционной системы управления во главе с ханом, центральная власть перешла к политике целенаправленной дискредитации самой идеи ханской власти. Это было выражено в следующем рескрипте: «Но буде бы необходимость обстоятельств потребовала достоинство хана в орде восстановить о умножении их числа, каждый из таковых ханов не был силен в орде и зависел от нас, как и прочие,, подчиненные вам в губернии и по уездам» [2. С.117, 119].

 Ряд российских авторов, написавших свои работы до 1917 г. объясняли неудачи реформ Игельстрома и восстановление им ханской власти в 1791 г. совершенно по-другому. Так, Ф. И. Лобысевич и М.А. Терентьев, автор трех томного труда «История завоевания Средней Азии», изданного в начале XX века считали, что

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

на решение Игельстрома восстановить ханскую власть в Младшем Жузе в 1791 г. оказала влияние Тойкара, дочь Нуралы-хана.

 Так, оценивая деятельность Игельстрома в устроении границ, Ф. И. Лобысевич писал, что Игельстром в первый период управления Оренбургским краем вводил новые порядки крайне спешно и непоследовательно. Непоследовательность эту Лобысевич объясняет тем обстоятельством, что Игельстром «пленился Тойкарой, дочерью хана Нурали, женщиной умной и красивой». По словам Ф. И. Лобысевича «Тойкара была замужем за киргизом, коллежским ассесором Нурмухаметом Хожею (занимал должность заседателя за султана в пограничном суде), жила постоянно в Оренбурге, бывала и в столице, усвоила светскость, но одевалась всегда в национальный костюм. Разумеется, она содействовала потомкам хана Абул-Хаира».

«Игельстром за ласки Тойкара выхлопотал ей титул княжны, пастбищное место для её стад в окрестностях Оренбурга и право, из уважения к её породе, ездить цугом»[3].

 А. Терентьев вслед за ним писал, что «Игельстром изменил интересам государства ради прелестей княгини Тойкары, дочери Нурали-хана, женщины умной и красивой. Покорив сердце старого волокиты, Тойкара склонила его на сторону своего семейства»[4. С.70-71].

 В данной статье я хотела бы ознакомить вас с рядом документов из Архива внешней политики Российской империи о пребывании в Петербурге в 1798-1799 гг. Тойкары, дочери покойного Нуралы-хана в качестве самостоятельного посланника от Казахской степи.

 На основе новых источников, впервые вводимых в научный оборот, я хотела бы поставить несколько вопросов, касательно изучения положения Казахстана в составе Российской империи в конце XVIII века.

 Первый вопрос – правильно ли так ставить вопрос, что только центральное правительство путем решений управляли окраинами, а руководители региональной администрации выступали как исполнители воли вышестоящих структур?

 Второй вопрос – как преломлялся социальный статус женщины в патриархальном казахскомобществевусловиях имперской политики? И не просто женщины, а женщины из правящего дома чингизидов? На примере Тойкары, принцессы из династии чингизидов можно проследить за судьбой правящей династии в Казахстана в условиях столкновения с новым фактором – Российской империей.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Третий вопрос – считалась ли Российская империя со статусом этого замкнутого высшего аристократического сословия, резко выделявшегося своим юридическим положением среди остального населения страны. Ведь, как известно Чингизиды сохранили за собой свои особые права и сословные привилегии на всем протяжении существования их царского дома в Азии. Это касается и Казахского ханства XVIII-XIX вв., где сохраняли свою силу традиции и принципы политической идеологии степной государственности.

 Как не раз отмечали исследователи, потомки хана Абулхаира играли видную роль в государственной и общественно- политической жизни Казахстана на протяжении нескольких веков. Но если нам больше известно о судьбах его сыновей, то в меньшей степени мы знаем имена женских представителей правящего дома казахов. Исключением стала ханша Бопай. В последние годы уже стали широко известны факты участии в управлении ханством старшей жены Абулхаира Бопай-ханум11 (1690-1780). Согласно отзывам многих современных чиновников Оренбурского края и историческим преданиям казахов Младшего жуза, ханша Бопай отличалась глубоким, совсем не женским умом, сильным характером, не лишенной властолюбия, определенной независимостью в суждениях и поступках и в то же время врожденным политическим тактом. Отмечая бесспорные личные достоинства этой незаурядной женщины, известный дореволюционный историк А.И. Левшин писал, что она даже «имела печать со своим вензелем – отличие, совсем необыкновенное в народе который привык обращаться с женщиной, как с невольницами, удаляя их от всякого участия в делах общественных». В разные годы Бопай-ханша пользовалась неизменным уважением у казахских старшин и «имела иногда весьма сильное влияние на управление» казахскими родами Младшего и Среднего жуза. А. Левшин также отмечает, что об ее деятельности стали известно в Петербурге, что с посольством султана Джаныбека ей было прислано письмо от канцлера и кусок золотой парчи от имени императрицы [5.С.181].

11 Как отмечает известный востоковед Т.И. Султанов в мусульманских источниках XIII-XIV в. почетного титула хатун- ханша, госпожа удостаивались жены чингизидов, а более поздних сочинениях к царице и принцессам крови наряду с титулами хатун и бике прилагаются также слова ханум и султан. При этом, Т. Султанов отмечает, что в государствах Джучидов и Чагатаидов султанами называли и принцев крови, и принцесс; причем титул султан ставился как перед собственным именем его обладателя, так и после него [Султанов.Чингисхан и Чингизиды. [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://rikonti-khalsivar.narod.ru/Sultanov01. htm (Дата обращения 2 июня 2015 г.)].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 По словам известной исследовательницы правящей элиты казахов И. Ерофеевой «яркий след в истории оставила не только ханша Бопай, были в степи и другие неординарные женщины. Например, княгиня Тайкара12, дочь Нуралы - одного из сыновей Абулхаира и Бопай», которая выделялась не только своей красотой, но и незаурядностью ума среди других семидесяти четырёх потомков Нуралы-хана. По словам И. Ерофеевой «Тайкара была дочерью Нуралы хана от женщины, на которой он женился в довольно позднем возрасте по обычаю левирата - она была женой его младшего брата Чингиза, которыйраноумер. Их дочьотличалась, какописываютсовременники, красотой, которая приводила всех чиновников Оренбургского края в изумление. Неординарная внешность сочеталась с интеллектом, шармом, умением одеваться, носить и европейскую, и восточную одежду» [6].

 В данной статье утверждается, что в период глубокого реформирования властных отношений у казахов Тойкара была влиятельной персоной в Младшем Жузе. Об этом свидетельствуют документы, о пребывании Тойкары в Петербурге как казахского посланника и аудиенция у императора Павла I в 1799 г.

 С источниковедческой стороны, документы представляют собой типичный комплекс, характерный для приезда иностранных послов в Императорский Двор в конце XVIII века. В найденном деле подшиты все бумаги, начиная с переписки Оренбургской губернской администрации с Коллегией иностранных дел об отправке посольства до речей, произнесенных при аудиенции императора. Основную массу составляют ведомственная переписка различных Министерств, а также материалы, связанные с финансовой стороной посольства, то есть счета. Представленный материал дает нам возможность проследить за подробностями пребывания послов в имперской столице – условиях размещения и бытовыми подробностями, о развлечениях программе, дарах и подарках, аудиенции у императора.

 В докторской диссертации, защищенной в МГУ им. Ломоносова в 2005 г. и двух монографиях, изданных в Москве, подробно разбирается протокол встреч ряда казахских и калмыцких послов, аудиенция их у императора, посольские обряды и обычаи [7,8,9]. В данных работах

12 , XVIII-XIX .

- . « », –

« ». « » .   .

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

пребывание послов в столице рассматривается как определенный метод воздействия с целью вовлечения кочевников в зону имперской коммуникации. При этом, если в начале XVIII века круг лиц, которых принимали в Петербурге был весьма ограниченный - это были в основномпредставителиханскогодомаиближайшегоегоокружения13. А уже в конце XVIII в. стало обычной практикой отправлению к Высочайшему императорскому двору казахских депутатов из числа родовых начальников, то есть представителей знати, которые в традиционной социальной иерархии казахов стояли на более низкой ступени, чем ханы и султаны. При этом примечательно, что они удостаивались чести быть представленными двору. Это говорит о том, что круг лиц, вовлекаемых в зону имперской коммуникации, к концу XVIII века значительно расширяется. К началу XX в. поток кочевников, желающих побывать в Императорском дворе настолько возрос, что по требованию товарища Министра иностранных дел оренбургский губернатор кн. Волконский разработал для представления императору проект «Правила и осторожности при позволении родовым начальникам ехать к императорскому двору». Впоследствии на основе этого проекта была разработана служебная инструкция «кого и для чего отправлять ко двору». В ней было четко обозначено, что «право быть обласканными здесь и отмеченными знаками монаршей милости» имеют только те родовые начальники, которые пользуются в народе особенным влиянием, и кто может оказать услуги, а также те «кои таковое право приобретали по особой верности своей, и приверженности к России и коих вы признаете нужным вознаградить»14.

 Данный фактор упоминается в связи с тем, что при отправлении посольство в официальных бумагах называлось «Приезд в СПб. старшины Меньшой Орды Коллежского асессора Нур-Мухаммед Ходжи Абжелилова с женою Тайкарою, дочерью умершего Нурали хана, для представления государю Императору». А последующее изучение внутреннего содержание и последующая переписка выводят

13 См. «Речь Ералы-султана в Санкт-Петербурге на приеме у императрицы Анны и ответная речь вице-канцлера А. Остермана» // Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: Наука, 1961, документ № 47, 48, с.103; Речь султана Джаныбека на приеме у императрицы Елизаветы Петровны, ответная речь канцлера гр. А. Т. Бестужева-Рюмина // Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: Наука, 1961, документ № 174, с.133

14 «Правила и осторожности при позволении родовым начальникам ехать к императорскому двору» // Архив внешней политики Российской империи (АВПРИ), ф. Спб. ГА [Главный архив], № 161, II-25, оп.70, 1802 г., д.5, л. 1-2 об.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

на первый план Тойкару, оставив ее мужа в тени. Таким образом, можно сказать, что главным действующим лицом посольства была Тойкара.

 Вероятно, посольство было запланировано при участии Игельстрома. Но в переписке Государственного канцлера кн. Безбородко с Игельстромом в 1798 г. не содержится сведений о планировании посольство, но есть указ канцлера о пожаловании Нур Мухаммеда Ходжи, мужа Тойкары в коллежские асессоры и покупке им дома в Оренбурге на сумму 1700 рублей.

 Само посольство было отправлено уже при новом военном губернаторе Оренбурга Николае Бахметьеве 30 ноября 1798 г. Так, он уведомляет Коллегию иностранных дел о том, что посольство старшины Нурмухаммед Ходжи отправлено в Петербург и просит вернуть деньги данные на дорогу – 592 руб. 99 коп. [10. Л.5-5 об.].

 Таким образом, отправившись в путь 30 ноября 1798 г. посланники 26 декабря 1798 г. оказались в Москве, а уже 31 декабря прибыли в Петербург. Следует отметить, что с этого момента во всех документах упоминается только ее имя, например, «записка о дарах его Императорского Величества ханской дочери, мужу ея и служителям его препровождающему конфиденту – (доверенное лицо). Чиновники называют ее ханской дочерью и все время подчеркивают ее высокое происхождение, например, говоря, что устроена она «с подобающим ею происхождению удобством».

 Итак, документы говорят нам, что ханская дочь прибыла в Санкт- Петербург 31 декабря 1798 г. и должна была находиться там 2 месяца (с 1 января по 1 марта 1798 г.). Но документы об отбытии показывают, что на самом деле обратно в Оренбург она уехала 8 марта 1799 г. На ее двухмесячное пребывание была запрошена сумма 2708 руб. 99 коп.+ 592 руб.99 коп. – расходы на дорогу, 1700 руб. – покупка дома в Оренбурге, но на деле получилось расходы оказались намного больше.

 Из финансовых документов мы узнаем бытовые подробности ее размещения и условия пребывания в имперской столице. Для проживания Тойкаре была арендована квартира за двадцать семь рублей. Но понадобились дополнительные деньги, чтобы квартиру дооснастить «до подобающего ее происхождения удобства». Так, в счет были включены: покупка мебели - ширмы и двуспальной деревянной кровати за четыре рубля семьдесят пять копеек, а также два вставленных окна вместо разбитых [10. Л.15].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Для выездов Тойкары в город на все время ее пребывания был нанят хороший экипаж – двуместная карета с парою лошадей на сумму 90 рублей. Для услужения ей была нанята женщина, знающая татарский язык. Кроме того, отдельно оплачивались услуги уборщицы.

 Тойкара принимала активное участие в светской жизни Петербурга, подробности мы узнаем из другой финансовой ведомости. К концу XVIII века в Петербурге сложились определенные формы досуга и развлечений. Так, например, квитанция за вход на маскарад в пять рублей, с угощением там на 5 рублей позволяет нам вообразить Тойкару участницей публичного маскарада, ставшего к этому времени популярной формой развлечения знати. Одним из самых веселых праздников в тот период была масленица (праздник проводов зимы). И счет за аренду саней в четыре рубля – делает Тойкару участницей традиционной масленичной забавы – катания с ледяных горок. А билет и счет за угощение Тойкары во время посещения театра в четырнадцать рублей? Тойкара посетила с экскурсией популярную достопримечательность того времени Императорский фарфоровый завод в Петербурге Счет сколько было издержано для бывшей здесь ханской дочери[10. Л.24]. Император Павел I (1796–1801) унаследовал интерес своей матери Екатерины II к фарфоровому заводу. Он обеспечил завод крупными заказами, часто посещал сам и с удовольствием показывал его своим высоким гостям.

 Тойкаре посчастливилось побывать там во время расцвета русского фарфора, когда завод был одним из ведущих в Европе.

 В комплекс архивных документов по посольствам входят и перечисления даров послов. Так, мы узнаем, что для аудиенции у императора Тойкаре сделано от казны богатое платье, в котором она и была представлена перед Императором. Она была в парчовом платье, отделанном малиновым бархатом и позументом. Мужу также сшили новый наряд. На его костюм ушло пять аршин тонкого сукна и тринадцать аршин зеленого бархата, парча на бешмет и кушак и шапку, пара соболей на опушку[10.Л.42].

 При аудиенции у императора Тойкаре был подарен перстень с бриллиантом в шестьсот рублей и деньги серебром в четыреста рублей. Особо следует отметить, что ей была назначено ежегодное жалованье в сто пятьдесят рублей. Это был не первый случай, когда назначалось жалованье ханским детям, но был первый случай, когда

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жалованье назначалось женщине. [10.Л.41].

 Таким образом, ознакомив с новыми документами о пребывании Тайкары в столице, хотелось бы подчеркнуть, что Тойкара удостоилась аудиенции у Императора Павла I с назначеньем жалования не потому, что за нее просил Игельстром, а потому, что она была представительницей правящего дома казахов, то есть обладала предписанным статусом, обусловленным происхождением, а также высоким достигнутым статусом, приобретенным за счет ума, красоты и образованности, то есть за счет личных способностей. Вряд ли имперские власти потратили бы столь значительные суммы, чтобы просто удовлетворить просьбу Игельстрома, который к тому же в это время переживал закат своей политической карьеры.

 Представленный материал – пример того, что нам пора избавляться от упрощенного толкования политики Российской империи, клишированного образа ее и перейти к более объемного взгляду на имперскую политику.

 Тойкара стала объектом внимания имперских властей, так как ее считали влиятельной фигурой в Младшем Жузе, то есть самостоятельным субъектом истории, а не просто объектом мужского внимания. Вмешательство России не ограничивалось только системой управления и властными отношениями, оно было намного глубже. Россия пыталась формировать новую казахскую элиту на основе старой, тонкими методами прививая ей новые ориентиры и ценностные установки.

Список литературы:

  • Вяткин М.П. Батыр Срым. Учебное пособие. – Алматы: Санат, 1998
  • Сулейменов Б. Казахстан в составе России в XVIII-начале XX вв.

– Алматы, 1981.

  • Лобысевич Ф.И. Главные начальники Оренбургского края. Т.85

// Военный сборник. – 1872 (Т.35). – № 5. с. 53 [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://lib.rgo.ru/reader/flipping (дата обращения 2 июня 2015 г.)

  • Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т.1. СПб.,

1903.

  • Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей. Т.2. –СПб., 1832.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

  • И.Ерофеева: Cтепные браки. Рядовой кочевник никогда не имел много жен [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www. centrasia.ru/news. Дата обращения 01.06.2015
  • Кундакбаева Ж.Б. Политика Российской империи в отношении кочевых народов Северного Прикаспия в XVIII веке. Дис…д-ра исторических наук. –Москва: МГУ им. Ломоносова, 2005.
  • Кундакбаева Ж.Б. Знаком милости Е.И.В. Россия и нроады

Северного Прикаспия в XVIII веке. –Москва: АИРО, Дм. Булавин, 2005.

  • Кундакбаева Ж.Б. Политика Российской империи в отношении народов Северного Прикаспия в XVIII веке: Источники и историография проблемы. –Москва, 2005

10. АВПРИ.Ф.122. Оп. 122/3 Меньшая Орда.1798-1799. Д.6 –

Дело о приезде в Санкт-Петербург старшины Младшей Орды Коллежского Асессора Нур-Мухаммеда –Ходжи Абгелилева с женою Тойкарою, дочерью умершего Нурали-хана при приставе конфиденте Абдул-Фетх – Салямове, для представления Государю Императору.

Сарбас АҚТАЕВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мəдениет қызметкері, құрметті профессор

ҚҰМДА ҚАЛА САЛҒЫЗҒАН ФАТИМА ХАНЫМ

 Арғы-бергі қазақ хандарының арасында еуропаша баянды білім алып, Батыс пен Шығыс мəдениетінің мəйегін тел еміп, тең тұтынған Жəңгір Бөкеев қана. Орыс еліне бодан болған соң оның тілін жете білмей, сөзінді өткізу, өзіңді таныту қиын екенін бірден сезген хан Бөкей үлкен ұлы Жəңгірді əу бастан-ақ орысша оқытуға ұмтылды. Обалы нешік, оған орыс тамыры, Астраханның азаматтық губернаторы Станислав Андреевский қол ұшын беріп, ханзаданы жеті жасынан өз үйінде ұстап, балаларымен бірге жан-жақты білім алуына бар жағдайын жасады. Жеті жұрттың тілін меңгеріп, ел- елдің заң-жарғыларын жетік біліп шығуына күш салды. Араб, парсы тілдерін терең игертіп, Шығыс халықтарының тарихынан,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

əдебиеті мен өнерінен мол мағлұмат берсін деп Ыстамбұлдан əдейі бір ғұлама ұстаз да алдыртты. Оқуын əбден аяқтасын деп əкесі қайтыс болғанда он төрт жастағы тақтың заңды мұрагері Жəңгірді ел басқаруға жібермей, ол ержеткенше билік тізгінін ханның інісі Шығай сұлтанға ұстатты. Болашақ билеушінің көзі қанығып, көкірегі ашылып, басшылық тəжірибесін көңіліне тоқуы үшін бұрын-соңды патшалардың көбісі ұстанған ғибрат қой бұл. Ал алғыр ханзаданың ұстаз уағызынан зердесіне көбірек сіңіргені əр замандағы əр алуан елді басқарған падишахтардың үлгі-өнегісі болатын.

 Жəңгір ертеде ел билеушілердің тағылымына зер салса, біразы өз пəрмен-билігінен гөрі көбінесе дінге арқа сүйеген. Сонау Ескендір Зұлқарнайыннан бастап, кешегі орыстың Ұлы Петріне дейінгі патшалардың дені дінді оң қолы етіп ұстап, өз əмірін дінбасылары арқылы ындатып отырған секілді. Шынында да, халық қашанда жаратқан жалғыз хақтан қорқады жəне хан патшаны оның жердегі əміршісі деп біліп айтқанын қалт жібермей орындайды. Бұл, əсіресе, діні тұрақтанып, ғылым-білімі дамыған отырықшы елдерге төн құбылыс. Жалпы, қырдың жүген-құрық тимеген шу асаудай тарпаң, тентек, бұла халқына бұл дəстүр қалай дарымақ? Ұрыссаң сөзің өтпейтін, ұрсаң қолың батпайтын қаймана халық ханың тұрсын, құдайыңды да сыбап салады. Қазақтың оншалық діңдар халық емес екені əмбеге аян. Бірақ бір ғажабы, сəждеге бас қоймай, «аққойдың келдесі, қара қойдың келдесі, мен құдайдың пендесі» деп жүріп-ақ мұсылманшылығына берік. Сібірдің ұсақ ұлттары былай тұрсын, тəп-тəуір өркениеті бар татарлар мен шуаштар шоқынып жатқанда ол ислам дінінен безген жоқ. Патша өкіметінің шоқындыру саясатынан үзілді-кесілді бас тартып, көнбей қойды. Демек, осы мұсылмандық арнасында оның басын біріктіруге кəміл болатын сияқты. Ол үшін ислам діні өркен жайып, жұртқа ұйытқы болып отырған бауырлас халықтардан өнеге алып, солардың жəрдем-көмегіне жүгіну шарт.

 Осы ой хан сайланардан бір жыл бұрын Жəңгірді Ресей мұсылмандарының биік мəртебелі ағзамы, Уфаның муфтиі Мұхамеджан Хұсайыновтың алдына алып келді. Әдейі қол тапсырып, жүз көріскелі келгенінде бас имам қаланың сыртында Қабанкөл деген жердегі жазғы мекен-жайында отыр екен. Ханзаданы ізгі пейіл білдіріп, ілтипатпен қарсы алған имам мейманының білімі мен білігіне көңілі толып, іштей разы болып қалды. Оның ықылас- бейіліне тойған келешектегі тақ иесінің көңілін муфтидің қисапсыз көп байлығынан гөрі айдай ару бойжеткен қызы – еркетотай Фатима

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ерекше аударды. Жас мөлшері өзімен шамалас, мөлдіреп, мейірім шашып тұратын көзіңде нұр бар ақсары қыздың орыс бикештері киетін жиегі оюлы, екі иығы мен желкесін жапқан ақ қалпағының алдынан қоңырқай тұлымы толқын атып, қос бұрым ғып өрген қолаң шашының ұшы бұйраланып, бөксесін соғады екен. Ақ жібек кеудешесі белін қынап, кең етек көйлегі үкідей үлбіретіп жіберген аппақ періштені көргенде ханзаданың аузына сөз түспей, қадалған көзін қайтып айыра алмай, абыржып қалған. Шоңқайма кебісінің биікжез өкшесі жалт етіп, алтындаған тұмсығы омырауындағы алуан асыл тастан түзілген алқаның алтынымен астасып, керемет бір үйлесім тапқандай еді. Қапелімде қыз да үн қата алмай, сол жымиып бұрылып жүре берген.

 Бұрын қазақтардың кілең бір салқы тұмақ, салқам шапан, саптама етігінен өзгені кездестірмеген еркетотайға ханзаданың киім киісі, жүріс-тұрысы бөлекше көрінді. Ақ жаға салынған қоңыр бешпенті денесіне құйып қойғандай екен. Бешпенті түстес шалбарының екі жаны алтынмен зерленіп, күміс шегесі жалтыраған кебісіне төгіліп тұр. Алтынмен зерленген шошақ төбелі бұлғын бөркі желкесіне қарай шалқайып, жазық маңдайы жарқырай көрінеді. Зиялы қауымның əсем киінетін өкілдерін, сəнденіп жүретін орыс ұлықтарын көп көрген тоташ оған оншалық мəн бермегендей езу тартқан да қойған. Ал Жəңгір бір көргеннен-ақ көңілі құлаған Фатиманы құтқармады.

Келесі жылдың жазында хан болып сайлансымен-ақ Орынбор керуен сарайы мешітінің имамы қыпшақ Дүйсəліні бас қып, қасына өз бауырлары Әділ мен Мендікерейді қосып, Мұхамеджан мүфтидің қызына қуда түсіп келуге жіберді. Ханның аты хан ғой, қарауында жері шұрайлы қыруар шаруа елді мекендері, Қазан мен Уфада алты- жетіден үйі бар, тері илейтін, сабын қайнататын зауыттары жұмыс істеп тұрған, Еділде кеме айдап, саудагерлерге қызмет қылатын жүздеген қызметші ұстайтын аса бай, алпауыт дінбасы қазаққа қыз бермеймін деп кергіген жоқ. Құдаларды қол қусырып қарсы алып, тілегін қабыл ғып шығарьш салды. Сөйтіп, сол 1824 жылдың күзіңде Атырау жағасыңдағы Қарабайлы деген жерде отырған хан аулына Фатима тоташ келін болып түсті. Татар байы ерке қызын түрлі-түрлі жасауымен, ішті-тысты жиһаздалған отауымен қызметшілерін қоса беріп, ырғап-жырғап ұзатты. Тоташ түскен соң көп ұзамай Жəңгірдің жас кезінде əкесі еріксіз алып берген алғашқы əйелі – Қараман арғын Бөкенбай батырдың немересі Жүзім қайтыс болды да, Фатима келсімен-ақ бəйбішенің орнына отырды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Шынында да, Фатима туысы бөлек адамдардың бірі еді. Кезінде орыстың «Сын Отечества» журналы Фатиманың Жəңгір ханды өркениетке ұмсындырып, өмір салтын өзгертуіне игі ықпал еткенін айта келіп: «Ол – оқыған, өте білімді əйел, кісіге деген ілтипаты ерекше, жұртпен ортақ тіл табысып, қалтқысыз қарым-қатынас жасаудың жолдарын бес саусағындай меңгерген, татаршаны былай қойып, орысша, французша жəне немісше еркін сөйлеп, жаза біледі,

  • деп жазған-ды. Оның үстіне қалаларда жиі болып, зиялылармен араласып, қайырымдылық жиындарына қатысып, биге де барып жүреді. Киім киісі еуропаша, алайда ордада – татарша, көшіп- қонып жүргенде қазаша киінеді. 1826 жылы ері хандыққа бекіп, патша ағзамының таққа отыру салтанатына қатысу үшін астанаға келіп қайтып Биік мəртебелі ұлық мархабат көрсетіп, оған асыл бұйымдардан қисыпсыз көп тарту-таралғы сыйлады. Ал 1839 жылы ұлық мəртебелі патшайымның өзі алтынмен зерлеп, алуан түрлі асыл тас түзген аса қымбат сəукеле тіктіріп, алтын тарақ, сырғасын қоса жіберді».

 Журнал, əсіресе, оның білімі мен төрбиесіне, инабатты мінез- қылығына, патша ағзамының ілтипатына ілініп, көп қошемет көргеніне айрықша тоқталып, тамсана жазды. Биік мəртебелі патша ағзам І Николай тоташты биге шақырып, екеуінің құйын үйіріп билегенін, бұны көріп тұрған талай бикештің өзегін өрт шалып, іші күйгенін сол тұстағы баспасөз жер-көкке сыйғызбай жазып та жатты. Билеп жүріп:

    •  Апырмай, мынадай мінез-қылықпен, сирек өнермен сіз сияқты аққанат періште басында шаңырағы, табанында тұрағы жоқ қаңбақтай жөңкіп жүрген жабайы көшпенділер арасында қалай тұрады екен. Осыдан соң да сол ордаға оралмақсыз ба? – деп сыбырлаған патшаға ол ақын сөзімен жауап қатып:
    • Туған елдің түтіні де тəтгі, – деп жымиып, өз жанынан:
    • Туған жердің жусаны да жұпар, – деп қоса қойған.

 Иə, сол жусаны жұпар туған жер – сахара сары дала мен бұйрат- бұйрат құм қойнауына ханымның көндігуі оңай болған жоқ еді. Асты-үсті тақтай көп бөлмелі, ішінде тіршілікке қажеттің бөрі табылатын саңғыраған қарағай үйде туып, үлде мен бүлдеге оранып, желге, күнге тимей өскен арудың қазақы қоңыр тірлікті көпке дейін қабылдай алмағаны да рас. Содан жиі-жиі сырқаттанып қалатынды шығарған. Өз заманынан мойны озық зиялы, дегдарлығы мен білімдарлығы бір басына жетіп артылатын Жəңгір осының бəріне

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

өзін кінəлі санап, оның алдында бəйек болып, айтқанын екі етпей, құрақ ұшты да жүрді. Қала ішінде туып-өскен ханымға көшіп-қонуы аз, тұрақтап отыратын тыныш тұрмыс қажет деп ұққан ол хан ордасы етіп қала тұрғызуды көкседі. Осы ойға мықтап бекінген хан таққа отыру салтанаты аяқталысымен I Николай патшаның қабылдауына кіріп, хан тұрағын салуға қаржы сұрап, оның жобасын жасар сəулетші жіберуін өтінді. Патша оның тілегін бірден қабылдап, қажет қаржысын бөліп, қала салу жұмысына бас-көз болып бақылау жасауды Орынбор губернаторына тапсырды.

 Жəңгір болашақ хан ордасы болар қаланың орнын Жасқұс құмының батыс беткейінен (қазіргі Орда селосы тұрған жер) тандады. 1826 жылдың күзінде орынборлық сəулетші Тафаев бастаған құрылысшылар тарихи орынның алғашқы қаласын қағады (Құлкенов М., Отарбаев Р. Жəңгір хан. Алматы: «Ғылым» баспасы, 1992). Алғаш тоқсанға тарта əр текті үйі, қысы-жазы сауда-саттық жүргізетін дүкені мен дүңгіршегі болған, «алпыс бөлме, жүз есік, ай белгілі ақ мешіт» бар қаланың яғни хан ордасының іргесі осылай қаланды. Қала сыртынан сая болу үшін қарағайлы орман алқабын өсіру қолға алынды.

 Орда құрылысымен қатар Тарғын өзенінің бойынан хан өзіне жаз жайлайтын саяжай салғызды. Ол тоғыз үйден тұратын, астында қонақүйі, асүйі, қызметші тұратын жатын орны, үстінде жеті бірдей бөлмесі бар екі қабат ағаш үйді хан өзі иеленіп, онда əйелдерімен, бала-шағасымен тұратын болды. Ал қалған үйлер күтуінілер мен күзетшілерге, атқосшы-аңшылар мен бағбандарға тиді. Саяжайда бау-бақша өсіріп, шие сияқты жеміс ағаштары мəуелеп тұрды.

 Былайынша, Фатима тоташтың айтқаны екі болмай, ойлағаны жүзеге асып жатты. Өзінен туған ұлдары мен қыздарын сонау Петербург пен Мəскеуден арнайы мұғалімдер алдыртып, орысша, немісше, французша оқытып, іргелі оқу орындарына əзірлеп отырды.

«Жəңгір де Фатиманы үлде мен бүлдеге бөлеп, асыл мүлікпен, алтын- күміспен көңілін аулап бақты. Жəне де соның көңілі үшін ордасына татар ағайындарын тоғытып жіберді» (Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры // «Жұлдыз» журналы, №3, 1988). Арасында саудагері, ұстасы, ағаш шебері, молдасы не сəн. Әсіресе, аңқау елге айтқаны заң молдасымақтар қаптап кетті. Бірақ мұның бірі де ханымның көңілін аулай алмады. Қысы-жазы ыңқыл-сыңқылдан айықпай кіржиді де жүреді. Ялтадан сəулетті қарағай үй сатып алып, емдетіп көріп еді, оның да дауасы шамалы болды. Асылы, Фатиманың

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

дерті тəн ауруы емес, жан ауруы тəрізді. Шынтуайттап келгенде, ол Жəңгірге жастай сыйлас, сырлас болып шын сүйіп немесе хан атағына қызығып шыққан жоқ еді. Әке сөзін екі етпейтін мұсылман салтымен «жыламайтын жер ғой» деп, келіп қалған. Алайда жаза басып, жаңсақтық жасап алғанын ол кейінірек білді, кешірек түсінді. Ханымды келген жерінен алдымен жерінтіп, жиіркеніш туғызған көшпелі тірліктің қым-куыт қиындығы немесе қыр тұрмысының қыл-қыбырсыз жүрмейтін ластығы емес еді. Үш күннен соң кісі көрге де үйренеді. Ал қаланың қылап қызы ластықтың да тамырына балта шауып, отырған орны тұрсын айнала ортасын да мұнтаздай ғып қоярына шүбə жоқ. Бəрінен бұрын мұның көңілін қалдырып қатты қобалжытқаны – ортасына өзі келін боп түскен қазақ қоғамының қаймағы дерлік төре тұқымының күле кіріп, күңірене шығатын екі жүзділігі. Мүйізі қарағайдай сұлтандар мен мырзалардың көзіңе күліп, сыртыңнан сатып кететін опасыздығы, сыртыңнан пыш-пыш сөз жүгіртіп жүретін пасықтығы ханымның қарадай зығырданын қайнатады. Оларға қарағанда көңілінде еш қырынды қалдырмай, ханбысың, қарамысың демей, ойындағысын ашық айтып ақтара салатын анау Махамбет ақын көш жоғары. Ретті жерінде бетің бар, жүзің бар демей, əмəнда айтарын айтып салып, ол əрі ар алдында арылып, əрі хан алдында айбарын асырып кетеді. Алдаспандай қылпып тұратын өткір, өжет ақынды ол сол алмастай алғыр мінезі үшін де ардақ тұтады. Өз балаларының да осындай жарамсақ, жалтақтығы жоқ, бірбет те батыл, өжет те батыр болып өсуін қалайды. Бəлкім, Жəңгірдің осыдан туған Зұлқарнайға ақынды тəлімгер етіп тағайындауына ханымның тілегі тікелей тиек те болған шығар. Ал былайғы жұрт оны неше саққа жүгіртіп, ханымды

ақынның ашынасы етіп те қояды.

 Кадет корпусына түсуге əзірленіп жатқан ханзадаға телімгерлер мен ұстаздар Орынборда да жыртылып айырылатындай екен. Сондықтан ақын қалада көбірек сейіл құрып, өзін сыйлайтын офицерлердің арасыңда жиі болып, ауық-ауық қырға да шығып, аң аулап қайтып жүрді. Орыстың болашақ оқымыстысы, жазушы Владимир Дальмен ол осында танысты.

 Шəкірті мен ақын мұңда Фатиманың əкесі Мұхамеджан муфтидің үйінде тұратын. «Ел басқаруда күйеу баласына көп ақыл айтып, ұлағат берген дінбасы орыс армиясының офицері болған еді. Одан елдің Қабылдағы жансызы болып жүріп, тамыр-таныстығын пайдаланып Орынборға ауысып алған. Мұнда да губернаторға жол

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тауып, оған тікелей ақылшы болып, қала халқының арасында биік бедел алады. Содан Меккеге қажылыққа барып қайтып, бас имам- мүфти сайланады» (Әлімжанов Ә. «Махамбеттің жебесі». Алматы, 1977). Оның өзі марқұм болғанымен, Фатима арқылы үй-ішінің қырмен байланысы қаз-қалпында екен. Тіпті қызметшілері де сол баяғы жүргендер. Сондықтан еркін, ерке ел ақынның қаладағы əр басқан қадамы, қарекет-қимылы ордаға жетіп жатады.

 Ханзаданы тəрбиелеудің орнына қайдағы бір еркін ойлы офицерлермен достасып жүрген ақын қылығы ханды да ашындырып, зығырданын қайната бастады. Ханның ашу шақырып, терісіне сыймай жүргені мұның да құлағына жетіп, төре тұқымымен атқұйрығын кесісетін кез жақындап келе жатқанын іштей сезді. Өстіп жүргенде Есімұлы Қайыпқали сұлтанның бүлігі бұрқ етті де Махамбет Ордадан бір-ақ шықты. Балаға бас-көз болсын деп жіберген ақынның басынғандай ешкімнің рұқсатынсыз, мұнда келіп, айтпай ауылына аттанғалы жатқаны намысына шоқ тастап, қатты шамданған хан оны өзіне дереу шақыртып алды.

  •  Сен бүнда не бітімшілікпен жүрсің? Ханзадасын қараусыз қалдырып, қызметшісі кьщырьт жүргенді кім көрген!

 Тегінде, өзінді төрелерден де құдіретті сезінесің-ау сен. Жоқ, шыдамның де шегі, мейірімнің де мөлшері бар. Осы табан аузында ауылыңа емес, Орынборға тарт! – деп жүрсе қоя берді.

Бұлығып əрең төзіп тұрған батыр да бұрқ ете қалды.

  •  Ей, Жəңгір, айтқаныңды екі етпей орындап, кіндігіңнен төмен қарап, тұғжындап, тіл қата алмайтын тайғанақ төрелерден дəндеген екенсің. Балаңа бас-көз болып төлім беріп жүргенмен, мен сенің құлақ кесті құлың емеспін. Аяғы жеткенше жүріп, аузы жеткенше сөйлейтін ен даланың еркін қазағымын. Қайда барып, қайдан шығатынымды бір өзім ғана білемін.

 Алқа-қотан қоршаған жұрт енді бұның арты не болар екен деп сілтідей тына қалды. Осы сəт он екі қанат ақ ордадан Фатима шықты. Күн сəулесі ханымның жалт-жұлт еткен киіміне шағылып, көз қарықтырды. Тізіліп тұрған жігіттер демін ішінен алып, құлаққа ұрған танадай тым-тырыс болды. Сұлтандар да сипақтап-қипақтап не істерін білмеді. Жəңгір де тілінің ұшына келген сөзін айта алмай, қапелімде абдырап тоқтап қалды. Осы бір ұрымтал шақты шығын етпей ақын да саңқылдай жөнелді:

  •  Хан емес, қасқыр болып барасың, Жəңгір. Халқыңа бөрідей тиіп, қан қақсатып қойдың. Жоқшылықтан жанышылып, тапшылықтан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

талмаурап, еңірегенде етегі толған еліңнің сілесі сені жібермес-ақ. Достарың келіп табалап, дұшпаның келіп басқа ұрар күнің таяп тұр. Сен мені өз құлқынынан өзгені ойламайтын сұлтандарыңдай санама.

 Аруақты атадан туған кескілеспей басылмас, кескекті ердің сойы мен. Ал... – деп ол арғы жағын тақпақтай тартты:

Атадан туған аруақты ер Жауды көрсе жапырар Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң Малын көрер жанындай. Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық-жалында-ай. Айтып-айтпай немене, Халқы кенет қозғалса

Хан түра алмас тағында-ай.

 Ақынмен айтысып əкім қашан абырой алған, ертеңіне-ақ оның сөзі желдей есіп, селдей тасып ауыздан-ауызға жыр боп тарап кетті. Адуын ақынның дауылды лебі, дабылды үні Фатима ханымның да жан-əлемін алай-дүлей етіп, күйініші мен сүйініші алмағайып тағы бір жұмбақ сезім тудырғаны сөзсіз еді.

 Сонан соң Махамбеттің алдында арба бойы жар тұрса да тоқтамай, қарғып кетер арғымақтай арынына, қарсыласын от аузымен өртеп, орақ тілімен отап, беттетпейтін қарымына тағы да бір куə болғаны бар ханымның. Бұл Жəңгірдің Исатаймен бітіспес жаулықка барып, есе талап еткен дала боздақтарын көзінен тізіп, көгендеген қойдай айдатып жатқан кезі болатын. «Исатай – басшы, мен – қосшы» деп «ағайынның басындай, алтынды ердің қасындай» көретін батырының жағына басы бүтін шығып кеткен ақынды өз төңірегіне қайтармақ болып, бір күні онымен Баймағамбет сұлтанның көзінше кінəласқан еді хан... Әрине, сөзді хан бастаған:

 – Әй, Махамбет, талай жыл тете өсіп, тең жүріп, дəмдес болған едің. Сыртымнан дөң айбат ғып, текеметімді тілетіндей Әбілқайыр əулетінен не жамандық көрдің? Бабаң бір аяқ шалапқа көз сүзіп, мойны ырғайдай, биті торғайдай болып келгенде алдына мал, қойнына жар салып, ел қатарына кіргізген кім еді – Тайманның тұқымы ма, ханның тұқымы ма? Әлде есірік кіріп, ол күн есіңнен

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

шықты ма? Күндердің күні болғанда түйе жапырақтың көлеңкесіндей қырық құбылғанына жөн болсын!?

 Сөзден жығылатын Махамбет пе, еруліге қарулы жауабын табан аузында айтып, ханды тойтарды да тастады.

  • Жəңгір, өлгенді мақтап, тіріні даттау қашашы салтымыз ғой,
  • деді ол. – Атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған халық үшін туған нар еді. Нардан айыр туды, айырдан қайырымсыз туды. Аз қазақты алалады, қаріп-қасерге қарамады. Сол – сен. Хан емес, аяр болдың. Айыр құйрық шаян боддың. Елді шаяндай шағып, сүліктей сорып жатырсың. Ал Тайманға тіл тигізбе, киесі атады. Исатай қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол жұбатса несі айып. Еліңді қызын құштырған сартқа билетіп, бойынды қадір білмес жатқа үйретіп, салатының ылғи лаң.

«Хан емес, ылаң, қара шұбар жылан» дейді сені жұрт.

Қарсыласының мысы басқан Жəңгір басын шайқады да:

    •  Қап, басынды қазір-ақ алар едім, халықтың назасына қалам- ау. Бірақ мені шапсаң, патшаның жазасына ұшырайтыныңды сен де ұмытпа, – деп сес көрсетіп бұрылып кетті.

 Ақын болса айтарын айпы əрі ата қуалап аласармай, аскақ, өр қалпында қалды. Өтемістен туған он көкжал атанған Махамбеттерді жаңағы айтқандай ел ішінде «Берішке келіп сіңген кірме» дейтін сөзді Фатиманың да құлағы шалғаны бар.

 ...Бұрынырақта Арқадағы сибан керейдің Бесбай мырза деген биі болыпты, дейді аңыз. Оның жалғыз ұлы Шыныбек серілік құрып Маңғыстаудағы адайлардың арасына шығып кетсе керек. Ол жатқан елге аяқ астынан шабуыл жасап түрікмендер тарпа бас салады. Адайлар да жаппай атқа жедел қонып, қарсы майдан ашады. Түрікмен жағы ортаға бір батырын шығырып, жекпе-жекке жігіт сұрайды. Сонда он сегізге жаңа толған қонақжігіт атын ойнатып шыға келіпті. Жау жағының батырына тұра ұмтылып, найзасын дарытпай ағып өтіп, қайта жалт бұрылып алмас қылышын жарқ еткізгенде дұшпанның басы домалап түседі. Батыры өліп, бағы тайып абдырап қалған түрікмендерге адайлар жан-жақтан қиқулай ат қойып, түре туып тастапты. Жеңілген жақтың ханы жеңімпаз батырға қарындасын беріп бітімге келген екен. Түрікмен ханның қарындасымен жеті жыл отасып, одан бес ұл сүйіп сол Шыныбек жастай дүние салады.

 Баласының жылын берген соң, ежелгі салт бойынша Бесбай мырза келінін шақыртып алып: «Қалқам, құдай мені бастан жарытпаған

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жанмын, саған əмеңгер етіп қосар бала еңді жоқ, ошағымды өшірмей отырамын десең – алдында малың, бауырында балаларың, ал төркініме кетемін десең жəне де еркің» депті. Үш күн ойланып келін ақыры төркініне бармақ болады. Сонда атасы: «Дүние-мүлкіңде шаруам жоқ, қалағаныңша ал. Бірақ мына бес баланың біреуін ғана ертіп кетесің» деп төрт жасар немересі Жолымбетті шақырып алып: «Қасқыр көз, қайсар қара, сен баршы, барғанмен басқаға адам болмассың» деген екен.

 Төркініне келген соң түрікмен келін артта қалған балаларын, алақанға салып əлпештеген қайын жұртын сағынып, құсалықтан үш жыл тұрып қайтыс болады. Жеті жасар жиенін хан қойдың соңына салып қозы бақтырып қояды. Осылай он төрт жасқа келген Жолымбет хан зыңданында тұтқын болып екі баласымен казақтың бір батыры жатқанын естиді. Бұлар балта керей Баһрам батыр мен оның екі баласы Нəдір мен Кəдір еді. Қорғалжын – Теңізге құятын Қыпшақ, Керей өзендерінің арасында көшіп жүрген ауылын түн ішінде түрікмеңдер шауып, қапылыста қолға түсіріп алып кеткен көрінеді. Хан жиені күзетшілердің көзін алып, оларды төрт жыл жатқан тұтқынынан босатып, туған ел қайдасың деп түнде қашып шығады. Бесбай мырза немересінің аман оралғанына той жасап, мəре-сəре, мəз-мəйрам жұрттың алдында: «Бар баламнан түбі осы түрікменім асады» деп Жолымбетті (бұл атақты жазушымыз Ғабит Мүсіреповтің бесінші атасы) арқадан қағыпты. Ал Баһрам батырдың мінезі кіділеу Кəдірі жолай Жайық бойыңда «төрт жыл бойы өлі- тірімізді білмей, тырп етпей жатып алған елге енді бармаймын» деп беріштердің арасында қалып қойыпты. Сол Кəдірден Құлмəлі, Құлмəліден Өтеміс, Өтемістен Махамбеттің өзі.

 Берішке бес ұрпақ бойы балдай батып, судай сіңіп кеткен ақын түбін қуып, тегін қазбаламаса да, кейбір керауыз қиқарлардың бетке басқысы келетіндері табылады. Бірақ ақын ханның ол сөзіне қасақана мəн бермей, оны талмау тұстан соқты. Махамбетгің

«қызын құштырған сартқа еліңді билеттің» дегенінде мəн бар еді. Жəңгір Фатиманың үстіне іші-бауырына кіріп, жылпылдап жүрген – заты сарт, аты қожа Қарауылқожа Бабажанов дегеннің он бес жасар қызы Зылиханы алған-ды. Сол сол-ақ екен, жылпос қожа ордадағы бар билікті уысында ұстап, хан мен басты-басты рубасыларының арасына от жағып, сұлтан-төрелермен араға сөз жүгіртіп, бөрімен дерлік араздастырып бақты. Сөйтіп алғаш қырда медресе, мектептер ашқызып, қазақ арасында өнер-білім таралуына қыруар еңбек

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

сіңіріп игі істі қолға алған хан халықтан бірте-бірте алшақтай берді. Алым-салықты да үсті-үстіне үдетіп, қарауындағы елді əбден титықтатты. Қит етсе жазалаушы жасақ шығартып, бас көтерген ауылдарды аяусыз жаншып отырды. Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісінің шығу себебі де осыдан. Көсемі шейіт болған соң оның ісін дауылпаз серігі, жыр дүлдүлі Махамбет жалғастырды.

 Ордадағы алтыбаған алауыздық пен ел ішіндегі іріңкезек, əрине, хан денсаулығына əсер етпей қойған жоқ. 1845 жылдың тамызыңда Тарған өзенінің бойына кеп қонған соң, бесінші тəулікте аяқ астынан ауырып, қатты жығылған хан айналасы бір аптаға жетпей кенеттен қайтыс болды. Оның өлімінің егжей-тегжейін белгілі жазушы Берқайыр Амашин «Парасат» журналында жариялаған

«Хан ордасының күйреуі» атты очеркінде барынша толық берген. Сонда қаламгер Қазақстанның Орталық мұрағатынан тапқан бір хаттан үзінді келтіреді. Ол хан қайтыс болғаннан кейін арада бірер апта өткен соң Ордадағы бір орыс ұлығының Орынбор əскери губернаторы Владимир Афанасьевич Обуручевке жолдаған хатынан алынған. Онда былай делінеді:

 «Хан Жəңгірдің төтеннен қайтыс болуы туралы əркім əрқалай айтады. Олардың бəріне бірдей сене беру қиын. Алайда азиялықтардың аярлығын, əйелдерінің мекерлігін ескерсек, оның ұстіне əлгіндей қаңқу сөздер қайталана берген соң, сол сөзде шыңдық та бар ма екен деп каласың.

 Өткен жылы Жəңгір хан бір жас қызға үйленген. Бұл алғаны оқымаған, əдеттегі қарапайым қыр қызы болатын. Алғашқы əйелі аурудан шықпай қойған соң қайтсін, хан да басы жұмыр пенде емес пе. Жас иістің аты жас иіс, ханның кейінгі кезде үріп ауызға салғандай сұлу уылжып тұрған тоқалына тым үйір болып, бəйбішесінен салқындай бастағаны байқалып жүрген. Осыған дейін ханның өзін қоса, бар байлығы мен қазына-мүлкін, күллі дəулет-сəулетін бірінші ханым емін-еркін билеп-төстеп келген еді. Бір өзі ғана емес, бүкіл төркінімен ханның барлық ісіне араласып, төңірегіндегілердің барлығын бір шыбықпен айдап келген бəйбішенің адуын мінезі, бəлкім, оны мезі де қылған шығар.

 Әйткенмен, хан бас ханымның туысқандарын, одан туған тұңғыш ұлы Сақыпкерейді ешқашан сыртқа теппей, қайта қалтқысыз жақсы көрген еді. Соған қарамастан олар хан иенің жас тоқал алуына қатты нарызылық білдіреді. Содан да болар, Петербургте патша сарайы жанындағы паж корпусында оқып жүрген Сақыпкерей биыл елге

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

демалысқа келгеннен бері əкесімен сирек кездесіп, тіпті ол ауырып жатқан күндері қасына жоламай да қойды.

 Марқұмның сырқатына келер болсақ, алдында сап-сау, ойында ештеңе жоқ, қайта баласының оқудан келуі құрметіне той жасамақ болып жүреді екен. Аяқ астынан іші-бауыры бүріп, қатты ауырып жатып қалады. Қысы-жазы қымыз ішетін хан сол сусыннан ішімді бұзып алдым ба деп дəрігерлердің келуін күтпей-ақ құстыратын дəрі ішіпті. Сөйтіп сырқатын одан сайын асқындырып алған секілді. Аяғы ұстамалы аурудың бір түріне (апоплексический удар) ұласады. Келген дəрігер тамырын қиып қан жіберіп, күйдіргі қағаз (горчичник) басады. Бірақ ешқайсысының да себі тимейді. Шөл қысып бара жатқан соң бейшара бір шыны-аяқ шай алдырып ішеді. Сосын бір сағаттай жаны жай тапқандай болады. Қызметші бір айналып келсе, ханның аяқ-қолы мұздап, тұла-бойынан жан кетіп бара жатыр екен.

 Хан сол қайтыс болған күннің ертеңіне жерленді. Оның өлімі жайында жұрт аузынан өлсін-əлі естілген əңгімелердің ұзын-ырғасы осыңдай».

 Беймелім автор қайтыс болғаннан кейін Орынбордағы тағы басқа біраз оқиғаларды тізе келіп, ханның үлкен ұлы Сақыпкерейдің еке тағына отырмақ, яғни хан болмақ ниеті барын, ол ойы жүзеге асып оқуына оралмай қойса, мұның өзі үкіметіміз үшін өте-мете пайдасыз болатынын жазады.

 Шынында да, Сақыпкерей əкесі елісімен мундирін шешіп тастап, үстіне шапан, басына бөрік киіп, қазақша малдас құрып жерге отыруды шығарады. Бұдан төрт жыл бұрын Жəңгір ханның өзі патша ағзамға тікелей тілек білдіріп, осы ұлын тақтың мирасқоры етіп бекіттіріп те қойқан. Жас жігіт бұны жақсы біледі. Анасы да осы ойдың жүзеге асуын қайындары Әділ мен Мендікерейге хат арқылы қадап тапсырып қойған. Оның үстіне ішкі Орданың билер мен төрелері, ішінде ханның ең жақын, ет жақын туыстары бар, барлығы жиырма жеті адам қол қойып, ханның қазасын патша үкіметіне хабарлаған хатында марқұмның орнына осы Сақыпкерейді хан көтергісі келетінін білдірген.

 Әлгі беймəлім ұлықтың хатын алғаш атүсті шолып шыққаңда ханға қастандық жасалған екен-ау деп те қаласың. Анық-қанығын ашып, ақиқатқа көз жеткізу үшін хаттың мұрағатағы түпнұсқасымен түгел танысуға тура келді. Жоғарыда тұмсығынан тізіп түгел дəптеткен гөй-гөйдің діттегені бір-ақнəрсе екені байқалды. Ол

«қазақтар өзі қойған əкімдерден гөрі орыс басқаруына көбірек

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

сенім артады» деп атап көрсете отырып, енді қазақ даласында тек Ішкі ордада ғана қалған хандық билікті өзгерту еді. Сақыпкерейдің оқуын жалғастырмауы үкімет үшін залал деп өзеуреп отырғаны да сол. Әйтпесе, мемлекеттік мүлік министрлігіне жолдаған Орынбор губернаторының хатында алаулап-жалаулатпай ханның бұрыннан дімкəсі барын, бұдан бір жарым жыл бұрын басы айналып құлап, одан дəрігердің көмегімен аман қалғанын, бұл жолы миына кан құйылып содан опат болғанын байыптап-ақ баяндап береді емес пе. Генерал Перовскийдің өзі Фатимаға хат жолдап, «қайғыңызға ортақтасып, өзіңізбен бірге жылап отырмын, құдіреті күшті жаратқан басымызға аса ауыр нəубет жіберді ғой» деп көңіл айтып, марқұмның барлық аманат-арманын орындайтынына сендірді.

 Дегенмен, өлгі ұлықтың ойлағаны орындалып, патша үкіметі хандықты біржола жойып, оның орнына Орданы еңдігі жерде екімет атынан басқаратын Уақытша басқарма құру жөнінде шешім қабылдады. Сейтіп, Сақыпкерейге ханның тағы да, төжі де бұйырмады. Басқарма құрылғанға дейін ханның артында қалған мекен-жайын, мал-мүлкін, қазына-байлығын есепке алып, ие болатын Қамқоршылар кеңесі құрылды. Оның құрамына ханның туған бауырлары мен Фатима ханым кіреді. Алайда, аурушаң ханым іс басқаруға онша араласа алмай, ерінің соңынан екі айдан соң қарашаның екінші жұлдызында қайтыс болады. Осылайша, қырға аз да болса игілік егіп, білім таратуға талпынған, елге алдының есімі алты алашқа мəшһүр Сақыпкерей, Зұлқарнай, Ғұбайдолла, Ыбырайым сияқты перзентгер сыйлаған, халық «Фатима тоташ» деп еркелетіп, алақаңда ұстаған қайраткер ханым, абзал ана өмірден озды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Тұрсынхан ҚАЙЫРКЕН, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

АЙМАЛЖЫН КЕМПІР ЖƏНЕ

МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ АЛҚАЛАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ

 VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткішінде «түркі халқы жойылмасын деп, ел болсын деп Атам Елтеріс қағанды, анам Елбілге қатунды тəңірі төбесіне көтерген екен» [1, 173] деп келетін жолдар бар. Осындағы Елбілге қатун Түркі қағанатының даңқын əлемге жайған атақты Білге қаған мен Күлтегіннің анасы еді. Мəңгітаста жазылғанындай, ол тек ұлдарының ғана емес бүкіл қағанаттағы халықтың анасы, шарапатты қолдаушысы болды. Сол үшін ол Елбілге қатун деп аталды.

 Түркі халқының тарихында дəл осындай даңқты қағандардың қасында жүріп, ел басқарған, ақылшы болған, елді береке-бірлікке, күрескерлікке шақырған əйелдер аз болмаған.

 Сондай атақты əйелдердің бір ретінде, ХІІІ ғасырдың бас кезінде Керей мемлекетінде Аймалжын кемпір деген даңқты бəйбіше, қарқарадай қатун дүниеден өтті. «Алтын топшыда» айтылуынша, ол Керей мемлекетінің ханы Оң ханның бəйбішесі. Аталмыш кітапта жазылған бірден-бір дерекке сай, Шыңғыс қаған Оң ханмен əкелі-балалымыз деп араласып жүргенде Аймалжын кемпір оған құлаққағыс ретінде төмендегі өлеңді айтады:

Қос қабаттан күн шықса, Құдық суы суалар.

Хандар таққа таласса, Қағанат, халқы жоғалар. Бура түйе болғаны, Мұрындығын жырғаны. Құлдың төре болғаны- Қу таяқпен ұрғаны.

Жаманды жауға жұмсасаң, Жалауыңды жығады.

Жағалаудың құрағын,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Жаман торпақ құртады. Мұра болған əкеден, Мыңдық ноян құлақ сал. Қандықол дұшпан кезіксе, Қаһарға мін беріспе.

Жүздік ноян құлақ сал,

Жел жетпейтін жүйрікті ал, Жылқы деген жануар Қасыңнан болсын табылар. Өзіңмен өзің күндессең, Өзегіңе құрт түсер.

Текедей тірес күткендер, Түгел елді тоздырар.

Қошқар мүйізін құртам деп, Қордалы елді аздырар.

Бұқаның бұтын бұзам деп, Бұзақыға жолығар.

Төрде отырса сыйлы деп, Сақалын барып сипама, Босағада жатыр деп, Айдарынан жұлқыма.

Ауылда жүрсең тыныш жүр, Ала тайынша секілді.

Алыс-жұлыс күн туса, Ақсұңқардай суылда, Ерегесер күн туса Ессіз құстай қырында Қасарысар күн туса

Қаршығадай шаңқылда! [2, 141-142]

    •  деп келеді. Осы жолдар арқылы Аймалжын кемпір қағанды өз еліне ие болуға, хан тұқымы, қара демей кім болса да қасына жақын ұстап, олардың ақылын алып отыруға, мыңдық, жүздік қосындарды қашан да ел қорғауға тас-түйін дайын ұстауға насиқаттаған тəрізді. Кемпірдің «Қос қабаттан күн шықса, құдық суы тартылар» деген сөзінде де үлкен мəн жатыр. Мұнда Керей Оң ханды əспеттеп, Темүжінді тежеу ойы жасырынып жатқанға ұқсайды. «Көк жүзінде жалғыз ғана күн болады. Екі күн болмайды. Егер екі күн болатын болса апат, пəле-қаза болады» дегенді емесексітеді. Жалпы,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Аймалжын кемпір бұрындары өздеріне жалынышты Темүжіннің аяқ астынан қыр даланың бас қағаны болып шыға келгенін жаратпайды. Оны Керей еліне, Оң ханның билігіне қауіп деп есептейді.

 Осы жолдардан қарағанда, Аймалжын кемпірдің Керей ордасында аса жоғары беделге ие алысты болжайтын саяси тұлға болғанын көруге болады.

 Бұдан соң, монғол империясы түсында атағы шыққан, империяны төрт жыл бойы билеген даңқты əйел – Тұракина. Француз тарихшысы Р. Груссе «Дала империясы» атты кітабында: «Өгедей қайтыс болғанда саяси билікті өз əйелі – ақылды да айлалы Тұракина хатұнға тапсырып кетті. Тұракина əсілі меркіт тайпасының басшысына күйеуге шыққан найман қызы болатын» дейді. Оның «Монғол империясы» атты кітабының «Монғол империясының ауысуы» атты IV тарауының «Өгедайдың тақ мұрагері Күйік» атты IV бөлімінде Тұракина қатұнға берген анықтамасында да осылай делінеді. Онда автор өз жерлесі француз Дэ Майлланың (қытайша аты – Фэн Бинчжэн) бізге белгісіз шығармасы «Фэнбинчжэншуға» негізделіп,

(馮秉正書, IX, 233) «Тұракинаның қытайша аты Толегана, оның Найманжын деген де аты бар,» – дейді. Аталмыш кітабының

соңындағы IV тарау IV бөліміне берілген 3-түсініктемесінде ол тағыда былай деп жазады: «Өгедейдің бəйбішесі «Құпия тарихтың» 198-бөлігінде Дөрегене (Dörägänä) деп аталады. Бұл дегеніңіз Торағана (Törägän ä) немесе Төрегене (Töregene) деген сөз. Кейде

Төрегүне (Töregune) деп те оқылады. Араб-парсы деректерінде Тұракина (Torakina) деп жазылады. Ал қытайша деректерде 脫列忽那,脫列忽乃 делінеді. Ел есінде қалғандай, əрі «Құпия тарихтың»

198 –бөлімі дəлелдеп бергендей, меркіт Тоқтабектің үлкен ұлы

Құдудың əйелдерінің бірі болған (тағы біреуі – Тоғай). Ол 1204 жылдың соңы немесе 1205 жылдың басында қолға түсіп, Шыңғыс хан оны үшінші ұлы Өгедейге береді. «Жамиғ-ад-тауарихта» оны меркіт Тоқтабектің келіні емес, қайта уас меркіттің көсемі Дайыр- үйсіннің ханымы дейді. П. Пелльо «Құпия тарихтың» паймдары біршама ақылға қонымды, Қытай деректері оның найман тайпасынан екенін растайды. Шыңғыс ханның қас жауының келіні күндердің күнінде Монғол империясының билеушісі болғанын көру қандай қызық,- дейді[3, 392]. А.Ш. Кадырбаев өзінің «Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и киреитов» атты еңбегінде жаңылып Тұракинаны Төленің əйелі дейді. Шын мəнінде, ол Төленің əйелі емес, оның ағасы Өгедейдің əйелі болатын. Оның

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

найман тайпасынан екені «Жамиғ-ад-тауарихтың» түсіндірмесінде де жазылған. Онда «Юань тарихы» (元史) 106 т., 1-б. бойынша Өгедей ханның əйелдері мынадай тəртіппен жазылған: 1-Болахчын,

  • Төлегана (Туракина), наймажын тайпасынан, 3-Оңкүй, 4-Чилжіғұт- ене, 5-Тунакина (бұл əрине Туракинаны қайталау-Т.З.), 6-Иелчина ханым. Мэлидің шешесі,- делінеді. Осындағы «наймажын» деген сөз найман тайпасын білдіреді. Туракинаның найман тайпасынан екендігінің мынадай да себебі бар: Шыңғыс ханның керей, найман, меркіт – осы үш ірі тайпалық мемлекетті бағындыруы қарсаңында керейлер Темужін тарапта, ал меркіттер наймандар тарапта болатын. Бұл кезде меркіттердің өз ата жауы монғолдармен одақтасып отырған керейлермен құда-андалы бола қоюы екіталай еді. Оның үстіне олардың монғолдармен жауластығы шегіне жеткен болатын. Керісінше, бұл кезде меркіттер мен наймандардың монғолдарға қарсы одағы анағұрлым берік болатын. Сол себепті, наймандар мен меркіттердің бір-бірімен жақындықтың, одақтастықтың белгісі ретінде қыз алып, қыз берісуі табиғи еді.

 Тарихта Монғол империясының көптеген қағандары мен олардың ұрпақтары қазақ халқын құраған ежелгі тайпалармен тығыз құда-андалық байланысты сақтап отырған. Нəтижесінде қазақтың керей, найман тайпасынан шыққан көптеген əйелдер жоғарыдағы императрица Тұракина секілді, сарай істерінен бастап мемлекет басқаруға дейін араласып отырған. Олардың кейбірі империяның даңқын əлемге жайған императорлардың əйелі немесе олардың қадірлі анасы болған еді. Солардың бірі Сарытана бегім. Сарытана (Saritana) – тарихта керейден шыққан атақты əйел қайраткер, ол Керей Оң ханның інісі Жақамбының кенже қызы. Шыңғыс хан Керей мемлекетін шауып, өзіне бағындырып алған соң, Жақанбының Ибақ бике деген үлкен қызын өзі алып, оның сіңілісі – Сарытананы ұлы Төлеге алып береді. Кейін Төле қайтыс болған соң, Өгедей бұл əйелді өз ұлы Күйікке алып бермек болады, Сарытана төрт бала тəрбилеп өсіріп отырғандықтан бұл ұсыныстан бас тартады, бұған Өгедей реніш білдірмейді, қайта оған ризалығын білдіреді. Бір жолы Өгедей оның қол астынан үш мың адамды алып басқаларға қаратқанда ел оны қарсылық білдіруге үндейді, бірақ Сарытана «бізден кеткені аз ғана ел ғой, енелеріңнен кетсе де елден кетпес, қойыңдар» деп басу айтады. Күйік таққа отырған соң Сарытана мен оның төрт ұлының ізгі істері үшін оларды арнаулы марапаттайды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Жалпы, Төленің төрт əйелі болған. Әйелдердің ең үлкені Найман Күшлік ханның кенже қызы Үлкін. Найман мемлекеті күйрегенде шешесімен бірге қолға түскен оның жасы өте кіші болғандықтан, Шыңғыс хан Үлкінді уақытша атастырмай қоя тұрып, Төлеге Сарытананы алып береді. Одан соң Керей Оң ханның кіші ұлы Айғырдың қызы Тоғыс бегімді алып береді. Сарытана бегім 1209 жылы Мөңкеге босанып, Құбылайға жүкті болып жүреді. Бұдан соң, 1214 жылы Төлеге тағы да найман қызы Сəрүк бикені алып береді. Сəрүк бике Құбылайды Сарытана бегімнен алып бес жасына дейін емізіп, өзінен туған Мекені Таңғұт əйелге беріп бақтырады. Осы үш əйелден соң əбден бойжетті деген кезінде Үлкін қызды Төлеге алып береді. Деректерде жазылуынша, император Құбылай өле-өлгенше Сəрүк бикені ерекше қадір тұтып, туған анасынан да артық көріп өткен. Найман мен керейдің хан тұқымынан шыққан осы төрт қыз кейін келе Төледен тараған Шыңғыс əулетінің атақ-даңқын төрткіл дүниеге жайды.

 Дегенмен, бұл сол дəуірдегі атағы жер жарған қазақ қыздарының бір бөлігі ғана. Олардың қалғандары туралы қытайтанушы, шығыстанушы ғалымдардың əлі де айтары, зерттер тұстары жеткілікті.

Əдебиеттер:

    • Сартқожа Қ. Орхон мұралары. – Астана: Күлтегін. 2003. –392 б.
    • Лубсан Данзан. Алтын шежіре. (шыңғыс хан қағанатының, көне түркі-монғол тайпаларының тарихы). Монғол тілінен ауд. Мауқараұлы А. – Алматы: Өнер. 1998. –224 б.
    • Груссе Р. 蒙古帝国史 Монғол империясының тарихы. –北京. 商务印书馆 Шану баспасы. –Пекин. 1989. – 418 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Зиябек КАБУЛЬДИНОВ,

Ученый секретарь Национального конгресса историков Республики Казахстан, доктор исторических наук, профессор

МУДРЫЕ ЖЕНЩИНЫ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ: НА СТРАЖЕ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

 27-28 февраля 2015 года в Русском академическом театре им. М.Горького в Астане состоялась уникальная премьера поистине

«исторического» спектакля «Томирис-царица сакская» по известному и нашумевшему в свое время дилогии-бестселлеру Булата Джандарбекова «Саки». Культовый роман переродился под творческим началом директора ГАРДТ им. М.Горького, Заслуженного деятеля РК Еркина Касенова. Он и является автором идеи данной постановки, а режиссер-постановщик – Заслуженный деятель РК, лауреат премии «Тарлан» Гульсина Миргалиева. Этот был спектакль приурочен к 550-летию создания Казахского ханства. Случайно ли это произведение стало основой для новой премьеры в год, полный на юбилеи? Почему руководители театра обратились именно к событиями намного далеким, когда в Великой и Вечной степи появились первые государственные образования, способные противостоять могучим империям того времени? Какое отношение имеют для нас сюжеты той несколько забытой древней эпохи к современному Казахстану?

***

 Саки – далекие предки современных жителей Казахстана. Доподлинно известно, что древний Алтай, плавно сливающийся с Великой Степью, был прародиной многих племен и народов с живучим и могучим тюркским и прототюрским языками. Не будем заглядывать в глубь тысячелетий, когда, к примеру, по мнению известного ученого-филолога Адиля Ахметова несколько десятков тысяч лет через Берингов пролив из самого центра Евразии на североамериканский континент «просочились» первые азиаты, составив костяк многих североамериканских индейцев. Последние до нынешних времен «законсервировали», сохранили и передали ныне живущим коренным жителям Северной Америки -индейцам древнейший прототюркский язык…

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 А более 5 тысячи лет на территории самого центра Евразии произошли качественные и «тектонические» изменения, связанные с приручением лошади, за которым последовала великая эпоха превосходства маневренной конницы над всеми армиями мира, безотбойной степной дипломатии, формирования уникальнейшей степной культуры толерантности, создание системы нового миропорядка да так, что, давая высокую оценку места кочевников, в том числе и сакам в мировой истории, знаменитый Вебер А. (1883- 1964) никак не смог удержаться от своей оценки в их адрес: «Мировая история творилась под аккомпанемент топота громадных масс стратегической конницы кочевников» [1].

 К 8 веку до нашей эры эти изменения привели к тому, что на обширных землях современного Казахстана и сопредельных территории появляются первые очаги ранних государств, которые современные ученые и исследователи пока назвали Сакским племенным союзом. Со своими величественными вождями в золотом одеянии. С сильной и непобедимой конницей. С уникальным кочевым и полукочевым бытом. С расцветом материальной и духовной культуры. И, безусловно, – с пассионарными личностями

– царями и царицами.

 Долгое время ученые считали, что саки –племена пришлые, где- то «заблудившиеся» общности и мигрировавшие в степь со стороны древнего Ирана. Но почему-то персы с ними активно воевали и называли их «мужественными людьми», преклоняясь перед их неистовой отвагой. Нанимали их и на военную службу, формируя из них «тысячи храбрых» – отборную гвардию, на которых можно всегда положиться.

 А в свете последних письменных, археологических и лингвистических изысканий можно смело заявить, что саки также как и племена андроновцев – преимущественно местные автохтоны, не упавшие с неба и не исчезнувшие в никуда. После постепенного исхода с политической и этнической карты центра Евразии эти же саки дали новое дыхание родственным им гуннам и средневековым тюркам, а позднее – кыпчакам и собственно казахам. Поэтому существует однозначная и никакому дальнейшему обсуждению не подлежащая аксиома: на территории Казахстана, как минимум, на протяжений почти трех последних тысячелетий существовала государственность на местной прототюркской, тюркской и кыпчако- казахской основах.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 В различные исторические эпохи эти государственные образования назывались по – разному: от сакских протогосударственных образований до современного независимого Казахстана. При этом местный этнический компонент с присущим ему языком, антропологической спецификой, особенной ментальностью, толерантностью, религиозными воззрениями, уникальными обычаями и обрядами, а также хозяйственно-культурным типом оставался, в основном, стабильным и неизменным, местным и не ввезенным ниоткуда. Совершенно по-разному определялись и границы с соседними государствами: по горам и рекам, озерам и лесам, а уже сегодня – по унифицированным по всему миру – пограничным столбам. Удержать и защитить огромную территорию, вмещающую сегодня практически всю Западную Европу или пять Франции, и занимающей по площади 9-е место в мире, было посильно только сильным государствам с отборным населением, имеющим не только великий дух стремления к свободе, но и великолепные и непреходящие воинские качества: мужество и храбрость, отвагу и героизм, честь и достоинство, силу и волю. Здесь, в степи, каждый должен был быть не только воином, но и свободолюбивым, надежным и верным оплотом государства. В противном случае, нас бы поглотили в сложном и непростом геополитическом водовороте военно-политических событий последних трех тысячелетий.

 Мужеству саков нужно только позавидовать. Мы выжили и победили, пройдя через толщу тысячелетий, обеспечив преемственность государственности, языка, культуры, письменности, этнического ядра и убеждены, что пронесем их на будущие века и тысячелетия, не дав исчезнуть великой и жизнеутверждающей идее

«Мəнгілік ел», высеченной нашим непосредственными предками – средневековыми тюрками еще на величественных каменных стеллах. Поэтому мы ни на минуту не должны забыть своих далеких пращуров саков, которые выдержали первые натиски армии империи того периода. Не только выстояли, но и принесли первые победы и передали эту землю следующим поколениям. Так, еще в V веке до н.э. знаменитый древнегреческий ученый Геродот, автор «Истории греко-персидских войн» восторженно и открыто с величайшим пафосом писал о своих современниках, зачастую – кровных врагах, наших воинственных и гордых тюркоязычных предках – саках, образ жизни, ментальные установки, хозяйственная жизнь которых почти один в один совпадают с позднейшей казахской: «Скифскому (сакскому-З.К.) войску не могут

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

противостоять не только народы Европы, но даже в Азии, ни одно племя в одиночку не может бороться против объединенных скифов. Сражаются они верхом на лошадях и пешие –знают оба способа войны…сражаются луками и копьями…секирами»! Он же четко и просто объясняет каким же чудесным образом казахам и их далеким предкам удалось не только сохранить, но и передать современному поколению огромную территорию и традиции государственности:

«Среди всех известных нам народов только скифы (так греки называли наших предков –саков-З.К.)обладают одним, но зато самым важным для человеческой жизни искусством. Оно состоит в том, что ни одному врагу, напавшему на их страну, они не дают спастись(!-З.К.); и никто не может их настичь…их жилища-кибитки». Кстати, позднее и гунны, и тюрки, и кыпчаки, и казахи поступали также как и они. Как в военном деле, так и проживая и передвигаясь в быстровозводимых юртах.

 Спустя три века другой великий грек Дионисий Периэгит не смог удержаться от вполне заслуженной хвалы в адрес наших непосредственных пращуров: «За Согдианой, по течению Яксарта, обитают саки, стрелами бьющие, из всех стрелков в мире сами искусные, не пускающие стрелу на удачу». Это не ложное восхваление древних насельников степи и прямых наших предков, а объективная и вполне правдоподобная их оценка со стороны представителей совершенно другой цивилизаций и культуры, нередко выступавшими против них и ярыми и непримиримыми врагами.

 Саки были «к врагам беспощадны, к друзьям верны». История помнит и походы Александра Македонского, попытавшего подчинить саков. Последние потерпев поражение, не покорились врагу, быстро откочевав от врага. Более того, ранив своей меткой стрелой великого полководца, вынуждают его свернуть военную компанию на территории современного Казахстана.

 О мужественных саках пишет и другой грек Страбон: (63 г.до н.э.- 23 г. До н.э.): «Они -хорошие и пешие воины, вооружаются луками, ножами, панцирями, и медными секирами, в битвах носят золотые пояса и такие же подвески». Он же описывает их подвиги и победы:

«Массагеты доказали в войне против Кира свое мужество, которое многие часто восхваляют».

Быт и ментальные установки саков

 Про образ жизни, характер, ментальные установки, быт, пищу саков пишет и выдающийся врач и ученый Гиппократ (460-377 гг.), от

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

внимательного взгляда и наблюдения которого ничего практически не ускользнуло: «Они (юрты на повозках –авт.) кругом закрыты войлоками и устроены подобно домам, одни с двумя, другие с тремя отделениями; они непроницаемы ни для воды, ни для света, ни для ветров. В эти повозки запрягают по две и по три пары безрогих волов. В таких кибитках помещаются женщины, а мужчины ездят верхом на лошадях, за ними следуют их стада овец и табуны лошадей. На одном месте они остаются столько времени, пока хватает травы для скота, а когда ее не хватает, переходят в другую местность. Сами они едят варенное мясо, пьют кобылье молоко и едят «иппаку» (сыр из кобыльего молока)»[2].

 Кстати, сакский образ жизни был почти один в один схожи с бытом и образом жизни казахов средневековья и нового времени. И не только.

 Саки готовили пищу в желудке забитого животного, когда мясо помещали в желудок, который зарывали в землю и разводили огонь. Они же устраивали небольшие переносные бани. Все это напоминает некоторые штрихи из жизни казахов нового времени.

 Саки обладали хорошими человеческими качествами, до сих пор присущие нашим современным гражданам Казахстана. Так, знаменитый и ученый сак Анахарсис (VII-VI вв.) в своем письме Медоку подмечает некоторые «штрихи» характера своих современников и соплеменников: «Скифы радуются чужому благополучию и стремятся к тому, что им возможно достигнуть; а ненависть, зависть и всякие пагубные страсти они постоянно всеми силами изгоняют, как врагов»[1,с.21].

 Случайно ли появление на исторической арене царицы саков- массагетов Томирис?

 Появление среди мужественных саков женщины- предводительницы –не случайное явление. Видимо, кочевой образ жизни, постоянное противодействие окружающим народам и племенам, когда каждый член скотоводческой общины был на счету, выработали у них безупречные и чисто мужские качества, такие как мужество и отвага, храбрость и смелость. К примеру, Клавдий Элиан передал нам одну из частичек их быта и жизни: «Кто из саков хочет жениться на девушке, должен вступит с ней в борьбу. Если верх в борьбе остается за девушкой, побежденный борец становится ее пленником и поступает в ее полное распоряжение; только поборов девушку, может юноша взять ее в жены» [3].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 А не менее известный Климент Александрийский подчеркивает чисто военные качества жительниц Степи: «Сакские женщины, когда обращались притворно в бегстве, стреляли с коней, оборачиваясь назад, как делали это и мужчины» [4].

 Естественно благодаря эти качествам на исторической арене появляется царица Томирис (570-520 гг. до н.э.), которая вполне заслуженно управляла саками и часто побеждала армии империи тех времен. Имея такую правительницу многие воины шли на самопожертвование во имя спасения своей родины. Об этом написал во 2 веке до нашей эры римский ученый-историк Полиэн, описывая, к примеру, подвиг рядового воина сака Ширака. Последний, заручившись клятвой вождей Сакесфара, Омарга и Томирис, что дети, также как и их потомки, будут обеспечены, отрезал себе нос и уши, изорудовал другие части тела, и в таком виде как перебежщик, явился в лагерь персов, обещав показать дорогу к сакам. Ширак завел врагов в страшную пустыню, где погибает часть вражеской армии. Сам он был жестоко казнен [5].

 Мужество и подвиг Томирис. Апогей и триумф Томирис состоит в том, что ей удается наголову разбить мощное персидское войско во главе с их завоевателем Киром… Судя по греческим и римским письменным материалам в 530 году до н.э. Кир, царь великой Мидии, предпринял военный поход в Казахстан. Современные исследователи считают, что персидский царь начал военные действия с района Сырдарьи.

 В это время воинственными саками правила Томирис, заменив место своего умершего мужа. Кир, имея титул «властителя Азии» предложил ей стать его женой, за котором последовало бы обязательное и закономерное объединение двух держав древности с потерей независимости свободолюбивых саков. Правительница саков ответила ему категорическим отказом.

 …Кир обманом и коварством перебивает значительную часть войска царицы Томирис, которым командовал ее сын Спаргапиф. Тогда Томирис отправляет письмо Киру с предложением освободить ее землю и передать ей плененного сына со словами: «Если же ты не сделаешь этого, то клянусь тебе солнцем, владыкой массагетов, напою тебя кровью, хотя ты и ненасытен». Естественно, самолюбивый Кир отвергнув предложение царицы, вступает с ее армией в свой последний жесточайший бой.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Она сумела объединить и консолидировать сакских вождей и воинов перед угрозой иноземного порабощения. Как писал римский историк Помпей Трог: «Томирис не испугалась, как это можно было бы ожидать от женщины, вражеского нашествия».

 А вот как описывает ход сражения и замечательные воинские качества сакских конников Томириса уже упомянутый нами Герадот:

«Говорят, что в начале, находясь на расстоянии, они стреляли друг в друга из луков, а затем, когда стрелы у них вышли, они бросившись друг на друга, бились в рукопашную копьями и кинжалами. Сражаясь, они стойко держались в течение долгого времени, и не те, ни другие не желали спасаться бегством, но в конце концов массагеты одержали верх. Большая часть персидского войска была уничтожена тут же на месте, и сам Кир погиб» [2, 57].

 По сведениям сочинений другого греческого летописца Ктесия Томирис повела за собой 300 тысяч мужчин и … 200 тысяч женщин! Это был «самый жестокий и великий бой», который закончился яркой победой саков. Естественно персы никак не ожидали, что женщины в таком количестве могут сражаться наравне с мужчинами и способны биться настолько отважно и мужественно, что первые дрогнули…. Оставшись без своего царя, захватчики потерпели поражение. Как свидетельствуют источники Томирис, наполнив человеческой кровью кожаный бурдюк, поместила туда голову своего неистового врага. И при этом она обратилась к своим мужественным воинам:

«Массагеты! Я, ваша царица, держу свое слово! Кто жаждал крови, тот пусть напьется ею досыта!». Тогда по данным Помпея Трога от рук защитников Степи погибло около 200 тысяч иноземцев, посягнувших на свободу наших предков…

 Послесловие. Имя воинственной и мудрой царицы Томирис навечно осталась в памяти потомков. Сегодня имя Томирис – наиболее распространенное женское имя в Казахстане.

 А военные традиции степняков передались последующим поколениям, в том числе и казахам, которые оказались достойны своих предков-саков. В 1465 году, подняв в междуречье Чу Таласа знамя Казахского ханства, они продолжили многотысячелетнюю традицию сохранения государственности в Великой Степи. Более того, как зеницу ока защищали свою землю и государство также как и их легендарные предки саки, показав при этом также мужество и честь, храбрость и отвагу. К примеру, о непревзойденных и высочайших военных качествах наших земляков, мужеством и

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

отвагой которых зиждилось наше «вечное государство», весьма восторженно писал один из известных английских ученых Джайлс Флэтчер (1549-1611 гг.), независимой оценке которого мир может доверять: «Смерть до того презирают, что охотнее соглашаются умереть, нежели уступить неприятелю, и будучи разбиты, грызут оружие, если уже не могут сражаться или помочь себе!». Какие еще нужны доказательства горячего стремления наших соплеменников защитить свое государство и народ? А в 1723 году, когда джунгарские войска вторглись на нашу землю, знаменитый наш земляк батыр Богенбай, вдохновляя бесстрашных воинов, призывал к защите своего Отечества и свободы такими пламенными словами : «Не посрамим нашу честь! Защитим землю от врага, навсегда оставив о себе память у потомков! Робели ли когда-либо сыны равнин кыпчакские?!» [6].

 В ожесточенных сражениях с джунгарами активно участвовала и женская половина казахского социума. Так, прославились Айтолкын

– дочь султана Абылая, Есенбике – дочь Уйсун Каратай батыра, Айбике- дочь Буланбай батыра и многие другие. Гаухар батыр, жена Каракерея Кабанбай батыра, возглавляла разведывательный отряд, участвовала во многих крупных сражениях. Впоследствии, став матерью, отправила на майдан свою старшую дочь Назым. В народном фольклоре сохранились слова Гаухар батыр: «Атадан ұл болып тума, ер болып ту» («родись не сыном своего отца, а настоящим героем»). Какой еще народ в мире может похвастаться своими дочерями-воинами?! Кто может сомневаться в наличии у нас государственности, если ее защищали и женщины, успевавшие в перерывах между многочисленными сражениями рожать нескончаемое количество настоящих батыров?!

 Не отставали от своих мужей, отцов и братьев женская половина казахского социума. К примеру, в 1813 году на территории Казахстана побывал русский путешественник и дипломат Филипп Назаров, который свидетельствовал о том, что военные традиции сакских женщин оказались поразительно живучи и по прошествии даже почти двух тысячелетий:

«Жены их, будучи также хорошими наездницами, сражаются вооруженные кольями и бердышами и едва ли не превосходят в лютости мужчин!»[7].

 Подтверждает его слова и сам известный российский историк А.Левшин: «Они, так сказать, родятся на лошадях и с самими дикими из оных обращаются необыкновенно смело и ловко. Женщины не только не уступают в сем случае мужчинам, но иногда и превосходят их..Луком ми стрелами владеют они довольно искусно,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

однако ж, оружие сие не столь общее у них, как у башкиров»[8].

 Во время национально-освободительного движения под руководством хана Кенесары, в его армии также сражалось немало девушек и женщин. К примеру, родная сестра хана Бопай занималась вопросами сбора налогов, иногда в принудительной форме, когда некоторые роды отказывались признавать власть и требования общеказахского, легитимного в глазах кочевого социума, хана.

 Какой еще народ в мире может похвастаться своими дочерями- воинами?! Кто может сомневаться в наличии у нас государственности, если ее защищали и женщины, успевавшие в перерывах между многочисленными сражениями рожать нескончаемое количество настоящих батыров?! Случайно ли появление в Центральной Азии еще через 130 лет таких героинь как Маншук Маметова, Алия Молдагулова, Хиус Доспанова, которых от Казахстана было мобилизовано более 5 тысяч человек?! Были среди них и снайпера, летчики, медсестры и хирурги, а то и служившие в штрафных ротах-добрвольцы.

 В июне 1979 года жители республики решительно выступили против попытки руководства СССР создать на территории нынешней Акмолинской области немецкую автономию с центром в городе Ерментау (ныне Ерейментау). В рядах протестующей молодежи также были значительное количество девушек, и причем – представительниц разных национальностей.

 В декабре 1986 года казахи одними из первых выступили против тоталитарного советского режима и приблизили распад СССР. После выступления молодежи начала трещать по швам вся социалистическая система в мире, также как в 1916 году было положено началу распаду Российской империи, созданной на основе силы и лжи, обмана и насилия. Мы до их пор открыто не заявили о том, что именно имеется и заслуга казахского народа в разрушении в XX веке сразу двух крупнейших империи и «формации» мира: Российской империи в ходе национально-освободительного движения 1916 года и всего социалистического лагеря и затем – Советского Союза во время декабрьских событий 1986 года. За 70 лет стать поводом для разрушения двух крупнейших империи мира по силам только особым этносам, имеющим особый пассионарный заряд. Важно, что в их рядах значительное количество было девушек.

 Как видим, военные традиции саков, в том числе ее женской половины, никак не прервалась. В памяти потомков сохранилась память и слава Томирис.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Литература:

  • Таукенов К. Поклонись небесным тюркам. – Астана, 2014.- с. 27.
  • Ирмуханов Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках.V в до н.э.- XV в н.э.2 издание., дополненное. – Алматы, 2006. – с. 64-65.
  • Клавдий Элиан. «О животных» и «Разнообразные повествования»

//Казахи.- т.8. – с. 56.

  • Климент Александрийский. – Aindorf, 1869 – с. 57.
  • Ставиский Б.Я. Между Памиром и Каспием. – Москва, 1966. – с. 99.
  • Гавердовский Я.П. Обозрение Киргиз-кайсацкой степи (часть 2-ая), или описание страны и народа киргиз-кайсакского // История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. – Алматы, 2006. – Т.VII том – с. 393-394.
  • Кабульдинов З.Е. История Казахстана. –Алматы: Атамұра, 2012.
  • Левшин А. Описание орд и степей казахов// Библиотека казахской этнографии.Т.9. – Павлодар, 2005. – с. 26.

Замза ҚОДАР,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты

ТҮРКІ-ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ƏЙЕЛ МƏСЕЛЕСІ

 Адамзат тарихының эволюциясында аймақ бойынша Батыс пен Шығыс деп ажыратылған шартты дихотомияның өзара қайшылықтар мен бəсекелестіктер құрауының əлеуметтік психоанализдік астарларының бірі – Шығыстың озық идеялары мен руханиятын, ғылымы мен білімін Батыстың меншіктеуінен жəне оны өздерінің төлтума идеялары ретінде əйгілеуінен туындайды. Мысалы, б.э.б. 4-3 ғасырлардағы Демокрит ашты деп танылған атомдық теорияның негізі б.э.б. 6-5 ғасырларда өмір сүрген көне Үнді ойшылы Канаданың Вайшешика ілімінде қаланғандығы[1],

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

оны Үнді жеріне барған Демокрит игеріп алып, еліне оралғаннан кейін өзінің төлтумасы идеясы ретінде жариялағандығы, Тұран жерінде осыдан 3000 жылдай бұрын пайда болған Зорастризм ілімінің кейіннен иудайзмнің, христиандықтың қалануына негіз болғандығы, көне түркілік мəдениет белгілерінің қазіргі батыс өркениетіне айтарлық ықпал еткендігі, гелиоцентрилік ілімнің араб- мұсылмандық шығыста батыс еуропа ғалымдарынан 4-5 ғасырдай бұрын айтылғандығы, тіпті, берісі Т. Мор мен Т. Кампанелланың утопиялықсоциализміненАсанқайғының«Жерұйық»идеясы əлдеқайда бұрын ұсынылғандығы т.б. көп жағдайда ескерусіз қала береді. Бұндай құндылықтар тіпті кей кездерде, батысқа барып, өзінің өңін айналдырып барып, шығысқа тосын жаңалық пен инновация түрінде оралып та жатады. Мысалы, жуық арада Шыршаның, оның рəсімделуінің Алтай жеріндегі Ғұндардан тарағандығы туралы пікірлер де айтылды. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақкөтеріліпотырғанмəселегеқатыстыайтарымыз– батыста пайда болған гендерологияның да түп идеяларының əу- баста көне түркілерде сақталғандығы туралы. Бұл жерде біз, көне руханияттың барынша анықталған жəне бүгінгі күнге сабақтасқан түрі – мифологиялары араласқан діни сенімдердің мазмұндарын басшылықа аламыз жəне ондағы əйел мəртебесі туралы пікірлерімізді

ұсынамыз.

 Арғы түркілер ғұндардың, кейіннен, түркілердің тотемі көк бөрі туралы аңыздың негізгі мазмұны, жаугершілік заманда жалғыз қалған түркітектес баланы қасқырдың асырап алып, одан тараған ұрпақтардың кейіннен іргелі ел болып, бөріні тотемге айналдырғаны туралы болып келеді. Осы аңыз мазмұнындағы нəзік тұстардың бірі

  • баланы асырап алған қаншық қасқыр болуында, оны емізіп ер жеткізуінде болып отыр.

 Бұл этногенездік мифологиядағы қасқыр бейнесінің рəміздік, əлде тарихи шындық екендігінің осы контекст үшін маңызы төмендеу, негізгі мəн: «түркілердің түпанасының ер жыныстыға емес, əйел жыныстыға телінуінде» болып отыр. Бұның анық айғағы мен тарихи дерекнамасы – Капитолиидегі бала емізген қаншық қасқыр мүсіні. Бүткіл бір ұлттың этногенезіндегі хайуан болса да əйелдік бастауға келіп тірелген мифологиясы артетиптік сабақтастық арқылы кейіннен осы бастауды құрмет тұтуға алып келді жəне бұл сарынның ізі кейіннен мыңдаған жылдарға сабақтасты. Осыдан қарапайым конструкция жасасақ, егер еркек қасқыр кездессе, баланы аман

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

алып қалмас еді, демек, түркі ұлысы, нақтырақ айтқанда, бүгінгі біз де болмас едік. Ал егер басқа хайуанның ұрғашысы асырап алса, түркілік бөрі рухты қайсарлық қалыптаспаған соң, жер бетінде ұлыс ретінде, мемлекет ретінде сақталып қалуымыз да екіталай болатын.

«Өзінен бөріні, бөріден өзін» көре біліп, өзара проекция жасаған түркілік мифология, қоғамдық өмірде нақты шындыққа ұласты, өр мінезділік пен намыс, төзімділік пен қайсарлық, өміршеңдік пен аса сақтық түркі халқының мінез бейнесі мен діліне айналды. Осыдан, тарихымызда түркі-қазақ қыздары мен əйелдеріндегі физиологиялық жетілген баһадүр тұлғалардың дүниеге келіп, сол бөрі рухын сабақтастыруы да осы ғұндардың қасқыр тотеміне байланысты туындаған архетиптер деп болжамдауымызға болады. Сондықтан, ешқандай кемсітушілік болмағандықтан, əйелдер билік басына келіп, Тұмар патша сынды ханымдарын тағайындаған. Бұл билеу форманы — гинекократия немесе əйелдер билігі деп атайды. Бұл туралы шетелдік этнограф Бахофен («Ана құқығы» кітабында), қазақстандық тарихшы Ю.Зуев жазған.

 Тəңіршілдік сенімін бір жағынан монотейстік, екінші бір қырынан алғанда «дуамонотейстік» деп те атауымызға болады, яғни, жұптардың бірлігін білдіретін терең философияны қамтиды. Бұл тұтастықты Қытайдың Инь-Ян шеңберімен салыстырып, оңайырақ түсінуімізге де болады. «Көк Тəңрі-Ұмай Ана» жұбы кейіннен,

«Көк Аспан-Қара Жер» бірлігіне ұласты. Ендеше, қарапайым түрде талдасақ, Аспан мен Жер екі бөлек ажыратылған кеңістік емес, тұтас Әлемді құрайтындығына қайтадан назар салып, олардың бөлінуі шартты екендігін ұғына аламыз. Бұл – «Ер мен Әйел» – «Адамзат» деп аталатын қауым деген тұжырымның ниетін білдіреді.

 «Ұмай Жердің тəңірі» болып, ол əйел жынысты Ана билігіне берілсе, «Жер-Ана» түзілімінің туындауы да заңды логикалық құбылыс. Сондықтан, Жер тек түркі халықтарының ғана емес, рəміздік түрде «Адамзаттың анасы» болып қағидаланған.

 Түркі халықтарындағы отансүйгіштіктің маңызды бір элементі – Жерін қорғау шартты түрде Анасын қорғаудың моделінен алынған. Нақтырақ айтқанда, туған жер мен оның топырағы «МегаАна» ретінде қастерленген, демек, Ұмай Ана культі кезінде, исламға дейін, Ел мен жерді қорғайтын патриоттық сананың басты құрылымы ретінда өзінің оңды қызметін атқарып келген. Демек, Әйел жыныстылық Отан қорғаудың қозғаушы рəміздік бейнесі ретінде мыңдаған жылдар бойы сақталып келді. Ал Отан қорғау – Ел болудың негізі. Осыдан,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Бар Болу мен мүлде Болмау туралы экзистенциалдық мəселенің түп бастауындағы «Ана-Орталығын» анықтап ала аламыз. Бұл ұстаным АрғыТүпМəн ретінде «Ана асқақтығын» əйгіледі. Бұл құрметтеу патриархатқа алып келген жоқ, керісінше, оған қолайлы, ыңғайлы, жайбарақат өмір сыйлау керектігін ұғынуға жетеледі де, əскерлер тек ер адамнан құралуы туралы қоғамдық пікір қалыптасқан сыңайлы. Демек, оның үйде отыруы кемсітушілктен емес, керісінше, ұрыстарда қаза болудың алдын-алу, жауға аттанытан ұл тауып, оны дайындаудың «биоəлеуметтік өндірісіне» айналдырды.

 Шаманистік сенімде əйел бейнесі туралы анығырақ айтылмайды, бірақ, шаман-əйелдердің де болғандығын ескерсек, онда да əйелді кемсітушілк жоқ екендігін түйсіне аламыз. Шамандық-тəңіршілдік мифологияларға назар аударсақ, шайтан типтес немесе шайтанға айналатын, түнде жылан кейпіне енетін əйел бейнелерінің бір ерекшелігі оларға жағымсыз көзқарас орнатпайды, керісінше, өміршеңдік пен өмірге бейімділіктің, ақылдылық пен тапқырлықтың образын сомдауға арналады.

 Егер, шамандық дүниетанымға сəйкес құрылған миф мазмұндарының біріне тоқталатын болсақ: «жігіт – пері ауылына келеді, перінің қызымен жақындасады, оған түнімен ұйықтамау шарты беріледі, оқиға түнде өтеді, таң атқан соң бəрі жоғалады» немесе скифтік мифологиядағы Тарғытайдың жылан-қызбен қатынасуы [2, 516] сияқты оқиғаларға куа боламыз.

 Шаманизмдегі шайтан демонологиясы туралы пікірлерді талдаған Г. Тоқсанбаева: «Осы мазмұндас кейбір мифтер мен ертегілерде: батыр немесе патша перінің қызына үйленеді, қалыпты ғұмыр кешеді. Бұнда перінің қызы зұлымдық иесі немесе жағымсыз бейне емес, бейтараптылық құбылыс. Қорыта айтсақ, осы құндылықтардың ауысуына сəйкес «перінің қызы» – тым көне дүниетанымда жағымды-əсем, одан кейін бейтарап, кейіннен жағымсыз жəне зұлым-азғырушы сатыларынан өткен тəрізді» [3, 28] деген қорытынды жасайды. Демек, шайтан шамандық дүниетанымда жағымсыз бейне емес, кейіннен ислам дінінің ықпалымен жағымсыз образға айналған.

 Әлеуметтік мəртебелі тұлғалар, батыр немесе патшалардың перінің қызына үйленуі, бұл жұптың биік мəртебелі екендігін айғақтап береді. Демек, қыз періге теңелсе, жыланға немесе шайтанға анала алатын болса, құрметті тұлға ретірде саналған. Бірақ əрине, оның неліктен екендігінің мағынасы мифология тым көне болғандықтан,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

шындығында, күңгірттеу болып келеді. Біздіңше, «шайтан-қыз» түзілімінің ішкі мағынасын былайша топшылауымызға болады.

 Біріншіден, шаманда шайтан-перілер абсолютті жағымсыз мəнде емес, игілікті істерді атқару үшін бақсыға қол ұшын береді, бірақ оның түпкілкті құлдары болып та табылмайды, кейде оған бағынбай да кетіп жатады, тіпті, бақсы əлсіздік көрсетсе, оның өзін құрбан етуге дейін барады. Бұл мифологиялық бейне, түптеп келгенде, сол шайтан мен бақсының теңдігін көрсетеді. Бұл нұсқаны:

«əйел (пері) ердің айтқанына көніп, оған қызмет етуі керек, бірақ кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа төзбейді» деп қоғамдық өмірге тым қарабайырлау аналогия жасай салуға да болады. Бірақ шамандық дүниетаным мен философиядағы шайтандар мен перілер əйел кейіпті емес, тіпті жынысқа мүлде қатынасы жоқ екендігін ұмытпағандығымыз да жөн. Ендеше, ең дұрысы, перілер мен шайтандар мүлде жағымсыз бейнелер емес, бірақ ерекше жаратылыстың қуалары деп айта аламыз.

 Екіншіден, қыз-перілер мен қыз-шайтандар шамандық дүниетанымдан туындаған мифология болғанмен, нағыз бақсылықтың мəнін бере алмайды.Сондықтан, пері мен шайтан белгілі бір қырыран алғанда, қыздарға берілген «мəртебе» болып саналған: икемділік пен аса шапшаңдық, бəріне де үлгеруі тиіс мінез-құлық, асқан сұлулылық т.б.

 Үшіншіден, мифологияның астарында шындық, яғни, өмірмен тура сəйкестік жатқан болса, бұл жердегі əйел мəртебесі мəселесі қозғалмайтындығы түсіінкті жайт.

 Қорқыт ата кітабындағы да назар салсақ та Әйел мəртебесінің жоғарылығын байқай аламыз. Түрік ғалымы Салық Тұрал бұл жөнінде былайша пайымдаған болатын: «Менің ойымша Қорқыт ата дастанының өзіне тəн жəне дүние дастандары ішінде байқала бермейтін бір өзгешелік еркек-əйел арасындағы қарым-қатынас бойынша сана-сезімді қадағалады. Қорқыт ата дастандары бір əйел алушылықты басшылықа алған, отбасын қорғаған жəне əйелді құмарлық құралы ретінде көрмеген қалпымен дүниені таныған. Қайран қаларлық жоғары дəрежедегі сана сезім мысалы»[4].

 Міне, осындай көне түркілік дəстүрлер кейіннен қазақ қоғамынан жалғасын тауып жатты.

 Бірақ біздің қоғамдағы əйел мəртебесінің көтеріліп келе жатқандығының алғышарттары дəстүршілдік пен жаңашылдықтың бірлігі аясында қалыптасуға қарай бет түзейді. Яғни, қазақ қоғамы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тек батыстық үлгіні тұтасымен өзіне көшіре салмайды, оның тиімді, қажетті, оңды жақтарын пайдалана отырып, еліміздің тарихындағы озық үлгілерді де назардан тыс қалдырмайды. Оған жергілікті дəстүрдің дүниетанымдық шарттарының сабақтас негіздері мен ұстындары, ғасырлар бойында қоғамдық санада қалыптасқан мəдени ерекшеліктері айқын дəлел. Мұндай көзқарас, кешенді ыңғай заманауи қазақ қоғамындағы əйел болмысының мəні мен ерекшеліктерін, əлеуметтік орнын нық анықтауға серпін де, бағдар да береді. Сондықтан тарихи жəне əлеуметтік тұрғыдан алғанда, қазіргі Қазақстандағы əйел бейнесінің жаңа деңгейге көтерілуінің мынадай негізгі алғышарттарын көрсете кетуімізге болады.

 І. А) Еуразия кеңістігін мекен еткен көшпенді халықтардың наным-сенімдері мен мəдениеті, жалпы дүниетанымындағы əйел болмысы. Көптеген зерттеушілер көшпенділер мəдениетіндегі əйелдің ролін зерделегенде, ол өзіндік сипатқа ие болып, көптеген əлеуметтік жағдайларда тəуелсіз болғанын айтады. Мəселен тарихтың атасы саналған Геродот Кир патшаның басын алған сақ патшайымы Тұмар ханым жайлы керемет бейне қалдырып кеткен. Әйткенмен, көшпенділер өркениетіндегі бұл жалғыз ғана əйелдің бейнесі емес, өйткені Ф. Шафиев атап өткендей: «көшпенділер өмірінде əйелдер үлкен еркіндікке жəне ерлермен теңдей дəрежеге ие болды. Бұл һақында əйел-бабаға деген олардың ғибадатхана салу дəстүрі айтып отырса керек. Тіпті кейбір руларда ана тегімен жүру қабылданған»;

 Ә) VIII-ІХ ғғ. аталмыш кеңістікке Ислам діні аясындағы мұсылмандық мəдениет келгені тарихтан белгілі. Ислам діні мен жергілікті түркілік дүниетаным синтезі бірнеше ғасырлар торабында өрбітілді, өзіндік əлеуметтік-мəдени нышанға ие болды, сəйкесінше ондағы əйелдің əлеуметтегі орны мен қызметі де өзгерді деп айтуға негіздер баршылық.

 ІІ. XVIII-XIX ғасырлардан бастау алып, ХХ ғасыр аяғына дейін ықпал етіп келген орыс мəдениеті мен жергілікті мəдениеттің текетіресі аясындағы əйел болмысы. Осы текетірестің алғашқы белгілері ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуымен байланысты болды. Қазақ зиялылары əйелдің білім алуы, жесір дауы, өзінің таңдамаған адамына барып еріксіз үйлендіру деген сияқты мəселелерді ақпарат беттерінде еркін қозғай бастады. Бірақ бұл бағыт кейіннен тұтасымен құлдырады, себебі, қазақ зиялысына жасалған репрессиялар тек əйел мүддесі туралы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ғана емес, алға қойған мақсаттары мен ұстанымдарын да жоғалтуға алып келді, нақтырақ айтқанда, осындай игі бағдар ұстанған халық өкілдері тарих сахнасынан жойылды немесе аластатылды. Ендеше, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қозғаған қоғамдағы əйел бейнесі туралы озық ойлар, орындалмай қалған армандар ХХІ ғасыр басында толықтай жүзеге асып келеді десе де болады.

 ІІІ. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі рухани қайта жаңару мен қайта өркендеу дəстүрлі рухани құндылықтарамызды бүгінгі тарих сахнасына алып келуге мүмкіндіктер ашқан болатын. Атап айтқанда, көне түркілік наным-сенімдер мен ислам дінінінің руханияты жəне ондағы əйел туралы философиялық толғаныстар қайтадан сарпталып, арнайы зерттелгеннен кейін, оның ұтымды жəне тиімді қағидаларын іс жүзінде əлеуметтік институтарға енгізу қажеттігі сезілді. Себебі, ол біздің діліміз бен сана-сезіміміздің түпбастаулары екендігі сөзсіз. Мысалы, арғы дүниетанымдағы Ұмай- ана культі, исламдағы əйел мəртебесі сияқты игілікті қағидаларды қайта өркендетуге мүмкіндіктер молынан ашылды десе де болады. Әйткенмен жаһандану үдерісінде мұндай мəселелерді оңтайлы шешудің ұстындары мен бағдарларын қалыптастыру қиынның қиыны екені анық.

 Еліміз ұстанған саясат, Президент Н. Назарбаевтың əйел мəртебесі туралы бағдары да оны тек теориялық қалыпта ғана емес, іс жүзінде жүзеге асыруды қолдайды. Сондықтан, əлеуметтік- мəдени саясат арнасындағы мұндай тың ізденістер мен гуманизм түптеп келгенде, əйелге деген кемсітушілікті болдырмай, керісінше оның қоғамдағы орны мен ролін көтермелеуді басшылыққа алады жəне ол қоғамдық санада қолдауға ие болып отырғаны белгілі. Оның бір саласы гендерлік саясат, яғни, билік басындағы əйелдер мен ерлердің прапорциясы туралы ұстанған бағыт дəл қазіргі таңда қазақстандық үлгілердің бірі десе болады.

 Әйел мəртебесі хақында рухани мəдениетімізде оған нұқсан келтіретін немесе кемстітушілікті қолдайтын туындылар жоқ десе де болады. Өнеріміз бен мəдениетеміз, əдебиетіміз бен философиямыз

    • тұтас руханият бүгінгі таңда нəзік жандылардың рухын биіктететін өнімдерін тудыруда. Соның ішінде əдебиет саласы бұл көзқарасты қолдай отырып, өзінің батыл ұстанымдарын шынайы қоғамдық өмірмен байланыстыра отырып паш етуде. Ғ. Мүсіреповтің аналар образы туралы туындыларынан бастап, Н. Келімбетовтың əйел бейнесі жөніндегі шығармалары бұған дəлел бола алады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Егер Ғ. Мүсірепов тарихтағы жəне ХХ ғасырдағы əйел мен аналар образының қоғамдық өмірдегі шынайы келбетін көрсете келіп, олардың шындықпен бетпе-бет келетін сəттерін ашып беріп, бойынан өмірдің қиыншылығына деген төзімділік, өз ұрпағына деген жанберушілік сезім сияқты сапаларды сипаттай келе, белгілі бір деңгейде олардың рухани-əлеуметтік мəртебесін көтерсе, Н. Келімбетов те өмірдегі ауыртпалықтың қиыншылығын жеңе білген əйел, оның ерімен өмірге бірге аттанудың нағыз келбетінің қандай болатындығы туралы ойларын түйіндеген болатын.

 Бұл жазушылардың идеялары кейінгі қоғамдық өмірге ықпал ете отырып, əйел бейнесінің ер адамдармен құқықтық-мəдени қырынан алғанда, саяси-əлеуметтік бейнесі негізінен алғанда тең бола алатындығын көркемдік тілмен нақыштап жеткізген болатын, түптеп келгенде, ер рухының асқақтауына жасалатын маңызды ықпалдардың бірі – оның сүйікті жары деген тұжырым ұсынылған.

 Әйелдердің өз мүдделері мен беделдерін көтермелуге деген заңды табиғи ұмтылысының қазіргі кездегі көріністерін түрлі қоғамдық мəдени қозғалыстар құрап отыр. Яғни, білім мен біліктілік, белсенділік пен тарих шындығында өздерін көрсете білу, өмір сахнасына аса бейімделгіш екендігін дəлелдеуде əйелдердің қазіргі қазақ қоғамындағы орны мен қызметі айтарлықтай қалыптасып үлгерді. Мысалы, 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезінде əйелдердің біраз бөлігі отбасының асыраушысы қызметі жауапкершілігіне кезікті, дегенмен, оны ойдағыдай орындап шықса, бұл экономикалық мəртебесін көтермелеп, елдің де ілгері дамуына белгілі бір деңгейде ықпал етті жəне бүгінгі іскер əйелдер институтының қалыптасуына алғышарт болды. Ал ХХ ғасырдың аяғына таман білім алуға деген əйелдердің ұмтылысы, соңғы жылдары олардың ерлермен салыстырғанда сандық жағынан артуы мен интеллектуалды кем еместігі саяси билік пен мəдениет саласында қанат жая бастауына алып келді. Бұл нақ қазіргі кезеңдегі əсіресе, өнер мен ғылым саласындағы əйелдердің үлес салмағынаның артуынан да анық байқалып отыр.

 Біздің қоғамдағы демографиялық жағдай, адам санын арттырудың өзекті күйі, түптеп келгенде, əйел денсаулығына, оның əлеуметтік мəртебесіне, тіпті жанұядағы жан тыныштығына тікелей байланысты екендігі түсінікті. Сондықтан, бүгінгі таңда əйел мен баланың денсаулығы мəселесі қолға алынып отырған шақта, нəзік жандылармен нəзік қатынас жасаудың аса қажеттілігі

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

олардың қоғамдық өмірде де беделін көтермелей түсті. Яғни елдік саясат пен қоғамдық пікір, ұлттық мəдениет, қала берді əлемдік қауымдастықтың ұстыны əйелдерге дөрекілік көрсетуді құптамайды. Қазіргі еліміздегі рухани діни кеңістік – біріңғай руханияттықты қалыптастыру, əлеуметтік қатынастарды реттеу, дүниеге көзқарасты кеңейту сияқты қоғамдағы жағымды қызметтерімен қатар көптеген қайшылықты түйткілдерді тудырып келеді немесе бұл келісімге келе алмай жатқан түрлі топтардың көзқарастарының əрқилы бағдарды ұстануды қалайтындығынан жəне оны тəжірибеге енгізуді мақсат ететіндігінен туындап отыр. Осыған қатысты аталған мəселенің қойылуы, сайып келгенде, ұлттық бірегейлену, яғни, ұлттың өзін- өзі қайтадан танып, өзінің шынайы болмысына үздіксіз қайта оралу сəтінде: «біз қазір қайда бара жатырмыз, бұрын қандай едік, болашағымыз не болады?» деген сауалдарға жауап іздеуден

туындаған табиғи жəне психологиялық заңды үрдіс.

Əдебиеттер:

  • Философский словарь / Под ред. И.Т. Фролова. 4-е изд. –Москва: Политиздат, 1981. – с. 445.
  • Қондыбай С.Қ. 64. Арғықазақ мифологиясы. –Алматы: Дайк- Пресс, 2004. – 516 б. Екінші кітап.
  • Тоқсанбаева Г. Қазақ дүниетанымындағы махаббат феномені. Философия ғылымдары кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін диссертация. –Алматы, 2009. – 123 б.
  • Тұрал С. Қорқыт атаның айналасына бас қостық //«Заман- Қазақстан», 20.02.1998

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА,

«ҚазМедиа» орталығының қызметкері, жазушы

ҰЛПАН – ЕЛ АНАСЫ

 Қазақ əдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» атты романында қазақ əйелінің əншейін қиялдан тумаған, жалған дəріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Матриархат өте көне заманның қалдығы, ал біздің дəуірімізден бері адамзат қоғамы негізінен патриархат заңына бағынады. Қыз баланы кемсіту, əйел затын төмен санау менталитеті өзгеріске аса ұшырай қоймайтын, томаға-тұйықтау Шығыс түгілі өзін өркениетті, күншығыс елдерінен озық санайтын Батыс елдеріне айрықша тəн болды. Сондықтан бұл кереғарлық – бумерангтың бір ұшы бұл елдерде феминистік қозғалыс сияқты ұшқары идеяға əкеп соқты. Отбасы институты, ер мен əйелдің арасындағы табиғи үйлесім бұзылуы салдарынан Батыс қазір ерекше зардап шегіп отыр.

 Орыс топырағында некебұзарлық, ажырасу, өз күйеуінен жерініп, өзге ерді пір тұту, ашыналық құбылыс орыс қоғамына алғаш ене бастаған қасіретін орыс ойының данышпаны, классик жазушы Лев Толстой «Анна Каренина» атты қос томдық романында терең ашып көрсетті.

 Ғабит Мүсірепов жинақы «Ұлпан» романында алдына мұндай мақсатты қойған жоқ. Ұлпан ерден безген, сүйіспеншіліктің отына күйіп, басқа ерді сүйгені үшін қарекет қылған, ұябұзар əйел емес. Керісінше, «Ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дархан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар əйел болуымен баурайды.

«Алтын басты əйелден бақыр басты еркек артық», «Байтал шауып бəйге алмас» деп қарайтын елде Ұлпан сияқты қайратты жанның болмысы бағалана бермейді.

 Ғабең бұл романында өз елінде өмір кешкен, ел билеген деректі адамдардың тіршілігін суреттеп берді. Бұл кейіпкерлерді көзі қарақты оқырман Сəбит Мұқановтың кітаптарынан да білері анық.

 Сондай-ақ, XVIII ғасырда жоңғарға қарсы соғыста ерлігімен танылған батырларды мадақтағанда Тəтіқара ақын былай жырлайды:

Найзасының ұшына жау мінгізген, Еменəлі Керейде ер Жабайды айт.

 Жабай батыр романдағы бас кейіпкерлердің бабасы болуы мүмкін, өйткені керей руынан шыққан Есеней, Еменəлі оның бір туған інісі. Керей ішінде Сибан руының бас көтерер адамы, биі Есенейге Ұлпан қыз қапалақтаған қар астында ұшырасады. Есеней еркекшора киінген, батыл сөйлескен Ұлпанның қыз екенін байқамай қалады. Оның қыз екенін Есенейге дереу айта қалып, жүрегіне шоқ түсіріп

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жіберген «түркпен» Мүсіреп: «Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» дегенде көз құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенде неғып байқамадың?» дейді. Жазушы «шарпып» деген сөзді текке қолданып тұрған жоқ. Махаббат оты демде тұтанғанының тұспалы. Романның дилеммасы мен драмасы осы эпизодта бірден жарқ етеді.

 Қазақ əдебиетінің драма жанры мен кино өнеріне өшпес олжа салып, «Қыз Жібек», «Ақан сері – Ақтоқты» сынды шедевр дүниелер тудырған Ғабеңнің қаламы жазуда əбден ұшталған, стилі мықты, қу сөзге əсте жоқ. Қысқа да нұсқа.

 Осы эпизод жадқа қазақ эпосының шоқтығы биік – «Ер Тарғын» атты жырын түсірді. Конфликт – кəрі мен жастың үйлесімсіздігі. Сюжеттегі ұқсастық мынау – екі шығармада да сұлу қыз балғын жас, оған көңілі құлаған егде жастағы ердің еңкейе бастаған шағы. Жүрекке əмір жүрмейді, сұлулық пен жастық адамзаттың еркін бағындырмай, елітпей, тартпай тұрмайды.

 Ақшаханның қызы Ақжүніс, аппақ жүзі «Қара жерге жауған қар тамар, қар үстіне қан тамар» қас сұлу, өжет қыз, соңдарынан қуа жеткен Қожақ батырға тайсалмай былай дейді:

Алайын деп тұрмысың, Мені көріп қуанып?

Өлтірсең де тимеймін, Теңдік берсең сүймеймін, Бұрын батыр болсаң да, Сенің басың бұл күнде Жерде жатқан қу тезек.

 Дүниежүзі халықтарының классикалық əдебиетінде мынау жарқыраған өткір сурет, табиғи өршіл рухпен шендес түсетін қас үлгі жоқ.

 Дəстүрлі қазақ қоғамында шындық бəрінен биік тұрғаны, əйел заты күң еместігі, ата-анасы бетінен қақпай, далада еркін өскен қазақ қыздарының бостандығын артық санайтыны айқын. «Сонда Қожақ ойлады: «Асылзада патшаның баласы ғой. Мұны мен алсам обалына қалады екенмін. Мұны өзінің сүйгеніне қосайын», – деді де, Тарғын батырға қосты да қоя берді. Барыңыз, менен озған дəурен екеуіңізге құтты болсын деді. Тарғын ол қызды алып, сол кеткеннен кетіп, Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайына барды». Бұл қазақтың эпостық дүниетанымы ғана емес, ұлттық санасы.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Есенейдің ағайыны «түркпен» Мүсірепті елші қылып, өзіне сөз салғанын естігенде Ұлпан дəл осы шамырқану, жаны тосырқау, жатсынуды сезінеді. Бұл жазмыш сөзді естіген сəті жас қыздың жүрегіне қанжардай қадалды.Әкесі Артықбай батыр қатарлы, өзінен кем дегенде қырық жас үлкен Есеней, ел ағасы, көсем, патриарх. «Ағашқа асылып өлмесең құтыла алмайсың. Есенейден арашалап алып қалар адам жоқ. Айтты – болды. Басың болса ие бер, тізең болса бүге бер». «Ұлпан бір түсініксіз күлкімен күле бастады. Жынданып кеткендей атынан ауып, ар жағына қарай құлап барады». Жазушының тілі қырнаулы, стилі анық, зергердің қолынан шыққан өрнектей, сөйлемдерінің артық-кемі жоқ. Ғабең қазақы мақамға жиі түсіп кетер ащы ішектей шұбалыңқылықты, прозадағы көк езу бəдіктікті сүймейтіні нақыш салғандай шебер қиюласатын

тілінен көрінеді.

 Ұлпанның жас өмірін қимайтын, үлкен кісіге күйеуге барғысы жоқ балғын көңілін жазушы шебер психологиялық иірімдерімен бере алған. Мұхтар Әуезовтің «Ескіліктің көлеңкесінде» атты реалистік тұңғиығымен тартатын əңгімесінде бұл мотив қайталанады. Ескішіл əже билігіне көніп, апасы өлген соң, кəрі жездесіне сүймей барған қыздың трагедиясын ашады.

 Абай «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» атты классикалық өлеңінде баяғының малға сатылып жылап кете барған қыздарының құсасын бас шенін аңызға айналдырып, арғы жағын қазақ шындығын жүрегі күйіп, асқан жанашырлықпен тебірене жырға қосты. «Етімді шал сыйпаған құрт жесін деп, / Жартастан қыз құлапты терең суға». Бұл сатирадан ғөрі лирикалық қайғы тұнған, Абайдың адам баласын бəрін сүйетін адамшылық қалыбы көрінген жанды өлең. Әлеуметтік теңсіздікті, əйел затының құқықтан жұрдай төменшіктігін, қырық жетіге маталып, қор болып кете баратын күйік зарын Абай «Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр», «Екі көңіл арасы – жылшылық жер» деп жан дүниесі егіле жырлайды.

 Есеней Ұлпан үшін кемітетін ер емес, ердің ері, («Шіркін-ай, бұдан қырық жыл бұрын қандай болды екен? Бұған кездеспегенде кімге кездесер едім? Сөз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым Есенейдің оннан біріне тұрар ма еді? Кім білсін...жоқ, тұрмас еді!») əттең, жасы ғана жасына сəйкес келмейді. Ұлпанның мықтылығы сонда, ол əзелде жаны қаламаса да Есенейге күйеуге тиюді мұрат қылды. Ол елдік мұрат. Кез келген шөпжелке қыздың қолынан келмейтін, тіршілікті дүниемен өлшейтін кейбір ойы шолақ, таяз

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

əйел затының түсіне кірмейтін ұлы мұрат. Ұлпан жайнаған жастық дəуренін осы елдік мұрат жолына қиды. Есенейдің беделі мен билігін ол қараңғылық құрсаған елін алға жетелеу үшін пайдаланды.

 Қазақ байлығы жылқысында. Есеней – исі Сибанның бай адамы, ел қорғаған бас батыры, биі. Оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.

 «Есенейдің құрығы мойныма түсе қалса, оны алып кететін күш біздің азғана ауыл кірме Күрлеуітте жоқ. Құдай салды – біз көндік. Бірақ, ағаңның есінде болсын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз».

 Ақжүніске тəн өр мінез Ұлпанда анық тұр. Бірақ заман басқа, уақиға бөлек. Ол Есеней ордасының бəйбішесі болғысы келетінін,

«Мен үлкен үйге кіремін де төрінде отырамын» деп кесімін алты қарыс азуын айға білеген биге өз аузымен айтады. Үлкен үй – билік. Есенейдің көзі тірісінде-ақ, Ұлпан бес болыс Сибанның қамқор анасына айналды. Сөйтіп, оның құрбандығы ақталды. Ғабит Мүсірепов осы бір адамдар арасындағы аса күрделі қарым- қатынасты диалог, оқиғалар арқылы табиғи суреттейді.

 Ұлпан даму дəрежесі арта қалған жұпыны елге қанатымен су сепкен қарлығаштай əрекет қылды. Монша, қыстық үй сияқты сол кездегі кедей тірлік, надандықтан езілген елге жақсылықтар нышандарын алып келді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ руларының жас баласы қысқы ызғарды көтере алмай, өкпесіне суық тиіп, тез шетінеп кететін еді.

 Сəбит Мұқанов «Халық мұрасы» атты жанры бай, стилінде небір əдеби тəсілдер тұнып тұрған қазыналы кітабында: «Біздің елде самауырды XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ірбіт базарынан Есеней алдырған екен. Оны қайнатайын десе, суды қалай құйып, отты қалай жағуды елде ешкім білмейді. Содан көршілес казак-орыс станицасы Құтырлағанға (Екатеринировка) кісі жіберіп, біреуді алдырады да, самауырды қалай қайнатуды үйреткендігі үшін оған Есеней бір жылқы береді. Бірақ ырымшыл Есеней «шүмегі төмен қарап тұр екен, елді төмен қаратпай қоймас» деп самауырдың шайын ішуден безген екен деседі».

 Осыдан-ақ Есенейдің асыл тегі мықты, каракөктің тұқымы, қазақтықтың алтын қазығындай, өмір бойы ат үстінде күнелткен, есесін ешкімге жібермеген өр адам екені аңғарылады. Қазақтық сана оның болмысында берік орнаған. Оның құдай маған қарыз болмаса, мен құдайға қарыз емеспін дейтін Жаратушы Иемен алысатын күпір сөзі бар. Жазушы оның намаз оқығанын бейнелі суреттейді, Есеней

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Кенжетай күбірлеп айтатын дұға сөздерін қайталайды. Мұның өзі оның жаугершілікте, рулық қоғамда ел қорыған көкжал бөрілігін, ел шеті, жел өтінде, үйдің емес, түздің адамы екенін анықтайды. Мүнəфиқтық мінез, көлгірлік оның табиғатында жоқ.

 Тектік, ұлттық ойлау жүйесі күшті халықтар замана ығына құламай елін кесапаттан қорғап қалатын рухани күшті жасымайтын болаттай ерлері арқылы бойында сақтайды. Ол иммунитет күшейген сайын ұрпақтан ұрпаққа жаңылмай беріледі. Әлемдегі тегеуріні күшті ірі халық атаулы ата дəстүрінен айныған емес.

 Ұлпанның ел анасына айналған тұсы Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беретін, кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығы. Бұл мырзалық деуден ғөрі имандылық, теңдік белгісі.

 Есеней өлген соң Ұлпан бекзаттығынан айрылған жоқ. Әттең, ол қыз емес, ұл болып туатын жан. «Ұлпан бұл кезде қара жамылған қаралы əйел. Он ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап телміріп отырудан біржола құтқарды. Қашаннан Есенейдікі болып келген кең жерді əр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір қазақтары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне ел Сибанның малы он есе көбейді. Әр үй өз текесін, өз айғырын мақтасып отырады.

 Ел аздап егін салады, шөп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы қысқы үйде отырады. əсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза».

 Ұлпан өзін Есенейден жоғары қоймайды, артық сезінбейді, байлықты малданып, айналасына ызғарын шашып, бекер өктемдік қылмайды. Өйткені оның бойында «Қырық есекке жүк болатын» сайқалдық, күншілдік, ардан безу жоқ. «Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның əділ би деген атағы көмескі тарта бастап еді. Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді.

  • Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда.
  •  Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бəйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар едім?..».

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Расында солай. Қазақ əйелді ешқашан ерден асырмайды. Бұл оң көзқарас, жаугершілікте ел қорғаған ерлер, мал табатын, отбасын асыраушы ерлер, нəсілді сақтайтын ерлер болған соң туған əділетті өмір заңдылығы. Н.С.Лесковтың «Мцен уезінің Макбет ханымы» («Леди Макбет Мценского уезда») атты повесінде махаббат жолында адасып, көңілдес еркекке бола өз ерін өлтірген əйелдің бейнесі еске оралады. Ұлпан ақ жүрек, Ұлпан адал, Ұлпан нағыз қазақ əйелі. Ол нəпсісі үшін кісі өлтірмек түгілі өзін қасақана іздеп келіп, үйіне қона жатқан, жас десе жас, ақсүйек десе төре тұқымы, орыс оқуын оқыған, көзі ашық, шен-лауазымы бір кісіден кемдігі жоқ Қази Уəлихановты некелі жары Есенейден артық санамайды. Күйеуінің көзіне шөп салып, жұртқа таба қылар ақылсыз əйел Ұлпан емес. Ол қазақы танымнан шығандап шықпайтын дəті берік, намысы күшті əйел.

 Мемлекет басқаратын адамның бүкіл нышаны, қайраткерлігі, үлкен жүрегі, мейірім шуағы, имандылығы Ұлпанның бойында түгел бар. Оқымай қалғаны бөгет болмаса Ұлпан тəрізді əйел қазіргі заманда ең биіктен көрінер еді.

Есеней – тарихи тұлға, атақты Сырым батырдың жиеншары.

«Сырымның кісесі Есеней үйінің бір қара сандығында жетпіс жылдай жатты. Есеней – ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей-білеудей бұлшық ет, қарны шыққан емес».

 Заманда болған ер Есенейдің əділдігі ə дегенмен айқын болды. Жас жігіт кейпінде келген Ұлпан «Қаршығалы» шұбарын паналап қонып қалған үш ауыл кірме Күрлеуіттің арызын қыр шонжарына жасқанбай, тік айтқан аталы сөзіне дəн риза болып тыңдайды. Қос ұлы тірі болғанда жігіт болып өсер еді-ау деп балаға зəру би іштей сүйсініп, қызыға қарайды. Оның қыз екенін білгенде көңілі өзгеше құйқылжиды. Өзін өлімнен құтқарған Артықбай батырдың қызы Ұлпан. Нышан табылды, жүрек бұлқынды, енді өмір өрбиді. Автор тіршілікті, құс жолындағы, жер бетіндегі мəңгілік тартылысты, айналысты түйсік, ибамен береді.

 «Есеней қазір діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын. Орыс шекарасын паналай отыратын Нұралы деген момын елдің барлық жерін тартып алып, далаңқы жайлауға айдап тастағаны бар-ды. Момын ел қарғап-сілеп кеткен екен – келер жылы Есенейдің екі ұлы қара шешектен бір күнде, бір сəттің ішінде бірге өліп кетті».

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Ғабит Мүсіреповпен елдес, жерлес, заманы бір көрнекті жазушы

  • Сəбит Мұқанов.Сəбеңнің «Халық мұрасы» атты кітабында:

«Біздің елде «бес мың жылқы болыпты» деген Есеней сабаны алты айғырдың терісінен тіктіріп, атын «Тай жүзген» қойған екен. Сол сабаны ысқа қойғанда, ауыз жағы қурап кетіп, бұған ашуланған Есеней ыс салған адамның үйірге түсіп тұрған айғырын сойғызып, терісін сабаның құрғаған аузына жаматқан» – делінген.

 Билік иесі болу – зорлықшылдық. Сəбең мен Ғабең айтқан осы екі эпизод Есенейді ақтап тұрған жоқ. Оның қатігез, момынды ренжіткен озбырлығын танытады. Қазақ ұғымында киелі мал болады. Бір елдің күнкөріс жерін тартып алу, үйірге түсер ата малды рəсуа қылу

  • күнəһар зорлық. Оның қарғысы болады. Бірақ сол кездегі қазақ дəстүрлі қоғамында бұл үйреншікті қалып болған. Бұл қатігез мінез аламандық, абадандық саналған. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» атты роман-эпопеясындағы ру арасы түгілі, ру ішіндегі сұмдық тартыс, ағайын араздығы қашаннан қазақ əлеуметінде болып келеді. Өйткені ол өктемдік айдан түскен жоқ, тегіс адамзат қоғамына тəн теңсіздік идеологиясы, зорлық-зомбылық.

 Осы кітапта Есенейдің қазақтың ескі тұрмысында не қадірлі, соның бəріне қолы жеткен, үкілеп ұстаған, тұтынған, көгінде бар, бай адам екенін білдіретін детальдар баршылық. Самауыр қазақ тұрмысына енді ене бастаса, құсбегілік қазақтың қанында бар. Бүркітті байлар сəн-салтанат үшін ұстаса, қарапайым аңшылар кəсіп қылған.

 Ғабит Мүсіреповтің романында Есенейдің қасына ерген кісісінің бірі – аңшы Алдай Мүсіреп. Оның бейнесін автор шынайы, ұмытылмас қылып суреттейді. Көкірегінде зілі жоқ, аңқылдаған ақкөңіл, баладай аңқау адам. Оның Есенейдің жанына тиетін сөзді байқамай айтуы, өзі ұстаған түлкімен ұрысып отыратыны, тазыларына адамша сөйлейтіні қазақ мінезінде бар қасиет.

 «Қартайған бүркіт еріншектеніп, ірі аңдарға түспей, ұсағына ұмтылады. «Бүркіт қартайса тышқаншы болады» деу сондықтан. Тым қартайған бүркітті еркіне жіберу салты бар. Адамға үйренген бүркіт ел маңынан ұзамай ұшып-қонады. Ондай бүркітті бүкіл ел болып сыйлап, əрдайым жем (шикі ет) тастайды, иттен, құстан қорғайды, тасаға паналатады. Біздің елде «Есенейдің танакөзі» дейтін бүркітті сөйткенін өз көзіммен көрдім», – деп жазады Сəбит Мұқанов «Халық мұрасында».

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Есеней бейнесі романның өне бойы біртіндеп ашыла береді. Қартайған сəтінде жолыққан Ұлпан – оның бақ құсы, əрі қорғаушы періштесі.

 Романда Есенейдің інісі Еменəлі образы жан-жақты ашылған. Ұлпан адуын сарықарын бəйбіше, жалғыз қайнысының əйелі, абысыны Айтолқынды ə дегеннен орнына қойып, мүйіздеп алады. Өйткені оның үлкен үйді өзі билеп-төстеп қалғанын біледі. Қазақ салтында жап-жас Ұлпанның ересек Айтолқыннан жолы үлкен болып саналады. Мұны ол билік, байлық үшін істемейді. Ұлпанның статусы – ел анасына айналу: «Ұлпан Сибанның ең үлкен əйелі, ел бəйбішесі!».

 «Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, ұн сұрайды, киіз сұрайды, шай сұрайды, бөрікке тыстық, көйлекке түйме сұрайды, жайлауға көшетін көлік сұрайды...

 Ұлпан ешкімнің қолын бос қайтармай бере берді. Мырза келін атанғысы келіп берген жоқ, əлденеге іштей наразы, əлденеге іштей намыстанып үлестірді.

 Қандай əдемі қыз-келіншектер қайыршыдай жалаңаш, қайыршыдай сұраншақ. Шешелері əдейі ертіп əкелетін балалар өңкей мес қарын, ши борбай, ірің көз... бұларға өмір тілеу, бақыт тілеу мазақтау сияқты сезіледі».

 Кедейлік, жігерсіздік, жоқтық шегіне жеткен зардабын Ғабит Мүсірепов «Этнографиялық əңгіме» атты шынайы суреттеулерге толы əңгімесінде ашып көрсетті, сатиралық образ жасады. «Ұлпан» атты романындағы кедейлік басқаша сипатта. Елге жаңару керек. Заман лебі солай соғады. Ұлпан соны түсініп, Есенейдің бес мың жылқысын қол астындағы елге жартысын бөліп береді. Туған жұртының əл-ауқатын көтеруге ол жанын салады. Артынан тұрмысы түзелген, тоғайған ел Есенейден ештеңе дəметпейтін болып кенелді. Бұл Ұлпандай дана əйелдің арқасы екенін Ғабең сүйсініп суреттейді.

 «Бұл араның қазағына егін салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды. Бұл елді қазір жартылай отырықшы дей аламыз», – дейді жазушы ұлық орыстың аузымен.

 Ұлпанның қайраткерлігі кісі ақысын жемеу сияқты имани ұғымда тіпті жарқырап көрінді.

«– Есеней-ау, мына қараша ауылды сен неғып көрмей жүрсің?

Өзіңе ұят қой! – деді.

    •  Осы қырық үй малшы-жалшылардың қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой, – деді

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 – Айналайын Ұлпанжан, соны маған ендігəрі айтпайтындай болып, өзің тындыршы, екеумізге екі айғырдың үйірі жылқы қалдырсаң болды. Менің ендігі байлығым жалғыз сен... асырарсың бірдеңе қылып...».

 Ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы осы диалогтан айқын, елге тұтқа Есеней мен оның сүйіп алған қосағы Ұлпанның жаны таза жан екендігі. «Еркексің ғой сен, еркексің, Есенейжан!» дейді ол əйеліне, билігін ғана емес, өзінің Есеней атын қоса қияды.

 «Қатын қайраттанса қазан қайнатады» деп түсінген қазақ қоғамындағы стеротипті Ғабит Мүсірепов бұзып отыр. Сүйіспеншілілік хисса-дастандарында дəріптелетін қыз-келіншекті мемлекттік ұғымына теліп, əлеуметтік биікке көтерді. Өйткені Ұлпан атамекенінің елге сыйлы, аяулы адамы.

 «Жас əйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын əуелі Есенейге айтқызып алып, өз байламын əуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де «мына қатын былай деп еді» деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді».

 Жазушы Есеней мен Ұлпан екеуінің арасындағы шынайы жарасымды дəл бейнелейді. Ол тіпті өз атасы «түркпен» Мүсіреп пен əжесі Шынардың алғаш шаңырақ көтерген кезін бейнелейтін тұстарында мол. Ұлпан Шынарға еркіндікті уағыздайды, бірақ ол лағып кету емес.

 Ұлпан əйел бақытын сезіне алған жоқ. Ол басқа бір құдіретті сезінді. «Ерте тоқыраған аналық» дейді автор, бір қыз туған Ұлпан, сол жарығынан ерте айрылып, мерзімінен бұрын ажал тапты. Қара ниетті адамдардың көре алмаған, қызғаншақ кесірі тиген шығар, романда бұл сарын, сүйікті қызы Біжікеннің қаза болуының сыры ашық айтылмайды, астыртын беріледі.

 Ұлпанның айналасы туралы. Еменалы ескілікті тұрмысқа əбден үйренген, кертартпа. «Ата-бабамыз киіз үйде туған, сонда өлген» деп ол қасарып жалғыз отырады. Ұлпан оны елмен бірге көшіреді. Соған ақылы жетеді. Есенейдің інісі болған соң ол басында əйелі Айтолқын екеуі «ана жалаң бұт келген тоқал» деп бұйрығына шамданатын Ұлпанды жек көрді, бірақ беделі, мəртебесі зорая түскен жеңгесінің адамшылығын, ел қамын ойлаған даналығын мойындауға мəжбүр:

«Сенемін, Ұлпан, сенемін. Сен бір əулиедей адал адамсың ғой. Бірақ, мен Есенейдің малын талап жатыр деген атаққа қалмаймын. Бір лағыңды алмаймын. Өзім де сотқар едім, балаларым менен ұзап қайдан барсын».

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Бұл кісілік, жөн білгендік емес пе! Еменəлі жаман адам болса, ең əуелі Есеней өлген соң артында қалған үйір-үйір малға талас қылар еді. Ол тіпті Ұлпан үш ұлдың еншісі деп бөліп берген тиесілі малды алмай қояды. Онысы бекер болды, Есенейден қалған тұяқ Біжікенді аман сақтай алмаған күшік күйеу, қайырсыз Торсанның игілігіне айналды. Еменəлі Абай өлеңдерінде шенеген малдан басқада ісі жоқ сасық бай емес. Иманы түзу.

 Еменалыны ықтырған Ұлпан тік айтқан шындық. Ұлпан қандай батыр, ірі сөйлейді! «Сибан сені Есенейдің алдында айыпты санайды. Айыпты екенің өтірік пе? Тыжырынбай тұра тұр! Сен Есенейдің өліміне де ортақсың! Есенейге ең соңғы тиген қара шоқпар сенікі болатын содан кейін Есеней бір күн төсектен тұра алды ма? Тұра алған жоқ! Енді сен сол Есенейдің қатыны Ұлпанға əмеңгер болып есенейдің төсегіне жатқың келетін көрінеді. Есің бар болса, енді Есенейдің төсегіне ешкім жақындамасын деп ағаңның аруағын қорғай жүрер едің-ау! Оны ойлаудың орнына өзің жатқың кепті. Әмеңгерлік хайуандықтың бір түрі емес пе? Ұялсаңшы! Есенейдің жалғыз мұрагері менмін деп дауласқалы отыр екенсің. Өзіңе керегі мал ма? Қанша керек өзіңе? Күні ертең үш балаңды ертіп кел де қанша мал керек болса, соншасын айдап жүре бер. Маған мал керегі жоғын неғып түсінбей жүрсің? Биыл Есенейге ас беремін депсің. Беріп көрші, бір Сибан қатынасар ма екен! Сонда қандай масқараға ұшырайтыныңды білемісің сен! Есенейдің асын биыл өз үйі берді, келер жылы сен бер. Ашпа аузыңды, жықтыр үйіңді! Көш жайлауға!».

 Сөйтіп, Еменалыға Сибанның қалаған жерінен қоныс берген Ұлпан оның тоңторыс қырыстығын жеңді. Ұлпанның небір ділмəр шешенге лайық аталы сөзінде ескі қазақ тұрмысының бүкіл айқын белгілері тұр: рулық, əмеңгерлік, ағайын араздық, малға талас, жерге талас, ас беру, көш, мал ашуы, мораль мəселесі. Аталы сөзге арсыз тоқтамайды. Еменалы Ұлпанның ақ сөзіне тоқтайды.

 Еменалы түгілі Есеней кеткен соң жесір əйелді талап алғысы келген болыс-билерді ақылымен жеңген Ұлпан.

 Әмеңгерлікті сөгу арқылы жазушы өз болмысы жаңа заманға бейімдегенін көрсетеді. Бəйбіше-тоқал, əмеңгерлік ұғымдарын сол кездегі қазақ жазушылары жатсынды. Жазушы ұлттың бұрынғы ғұрып-салтын жаңаға лайық көрмеуі социалистік дəуірдің əсерінен туған. Оның көбінесе оң нəтежелі, кейде теріс салт екенін Ғабең бір кісідей біліп отыр.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Сəбең «Халық мұрасында» əкесі туралы: «Күрілдектің күтірінде жеген таяқтан кейін ауыр еңбекке күші келмейтін болған Мұқан көшіп, Зəуре атты қызының ауылына келеді. Бұл ауылда біздің үй бір қыс болған деседі. Ол жылы мен алты жаста болсам керек.

 Есенейдің інісі Еменалының кенже баласы – Сүлеймен. Зəурені ол тоқалдыққа алған». Қарға тамырлы қазақ, Сүлеймен Сəбит Мұқановтың туған жездесі болып шықты.

 Романда этнографиялық деректер мол. «Балалар бай, кедей деп алаламай көш бойында кетіп бара жатқан барлық əйелдерден бəйге алады». Алтыбақан, бастаңғы, т.б.

 Жазушы өз атасы Мүсірепті ерекше сүйіспеншілікпен суреттейді: сыбызғышы, күйші, атқұмар, əдемі киімді ұнататын, сері. Автопортрет сияқты.

 «Түркпен» Мүсіреп пен Шынардың ауылындағы сауық-сайранды суреттейтін тұстарында жазушы қазақ мінезін, үлкендерден ығысып, жастардың булығып тұратын сəтін шебер суреттейді. «Отау үйлерде жас келіншектерге бір теңдік тиіп қалады. Өз үйлерінің төріне шыға алмайтын жас келіндер төрге шығады. Еркектермен бірдей құрметтеледі. Қыз күнінде бар өнерлері, келін болып түскен соң құмығып қалатын өнерлері осындайда бұзып-жарып шыға келеді».

 Романдағы Торсан Тілемісов бейнесі жаңа низаммен бірге қазақтың тұрмысында көп өзгеріс болғанын ашады. «Ел биледі бір сымпыс» деп Абай осындай типті жырлайды. Зар заман ақындары: Шортанбай, Дулат («Қазақтан шыққан кəпір») бұлардың образын өлеңмен таңбалап кетті.

 Бұлар əуелі орысша оқып келеді, тілмəш, ауылнай, болыс болады. Сосын қара халықты ақ патша үкіметімен қосыла қанаудың, баюдың жолына түседі.

 Торсан Тілемісов И.А.Гончаровтың «Обломов» атты романындағы Андрей Штольц образын еске салардай. Пысық. Әкесі Тілемістің Есенейде кеткен кегі бар. «Бұдан он жеті жыл бұрын Есеней Тілемістің əкесіне шошқа бақтың деп дүре соқтырған еді». Мұсылманшылықты ел ағасы басқаша қалай қорғайды? Соны білер- білмес, бірақ Есенейге өштіктің уытын осы күйеу бала Торсан алады. Ол Есенейдің шаңырағын ортасына түсіріп, отын сөндіріп тынды.

 «Талпақ танау» атты керемет əңгімесінде Ғабең қазақ жеріне шошқа əкелінген сəтін трагикомедияға айналдырып, сатира, юмормен көркем суреттейді. Сондықтан Есенейдің бір момын

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қазаққа шошқа бақтың деп дүре соқтырғаны қорлық-зорлық емес, ашынудан туған əрекет деп жазушы ақтап тұрғаны айқын.

 Керей, Уақ – туыс ел. Құдалық сөйлескен Шайғөз Уақ руының кісілерін тыңдап, Ұлпан Есенейден туған жалғыз қызы Біжікенді Торсанға қосуға қиды. Торсанды қызының теңі деп білді.

 Торсан тектілік таныта алмады, ақыры қызы кенет қайтыс болған Ұлпанның сорына Есенейден қалған қара шаңырақты мал-мүлкімен, жерімен қоса иемденіп, Жəуке деген ұятсыз əйелі екеуі бұл əулеттің түбіне жетті.

 Жəуке тұрмыста аз кездеспейтін шайпау əйел. Ақылы өзінен аспайтын нашар, əйтпесе, Жəуке де Күрлеуіттің қызы. Ұлпанды апалап сыйлап тұрса, байлық иесі Ұлпан екенін білсе, бұндай сорақы сұмдықты жасамас еді. Ұлпан ана өз үйін өзінен қызғанып, құзғынша тартып алған Торсан мен Жəукенің тексіздігін, жалғыз қызы Біжікеннің беймезгіл ажалы салған күйікті көтере алмай мерт болады.

 Романның басы мен аяғында кездесетін бір жаңылтпаш сөйлем арқылы Ғабит Мүсірепов «апама жездем сай», пейілі теріс Торсанға дəл табылған тоғышар, дүниеқоңыз, қатігез жартысы Жəукенің характерін білдіретіндей:

 «Ұлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің əкесінің əкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыркелдісінің жиені Игембердінің немере қызын алып отырған Ырымбектің Жəуке деген қызы бар еді. Торсан соған үйленді.

 Ырымбек Ұлпанның жылқысын баға жүріп, бұл кезде байшікештеніп алған еді».

 Алпамыс батыр жоқта елді билеген Ұлтан құл, оның сақау қатыны Бадамша еске түседі. Біреудің басындағы құдай берген бағын күндейтін адамдар жарық дүниеде аз емес. «Біреу өлмей біреуге күн жоқ» деу сондай қара ниетті адамдардың философиясы.

 Торсанның сол елде ұзақ жыл бай, əкім болғанын Сəбең көркем шығармаларында жазады.

 Романда қазақтың əлеуметтік өміріне үлкен өзгеріс ене бастағаны Ұлпан Есенейдің қырық жылқысын саттырып, сауда жасаған Тобыл базары, орыс, татар саудагерлері, жерге қатысты ұғымдар арқылы ашылады. Қабан мен Жетікөлдің арасында əйелдер монастыры салынғанын жазушы Тұрлыбек бидің аузына салады: «Сондағы екі

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жүз он тоғыз қыздың бəрі жесір қатын емес пе? Әйелді жарылқағаның осы ма?». Бұл қазақы танымнан бөлек целибат, некесіздік ұғымы жат мұсылмандық ұғым.

 «Шынына қалғанда Байдалы он бес десятина дегеннің қанша жер екенін дəл шамалай алмайтын адам еді. Тек өлшеп берілгендікке қарсы. Ол өлшеуі жоқ жерге, өлшем-шегі жоқ, ата қуалаған билікке үйренген адам».

 Жазушы дəл осы ойды қандай мақсатпен айтып отыр?! Шынтуайтында, ол Байдалы биді жақтап отыр. Өлшеуі жоқ кең далаға ие болу бүкіл қазаққа тəн сана. Ол ішпей-жемей көңілді тоқ қылатын кеңдік, азаттық. Ғасырлар бойы сол кеңдікке əбден үйренген, жаудан зұлымдық келмесе құдай өлтірмейді деп дүние танитын таза ел. Оның қарадай тарылғанын қай қазақтың жаны қалайды. Бұл өзі қанмен, текпен берілетін қасиет.

 Романдағы колоритті образ – Қожық қарақшы. Қасқыр қуып, көлдегі жылымға ат-матымен құлап кеткен Есеней суық далада дерт жабыстырып оралды. Ақыры, сол апат оның түбіне жетті. Олар түнде бір жылқышы қосына кездесіп, Қожықтың қосы екенін білген соң қонбай кетеді. «Қожық ұры, атақты сотқар еді. Жүз жігіт баукеспе ұры ұстайды. Жолаушы тонайтын жолбасарлары да бар. Талай кедей ауылдарының жылқысын тал түсте тартып əкетіп, теңдік берген емес». Ол – Есенейдің қас дұшпаны. Қожық барымташылықты ұстанған, бұрынғы дəуірде əр елде, əр руда кездескен қанішер ұры. Қазіргіше мафиоза басшысы, «крестный отец». Аламандық адамзатта өзгермейтіні қайран қалдыратын құбылыс.

 Роман кейіпкерлері Ғабеңнің рулас, аталас туыстары, шыққан ортасы. Ғабең өз ортасының шындығын жазып отыр. Психологиялық портрет жасауда деректі тұлғалар болған соң жазушы қаламына оңайға соқпасы анық.

 Романдағы Шыңғыс төре, Кенесары сұлтан тұлғасына, оның ұлт-азаттық қозғалысына жазушы салқындық танытады, оны билікқұмарлық деп бағалайды. Төре тұқымынан кілең жағымсыз бейне жасайды. Қазақтың елдігін бекіткен, басын қосып, жоңғардан теңдік əперген, Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тəтіқара жырау артқы ұрпаққа аманат қылып, ұмытылмас бейнесін жырға қосқан ер Абылай ханның тұқымы Кенесарыны Мағжан сүйіп жырға қосқан, қазақтың талай ақындары дəріптеген. Советтік дəуірде өмір сүрген жазушы бұл ретте идеологияның əсерін бастан кешкен жоқ па, сол ісіне артынан өзі өкінген жоқ па? – деген күрделі сауал туындайды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Ғабең діни білімі жетік ғұлама Науан қазіретті Ақан серіге қарсы қылып суреттегенмен, өмірде бұл екі тұлға бір-біріне қарсы болмаған деседі. Шығармашылықта рухани қайшылықтар жүрмесе, жазушы қоғамды өз ырқымен бағаламаса, онда тіршіліктің жұмбағы оңай, қитұрқысы жоқ, бір клеткалы инфузория сияқты арзан болар еді.

 Еліміз тəуелсіздік алған соң қазақ баспасөзінде Сəбит, Ғабит, Ғабиден сияқты ірі жазушыларды сынап, олар советтік социалистік əдебиетті жасады, күні өтті, енді олардың бізге керегі жоқ деп жар салып жүргендердікі теріс, əбестік, ұят қылық. «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деген шала ес ұғым əдебиет пен өнерге мүлдем жүрмейді. Мұны айтып жүрген топ негізінен прозаға үмітті. Бұлай жер өртеп ат шығарудың қажеті қанша? Әдебиет кең əлем. Мықты болсаң жерде қалмайсың.

 Мұхтар Әуезовтің «Өскен өркен» атты романын сынайды. Япырмау, Мұхаң деген «Абай жолы» роман-эпопеясы, шетінен классикалық əңгімелері, қазақ əдебиетінде теңдесі жоқ драматургиясы, том-том кітаптары, ғұламалығы айқын ғылыми мұрасы ғой! Басқасын айтпағанда, қазақ əдебиетіндегі қасқыр мен ит туралы əңгіме-повестердің баршасы түгел «Көксерек» ұясынан шықпап па еді?..

Қазақ филология ғылымы бұл тұлғаларсыз қараң қалмай ма?!

Жұмабек МҰҚАНОВ,

«Әйтеке би» қорының президенті, Қазақстанның құрметті журналисі

БОПАЙ ХАНЫМ: ӨМІРІНЕН – ҚАБІРІНЕ ДЕЙІН

 Заманында аузын айға білеген қарқарадай ханның сүйікті жары болуымен ғана емес, зерек зердесімен, қайраткерлік, мəмілегерлік қадір-қасиеттерімен абырой — беделі Алты Алаштан əрі асып, орыс билеушілерін, патша сарайы қызметкерлерін, ғалымдарын, тіпті, мұхит асып келген саяхатшылардың да айрықша назарын аударған Бопай ханым бейнесі зымыран ғасырлардың аумалы-төкпелі қилы кезеңдерінен кейін ұрпақ санасында көмескіленіп, ұмытыла бастайды деп кім ойлаған….

 Рас, Әбілхайыр ханның көзі тірісінде де, 1748 жылы бақталастарының қолынан қаза тапқаннан кейін де ұзақ жылдар ел

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

басқару ісіне белсене араласып, Орта Орда мен Кіші Ордадағы рулық бірлестіктердің арасында ынтымақ, бірлік, түсіністік орнауына оң өзгерістер жасауға күш-жігері мен білік-қабілетін аямай жұсаған Бопай ханым сол бір алмағайып, дүрбелең кезеңде ел арасында жарқын тұлғаға айналғандығын бүгінде екінің бірі біле бермейтіндігі анық. Әсіресе, ханымның халқымыздың игі жақсыларының, батырлар мен билердің арасында, Қазақ-Ресей қатынастарында орасан зор ықпалы болғандығын айғақтайтын құжаттар көне мұрағаттардан алынып, жарыққа шығып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, біз оқыған құжаттар мен зерттеулер Бопай ханымның соңғы үш ғасыр көлеміндегі Қазақстандағы билікке араласқан қайраткер қазақ əйелдерінің арасында көшбастаушы болғандығына көз жеткізеді. Көне тарихтың тасқа түскен жазулары осылай дейді.

 Олай болса, бірінші кезекте Бопай ханымның шыққан тегіне назар аударайық. Ә. Атшыбаевтың «Кіші жүз шежіресінде» (Алматы, 1966) Адай Табынай батырдың қызы делінсе, қайсыбір авторлар Еділ қалмақтарына қарсы жорықтарда қолбасшылығымен танылған Сүйіндік батырдың қызы дейді.

 Ол қай Сүйіндік? Адайдың Қосай атасынан тарайтын, лақап аты Жаманадай болған Сүйіндік пе, əлде, Тобыш атадан тарайтын Табынай руының Сүйіндік батырының қызы ма? Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы «Елең-алаң»романында Қосай Сүйіндік батыр- дың қызы деп жазады. Роман көп жаухарларымыз ашылмай жатқан Кеңес Өкіметі тұсында, алғаш рет 1984 жылы жарық көргенін назарда ұстаған жөн. Тəуелсіздік жылдары тарихи құжаттар мен шежірелер көптеп табылып жатыр. Әбіш ағамыз да апамыз Табынай Сүйіндіктің қызы екендігін айтып жүр. Сонымен қатар, көнекөз қариялардан алынған əңгімелерде Қосай Сүйіндік Бопайдың сіңлісі Қанайға үйленген, Әбілхайырмен бажа болғандығы айтылады. Әбілхайыр мен оның заманын көп зерттеген ғалым С. Өтениязов Бопай – Адай қызы деген тұжырымнан айнымайды. Ал тарихшы ғалым, Әбілхайыр мен қазақ-орыс қатынастарын көп зерттеген Қ. Есламғалиұлы төре тұғымынан деп жазған («Ана тілі» газеті, 18.11.2009). «Батыс Қазақ энциклопедиясына» да осы дерек енгізілген (Алматы: Арыс, 2010. 194-бет).

 Ал, Сүйіндіктің баласы Мырзатай батырдың есімі Ресей сыртқы саясатының мұрағатында жиі кездеседі жəне оны Адай батыры деп жазады. 1734 жылдың 24 қазанында Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириллов пен қазақ қауымына есімі елші ретінде танымал

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

А. Тевкелевтің хабарламасында Уфаға келген Кіші Орда елшілігінің құрамында Әбілхайыр ханның туған балдызы Мырзатай батырдың («родной шурин Мурзатай батыр») болғандығы да жазылған.

 Қазақ елін көп аралаған тілмəш Я.Гуляев Мырзатай батырдың Әбілхайырдың Бопайдан туған үлкен баласы Нұралыға «дядя» болып келетінін айтыпты. Бопайдың Адай руынан екенін тарихшы Витебский «И. Неплюев пен Орынбор губерниясы» атты кітабында ашық жазыпты. Адай шежіресі негізінде дүниеге келген дарынды ақын Светқали Нұржановтың «Хан кегі» атты поэмасында Бопай шыққан əулеттің адамдары түгелдей аттары аталып, түстеліп жазылған. Бұл дастанды оқыған адам Бопайдың Табынай Сүйіндік батырдың қызы болғандығына шек келтірмейді.

 Маңғыстаулық жазушы, өлкетанушы Әбілхайыр Спан өзінің жеке мұрағатында Адай ақсақалдарының НКВД–нің қуғынына түскен Құрмаш батырға араша сұрап, Бақытжан Қаратаевқа жолдаған хаты сақтаулы тұрғандығын, хат «Ардақты жиен Бақытжан!» деп басталатынын айтады. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан төреге «жиен» деп Бопай əжесін меңзеп отырғандығы түсінікті. Ә. Спан осы хаттың толық мазмұнын «Адай қасіреті» атты кітабына (Алматы: «Нұрлы əлем», 2011) енгізген.

 Осы орайда дəлел əрі дəйек ретінде айрықша тоқтала кететін жағдай сол, Әбілхайыр хан қазасынан кейін Бопайдың інісі Мырзатай батыр Барақ пен оның қасындағылардан кек алуға белсене қатысқандығы. Осыншалықты жақын туыс болмаса мұндай оқиғаға қатыспауы да мүмкін емес пе? Адай Мырзатай батыр Әбілхайыр ханның қастандықпен өлтірілгендігі туралы Орынбор əкімшілігіне бірнеше хаттар да жолдаған. Ғалым-деректанушы И.В.Ерофееваның мынадай жазбасы көп шындықты айғақтайды:

«Информацию Мырзатая об убийстве султаном Ералы батыра Сырымбета, как о заверщающей акциу кровной мести семейства покойного хана, полностью подтвердил и уточнил три года спустя сам Нуралы сообщивший о поступке своего брата в личной письме к А.И. Тевкелеву от 3 января 1753 года». Одан əрі Нұралы: «Султан Ералы совершил ночью с дружиной своих батыров военный набег в ставку фамильного врага, где убил батыра Сырымбета и его жену, а семью Барака и все имение служителей служанек и верблюдов их… в добычу получил. Через одну дочь… всех трех злодеев». (С. Өтениязов. Әбілхайыр мен Бопай. «Адай Ата», 3–т., 458–бет, Алматы: Арыс, 2007).

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Немесе Абыл жыраудың Баймағанбет сұлтанға айтқан жолдарды еске түсірейік. «Апамнан (Бопайдан) туған əкең Айшуақ хан, Табаның таймай тұр–ау мінген тақтан»…

 Бұл деректер Бопай апамыздың тегі Маңғыстау жырауларының ақпа-төкпе тілімен айтқанда, «əруағы бұлттай торланған»Адай қызы екенін айнақатесіз айғақтайды.

 Ол заманда туыстық арасы өте жақын Пір Бекет Атаның Бопай ханым апасымен аралас-құралас болғандығы туралы деректер ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Бөкей ордасында болып, өлке тарихын зерттеген неміс саяхатшысы Шульцтың жазбаларында бар екендігін білетіндер бар. Бұл туралы Атырау облысындағы Жылыой ауданының тұрғыны Жолдасқали Сүйесінов: «Еділ қалмақтарымен болған соғыста Бекет 20 жастағы жігіт болса керек. Қалмақ əскерлеріне қарсы Бекет жалғыз өзі ту көтеріп шыққанда жау быт-шыт болып, жан-жаққа қашады. Осы жеңісі үшін ханның əйелі Бопай Бекеттің бетінен сүйіпті», – дейді.

 Тарихшылар 1771 жылдың басында Еділ жағасынан Жоңғарияға қарай үдере көшкен Убаши бастаған қалмақтар мен қазақтар арасында атышулы айқастар болғандығын растайды. Бұл кезең келешегінде

«Пір», «Машайық», əулиеліктің ең биік жетінші сатысы – Гаус дəрежесіне көтерілетін Бекет батырдың 20-21 жасына сəйкес келеді. Сонымен қатар, ханымның үлкен бабасы Табынай Бекет Атамен нағашы жағынан туыстас деген шежіре сүрлеуінің мəні бар. Айта кететін бір жағдай, тарихшылар арасында Әбілхайырдың тарихтағы рөлі сияқты Бопай- Бəтимəның тегі туралы да пікірталастар баршылық.

 Әбілхайыр мен Бопайдың алғаш танысқан кездеріндегі шынайы сезімдерін халық аузындағы аңыз желісімен тарихшы С. Өтениязов былайша суреттейді: «…Кіші жүздегі əйгілі батыр Жəнібек пен Əбілхайыр жол жүріп келе жатып күн батар алдында бір ауылға түседі. Ауыл иесі аса бай, жасы үлкен кісі екен. Оның бой жетіп отырған қызы Бопай сұлуды көрген Əбілхайыр ес-ақылы кетіп ғашық болады. Келесі күні жолға шыққан Əбілхайыр күтпеген жерден сол ауылда қалатынын айтады да, Жəнібек батырға өз жөнімен кетуге тура келеді. «Қайтсем де Бопай сұлуды алмай тынбаймын» деп Əбілхайыр қалады. Ол өзінің кім екенін жасырып, Бопайдың əкесінің малын бағуға жалданады. Ұзын бойлы , батыр тұлғалы, жігіттің сұлтаны Əбілхайыр батыр жылқышы болып жүрсе де, аз уақыттың ішінде ауыл адамдарына жақсы қырынан танылып,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

құрметке ие болады. Əрине, көп ұзамай Бопай сұлуға да ұнап қалады. Сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да жан-тəнімен ұнатып, ғашық болады. Ғашықтар ажырамастай дəрежеге жеткенде Əбілхайыр Бопай сұлудың əкесінің рұқсатын сұрайды. Əкесі сұлтан деген аты болғанымен, жалғыз атты кедей жігітке қызын бергісі келмей, түрлі айла-шарғы ойлап табады. Соның бірі ретінде «қалыңмалға ала аяқты 90 күрең жəне 60 ақсұр ат əкелесің, əйтпесе, қызымды бермеймін»деп шарт қояды. Осындай ауыр шартқа амалсыз келіскен жас батыр «бір айдың ішінде айтқан қалыңмалыңызды əкелемін» деп аттанып кетеді. Бопай сұлудың əкесі «кедей жігіт бұл шартымды орындай алмас»деп үміттенген еді. Əбілхайыр əлгі айтқан жылқыны таныс-тамыры, ағайын-туысы, бəрінен сұрағанымен, ешқандай нəтиже шықпайды. Шарқ ұрған жас батырдың аянышты күйін естіген Жəнібек батыр Əбілхайырға керекті 150 айғырды өз жылқысынан шығарып береді. Оған қоса, ол өзі барып, Бопай сұлудың əкесіне барып, қазақтың əдет-ғұрпы бойынша құда түседі» (С. Өтенияз, Ш. Өтенияз. Əбілхайыр хан. «Арыс», 2010).

 Әрине, Әбілхайыр мен Бопайдың алғашқы кездесулері туралы басқаша мазмұндағы əпсаналар да жеткілікті. Бір əңгімеде жас кезінен əруақ қонып, адам емдейтін қасиет дарыған Сүйіндік байдың қызы ағасы Мырзатай ауыл шетінде жараланып, ес-түссіз жатқан аңшы жігітті алып келіп, қарындасына емдетеді. Сырқатынан айығып, аяғынан тік тұрып кеткен батыр бірнеше жылдан кейін арнайы келіп, өзін ажалдан аман қалған қасиетті қызға құда түстіріп, үйленеді дейді.

 Шын есімі Бəтима болған апамызды орыс жазбаларында неліктен Попай, (кейбір жазбаларда Пупай) деп аталғандығы туралы əзірше қолымызда нақтылы деректер жоқ. Халқымыздың ұл-қыздарына сəби кезінен еркелетіп жанама есім беретін үрдістері күні бүгінге дейін сақталып отыр. Тарихшылар зерттеулерінде анық дəлелденгені

– Әбілхайырдың Бопайдан өрбіген ұл перзенттері бесеу – Нұралы (1710/11-1790), Ералы, Айшуақ, Қожахмет, Әділ. Әбілхайыр хан дүниеден өткеннен кейін Елизавета патшайымның жарлығымен Нұралы Кіші орданың хан тағына отырады. Оның хандық дəуірі 1748 – 1786 жылдар аралығы. Ералы – (1720 – 1794) 1791 – 1794

жылдары, Айшуақ – (1723 – 1810) 1797 – 1805 жылдары Кіші жүз хандары болған. Құпия кеңесші дəрежесі бар жəне Орынбор губернаторы И. И. Неплюев 1748 жылғы хабарламаларының бірінде

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

«Кіші ордада Әбілхайыр ханның 5 ұлы бар, ал, Орта Ордада Барақ, Абылай туысы бар» деп көрсеткен. Назар аударарлық жағдай сол, Әбілхайырдың, қалмақ, башқұрт əйелдерінің есімдері аталмайды. Демек, Хан шаңырағындағы бəйбіше Бопайдың абырой-беделі де, ықпалы да, танымалдылығы да басқа əйелдерден жоғары болды деген сөз. Бопайдан туған Ералының ұлы Қасымхан қызының атын жақсы ырыммен Бопай (Кенесарының апасы) қойғандығын да еске ала кетейік.

 Бір жағдайға ерекше мəн беру керек. Нұралы хан тағына тағайындалар кезеңде Бопай ханымның сұңғыла саясаткерлігі, қайраткерлігі, дипломатиялық өнері айрықша көзге түседі. Себебі, Әбілхайырдың түпкілікті мақсаты – Жайық казактарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне ентелей енуіне жол бермей, жоңғарларды түпкілікті талқандап, ел тыныштығын орнату екендігін терең сезінген ханым Ресей империясының құрамына енбей, мұндай аса күрделі проблемаларды шешу мүмкін еместігін жақсы білетіндігі оның орыс патшайымы Анна Иоановнаға (22.11.1731), Елизавета Петровнаға (05.10.1748) жолдаған хаттарында анық байқалады.

 Ресей билеушісі Елизавета ханшайымның алдында зор сый- құрметке ие болғандығына куə ретінде мына бір хатқа назар аударғымыз келеді. «Аса құрметті бəйбіше Пупай ханшаға, Сіздің күйеу балаңыз Жəнібек сұлтан арқылы ұлы мəртебелі тақсыр императордың атына жіберген хабарламаңызды алдық. Сіздің хатыңыздың мағынасын императордың ұлылығына жеткіздім. Сіздің күйеу балаңыз Жəнібек сұлтан старшынымен ұлы императорға кіргізілді. Император сіздің тілегіңізді қабылдады. Сізге, сұлтандарға, билерге, старшындарға, күллі қырғыз-қайсақтарға өтініштеріңіздің қабылданғаны туралы жарлық қабылданып жіберілді. Сіздердің алдағы жылдарда бізге адалдықтарыңызға сенім білдіреміз, сізге жалақы ретінде императордың атынан зерлі жібек беріледі.

 Императордың ұлылығы атынан канцлер, толық құпия кеңесші, сенатор жəне кавалеръ. Түп нұсқасына қол қойған: Графъ Алексей Бестюжев Рюмин. Мəскеуден 1749 жыл 2 мамыр» (Б. Нəсенов аудармасы. «Əбілхайыр хан», 1-тарау, Новосибирск, 2011).

 Бопай ханым жиі-жиі Орынбор губерниясының басшыларымен хат-хабар алмасып отырған. Үлкен ұлы Нұралы жазған хаттарда да Бопай ханымның мөрі қатар басылған деректер кездеседі. Ханымның өзінің жеке вензелі (мөрі) болғандығы орыс жазбаларында нақтылы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

көрсетілген. Мəселен, орыс ғалымы А. Левшин (1879-1979) Бопай ханымның көрнекті тұлға екендігін айрықша атап көрсетіп, оның жеке мөрі болғандығын жазады.

 Ханымның сұнғыла саясаткерлігі мен адам жанын баурап алатын нəзік сезімді қайраткерлігі елші Құтылымұхаммед Тевкелев мырзаға жолдаған хатындағы мынадай сөздерден айқын көрінеді: «Будешь хорошим другом хану. А хороший друг как известно дороже брата» (22.11.1731) . Мұның алдында Уфадағы əскери басшы Батурлинге (26.08.1731) Кіші орданы Ресейге қосу туралы келіссөздерді бастайтын уақыт жеткендігі туралы ұсыныс хат жолдаған.

 Бұдан үш ғасырға жуық бұрын, яғни, ол замандағы қазақ билеушілерінің үрдісінде кездесе бермейтін таңқаларлық бір зиялылықты Әбілхайыр ханның ресми қабылдауларға Бопай ханыммен бірге баратындығынан байқауға болады. Зерттеуші ғалым И. Ерофеева «счастливый союз Бопай и Абилхаира был весьма гармоничный» деп баға берген.

 Әбілхайыр ханның саясаткерлігі мен қайраткерлігі туралы зерттеуші тарихшылардың, саясатшылардың, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің кейбір мəселелер бойынша көзқарастары мен тұжырымдары келіспейтін тұстары баршылық болғанымен, Бопай ханым туралы жаман пікірлер айтылмайтындығын айрықша айтып өткіміз келеді. Қазақ елінің Кіші Орда тарихындағы 1731-1758 жылдарды Бопай ханымның Қазақ-Ресей саясатына, ел билігі мен бірлігіне өте белсенді араласқан қайраткерлік, саясаткерлік, дипломатиялық қабілетін айрықша көрсете білген кезең болды деп айтуымызға толық негіздер бар.

 Енді бірер сөз Бопай ханым жерленген аймақ туралы. Бұл тақырыпта ең соңғы жазылған құнды дерек ретінде «Актюбинский вестник» газетінің 4 желтоқсан 2008 жылғы нөмірінде жарияланған Зада Мұқашеваның «Правительница степи Бопай» атты мақала мен

«Жас алаш» газетіндегі (15.05.2009) Баян Сəрсенбинаның «Бопай ханым» атты З. Мұқашевадан алған сұхбатын атап көрсетеміз. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы қор жетекшісі Зада Мұқашева «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында Орынбор облысына жасаған экспедицияның іссапарынан жинақталған дерек көздерін баяндайды. Ресейде қазір өмір сүріп жатқан қандастарымыз

– Жұмағали Баянасов, Ұлықпан Есжанов ханымның жерленген жерін анық білетін көрінеді. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарымен шектесетін Орынбор облысының Елек ауданындағы Димитров

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

селосы маңындағы бұрын Мешіт аталатын төбе кем дегенде 90 жыл жасаған апамыздың мəңгілік дамылдаған бақилық қонысы деседі. Кезінде мұнда төбесінде айшығы бар кесене болған. Орыстар бұл жерді «Мечетка»деп атайды екен. Орыс жазбаларында Бопай 1780 жылы 31 мамырда дүниеден өткені жазылыпты.

 Тарихшы К. Есмағамбетұлы «Бопай 1689-1690 жылдары дүниеге келген болуы мүмкін» деп топшылайды. Ал, Әбілхайыр кейбір тарихшылардың деректерінде көрсетілгендей, «1693 жылы емес, 1684-1685 жылдарда туған сияқты» дейді. Себебі, үлкен ұлы Нұралы 1711 жылы туған жəне Абылайханмен құрдас жəне бір-бірімен дос- жаранды болған.

 Өкінішке қарай, атақты Әбілхайыр ханның жұбайының басында бүгінгі таңда ешқандай белгі жоқ. Бауырынан өрбіген үш перзенті – Нұралы, Ералы, Айшуақ сияқты есімдері өшпестей болып тарихымызда таңбаланып қалған хандар Анасының басына кесене салынбауы, əрине, мүмкін емес. 1929 жылы мұнда Ресейдің əскери полигоны орналасқан, сол себепті бұл қорымға өлген кісіні жерлеуге тыйым салынған. Оны айтасыз, Мешіт аталған жерден 35 шақырымдық радиуста адамдар қоныстануға да рұқсат болмаған екен.

 – Енді не істеукерек?– дегенсұраққа Орынбор ғылыми-мұрағаттық комиссиясының еңбектеріндегі жазбалар жауап беретіндігін көңілге медет қылуға болатын сияқты. Осы комиссияның «ХҮІІ шығарылым» атты жинағы 1906-1907 жылдары Ресей императорының геологиялық комитетінің мүшесі Д.Н. Соколовтың редакциясымен жарыққа шығыпты. Ол өзінің «Кузнецк тауындағы Красногор қамалындағы қазбалар» атты мақаласында «Елек пен Урал өзендерінің (Жайық өзені) бір қапталындағы Қара өзеннің бойындағы аршылған жерден темір заттар мен жібек киімдер табылды» деп жазыпты. Әрмен қарай Соколов Орынбор топографиялық картасында осы өзеннің сол жағалауындағы биік төбеде «Попай ханымның қабірі» деп жазылған белгі бар екендігін жазады. «Орынбор тарихы» атты кітапта «Бұл ханша дегеніміз – орыс бодандығын алған Әбілхайыр ханның əйелі Попай» деп көрсетілген екен.

 Сонымен апамыздың жатқан жері белгілі болды. Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы 1995 жылы сол кездегі Батыс Қазақстан облысының əкімі, қазіргі Парламент Мəжілісінің спикері Қабиболла Жақыповпен бірге қабір басына барғанын айтады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Ғұлама Ә.Кекілбайұлы Бопай ханымның ел билігіне араласқан, Әбілхайыр ханмен бірге мəслихат-жиын қызған бір сəттегі сұлу да көркем бейнесін былай жеткізеді: «Бопай да ақ-қарасы аймаласа жайнаған əдемі көзін ибамен жүгіртіп, алаулап қан тебінген жұмыр мойнымен кербездене қиғаш бұрып: «Айыздары қыза түссін. Тыңдап алайық, хан ием», деп емеурін танытады. Хан: «Жə, оған бола қысылма! Үндегелі отырған өзім де жоқ», дегендей кеу-кеуіне құлықтана құлақ тосып, бүлк-бүлк күліп қояды» («Үркер», 112-бет, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1984).

 Әбілхайыр хан өмір сүрген он сегізінші ғасырдың алғашқы жартысында қазақ-орыс қатынастары туралы қазақ əдебиетінің алтын қорына енетін өшпес мұралар қалдырған халық жазушысының тарихи тақырыпқа арналған шығармаларында Бопай Ханымның ел билігі ісінде Әбілхайыр ханға ақылшы, кеңесші болған бейнесін айнақатесіз айшықтап көркем бейнелеген тұстары көптеп кездеседі. Ханымның көз тартар көркі 1736 жылы Хан Ордасында болып қайтқан ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің де ерекше назарын аударған.Қазірбіздіңқолымызда«ТұмандыАльбион»елі суретшісінің Бопай ханымды ұлы Әділмен бейнелеген нұсқасы ғана

бар.

 Ұзақ жылдар Бопай ханым туралы деректер мен жəдігерлер жинаған ақтөбелік Зада Мұқашева апаймен бірнеше рет хабарласудың сəті түсті. Ол кісі:

 – Бір таныс кісінің үйінде Сүйіндік батырдың белдігі сақтаулы тұр. Әбілхайыр ханның тікелей ұрпағы Нұралы ханның немересі болып келетін əйгілі заңгер, Мемлекеттік думаның депутаты болған Бақытжан Қаратаевтың ұрпағы — София апаймен көзі тірісінде кездесіп тұрдық. Апайдың немере келіні Бибажардан «Бопай əжемнің жүзігі» еді деп көрсеткен баға жеткісіз бұйымды облыстық өлкетану музейіне өз қолыммен тапсырған едім. Бопай ханымның терезесіне ұстаған пердесі де осы мұрағат қорында, — деп біз күтпеген жаңалықтармен қуантып тастады.

 Халқымыздың ауыз əдебиетінде де, жазу, сызу өнері пайда болған кездерден күні бүгінге дейін де қазақ əйелдері қапияда жол тапқан, қысылғанда ой шолған, ақылына көркі сай, ер жүрек, батыр бейнелерінде халық санасында ғасырлар бойы сомдалып келе жатқандығы бəрімізге белгілі. Тұмар ханым, Құртқа, Қарашаш, Гүлбаршын, Жібек, Баян сұлу, Ұлы Абайдың əжесі Зере мен анасы Ұлжан, Ғабит Мүсірепов бейнелеген Ұлпан, кешегі

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

фашизмге қарсы соғыста ғажайып ерлік үлгілерін көрсеткен Әлия, Мəншүк, Хиуаздарға дейін, басқа да көптеген аналардың, əйел-қыздарымыздың есімдері тарихымызда өшпейтін болып жазылып қалған. Маңғыстауда, Оңды ауылына кіре берістегі күре жолдың бойында біртуар дарын, мемлекет, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты дүниеге əкелген, ғасыр жасаған аяулы Айсəуле ананың көзі тірісіндегідей сабырлы мейіріммен бауырына тартып тұратын зəулім ескерткіші тұр. Тəуелсіз қазақ елінде уақыт алға жылжыған сайын əйел – аналарға деген шексіз құрмет жалғаса беретіндігі сөзсіз. Олардың бірі əрі бірегейі – сөз жоқ, Бопай ханым!

 Шын мəніндегі халық жанашыры болған, ел, жер тұтастығы үшін күреске бүкіл саналы ғұмырын арнаған, қайраткерлік, саясаткерлік, дипломатиялық қадір-қасиеттері арада екі жарым ғасыр өтсе де, əлі күнге толық зерттеліп, зерделене қоймаған Бопай Ханым жоғарыда аталған тарихи тұлғалардың арасынан ойып тұрып орын алуға əбден лайықты. Әзірге Жаңа Өзен-Түрікменстан темір жолының бір бекетін «Бопай» деп атаған, Бейнеу ауданының орталығындағы бір көшеге есімін берген маңғыстаулық ағайынның риясыз ықыласына риза боламыз. Бұлар, Бопай ханымды мəңгілік есте қалдыру, ұлықтау жұмыстарының бастауы болар деп білеміз.

 Дегенмен, қынжыларлығы сол, қазақ қауымы үшін бетбұрысты, дүбірлі кезеңдегі елтұтқасына айналған тұлғаның бейнесі көркем əдебиетімізде де, кино өнерінде де бар айшығымен кемел сомдала қойған жоқ. Тарихшы зерттеушілеріміздің жазбалары да некен саяқ. Ол заманнан қалған аңыз-əпсаналар да естір құлақ, ұғынар зерде азайған бүгінгі күні көп айтылмайды. Жауһар тарих көмескі тартып, аршылмай жатыр. Бопай ханымның өмірдеректері мен қайраткерлік, саясаткерлік ғұмырнамасын түбегейлі, түбірлі зерттеу жұмыстары кеңес кезінде түрен тимеген түрінде қалса, Тəуелсіздік жылдары да шүкіршілік жасап, тəу етерлік шаруалар жасалмағаны ойлантады. Бəлкім, үлгере алмай жатқан шығармыз. Ел азаматтары бұл олқылықтың орнын толтыруға қамданар, қалыс қалмас, ең болмағанда кесенесін тұрғызып, ұрпақ парызын жоғары парасат- пайыммен орындап шығуға жұмылар деген үміттеміз. Бір сөзбен айтқанда, Бопай əруағы ұрпағының қамқорлығына зəру болып жатқандығы талас тудырмайды.

 Осы тарихи тұлға Орынбор əкімшілігіне жазған бір хатында Әбілхайыр ханның басына күмбезді кесене орнатылмаса күйеуімнің сүйегін Түркістанға алып кетемін деп қыр көрсетіп, қорқытқан екен.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Бұл, сірə, Әбілхайырдың Түркістанда туғанын меңзеген саясаткерлік амалы болса керек.

 Орынбор жағына… Айта беретін Тұзтөбеден əрі бір қыр ассаң… Оралдың Шыңғырлауынан теріскейге қарай таяқ тастам жерде… Бопай сайы екі белдің арасынан қарауытып қарсы алдыңнан шыға келеді деседі.

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

 БАЙАНА БЕЙНЕСІ: ШЫҒУ ТЕГІ, СЕМАНТИКАСЫ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТІ

 Қазақ тарихының, мəдениетінің, этнографиясының ең бір құпия сырлары əфсана, яғни миф түрінде сақталған. Миф, адам санасының бір көрінісі ретінде – жан-жақты жəне күрделі тақырып. Құдай мен əлемнің жаратылысы туралы қалыптасқан түсінік ретінде əфсана белгілі бір қоғамдық іс-тəртіптің, діни сенімдер мен мінез-құлық түрлерінің қажеттілігін дəлелдеу үшін қызмет жасайды. Сонымен, əфсананы білімнің алғашқы ұрығы дегенннен гөрі дүниетанымның ерекше түрі, табиғаттың, ғарыштың жəне адамның ұжымдық тіршілігінің құбылыстары туралы ерекше көркем түсініктер деп атаған жөн. Әфсана – адам үшін нағыз шынайылық, ой мен өмірге өте қажетті категория. Әфсана – əлем туралы түсініктер, идеалды емес, дегенмен оның бейнесін толық көрсетуге талпыну. Адамзат баласы туғызған дүниенің жаратылысы туралы концепциялардың бəрі де өз негізінде əфсана, себебі белгілі символдарға негізделген жəне əлемді тану үшін өзі шындық немесе абсолютті деп танитын көзқарастардың біріне сүйенеді. Қарапайым өмірде əфсана деп аңызға айналған қаһармандар мен құдайлар туралы ертегі-аңыздарды айтады.

 Қазақтың ауыз əдебиетінде əфсана мен тарихтың арасында өмір сүретін толып жатқан қаһармандар бар. Біздің ғалымдардың міндеті қиял мене шынайылықтың арасын ашып, тарихи қаһармандар мен тарихи оқиғаларды ғылыми айналымға қосу. Қазақ ауыз əдебиетінде

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

өмірге қызыға қарайтын, əфсананың жарқын образдары да, тарихтың нақты шынайы суреттері де бар.

 Біздің бүгінгі тақырыбымыз қазақтың əфсана əлеміндегі образдардың ішіндегі ең күрделісі жəне ең көнесі Бай ана бейнесіне арналады. Біз Байана бейнесін ашу үшін «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырына сүйенеміз. Бір қарағанда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры екі жастың махаббаты туралы хикая. Оның өзегі Ш.Уəлиханов айтқандай «сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы Көрпешке» деген махаббаты. Кейбір зерттеушілер бұл жырды «жауыздық пен əділет дүниесінің тартысын суреттеген əлеуметтік-тұрмыстық эпос» дейді [3, 145]. Зерттеушілердің көпшілігі жырдың əдеби-көркемдік жақтарын зерделеуге баса назар аударып, оның мазмұнынан

«жағымды жəне жағымсыз кейіпкерлерді» іздеумен айналысады. Сол себепті қазіргі қазақ академиялық ғылымында, оқулықтарда

«бұл эпикалық жыр екі жастың арасындағы жаңа туған махаббатты, сол үшін күресті көрсетуге арналған, бұл бағыт сол заманда жаңалық еді» деген пікір үстем [3, 634-635].

 Біз эпосқа басқаша қарасақ ше? «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын зерттеушылердің ішінде бұл ұлы жырдың көне заманның куəсі екендігін нақты айтқандапр бар ғой. Ә.Х.Марғұлан «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырын «мəңгілік жыр» деп атағанды ұнататын. Осы күнге дейінгі жырға байланысты зерттеушілер қазақ заманын, мұңғыл заманын, тіпті əрі кеткенде түрік заманын меже қылып жатқанда Әлекең жырдың шығу уақытын б.з.д. екінші мыңжылдықпен байланыстырған еді: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – қазақ эпосының ең ескі, ең жойқын түрі» дейді үлкен əулиелікпен, көрегендікпен Әлекең [5, 307].

 Біздің ойымызша «Қозы көрпеш – Баян сұлу» ең алдымен жаратылыс құпиялары туралы сыр шертетін жыр, этнографиялық зерттеу əдістерін, тарихи, танымдық деректерді пайдалана отырып осы соңғы тезисті делелдеп көрейік.

 Баян сұлу – көне дүниедегі жаратушы, хақ, құдай образының əдеби өңделген түрі. Бұл атаудың түп-тамыры «бай», ол қасиет, құт, байлық деген мағынада қолданылады. Байана – жер-су иесі, ол адамды, жер бетіндегі аң-құс, ағаш-шөп т.б. жарылқаушы негізгі күш, құдырет. Біз көбінесе «бай» ұғымының əлеуметтік мағынасына ғана көңіл аударып, оның сакралды негізін ескере бермейміз.

 «Байана» туралы алғашқы жазба деректерді М.Қашқаридің сөздігінен арғу тайпаларына қатысты кездестіреміз. Арғу

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тайпаларының ХІ ғасырда Испинджаб (Сайрам) мен Баласағұн арасын мекендегенін (яғни Сайрамнан бастап Шу бойына дейінгі қалалық өңірді) ескерсек, бұл ұғым түрік тайпаларының көпшілігіне қатысты екені анықталады [2, 128].

 М.Қашқари сөздігіндегі «Байана /бай» сөздеріне алғаш көңіл аударған А.Н.Самойлович болатын: «Слово bayat, которое можно рассматривать как древнюю форму множественного числа на – t от вышеупомянутого слова bayan, обозначало, по словам Махмуда Кашгарского, бога на языке племени аргу и вместе с тем, как это нам известно из других источников, служило названием, по видимому тотемного происхождения, одного из гузских племен» [8, 32].

 Бұл тақырыпқа кейіннен келген этнограф Л.П.Потапов Байананы Алтай телеуіттерінде аспан /көк/ құдайларының басшысы, ортақ атауы дейді. Соның ішінде жиі қолданатыны «Тотай пайана» – найзағай, жаңбыр мен бұршақтың иесі, бұлт түрінде көрінеді.

«Байанаға» баласы жоқ жандар сиынады, байананы «ене йайачы» деп атайды, оған арнап құрбандық шалады. Егер осыдан кейін балалы болса, онда «про него говорили «өрөгө пайанадан йайылған бала» т.е. сотворенный верхним божеством ребенок» [6, 233].

 Э.К.Пекарскидің ХІХ ғасырдың соңында жасалған «Якут-саха тілінің сөздігінде»: «Байанай – общее название духов, покровитель охотников, рыболовов, промысловиков, а также напутственное благославление (бата)» дейді.

 Қазақ ішінде «Байана» құдайына табыну ұмтылғанымен де биік таулардың бауырындағы үңгірлерге барып «байанаға» тəуəп ету, құрбандық шалу, сырқатқа шипа, баласызға перзент сұрау дəстүрі əлі жалғасып келеді. Сол себептен тау үңгірлерінің көпшілігі

«əулие», Байананың қасиетті үйі есепті. Сондай қасиетті орынның бірі Баянауладағы Әулиетас (Қоңыр əулие) үңгірі. Н.Коншин

«Баянауылдан Қарқаралыға дейін» деп аталатын жол жазбасында Әулиетасқа табынып, түнеп жатқан, зияратқа келген адамдарды, олардың құрбандық шалғанын, үңгірдің ішінде шырақ жағып, соның лапылдаған жалынына шомылатынын жазды.

 Этнографиялық деректер «байана» образының түркі-моңғолдың телеуіттен басқа челкан (шалқан), құманды, шор, якут (сақа), бурят, қалмақ, моңғол т.б. арасында кеңінен тарағанын сипаттайды. Қазақ тіліндегі «бəйтерек», «бəйшешек», «байғыз» /байқұс/, «бəйбіше»,

«бəйтөбет» т.б. ұғымдар қалай болғанда да «бай /байана/» сакралдық мағынасына тікелей байланысты болса керек. Ол үлкендікті,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қасиеттілікті білдіреді. Жиі қолданылатын сөздің бірі «баян» – құтты, берекені, молдықты білдіреді жəне байана сөзінен тікелей туындайды. Бұл жерде «байана» қасиетті «Жер-сумен» тікелей байланысты болғандығын, Тəңірінің сепкен дəнін өсіріп-өндіріп шығаратын ана есепті екенін ұмытпау керек. Этнографиялық деректер түркі-моңғол халықтарының Байана, Ұмай ана, Май ана деп атап жүргендерінің бір ғана ана құдайы екенін анықтайды.

 Қазақтың ішінде сақталған «ой-бай» сөзінің мағынасы тек Байана ұғымы арқылы ғана түсінікті болады. «Ойбай» Байананы көмекке шақыру, жалбарыну, толық нұсқасы «Ой-бай-ана». Ал енді іслəм уағызшыларының (молдалардың) «ойбай» сөзіне байланысты

«шайтанның атын атама, бісміллə де, тіліңді кəлимаға келтір» деуі, Байана атының ұмытылуына іслəм дінінің тікелей ықпалы бар екенін көрсетеді. Шындығында да, Сібір түркілерінің əлі күнге есінде жүрген «Байана» қазақтың ішінде тек «Баян сұлу», немесе одағай «ойбай» түріңде сақталуы іслəм дінінің тікелей ықпалының нəтижесі.

 Көне заманда «байана» ұғымының географиялық жəне этникалық шекарасы Еуразия құрлығын түгел қамтып жатты. Бұл ұғым тек түркі-моңғолда ғана емес үнді-еуропа, финно-угор, семито-хамит т.б. тіл семьяларында кеңінен тараған. Бірақ толық мəнін тек Орталық Азия халықтары сақтап қалды.

 Байана қашан Баян сұлуға айналды? Бұл мəселеге түрік қауымдастықтарының іслəм дінін қабылдауымен тікелей байланысты қараған жөн. Байана əуел бастан дүниетаным моделінің ішіндегі ең бір көркем образ болғандығына дау жоқ. Ол көне бақсылық түсініктерде аяғы ауыр əйел-ана кейпінде сүреттерге түсті, оның əдемілігін табиғаттың ең бір сұлу суреттерімен салыстырып отырды. Байана туралы түсініктерді сақтаудың жалғыз жолы одан көркем образ жасау арғу-түрік тайпалары жайлаған өлкеде іслəм туына бағынудан басталады деп жорамалдауға болады. Ендеше Баян сұлу бейнесіне негіз болған Байана Жаратушы образы ретінде ондаған мыңдаған жылдар, ал Баян сұлу образы ретінде 1000 жылдан астам өмір сүрді.

 Байана мен Қозы Көрпеш – ұғымдарының арасындағы тамырлы байланыс Э.Бенвенистің мына гипотезасын еске түсіреді:

«Vazzaka» – прилагается также к «земле» – bumi, понимаемой в широком смысле как «царское самодержавное владение». Анализ этого прилагательного остается отчасти гипотетическим. По всей

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

вероятности, это производное от vaz – быть сильным, дышать силой, соответствия которому обнаруживаются в ведийском существительном vaia – сила, битва. В «героической» терминологии Вед vaia и его производные занимают важное место и охватывают множество понятий, скрывающих первичное значение слов. Кажется, vaia – обозначает силу, свойственную богам, героям и коням, силу, благодаря которой они побеждают; это также мистическая сила жертвоприношения вместе со всем тем, что она обеспечивает: благополучием, удовлетворенностью, мощью. Это также сила, которая проявляется в дарах, откуда значения «щедрость, богатство».

 …Если бог Ахурамазда определяется как vazzaka, то лишь поскольку он одухотворен этой мистической силой – vaia (яғни Байанаға деген махаббаттың күшімен – Ж.А.). И царя титулуют по той же силе, и землю – естественную кормилицу, которая носит и кормит всех и вся» [1, 256-257].

 Қорытындылай келсек, Қозы көрпештің Баян сұлуға деген махаббаты адамның Құдіретке (Құдайға) деген сезімі. Байана осы құдыретті күштің иесі, оның мекені Жер-Су, ондағы қасиетті əулие үңгірлер осы күштің жинақталған орындары. Қозы Көрпеш Ахурамазда образына негіз болған бейне, ол жалпы тіршілік иесі, рух кəусəрін аңсаған адам.

 Осы тақырыптың аясында «Сара/сары» ұғымына да талдау керек. Бұл сөз Еуразиялық тілдердің көпшілігінде кездеседі. «Қара» сөзі сияқты «сара-сарының» функционалдық мазмұны өте жоғары: ол билікті, тектілікті, сапаны білдіреді. Ең қызығы «сары» атауы қазақтың батыс топтарына да қатысты қолданылады. Бұл қызық фактіні П.И.Рычков 1755 жылы жазған «Топография Оренбургской губернии» кітабы баян етеді: «В рассуждении киргиз-кайсаков надлежит знать и сие, что они не только никаких податей в казну не платят, но и пошлин с торгу их в Оренбурге и Троицкой крепости, где через все лето бывает такая же ярмарка, как в Оренбурге, ничего от них не берется, а берется оная пошлина за них с русских купцов, которые товары из их рук покупают, да и ханы их с народа никогда ничего себе требовать не могут… Сами себя называют они сара- кайсаки, что с арабского языка значит степного казака. Но больше и обыкновенно именуются они просто кайсаки или казаки» [7, 86].

 Эпостағы Қарабай – өте көне символикалық образ. Көне дүниетаным жобасында түрлі-түсті сипаттамалар көп қолданылады. Осыған байланысты төмендегідей жорамалдар жасауға болады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Көне дəуірдегі топонимиялық деректерді қарастырсақ «қара» көп кездеседі. «Авестада» Қара (хара) жер бетін айнала қоршап жатқан мифтік таулар жүйесі. Оны құрметтеп Арийлер «Хара-Бэрэзайти» деп атайды, мағынасы Биік Қара тау. Ол жерде арий-тур тайпалары табиғаттың ұлы күштеріне арнап құрбандық шалды.

 Орта ғасырлық оғыз-қыпшақ аңыздарында Қараспан тауы, Қарашық тауы, Қара тау көп кездеседі.

 Орта ғасырда қазақ жерін мекен еткен үлкен тайпалық этностардың үлкен бөліктері қара аталады. Қыпшақтың атақты ері Қобыланды – қара қыпшақ Қобыланды, қазақ жеріндегі хандарға орда болған көне қалалардың бірі, Рашид-ад-дин жазатын – Қарақорым (бұл Үгедей кезінде көтерілген моңғолдардың Қарақорымынан бөлек). Рашид- ад-диннің жазуына қарағанда Қарақорым Бетпақ далада, не Бетпақ далаға шекаралас алқапта болса керек. «Хараға» тек адамдар ғана емес Тағдырдың иесі сұлу Ашидің өзі де табынады:

Когда молился Аши Хаошьянха Парадата Под Харою высокой,

Прекрасной, данной Маздой /Авеста/.

 Ай (Айғыз) – образы жыр сюжетін байытатын, көркем құралдардың бірі деп есептеуге болады. Ай мен Таңсық жырда Қарабайдың қыздары еді делінеді:

Айтады қыздарына келіп майда,

-Ай, Таңсық менің екі қызым қайда? (Жанақ нұсқасы)

 Бұл жерде бір шарттылық сезінгенімен Шығыстың негізгі белгі екенін ескерсек Ай, Таңсықтың Баянға апасіңілі болулары түсінікті. Ай, Таңсықтың Баян сұлу мен Қозы көрпеш махаббатына жанашырлығыжырдажақсысуреттелген.Белгілідəрежеде Ай,Таңсықобраздарыкосмогониялықсарындарға,білімге негізделгенімен де жырдың көркемдік деңгейін көтеру үшін əр-түрлі қоғамдық тіршілікке белсене араласады.Таңсық (Айтаңсық) – жыр мазұмынындағы қосалқы кейіпкер. Таңсықтың негізгі атқаратын функциясы Аймен ұқсас – туған жерге деген махаббат сезімін бекіту, жарға деген адалдық (ол екеуі де Баян бесікте атастырылған күйеуі

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қозыға адал болуы керек деп біледі), қазақ қыздарына тəн қам көңіл, жұмсақ жандар.

 Бірақ екі образдың түп нұсқасы көне дүниенің табиғат əлемі туралы түсініктерінен туындаған. Ерте кезеңдегі жаратылыс ілімінде Байана құдайдың маңындағы Әлем жарықтары осылар. Тəңірі – əлемнің ең жарық жұлдызы Күнмен, Байана Аймен байланысты, ал енді Ай мен Күннің ұштасар, ауысар тұсы – Таң. Бұл көшпелілердің, көшпелілерге дейінгі əлем халықтарының дүниетанымының құрылымы. Біздің пікірімізше ғұн, түркі замандарында табиғат туралы ілім əбден қалыптасып барып саңлақ мифтерге ауысқан.

 Сонымен бірге «алтын зерелі қой» бейнесі гректің ескі аңыздарында жақсы сақталған аргонавтардың хикаяларын еске түсіреді. Яғни жырдағы алтын зерелі қой қазақ жерінде бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген көне əфсаналардан қалған жұрнақ, оның бір шеті Еуропада болса, бір шеті Үндістанда жатыр. Неге алтын зерелі қой туралы сюжеттер аңызға еніп отыр? Мұны біз жырдың М.Ж.Көпейұлы жырлаған нұсқасындағы қоңыр тоқтыға байланысты əңгімеден сеземіз. Ол Қозының келгенін елдің алдымен біліп Баянға айтатын тіршілік иесі:

- Апеке, не бересің енді, дейді,

Күрең атты жездемді көрдім, дейді.

 Бұл жерде Библияда айтылатын Қабыл мен Әбілдің əңгімесін, Әбілдің Алла тағалаға өзім баққан ақ-адал малым деп қоңыр тоқтыны ұсынатын, оны Құдайдың қабыл алып, ал Қабылдың диқаншылық өнімін кері қайтаратынын еске алған лəзім. Қабылдың Әбілмен өштесіп, өз бауырын өлтіретіні, осы өштестіктің адамзат арасында əлі де сақталып келе жатқаны оқырман қауымға белгілі болар?! Тарихи тұрғыдан біз бұл əңгімеден қандай ғибрат аламыз? Ең алдымен малшы қауымның төрт түліктің ішінен қойды қолға үйреткені күмəнсіз. Адам тіршілігі қойға тікелей байланысты болғандықтан, қойдың қасиетті болуы тіпті де заңды. Егер біз Байаның ана құдайы екенін монйындасақ, онда қоңыр тоқтының оны «Апеке» деп атауы түсінікті болмақ. Қоңыр тоқтының жездесі Қозы көрпеш Жаратушыны іздеп жүрген Жан. Адам баласының өз бетімен мал бағып тіршілік жасай бастауы Құдайды тануға бағытталған алғашқы қадамы. Ендеше неге қоңыр тоқтыға сүйінші сұрамасқа?!Екінші мəселе тіпті терең жаратылыстану түсінігіне

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

байланысты болуы керек. Баян тоқтының айтқанына сенбей қамшымен бір салып қалған екен-мыс. Сонда:

Қыздың соққан қамшысы киелі боп, Қой құйрығы жырмыш боп бөлінеді.

Баян сұлуға қатысты айтылғанымен бұл мəселе тікелей Байанаға

/жаратушыға/ тəн қимыл. Үшіншіден, өзге көшпелілерді есепке алмағанның өзінде, қазақта қойдың иесі /меншік иесі/ əйел екенін еске алу керек. Мысалы жас отауға енші бөлінгенде «қосақ басы» дейтін, қой байлайтын арқанды атасы келініне береді. Қандай жағдайда болсын қойдың иесі /қойды өсіру, союға таңдау, қойшыны күту/ т.б. əйел адам. Тіпті өзгені айтпағанда қазақтың көп əйел алу дəстүрі қой санымен тікелей байланысты екенін этнографиялық тұрғыдан дəлелдеу оңай.

 Баянның қоңыр тоқтының желкесінен бір тал жүнін жұлып алуы, қамшысымен арқасынан бір сипауы т.б. қимылдары терең мифтік түсініктерді ашатын кілт.

 Байана ұғымына байланысты ест е болдатын бір мəселе өмірге қайта келу идеясы. Қозының қайта тірілуі, өмір мен өлім мəселесі қазақ мифологиясындағы ең күрделі жəне əлі зерттеле қоймаған мəселе. Біз Қорқыттың өлімнен қашатынын білеміз, себебі ол Алланың кесімді өмірін мойындамады; Домбауыл /Домрул/ Әзірейілмен жекпе-жекке шығады, себебі Құдайдың адамды жасын толтырмай алып кетуіне қарсы. Бұл қарсылықтың айшықты түрі жырда Қозының қайта тірілуі. Адам өмірге келген соң кəртəйіп өлуі керек, негізгі заңдылық сол. Бұл сонау тас дəуірінің терең түкпірінде

/палеолит/ адам жүрегі мен санасының тіршілік, адам ғұмыры туралы толғанған сəтінде туған түсініктер. Ең əдемі шумақтар жырдың соңына қарай кездеседі. Қозы мен Баянның өлген денелерін саяхаттап жүрген 40 кісі тауып алады:

Екеуі жатыр екен мойындасып, Құшақтары бір-бірін қойындасып. Өлді десе ажары бір тайған жоқ, Тірі десе жаны жоқ нұры тасып.

 Мəңгілік образдарға жарасымды шумақтар сияқты. Қозы мен Баянның нұры жер мен көкке симайтын нұр делінеді. Бұл космостың

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ортасын алып жатқан ұлы құбылыс. Адамның рухани пана іздеп Жаратушыны ессіз сүйген махаббаты. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры ғажап шумақтармен аяқталады. Қарапайым қазақ сөздері ұйқаса келе түсініксіз бір сырларды нұсқайды: «Өлді десе ажары бір тайған жоқ, тірі десе жаны жоқ нұры тасып!». Бұл сөздерді қалай түсінген дұрыс?! Менің интерпретация жасау мүмкіндігім шектеулі. Жыр «ажары бар, бірақ нұры жоқ» деп нені меңзеп тұр, бұл мен үшін беймəлім. Тек бір түсініктісі Адам баласының тіршілігі Жаратушыға деген сеніммен ғана мазмұнды болмақ. Егер сен Құдайды іздемесең, осы жолда қиыншылықтан өтпесең сенің алтынның салмағы, жылқыңның саны түк емес, мəселе Байананы іздеуде, ол Жаратушы, ол мəңгілік. Баян сұлу мен Қозы көрпештің жарқын бейнелерінен төгілген нұр Көк пен Жер арасына симайды делінеді эпоста. Бұл ғарыштық энергия жаратылыстың үйлесімін ұстап тұрған негіз. Осы дүлей табиғатқа мейірім беріп тұрған құбылыс Адамзаттың Жаратушыға деген махаббаты, осы жол Адамның рухани болмысын рухани сақтап қалатын бірден-бір жол. Өзге жолдың бəрі қараңғы. Құдайсыз Адам Ұлы Абай айтқандай: «Боқ толтырған боқтың қабы».

 «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында бұдан басқа да жүздеген терең ғылыми ізденіске, талқыға салатын мəселелер көп. Басқасын айтпағанда, біздің мақаламызға енбей қалған «буаз марал» образы ше? «Буаз марал» – көне дүниенің тотемдік түсініктерімен тығыз байланысты болса керек. Марал /бұғы/ образы сақ, ғұн, түркі мифологиясында ең белсенді орын алатыны оқырманға аян.

 Терең семиотикалық, семантикалық толғаныстар, тарихты жəне этнографияны білу, герменевтика зерттеу əдістерін игеру қажет.

«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының үстінде ғасырлар емес мыңжылдықтардың, ондаған мыңжылдықтардың тоңы жатыр. Бұл жырдың негізгі нұсқасы аңыз-əфсана түрінде қола дəуірінде шыққанға ұқсайды. Ғұн дəуіріндегі ұлы қозғалыстардың кезінде

«Қозы көрпеш – Баян сұлу» əңгімесі жаңғырып жыр түріне ауысқан сияқты. Сол қиын – қыстау заманда қалың ел бас қосып Аягөздің бойынан атақты дыңды салса керек. Дың алысқа аттанған /батыс, оңтүстікке/ ғұн қауымдарына маяк /белгі/ сияқты еді. Қам көңіл қариялар мен əжелер, бойжеткен қыздар сол белгіге қайта-қайта қайрылып соғып, егіліп жылар еді. Қабырғасы қайысқан азаматтар ұлы даланың өн бойында /Шығыс – Батыс/ дыңдарды өзінің əулиелеріне арнап көтере бергені де сол себепке ұқсайды: Қозы көрпеш – Баян сұлу, Домбауыл əулие, Теке əулие т.б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Түрік – ашина қағанаттарының заманында іслəм дінінің енуіне байланысты «Қозы көрпеш – Баян сұлу» əңгімесі елеулі өзгеністерге түсті. Жырдың ішкі мазмұнын сақтап қалмақшы болған дала жыршылары жырға формалды өзгерістерді бірсыпыра енгізді. Байана Баян сұлу атанды, Қозының романтикалық сипаты күшейді. Қарахан мен Сарыхан Қарабай, Сарыбай атанды т.б. Бірақ жыр өзінің негізгі өзегін, мəйегін сақтап қалды. Қазіргі күні ана вариант, мына вариант деп жүрген нұсқалардың көпшілігі кезінде айлап айтылатын жаратылыс, тіршілік, рух, табиғат, адам, жаратушы, хақ туралы үлкен жырдың əр түрлі бөліктері ғана.

Байана тарихы, міне, осындай.

Əдебиеттер:

  • Бенвенист Э. Словарь индоевропейских социальных терминов. – Москва, 1995.
  • Қашқари Махмуд. Түрік тілінің сөздігі [«Диуани лұғат ит-түрік»] 3 томдық шығармалар жинағы [Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылымы түсініктерін жазған А.Егеубай]. – Алматы, 1997.
  • «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – қазақ эпосының шоқтығы [Құраст. М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов]. Астана: «Фолиант», 2002.
  • Коншин Н.Я. От Павлодара до Каркаралинска //Памятная книжка Семипалатинской области на 1901 г. – Семипалатинск, 1902.
  • Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы, 1985.
  • Потапов Л. П. Сакральное значение слова «богатый» в Алтае- Саянских тюрских языках //По этнографическим материалам // Тюркологика. – Ленинград, 1986.– с. 230-237.
  • Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. – Уфа, 1999.
  • Самойлович А.Н. Богатый и бедный в тюркских языках // Известия Академии наук СССР. Отделение общественных наук.

– Москва – Ленинград, 1936. -№4.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

ҰЛЖАН АНА – АБАЙДЫ ДАНАЛЫҚҚА ҰМТЫЛДЫРҒАН ТҰЛҒА

 Абайдың əдеби ортасы деген тақырыптың əліппесі, əрине, ақынның өскен ортасы, тəрбие алған ошағынан бастау алатыны заңдылық. Бұл арада Ұлжан ананың есімін бөліп айту орынды. Өйткені, Ұлжан – Абайды ақ сүт беріп өсірген анаcы, ол аз – Ұлжан Абайдың ақын болуына тікелей əсер еткен жан. Демек, Ұлжан туралы, оның Абайға, Абайдың ақындығына қатысы жайындағы сөзді əріден, Абайдың нағашы жұртынан бастаған жөн. «Алып анадан» деген қанатты сөздің ақиқаттығына Ұлжан ананың көп төменетектінің бір емес, данышпан Абайдың анасы деген атқа толық лайық ақылды да, сөзге шешен жан екендігін кеңірек əңгіме етуіміз керек сияқты. Орайы келгенде айта кетуді тілеп тұрған пікір кезінде, 1986 жылы Қазақ ССР Энциклопедиясындағы мақалаларға сын көзбен қараған абайтанушы-ғалым Қ. Мұхамедханұлы Ұлжан ана туралы былай дейді: «Абайдың шешесі Ұлжан туралы: «Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік, əзіл-əжуамен атағы шыққан Шаншар тобының қызы екен» делінген. Абайдың шешесі жайында толығырақ айту қажет еді. Ақынның нағашы жұртынан алған үлгі- өнегесі де аз болмаған. Арғысы атақты Битен мен Шитен, бергісі əйгілі шешен, əзілқой, тапқыр, мысқылшылдар – Қантай, Тонтай, Жонтайлар. Ұлжанның əкесі Тұрпан – Тонтайдың інісі екенін анықтап жазған дұрыс болар еді» [1, 138]. Ғалымның аз ғана түзету сөзінен Абайдың анасы туралы бірсыпыра мағлұмат алып қаламыз. Ұлжан Тұрпанқызының тарихи бейнесі «Абай жолы» эпопеясында шынайы,əрісоншалықтытартымдысомдалған.Абайдың өмірбаянын жазған шақта да Әуезов Ұлжан мен оның шыққан əулеті Бертіс биден бері қарай тоқтала келіп: «Ұлжанның əкесімен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай орта жүзге қалжыңымен тегіс

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

аты жайылған, белгілі, мысқылшыл тапқыш, күлдіргілер болған» [2, 112], – деп Шаншарлар руының бір-екі мінезін тілге тиек ететіні тағы бар.

 Бұл əулеттің тілінің өткірлігі сондай «Шаншардың қулары келе жатыр», – десе жұрт дүркіреп қашатын болған.

 Ұрылар тонап кетіп, келесі жазында ауыл аралап жүрген Тонтайдың керегеде ілулі тұрған өз тымағын көріп, менен қашып көрген рахатың осы ма, күні-түні шаң басып, керегеде ілулі тұрысың мынау деп тымағын жерге атып ұрып, қамшымен сабап үй иесін жерге кіргізгені туралы, ал өмірінің соңында «жазыла-жазыла қожа- молдалардан ұят болды, енді өлмесем болмас» деп ащы сынмен күлкісі тиылмай дүниеден өткен жаны жайсаң, тілі мірдің оғындай тарихи тұлғаның əр сөзі, əр қылығы ел есінде жатталып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

 Ұлжанның туысы Мауқай деген əнші, күлдіргі, сөзге шебер адамның Абайдың жас кезінде ақынның жанында болған деген деректер бар. Мауқай туралы Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романында ол Абайды жөргегінен тəрбиелеуші бірден-бір тəрбиешісі ретінде суреттеледі /қараңыз: 3/. Өмірі жайында нақты деректер сақталмаған Шаншар тобының бір өкілі – Мауқайдың Абаймен байланысы туралы сөз болашақта болмақ.

 Ұлжан да қалжың сөзге ұшқыр болғанымен, салмақтылыққа бағып көп əжуаға бара бермеген. Бұл біріншіден өз бойындағы əйелге тəн ұстамдылықпен байланысты болса, екіншіден Құнанбайдай ел басқарып отырған көсем, сөз ұстап отырған шешенмен жарыса шығуды жөн деп таппаған ақылды қазақ əйеліне тəн қылықтан болса керек. Әйтсе де, іште жатқан өнер шіркін анда-санда жарқ етіп шығып, ел есінде қалып қоятыны да бар. Ағалары сияқты Ұлжан анамыз да өлер алдында Майбасар қайнысының «өлу деген қалай екен?», – деген орынсыз сұрағына: «...ата сақалың аузыңа түскенше ақыл кірмеген сені көрдім, мен өліп көрді дейсің бе?», – деген шымшыма жауабында парасаттылықтың, биіктіктің белгісі жатыр. Дəл осы бір уытты қалжың айту Абайдың бойына да мол сіңген. Әуезовтің: «Абайдың сөзіндегі салқын ақыл əкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма дейміз» [2, 113].- деген болжамы ақиқаттан алыс жатқан жоқ.

 Абайдың өзі жасынан əзіл өлеңге үйір болып «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» деп басталатын, немесе «Майбасарға» арналған бері қарай талай əзіл – қалжың, арты ащы ирония, сарказмға баратын

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

көптеген туындыларын келтіруге болады...

 Шаншарлар тілінен Құнанбай да қатты сақтанған. Төмендегі дерекке жүгінейік: «Абай жас кезінде нағышыларына бармақ болған ойын əкесіне айтқанда, Құнанбай баланың тілегін құп алып:

  •  Балам, баруыңа қарсылығым жоқ. Өзіңе айтарым, сөйлер сөз, айтар ойыңның аңысын аңдағайсың», – деп ескерткен екен.

 Бір күні нағашысы Тонтай екінті намазын обың-күбің оқып тез-тез бітіргені, əрі діни қағиданы бұзып аяттарын шатастырып оқығаны Абайға өрескел көрінеді де:

  •  Нағашы, намаздың шариғат белгілеген қағидасын бұзып, төте тартатын жолы да болады «екен-ау», – деп мысқылдап қойған сауалына нағашысы:
  •  Иə, балам, бұл сұрауың өте орынды. Әрі сенің бұл айтқаның Имам шафиғының тар жолына жатады. Бірақ біз пір тұтатын Имам ағзамның жолы біреу-ақ: яғни əлем қандай кең болса, оның шариғаты да сондай кең. Анау-мынау ұсақ-түйек қателіктер кешіріле береді. Өйткені, ол қағида «аттың жалы», «түйенің қомы», «садақтың оғы» сияқты қатал, қатыгез емес, – деп көзін сығырайта, көлгірси, күле жауап беріпті.

 Абай қайтқан соң əкесіне: – Тонтайдың осынау ойланбастан айтқаны, əрбір атаумен атаған өте кескінді, əм зəрлі сөзі өкпеме найзадай қадалды, – депті. Құнанбай:

  • Я, бұл жұмбақ сөзді қалай түсіндің? – деп ызғарланған екен.

Абай:

  •  Шешімін əділдікпен тура айтсам, «Аттың жалы» дегені – Еңлік-Кебекті атқа сүйретіп өлтірткен қатыгез Кеңгірбай бидің билігі. «Түйенің қомы» дегені – Қодарды келінімен түйеге теңдеп өлтірткен билердің үкімі. «Садақтың оғы» деп өкіне айтқаны – Қалқаман-Мамырды садақпен тартқан Көкенайдың қаталдығы деп түсіндім. Бұл сөздер Тобықты еліне таңба боп басылғандай сезіндім, бармағымды тістей-тістей аттандым, – депті.

Кей естеліктерінде дəл осы «Садақтың оғы», «Аттың жалы»,

«Түйенің қомы не?» деген сұрауды Абайға Найман Ұлан-Бұланның асында Найманның бір шалы қояды [4, 149]. Дəл осы сауал Абайға екі рет қойылуы да мүмкін немесе ауызекі айтылып жеткен əңгіменің көп вариантты болуы əр айтушы өз руына, өз атасына тартуынан туған ба деген ойға қалдырады. Жалпы Құнанбай, Абай төңірегіндегі осындай ақынның жас шағындағы сөз қағысулары, суырып-салма өлең-сөзі бізге ауызша жеткен. Хатқа түспей ескі көз

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

естеліктерден жиналған мұраларда қиыс кетіп жататын, қайталанып келетін, Абайға бұл сөзді ананы емес, мына ақын айтқан деген уəжі қиын дүниелер де кездесіп жатады.

 Абайдың сөзден тосылуы осындай ел ішіндегі қолайсыз оқиғаларға қатысты, əсіресе Тобықтының істеген зорлық-зомбылығына байланысты болып отырған. Сондай сөз барымтасы Бекбосын бимен болған. Бекбосын Домбайұлы – Қаракерей Семіз Найманның алғыр биі. Құнанбай, Абайлармен жақын таныс. Барымта кезінде Найман Қазығұл жігіттерімен сойылдасуда Тобықтының бір адамы өліп, құн даулауға Абай жүреді. «Құнанбайдың болыс баласы келе жатыр» дегенді естіп, Қазығұлдар ат жіберіп Бекбосын биді алдырады.

 Он шақты адаммен Қазығұл еліне келген Абайды қарсы алғандардың арасынан Бекбосын суырылып шығып амандасып:

  •  Жақсы жігіт жоқ іздейді, жаман жігіт боқ іздейді. Бірді көп іздейді, көпті кім іздейді? Жүрістерің суыт, қабақтарың қату ғой. Тобықтының сөзі Кеңгірбай еді, өзі Өскенбай еді. Құнекеңнің көзіндей боп жалғыз келгенің калай, Абай? Базекем, Базаралым аман болса игі еді,- деп Абайды құшағынан босатпай тұрып алыпты. Абай:
  •  Алысқа жолаушылап бара жатқан соң, жолай бұрылып едік, рахмет! – деп Қазығұл аулынан түстеніп ғана аттанып кетіпті.

 Сөйтсе осының алдында ғана Базаралы Қауменұлы бастаған Жігітектің 17 адамы итжеккенге айдалған екен. Бекбосын бидің осы оқиғаны тұспалдағанынан тұжырым жасаған Абай дауласып жатуды орынсыз көрген.

 Қалай десек те, дəл осы сөздің салмағы өте ауыр-тын. Әйтсе де, нағашыға тартқан Абай да дəл осы нағашыларын тосылтқан тұсы бар. Нағашылары, əрі қайын жұрты Қаракесек еліне қайын атасы Алшынбайға сəлем бере барған жас Абайды сынамақ болған Шаншардың алты-жеті қарты оны арнайы тосып отыр екен.

 Дауысын соза «Ас-сə-лəм-аға-лей-кум!» деп есіктен кірген Абайға бір қарт:

  •  Пай-пай-пай, мына көмейі суырылған шешеннің ұрпағы-ай, сəлемнің өзін əндете бастауын-ай! – дегенде, екінші қарт іле:
  •  Е, əкесі Құнанбайға ұқсамай, өзін тіл мен сұқтан құдайдың сақтауын-ай! – деп қалады. Үшінші қарт жұлып алғандай:
  •  Әлден-ақ жүндес тоқты қошқардай бүкіл денесін қалың түктің қаптауын-ай! – дейді...

Сол кезде Абай басқа Шаншарларға сөз кезегін бермей, тосыннан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

киіп кетіп, əлгі үшеуіне тесіле қарап тұрып:

    •  Әй, əттеген-ай! Әуелде қыздарыңды ұзатқанда, бəрің бірдей жабыла жамырап: «Түкті бала таппа» деп айтпауың-ай! – деп төрге барып отыра кетіпті. Орталарында отырған Алшынбай аналарға оқыс бұрылып, рақаттана мырс-мырс күліп:
    • Ал ендеше, үшеуіңе бір сыбаға! – деген екен.

 Әуелден кесек сөйлеп дағдыланған Абай атасы Алшынбайдың бір қылқұйрығына қызығып, Алшынбай бергісі келмей, батамды берейін дегенде, «ондай батасын сатқан шал өзімде де бар», – деп қайырылмай кететіні бар ғой.

 Мұндай ұрымтал тұста сөз табу Абайдың жас кезінен бойына біткен ерекшелігі боп, есейіп, қартайған шағында да бір толастамаған. Құнанбайдың екінші əйелі Ұлжанмен тағдырлас болуы да Алланың жасаған кереметі дерсің. Ұлжанды алғаш Құнанбайдың інісі Құтпанбетке атастырады. Құтпанбет ру арасындағы бір қақтығыста найзаға түсіп өледі де қалыңдығы Ұлжан оң жақта қыз

күйінде қалған соң, екінші əйел қып Құнанбай алады.

 Ақылды келін Ұлжан енесі Зеремен аса бір ынтымақтастықта ғұмыр кешкен. Жер дауына байланысты оқтын-оқтын тұтанып отыратын Тобықтының өз ішіндегі бас араздық осы Зере-Ұлжан ауылында бітім тауып жататын-ды. Бұл жайында «Абай жолындағы» оқиғалардан қанықпыз.

 Сол кездегі ата дəстүр бойынша Ұлжанның бар баласы өз қолында тəрбиеленбеген. Әуезовтің айтуынша үлкен ұлы Тəңірберді жас кезінде Өскенбай бидің қолында болса, Ысқақ Күңкенің тəрбиесінде болған. Абай мен кенже інісі Оспан Зере мен Ұлжанның тəрбиесінде болып, Абай жасынан бір ауыл боп отырған Құнанбайдың үшінші əйелі Айғызбен өз үйінің ортасында жүріп Телқара атанғаны белгілі. Жалпы Абай тəрбие алған ел аналарының есімдерін əріден бастауға болады. Сонау Абайдың төртінші атасы Айдостың əйелі Айпара сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем болған. Кейіннен төрт рулы ел болған төрт баласының бүгіні мен ертеңі төрт-ақ ауыз

сөзге сыйғызған аузы дуалы ел анасы.

 Бертінгі Құнанбайдың қарындасы Тайбала өзінің ешкімге ұқсамас өрлігімен, ақылдылығымен қалыңдық боп түскен елінде сыйлы болады. Құнанбайдың асырап алған баласы Ізғұттыны бала етіп еліне жіберген тосын шешімі ел аузында сақталған. Аз ғана сөзі «Абай жолы» арқылы жеткен Сары апаң дейтін ақынжанды анамыздың тəлімі Абайға аз əсер етпегені анық. Деректерге жүгінсек: «Сары

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

апаң – Тобықты ішінде Тоғалақ, Тайсоймас дегеннің қызы. Уақ елінің нашар адамына атастырылып, күйеуімен екі жылдай тұрған соң, бір тоқтысын сойып, ауыл ақсақалдарын жинап былай депті:

  •  Мен аруақты сыйлап келдім. Екі жыл тұрдым, енді басыма рұқсат берсеңіздер екен. Төркініме барып, мал жиып алып, мына күйеуіме қалың төлеп, əйел алып беріп, содан соң кетем, – депті.

 Сонда ақсақалдар əрі ойлап, бері ойлап, ақырында рұқсат беріпті. Сары апаң айтқанын орындап, күйеуіне əйел алып беріп төркініне келіпті. Осыдан кейін Сары апаң күйеуге шықпапты. Ел ішінде суырып салма, тапқыр, айтқыш болып құрметке бөленген адам» [5, 127].

 Құнанбай мен Бөжейдің арасы ашылып кеткен кезде Бөжей дүние салып, Құнанбайлар көңіл айтуға келгенде Бөжей жақ оның қыздарының аузына:

Арғы атасы Ырғызбай, Айыпқа берді бір қызды-ай. Жүйріктігі құландай Шұбарлығы жыландай, -

деген жоқтау өлеңді салғанда, осы Сары апаң:

Мына да қарлар не дейді, Жақсыдан жаман көбейді. Асыл туған ұрпағын

Ұрлап та көмдің Бөжейді, -

деп сөз қарымын қайтарған екен.

 Жігітектің ішінде Қожыкен деген көксау шал дөңнің басында отырып өліпті. Сол кезде осы Жігітектің ішіндегі Түлкібайлар: Қожыкенді жерге таласып жүрген Тоғалақтар (Сары апаңның руы) ұрып өлтірді, – деп қыздары дауыс айтыпты. Сары апаң сонда тағы да:

Қожыкен деген көксауың, Кісіден өлгенге ұқсауын. Апиын беріп өлтіріп

Екі де қардың қақсауын, -

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 деп жауап қайтарыпты. Тобықты ішіне сіңген ноғай Ысқақ бай Сары апаңа, мен туралы айтшы дегенде Сары апаң іркілместен:

Қазаннан келген пұшығым, Қаңғырып келген күшігім. Қаңғырғаның құт болып, Түлкіден болды ішігің, -

депті. Сонда Ысқақ:

    •  Апатай, ар жағын айтпай-ақ қой, – деп, иығына түлкі ішігін жауыпты.

 Ақындық өнері бір басына жететін Сары апаңның өлең мұрасы бізге жетпеді. Әйтсе де тамшыдай сөз тармақтарынан ол кісінің қандай адам болғандығы байқалып-ақ тұр. «Күтсеңдер, Сары апаңды күтіңдер», – деген сөзді Әуезов эпопеяда Құнанбай аузына тегіннен тегін салмаса керек.

 Асыл сөздері кейінгі ұрпаққа əлсін-əлсін жеткен дала аналары арысы Айпара əжемізден бастап Зере, Ұлжан, Сары апаң, Тайбала, Ботантай аналарымыздың Абайдай ұланның тəрбиесіндегі орны оқшау. Соңғы аталған Ботантай апамыз (Құдайбердінің əйелі, Шəкəрім қажының əжесі) өте өжет, тентек мінезді, сөзге шешен адам болған. Құдайберді дүниеден өткен соң бүкіл ауылының шаруасын дөңгелетіп ұстап отырған ер мінезді, қайратты адам болған.

Əдебиеттер:

    • Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: Алаш, 2005. – 344 б.
    • Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. – Алматы: Санат, 1997. – 416 б.
    • Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. – Алматы: Әл-Фараби, 1997. – 752 б.
    • Исабаев Б. Ұлылар мекені. –Новосибирск: 2001. – 623 б.
    • Жұртбай Т. Құнанбай. – Алматы: Алаш, 2004. – 400 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Рысбек БЕЙСЕТАЕВ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің

доценті, биология ғылымдарының кандидаты

ҚАЗАҚ АРУЫ СҮЗГЕ

Есіл бойын жаз жайлаған Бес Мейрамның Төртуыл (Төрт ауыл

  • Бегендік, Шегендік, Сүйіндік, Қаржас) биі Сүйіндік бабамыздың ағасы Бегендік өлген соң, жеңгелей алған əйелінен туған қызы Сүзге сұлу – Сібір ханы Көшімнің төртінші əйелі. Демек, Сүзге – Мейрамсопының бəйбішесі Нұрпаядан көрген кенже немересі. Сүзгенің сұлулығы Мейрамсопың аңызға айналған сұлулығының көшірмесі, көзінің қаралығы өз анасының (Кіші жүз қызы) көзіне тартқан деуімізге болады. Сүзге ханымды жырға қосқан қазақ ақынның бірі оны Жалайырға, бірі Найманға теліп жүр. Сондықтан аты тарихи аңызға айналған Сүзге (Сүзгінші) ханымның туған елі мен жері туралы дерек бермекпіз.

 Қазақ шежіресінің дерегіне сай, Сүзге сұлу Жиделі-Байсыннан Арқаға бет алған Арғын елінің көшінде қасиетті Қаратау маңында 1548 (мешін) жылы наурыздың дəл аяғында туған делінеді. Сол заманда Бес Мейрам елі қыс Жиделі-Байсында болып, ал жаз Есіл- Нұра бойын жайлаған.

 Сүзге ханым (1548-1582) В.Ю.Софроновтың «Кучум-1» кітабынан алынған сурет

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Сүзге сұлудың Көшім ханға тұрмысқа шыққан жылы тағы белгілі

    • 1563 жылдың жазы. Көшім ханның туған жылы – мешін (1524) жылы. Сонда Сүзге Көшімге 15 жастан жаңа аса бергенде тұрмысқа шыққан. Сүзгенің артынан 3 ұл – Баймұрат, Бердімұрат, Көбеймұрат қалды.

Сібір билеушісі – Көшім хан (1524-1604). Ресейге қолға түскен Көшім немересі

Абылай-Керімнің айтуы бойынша салынған сурет

 Сiбiр тарихында Сүзге сұлуға арналып сегiз сарайлы қала салынған делінеді. Қаланың аты – Сүзге-Тура немесе Сүзгін. Қайтыс болғаны – 1582 жыл, қыркүйектің аяғы (21-23) шамасы, 34 жастан асқан кезі болатын.

 СүзгесұлудыңатасыМейрамсопы,даналығымен, батырлығымен, сұлулығымен əрі жеті атасынан бері үзілмеген тектілігімен белгілі дала зиялысы – əйгілі Ұасым ханның кеңесшісі. Сүзге сұлудың əкесі Есіл бойын жайлаған арғын Төртуыл (Төрт ауыл) елінің билеушісі – Сүйіндік би. Орыс жазуындағы: «Правитель Ишимских степей» делінген сөз шындық. Мейрам сопының бəйбішесі Нұрпаядан кенже баласы. Сүзге Сүйіндіктің 3 мүшелі (36)

жасында туған кенжесі.

 Сүзге сұлудың анасы Мейрам сопының екінші ұлы Бегендіктің əйелі. Кіші жүздің қаракөз аққұба қызы делінеді, аты белгісіз. Бегендік өліп, жеңгесін Сүйіндік алыпты. Осы некеден бір ұл – Суғыншы, бір қыз – Сүзге туған. Арғынның көптеген əулиесі мен биі осы Суғыншының кіндігінен тарағаны тарихта белгілі, ал Сүзгенің бір өзі – тарих, ұлағатты өмір.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Арғын бабамыз (1156-1262) Шыңғыс заманында өмір сүрген адам, Қотан (1370-1460) жылдары өмір сүрген. Ақжол (Дайырқожа) (1404-1456), Мейрам сопы → (1470-1550) жылдар аралығында өмір сүрген. Арғын шежіресінде осылардың ғана аты аталады. Осы дерекке сай, Арғын мен Мейрам сопы арасы туған жылы бойынша шамамен 1470–1156=314 жыл. Осы екі арада екі-ақ ата – Қотан мен Ақжол бар. Бұл жыл санауда айтылып жүрген шежірелік деректің мəнсіздігін білдіреді.

 Десек те, қанжығалы Зейнолла Құрманəліұлыныңақсақалдың бізге жеткен шежіресі мен ғалымдарымыз Р.Сыздықова, М.Қойгелдиев жəне М.Алпысбес жазбалары осы мəнсіздікті толықтырып, анықтай түседі деген үміттеміз. Енді Бес Мейрамның шежірелік деректеріне көңіл аударайық:

Арғыннан алты ұл → ||Қаратай, Қаражан, Қараменде,

Қарамек, Қарабек, Қараша||.

Арғын əулеті Қаражан, Қараменде, Қарамек, Қарабек, Қараша

  • бесеуінен бүгінде ұрпақ жоқ. Шыңғыс хан заманында қазақта ешқандай сопы болмағаны белгілі. Бұлай жазу – З.Құрманəліұлы шежіресінің дəйекті екендігінің дəлелі.

Қаратайдан екі ұл → |Арал, Марал|. Маралдан екі ұл → [Қазы, Жазы].

 Міне осы Қазы батыр қазақ ішінде (Алтын Орда аясында) Қарақожа деген атпен белгілі болған. Тоқтамыстың қасындағы əрі ақылшы, əрі батыр осы Қарақожа болған. Қарақожа батыр туралы шынайы деректі белгілі ғалымдарымыз Р.Сыздықова, М.Қойгелдиев жазды (Қадырғали би Қосымұлы жəне оның жылнамалар жинағы. – Алматы: 1991. – 252 б.).

Қазыдан (Қарақожадан) бір ұл → [Шора].

Шорадан екі ұл → [Қотан, Жұман].

Қотаннан төрт ұл → [Қаратабай, Теңбай, Көңілбай, Атабай]. Қаратабайдан үш ұл → [Дайрабай, Дайырқожа, Əділхан].

Шежіре одан əрі төмендегідей жалғасады:

 Дайырқожадан (Ақжол) үш ұл → [Таңжарық, Сауыт, Өткір би].

 Өткір биден – кіші арғындар, – Қостанай, Тоғай өңірінде тұратын арғындар тарайды (Шақшақ Жəнібек, Ахмет Байтұрсынұлы, ...).

Таңжарық батырдан үш ұл → [Бектібай, Бетжан, Момын би]. Бектібайдан бір ұл → [Мейрам сопы].

Бетжаннан бір ұл → [Бəсентиін].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Момын биден сегіз ұл → [Ақсопы, Арықсопы, Қарасопы, Күреңсопы, Тамбысопы, Нəдірсопы, Кенжесопы, Темірсопы].

Ақсопыдан екі ұл → [Жалықбас, Қамбар].

 Бұл екеуінің ұрпағы Арғын-Қаракесектің құрамына еніп, қаракесек болып кеткен.

 Тамбысопының ұрпағы Арғын-Қуандықтың құрамына еніп, Қуандық болып кеткен.

Қарасопыдан екі ұл → [Атығай, Қарауыл].

 «Олардың Атығай-Қарауыл болып бірге аталатыны осыдан»,- дейді профессор М. Алпысбес (Алпысбес М. Сүйіндік Айдабол бидің ұрпақтары: тарихи-генеалогиялық зерттеу. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы. – 2010. – 476 б.). Мақсат Алпысбесұлының пікрінше, Момын биден тараған жеті атаны қазақ Жеті Момын дейді. Шежіре одан бері тараған атаға сай, өзіндік құрылымы бар дүние ғой, жазыла беретіні белгілі. Зейнолла Құрманəліұлының шежіресінде Арғын əулеті жақсы таратылса да, бір айып бар. Ол

    • Ақжолға дейін арғынның ұраны болған Қарақожа батыр жоқ. Қарақожа батыр туралы шынайы деректі белгілі ғалымдарымыз Р.Сыздықова, М.Қойгелдиев анықтады (Қадырғали би Қосымұлы жəне оның жылнамалар жинағы. – Алматы: 1991. – 252 б.).

 Қазақ елінің тарихы өзінің тайпалық-рулық құрылымымен тығыз байланысты екендігі белгілі. Қалаймыз ба, қаламаймыз ба, бұл – біздің ұлттық тарихымыздың басты сипаты. Тайпалық-рулық қауымдастық жаңа заманға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алып, кешегі XX ғасырдың 30-шы жылындағы кеңестік дəуірдің берік орнығу кезеңіне дейін ата-бабаларымыздың əдеуметтік, саяси- шаруашылық өмірімен тығыз, біте қайнасып, өрбіп келді. Бұл – тарихта дəлелдеуді қажет етпейтін қағида!

 Кеңестік тоталитарлық жүйе жалғыз рулық қауымдастықты ғана емес, оның негізінде қалыптасқан қазақ халқының өзіндік рухани болмысын, дəстүрлі шаруашылыққа негізделген тұтас өмірін күйретіп жіберді.

Бүгінгі күні шүкіршілік, біз адамзат қоғамының жаңа даму сатысы

    • өркениетті демократиялық қоғамға ұмтылудамыз. Бұл планетаның басым көпшілігі қабылдаған, басты мақсатқа бағытталған, біркелкі дамудың негізгі ұстанымы екендігі күмəнсіз. Тəуелсіздік алған еліміздің осындай айқын жолдағы аршынды қадамдары халқымызды рухани рухтандырып, саяси сергітіп қана қоймай, өзіміздің өткенімізді танып білуге деген ғаламат құштарлықты, ынтаны

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жоғары деңгейге көтеріп жіберді. Бұл оң қолы мен сол қолын танып, еңсесін көтеріп тəуелсіз ойлай бастаған кез-келген халыққа тəн жаңа қасиет пен сипат емес пе?! Сондықтан болар, біздің зиялы қауым төл тарихымызды жазуға, жариялауға белсенді бет бұрыс жасап үлгерді. Мұның өзі елімізде ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қолдау да тапты. Арнайы «тарих жылы» да жарияланды.

 «Қарақожа» – Арғын тайпасының «Ақжолға» дейінгі ұраны болған. Мұндай тұжырымға шежірелік материалды талдау арқылы көзіміз жетті.

 Енді тарихи жырлар мен жазба деректердегі Қарақожа есімді тарихи тұлғаға назар аударып көрейік. 1358-1419 жылдары өмір сүріп, өмірінің соңғы 40 жылдық кезеңінде Алтын Орданың саяси тарихында терең із қалдырған, алып империяның уақытша билеушісі болған жəне Ноғай Ордасының қалыптасуында маңызды рөл атқарған маңғыт биі – Едіге жөнінде жазба деректерде де, ауызша əдебиеттерде де материал өте көп. Сондай материалдардың біріне

  • «Едіге» туралы жыр, дастан, эпостар жатады. Қазіргі күнде бұл жырдың 20-ға жуық нұсқасы белгілі.

 Едіге туралы жырдың Ш.Уəлиханов нұсқасы мен Қ.Сəтбаев нұсқасында Алтын Орда ханы Тоқтамыстың (1380-1395) тоғыз батырының əрі кеңесшісінің бірі, Арғын тайпасының бегі – Қарақожа батырдың есімі ұшырасады. Жырдың басты кейіпкерлері

  • Едіге мен Тоқтамыс. Бұл екі тұлғаның тарихтағы орны мен рөлі анықталып, айқындалған. Алтын Орда тарихында Тоқтамыс ханның билік құрған жылдары Едіге би оның қарсыластарының бірі болып, Әмір Темір жағына шығады. Ал 1395-1419 жылдары аралығында Едіге алғашында Тоқтамыспен, одан кейін оның ұлдарымен күрес жүргізгендігі жазба дерек мəліметтерінде жақсы сақталған.

 Жырдағы басты тарихи тұлғалар мен олардың арасындағы күреске қарап, жыр оқиғасының XIV ғасырдың соңғы жəне XV ғасырдың алғашқы ширегінде болғандығын анықтау еш қиындық туғызбайды. Олай болса, арғынның басшысы əрі батыры Қарақожа Едіге мен Тоқтамыстың замандасы болған. Сол жырда:

Көшкенде көшін айланған, Өткір семсер байланған. Жау қарасын көргенде, Жауар күндей торланған. Кетер құстай сайланған,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Бір Алладан қашан да, Тілек тілеп зарланған. Арғындардың басы едің, Қарақожа батырым! –

деп суреттеледі.

 Тоқтамыс ханның тоғыз кеңесшісі, əрі биі мен батыры кім болған десек, олар – Құдайберді батыр, Мүйтен тайпасының өкілдері қос Дəулет батырлар, Қара қыпшақ Қобыланды батыр, Уақ батыр, Шуақ батыр, Кеңес ұлы Кеңжанбай, атақты Сыпыра жырау жəне біз əңгіме етіп отырған арғыннан Қарақожа батыр.

 Жоғарыда келтірілген суреттеуден Қарақожаның тек батыр ғана емес, сонымен бірге əулие немесе пір-ишан сияқты дінбасы болғандығын білуге болады. Оған: «Бір Алладан қашан да, Тілек тілеп зарланған Арғындардың басы едің», – деген жолдар дəлел болады. Жоғарыда айтылғанды түйіндей келе, «Едіге» жырының нұсқаларындағы Қарақожа батыр туралы деректер оның есімі бүкіл Арғын тайпасына ұран болуға лайық екендігін көрсетеді.

 Сондай-ақ, Қарақожа батырдың есімі ортағасырлық жазба дерек мəліметінде де кездеседі. Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» (1602 жылы жазылған) атты еңбегінің «Тоқтамыш хан» деген дастанында: «Бұл Тоқтамыш хан Еділ бойында өтті. Тайқожа ұланның ұлы еді. Оның хикаялары əртүрлі (сипатта) мəлім жəне белгілі. Құтлу Қия ұлы Едіге Кучук оның кеңесшісі (серігі) еді. Бір уақытта оның көңілі қалып, Едіге Кучукке қаһарын төгіп, өлтірейін деді. Одан құтылып, неше жылдар өткен соң Темір бектің əскерін бастап келіп Тоқтамыш ханды қашырды. Темір бек күшінен (сипатынан) Тоқтамыш хан солтүстік тарапқа қашты, аштықта, сусыздықта болып жүрді. Содан соң қарауылға Ятым батырды, одан кейін Тобал батырды, одан кейін арғын Қарақожаны қойды. Өздері бірнеше нөкерлерімен (дем алуға) жатып еді. Едіге-Кучук ұлы Нураддин əскер қолбасшысы еді. Ол қарауылды, əуелі Ятым батырды, содан соң бəрін қапысын тауып өлтірді. Хан нөкерлерімен бейқам еді, оларда опат болды...», – деп баяндалады.

 Бұл жазба дерек мəліметі бұған дейін, біз айтып отырған Қарақожа батыр жөніндегі шежірелік материалдар мен тарихи жыр деректерін одан эрі толықтыра түседі. Сонымен бірге кейбір тарихи оқиғаны нақтылап та береді. Тоқтамыстың Алтын Орда тағынан айырылып Сібір жақта қашып, тығылып жүруі 1396-1405 жылдар аралығына сай келеді. Осы деректе біріншіден, Қарақожа Тоқтамыстың

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қарауылы болды делінсе, екіншіден, олардың бəрі бір мезгілде қаза тапқандығы хабарланады.

 Олай болса, Тоқтамыстың сенімді серігі, кеңесшісі əрі батыры болған Қарақожа (Қазы) батыр Тоқтамыспен бірге 1405 жылы көктем айында қаза табады. Ал, олардың жерленген жері белгісіз.

 Арғын тайпасының ұранына айналған Қарақожа (Қазы) батыр туралы ой-пікірді қорыта келе мынадай тұжырым жасалған:

 Бірінші, Қарақожа – əрі батыр, əрі ірі дін басы, əрі хан кеңесшісі жəне бек ретінде белгілі болған ХІV-ХV ғасырлардағы қазақ тарихындағы ірі тарихи тұлға.

 Екінші, оның беделі мен даңқының зор болуы – жазба деректе де тарихи жырларда да жəне шежірелік материалдарда да оның есіміне ойып орын береді.

 Үшінші, атақ-даңқымен бірге «Арғындардың басы болған» Қарақожа батырдың есімін елі ол қаза тапқаннан кейін ұранға айналдырған.

 Төртінші, уақыт өте келе, арғындар «Ақжолды» жалпы ұранға айналдырады. Ел есінде Қарақожа есімі ұмытылмай, сақталып қалады.

 Есімі Арғынның ұранына айналып, аты тарихта ұмытылмай қалған Шора батырдың ұлы, Қотан тайшының əкесі Қарақожа батырдың тұлғасы, міне осындай! Ал енді, «Қарақожадан» кейін Арғындардың жалпы ұранына айналған Ақжол деген кім екен, соған тоқтала кетейік.

 Дерек мəліметтеріне жүгінсек, Ақжол туралы шежірелік материалдар мен ел аузынан алынып, XX ғасыр басында ғылыми айналымға енгізілген тарихи əңгімеде баяндалады. Шəкəрім Құдайбердіұлы 1911 жылы жарық көрген көпшілікке танымал еңбегінде Арғыннан Қотанды, одан Дайырқожаны таратады да, Дайырқожаның лақап аты – Ақжол деп түсіндіреді. Одан əрі Ақжолдың бəйбішесінен – Қарақожа, тоқалынан – Сомдық деп, Қарақожаның бəйбішесінен – Мейрам, ал Момын атты тоқалынан – Қара сопы, Кенже сопы, Бəсентин туған, – деп жазады.

 Дайырқожа би əділдігіне байланысты – Ақжол би атанған. Ақжол биді қапысын тауып, Қарақыпшақ Қобыланды батыр тау ішінде атып өлтіреді. Қобыландыны арғын жігіттері өлтіріп, Ақжолдың кегін аламыз дегендері ертеде жыр-дастан болған. Бірақ Әбілқайыр хан оған келісіп, өлтірпейді. Сол заманда атасы Қотан тайшы айтқан деген толғау бар.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?!, Сексеннен асып, таянғанымда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме, жұлының! Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы, ұлының!

Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде, құрыдың, Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?!

 Кейбір деректе «Ақжолды өлтірген – Қарақалпақ Қолдауын батыр» делінеді (Бейсетаев Р. Сүзге ханым //Төртінші билік, 8.09.2014, № 29-30).

 Мейрам сопы – тарихта шын болған адам, Арғынның рубасы, Қасым ханның кеңесшісі-əскербасы. Қазтуған жыраудың бір шумақ жазбасын Сүзге ханымның сұлулығына байланысты шынайы дерек деп білуіміз керек. Мейрам Керей, Жəнібек хандардың кезінде өмірге келіп, Қасым ханның ақылшысы, кеңесшісі əрі сардары болған, – мемлекет қайраткері. Оның сом тұлғасын сол кездің өзінде- ақ Қазтуған жырау өз толғауына қосқан. Қазтуған жырау Мейрам сопының біраз жас кішілеу замандасы, сипаттауына қарағанда əрі таныс-біліс адамы болса керек. Оның бейіті Маңғыстауда, Шетпеде деседі.

Бес сопы ағайынды, Мейрам шешен, Арғынның тайпасына, болған көсем. Көркіне көз тоймайтын, сұлу еді, Өзі батыр, қартайса да, нұрлы əсем.

(Қазтуған жырау, XV-XVI ғғ.).

XII-XVI ғ.ғ. өмір сүрген арғынның Мейрам тарауы

 № рет

Бабаның тегі, аты

Туған жылы

 Туған Жыл аты

Өлген жылы

Туған жері

1

Арғын

1156

1262

2

Қаратай

3

Марал

4

Қазы (Қарақожа)

1338

Барыс

1405

5

Шора

6

Қотан

1370

Ит

1460

7

Қаратабай

1386

Барыс

8

Ақжол (Дайырқожа)

1404

Мешін

1456

9Таңжарық

10 Бектібай

1422

Барыс

11 Мейрам сопы

1470

Барыс

1550

12 1. Қуандық

1496

Ұлу

13 2. Бегендік

1500

Мешін

14 3. Шегендік

1502

Ит

15 4. Болатқожа

1506

Барыс

16 5. Сүйіндік

1512

Мешін

17 Олжагелді (Қаржас)

1550

Ит

18 Суғыншы

1536

Мешін

19 Сүзге

1548

Мешін

1582

 Мейрам сопыны қариялардың айтуымен өлеңге салып, көркем сипаттау берген Баттал ақсақал болыпты:

Аршын төс, кең иықты, ұзын бойлы, Өткір көз, биік қабақ, терең ойлы. Қыр мұрын, түзу мойын, қараторы, Тұтасып кеткен дене, арқа жоны,

деп суреттеген. Тағы бір шумағы:

Төрт арыс Орта жүздің, шын баласы, Арқаның толған елге, сары даласы.

Қарақожа бабамнан, Арғын туып, Дəулетке, сонда толған, айналасы.

 Бұл арада, Мейрам сопыны қараторы деп суреттеуі шындықтан тым алшақ пікір. Біздіңше, бұл жоғарыдағы дерек беруші қариялардың өз түрлеріне сайып айтылған сөз болса керек. Ауызша дерекке сай Ақжол да, Мейрам сопы да, би Сүйіндік те бойы ұзын, көк көз сары, ерекше бəденді адам болған делінеді. Ақжол бидің ерекше бəденді болуы, ал Қобыланды батырдың аса ірі (бойы – 194 см, иығының жалпақтығы 138 см; антрополог О.Смағұлов дерегі) əрі ұсқынсыз болуы «Ақжол бидің өліміне себеп болды» делінетін əңгіме ел арасында бар.

 Бес Мейрам баласы адамының беделі мен дəулеті турасында Наушанбайұлы Нұржан шежіресінде:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Мейрамның кіші қатыны Айнакөзден, Осы жерде қалың Арғын екі жікті.

 Бегендіктен → Қозған, Шегендік → Қақсал, Болатқожа → Қаракесек, – деп айтылатын шежірелер де бар.

Бегендік, Шегендікке жəне келдік, Қуандық мырза, төртінші би Сүйіндік. Үш жүздің баласы бас қосқанда,

Байлық, бақыт осыларда, һəм үлкендік.

 Міне, би Сүйіндіктің жеңгесі – Бегендік əйелінен көрген жалғыз ұлы – Суғыншы, жалғыз қызы – Сүзге (Өз анам Бибімəрия Әбубəкірқызы: «Олардың азан шақырып қойған аты Суғұншұ жəне Сүзгүншү» деуші еді). Сүзге – Мейрамсопының бəйбішесі Нұрпаядан көрген кенже немересі. Сүзгенің сұлулығы аңызға айналған Мейрамсопы сұлулығының көшірмесі, ал көзінің қаралығы өз анасының (Кіші жүз қызы) көзіне тартқан дейміз. Олай дейтініз Нұрпая анамыздың өзі, жеңгесі, күтушісі (Қарқабат) жəне кейін келіндерінің көбі Сыр бойындағы Кіші жүз қыздары болғаны тарихтан белгілі. Қарқабат анамыз Кіші жүздің Қаракесек атасының қызы. Болатқожаның Қаракесек атануының негізгі себебі осы – анасы бойынша. Ал, Болатқожаның Қаракесек атануының басқа себептері – қазақ ішіндегі қызғаныш пен мұқатудың белгісі.

Қорытынды: Сібір аңызына айналған Сүзге сұлудың төркіні

    • арғын Бес Мейрам (Қуандық-Бегендік-Шегендік-Болатқожа- Сүйіндік), оның ішінде Есілдегі Төртуыл (Бегендік-Шегендік- Сүйіндік-Қаржас) атасы, ал туған үйі – Есіл билеушісі Сүйіндік би шаңырағы.

ЖЕНЩИНА В ТРАДИЦИОННОЙ КАЗАХСКОЙ СЕМЬЕ:

ИСТОРИЧЕСКИЙ АСПЕКТ

 Родовыми представлениями пронизана вся общественная и социальная жизнь казахов. В семейных отношениях родовой быт выражался в господствующем положении мужчины. Вся власть в семье принадлежала мужчине. Система властвования в казахской семье основывалась на нормах обычного права (адат). Внутрисемейные отношения в традиционной казахской семье носят иерархический характер. В статусном отношении первую властную позицию занимал отец семейства, за которым в семейной иерархии следовали жена (мать), и дети, в зависимости от относительного возраста. Эта схема иерархических отношений отражала объем прав и обязанностей членов семьи.

 Разграничение функций по полу и возрасту определяло уровень прав и притязаний каждого члена семьи. При сопоставлении ролей мужа и жены легко заметить, что они делятся на вне – и внутриродовые. Внедомашние функции были закреплены за мужем, внутридомашние роли ассоциируются преимущественно с женой. Роли подразделялись на мужские и на собственно женские. Главой семьи считался мужчина. Он был главной властной фигурой. Остальные члены семьи (жена, лети, внуки) повиновались ему. Для реализации властных функций мужчина (муж) прибегал к использованию или применению различных норм казахского обычного права. Властные функции главы семьи выражались в том, что он охранял женскую верность и существовавшие представления о половой строгости. Это находило отражение в традиционном поведении женщин. Она не имела права выходить куда- нибудь без

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ведома мужа. При выходе из дома ее должны были сопровождать кто-либо из старших детей или другие родственники.

 Владыка семьи имел право на, только ему принадлежавшее место в юрте. Это место было наиболее почетным, оно уступалось только лишь старшему по возрасту или гостю. Главенствующее положение первого лица семьи выражалось и в том, что он первым начинал трапезу. Мужчина (муж) в семье имел определенные права и обязанности: право на многоженство, право на имущество, право голоса в решении внутрисемейных проблем, право на участие во внутриродовых или межродовых распрях, право отделения старших детей с выделом (енпп). Муж в семье обязан был следить за скотом, косить и собирать сено, сажать и убирать урожай, воспитывать сыновей, доброжелательно относиться к дочерям и успешно выдать их замуж с хорошим приданным, защищать семью и аул от нападения извне, должен был по призыву родоправителей защищать свою землю от внешних врагов, приоритетное право главы семьи видно из установившегося отцовского права. В народе думали, что сын – это гарантия продолжения рода. Когда рождался мальчик, то появлялась надежда, что он будет продолжателем рода и традиций отцовской семьи.

 В неразделенной семье (коллектив разновозрастных и разнопоколенных людей) властью наделены были престарелые родители. Все члены семейного союза смотрели на них, как на мудрых людей, у которых большой опыт жизни. Мудрость и житейский опыт аксакала давали ему основные права во внутрисемейных отношениях. Седобородый аксакал олицетворял живого прародителя большого семейного клана. Поэтому, пока жил старец, никто не оспаривал его власть и не претендовал на нее. Знание позволяло отцу большого семейства обращаться к опыту предшествующих поколений. Такие традиционные особенности отношений между старшими и младшими членами семьи позволяли отцу семейства удерживать в своих руках власть и управление в семье.

 В традиционном казахском обществе положение женщины резко отличалось от места и роли женщины у ортодоксально – мусульманских и оседло-земледельческих народов. В условиях кочевого образа жизни не оставалось места для женского затворничества. К тому же половина хозяйственных функций в условиях скотоводства (уход за молодняком, дойка коров, кобыл,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

овец; обработка молочных и мясных продуктов) ложилась на женщин. Все это в определенной степени определяло если не равноправное с мужчинами положение женщин, то сравнительно свободное, нормально правовое положение.

 В большой неразделенной семье статус женщин был разный. Были женщины, которые занимали более высокий статус. Во- первых, она была старше возрастом, ее социальный опыт считался больше. Она была первой женой. Эту женщину называли байбише. Она имела статус старшей жены. В «Материалах по казахскому обычном) праву» об этой категории женщин написано: «Старшая из них имеет надзор над домом, имуществом и детьми мужа» [1]. А.И.Левшин о статусе байбише писал: «Старшая или первая жена называется байбича (байбише). Муж должен иметь уважение к ней» [2].

 Был статус также и младшей жены. Ее называли токал. Ее права были ограничены. Эти женщины разделялись не только по своему статусу, но и по функциям и месту жилья. И.Г.Андреев пишет, что

«жен они (мужчины) имеют по достаткам: от одной до семи и более, для коих имеют особые юрты или аулы» [3]. Глава семьи должен был оберегать жен своих от взоров посторонних мужчин. Для этих целей для жен были отведены специальные юрты, и даже аулы.

 А.И.Левшин пишет, «сколько бы жен киргиз не имел, всякая из них при малейшем его достатке, живет в особой кибитке или юрте» [2]. Четко были распределены функции между байбише и токал. Байбише руководила младшими женами только в период определенных праздников, торжеств в семье. А в обыденной жизни каждая имела свое отдельное хозяйство, управляла и властвовала там сама.

 Общим для этих женщинбылото, чтоони не имели имущественных прав. После смерти мужа имуществом распоряжались только старший взрослый сын или родственники мужа.

 В казахском традиционном обществе издавна существовал институт многоженства. Многоженство бытовало также у бурятов, якутов, алтайцев, хакасов, тувинцев, монголов [4]. Развитие многоженства связано с установлением господства мужчин, возникновением имущественного неравенства в обществе. Много жен могли иметь только состоятельные люди. Такую информацию давали дореволюционные исследователи казахского кочевого общества – Н.Гродеков, Х.Куетанаев [5].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Существовали различные причины многоженства. В основном вторую жену браги из-за бездетности первой, из-за отсутствия сына, в силу традиций левирата, из-за болезненности супруги, неспособности управлять домашним хозяйством, или просто из- за прихоти богача, стремившегося удовлетворить свои желания увеличить потомство и получить новые рабочие руки в свое хозяйство. По словам Н.Гродекова, мужчины имели право содержать до 4 жен [6]. А.И.Левшин писал, что у хана Нуралы (XVIII в.) было 16-17 законных жен [2]. От этих жен хан Нуралы имел 75 детей, из них 40 сыновей. Один из батыров шомекеевского рода, живший в конце ХVІІІ-начале XIX в.в. – Котебай, упоминаемый Кобеком Шукурали-улы в 1803 году в записке оренбургскому губернатору Волконскому, имел 30 сыновей [7].

 Действительно многоженство было условием многодетности. Авторитет и влияние казаха среди населения определялись богатством, а также количеством взрослых сыновей. Многодетность была одним из условий большой силы не только для рядового казаха, но и ханов. А.И.Левшин об этом писал: «Трудно и даже едва ли возможно определить степень власти начальников казахского народа. Границы оной зависят от множества обстоятельств частных и расширяются по большей части не столько твердостью характера и правосудием лица повелевающего, сколько многочисленностью его семейства, богатством, старостью лет, происхождением и умением пользоваться, кстати, льстить буйству, иногда покровительствовать оное, а иногда карать и преследовать без пощады» [7]. Многоженство увеличивало хозяйство богатого казаха, так как каждая его жена была наделена отдельным хозяйством. Институт амангерства также содействовал многоженству казахов. Даже если у амангера 1 -2 жены, он все равно по древней казахской традиции, забирал жену брата с ее домохозяйством. Тем самым увеличивал число своих жен. Обычно такие жены жили отдельно своим хозяйством, но находились под защитой амангера.

 Развитию многоженства способствовал также захват пленниц во время военных действий батырами, ханами. Причем женитьба их облегчалась тем, что не надо было платить калым. Примером могут послужить много жен хана Аблая, среди которых были киргизки, каракалпачки, калмычки [8].

 Итак, институт многоженства показывал мощь, богатство, знатность данного казаха, которые впоследствии и сыграли большую

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

роль в захвате власти в роде.

 Обязанностями женщин (жены) было готовить пищу, шить одежду, прясть шерсть и ткать апаша, доить коров, стирать белье и убирать дома, обрабатывать молочные и мясные продукты, во время перекочевки разбирать и собирать юрту, воспитывать детей, ухаживать за пожилыми родителями мужа. 'Гак как большая часть домашних забот было на ней, она была первым помощником своего мужа. Муж иногда семейные дела согласовывал с мудрой, умной женой. В случае отсутствия мужа, женщина брала бразды правления в семье в свои руки и самостоятельно решала все житейские вопросы. Таких женщин очень уважали, они пользовались большим авторитетом не только в семье, но и в ауле. Женщина не имела права называть своего мужа по имени, выходить куда-то без сопровождения родственников мужа, не имела имущественных прав, не имела права голоса в решении внутриродовых и межродовых проблем.

Литература:

  • Георги И. Описание всех обитающих в Российском государстве народов и их житейских обрядов, обыкновений, одежд, жилищ, вероисповеданий и прочих достопримечательностей. – СПб., 1799. – ч.П. – с. 125.
  • Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. –Алматы, 1996. – с. 656.
  • Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы: Ғылым, 1998. – с. 64 (280).

4. Народы Сибири. – М.Л., 1956. – с. 239,247,307,391,465,526.;

Очерки общей этнографии.Зарубежная Азия. –М., 1959. – с.132.

  • Кустанаев X. Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинского уездов. – Ташкент, 1894. – с. 330.; Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр- Дарьинской области. Юридический быт. –Ташкент. – 1889. – Т. 1. – с. 84-85 (320).
  • Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быт. –Ташкент. – 1889. –Т.1. – с. 320.
  • Баллюзек А. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой киргизской орде силу закона. // Записки Оренбург, отд. ИРГО, 1871- Вып.П. – с. 134.
  • Арғынбаев X. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 65 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Жəзира НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ,

«Болашақ» университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Айғаным ЖҰМАБЕКОВА,

филология магистранты

«ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҰЛТТЫҚ-МƏДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ

 Гендерлік лингвистика тіл білімінде жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым. Ал «гендер» ұғымы жынысты биологиялық тұрғыдан емес, оны əлеуметтік-мəдени құрастырылым ретінде айқындайды. Гендерлік зерттеулер аясына «жыныс»,

«гендер», «гендерлік рөлдер» сияқты ұғымдар енеді. Қарым-қатынас процесінде ер адамдар мен əйел адамдар арасында гендерлік ерекшеліктер байқалады. Адамның жынысқа бөлуіне қарай ерлер мен əйелдердің мінез-құлқы, іс-əрекеті ажыратылып отырады, олар түрлі қызмет атқарады. Тіл арнаулы «еркектік» жəне «əйелдік» болып бөлінбесе де, олардың сөйлеу əрекетіндегі мінез-құлқына қарай айырмашылықтар байқалады. Антропоцентрлік парадигмадағы гендерлік лингвистика қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, ұлттық-мəдени ерекшеліктермен, халықтың əдет-ғұрпы, салт- дəстүрі, наным-сенімдерімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді.

 ТМД елдерінде көптеген гендерлік топшылаулар, ой- тұжырымдар, зерттеу еңбектер жарық көрді. Атап айтсақ, Е.М.Бакушева ерлер мен əйелдер тіліндегі эмоционалдық мəселесін қозғаса, Г.Вэшле ерлер мен əйелдердің мамандығына, кəсібіне байланысты тілдік ерекшеліктерін қарастырады. Е.Г.Голян ауызекі сөйлеу тіліндегі ерлер мен əйелдердің айырмашылығын зерттесе, Д.О.Добровольский гендерлік зерттеулердегі феминистік идеологияның критерийлері мен ғылымилығы жөнінде сөз қозғайды. Е.А.Земская əйел тілі мен еркек тілінің функционалдық қызметін анықтаса, А.В.Кирилина гендерлік лингвистиканың даму жолдарын, орыс паремиологиясындағы əйел дауысын, гендерлік стереотиптер туралы жан-жақты талдау жүргізді. Дж.Лаккофф гендерлік лингвистиканың когнитивтік семантикамен байланысын

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қарастырса, Н.А.Красавский паремиологиядағы əйел образының бейнесін анықтайды. Зерттеушілер өз еңбектері арқылы гендерлік бағытты дамытты. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап гендерді лингвистикамен байланыста қарастырған ғылыми зерттеулер жарық көре бастады. Зерттеуші А.В.Кирилина өз еңбектерінде «гендер» жəне «жыныс» ұғымдарын ажыратып берді: «Гендер (социальный или социокультурный пол) не является языковой категорией, но его содержание может быть раскрыто путем анализа структур языка, что объясняет востребованность лингвистической компетенции для изучения культурной репрезентации пола» [1, 133]. XX ғасырдың 80- шы жылдарынан бастап гендерлік зерттеулерге арналған еңбектер көбейе түсті. Тіл білімінде жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым – гендерлік лингвистика пайда болды. Гендерлік лингвистика теориясын, əдістемесін талдап-түсіндіруде батыс лингвистері Дж.Лакофф, Д.Спендер, О.Есперсон, орыс лингвистері А.В.Кирилина, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова елеулі үлестерін қосты.

 Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипатқа ие. Гендер факторы қазақ ағартушы, зиялыларының еңбектерінде де жиі ескеріліп отырған. Қазақ гендерлік лингвистикасының негізін қалаушы көрнекті ғалым, тұңғыш профессор Қ.Жұбанов əртүрлі халықта əйелдер тіліне тəн ерекшеліктер болатынын көрсеткен. Ғалым еңбектерінде əйел тілінің спецификалық ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Қ.Жұбанов «Күншығыстағы əйелдер тұрмысы ерекше жағдайда болғандықтан, əйелдерге арнаулы түрлі əдет-ғұрып өзгешеліктері мұнда жиі ұшырайды. Сол əдет- ғұрып өзгешеліктерінің бірі – осы күнге шейін Кавказда армян, грузин, түріктер арасында сақталған əйелдердің ым тілі. Жаңа түскен келіншек қай жерде бір айға, қай жерде бір жылға шейін ата-енесімен дыбыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Бұл тілді армяндар «нашнауар» дейді. Нашнауар сондай бай, сондай дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ сияқты. Мұндай, əйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, əйел тілінің өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі – əйелдерде ғана болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). Бұлар əйелдердің специфик тілі болып табылады»,- дейді [2,41].

 Кейінгі уақытта отандық тіл білімінде гендерлік тұрақты тіркестердегі əйел лексемасын қарастырған А.Смайловтың зерттеу

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

еңбегінде [3], қазақ əйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мəдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік деректерді лингвомəдени бағытта айқындап, əйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысынан түсіндірген А.Байғұтованың кандидаттық диссертациясында [4], əйел қолөнеріне байланысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты мен ономасиологиялық негіздерін жан-жақты зерттеп, əйел қолөнеріне қатысты атаулардың табиғатын тілдік жəне тілдік емес факторлар арқылы анықтап, оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мəдени өмірдегі орнын, этномəдени мазмұнын қарастырған А.Әлімжанова [5] еңбектерінде қарастырылған. «Әйел», «Ер адам» концептілері кез келген мəдениетте кездесетін концепт болғандықтан, əмбебаптық сипатқа ие. Дегенмен, бұл концептілердің белгілі бір қоғамға тəн нақты ерекшеліктері де бар екені анық [6, 65].

 «Әйел» концептісі барша халыққа ортақ концепт болғанымен, əр халықтың менталитетіне, дүниетанымына орай оның концептосферасы айқындалып отырады. Әйел затына байланысты қазақ тілінде көптеген мақал-мəтелдер кездеседі. Әйел атаулыны сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, əлеуметтік орны, туыстық байланысына қарай атаулары да əртүрлі лексемалармен беріледі. Мысалы, «əйел» концептісінің туыстық қатынастар аясына қыз, келін, ана, жеңге, абысын, ене лексемалары енсе, қоғамдағы əлеуметтік орнына орай бəйбіше, тоқал, жесір лексемалары қолданылады. Ал жас ерекшелігіне орай қыз (бойжеткен, қалындық, келін, келіншек), əйел (жұбай, жары, қосағы), бəйбіше (тоқал, жесір), кемпір (əже, кейуана) ұғымдарын жатқызамыз.

 Мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттер ғалымның тілдік бейнесіндегі ана образын сипаттайды.

«Əйел – ана» когнитивтік моделі аясына: Ана болған дана болады; Ананың алақаны балаға айдынды қоныс; Мылқаудың тілін анасы біледі. Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді; Ана жақсылығын ауырсаң білерсің; Ақ жаулығы ананың – ақ көрпесі баланың; Ананың басқан жерінде пейіш бар; Ана баласын арыстанның аузынан алады; Анасыз үй – панасыз; Ағайынның алтын сарайынан, Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, Қарызынан да құтыла алмайсың; Ананың жыртық лашығы артық; Алты жеңге бірігіп ана болмас; Ағайын – алтау, Ана – біреу; Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды; Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа т.б. мақал-мəтелдер енеді.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 «Əйел – үйдің берекесі» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік бейнесінде «жақсы əйел» ер адамның жақсы қасиеттерін асырып, жаман қасиеттерін жасырып, отбасының түтінін түтетіп, үйдің берекесін, ырысын молайтатын жан екені сипатталады. Əйел үйдің көркі, Еркек – түздің көркі; Əйел – үйдің ажары; Үйді қырық еркек толтыра алмайды, Бір əйел толтырады; Əйел – үйдің ұйытқысы; Əйел үйдің қазығы. Əйел өлсе, үйің кетеді, басыңнан күйің кетеді; Еркек үйдің иманы, əйел үйдің жиғаны.

 «Əйел – адал жар» когнитивтік моделі. Дүниенің гендерлік бейнесінде əйелге отбасы ұйтқысы ретінде берілген ерекше орын паремиологиялық бірліктерде жиі кездеседі. Ер адамды ер етіп, ел ішінде атағын асқақтатып, оның отбасының түтінін түтетіп, жақсысын асырып, жаманын жасыратын да əйел екені сипатталады. Төменде келтірілген мақал-мəтелдер «əйел» концептісіне жағымды коннотация үстейтін ұғымдар əртүрлі тілдік қолданыстар арқылы суреттелгенін көрсетеді. Жақсы əйел басындағы бағың, астындағы тағың; Ер жолдасы қатыны, Ақ жаулығы болмаса; Жақсы əйел – теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.

 «Əйел – үлгі» когнитивтік моделі. Жақсы əйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар; Жақсы əйел – үй дəулеті, Жақсы шапан – той дəулеті;

 Дүниенің паремиологиялық бейнесінде əйел бейнесін сипаттайтын жақсы-жаман қасиеттер қатар қолданылып, «əйел» концептісі төңірегінде жүйеленген ассоциативтік өрісін көруге мүмкіндік береді: Жақсы əйел – зейнет, жаман – əйел бейнет; Жақсы əйел жаман еркекті түзетеді; Атың жақсы болса – пырағың, Қатының жақсы болса шырағың; Жақсы əйел жаныңды марқайтады, Жаман əйел ерте қартайтады; Жақсы əйел жаман еркектің басын хан қылады, Жаман əйел жақсы еркектің басын даң қылады; Денің сау болса – бір бақыт, əйелің жақсы болса – мың бақыт; Жақсы əйел – жігітке біткен бақ, Жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ; Жақсы əйел өміріңді ұзартады, Жаман əйел үстіңе тұз артады; Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір ет, Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет; Жаман қатын төсегінен белгілі, Жаман жігіт есебінен белгілі; Жақсы əйелдің қолы ұзын, Жаман əйелдің тілі ұзын.

«Жаман əйел» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік бейнесінде

«Жаман əйел» стереотиптік үлгісін беретін мақал-мəтелдер «əйелі жаман болса еркектің қадірі кетіп, ел алдындағы абыройы түседі»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

деген ой тұжырымдайды: Қатыны жаман – ер азар, Қарашасы жаман хан азар; Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа; Атың жаман болса, сатып құтыларсың, Қатының жаман болса, қайтып құтыларсың?; Ер жігітті қартайтатын үш нəрсе бар: шабан ат, жаман қатын, өтпес пышақ; Қатының жаман болса, Арманың кетер. Қапа-қасіретпенен заманың кетер!

 «Жаман əйел» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай қасиеттер айрықша сипатталады:

 еріншектік: Еріншек қатынның етегі жыртық, Ерке қатынның еріні тыртық; Еріншек əйел опа жағады, Ерінбес əйел еңбек табады;

 салақтық: Салақ қатын тұтқышқа жарымас; Салақ қатынның үйінен сабақты ине табылмас; Салақ қатынның етін құрт жейді,Терісін ит жейді; Тазалығы қатынның тарағынан белгілі;

 олақтық: Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын сауықшыл; Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер, илеген терісі шіріп кетер; Үш күндігін ойламаған əйелден без; Жанбаса – отын жаман, Жаға алмаса – қатын жаман;

 ұрысқақтық, жеңіл ауыздық: Жақсы əйелдің қолы ұзын, Жаман əйелдің тілі ұзын; Қатының шайпау болса, кісі алдында тіл қатпа; айлакерлік: Əйелдің күші аз, айласы көп; Бұлт шығып жаңбыр жаумай елді алдайды, Əйелдің айлакері ерді алдайды; Бір қу байтал, екі айғырды аш қалдырады; Бір əйелдің айласы қырық есекке жүк

болған; Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті;

 ұятсыздық: Ұятсыз əйел – тұзсыз ас; Шыққан даудың себебін əйелден ізде;

 арсыздық: Арсыз əйел зəрін шашады, Бəрін сатады. Абыройын ашады;

 Қазақ дүниетанымында əйелдерді еркектерден бір саты төмен санаған. Осыған орай шөпжелкен, шүйкебас, салпы етек, төмен етек сияқты лексемалар да қалыптасқан.

 «Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мəтелдер «Әйел- ана», «Әйел-шеше», «Әйел-қыз», «Әйел-келін», «Әйел-тоқал»,

«Әйел-жесір», «Әйел-қатын» образдарын топтай келіп, олардың əрқайсысына тəн гендерлік белгілерді жинақтап көрсетеді. «Əйел- жесір» когнитивтік моделі. Көптеген мақал-мəтелдер жесір əйелдің гендерлік бейнесін сипаттайды. Қазақ халқы жесірін жылатпаған, басқа руға, жерге көшуіне рұқсат бермеген. Осыдан келіп, Əйел ерден кетсе де, елден кетпейді; Жесір қатын жел буаз; Əйелдің ақылын

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жесірінде көр, баланың ақылын жетімінде көр деген сияқты мақал- мəтелдер пайда болған.

 Қорыта келгенде, тіл – этностың өмірінен, оның мəдениеті мен тарихынан, дүниетанымынан, менталитетінен хабар беріп отырады. «Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мəтелдерден əйел бейнесінің ұлттық табиғаты жан-жақты ашылады. Қазақ тіліндегі «Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мəтелдер образ жасауда, ұлттық танымның ерекшелігін көрсетуде, ұлттық дүниетанымды беру мақсатында, этнос болмысын, таным-түсінігін əр қырынан көрсетуде мол ақпарат береді.

Əдебиеттер:

  • Кирилина А.В. Язык и гендер. –Москва: Языки славянской культуры, 2005. – с. 624.
  • Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.
  • Смайлов А. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомəдени сипаты. Филол.ғыл,канд.дисс. автореф. –Алматы, 2008. – 25 б.
  • Байғұтова А. «Қазақ əйелі» концептісінің этномəдени сипаты. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2008. – 143 б.
  • Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі əйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. Филол.ғыл. канд.дисс. –Алматы, 2008. – с. 24.
  • Нұрсұлтанқызы Ж. Қазақ паремиологиясындағы «Ер адам» концептісі //Молодой ученый. – 2014. – №4.1. – 65-67 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Болатхан САРБАСОВ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты

Индира САРБАСОВА,

ШҚО Көкпекті ауданы

Көкжота орта мектебінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТАҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ƏЙЕЛ ТҰҒЫРЫ

 Халқымыз жас ұрпақты оқытып – тəрбиелеу жайында небір сындарлы пікірлер айтқан. «Баланы сүйсең, тəрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, баптау жетілдіреді» – дейтін мақал- мəтелдер баланы құр «айналайын» дей бермей, оны адамгершілікке, имандылыққа, мəдениеттілікке баулуға ой тастайтын нақыл сөздер. Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты – ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тəуелсіздік – дербестікке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тəрбие – ұрпақ үшін күрес

құралы.

 Қыз-келіншек, əйел-ана, əже-кейуана тағылымы өшпес із қалдырды. Ол – қазақ тілінің ана тілі деп аталуы. Мұндай жағдай қазақ əйелінің өзіндік қасиетін де, басқалардан айырмашылығын да танытады. Бұл – əйел қауымына көрсетілген зор құрмет! Әйелдер тек қана ерге ие емес, жерге де, елге де ие, олардың жасаған ісі, қалдырған ізі ақсақалдық мектептен ешбір кем емес, оның əманда тазалығына, жаңарып-жаңғыруына орасан жағдай жасады. Бұл тағылымды жоққа шығаруға немесе елемеуге болмайды!

 М. Әуезов «Адамдық негізі – əйел» деген тұңғыш туындысын (1917) əйел тақырбына арнапты. Ғалым: «Адам баласы – тағы болып, еркегі хайуандық дəрежесінде жүргенде əйелден бала туып, ол балаларының бəрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын адамшылыққа кіргізген – əйел» – депті /1/.

 Ұлы ойшыл осы сөзімен əйел – қоғамның ұйытқысы екенін əйел еркіндікке жетпесе, адамшылық та күрмеулі болатынын қадап

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

айтып, егер, қазақ, мешел болып қалмайын десең, бесігіңді түзе, əйелдің халін түзе! – деп сол тұстың да, қазіргі біздің заманымыздың да ең зəру идеясын ұсынып еді.

 Қазақ елі ел болғалы, қазақ қазақ болғалы өмірбақи анасын сыйлап өткен. Ертеден келе жатан наным-сенімдердің түп тамыры да – ана. Аспанда Тəңірі, жерде Ұмай ана деп табынады қазақтар. Ұмай ана – қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, əулет, отбасының пірі. Мұсылман дінінде бүкіл адамзаттың анасы деп, аналардың анасы деп Хауа ананы құрмет тұтады. Хауа ана – Адам атаның зайыбы. Мұхамед (с.ғ.с) пайғамбарымыз əйел затын аса биік бағалап: «Əуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақылық жаса», деп өсиет айтып кеткен. Бүкіл түркі халықтарына ортақ

«Құтты білікте» Жүсіп Баласағұн былай деп кеткен:

Əйел алмақ болсаң егер, қарарсың, Жіті бағып таңдаулысын аларсың. Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы, Пəк ұлтты болсын жанның тұнығы. Дұрыс үйдің қызы ол, қол тимеген, Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.

Сені сүйіп басқа жанды білмеген, Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін

 деген екен /2/. Қазақ əйелдері ерін, күйеуін бəрінен де биік санап, сыйлап өткен. Өйткені, ол – мал табарың, ол – айбат-қорғаның, ол – төбеңдегі – шаңырақ.

 Осындай тəрбие, иман-адамгершілік, иба-көрегенділік, көрік- сымбат бар ма қазір? Бар əрине. Сырты сымбаттылар көп те, ибалы- имандылар аз. Себеп? Себебі, жат тəрбие, жат əдет-ғұрып, кірме қылық қазақ қоғамын өрмекшідей торлаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген сөз бүгінде өз мəнін жоғалтып бара жатқан сияқты.

 Қазақ тағылымының ортасы үй іші, аулы, руы, аймағы бүкіл атырабы. Осы ортаның бел ортасынан табылатын аналар мен əжейлер еді. Ана-əже-кейуаналардың қимыл-ісі, əрекеттері, ой-қиялы, бар арман тілегі, мақсат-үміттері, елжіреу-еміренулері келешек ұрпақ еді, сол ұрпақ жолында өлімге де басын байлайтын еді, адам төзбес қиындықтарды басынан кешіруге де даяр еді /3/.

 Есімін мəңгіге қалдырған аналар қаншама! Олар сұлулықтың символы болды, оларды ерекше қастарлеген тұспалдар мен

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

поэтикалық портреттер қаншама! Талай-талай ерлер сүйген қызының намысы үшін құрбан болмады ма?

 Қазақ та ақын қыз да, ақылгөй де, батыр қыз да көп болған ғой. Білек күшімен, шешен тілімен, ақыл парасатымен үлгі болатын батыр қыздарымызға тоқтала кеткенді жөн көрдік:

 Томирис – Тұран патшасы Афрасиябтың қызы. Патшайым болып ел басқарған батыр қыз.

 Зарина – Сақ патшасының қыз. Ел тағдыры үшін өз махаббатын құрбан етеді. «Жеке басымның бақытын елімнің еркіндігіне айырбастай алмаймын. Махаббаттан да жоғары нəрсе бар, ол – менің елім», – дейді Зарина.

 Бөрте ханым – Шыңғыс ханның əйелі. Қоңырат тайпасының қызы. Жат елдікке пенде болғанмен ұрпақ тəрбиесінде өз елінің ұлттық тағылымын меңгерте білген.

 Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын – бəсентин Малайсары батырдың қарындасы.

 Есенбике – Олжабай батырдың анасы, үйсін Қарасай батырдың қызы.

Назым – Қабанбай батырдың қызы.

 Айтолқын – Абылай ханның қызы. Бұл батыр қыздарымыз ұлттық намысты ту етіп, халық тағдыры үшін ерлермен бірге қан майданда ерлік көрсеткен батыл жандар.

 Бопай – Кенесарының қарындасы, бес жүз сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен батыр қыз.

 Мамыр – Байқазы арғынның қызы. Шəкəрімнің «Қалқаман- Мамыр» дастанындағы өжет қыз. Өз махаббаты үшін құрбан болған батыл қыз.

 Еңлік – Қарабатыр-Ықан деген кісінің қызы. Шəкəрімнің «Еңлік- Кебек» дастанындағы батыл қыз. Нағыз махаббаттың мəңгі символы ретінде танылған өжет қыз.

 Айбике – Бұланбай батырдың жары, барлаушы сарбаздардың басшысы болған қыз. Талай шайқастарда жауынгерлердің ұлттық рухын көтеріп, ерлікке шақырған батыр қыз.

 Домалақ ана (Нүрила) – Бəйдібек бидің əйелі. Нүрила барлық адамдарға өте мейірімді, ақылды, əулие əйел болған. Домалақ ананың осындай қасиеттерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіріп өссе, онда келешегіміздің көкжиегі одан сайын кеңи түсер еді.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы. Жазушы С.Мұқанов

«Балуан Шолақ» романындағы аналар бейнесін қызықты етіп сомдаған. Өмірде өнегелі болған аналар бейнесі көркем өнерде жас ұрпаққа ғибрат берерліктей тəрбиелік маңызы зор.

 Айша Қобыланқызы – атақты Қожаберген жыраудың жары. Халқымыздың тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезең боп таңбалаған зұлмат замандағы қазақтың мұңы мен зарын, арманы мен аңсарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дəуірдің дауылпазындай дабыл қағып, ерлік пен елдікке үндеген, елге ұран болған əндер шығарған батыл қыз.

Халықтың басына түскен осынау қайғылы оқиға тұсында шыққан

«Елім-ай» жырын қалың жұрт қарт Қаратаудың қанталапай болған өңірінде тұңғыш рет əуелетті. Бұл əн ел аналарының ауызымен айтылып, халықтың ата жұртты аңсаған мұңлы əуені ретінде қазақ жерін шарлап кетті. Қазақ нəрестесін бесік жырымен тербетсе,

«Елім-ай» əнімен батырлыққа, намысқойлық пен бірлікке үндеді. Осы қаралы əн орындалғанда сай сүйегі сырқырамайтын қазақ жоқ. Соны бозторғайдай шырылдай шырқап, артта қалған келесі ұрпаққа ел ұранындай етіп қалдырған аналар есімі – тəуелсіз елімізде мəңгі ұмытылмас бейне.

 Елімізге қауіп төнген кешегі екінші дүниежүзілік соғыста «ер апаларының» ерліктерін жасаған қазақтың Мəншүк пен Әлиясы, Хиуаз бен Шағиласы – шығыс халықтарының мақтаны. Ел басына қиындық түскенде батыр қыздарымыздың ерлігі ерекшелене көзге түсетінін тарих та, өмір де дəлелдеп келеді.

 Алашорда үкіметінің іргетасын қалауға өзіндік үлестерін қосқан əйелдер қауымынан А. Досжанова, Н. Құлжанова, Г. Асфендиярова, М. Шəпенова, Г. Тынышбаева, Ш.Шонанова, Е. Бөкейханова, М. Төгісова, Б. Байбосынова сияқты қазақтың күрескер əйелдерінің есімін үлкен құрметпен атап мақтан тұту – бүгінгі ұрпақ, əсіресе, қыз бала тəрбиесінде маңызы зор демекпіз.

 Желтоқсан оқиғасының батыл қыздары Лəззат Асанова, Сəбира Мұқаметжанова сияқты ұлттық намысты берік ұстаған, ерлік пен елдікті ұран қылған ұлтжанды қыздарымыз қаншама!

 Ақын-жазушылар – халық тағылымының, халық өнегесінің қайнар көзі, халық кеңесшісі, ой елегі, аспандағы қыраны, саңқылдаған сұңқарлары: Шолпан Иманбаева, Мəриям Хакімжанова, Күлəш Ахметова, Марфуға Айтқожина, Фариза Оңғарсынова, Қанипа Бұғыбаева, Ақұштап Бақтыгереевалар сөз өнерінің зергерлері. Олар

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

– сөз шеберлері, талант иелері, талапты, ынталы халық пікірін жөнге салып, соны заман талабына сай да, орайлы да, түсінікті болу үшін, тер төккен, ой еңбегінің тарланбоздары /4/.

 Ақын-жазушыларымыз өзіндік қолтаңбасы бар, актриса-əртіс апайларымыз – туған халқымыздың көзі мен құлағы, ішкі сезімдерінің айнасы, дүниеге көзқарасы, тағылымы, əдемілігі. Олардың сөзлдері мен айтқандары – қазақ халқының тағылымы, намыс пен жігер – қайрат тағылымы.

Осыған орай, ұмытуға болмайтын халық ескертпесі есте жүрсе:

«Қыздарымызға нəзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, əдемілік, инабаттылық, өнерлілік, іскерлік, шеберлік, пəктік, сүйіспеншілік, рухани байлық, адалдық, қайрат-жігері бəрінен де ар тазалығы – осындай қасиеттермен қыздар зор тағылым иесі!»

 М. Әуезовтің «Абай жолы» романында Зере, Ұлжан бастаған барлық келіндерін жинап: «Байлауын байладық. Енді түге, жат жиынның алдында жас балаларыңның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өліге жасаған қызметтеріңнен бастарын кішіреймес. Араз-құраздарыңды ұмытыңдар... Балаларым мен келіндерім, сендер төбеңмен жүріңдер. Отымен кіріп, күлімен шық қонағының... Шалдықсаң да, қабақ шытпа. Қуанып, жарқырап жүріп, күтіңдер!

– дейді елжіреп /5/.

 Бұл келтірілген деректер бүкіл қазақ əйелінің қажыр-қайратын танытады. Үлкендерді тыңдауының өзі – тағылым қазақ қыздарының жөргегінен үйренген мəдениеті. Сол мəдениеті кейіннен қайратқа айналды.

 Қыз бала қай халықта болсын əдемілік пен əдептіліктің, сұлулық пен іңкəрліктің рəмізі. Қыз абыройы – болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мəселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абырой сақтауын қатаң қадағалап отырған /6/. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына байланысты.

 Әр ата-ана, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мəн беріп, қадағалайды. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы ибалы, инабатты болу керек. «Қыз қылығымен жағады» деген мақал содан қалған.

 Әрбір үйдің тірегі, жүрегі бола білген əйел қоғамда да осы сипатқа ие. Қазақ ананы – нарға балаған. Кез келген ананың мақсаты ұрпағын ұлттық рухта тəрбиелеу. Ал мемлекетті қорғайтындар –

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ұлтын сүйген рухты ұлдар мен қыздар. Ана осы рухты сіңірумен де қоғамда басты орын алады. Жас ұрпақтың сана-сезімін ата-ана имандылық, инабаттылық арқылы тəрбиелейді. Жаман əдеттерге тосқауыл қоятын – дін мен ана тілі. Аналар осы екі құндылықты отбасында əрқашан баласының санасына сіңіріп айтуға міндетті.

Əдебиеттер:

  • Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана. – Алматы, 2006.
  • Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі. – Алматы, 1995.
  • Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1994.
  • Тілеужанов Т. Халық тағылымы. – Алматы, 1996.
  • Әуезов М. Абай жолы. – Алматы, 1996.
  • Өмешұлы Ә. Шаңырақ шаттығы мен лəззаты. – Алматы, 1994.

Ұлдай ИБАЙДУЛЛАЕВА,

«El.kz» сайтының жоба жетекшісі, журналист

ФАТИМА – ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДАҒЫ ХАНША

 Өздеріңізге мəлім, Жəңгір (Жиһангер) – Хан Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің төл перзенті. Ол – қазақ тарихындағы соңғы хан. Бұл Ресей императорының екі басты самұрық бейнелі мөрімен расталған ақиқат. Хан сауатты, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жете меңгерген аса дарын иесі, шынайы реформатор, болашақты болжай білген айрықша дара тұлға. Генерал-майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Елбасы Н.Назарбаев «Хандардың ішіндегі ең прогрессивті хан – Жəңгір хан» дегені белгілі.

 Жəңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми- тарихиқоғамныңқұрметтімүшесіболып,халықтыңəдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазды. Бұл қазыналардың бəрі қазірде Батыс Қазақстан облысы Орда ауданындағы ежелгі хан шатырында тұрған үй-мұражайда сақтаулы. Ал тарихи деректер Жəңгiр ханның жары Фатима ханымның еуропаша білім алып, тəрбиеленіп, орыс, француз жəне неміс

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тілдерін еркін меңгергендігін баяндайды. Қазақ ұлтының ерекшелігін зерттеген орыс ғалымдары жазбаларында қазақ əйелінің ойлау қабілеті, зейін-зерде ерекшелігі, дүниетанымы, парасат-пайым деңгейін зерделеп, еңбекқорлығы мен төзімділігін, махаббатқа беріктігін таңдана жазады. Қазақ тарихын, этнографиясын зерттеген орыс ғалымдары Михаил Артамоновтың «Скиф қорғандарындағы қазыналар», Алексей Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз- қайсақ далаларының сипаттамасы» шығармаларында «Қазақ əйелі, жар – жауға жұмсайтын қарумен тең əрі ерлерінің кеңесшісі болған» деп тұжырымдайды. Ғалымдардың тарихи ханымдарымыздың бірегейі Фатимаға берген сипаттамасы айрықша. Ғұламалар назар аудартқан даланың ірі тұлғасы Фатима бейнесі неге айрықша?

 ...1824 жыл. Орынбор сапарында Жəңгір ханның көңілі бір көргеннен шаһардың бас муфтиі Хұсейннің айдай ару бойжеткен қызы – Фатима сұлуға ауады. Қыздың мөлдіреп, мейірім шашып тұратын нұрлы көзі дала қыраны жас жігіттің назарын өзіне еріксіз аударады. Белін қынап киген ақ жібек кеудешелі, кең етек көйлектегі үкідей үлбіреген аппақ періштені көргенде ханның аузына сөз түспей, қадалған көзін қайтып айыра алмай, абыржып қалды. Қапелімде қыз да үн қата алмай, жымиып жүре берген. Жəңгір хан көп ұзамай Фатимаға құда түсіп, 1824 жылдың күзінде үйленеді. Фатима анамыз би мен музыкаға жақын болатын. 1826 жылы хан Жəңгір жұбайы Фатима ханшамен орыс патшасы І Николайдың таққа отыру рəсіміне шақырылады. Мəскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мəдениеттілігіне орыс зиялылары таңдай қағысады. Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның билеген биі мен орысша таза сөйлегеніне тəнті болады. Жай барып қоймай, Петр сарайында өткен салтанатта Фатима императордың ілтипатына бөленеді. Биік мəртебелі патша ағзам I Николай ханымды биге шақырып, екеуінің билегенін көріп тұрған орыстың ақсүйек қыздарының өзегін өрт шалып, іші күйгенін сол тұстағы баспасөз жер-көкке сыйғызбай жазады. «Той-думанның бір сəтінде Еуропадан келген əулеттік атағы бар кербездер мен орыс элитасының қыпша белдерін би залының шетіне ығыстырып, Николай мен Фатима вальспен қалықтады» деп сипаттайды жазушы Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Жəңгір хан» тарихи романында. Құйқылжыған əуеннің бəсең тұсында император ханшаға тіл қатты:

 – Ханша сүйіктіміз, сізге жапан түзден гөрі Петербург пен Мəскеуде тұру жарасатындай...

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 – Патшамыз, мұнда бəрі жақсы, бəрі тамаша. Бірақ сахарада тұру үшін жаратылғандарға одан артық жұмақ мекен жоқ.

 Фатима Николайдың ендігі ілікпе сөзіне мұрша берместен жеңіл жұлқығандай би ырғағына үйірді. Императормен тым шүйіркелеспей, ұлттық əдеппен жүзін бұрып əкетті. Анамыз тауып айтып, тұспалдап, жұмбақтап сөйлеу арқылы ауыздыға жол бермейтін шешен де ақылды жан болған. Николай қыр ханшасының көркі мен сыпайылығына риза болып, би аяқталғанда сауықшылар дуылдай қол соққан. Патша Фатиманы білегінен жеңіл демеген күйі төрде отырған императрицаларға – анасы Мария Федоровна мен əйелі Александраға қарай жетеледі. Бимен емес, өзіне осынша назардан басы айналғандай, еңселі зал көз алдында бір сəт теңселе қалды. Бойын тез жиып, алтын оқалылар арасынан Жəңгірді іздеді... Қарсы жақта əлдекімнің сөзіне құлақ тігіп тұрған ерінің сабырлы жүзін көрді.

 Шынында да, Фатима анамыз ерекше жаратылған жан еді. Сол заманда орыстың «Сын отечества» журналы Фатиманың Жəңгір ханды өркениетке ұмсындырған ағартушылық қабілетін, өмір салтының түбегейлі өзгеруіне ерекше үлес қосқанын айта келіп: «Ол

  • оқыған, өте білімді əйел, кісіге деген ілтипаты ерекше, жұртпен ортақ тіл табысып, қалтықсыз қарым-қатынас жасаудың жолдарын тамаша меңгерген, орысша, французша жəне немісше еркін сөйлеп, жаза біледі», – деп қайталап жазды. Патшалық ресейдің

«Сын отечества» журналы, əсіресе, оның білімі мен тəрбиесіне, инабатты мінез-қылығына, патша ағзамның ілтипатына ілініп, көп қошемет көргеніне айрықша тоқталып, тамсана суреттейді. Патша сарайының Фатимаға деген ынтызары үкімет шенеуніктерінің Жəңгірге де ықыласын еселеді. Сырт көз əйеліне жасалған құрмет ерінің беделінің арқасында деп түсінілді. Фатима күйеуімен барған сапарында танысқан орыс құрбыларымен байланысын үзбеді. Император кеңсесінің бөлімше бастығы, статс-хатшы В.Корнеевтің əйелі Елена арасындағы сыйластығы мен сырластығы хат арқылы жарасып, Петербургте оқып жүрген ұлы Сақыпкерей Корнеевтер отбасымен араласып, жас жігітке өзге елдің салт-дəстүрі мен мəдениетін тануға жол ашты.

 Жəңгірмен бірге 1826 жылы Петербург, Мəскеу, Қазан қалаларына барған сапарынан кейін бір-біріне тете дүниеге келген ұл-қызын тербетіп отырып қалған Фатима енді қайтып ордадан алыс шыққан емес. Алайда, оның есімін Ресей жұртшылығы ұмытпады. Оған

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

дəлел, қызмет бабымен келіп, саяхаттап жүрген орыс жəне шетел лауазымдыларының орда туралы жазғандарында Фатиманың асыл затына тоқталмайтыны кемде-кем. Ордаға жолы түскендердің көбі хан əйелдерінен тек Фатиманы білді. Жүздесе алғандар ханшаның келбеті мен мінез-құлқын, киген киімдеріне дейін əспеттеп жазды. Осы пікірлерді «Қазақ ханымдары» тарихи эссе шығармасының авторы, жазушы Сарбас Ақтаев та айғақтай түседі. Сөзіміздің дəлелі, қазан төңкерісіне дейін Фатима ханымның портреті Кремльдің Георгиев залында ілулі тұрған. Онда мына сөздер жазылған. Фатима (1809/11 ж. ш., Орынбор – 2.10.1845, Бөкей Ордасы) – Бөкей Ордасының ханы Жəңгірдің əйелі.

 Өз заманында мұсылманша жəне еуропаша терең білім алып, тəрбиеленген зиялы, ақылды əйел болғанын айттық. Хан мен қараны алаламай сыйлай білген, көрікті жүзінен аналық мейірімі əрдайым нұр шашатын жан болған. Фатима ханым Жəңгір ханның кеңесшісі, əрі оның барлық бастамаларында қолдаушысы болды. Халық арасында Фатиманы еркелетіп, «Фатима тоташ» деп те атады. Оқу- білім тарату, отырықшы өмірге көшуді жақтады. Хан ордасының салынуына ықпал етті. Жəңгір хан ашқан мектепте сабақ та берді. Ханым Жəңгірдің сенімді серігі, көреген отбасының ғана емес, күллі ел анасы əрі қамқоршысы еді.

 1845 жылдың тамызында Жəңгір хан 44 жасында белгісіз жағдайда қайтыс болды. Ерінің қазасын көтере алмаған адал жар, шынайы махаббат иесі Фатима ханым 36-ға қараған шағында, сол жылдың қазан айында өмірден озды. Ол көп ізденген, барды молайтқысы келген, жоқты болдырғысы келген жарқын жан еді. Тарихта да осы сипатымен қалды.

Гүлнар АДАЕВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар

факультетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ТҮЙСІГІ

 Қазақ «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерінің шыңы ақындықты батырлықтан жоғары қояды:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Батыр деген – барақ ит,

Екі долы қатынның бірі табады. Ақын деген – бір бұлақ, Қатынның ілуде бірі табады.

 Осы ақындық өнердiң биік шоқтығы болып табылатын айтыстың тарихы туралы Мəшһүр Жүсiп Көпейұлы былай дейдi: «Бұрынғылар домбыра ұстап, өлең айтатұғыннан қайым бiлесiң бе деушi едi… Қайым деп екi ақынның айтысқан өлеңiн айтады екен. Сонда Күдерi қожа мен Ұлбике қыз айтысқан. …Бұлардан бұрын жырлап сөйлейтiн болған. Жырлап сөйлейтiннiң тұңғышы – ноғайлыдан шыққан би, Орманбет хан заманында қосшы бала, қазақтан жырлап сөйлеушiнiң басы-Бұхар жырау… Өлеңмен сөйлеушiнiң басы – Күдерiқожа, Ұлбике, Заманқожа, Ұмсын қыз, Қарақалпақ Жанкел ақын, Көтеш ақын, мұның заманында Ұлы Жүзде Күмпие деген қыз болған. Сонан кейiн ақындар əр тараптан шыға бердi… Күдерiқожа албырт бозбала күнiнде Ұлбикемен айтысамын дегенде Күдерiнiң əкесi Еркөшек қожа да ақын екен, жырлап сөйлейдi екен. Балам Ұлбикемен айтысамын десең, Бұхараға барып үш жыл оқып кел. Әйтпесе, онымен айтысуға жарамайсың деген екен. Ұлбике Жалайырдың ошақтысынан шықан. Әкесi Жанкелдi ақын, шешесi Жаңыл да ақын

екен» [1,118] деп, қазақтың дүниеге дəстүрлi көзқарастық бағдарын қалыптастыратын өте ықпалды интеллектуалдық күш болып

табылатын айтыс өнерінің бастауында қазақтың қыздары тұрғанын атап көрсетедi.

 Көптеген ғылыми əдебиетте, əсiресе Батыс зерттеушiлерi тарапынан қауымдық пен даралықты бiр-бiрiне қарсы қойып,

«қазақ қоғамы-рулық қоғам, сондықтан онда даралық белгiлер басылынып тасталған» деген пiкiрлер жиi айтылады. Бiздiң ойымызша, қауымдасу мен даралық бiр-бiрiне қарсы құбылыс емес. Даралық ұжым iшiнде де қалыптаса алады. Батыс қуатты техникалық өркениеттi қалыптастырса, шығыс елдерiнде адамның рухани мəдениетiн жетiлдiруге көп көңiл бөлiнген. Жеке-даралық адамдықтың қалыптасуында материалдық өндiрiстен гөрi рухани факторлардың рөлi айрықша болып табылады. Қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыптастыруда ақындық ерекше орын алады.

 Тұлғаның басты қасиеттерiне еркiндiк, таңдау, жауапкершiлiк жататын болса, ақын жыраулар өздерi айтқандай, топ бастаған,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

топ алдында сөз бастаған, жау қайтарған, өз елi мен жерi үшiн құрбандыққа дайын тұлға. Оған сана мен ерiк дербестiгi тəн. Ол өзiне жауапкершiлiктi де ала алады. Мiне осы қасиеттердiң бəрi қазақтың ақын қыздарына да тəн қасиет.

 Сыр бойында «Ақ əже» атанған Ақкенже кемпiрдiң өсиетi, өлеңдерi ауызекi тарап кеткен. Жоңғарлардың кезектi бiр шабуылынан кейiн əлсiреген елдiң iшкi жағдайына байланысты жиналған «Билер кеңесi» үш күнге созылып мəмлеге келе алмаған екен. Сонда Ақкенже ел жақсыларын бiрлiкке шақырып, қатты сөйлейдi. Өлеңмен айтылған осы сөзiн:

Қабан да қаһар сезсе тартар басын, Елдiктi ұмытқанды ар қарғасын.

Қара күш аңда да бар, күшiң емес- Жауыңды тұтастығың талқандасын!

деп аяқтайды. Сонан кейiн ел мəмлеге келген екен [2, 246-247] . Дəстүр бойынша қайтыс болған адамды жоқтау, ең алдымен,

қызының парызы. Қайтыс болған адамды бойжеткен қыз баласы болмаса ғана басқа əйел туыстары жоқтаған. Қазақ тарихындағы əйгiлi адамдардың жақсылығы, елге сiңiрген еңбегi, батырлығы, даналығы көбiне қыздарының жоқтау өлеңдерi арқылы да ел есiнде қалып отырған. Жоқтау өлең арқылы да қазақ қызының қоғам өмiрiндегi белсендiлiгi көрiнедi [3] .

 Айтыстардан қазақ қызының өз басының құндылығын, еркiндiгiн сезiну басым екенiн байқаймыз. Ақын «Мен» деп тұлғалық даралығын паш етедi. Жəне ер ақындар өз басының құндылығын, дербестiгiн топ бастаған, шаршы топ алдында сөз бастаған, ару сүйген, жау қайтарған ерлiгi түрiнде жырласа, қыз ақындар өзiнiң елiнiң еркесi екенiн, жолының кез келген ерден үлкендiгiн, өзiн ешкiмнiң мырзасынан төмен саналмайтынын, бiлiм, ақыл, өнер жағынан өзiне ешкiм тең келмейтiнiн, қандай ердiң болса да құтын қашыратындығын өлеңмен өрнектейдi. Жоғарыдағы айтылған ақындар айтысының басында тұрған Ұлбике мен Күдерiқожаның айтысында Ұлбикенiң мына бiр сөздерiнен осы айқын көрiнедi:

Көргендер ақ жүзiмдi көркем дейдi, Шешем сүйiп өзiмдi еркем дейдi.

Бабаңыздан сұрап па ең тақсыр, қожам, Қыздың жолы қожадан үлкен дейдi [1,120].

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Қазақ қызының рухани деңгейiнiң жетiлуi, өзiнiң құндылығын сезiнуi, сана мен ерiк дербестiгiнiң қалыптасуына арабша хат танып, сауатын ашқаннан көрi, ауызша мəдениеттiң ықпалы зор болғанын мына жолдардан байқауға болады.

Күдерi:

Аузың шие, лебiзiң балдан тəттi, Өлiмнен құтыла ма жүйрiк атты. Қолыңда жайып тұрған кiтабың жоқ, Оқымай қалай бiлдiң шариғатты.

Ұлбике:

Сен-ақ оқы əлiпби мен əбжатты, Мұрным əлiп болғанда, қасым мəттi. Көкiрегiм –кiтап сөзi, тiлiм құран, Мен сенен үйренбеймiн шариғатты.

Жаратқанның бар ма екен көрген нұрын, Нұрды көрген пейiштен алады орын.

Қожеке-ау сенен мен бiр сөз сұрайын,

Не жаратқан болады iлкi бұрын [1,121].

 Бiр таң қалдыратыны, ой-өрісті, табан астынан ұтымды сөз табуды талап ететiн суырып салма ақындықпен қатар, əншiлiктi, белгiлi бiр музыкалық аспаппен сүйемелдеудi қажет ететiн осындай бiр өнердiң күрделi түрi айтыста көбiнесе сайысқа өмiр көрген, талай айтысқа түскен тəжiрибелi ер ақынмен жас балауса, көбiне 14- 16 жасар қыз ақынның сайысқа түсетiнi жəне көп жағдайда жеңiске жететiнi.

 Т. Бөрібаев «Ұлт менталитетi» деген еңбегiнде: «Қазақ философиясын түсiну мен зерттеудiң бiр ұшы осы менталитетте жатыр. Менталитеттi түсiну арқылы ұлттық философияның даму деңгейiн түсiне аламыз. …Ұлт менталитетi - қазақ философиясының мəдени коды» дей келе: «Көшпелi қоғамда айтыс тек ақындардың үлесi ғана болмай, оған бүкiл ел болып ат салысқан. Абайдың

«əркiмнiң өнерге бар таласы» деуi сондықтан. Олай болса, айтыс өнерi қазақтың қанына сiңген қасиеттердiң бiрi, менталитеттiң бiр ұшы. Соңғы кездерi өнердiң осы бiр ерекше түрiне қатты назар аударылып жүр. Ақындық өнердiң жандануы, қазақ бойындағы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

өнерге деген шынайы қасиеттi оятуда. Тотаритарлық заманда тұмшаланып, өнер сахнасынан мүлде құрып кете жаздаған бұл өнер түрiнiң бүгiнде кең көрiнiс табуы астарында бейсаналық болмыс та жатқаны белгiлi. Айтыс, шешендiк өнер қазақ философиясының негiзгi бiр бөлiгiн құрайды. Бұларсыз қазақ философиясының дамуын көз алдыңа елестету өте қиын» [4, 81-82] . Осындай дүниетанымдық мəселелердi көтерген, қазақ даналығының көрiнiсi, алғырлық пен тапқырлықты, шеберлiктi қажет ететiн сөз жарысы, өнер бəсекесi айтыстың қыз бен жiгiттiң (Күдерiқожа мен Ұлбике, Заманқожа мен Ұмсын қыз жəне т.б.) сөз сайысынан бастау алғанын жоғарыда айтып кеттiк. Қазақ философиясы ақын-жыраулық, шешендiк сөздер, түрiнде көрiнетiн болса, осы сөз өнерiнiң өзi тұлғалық еркiндiк пен белсендiлiк көрiнiсi болып табылады.

 Қазақ халқының қыз балаға ерекше iлтипаты мен құрметi көптеген ақындардың шығармаларында бейнеленедi. Бəрiн тiзбелеу мүмкiн болмағандықтан, Ақан серi мен Мұрат ақынның қыз туралы айтқандарынан үзiндi келтiрудi жөн көрдiк.

Ақан серi Қорамсаұлы:

Ешнəрсе ойламайды қыз жасында, Атаның бұлғақтайды ордасында. Қадiрi ата-анаға ұлдан арттық, Бөтеннiң тең көрмейдi мырзасына. Əлпештеп өсiредi ата-анасы,

Кей қыздың ұлдан артық дəрежесi. Сүюге ұл мен қыздың бəрi бiрдей,

Туған соң бөтенi жоқ өз баласы [5,146]

Мұрат Мөңкеұлы:

Бұраңдап ақ моншақтай керiлген қыз, Оздырдың салтанатты елiңнен, қыз. Сəулесi ақ жүзiңнiң жерге түссе, Реңкiң сары алтындай көрiнген қыз.

Шəй iшiп самаурыннан сəске түсте, Керiлiп əзер тұрасың төрiңнен, қыз. Қосшы ертiп, үкi қадап, жорға мiнiп, Көшкенде салтанатың көрiнген қыз.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Қамқа бөрiк, кəмзол, бешпет, алтын iлгек, Ақ көйлек зер шашақтан киiнген қыз Қызығын дүниенiң, сiзден көрiп,

Ата-анаң үйде отырып сүйiнген қыз. Шалықта ата-анаңның дəулетiне,

Бiр күнi жөнелерсiң үйiңнен, қыз [5,131].

 Осы бiр өлең жолдарынан қыз баланы ата-ананың, жалпы қазақ дəстүрлі қоғамының «Қыз өссе, елдің көркі» деп қаншалықты құрметтегенін анық көруге болады. Осындай көзқарастан болар қазақ қыздары еркiн, батыл болып өседi. Қазақ қыз баланың, жалпы əйел затының бойынан төменшектiк, именшектiк, орынсыз ұялшақтықтан көрi өжеттiк, еркiндiк, ақыл, парасат сияқты қасиеттердi жоғары бағалайды. Сондықтан да болар, қазақтың өзi мойындағандай, қол бастаудан да, ел бастаудан да қиын, шаршы топ алдында сөз бастау жауапкершiлiгiн халқымыздың ақын қыздары ер азаматтармен бiрдей мойнына ала алған.

Əдебиеттер:

  • Көпеев М.Ж. Екi томдық. Т.1 –Алматы: Ғылым, 1992. – 271 б.
  • Ел аузынан: Шешендiк сөздер, ақындық толғамдар, аңыз əңгiмелер (құраст. Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова). –Алматы: Жазушы, 1989. – 368 б.
  • Қазақ мəдениетіндегі əйел бейнелері / Жауапты ред. Г.Адаева. Астана, 2014. – 194 б.
  • Бөрібаев Т. Ұлт менталитетi. –Астана: Елорда, 2001. – 246 б.
  • Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Екi томдық. Т.2 /Құраст.: М.Байдiлдаев, М.Мағауин. –Алматы: Жазушы, 1989.

– 247 б.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН,

«Инфо-Цес» газетінің бөлім меңгерушісі, журналист

АТЫ АҢЫЗ, ЗАТЫ ҚАҺАРМАН АРУЛАР

 Талас туғызбайтын ақиқат: əйел – ежелден-ақ қоғам ұйытқысы, шаңырақтың киесі, ерінің сенімді серігі, елінің алтын бесігі. «Алып та анадан туады». Олар хандар мен сұлтандарды да, батырлар мен қолбасшыларды да, билер мен бектерді де, ақын-жазушы, əнші- күйші, композиторларды да, балуан, мерген, алып күштің иелерін де өмірге əкелген. Өздері де қол бастап, ел билеген, батырлық танытып, өнер көгінде жұлдыз болып жанған.

 Аты аңызға айналған асыл аналарымыз туралы ойланғанымызда ең бірінші есімізге түсетіні – Ұмай ана есімі. Көне түркілердің мифологиясында ол ұрпақ жалғастығын жебейтін періште. Қазақтар бағзы дəуірден-ақ қыздарын ұзатқанында, некелерін қидыртқанда, əйелдер босанғанында Ұмай анадан медет тілейді. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, тіпті Ұмай ана – Адам атаның (с.ғ.с.) қосағы Хауа ана болуы да мүмкін... 2012 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу мəдениет институтының ғылыми қызметкері Алексей Рогожинский бастаған археологиялық-этнографиялық ғылыми экспедициясының жария еткен жаңалығы бойынша, Алматы облысы Жамбыл ауданынан Ұмай анамыздың тасқа қашалған мүсіні табылған. Ол біздің дəуірімізге дейінгі 7-8 ғасырларда қашалыпты. Экспедиция мүшелерінің мəлімдеуінше, бұған дейін де Ұмай анамыздың бейнесі көне түркілер мекендеген жерлерден бес рет табылыпты.

 Шықөқан ата-тегі сақ, ғұн, қыпшақ саналатын қазақ халқының қыздары қашаннан өздерінің кескін-келбетімен, үстіндегі киімдері мен ондағы зергерлік заттармен, жібектей мінез-қылық, батылдық, батырлығымен еуропалықтарды да таң-тамаша қалдырып, сүйсіндірген. Ұлттық салт-дəстүріміз бен өнерімізді жəне мəдениетімізді зерттеуші Бронислав Залесский өзінің «Қазақ даласының тіршілік-тынысы» атты жолжазбасында тіпті былай деп ой толғайды: «Қазақ қыздарының балғын шағындағы сұлулықтары ересен: қап-қара жанары шоқтай жайнайды, бұрымы көмірдей қап-қара, ақ маржандай тізілген аппақ тістері қандай, жүзінен жастықтың, жігердің нұры ойнайды, денелерінің сүйектілігін, аялы болғаны мен көздерінің сəл қысыңқылығын бапты қимылымен

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

сəнді қозғалыста байқатпай тұрғандай. Тұрмысқа шыққанша олар жеңі кең ұзын көйлек, сыртынан кеудеше сияқты оюлы қамзол киіп жүреді. Қыздар моншақ, шолпы əсемдік заттарын өте жақсы көреді, кішкене алтын, күміс тиындардан мойнына алқа, шашына шолпы, құлаққа сырға ғып тағып, көбіне білезіктің бір түрін тағып жүреді. Былғары шашақ тағып, оюланған етіктерінің ерлердің аяқ киімінен көп айырмашылығы жоқ» [«Əлем» альманағы, Алматы, 1991, 173– 174 бетте].

 Өзге халықтардың саяхатшы, тарихшы, этнографтары осылайша жазып, сипаттап, суреттегеніндей, қасиетті қазақ даласында қарақат көз, қиғаш қас, аққу мойын, қолаң шаш, оймақ ауыз, бұраң бел арулар, ақын, батыр, ақылгөй, əнші, биші, шебер қыз-келіншектер аз болған жоқ. Солардың ішінде батырлар жыры, аңыз, əн-күй арқылы бізге есімдері жеткенінің жұлдызы бір шоғыры: шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 570–518 жылдары сақ-массагет патшасы Томиерис (Тұмар ханым), Қыпшақтардың ұлы анасы Анайым бибі (кей деректерде Алтыншаш ана), құрсағынан бес таңбалы қыпшақ

  • Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық тарайды; өзінен туған жеті ұлы – «Жеті Момын» атанған Арғын атамыздың жұбайы Момын ана, есімі ең бірінші рет Тула қаласына беріліп, сол себепті сақталып қалған əз-Жəнібек ханның əйелі Толыай (Тайдула), əйгілі ертегі-дастан «Конек Горбунектің» авторы П. Ершов «Сүзгі» атты дастан жазған, Сібір шежірешісі Н. М. Ядринцев «Есіл бойындағы бір қазақтың қызы» деп растаған, 1896 жылы И. Корнилов деген композитор «Сүзгі» атты операны сахнаға шығарған, Ресейдің Тобольск (Тобыл) қаласындағы қамал, теміржол бекеті «Сузгун» деп аталған Сібірдегі Көшім ханның əйелі Сүзгі ханшайым, Шыңғыс ханның бəйбішесі, қоңырат қызы Бөрте ханым, басқа əйелі, керей қызы Абақ бике, Абылай занның қызы Айтолқын, Әбілхайыр ханның жұбайы, адай қызы Бопай ханым (Бəтима Сүйіндікқызы), Кенесары ханның туған қарындасы Бопай Қасымқызы, Бəйдібек атамыздың сүйген жары Домалақ ана (Нұрила), Қарабура əулиенің қызы Бегім ана, Қыпшақ Тілеулі батырдың бəйбішесі Қарқара, Нəнжіл, Әмірхан, Дəмеке, Жапалақ, Арғын əулетіндегі Қарқабат, Айнакөз аналар, Ермек батырдың ұлы Бөлтіріктің бəйбішесі, кейін Шағырмен тұрмыс құрған, Кіші Арғынның анасы – Сомалтын, Шақшақ батырдың немересі Көшейұлы Қошқардың шешесі – қалмақ ханы Қатаханның баласы Тұрсынның қызы Нұрбике, Жəнібек Тарханның əйелі, Тұрсынбай датқаның қызы, Дəуітбай

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

тарханның анасы Айымкүл, Дəуітбай Тарханның құдай қосқан серігі, жағалбайлы Бескүрек Меңдінің қызы Құланбике (шын аты – Бике), Қыпшақ Нияз бидің əйелі, қалмақ қызы Бөлішке, Әбдіғапар əмірдің анасы, Ақтас байдың қызы Алуа, арғын Шеген бидің бəйбішесі, керей Сапақтың қызы Серке, екінші əйелі, керей қызы Айжан, Жақып Дəуренбекұлының бəйбішесі, жаппас Ермағанбеттің қызы Бəдиғұлжамал, Уəли сұлтанның кіші əйелі Айғаным Сарғалдаққызы, Шоқан Уəлихановтың шешесі Зейнеп, Құнанбайдың шешесі – Зере, Абайдың анасы – Ұлжан, Тарақты тайпасындағы есімі руға айналған Апай, Орта жүздегі Бесімнің кіші əйелі, есімі руға айналған Дəулетбике, Қарабалық Тауқұрыштың əйелі Қарақыз ана (Қарашаш), Дешті Қыпшақтың ханы болған Әбілхайыр ханның жары, Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі – Рабия сұлтан Бегім, Ахмет Бірімжановтың əйелі, төре Сейдалин Әлмағамбеттің қызы Жауһар, Батырбек Ахметұлының жұбайы, төре Бөкейханов Абдолланың қызы Әпел, Ұлы Отан соғысының батырлары – Әлия, Мəншүк. Мұның сыртында елге кеңінен танымал арулар: Айша бибі, Мамыр, Қозы Көрпештің Баян сұлуы, Кебектің Еңлігі, Төлегеннің қыз Жібегі, Ақан серінің Ақтоқтысы, Балуан Шолақтың Ғалиясы, Үкілі Ыбырайдың Кəкимасы, Құлтуманың Дəмесі, Естайдың Хорланы, Кененнің Мөртай сұлуы.

 Бұл асыл аналар, қазақтың ару қыздары, киелі келіндері өз əулетінің ұйытқысы, ағайынның тірегі болып, өмірге небір даңқты батыр, би, тархан, сұлтан, болыс, шешен, арыстарды əкелді, халқымыздың мəртебе-мерейін өсірді. Ең бастысы, жүз жылдық қалмақ-жоңғар соғысында көптеген қазақ қыздары үстеріне кіреуке сауыт киініп, астына желден жүйрік тұлпарлар мініп, қолдарына алмас қылыш, гүрзі, найза, сары садақ ұстады, елін, жерін ерлермен бірге сұм жаулардан қорғады.

 Тілеулі батырдың бəйбішесі Қарқара күйеуі жорыққа аттанғанда əулетін, қыпшақтардың елде қалғандарын қара шаңырақ төңірегіне топтастырып, бейбіт халықты қорғауға, соғыстағы жасаққа азық- түлік, қосымша күш жіберумен, ауылда қару-жарақ (жебе, найза ұштарын, темір торлы кіреукелерді) жасатумен айналысыпты. Өзі ақынжанды, шешен тілді, ұшқыр ойлы əйел болған екен, көп адам анамыздың өткір сөзінен қорқыпты. Тілеулінің бір əйелі Нəнжіл

    • жоңғар хонтайшысының, төртінші əйелі Дəмеке қалмақ қызы болса да батыр əулетіне, шаңырағына, қазақтарға жаманшылық жасамапты, қастандық ойламапты, Қайта екі елді бітістірудің,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

татуластырудың қамын жепті. Қалмақ-жоңғар жұртынан жасырын жансыздар келіп, азғырса да құдай қосқан қосағына адал болып, туған-туыстарын бейбіт қарым-қатынас орнатуға шақырыпты, көп қазақ батырларының ұлдары қалмақ-жоңғар қыздарынан туған жиендері екенін нағашыларының есіне салып, сəлем айтыпты, тыңшыларға енді қайтып келмейтіндей тосқауыл қойғыздыртыпты. Жəне де Нəнжіл де, Дəмеке де Тілеулі батырдың балаларына, Қыпшақ сарбаздарына қалмақ, жоңғарлардың тілдерін үйретіпті.

 Тілеулінің тағы бір əйелі Әмірхан ұйғыр байының қызы болғандықтан, сауда-саттыққа, қолөнер ісіне өте жетік екен. Батыр əулетінің төрт түлік малы мен қаржысының тиімді жұмсалуына басшылық жасапты, елде кілем, алаша тоқу істерін жолға қойыпты, отау дүние-мүлкі мен бойжеткендердің жиһазына да жауапты болыпты. Тілеулі батырдың жетніші əйелі Жапалақ Тама Есет батырдың қарындасы болған соң жас кезінен ат мініп, садақ тартып, соғыс өнерін үйреніп, мұсылманша сауат ашыпты, ғылым, білім, халық емін жақсы көріпті. Тілеулі батырдың шаңырағына келін болып түсісімен-ақ, əулет ұрпағының хат танып, сауатты болуына көңіл бөліпті. Әулет ауылдарында, қыпшақтар арасында медресе, мешіт үйлерін ашуға, молдалар ұстауға барлық күш-қайратын, ақыл- парасатын арнапты. Жастардың соғыс өнерін де үйренуіне бақылау жүргізіпті.

 Осылайша Тілеулі батыр жорықта жүргенінде, елдегі батыр, билер соғысқа аттанғанында бабамыхздың тоғыз əйелі үйде қол қусырып отырмай, əулет ақсақалдарына жəрлемдесіп, бар іске ұйытқы бола біліпті.

 Қарқара анамыз кеңпейілді, келешекті алыстан болжайтын, ел тағдырына қатты жаны ашитын адам болғандықтан, қазақтың салт-дəстүрін, жөн-жоралғысын қатты ұстаныпты, жер дауы, жесір дауына көп көмектесіпті. Тойда да, билер ісіне де ақ жамбы, ақ бас құндыз, ақ атан бастатып жолын беру, риза қылу көбінесе Қарқара анамыздың ұйымдастыруымен болады екен. Ол ер азаматтардың бірнеше əйел алуына, əмеңгерлік салтының сақталуына қарсы болмапты. Қайта қалмақ-жоңғар шапқыншылығында қырылған қазақтардың санын өсіруге мүдделілік танытыпты.

 Қалмақ-жоңғар шапқыншылығында жауға қарсы ерлік көрсеткен қаһарман қазақ қыздары: Тілеулі батырдың жары Жапалақ мерген, Қаракерей Қабанбай батырдың əйелі, арғын бəсентиін Малайсарының қарындасы Гауһар, Олжабай батырдың анасы,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

үйсін Қаратай батырдың қызы Есенбике, Қабанбай батырдың қызы Назым, Тама Есет батырдың қызы Ботакөз батыр, Абылай ханнығң қызы, шайқастарда талай ерлік көрсеткен Айтолқын батыр, Найман тайпасының батыр қызы – Жандəлі, Бұланбай батырдың жары, барлаушы сарбаздардың басшысы Айбике, қиырдағыны қалт жібермей көре қоятын қырағы қыз – Ақбикеш, оның қарауыл қараған мұнарасын халық көзі тірісінде-ақ, «Ақбикеш мұнарасы» деп атап кетіпті.

 Тама Есет батырдың қызы Ботакөз жас кезінде апасы Жапалақпен бірге жүріп, одан соғыс өнерін үйренеді. Жапалақ Тілеулі батырға ұзатылып кеткеннен кейін де онымен байланысын үзбейді. Ол бір əке, бір шешеден бірге туған бауыры Ақшал жоңғар шапқыншылығында жоғалып кеткендіктен (кейбір деректерде қаза табады), батырдың соңында қалған жалғыз перзенті өзі болғандықтан қалмақ- жоңғарларға қатты кектенеді. Жапалақ та Тілеулі батырмен бірге жорықтарға қатысып, құралайды көзден ататын мергендігімен қалмақтардың талайларын жайратып, жауынан кек қайтарады. Нияз биге екіқабат болып, оны өмірге əкелген соң ғана бала тəрбиесіне айрықша назар аударып, шайқастарға шығуын сиретеді.

 Тарихи деректер бойынша 1742 жылы Есет батыр, Тілеулі батыр Әбілқайыр ханның шақыруымен Орынборға жол жүреді. Соны біліп қалған жоңғарлар түн қараңғылығында ауылдың жылқысын дүркірететіп айдап кету үшін шабуыл жасайды. Олардан жылқыны тартып алмақ болған қуғыншыларды жоңғарлар теп-тегіс қырып тастайды. Бір сұмдықты жүрегі сезген Ботакөз жалма-жан ер адамның киімін, жеңіл көзе сауытын киіп, қолына қару алып, 150 сарбазбен шапқыншыларға қарсы шығады. Жоңғар қалмақтары жолындағы қазақ ауылдарын тонап, қыз-келіншектерін көгендеп, алдарына үйір-үйір жылқыны салып, өз елдеріне қарай кеткелі жатыр екен. Оларға: «Қарабура! Қарабура!», – деп ұрандатқан жас батыр қарулы жасағымен тап береді. Қалмақтардың қолбасшысы Қонды деген тайшы екен. Қазақ жасақтары оны жан-жағынан қоршап, өлтірмек болғанда, олардың бір бүйірінен күрең атын ойнақтатып шыға келген бір жас батыр қолындағы бұғалығын қонтайшының мойнына салып келіп жіберіп, оны астындағы дəу торысының үстінен жұлып алады. Жəне сол шапқанынан тоқтамай, қонтайшыны сүйреткен қалпы жаудың шебін бұзып өтіп, өз жасағына келіп қосылады. Қолбасшысының жер құшқанын көрген қалмақтар тым- тырақай қашып, көбісі садақ оғына ұшады. Бұл күрең атты жас қазақ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

батыры – Тама Есет тарханның жалғыз қызы Ботагөз сұлу екен. Қалмақ қонтайшысы қазақ қызынан жеңіліп, тұтқыны болғанына қатты намыстанып, керемет қорланады. Сіңілісінің бұл жеңісін естіген Жапалақ қыпшақ елінде ақсарбас шалдырып, той жасайды. Қазір Ақтөбенің облыстық мұражайында Ботагөз Есетқызының осы ерлігін растайтын құнды тарихи құжаттар да бар. Біз Ботагөз туралы деректерді профессор Төреғали Қаратаевтың ғылыми зерттеулерінен алып отырмыз. Ол да Ботагөз Тама Есет батырдың жалғыз қызы деп растайды.

 Біз енді Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған Айбике аруға жеке тоқталсақ, ол өзінің қоластына бірнеше тыңшы, барлаушыларды ұстаған. Жəне ұзақ жылдар бойы жаугершілікте «Қолға түскен күң» түріндегі бейнеге еніп, қалмақ қонтайшысының ордасында күтуші болады. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілдегі жаудың күші мен шапқыншылық ниеті жөнінде Абыйла ханға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, Қыпшақ Тілеулі батырларға астыртын құпия хабарлар мен мəліметтерді жеткізіп отырады.

 Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болыпты. Қалмақ тіліне өте жетік. Жəне де Тарбағатай мен Алтайдың таулы өңірлерінде, Зайсан мен Марқакөл алабында жылдың барлық кезеңінде, түнде де, күндіз де атпен адаспай жол тауып жүре беретін «жер шолғыш» та екен. Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін еліне аман-есен оралады.

 Біздің ұлы əжелеріміз, асыл аналарымыз осындай баһадүр батыр, данагөй кемеңгер, асыл текті болған. Бəріне де басымызды иіп, тағзым етеміз.

Қарагөз СЕРІКҚЫЗЫ,

«Қазақ əдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, журналист

ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ: ӨТКЕН МЕН БҮГІННІҢ ТАНЫМ КӨЗІ

 Байырғы қазақ əйелінің негізгі міндеті «қазан қайнатумен» ғана шектелмеген. Қазан-ошақ басында жүрді десек те, күллі ұлттың өткені мен болашағын бір жіпке байлап, оның бір ұшығын бүгінгі күнге аман-есен алып келгенін ешкім жоққа шығара қоймас. Осы күнгі қазақтың бар болмыс-бітімінде байырғы қазақ анасынан жұққан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

дарқандық, кеңдік, мейірім байқалса, сол баяғы құрт қайнатып, бие сауған, ұзын етекті əйел баласының бір белгісінің сақталғаны да.

 ХХІ ғасыр – əйелдер ғасыры. Бүгінгі əйел – өмірдің барлық саласында өзінің қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Ер-азаматтармен теңесеміз деп, тіпті Батыс елдерінің кейбірі, мүмкіндігін шектейтінін мысалға алып, «мадам», «мадмуазель», «леди» секілді əйел, ер жынысына бөлетін теңеулерден заңдық тұрғыдан қашпаққа ұмтылуда. Ал əнебір күні іргедегі Қытай «кəрі қыздарға» қатысты қаулы қабылдады. Қытай халқы жасы 27-ден асқан, жақ- сы білім алып, мансап қуалаған, алайда, отбасы мен балалы болуды ойына алмаған əйелдерді енді ресми түрде «жағымсыз кісі» деп атайтын болды. Тіпті, үкіметтің тапсырысымен «Жалғыз-жарым əйелдерге жанымыз ашымайды» деген сипаттағы алғашқы мақала да басылып үлгерді. Бұл елде миллиондап саналатын жалғызілікті қыздар үкіметтің аталмыш қаулысына қарсы. Олар жалғыздығының себебін мансап қуалағаннан емес, өздеріне жар болуға лайықты ер- азаматтардың жоқтығымен түсіндіреді.

 Әлемнің Батысы мен Шығысы əйел баласының бүгінгі басты мəселелерін өз қал-қадерінше шешпекке ұмтылып отырған заманда қазақ əйелінің де түп негізіне, бүгінгі болмысына бір үңіліп қоюды жөн деп таптық...

 Қазақ ұғымында мейірімділіктің де, қатыгездіктің де бастауында əйел-заты тұрады. Әйел адамдардың пірі саналатын «Бибі Бəтима»,

«Домалақ ана», «Айша бибі», т.б. ана тұлғалар, əйелдер мейірім мен қайырымдылықтың, сұлулықтың символы болғаны баршаға белгілі. Сонымен қатар, «Жезтырнақ», «Перінің қызы», «Жалмауыз кемпір» есіңізде ме? Яғни қазақ ертегілерінде ең бір қатыгез кейіпкерлер де əйел-затымен байланысты. Сондықтан болар, əйел-затына қатысты айтылар əңгімелерде екі мінез, екі сипат қатар өріледі. Кез келген ертегінің, аңыздың оқиғасында ер адам үлкен қадамға əйел-заты үшін, не əйел-заты арқылы баратыны да жасырын емес. Соның ең жарқын мысалы «қалыңдық іздеу» оқиғасы. Алпамыс өзінің қалыңдығының бар екенін бір кемпірден естиді (мұндай сюжеттер көп болған соң, əрқайсысына жеке тоқталып жатпадық). Қалыңдық та таңдаған жарының болашағы үшін бір іс қылады (жүйрік ат таңдауда көмектеседі, ақыл қосады, т.б.).

 Бұл ертегі, аңыздар ғой, оның байырғы қазақ əйелдерінің бітім- болмысына қаншалықты қатысы бар деуіңіз де мүмкін. Байырғының көзін көргендердің əңгімелеріне де тоқтала отырайық, ендеше.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Левшиннің қазақ болмысын зерттеген еңбегінде қазақ əйелінің ер- азаматпен үзеңгі қағыстырып шайқасқа шығатынын, білек күшінің ер-азаматтардан кем түспейтінін айтады. Жалпы, көшпенділер өркениетіндегі əйел рөлі ақылдылық пен жанкештіліктен құралғанын ешкім жоққа шығара алмас. Олар ері майдан даласына кеткенде қалалық өркениеттің əйелдеріне ұқсап «өрмек тоқып» отыра берген жоқ. «Ертөстігім не өлгенде, не келгенде белімнен шешілерсің» деп серттесіп, белін шарт буынып, ер-азаматтың мойындағы ісін өзі атқарып жүре беретін.

 Жиренше шешен мен Қарашаш сұлудың кездесуін суреттейтін аңыздардың бірі былай демей ме: Жиренше бірде жолаушылап келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Кенеттен жауын жауып кетеді де, екі қыз қаптарын арқалай үйіне жүгіре жөнеледі. Ал үшінші қыз шапанымен қабын жауып, өзі соның ығына отыра қалады. Мұны байқаған Жиренше əлгі қыздың жанына жақындайды. Қыз сұлу екен, ақылы қандай деген оймен: «Сен неге көп қыздан бөлініп жалғыз отырып қалдың», – деп сұрайды. «Ол қыздармен бірге ақымақ болайын ба», – дейді қыз. «Олар қалай ақымақ болады?» – деп сұрайды Жиренше. Сондағы қыздың жауабы мынандай болыпты:

«Аспандағы бұлт бір-ақ шөкім. Жауын қазір жауады да, ана қыздар үйіне жеткенше басылады.

 Есесіне, олардың тезегі де, киімі де су болады. Су тезек оңайлықпен тұтанбайды. Ал менің тезегім құрғақ қалпында қалады. Жауын басылған соң, үйіме барып, от жағып, шапанымды кептіріп аламын...».

 Қарашаштың мұндағы жауын астында өзі су болса да, жанған отын сөндіргісі келмеген жанкештілігі мен ақылдылығы қазақ əйелінің көбіне тəн. Сол жанкештілік арыны айтпай-ақ қойғанның өзінде, өткен ғасырдағы ашаршылық, қуғын-сүргін мен соғыс, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыста қалың қазақты аман-сау алып қалған жоқ па. Сол жанкештілік қазақ əйеліне ашаршылықтан, қуғын-сүргін мен майданнан қайтпай қалған азаматының орнын жоқтатпай, перзентін арқалап жүріп, ауыр жұмыстар атқарғызды. Сол жанкештілік қазақ əйелін нарықтың қыспағында өмірі көрмеген, білмеген Балқан таудан асырып, қазақтың ділінде жоқ кəсіппен шұғылдануына итермеледі. Сол жанкештілікті бүгінгі қазақ əйелінің кез келгенінің мінезінен тауып алуға болады.

 Әуелі бүгінгі қазақ əйелінің орташа əлеуметтік портретін сөзбен бейнелеп алуды жөн көрдік. Сонымен, еліміздегі əйелдің

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ортақ портреті мынадай: ұлты қазақ (Жалпыұлттық халық санағы көрсеткендей, елімізде қазақтардың саны көп), орта жасы – 33- те, (оның ішінде, ауылдағы əйелдердің орта жасы – 31, қаладағы əйелдердің орта жасы – 34), негізінен қалада тұрады (қалалықтардың саны соңғы статистика мəліметтерінде – басым), жоғары жəне орта білімді, 20-25 жасында тұрмыс құрады, 27-28 жасында ана атанады, республика халқының 52%-ын құрайды. Қазақстан əйелдерінің жартысынан астамы (70%-ы) 4-5 жаннан құралған отбасының отанасы, жалғызілікті қазақ анасы да жетерлік (20%), 400 мыңға жуығы отбасын құрмаған (демограф Мақаш Тəтімовтың мəліметі). Осы жерде бір мəселені ерекше атап өтуіміз керек, Қазақстандағы отбасы институты көп жағдайда əйелдердің арқасында ынтымақ пен бірлікте отырған көрінеді. Бұлай сөйлеуіміздің бірнеше себебі бар. Ең əуелі ажырасуға өтініш беретін ер азаматтар саны əйелдерге қарағанда көптігін мысалға алуымыз қажет. Екінші, отбасының амандығы үшін əйелдер басшылық жұмысқа да көп ұмтыла бермейтінін біз ақтарған деректер дəлелдеп берді. Қазақстан əйелдері басшылық қызметке ер азаматтармен салыстырғанда үш есе азырақ ұмтылады екен. «Мемлекеттік қызметкер əйелдердің 10%-ға жуығы ғана саяси белсенді қызметте. Ал 43,5%-ы «шешім қабылдау деңгейіндегі» əкімшілік қызметте. Статистикалық мəліметтер басқару қызметтеріне байқау жарияланғанда өтініш негізінен ер азаматтардан келіп түсетінін айтады. Бұған əрине, əйелдер мен ер азаматтардың білім сапасы мен біліктілігі жайлы неге сөз қозғалмады деушілер табыла кетер. Білім сапасы жағынан сауаттылық деңгейі əйелдер мен ер азаматтарда бірдей дегенімізбен де, ЖОО-ларда қыздар көбірек оқитынын ешқандай статистикалық деректерді келтірмей-ақ, сенімді түрде айтуға болады. 2010-2011 жылдардағы мəліметтер бойынша, ғылым докторлары атағын алған ер азаматтар көп (2 134 ер азамат, 1 034 əйел), ал ғылым кандидаты

дəрежесінде əйелдер саны басым (8 127 əйел, 6 051 ер азамат). Компьютерде сауатты негізінен əйелдер көрінеді (2,2 млн. əйел, 1,8 млн. ер азамат).

 Әжелеріміздің өмірлік жолдасының тілеуін тілеп, «сені менің алдымда алсын» деп отыратыны бекер емес екеніне қарттар үйіндегі санақпен салыстырғанда көзімізді жеткіздік. 2011 жылғы дерек бойынша қарттар үйінде əжелерге қарағанда қариялар саны көбірек. Бұған əйелдердің ер азаматтармен салыстырғанда ұзағырақ өмір сүретінін қосыңыз. Осы күні 85 жасқа келетін қарияларға қарағанда

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

əжелер үш есе көп. Яғни үш есе аз қарияларымыздың көп бөлігін қарттар үйіне өткізген қоғам ақсақалдарынан неге бас тартып отыр? Балаға əже керек болғанда, ата неге шетқақпайланады? Бұл енді, бөлек əңгіменің желісі.

 Әйел адамдар денсаулығына да жауапкершілікпен қарайды. Кездейсоқ жəне жарақаттан өлім құшатындардың арасында ер азаматтардың қатары көп. Құрт ауруымен ауыратындардың қатары да негізінен ер азаматтармен толыққан. Есесіне, əйел баласы əлеуметтік ауруларға жиі душар болатын көрінеді, мысалы, қан аздық дертіне əйелдер көбірек шалдығатынын айтпасқа болмайды.

 Бүгінгі замананың əйел баласы көлік жүргізе алады, көлік жүргізгеніңізді былай қойып, негізінен ер азаматтар тамашалайтын футбол, хоккей, бокс секілді спорт түрлеріне қатысты бағдарламаларды да ерлермен таласа-тармаса, қызыға көретін болған. Несі бар? Тіпті, осы күні ер азаматтарға лайық деп саналған спорт түрлерімен шұғылданатын əйелдердің қатары да біршама. Ер азаматтармен тереземізді теңестіргеніміз соншалықты, осы күні əйел заты ішімдік ішу мен темекі шегуден де көштен қалмағаны байқалады: Жыл сайын ер азаматтардың арасында темекі шегетіндердің қатары азайып, əйел адамдардың саны көбейіп келеді. Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мəліметінше, 2001 жылы еліміздегі əйелдердің 7,5 пайызы темекі шексе, он жылдан кейінгі көрсеткіш 9,4 пайызға өскен. Осы уақыт аралығында ер азаматтардың ішінде темекіні тастағаны көп (2001 жылы – 65,3%

  • 2010 жылы – 51,2%). Осы күні қоғам темекі шегетін əйелдерге де көзі үйренген. Ер-азаматтармен əңгіме тиегін ағытып, көк түтінді будақтату – қалыпты жағдай санала береді.

 Айтпақшы, осы күнгі əйелдердің көп бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет жəне өнер, ғылым, сауда, қоғамдық тамақтану секілді салаларда өнімді қызмет етіп жүр. Өзге аймақтардан хабарымыз жоқ, Астана мен Алматы қаласындағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатарында əйел азаматшалар жиі кездесетін болып жүр.

 Қылмыстық жауапкершілікке тартылған əйелдерге тағылатын негізгі айыптар мыналар екен: ұрлық, алаяқтық, жала жабу т.б.

 Тағы бір сандарды сөйлетсек, Қазақстан 15-19 жастағы қыздары өзіне қол салатын мемлекет ретінде ТМД жəне Орталық, Шығыс Еуропа елдері арасында алғашқы орында тұр. Әрине, қорқынышты жағдай. Ол қыздардың ертеңгі ұрпақ тəрбиелер ана, ұлттың жоғын

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жоқтар əже, ерінің тірегі болар жар екенін еске алсаңыз, тіптен қорқынышты. Бұл нəзік əрі қиын жағдайды одан əрі қазбалай бермегенді жөн санадық. Ал жап-жас қыздарымыздың неліктен ана дүниеге өз еркімен аттанғысы келетінін білгісі келетіндер үшін, «Қазақстан қыздары: өмір сүру құқығы» атты əлеуметтік зерттеу жүргізілгенін, оның нəтижелері бойынша арнайы жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өткіміз келеді.

 Ер-азаматтар мен əйел адамдардың əр түрлі субмəдениетін оларға арналған жеке, арнаулы басылыммен де өлшеуге болатын шығар. Осы күні əйелдерге арналған журнал көптеп тасқа басылады. Себебі – тұтынушысы көп. Бұрынырақта қазақтың қыз-келіншектері

«Лиза», «Даша» секілді ресейлік əйелдер журналдарына өлердей құмар еді, осы күнгі аудиторияның сұранысын əбден біліп алғандар енді қазақтың қыз-келіншектеріне арнап, қазақтың қыз- келіншектерінің есімі аттас басылымдарды қаптатып шығара бастады. Алматы қаласы көшелеріндегі дүңгіршектерде қызылды- жасылды болып алаулап тұратынына қарап, өтімді басылым-ау деп шамалап қойдық. Бұл журналдарды парақтап көрсеңіз – сəн маусымдарынан бастап, тоқал алу, нақсүйер болу, бала тəрбиелеу секілді ірілі-уақты материалдар легінің басымдық танытатынын байқар едіңіз. Әйтеуір əлде жақсы, əлде жаман – əйел романдары қазақ аудиториясына əлі жете қойған жоқ. Ал «Меломан»,

«Күлəнда» кітап дүкендеріне барсаңыз, «əйелдер романы» аталатын нарықты ресейлік шытырман оқиғалы кітап өнімдері жаулап алғанын байқайсыз. Бір ұшы мен екінші қиыры 15-20 минутты ғана құрайтын шап-шағын метромызда кітап, газет оқыған бірлі- жарым əйел баласына ұшырассаңыз, қолынан көретініңіз сол кітап – сабын сериалдардың дайын сценарийі бола алатын жеңіл романдар. Бірді айтып, бірге кетіп жатқанымыз үшін кешірім сұраймыз, біз мысал еткен сарғылт журналдар мен кітаптардың негізгі кейіпкері, бүгінгі əйел бейнесінің қалай болатынын насихаттайтын үлгісі – заманауи талаптарға сай, көрікті, келбетті, мүсінді, іскер, қалталы, бəріне үлгеретін, мəңгі жас, мəңгі балғын əйел заты. Заманауи əйелдің ортақ бейнесін бүгінгі жарнамалардан да байқауға болады. Теледидар қараған адамның барлығы да жарнамаға көз тастайтыны белгілі ғой. Тележарнамалар əлеуметтік қарым-қатынасқа да ерекше əсер етеді. Жарнамаларда (ресейлік жарнамалар жəне ресейлік əйел адамдар түскен, бірақ сол жарнамалардың идеясын бізге таңған) тамақ жасау, кір жуу, ыдыс жуудың қиыншылығы («мама, біз

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

сізді сағындық, сен ыдыс жуушы емессің», т.б.) басымдылықпен айтылады. Тіпті, кейбір жарнамаларда жалғызбасты əйел көбірек бейнеленеді (мысық, ит тағамдарын насихаттауда, жалғызбасты əйел немесе ер-азамат көбірек көрсетіледі). Түрлі опа-далап, иіссу жарнамалайтындар «мəңгі жастық элексирінің» құпиясымен бөліседі. Ал телеэкранның ең көп бөлігін жаулап алған жартылай жалаңаш əйелдің жарнамаламайтыны жоқ – автокөлік, жиһаз, тəтті-дəмді. Сондықтан болар, осы күні телеэкрандағы əйел бейнесі негізінен ұқсас, сəмбі талдай бұралған, қасы-көзі қиылған, иығы сəл түсіңкі, етегі сəл көтеріңкі киімге оранған, балғындығы биологиялық жасын жасыратын əйел баласы жылы жымиып тұрады. Бұл телеэкран танытқан əйел бейнесі, телеэкран насихаттайтын əйел образы.

 Сөз соңын қазақ əйелінің бүгінгі негізгі сипатына бұрғым келеді. Қазақ тіпті сұлу қыздың өзіне тамсанғанда «анаңнан сені тапқан айналайын» деп əн салған, қыздың тəрбиесіне риза болғанда «шеше көрген тон пішер» деп алғыс айтқан. Қазақ əйелі, жалпы ұлттың əйел заты Құдай берген негізгі сипаты – аналық мейірімі, аналық табиғаты арқылы өз мəртебесін айқындап, «бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербете» берер...

Гаухар ХАЙРУЛЛИНА,

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің қызметкері, мемлекеттік жəне жергілікті басқару магистрі

ҰЛТ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ƏЙЕЛДЕР ОРНЫ

 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Біздің халқымыздың өз мəдениеті, өз дəстүрі мен салты бар» деп айқын айтқан болатын. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз дəстүрлі исламмен əдет-ғұрыптарымызды осы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

күнге дейін сабақтастырып, мəдениетіміз бен құндылықтарымызды жалғастырып келді.

 Әрбір өркениеттің, əрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағанына анық көз жеткізді [1]. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мəдени, саяси өміріне үлкен əсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне халықтық діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тəңірлік таным уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Қазақ жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тəңірлік дін, аруаққа табыну болды. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мəдени ұстанымына айналды. Бұлардан басқа көне түркілердің наным- сенімдерінде əйел-жаратушы – Ұмай ерекше құрметтелген. Ұмай ана – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған.

Ислам дінінде əйелдің, əсіресе əйел ананың орны ерекше. Бұған

«Жұмақ – ана табанының астында» деген ислам қағидасы дəлел. Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ əйелдің жанұядағы əрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар- ұяты мен абыройын қорғаған. Дініміздің əйелдерге зор қамқорлық жасауы – барша əйел заты үшін адамзат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені, кейбір елдерде əйелдердің жағдайы тым аянышты күйде еді. Тарихқа қарасақ, Ислам діні келгенге дейін, əлемде əйел баласының кемсітіліп, көп қорлық көргенін байқаймыз. Құран Кəрімде «Ниса» сүресі əйелдерге арналған. Бұл Ислам дінінің əйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дəлел.

 Шапағат пен мейрімнің үлгісі болған, барлық ісі жақсылыққа негізделген Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әйелдердің құқықтарын аяқасты етпендер, Алладан қорқындар. Өйткені, сендер оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар» (əл-Әжлуни, т.I, 36). – деп əйелге Алланың ер-азаматтарға тапсырған аманаты ретінде қарауға шақырды [2].

 Анаға құрмет, жарға жанашырлық, қызға қамқорлық – иманға ұйыған ұлтымыздың басты ұстанымдарының бірі болды. Өз болмысына даналық мінез бен ізгі қасиеттерді жия білуі қазақ əйелін құрметті етті. Ол құрметке лайық болды жəне құрметтелді де.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Қазақ елі əуелден исламның Әбу Ханифа мазхабын таңдағандықтан, біздің мұсылмандық дүниетанымымыз бен өмірлік дəстүріміз біте қайнасып кеткен. Әу бастан елді ұйытқан, бірлікке шақырған, білік пен ізденіске үндеген əдет-ғұрып ислам құндылықтарымен кірігіп, кереметтей үйлесім тапқан. Бұл ретте біз елдік пен имандылықтың бастауында тұрған аналарымызды, ұлтымыздың əйел затын айрықша бағалауымыз керек. Әр ханның ханшасы, батыр мен бидің адал жары, ел ағаларының жұбайлары өз отбасын, балаларын тəрбиелеу арқылы ұлттты тəрбиеледі. Қазақ арасында дін иелерінің (хазірет, халпе, ишан, молда т.б.) мəртебесі де «имандылықтың өлшеміндей» бағаланды. Халық дін қызметкері қателік жіберсе, оны да аяусыз сынап отырды. Өйткен, оларды «елге жауапты адамдар» деп есептеді. Сөйте тұра кешегі атеизм кезінде де қарапайым халық діндарларды қатты қадірлегенін байқаймыз (бұған ел арасының Мəшһүр Жүсіп, Ақтамақ қалпе, Тоқан хазірет, Садуақас Ғылмани т.б. тұлғаларға зор құрмет көрсетуін мысал етуге болады) [3, 8].

 Ислам дінінің əйелге қоятын талаптары оның жеке басын төмендетуден тұрмайды, бұл талаптардың ең басты міндеті – əйелдің ана ретіндегі парызымен сабақтасып, оның отбасындағы міндетін орындауымен, дұрыс ұрпақ тəрбиелеуімен терең байланысып жатыр. Қазақ халқының діни дүниетанымда қыздар, əйел затын жоғары бағалаған жəне алатын орны ерекше. «Олар-өмір-өмірдің сəні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тəрбиешісі» деп қараған. Жазушы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ əйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы əйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі» дейді. Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі қазақ əйеліне мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр. Олар тек тұрмыста ғана емес, əлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, əдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Ұрпақ тəрбиесін əйел- анаға жүктеген. Көптеген тарихи жəне тілдік деректер қазақ əйелінің отбасылық мəселелерді шешуге белсенді қатысқанын, ерлеріне шаруашылыққа қатысты істерде көп көмектескенін дəлелдейді.

 Сондықтан Айғаным, Ұлпан, Зере сияқты аналарымызды халқымыз жоғары бағалаған. Осылайша, ақыл-парасаты сай қазақ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

əйелдері тек өз отбасында емес, бүкіл ауыл-аймақта зор беделге ие болып, олардың жақсы атағы алысқа тарап отырған.

 Атамыз қазақ ел басына күн туса ер азаматтармен бірдей атқа қонған, бейбіт күнде білігі асса – билікке, өнері асса бəйгеге ерлермен бірдей таласқан əйелдеріне құқық атаулыдан тыйым салып көрген жоқ. Одан дəстүрлі қазақ қоғамы ұтпаса, ұтылмағаны тарихымыздан белгілі.

 Соның нəтижесінде қазақ халқы үлгілі ұлт болды. Қазақ əйелі азамат, қайраткер əйел ретінде де танылды. Өйткені нағыз азаматты, ел қорғаушыларды сол тəрбиеледі. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді тербететінін сезініп, елдік пен имандылықты ана сүтімен перзентіне сіңіре білді. Қазақ жұртының қалыптасқан құндылықтары қыз баланың, əйел-ананың қорғансыз қалмауын қамтамасыз етті.

 Бүгінгі əйел билік басында ер азаматтармен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр. Олар – ана, олар – жар, олар – қыз, олар – келін. Қызметтен де басқа қоғамдағы орындары бар. Ең бастысы – əйел қоғамның тең құқылы мүшесі. Әйел отбасы, ошақ басы, қазанның жанында отыратын уақыт көшпелі дəуірде қалды. Қазақ киіз үйін тастап, кірпіштен салынған үйге көшкелі бері дəстүр сан мəрте өзгергені белгілі. Рас, қазақ əйелі ежелден ұрпақ тəрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің жұмыстарына баулып отырған. Ол түсінікті де. Алайда, егер қолынан келсе, нəзік жандылардың билікке араласуына əбден болады. Қазір тарихи сахнада ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада əйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. Қазақ тілді – «ана тілі» деп айтады. Өйткені, сəбиге барлық қасиет пен тəрбие анадан, ана сүтінен дариды. Тіл де, діл де ананың берекесі мол рухани əлемі мен аялы алақаны арқылы жүрекке жол тауып, санаға сіңеді. Қазақ эпостарындағы Құртқа мен Ақжүніс, ұлыс мəйегі болған Домалақ ана, Абайдың анасы Ұлжан, ел басына күн туғанда қолына найза алып жауға шапқан Бопай мен Гауһар –

қазақ əйелінің тұлғасы мен оның асқақ рухын əйгілеп жатыр.

 Қазақ əйелінің ата-енеге құрметі, келіндік ибасы, қайын аға мен қайындары ортасына ат қойып, əдеп сақтауы, қонаққа деген бөлекше ілтипаты мен ас-тағамға деген ұқыптылығы, осының бəрі-бəрі де қазақ қызы дейтін қарапайым аттан тамыр тартып жатыр. Бұлар отан ұғымымен парапар дүниелер, əрине. «Отаншылдық отбасынан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

басталады» дейді қазақ. Ал отбасының береке-құты мен ұйтқысы, тағы айналып келіп қазақ əйелінен бастау алмақ. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов тегін айтпаған.

 Отбасының береке-бірлігі ананың ақылы мен парасатында. Ана сүтімен ұлтжандылық, парасаттылық, мейірімділік сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп өскен бала өз ұлтына, тіліне, дініне аса құрметпен қарап өседі.

 Қазақ халқының діни дүниетанымында əйел-ананың орны ерекше, мəртебесі жоғары. Қазіргі қоғамның қай саласы болмаса да қазақ қыздары қызмет етіп жүр. Олар – тарихымыздағы Ұлпан, Зере аналарымыздың, Қарашаш, Айғаным, Бопай ханымдардың, батыр апаларымыз Әлия мен Мəншүктің ізі.

Бүгінгі қазақ қызы – ертеңгі ана, бір отбасының ұйытқысы.

Ұрпақты тəрбиелеп-өсіретін – қазақ қызы.

 Осы орайда, əйел затының қоғамдағы негізгі рөлі мен орны «ана» деген сөзбен өлшенеді.

Əдебиеттер:

  • Дін мен дəстүр. – Алматы: «Ғибрат» баспа үйі, 2013. – 192 б.
  • www.muftiyat.kz. Құдайберді Бағашар/ Ислам дініндегі əйелдің орны, 2013.
  • Ғылмани С. Шығармалары (алғысөзін жазып, дайындаған Д.Қамзабекұлы). Алматы: «Ел шежіре» баспасы, 2010. – 392 б.

Ұлпан ҚАМЗАБЕК,

Астана қаласы «MegaLabPositive» кино мектебінің қызметкері, кинотанушы

ТАРИХИ ФИЛЬМДЕРДЕГІ ƏЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ

 XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт тағдырын бейнелейтін Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи экшн- фильмін отандастарымыз бен шетелдік қандастарымыз өте жақсы қабылдады. Бұл кинотуынды жоңғарларға қарсы күрестегі жас сарбаздардың өжеттігін баяндау арқылы көрерменнің еліне деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті деп сеніммен айта аламыз. Бұған

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

дейін аталған жанрда түсірілген «Көшпенділер» фильмі қазақтың тарихы мен тарихи тұлғаларын белгілі бір аяда ғана суреттей алса,

«Жаужүрек мың бала» халық рухы мен бірлігінің ерекше сəттерін шынайы бейнелеп, көпшіліктің көзайымына айналды.

 Фильмнің идеясы мен мазмұны тым күрделі емес. Жоңғар шапқыншылығы зардабынан ата-анадан жетім қалған Сартай, Таймас, Қорлан есімді үш кейіпкер есейе келе өз құрбы- құрдастарынан əскер жасақтап, жаудан кек алуға бел буады. «Не өмір, не өлім! Не ел боламыз, не құл боламыз!» деген рухты сөзбен мың бала «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», халқын жоңғар езгісінен біржолата азат етеді.

 Туындының жоғары деңгейде қабылдануына тек монтажерлардың (Т.Николас, Р.Б.Кристофер) сапалы жұмысы, үздік декорациялар мен костюмдердің пайдалануы себеп болмаған. Сəттілік сценаристердің (Т.Жақсылықов, Ж.Сыздықов, М.Мамырбеков) драматургияны дұрыс құруы мен актерлердің сценарийдегі кейіпкерлерді кəсіби сомдап шығуына тікелей қатысты. Асылхан Төлепов (Сартай), Аян Өтепберген (Таймас), Құралай Анарбекова (Қорлан), Әлия Әнуарбек (Зере) секілді жас актерлер жүктелген бейнелерге толығымен еніп, көңіл толқытатындай деңгей көрсетті.

 Жаудың туын құлатып, «Алға, қазақтар!» деп ұрандата шапқан жас сарбаздардың рухы мен айбары көрерменді қалайша толқытпасын? Жоңғар əскерінің ортасында жалғыз шайқасып қаза болған Қорланның қайсарлығы мен батылдығына, салиқалы Зеренің сыпайылығы мен əдептілігіне ұрпағы қалай мақтанбайды немесе үлгі тұтпайды?

 Қорлан – ержүрек бойжеткен. Оның Сартай мен Таймастан жасы үлкен екені фильмнің басында байқалады. Бойжеткеннің екі жігітке деген сыйластығы, махаббаты əпке, тіпті ана махаббатына сəйкес келеді. Өзіндей тұл жетім Сартай мен Таймасты үнемі қадағалап, уайымдайды. Қорланның болмысынан қазақ қызының керемет өжеттігі мен алғырлығы көрініс тапқан. Актер Қ.Анарбекова бұл бейнені терең түсініп, абыроймен көрермен назарына алып шыққан. Зере – көзі балалық тазалыққа толы кейіпкер. Кей ретте əйгілі Қыз Жібектің келбетін де, тағдырын да еске салады. Қорланның қатаң да қатты мінезінің қасында Зеренің əсемдігі мен нəзіктігі ерекшелене түседі. Екі кейіпкердің дүниетаным айырмашылығы Қорланның

Зерені жоңғарлардан қорғамақ болған эпизодта айқын бейнеленеді.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

 Қорлан алдында ажал күтіп тұрғанын біледі, дегенмен ерлік жолында жанын қиюға дайын. «Сірə, Қорлан мен Зередей соншалықты бір-біріне ұқсамайтын кейіпкерлер жоқ шығар. Менің кейіпкерім күрес үшін жаралса, Зере махаббат үшін, ана болу үшін жаралған», – дейді Құралай Анарбекова [1]. Осы ой да актердің кейіпкер əлеміне даярлықпен барғанын аңғартады.

 Төл тарихымыздағы Томирис пен Заринаның, Гүлбаршын мен Құртқаның прототиптері деуге келетін қос кейіпкер көрермен қауымға, əсіресе жас аудиторияға, қыз баланың бейнесін дұрыс жеткізді. «Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаев:

«Қазақтан шыққан батыр қыздар аз болмаған. Аласапыран, айқас, зұлмат кезеңдерді бастан өткеріп жатқан тұста қазақ қызына батыр болмасқа жол жоқ еді. Ерлермен бірге атқа қонды. Қолына қылыш, найза ұстады. Жоңғарлармен айқаста жан амай күресті. Тіпті күні кешегі фашизмге қарсы соғыста Әлия мен Мəншүктей батыр қыздар шыққан жоқ па?» – дейді [2]. Бұл сөздерден фильм идеясы авторының ерлік тақырыбын кең жəне халықтың тағдырымен байланыста алғанын байқаймыз.

 «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Қорлан мен Зере бейнесі Қазақ хандығы тұсындағы елдің бірлігін, «еңкейген шалдан еңбектеген балаға дейін» Отанды қорғау идеясы төңірегіне топтасқанын, қыз балалардың қай кезде де əрі мемлекетін жаудан қорғаған қаһарман, əрі ержүрек жауынгерге адал сүйеніш жəне əсем ару бола алатынын көрсетеді.

 Дала кемеңгері, «қарадан шығып хан болған» немесе өз заманының шенімен айтқанда аға сұлтан атанған Құнанбай Өскенбайұлы өмірінің бір кезеңін қамтитын Досхан Жолжақсыновтың

«Құнанбай» тарихи-көркем фильміне де – соңғы жылдардағы отандық киноөндірістің елеулі табысы. Халқымыз бұл тұлғаны дана ақын Абайдың əкесі ретінде жақсы біледі. Сонымен бірге оның бір бейнесі жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы орнығып қалғаны да мəлім. Осы ретте Д.Жолжақсынов Құнанбай арқылы хандық биліктен айрылып қалған кезеңіміздің шындығын, ұлы Дала тұлғаларының тұғырын, отаршылдық зардабы мен халық трагедиясын көркем бейнелеуді қалағанын байқау қиындыққа соқпайды.

 Құнанбайдың ақыл ақыл-парасатына, ділмарлығына тəнті болған поляк ақын-қайраткері, саяхатшысы Адольф Янушкевич белгілі күнделігінде: «Дала атақтылардың бірі Құнанбай бидің жасы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Барақтан шамалы ғана үлкен. Қарапайым қазақтың баласы. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес жəне жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталастарының игілігі туралы қам жейді. Дала заңдары мен Құран- қағидаларының баянды білгірі, қазақтарға қатысты Ресей заңдарын жатқа біледі, қара қылды қақ жарған би жəне өнегелі мұсылман. Қарапайым Құнанбай əулиенің даңқына бөленген. Одан ақыл сұрауға жас та, кəрі де, кедей де, бай да əр қиырдағы ауылдардан келіп жатады», – деп жазды [3, 69]. Абайдың Әбдірахман қазасына байланысты өлеңдерінен де «Арғы атасы қажы еді, Бейіштен тартқан шəрбəтті» [4, 161] немесе «Мұқым қазақ баласы, Тегіс ақыл сұрапты» [4, 167] деген бағаларды оқимыз. Бірақ тарихи шындық пен көркем шындықтың елеулі сəйкессіздіктері болады. Кеңес дəуірінде «Абайды ақтап алып, тарихқа қосудың» жөні деп авторлар (прозада, драматургияда, кинофильмде) амалсыз Құнанбайды баласына «қарсы қойды». Ол бойынша əке – ескі заманның бейнесі, бала (Абай) – жаңа заманның бейнесі.

 Сонымен, М.Әуезов романының əсерінен қатігез адам ретінде қабылданатын Құнанбай бейнесі Д.Жолжақсынов фильмінде басқа қырынан ашылады. Фильм сюжетінде кедей де, бай да алдына шындық іздеп келетін адал əрі əділ Құнанбай абақтыға түседі. Осы жолда режиссер Құнанбай бойындағы адами қасиеттер мен данышпандыққа, елге деген сүйіспеншілікке екпін түсіреді. Сонымен бірге фильмде дəстүрге деген құрмет ана мен бала арасындағы сыйластық, аналық махаббат пен перзенттік махаббат бейнесінде көрініс тапқан.

 Фильмде Құнанбайдың анасы Зере – көпті көрген дана əйел. Жұрты мен ұлына бағыт-бағдар беруші ретінде ол ел анасы деңгейіне көтерілген. Сонымен бірге болашақ дана Абайдың əжесі – ауыл- аймақтың ғана емес, өз келіндерінің де тəрбиесіне жауапты қамқор ене. Мұхтар Әуезов осы тұлға туралы: «Құнанбайдың шешесі кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді əйел болған. 1850 жылы 72 жасында Өскембай өледі. Зере ерінен кейін көп жасаған. ...Ауылдың бəрі Зерені «кəрі əже» дейді екен» деген пікірін [5, 24] орысша жазған тағы бір мақаласында «Зере, хранительница живой старины» (қазақша бейнелеп аударсақ – «көкірегі көмбе») деп [5, 415] толықтырады.

 Баласы бірсыпыра жасқа келіп, билікке араласып қалса да, ана жүрегі перзентіне уайымдайды. Фильмде патша шабармандары жазығы жоқ Құнанбайды абақтыға əкетіп бара жатқан жолда дереу қуып жетіп, қолдау сөз айтып, амандығын тілеп бата беретін

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Зеренің бейнесі сəтті шыққан. Қиын да жауапты сəттерде аға сұлтан ана сөзіне əрдайым құлақ түреді. Бұдан ақсүйек болмаса да, үздік халықтық тəрбиемен баласын биік деңгейге көтерген ана қайраткерлігі айқындала түседі.

 Қайраткер ана мен бала арасындағы диалогтар мен олардың қарым-қатынасы көзге ерекше жылы көрініп, жүрекке ыстық тиеді. Ал, қария ананың абақтыдағы ұлын көріп үлгермей дүниеден озуы көңілді босатады. Өнер мен адам тағдырына тереңінен қараған психолог Лев Выготский: «Сезім əу баста жеке адамдікі ғана болады. Ал, ол өнер туындысына енгенде, қоғамдікі ретінде жалпыланады. Енді жай ғана сөз емес, шығармашылық акт басталады» [6, 273] деп жазғандай, өскен ортасы мен отбасы Құнанбайды əрі қатал, əрі сезімтал етіп қалыптастырғанын себебін қоғамдық-əлеуметтік жағдаймен де сабақтастыра қарағанымыз дұрыс.

 Биліктің би, болыс, аға сұлтан бел-белестерінен өтіп, қазақтың дəстүрлі заңын, патша өкіметінің «Сібір қазақтарына арналған низамын», шариғат жолын қатар ұстанған қайраткерге ақылшы да қамқор ана болу оңай емес. Ақылды, мықты, біртоға, мейірімді Зере рөлі – бұрын халыққа кеңінен таныс емес Нұрсифат Салықованың үлкен кино сахнасындағы алғашқы қадамы. Актриса өзі сомдаған бейне туралы былай дейді: «Мен отбасының əрбір мүшесінің өміріне, тектің жалғасуына жауап беретін ананың бейнесін жеткізуге тырыстым. Қарт Зере – парасатты əйел, ол өмірінің соңғы жылдарына дейін еліне арнап, бата тілеп, тек амандық пен тыныштыққа себепкер болған» [7].

 Фильмде Зеренің (Н.Салықова) ұстамдылығы, салмақтылығы, парасаттылығы, тапқырылығы, батылдығы, көрегендігі, сезімталдығы сəтті əрі орайлы шыққан. Ел анасы дəуір тынысын да, халық бейнесін де жеткізе алған. Құнанбай анасының намаз оқуы, келіндерімен сырласуы, басқа да түрлі тұрмыстық детальдар, тіпті атқа мінуіне дейін заман суретін көрсетеді.

 Жалпы көркем туындыда, соның ішінде көркем фильмдерде ана бейнесі, қыз бейнесі – халық бейнесі. Өйткені, ұрпақ, ел дəстүріне, тəрибесіне жауапкер адам – ана. Ал, бүгін тұлымшағы желбіреген қыз – ертеңгі ана. Сондықтан «Жаужүрек мың бала» фильмінде де, «Құнанбай» фильмінде де негізгі кейіпкерлердің бірі – халық тағдырына жауапты əйел заты.

 Әлемге танымал кинорежиссер Роман Поланскидің пікірінше, кез келген туындыны тамашалау барысында көрермен кино

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

көріп отырғанын ұмытуы тиіс [8, 89]. Ал дүние жүзіне танымал психоаналитик Эрих Фромм «қарапайым адамға кейіпкердің бейнесін үлгі етіп көрсетуде кино маңызды құрал екенін» айтады [8, 83]. Демек, кино – санаға жаппай əсер ететін, мəдени, саяси, рухани дүниетанымға тікелей ықпал ететін құрал. Бұл ретте өнердің осы саласы көрерменді ұлттық менталитетті, дəстүрді меңгертіп, отансүйгіштікке ұйытуда жетекші рөл атқаратынын ұмытпау керек.

 Қазақ əйелінің бейнесін көркем сомдаған жоғарыдағы екі кинотуынды соңғы бес жылда жарық көрген жақсы жұмыстардың қатарына кіреді. Отандық кино өндіріс пен отаншыл киногерлер ізденісі тарихқа сұранысы айрықша көрермен қауымын алда да қуанта береді деп сенеміз.

Əдебиеттер:

    • Аладьина Т., Джунгар на скаку остановит и байскую дочку спасет

//«Экспресс-Казахстан», 15.07.2011

    • Ақан Сатаев: «Сартай – белгісіз батырлардың жиынтық бейнесі» (əңгімелескен Г.Бектасова) // «Түркістан», 17.05.2012
    • Янушкевич А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар (аударған Ғ.Зұлхаров). – Астана: Аударма, 2003. – 264 б.
    • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы. 1-т. -Алматы: Жазушы, 2005. – 296 б.
    • Әуезов М. Әр жылдар ойлары-Мысли разных лет. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1959. – 555 б.
    • Выготский Л.С. Психология искусства.- Минск: Современное слово, 1998. – с. 480.
    • Нурсифат Салыкова: «Зере – мой дебют в кино» (интервью Л.Конысбаевой) //«Литер», 28.05.2015.
    • Волшебная сила искусства (составитель Лаврухин А.) – Москва: Олма Медиа Груп, 2014. – с. 304.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

Лəззат ОМАРҚҰЛОВА,

Тараз мемлекеттік педагогика институтының аға оқытушысы

ҰЛТ ҰЛАҒАТЫН ҰЛЫҚТАҒАН

 Бүгінгі таңда, əйелдің қоғамдағы орны, ой-таным шеңбері ұлғайып отырған шақта, əйел жəне əсемдік тақырыбы қуатты арна ретінде жан-жақты танылып отыр. Қазақ əдебиеті тарихында əйелдер бейнесінің эволюциясы ерекше көрініс берген. Көркемөнердің қайнар көзі ауыз əдебиеті екенін ескерсек, «мінсіз ару», «ғажайып əйел», «адал жар» үлгісін жасау дəстүрі, əсіресе əр алуан ғашықтық қиссалардан, эпостық жырлардан жəне аңыз-ертегілерден айқын көрінеді. Мəселен, «Ай астындағы Айбарша», «Күн астындағы Күнекей», «Айдай сұлу Айсұлу» ертегілерінде болмасын, «Жүсіп- Зылиқа», «Мұхаббат-наме», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында сүйгеніне деген адалдық, үміт отын өшірмей, жарын ұзақ жылдар бойы күткен арулардың дүниетанымы мен сырт келбеті айрықша көркем сомдалған.

Күн секілді күллі əлемнің шырағы, Нұрлы жүзің жұмақтың бір гүл бағы. Оймақ ауыз ашылса – шекер шашылар, Соны көріп жайқалып – гүлдер ашылар.

 Жалпы əйел баласын табиғат ерекше жаратады. Сұлулық пен көркемдікті тек əйелге ғана үйіп-төгіп береді. Қай халықта болсын, сөздің төресі өлең, сазгерлік шығарма көбіне əйелге, сол бір ерекше жандарға арналады. Әйелдің сұлулығын жырлау барлық халықта бар.

 «Азамат тарихында небір адамдардың сол бір ерекше жаратылған жандарды сүймей, ғашық болмай жəне оларға сөздің ең жақсысын арнамай кеткендері жоқ. Сондай-ақ, Шоқан Уəлиханов та осынау табиғат барлық сұлулықты үйіп-төгіп берген жандарға бай əрі оралымды тілімен əсем сөздерді арнапты. Мысалы, «прекрасный пол», «разрушительницы городов», «нежное существо», «безыскусственные дети природы», «разрушительница

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

сердец», «сердца похитительница», «ночная красавица», «женщина красавица», «похитительница сердец». Ал əйел затына деген құмарлықты «весенняя мысль» деп суреттейді.

 Біздің бұл жерде айтпағымыз, Шоқан да басқа ұлы адамдар сияқты табиғат сұлулығының алдында басын иген. Сол бір ерекше жаратылған жандарды суреттеуде қазақ ғалымы талай жаңа қанатты сөздерді тапқан» [1, 55].

 Әже тұлғасын көркем əдебиетке қосу, зерттеу еңбегіне арқау ету – тек ХХ ғасырда қолға алынды. Өйткені бұған дейін əженің қоғамдағы орны ерекше болғанмен, оның қадір-қасиетін қоғамның тəрбие үдерісі негізінде қарау мүмкін емес еді. Бірінен соң бірі жалғасқан тарихи өзгерістер əдебиет өкілдерін тарихи əлеуметтік жағдайдан өзге тақырыптарға мойын бұрғызбады. Халық басындағы ауыр жағдай, отарлау үдерісі, жер мəселесі, əйел теңсіздігі, жаңа заман жаңалығы секілді мəселелер осы кезге дейінгі əдебиетшілердің тақырыбына айналды. Ал проза ХХ ғасырдан бастап кең қанат жайғаны баршаға мəлім. Осы заманан бастап ұлы адамдарға əжесінің əсері айқындала түсті. Әженің қоғамға əсері ашылды. М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары Б.Момышұлы жоғары баға бере келе, былай деген екен: «Зере мен Ұлжан – Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық (халыққа) сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген» [2, 217].

Қазақ тарихындағы өзіндік орны бар айрықша тұлғалардың бірі

– Шоқан деп тапсақ, оның рухын жетілдіруге бар ынтасын салған əжесі Айғаным тұлғасына көңіл аудару маңызды.

 «Орта жүз жеріндегі саяси құбылыстар ХІХ ғасырдың 20-жылдары Уəлиханның жесірі Айғаным əженің (1783-1853) араласуымен біраз белең алып дамыды. 9 баланың анасы, 38 жасында жесір қалған Айғаным ананың ұлағатты ісін академик Ә. Марғұлан жəне басқа зерттеушілер көрнекті бейнеде көрсете білді» [1, 15-18].

 «Шоқанның əжесі, яки Айғаным үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты əйел болған.Әрі жас өспірім Шоқанның өз құралпырастарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани əлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным.

 Ә.Марғұлан Шоқан үшін Айғаным – «халық даналығының сарқылмас бұлағы» деуі сондықтан. Яки, «болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тəлім-тəрбие мен туып-өскен ортасының да игі əсері тиген» [3, 14].

 «Айғаным өмірі мен саяси қызметі өткен дəуіріміздің тарихында ерекше аталады.

 Айғаным Орта жүз жерінде орыс халқымен, соның ішінде алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлға. Бұлт игілікті істі оның балалары жалғастырады...

 Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тəрбиелеуге ең алдымен əжесі мен оның əкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.

 Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай əншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше əсер етті» [2, 15-18].

 Осы жерде айта кетерлік бір жайт – жазушы С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романындағы сəйкессіздік. Романда Айғаным туралы сөз айтпастан Шоқанның бітім-болмысы беріледі. Еңбектегі мына үзінді тіптен миға сыйымсыз. «Сырымбетке неге баруын сұрауға өзінің батылы жетпеген Әбіле Қарамұрын арқылы сұратқанда:

  • Әжемнің басына!- депті Шоқан.
  •  Әжесі – Айғаным ғой,- деген Әбіле інісіне, – көзін көрген адам емес, неге барады оған? Аят оқуға ма? Естуім, осы бала, ислам дінін жек көреді дейді» [4, 78].

 Шоқанның 1935-1965 жылдар арлығында өмір сүргені бəрімізге мəлім. Ал, əжесі 1953 жылы дүниеден өткен. Қалайша ол əжесінің көзін көрмеген... Сөз жоқ, бұл жерде тарихи шындық пен көркемдік шындық белгілі бір субъективті арнада кеткені аңғарылады.

 Айғаным туралы толық мағлұматты Ш. Уəлихановтың кейін шыққан таңдамалы жинағынан ала аламыз. Онда былай делінген:

«Ш.Уəлихановтың əжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы əрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған əйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мəдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен жəне Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Архив мəліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

қабылданғаннан кейін өңірдегі маңызды оқиғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді.

 Айғаным қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатын көздейді. Солтүстік Қазақстанда геодезиялық зеттеу жұмыстарымен щұғылданып жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне ол үлкен көмек көрсетіп отырады.

 «Уəлиханның орысқа бағынуын – деп жазған Н.П.Семенов Тяншанский, өзге туыстары, Уəлиханның бəйбішесінен туған балалары мен інілері мойындағысы келмегенде, тек Шоқанның əжесі, Уəлиханның жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге Россияға айнымас адал досы болып қалды. І Александр Уəлиханның қырғыс сахарасында оған үй салдыруға əмір еткен. Шоқан Уəлиханов сол үйде туған».

 Айғаным Сырымбеттегі ата мекенін де қайтыс болған. Ш.Уəлихановтың архивіндегі өз қолымен жазған естелігінде былай делінген: «1853 жылы 19 ноябрьде, бейсенбі күні, екінді намаз кезінде қырғыз-қайсақ орта жүзінің ханы марқұм Уəлидің жесірі, Сарғалдақ қызы Айғаным 70 жасында дүние салды... Тоғыз ұл тапқан, оның екеуі жиырма жасында дүние салды...

 Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең түсінген. 1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты Шоқанның əкесін Сібірдің линиялық казактарының əскери училищесіне оқуға түсіреді...

 Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне əжесі Айғаным үлкен əсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға əжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп əңгімелеп, күні кеше өзі басы-қасында болған оқиғаларды еске алып отырған. Халықтың озық дəстүрлері мен салтын бойына сіңірген əжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есіне сақтайды» [5, 8-9].

 Айғаным жайлы тағы бір дерекке сүйенсек, ол Абылайдың ұрпағы Уəлиханның төртінші тоқалы болған деседі. «Уəлихан əкесімен бірге Бурабайда тұрады, үш қатыны бар. Хандық жұмысымен Сырымбет ауылына жиі барады. Бір сапарында Сарғалдақ бидің немересі, Қожахметтің қызы, 15 жастағы Айғанымға көзі түседі. «Қызыңды төртінші тоқалдыққа бер»,- дейді. Айғаным орысша да, шағатайша да, парсыша да білетін, керемет шешен қыз екен. Уəлиханға: «Егерде менің шаңырағымды Бурабайға емес, Сырымбетке құрсаңыз,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

барайын», – дейді. Сырымбетте Уəлиханның қалып қойған себебі сол...

Айғаным тоғыз бала тапқан, соның жетеуі тірі қалған. Үлкені

  • Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Танысқанда Уəлихан 54- те, ал Айғаным 15-тегі қыз. Уəлихан 83 жасында қайтыс болған. Күйеуі өлгенде Айғаным жас келіншек. Сол кезде Омбыға Бірінші Александр патша келеді. Омбының генерал- губернаторы Сотников Айғанымға хат жазып, қазақтың салтын көрсетуді сұрайды. Патша Сырымбетке арнайы келіп, жап-жас əдемі əйелді көреді. Уəлихан өлді, Ғұбайдолла хан болуға тиіс. Уəлиханның бірінші баласы – Ғұбайдолла. Сол жолы Ғұбайдолланы тұтқындап, Айғанымды хан сайлайды. Айғанымға жылына 400 рубль жалақы тағайындайды. Сол кезде қойдың бағасы 5-6 тиын, жылқы 70-80 тиын.Осылайша, Айғаным бір жарым жыл хан болып отырады» [6].

 «Айғаным мекен-жайының жұрты қазіргі Көкшетау өңірі, Айыртау ауданы Сырымбет шаруашылығына таяқ тастам жерде. Мекен-жай орнында тұрып қараған кісіге қос өрнекті Сырымбет Шоқысы асқақтап көрінеді.

 Мекен-жайдың салыну тарихы Шоқанның əжесі Айғанымның қоғамдық-саяси қайраткерлік істерімен тікелей байланысты. Ел жадында «Сперанский ережесі» деген атпен сақталып қалған 1822 жылғы «Сібір қазақтары жөніндегі ереже» күшіне енгеннен кейін, атасы Абылай мен күйеуі Уəли бастаған Ресеймен тығыз қарым-қатынас саясатын дамыта, ұлғайта түскен ханша Айғаным солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бəріне бел шешіп, белсене араласып, іс-көзін білетін зеректік, алғырлығымен халық арасында үлкен беделге ие болған. Айғаным қазақ елінің Ресейге өз еркімен қосылуының прогрестік мəн-мағынасын дер кезінде жіті түсініп, патша өкіметі алдына жергілікті халықты оқу-білім, отырықшылыққа тарту жəне қазақтардың өзін-өзі басқаруы керектігін анық мəселе ретінде көтерген. Оның оқу-білім алуға аса маңыз бергендігі Сырымбетте қазақ мектебін ашып, өз ұлы Шыңғысты Сібір казактарының əскери училищесіне оқуға беруінен байқалса, алдыңғы қатарлы орыс мəдениетіне барынша ынталы болғандығы Батыс Сібір генерал губернаторы лейтинант Капцевичке отырықшылыққа ойысу мақсатымен Сырымбет төңірегінен жер беріліп, сол жерге өзіне арналған кең, зəулім үйі, моншасы, мектебі мен мешіті бар мұнтаздай қора-қопсылы, күнделікті тұрмысқа ыңғайлы əрі тартымды мекен-жай салдырып беруін сұранып, 1822

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

жылдың ноябрь айында өтініш білдіруінен көрінеді. Айғанымның нақты тілектер қойып жазған бұл өтінішінің толығымен жүзеге асқандығын П. П. Семенов-Тян-шанскийдің «Тянь-шаньға саяхат» атты мемуары 2-томының 54-бетіндегі: «І Александр Уəли ханның жесіріне үлкен ілтипат көрсетіп, қырғыз даласындағы 1-үйді салдырып беруге əмір еткен, əрі Шоқан Уəлиханов сонда туған», – деген жолдарынан аңғарылады...

 Шыңғыстың Сырымбеттегі мекен-жайында орақ ауыз, от тілді ақын-жыраулар таңды таңға ұрып, алтын саусақ, бал таңдай əнші- күшілер мəжіліс соңын өнер сайысына айналдырып, аңызшы- ертегішілер жиын-тобырды мəре-сəре етіп, апталап, айлап жатып өз өнерін ортаға салған. Мұның бəрі енді қалыптасып, қанаттанып келе жатқан жас ғұламаға игі əсерін тигізіп отырған.

 Алты жасында Күрлеуіт Қыпшақ Жаманқұлдан «Едіге» жырын тыңдаған Шоқан «Ер Қосай» мен «Ер Көкшені» Атығай Арыстанбай Тобылбайұлынан естіген. Қаракесек Жанақ Сағындықұлынан ел шежіресі мен ауыз əдебиетінің үлгілеріне құлағы қанық болған. Шоқан нұралық Шөже Қаржаубайұлынан «Қозы Көрпеш

    • Баян сұлу» жырының ең ұзақ нұсқасын жазып алған. Көкесі Хақназардан күй атасы Қорқыттың ботадай боздаған сарынын сан рет тыңдаған. Күй сарынынан ажалмен арпалысты бажалайлап, өлімді өнермен, надандықты іліммен жеңуге болар деп түйсінген. Өз құралпыластарынан Ақанның мұңшыл да сыршыл, Біржанның шабытты да шалқар, Жаяудың ащы да асқақ əндерін тыңдаған» [3, 26-25].

 Шоқанның анасы Зейнеп – əйгілі Мұса Шорманның қызы екені О.А.Сегізбаевтың «Мировоззрение Чокана Валиханова» атты еңбегінде былайша жазылған: «Мать Чокана – Зейнеп была дочерью видного казахского бия Баян-Аульского округа Чермана. Ее родной брат Мұса Черманов, дядя Чокана, который находится с ним в тесных связах, был образованным казахом».

 Тарихи тұлға-аналар бейнесі ұлтымыздың салт-дəстүрімен, тəлім-тəрбиесімен тығыз байланысты. Дана Шоқан əжесі мен анасы болмаса, дəл осылай қалаптасар еді деп айту да қиын. ХVІ- ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр əжелеріміз жерімізді жаудан қорғауға қатысса, ХІХ ғасырдан бастап олар сауатты ұрпақ тəрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсады. Сол заманның өзінде-ақ қоғамда салиқалы, көреген əжелер орны айқындалғанын байқаймыз. Мына заманда аялы алақанымен бүкіл еліне тұтқа

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

болатын тұлғаларды, елдің болашағын бесікке салып аялап тербеген, ұлт ұлағатын ұлықтаған əжелеріміздің тарихи орны жеткілікті қадірленбеуі ойлантады.

Əдебиеттер:

  • Өтенияз С. Шоқан. –Алматы: Ғылым, 1995.
  • Мырзахметұлы М. Айналған аты аңызға Момышұлы. – Тараз, 2000.
  • Мұқтарұлы С. Шоқан жəне өнер. –Алматы: Өнер. 1985.
  • Мұқанов С. Таңдамалылар. 8-том. –Алматы: Жазушы, 1976.
  • Уəлиханов Ш. Таңдамалы. –Алматы: Жазушы, 1980.
  • Сегизбаев О. Мировоззрение Чокана Валиханова. –Алматы: Наука, 1959.

Салтанат ҚАЖЫКЕН,

«Үркер» журналының бөлім редакторы, журналист

АЙТУЛЫ АНАЛАРДЫҢ ƏЖЕЛІК ӨНЕГЕСІ

 Даңқты Зере (1785 – 1873) – Абайдың əжесі. Өскенбай бидің бəйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 əйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кəрі əже» деп атағаны көп деректерде жазылған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай əжесін өлеңмен үшкірген.

 Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере əже Абай өміріне, ақындығына игі əсерін тигізген. Бұл туралы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясында шынайы суреттелген. Зере 1873 жылы қайтыс болған соң, баласы Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының жанына жерленген. Абай ауылының азаматтары 1986 жылы қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, Зере бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды (Қазақстан ұлттық

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

энциклопедиясынан).

 «Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың əжесі – Зеренің ұлағатты əңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?

 М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның əжесі бір түрлі шебер əңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дəмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі əуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген»

– бəрі де айтылды. Оның əңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Бертін келе, тəуір болып алған соң, əжесінен тағы бір əңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы əңгімелер. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін жəне Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқа да «Қарашор шапқан» сияқты шабысты, жортуылды айтады. Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.

 Зере ел шабысын əңгіме еткенде, сол істердің бəрін ел басына əлек салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын. Кішкентай күнінен ертек-əңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп біліп алған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана Абайға айналуына əсер еткен мысалдың бірегейі десек те болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлғасының қоғамдағы рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр.

 М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары Б.Момышұлы жоғары баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен Ұлжан Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген». Шоқанның əжесі Айғаным Сарғалдаққызы үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты əйел болған. Әрі жасөспірім Шоқанның өз құралпыластарына қарағанда сана- сезімінің ерте оянып, рухани əлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның

«Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

болған» деуі сондықтан. Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тəлім-тəрбие мен туып-өскен ортасының да игі əсері тиген.

 Айғанымның өмірі мен саяси қызметі өткен дəуіріміздің тарихында ерекше аталады. Орта жүз жерінде алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлғаның игілікті ісін оның балалары жалғастырды. Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тəрбиелеуде ең алдымен əжесі мен оның əкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.

 Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай əншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше əсер етті.

 Қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі Шоқан Уəлихановтың азаматтық болмысының өз тұстастарының арасынан дараланып шығуына, ішкі күш-қуаты мен асқақ рухының ерте жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның əжесі – Айғанымның берген тəрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным əженің өнегесін моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік.

 Айғаным туралы толық мағлұматты Ш.Уəлихановтың таңдамалы жинағынан ала аламыз. Онда былай делінген: «Ш.Уəлихановтың əжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы əрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған əйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мəдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен жəне Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Мұрағат мəліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді. Айғаным тоғыз бала тапқан, соның жетеуі тірі қалған. Үлкені – Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Айғанымның мекен-жайының жұрты қазіргі Көкшетау өңірінің Айыртау ауданы Сырымбет ауылына таяқ тастам жерде.

Әжені көркем шығармаға қосу негізінен ХХ ғасырда қолға

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

алынды. Өйткені əженің қоғамдағы орны ерекше болғанмен, оған көңіл бөлушілер аз еді. Бірінен соң бірі жалғасқан тарихи өзгерістер əдебиет өкілдерін тарихи əлеуметтік жағдайдан өзгеге бет қаратпады. Халық басындағы ауыр жағдай, отарлау үдерісі, жер мəселесі, əйел теңсіздігі, жаңа заман жаңалығы секілді мəселелер осы кезге дейінгі əдебиетшілердің тақырыбына айналды. Көнеден жаңаға бет алған əжелер образы қазақ халқының салт- дəстүрімен, тəлім-тəрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тəрбиелеуде əженің рөлі айтарлықтай. Бесікке салу, бесік жырын айту, шілдехана секілді салт-дəстүрге əже тікелей қатысты. ХVІ- ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр əжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы əжелер орны айқындалғанын байқатады.

 Қазақ қоғамында əулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс тезге салуда, жеткіншіктерді жастайынан адами келбет ауанынан алыстатпай тəрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты «əжелер мектебінің» алар орны қашан да бір төбе болған ғой. Әжелер – барлық тəрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әрине, ежелден қазақ халқының нəзік жандылары таққа отырып, ел басқармаған, ерінен бұрын сөз бастамаған. Осылайша əжелер өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тəрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Бұл – ұлттық болмысымызға тəн қасиет əрі құндылық.

 Бесіктен тамыр тартқан тəрбие келе-келе əже мен немере арасындағы көзге көрінбейтін нəзік бір байланысқа, екеуі жазбай түсінетін ортақ психологияның қалыптасуына алып келген. Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына тереңнен сіңуіне де əже ықпалының айрықша болғаны да айдан анық. Яғни əрбір отбасындағы əже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.

 Қазақ қоғамының сүт бетіндегі қаймағындай болған азаматтарының, тарих парағына есімі өшпестей етіп қашалған тұлғалардың қалыптасуында да əжелердің сіңірген еңбегі зор болған ғой. Мұхтардың əжесі Дінəсілдің ұрпағына берген тəлім-тəрбиесі мен рухани мұрасы таусылмас қазына емес пе еді?

 Әжелер өнегесі мен олардың тəлім-тəрбие ұрығын себуші, ұлттық салт-дəстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретіндегі ешкім қайталай қоймайтын, алмастыра алмайтын бейнесі XVI-XVIII ғасырларда-ақ айқындалып қойған емес пе еді?! Дана əжелердің қоғамдағы орны

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

  • XX ғасырдағы қазақ прозасында анық көрініс табуына да елеулі əсер еткен. Бұл мысалдардың барлығы – ақ жаулықты жандардың ұлағатын айна-қатесіз көрсетеді. Демек, ұрпағын жаза басудан сақтандырып, қайта өнегесімен өрісін кеңейткен əжелер болған, келешекте бола да береді.

 Десек те, дүние ғаламдасу кеңістігіне қарай ойысып, жан- дүниеміз батыстан жеткен «сыртқы күштермен» жадыланып бара жатқан мына заманда біз осы бір рухани құндылықтан ажырап, яғни əжелер салған ізгі жолдан жаңылмасақ екен дейміз.

 Әжелер туралы жазылған өлеңдер көп. Әнге айналғандары қаншама?! Мəдениет пен əдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, оларға тарихымызды танытып, салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрпымызды үйретіп, үлкен үлгі, өнеге көрсететін де – əжелеріміз. Дана халқымыз үлкендерге құрмет көрсетіп, қарттарын төріне отырғызып, олардың айтқан ақылына, өсиетіне құлақ асып, үлгі тұтқан. Қазақ отбасында əжелердің орны ерекше əрі қадірлі болған. Әлі де солай. Әже – отбасының ғана емес, əулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тəрбиешісі əрі ақылгөйі атанған. Өз балаларын бағып- қағып азамат етіп тəрбиелеген соң, немере-шөберенің тəрбиесімен айналысып, оларды қызғыштай қорып, бар мейірімін төгеді. Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың əжесі Зере секілді əжелердің бейнесі аңыз- əңгімелерде, əдеби шығармаларда сомдалған.

 Әже – отбасының ғана емес, əулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың бірлігін, абысынның татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жас келіндердің тəрбиешісі əрі ақылшысы. Сондықтан да қазақ қоғамында тұңғыш немерені əженің бауырына салады. Бұл тек біздің халыққа ғана тəн қасиет. Сөйтіп, бала ата-əженің кенжесі саналады.

 «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп жазған еді Мұхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мəнінде жүзеге асуының түп негізін əжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт-дəстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға деген шынайы тазалыққа үйретері һəм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ, əжелер мектебі – бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

ҚАРАР

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР»

атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция ҚАРАРЫ

Астана қаласы,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ12 маусым 2015 жыл

 Конференцияны ұйымдастырушылар мен ғылыми шараға қатысушылар Қазақ хандығының қалыптасып дамуына айрықша үлес қосқан ханымдар мен арулардың ұлт алдындағы еңбегін, тағылымын, мұрасын байыптау Қазақстан Республикасы Президентінің «Мəңгілік ел» идеясын салаландырудағы маңызды міндет деп біледі.

 Дəстүрді жалғастыру мен жаңғырту жолында ел басшыларына, батырлар мен билерге, сұлтандар мен сардарларға асыл жар, сенімді кеңесші, зерделі қабырға болған ханымдар мен арулардың өрісті парасаты мен үлгілі бастамалары бүгінгі ғылым-білімнің, мəдениеттің жəне БАҚ-тың нысанасына айналуы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстарға ізашар болу үшін ұйымдастырылған аталған конференция төмендегідей қарар қабылдайды:

    •  Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі тарапынан:
  •  «Қазақ ханымдары мен арулары» жəне «Қазақ əйелдері: тарихи жəне қазіргі заман» атты кешенді ғылыми жобаларға байқау жарияланып, зерттеуді кезең-кезеңмен жүзеге асыру қолға алынсын;
  •  «Қазақ ханымдары», «Қазақ əйелдері» атты қос энциклопедия даярлап, басып шығару бойынша шығармашылық топ жасақтау пен қаржы мəселесін шешу тапсырылсын;
    • Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі:
  • еліміздегі жоғары оқу орындары білім үдерісіне жаңа форматта

«Ұлт дəстүрі» атты элективті курсты енгізуді жоспарласын;

  •  оқу орындары магистрлік жəне PhD диссертацияларының (гуманитарлық бағыттағы) тақырыбына бұрын қарастырылмаған Қазақ хандығы тұсындағы əйел тұлғаларының қайраткерлігін,

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

мұрасын зерттеу нысанасы етіп алуды қадағалау тапсырылсын;

 - жоғары оқу орындары мен педагогикалық бағыттағы ғылыми зерттеу институттары арасында «Қазіргі қазақ қызының портреті»,

«Қазіргі қазақ анасының портреті» өлешем-критерийінің негіздемесіне, ұсыным-жобасына байқау жариялансын.

    •  Атқарушы билік органдары, білім, мəдениет, бұқаралық ақапарат саласы ана мен қыз, əке мен ұл, ата-ана мен оқушы, ене мен келін, қоғам жəне əйел заты қарым-қатынасына қатысты құндылықтарымызды замана сын-қатерлеріне жауап ретінде нақтылау, жүйелеу, түсіндіру, насихаттау белсенділігін арттырсын.
    •  Бұқаралық ақпарат құралдарына «Қазақ хандығы: ханымдар мен ханшалар жолы», «Тарихи əйел тұлғалар», «Дəстүр жəне аналар тағылымы» сынды айдарлармен мақалалар сериясын ұйымдастырып, жариялау жүктелсін.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

АННОТАЦИЯ

«ЗНАМЕНИТЫЕ ЖЕНЩИНЫ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА»

материалы международной научно-практической конференции

 В сборник вошли избранные доклады и выступления международной научно-практической конференции «Знаменитые женщины Казахского ханства», проведенного Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК, Программой развития ООН в Казахстане совместно с Евразийским национальным университетом им.Л.Н.Гумилева.

 Научное мероприятие, посвященное 550 летию образования Казахского ханства состоялось под руководством Государственного секретаря Республики Казахстан Г.Н.Абдыкаликовой в Евразийском национальном университете им.Л.Н.Гумилева 12 июня 2015 года.

 В работе конференции приняли участие видные ученые и деятели, преподаватели и молодые исследователи.

 Данный сборник посвящен широкому кругу читателей с чувством патриотизма, интересующийся историей.

«FAMOUS WOMEN OF KAZAKH KHANATE»

materials of the international scientific-practical conferences

 The collection includes selected reports and presentations of the International scientific-practical conference «Famous women of the Kazakh Khanate» held by the National Commission for Women Affairs and Family-demographic Policy under the President of Kazakhstan, the United Nations Development Programme in Kazakhstan in cooperation with L.N.Gumilev Eurasian National University.

 On June 12, 2015 the scientific event dedicated to the 550 anniversary of the Kazakh Khanate was held under the leadership of the Secretary of State of the Republic of Kazakhstan G.N.Abdykalikova at L. N. Gumilev Eurasian National University.

 The conference was attended by prominent scientists, teachers and young researchers.

 This collection is dedicated to a wider audience with a sense of patriotism, interested in history.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР»

халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары

«ЗНАМЕНИТЫЕ ЖЕНЩИНЫ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА»

материалы международной научно-практической конференции

«FAMOUS WOMEN OF KAZAKH KHANATE»

мaterials of the international scientific-practical conferences

12 / 06 / 2015

Пікір бергендер:

Қ.Ə.Ахметов, тарих ғылымдарының докторы, профессор

А.Ж.Шəріп, филология ғылымдарының докторы, профессор

Жауапты шығарушысы – Рүстем ƏЛҚОЖА



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу