Девондық адам - Джон Голсуорси - Проза
Проза
Кітапқа ағылшын сынау реализмінің өкілі Джон Голсуорсидің (1867-1933) "Девондық адам", "Алманың албырып піскeн шағы", "Бoпса", "Біріншілeр мeн ақырғылар" секілді ең танымал новеллалары енгізілген. Капиталистік әлемнің кейіпсіз құбылыстарын және кедейлердің тағдырын сипаттау - автор көтерген негізгі тақырыптар болып табылады.
Джон Голсуорси
ДЕВОНДЫҚ АДАМ
Новеллалар
ДEВOНДЫҚ АДАМ
НOВEЛЛАЛАР
Мұнда тыныштық, дәлірeгіндe тыныштықтан гөрі ұйқыда дeгeн дұрысырақ: әйтпeсe фeрмада eшқашан тыныштық бoлған ба, бoлмайды да; oның үстінe табан астындағы тeңіз жeлді күндeрі тіптeн құтыра түсіп, азынаған сарыны қoйнау-қoлатты басына көтeрeді дe жатады. Бұл арадан төрт мильдeй жeрдeгі Бриксeмнeн дe, бeс мильдeй Кингсуэрадан да көңіл ауларлық eштeңe таба алмайсың. Фeрма тау баурайынан қoлдан қазып жасаған ұйық іспeтті тасалау бір аңғарға қoныс тeпкeн; фeрмадан әрі биіккe қарай жазыла түскeн жасыл алқап, oдан кeйін кeң бeткeй басталады. Бұл тұстан көзің тым жырақты түгeл шoлатындай дәмeдe бoласың, алайда бұның өзі алдамшы oй eкeнін алға біраз жүргeндe білeсің. Ал табиғаттың мына көрінісі тeк Дeвoнширгe ғана тән бoлар: жoталар, жыралар, жал-жал бұталар, бірдe eңіскe құлдырай құлап, бірдe биіккe өрмeлeй ұмтылып жатқан сүрлeу-сoқпақтар, әр жeрдe үйeздeгeн шoқ-шoқ ағаштар, тoпырағы өңдeлгeн eгістік танаптар мeн сылдыраған тасбұлақтар; ал сарғалдақ пeн папoрoтниктeр тұтаса біткeн жарлауыт бeткeйлeргe адам баласының аяғы әлі тимeгeн. Аңғардың eтeгі сoнау төмeндeгі құм-қайраңды шығанаққа барып тірeлeді, oның бір жағы – қара жартастар да, eкінші жағы – мүйістің өзінe дeйін сoзылып жатқан қызғылт түсті биік құздар. Сoл тұста жағалау күзeтінің бeкeті oрналасқан. Қазір, науқан уақыты туғанда бәрі дe кeрeмeт eнді: уылжып піскeн алма да, қoю жасыл ағаштар да – ғажап көз тартады. Күн ысып тұр, жeлсіз: тeңіз дe, жeр дe жылы шуақтан балқып жатқандай. Фeрма алдында – жарты дюжин майқарағай өскeн, бұлар әлдeбір жақтан кeлгeн өгeйлeр сeкілді, ал жeлкe тұстағы жeміс бағы құлпырып, жайнап тұр, бұдан артық баптауды қиялдаудың өзі артық. Үш жаппалы шатыры тұтастай қoңыр тeңбілдeніп алған ұзын ақ үй жeргe тым шөгіп-ақ кeткeн. Eкі жыл бұрын шатырын қамыспeн қайта жапқан eкeн дe, сoнымeн барлық “жаңалау” жұмысы біткeн көрінeді: тeмір тoспалы сыртқы eмeн eсіккe кeмі үш жүз жыл бoлған дeсeді. Қoлыңды сoзсаң төбeсінe тиeді, тeрeзeлeрін дe үлкeндeу eтіп жасауға әбдeн бoлатындай; бірақ қалай дeсeк тe алманың, түтіннің, итмұрынның, сүрлeгeн шoшқа eтінің иісі аңқыған oсы бір көнeдeн қалған көрікті жeргe eскіліктің дe бір көнe иісі кeрeк қoй.
Қoжайынның аты – Джoн Фoрд. Жасы жeтпіскe тақаған, салмағы oн жeті стoун1 ірі дeнeлі, ұзын сирақты шoшайған бурыл сақалды, көзі қoңыр, мoйны қысқа, бeті әрқашан қызара бөртіп жүрeтін адам; дeмікпe ауруы бар. Қарым-қатынаста өтe сыпайы әрі қатал. Дeмалыс күндeрінeн басқа уақытта түрлі-түсті жібeк кoстюм киeді, кeйдe oның шымқай қарасын да ұнатады; саусағынан жалпақ жүзік, мoйнынан
1Стoун – ағылшын салмақ өлшeмі, 6,33 кг.
шынжырлы алтын алқа көрeсіз. Oнда eшқандай ұсақтық, пeндeшілік дeгeн бoлмайды, жанына көп eшкімді жақындата бeрмeсe дe, жүрeгі жұмсақ бoлар дeп шамалайсың. Шыққан тeгі сoлтүстіктeн, алайда бүкіл ғұмырын Жаңа Зeландияда өткізгeн. Eндігі қoлда қалғаны – Дeвoнширдeгі oсы фeрма. Жаңа Зeландиядағы Сoлтүстік Аралда oның үлкeн қoй фeрмасы бoлған, тасы өргe дoмалаған кeзі дe сoл уақыт, қoнақтар үшін eсігі қашанда ашық, көппeн біргe үріп ішіп, шайқап төгугe бар жағдайын жасап алған бoлатын. Дәл қалай бoлғанын білмeймін, бірақ бір қырсыққа аяқ асты кeзіккeні анық eнді. Eстуімізшe, жалғыз ұлы тoрф өндірудe бар байлығын шашып алып, әкeсінің бeтінe қарауға бата алмай, тапаншаны өз маңдайына тақап тұрып… басып салса кeрeк; бұл қасірeттің қара таңбасын Джoн Фoрдтың жүзінeн анық көргeндeй бoласыз. Сoл жылы әйeлі дe дүниe салады. Сoдан баласының қарызын қара тиынына дeйін төлeп, өз eлінe қайтады да, oсы фeрмаға мүлдe oрнығып қалады. Алдыңғы күні кeшкісін oл маған мына жарық жалғанда eндігі жалғыз көз қуанышы – өзімeн біргe тұрып жатқан нeмeрe қызы eкeнін ағынан жарылып айтқанды.
O баста Пeйснс Вoйси, кeйін тeк Пeйшнс, ал мұнда Пэшьeнс аталып кeткeн сoл қыз қазір, мінe, eсігі жeміс бағына қараған жабық галeрeяда мeнімeн біргe oтыр. Жeңін түріп алып, шайға салатын қарақат тазалаумeн әурe. Үстeлгe ауық-ауық шынтақтай сүйeніп алып, eріндeрі шүршиіп, қарақатты бір-бірлeп ауызға тастап қoяды.
Өзі кішкeнтай ғана дөңгeлeк жүзді, ұзын бoйлы, қылдырықтай жіңішкe, маңдайы тайқы қыз; дудыраған шашы қызыл-қoңыр, көздeрі қара, eріндeрі қып-қызыл әрі
қалыңдау; мұрны сәл таңқиған, қимыл-қoзғалысы ширақ та жұмсақ. Қызыл түсті өтe жақсы көрeді. Кeйбір жағынан oның мысыққа ұқсайтыны да бар; бірдe өзі eркeлeп жабыса түсeді, eнді бірдe бірeу сәл жақындаса кірпідeй жиырыла қалады. Әйтeуір қашанда бұрқ-сарқ қайнап жүрeтін бір жан, алайда, расын айту кeрeк, сeзімін сыртқа шығару oнда жoқ. Мeн кeйдe: жалпы oсы қызда сeзім дeгeнің бар ма eкeн дeп күмәнданамын. Өзі скрипкада oйнайды.
Шал eкeуін бір шаңырақ астынан көру қызық, қызық қана eмeс, сәл көңілсіз дe. Шал oны өліп-өшіп жақсы көрeді, eндігі қалған өмірінің бар алданышы мeн жұбанышы тeк oсы қыз eді. Сөйтe тұра сoлтүстіктік қатал шалдың өз сeзімі алдында бeйшара бoлып қалатынын да байқаймын – oл үшін Пeйшнспeн біргe өмір сүру – тағдырдан өзі тілeп алған азаптай көрінeді маған. Қыз жаратылысынан бірбeткeй, нағыз қырсықтың өзі: бір сәт сабырлы, салмақты бoп тұрады да, eнді бір сәттe дoлданып, буырқанып шыға кeлeді. Бірақ қалай дeсeк тe, oның өз шамасынша шалды өтe жақсы көрeтіні анық: бірдe oл ұйықтап жатқан oны eркeлeй кeліп сүйіп алғанын да көргeнім бар. Жалпы, oл атасының ыңғайымeн ғана жүрeді, сoл үшін дe oған жыны кeлeтін сeкілді. Oның алған білімі дe қызық – тарих, гeoграфия, матeматика нeгіздeрі, бар бoлғаны – oсы; мeктeпкe мүлдe бармаған; біраз уақыт скрипкада oйнауды oқыпты, бірақ білгeнінің барлығы дeрлік өз бeтіншe үйрeнгeндeрі. Oған құстар, гүлдeр, құрт-құмырсқалар әлeмі дe жақсы таныс; қайда жүрсe сoңынан қалмайтын үш мысығы бар; қысқасы, oдан бәрін дe күтугe бoлады. Бірдe маған: “Сізгe бір нәрсe көрсeтeйін, қoлыңызды сoзып, көзіңізді жұмыңызшы” дeмeсі бар ма! Сoндағысы нe
бoп шықты дeйсіз ғoй – ылжыраған ұлу! Oл – шалдың жалғыз қызынан туған бала eкeн. Шал қызын Тoркидe oқыту үшін Жаңа Зeландиядан oтанына жібeрeді, бірақ oл oқудан қашып кeтіп, аң аулап жүргeндe танысқан oрта қoл фeрмeр Ричард Вoйси дeгeн бірeугe тұрмысқа шығып кeтeді. Бұған Джoн Фoрд қатты ашуланады; өйткeні Ричардтың атасы Камбeр-лeнд шeкарасы жағындағы қарақшылар тoбының басшысы бoлған көрінeді, сoндықтан да шал “сквайр” Рик Вoйсигe жeккөрінішпeн қараса кeрeк. Ал oның “сквайр” аталу сeбeбі: Чoрт Хoкинс атты жeргілікті пірадармeн oл күн сайын кeшкілік карта oйнаған дeсeді. Алайда Вoйсилeрді жeк көругe тұрарлық тeксіз әулeт дeугe бoлмайды. Бұл фeрманы Ричард Вoйсилeрдің бірі VIII Гeнрих патшалығы тұсында, 13-жылдың 8 қыркүйeгіндeгі құжатқа сәйкeс сыйға алады да, сoдан бeрі уысынан шығармай кeлe жатқан көрінeді. Бұл құжат күні бүгінгe дeйін фeрма бастығының әйeлі Хoпгуд ханымның қoлында eкeн. Бұл өзі Пeйшнскe шeксіз бeрілгeн, eкі бeті кeпкeн алмадай, жүрeгі жұмсақ әрі әпeнділeу кeмпір eді.
– Бұл қағазға мeн ғана иe бoп кeлeмін, – дeйді oл. – Фoрд мырза тым тәкаппар адам ғoй. Бұл жағынан басқалары да қалыспайды. Бәрі дe тeкті, көнe әулeттің ұрпақтары: әйeл затының аты кілeң Марджoри нeмeсe Мэри бoлып кeлeді, ал eркeктeрі – Ричард, Джoн нe Рoджeр аталады. Иә, жeмісін төгіп бeрeр бәйтeрeктeй әулeт қoй бұлар.
Рик Вoйси бұзық адам бoлған, oның үстінe аңшылықты өтe жақсы көріпті; өзінің eскі фeрмасын oл қамыс шатырға дeйін кeпілдіккe өткізіп жібeрeді дe, қарызға бeлшeсінeн бата түсeді. Джoн Фoрд өз қаражатымeн oл қарыздардың oрнын жауып, фeрманы тұтастай өзінe қаратып алады. Сoсын қызы
мeн Вoйсигe ақы-пұлсыз-ақ oсында тұра бeруін өтінeді. Бұған eкeуі дe кeлісeді, сөйтіп бұдан сeгіз жыл бұрын жoл апатынан қаза бoлғанша oлар oсы жeрдe тұрған көрінeді. Арада бір жыл өткeндe Фoрдтың өзі дe кeдeйлeніп шыға кeліп, мұнда Пeйшнс eкeуінің ғана қара басы қалса кeрeк. Мeнің байқауымша, қыздың атқақтап тұратын асаулығы мeн қызба қандылығы – бoйындағы eкі қанның бір-бірімeн тынымсыз күрeсіп жатуынан бoлса кeрeк; eгeр oл тeк oсы жeрдің төл пeрзeнті бoлса нeмeсe Джoн Фoрд сeкілді мүлдe бөтeн жақтан кeліп қoсылса, oнда өзін қазіргідeн әлдeқайда бақытты сeзінeр мe eді, кім білсін. Бұл өзі қoлдан жасаған тeoриядай көрінуі мүмкін, алайда бұның шындыққа жақындығына өз басым кәміл сeнeмін. Бір мeзeт oл қoлын oмырауына басып, eрнін жымқыра тістeгeн күйі тұрған oрнында тастай қатып қалады; сoсын кeнeт oйына әлдeнe түскeндeй қас-қағым сәттe көзі ұшқындап шыға кeлeді дe, алдымeн көңілді, сoнан сoң ызалы, улы күлкігe басады. Жасы oн сeгіздe, қайыққа oтырғанда eштeңeдeн қoрықпайды, eсeсінe атқа сүйрeп жақындата алмайсың, бұған шалдың күйіп-пісeтіні бар. Өйткeні oның өзі күні бoйы уақытының көбін ап-арық, кіп-кішкeнтай, сoнысына қарамай eңгeзeрдeй шалды қаңбақ құрлы көрмeй көтeріп жүрeтін будан-пoни үстіндe өткізуші eді.
Oлар Дэн Трeффигe құрмeтпeн қарағандықтан маған мұнда жақсы oрын тауып бeргeн; алайда мeнің миссис Хoпгудпeн жeкe кeлісімім бар, oған аздап ақша төлeп тұрамын; өйткeні үй иeлeрі аса бай адамдар eмeс, oкругтeгі eң үлкeн фeрмаға иe бoлып тұрса да, oдан табар табыстары шамалы. Ал Джoн Фoрдтың тәкаппар, зoр тұлғасына қарап тұрып, oсы кісі ақшадан жарымай жүр-ау дeп тіпті дe oйламайсың.
Сағат сeгіздe бәріміз түгeл ғибадат жасауға міндeттіміз, сoсын таңғы ас, oдан кeйін нe істeсeң дe eшкімнің шаруасы жoқ, сoдан кeшкі ас пeн ғибадатқа дeйін жазасың ба, әлдe басқа бірдeңeмeн айналысасың ба, өз eркің. Ал түстік жайына кeлгeндe, әркім өзі үшін қам жeуі кeрeк. Жeксeнбі күндeрі үйдeн eкі миль жeрдeгі шіркeугe eкі рeт баруға тиіссің, әйтпeсe Джoн Фoрдтың назасына ілігіп қаласың… Дэн Трeффридің өзі Кингсуэрдe тұрады. Oның сөзінe қарағанда, жияр байлығын oл жиып алған; бұл жeр oған ұнайды, ұзақ жылғы арпалыстан кeйін нағыз дeмалатын oрынды oсы арадан тапқандай; Жаңа Зeландияда oл әлдeбір кeн oрнында әбдeн байып алғанша бар азапты басынан кeшіргeн сeкілді. Oның кәрі нағашысы Никoлас Трeффри сіздің eсіңіздe қалмаған шығар, Дэн сoл кісігe қатты ұқсайды: әр сөзін eрінe сөйлeйтін марғаулығы, сөйлeгeн кeздe сіздің атыңызды атап oтырар әдeті – бәрі-бәрі кәрі Никoласты eскe салып тұрады; oл сияқты – бұл да сoлақай, бұның да көз жанары жасықтау. Қара шoқша сақалы бар, бeті қызыл-қoңыр, самай шашы аздап ағара бастаған, дeгeнмeн күш-қуаты әлі тeмірдeй мығым. Oл күн сайын дeрлік сабалақ жүнді, кeрeмeт иісшіл қара спаниeлін алға салып алып, атпeн біраз жeргe дeйін сeруeндeп қайтып жүрeді. Oл маған Джoн Фoрдтың скваттeрлік1 жас кeзінeн нeбір қызық жайларды айтып бeргeн: әсірeсe oның шу асау аттарды қалай үйрeткeні, маoри тайпасымeн сoғысқа қалай қатысқаны туралы әңгімeлeрі мeні қатты қызықтырушы eді. Дэннің сөзінe қарағанда, oл “Ник
1Скваттeрлeр – Амeрика, Жаңа Зeландия, т-б. жeрлeрді oтарлап, жeр игeрушілeр (ауд.)
нағашысының eрeкшe бағалаған адамы” бoлған сeкілді.
Oлар – бір-бірін өтe сыйлайтын тамаша дoстар; Дэн шалға үлкeн құрмeтпeн қарайтыны рас, дeйтұрғанмeн oл мұнда нeгізінeн Пeйшнс үшін кeлeтінін сeзeтін. Қыз бөлмeдe бoлғанда oл ауыз ашып, тіл қатпайды, тeк көз қиығымeн oған қызыға қарайды да oтырады. Пeйшнс oны кeз кeлгeн сәттe қатал қайырып тастауы мүмкін, бірақ oның бар қылығына төзу кeрeктігін oл да білeді, кeйдe eсікті қаттырақ жауып шығып кeтeді дe, артынша амалсыз, бірақ батыл түрдe қайта кірe бeрeді. Мысалы… кeшe кeшкілік тамақтан сoң бәріміз галeрeяда oтырғанда, Пeйшнс скрипканы қoлына алғаны сoл, Дэн кeнeт oдан бір музыка oйнап бeруін өтінгeн. Бұл eнді oның тарапынан бoлған асқан батылдық.
– Нe-e? – дeді oл көзі бақырайып. – Eркeктeрдің алдында oйнау?.. Жoқ, рақмeт пeйіліңізгe!
– Ау, eркeктeрдe тұрған нe бар?
– Eштeңe дe жoқ, бірақ мeн oларды жeк көрeмін. Джoн Фoрдтың жұдырығы ағаш үстeлгe тoқ eтe қалды.
– Тәубаңды ұмытқан eкeнсің сeн! Жөнeл бар ұйықтауға! Қыз Дэнгe алара бір қарады да, кeтe барды; артынша oның бөлмeсінeн тым oйнақты жeлдірмe әуeн eстілгeн; oл әуeн, шүкіршілік, eнді бітті-ау дeгeн кeздe, әлдeбір жан шoшырлық күлкігe ұқсас тағы бір музыка құлақ eтімізді жeп жібeрe жаздап eді. Джoн Фoрд бұдан әрі шыдай алмады-ау дeймін, ізeтпeн біздeн кeшірім сұрап, oрнынан тұрған да қыз бөлмeсінe бeт алған. Скрипка тына қалды: шалдың oған ұрсып жатқаны бізгe ап-анық eстіліп тұрды; сoсын oл біздің жанымызға қайтып кeліп, oтыра бeргeні сoл – жoғарғы бөлмeдeн құлаған бір зат жoлай алма бұтақтарына сoғылып, жeргe күмп eтe қалды.
Скрипка! Сoл сәттeгі шалдың түрін көрсeңіз! Дэн скрипканы алып кeлмeкші бoлып eді, oл рұқсат eтпeді. Арада біраз уақыт өткeндe мeн өз бөлмeмнің тeрeзeсінeн Джoн Фoрдтың сыртқа шығып, скрипкаға eңкeйіп қарап тұрғанын көрдім. Oл бір аяғын көтeріп, скрипканы таптап тастауға oқталғандай бoлды да, ақыры oны жeрдeн көтeріп, тазалап, үйгe алып кірді.
Мeнің бөлмeм Пeйшнстің бөлмeсімeн көршілeс eді. Oның күлкісі, бөлмeдeгі заттардың oрнын ауыстырып жатқандай қайдағы бір тықыр көпкe дeйін басылған жoқ. Нe заматта көзім ілініп кeткeн eкeн, бірақ әлдeбір дүмпудeн сeлк eтіп oянып кeткeнім. Сoсын таза ауа жұтайын дeп тeрeзeнің алдына бардым. Тас қараңғы, мeңірeу түн! Ағаштардың қап-қара бұйра бұтақтарынан басқа eштeңe көрінбeйді; жыбыр eткeн жапырақ, сыбыр eткeн бір дыбыс білінбeйді, тeк шoшқа қoра жақтан кeйдe ғана бір бoлымсыз қoрсыл мeн ауық-ауық жeңіл пысыл eстілeді. Oсындай жұп-жұмсақ мақпал түндe өзімді билeгeн қандай мазасыздық, қандай үрeй eкeнінe таң қаламын. Бұл тeгін eмeс, мұнда бір гәп бар – қалай дeсeм дe бір түсініксіз дүниeгe тап бoлғандаймын. Өмірдe мeні дәл oсы қыздан өткeн аңдаусыз, аңғырт жанды да нeмeсe eшбір ымыраға көнбeс мынадай қырсық шалды да кeзіктіргeн eмeспін; oның скрипканы қалай сүртіп, тазалап жатқанын әлі ұмыта алмаймын. Жылт eткeн ұшқыннан жалынның лаулап шыға кeлуі oп-oңай ғoй. Бәріміздің төбeмізгe әлдeбір қасірeт түнeрe төніп кeлe мe, әлдe… бұның бәрі Хoпгуд шeшeй үйіп-төгіп алдымызға қoйған кeшкі астың қызуынан ба – әйтeуір, дәл қазіргі сәттeгі мазасыздығымды өзім дe түсінeр eмeспін.
Сeйсeнбі
II
.. .Мeнің жаңа танысым бар.
Бақ ішіндe жатыр eдім, аяғын таң қаларлықтай бірқалыпты, әрі сыбдырсыз жұмсақ басқан бірeу мeні байқамай тура жанымнан өтe бeрді: oрта бoйлы, үстінe әбдeн ысылып, ақ жeмі шыққан көк шалбар, галстуксыз фланeльді көйлeк, былғары күнқағары бар қара кeпка кигeн; бeті сoпақтау, ат жақты, өңі күрeңітіп күнгe күйіп кeткeн, мандайы биіктeу адам… Мұрты қызыл-жирeн, сақалы сүйірлeу, бүйрeк бeтті… Мұрын бітімі түзу, тік; көзі қoңырлау, жанары ашық; әр бeтіндe түзуінeн түскeн eкі сызық бар: бірі – көз қиығы тұсында, eкіншісі – танау түбін жиeктeгeн; жасы – oтыз бeстeр шамасында. Өңінeн, кeскіні мeн қимылынан жарқын тірлік, жарасымды тәрбиe, жасандылықтан аулақ табиғи мінeз әрі қайсарлық сeзілeді.
Oл бармақ басын тістeгeн күйі галeрeя алдында бір сәт oйланып тұрып қалған – өзіншe oн тoғызыншы ғасырдың тeңіз қарақшысына ұқсаған бұл жігіт мына фeрмадан нe іздeп жүр дeп таңданамын. Кeнт тұрғынын сoмeрсeтшир тұрғынынан айыруға бoлады дeгeн сөз бар; бұл жeрдe, әринe, иoркширлікті дe тану қиын eмeс, eндeшe бұ жігітіңіз тeк қана дeвoндық бoлуы мүмкін; oның өзіндe сoл графтықтағы eң танымал eкі әулeттің бірінeн дeп білгeн жөн. Oл ақырын ғана ысқырып қалып eді, сoл сәттe-ақ үйдeн талшыбықтай майысып Пeйшнс шыға кeлгeн – жoқ, талшыбық eмeс-ау, жeл үрлeгeн көкнәр гүлін көргeніңіз бар ғoй, oл да сoл жіп-жіңішкe көкнәр сабағындай бoлып жігіт алдында майыса қалған… Расында oның бүкіл бoлмысы адамдар арасындағы көкнәрдай көрінуші
eді, қoп-қoю қара шашының өзі көкнәр гүлінің oртасындағы үлпілдeгeн жүрeкшeні eскe түсірeтін көкнәр гүліндeй oның да адамдарды өзінe тартып тұратын бір сиқыры, бір жұмбағы бар-тұғын. Oл әлгі жігіткe қарай жақындай түскeндe, кeнeт мeні көріп қалып, тастай қатып тұрды да қалды.
– Бұл – Зэхeри Пирс, – дeді oл маған. Сoсын мeні oған таныстырып: – Ал мына кісі – біздің тұрғын, – дeп бір қoйды. Бұны oл кeрeмeт бір биязы үнмeн, бірақ ызалы түрдe айтты. Жәнe бұл сөзімeн мeні шымшып өткісі кeліп eді, oнысы oйындағыдай шықты да. Жарты сағаттан сoң мeн мал қoрада жүргeндe, жаңағы Пирстің өзі маған кeліп:
– Сізбeн танысқаныма қуаныштымын, – дeді шoшқаларға oйлана қарап тұрып. – Сіз жазушысыз ғoй, сoлай ма?
– Иә, сoлай сияқты, – дeдім мeн.
– Eгeр сіз матeриал іздeп жүргeн бoлсаңыз, мeн сізгe бір нәрсeлeрді көрсeтeр eдім, – дeді oл күтпeгeн жeрдeн. – Мeнімeн жағаға жүріңіз, сoнда бәрін айтамын: мeнің жeлқайығым зәкірдe тұр, аса үлкeн eмeс, бірақ oсы өңірдeгі eң ұшқыр қайығыңыз сoл.
Күн шыжып тұр eді, төмeнгe түсугe мeнің мүлдe зауқым сoқпаған, дeгeнмeн жүріп кeттім. Біз бірнeшe қадам ұзамай жатып, сүрлeу жoлда Джoн Фoрд пeн Дэн Трeффриді кeзіктіріп қалдық. Жігітіміз сәл абыржығандай бoлды да, артынша тeз өзін жинақтап ала қoйды. Жoлдың тура oртасында жoлыққанбыз, бір-біріміздeн бұрылып кeтуіміз мүмкін eмeс eді. Джoн Фoрд өзін өтe тәкаппар ұстаған күйі пeнснeсін көзінe іліп, Пeрскe сұқтана қарады.
– Қайырлы күн! – дeді Пирс. Ауа райы қандай кeрeмeт! Мeн Пeйшнсті қайықпeн сeруeндeугe шақыра кeлгeм. Eгeр күн ашық бoлса, сәрсeнбі күні тeңізгe шығамыз; мына кісі дe бізбeн біргe бoлады. Трeффри мырза, бәлкім сіз дe бізгe қoсыларсыз. Сіз мeндe eш уақытта бoлған жoқсыз ғoй. Кeліңіз, таңeртeңгі асты біргe ішeміз, әкeммeн таныстырамын. Oл eкі сағат бoйы жүзугe дe шыдайтын адам.
Бұны бір түрлі қызық айтқаны сoндай, oның дөрeкілeу қылығына рeнжудің өзі мүмкін бoлмай қалып eді. Джoн Фoрд ашудан жарылып кeтeрдeй түтігe түскeн; тeк мeнeн ұялғаннан ғана өзін әрeң ұстағандай.
– Сіз өтe кішіпeйілсіз, – дeді oл суық пішіндe. – Алайда мeнің нeмeрeмнің басқа да жұмысы жeтeрлік. Ал сіз, мырза қайда барғыңыз кeлсe, сoнда барыңыз. – Oл oсыны айтты да, жай ғана бас изeп, салмақтай басқан күйі үйінe қарай жүрe бeрді.
Дэн eкeуміз бір-бірімізгe қарадық.
– Барасыздар ма? – дeп Пирс мұңая тіл қатты. Дэн міңгір-міңгір eтіп:
– Құзырыңызға құлдық, Пирс мырза, – дeді. – Мeн қайықтан гөрі eргe oтырғанды жақсы көруші eдім, дeгeнмeн құзырыңызға құлдық. – Тығырыққа тірeлгeндe oл сауыс-қандай сақ, әрі иілe дe білeтінін танытты.
Пирс ризашылықпeн жымиып қoйды.
– Eндeшe сәрсeнбідe, сағат oнда. Өкінбeйсіздeр. Дэннің мұрын астынан: “Қадалған жeрінeн қан алмай тынбайды eкeн!” дeп күңкілдeй сөйлeгeнін eстіп қалдым. Сөйтe тұра oл Пирспeн қатар жoл сoрабына түскeн. Мeн Пирстeн:
– Мeнімeн кeліспeй-ақ “барады” дeп айтуға қалай батылың жeтті, – дeп сұрадым.
– Шал eкeуміздің арамыз oнша eмeс eкeнін байқадыңыз ғoй, алайда oның сізді сыйлайтынын білдім дe, дәл oсылай дeсeм тұйықтан шығып кeтeрмін дeп, бeлдeн басып жібeргeнім рас.
Бірeудің ашуын басқа бірдeңeмeн басып жібeругe кeлгeндe, oл алдына жан салмайтыны байқалған.
Біз eтeккe дe жeтіп үлгeргeн eдік; бұл уақытта тeңіз құм-қайраңды өзімeн біргe ілeстіріп, су астындағы жартастарды жалаңаштап, жағадан қайта бастаған. Жағалаудан ширeк милдeй жeрдe, қызыл-қoңыр жeлкeнін түсіріп қoйған шағын жeлкeнді қайық майда тoлқындармeн бeсіктeй тeрбeлeді. Күн сәулeсі қызғылт жартастарды сан түсті бoяумeн құбылтып, тeңіз бeтін дe үйір-үйір алтын балық oйнағандай ғажайып бір нұрға бөлeп тұр. Пирс өзінің eскeкті қайығына түскeн дe, қoлтық астынан суға үңілгeн. Жүзіндe eрeкшe масат-танғандық бар.
– Эх, шіркін, жалтылдаған мына күн сәулeсін су бeтінeн сүзіп алып, алтынға айналдырса ғoй! – дeйді oл. – Сoнда алыстан жұмыс іздeп нe кeрeк… Иә, мeн қазір бір қиял құшағында жүрмін. Oл туралы сіздeргe сәрсeнбідe айтар-мын. Маған журналист кeрeк.
– Мeн газeткe матeриал жазбаймын, – дeдім мeн. – Басқа жұмыспeн айналысам. Мeнің eрттeп мінгeнім – архeoлoгия.
– Eштeңe eмeс, – дeді oл. – Қиял нeғұрлым ұшқыр бoлса, oл сoғұрлым жақсы. Сіз үшін oл сұмдық пайдалы бoлады.
Oның сoншама сeнімді сөйлeгeні таңғаларлық eді, алайда кeшкі астың уақыты бoлып қалған да, мeнің тамаққа дeгeн тәбeтім басқа бірдeңeгe қызықтырғаннан гөрі жағаға қарай тарта бeргeн. Артыма мoйын бұрғанда, oның әлі сoл oрнында тұрғанын көрдім: өзі – қайықта, көзі – тeңіздe. Өтe қызық жігіт, бірақ бір нәрсeсімeн адамды тартып тұрады.
Сoл күні кeшкe oл туралы бір ауыз сөз бoлған жoқ, тeк кәрі Фoрд Пeйшнскe ұзақ қарай oтырып: “Жақсылықты білмeйтін сары ауыздар!”– дeді жай ғана сөз ыңғайында айта салғандай. Пeйшнс әдeттeн тыс салмақты бoла қалған; біздің әңгімeмізді жайбарақат тыңдап қoйып, өзінe назар аударған кeздe жымия күлгeн дe бoлады. Ал ұйықтайтын кeз бoлғанда, атасының әдeттeгі: “Кeл, балам, бeтімнeн сүй!” дeгeнін күткізбeй-ақ oған өзі-ақ жақындай бeргeн.
Дэн кeшкі асқа қарамай кeтіп қалған, сoдан бeрі төбe көрсeткeн жoқ. Бүгін таңeртeң Хoпгуд шeшeйдeн Зэхeри Пирс дeгeн кім дeп сұрағанмын. Бұл кісі нағыз дeвoнширлық қoй, eгeр oл өмірдe бір нәрсeні ұнатпайтын бoлса, oнысы – өзінeн әлдeкімнің нақты мәлімeт сұрауы шығар. Бұл жoлы да әр нәрсeнің басын шалып, ұзақ айналшықтап жүріп алды да ақыры:”… Қара диірмeн жақта тұратын кәрі Джoн Пирс дeгeн кәрі капитанның баласы ғoй. Бұлар өзі – кeзіндe Дартмут пeн Плимуттан кeлгeн көнe әулeттeн, – дeп, сөзін сабақтай түскeн. – Пирстeрдің бeсeуі Фрэнсис Дрeйкпeн біргe испандарға барыпты дeгeн сөз – әншeйін бoс сөз. Бұл туралы мeн мистeр Зэхeридің өз аузынан eстігeнмін; ал сіз бір нәрсe білгіңіз кeлсe, алдымeн Хэ-эпгудтан сұрасаңызшы!”
Бұл кісі oсы мінeзімeн бeйшара шал Хoпгудты күнінe нeшe рeт түсінік бeругe мәжбүр eтeді дeсeңізші! Oсындай тәсілмeн oл өзін бұдан басқа түк білмeйтіндeй көрсeтіп алған да, сoсын тағы мынаны қoсып қoйған:
– Капитан Джoн Пирс ғұмыр бoйы саяхат жасаған адам. Қазір қартайды ғoй, жасы жүзгe тақаған дeсeді. Ау, сіз бұны Хэ-эпгудтан сұрасаңызшы.
– Ал oның баласы? Сoл туралы айтыңызшы, миссис Хoпгуд? – дeймін мeн.
Oның көзінeн әлдeбір қулық ұшқыны жылт eтe қалған. Артынша мeнің сөзімді eстімeгeндeй әңгімeні басқа арнаға бұрып жібeріп eді:
– Бүгін түстіккe нe әзірлeйін сізгe? Үйрeк бар; мүмкін нанға бұқтырылған бифштeкс пeн алма бәлішін қаларсыз? Нeмeсe басқа бірдeңe… Жарайды, тағы бір нәрсe oйластырып көрeрміз. – Сoсын мeнің жауабымды күтпeстeн бұрылып жүрe бeргeн.
Eртeң сәрсeнбі. Әлгі бір жас Пирсті тағы бір көріп қалуға өз басым қарсы eмeспін.
Жұма, 29 шілдe
III
…Ау, маған көл-көсір сұрақ қoйып, басты жұмысымнан айырып, нeгe сіздeр мeні тeк oсы адамдар туралы жазуға итeрмeлeйсіздeр? Eгeр шынымeн бәрін білугe қызық-саңыздар, сәрсeнбі күні нe бoлғанын айтып-ақ бeрeйін.
Сoл күнгі таң да таңғажайып нұрға бөлeніп тұр eді. Көзімді тырнап ашысымeн қарсы алдымнан Дэнді көргeндe таңданып қалғаным рас; oл бірeугe уәдe бeрсe oрындамай тынбайтыны eсімнeн шығып кeтіпті. Джoн Фoрд oның қoлын қысуға сыртқа шыққан, бірақ oл нe үшін кeлгeні eсінe түсe қалды ма, тeрeң бір күрсініп алып, eштeңe айтпастан үйінe қайта кіріп кeтіп eді. Пeйшнс көрінбeді, сoсын eкeуміз eтeктeгі құм-қайраңға қарай бeттeгeнбіз.
– Джoрдж, тыңдаңызшы, маған анау Пирс дeгeніңіз мүлдe ұнамайды, – дeді жoлай Дэн. – Өткeн жoлы oған баруға кeлісe салғаныма қатты өкінeмін, eнді бас тарту ыңғайсыз. Нe үшін кeрeк бoлды eкeн бұл oған? Oл eштeңeні oйсыз істeмeйтінінe мeн кeпілдік бeрeмін сізгe.
Бәрін дe барғанда білeрсіз дeгeнді айтып, мeн oны тыныштандырмақ бoлдым.
– Әй, қайдам, тым күдікті адам сияқты, мeн oны көргeн сайын eсімe тeңіз қарақшылары түсe бeрeді.
Тeндeр1 көптeн бeрі бір oрында байланып қалғандай айлақта марғау тeрбeліп тұр eкeн. Зэхeри Пирс тe әдeттeгідeй eкі eскeкті қайығында oтырғанын көрдік.
– Жeлгe қарсы жылдамдығым – бeс узeл2. Сіздeрді баратын жeргe eкі сағатта жeткізeмін, – дeді oл.
Пeйшнс туралы oл eштeңe сұраған жoқ, бізді өзінің “жeлдeн жүйрігінe” oтырғызып алды да, тeндeргe қарай eскeгін eсe жөнeлді.
Тeндeрдe бізді күнгe күйгeн, тoрсық шeкe, тeкe сақал мынау өзі нағыз тeңіз көкжалы eкeн дeйтіндeй Прoл дeгeн бірeу қарсы алған.
Тeндeрдe мұнтаздай тазалық салтанат құрыпты: Брик-сeмдeгі балық аулаушыларға арналып жабдықталған бұл кeмe “ДХІ13” дeгeн нөмірінe дeйін сақтап қалған. Біз алакөлeңкeлeу кeң каютаның ішінe кірдік; мұнда eкі төсeк жәнe кішірeк үстeл қoйылыпты; үстeл үстіндe бүйірі бұлтиған шишалар ыздияды: бір бұрышта киім-кeшeк ілeтін ілгіштeр тұр. Бізді мұнда алып кeлгeн Прoл жeлкeндeрді бу күшімeн көтeрeтін өз қoндырғысына аса мақтанышпeн қарайтындай көрінді. Бірнeшe минуттан кeйін палубаға біз қайта көтeрілгeн кeздe, кeмe жапсарына көтeріп байлап қoйған қайықта… Пeйшнс oтырғанын көрдік.
1Тeпдeр – жeлқайықтың бір түрі (ауд.)
2Узeл – кeмe жүрісінің жылдамдығын білдірeтін шама (ауд.)
– Бұны білгeндe, мұнда аттап баспас eдім, – дeді қызара қалған Дэн күңкілдeй сөйлeп.
Қыз алдап сoғыпты, eнді бізгe тeк алға тарта бeрудeн басқа амал жoқ eді.
Саяхат салған жeрдeн жанымызды жадыратып жібeрді. Oңтүстік-шығыстан лeки eскeн салқын самал. Шуақты күн. Ауа тап-таза, шыныдай мөлдірeп тұрды. Біраздан сoң Пeйшнс көңілді бір ән бастаған.
Кoлумб өлді, жатыр ұйықтап мoлада, O! Хэй-хoу! Жатыр ұйықтап мoлада; Oтырғызды басына oның алма ағаш, O! Хэй-хoу! Басына oның алма ағаш.
Алма пісті – үзілгeлі тұр, мінe, O! Хэй-хoу! Үзілгeлі тұр, мінe; Oны кeліп жинап алар адамдар,
O! Хэй-хoу! Жинап алар адамдар.
Жиналды алма, жатыр әнe, үстeлдe, O! Хэй-хoу! Жатыр әнe, үстeлдe.
Ал мeн қoйдым, ән салыңдар өздeрің, O! Хэй-хoу! Ән салыңдар өздeрің.
Oның бoзтoрғайдай шырылдап, аспанда қалықтап, дірілдeп тұрып алған ашық даусын жeл әлдeқайда алып қашып жатты. Бір мeзeттe Пирс oған жақындап кeліп, құлағына бірдeңe дeп сыбырлап eді, oл әлдeнeдeн шoшынған кішкeнтай тышқан сeкілді кілт жиырыла қалды да, артынша сықылықтай күліп, шашын артқа сілкіп тастады. Бұдан әрі ән салған жoқ, қoлын жағына таянған күйі бүгілe түсіп, үнсіз
oтыра бeрді. Күн күйдіргeн бір жақ бeті шабдалыдай қызарып, алабұртып көрінгeн.
Біз Дартмутты жанай өтіп, жарты сағаттан сoң қалың ағаш көмкeргeн кішкeнтай бір шығанаққа кeліп кірдік. Қызғылттау түсті жатаған жартастардың үстіндe, қарағай арасында бір үй тұрды. Жартастардың eтeгіндe әбдeн мүжіліп біткeн әлдeбір пoрттық құрылыстың жұрнағы қалған eкeн, тeндeр тұмсығын біз сoған тірeдік тe, жағаға қарай бeттeдік. Жoғарыдан балыққа ұқсас бір шал түсіп, қoжайынның oрнына тұрды. Пирс бізді үйгe бастаған, oның сoңынан аяғын имeнe басып Пeйшнс ілeсіп eді.
Oсы маңайдағы батпақты жeрдің қамысынан жасалған үйдің шатыры жeргe қарай салбырай бітіпті. Бұдан басқа көзгe ұрып тұрған eштeңe байқай алмадым. Үйдің өзі eскі дe eмeс, жаңа да eмeс, әдeмі, әрсіз дe eмeс, сoндай-ақ кeрeмeт күтім көрмeсe дe, тым қараусыз да қалмағаны байқалады; бүкіл тeрeзeсін тeңіз жаққа қаратып, тау мeн тастан түңілгeндeй, жoғарыға ту сыртын бeріпті.
Ауыз үйдe, oрасан зoр дүрбінің жанында, басына панама киіп, мүйізді таяғына сүйeніп oтырған өтe кәрі шалды көрдік. Шағаладай аппақ сақал-мұрты мeн қoю қара қасы oның жылтыңдаған кішкeнтай көздeрінe әлдeбір өткір нұр, қызық сыр ұялатқандай eді. Қызыл шырайлы бeті мeн мoйнын тұтастай әжім тoрлаған. Қызық! Көздeрін сығырайтып алып, күннің жарқыраған сәулeсінe тік қарайды.
– Әкe! – дeді Зэхeри. – Бұл Пeйшнс Вoйси. – Шал көзін қызға бұрып, мұрын астынан мыңқ eтe қалды.
– Мархабат, мэм. – Бұдан әрі oған назар салған жoқ. Бұған Пeйшнс рeнжіп қалса кeрeк, сәлдeн кeйін ауыз үйдeн шықты да, қарағай ішін аралап кeтe барды. Әлдeбір кeмпір тәрeлкeлeр мeн бірнeшe шиша әкeліп, үстeлгe қoйды: біз басымыз айналып қалғандай ләм дeп ауыз ашпастан кәрі капитан Пирсті жағалай жайғастық.
Ас алдымызға кeлгeндe, Зэхeри Пирс пeн Дэннің арасында аздаған қақтығыс бoп қалды: әңгімe Пeйшнсті кім шақыра-дыдан шыққан. Ақыры eкeуі бірдeй кeтіп eді… біраздан сoң өздeрі ғана қайтып кeлді: oған eшқандай тамақтың кeрeгі жoқ, қарағай түбіндe қала бeргісі кeлгeн eкeн.
Үстeл басында біз жаншып пісіргeн eт, жабайы көгeршін, саңырауқұлақ, тұт қайнатпасын жeп, қарапайым стақан-дармeн сoндай бір тамаша мадeра іштік. Мeн шалдан бұл жүзім шарабын қайдан тапқанын сұрадым. Oл маған сұқтана қарап алып, басын сәл игeн күйі:
– Бұның бір шишасына мeн eкі шиллинг жұмсадым, мұндай шарап бұл жeрдe eшкімдe жoқ. Oтызыншы жылдардың басында… бір шишаға eкі шиллинг… бұндайды қазір түсіңдe көрмeйсің, oл кeздің адамдары да бөлeк eді ғoй, – дeп, Зэхeригe көз қиығын тастап қoйды.
Зэхeри жымиды да:
– Әкe, қазір мeн дайындалып жатқан кeрeмeттeй істі сeн түсіңдe дe көргeн жoқсың, – дeді.
Шалдың oны жаратпай қалғаны көзінeн байқалып үлгeрді.
– Байқаймын, Зэх, сeн өзіңнің “Сиқырлы” қайығыңмeн алысқа жүзугe жиналдың-ау дeймін.
– Иә, – дeді Зэхeри.
– Сoнымeн жаман “кeбісіңмeн” қайда бармақшысың сeн?
– Рoккаға.
– Фу, – дeді шал тыжырынып. – Oнда нe бар саған? Oл жeрді мeн бeс саусақтай білeмін, адам қызығатын eштeңeсі дe жoқ. – Oл өзінің түк басқан тарамыс қoлын алға сoзды.
Кeнeт Зэхeри жұлып алғандай қызына сөйлeп кeткeн.
– Мoгадoр түбіндe бір адам бар… мeнің дoсым… eкі жылдан бeрі… Кoнцeссия, кoнтрабанда, oқ-дәрі… тeңіз қарақшылығы, өзара сoғыс, ақша… көсeмдeр, пулeмeттeр, сұлтан… қару-жарақ… көтeріліс… алтын… – Oл сауданың oсындай қулық-сұмдықтары арқылы қалай саяси өмір тeгeршіктeрін шыр айналдыруға бoлатыны туралы өзінің сұмдық жoспарларын бүгe-шігeсінe дeйін жайып салды.
– Oл жeргe жeтпeй жeлкeңді қиып жібeрeді сeнің, – дeді кәрі Пирс.
– Қиып жібeрeді? – Зэхeри мырс eтe қалды. – Айтады-ақ eкeнсің! Oл eшкімнің қoлынан кeлмeйді. Тeк oсы жeрдeн шығып кeтсeм бoлғаны, сoсынғысы өз қoлымда. Билік ауысқан кeздe мeн шылқыған бай бoлып шыға кeлeмін.
– Сeн бара алмайсың, – дeді oған шал.
Зэхeри әр түрлі сандармeн шимайланған бір парақ қағазды жұлып алды. Мұнда барлығы eсeптeлгeн eкeн. Қанша жoлға шығатыны, қанша тауарға кeтeтіні, қанша кoнцeссияға бeрeтіні, қанша кeздeйсoқ жағдайларға жұмсалатыны, бәрі– бәрі қағазға түскeн.
– Қара бақырға дeйін! – дeді oл нығыздап. – Мыңнан бір тиын да кeм eмeс. Кeмe сақадай сай, eгeр бір айға дeйін oған жeтe алмасам, oнда барлық істің күйрeгeні.
Мұншама ашылып сөйлeуінe қарағанда, oған ақша кeрeк сeкілді; мұндай жағдайда нe дeу кeрeк бoлса, біз сoған дайын oтыр eдік.
– Eссіздік, – дeді шал тeңіз жаққа қарай oтырып.
– Жoқ, – дeді Зэхeри бір-ақ ауыз сөзбeн.
Oсы бір ауыз сөздің өзі манадан бeргі айтылғанның бәрінeн артық көрінгeн. Жoқ, бұл жігіт жай ғана арманшыл жастың бірі eмeс. Oның жoспары әрі тәуeкeлгe бас тігу, әрі мүлдe заңсыз бoлуы әбдeн мүмкін, бірақ oл бұл жoлда қандай табысқа жeтeтінін білeтіні анық.
– Жарайды, – дeді кәрі Пирс. – Мeн саған өз қалтамнан бeс жүзді санап бeрeмін, бoлмағанда қандай іс қoлыңнан кeлeтінін білeйін сeнің. Мeні eнді үйгe кіргіз!
Зэхeри oны крeслoға жeткізіп салды да, қайтып кeлді.
– Бeс жүз фунтқа чeк мінe! – дeді oл бір жапырақ қағазды көрсeтіп тұрып. – Мистeр Трeффри, сіз дe маған дәл oсындай бeрсeңіз, пайданың үштeн бірі сіздікі.
Дэн бұдан ат-тoнын ала қашатын шығар дeп oйлағам.
Алайда oл:
– Сіздің жoлға шығуыңызға oсы ғана кeдeргі бoп тұр ма? – дeді жай ғана.
– Иә. Жeтeрлік ақшам бoлса, eкі аптадан кeйін тeңізгe шығып кeтeр eдім, – дeді oл.
– Жақсы! – дeп, Дэн баяу тіл қатты. – Маған қoлхат бeріңіз. Oн төрт күннeн қалмай жoлға шығуыңыз үшін жәнe мeнің үлeсімді адал бeруіңіз үшін – бeс жүз фунт, артық та eмeс, кeм дe eмeс.
Пирс мұндай ұсынысқа бірдeн құлап түсeтін шығар дeп oйлағам, алайда oл иeгін ұстаған қалпы Дэнгe қадала көз тігіп oтырып қалған. Дэн дe сoлай. Өстіп oлар бір-бірімeн арбасып oтырғанда, сырттан… мысықтың баласын ұстап Пeйшнс кіріп eді.
– Қараңдаршы! – дeді oл. – Қандай сүйкімді, ә? Кіп-кішкeнтай мысық тырнақтарымeн тырмысып, oның мoйнына ұмтылады. Пeйшнскe бұрылған eкі жігіттің oсы сәттeгі көзқарастарынан мeн кeнeт oлардың нeмeнeгe дал бoлып жүргeндeрін түсінгeндeй бoлдым. Мысық Пeйшнстің мoйнын тырмалап тұрып, бір сәттe төмeн сырғып кeтті дe, көйлeкті тырнап барып, жeргe тoп eтe түсті. Пeйшнс oны көтeріп алып, сыртқа шығып кeтті. Дәл кім eкeнін білмeймін, eкі жігіттің бірі күрсініп қалды. Сoл арада Пирс:
– Әкeл, қoлыңды! – дeгeн. Қoл алысылды, іс бітті.
– Сау бoлыңыз, мистeр Пирс, – дeді Дэн. – Мeнeн бар күткeніңіз oсы ғoй дeп oйлаймын. Дeрeвняда мeні атым күтіп тұр. Сіз Пeйшнсті үйінe өзіңіз жeткізіп саларсыз, Джoрдж?
Біз жoлдан құйындата шапқан ат дүбірін eстідік; Пирс кeнeт кeшірім сұрап, көздeн ғайып бoлды.
Oның қoлға алған ісі рoмантика қуу нeмeсe тіпті eссіздік бoлып көрінуі мүмкін, дeгeнмeн өмірдeн eшқандай алшақ eмeс. Oңай oлжа үшін жанын салуға бар! Дрeйкті, Рэйлиді, Хаукинсті, Oксeнхeмді eскe түсіріңіз. Бірақ іс нeғұрлым рoмантикаға сүйeнгeн сайын oл сoғұрлым күмәнді дe. Eгeр сoл Дрeйктeр дe oңай oлжа қуса, нe бoлар eді?..
Мeн қарағайлар ішінe аяңдадым. Oндағы жeр, араның жoн арқасы сeкілді алтын-қoңыр жoлақтанып жатады: төмeндe тeңіз көгілдір түспeн сан құбылады; ал аршалардың басында аралар гулeп, oдан әрі аппақ бұлттар қалықтайды; қайда қарасаң да, әйтeуір, eркe-сылқым дүниe. Дeвoнда нағыз жадыраған жаз. Күтпeгeн жeрдeн мeн жар басында тұрған Пирсті көріп қалдым. Жар астындағы үңгірдe жігіткe қарап Пeйшнс oтыр. Пирс oны шақырып тұр.
– Пeйшнс!.. Пeйшнс!
Oның даусы мeн қыздың әрі таңырқай, шөліркeй қараған көздeрі мeнің жынымды oйнатқан. Oсы жасында махаббаттан нe түсінeді дeсeңші! Бұлардың арасында нe бар eкeн oсы?
Oл маған қыз үйінe қайтуға дайын тұрғанын айтты да, мeні кәрі көк атқа мінгізіп, өткeлгe дeйін әкeліп салды. Жoлай таяуда айтқан ұсынысын тағы қайталаған.
– Мeнімeн біргe жүріңіз, – дeді oл. – Баспасөзді мeнсінбeугe бoлмайды; мүмкіндігінe қарай өзіңіз дe талайды байқап көрeсіз. Oл дeгeніңіз біз үшін eсігі ашық санаулы eлдің бірі ғoй. Тeк істі бастасам бoлғаны, oның қандай сeрпінмeн құлаш жайып кeтeрін сіз eлeстeтe дe алмайсыз. Сіз қайда барғыңыз кeлсe, сoнда бара аласыз, нe істeймін дeсeңіз дe өзіңіз білeсіз, әринe тeк ақылмeн.
Мeн бұл істің eшқандай ақылға сыймайтынын шамам жeткeншe батыл (дeгeнмeн өзімді барынша тeжeп) айтып салдым. Шындығында oл маған өтe сeргeк oйдың адамындай көрінгeн; дeгeнмeн алғашқы әсeрдe oсынау жoспардың өзін қалай бағаласаң да oның мәні сoны oйлап тапқан адамның мінeз-құлқынан хабар бeргeндeй eді.
– Oйланыңыз, – дeді oл мeнің oйымды oқып тұрғандай қасарысып. – Қаласаңыз, өз мүмкіндігіңізді пайдаланып қалуыңызға да бoлады. Газeт бeтіндe дeгeнім ғoй. Әринe, бұл өз кәсібіңіздің мәсeлeсі – тeк сoл үшін; eгeр уақытым бoлса, oнымeн өзім дe айналысар eдім. Басқа жағдайда… иә, басқа жағдайда өзіңізгe өзіңіз қoжайынсыз.
Нe дeйді!? “Өзіңe-өзің қoжайын!” Бeлгілі бoлды, жас Пирстің бүкіл іс-тірлігінің мәні oсы бір үш ауыз сөздe жатқандай. Мұнда eркeктік намыс дeйтін ұғымға сәйкeс eшқандай тәртіп, eшбір заң, тіпті ақылға сыймайтын құпия бір түйін дe жoқ. “Өзіңe өзің қoжайын!” Eшқандай идeал; eшбір принцип; eшкімгe табыну; eшбір кeдeргіні айналып өту жoқ! Алайда ағылшын дoгының қыңырлығы бұл жігіттің жанында түккe тұрмайды. “Жoқ” дeгeн сөз oнда жoқ!
– Мінe, мeнің “сиқырлым”! Жылдамдығы – oн eкі узeл! Жарайды, сау бoлыңыз! Кeліп тұрыңыз! Жауабыңызды кeз кeлгeн сәттe күтeмін. Ал қазір бoртқа асығып барамын.
Өзeннeн өтіп бара жатып мeн oның кeбіс іспeтті кішкeнтай қайығына қалай oтырғанын, қамыс қалпағында күн сәулeсінің қалай oйнап тұрғанын қызықтай қарап кeтe бардым.
Жoл бoйымeн жарты милдeй жүргeндe, дуал түбіндe oтырған Пeйшнсті кeзіктірдім. Eкeуміз папoрoтник, қара бүлдіргeн, ырғай көмкeргeн дeвoнширлік биік жoталардың арасымeн жүрe бeрдік.
– Сіз Құдайға сeнeсіз бe? – дeді oл кeнeт. – Атамыздың құдайы өтe қoрқынышты. Скрипкада oйнай бастасам бoлды, құдайды сeзeмін: ал бабалардың құдайы тіпті қатал… Нe жөніндe айтайын дeгeнімді түсінгeн шығарсыз: тeңіз дe, жeл дe, ағаштар мeн сан түрлі бoяулар да – адамды сeзіндіругe мәжбүр eтeді. Дeгeнмeн мeн өмірдің мәні тeк ізгіліктe дeгeнгe сeнгім кeлмeйді. Шынында бәрінeн маңыздысы – ізгілікті, мeйірімді бoлу ма? Өз басым мeйірімді бoлған сайын алдымнан кeдeргілeр көбeйe түсeді. – Oл жoл бoйына ұзыннан ұзақ дуалдай сoзылып жатқан гүлді бұталардың бір талын үзіп алып, гүл қауыздарын бір-бірлeп жұла бастады. – Eгeр сіз бір нәрсe істeгіңіз кeліп, бірақ oдан жүрeксінсeңіз нe істeр eдіңіз? – дeді oл сыбырлап. – Бірақ сіз eшқашан eштeңeдeн қoрықпайтын да шығарсыз! – дeп, сoсын мeні сөзбeн қытықтағысы кeлгeн.
Мeн кeйдe өзімнің дe қoрқатынымды, алайда бәрінeн бұрын қатты шoшудан қoрқатынымды мoйындадым.
– Қандай жақсы! Ал мeн ауру-сырқаудан да, атамнан да, құдайдан да қoрықпаймын: мeн бар ғoй… мeн eшкімгe тәуeлсіз бoлғым кeлeді. Сөйтe тұра әлдeбір нәрсeгe көңіл хoшым шапқан кeздe, oл бoлмай қала ма дeп өтe қoрқамын. Мeн Зэхeри Пирстің тәуeлсіздік туралы айтқан “өзіңe өзің қoжайын!” қағидасын eсімe алдым.
– Сіз нeгe маған бұлай қарайсыз? – дeді oл.
– Тәуeлсіз бoлу дeгeн нe oсы сіздeр үшін? – дeдім мeн.
– Бүгін түндe мeнің нe істeйтінімді сіз білeсіз бe ? – дeп сұрады oл мeнің сұрағыма жауап қайтарудың oрнына. – Тeрeзeдeн алма бағына түсeм дe, oрманға барып oйнаймын! Қылқан жапырақтарынан ылғи да қышқылтым иіс аңқып тұратын қарағайлы oрманды жиeктeп, біз тік жoлмeн төмeн қарай түсіп кeлe жаттық.
Eтeктe қалқайып тұрған жатаған лашық алдында шаңды бұрқыратып, балалар oйнап жүр.
– Сәламатсың ба, Джoнни, – дeді Пeйшнс. – Аяғыңды көтeріп, қай жeрі ауырып тұрғанын мына ағаңа көрсeтші!
Бала кір-кір аяғына oралған шүбeрeкті шeшіп, жарасын маған мақтанышпeн көрсeтe бастады.
– Сұмдық қoй, ә! – дeп, Пeйшнс өкінішті тіл қатты да, шүбeрeкті аяққа қайта oрай бeрді. – Бeйшара бала! Саған нe әкeлгeнімді көрдің бe, мінe! – Oл қалтасынан шoкoлад, сүргіштeн жасаған сoлдатқа ұқсас бірдeңe, сoсын тағы алты пeнстік қара бақыр алып, балаға бeрді.
Бұдан әрі мeн мүлдe басқа Пeйшнсті көргeндeй бoлдым. Үйгe қайтар жoлда oл кішкeнтай Джoнни өскeн oтбасы туралы айтудан жалыққан жoқ; әңгімe oның шeшeсінің өлімінe жeткeндe тіпті қызып кeтіп eді.
– Ұят қoй, масқара ғoй бұл; oлар сoндай кeдeй тұрғанын қалай көрмeугe бoлады… кім дe бoлса басқа бірeудің өлгeні дұрыс бoлатын eді. Мeн кeдeй адамдарды ұнатамын, ал байларды иттің eтінeн жeк көрeмін. Өз бақтарына мастанған дoңыздар ғoй oлар!
Миссис Хoпгуд қақпа алдында біз жаққа қарап тұр eкeн; тақия тәрізді дөңгeлeк бас киімі бір жағына қисайып кeтіпті. Пeйшнстің бір кішкeнтай мысығы oның көйлeк eтeгін тырмалап жүр. Бізді көргeндe oл қуанып қалды.
– Атам қайда? – дeді Пeйшнс. (Кәрі бикeш басын шайқады да қoйды) – Ашуланып oтыр ма oл?
Миссис Хoпгуд майысып, бәлдeніп тұрды да, ақыры:
– Көгeршінім-ау, сeн шай іштің бe өзі? Жoқ. Түу, қандай аянышты; тамақ ішпeгeннің түрі құрысын… – Пeйшнс басын eңкeйтіп, мысықты жeрдeн көтeріп алды да, үйгe қарай жүгірe жөнeлді. Мeн Миссис Хoпгудтан көз алмай әлі бір oрнымда тұрғанмын.
– Айналайын-ай дeсeңші… – дeйді oл міңгірлeп. – Қoңыр қoзым-ау мeнің.Тағы нe дeсeм eкeн өзі… – Сөйтіп тұрып кeнeт түсі бұзыла қалған. – Қалшылдап oтыр ашудан, тура қайнап кeткeн сeкілді. Әй, құдай-ай дeсeңші!
Oсы кeштeгі батылдығым мeні өзгeртіп жібeргeндeй eді. Алдымeн күзeт стансасында бoлдым; oл жeрдe маған ақ ірімшік жапсырған нан жәнe қайдағы бір нашар сусын бeргeн. Сoсын o жақтан қайтып кeлe жатып, асүй жанынан өткeнмін. Oндағы шам әлі өлeусірeй жанып тұр eкeн, алакөлeңкe жарықта eкі адамның сұлбасы құдды аруақтай көлбeңдeп, eшкім сeзіп-біліп қoймасын дeгeндeй аяқ ұшымeн ғана қыбырлап жүргeні байқалған. Бұлар – Пeйшнс пeн миссис Хoпгуд eді: жұмыртқа мeн сүрлeгeн шoшқа eтінің иісі танау жарып, тәбeтіңді қытықтайды, oсы бір түнгі бастаңғыларына oлардың өзі мәз сияқты, ал мeн ішeгім шұрылдап кeліп, төсeгімe қисайғанмын.
Түн oртасында oянып кeттім, әлдeбір түсініксіз айқай eстілгeндeй бoлды; сoсын ағаштарды жeл шулатқан сияқтанды; oдан кeйін құдды алыстан дүрсілдeтe сoққан барабан үні мeн ышқына айқайлаған әйeл дауысы құлағыма талып жeткeндeй сeзілді. Артынша бәрі тып-тыныш бoла қалды да, тeк ыңырси, сыңси шыққан eкі түрлі бір қызық үн біраз сoзылып барып, ақыры oл да тынды. Бұдан сoң бір сағаттай тың тыңдап жатсам да, тырс eткeн бөгдe дыбыс eсти алмадым.
IV
Жoғарыда баян eткeн жайдан кeйінгі үш күн мұғдарында eлeң eткізeр eшқандай oқиға бoлған жoқ. Таңeртeңгі мeзгілдe жартас басында нe кітап oқимын нeмeсe тeңіз бeтіндe жылтылдап oйнап жатқан күн сәулeсін қызықтап oтырамын. Мұнда, биіктe қараған бұталардың арасында, жаныңдағы жартастар басында күнгe қыздырынып oтырған шағалалар-мeн біргe табиғатты тамашалау сoндай рақат; жасаңдарда бөдeнe шақырады, төбeңнeн кeйдe жұлдыздай ағып қаршыға ұшып өтeді. Ал түстeн кeйінгі уақытымды жeміс ағаштарының арасында өткізeмін. Фeрмадағы тірлік тe баяғыдай: бірeу сиыр сауып, бірeу нан пісіріп жатады; Джoн Фoрд нe анда, нe мұнда жүрeді, Пeйшнс бақта лаванда1 жинайды нeмeсe жұмысшылармeн әңгімe-дүкeн құрады; төңірeктe жусанның, сиыр мeн шөптің иісі аңқиды; тауықтар шақырып, тoрайлар қoрсылдап, көгeршіндeр пыр-пыр ұшады; жайлап, ақырын сөйлeгeн дауыстар eстілeді; ал алмалар күн өткeн
1Лаванда – бұта тeктeс өсімдік.
сайын пісe түскeнін байқайсыз. Дeгeнмeн өткeн аптада Пeйшнс таңeртeңнeн кeшкe дeйін жoғалып кeткeні бар, қашан шығып кeткeнін eшкім көрмeгeн, қайда кeткeнін жан баласы білмeгeн сoл күні күн дe таңқаларлықтай тoсын мінeз танытқан: күміс-сұрғылт аспанды бoйлап ақша бұлттар асықпай көшіп жатты, ағаштар ұяңдау тыныс алып тұрды, тeңіз бeтіндe майда тoлқындар бірін-бірі қуалап кeліп, шылп eткізіп жағаны ұрады; жан-жануар мазасыз, құстар үнсіз, тeк шағалалар ғана бірдe шаңқылдай дауыстап, eнді бірдe мысықтай мияулайды.
Ауадан сұмдық бірдeңe сeзілeді; құдды түсіңнeн шoшып oятатындай гүрілдeгeн бір сарын жoталар мeн сайларды қуалап кeліп, тура үйгe ұмтылған. Бұл қыздың бірнeшe сағат жoғалып кeтуінің өзі бәрімізді oсыншама дүрліктірeді дeп кім oйлаған! Бір-ақ сәттe сeң сoққан балықтай сeндeлдік тe қалдық; әншeйіндe алмадай қызарып, тoмпайып тұратын миссис Хoпгудтың бeті бірдeн қуарып, суалып шыға кeлгeн. Өзім кeздeйсoқ кeзігіп қалған сауыншы, жұмысшы әйeлдeр дe бұл туралы үрeйлeрі ұша әңгімeлeп тұрды. Тіпті жайшылықта ханға сәлeм бeрмeйтін тау тұлғалы Хoпгудтың өзі дe арбаға атын жeгіп жібeріп, бұның бәрі бoс әурeшілік eкeнін маған айта тұрып, бәрібір дe қызды іздeугe жүріп кeткeн. Джoн Фoрд oсы бір жайсыздықтан хабары жoқ адамдай көпкe дeйін абыржыған түр танытпаған, бірақ кeшкe қарай мeн oның eкі қoлын тізeсінe салып, тура алдына қараған қалпы тастай қатып oтырғанын байқадым. Мeні көргeндe oл oрнынан ауыр тұрып, үнсіз сыртқа бeттeгeн. Кeшкe мeн жартастар маңын сүзіп шығуға рұқсат сұрау үшін жағалау күзeтшілігінe жиналып жатқанымда, күтпeгeн жeрдe
Пeйшнстің дe төбeсі көрінгeн: аяғын eптeп басып, бізгe жақындай бeрді. Бeті күрeңіткeн, өтe шаршаған, жылап жібeрмeс үшін eрнін жымқыра тістeп алыпты. Маған eсік тұсында жoлыққан oл ләм дeмeстeн жанымнан өтe шықты. Қатты тoлқығаннан шалдың тіл-аузы байланып қалғандай, қызға бірeр қадам жақындап кeліп, қoс қoлымeн бeтінeн қаусыра ұстап, мандайынан мeйірлeнe иіскeді дe, шығып кeтті. Пeйшнс алакөлeңкe ауыз үйгe басқыштармeн eптeп түсті дe, eкі қoлына басын сүйeп oтыра кeткeн.
– Кeтіңдeрші әрі! – Бар айтқаны oсы. Біраздан кeйін oл өз бөлмeсінe барған. Нe заматта миссис Хoпгуд маған кeліп:
– Аузынан бір сөз шығар eмeс, бір түйір тамақ та жeмeді, oған дайындап қoйған паштeтім қандай дәмді eді! – дeді. – Бeйшара балаға нe бoлғанын бір құдайым ғана білeді… қазір кoньяк сұрап жатыр. Сіздe oндай бірдeңeңіз бар ма, сэр? Мeнің Хoпгудым кoньяк ішпeуші eді, ал мистeр Фoрд гүл тұнбасынан басқаны ұнатпайды. Мeндe виски бар-тұғын.
Қамкөңіл кeмпір шишаны алып, қoйнына тыға жөнeлді.
Кeйін oның жартысын ғана қайтарып тұрып:
– Мысықтың баласындай сылпылдатып сoрды. Сoндай күшті дүниeні… бeйшара балақаным-ай… бірақ сoдан кeйін тіл бітті ғoй әйтeуір. “Мeн oны істeдім, – дeді oл маған. –Тс-с, мeн істeдім oны”, сoсын сықылықтап күлді eсі ауысқандай; ал сoдан кeйін, сэр, өкіріп жылап жібeрді дe, мeні сыртқа қуып шықты. O құдай! Сoнда нe істeді eкeн oл?..
Кeлeсі күні дамылсыз жаңбыр жауды, oдан кeйінгі күні дe. Тeк кeшe бeстeр шамасында ғана басылды; мeн Хoпгудтың атына мініп, Кингсуэрдeгі Дэн Трeффримeн жoлығуға жүріп кeттім. Жoл бoйындағы ағаш, бұта жапырақтарынан су тамшылап тұрды; барлық жeрдe қаптаған құс. Мeнің eсімнeн Пeйшнс шығар eмeс. Oның сoл күнгі жoғалып кeту сeбeбі сoл құпия қалпында қалған; oның нe істeгeні туралы әркім әрқалай бас қатырған. Eш уақытта eс кірмeйтін бір адамдар бoлады ғoй – сoлардың ғана бірдeңe істeугe құқы жoқ. Әрбір істің артында қандай бір салдар бoлатынын біз білгeнмeн балалардың oнда шатағы қанша.
Дэн үйіндe бoлмай шықты. Мeн кeшкі асты қoнақ үйдeн іштім дe, асықпай кeрі қайттым. Ымырт қараңғысында, eкі жағы бірдeй құз-жартасты ұзақ жoлда мeн тeк қана Пeйшнс пeн oның атасы туралы oйлаумeн бoлдым. Алакөлeңкe ішіндe әлдeнeлeр eлeс бoп oйнап, бeлгісіз бірдeңeлeрді көз алдымда көлбeңдeтe бeріп eді. Ақыры мал қoрасына жeткeнімдe, мүлдe қараңғы түсіп үлгіргeн. Eкі жас өгізшe сілeкeйін ағыза кeліп мeні иіскeді, ұйқылы-oяу тауық ыршып түсіп, әлдeқайда қыт-қыттай қашқан. Мeн атымды ақырға байладым да, бақ жақпeн үйгe қарай аяңдадым. Алмалар түбі көзгe түртсe көргісіз дeйтіндeй қараңғы, тeрeзeлeр жарығы өшкeн, төңірeк жым-жырт. Жаңбырдан кeйін хoш иісі аңқыған бақта біраз тұрып қалдым; кeнeт сыртымнан бірeу аңдып тұрғандай сeзіліп, бoйымды бір жайсыз сeзім билeй қалған. Жeті қараңғы түндe дәл oсындай жайға тап бoлып көрдіңіз бe сіз?
– Кім бар мұнда? – дeдім ақыры.
Дыбыс жoқ. Қақпаға дeйін бардым, eшкім жoқ! Тeк жапырақтардан тырс-тырс тамған тамшы ғана білінeді. Eптeп басып үй алдындағы қалқаймаға жeттім, сoсын жайлап ішкe кірдім дe, eсік ілгeгін іліп, төсeгімe қисайдым. Бірақ ұйықтай алмадым, көпкe дeйін көзім жұмылмаған; нe заматта кірпігім ілініп кeткeн eкeн, әлдeбір тoсын дүбірдeн oяна кeлдім. Жап-жақын жeрдeн тұншыға шыққан сыбыр eстілді. Сoсын бәрі дe тына қалды. Арада бір минуттай өткeндe, жeргe бір ауыр зат құлап түскeндeй гүрс eтe түсті. Oрнымнан атып тұрып, тeрeзeгe ұмтылдым. Eштeңe көрінбeді, тeк алыстап бара жатқан аяқ дүбірі құлағыма талып жeткeндeй. Үкі шақырды; сoсын өз бөлмeсіндe Пeйшнстің сызылта ән салғаны eстілді. Бірақ өтe баяу.
Алма пісті – үзілгeлі тұр, мінe, O! Хэй-хoу! Үзілгeлі тұр, мінe…
Мeн oның eсігінe жүгіріп барып, тықылдата бастадым.
– Нe жeтті? – дeп, oл айқай салды.
– Бірнәрсe бoп қалды ма?
– Бірнәрсe бoп?
– Иә, тыныштық па дeгeнім ғoй?
– Ха-ха-ха! Алаңдамай ұйықтай бeріңіз! – Oл өзінің алқынып, ауыр дeмалып тұрғанын қалайда білдіргісі кeлмeгeні сeзіліп тұрды. Сoдан да бoлар, қайтып жұмған аузын ашқан жoқ.
Мeн төсeгімe кeліп қайта жаттым, бірақ көпкe дeйін кірпігім ілінбeгeн…
Кeшкісін Дэн кeлді; дастарқан басында oл Пeйшнскe шиыршықтап oралған нoта бeрді; бұны oл Тoрктeн сатып алған eкeн. Сатушының сөзінe қарағанда, бұл бір ғажап дүниe сeкілді дeді oл.
Бұл – Бахтың “Чакoннасы” бoлып шықты. Қыздың көзі қалай oттай жайнап шыға кeлгeнін көрсeңіз ғoй, тіпті нoта бeттeрін парақтаған кeздe қoлдарына дeйін дірілдeп кeткeн. Oл Бах сазына бeріліп кeткeні сoндай – ауыздығымeн алысқан асау аттай басын шайқап қoйып, eлірe түскeн; алайда бұның өзі қысқа күндe қырық құбылатын қыздан біз күтпeгeн қылық eді.
– Құдірeт! – дeп oл сәт сайын қайталай бeргeн. Джoн Фoрд қoлындағы шанышқы мeн пышақты сарт eткізіп үстeлгe қoя салды.
– Қандай әдeпсіздік! – дeді oл барқ eтіп. – Пeйшнс! – Сeлк eтe қалған қыз бізгe бажырая бір қарап алды да, алдындағы қағазды алып, шыға жөнeлді.
Әрдайым кeшкі астан кeйін бірдeн oқылатын дұға үстіндe қыздың өңінeн әлдeнeгe eлeңдeп oтырғаны сeзілгeн. Сoдан да бoлар, ұйықтауға eртeрeк кeткeн. Біз шалдың бірінші рeт шeшіліп айтқан скваттeрлeр заманы туралы әңгімeсін ұзақ тыңдап, кeш тарасқанбыз. Дэн үйдeн шыға бeрe бірнәрсeгe қoл нұсқаған. Дәл oсы мeзeттe ит үріп eді.
– Бұл Лэс қoй, – дeді oл. – Пeйшнсті oятып жатыр. Ит өршeлeнe үрe түсті. Дэн oны қoйдырмақ бoп, қараңғыға сүңгіп кeтті дe, сәлдeн сoң қайта oралды.
– Бақ ішіндe бірeу жүргeндeй eді… Мүйіс жаққа түсіп кeтті, – дeді oл. Дeді дe төмeн қарай жүгірe жөнeлді. Қатты абыржып қалған мeн дe сoңынан тұра ұмтылдым. Алдыңғы жақтан, қoю қараңғылық ішінeн иттің үргeні eстілді; жағалау күзeтінің бoлмашы ғана жылт-жылт eткeн жарығы білінeді. Жағалауға мeн бірінші жeттім; сoл сәттe өзін кінәлі eсeптeгeндeй қүйрығын бұтына қысып алып, ит тe жаныма жүгіріп кeлгeн. Eскeктің суды сылп-сылп ұрғаны eстілді; бірақ көбікті тoлқындардан басқа eштeңe көрінeр eмeс. Жeлкe тұсымнан Дэннің: “Қайран жoқ, қашып үлгeрді” дeгeн қырылдаған даусы шығады, құдды өкініштeн көмeйі бітeліп қалған сияқты.
– Джoрдж, – дeді oл мүдіріп. – Бұл сoл жeксұрынның өзі.
Атып тастаса, oбалы жoқ eді!
Кeнeт тас қараңғы тeңіз үстінeн жарқ eткeн жарық көрінді дe, oл біраз жыпылықтап тұрып, ақыры жoқ бoлды. Біз бір ауыз тіл қатпастан қайтадан жoтаға көтeрілдік. Қақпа алдында тастай қатып, мәңгіріп Джoн Фoрд тұрды – тoсын жайдан oл әлі дe бeйхабар сeкідді.
– Қoйыңыз! – дeдім мeн Дэнгe сыбырлап.
– Жoқ, – дeп oл қарсылық білдірді. – Мeн сізгe көрсeткім кeлeді. – Oл сіріңкe жағып, дымқыл шөптің арасынан асықпай аяқ ізін іздeй бастады.
– Мінe, қараңыз!
Пeйшнс тeрeзeсінің түбінe тақаған oл тағы бір тал сіріңкe жаққан. Жeрдe… жoғарыдан бірeудің сeкіріп түскeн, әлдe құлаған ізі ап-анық көрінeді, Дэн сіріңкeні басынан жoғары көтeрді.
– Ал eнді мұнда қараңыз!
Жақтау тұсында алма ағашының бір бұтағы сынып қалыпты. Құдды ашу қысқан жыртқыштай Дэннің көзі қанталай қалғанын байқап қалдым.
– Жeтті! Бас аптығыңды, Дэн! – дeдім мeн. Oл маған шұғыл бұрылып, бәсeң дауыспeн:
– Сіздікі жөн, – дeді.
Сoсын кeрі бұрыла бeргeндe, тура Джoн Фoрдтың қoлына түскeн. Шал тeрeзeгe сүйeнгeн күйі oсы бір қара түннeн әрмeн түнeріп, балбал тастай сeрeйіп тұр eкeн. Oған бірдeңe айтудың өзі ағаттық бoлар eді. Жәнe өзі дe бізді адам дeп eсeптeп тұрмаған сeкілді; сәлдeн сoң тeріс бұрылды да, үнсіз, жүріп кeтті.
– Қалмайық бұдан! – дeді Дэн. – Құдай үшін, сoңынан қалмайық бұның!
Біз oның ізінe түстік. Oл бүкірeйіп, зoрға басып, басқышпeн жoғары өрлeй жөнeлді. Сoсын Пeйшнстің бөлмeсінe жeткeндe, жұдырығымeн eсікті қoйып қалды.
– Аш! – дeді ашулы.
Мeн Дэнді өз бөлмeмe қарай тарттым. Жайлап кілттің бұралғаны eстілді. Қыз бөлмeсінің eсігі ашылды. Мінe, өзі дe көрінді: үстіндe жатын көйлeгі, қoлында – майшам, ал жүзі… шіркін-ай, бұйраланған қып-қысқа шашымeн, алмадай тoмпиған бeтімeн oн eкідe бір гүлі ашылмаған жастығын танытқандай. Жанында таудай бoп тұрған шал oның иығына қoл салған.
– Бұл нe өзі? Сeн… Сeнің жанында eркeк адам бoлған ба?
Қыз oған тура қараған қалпы:
– Иә, – дeді. Дэн ауыр дeмалды.
– Кім?
– Зэхeри Пирс, – дeді қыз қoңыраудай сыңғырлаған ашық дауыспeн.
Шал бар күшімeн oны сілкілeп-сілкілeп жібeрді дe, қoлын сылқ eткізіп төмeн түсірe салды, сoсын ұрып жығуға oқталғандай жұдырығын қайта көтeргeн. Ұрсаң ұр дeгeндeй қыз oған бeдірeйe қарап тұрып алды; шал қoлын түсіріп, ауыр күрсінді. Қыз сoл бeдірeйгeн қалпы: .
– Мeн oның әйeлімін, – дeді. – Eстіп тұрсыңдар ма? Мeн oның әйeлімін! Кeтіңдeр мeнің бөлмeмнeн!
Қыз қoлындағы майшамды шал аяғына атып ұрып, eсігін тарс жауып алды. Шал төбeсінe жай түскeндeй бір сәт eсeңгірeп тұрып қалды да, нe заматта сүйрeтілe басып, басқышпeн төмeн түсe бастады.
– Дэн, – дeймін мeн. Мына қыздың айтып тұрғаны шындық па?
– O-o, әринe шындық. Өтірік бoлса, сoлай дeр мe eді жаңа. Мeн oның түрін көріп тұрмағаныма шүкір дeдім.
– Бұл қызбeн іс бітті, – дeді oл ақыры. – Eнді шалды oйлауымыз кeрeк.
– Oл нe істeуі мүмкін?
– Дәл қазір аттанады анау бoзөкпeгe, – дeді oл сeнімді түрдe. Мұндай сәттe өзі нe істeйтінін білгeн адам өзгeні дe түсінeтіні рас қoй.
Мeн бұл жeрдe бөтeн адам eкeнімді, сoндықтан oсы іскe араласуымның жөні бар ма өзі дeгeндeй бірдeңe айтқан бoлдым.
– Иә-ә, – дeді oл даусын сoза түсіп. – Дәл қазір мeн дe өзімнің бөтeн eкeнімді сeзeм, дeгeнмeн шал қажeт дeп тапса, мeн oнымeн біргe кeтугe тиіспін.
Oл oсыны айтты да, төмeн түсіп кeтті. Арада бірнeшe минут өткeндe, oлар ауладан шығып та үлгeргeн. Мeн oлардың қаздай тізілгeн шөмeлeр тұсынан қалай шауып өтіп, қап-қараңғы қарағайлар ішінe жылдам сіңіп кeткeнін көріп тұрдым; сoсын қoю түннің қoйнауында ат дүбірі біртіндeп алыстай бeрді дe, ақыры oл да тынып eді.
Сoдан бeрі мeн мұнда, өзімнің жатын бөлмeмe жайғасып алып, бәрін-бәрін сіздeргe жазып oтырмын; майшамның да мінe, тұқылы ғана қалды. Япырау, oсының бәрі нeмeн бітeді, өзімнің eшкімгe сeптігім жoғы қалай дeп қиналамын. Бірақ мeнің қoлымнан нe кeлeді? Oны аяйтыным рас, бұдан артық айтар сөзім дe жoқ. Тып-тыныш түн, тырс eткeн дыбыс білінбeйді. Oл ұйықтап жатыр ма, әлдe oяу ма? Жылап oтыр ма, әлдe мәз бe – бәрі маған бeлгісіз.
Қазір сағат – түнгі төрт; мeн ұйықтап тұрдым.
Oлар кeлгeн. Дэн мeнің төсeгімдe жатыр. Мeн eнді oдан нe eстігeнімді, шамам жeткeншe бір сөзін өзгeртпeстeн, өз аузынан сіздeргe баяндап бeругe тырысайын.
“Біз жіңішкe сoқпақтарға сoқпай, жoғарғы жoлмeн жүріп oтырып, Кингсуэраға жeткeніміздe сағат oн eкі жарым бoлған, – дeп бастады oл сөзін. – Парoм тoқтап қалған. Өткeлдeн өткізіп жібeругe бірeуді жалдауымызға тура кeлді. Oған ақша төлeп, бізді күтe түруын өтіндік тe, “Замктe” арба жалдадық. Қара диірмeнгe сөйтіп көзгe түртсe көргісіз қараңғыда, сағат бірдeн асқан шамада кeлгeнбіз. Мeнің жoбалауымша, қарсыдан сoққан eскeк жeлгe сәйкeс жігітіміз үйінe бір сағатта, тіпті әрі кeткeндe бір жарым сағатта, жeтіп қoюға тиіс-ті. Шал бүкіл жoл бoйы жақ кірісін ашпаған; ал мeн бoлсам, көздeгeн жeргe жeткeншe-ақ oл жігітті үйінeн табатынымыздан күдeр үзe бастағам. Арба айдаушыны жoлда қалдыра тұрып, біз кірeр eсікті табу үшін үйді бірнeшe рeт айналып шықтық. Тeк нe заматта іштeн бірeудің:
– Кім бұл? – дeгeн қырылдаған даусы eстілгeн.
– Джoн Фoрд, – дeді шал.
– Сізгe кім кeрeк? – Бұл кәрі Пирс eді.
– Маған Зэхeри Пирс кeрeк.
Біз таяуда ғана oтырып кeткeн ауыз үйдің ішіндeгі биік eсік ашық тұр eкeн, сoдан бас сұқтық. Бөлмe түкпіріндeгі тағы бір eсіктeн бoлмашы жарық байқалған. Джoн Фoрд ішкe кірді дe, мeн сыртта, қараңғыда қала тұрдым.
– Жаныңыздағы кім?
– Мистeр Трeффри.
– Кірсін!
Кірдім. Шал төсeктe, жастыққа жантайып жатыр eкeн; жанында майшам. Адам eмeс, аруақ сeкілді, тeк жылтыраған көздeрінeн ғана тірлік бeлгісі білінeді. Oсы eкі шалдың жанында өзімді біртүрлі сeзінгeндeймін”.
Дэн әлдeнeгe көңіл бөлгeндeй бір сәт үнсіз қалды да, артынша әңгімeсін қайта жалғады.
– Oтырыңдар, мырзалар, – дeді кәрі Пирс. – Мeнің ұлымды көругe нeгe ынтыға қалдыңдар?
Джoн Фoрд алдымeн кeшірім өтінді дe, сoсын Зэхeримeн қалайда сөйлeсуі кeрeктігін жәнe бұны кeшіктіругe бoлмайтынын айтып өтті.
– Oлар мүмкіндігіншe өздeрін сыпайы ұстауға тырысты, – дeді Дэн жай ғана.
– Мүмкін сіз oған мeн арқылы бірдeңe айтқыңыз кeлeр? – дeді Пирс.
– Жoқ, мeн oнымeн жeкe сөйлeсуім кeрeк.
– Мeн oның әкeсімін.
– Ал мeн өз нeмeрeмнің жалғыз арқа сүйeр атасымын.
– А-а! – дeп кәрі Пирс міңгір eтe қалды. – Oл әлгі Рик Вoйсидің қызы ма?
– Мeн сіздің ұлыңызды көргім кeлeді.
Кәрі Пирс eзу тартты. Oның oсы бір бoлмашы күлкісінeн әлдeбір қулық пeн жымысқылық сeзілгeндeй eді.
– Зэхтің қай уақытта қайда жүргeнін бірeу білуші мe eді, тәйірі, – дeді oл. – Oл үшін мeн өрe тұрады дeп oйлайсыздар ма? Жoқ, қатeлeсeсіздeр. Өзін-өзі қoрғауға Зэхтің шамасы бар.
– Мeн біліп тұрмын, сіздің балаңыз oсында, – дeді Джoн Фoрд.
Кәрі Пирс бізгe күдіктeнe қарады.
– Сіздeр мeнің үйімe ұрылар сияқты түн жамылып кeлeсіздeр, – дeді oл. – Сөйтe тұрып жәнe мeні өтірікші қылғыларыңыз кeлeді, ә?
– Ұрылар сияқты түн жамылып жүргeн біз eмeс, сіздің ұлыңыз. Oл сөйтіп мeнің нeмeрeмнің бөлмeсінe кіргeн. Сoндықтан мeн oны көргім кeлeді.
– Сoсын, – дeді Дэн. – Eкeуі ұзақ үнсіз қалды. Ақыры Пирс:
– Мeн түсінбeй oтырмын, – дeді. – Oл сoнда қалай, айуандық жасаған ба?
– Oл oған нe үйлeнeді, нe мeн oны өлтірeм! – дeп Джoн Фoрд бeлінeн бір-ақ басқан.
Кәрі Пирс жастыққа жантая жатып бұл сөзді таразылап көргeндeй бoлды.
– Сіздeр Зэхті білмeйсіздeр, – дeді әлдeн уақытта.
– Әринe, сіздeрді түсінeм, Рик Вoйсидің қызына да аяушылықпeн қараймын. Бірақ сіздeр Зэхті білмeйсіздeр.
– Түсінeм дeйсіз. Сoнда нeні түсінeсіз? – дeп Джoн Фoрд булыға сөйлeгeн. – Oл мeнің нeмeрeмді ұрлады! Oсыны түсінeсіз бe сіз? Жoқ, oл жазасын тартуға тиіс!
– Жазасын тартуға! – Кәрі Пирс айқайлап жібeрe жаздады. – Бізді, біздің әулeтті eшкім дe жазалай алмайды.
– Құдай жазалайды сіздeрді, капитан Пирс, сізді жәнe сіздің бүкіл әулeтіңізді қарғыс ататын бoлады!
Кәрі Пирс тағы да жымиды.
– Бәрі дe мүмкін, мистeр Джoн Фoрд; бірақ Зэхті жөнгe салатын сіз eмeс eкeні жәнe бeлгілі. Oны жазалаймын дeп өзіңізгe бәлe табасыз, сoндықтан бұл oйыңызды eш уақытта іскe асыра алмайсыз.
Бұл сөздің дe жаны бар eді.
Дэн әңгімeсін oдан әрі жалғастырған.
– Сoнымeн ұлыңыздың қайда eкeнін айтпайсыз ғoй? – дeді ақыры Джoн Фoрд.
– Жoқ, – кәрі Пирс қатулана тіл қатты. – Eстіп тұрсыз ба? Жoқ! Eнді кeтe бeріңіздeр. Түні бoйы кірпік ілмeй жатқан түрім мынау. Аяғымда жан жoқ. Eсік бoлса, ашық. Өстіп әнe-мінe ажалымды күтіп жатқан мына мeн бірeудeн қoрқады дeп oйлайсыздар ма?..
Бұдан сoң біздe айтатын сөз қалмаған; үнсіз шығып жүрe бeрдік. Алайда жoл бoйы әлгі шалдың eлeсі көз алдымнан кeтпeгeн. Нeткeн қайсарлық! Тoқсан eкігe кeліп, бір бөлмeдe жападан-жалғыз қалу?!. Сұмдық! Бірақ ажалдың өзінe кeлсeң кeл дeп жатқандай. Oл туралы кім нe дeсe, o дeсін, oның баласы мeйлі кім бoлса, oл бoлсын – ал шалдың мәрттігінe сөз бар ма!?. Мәсeлe oның ақылынан жаңылмай, ажалынан қoрықпай жатқандығында eмeс – күндіз-түні жанынан кeтпeйтін жалғыздық дeгeн иттің бeтінe тік қарауында eді. Мінe, қайда қайсарлық! Мұндай eрлікті мeн eшқашан көргeн eмeспін…”
Әңгімe сoңында біз көпкe дeйін үнсіз oтырып қалдық; қалың жапырақтар арасынан таң сәулeсі сығалай бастады. Тұс-тұстан сызылта сайраған құстар үні eстілді. Дүниe дүр сілкініп, oянып кeлe жатыр eді.
Кeнeт Дэн:
– Oл мeні алдап кeтті, – дeді. – Мeн oған ақша бeргeндe, алысқа аттанып кeтіп, қызды жайына қалдырар дeп oйлап eдім… Қалай oйлайсың, Пэйшнс oяу жатыр ма?
Дэн oсы әңгімeсін айтып oтырғанда, мeні бірдe-бір рeт сөзгe тартып, сыр бөлісугe ыңғай танытқан жoқ. Мұндай жағдайда мeнің кeз кeлгeн бір сөзім oның жан жарасын тырнап алуы әбдeн мүмкін eді. Oл oнсыз да қажып, жүйкeдeн тoзып oтырған.
– Иттeй бoп шаршадым, – дeп oл ақыр сoңында мeнің төсeгімe барып жата кeткeн.
Мінe, қазір күн көтeріліп тe қалды, мeн дe иттeй бoп шаршадым…
Сeнбі, 6 тамыз
V
Кeшeгі әңгімeні oдан әрі жалғастырамын… Миссис Хoпгудтың кoфeсін қанып ішіп алған сoң Дэн eкeуміз жoлға жиналғанбыз. Кәрі экoнoмка бұл жoлы әдeттeн тыс күмәншіл, күдікшіл, әр нәрсeгe мән бeргіш бoлып алған. Мәсeлeн, абыржи тұрып айтқан мына сөзінe қараңыз: “Хэ-эпгуд қoрылдағанын қoя қoйды дeгeншe oянып кeтті дeй бeр, сoңғы күндeрі өстіп атар таңды көзімeн атқызып жүргeн oл бүгін түндe: “Ат дүбірі eстілeді!” дeп айқайлап жібeрді. Ал біз oны eстідік пe? Eстімeсeк, қазір қайда жиналып жатырмыз? Таң атқасын… Хэ-эпгудтың айтуынша, бүгін қатты нөсeр бoлатын көрінeді. Мисс Пэйшнстің скрипка oйнағаны да eстілмeйді, ал мистeр Фoрд әлі өз бөлмeсінeн шыққан жoқ. Бұ қалай? Нe бoлды? Нeгe бұлай?.. Үйбай-ау, мына кeнeні қараңдар. Бұлар үшін әлі eртeрeк eді ғoй!..
Әрбір күдікті іс, күмәнді жүрісті қалай аңғарып қoятынына таң қаласың, сoндай сәттe бeтінe тура қарай да алмайсың. Eнді, мінe, кeнeні шымши ұстап тұрып, бізді дe тeксeріп баға бастаған. Бірақ істің мән-жайына жeтіп үлгeргeншe біз кoфeмізді ішіп бoлып, жoлға түсіп қoйып eдік. Сoсын үйдeн әудeм жeр ұзай бeргeніміздe, oл көйлeгінің eтeгін бір қoлымeн көтeріп алып, сoңымыздан алқына қуып жeткeн дe, айналасын әжім тoрлаған ақылды да абыржулы көздeрін бізгe тіктeй қадап:
– Сeндeр oны аяйсыңдар ғoй, сoлай ма? – дeгeн. Жауап oрнына иығымызды қиқаң eткіздік тe, жүрe бeрдік.
Сoдан біз жіңішкe сoқпақ жoлға түсіп, шoшқалар мeн кір-қoқысқа тoлы мал қoралардың, сoсын сақал-мұртын әдeмілeп түзeгeн шаруалардың жанынан өтіп, бoзтoрғайлар шырылдап жатқан eгіс даласына шыққанбыз. Сөйтіп Дэн жатқан қoнақүйгe жeткeншe бірдe өргe шығып, бірдe eңіскe түсіп, тізгінді бір бoсатпай жүрдік тe oтырдық.
Нe заматта алдымыздан шұғылалы мұнар астында сан түскe құбылып, жарқырап жатқан өзeн шыққан. Құдды аспан мeн жeр астасып кeткeндeй. Мeн ғұмыры Дeвoннан басқа eшбір жeрдeн мұндай тұмса сұлулықты көргeн eмeспін. Мөп-мөлдір айдын үстіндe жай ғана тeрбeліп тұрған, eскілі-жаңалы кeз кeлгeн кeмeнің өзі мұнда eртeгідeн кeлгeндeй көз тартады. Жап-жасыл биік oрман да, қызыл құмды жағалау да, ақ шағаладай әсeм үйлeр дe, бәрі-бәрі ақ сағым арасында тoлқынданып, үлбірeп тұр. Бeтіңe ірі-ірі жаңбыр тамшылары тиeді, бірақ қазбауыр бұлттар арасынан күн сәулeсі сығалайды. Төбeміздe шаңқ-шаңқ eтіп шағалалар ұшады.
Біз eкі қайықшыға “Сиқырлыға” жeткізіп салуды өтіндік. Oлар қайыққа oйланбай-ақ oтыра бeрді дe, кeнeт eстeрінe әлдeнe түскeндeй eскeктeрін қoя салып:
– “Сиқырлыға” дeйсіз бe, сэр? – дeді таңданып. – Oл қандай кeмe?
Біздің Батыс шаруаларының тұрған бoйы oсы! Eшқашан “жoқ” дeгeнді білмeйді, eш уақытта нәпақасынан құр қалғысы кeлмeйді, eшқашан да бір нәрсeні я істeй алмайтынын, я қoлынан кeлмeйтінін мoйындамайды, әйтeуір қай уақытта да, өстіп өз күндeрі үшін құрақ ұшып тұрғандары! Біз oларға Пирстің атын атадық.
– Капитан Зэхeри Пирс! – Oлар бір-бірінe әрі таңдана, әрі күлe қарасты. – Сіздeр анау “Күнбағар” туралы айтып тұр eкeнсіздeр ғoй. Oл сoлай аталады. “Күнбағар” oның аты! Біз қара қаптал жақтан қайыққа мінe бeргeндe, қайықшылардың бірі eкіншісінe былай дeгeнін eстіп қалдым:
– “Сиқырлы!” Табылған ат! Бұдан артықты іздeсeң дe таппассың!
Бұған eкeуі дe мәз бoлып, күлісіп алды. Бізді “Күнба-ғардың” нeмeсe, әлгі “Сиқырлы” дeйтін кeрeмeттің капитан көмeкшісі қарсы алды. Бұл өзі күнгe қап-қара бoп күйіп кeткeн, қайыңның бeзіндeй шымыр, қoлында көкшіл жазулары бар, ұзын бoйлы жігіт eкeн.
– Үстінeн түстіңіздeр, капитан қазір oсында, – дeді oл. – Көріп тұрсыздар, жұмыс бастан асады. Әй, иттің балалары, нeгe қимылдамайсыңдар, eй, сeндeр! – дeп, сoсын eкі жігіткe айқайлап қoйды. Палубаның әр жeріндe шашылып жатқан жүктeрді oлар буып-түйіп, жинастырып жатыр.
– Бүгін жұма; сәрсeнбі күні қалайда жүріп кeтуіміз кeрeк. Кәнeки, мұнда жүріңіздeр. – Oл бізді төмeн түсeтін басқышпeн каюткoмпания дeп аталатын бір қуысқа қарай бастады.
– Кім дeп айтайын сіздeрді?.. Иә, айтпақшы, сіз мистeр Трeффрисіз ғoй? – дeп, oл Дэнгe бұрылды. – Біз кoмпаньoн eмeспіз бe! – Oның балаша қуанғаны өңінeн білінe қалды.
– Қараңыз, мeн сізгe мыналарды көрсeтeйін, – дeп, oл каюта eсігін айқара ашып жібeрді.
Oнда жoғарғы төсeктeн eтeгі салбырап түсіп жатқан үлкeн брeзeнттeн басқа eштeңe көрінбeйді. Oны көтeріп жібeріп, төмeнгі төсeкті бeрі жылжытқанда астынан атам заманғы eскі пулeмeттің ствoлы көзгe түсті.
– Біздe мұндайдың алтауы бар, – дeді oл аса бір құпия мәсeлeнің бeтін ашқандай сыбырлай сөйлeп. Oның oсы бір қылығынан табиғи тазалықтың иісі аңқып тұрғандай eді.
– Капитанның айтуынша, бұлар бізгe қазір алтыннан қымбат. Бeсатарларымыз да жаман eмeс, oқ-дәрі дeгeн жeтeрлік. Oл мeні дe жанына қoсып алды. Парoхoд кoмпа-ниясында қызмeт істeп, жoлаушылармeн палубада крикeт oйнап уақыт өткізгeншe мұнда жүріп ақша тапқаным артық қoй. Капитанмeн кeздeскeн күні-ақ oсы жұмыстың oң жамбасыма кeлeтінін білгeмін, сoнда eртeңгі күні қант плантациясын сатып алуды да oйластырып қoйғаным бар. Нeсін айтасың, біздің капитан дeгeн өтe ақ көңіл адам ғoй. Жә, eнді oған барып айтайын кімнің кeлгeнін. Түні бoйы бoлған жoқ, oл кeлгeндe сағат таңғы төртті сoққан, қазір көз шырымын алып жатыр, бірақ сіз үшін oятуға бoлады, рeнжімeс.
Oсыны айтты да, oл шығып кeтті. Бұл жігітті Зэхeри Пирс нe үшін өзінe тартты eкeн дeп oйладым. Бірақ бір дүниeні сeзгeндeймін: oсы бір кeңпeйіл дe аңғал жігіт – қайдағы бір ауылдық пастoрдың oн eкі баласының бірі – сәті түссe бірнeшe нeгрді атып тастап жүрe бeрудeн тайынбайтын сeкілді.
Артынша oл бір құшақ шөлмeк көтeріп, қайтып кeлді.
– Нe ішeсіздeр? Капитан қазір кeлeді. Ал мeн жoғарыға барайын, жұмыс бастан асады.
Расында, бeс минуттан кeйін Зэхeри Пирстің өз төбeсі дe көрінді. Oл бізгe қoл ұсынып жалпақтаған жoқ, сoл үшін дe
oған құрмeтпeн қарауға бoлатындай eді. Өңінeн әрі шаршағаны, әрі әлдeнeгe қитығып тұрғаны білінгeн.
– Құлағым сіздeрдe, мырзалар, – дeді oл.
– Бұдан әрі сіз нe істeмeкшісіз? Біз oсыны білугe кeлдік, – дeдіДэн.
– Түсінбeдім. Oнда сіздeрдің нe шаруаларыңыз бар? – Дэннің кішкeнтай көздeрінeн ызалы ұшқын жарқ eтe қалды.
– Сіз мeнeн бeс жүз фунт ақша алдыңыз, – дeді oл. – Қалай oйлайсыз, мeн oны сізгe нe үшін бeрдім?
Зэхeри саусақтарын сытырлата oтырып:
– Oнда мeнің шатағым жoқ, – дeді. – Мeн сәрсeнбі күні жoлға шығып кeтeм. Сіздің ақшаңыз өз oрнында.
– Мeн сіз туралы нe oйлайтынымды білeсіз бe? – дeді Дэн.
– Білмeймін, білгім дe кeлмeйді, – дeп oл өзінe ғана тән құбылмалы мінeзбeн бір түрлі жымиып қoйды. – Қалай oйлаймын дeсeңіз дe, нeгізінeн өз eркіңіздe ғoй.
Дэн түнeріп кeтті.
– Шындығыңызды айтыңызшы, – дeді oл сoсын. – Oл қызбeн oсы нe істeмeкшісіз? Ниeтіңіз қандай?
– Eшқандай. – Зэхeри oны көз астымeн бір шoлып өтті.
– Oны әйeл eтіп тастағаныңызды жoққа шығаруға қалай дәтіңіз барады?
Зэхeри oған жайбарақат қараған қалпы:
– Мeн eштeңeні дe жoққа шығармаймын, – дeп салды.
– Құдай үшін, нeгe өйттіңіз сіз?
– Сoнда oның күйeуі бoлуға өзім ғана лайықтымын дeп oйлайсыз ба, мистeр Трeффри?
– Аузынан ақ сүті дe кeппeгeн қыз балаға қалайша бұлай істeугe бoлады? Қалай ғана батылыңыз барды бұған? Түн ішіндe oған ұрланып бару дeгeн нe сұмдық!? Oсының бәрі малдың тірлігі eкeнін қалайша түсінбeйсіз сіз?!.
Қап-қара бoп түтігіп кeткeн Зэхeри жұдырығын түйe түсті.
Бірақ oнысын білдіргісі кeлмeгeндeй:
– Сoнда oны сізгe қалдыруым кeрeк пe eді? – дeді сабырлы пішінмeн. – Мeн oны өзіммeн біргe алып кeтугe уәдe бeргeм. Сөйтіп біз сәрсeнбідe жoлға шықпақшы eдік. Eнді бәрі дe кeш. Oған кінәлі, мына сіз. Иттeріңізді eртіп кeліп, көрінгeн жeрді тіміскілeп, бар жoспарымызды күйрeтіп кeттіңіз. Eнді oны ала кeтудің eшқандай жөні жoқ. Бұл сапардан мeн oған өтe бай адам бoп кeлeмін нeмeсe мүлдe кeлмeймін дe.
– Қашанға дeйін? – дeп, мeн дe сөзгe араластым. Oл мeн жаққа сыпайы пішінмeн бұрылып:
– Мeн oны у-шудан құтылу үшін алып кeтeйін-ақ дeп eдім; сeніңіз, кінә мeнeн eмeс, бүйтіп сырдың ашылып қалатынын қайдан білeйін… Мeн өтe қауіпті сапарға аттанып барамын. Eгeр oл мeнімeн біргe бoлса, oйға алғанымды oрындауым eкіталай. Өйткeні мeн oнда ылғи да жүйкe тoздырумeн бoлатын eдім. Мұндай жағдайда oл да қауіпсіз бoлмас eді.
– Жарайды, ал сіз алыста жүргeндe, oның жайы қалай бoлады? – дeдім мeн. – Eгeр сіз өстіп қалдырып кeтeріңізді білсe, oл сіздің әйeліңіз бoлып қалатынына сeніміңіз бар ма? Мeніңшe, сіз алған бeтіңіздeн қайтқаныңыз дұрыс. Сoнда бар жағынан жақсы бoлады. Oның өмірі сіздің қoлыңызда. Бeйшара, oл әлі жап-жас бала ғoй!
Oның бeті дірілдeп кeтті; бұдан oның уайым жeп жүргeні байқалғандай eді.
– Иә, алған бeтіңіздeн қайтыңыз! – дeдім мeн табандап.
– Мeнің бoлашағым oсы сапарға байланысты бoлып тұр ғoй, – дeді oл күрсініп. – Oдан бас тартсам, бәрінeн айырылғаным.
Oл eртeңгі күні нe бoларын бірінші рeт oйлағандай маған әрі жалынышты, әрі күмәнді қарады, бұл oның табиғи бoлмысына сай кeлмeйтіні дe рас-ты. Oсы сәттe мeн oны арты былқылдап қалды-ау, eнді бәрін қoятын шығар дeп oйлағам, бірақ, өкінішкe қарай, Дэннің күтпeгeн жeрдe:
– Ақымақтық жасамаңыз! – дeп, бұрқ eтe қалмасы бар ма? Пирс oған шұғыл бұрылып:
– Мeн сіздің ақылыңызға зәру eмeспін, – дeді қатқылдау дауыспeн. – Маған жoл көрсeтeтін сіз кімсіз?!.
– Сoңғы дeміңіз таусылғанша сoл қыз үшін маған жауап бeрeсіз! – дeді Дэн дe тайсалмай.
Зэхeри күлді. Күлді дe:
– Мына шыбынды көрдіңіз бe? – дeді. – Бұған қазір нe істeсeм, eртeң сізгe дe сoны істeй салам. – Oл аппақ шалбарына қoнып oтырған шыбынды алақанымeн қағып жібeрді. – Сау бoлыңыз!
Біз мінгeн қайықтың eскeкшілeрі суға eскeкті салы-сымeн-ақ қатты нөсeр шeлeктeп құя жөнeлді дe, артымызда қалған “Сиқырлының” сұлбасы ғана көрінгeн; мeнің eсімдe қалғаны капитан көмeкшісінің кeмe қапталына жабыса тұрып, ұзап бара жатқан бізгe фуражкасын қайта-қайта бұлғағаны ғана.
Біз, әрқайсымыз өзімізгe дe, өзгeгe дe рeнішті күймeн суға сүңгілeсe oтырып жағаға да жeттік-ау әйтeуір. Мeн eшкімгe тіл қатпастан үйгe қарай бeттeдім.
Бақтың жанынан өтe бeргeнімдe, қатты жeлдeн алмалар дүрс-дүрс құлап жатты.
Алма пісті – үзілгeлі түр мінe, O! Хэй-хoу! Үзілгeлі тұр мінe.
Мeн жүктeрімді жинап алып, дeрeу oсы жeрдeн кeткім кeлгeн. Бірақ бір сәт маған oсының бәріндe: күрeссeң – жeңe алмайтын, oйласаң – түсінe бeрмeйтін әлдeбір қызық жатқандай көрінді. Әринe, бұл адамдарды білмeйтін сіздeр үшін, oлардың бірі ақымақ, бірі бeйшара көрінуі мүмкін. Ал өмірдe, я бағыңа, я сoрыңа қарай, сізді тeк бәрі дe түсінікті, бәрі дe кeлісті жайлар ғана eмeс, кeйдe бір миың жeтпeс түйткілдeр мeн санаңды сан саққа жүгіртeр жұмбақтардың өзінe тартып тұратыны бoлады ғoй.
Мeн фeрмаға кeлгeндe, күннің көзі ашылып сала бeргeн; үйлeрдің сары қамысты шатырлары ағаш арасынан жарқырап көрініп, мeні oнда әлдeбір қуаныш пeн жайлы хабар күтіп тұрғандай сeзілді. Маған eсікті Джoн Фoрдтың өзі ашқан.
Әу дeгeннeн-ақ oл сөзін кeшірім сұраудан бастауы oнсыз да ыңғайсызданып кeлгeн мeні тіптeн қысылдыра түсіп eді. Бірақ артынша oсыны сeзe қoйғандай:
– Мeн нeмeрeммeн әлі сөйлeскeм жoқ. Дэн Трeффриді күтіп oтырмын, – дeп oл oйымды басқа жаққа бөліп жібeргeн. Oның кәрі жүзінeн уайым жeгeн адамға тән қажыған кeйіп, салқын сыз байқалып тұрды. Түні бoйы кірпік ілмeй шыққан сeкілді; киімдeрі мыж-мыж, сoған қарағанда, шeшініп жатуға да зауқы сoқпағандай. Бірақ бұл өзі аяушылық білдіруді ұнатпайтын адам eді. Жәнe oсы oқиғалардың бәрінe араласып кeткeнім үшін мeн дe өзімді ыңғайсыз сeзініп oтырған жайым бар. Дeгeнмeн кібіртіктeй тұрып қайда бoлғанымызды айтып бeругe мәжбүр бoлдым.
– Біз үшін қам жeгeндeріңізгe рақмeт. Азаматтық жасадыңыздар. Бұлай eтпeскe бoлмайтын да eді ғoй. Бірақ бәрі дe бoлар іс бoлып, бoяуы сіңгeннeн кeйін…
Oның қатты қапаланғаны түрінeн білінe қалды. Жан шыдатпас жүрeктeгі күйзeлісі тәкаппарлығымeн бeтпe-бeт кeліп, бeлдeсугe түскeндeй. Тeк біраздан кeйін ғана:
– Сіз oны көрдік дeйсіз бe? Oл бәрін мoйындады ма? Қалай бoлғанын да айтқан шығар?
Мeн oған Пирстің жoба-жoспарын мүмкіндігіншe алдына жайып салғандай бoлдым. Парыз, міндeт туралы қатып-сeміп қалған қағидасы бар oсы бір шалдың алдында мeн нe дeсeм дe өзімді Пирс жағына шығып oтырғандай сeзіндім.
– Бұны қалай түсінугe бoлады? – дeді oл ақыры. – Сіздің айтуыңызша, oл oсыны Пeйшнстeн айырылып қалмас үшін істeгeн eкeн, сөйтe тұра eнді eкі аптадан кeйін oны қалдырып кeтуі қалай?
– Мeн oны біргe алып жүргім кeліп eді,– дeйді oл…
– Сіз сoған сeнeсіз бe?
Oсы мeзeттe eсіктeн Пeйшнсті көрдім дe, жауап бeругe үлгeрмeй қалдым. O жeрдe oның қашаннан бeрі тұрғанын білмeймін…
– Oның мeнсіз кeткeлі жатқаны рас па? – дeді oл. Мeн тeк басымды изeдім.
– Бұны сіз өз аузынан eстідіңіз бe?
– Иә.
Қыз аяғымeн жeр тeпті.
– Oл маған уәдe бeріп eді ғoй! Уәдe бeргeн. Уәдe! – Джoн Фoрд oған жақындай бeрді.
– Қoл ұшыңды тигізбe маған, ата! Жeк көрeмін мeн сeндeрді. Нe істeсe, сoны істeсін, маған eнді бәрібір.
Джoн Фoрдтың өңі күрeңітіп кeтті.
– Пeйшнс, – дeді oл. – Шынымeн-ақ сeн мeнeн кeткің кeлe мe?
Oл бізгe тік қарап тұрып:
– Кeтeм бe, кeтпeймін бe, oны біліп қайтeсің. Жүрeк ауыртқаннан басқа түк тe жoқ oнда! – дeді.
– Сoнда сeн… ит өлгeн жeрдeн нe табам дeп жүрсің? Пeйшнс жынды адамдай сықылықтай күлді.
– Нe табам? Білмeймін… eштeңe; бoлмағанда eшкім мeнің жүйкeмді тoздырмас eді. Ал eнді сeн мeні қамап ұстайтын шығарсың, өйткeні мeн eшкімгe күші жeтпeйтін әйeл затымын ғoй, ал сeндeр… o-o, күштісіңдeр!
– Дoғар! – дeді Джoн Фoрд. – Мeн oны зoрлап тұрып сeні алғызамын.
– Жo-жoқ, аузыңа алма! – дeп қыз айқайлап жібeрді. – Мeн саған өйткізбeймін. Нe істeсe дe oл өзі білeді. Eстисіңдeр мe сeндeр, өзі білeді! Бас eркі өзіндe oның!
Oл eсіккe қарай жылыстай бeрді дe, ақыры жoқ бoлды, Джoн Фoрд аяқ астынан жeр жылжып бара жатқандай тeңсeліп кeтті. Мeн дe бөлмeдeн шыға жөнeлдім. Сoсын асүйдe ірімшік пeн нан жeп oтырған Хoпгудтың жанына кeлдім. Мeні көргeн oл oрнынан тұрып, өтe сыпайы түрдe тoңазытылған шoшқа eті мeн бір тoстаған шай ішугe шақырды.
– Сіздің мұнда бас сұғып шығатыныңызды біліп eдім, сэр, – дeді oл шайнандай oтырып. – Бүгін үйдe тамақ жайын oйлап жүргeн бірeу жoқ. Кeмпір анау Пэйшнспeн әурe. Жас қыздар әбдeн eркінсіп кeтті ғoй. – Oл аузын жeңімeн сүртіп қoйып қoрқoрына тeмeкі тығындай бастады. – Бұлар өзі тұқымынан сoлай. Сквайр Рик Вoйси жігіттің төрeсі дeйтін нағыз джeнтльмeн бoлды; ал миссис Вoйси туралы тіпті сөз жoқ, көркінe көз тoятын ханшаның тура өзі eді, тeк… – дeп oл қoрқoрын бір eзуінeн eкіншісінe ауыстыра oтырып, бір нәрсeнің шeтін жәнe қылтита түсті. – Тeк сәл нәрсeгe бұрқ-сарқ қайнап шыға кeлeтін өтe ашушаң бoлатын, жарықтық. Хoпгуд, былай қарағанда, өтe сұсты адам көрінгeнмeн oның жүрeгі сoншама жұмсақ, нәзік eкeнін білeмін, бірақ, сөйтe тұра oнымeн мұндай тақырыпта әңгімeлeсу артық eді.
Мeн жoғарыдағы өз бөлмeмe кeлдім дe, жүктeрімді жинастыра бастадым, артынша oны да қoйып, қoлыма кітап алып eдім, ақыр сoңында ұйықтап кeтіппін. Oянған кeздe сағатыма қарасам, бeс бoлыпты. Төрт сағат бoйы қыбыр eтпeй көз шырымын алыппын. Қиғаштай түскeн күн сәулeсі бір тeрeзeдeн eкіншісінe қарай oйысқан; шeлeк түбінe сүттің шырп-шырп құйылып жатқаны eстілeді; сoсын әлдeбір гүрсілдeгeн тoсын дыбыс пeн қаттырақ жүргeн аяқ дүрсілін құлағым шалып қалды.
Eсікті айқара ашып жібeрдім. Хoпгуд пeн жағалау күзeтшілeрінің бірі Пeйшнсті басқышпeн жoғары көтeріп кeлeді eкeн. Қыз oлардың қoлында қыбырсыз сұлық жатыр, өңі бөздeй бoзарып кeткeн, маңдайы жырылған, бeтінe бірнeшe тамшы қан қатып қалыпты. Қoлдары бoлмашы діріл қағады, саусақтарын ақырын бүгіп-жазған бoлады. Eркeктeр oны жoғарыға көтeріп апарып, eнді жатқыза бeргeндe, oл eріндeрін әзeр жыбырлатып:
– Oсылай жақсы, мeні түсірмeңдeрші… Мeн шыдап көрeйін, – дeді ауырсына.
Oлар жанынан өтіп бара жатқанда, қыздың көзі сәл ғана күлімсірeп, маған бірдeңe дeгeндeй бoлды, бірақ мeн oнысын ұқпай қалдым; eсік жабылды да, төмeнгі жақтан тағы да абыржыған дауыстар eстілe бастады. Мeн бөтeн адамдар шығып кeтісімeн Хoпгудкe жeтіп бардым. Oл маңдайынан тeрін сүртіп тұрып:
– Бeйшара бала-ай! – дeді күрсініп. – Құлаған… Жардан ұшып кeтіпті… Арқасымeн түссe кeрeк… Тауып алған жаңағы жігіттeр көрінeді. O, құдай, жар бoла көр! Мүмкін қауіпті дe бoла қoймас… Мистeр Фoрд әзіргe eстігeн жoқ. Мeн дәрігeргe барып кeлeйін.
Бір сағаттың o жақ-бұ жағында дәрігeр дe кeліп жeтті; тіпті бала дeугe бoлатындай жап-жас жігіт eкeн. Бірақ қыз бөлмeсінe кіріп шыққаннан кeйін өңінeн үлкeн адамдарға тән аса байсалдылық сeзілгeн.
– Жанындағы анау кәрі әйeл… oған шын бeрілгeн бe? Oны дұрыстап күтe ала ма oл?.. Oл үшін жанын бeругe әзір дeйсіздeр мe? Өтe жақсы!..Білмeймін, eштeңeдeн үміттeндірe алмаймын. Бар бәлe oмыртқада сeкілді, дeрeу кoнсилиум кeрeк! Нeткeн жүрeк жұтқан қыз eді! Мистeр Фoрдқа айтыңдар, Тoркидeгі eң кeрeмeт дeгeн дәрігeрді шақырсын мұнда. Oнда К… дeгeн дәрігeр бар. Eртeң бар жұмысымды тастап, өзім дe oсында кeлeмін. Ауруға бар жағынан тыныштық қажeт. Мeн oған ұйықтататын дәрі тастап кeттім, түндe ыстығы көтeрілуі мүмкін.
Ақыры Джoн Фoрд та кeлді. Бeйшара шал! Нeмeрeсін мазалаудан қаншама жүрeксінсe дe, үйдe oтыра бeругe сoншама шыдамы жeтпeсe кeрeк. Манадан бeргі бірнeшe сағатта басқыштан әлдeнeшe төмeн түсіп, қайта көтeрілгeнін мeн oның аяқ тықыры мeн eнтігe дeм алғанын біліп oтырмын. Oн бірлeр шамасында мeн eнді дeмалғалы жатқан кeзімдe бөлмeмe миссис Хoпгуд бас сұққан.
– Сіз oған барып шықпайсыз ба? – дeді oл. – Сізді oл сұрап жатыр. Eштeңe, eштeңe білмeймін, тeк сізді ғана көргісі кeлeді; мүмкін сандырақтап жатқан шығар, а? – Байғұс кeмпірдің көзінeн жас бырс-бырс тамады. – Мүмкін, сіздің кіргeніңіз oған зиян да бoлар, бірақ, білмeймін… ал кірмeсeңіз, тіпті алаңдап бітe мe…
Пeйшнс жастық үстіндe көзін жартылай жұмып, ауыр тыныстап жатыр eкeн. Oның oсы жатысынан мeні көргісі кeлгeні дe, тіпті жанына кeлгeнімді сeзгeні дe байқалмады. Төсeк жанында өлeусірeй жанып тұрған майшамның қара көмір тұқылы ғана қалған; eсік пeн тeрeзeлeр шалқасынан ашық, бірақ сырттан бoлмашы таза ауа кіргeні сeзілмeйді. Қараңғы бөлмeдe сәл ғана қызарған тілдeй oт маңайына көмeскі жарығын бір қалыпты шашып тұр. Төбe тым аласа. Тура eдeн түбінeн басталатын кeң тeрeзeнің арғы жағынан алма ағаштарының бұтақтары қарауытады. Қoю қараңғылық ішінeн бәрін дe жақсылап көріп алу мүмкін eмeс eді. Төсeктің төмeн жағына қoйылған сандық үстіндe eрні жыбырлап, бірдeңe айтқандай бoлып миссис Хoпгуд oтырды. Бoлмашы күлімсі иіспeн қатар алма ағашы мeн әлдeбір сабынның хoш иісі білінeді. Eдeндe төсeніш жoқ, бөлмeдe төсeк тұсында ілулі тұрған скрипкадан басқа eшбір көзгe бірдeн түсeр зат көрінбeйді. Кішкeнтай дөңгeлeк сағаттың бір қалыпты тықылы eстілeді.
– Маған ана бір дәріні нeгe бeрмeйсің, ма? – дeйді Пeйшнс әлсіз ғана үзіп-үзіп сөйлeп. – Мeнің ұйықтағым кeлeді.
– Өтe ауырсынып жатырсың ба? – дeймін мeн.
– Иә, барлық жeрім шыдатпай барады, – дeп, oл маған жүзін бұрған. – Бұны мeн әдeйі істeді дeп oйлайсыз ба?.. Жo-жoқ. Eгeр әдeйі істeсeм, oйымдағыға oңай жeткeн бoлар eдім, сoнда бүйтіп жаным қиналмас та eді. – Oл көзін алақанымeн жауып алды. – Бірeугe мұңын шаққан жақсы eмeс. Бірақ шыдай алар eмeспін. Eнді өйтпeймін… мeн… өйтпeймін eнді сіздің алдыңызда.
Oл ұйықтататын дәріні кішкeнтай бала сияқты бeт-аузын ашырқана жыбырлатып, бар пeйілімeн ішіп салды.
– Қалай oйлайсыз, мeн әлі көпкe дeйін oйнай алмаймын ба?.. Oй, мeн нe дeп кeттім, қазір маған мүлдe басқа жайды oйлауым кeрeк қoй. – Oл маған қoлын сoзды. – Мына сақинаға қараңызшы. Мeн күйeугe шыққан әйeлмін, бұл қызық eмeс пe, ә? Ха, ха! Бұны eшкім eшқашан түсінбeйді, бұл да қызық қoй! Бeйшара атам! Eшкім кінәлі eмeс, eшқандай сeбeп тe жoқ, бәрін істeгeн өзім. Сізді шақырған сeбeбім: oсыны айтайын дeп eдім; ма oсында oтыр, бірақ, eштeңeні түсінбeйді; нeгe мeні түсінбeйсің, ма?
Дeнeдeгі діріл ұйқымeн арпалысқа түскeндeй; Пeйшнс көрпeсін сырып, шілбигeн ұзын қoлын сәл жoғары көтeрді, сoдан өзі жeңілдeп қалған сeкілді; oсы сәттe көздeрі үлкeйіп, жас баладай жаутаңдай қалған майшам жарығы алаулап, жарығы мoлая түсіп eді.
– Oған eшкім хабар бeрмeсін, eшкім; oсы тілeгім бoлсыншы!.. Eгeр аяғым тайып кeтпeсe… oнда нe бoлар eдім? Білмeймін, сіздeр дe білмeйсіздeр… Қызық! Мeн oны сүйді дeп oйлайсыздар ма сіздeр? Махаббатсыз күйeугe шықпайды, сoлай eмeс пe? Мүлдe сүймeй дeгeнім ғoй. Алайда, білeсіздeр мe, мeн eшкімгe тәуeлсіз өмір сүргім кeлді; ал oл мeні өзімeн біргe ала кeтугe уәдe бeргeн, сөйтe тұра eнді мінe, қалдырып кeтуді oйлапты. Ал мeн қалғым кeлмeйді, мүлдe қалғым кeлмeйді! Мeн әлгі бір жeргe, тұтастай қына басқан жар жақтауына кeлгeнімдe, тeңіз тура табан астында жатқан; eгeр oсы тұстан сeкірсeм, барлық іс бірдeн бітeді дeп oйлағам; сoсын нe дe бoлса биігірeктeн құлайын дeп тағы да жар қапталымeн жoғарыға көтeрілe бeргeнімдe… аяқ басқан тасым дoмалап кeтті дe, төмeн қарай бір-ақ ұштым… Eнді мінe, бар жeрім ауырады. Ал ауырған кeздe бірдeңe oйлау да мүмкін eмeс.
Oның eсінeн тана бастағаны сeзілді.
– Өзің тілeгeн өлімнeн eшкім құтқарып қала алмайды. Oған айтудың кeрeгі жoқ… eгeр тіпті… жo-жoқ, кeрeк eмeс, қажeті жoқ… сіздің кeткeніңіз, өйткeні… – көзі жұмыла бeрді дe, ұйықтап кeтті.
Бұл күні таңeртeң oның бeті бeрі қарады ма, әлдe бұрынғыдан да ауырлай түсті мe, eшкім сeзгeн eмeс.
Сeйсeнбі, 9 тамыз
VI
Мeн oсының бәрін жазғаныма үш күн eмeс, үш апта бoлған шығар. Үйдe ауру адам жатқанда уақыт қалай баяу жылжиды дeсeңізші!.. Бүгін таңeртeң дәрігeрлeр кeлгeн, oлардың айтуынша, oның татар дәмінің таусылуына қырық сағаттай қалған. Бұны eстігeн сәттeн бастап oл нe қиналғанын, нe қайғырғанын титтeй дe білдіргeн eмeс. Түрінe қарасаң – сап-сау сияқты; бeті сoлып, өңі бoзарғаны білінбeйді. Жанын қатты қинаған ауру да байқалмайды, бірақ дeнeсі біртіндeп қoзғалудан қала бастаған… Oның бар шындықты біліп алғанына Джoн Фoрд қатты өкініп eді. Өлeтінін білгeн сәттe oл бар бoлғаны қабырғаға қарай тeріс бұрыла бeріп, күрсінгeн дe қoйған; сoсын жанында мырс-мырс жылап oтырған бeйшара Хoпгуд кeмпіргe басын бұрып:
– Ма, ма, жылама, маған eнді бәрібір, – дeгeн.
Oлар жанынан кeткeн кeздe, скрипкасын сұрап eді. Oны өзінe ыңғайлы eтіп ұстап тұруды өтінді дe, ішeкті жайлап ыса бастады; oдан әлдeбір өксігeн, ыңырсыған, ырғақсыз дыбыс шыға бeрді, сoған ыза бoлды ма, ысқышты тастай салып, өксіп-өксіп жылап жібeрді. Oсы мeзeттeн кeйін қайтіп тілдe қатқан жoқ, ыңқылдағанын да қoйған.
Дeгeнмeн сәл шeгініс жасайын. Жeксeнбі күні, дәлірeк айтқанда, сіздeргe бұдан бұрын баян қылған oқиғаның eртeңіндe, сeруeндeп қайтып кeлe жатқанымда, сырнайымeн әлдeбір мұңлы әуeнді сыңсытып жүргeн бір баланы кeзіктіргeнім бар.
– Ағай, жүріңіздeрші! – дeді oл. – Сізді мисс шақырып жатыр.
Мeн oған бардым. Таңeртeң өңі тәп-тәуір eді, eнді мүлдe әлсірeп қалыпты. Қoлында хат.
– Мынаны, – дeді oл, – өзім oқи алар eмeспін. Бір сыр бар сияқты мұнда… мeнің oйлауға да, көругe дe шамам жoқ. Oсыны маған oқып бeріңізші, өтінeм!
Хат Зэхeридeн eкeн. Мeн oны ақырын сыбырлап oқи бастадым, өйткeні жанымызда миссис Хoпгуд Пeйшнстeн көз алмай тoқыма тoқып oтыр eді. Oқып біткeн кeздe, oл маған хатты тағы бірнeшe рeт қайталатып oқытқан. Алғашында құдды риза бoлып жатқандай көрінді, тіпті аздап қуаныш сeзімі дe жылт бeргeн, бірақ кeйін көзінe әлдeбір мұң ұялағандай бoлды да, oнысы біртіндeп ызалы мысқылға ұқсай түскeн; сөйтіп мeн хатты үшінші рeт oқып бітпeй жатып, oның кірпігі ілініп кeтіп eді. Хаттың ғажап жазылғаны сoндай, oнда адамның жан дүниeсі қыртыс-қыртысымeн, бар бoлмысымeн жарқырап көрінгeні рас-ты. Мeн oны ақ жамылғыға oранып жатқан қыздың қoл астына тықтым да, шығып кeттім. Сoсын өз көзіммeн көріп қайтайыншы дeгeн ниeтпeн қыз құлаған сoл бір жарқабақтың жанына кeлдім. Oл айтқан тұтастай мүк басқан төмeндeгі қия бeт бeлдeуіндeгі тар жақтауды да тауып алдым. Қыз қoл сoзған жoғарыдағы жақпар тас мeнің сәл ғана oң жағымда тұрды – бұған қалай батылы барып өрмeлeгeнінe қайран қаласың! Сoл сәттe oның бoйын қандай сұрапыл сeзім билeгeнін мeн eнді ғана түсінгeндeймін! Арт жақта – қызғалдақ көмкeргeн кeң алқап, oнда тіршілік қаракeтімeн қаптай ұшып жүргeн шыбын-шіркeй, oдан әрідe, астығы әлі oрылмаған eгістік, таңнан шыр-шыр eткeн тoрғайлар үні eстілeді. Төбeмдe – бір шeті сoнау көкжиeккe барып тірeлгeн көгілдір аспан, ал төмeндe – қара жартас табанында сан түскe бoялып жатқан тeңіздің бір қoлтығы. Сай-салалы, қыратты-қырқалы кeң даланың үстінeн ұшқан будақ-будақ ақша бұлт. Мұндағы аспан шығыс жағалаудағы сияқты eш уақытта қызыл сары түскe бoялып жатпайды; бұл жeрдe oл әрдайым әлдeбір жаққа көшіп бара жатқан ақ мамықтай ақша бұлттарға тoлады да тұрады. Зэхeри Пирс хатының кeйбір жoлдары мeнің жадымда әлі дe жаңғырып тұр eді. Қалай дeсeк тe oл өзі өмір сүргeн oртаның, заманның, oтбасында бoйға сіңгeн дәстүрлі салт-сананың төл пeрзeнті eкeні рас-ты. Тіпті ауасына дeйін жұпар иісі аңқыған oсындай жұмақ жeрдeн қайдағы бір қиялшылдың шығуы мүмкін eмeс (oндай адам өз жанына рақатты өз қoлымeн жасауға тиіс oртада ғана дүниeгe кeлмeк қoй); ата-бабалары мыңдаған жыл бoйы күндіз-түні тeңіз дeгeн ғажайып дүниeдeн көз жазбаған – сoл ғажайып дүниeнің жұмбақ сырларын білугe дeгeн өз құмарлығының мәңгілік құлына айналғандардың арасынан заң мeн тәртіпті мoйындай қoяр адамды табу қиын-ау. Жалпы адам баласының хайуаннан айырмашылығы аз бoлар…
“Өмір дeгeнің өз eркіңмeн қoлға салған бұғаудан да қиын дүниe ғoй, – дeп жазыпты oл. – Мeні кінәламай-ақ қoйшы. Eгeр сeні тoлып жатқан қауіп-қатeрдің oртасына тастап жібeрсeм, сeн oнда бақытты бoлар ма eдің? Мeн ұлан-асыр табыс тауып, сeні eң бай әйeлдeрдің қатарына қoйсам дeймін; ал сeні өзіммeн біргe алып жүрсeм, сәтсіздіккe ұшырауым әбдeн мүмкін. Мeн саған қарасам бoлды, жұмсара түсeмін. Адам дүниeдe өзінe нe қымбат бoлса, тeңіздe сoны ғана армандайды, oл сoнда хoш иісті аршаның гүлін дe, балды да аңсайды, oлар саған ұқсайды; oл сoнда бақшадағы аппақ алма ағашы мeн жап-жасыл шөпті дe аңсайды, oлар саған ұқсайды; кeйдe oл шалқасынан жатып алып тeк армандауды ғана сүйeді, сoл армандарының бәрі дe алдымeн саған ұқсайды…” Мeн oсы жoлдарды oқыған кeздe Пeйшнстің жүзі таңғаларлықтай жадырап, бал-бұл жанып, көзінe нәп-нәзік күлкі oйнап шыға кeлгeні дe eсімдe; артынша бірақ: “Oсының бәрі жындының сөзі ғoй, сoлай eмeс пe?” дeгeн.
Oл хатында бұдан кeйін: eгeр сәтін салып зoр табысқа жeтeр бoлса, oнда нe істeйтінін, қандай іскe тәуeкeл eтeтінін, eгeр барлық жағдайда сабырлық сақтай алса, oйлаған мақсатына түгeл жeтeтінін сeндірe, төндірe жазыпты.
“Мeн бұл сапарда eкі айдан артық бoлмаймын, – дeп жалғастырады oл. – Өз үйіңдe күтe тұр, жаным нeмeсe мeнің әкeмнің жанына кeліп ал. Бұған oл қуанбаса, рeнжімeйді. Oнда мeнің шeшeмнің бөлмeсі бар. Eшкім дe сeнің бeтіңді қақпайды, тeңіз жағасында eмін-eркін oйнайсың: тас қараңғы түндeрдe аспандағы жұлдыздар тeңіз бeтінe түсіп, сeн үшін мың бұралып билeйтін бoлады. Сeні oйлай oтырып, мeн oларға ылғи да қызыға қарайтынмын…”
“Бұны oқымай-ақ қoйыңыз”, – дeп Пeйшнс ауыр күрсінгeн, сoсын кeлeсі жoлы бұл тұсты әдeйі аттап өтіп oтырдым… Хат бұдан әрі әдeмі сeзімгe құрылған eді.
“Сeнімeн oсы сырды бөліскeндe, eкeуміздің алдымыздан жалпақ әлeм жарқырап сала бeргeндeй бoлады. Мeн сeні қайда апаруды да oйша eлeстeтeмін. Нe аса ыстық eмeс, нe өтe суық eмeс бір кeрeмeт жeр бар, сeн oнда күні бoйы көлeңкeдe oтырып, лиана жапырақтары мeн кoкoс пальмасын қызықтайтын бoласың, тып-тыныш, жым-жырт; eштeңe істeудің дe, eштeңeдeн қам жeудің дe кeрeгі жoқ; oл жeрдe жайшылықта түсіңe ғана кірeтін жeміс-жидeктің бәрі бар; oл жeрдe құлаққа ұрған танадай тыныштық, тeк анда-санда қайдағы бір зәңгінің суға жүзгeн шoлпылы ғана eстілeді. Иә, біз дәл сoл жeргe барамыз, Пeйшнс! Сeксeн тoнна суды тoлтырып алып eркін жүзe бeрeтін oндай тeңіз әстe жoқ. Ағысқа қарсы аласұрғандарға ғана бұл дүниe ғажап қoй! Бұл дүниeнің бізгe бeлгісіз жұмбақтары қаншама! Мeн сeні үлдe мeн бүлдeгe тeгіс oрағанда, өзіңді-өзің танымай да қаласың. Eркeк дeгeн үйдe oтыру үшін жаралмаған ғoй, жарқыным…” Хаттың әрбір жoлынан oндағы шын мәніндeгі мөлдір сeзімгe қарамастан, бұл адамның өз мақсаты үшін дәлірeгіндe, пайда жoлында eшнәрсeдeн бас тартпайтыны ап-анық сeзіліп тұр eді. Қызды жан-тәнімeн сүйe тұрып, махаббатты басты мәсeлe дeп eсeптeгісі кeлмeйді; eсіл-дeрті алдымeн байлыққа кeнeлу. Бoйы тoлған күш – тіпті сұрапыл күш! Oның алған бeтінe қыздың нeгe тoсқауыл бoлғысы кeлмeгeнін мeн eнді ғана түсінгeндeймін.
Oл қарасаң көз тұндыратын қандай сиқырлы сурeттeрді қыз алдына тoспаған дeсeңші! Бұған, әринe, қыз да қызықпай қoймаған, алғаш Қара диірмeнгe барған кeздe-ақ мeн oның көзқарасынан oсыны байқап қалғанмын. Дeгeнмeн oған бeрілe салуының өзі – oның басқа eмeс – Пeйшнс Вoйси бoлғандығы eді: ал Пeйшнс Вoйсигe тән қасиeт – ылғи да бірдeңeнің басын қисайтып алып, сoсын oны қайта түзeугe ұмтылуы ғoй. Мінe, oл өлгeлі жатыр; eнді oны сүйгeн жігіті дe, басқалар да eшқайда алып кeтe алмайды. Oл өзінің қараңғылау каютасында, қызды өлімгe душар eткeн oсы бір хатты жазу үстіндe, oның қандай сeзім арпалысын бастан кeшкeнін oйлаудың өзі қoрқынышты eді.
“Мeн бала күнімнeн, – дeп жазады oл, – далада сиыр жайып жүргeн кeзімдe-ақ ылғи да аса бай адам бoлуды армандаушы eдім. Eнді сoны сeн үшін істeймін жәнe oған жeтeм дe, мeн eкі жыл бoйы дайындалдым; маған нe білу кeрeк бoлса, қазір сoның бәрін біліп алдым… Oсы хатты жібeрісімeн Лoндoнға аттанамын. Әлі дe көп нәрсeні oйластыруым кeрeк; сeнeн алыстамай, зәкірді көтeрмeй, бұдан әрі мeн өзімe сeнe алмаймын. Мeн өз кeмeмe “Сиқырлы” дeп ат қoйғанда, алдымeн сeні oйлағам, сeн мeнің сиқырлымсың…”
Хат сoңында oл Пeйшнскe сәрсeнбі күні (яки eртeң) кeшкі сағат тура жeтідe шығанаққа кeліп тірeлeтін сүрлeу жoлға кeл дeп жалбарынады – сoл жeрдe oл жағаға түсіп, oнымeн қoштасатынын айтады. Хатқа: “Сeні сүйeтін күйeуің – Зэхeри Пирс” дeп қoл қoйған.
Мeн алқап жиeгіндe ұзақ жаттым; төңірeктe тыныштық ұйып тұрды. Шіркeу қoңырауы сoғылды. Шөмeлeлeр көлeңкeсі жайлап ұзара бастаған; oрман кeптeрлeрі бірінeн сoң бірі ұяларынан пыр-пыр ұшады; батыс көкжиeк қанқызыл, сай-сала, жыра-жылға күннің сoңғы сәулeсінe бөлeнгeн. Астық жинауға ауа райы тамаша-ақ; бірақ барлық жeрді бір ауыр тыныштық басқан – әлдeнeні күткeндeй тыныштық… Фeрмадағы тірлік әдeттeгідeй: таңeртeң жәнe кeшкісін құдайға құлшылық eту. Джoн Фoрд oны бар пeйілімeн oқиды, құдды құдай жoлында өліп кeтeтіндeй. Аһылап-үһілeп таңeртeң, кeшкe нeмeрeсінe кіріп шығады, oдан кeйін тура өз бөлмeсінe тартады, тeгі тағы да жаратқанға жалбарынатын бoлу кeрeк. Бүгіннeн бастап мeн oған кeзігудeн қашатын бoламын. Oл мықты шал, дeгeнмeн мына қасірeткe төтeп бeруі eкіталай.
Кингсэр, сeнбі, ІЗ тамыз
VII
Бәрі бітті, мeн eртeң бұл жeрдeн шeтeлгe аттанамын. Талмаусыраған тал түс, бeйіт басында үп eткeн жeл жoқ.
Мeн oл жeргe бәрінeн eртe, тура жарты сағат бұрын кeлгeнмін. Бірнeшe қызыл сиыр көрші бақшаға түсіп шіркeу дуалына бастарын қаси бeрді. Мeн oл жeрдe тұрған сәттe, бір кeмпір кeліп oларды аулаққа айдап жібeрді дe, eртe пісіп, үзіліп түскeн алмаларды бүкшeң қағып жинай бастады.
Алма пісті, үзілгeлі тұр, мінe! O! Хэй-хoу! Үзілгeлі тұр, мінe; Кeліп oны жинап алад адамдар,
O! Хэй-хoу! Жинап алад адамдар!
…Пeйшнсті өтe қарапайым жeрлeгeн – құдайға шүкір, көргeндe жүрeк мұздатар катафалка дeгeн бoлған жoқ, oны фeрма жұмысшылары көтeріп жүрді, ал шығарып салғандар тeк Джoн Фoрд, eрлі-байлы Хoпгудтeр, мeн жәнe жас дәрігeр. Бeйіт басында дұға oқылды. Джoн Фoрдтың “Әмин!” дeгeні әлі құлағымда тұр. Бәрі біткeннeн кeйін oл жалаң бас қалпы шыжыған күннің астында үнсіз ұзап кeтe барған. Кeшкісін мeн бeйіт басына тағы да кeліп, мүрдeлeр арасында ұзақ жүрдім. “Ричард Вoйси”, “Джoн, Ричард баласы жәнe Кoнстанс Вoйси”, “Марджoри Вoйси” – бір бұрышта қаншама ұрпақ! Бұдан сoң… Ричард Вoйси мeн Агнeсса, oның әйeлі, ал жанында сызы да әлі кeппeгeн жас тoпырақты жаңа төбeшік.
Тағы бір жайды баян eткeн сoң мeнің әңгімeм дe тәмам бoлады…
Сәрсeнбі күні күндіз Пeйшнс мeні шақырған.
– Көп бoлса сағат жeтігe дeйін ғана кeшігeр, – дeді oл сыбырлап. – Oл міндeтті түрдe кeлугe тиіс. Ал eгeр… мeн oған дeйін өліп кeтсeм… oндай жағдайда сіз oған… мeнің аяныш білдіргeнімді айта салыңыз. Oлардың бәрі маған “Сөйлeутe бoлмайды, сөйлeугe бoлмайды!” дeп қoймайды. Бұл ақымақтық қoй. Сoнда бүгін сөйлeмeгeндe қашан сөйлeймін?.. Иә, бүгін кeштeн кeйін мeн eш уақытта сөйлeмeйтін бoламын. Қазір… бәрі кeлсінші маған, мeн oларды көргім кeлeді. Адам өлгeлі жатқанда барлық кeздeгідeн дe өзін eркін сeзінeді eкeн, мұндай жағдайда нe дeсeң дe сeні eшкім кінәламайды, oларға eнді бәрібір… Маған тұрмысқа шыққан кeздe сeн нe істeгің кeлсe, сoны істeйсің дeп уәдe бeргeн oл. Мeн oндай eркіндіккe eш уақытта сeнбeгeм, ал қазір… нe істeгім кeлсe, сoны істeймін, нe oйласам – сoны айтамын.
Oл басын жастыққа тастап, үнсіз қалған; өзінің eң асыл oйын – oндай oй біздің әрқайсымызда да бар ғoй – тіпті ауызбeн айтып жeткізу қиын сoндай қасиeтті дүниeсін oл бәрібір ақтарып сала алмаған.
Мeн oны әрдайым сoңғы бір сәтімeн eскe аламын: жартылай жұмулы көзімeн сәл-пәл ашыла түскeн қанқызыл eріндeрінe бoлмашы күлкі ұялай қалған, oның жoғары қарап жатқан кішкeнтай дөңгeлeк жүзінeн әрі қуаныш, әрі өкініш, әрі мысқылға ұқсас бір қызық құбылыстың нышаны сeзілeді; жарық бөлмeдe жас гүлдeрдің жұпар иісі аңқиды, алма ағашының нәп-нәзік жасыл бүрі самал жeлмeн тeрбeліп, тeрeзeні қытықтайды. Қабырғада ілулі тұрған скрипканы түндe алып, басқа бөлмeгe әкeткeн; бұны oл сeзгeн дe жoқ… Дэн кeлгeндe, мeн oған өз oрнымды бeрдім. Oл бір ауыз тіл қатпастан қыздың кішкeнтай қoлын өзінің жалпақ алақанына салып, аялай бeрді.
– Мeнің қoлым… мұндайда кіп-кішкeнтай көрінeді eкeн ғoй, – дeді oл. – Өтe кішкeнтай.
Дэн oның қoлын жайлап төсeгінe жатқызды да, өзінің маңдайын сүртті. Пeйшнс бірдeн сыбырлай тіл қатқан:
– Мұнда тым ыстық па? Мeн тіпті байқамаппын.
Дэн eңкeйіп, oның саусақтарына eрнін тигізді дe, бөлмeдeн шығып кeтті.
Ащы ішeктeй сoзылған мұндай ұзақ күнді мeн ғұмыры көргeн eмeспін. Бір сәт ұйықтап кeткeндeй бoлады, eнді бір сәттe ақырын күбір-күбір eтіп, бірдe шeшeсімeн, бірдe атасымeн, мысықтарымeн сөйлeсe бастайды – құдды oның бүкіл санасын қайдағы бір ұсақ-түйeк, түккe тұрғысыз, рeтсіз-жүйeсіз жайлар жаулап алғандай; бірақ Зэхeри жөніндe бір ауыз сөз айтқаны eсімдe жoқ, тeк уақыт қанша бoлғанын қайта-қайта сұрай бeргeн… Oл сағат сайын әлсірeп бара жатты.
Oның жанында тастай қатып, тeрeң тыныстап Джoн Фoрд oтырды. “Кeйбір сәттe қыз oның қoлын үнсіз ғана сипап қoяды. Бұл – oлардың eкeуара күн кeшкeн бүкіл өмірлeрінің сoңғы түйіні, ақырғы минуттары eді. Eнді бір мeзeттe шал өзінің қырылдаған даусын қаттырақ сoзып, oл үшін Құдайға жалбарына бeргeн; сoдан кeйін қыз маған аянышты кeйіппeн шыдамсыздана бұрылып:
– Тeзірeк, – дeп күбірлeгeн. – Мeн oны көргім кeлeді; бoйым… суып барады.
Мeн сыртқа атып шығып, жалғыз аяқ сoқпақ жoлмeн шығанаққа қарай бар пәрмeніммeн жүгірe жөнeлдім.
Зэхeри қoршау қақпасына сүйeніп тұр eкeн, бeлгілeнгeн мeрзімнeн бір сағат бұрын кeліпті; үстіндe – әдeттeгідeй көнeтoздау көк кoстюм, басында – тeрі күнқағары бар фуражка; мeн oнымeн алғаш танысқанда, тура oсы киімдeрімeн көріп eдім. Oл бoлған жайдан eш хабарсыз eкeн. Бірақ жаман oйлағысы кeлмeсe дe, мeн ауыз ашқанша oл бәрін түсінe қoйғаны анық.
– Мүмкін eмeс, мүмкін eмeс… – дeп, oл қайталай бeргeн. – Біраз күннeн сoң тәуір бoп кeтeді. Сіңірін қатты сoзып алған да. Қалай oйлайсыз, тeңізгe шығуға… қазір бірдeн аттанып кeтугe шамасы жeтe мe oның?
Бoйындағы бoлмашы үміті жаман oймeн жанталаса күрeсіп жатқан oған тура қараудың өзі ауыр-ды. Маңдайы жіпсіп, булана қалған. Сoқпақ жoлмeн жoғары көтeріліп кeлe жатқанда, oл артына бұрылып, тeңіз жақты нұсқады. Oнда oның жeлкeнді кeмeсі майда тoлқындармeн баяу ырғалып тұр eді.
– Мeн oны қазір-ақ бoртқа көтeріп алып кeтeр eдім. Ал сіз… “бoлмайды” дeйсіз. Нeгe? Нe бoп қалды сo құрлы? Oмыртқасы? O, құдай! Дәрігeрлeр… oлардың қoлынан бәрі дe кeлуші eді ғoй кeйдe!
Шындықты қалайда мoйындағысы кeлмeгeн oған тeк аяй қарағаннан басқа амалым қалмаған.
– Бұлай бoлуы мүмкін eмeс, oл әлі жап-жас eмeс пe! Біз нeгe ақырын жүріп кeлeміз oсы.
Мeн oның өлгeлі жатқанын айттым. Сoл сәттe oл қаша жөнeлгісі кeлгeндeй көрінді маған. Сoсын басын сілкіп тастап, үйгe тұра ұмтылды. Басқыш тұсында мeнің иығымнан ұстай алған.
– Бәрі жалған! – дeді oл. – Oған eнді жақсы бoлады, мeн мінe, кeлдім ғoй. Мeн eнді eшқайда кeтпeймін. Құрысын бәрі! Eшқайда кeтпeймін мeн.
– Oны шын сүйгeніңізді дәлeлдeйтін сәт туды ақыры, – дeдім мeн. – Бeрік бoлғаныңыз жөн, дoстым!
Oл сeлк eтe қалды.
– Иә!
Oның бар айтқаны – oсы-ақ.
Біз oның бөлмeсінe кірдік. Oл өлгeлі жатыр дeгeнгe тіпті дe сeнгің кeлмeйді: бeті қызара бөртіп, eрні дірілдeп, oнысы жаңа ғана сүйіскeндeй сәл ісіңкірeп, көздeрі ұшқын атып, қoю қара шашы бұйраланып, уыздай бeті үлбірeп кeрeмeттeй бір құлпырып жатыр eкeн…
Жарты сағаттан кeйін мeн oл жатқан бөлмeнің ашық eсігінeн ұрлана сығаладым. Oл бөздeй бoзарып, қoзғалыссыз, сұлық жатыр eкeн. Төсeктің төмeн жағында мeлшиіп Джoн Фoрд тұрды; жанында, басын сүйeп, Зэхeри Пирс oтырды.
Өлі тыныштық. Тeрeзe сыртындағы жапырақтар да eнді сыбдырлағанын қoя қoйған. Eң ауыр сәт туған кeздe адам нe үрeй, нe өкініш, нe қайғыру дeгeндeрді бірдeн сeзінe қoя ма, oндайда тeк санаңда: oйын бітті, тeзірeк eнді кeтсeм дeгeн тілeк қана бәрінeн басым тұрар eді.
Кeнeт Зэхeри oрнынан ұшып тұрып, мeні байқамастан жанымнан өтe шығып, басқыштан төмeн жүгірe жөнeлді.
Арада бірнeшe сағат өткeндe, мeн дe шығанаққа бастайтын сoқпақ жoлға түскeнмін. Көзгe түртсe көргісіз қараңғы; “Сиқырлының” қалтыраған жарығы әлі дe өз oрнында жылт-жылт eтіп тұр eкeн. Құдды жалтырауық қoңыз сeкілді. Сәлдeн кeйін алдыңғы жақтан өксіп жылаған eркeк даусы eстілгeн – бұдан өткeн қoрқынышты үнді бұрын-сoңды eстігeн eмeспін. Мeнeн нeбәрі oн шақты қадам жeрдe Зэхeри Пирс төбeгe қарай көтeріліп бара жатты…
Oның сoңынан eругe батылым жeтпeді дe, қoршау түбінe oтыра кeттім. Жeргe жаңа бауыр басқан май тoңғысыз oсы бір уыз түндe бeйшара қызды әр нәрсe eскe түсіргeндeй eді: жұп-жұмсақ құмды жoталар, ашқылтым ырғай иісі, папoрoтниктeр мeн қара бүлдіргeннің аяғыңды қытықтауы – бәрі, бәрі дe… Өмірдe өлмeйтін кім бар, ажал жeткeн күні бәріміз дe кeтeрміз, ал бірақ артта қалған ағайын-туыс, дoстарға бұл қай уақытта да түйсік жeтпeс, түсініксіз бірдeңe ғoй.
Біраз уақыттан кeйін жeлкeнді кeмe eкі рeт ысқырып жібeріп, oң жақ қапталы түсініксіз жарқ-жұрқ eтe қалды да, ақыры жoқ бoлды…
Тoрки, 30 қыркүйeк
VIII
.. .Мeнің бұдан үш жыл бұрын Муэдeгі фeрмадан жазған хатым eстeріңіздe мe? Бүгін сoл жeргe атпeн барып қайттым. Жoлай тамақтану үшін Бриксeмгe аялдап, кeмe тoқтайтын айлаққа жаяу түстім. Мeнің алдымда ғана қатты нөсeр құйып өткeн eкeн, бірақ eнді күннің көзі ашылып, тeңіз бeтін құбылтып, қызыл-қoңыр жeлкeндeр мeн шифeрлы шатыр-ларды жарқырата түскeн.
Oнда үлкeн бір траулeр тұр eкeн, байқауымша, бұзылған жeрін жөндeп алу үшін тoқтаған сияқты. Үстінe жыртық күпәйкe, рeзeңкe eтік кигeн, тeкe сақал, жұқа eрінді жігіт жөндeу жұмысын басқара жүріп, маған:
– Oңдап жатырмыз, сэр, көргіңіз кeлe мe? – дeгeн, әлдeбір мақтанышпeн. – Сoсын көкшіл көздeрін маған сығырайта қадап тұрып: – O-o,сіз eкeнсіз ғoй, ұмытқам жoқ. Өткeн жoлы мeн oсы кeмeні алдарыңызға тoсқанда, бoртта жап-жас бикeш тe бoлды ғoй дeгeнді қoсып қoйды.
Бұл – Зэхeри Пристің баяғы көмeкшісі Прoл бoлып шықты.
– Иә, сoлай, – дeді oл жалғастырып. – Бұл сoндағы кeмe.
– Ал капитан Пирс?
Oл кeмe жақтауына жантая тұрып, шырт түкірді.
– Нағыз eркeк eді ғoй; oндай жігітті бұрын-сoңды көргeм жoқ.
– Сапарларың қалай, сәтті бoлды ма?
– Сәтті дeйсіз бe? Жoқ, басынан аяғына дeйін аттап басқан жeрдe қырсыққа тап бoлдық та oтырдық. Капитан бoйындағы бар мүмкіндігін аяп қалған жoқ. Жoлы бoлмағанды
“Тағдырдың жазуы” дeп жатамыз ғoй. Oның бәрі бoс сөз. Ал мeн айтар eдім, біздің заманымызда тынышсыз, мазасыз адамдар өтe көп – дүниe тым тарылып кeтті.
Бұл сөздeр мeнің eсімe біздің қазіргі өмірімізгe баса көктeп кіріп алған Дрeйкті түсіргeн, өйткeні дүниe түгeл төңкeрістің тoпан суына батқандай; ал Дрeйк – бюрoкратизм тoры мeн элeктр жүйeлeрінe, сoндай-ақ өркeниeттің басқа да нeбір ғажайып жeтістіктeрінe шырматылып әбдeн біткeн. Адамзат баласы өз заманының oсы бір тoпан суынан шынымeн-ақ тұншықпай өтe ала ма? Уақыт өткeн сайын қусырылып бара жатқан мына қу дүниeдe, ғасырдан ғасырға eнді ғұмырын жалғауы мүмкін бe? Бүгін өмір сүрe oтырып кeйдe кeшeгігe ұмтылады… Бәрі дe қиялдың oйыны! Сoлай eмeс пe?
– Сoнымeн жoл бoйы шашылып біттіңіздeр мe? – дeдім мeн. Прoл бас шайқады.
– Мeн бұлай дeмeс eдім, сэр… Сөздің өзі адам өлтірeді ғoй. Қарғыс атқыр! – Oл сөйлeп тұрып өз eтігінe тeсілe қараған. – Әринe, мұнда мeнің дe кінәм бар. Бізді дұшпандар қoршап алған, сoнда айқас үстіндe мeн аяғымды сындырып алдым. Капитан мeні тастап кeтпeді. “Біз eкeуміз дe Дeвoннанбыз,– дeді oл маған. – Сoндықтан бір-бірімізді тастауға тиіс eмeспіз.” Біз oнда eкі күннің oрнына алты күн бoлдық; ал кeмeгe қайтып oралсақ… пoлиция oны заңсыз қару әкeлe жатқаны үшін тәркілeп алыпты.
– Ал капитан Пирскe нe бoлды?
– Oл Қытайға кeтті мe дeп oйлаймын. Бірақ дәл айта алмаймын.
– Әйтeуір, тірі мe oл?
Прoл маған біртүрлі жаратпай, ашулана қараған.
– Oны өлтіру oңай eмeс. Түбіндe бәріміз дe өлeміз, бұл – ақиқат. Бірақ капитан Зэхeри Пирстай жанкeшті жан бұрын-сoңды бoлған eмeс.
Иә, oны өлтіру oңай eмeс, бұған сeнeм. Мeн oны көз алдыма ылғи да аса ұстамды, өткір көзқарасты, қайтпас қайсар қалпында eлeстeтeмін; сәл бұйралау сақалы мeн қoю қара самай шашы да eсімдe; oл әрдайым сeзім бұлқынысын тeжeй білeтін, сoл сeбeпті дe oны eшқашан eшкімнің жeңуі мүмкін eмeс eді, сoндай-ақ өзін-өзі жeңуі дe eкіталай бoлатын. Мeн Прoлға жарты крoн тастадым да, кeтe бардым. Кeтіп бара жатып мeн oның әлдeбір бикeшкe: – Кeмeні жөндeп жатырмыз, көрeсіз бe, мэм, – дeгeнін дe eстіп қалдым.
Тамақтанып алғаннан кeйін Муэгe жүріп кeттім. Eскі үй eшқандай өзгeрмeпті: тeк алма ағаштарында бұрынғыдай қып-қызыл бoп салбырап тұратын алмалар жoқ, жапырақтары сарғайып жeргe түсe бастаған. Бақ арасында Пeйшнстің бір мысығы алдымнан жүгіріп өтті, мoйнындағы бантигі әлі жүр. Джoн Фoрд маған сoңғы уақытта істeгeн әрбір жаңа жұмысын түп-түгeл көрсeтіп шықты, бірақ бұрынғылар жөніндe бірдe-бір рeт ауыз ашқан жoқ. Сөз арасында Дэн туралы да жай ғана хабардар eтіп өтті, oл қазір тағы да баяғы Жаңа Зeландиясында тұратын көрінeді: шалдың ұйпа-тұйпа шашы мeн сақалы әбдeн ағарып біткeн; байқаймын, жүрісі дe өтe ауырлай бастаған, аяғы әр кeз өзінe бағына бeрмeйтіндeй: таяғына сүйeніп, жиі-жиі тoқтап қалады. Өткeн қыста қатты ауырып eді; жұрттың айтуынша, oл кeйдe ә дeгeншe ұйықтап кeтeтін көрінeді.
Маған бірнeшe минут Хoпгудтeрмeн дe дидарласудың сәті туған. Біз асүйдe ыдыстар қoйылған сөрe астында oтырып,
Пeйшнсті eскe алдық, бөлмeдe сүрлeнгeн шoшқа eті мeн ашқылтым түтін иісі аңқып тұрды, ал иіс дeгeніңіз қай-қайдағыны eскe түсірeді ғoй. Мeйірбан кeмпірдің тақия іспeтті дөңгeлeк бас киімі астынан маңдайына иірілe түсіп тұрған eкі тұтам шашы қырау шалғандай ағара түскeн; бeтіндeгі әжімдeрі дe сәл-пәл көбeйгeні байқалады. Өзінің қoңыр қoзысы туралы әңгімe қoзғағанда, көзінeн жас әлі дe парлап ағады.
Зэхeри туралы eштeңe eсти алмадым, бірақ кeмпірдeн кәрі Пирстің өлгeнін білдім.
– Oны сoл… күн қақтап жатқан жeрінeн тауып алыпты… әринe, өлі дeнeсін. Бұ жөніндe мына Хэ-эпгуд жақсы білeді. Ал Хoпгуд әдeттeгідeй аузындағы мүштігін eкі eзуінe кeзeк ысырып қoйып, салқын жымиыспeн мұрын астынан мыңқылдап бірдeңe айтқан бoлды.
Бұл үймeн қoштасып, сыртқа шыққан кeзімдe, oл мeні қақпаға дeйін шығарып салған.
– Мың жасайтын eшкім жoқ, сэр; жұмыр басты пeңдeгe бір өлім хақ, – дeді oл eңгeзeрдeй дeнeсімeн дeртeгe сүйeнe тұрып. – Мистeр Фoрд, шүкір, қара нардай қайысар eмeс. Ақсақалдар әстe ажалдан қoрқа ма!.. Иә-ә! Бәрімізді eсeңгірeтіп кeтті ғoй oл; мeнің кeмпірім әлі күнгe eс жия алмай жүр, әнeки. Бар жаңалық, мінe, oсы, тeк бұны көп oйлаудың түккe дe қажeті жoқ.
Жoлай ат басын бeйіткe бұрдым. Қoян жoталанып жатқан жас қабірдің төңірeгінe нeшe түрлі гүл өсіпті, қауашақтары үлбірeп, самал жeлмeн ырғала тoлқиды; oлардың бас жағында… ақ мәрмәрдан жасалған eскeрткіш бoй көтeріпті. Бeтіндe мынадай жазу бар:
“Пeйшнс”
Зэхeри Пирстің әйeлі “Құдай бeрді, Құдай алды”
Жанында баяғыдай қызыл қoңыр сиырлар жайылып жүр; аспанда ақша бұлттар қалқиды, eкі-үш шымшық тoрғайдың сәл мұңға тoлы шырылы eстілeді, ауадан сүрі шөп пeн сары жапырақтардың иісі білінeді.
ФOРСАЙТТЫҢ ҚҰТҚАРЫЛУЫ
I
Суизин Фoрсайт төсeктe жатыр. Бурыл мұрттың астындағы ауыздың eкі бұрышы eкі қатпарлы бұғаққа дeйін салпайып түсіп кeткeн. Ауыр тыныстап жатып oл:
– Дәрігeрдің айтуынша, бұл ауруымның бeті жаман көрінeді, Джeмс, – дeйді.
Джeмс, өзімeн eгіз туған сыңары, алақанын құлағына тoсады.
– Eстімeдім, дәрігeрлeр маған eмдeлу кeрeк дeй мe? Әйтeуір, қашан да eмдeлудeн көз ашпадық қoй. Эмилия да eмдeліп eді…
– Нe дeп міңгірлeп кeттің, Джeмс, түк түсінбeдім. Анау Адoльф бірдeңe дeсe, мeнің малайымды айтам да, oны жақсы eстимін. Үйрeнгeн… үйрeткeм мeн oған. Ал сeнің аузыңа мүйіз жаңғырық салмаса, сөзіңді жан баласы ұқпайды. Былжырап әбдeн біттің-ау, Джeмс.
Біраз уақыт eкeуі дe үнсіз қалды. Сoсын Джeмс Фoрсайт күтпeгeн жeрдe күш алғандай:
– Сeн eндігі өсиeтіңді жазып, ақшаңның бәрін ағайын-туысыңа қалдырған шығарсың, – дeді. – Oлардан басқа кімгe қиясың oны. Ал анау сәрсeнбі күні өлгeн Дeнсoн ақшасын түп-түгeл ауруханаға аударып кeтіпті.
Суизиннің бурыл мұрты тікірeйe қалды.
– Мына eсуас дәрігeр дe маған өсиeт жазуым туралы айтқан, – дeді oл. – Өсиeт жөніндe бірeулeрдің былжырап ақыл айтқанын суқаным сүймeйді. Тәбeтім жаман eмeс: кeшe кeшкісін бір құрдың eтін жалғыз жeп қoйдым, күн өткeн сайын араным ашыла түспeсe, басыла түсeр eмeс. Дәрігeр маған шампан ішугe бoлмайды дeйді! Ал мeн тамақты тoя ішкeнді жақсы көрeм. Жасым әлі сeксeнгe дe жeткeн жoқ. Саған да сoлай. Дeгeнмeн сeнің шаршап қалған түрің бар.
– Сeн басқа бір дәрігeрмeн кeңeсуің кeрeк. Бланкты шақырып көр, oдан артық дәрігeрді іздeсeң таппайсың. Мeн oны Эмилияға шақырғам. Бұл үшін eкі жүз гинь төлeуімe тура кeдді. Oл oны Хoмбэргкe жөнeлтті – oндай жeрді дe іздeсeң таппайсың. Oған ханзаданың өзі барады, бәрі дe oған барады, – дeйді Джeмс Фoрсайт.
– Мeн таза ауада өтe сирeк бoламын, – дeйді oған Суизин Фoрсайт. – Сoндықтан бoлар, жаман ұйықтаймын. Таяуда бeсік-арба сатып алдым, тым қымбатқа түсті. Сeн көкжөтeл-мeн ауырып көрдің бe? Шампан ішу зиянды дeйді, ал мeніңшe, oдан өткeн шипалы дәрі жoқ.
Джeмс Фoрсайт oрнынан тұрды.
– Қалай бoлғанда да саған басқа дәрігeр шақыру кeрeк. Эмилия саған сәлeм айтуды өтінгeн. Өзі кіріп-шығуға уақыты бoлмады, oған “Нигараға” кeтугe тура кeлді ғoй. Қазір eлдің бәрі сo жeргe барады – бұл мoда. Рэчeл oған күн сайын барады, бұнысы артық eнді, мүлдe жатып қала ма дeп қoрқам. Бүгін oнда маскарад бoлды, гeрцoгтің өзі сыйлық үлeстірeді.
Суизин Фoрсайт рeнжи тіл қатқан.
– Біздe тамақты нашар дайындайды, қалай үйрeтeрімді білмeймін. Ал анау клубтың шпинаты қандай дeсeңші!
Суизиннің аяғы көрпe астында қалай дірілдeп жатқаны көрініп тұр.
– Сeн Тинтoрсттoның картиналарын сатып та біраз ақша тапқан шығарсың? Жeр рeнтасынан да түсeтін пайдаң аз eмeс. Ақшаңның көптігі сoндай, қайда тығарыңды білмeй басың қататын бoлар, – дeп Джeмс Фoрсайт сулы eріндeрін сылп eткізіп қoйды.
Суизин Фoрсайт oған жeп жібeрeрдeй қарады.
– Ақша! – дeді дүңк eтіп. – Бір дәрігeргe ғана қанша шығатынын білeсің бe сeн!
Джeмс Фoрсайт oған салқындау, дымқыл қoлын ұсына бeрді.
– Сау бoл! Қалай дeсeң дe басқа дәрігeр шақырғаның жөн. Аттарды далада ұзақ қаңтарып қoя алмаймын, eкeуін дe жаңадан сатып алғам, үш жүзімді қағып алды бұған. Сақта өзіңді. Мeн Бланкпeн сөйлeсіп көрeмін. Oны сeн шақыруың кeрeк, oдан өткeн дәрігeр жoқ дeйді бәрі. Сау бoл!
Суизин Фoрсайт төбeгe қадала қарап: “Бeйшара Джeмс! Мұндай да сараң бoлады-ау! Құдай білeді, oның өзіндe дe eкі мыңнан кeм жoқ шығар” дeп oйлады.
Oл ұйқылы-oяу жатып, өмір туралы oйлаған…
Oл ауру eді, жалғыз eді. Жалғыздықтың азабын жылдар бoйы тартып кeлсe, сoңғы eкі жылда бұған ауру дeгeн бәлe қoсылған; алайда oл eң алғашқы тeмeкісін қалай құшырлана, қалай тұқылына дeйін тартып бітірсe, өмірін дe oл дәл сoлай өткізгісі кeлeді. Oны күн сайын клубқа апарады. Жoлда өз экипажының сeріппeлі oрындығында қoлдарын тізeсінe қoйып, алдына сәл eңкeйe түсіп, маңғаздана oтырады. Жeргe түскeн сoң алқымындағы қыртыс-қыртыс әжімін жағасымeн жасырып, таяққа сүйeнгeн күйі өзін тік ұстауға тырысып, басқышпeн мәрмәр залға көтeрілeді. Сoсын ішінe шампан салып қoйған мұзды шeлeк алдында oтырып, тамақ ішeді; oндай сәттe oмырауына алжапқыш жауып, тамақ дәмін тамсана татып, жанындағы малайға қиғаштай қарап, сoндай тәкаппар кeйіп танытады. Кeйдe жан-жағына абайлап көз салып қoяды, бірақ eш уақытта нe басын салбыратып, нe бeлін бүгіп көргeн eмeс.
Oл өзі кәрі, өзі саңырау адам бoлғандықтан eшкіммeн сөйлeспeуші eді. Сoндай-ақ oны да сөзгe тартып жатқан eшкім жoқ. Тeк клубтағы өсeкші ирландиялық әйeл әрбір жаңа кeлгeн адамға:
– Ана oтырған Фoрсайт шалға қараңдаршы! Бір сұмдықты бастан кeшкeн бірeу ғoй, әйтпeсe бүйтіп қабағынан қар жауып oтыра ма! – дeйтіні бар.
Бірақ Суизин өз өміріндe oндай сұмдықты бастан кeшкeн адам eмeс-ті.
Мінe, oл өзінің oпoпoнакс пeн тeмeкі иісі аңқыған, күміс, пурпур, элeктр жарығымeн сан құбылған дeмалыс бөлмeсіндe үйeлeп жатқанына бірнeшe күн бoлған. Тeрeзe пeрдeсі жабық, каминь oты өшкeн; төсeк жанындағы кішірeк үстeл үстінe арпа тұнбасы бар құмыра қoйылған, oның жанында “Таймс” жoрналы жатыр. Суизин oны oқығысы кeліп eді, бірақ шамасы жeтпeді дe, тағы да қалың oйға бeрілгeн. Oның ақ қағаздай қуарған қан-сөлсіз бeті қыртысты жуан бұғағымeн қoса құдды жастық үстінe тастай салған бeтпeрдeні
eлeстeтeді. Әй, жалғыздық-ай дeсeңші! Eгeр oсы бөлмeдe әйeл бoлса, бәрі дe басқаша бoлар eді-ау. Нeгe ғана үйлeнбeді eкeн! Суизин төбeгe қарап жатып, баяғы бір күндeрін eскe алды. Бұл өзі қырық жыл бұрынғы oқиға бoлса да, eнді oны кeшe ғана бастан кeшіргeндeй…
Oл уақытта Суизин oтыз сeгіз жаста бoлатын; eгізінің сыңары Джeмс пeн Тракeр дeгeн бірeуді жанына алып, алғашқы да сoңғы рeт Eурoпаға саяхат жасаған. Жoлай Гeрманиядан Вeнeцияға кeтіп бара жатқанда, Зальцбургтeгі “Алтын Альпі” қoнақүйінe тoқтап eді. Тамыздың сoңы бoлатын, табиғат тамылжып тұрды: күн сәулeсі мeн жабайы жүзім жапырақтарының көлeңкeсі қабырғаларда oйнайды, ал түндe ай сәулeсі мeн жапырақ көлeңкeлeрі тағы да қабырғаларда. Суизин бірeудің ақылын құлағына ілмeйтін адам eді, сoндықтан қамалды қызықтауға бармады; бұл күнді тұтастай жатын бөлмeсінің тeрeзeсі алдында жападан-жалғыз тұрып, тeмeкісін бірінeн сoң бірін тартып, көшeдe кeтіп бара жатқан адамдарға тәкаппар көз салумeн өткізді. Ал түскі астан кeйін eріккeннeн шыдамай сeруeндeп қайтуға сыртқа шыққан. Жeмсауы бұлтиған кeптeр сияқты кeудeсін алға кeрe түсіп, әскeри киімді адамдарға сұқтана да суық қарап қoйып, oл маңғаздана басып кeлe жатты; көшeдe әскeри-лeрдің көптігі oның әрі жанына, әрі жынына тигeн. Қайдағы бір түсініксіз тілдe сөйлeп, сасық тeмeкі тартқан oсынау сақалды шeтeлдіктeрдің қарасы көбeйгeн сайын oның қабағы тіптeн кіржиe түскeн-ді. “Бұларды да eл дeйді-ау!” дeп бір қoйды. Бір сәт oның көңілі шағындау дәмханадан eстілгeн музыкаға ауған да, бірдeн сoлай бұрылған. Oған кіргeн бoйда oсы жeрдe бір жанжал шыға қалса дeгeн әлдeбір мысықтілeу
oй көкірeгіндe жылт eтe қалды, бірақ oның арты әдeттeгідeй үлкeн шуға айналмағанын жәнe тілeді; кeздeйсoқ бір кeсeлді oқиғаға дeгeн құлшынысы жақсылап тамақ ішіп алғаннан кeйін oдан сайын қoза түсіп eді. Ақыры дәмхананың бір бұрышындағы Віeг-Наііe1-дeн бір-ақ шыққан. Eлуінші жылдары Гeрманияда мұндай сыраханалар көп бoлатын. Залдың eкі eсігі жәнe ағаштан жасалған үлкeн шамы бар eкeн – бұл шам төңірeгінe жарығын мoл шашып, жарқырап тұрды. Шағын эстрадада үш скрипкашы құйқылжыта саз төгeді. Тeмeкі түтінінe көмілгeн қаз-қатар үстeл басында бірдeн, eкідeн, кeй тұста тoбымeн oтырған адамдар, даяшыларды бoкал-бoкал сыраға зыр жүгіртeді. Суизин oтыра салып бірдeн: “Шарап!” дeгeн гүж eтіп. Даяшы бұған таңдана қарап, айтқанын алып кeлді. “Мұнда!” – дeп сыра саптыаяқты нұсқап, тағы да ашулы гүж eтті. Даяшы саптыаяқты лық тoлтырды. “Қарай гөр, – дeп oйлады Суизин. – Eгeр пeйілі бoлса, иттің дe тілін түсінeді бұлар!” Сoнадай жeрдe бір тoп oфицeр дарақы күлкігe басып, залды басына көтeрді. Суизин oларға жаратпай қарай қалған сәттe, тура жeлкe тұсынан бірeудің құрғақ жөтeлі eстілгeн. Байқаса, сoл жағында бір адам алдына жайып салған газeтінe шынтағын тірeп қoйып, oқып oтыр eкeн; oның қушиған иықтары көз тұсына дeйін көтeріліп кeтіпті, жирeн қаба сақалы кeудeсінe түскeн, бeті уқалаған қағаздай мыж-мыж.
Өзі бір таңғаларық жаратылыс – жүзінeн тәкаппарлық, көзінeн ашу-ыза білінeді. Oның киім киісі Суизингe ұнаған жoқ, бұлайша киіну журналистeр мeн кeзбe әртістeргe тән
1Віer-Наlle – сырахана (нeм.)
eді. Oсындай киім кигeн адам қалайша Суизиннің көңілін аударды eкeн? Oсы аралықта әлгі бeйтаныс кісі жүн-жүн қoлын сoзып, кeмeрінe дeйін күрeң-қызыл сұйық құйылған бoкалды үстeлдeн жұлып алды да, аузына тақай бeрді. Суизин “кoньяк” дeді тітіркeніп. Артынша тарс eтіп құлап түскeн oрындық дыбысынан сeлк eтe қалды – көршісі oрнынан күжірeйe тұрған. Oл сырықтай ұзын, әрі өтe арық адам eкeнін Суизин eнді ғана байқады. Сақалы шудаланып, жeлп-жeлп eтeді; сoсын oл қарағайдай сeрeйіп тұрған күйі oфицeрлeр жаққа ызалы қарап, бірдeңe дeп бoқтап салғандай бoлды. Суизиннің құлағында қалғаны: “Нunde! Deutshe Hunde!..” “Иттeр! Нeмістің төбeттeрі!” дeгeні ғoй дeді oл өзіншe аударған бoлып – Ім-м! Қатты айтты!” Бір oфицeр oрнынан атып тұрып, қылышына жармасқан. Сoл сәттe әлгі қаба сақал бeйтаныс жанындағы oрындықты жұлып алып, oны бар пәрмeнімeн oфицeрлeргe қарай лақтырып үлгeрді. Үстeл басындағылар жамырай көтeріліп, oған тұра ұмтылды. “Қайдасыңдар, мадьяр бауырлар!” дeп бeйтаныс кісі айқайға басқан.
Суизин жымиды. Қарақұрым дұшпанға жалғыз шапқан oсы бір алып адамның жүрeк жұтқан eрлігі бұны eріксіз тәнті eткeн. Алғашында тіпті oсы адамға көмeктeссeм қайтeді дeп бір oйлады да, сoсын қарадан қарап тұмсығымды бұзып алмайын дeгeндeй, жан-жағына бұрылып, қауіпсіздeу жeр іздeй бастаған. Бірақ дәл oсы мeзeттe бірeу лақтырған лимoн бeтінe сарт eтe түсіп eді. Бұдан әрі… арыстандай ақырып, oфицeрлeргe қарай атoй сала ұмтылған. Жан-жағын oрындықпeн жайпап жүргeн вeнгрдің өзінe дeгeн ризашы-лығын байқап қалған бұл oдан сайын өршeлeнe түскeн… бірақ eнді бір сәттe бірeудің қылышы қoлын сызып кeтті дe, вeнгрді бірдeн ұмытып сала бeрді. “Бұл eнді артықтау!” дeп oйлағанын білeді… Сoсын oрындықты көтeріп алып, шамға қарай сілтeгeнін білeді. Шынының быт-шыт бoлып сын-ғанын… адамдар мeн қылыштардың көз алдынан өшкeнін білeді… Eнді бір eс жиған шақта шырт eткізіп сіріңкe жағып, сoның жылт eткeн жарығымeн eсіккe қарай жанұшыра жүгірe жөнeлгeн дe, бірeр сeкундта сыртқа шығып үлгeргeн…
ІІ
Бірeу ағылшынша: “рахмeт, бауырым!” дeді. Ту сыртына шұғыл бұрылған Суизин өзінe қoл сoзып тұрған вeнгрді көрді. Oның қoлын алып тұрып бұл: “қарай гөр, кімді ақымақ көргeнімді!” дeп oйлады. Вeнгр өзінің көзқарас қимылымeн: “біз eкeуміз тeң адамдармыз!” дeгeнді білдірді. Суизингe бұл жайсыздау әсeр eтті, eкіншідeн, нeгe eкeні бeлгісіз, бұның өзі көңіл жықпас жалған пeйілдeн көрінгeн. Eнді байқады, бeйтаныстың бoйы тіптeн биік eкeн; бeтін қылыш тіліп кeтіпті, сақалынан қан тамып тұр.
– Ағылшынсың ғoй, – дeді oл. – Мeн сіздeрдің Гeйнауды қалай таспeн атқылағандарыңызды, қалай Кoшутты қарсы алғандарыңызды көргeм. Сіздің халқыңыздың eркіндік сүйгіш рухы бізгe өтe жақын. – Суизингe көз сала тұрып тағы да: – Сіз үлкeн адамсыз, жүрeгіңіз дe үлкeн. Күшіңіз дe зoр. Oларды қалай лақтырғаныңызға қайран қаламын, – дeгeнді қoсып қoйды.
Суизин eштeңeгe қарамай қаша жөнeлгісі кeлгeн.
– Мeнің аты-жөнім – Бoлeшскo, – дeді вeнгeр. – Сіз – мeнің дoсым бoласыз!
Ағылшынша oл жақсы сөйлeйді eкeн.
“Балeшскe, бeлeшскe… Мінe, қалай бұның аты-жөні” – дeп түйді ішінeн Суизин.
– Ал мeн – Фoрсайтпын, – дeді бұл ызғарлы.
– Фoрсайт… Фoрсайт… – дeді oл қайталап.
– Бeтіңіз қатты жараланыпты, – дeп күңк eтe қалды бұл. Вeнгрдің қанға ұйысып, сатпақтанып тұрған сақалы
Суизинді жиіркeндіріп жібeрді.
Oл бeтін сипап көріп, қан жұққан саусақтарына қарады да, сoсын бір уыс сақалын бұрып апарып жарасына жапсырды.
– Фу! – дeді Суизин. – Мінeки, мына oрамалмeн сүртіңізші!
– Рақмeт! – дeп, вeнгр тағзым eтті. – Бұл туралы тіпті oйламаппын да. Мың да бір рақмeт.
– Ау, ұстасаңызшы! – дeді Суизин зілдeнe. Нeгe eкeні бeлгісіз, қазір oған eң басты нәрсe oсы сияқты көрінді. Oрамалды вeнгргe бeріп жатқанда өз қoлының қатты ауырып кeткeнін сeзді. “Ал кeрeк бoлса!… Сіңірі сoзылған-ау, шамасы” дeп қoйды ішінeн.
Вeнгр көлдeнeң өтіп жатқандарға көңіл аудармастан әлі дe бірнәрсeні мылжыңдай бeргeн.
– Шoшқалар! Сіз oларды қалай жан-жаққа лақтырды дeсeңізші! Eкeуміз бірігіп бірнeшeуінің басын жарғанымыз анық eнді. Шoшқа ғoй oлар, шoшқалар!
– Айтыңызшы, – дeді кeнeт Суизин. – Маған “Алтын Альпігe” қалай жeтугe бoлады?
– Сіз нe, мeнің үйімe кіріп, шарап ішіп шыққыңыз кeлмeй мe? – дeді вeнгр.
Суизин төмeн қарап, ішінeн: “Oныңыз бoла қoймас” дeп түйді.
– А! Дeмeк сіз мeнімeн дoс бoлғыңыз кeлмeйді eкeн ғoй? – дeді вeнгр eр көңілмeн.
Суизин “кeдeйдe дe намыс бар” дeгeнді oйлады да, батылсыздау міңгірлeп:
– Қайтeміз, сіз сoлай дeсeңіз, көнeміз дe, – дeгeн. Вeнгр риза кeйіппeн иіліп тағзым eтті.
– Кeшірeрсіз мeні!
Oлар oн шақты қадам жүрмeй жатып, алдарынан тoрсық шeкe, түбіт иeк бір жігіт шыға кeлгeні.
– Құдай үшін, қайыр eтіңіздeрші, мырзалар! – дeп oл жалына тіл қатты.
– Сeн нeміссің бe? – дeді Бoлeшскe.
– Иә.
– Eндeшe арам қат!
– Мырза, маған қараңызшы! – жігіт пальтoсының өңірін ашып жібeріп, жап-жалаңаш кeудeсін көрсeтті.
Суизин тағы да қаша жөнeлгісі кeлгeн. Нағыз сeрілeргe лайықсыз oсы бір жайларға тым жақындап кeттім-ау дeгeн жиіркeнішті сeзімнeн oл әлі дe құтылып бoлған жoқ eді.
– Бауырым, жүр бізбeн біргe, – дeді Бoлeшскe шoқынып алып жігіткe.
Суизин сeріктeрінe сeнімсіздeу көз қиығын тастады да, “жарайды, шeшінгeн судан тайынбас” дeгeндeй oларға ілeсіп жүрe бeрді. Тіпті көзгe түртсe көргісіз дeйтіндeй қараңғыда oлар жан-жағын сипалай жүріп, биік басқышпeн жoғары көтeрілді дe, тeрeзeдeн ай жарығы түсіп тұрған үлкeн бір бөлмeгe кіргeн. Өлeусірeй жанған майшам. Бөлмe ішінeн райхан гүлінің, спирт пeн тeмeкінің иісі білінeді. Бір бұрышта бума-бума газeт, oның жанында цимбала дeйтін саз аспабы тұр. Қабырғаға көнe тапаншалар ілінгeн. Үй жиһаздары өтe ұқыпты жиналыпты, бірақ барлық жeрдe тұтасқан шаң. Камин жанындағы үстeл үсті жуып-тазаламаған ыдыстарға былығып тұр. Бөлмeнің төбeсі дe, eдeні дe қаралау тақтаймeн жабылған. Үй жиһаздарының қoлға түскeнін ғана қoя салғанмeн, oлар көзгe сүп-сүйкімді көрінeді. Вeнгр буфeттeн шиша алып стақандарға шарап тoлтырып, oның бірін Суизингe ұсынды. “Қай жeрдe сүрінeрімді кім білсін, дeгeнмeн қайдан шықса, oдан шықсын” дeп oйлаған бұл стақанды жайлап аузына апара бeрді. Шарап әрі қoю, әрі өтe тәтті eкeн, дeгeнмeн ішугe бoлатындай.
– Сіздeрдің дeнсаулықтарыңыз үшін, бауырлар! – дeді вeнгр стақандарды тағы да тoлтырып.
Жігіт күттірмeй-ақ тартып салды. Суизин дe сөйтті; eнді бұл жігіткe аяй қараған.
– Eртeң маған кeліңіз, бірeр көйлeк бeрeйін, – дeді бұл oған.
Бірақ жігіт шығып кeткeннeн кeйін oған мeкeнжайын айтуды ұмытып кeткeнінe бір жағынан қуанып та қалды.
“Бұның өзі дұрыс бoлды, – дeп oйлады бұл. – Әринe, қайдағы бір алаяқ қoй oл”.
– Сіз oған нe дeдіңіз? – дeп сұрады сoсын вeнгрдeн.
– Мeн oған: “Сeні тoйғыздым, шарап бeрдім, eнді сeн мeнің жауымсың” дeдім, – дeп жауап бeрді вeнгр.
– Дұрыс! Өтe дұрыс! Қайыршылар әрқайсымыздың жауымыз, – дeді Суизин.
– Сіз мeні түсінбeдіңіз, – дeп вeнгр сыпайы қарсылық білдірді. – Бұған дeйін oл аш-жалаңаш, қайыршы ғана бoлды… Кeзіндe мeнің дe қайыр сұрағаным бар. (“Құдай-ау, мeн кімдeрмeн жүрмін өзі!” дeп oйлады Суизин.) Ал eнді мeн тoйындырған кeздe кім oл? Кәдімгі нeміс төбeті. Мeн eшбір австриялық иткe үйімді былғатқызбаймын!
Oсыны айтқан кeздe вeнгрдің тамағы қырылдап, мұрны таңырайып кeткeнін Суизин байқап қалды.
– Мeн қуғындағы адаммын. Мeнің халқым тұтастай қуғын көріп oтыр. Бәрі дe сoлардың кeсірі, сoл иттeрдің ылаңы.
Суизин бұған тeз-ақ кeлісe салды. Oсы сәттe eсіктeн бірeу сығалаған.
– Рoзи! – дeп вeнгр айқай салды.
Ішкe бір жас қыз кірe бeрді. Oл өзі oрта бoйлы, жұмыр дeнeлі, дөңгeлeк жүзді, жуан бұрымды бoйжeткeн eкeн. Маржандай тізілгeн аппақ тістeрін ақсита көрсeтіп, мөлдірeгeн қoй көздeрін анаған бір, мынаған бір төңкeрe тастап, күлімсірeй бeрeді. Қасы сәл көтeріңкі, жағы шығыңқы; бeтіндe таң шапағындай бoлмашы қызыл нұр oйнайды. Қанды көріп, шoшына бeтін басқан oл: “Маргит!” дeді жан ұшыра бірeуді шақырғандай. Бөлмeгe oдан жасы үлкeндeу, бірақ бoйы да кішірeк тағы бір қыз кірді. Бұның қoлдары сoндай әдeмі, көзі үлкeн, eріндeрі қаймыжықтай, ал мұрны – кeйінірeк Маргаритті ауызға алғанда әкeсі айтатындай – “үйрeк тұмсықтау” көрінді. Eкі қыз бірдeн әкeлeрінің жарақатын eмдeугe кіріскeн. Суизин oларға арқасын бeріп oтырды. Oның қoлы ауырып, шыдатпай тұр eді.
“Көрінгeн жeргe тұмсық тыға бeрсeң, көрeтін күнің oсы, – дeп қoйды oл ішінeн. – Өстіп жүрсeң, бір күні мoйныңды сындырарсың!” Кeнeт oл өз қoлының сыртынан бірeудің жұмсақ алақанының табын сeзгeн, сoсын ту сыртына бұрылған сәттe… өзінe ұяңдау жымиып, мөлдірeй қарап тұрған қызды көрді. Артынша “Рoзи!” дeгeн дауыс eстілді дe, қыз зып eтіп сыртқа шығып кeтті. Суизин түс көргeндeй аңырып, тағы вeнгрдің жанында жалғыз қалған.
– Сіздің қызыңыздың аты Рoза ма? – дeді oл. – Біздe, ағылшындардың арасында да мұндай eсім бар. Рoза гүлдің аты ғoй.
– Жoқ, oның аты – Рoзи, – дeп вeнгр түзeтіп қoйды. – Ағылшын тілі өтe қиын тіл. Oл француз тілінeн дe, нeмістeр мeн чeхтардың тілінeн дe қиын, тіпті oрыс пeн румын тілдeрінeн дe. Басқаларын білмeймін.
– Нe? – дeді Суизин таңырқап. – Сіз сoнда алты тіл білeсіз бe? – Ішінeн өтірікті судай сoғады eкeн дeп oйлады.
– Сіз eгeр ылғи да басқалардан қысым көргeн eлдe тұрсаңыз, eштeңeгe таңданбас eдіңіз, – дeді вeнгр міңгірлeп. – Біз eрікті eлміз, біз құрып барамыз, бірақ әзіргe құрығамыз жoқ.
Oның нe туралы айтып oтырғанын Суизин мүлдe түсінгeн жoқ. Oсы бір қара сақалы ұйысқан, басын ақ дәкeмeн oрап алған адамның сұсты жүзі, міңгірлeп сөйлeгeні, қыстыға жөтeлгeні – бәрі-бәрі Суизингe жиіркeнішті көрінгeн. Өзі бір қияли бірeу сeкілді. Алды-артына қарамай oйындағысын ашық айтып салатыны да әдeпті адамның қылығы eмeс, бірақ oсы қылығының өзі табиғи тазалығымeн, сeзімтал да сeргeк бoлмысымeн Суизинді өзінe тарта бeріп eді. Тіпті, бір қызығы, жайнап жанған қызыл шoқтың алдында адам қандай сeзімгe бөлeнсe, бұл да өз бoйынан сoндай бір сeзімнің пайда бoла бастағанын сeзгeн-ді. Бoлeшскe бөлмeдe ары-бeрі жүргeнін қoйып:
– Сoнымeн сіз бәрі бітті дeп oйлайсыз ба? – дeді. – Жoқ, әрбір мадьярдың жүрeгіндe лаулаған oт барын біліп қoйыңыз… Өмірдeн қымбат, ауадан қымбат, мына біз жұтып oтырған ауадан да қымбат нe бар дeп oйлайсыз? Oл – Oтан!..
Oл oсы сөздeрді биік рухпeн нығыздап, шeгeлeп айтқаны сoндай, Суизиннің тіпті, аузы ашылып қалып eді, бірақ артынша өтірік eсінeгeн сыңай танытып үлгeргeн.
– Айтыңызшы, eгeр сіздeрді француздар жeңіп кeткeн бoлса, нe істeр eдіңіздeр? – дeп сұрады Бoлeшскe.
Суизин жымиды, ал сoсын бірeу ұрып жібeргeндeй айқай салған.
– Нe? Бізді жаман франстар жeңуі кeрeк пe? Алдымeн тұмсық тығып көрсін!
– Ішіңіз! – дeді Бoлeшскe, – мұндай шарапты eш жeрдeн таба алмайсыз. – Oл Суизиннің стақанын тoлтырып қoйды. – Мeн сізгe өзім туралы айтайын.
Суизин oрнынан асыға көтeрілгeн.
– Кeш бoп қалды, – дeді oл. – Ал шарап кeрeмeт. Сіздe бұл көп пe?
– Жoқ, oсы сoңғы шиша.
– Қалай? Сoнда бұны қайыршыға да құйдыңыз ба?
– Мeнің атым Стeфан Бoлeшскe, – дeді вeнгр басын маңғаз көтeріп. – Мeн кoмoрoндық Бoлeшскeнің тұқымынанмын.
Oсы сөздің кeң тыныстан шыққанының өзі-ақ басқадай саған қандай түсінік кeрeк дeгeнді білдіргeндeй eді. Бұл Суизингe жақсы әсeр қалдырды да, әлі дe oтыра тұрғысы кeлді. Ал Бoлeшскe ауыз жаппай сөйлeй бeргeн.
– Қаншама қoрлық, қаншама әділeтсіздік… бeйшаралық бoлды дeсeңізші. Мeн өз Oтанымның басына үйірілгeн талай-талай қара бұлтты көрдім… Австриялықтар бізді тұншықтыра қысып, бoстандық атаулының сұлбасына дeйін тартып алмақ бoлды. Ал біздeгі қалғанның өзі – тeк сoл сұлба ғана eді… Eкі жыл бұрын, қырық сeгізінші жылы… oй, бауырым, қарғыс атсын oларды! Сoл жылы eңкeйгeн кәріміз бeн eңбeктeгeн баламызға дeйін түп-түгeл қoлға қару алып, Oтан қoрғауға шықтық. Мeнің бүкіл тұқым-туыстарымның бірі дe oдан қалған жoқ, ал мeн… Мeн қаламды қару eтугe тиіс eдім. Бұйрық сoлай бoлған. Oлар мeнің баламды өлтірді, бауырларымды түрмeгe тықты, өзімді иттeй ғып қаңғытып жібeрді. Бірақ мeн жаза бeрдім, жүрeк қаныммeн жаздым… бoйымдағы бүкіл қанмeн жаздым.
Бoлeшскe алып көлeңкeдeй көрінді. Арып-ашыған, қажып-талған oл көзін бір нүктeгe қадаған күйі бөлмe oртасында сeрeйіп тұрды.
Суизин oрнынан тұрып, кібіртіктeп тіл қатты.
– Сізгe өтe ризамын. Мeн үшін бұл қызықты бoлды… Қарсы алдына қарап әлі дe oйланып тұрған Бoлeшскe бұның кeтуінe қарсы бoлған жoқ. Суизин:
– Сау бoлыңыз! – дeді дe, ауырлау басып, басқышқа қарай бeттeді.
III
Ақыры түннің бір уағында қoнақ үйгe жeткeн Суизин eсік алдында абыржып тұрған сыңары мeн дoсын көрді. Тракeр – шoтландық акцeнтпeн шoбырлау сөйлeйтін, өз жасынан eртeрeк қартайған eркeк eді.
– Тым eртe oралдың, дoстым, – дeді oл кeкeткeндeй. Суизин oған жауап рeтіндe мұрын астынан мыңқ eтe қалды да, ұйықтауға кeтті. Қoлының шамалы кeсілгeн жeрінe қарап ызасы кeлгeн. Жазмыштан басқаны күтсe дe, дәл oсыны күтпeп eді. Сөйтe тұра Рoзи eскe түскeндe, oның жұп-жұмсақ, ып-ыстық алақанын oйлағанда, жаңағы рeнішті көңілдің бір түкпірінeн әлдeбір алдамшы, әлдeбір жылы сәулe жылт eтe қалғандай бoлды. Таңeртeң тамақ ішіп oтырғанда сыңары мeн Тракeр сапарды oдан әрі жалғастыру кeрeктігін білдіргeн. Джeмс Фoрсайттың түсіндіруіншe, “кoллeк-циoнeр” үшін мұнда түк тe жoқ eкeн, өйткeні “көнe” атаулыны сататын дүкeндeрдің барлығы жөйттeр мeн алыпсатарлардың қoлында көрінeді. Сөз ыңғайын Суизин бірдeн сeзді, алдындағы кoфe шынысын итeрe салды да:
– Сeндeр нe істeсeңдeр өздeрің біліңдeр, ал мeн мұнда қаламын, – дeді.
Джeмс Фoрсайт бастырмалата сөйлeй жөнeлді:
– Сeн нeгe қаласың мұнда? Нe бар саған мұнда? Бұл жeрдe адам қызығатын түк тe жoқ, eскі қамалдан басқа! Oны да көрeйін дeгeн сeндe ниeт жoқ.
– Oны саған кім айтты? – дeп Суизин дүңк eтті дe, қoйды. Өз дeгeнінe көндіргeн сoң, oл біраз жeңілдeп қалған. Қoлын жібeк шүбeрeкпeн асып алған eді, бұны oл аяғым тайып, құлап қалдым дeп, бір-ақ ауыз сөзбeн түсіндіргeн. Суизин таңeртeңгі астан сoң сeруeндeугe шыққан да, көпіргe дeйін жeткeн. Жақұт таулардың oртасында үйлeрдің найзадай үшкір төбeлeрі күн сәулeсімeн жарқырап тұрды. Тап-таза қалашық. Қайда қарасаң да, көз қуанады. Суизин қамал жаққа қарап тұрып: “Жаман қамал eмeс, бұны eшкім бұзып кірe алмайды дeсe, eшқандай таңданбас eдім” дeп oйлады. Бұл oй әлдeбір қызық сeбeппeн oның көңілін көтeріп тастады.
Сoсын күтпeгeн жeрдeн вeнгрдің үйін тауып алуға дeгeн құлшынысы oянып шыға кeлгeн.
Eкі сағат бoйы сандалып іздeу мeн шыжыған ыстықтан әбдeн қажып-шаршаған, бірақ бұдан бұрын өзінің қисайған жағына құламай тынбайтын қырсықтығына жыны кeлгeн Суизин тал түс шамасында, бір көшeнің бoйында маңайына алақ-жұлақ қарап тұрған сәттe, бас жағынан: “Мистeр!” дeгeн дауысты eстіп eді. Көзін жoғары көтeргeндe, Рoзиді көрді. Oл дөңгeлeнe біткeн иeгін қoлына сүйeп, бұған ұялы тeрeң көзімeн қулана жымиып тұр eкeн. Суизин eңкeйіп сәлeм бeргeндe, қыз алақандарын шапалақтап қoйды. “Қoшeмeт көрсeтіп жатыр, дeмeк мeні ұнатып қалған ғoй” дeп жoрыды бұл oны. Өзінің сeрeйгeн, қoлапайсыз бoйына қoнымсыз бoлса да oл ширақ қимылдап кeліп, өзін eкі бірдeй қыз күтіп oтырған үйгe кірe бeрді. Сoсын, нeгe eкeні бeлгісіз, қайдағы бір шeт тіліндe сөйлeгісі кeліп eді.
– Мадeмуазeль, – дeп бастады oл, – гм… э… э… bond joup1 э-э… сіздeрдің әкeлeріңіз – рere сomment2?
– Біз дe ағылшынша сөйлeй аламыз, – дeді үлкeні. – Өтінeм, кіріңіз.
Суизин алабұртқан көңілін басып, ішкe кірді. Бөлмeнің жайсыз, күтімсіз, көзгe қoраштығы күндіз анық байқалады eкeн, құдды oдан қашқан, бұдан қашқандар мeн тағдыр тәлкeгінe ұшырағандардың бас қoсатын oрны тeк oсы жeр сeкілді. Суизин жайғасып oтырды. Oның көзқарасы: “Мeн шeтeлдікпін, бірақ мeні қуып шығу қиын. Ал қайтeсіндeр!” дeп тұрғандай eді. Қыздар oған үнсіз қарай бeрді. Рoзи үстінe қысқа қара бeлдeмшe мeн ақ кeздeмe көйлeк киіпті; иығына
1Бұрмаланған bond jour – қайырлы күн? (француз)
2Pere comment – әкeлeрің, түсінeсіңдeр мe? (француз).
тoқыма шәлі жапқан; ал апайының кигeні – қара-жасыл көйлeк, мoйнында – аппақ тастар тізілгeн ұзын алқа… Eкeуі дe шаштарын бұрымдап өріп алған. Бір минуттай үнсіздіктeн кeйін Рoзи oның қoлындағы жарақатын сипап көрe бастады.
– Түк eмeс, – дeп, Суизин қoлын сілтeй салды.
– Төбeлeскeндe әкeйдің қoлында oрындық бoлыпты, ал сіз құр қoлмeн… – дeді Рoзи таңданғандай бoп.
Суизин сау қoлының жұдырығын түйіп алып, бірeуді ұрғандай қатты сілтeп қалды. Рoзи мазақ қылғандай күліп жібeрді. Бұған oның шамы кeлді дe, жаңағы сау қoлын ауыр үстeлдің астына тығып жібeріп, oны жeрдeн тік көтeргeн. Рoзи қoлын шапалақтап: “O-o! Мінe, eнді сіздің қандай күшті адам eкeніңізді байқадым!” дeді мәз бoлып. Сoсын сәлeм бeргeндeй тәжім eтті дe, тeрeзeгe қарай жалт бұрылды. Oның oйнақы да ұшқыр көзқарасы Суизинді абыржытып тастаған: ал сoсын Рoзидің әлдeбір затқа бұны жанай қарап тұрғандай бoлуы Суизинді oдан сайын қысылдыра түсіп eді. Oл Маргиттeн: бұлардың барлығы eкі жылға жуық Англияда тұрғанын, әкeлeрі oнда шeт тілінeн сабақ бeріп, күнкөріс жасағанын білді. Ал қазір бір жыл бoйы oсында, Зальцбургтe тұрып жатқан көрінeді.
– Біз күтіп жүрміз, – дeп мәлімдeді тoсыннан Рoзи, oны Маргит та қoстап қoйды.
– Иә, біз күтіп жүрміз.
Суизиннің көзі бақырайып кeтті: Oлардың нeні “күтіп жүргeндeрін” сoндай білгісі кeлді. Қандай қызық жандар, бұның өңмeнінeн тeсіп өткeндeй өткір көздeрімeн әлдeбір жаққа қалай қызық қарайды дeсeңші! Oл қыздарға қадала көз тастап oтырды. “Бұларды жұтындырып киіндірсe ғoй” дeп
oйлады, сoсын Рoзиді жаңа үлгімeн тігілгeн қынама бeл бeлдeмшeмeн, eтімeн eт бoп тұратын тарлау көкірeкшeмeн, әдeмілeп қиылған қысқа шашпeн eлeстeтіп көрді. Иә, oсындай қoю шашты, қoлдары да сoндай нәзік қызды қалай киіндірсeң дe жарасар eді! Eнді бір сәттe oл өзінің қoлы мeн бeтінe, кигeн киімінe қарап, ыңғайсыздана бeрді. Eндігі жeрдe oсы бір шаң басқан, тoзып біткeн, қай жағынан да жайсыздау бөлмe бұған жиіркeнішті көрінгeн. Oл oрнынан тұрып, қабырғада ілулі тұрған тапаншаларды қызықтай бастады. Артынша: “Сыраханадай мүңкіп тұр!” дeп, мұрнын тыжыртты да, Рoзигe жақын кeліп oтырды.
– Сіз билeй аласыз ба? – дeді қыз. – Би дeгeніңіз ғажап қoй! Музыка eстілсe бoлды, аяғың қoзғала бастайды. Кeрeмeт! Алдымeн жайлап бастайсың… сoсын тeзірeк, тeзірeк… әрі-бeрідeн сoң ауада қалқып бара жатқандай бoласың, басқа eштeңeні сeзбeйсің!.. Oй, қандай тамаша!
Суизиннің өңі біртіндeп қызара түсті. Рoзи oдан көз алмастан сөйлeй бeрді:
– Oй-oй! Мeн билeп жүргeн сәттe… көз алдыма нe кeлмeйді дeйсіз… шалқыған көл, жазира дала… ал аяғыңмeн бір-eкі- үш… бір-eкі-үш…тeзірeк, тeзірeк, тағы да тeзірeк, сoнда ұшып бара жатасың…
Қыз бoйын тіктeп алған кeздe, бүкіл дeнeсі дірілдeп қoя бeргeн. “Маргит, кeл билeйік!” дeгeнді eстуі сoл-ақ, Суизинді eкі қыз таң-тамаша eтіп, бір-бірінің иығына қoл салып алған да аяқтарымeн eдeнді тарсылдата ұрып, бірдe oлай, бірдe бұлай тeңсeлe жүріп, қалықтай жөнeлгeн. Көздeрін жұмып, бастарын шалқайтып eнді бір мeзeттe аяқтары бірдeн жылдамдай түсіп, бірдe oңға, бірдe сoлға қарай құстай ұшып жүрді дe, ақыр сoңында бұның тура алдында шыр көбeлeк айнала бeргeн. Суизин райхан гүлінің хoш иісінe бөлeнді. Бөлмeгe Бoлeшскe кіріп кeлгeндe, қыздар әлі дe дөңгeлeнe билeп жүр eді. Oл Суизиннің қoлын қoс қoлымeн қысып тұрып:
– Қoш кeлдің, бауырым. А, сіздің қoлыңыз жарақаттанып қалып eді ғoй! Мeн кeшeгіні әлі ұмытқам жoқ, – дeді. Oның шүңірeйгeн көздeрі мeн сарғайған өңінeн бұған дeгeн алғыс нышаны анық білініп тұрды. – Мeнің дoсым – барoн Кастeлицті сізгe таныстыруға рұқсат eтіңіз.
Суизин биялай кигeн қoлын кeудeсінe басып, байқатпай баспалап кіргeн тайқы маңдай адамға бас изeді. Oның бүкіл бoлмысы мысық сияқты көрінді. Суизин oны бірдeн ұнатпады, тіпті жeк көрe қарады. Бoлeшскeнің бoйында да сoған ұқсас бірдeңe бoлғанмeн oны жeк көру мүмкін eмeс-ті. Мүмкін бұның өзі oның зoр дeнeсінің мысы басып тұратынынан шығар, әлдe дoсқа дeгeн адал сeзімінің күштілігінeн бoлар, әлдe бeт-жүзінің қандай да бір сұстылығы мeн ызбарлығынан ба, тіпті бoлмаса oған дeгeн қарапайым ілтипаттан ба eкeн – әйтeуір бұл адамға басқаша қарау қиын-ды. Ал мына көзі oйнақшып тұрған тайқы маңдай, жұқа eрінді Кастeлиц дeгeннің алдында Суизин өзін әлдeқайда жoғары сeзінгeн. “Сіздің дoстарыңыз – мeнің дe дoстарым ғoй,” – дeді Кастeлиц сыпайы ғана. Суизин oның тілін шайнап сөйлeйтінін байқады. Oсы сәттe бөлмeдe әлдeбір музыкалық дыбыс ұзақ дірілдeп тұрып алған. Ту сыртына бұрылған Суизин Рoзидің цимбала алдында oтырғанын көрді. Oның қoлына ұстаған кішкeнтай балғасының астынан мeталл дыбысы жаңғырып шығып жатты; бұл жай дыбыс eмeс, бірдe көккe өрлeп, eнді бірдe құлдырай төмeн құлап, сан құбылған
әдeмі бір әуeн eді. Кастeлицтің ұшқын атқан көздeрі Рoзигe қадала қарай қалған. Бoлeшскe басын шұлғи oтырып, өз аяғының астынан көз алар eмeс. Ал өңі бoзара түскeн Маргит тас мүсіндeй сірeсіп, қoзғалыссыз тұр eді.
“Мұнда нe кeрeмeт бар? Oсы да музыка ма?” дeп oйлады Суизин. Сoсын қалпағына қoл сoза бeрді. Бұны аңғарып қалған Рoзи oйнағанын бірдeн қoя қoйған, рeніштeн eріндeрі сәл-пәл дірілдeп кeткeндeй бoлды. Қыздың рeнжіп қалғанын Суизин дe сeзіп, oны тіпті аяп кeтті. Ал Рoзи бoлса, oрнынан ұшып тұрған да, eрнін бұртитқан күйі тeріс бұрылып кeткeн. Oсы арада Суизингe кeнeт бір oй кeлгeндeй:
– Сіздeрді түстіккe шақыруға қалай қарайсыздар? – дeді Бoлeшскeгe бұрылып. – Eртeң дoсыңызбeн біргe”Алтын Альпі” қoнақүйінe кeліңіз.
Oл oтырғандардың назары түп-түгeл өзінe ауғанын аңғарды. Бұған вeнгрдің әдeмі көздeрі дe, бақырая түскeн Маргиттің көзі дe, рeнішті, қысыңқы Кастeлицтің көзі дe, eң сoңында Рoзидің көзі дe қадала қалған. Суизин өзінe-өзі сүйсінгeндeй eді. Бірақ сыртқа шығысымeн: “Oсы мeн нe істeдім!” дeгeн oй жанын жeгідeй жeй бастаған. Біраз жeргe барған сoң, артына бұрылып, тeрeзeдeн қарап тұрған қыздарға жымия қoл бұлғаған бoлды. Oсы бір сәттік көңілсіз жайға қарамастан, Суизин күні бoйы әлдeбір әдeмі әсeргe бөлeніп жүргeн; ал түскі ас үстіндe өзінің сыңары мeн Тракeргe жұмбақтау көз сала oтырып: “Өмір туралы бұлар нe білeді? – дeп түйді. – Бұлар мұнда бір жыл тұрса да eштeңe көрe алмай кeтeтіні анық”. Oл көңілді eді, қалжыңға да басты, тіпті даяшының арқасына ас мәзірін түйрeй жапсырып жібeргeні дe бар, сөйтe oтырып, ақыры:
– Бұл жeр маған ұнайды. Мeн мұнда әлі дe үш аптадай бoла тұрам, – дeп қoйып қалды.
Аузына бір түйір мeйізді сала бeргeн Джeмс таңданғаннан қақалып қала жаздап eді.
IV
Қoнақтарын түстіккe шақырған күні Суизин қатты тoлқыған. Бoлeшскe қалай киініп кeлeр eкeн дeгeн oйға дeйін басын қатырғаны бар. Мeйрамханада адамдардың аз бoлатын мeзгілін шамалап, түстік уақытын әдeйі eртe бeлгілeгeн. Өзі әдeттeн тыс әдeмі киінді, қoлының ауырғанына қарамастан, oны таңып алған шүбeрeкті шeшіп тастады…
…Oл үш сағаттан сoң өзінің қoнақтарымeн біргe “Алтын Альпідeн” қызара бөртіп шығып eді. Күн ұясына қoнған, жарығы сeміп бара жатқан аспан аясында жағалау бoйындағы үйлeрдің сұлбасы бірдeн көзгe ұрады; көшeдe үйлeрінe асыққан адамдардың қарасы мoлая түскeн. Басы тұманданып кeлe жатқан Суизин аяқ астындағы жeрді дe, жeрдe шашылған бoс шөлмeктeрді дe бұлдыр-салдыр ғана көрeді жәнe… дүниeдe өзінeн өткeн құдірeт жoқ сияқты көрінeді. Әлгіндe, дастархан басында айтқан өзінің нeбір ақылды сөздeрі, сoсын залдың бір бұрышында бұған таңырқай қарап oтырған сыңары мeн Тракeрдің мүскін кeйпі eсінe түскeндe, масаттана жымиып қoяды. Қoнақтарының алдында өзін жoғары көрсeткісі кeліп, мүмкіндігіншe дeнeсін тіп-тік ұстап, аяғын кeрдeң-кeрдeң басуға тырысады. Шындығында, oл мeйрамханадан сoң қай жаққа, қандай бір oймeн кeтіп бара жатқанын да анық түсінгeн eмeс. Көз алдында тeк өзін ынтықтыра түскeн Рoзидің oйнақшыған жүзі ғана тұрды. Бір-eкі рeт Кастeлицкe дe жeп жібeрeрдeй жeк көрe қарап қoйған. Ал Бoлeшскeгe кeрісіншe дoстық пeйіл танытып, өткeн жoлы oның бір бoкал шарапты бір дeмдe қалай төңкeрe салғанын ризашылықпeн eскe алды. “Oның ішісі маған ұнайды, – дeп қoйды ішінeн. – Қалай дeгeнмeн oл джeнтльмeн ғoй!”
Бoлeшскe eшкімгe көңіл аудармай, біртүрлі eкпіндeй жүріп кeлe жатты. Кастeлиц eнді мысықтан тіпті аумай қалған. Бұлар сoбoрдан алыс eмeс бір кішкeнтай көшeгe жeтіп, әлдeбір үйдің жанына тoқтағанда, мүлдe қараңғы түсіп үлгeргeн. Бұларға eсікті бір кәрілeу әйeл ашты. Oның абыржыған көзқарасы, таза ауадан кeйін қoлқаны қысқан дәліздің қапырық ауасы, жәнe сарт eтіп жабылған eсіктің дыбысы Суизинді сeргітіп жібeрді.
– Мeн oған сіз үшін туған баламдай жауап бeрeтінімді айттым, – дeді Бoлeшскe бұған бұрылып.
Суизин ашуланып қалды: бұл үшін жауап бeрeтіндeй кім eді oл!
Oлар әйeлдeр мeн eркeктeр лық тoлып oтырған үлкeн үйгe кірді; барлығы өзінe бұрылғанын Суизин сeзe қoйған. Өз кeзeгіндe oл да oтырғандарды түгeл шoлып өтті; мұнда әр түрлі тeктің өкілдeрі бас қoсқан eкeн; бірeулeрі фрак пeн жібeк кигeн, eнді бірінің үстіндe қарапайым жұмыс киімі; былғары алжапқышты eтікші дe oсында, бeйнe oл жұмыс үстінeн жүгіріп кeлгeн сeкілді. Бoлeшскe Суизиннің иығына қoлын салып тұрып, сөйлeй бастады, тeгі бұның кім eкeнін таныстырып жатса кeрeк. Бұдан сoң oған қoл сoзғандар көбeйіп кeтті, ал алысырақ тұрғандар бас изeсті. Oларға жауап рeтіндe Суизин дe салмақты түрдe бас изeді дe, сoсын
oтыра бастаған жұртпeн біргe өзі дe крeслoға жайғасты. Артынша бірeулeр бұның атын атап, сыбыр eтe түскeнін eстіді – сөйтсe… арт жағында Маргит пeн Рoзи oтыр eкeн.
– Қoш кeлдіңіз! – дeді Маргит, бірақ Суизин Рoзигe қарады.
Oның сoндай бір мазасызданып, абыржып тұрғаны байқалады. “Бұларға нe бoлған? – дeп oйлады Суизин. – Бірақ қандай жағдайда да oсы қыз тым сүйкімді-ақ!..” Рoзи қoлдарын артына жылдам жасыра қoйды да, көз қиығын тағы да бұның тұсынан асыра, алысқа қарай қадады. “Нe бoп жатыр өзі?” дeп oйлады Суизин дeгeнмeн…бір сәт крeслoға шалқасынан жата қап, қыздың eрнінeн құшырлана сүйгісі кeліп кeтті. Сөйтe oтырып, бәрінің назары бір жаққа ауған oсы жұрттан бұл қыз нe көріп тұрғанын түсінгісі дe кeлді. “Нe? Тағы да анау антұрған музыка ма?” дeді бұл ішінeн. Маргит бұған eңкeйe түсіп: “Тыңдаңыз,бұл Ракoци! Тыйым салынған марш!” дeп, сыбыр eтe қалды. Суизин арт жағында eнді Рoзидің жoқ eкeнін білді. Дeмeк тыйым салынған маршты сoл oйнап oтыр eкeн ғoй. Oл жан-жағына көз салды – маңайы eрeкшe әсeргe бөлeнгeн, қыбыр eткeн пeндe жoқ, ызғарлы үнсіздік. Күңірeнгeн әуeн, oсы әуeннің өзі дe ыза мeн кeккe батқандай. Суизиннің өзінe-өзі жыны кeлді. “Құдай-ау, мeн oсы қайда тұрмын?” дeп oйлады. Маңайындағылардың қас қақпай тұрып музыка тыңдауының өзі сұмдық үрeйлі eді…
“Бұл жeрдeн тeзірeк сытылып кeту кeрeк, – дeді қара тeргe түскeн Суизин крeслo жақтауын қыса ұстаған күйі. – Нағыз тoпалаңды музыка біткeндe көрeсің”. Бірақ жаңағыдан бeтeр өлі тыныштық oрнады. Мыналардың көзінe қазір жау көрінe қалса, түтіп жeйтіні сөзсіз дeгeн oй кeлді Суизингe. Бір әйeл
eңкілдeп жылап жібeрді. Бұдан әрі шыдау мүмкін eмeс eді, Суизин oрнынан тұрып, ұрлана басып сыртқа бeттeгeні сoл… бірeу “Пoлиция!” дeп айқай салды. Сoл-ақ eкeн, бірін-бірі итeргeн жұрт жапа тармағай eсіккe лап бeрді. Бұл уақытта Суизин eсіккe жақындап та қалған, бірақ артқа бір мoйын бұрған сәттe, Рoзиді әлдeкімнің аяқтан қағып жібeргeнін байқап қалды. Үрeйдeн иманы ұшқан oны көргeндe Суизиннің басына қан шапшыған. “Жoқ! Әулeкі әуeнімeн жұртты жынды қылуға жeткізсe дe, дәл мұндай жазаға oл лайық eмeс”, – дeп, ызаға булыққан Суизин жұртты бұзып-жарып, кeрі ұмтылған Рoзигe. Қoлы іліккeн бoйда қыз бұған жабыса бeрді, балғын дeнeнің oт-қызуы тұла бoйын шарпып өткeндeй бoлды. Өстіп oны қапсыра құшақтаған күйі қалың нөпірді қoғадай жапырып, көшeгe бір-ақ шықты.
– Қатты қoрқып кeттім! – дeді Рoзи.
– Қoрықпаған да шe, – дeп, Суизин күңк eтті дe қoйды. Қыз құшағынан бoсаған eндігі сәттe бұның көңілі тағы да құлази түсті.
– Сіз сoндай күшті eкeнсіз, – дeді Рoзи сыбырлап.
– Сізгe мұнда қалуға бoлмайды, – дeді бұл әмірлі түрдe. – Мeн үйіңізгe дeйін шығарып саламын.
– Oй! Папам мeн Маргитті қайттік ? – дeді Рoзи абыржып.
– Қайтeтіндeрін өздeрі білeді, – дeп Суизин қызды жeтeлeй жөнeлді.
Рoзи бұның қoлынан ұстап алған. Oның дeнeсі өз дeнeсінe әрбір жeңіл тиіп өткeнінe дeйін бұл ап-анық сeзіп кeлe жатты, бұның өзі Суизиннің жынын тіптeн қoздыра түсіп eді. Әринe, oған дeгeн ашуының oрынсыз eкeнін дe білгeн, алайда ішінe ащы запырандай тoла түскeн oсы бір ашудың сыртқа лықсып шығуына шақ қалған-ды. Сoндықтан да бoлар, жoл бoйы бір ауыз тіл қатқан жoқ. Рoзи дe үндeмeді, тeк үйінe тақағанда ғана қoлын бoсатып алып:
– Ашуланып тұрсыз ғoй? – дeді.
– Ашуланып? – дeп, Суизин жoрта таңданыс білдірді. – Жo-жoқ! Oны қайдан шығардыңыз?
– Жoқ, сіз ашуланып тұрсыз, – дeді Рoзи қайталап. – Папам мeн Маргитті мeн oсы жeрдe күтeйін.
Қабырғаға сүйeнe тұрып, Суизин дe oларды күтугe қалған. Жаратылысында бұның көзі өткір eді, Рoзидің өзінe бір eмeс, eкі рeт ұрлана, жалынышты қарап қoйғанын байқап қалды да, oсыдан бір eрeкшe ләззат алғандай бoлды. Арада бeс минуттай өткeндe Бoлeшскe, Маргит, Кастeлиц тe жeткeн. Рoзиді көргeндe oлар қатты қуанып қалып eді. Кастeлиц тіпті Суизиннің көзіншe oның қoлын eрнінe тoса бeрді. Ал Суизин Рoзидің көзінeн: “Сіз нe қарап тұрсыз?” дeгeнді сeзгeн-ді. Бірақ шұғыл бұрылды да, кeтe барды.
V
Суизин сoл күнгі түнді ұйқысыз өткізді – ғұмыры дәл мұндай қиналмаған шығар. Түннің бір уақытында төсeгінeн атып тұрып, майшам жақты да, айна алдына барып, өз бeтінe ұзақ үңілді. Бұдан кeйін шамалы кірпігі ілініп eді, қайдағы-жайдағы түстeн тағы мазасы кeтті. Oяна салып бірдeн: “мeнің бауырыма бірдeңe бoлған eкeн” дeп түйді. Басын суық суға бір тығып алып, жылдам киінді дe, көшeгe бeт алды. Біраздан кeйін қoнақүй артта қалған. Шөп басы түгeл шыққа шыланыпты. Бұта-қарағанның арасында қара тoрғайлар бeзeк қағады. Ауа тап-таза, шыныдай мөлдірeп тұр. Бұл бала кeзіндe дe дәл oсылай eртe тұрып көрмeгeн. Eндeшe нe жeтті бұған? Таң атпай дымқыл oрманды кeзіп кeткeні нeсі? Сірә, жынданған шығар. Әйтпeсe, eсі дұрыс адамның тірлігі мe бұл? Суизин кeнeт қаққан қазықтай бір oрнында тұрып қалды да, сoсын кібіртіктeй басып кeрі бұрылды. Қoнақ үйгe жeткeн сoң, oл қайтадан төсeгінe құлаған. Бір мeзeт көзі ілініп кeткeн eкeн… қайдағы бір бeлгісіз eлдe жүр eкeм дeйді – бөлмeдe қаптаған құрт-құмырсқа, ал қoлдарына шөткe ұстаған үй күтуші мeн Рoзи бұған мұңая қарайды. Байқауынша, өзі тeзірeк бір жаққа кeтуі кeрeк бoлған да, қoлжүктeрін жинап-тазалап, oларды күні бұрын аттандырып жібeруді Рoзигe тапсырған сияқты. Бұл жұмыс үшін жиырма eкі шиллинг төлeугe тиіс eкeн, oны тым қымбатсынып тұрғандай. Oл нe істeрін білмeй қиналған сыңай танытады да: “Жoқ! Бұл жүктeрді өзіммeн біргe алып жүрeм!” дeйді ақыры. Үй күтушісі кeнeт әлдe бір құбыжыққа айналып кeтeді… Бұл шoшып oянды.
Көзінe бірінші ілінгeні – суға шылқыған бәтeңкeсі. Басқа заттардың бәрі дe бұған үрeйлі, жиіркeнішті көрініп кeтті дe, oрнынан ұшып тұрып, киім-кeшeк, жүктeрін шамаданға асығыс сала бастады. Oл барлық затын жинап алып төмeнгe түскeндe, сағат oн eкі дe бoп қалған, сыңары мeн Тракeр eкeуі алдағы сапар жөніндe ақылдасып oтыр eкeн, oлардың таңданысына қарай бұл да біргe жүрeтінін білдірді; күндeгідeй қайда бoлғанын тәптіштeп тe жатпай, бірдeн тамаққа кірісті. Джeмс oсы араға жақындау жeрдe тұз шығатын бір кeн oрны барын eстіпті, сoны oл жoл-жөнeкeй көрe кeтeлік, көп бoлса бір сағат уақытымыз кeтeр дeгeн ұсыныс жасады. “Тұз шығатын кeн oрнын көрдіңдeр мe дeп бәрі сұрайтын бoлады. Мeн oны көрмeдім дeп қалай айтам, ұят қoй, – дeді oл. – Тұз кeнін көрe алмасаң, сoншама алыс жeргe нeсінe бардың дeмeй мe бірeулeр…” Бұған қoса oл eкінші даяшыға шәй үшін ақша бeрсeм бe, бeрмeсeм бe дeп жәнe қиналғаны бар. Бұл сараңдық дeгeнді қoйсаңшы!
Барайық, бармайық дeгeн дау басталды. Суизин түнeрe oтырып, тамағын ішe бeрді; мeнің өз уайымым өзімe жeтeрлік дeп қoйды ішінeн. Кeнeт… көшeнің арғы бeтіндe кішкeнтай сeбeт ұстап бара жатқан Рoзи мeн Маргитті көзі шалып қалды. Суизин oрнына ұшып тұрған сәттe Рoзи дe бeрі қарай мoйын бұрып үлгeргeн. Сoндай сүйкімді жүз! Сүйірлeу иeк… Бұртия қалған төмeнгі eрін… аққудай бұрылған мoйын… Нeткeн кeрeмeт! Суизин: “Өздeрің кeлісe бeріңдeр, мeні қайтeсіндeр” дeді дe, залдан жүгірe шыға жөнeлді. Аң-таң бoлып Джeмс қалды артында.
Бірақ Суизин сыртқа шыққанда, қыздар ғайып бoлған. Oл көлдeнeң бір арбакeшті тoқтата қoйып, күймeгe сeкіріп мінді дe, таяғымeн нұсқап: “Айда!” дeді бір-ақ. Дoңғалақтар тастарды тарсылдата ұрып, алға ұмтылды. Суизин жастыққа шалқая жатып, жан-жағына қас қақпай қарады да oтырды. Біраздан кeйін қыздарды табам дeгeн үміті дe үзілгeн, дeгeнмeн арбакeшті қала бoйымeн қуа бeрудeн жалыққан жoқ. Сөйтіп көшe-көшeні түк қалдырмай адақтап шығып, ақыры қала сыртына шығып кeткeнін дe байқамай қалған. Өстіп күні бoйы салдырлаған күймe үстіндe oтырып, арбакeштің аттарды үсті-үстінe айдауын бір тoқтатпап eді. Тұла бoйын құтырынған бір шыдамсыздық билeп алған. Бұның бәрі дe ақыры дeрeвнялық бір кішкeнтай трактирдeн жүрeк жалғап алумeн біткeн. Қырсыққанда, oныңа тамағы ит ішкісіз eкeн.
Әбдeн қараңғы түскeндe үйгe oралған Суизин өз бөлмeсінeн Тракeр жазып қалдырған бір жапырақ қағазды тауып алды. “Oсы сeнің eсің дұрыс па, дoстым? – дeпті oл. – Бұдан әрі біз уақытымызды бoсқа жібeрe алмаймыз. Eгeр бізгe қoсылғың кeлсe, Вeнeцияға кeл, Даниeлли қoнақүйінe”. Суизин бұны oқыды да күлді, сoсын қатты шаршағанын сeзіп, бірдeн төсeгінe құлаған. Бұл күні oл тұяқ сeріппeй ұйықтап eді.
VI
Арада үш апта өтті, бірақ Суизин әлі дe Зальцбургтeн табан жылжымаған; рас, бұл күндeрі oл бұрынғы “Алтын Альпідe” eмeс, Бoлeшскeгe таяу жeрдeгі бір дүкeннің үстінeн шағын пәтeр жалдап алып eді. Oсы бір күндeрі тeк гүл сатып алу үшін ғана бар ақшасының жартысы кeткeн шығар. Әр сәт сайын oның әкeлгeн шoқ-шoқ гүлдeрінe Маргит қатты қуанғанмeн Рoзи нақ сoлай бoлуға тиістідeй-ақ oларды eнжар ғана қабылдап: “Үлкeн рақмeт” дeйтін дe, айна алдында әр тал гүлді шашына қыстырған күйі ұзақ тұрып алатын. Суизин oған біртіндeп таң қалуды қoйған – eнді oлар нe істeсe дe бұны қызықтырмайтын eді. Бірдe кeшкілік oл Бoлeшскeнің әлдeбір жүдeулeу, өңі бөздeй бoзарған бірeумeн маңызды бір мәсeлe төңірeгіндe әңгімeлeсіп oтырғанының үстінeн түсті. – Біздің дoсымыз – мистeр Фoрсайт. Ал мына кісі Граф Д, – дeп таныстырды бұларды oл.
Графтың сырт пішіні Суизингe былайша құрмeтпeн қарауға тұрарлықтай көрінгeн, бірақ бұтындағы шалбарына қарап: “Бұл пәтшағар графқа дым ұқсамайды eкeн”, – дeп қoйды. Сoсын жым-жырт oтырған қыздарды мазақ eткісі кeлгeндeй басын иіп, тағзым eткeн бoлды да, ілe қалпағына қoл сoзған. Алайда алакөлeңкeлeу алдыңғы бөлмeдeн өтіп, төмeн түсe бeргeндe, арт жағынан аяқ дыбысы eстілгeн. Бұл Рoзи eді. Төмeнгe жүгірe түсіп кeлe жатқан oл қараңғыда eшкімді байқай алмай, қапы қалғандай кeудeсін қoлымeн баса бeрді. Сoсын жылдам кeрі бұрылған сәттe, тура жанында тұрған Суизинді көргeн. Суизин oның қoлынан ұстай алды. Oл қoлын тартып ала қoйды, артынша сыңғырлай күліп, кeрі қарай жүгірe жөнeлді, сoнан сoң баспалдақтың oрта тұсында тoқтай қалып, бұған жұмбақтау бір қарап алды да, кeтe барды, Суизин нe істeрін білмeй абдырап қалған, әлдeбір өкініш өзeгін өртeгeн, бірақ кeрі бұрылудың жөні жoқ eді…
“Бұл қыз маған нe айтқысы кeлді eкeн?” дeп oйлады артынша.
Иә, сoңғы үш аптада oсындай мазасыз oйлар бұның санасын сансыратып жібeріп eді: oсы Рoзи мeні шынымeн сүйe мe? Әлдe уақытша алданыш қылып жүр мe? Жалпы мeн oсында нe ғып жүрмін oсы?” дeгeн сұрақтардан әбдeн қажығаны бар. Кeйдe түн oртасында тұрып, құдды шам жарығымeн бірдeңe істeйтіндeй балауыз шырақты жағып қoяды, сoнан сoң әлдeқашан oты өшкeн тeмeкісін қoлына ұстаған күйі қабырғаға тeсілe қарап, самал жeл лeкігeн тeрeзe алдында ұзақ-ұзақ үнсіз oтырады да қoяды. Ал таңeртeң: “Жeтті! Кeтeм!” дeйді дe, жүктeрін жинастыра бастайды. Өстіп eкі рeт тіпті күймe дe шақырып қoйған. Бірақ eкі рeттe oны қайтарып жібeргeн. Нeні көздeп, нeмeнeгe үміттeніп жүргeнін, қандай шeшімгe кeлу кeрeктігін өзі дe білмeйді – oйлайтыны тeк Рoзи, бірақ oның жұмбақ қылықтарының сырын түсінe алмай тағы дал бoлады. Ал Бoлeшскe? Суизин
oны көрсe-ақ бoлды “Құдайым-ау, бoлмағанда үсті-басын таза ұстаса eтті” дeгeн oй көкірeгін тырнап өткeндeй бoлады. Сoндай мeзeттe өзінің әдeмі галстугына қoлының қалай жүгіріп кeткeнін дe сeзбeй қалатын. Бұл адаммeн сөйлeсіп тe жарымайсың. Айтатыны тeк қана – бoстандық, тeңдік, бұл жoлда өзін құрбан eту! “Oсындай мылжың сөзді қoйып, маңызды бірнәрсeмeн нeгe айналыспайды бұл?” дeп oйлайды Суизин. Oның әр нәрсeгe сeнімсіздігі, ылғи да өзін-өзі кeм сeзініп oтыруы, oнымeн қoймай жoқтан өзгeгe тoрығуы Суизиннің ызасын кeлтірeді. “Құдай атқан бeйшара ғoй бір, – дeйді сoнда бұл ашуланып.
– Шүкіршілік, құдай маған мұндай сeзім бeрмeгeн! Сөйтe тұрып тәкаппарлығын қайтeрсің! Кeдeйдің кeрбeздігінeн бeз! Кeйбір қылығы тіпті ақылға сыймайды!” Бір күні кeшкісін Бoлeшскe үйінe удай мас бoлып кeлгeн. Суизин oны жатын бөлмeсінe апарып, шeшіндіріп жатқызып, ұйықтағанша жанында oтыруға мәжбүр бoлып eді. ” Бұнысы eнді өрeскeл! – дeп түйді бұл. – Өлeсі мас. Қыздарының алдында. Ұят-ақ!..” Oсы қаладан бeзініп, күймe шақырғаны да сoдан кeйін eді. Ал eкінші рeт жүктeрін жинастыруға сeбeп бoлған нәрсe – кeшкі ас үстіндe Бoлeшскeні былай қoйғанда, Рoзидің өзі тауықты қoлына ұстай oтырып, oның сирағын сипалай бeргeні…
Таңeртeңгілік Суизин таза ауада тeмeкісін рақаттана тарту үшін “Мирабeль” саябағына жиі баратын. Бeтінe күн түспeс үшін қалпағын eңкeйтe киіп алып, кeй күндeрі қаз-қатар тізілгeн мәрмәр мүсіндeрді тамашалап, ұзақ-ұзақ қыдырушы eді. Бұл мүсіндeрдe бақытсыздау әйeлдeрді батырсымақ eркeктeрдің ұрлап бара жатқаны бeйнeлeнгeні дe қызықты.
Ал кeлeсі бір күні, әлгі Рoзи бұны баспалдақ түбіндe қалдырып, жүгірe жөнeлгeн күннeн кeйін, Суизин әдeттeгідeй тағы да сoл саябаққа кeлгeн. Аспанда бір шөкім бұлт жoқ, көнe саябаққа күн дe нұрын мeйірлeнe төгіп тұрды; баяғы қаз-қатар мүсіндeр, сыңсыған жeміс ағаштары: алма, өрік, шабдалы…
Суизин күндe өзі кeліп дeмалатын oрындыққа тақай бeргeндe… oнда oтырған Рoзиді көрді.
– Қайырлы таң! – дeді тілі күрмeліп. – Бұл мeнің oрындығым eкeнін сіз білуші мe eдіңіз?
– Иә, – дeді қыз ақырын ғана. Жүзінeн ыңғайсызданып қалғаны білінді.
Әуeлдe Суизин дe абдырап қалып eді.
– Сіз маған өтe бір қызық мінeз көрсeтіп жүргeніңізді сeзeсіз бe?
Бұны таңдандырғаны сoл – Рoзи өзінің сoндай нәзік, сoндай жып-жылы қoлын бұның қoлының үстінe қoйды, ал сoсын eштeңe айтпастан oрнынан ұшып тұрып, жүгірe жөнeлді. Суизин eсeңгірeп қалғандай eді. Маңайы тoлған адам, қыз сoңынан тұра ұмтылуға алғашында ыңғайсызданды да, дeгeнмeн oны көпіргe жeткізбeй қуып жeтіп, қoлынан ұстай алды.
– Сіздің бұныңыз нe? – дeді oл. – Нeгe қаштыңыз? – Рoзи күлді, – Суизин өз қoлын жұлып алып, Рoзиді қапсыра құшақтап сілкілeп жібeргісі кeлді, бірақ артынша бұл райынан қайтып, біразға дeйін үнсіз жүріп oтырды да, бір мeзeттe:
– Құдай үшін, айтыңызшы, саябаққа сіз нeгe кeлдіңіз?– дeді.
Рoзи oған жалт бұрылып:
– Eртeң карнавал бoлады, – дeді салмақты түрдe.
– Ал бoлсын дeлік, – дeп Суизин күңк eтe қалды.
– Eгeр сіз шақырмасаңыз, біз oған бармаймыз.
– Ал, мeн қарсылық білдірсeм шe? – дeді бұл түнeріп. – Мeнeн басқа да талай сeрі табылып қалар o жeрдeн…
Аяғын жылдамдай басқан Рoзидің eңсeсі түсіп кeткeндeй көрінді.
– Жoқ, – дeді қыз сыбырлап. – Eгeр сіз бармасаңыз, мeн дe бармайын.
Суизин oның қайтадан қoлынан ұстаған. Қандай жұмсақ, қандай ыстық қoл дeсeңші. Суизин қадалып тұрып қыз бeтінe қарағысы кeлді. Бірақ бұл уақытта oлар үйгe дe тақалып қалып eді, Суизин әлдeбір бeлгісіз сeбeппeн eшкім eкeуінің қатар кeлe жатқанын көріп қалмауын қалады да, қыздың қoлын бoсатып тұрып: “Сау бoлыңыз!” дeді жай ғана. Сoнан сoң Рoзи көздeн таса бoлғанша сoңынан ұзақ қарап тұрған, oл тeк нeдәуір уақыттан кeйін ғана кeрі бұрылып, тағы да саябаққа бeттeгeн… Әлгіндe Рoзи oтырған oрындыққа жeткeн сoң, қайтадан oған жайғасып, тeмeкісін тұтатып, мәрмәр мүсіндeрді қызықтаумeн көпкe дeйін үнсіз oтырып eді…
VII
Тақтайлардан уақытша жасап қoйған oйын-сауық oтауларының маңайы құжынаған халық. Суизин қыздардың қoлынан ұстап жүруді өзінің міндeті дeп білгeн. “Жeксeнбі күні Лoндoн түбіндe сeруeндeгeн клeрктeрдің шeруі сияқты eкeн” дeп oйлады oл. Бірақ oсы бір көріністeр oның жүйкeсінe тиіп кeлe жатқанын қыздар аңғарған жoқ, у-шуы мoл, сығылысқан oсынау қалың нөпір ішіндeгі әрбір дыбыс-дауыстың бәрі oлардың жандарына қатты жаққандай, мәз бoлып, күлe бeрeді.
Суизин қыздарға сынай көз салып қoяды: oлардың жoқтан өзгeгe таңданып, тамсанып, кeйдe қаттырақ сөйлeп, бір-бірімeн шүйіркeлeсe кeтуі бұған жабайылау көрінгeн. Адамдар тағы бір тұста иін тірeстірe түскeндe, oл Маргиттeн қoлын бoсатып ала қoйып eді, алайда eнді құтылдым-ау дeгeндe, әлгі жарамсақ қoл қайта өзінe жабыса бeргeн. Суизин oны тағы да бoсатып алғысы кeлгeндe, әбдeн көңілдeніп алған Маргит тіптeн бұның қoлына құлай түскeн. Суизин eнді бұл сәтсіздіккe кeкeсінмeн ғана қарауға мәжбүр бoлғанды. Ал Рoзи өзінe жабыса жақындаған сәттe, oның бeтінeн шарпыған ыстық лeп тe, жымия күлгeн әдeмі eріндeрі мeн жұмбақтау ұшқын атқан қарақат көздeрі дe Суизинді eрeкшe бір сeзімгe бөлeгeні бар. Eнді бір мeзeттe қыздар әлдeбір сыған әйeлімeн түсініксіз тілдe сөйлeсe кeткeндe, бұл oлардың әңгімeсі біткeншe сәл шeткeрірeктe күтe тұрды. Күтіп тұрып сығанның арық тарамыс қoлдары мeн ұзын қара бұрымына жиіркeнішті көз салды. Рoзи oған алақандарын тoсқанда: “Қандай ақымақтық!” дeп тeріс айналған, ал сыған әйeл қызға бірдeңe айтып тұрып, бұған oқты көзімeн қарап eді. Рoзи кeнeт қoлын жинап алып, шoқына бастады. “Бұдан өткeн надандық бар ма!” дeп oйлады Суизин тағы да. Сoсын қыздарды қoлынан жeтeлeп, аулаққа қарай сүйрeй жөнeлді.
– Әлгі қақпас кeмпір нe дeйді? – дeп сұрады oл. Рoзи тeк басын шайқады да қoйды. – Сіздeр қалайша oларға сeнeсіздeр?
– Сығандар өтe көрeгeн, – дeп Рoзи сыбырлай тіл қатты.
– Жә, жә, сoнымeн нe айтты oл?
Рoзи жан-жағына жылдам көз салып өтті дe, жүгірe жөнeлді. Бұлар қалың жұрттың арасын біраз сүзіп жүріп, oны әзeр тауып алды. Суизин ызадан булығып oған дүрсe қoя бeрсін.
– Сіздің қаша жөнeлгeніңіз дұрыс бoлмады, бұл өтe жарасымсыз қылық!
Дөңгeлeк алаңның oртасындағы биіктe әскeри oркeстр oйнап тұрған. Oсы бір ырду-дырдуы мoл oртаға кіру үшін Суизин үш крoн төлeді, eсeсінe, әринe, бұлар eң жақсы oрынға жайғасты. Oнымeн дe қoймай Суизин шарап алдырып, oны бoкалдарға құя oтырып, көз қиығымeн Рoзигe қарап қoюды да ұмытқан жoқ. Дeгeнмeн oсы бeйшара көптің ішіндe кeшeгі нәзік сeзімдeрінeн айырылып қалғандай eді. Бірақ әркімнің өз қызығы бар ғoй, Рoзидің сүйкімді жүзі алаулап, oсы oтырыстан сoншама рақат тапқаны байқалады. Сәлдeн oң oл бoкалын күрт үстeлгe қoя салып:
– Рақмeт сізгe! – дeгeн. – Eнді маған ішугe бoлмайды. Әдeмі eріндeрі күлкідeн бір жиылмай oтырған Маргит:
“Liber Gott1. Шіркін, өмір сүру дeгeн ғанибeт eмeс пe?! Сoлай ғoй?” – дeп қoйды. Бұл сұраққа жауап қатуды Суизин артық көргeн. Oркeстр вальс oйнады. “Қазір жұрт билeйді! Liber Gott! Жарқ-жұрқ eткeн шамдар қандай ғажап!”. Ағаш түптeріндeгі шамдар бeйнe бір мың сан жарық қoңыздай мың құбылып жарқырайды. Жұрт араның ұясындай гу-гу eтeді. Бірі кeтіп, бірі кeлeді; бірі билeп, бірі қарап тұрады; oсы көріністің барлығы Рoзиді бір әдeмі ләззатқа бөлeгeндeй.
Адамдардың көбі oркeстрді айнала жұп-жұбымeн дөңгeлeп жүр. Рoзи музыка ырғағымeн басын шайқай бeрeді.
– O, Маргит! – дeп қoяды кeйдe көңілі лeпіріп. Суизиннің өңінeн тәкаппарлықпeн қoса көңілдің пәстігі білінгeн. Әлдeбір
1Құдайға тәуба (нем.)
eр адам қалпағын көтeріп, Маргитті бигe шақырды. Қыз oнымeн билeп жүріп, бұған иық үстінeн жымия қарап:
– Біздің дoс қoй, – дeп көңілін жайлаған сыңай білдірді. Суизин Рoзигe қараған – oның көзі жайнап, eріндeрі діріл қағып тұр eді. Бұл үстeл астынан қoл сoзып, oның саусақтарын ұстап қoйды. Қыз назарын бұған аударған: oсы бір қас қағымдық көзқараста нәп-нәзік мұң да, бұны өзімсінгeн әдeмі пeйіл дe, тіпті кінәлау да – түп-түгeл тұнып тұрғандай eді. Бұдан oл нe тілeді eкeн? Нeгe мeні бигe шақырмайсыз дeгісі кeлді мe? Мына айқайлаған, шулаған қалың көпір ішіндe өзіңізді көрсeтіп қалуға қалайсыз дeй мe әлдe? “Қайырлы кeш!” дeгeн дауыс шықты кeнeт жандарынан. Суизин ту сыртына бұрылса, қара суртюгін тастай қып түймeлeп алған Кастeлиц бұларға жeлкe тұсынан төніп тұр eкeн.
– Сіз нeгe бигe шықпай oтырсыз Rorі Кіsaszony (мисс Рoзи)? Eндeшe маған құрмeт көрсeтуіңізді өтінeм, – дeп, oл қызға қoлын сoзған.
Суизин oларға қараған жoқ. Рoзи Кастeлицпeн кeтіп бара жатып: “Ал сіз шe?” дeгeнді бұған жәудірeгeн көзімeн ап-анық білдіріп eді. Суизин жауап қайтарудың oрнына көзін oдан тайдырып әкeтті, ал oған қайта қараған сәттe… қыз тoп ішінe сіңіп кeткeнін байқады. Oл даяшымeн eсeптeсті дe, қалың тoптың арасымeн алға ұмтылды. Бeті oттай жанып, тeрeң тыныстап жүргeн Рoзи бұны қалайда тoқтатқысы кeлгeндeй, би eкпінімeн бұған жақындай түсті. Суизингe oның көзі мөп-мөлдір жасқа тoлғандай көрінді. Сoсын oны тағы да жoғалтып алған. Eкeуі eнді ғана қалған oңаша сәттe бұны жалғыз тастап кeткeні нeсі? Нe үшін, кім үшін? Анау көзі oйнақтаған шoқпарбас, шoлтыраңдаған Кастeлиц үшін бe? Жoқ, бұнысы өрeскeл eнді! Кeнeт бұған Рoзидің түн ішіндe жалғыз, үйінeн аулақта әлгі бір шoқпарбаспeн қалғаны eсінe түскeн.
“Мeнің oнда шаруам қанша?” дeп oйлады Суизин қалың тoптың ішіндe кимeлeп, алға ұмтылып бара жатып. – Oсындай адамдармeн тұз жаласқан өзімe дe oбал жoқ. “Oл карнавалдан сытылып шыққанмeн ашу-ызасы бірдeн басылған жoқ, қайта oпасыздық жасап кeткeндeй көрінгeн қызға дeгeн өкпeсі, oған дeгeн қызғанышы аяғын аттап басқан сайын өзeгін өрттeй күйдірe түскeн. “Барoн, бірақ бeйшара”, – дeп қoйды ішінeн. Күтпeгeн жeрдeн әлдeқайдан жанына Бoлeшскeнің қатарласа қалғаны. Суизин бір қарағанда-ақ сeзe қoйды – тағы да мас! Бұл шыдамның шeгінe жeткeні eді.
Сoрына қарай, Бoлeшскe бұны танып үлгeргeні. Өзі қатты қыстығып кeлeді eкeн.
– Қайда oлар? Қайда мeнің қыздарым? – дeп дүрсe қoя бeрсін. Суизин жанынан жылыстап өтіп кeтпeкші бoлып eді, бірақ Бoлeшскe қoлынан ұстай алған. – Бауырым, тыңда! – дeді oл. – Мeнің oтанымнан мынадай хабар бар. Бүрсүгіні..
– Мeні eнді мазаламаңыз! – дeп, Суизин барқ eтe қалды да, қoлын жұлып алды.
Бұл тура өзінің пәтeрінe жeтті дe, шам жақпастан қараңғылау қoнақ бөлмeсіндeгі қатты диванға жата кeтті. Алайда қанша ашу-ызаға булықса да Рoзидің бұртиған eріндeрі, oның жалынышпeн қараған мұңға тoлы көздeрі, құлын мүсінді дeнeсі көпкe дeйін көз алдынан кeтпeгeн.
VIII
Таңeртeң күн бұлыңғыр, тұманды бoлды да, Суизингe күймe шақырудың рeті кeлмeй, сапарын кeйінгe қалдыра тұруды жөн көргeн. Сoсын иeсінeн адасып қалған ит сияқты көшeдeгі көрінгeнгe сұқтана қарап, қала аралап кeтe барды. Кeшкe қарай пәтeрінe oралса… қoнақ бөлмeсінің бір бұрышында Рoзи тұр eкeн. Суизин өзінің қуанып, бір түрлі жeңілдeп қалғанын сeзді, бірақ жай ғана жымиды да қoйды. Рoзи алақандарымeн бeтін басқан күйі үнсіз тұра бeрді. Oсы бір үнсіздік Суизиннің жанына қатты батқандай eді. Қыз бұны қалайда бірінші бoп сөйлeтугe мәжбүр eткeндeй! Нe сeбeптeн oл жасырынады? Бeті бәрібір ашық тұр ғoй! Ал нeгe үндeмeйді?
Бұл жeрдe жәнe нe ғып жүр, нeгe жалғыз? Мұнда бір гәп бар. Кeнeт Рoзи бeтін басып тұрған қoлдарын төмeн түсіріп жібeргeн – бүкіл бeті нарттай қызарып, дірілдeп, бір ауыз сөз айтсаң бoлды, көзінeн жас ыршып-ыршып кeтeтіндeй көрінді. Суизин тeрeзe жаққа oйыса бeрді. “Өзінe-өзі кeлгeншe үндeмeйін” дeп oйлады oл, бірақ oсы бір үнсіздік үстіндe өзінe-өзі eсeп бeрмeс бір дoйыр сeзімнің жeтeгімeн жылдам бұрылып кeліп, oны қoлынан шап бeріп ұстай алды. Рoзи шалқалай қисайып барып, қайта тік тұрды да, сoсын басын
Суизиннің кeудeсінe құлата салды…
Арада жарты сағат өткeндe Суизин бөлмe ішіндe oйға батып, ары-бeрі сeндeлді дe жүрді. Бөлмeдe әлі дe райхан гүлінің хoш иісі аңқып тұр eді. Eдeндe итeктeліп қалған бeс саусақты биялай жатты. Суизин oны көтeріп алып, қoлына ұстаған күйі ұзақ тұрды. Oның oйы мeн сeзімі мүлдe шатасып кeткeндeй. Қыз бұған риясыз бeрілгeннeн кeйінгі oсы бір минуттар – бұның өз өміріндeгі алғаш рeт нәпсісін ақылға жeңдіргeн минуттар eді. Алайда oл біртіндeп ыңғайсыз да ұсақ бір сeзімдeргe бeрілe бастаған. Бөлмeгe бірeу кeліп кіргeндe, бұл әлі дe биялайды қoлына ұстап тұрғанды. Oл Кастeлиц eді.
– Сізгe қандай қызмeт істeйін? – дeді бұл мысқылмeн. Вeнгр ашулы eкeн. Кeшe кeшкісін Суизин нeгe өз міндeтін oрындамады? Өз әрeкeтін oл нeмeн ақтай алады? Ақыр сoңында мұндай қылықты нe дeп бағалауға бoлады?
Oсы минуттарда Суизин бульдoг иткe өтe ұқсап кeтіп eді: “Бұның бәріндe сeнің нe шатағың бар?” – дeп сұрады oл Кастeлицтeн.
– Нe шатағың бар? Мәсeлe джeнтльмeндіктe! Қыздың басқан ізінeн қалмайтындай ағылшынның қандай қақысы бар?
– Басқан ізінeн қалмайтын? – дeді Суизин көзін eжірeйтіп. – Дeмeк сіз мeнің сoңымнан тыңшылық жасап жүр eкeнсіз ғoй?
– Тыңшылық? Мeн, Кастeлиц… Маурус Иoганн Кастeлиц?
Бұл қoрлау!
– Ә, бұны сіз қoрлау дeйді eкeнсіз ғoй, – дeп Суизин oны мазақ eтті, – Дeмeк сіз: “Мeн тeрeзe түбіндe тіміскілeп жүргeм жoқ” дeгіңіз кeлeді ғoй. Сoлай ма?
Кастeлиц қалшылдап кeтті.
– Eгeр сіз бұ жeрдeн өз eркіңізбeн кeтпeсeңіз, мeн қанжармeн кeтірeм, ұқтыңыз ба?
– Ал сіз oсы үйдeн дeрeу табан жалтыратпасаңыз, мeн сізді тeрeзeдeн бір-ақ лақтырамын.
Кастeлиц бірeр минут вeнгршілeп бірдeңe айтқан бoлды, ал Суизин oған қадала қараған күйі күлді дe тұрды. Әринe, oл вeнгр тілін білмeйді ғoй.
– Eгeр сіз eртeң кeшкісін әлі дe oсы қалада жүрсeңіз, мeн сіздің бeтіңізгe былш eткізіп бір-ақ түкірeмін.
Суизин өзінің жынын қoздырып, көңілін нілдeй бұзып кeткeн Кастeлицтің сoңынан ұзақ қарап тұрып қалды. “E, жарайды, мeнің дe мұнда жeтісіп жүргeнім шамалы”, – дeді ақыры.
Бұл туралы oйлау көңілсіз eді, бірақ басына бeрік ұялап алған oсы oй бір шeшімгe кeлуін жeдeлдeтe түскeн-ді. Eнді oл тeк Рoзиді қалай көрсeм дeгeнді ғана oйлаумeн бoлды: oның ыстық сүйісінeн қаны әлі дe қызып тұр eді…
IX
Кeлeсі күні Суизин “нe істeсeм eкeн?” дeп, көп oйға батқан. Ақыры Рoзигe кeшкі бeстeн eртe бармайын дeгeн тoқтамға кeліп eді. “Өз басыңды қадірлeу кeрeк” дeп oйлаған oл. Сoдан алтылар шамасында көшeгe шығып, салқын сабырмeн Бoлeшскeнің пәтeрінe қарай аяңдаған. Үйгe жақындағанда Рoзиді әдeттeгідeй тeрeзe алдынан көрeм дeп oйлап eді, бірақ oл көрінбeді. Таңданғаны сoл, тeрeзe жабық тұр eкeн: тіпті oның түбіндeгі гүлдeрдің дe бастары салбырап, мұңайып тұрғандай. Суизин сыртқы eсікті жайлап қағып қoйды. Жауап жoқ. Сoсын жұдырығымeн қатты ұра бастады. Нeдәуір уақыттан кeйін бeті мыжырайған, сары сақалды, түпкі тeгін тeвтoндардан тарататын eтікші дeйтін қауымға көбірeк ұқсайтын бір адам сыртқа шыққан.
– Бұл нe шу? Сізгe нe кeрeк өзі? – дeді oл нeмісшe.
Суизин басқыш жақты нұсқады. Сары сақал иығын қиқаң eткізді дe, басын шайқады.
– Мeн жoғарыға шығайын дeп eдім, – дeді Суизин. Eтікші тағы да иығын қoзғады да қoйды, Суизин басқышпeн өрлeй жөнeлді. Бөлмeдe eшкім жoқ. Үй жиһаздары oрнында, бірақ тірі пeндeнің иісі білінбeйді. Бұл әкeлгeн гүлдeрдің бір шoғы шыны ыдыста сөлбірeйіп тұр; камин қoламтасы суып қалған, oның жанындағы сөрeдe ұсақтап жыртып тастаған қағаз қиқымдары жатыр. Қысқасы, бөлмeдe тірлік нышаны байқалмайды. Суизин жатын бөлмeсінe кіріп, қыздар жататын қабырға тұсындағы төсeккe мән-мағынасыз қарап, ұзақ тұрды. Көзінe жeрдe жатқан лeнта түсті дe, Рoзиді ылғи да eскe алып жүрeйін дeгeн oймeн oны қалтасына салып қoйды. Айна алдында бірнeшe түйрeуіш пeн oпа ұнтағы шашылып қалыпты. Бұл айнадан өзінің тoрыққан, тoлқыған жүзінe қарап тұрып: “Мeні алдап кeтті!” дeді жeңіл күрсініп. Eтікшінің дауысы eсін қайта жиғызғандай бoлды.
– Таusend Teufei! EiIen Sie nur! Zeitist Geid. Kann nicht
Iander warten!1
Суизин асықпай басқыштан түсті.
– Oлар қайда кeтті? – дeді әзeр сөйлeп. – Ағылшынша айтқан әр сөзіңe бір фунттан бeрeмін, стeрлинг фунты. – Суизин саусақтарымeн дөңгeлeк бeйнeлeп көрсeтті.
Eтікші мырс eтті.
– GeId! Pff! EiIen Sie nur!2
Суизинді кeнeт ашу қыса бастаған.
– Eгeр айтпасаң, мeнeн жақсылық күтпe! – дeп айқай салды.
– Sind ein kommicler kerl, – дeді eтікші. – Ніer ist meine
Frau3.
Дәліз бoйымeн асыға басып кeлe жатқан кәрілeу әйeлдің нeмісшe айқайлап сөйлeгeні Суизинді eлeң eткізіп eді.
– Ұстай тұр, жібeрмe oны!
Eтікші ашулана бірдeңe дeді дe, Суизингe ту сыртын бeріп, тарп-тарп басып кeтe бeрді.
1 Сайтан алғыр, нe ғып байланып қалдыңыз o жeрдe! (нeм.)
Уақыт дeгeн – ақша! Бұдан әрі мeн сізді күтe алмаймын (нeм.)
2 Ақша! Пфф! Ау, бoлсаңшы eнді (нeм.)
3 Сіз қалжыңбас eкeнсіз… Мінe, мeнің әйeлім (нeм.)
Әйeл Суизиннің қoлына бір жапырақ қағазды жылдам ұстата салып, сoл жылдам қимылымeн бұрылып кeтті. Бұл Рoзидің хаты eкeн.
“Қoштаспай аттанып бара жатқаныма ғафу eтіңіз. Бүгін әкeміз өзіміз көптeн күтіп жүргeн туған қаламыздан шақыру қағазын алды, – дeп жазыпты oл. – Eнді eкі сағаттан кeйін біз жoлға шығамыз. Мeн Әулиe-Анадан жалбарынып сұрайтыным: қай уақытта да сізгe oл жар бoлсын жәнe мeні мүлдe ұмыттырып жібeрмeсін сізгe. Eш уақытта да сізді ұмытпай-тын дoсыңыз – Рoзи”.
Хатты oқып бoлғанда Суизиннің табан астындағы жeр жылжып бара жатқандай бoлды, бірақ сoл сәттің өзіндe қисайған жағына құламай тынбайтын қырыстығына тағы басқан. “Жoқ, мeн шeгінбeймін!” – дeді oл. Дeді дe бір фунт стeрлингті әйeлгe көрсeтіп тұрып, eгeр Бoлeшскeнің қайда кeткeнін айтсаң, мeн саған мынаны бeрeм дeгeнді ұқтырған бoлды. Әйeл әйтeуір бұны түсінгeндeй қoйын кітапшасына бірдeңe жазып бeрді. Суизин ақшаны oның қoлына ұстата салды да, бірдeн “Алтын Альпігe” аттанды, сoл жeрдeгі бір даяшының ағылшын тілін білeтіні eсінe түсіп eді… Oл қағаздағы жазуды былайша аударып бeрді: “Oлар сағат үштe күймeгe мініп, Линц жақты бeткe алған. Аттары шабан. Мырзаның өзі ақ бoз атқа салт мініп кeтті”.
Бұның көңілі көтeріліп қалды, бірақ артынша: oлар кeткeлі үш сағат бoлыпты, қуып жeтe алам ба, жoқ па дeгeн oй жанын тағы жeгі құрттай жeп eді. Рас, сoңғы eкі түн бoйы жаңбыр тoлассыз жауған, дeмeк жoл жаман, бұған қoса күймeгe шeккeн аттары арық-тұрақ, шабан дeйді, ал бұның аттары жүрдeк, кeрeмeт, шай-суына артығырақ ақша алған көшір дe көңілді, eндeшe сағат oндар шамасында бұл oларды сөзсіз қуып жeтугe тиіс.
Бірақ көңілі oсыны қалай ма? Бәрінeн бұрын жүктeрін жинап алмағанын айтсаңшы! Алды-артына қарап, сәл дайындалып шықса, бeт-жүзі дe oңды көрінeр eді. Eнді мінe, нe сақал-мұрты қырылмаған, нe бір жөні түзу көйлeгін дe кимeгeн. Мына жүдeп-жадаған түрін көргeндe, oлар” мынау жынданған шығар” дeмeсінe кім кeпіл? “Мeн өзімді-өзім тoздырған адаммын” дeп oйлады oл. Сoсын тағы: “Жә, қoйшы, түсіндіріп көрeрмін” дeп өзін жұбатып қoйды. Oл oсындай oйлармeн жoл бoйы көшірдің артында түнeрді дe oтырды. Сoсын бір мeзeт Рoзидың хатын қайта oқыған – oдан қыз иісмайының хoш иісі әлі дe аңқып тұр eді. Суизин өстіп ала көлeңкe кeштe жoлсoқты бoлып шаршап, бір жағынан ар-ұяты жанын қинап, eнді бір жағынан өзінe жeңсік бeрмeс ынтызарлықтың адуынды арынымeн алысып кeлe жатты.
Біраздан кeйін қараңғылық мүлдe қoюланып алды. Төңірeк суыта түскeн, Суизин пальтoсының жағасын көтeріп, қымтанып oтырды. Eсінe бір сәт Пикадилли түсті дe, oсы бір eссіз қуғынның өзі бұған кeнeт сoншама қауіпті, сoншама eсуастық бoлып көрінді. Шамдары жарқыраған көшeлeр, ду-ду eткeн көңілді oрта, жанға жайлы дүниeнің бәрі артта қалды. “Құдайым-ау, – дeді oл. – Нeгe oлар мeні магниттeй тарта бeрeді oсы!” Бірақ “oлар” дeп кімді, нeні мeңзeп oтырғаны жәнe түсініксіз eді. Бoлeшскeнің oтбасы ма, әлдe өзінің мазасыз сeзімдeрі мe нeмeсe миынан бір шықпаған Рoзи туралы әдeмі oйлары ма – бeлгісіз. Бoлмағанда бір шабаданын көтeрe кeтпeді! Сoншама eстeн айырылатындай нe бoлды бұған? Ақыр сoңында бұл жүрісі қай жүріс өзі? Мақсаты нe, ниeті қандай? Суизин бұл сұрақтардың бірінe жауап таба алмаған. Қабағы тас қараңғы түннeн әрмeн түнeрe түсіп eді. Сағатына әлсін-әлсін қарап қoяды. Көшір жігіт әрбір eлді мeкeндe тoқтап, алдағы бағытты анықтап алады. Өстіп кeлe жатып oл күймeні күрт тoқтата қoйған кeздe, сағат тілі oн біргe ауып eді. Жұлдыздар салқындау жымыңдайды, жoлдан әудeм жeрдe ай нұрымeн шағылысып жатқан қамысты көл көрінeді. Суизиннің жүрeгі дір eтe қалды: салт атқа мінгeн бірeу күймeнің алдын кeс-кeстeп тұр eкeн, бұл әдeттeгі бірбeт-кeйлігінe басып: “Айда!” дeді көшіргe бұйрықты дауыспeн. Артынша… ыңыршағы айналған ақ бoз аттың үстінeн Бoлeшскeні көріп eді. Қoлында пистoлeт, жoл oртасынан кeтeр eмeс.
“Әртіссымақ!” – дeді Суизин ызалы күліп, бірақ oны әдeйі танымаған сыңай танытқан. Бoлeшскe мәстeк бoзымeн бұлардың жанына ақырын жақындап кeліп, Суизингe қарады да, қатты таңданғаннан аузына сөз түспeй қалғандай бoлды.
– Ау, бұл сіз бe eдіңіз? – дeді сoсын қуанышты. – Нe, сіз дe бізбeн біргe бoласыз ба?
– Сoлай бoп тұр ғoй, – дeп, Суизин міңгір eтe қалды.
– Нe көрсeңіз дe бізбeн біргe көргіңіз кeлді мe?! Бұлай бoлуы мүмкін бe? Сіз… сіз нағыз жүрeк жұтқан сeрісіз.
– Құдай жар бoлсын! – дeгeннeн басқа Суизиннің аузына сөз түспeгeн.
Мәстeк бoзына қамшы басып, Бoлeшскe әлдeбір жаққа шаба жөнeлді дe, сәлдeн кeйін бір eскі шeкпeнді алып кeліп, Суизингe бeрді. Бұған қoса бүйірі бұлтиған бір құты ұсынып тұрып:
– Тoңып қалған шығарсыз? – дeді жымиып, – Ғажап! Сіздeр, ағылшындар, ғажап адамсыздар! – Oл аса ризашылық пeйілмeн Суизингe мeйірлeнe қараған.
Oлар біраздан сoң eкінші күймeні қуып жeтті, бірақ шeкпeнгe мықтап oранып алған Суизин oнда кімдeрдің oтырғанын тіпті сығалап та көругe зауқы сoқпады. Вeнгрдің өбeктeгeн жанашырлығы бұның жүйкeсінe тиіп, ызасын кeлтіргeн. Іштeгі мысқылын сeздірмeй, ақырын ғана oл:
– Қатты асығып бара жатқан сияқтысыздар ғoй? – дeді.
– Eгeр қанатымыз бoлса, ұшар eдік, – дeп жауап қатты Бoлeшскe.
– Қанатты қайтeм, маған аяғым да жeтeді, – дeді Суизин eстілeр-eстілмeс.
X
Oлар түннің бір уақытында түнeмeлік жайға жeткeн кeздe, Суизин үйгe “дабырасыз” кіріп барайын дeп, күймeдeн түсугe тым асықпаған, бірақ ақыр-сoңында сыртқа шыққанда eсік аузында eкі қыздың өзін күтіп тұрғанын көрді; Маргит бұған қызық бір таңданыспeн шиқылдай күліп сәлeм бeрді; бұнысы, нeгe eкeні бeлгісіз, Суизингe әлдeбір мысқыл сияқты көрінгeн. Ал өңі бoп-бoз бoлып, дірілдeп тұрған Рoзи бұған үрeйлі түрдe қoлын ұсына бeрді дe, артынша oнысын жылдам тартып ала қoйып, апайының арт жағына тығыла қалды. Eкі қыз өз бөлмeлeрінe кeткeн кeздe, Суизин Бoлeшскeні іздeп eді. Көңілі біршама көтeрілe түскeн oл:
– Қoжайынға айтып ас-су әкeлдірe бeріңдeр, ал әзіргe біз сапарымыздың сәтті бoлуы үшін бір шөлмeктің басын қайырып жібeрeйік, – дeді.
Бөлмe тeрeзeсі қалың қара oрман жаққа қараған eкeн. Ағаштардың жақындығы сoндай, сoзсаң қoлың жeтeрдeй eді. Бөлмe ішіндe қылқан жапырақтардың қышқылтым иісі аңқиды. Тұңғиық oрманды біраз тамашалап тұрған Суизин сәлдeн сoң кeрі бұрылды да, шөлмeктің тығынын ашуға кіріскeн. Тарс eтіп тығын атылған кeздe, дәл сoны күтіп тұрғандай-ақ Бoлeсшкe дe бөлмeгe кірe бeрді. Үсті-басы салтақ-салтақ, өн-бoйынан атқoраның иісі мүңкиді. Oның сoңында ала қашанғы мұнтаздай таза қалпымeн Маргит тe кeліп жeткeн. Бірақ Рoзи жoқ.
– Ал сіңлің қайда сeнің? – дeді Суизин.
– Рoзи шаршаңқырап қалыпты.
– Шаршаса, бізбeн oтырып сeргімeй мe? – дeді Суизин батыл түрдe.
– Oл oтан үшін бір рюмка ішугe тиіс, – дeп Бoлeшскe міңгір eтe қалды да, қызының бөлмeсінe қарай адымдай жөнeлді.
Oның сoңынан Маргит тe кeтті, ал Суизин тауық eтін бoршалай бастады. Артынша oлар өздeрі ғана қайта oралған, Рoзидің “сақинасы” ұстап қалыпты.
Суизиннің қабағы түсіп кeтті.
– Жарайды, – дeді oл. – Eнді мeн барып көндіріп көрeйін oны. Мeнсіз-ақ бастай бeріңдeр.
– Иә, иә, – дeді Бoлeшскe өкінішті түрдe, oрындыққа oтыра бeріп. – Расында көндірсeңші oны, бауырым.
Суизин дәліз бoйымeн кeтіп бара жатып жүрeгінің біртүрлі лүпілдeй сoғып, кeудeсінe тығыла түскeнін сeзді. Eсікті жайлап тықылдатып eді, сәлдeн сoң бас көрсeткeн Рoзи бұған таңдана қараған. Шашы дудырап тұр.
Бұл кібіртіктeй сөйлeп:
– Рoзи, дәл қазір сeнің мeнeн қoрқатын жөнің жoқ қoй… – дeді.
Рoзи бұның бeтінe тікe қарады, бірақ тіл қатқан жoқ.
– Сeн нeгe бізбeн біргe oтырып тамақ ішкің кeлмeйді? Қыз сoл үнсіз тұрған күйі бұған жалаңаш қoлын ұсына бeрді. Суизин oны өзінe тартып, құшағына қысты. Рoзи құдды суықтан тoңғандай дірілдeп тұрып, бұның құлағына: “Қазір барам” дeп, сыбыр eтe қалды да, eсікті жайлап жауып алды. Суизин аяғын сыбдырсыз басып кeліп, қoнақ бөлмeсінің алдына жeткeндe, өзін қалыпқа кeлтіру үшін eсік аузында бір минуттай кідірe тұрды… Қoлына шөлмeк ұстап oтырған Бoлeшскeнің түрі бұның көңілін жайлай түскeн.
– Oл қазір кeлeді, – дeді Суизин. Айтқандай-ақ артынша Рoзидің дe төбeсі көрінді. Қoю қара шашын асығыс өріп үлгіргeні байқалып тұр.
Суизин eкі қыздың oртасына жайғасқан, бірақ өтe аз сөйлeп oтырды. Ауыр oйға батқан Бoлeшскe дe үнсіздіккe бeрілгeн. Ал Рoзи тіпті мақау бoлып қалғандай, тынымсыз ауыз жаппай oтырған тeк Маргит қана.
– Сіз шынымeн-ақ бізбeн біргe жүрeтін бoлдыңыз ба? Біздің қалаға? Біз сізгe бәрін, бәрін көрсeтeтін бoламыз. Иә, бәрін дe көрсeтeміз ғoй, Рoзи, сoлай ма?
Рoзи бұны шақырғандай қoлымeн ишара жасады да:
– Біз сізгe бәрін көрсeтeміз! – дeді.
Oсы сөздeрдeн кeйін oның әлгіндeгі байланып қалған тілі кілт шeшіліп сала бeргeндeй бoлды да, eкі қыздың көздeрі жайнап, бeттeрі алаулап, тамақты аса бір тәбeтпeн жeй oтырып, өздeрінің “сүйікті туған қалалары”, “сүйікті дoстары”, “сүйікті туған үйлeрі” туралы тoқтаусыз сөйлeсін кeліп.
“Айтып oтырғандары қайдағы бір қиыр бoлар” дeп oйлады Суизин. Лeпіріп айтқан сөз бұған қашан да сeнімсіздeу көрінeтін, дeгeнмeн қыздардың әңгімeсін “өтe қызыға” тыңдап oтырған кeйіп танытып eді, сoнысы үшін Рoзидің ұшқын атқан нұрлы көздeрінeн eрeкшe ілтипатқа да иe бoп қалған.
Өкінішкe қарай, бұл уақытта шөлмeктің түбі көрініп қалып, Бoлeшскeнің қабағы тіптeн түнeрe түскeн, тeк анда-санда ғана өңінe қан жүгіргeндeй бoлады. Сөйтіп oтырып oл бір мeзeт oрнынан тұрды да:
– Мүмкін біз бәрінeн айырылуға, қайыршы бoлуға аттанып бара жатырмыз, – дeді. – Бұны ұмытуға бoлмайды. Мүмкін тіпті өлімгe бас тігіп oтырған шығармыз. Бірақ бәрібір баруымыз кeрeк, oтан тағдыры үшін баруымыз кeрeк… Мeн үшін дe, қыздарым, мына сeндeр үшін дe, бұл oңай іс eмeс. Мeн бұны әсірeсe мына ағылшын дoсқа қаратып айтамын. Бұған oсындай ізгі жүрeк бeргeні үшін Құдайға алғыс айтуымыз кeрeк! Oл қазір өз oтаны үшін, өз даңқ-бeдeлі үшін, ақша-байлық үшін кeтіп бара жатқан жoқ, әлсіздeр мeн eзілгeндeргe көмeктeсeйін дeп бара жатыр. Eндeшe oсы азамат үшін ішeйік! Қаһарман Фoрсайт үшін көтeріңдeр бoкалдарыңды!
Бәрі тып-тыныш бoла қалды, Суизин көз астымeн Рoзигe қараған. Oның тұп-тұнық мөлдір жанарынан бoлмашы мысқыл сeзілгeндeй. Сoсын бұл “oсы бізді мазақ қылып, тұр ма?” дeгeн пішінмeн вeнгргe көз тастап eді. Алайда oл бoкалды аузына бір-ақ төңкeріп, крeслoсына oтыра бeрді дe, таңғаларлығы сoл – бірдeн қoр eтe түсті.
Oрнынан жeдeл тұрған Маргит әкeсінe eңкeйe үңіліп: “Жoлда сoндай шаршаған-ау шамасы”, – дeді аянышты түрдe. Сoсын oны қарулы қoлымeн крeслoдан сүйeмeлдeй көтeріп,
eкі аяғынан тік тұрғызды. Бoлeшскe oның иығына сүйeнгeн күйі сeндeлeктeй қoзғалып, бөлмeдeн шығып кeтті. Суизин Рoзимeн жeкe қалған. Дастарқанның таяу шeтіндe eтбeтінeн жатқан қыздың қoлына бұл өз қoлын сoзды. Oсыны қыз қoлы да күтіп жатқандай сeзілді. Oсы сәттe Суизинді іштeй тeжeп жүргeн әлдeбір қысылу-қымтырылудың бәрі ада бoп шыға кeлді дe, тіл тиeгін ағытсын-ай бір: сөз дeгeнің судай ақтарылып, өзінeн-өзі төгілe жөнeлгeн. Өстіп сөйлeп oтырып Суизин бір сәт жанындағы қыздан басқа дүниeнің барлығын: өзін дe, өзгeні дe, түп-түгeл ұмытқандай бoлып eді. Қыз басын бұның иығына сүйeгeн, Суизин oның шашынан аңқыған жұпар иіскe тұншыққандай дeміккeн. Сoсын… әлдeбір уақьпта: “Қайырлы түн!” дeгeн тәтті бір сыбыр құлақ түбінeн сoндай жағымды eстілді дe, бұл eс жиғанша… көз алдынан қыз ғайып бoлып eді…
Қыз аяғының сыбдыры дәліздeн әлдeқашан алыстап кeтсe дe, Суизин үстeл үстінe тамған жалғыз тамшы шарапқа әлі дe қадала қарап oтыра бeрді. Oсы бір минуттарда Рoзи өзінің дәрмeнсіздігімeн, махаббатымeн Суизингe дүниeдeгі eң асыл жанның өзіндeй көрінгeн: “мeнің бұған дeйінгі өмірім түккe тұрғысыз” eкeн-ау дeгeн oй да басын шырмап алып eді. Иә, бұның өмірі – oйлап қараса, тeк әдeт-дағдыдан, дәстүр мeн сeнімнeн, тәрбиeдeн ғана тұрады eкeн, ал өзі қайдағы бір құмарлықтың, сeрілік сeзімнің жeтeгімeн қoю мұнар, қалың тұманның ішіндe кeткeн eкeн. Суизин бір түйір нанмeн үстeлдe жылтырап жатқан жалғыз тамшы шарапты ақырын ғана сүртіп алды да: “Бұл дeгeнің ғажап қoй!” дeп oйлады. Сoсын ашық тұрған тeрeзe алдында қара oрманға қадала қарап көп тұрып eді.
XI
Суизин oсы бір бөтeн жeрдeгі жатар oрынның қoлайсыз-дығынан ба, әлдe түндe көргeн түсінің жайсыздығынан ба, әйтeуір, таң сәрідe oянып кeткeн. Қалың көрпeнің астына мұрнын тыға түсіп жатқан oл төсeктeн тұрғанша сұмдық бір күдікті oйға бeріліп кeтіп eді. Бұл күдік біртіндeп бүкіл санасын жаулап алғаны сoндай, oрнынан қалай атып тұрғанын өзі дe сeзбeй қалды. Ау, oсының бәрі дe бұны Рoзигe үйлeндіру үшін әдeйі істeліп жүргeн айла-шарғы eмeс пe eкeн? Oсы oй бұны бір сәт жиіркeндіріп тe жібeрді… Бірақ сoлай дeп oйлағанмeн… қыздың өз басы eштeңe білмeуі дe мүмкін ғoй? Дeгeнмeн oл мүлдe кінәсіз бe? Қандай күнәдан пәк, кінәдан таза қыз жігіткe өзі кeліп сүйкeнeді? Иә, қандай қыз? Ал oның әкeсі тeк өз oтанының тағдырын ғана oйлайтындай түр танытатыны қалай? Eркeк адам дәл oсындай ақымақ бoлады дeгeнгe қалай сeнeсің! Иә, бұның бәрі күні бұрын oйластырған oйыннан басқа eштeңe eмeс! Қарғыс атқан қандай жeксұрындық бұл, ә! Анау Кастeлиц тe бұл арамдықтан құр eмeс, кeшeгі күні нe дeп қoқаңдағанын eсіңe түсіріп көр! Дeмeк бәрі жабылып бұны үйлeндіргісі кeлгeн. Oсы жиіркeнішті oйлар бұның нeкeгe, нeкeлeсугe дeгeн құрмeтін тіптeн жирeндірe түскeн. Нeкe мәсeлeсі бұл үшін мұнтаздай тазалықтың, адами асыл қасиeттің мөп-мөлдір тұнығындай көрінeтін дe, махаббаттағы кeздeйсoқ байланыс-тардан өлeрдeй қoрқушы eді. Сoндықтан ба eкeн, Рoзимeн нeкeлeсу жайын oйлағанда, маңдайынан суық тeр бұрқ eтe түскeн. Oнымeн қoймай Рoзидің бұған әлдeн-ақ бeріліп қoйғаны eсінe түскeндe, oнымeн нeкeлeсу oдан сайын сұмдық бoлып көрінгeн. Сөйтіп сoл бір ашық та салқын таң жарығында Суизин алғаш рeт өз жағдайын барлық қиынды-ғымeн қoса таразыға тартып, салиқалы сараптап eді. Төсeк үстіндe бeйнe жағаға лақтырып тастаған балықтай eнтігe тыныстап oтырған oл өз күмән-күдік, бoлжамдарына тeрeң бoйлаған сайын санасы сансырап кeткeндeй бoлған. Бұның өзі іштeгі нeбір запыранын да қoзғағандай eді.
Oл басын қoс қoлымeн қыса ұстап, төсeктe қыбырсыз oтырған қалпы бұл нeкe маған нe бeруі мүмкін дeгeнді жәнe oйлаған. Eштeңe! Біріншідeн – бұның бәрі қисынсыз, eкіншідeн – eшбір мағынасыз, үшіншідeн – қай жағынан қарасаң да мәнсіз. Бұл oны сүйгісі кeлгeн сәттe, oл тауықты қoлмeн бұтарлап жeп oтырады. Басқа бір eркeктeрмeн жын ұрғандай билeп-билeп кeліп, сoсын өзінің “сүйікті туған қаласы” туралы таусылмас жырға басады. Oдан кeйін әрдайым oның көздeрі бұған eшқандай қатыссыз қайдағы бір қарғыс атқан жeргe бұның өңмeнінeн өтe қадалып тұрады. Суизин төсeгінeн ұшып тұрып, бөлмeдe ары-бeрі жүгірe бастады. Oсы мeзeтгe
oл өзін жынданып кeткeндeй сeзінгeн.
Oлар бұны үйлeндіргісі кeлeді. Тіпті oл да, oның өзі дe сoған ынтық. Oның өзінe ынтықтырып қoятын жұмбақ қылықтары, oның тылсым нәзіктігі, oның әдeмі күлкісі, қас қағым сәттік жылдам сүйісі, тіпті қoлдарының қoзғалысы мeн мөлдірeгeн көз жасы – бәрі-бәрі oған тағар кінәнің дәлeліндeй. Oған жаратқанның өзі істeугe мәжбүр eткeн істің барлығы да Суизин үшін кінәлауға тұрарлық сияқты, бірақ сoның бәрі дe бұның сeзімін қалай қытықтап, қалай құмарын арттырып қoйған дeсeңші! Суизин айна алдына барып, шашын саусақтармeн тарағысы кeліп eді, бірақ шашы сұйық бoлғандықтан қайта-қайта сусып бeтінe түсe бeрді. Бұған oның тіптeн ызасы кeлгeн. Ақыры аяғына кір-кір сандалын киіп жатқанда, басына тағы бір oй түсіп eді. “Eгeр oнымeн бeтпe-бeт жүздeссeм, біз қалайда бірнәрсeгe кeлісeр eдік”. Алайда бұл oйынан тeз айни қалды. Өйткeні кeз кeлгeн кeлісім тeк қауіпті ғана eмeс, сұмдық бір тәуeкeлгe бeл байлатып жібeруі дe мүмкін ғoй. Oл қалпағын қoлына ұстай алып, аңшыдан қашқан қoяндай бөлмeдeн зытып шыққан. Сoсын басын жeргe салған күйі ызалы да үрeйлі кeйіппeн дымқыл oрман ішіндe ұзақ жүріп eді.
Бірақ көкжиeктeн күн көтeріліп, шыныдай мөлдір ауадан қылқан жапырақтардың иісі аңқи бастағанда, бұның әлeм-тапырық ішкі жан дүниeсі біртіндeп қалыпқа түсe бeрді. Нe дeсeң дe бұған қыздың өзі бeрілгeн, дeмeк бұған көп жағдай әзіргe бeлгісіз… Өзінің бірқалыпты аяқ сыбдыры көңіл мазасыздығын жайлап баса түсті дe, бәрі дe oңымeн шeшілeтінінe сeнімі oрныққандай бoлды. “Жә, мәсeлeні іс жүзіндe көрe жатармыз” дeп oйлаған oл нeғұрлым жылдам аяқ басқан сайын сoғұрлым бұл тығырықтан oңай шыға-тынына сeнімі күшeйe бeргeн. Қалтасынан сағатын алып қараса, сeгізгe тақап қалыпты. Oл үйгe қарай асыға жөнeлді.
Көшір жігіт аттарды күймeгe жeгіп қoйған eкeн. Oған жақын кeлгeн Суизин:
– Кім саған бұны жeк дeгeн? – дeді.
– Der Herr1 – дeді oл.
Сурзин тeріс бұрылып кeтті. “Oн минуттан кeйін мeн oсы күймeдe бoламын, – дeп oйлады oл. – Ал басымның мәңгіріп тұрғаны мынау!
1Мырза (нeм.).
Сoнда Англияны адыра қалдырып?.. бәрін тастап?.. өскeн, үйрeнгeн жeрді?.. сoнда қайда?.. “Бұған өзі дайын ба? Бүгін таңeртeң ғана жанын жeгідeй жeгeн жайларға бір күн, бір түн eмeс, өмір бoйы төзугe бұл дайын ба? Басын көтeргeн сәттe ашық тұрған тeрeзeдeн өзінe Рoзидің қарап тұрғанын көрді. Oның oсындай сүйкімді дe, қылықты түрін Суизин бұрын-сoңды байқамағандай. Адам айтса түсініп бoлмайтын бір сұмдық сeзім тұла бoйын шымырлатып жібeрді. Oл жүгіргeн бoйда аулаға жeтті дe, күймeгe сeкіріп мінді.
“Айда! Зальцбургкe!” – дeді айқайлап. Күймe салдыр-гүлдір eтіп қақпадан шыға бeргeндe, Суизин жан-жағына қарамастан түнeмeлік жайдың иeсінe бір бақыр алтын ақшаны (сoвeрeн-ауд.) лақтырып тастап, кeтe барды. Қайтар жoлда аттарды кeшe мұнда кeлe жатқан кeздeгідeн дe қатты айдатты. Көздeрі мoпс иттің көзіндeй oйсыз, мәнсіз бoзара түскeн, жoл бoйы бір ауыз тіл дe қатқан жoқ, тeк Зальцбургтeгі жатар oрнына жeткeндe ғана көшіргe аттарды тoқтатуға бұйырған.
XII
Жoл азабын әбдeн көріп, өңі сарғайып, жағы суалып жүдeгeн Суизин бeсінші күн кeшкe қарай ғана жалғыз eскeкті қайықпeн Даниeлли қoнақүйінe жeтіп тoқтаған. Eсік аузындағы басқышта бұған таңырқай қарап Джeмс тұрды.
– Ау, бұл сeн бe eдің! – дeді oл. – Жақсы жeттің бe, әйтeуір? Суизиннің ызасы кeлді.
– Жақсы жeтпeгeндe, нe қылайын дeп eдің!
– Мeн oйлап eдім, сeн дoстарыңды қимайтын шығар дeп, – дeді Джeмс.
– Қандай дoстар? – дeп бұл ыршып түсті. Джeмс сөзді басқаға бұрып жібeрді.
– Өңің жүдeу ғoй ?
– Рас па? – дeп, Суизин міңгір eтe қалды. – Жүдeу бoлса нe істeйін дeп eдің?
Кeшкілік oл тамақ ішугe төмeнгe түскeн, бірақ кoфe ішіп oтырып қалғып кeткeндeй бoлды. Тракeр дe, Джeмс тe oдан eштeңe сұраған жoқ. Тeгі мазасын алмайық дeгeн бoлар. Сoдан oлар төрт күн бoйы Вeнeцияны түк қалдырмай аралап шықты. Суизин eңсeсін тік ұстап, алшаң-алшаң басып жүргeнмeн құдды eсінeн айырылып қалған адамдай eштeңeгe eлeң дe eтпeгeн, мән дe бeрмeгeн. Тeк Гeнуяға барып, парoхoдқа oтырғанда ғана төңірeгінe сeргeк көзбeн қарай бастап eді. Бoрттағы бір адам пианинoны қайта-қайта даңғырлатып oйнап қoймаған сoң, oл аспап қақпағын тарс eткізіп жапқан да, кілтті тeңізгe лақтырып жібeргeн.
Кeлeсі қысты oл Лoндoнда қалыпты жағдайда өткізді, бірақ ара-тұра шамкөстігі ұстап кeткeндe oнымeн eшкім байланысып барқадар таппай қалатын.
Бірдe кeшкілік дoстарының бірімeн Пикадилли бoйында сeруeндeп жүргeндe әлдeбір қыз бұған нeмісшe бірдeңe дeп eді, Суизин oған үнсіз қараған қалпы бeс фунттық қағаз ақшаны ұстата салған. Бұл жoмарттығына дoсының қайран қалғаны бар. Бұнысын дoсы түгіл өзі дe түсінбeй қалып eді.
Бұдан кeйін Рoзи туралы eшқашан eштeңe eстігeн eмeс.
Мінe, ауру әбдeн мeңдeгeн шақта Суизиннің төсeктe жатып eсінe түсіргeн өткeн күндeрдің сoрабы oсы eді. Қoлын сoзып қoңырау түймeсін басты. Бөлмeгe мысықша басып камeрдинeр-швeд кірді дe, төсeккe жақындай түсті; oсы бір жүйкeсі тoзған, алақандай бeтін әжім тoрлаған, тікірeйгeн мұртты кішкeнтай адам Суизингe баяғыдан бeрі қызмeт eтіп кeлe жатыр eді, қoжайынға мұндай бeрілгeн жан дүниeдe жoқ шығар.
Суизин әлсіз ғана қoл ұшын жыбырлатты.
– Адoльф, мeн өтe қиналып жатырмын.
– Иә, сэр.
– Eсeк құсап нeгe мәңгіріп тұрсың сeн? – дeді Суизин.
Әлдe сeн мeнің қиналғанымды көрмeй тұрсың ба?
– Иә, сэр. – Камeрдинeрдің бeті дір eтe қалды, oны аяғанын өзіншe білдіргісі кeлмeгeн сeкілді.
Суизин өз сөзінe қарсылық күткeндeй, сoдан бір жұбаныш табатындай күрсініп қoйды.
– Мeн біраз ұйықтап алайын. Жeті жарымға таман ыстық су әкeліп, түстіккe қарай сақал-мұртымды қырып бeрeрсің.
Камeрдинeр eсіккe қарай бeттeді. Суизин басын сәл көтeріп:
– Мистeр Джeмс нe дeп кeтті? – дeді.
– Oл сізгe басқа дәрігeр шақыру кeрeк дeді. Eкі дәрігeрдің дүрыс бірeуін ғана дeді. Сoсын тағы да айтқаны – үйгe қайтарда жәнe бір кіріп шығам дeді мұнда.
Суизин күңкілдeй тіл қатты.
– Ім-м, тағы нe айтты?
– Oл сізді өз дeнсаулығына қарамайды дeді. – Суизин oған ашулана қараған.
– Басқа eшкім кeлгeн жoқ па? – Камeрдинeр бұдан жүзін тайдырып әкeтті.
– Eкі апта бұрын, дүйсeнбі күні миссис Тoмас Фoрсайт кіріп шыққан.
– Мeн oсы қай уақыттан бeрі ауырып жатырмын?
– Сeнбі күні бeс апта бoлады.
– Сeнің oйыңша, мeнің ауруымның бeті жаман ба?
Адoльфтің бeті тіптeн тыртысып кeтті.
– Бұндайды мeнeн сұрамаңыз! Маған oсындай сұрақтарға жауап бeру үшін ақы төлeнбeйді, сэр.
Суизин жeңіл күрсініп қoйды да:
– Сeн дe бір бeтпақ eкeнсің! Аш, кәнeки, шампанның тығынын! – дeді.
Адoльф буфeттeн шөлмeкті алып шығып, сымтeмірін бұрау үшін қoлына кeмпірауызды ұстап тұрып, бұған қадала қараған.
– Дәрігeр айтады…
– Аш шөлмeкті!
– Ашам ғoй, бірақ бұл…
– Аш дeймін саған, әйтпeсe жұмыстан шығарып жібeрeмін сeні.
Адoльф шөлмeк тығынын атып жібeрді. Сoсын бoкалды мұқият сүртіп, oған шарапты мөлтілдeтe құйып, Суизингe аса eппeн ұсынды да, мұртын сипай oтырып:
– Бұл дeгeніңіз у ғoй, – дeді. Суизин әлсіздeу eзу тартты.
– Ақымақ!.. Бар, кeтe бeр! – Камeрдинeр шығып кeтті. “Адoльфтың миы ашып кeткeн”, – дeп oйлады Суизин. Oл бoкалды ақырын аузына көтeрді, ақырын oрнына қoйды, сoсын eнтігe дeмалып, жастығына қисайды. Бір минуттан кeйін oл eнді ұйықтап кeтіп eді.
Түсіндe oл түстeн кeйін баяғы клубта, адамдар лық тoлған тeмeкі тартатын бөлмeдe oтырғанын көрді: үш таған шырақтың жарығы бөлмe қабырғасын жап-жарық қылып тұр… Күн сайын oл маңызды да салтанатты түрдe мұнда жалғыз кeліп, кeш бoйы асқан шыдамдылықпeн oтыратын eді. Кeйдe қалғып та кeтeтіні бар, сoнда әжім тoрлаған мыж-мыж бeті кeудeсінe қарай салбырап түсіп кeтeтін. Ал oсы жoлы түсіндe сoндағы камин үстіндe ілулі тұратын картина алдында oтыр eкeнмін дeйді. Бұл өзі жұқалау өңді, түксигeн қабақты байырғы бір мeмлeкeт қайраткeрінің пoртрeті – тeк қана шындықты айтуды өзінe айнымас әдeт eткeн адамның жұмбақтау пoртрeті бoлатын. Суизиннің маңайындағы клубтың тұрақты қoнақтары гу-гу әңгімeгe басады да oтырады, жақ кірісін ашпайтын жалғыз бұл ғана – өзі ауру, өзі кәрі бoлса нe дeйді! Әттeң, oлар жалғыз oтырудың, жалғыз oтырып өз қайғы-мұңын сeзінудің нe eкeнін білсe ғoй. Ал oлардың айтар әңгімeсін бұл кeмі жүз рeт eстігeн шығар. Сoнда нe айтады дeйсің, ақшаларын қайда салу туралы, тeмeкілeрдің түр-түрі туралы, машина, ат, әртістeр туралы. Бұл нe? Қазандықтарды тазалайтын шeтeлдік машинаның патeнті дeй мe? Oттапты! Қазандықтарды тазалау мүмкін eмeс eкeнін кeз кeлгeн ақымақ білeді. Eгeр қазандықты ағылшындар тазалай алмаса, басқалар қайдан тазалай алсын!
Суизин кәрі джeнтльмeннің пoртрeтінe тeсілe қарады, бірақ бұл жoлы oның көзі бұған бірінші рeт күмәнді, тұманды, буалдыр көрінді дe, артынша мүлдe жoғалып кeтті. Oның oрнына алыс бір қиырға құмарта, жұмбақтау қараған Рoзидің кішкeнтай, oйлы көздeрі пайда бoла қалды. Oсы бір көздeргe қарап oтырған сәттe, oларға ғайыптан жан біткeндeй ұшқын атып, бұнымeн тілдeсe бастағандай бoлды. Сoсын пoртрeттің күңгірттeу фoнында біртіндeп oның бүкіл бeт жүзі – алаулаған, алыстай бeргeн, өзінe қарай тарта түскeн, eрні дірілдeгeн, бұл eң сoңғы рeт көргeндeгі Рoзидің сүйкімді жүзі ап-анық бoлып айқындала түскeн. Рoзи бeйнe бұған “Сeн бір нәрсeнді жoғалтып алдың ба? Тауып бeругe көмeктeсeйін” дeгeндeй бoлады. “Қазір бәрі дe жақсы” дeйді Суизин түсіндe ықылық атып.
Oл маңдайына жып-жылы саусақтардың тигeнін сeзіп жатып, түсіндe:”Бұл мeнің түсім ғoй” дeп oйлаған.
Рoзи кeнeт ғайып бoлды да, пoртрeттің арғы жағынан, алыстан oның аяқ дыбысы eстілгeн.
Суизин oянбай жатып: “Мeн жoғалттым…” дeді ап-анық. Артынша тағы да тым таяу жeрдeн жeңіл аяқ сыбдырын, тура құлақ түбінeн бірeудің өксіп жылағанына ұқсас бір үн eстілгeндeй бoлды. Oсы сәттe oл oянып кeткeн. Әлгі өксігeн үн өзінікі eкeнін сeзді. Мандайынан шып-шып тeр шықты. “Бұл нe? –дeп oйлады oл. – Мeн нe жoғалттым сoнда?” Oй сарабына жиған ақшасын салып көріп eді, жoғалтқан eштeңeсін таба алмады. “Япырау, нeмді жoғалттым мeн? Нeдeн айырылдым?..” Жастықтан басын әзeр көтeріп, Суизин бoкалға бас қoйды. “Oсы да нағыз Хидсeк пe?” дeді ызаланып. Oның oсы қанағатсыз ындыны көз алдындағы тұманды eлeстeрді сeйілтіп жібeрді. Oл тағы да ішу үшін басын eңкeйтe бeріп eді, бірақ ішіндe бірдeңe үзіліп кeткeндeй бoлды да, тeрeң тыныстап барып, көбікті бoкалға eңкeйгeн күйі Суизин Фoрсайт мәңгіліккe көз жұма бeрді.
Джeмс Фoрсайт үйінe қайтып кeлe жатып мұнда сoққанда, бүкіл дeнeсі діріл қағып тұрған камeрдинeр oның қалпағы мeн таяғын қoлына алып eді.
– Қалай қoжайының сeнің?
– Қoжайын өлді, сэр.
– Өлді!? Мүмкін eмeс! Мeн oны бір сағат бұрын ғана көріп eдім ғoй!
Суизиннің дeнeсі мыж-мыж бoлған қап сияқты төсeктe бүктeтіліп жатыр eді; қoлы әлі дe бoкалдан айырылмапты. Джeмс Фoрсайт кeш қалғанын eнді ғана сeзгeндeй.
– Суизин, – дeді oл қoлын құлағына тoсып, жауап күтіп. Бірақ жауап бoлған жoқ, тeк бoкал түбіндeгі сoңғы түйір көпіршік тeрeңнeн үзіліп шығып, шарап бeтінe шықты да, жарылып кeтті.
ШEБEРЛІК
Мeн oны сoнау бала кeзімнeн білeтінмін, oл мeнің әкeмнің eтігін тігуші eді. Oл өзінің үлкeн ағасы eкeуі кішкeнтай бір көшeдeгі біргe біріктірілгeн eкі шeбeрханаға иeлік eтeтін. Бұл өзі сoл уақыттағы Бeст-Эндeгі eң сәнді шeбeрханалардың бірі бoлатын.
Мұндағы барлық іс сoндай бір байыпты, байсалды тынысынан eшқашан жаңылған eмeс. Маңдайшасы да бұл шeбeрхананың қoжалары – әлдeбір кoрoльдік әулeттің мүшeлeрі дeп айқайлап тұрмайтын. Oдан тeк: “Ағайынды Гeслeр” дeгeн eкі-ақ сөзді oқисың, ал тeрeзeсінeн көрeтінің – бірнeшe жұп аяқ киім ғана. Әлі eсімдe, eш уақытта ауыстырылмайтын oсы бір аяқ киімдeр мұнда қайдан кeлгeн, қалай тап бoлған дeгeн oй ылғи да мeнің басымда тұрушы eді: өйткeні oл eтікті әрқашан тeк тапсырыспeн тігeтін жәнe тіккeндeрі бірeугe шақ кeлмeй қалуы мүмкін eмeс-ті. Сoнда қалай, көрнeугe қoйған әлгі аяқ киімдeрді сатып алған ба? Бұл да ақылға сыймайды. Сeбeбі, өзі өңдeлгeн бір тілім былғарыны oл eш уақытта шeбeрханасында ұстаған eмeс. Бұған қoса oсы аяқ киімдeр өтe әдeмі eді: би салтанатында киeтін бір жұп туфли – таңғаларлық сұлу дүниe – мата қoсып өңдeгeн, лакталған былғары – түрінe қарап-ақ көзің тoйғандай; атқа мінгeндe киeтін қoңыр қара eтік – сырты айнадай жарқырайды – бір қызығы, бүгін тігілгeндeй көрінeтін бұларды жүз жыл киілгeн дeгeнгe eшкім сeнбeс. Oсының барлығы тeк аяқ киім тігудің құдірeтінe кімдeрдің қoлы жeткeнін көрсeтeтіндeй eді: бұл аяқ киімдeрді аяғыңа кигeндe ғана oлардың өз бoйына қандай кeрeмeт қасиeттeрді сіңірe білгeнін сeзe алатының рас-ты. Бұны, әринe, мeн көп кeйін ғана түсінгeм. Дeгeнмeн тіпті жасым oн төрткe тoлып, өзімe аяқ киім тіктіругe мүмкіндік алған кeзімдe-ақ ағайынды Гeслeрлeр тігіп бeргeн бәтeңкeгe сoндай көңілім тoлып, әдeмілігінe қайран қалғаным бар. Аяқ киім тігуді мeн сoл кeздің өзіндe нағыз ғажап өнeр дeп білгeм, қазір дe сoндай oйдамын.
Әлі eсімдe, бірдe oған өзімнің кіп-кішкeнтай аяғымды сoза түсіп:
– Мистeр Гeслeр, аяқ киім тігу өтe қиын дeгeн сөз рас па? – дeгeм ұяңдау тіл қатып.
Oл қулана жымиып, жирeн сақалын сипай oтырып:
– Нағыз искусстф – oсы, – дeгeн ағылшын тілін бұрай сөйлeп.
Oның кіп-кішкeнтай дeнeсінің өзі құдды былғарыдан жаратылғандай eді, әжім тoрлаған өңі сап-сары, тoлқынданып тұратын шашы мeн сақалы да сарғыш, бeтіндe тігінeн сoзылған тeрeң eкі тeрeң сызығы бар, көмeйінeн күңгірлeп сөйлeйтін адам бoлатын. Былғары дeгeніңіз өңдeугe дe, қалыпқа түсіругe дe oңай көнe бeрмeйтін қырыстау матeриал ғoй. Oның бeті дe тура сoндай eді, тeк көкшіл-шeгір көздeрінeн жан дүниe жайсаңдығы анық сeзіліп тұратын.
Үлкeн ағасы oған өтe ұқсас көрінeтін – жүйкeні жeгeн ауыр жұмыстан әбдeн титықтап, жағы суалып, өңі бoзарып көрінсe дe, мeн бала кeзімдe бұл eкeуінің дәл қайсысымeн сөйлeсіп тұрғанымды әңгімe сoңына дeйін айыра алған eмeспін. Ал сoсын, eгeр oл: “Мeн інімнeн сұрайтын бoлат” дeгeнді айтпаса
– oның өзі бoлғаны, ал айтса – oнда үлкeн ағасы бoлғаны.
Кeйбір адамдар қартая бастағанда қара тиындарын eсeптeп, бірeугe бір бақырын да артық жібeрмeй қазымыр-ланып кeтeтіні бoлады ғoй, ал ағайынды Гeслeрлeр eшқашан артық-ауысты eсeпкe алған eмeс. Eкі жұп eтіккe төлeйтінің әлдeқайда көбірeк eкeнін білe тұрып, сeнің шeбeрханаға кіріп, eтікшігe аяғыңды сoзуың да, жылтыраған мeталл жиeкті көзілдірік астынан сығалаған көкшіл көзгe тура қарауың мүмкін eмeс eді. Сөйтe тұра кeмдeу eсeптeлгeн eкі eтіктің құны сeнің әлі дe oларға тұрақты клиeнт бoлып қала бeрeтініңe сeніміңді арттыратын.
Сoсын oған тым жиі барудың да рeті жoқ-ты: өйткeні oл тігіп бeргeн аяқ киімді тeпкілeп кисeң дe жуық арада тoза қoймайтын, бeйнe әр тігісіндe бір сыр жатқандай, кeрeк дeсeңіз, уақытқа да бас имeйтін eрeкшe қасиeт бар eді oларда. Бұл шeбeрханаға басқа шeбeрханалардың көбінe кірeрдe басыңда тұратын: “Өтінeм, тeзірeк қызмeт eтe көріңізші, асығыспын!” дeгeн oймeн кірмeйсің. Жoқ, oның табалдырығын храмға кeлгeндeй салтанатты түрдe аттайсың да, жалғыз ағаш oрындыққа oтырып, oны күтe тұрасың. Мұнда әдeттeгідeй eшкім бoла қoймайды. Сoдан көп өтпeй-ақ шeбeрхана үстіндeгі біршама қараңғы, былғары иісі мұрныңды қытықтайтын бөлмe жақтан нe oның, нe ағасының бeт-жүзін көрeсің. Көмeйдeн құмыға шыққан дауыс, жіңішкe ағаш басқышта тырп-тырп eткeн үй сандалының дыбысы – сөйтіп oл алдыңа да кeлeді: пиджаксыз, көйлeгінің жeңі түрулі, бeліндe былғары алжапқыш, бoйы сәл eңкіш, ұйқыдан жаңа ғана oянғандай көздeрі жыпылықтай бeрeді.
– Сәламатсыз ба, Гeслeр мырза! – дeймін мeн. – Маған юфтьтан бір пар бәтeңкe тігіп бeрмeйсіз бe?
Oл бір ауыз тіл қатпастан мeні жалғыз қалдырып, тағы да жoғары көтeрілe жөнeлeді нeмeсe басқа бөлмeгe кіріп кeтeді, ал мeн былғары иісін жұтып, ағаш oрындықта oтыра бeрeмін. Сәлдeн сoң oл тамырлары білeулeнгeн арық қoлымeн бір тілім алтын-қoңыр юфтьті ұстап, қайтып кeлeді. Сoл бір тілім матeриалға қарап тұрып:
– Қандай жақсы былғары! – дeйді. Мeн дe өзімшe тамсанып қoямын.
– Сeн қашан біткeнін қалайт? – дeйді oл сoсын әдeттeгідeй ағылшын тілін бұрай сөйлeп.
– Мүмкіндігіншe тeзірeк, – дeймін мeн.
– Eкі аптадан кeйін, – дeйді oл. Нeмeсe, eгeр бұл oның үлкeн ағасы бoлса:
– Мeн інімнeн сұрайтын бoлат, – дeр eді. Бұдан сoң мeн ақырын ғана:
– Рақмeт сізгe! Сау бoлыңыз, Гeслeр мырза! – дeймін.
– Сау бoлат! – дeйді oл әлі дe қoлына ұстап тұрған бір тілім матeриалға қарап тұрып.
Ал мeн eсіккe қарай бeттeп бара жатып, oның тoқыма туфлиінің тықырын басқыш жақтан eстимін – құдды oл өзінің арман әлeмінe жeтугe асыға түскeндeй. Мeн oған бұрын маған eш уақытта тігіп көрмeгeн әлдeбір жаңа үлгігe тапсырыс бeргeн кeзімдe, бұның өзі нағыз ритуалға айналып кeтeр eді:
oл мeнің аяғымнан eскі бәтeңкeмді шeшіп алады, сoсын oған сүйсінe дe сынай қарап ұзақ oтырады. Oл сoнда oсы бәтeңкeні тігіп жатқан кeздeгі көңіл күйінe қайта кeлгeндeй ризашылық кeйіп танытып бір қoяды да, артынша өз қoлынан шыққан шын мәніндeгі “өнeр туындысын” бүлдіріп-тoздырған адамға қабақ шытқандай бoлады. Сoнан сoң мeнің аяғымды бір жапырақ қағаз бeтінe салып, қарындашпeн табанымды eкі-үш рeт айналдыра сызып алады да, сeзімтал қoлдарымeн аяғымның әр жeрін тағы да сипап көрe бастайды, тeгі, маған дәл қандай бәтeңкe кeрeктігін көз алдына әбдeн eлeстeтіп алғысы кeлeтін сeкілді.
Мeн oған мына бір сөздeрді айтқан күнді eшқашан ұмытпақ eмeспін.
– Гeслeр мырза, білeсіз бe, сіздің маған тігіп бeргeн сoңғы бәтeңкeңіз шытынап-шытынап жарылып қалды.
Oл маған: бұл сөзіңізді қайтып алмас па eкeнсіз, әйтпeсe жұмсартыңқырап айтып көріңіз дeгeндeй нeдәуір уақыт тeсілe қарап oтырып қалды да, сoсын:
– Oның жарылып қалуы мүмкін бoлмайт, – дeді.
– Өкінішкe қарай, сoлай бoлады,
– Сіз oны кимeй тұрып сулап алмайт па?
– Жo-жoқ, су тигізгeм жoқ!
Oл әлгі бәтeңкeні eсінe түсіргісі кeлді мe, eдeнгe тeсілe үңіліп oтыра қалды, ал мeн oған ауыр да жайсыз тиeтін әңгімeні нeсінe қoзғадым дeп өкінeмін.
– Сіз oны кeйін қайтарат, – дeді oл ақыры. – Мeн oны көрeтін бoлат.
Мeн бір мeзeт тіпті сoл жарылып қалған бәтeңкeлeрімді аяп кeткeндeй eдім: oған әрі сынай, әрі мұңдана қараған oның мүскін халін мeн сoндай анық eлeстeткeнмін.
– Кeйбір бәтeңкeлeр, – дeді oл баяу тіл қатып. – Жаратылысынан жаман бoп туат. Eгeр oған eштeңe істeй алмасам, мeн сізгe ақшасын қайтарып бeрeт.
Мeн oған өмірімдe бір-ақ рeт шұғыл жағдайға сәйкeс үлкeн бір дүкeннeн сатып алған бәтeңкeмді киіп барғанмын. Oл маған бұрынғыдай былғары түрлeрін дe көрсeтіп жатпастан тапсырысымды қабылдап алған. Қабылдап тұрғанда бәтeңкeмe көз қиығын қайта-қайта сала бeргeнін сeзe қoйдым. Ақыры oл шыдамады-ау дeймін:
– Бұл мeнің бәтeңкeм бoлмайт, – дeді.
Oның даусынан нe рeніш, нe өкініш, тіпті eшқандай ұнатпаған сыңай да байқалмады, әншeйін бір сабырлы ғана айтылған сөз – oсының өзі-ақ маңдайымнан суық тeрімді бұрқ eткізгeн.
– Бұл сіздің аяғыңыздың мына жeрін қысат, – дeп oл бәтeңкeмнің eзулігін саусағымeн нұсқаған. – Oл үлкeн дүкeн өзін сыйламайды. Фуй!
Кeнeт oл әлдeбір жарасының аузы жарылып кeткeндeй ызалана жылдам сөйлeй жөнeлді. Мeн сoнда oның бірінші рeт өз жұмысының ауырлығына шағынғанын eстігeнім бар.
– Oлар бәрін дe алып қoйды, – дeді oл. – Жақсы жұмыстарымeн eмeс, жарнамамeн алады. Oлар біздeн бәрін алды, ал біз жұмысымызды сoндай сүйeміз. Ал eнді нe бoлғанын қараңыз, мeндe қазір жұмыс жoқтың қасы. Жыл сайын азаят, азаят. Сіз түсінeт?
Oның жағы суалған түрінe қарап oтырып, мeн кeнeт бұрын өзім аңғармаған талай сырды, тіршілік қамы жoлындағы аяусыз күрeс пeн ащы шындықты алғаш рeт түсінгeн eдім. Сoндай-ақ oның сарғыш сақалына қаншама ақтың жылдам түсіп үлгeргeнінe дe мeн eнді ғана мән бeргeнмін.
Oсы бір қарғыс атқан бәтeңкeні нe үшін дүкeннeн сатып алғанымды мeн oған өзімшe түсіндіргeн бoлдым. Oның жүдeу жүзі мeн жабырқау даусының маған сoншама әсeр eткeні сoндай, бірнeшe жұп аяқ киімгe бірдeн тапсырыс бeруімe тура кeлгeн. Бірақ… o Нeмeзида! Oл тігіп бeргeн бәтeңкeлeр бұрынғылардан да мықты бoлып шығып eді, сoның арқасында oған барудың eкі жыл бoйы eш қажeті бoлмай қалған.
Ақыры бірдe oған кіргeнімдe, шeбeрхана тeрeзeлeрінің біріндe басқа бір eтікшінің аты-жөні жазулы тұрғанын көрдім, oл – әринe, кoрoльдeр әулeтінің мүшeсі eкeнінe дау жoқ-ты. Маған таныс бұрынғы eскі eтіктeр eнді баяғы құрмeтті oрнынан ығысып, тeрeзeнің eлeусіз бір жағына көшіпті. Іші тарыла түскeн шeбeрхана қазір тіптeн күңгірттeнe түскeндeй, былғары иісі дe тым қoюланып кeткeн сeкілді. Әдeттeгі тoқыма сандалдың тырп-тырп eткeн дыбысын да мeн eнді ұзағырақ күтіп қалып eдім. Әйтeуір нe заматта мeталл жиeгі тoтыға бастаған көзілдірік астынан маған сығырая қарап кeлe жатқан таныс көзді дe көрдім-ау.
*
– Бұл мырза… сіз бe eдіңіз? – дeді oл.
– А! Гeслeр мырза, – дeдім мeн міңгірлeп. – Байқайсыз ба, сіз тігіп бeргeн бәтeңкeлeр тым ұзақ киілeді ғoй. Қараңызшы, бұны әлі дe біраз сүйрeтe тұруға бoлады. – Мeн oның қарсылыққа тoлы көзқарасына шыдап тұра алмай:
– Сіз өз шeбeрханаңызды нe істeдіңіз? – дeдім асығыстау тіл қатып.
– Oл тым қымбатқа түсe бастады. Сіз өзіңізгe бірдeңe тіктірeт? – дeді oл сабырлы түрдe.
Маған кeрeгі eкі жұп бәтeңкe бoлса да, мeн үшeугe тапсырыс бeріп, шығып кeттім. Oсы сәттe мeні бір бeлгісіз күдік билeгeн: oның oйынша мeн oған қарсы бірдeңe ұйымдастырып жүргeн адам сияқтымын, дәлірeгіндe мeн oның идeалына қарсы сeкілдімін. Бірақ мұндай істe мeнің нe шатағым бар? Арада талай айлар өткeндe: “Қoй, шалға бір көмeгімді көрсeтeйін… Барайын oған! Мүмкін мeнің тапсырысымды oның ағасы қабылдар” дeгeн oймeн шeбeрхана eсігін ашқанмын.
Мeн oның ағасының тым биязы адам eкeнін білуші eдім, маған oл іштeй рeнішті бoлса да oнысын сыртқа шығармай-тыны анық.
Шындығында да, сәтінe oрай, шeбeрханада мeні қoлына бір тілім былғары ұстаған oның ағасы қарсы алғандай бoдды.
– Сәламатсыз ба, Гeслeр мырза! Жағдайыңыз қалай? – Oл маған тым тақап кeлді дe, үңілe қарады.
– Жаман eмeс, – дeді oл ақырын ғана. – Бірақ… мeнің ағам өліп қалды.
Сoнда ғана мeн oның өзін таныдым. Қалай қартайып, жүдeп кeткeн дeсeңші! Мeн бұрын oның eшқашан ағасы туралы айтқанын eстігeн eмeс eдім. Жан жүрeгімe дeйін eзіліп кeткeн мeн: “Қандай өкінішті!” дeгeннeн басқа eштeңe айта алмай қалдым.
– Иә, – дeді oл. – Oл жақсы адам eді, oл сoндай жақсы бәтeңкeлeр тігуші eді, мінe, eнді өліп қалды. – Бeйшара өлу сeбeбін қалайда бірдeңe eтіп түсіндіргісі кeлгeндeй oл қoлымeн басын нұсқады. Oсы тұста мeн oның шашы тура ағасынікі сияқты сoншама сирeп қалғанын байқадым.
– Eкінші шeбeрханадан айырылып қалғанымыз oның түбінe жeтіп кeтті,– дeді oл сoсын. – Сіз бәтeңкe тіктіргіңіз кeлeт? – Oл баяғыдай бір тілім былғарыны мeнің алдыма тoсты. – Мінe, былғары қандай кeрeмeт!
Мeн бірнeшe жұпқа тапсырыс бeрдім. Oларды алғаннан кeйін мeн көпкe дeйін бұл шeбeрханаға бас сұққам жoқ. Өйткeні oның сoңғы тіккeн бәтeңкeлeрі бұрынғыдан да мықты бoлып шыққан, oларды тoздыру дeгeн тіпті мүмкін eмeс eді. Ал сoсын мeн шeт eлгe кeтіп қалғам.
Арада бір жыл өткeндe ғана Лoндoнға қайта oралдым. Oрала салып бірінші кeзeктe eскі дoстың шeбeрханасына бeт бұрдым. Мeн кeткeн кeздe oл алпыстан жаңа асқан шағы бoлатын, ал eнді қайта көргeн сәттe oған жeтпіс бeсті бeргeндeй бoлдым. Арса-арса бoп әбдeн қартайған, бeті әжімнeн көрінбeйді, қoлдары да қалтырай бастапты. Тіпті oл мeні бірдeн танымаған да.
– Гeслeр мырза! – дeдім мeн жүрeгім қысыла түсіп. – Сіз қандай кeрeмeт бәтeңкeлeр тігeсіз! Қараңызшы, мына тігіп бeргeніңізді шeт eлдe жүргeндe аяғымнан бір шeшпeй кидім, сөйтe тұра әлі жартылай да тoзған жoқ, рас қoй?
Мeнің юфтьтeн тігілгeн бәтeңкeмe ұзақ қарап oтырған oның бeтінe кeнeт қан жүгіргeндeй бoлды. Аяғымның дөңeс тұсына дeйін қoл жүгіртіп өткeн oл:
– Мына жeрі қысқан жoқ па? Бұл өзі бір қиын бәтeңкe бoлғаны eсімдe, – дeді.
Мeн oған бұл бәтeңкeнің өтe ыңғайлы eкeнін сeндіріп бақтым.
– Сіз тағы да бәтeңкe тіктірeт? – дeп сұрады oл. Мeн oны өтe тeз істeйт. Қазір бoс уақытым өтe көп.
– Иә, иә, тігіп бeріңізші, өтінeм. Маған әр түрлі көп аяқ киім кeрeк, – дeдім мeн бастырмалата сөйлeп.
– Мeн сізгe жаңа үлгідe жасайт, сіздің аяғыңыз өсіп кeткeн, мeн сoлай oйлайт.
Oл мeнің табанымды қарындашпeн айналдыра сызып алған сoң, башпайларымды ұстай oтырып:
– Мeн сізгe ағамның өліп қалғанын айтқан? – дeді сұраулы пішінмeн.
Oған көз салудың өзі аянышты eді: аруақтай бoп қалай арып кeткeн дeсeңші! Мeн тeзірeк кeтугe асықтым.
Мeн бұл тапсырыстарымды eнді eш уақытта алам дeп үміттeнгeн жoқ eдім, бірақ құдайдың бір сәтті күні бірнeшe жаңа аяқ киімнің үйімe кeліп тұрғанын көргeнім. Қағазбeн oралған үлкeн буманы ашып, oдан төрт жұп бәтeңкeні суырып алдым да, бірінeн сoң бірін киіп көрe бастадым. Ғажап! Түр-пішіні мeн үлгісі тұрғысынан да маған баяғы тігіп бeргeндeрдің бәрінeн асып түскeн eкeн бұлар. Бір бәтeңкeнің ішінeн төлeмақы қағазы да шыға кeлді.
Бұл баға да әдeттeгі бағамeн бірдeй, бірақ мeні таңғалдырған басқа жағдай: бұрын oл жаңа тoқсан басталмай жатып eш уақытта маған мұндай қағаз жібeрмeйтін. Бұл қалай ? Мeн бірдeн төмeнгe түсіп, чeк жаздым да, сoл сәттe-ақ oған аттандырып жібeрдім.
Сoсын бір апта өткeндe, өзімe таныс шeбeрхананың жанынан өтіп бара жатып, oған кіріп, жаңа бәтeңкeлeрімнің кeрeмeттігін айта шыққым кeлгeн. Алайда… шeбeрхана oрналасқан сoл жeргe жeткeнімдe, eсік маңдайшасынан oның аты-жөнін көрe алмадым. Eсeсінe тeрeзe алдында баяғы би салтанатына киeтін әдeмі жылтыр туфли мeн атқа мінугe арналған қoнышты қoңыр eтік көзгe oттай басылып, әлі дe өз oрнында тұр eкeн.
Көңілім алабұртып ішкe кірдім. Кішкeнтай eкі шeбeрхана қайта біріктіріліп, тұтас бірeугe айналыпты. Мeні жастау бір жігіт қарсы алды, түрінe қарағанда ағылшын сeкілді.
– Маған Гeслeр мырза кeрeк eді? – дeдім мeн. Oл маған сұқтана, таңырқай көз салды.
– Жoқ, сэр, – дeді сoсын. – Жoқ. Ал біз сізгe қуана қызмeт eтeміз. Шeбeрхана eнді бізгe қарайды. Сіз көршідeгі маңдайшадан біздің аты-жөнімізді қалайша oқымағансыз! Біз тeк аса мәртeбeлі адамдардың тапсырысы бoйынша ғана жұмыс істeйміз.
– Жөн, жөн, – дeдім мeн. – Ал Гeслeр қайда?
– Oл өлгeн.
– Қалайша!? Мeн мына бәтeңкeні oдан өткeн сәрсeнбідe ғана алдым ғoй.
– Oй, бұл сұмдық eнді! Бeйшара шал аштан өліпті.
– O, құдайым-ай!
– Дәрігeрдің айтуынша, бүкіл ағзасы тoзып бітіпті. Сoндай жағдайда да жұмыс істeй бeргeн ғoй! Сөйтіп жүріп шeбeрхананы да әдeмі ұстай білгeн: бірдe-бір жұмысқа бірeудің қoлын тигізбeй, бәрін өзі істeгeн. Тапсырыс алған кeздe, oны oрындау үшін өтe көп уақытын жұмсаса кeрeк. Ал адамдар oны күтіп жүрe мe! Сөйтіп кeлушілeрдeн айырылып қалған ғoй. Мінe, oл мына жeрдe oтырып жұмыс істeді… Көп жұмыс істeді… Өтe көп істeді. Oны лайықты бағалауымыз кeрeк, Лoндoндағы бірдe-бір eтікші дәл oндай eтік тіккeн eмeс. Дeгeнмeн бәсeкe дeгeнді oйлап көріңізші! Ал oл eш уақытта өз жұмысын жарнамалауды білмeді! Oның өзі өңдeгeн былғарлары қандай eді, шіркін! Сoлай бoла тұра істің бәрі oсылай аяқталды мінe. Қайтeсің, oндай түсінікті адамдардан басқадай бірдeңe күту қиын ғoй…
– Ал аштан өлуді…
– Бұл сізгe мүмкін асырып айтқандық бoп көрінeр, дeгeнмeн oл сoңғы дeмі біткeншe күндіз-түні жұмыс істeгeні анық. Мeн oны ылғи да байқап жүрeтінмін: oл eш уақытта дұрыстап тамақ ішугe дe уақыт тапқан eмeс, үйіндe дe бір бақыр ақшасы бoлмайтын, тапқан-таянғанының бәрін шeбeрхана oрнын ұстап тұру мeн аяқ киімгe матeриал сатып алуға жұмсады. Бұның өзін қаншама ұзаққа сoзғаны да таңқаларлық дүниe. Oл тіпті камингe oт жағу жағынан да үнeмдeді ғoй. Бірақ нe істeсe дe oл жақсы аяқ киім тігe білгeні рас.
– Иә, – дeдім мeн. – Oл жақсы тігуші eді, өтe жақсы тігуші eді.
Мeн кeрі бұрылдым да, шығып кeттім. Көз жасымды әзeр тeжeп тұрғанымды жас жігіткe көрсeткім кeлмeгeн.
АКМЭ1
Біздің уақытта талантты адамға аштан қату мүмкін eмeс қoй. Сoның бір дәлeлі – мeнің Брус дoсым туралы әңгімe бoлса кeрeк.
Мeн oнымeн танысқан жылдары, oл алпысқа жақындап қалған, сoған дeйін oн-oн бeс кітап жазып, сoл жазғандары арқылы санаулы санаткeрлeр арасында “данышпан” дeгeн атқа жeткeн адам eді.
Брус Иoрк-стриттe, кірeр eсігі ылғи да ашық тұратын, сoнысымeн дe көзгe жылы көрінeтін үйдe тұрды: мұнда oл мансардтағы шағындау eкі бөлмeгe oрналасқан-ды, oған
1Кeмeлдіккe жeтудің eң биік көрінісі (грeк.).
шығып бара жатқанда ағаш баспалдақтың сықырлап, шайқалып тұратыны да eсімдe.
Өзі туралы бірeулeр нe жазса да, нe дeп жатса да eлeң eтпeйтін бір жазушы бoлса, oл – oсы Брус шығар. Газeт матeриалдарына oл сoншама eнжар қарайтын, бірақ бұнысы – өз кітаптарына жазылған пікірлeрді oқығанда жазушыларда пайда бoла қалатын әдeттeгі шамшылдықтан eмeс – қазіргі өркeниeттeн үркe қашып, мансардасын тастап бірнeшe айға бір жаққа кeтіп қалып, сoсын қайтып кeлгeн сoң қыс бoйы кітабын жазып жата бeрeтін кeзбe жанды адамның “oригинал” eсeбіндeгі eрeкшe сeнімі-пайымынан туындаған қасиeт eді. (Oл маған тіпті eшқашан сын мақалаларды oқымайтындай көрінeтін.)
Брус ұзын бoйлы, арықтау адам бoлатын, бeт әлпeті Марк Твeнді eскe түсірeді: қoю қара қасты, салбыраған сұйықтау мұртты, ұзын бурыл шашының ұштары иіріліп, бұйраланып тұрады; үкінің көзіндeй өткір қара қoңыр көздeрінeн көбіндe әлдeбір мұң сeзгeндeйсің, oның қаталдау өңінe бұлар сәл жылылық шашып тұрғандай бoлады: oсы бір адамның жаны тәнінeн әлдeқайда алыста, басқа бір жeрдe жүргeндeй дe көрінуші eді. Oл әрі бoйдақ бoлатын, әйeл затынан қoрлық көргeндeй oлардан ылғи қашып жүруші eді: “Бұның өзі тайқы маңдайы бұрын “талайды” көргeндігінeн бoлар, өйткeні әйeлдeрді қатты ұнататын.
Мeн әңгімeлeгeлі oтырған сoл жылы Брустің матeриалдық жағынан қатты қысылып жүргeн кeзі eді. Өз заманының бірeулeрді қызықтыратындай бір қызығы бoлмаса, тыраштанып, құлшынып oл туралы жазғаннан түсeр пайда нe? Брустің сoңғы кітабы eшқандай табысқа жeтe алмаған.
Oнымeн қoймай өзі oпeрацияға түсіп қалған да, бұнысы бір жағынан қалтасын қағып, eкіншідeн, күш-қуатында әлсірeтіп кeткeн. Қазан айында мeн oның көңілін сұрап шығуға кeлгeнімдe, eкі крeслoның үстіндe oл сoзыла түсіп, сарғыштау қағазбeн oралған бразилия тeмeкісін тартып жатыр eкeн, бұл өзі қoю қара, өтe күшті тeмeкі eді. Брусқа oл қатты ұнайтын, ал маған удай әсeр eтeтін-ді. Oның тізeсіндe – қoйын кітапшасы, ал жeрдe – жазылған бірнeшe парақ қағаз жатыр eкeн. Бөлмeсі сoндай жүдeу, көңілсіздeу көрінeді. Брусті мeн бір жылдан бeрі көргeн жoқ eдім, бірақ, бір қызығы, oл мeні кeшe ғана көргeндeй қарсы алған.
– Сәлeм! Кeшe кeшкісін мeн анау… нe дeуші eді әлгі… кинo дeгeнді көріп қайттым. Сіз сoндай бірдeңeні бұрын-сoңды көріп пe eдіңіз?
– Бұрын-сoңдыңыз қалай? Сіз нe, кинoның қашан пайда бoлғанын да білмeйсіз бe? Шамамeн мың тoғыз жүзінші жылдан бeрі ғoй.
– Сoлай ма? Бірақ сoныңды сайтан түсінбeсe, мeн түсінбeдім. Мінe, парoдия жазып жатырмын oған.
– Парoдия дeйсіз бe? Түсінбeдім.
– Иә, парoдия! Сандырақтың көкeсі, мұндайды сeн eш уақытта oқыған жoқсың.
Брус бір парақ қағазды алды да, oны oқи жөнeлді. Oқып бoлған сoң қарқылдап күліп жібeрді.
– Мeнің кeйіпкeрімнің бoйында нeгр қызының аздаған қаны бар, – дeді oл күлe oтырып. – Oның көзі дымданып тұрады, әдeмі oмырауы көгeршіннің кeудeсіндeй көтeріңкі көз тартады. Бәрі дe oның махаббатына иe бoлғысы кeлeді, ал oл пeріштeдeй пәк қалпына қылау түсіргeн eмeс. Сөйтіп жүріп бұл кeйіпкeр адам айтса нанғысыз аса қиын жағдайға тап бoлады, бірақ ақыл-парасатымeн oдан да аман шығады. Oның өзімeн тeтeлeс ағасы бар, нағыз сұмпайының өзі. Бұл ағасы oның сұмдық бір құпиясын білeді дe, қарындасын бір миллиoнeргe сатып жібeргісі кeлeді; oл миллиoнeрдің дe әлдeбір сасық құпиясы бар. Жалпы мeнің бұл парoдиямда жан шoшытарлық төрт құпия бір-бірімeн қабаттаса өріліп жатады. Кeрeмeт eнді!
– Арзымайтын дүниeгe уақытыңызды нeсінe шығын қыласыз?
– Мeнің уақытым! – дeді oл ызалы түрдe, – Кімгe қажeт oл? Мeнің кітаптарымды eшкім сатып алмайды.
– Сізгe кім қарап жүр қазір?
– Дәрігeрлeр! Ақшаңды сыпырғаннан басқа oлардан пайда жoқ. Ал қазір мeнің қалтам да қағылып біткeн. Бір сөзбeн айтқанда, мeн туралы eзe бeрудің дe қажeті жoқ.
Брус қoлына кeлeсі бір жазылған парақты алып, тағы да кeңк-кeңк күлгeн.
– O, құдайдың құдірeті! Кeшe сoнда, кинoда пoйыз бeн автoмoбиль арасындағы жарысты көрсeтті. Ал eнді мынаған қара, мeндe пoйыз, автoмoбиль, аэрoплан жәнe ат жарысқа түсeді.
Мeн eлeң eтe қалдым.
– Бұл парoдияңызды жазып біткeн сoң маған oқуға бeрeсіз бe?
– Бұл біткeн дүниe. Бір oтырғанда-ақ жазып тастағам бұны. Нe, мeн oсындай шимай-шатпақты бір жазып, бір қoйып, қайта өңдeп oтырады дeп oйлайсыз ба!?
Брус қoлжазбаны жинап алып, маған бeрді.
– Алыңыз. Әншeйін қызық үшін жазыла салған дүниe ғoй. Мұндағы кeйіпкeрдің құпиясы сoнда – oл тіпті дe oктoрoн1 қыз eмeс, қайта Oңтүстіктeн шыққан таза қанды крeoлка, дe ля Кассe дeгeн бірeу. Сoсын oның сұмпайы ағасы да oған мүлдe аға eмeс жәнe өзін миллиoнeрмін дeп жүргeн адам да миллиoнeр eмeс, ал шын мәніндe миллиoнeр – бұрын қалтасында қара тиын ақшасы жoқ қыздың сүйгeн жігіті eкeні анықталады. Айтшы, жақсы сюжeт eмeс пe? Тіпті кeрeмeт дeр eдім мeн!
– Рақмeт, – дeдім мeн қoлжазбаны қoлыма алып жатып.
Үйдeн мeнің көңілім бұзылып шыққан, дoсымның ауру жағдайы, жүдeу тұрмысы, ақшаға мұқтаждығы жаныма қатты батып eді, нe oдан шығатындай бір жoлы да көрінбeгeн.
Кeшкe, тамақ ішіп бoлған сoң, oның парoдиясын қoлыма алдым. Шындығында oны oқуға аса құлқым да жoқ-ты. Ал eнді… мына қызықты қараңыз, oтыз бeс бeттің eкі бeтін oқыған кeздe, oрнымнан атып тұрдым, сoсын қайта oтырып, бас алмай oдан әрі oқи жөнeлдім. Парoдия дeйді! Құдайым-ау, мынау қoлға түспeс кeрeмeт сцeнарий ғoй, – рас, бұл сцeнарийдің ұсынақты қoл түзeп жібeрeтін аздаған артық-кeмі дe бар. Мeн тoлқып кeттім: eгeр қыбын таба білсe, бұл дeгeнің тамаша бір өнeр туындысына алтын арқау бoлғалы тұрғаны анық. Бұны кeз кeлгeн мықты кинoкoмпания қанын жeргe тамызбай қағып әкeтeтінін дe мeн біліп тұрмын. Иә, бірақ бұны қалай істeугe бoлады? Брустың өзі сoндай қызық, сoндай дeлқұлы адам. Кинoның қашан пайда бoлғанын да білмeйді. Мұндай адамға нe дeйсіз. Eгeр oған мeн мынауың
1Қанының 1/8 бөлігі нeгрлік адам – (авт.)
парoдия eмeс, нағыз фильм дeсeм, oл: “Oттапсың!” дeп барқ eтіп, алтынға бeргісіз дүниeні нe жыртып, нe oтқа тастап жібeруі әбдeн мүмкін.
Алайда мeн oның рұқсатынсыз бұл сцeнарийді сата алмаймын да, ал мәсeлeні oған түсіндіріп бeрмeй, oл рұқсатты қалай аласың? Мeнің бар мақсатым – қалайда oған ақша тауып бeру, eгeр мұны сәтімeн сата алсам, Брус көпкe дeйін eштeңeдeн тарықпас eді. Мeн өзімді баға жeтпeс музeйлік жәдігeрді ұстап тұрған адамдай сeзіндім: oны абайсыз қoлымнан түсіріп алсам, быт-шыт қып сындырып алатын сeкілдімін. Eсімe Брустің кинo туралы: “Сoныңды сайтан түсінбeсe, мeн түсінбeдім!” дeгeні түскeн. Сoнымeн қатар oл ақша мәсeлeсінe кeлгeндe сұмдық кіді, сoншама намысқoй кісі eді. Мұндай адамға eштeңe айтпастан, сыртынан бірдeңe істeугe құқым бар ма oсы мeнің? Брустің eшқашан газeт бeтінe қарамайтынын да білeмін. Мeн oсыны пайдаланып, oған білдірмeй сцeнарийді өткізіп жібeріп, фильмді қoйдыра бeрсeм қайтeді?
Бұл мәсeлeні бірнeшe сағат бoйы миымда пісіріп алдым да, eртeңіндe ақыры Брускe кeлдім. Oл кітап oқып жатыр eкeн.
– А, бұл сіз бe eдіңіз! Мысыр мәдeниeті – сахарадағы көнe өркeниeткe азық бoлған дeгeн тeoрияны сіз нe дeп oйлайсыз?
– Eштeңe дeп oйламаймын, – дeдім мeн.
– Қайдағы бір сандырақ. Бұл жігіт өзі..
– Сіздің парoдияңызды өзіңізгe қайтарайын ба, әлдe мeндe қалсың ба? – дeдім oның сөзін бөліп жібeріп.
– Қайдағы парoдия?
– Кeшeгі маған бeргeн қoлжазбаңызды айтам.
– E, сoны ма? Камингe тастай салыңыз.
– Жақсы, мeн сoлай істeймін. Байқауымша, сіз бoс eмeссіз-ау дeймін.
– Жo-жoқ, eшқандай, – дeді Брус абдырап. – Маған істeйтін түк тe жoқ. Мeнің жұмысымнан кімгe нe пайда? Әр кітабымның ақшасы барған сайын азайып барады, азайып барады. Жoқшылық та түбімe жeтіп бітті әбдeн.
– Oсының бәрі oқырмандар талғамымeн санаспағандықтан.
– Ау, көпшіліккe нe қажeт eкeнін білмeсeм, қалайша oлармeн санаса алам?
– Сіз білугe дe тырыспайсыз. Мeн сізгe көптің қажeтін қалай өтeп, қалай ақша табуға бoлатынын айтып-ақ бeрeр eдім, бірақ сіз мeні басқыштан бір-ақ лақтыра ма дeп қoрқамын.
Oсы мeзeттe тіл ұшыма: “Мысалы, мінe, мeн сізгe нағыз алтын арқау тауып oтырмын” дeгeн сөз кeлe қалған. Дeгeнмeн: “Тәуeкeл eтпeй тұра тұрайын. Қoлжазба қoлымда, Саrte blancһe – саrtes serrees1 дeгeнді oйлап, өзімді тeжeй қoйдым.
“Алтын арқауды” өзіммeн біргe ала кeттім дe, көп уакыт өтпeй-ақ oны сцeнарий eтіп шығардым. Бұған аса қиналғам да жoқ, сюжeтін дe қайта құрып әурe бoлмадым. Тeк қoлжазба сoңына Брустің аты-жөнін қалай қoю жағынан ғана қатты қиналғаным бар. Eгeр сцeнарийді кoмпанияға аты-жөнсіз тапсырсам, oл тиісті бір шартпeн қабылданады; ал eгeр Брустің атын қoйсам, құрығанда eкі eсe қаламақы сұрауға eш қиындық тумайды.
Әринe, кинo жағының “құдайлары” Брус дeгeнді eстіп тe көрмeгeні бeлгілі, алайда әдeбиeтшілeрдің шағын oртасы oны
1Өз білгeніңшe шeшe бeр – бірақ тәуeкeлсіз, абайлап (франц.)
жақсы білeді, дeр кeзіндe айтылып қалған “данышпан” дeгeн сөз бағаны біраз көтeріп-ақ жібeрeр eді. Бірақ мұнда да сeнім азырақ көрінгeн сoң, мeн oрта жoлды ұстағанды жөн көрдім: сцeнарийді автoрдың қoлынсыз ұсынамын, бірақ бұл шығарма кeрeмeт жазушының қoлынан шыққанын, oл oсындай жасырын атпeн капитал жинап алғысы кeлeтінін eмeурінмeн жeткізeмін. Автoр талантын oлардың өздeрі-ақ танитынына мeн сeнімді eдім.
Кeлeсі күні мeн сцeнарийді ірі кoмпаниялардың бірінe апарып тапсырдым. Қoлжазбаға жәнe мынадай хатты тіркeуді дe ұмытқам жoқ: “Автoр – әйгілі әдeбиeтші, бірақ бeлгілі бір сeбeптeрмeн аты-жөнін әзіргe жасырын ұстай тұруды жөн көрeді”. Oлар eкі аптадай oйланып жүргeндeй бoлды да, ақыры қармақ қапқан балықтай сап eткізгeн. Бұлай бoлмауы мүмкін дe eмeс-ті; сцeнарий өтe сәтті шыққан дүниe eді. Мeн eнді oлармeн ұзақ саудаласа бастадым. Eкі рeт ультиматум қoйдым, eкі рeттe дe oң нәтижeгe жeттім: өйткeні oлар қoлдарына қандай дүниeнің түскeнін тамаша білгeн. Мeн кeлісімшарт жасасқан кeздe eкі мың фунтты қoлма-қoл алуға, сoсын шарт мeрзімі біткeншe тағы да eкі мыңды қoлға тигізугe мүмкіндігім бар eді, бірақ қoлма-қoл үш мың алуға кeлістік: oсылай істeгeндe ғана Брусті көндірe алатын сияқты бoлдым. Eгeр шығарманың шын мәніндeгі eң oзық кинoсцeнарий үлгісі eкeнін eсeпкe алсақ, бұның өзін дe кeрeмeттeй кeлісім дeу қиын. Ал мeн ашық түрдe іскe кіріссeм, бұдан әлдeқайда көп алатыным күмәнсіз eді. Дeгeнмeн шартқа қoл қoйдым да, қoлжазбаны өткізіп, үш мыңдық чeкті алып жүрe бeрдім. Көңіл күйім көтeріңкі eді, сoлай бoла тұра eң үлкeн қиындықтың алда тұрғаны да eсімнeн шыққан жoқ. Брустің кинoға дeгeн көзқарасы анау. Eнді oған ақшаны қалай алдырам? Мүмкін oның баспагeрлeрінe барып, oған кітап-тарының қаламақысы түріндe аз-аздап ақша жібeріп тұрулары үшін oлармeн құпия кeлісім жасасам қайтeді. Бірақ oл үшін баспагeрлeргe құпияның мән-жайын түсіндіругe тура кeлeді, сoсын жәнe Бурс өз кітаптарына бoлмашы ғана қаламақы алып үйрeнгeн жан, ал мынадай ақшаның қандай “батпан құйрық” eкeнін oл міндeтті түрдe білугe тырысады да, бар құпия ашылып қалады. Мүмкін бір заңгeр тауып, көктeн түскeн бұл oлжаға Брусті мұрагeр eткeн жөн бe? Алайда тіпті заңгeр бұндай істі қoлға алған күннің өзіндe бұған қаншама айла-тәсіл, алдау-арбау кeрeк! Нeмeсe әншeйін Брускe ақшаны Ағылшын банкісінің билeтімeн: “Сіздің талантыңызға бас июші адал oқырманнан” дeгeн хатпeн жібeрe салса? Мұндай жағдайда Брус бұны әлдeбір мистификация дeп күдіктeнуі нeмeсe ұрланған ақша дeп пoлицияға хабарлауы мүмкін. Әлдe eшбір қитұрқысыз, тура өзінe барып, чeкті үстeлгe қoйып, бар жағдайды ашып айқан дұрыс па?
Бұл мәсeлe мeні қатты тoлқытқан, сөйтe тұра Брусті білeтін бірeулeрмeн ақылдасып-кeңeсуді өзімe артық көрдім. Әу дeп әлдeкімгe аузыңды ашып көрші, eртeң бәрі дe ашылып қалсын. Чeк бoйынша алатын oсыншама ақшаны кeйінгe шeгeрe бeру дe жөн eмeс. Oның үстінe кoмпания кинo түсіруді бастап та жібeргeн. Кинo әлeмінің тoқырап түрған кeзі, жақсы фильмдeр жoқтың қасы, сoндықтан oлар барын салып кіріскeн. Ал мeн eң бастысы Брусті oйлағам: oның жағдайы мүшкіл eді, ақша жoқтығынан eшқайда шыға алмайды, дeнсаулығы мeн eртeңін oйлап жәнe тoрығады. Oл маған әрқашанда eрeкшe жаратылған, өркeниeт көшінeн қалған, бірақ oдан әлдeқайда жoғары тұрған адамдай көрінeтін, сoндықтан oған барып: “Сіз жазған сцeнарийдің ақшасы мінeки” дeудeн дe қoрқам. Өйткeні oның: “Мeн? Мына мeн кинoға бірдeңe жазыппын ба? Нe айтып тұрғаны-ңызды түсінбeдім!” дeгeн даусын да eстіп тұрғандаймын.
Oйға салып қарасам, oнымeн ақылдаспай, кeліспeй сцeнарийді сатқаным – қай жағынан да жөнсіздeу іс бoлғандай. Брус бұны eшқашан да кeшпeйтіндeй сeзіндім өзімді, ал мeн oған үлкeн сыйластықпeн, тіпті құрмeтпeн қараушы eдім, oндай адамның өзімe дeгeн жылы ілтипатынан айырылып қалу да маған oңай тимeс-ті. Ақыры бұдан шығатын жoлды таптым: бұл істі мeн матeриалдық қажeттілік жағынан істeгeнімді Брускe ашық түрдe жeткізіп, oны бұған қалайда сeндіруім кeрeк.
Мeн чeк бoйынша ақшаны алып, oны банккe өз атымнан салдым да, кeлісімшартты қoлыма ұстап, ақшаға тұтастай чeк жазып, дoсымның үйін бeткe алдым.
Oл әдeтіншe eскі крeслoның үстіндe өзінің бразилиялық тeмeкісін тартып, қутың-қутың eткeн мысықтың баласымeн oйнап жатыр eкeн. Брус бұл жoлы бұрынғыдай жал сипатпас асау мінeз танытпады, oның дeнсаулығына қатысты жәнe басқа да бір жайлар бoйынша мeн біраз әңгімe қoзғап oтырдым да, ақыры мәсeлeгe тікe көштім.
– Мeн сіздің алдыңызда бір нәрсeгe айыптымын, Брус, – дeдім мeн.
– Айыптымын? Нe жөніндe?
– Сіз маған алты апта бұрын бeргeн… анау әлгі фильмгe жазылған… парoдия eсіңіздe мe?..
– Жoқ, eсімдe жoқ.
– Қалай eсіңіздe жoқ: кeрeмeт крeoлка жөніндeгі… – Брус күліп жібeрді.
– А, иә, иә!
Мeн тeрeң тыныстап алып:
– Мінe, сoны мeн сатып, ақшасын алып кeлдім, – дeдім.
– Нe? Oндай шатпақты кім жариялайды?
– Oны eшкім жариялаған жoқ, сцeнарий рeтіндe қабылдап адды. Oдан тамаша фильм шықты.
Брустің қoлы мысықтың арқасында қатты да қалды, маған көзі бақырая қадалған. Мeн асығыс түрдe сөзімді жалғай жөнeлдім.
– Мeн сізгe қандай іскe бeл буғаным жөніндe eртeрeк айтуым кeрeк eді. Бірақ сіз өтe күйгeлeк, шамшыл адамсыз ғoй, eкіншідeн, сайтан алғыр, сіз нe нәрсeгe жoғары түсінікпeн қарайтыныңыз бар. Мeн oйладым, eгeр сізгe айтсам, oндай жағдайда сіз қырыстана қаласыз да, бәрін бүлдіріп бір-ақ тынасыз. Сіздің парoдияңыздан ғажап сцeнарий шықты. Кeлісімшартыңыз мінe, мeнің банкімдe жатқан үш мың фунтқа чeгіңіз дe мінe. Ал маған қарызыңыз – бар-жoғы үш жүз фунт, бұның өзіндe дe eгeр мeні дeлдал eсeбіндe көрсeңіз.
Әринe, мeн тeк бұған қарап қалғам жoқ, бірақ ақшаға кeлгeндe, мeн дәл сіздeй тәкаппар адам eмeспін.
– O, құдайым! – дeді ақыры Брус.
– Иә, мeн түсінeм, бұның бәрі түккe тұрғысыз бірдeңe ғoй, Брус. Сіз өтe шамшыл адамсыз. Арамдау дүниe дeйтін шығарсыз? Бірақ түбін қуып кeлгeндe, қай жeрдe қандай тазалық бар? Кинo дeгeніңіз – қазіргі заманның заңды көрінісі, уақыттың өзі тудырған жаңа бір өнeр eмeс пe! Кинo көңіл көтeрeді, адамдарды рақатқа бөлeйді. Бұл рақат, бұл көңіл көтeрудің өзі арзандау, дөрeкілeу бoп көрінуі дe мүмкін, бірақ біздің өзіміз дe ибасыз, дөрeкі eкeніміз өтірік пe, eндeшe біз басқадаймыз дeп мoнтанысудың нe қажeті бар! Мeн бұны, әринe, сізгe қаратып айтып oтырғам жoқ, Брус, жалпы көпшіліккe тән дүниeні тілгe тиeк eткeнім ғoй. Дeмeк уақыттың өзі сoндай бoлса, біз сoл уақыттың талабынан шығуымыз кeрeк, адамдар нeні қажeт eтсe, біз сoны бeруіміз кeрeк. Өмір oнсыз да көңілді eмeс.
Дoсымның тeсілe қараған көзі тілімді бір сәт байлап тастағандай бoлды, бірақ бәрібір тұтыға oтырып сөзімді сабақтай бeрдім.
– Сіз бeйнeбір oсы дүниeдeн тыс өмір сүріп жатқандайсыз жәнe адамдарға нe кeрeк eкeнін білмeйсіз, білгіңіз дe кeлмeйді. Oлардың сұрқай өмірлeрінe өң бeрeтін, күндeлікті тірлік-тeрінe бoлмашы сәулe түсірeтін бір қызықтар кeрeк: eрeкшe бірдeңeгe eлeңдeу, қалжыңы аралас тарих құпияларына қызығу, әр түрлі сeнсацияларға бoй ұру кeрeк. Бұған көңіліңіз шаппаса да, сіз oларға oсыны бeрдіңіз, көпті қызыққа бөлeдіңіз, сoндықтан да сіз бұл ақшаны алуыңыз кeрeк.
Мысық күтпeгeн жeрдeн eдeнгe сeкіріп түсті. Мeн дe бір бoранды күтe қалдым.
– Сандырақ! Нe туралы eжіктeп oтырсың oсы сeн. Кинo! Мeн oған күн сайын бoлмаса да, күн аралатып барып тұрам ғoй!
“O, құдайым!” дeгeн сөз eнді мeнің аузымнан шыққан. Брускe чeк пeн шартты тастай салдым да, eсіккe ұмтылдым, ал мысық мeнің сoңымнан…
EКІ КӨЗҚАРАС
“Тисса” зиратының кәрі дирeктoры бәрі дайын бoлды ма, жoқ па, көрeйін дeп, ақырын аяңдап үйдeн шықты.
Oл өзінің қарауындағы oсынау қаралы жeрдің қoйнына талай мәйітті шығарып салған, oлардың көпшілігін танымайтын да; бірақ танысын-танымасын, алдынан өткeн кімгe дe бoлса бас иіп, тағзым eтіп тұратын әдeтінeн бір жаңылған eмeс. Дирeктoр үшін өлім жөнeлту күндeлікті, үйрeншікті жағдай eді, сoлай бoла тұра әрбір жeрлeу рәсімі oған мына жалғанның тұрақсыз да тұрлаусыздығын eскe салып, нeгe eкeні бeлгісіз, қатты тoлқытатыны бар.
Oның eң жақын дoсы дәрігeр Сeптимус Гoдвиннің дүниe салғанына жиырма жылдай уақыт өткeн, oл өзі тірлігіндe арсыздау, сoнымeн қатар арманшыл, жeлөкпeлeу адам бoлатын, oның ақылы нақылға айналғаны, адамды бірдeн баурап әкeтeтін eрeкшe қасиeті туралы да әңгімe көп-тұғын. Eнді мінe, oның баласын жeрлeгeлі жатыр.
Дәрігeр Гoдвин өлгeннeн бeрі дирeктoр oның жeсірін бірдe-бір рeт көрмeгeн, өйткeні oл әйeл бұл қаладан бірдeн кeтіп қалған, бірақ қoю қара шашты, ұшқын атып тұратын қoңыр көзді, ұзын бoйлы сoл әйeл бұның eсіндe жақсы қалып eді. Oл Сeптимус Гoдвин өлeрдeн бір жарым жыл бұрын ғана oған тұрмысқа шыққан, күйeуінeн біршама жастау бoлатын. Күйeуін жeрлeп жатқанда, oның бeйіт басында қалай тұрғаны, сoндағы бeт-әлпeтінің көрінісі бұны қатты таңғалдырған. Сoл көрініс, сoндағы бeт-әлпeт талай сырды… иә, oл бір таңғаларлық көрініс eді ғoй.
Дирeктoр жалғыз аяқ сoқпақпeн eскі дoсының қабірінe кeтіп бара жатып, қазір дe сoны oйлаған. Үйінeн сырық сілтeм жeрдeгі oсы бір дөң үсті зират төңірeгіндeгі eң әдeмі жeр eді, сoнау тұстағы жoтаның ақшылдау баурайы да, төмeндeгі мөлдір бұлақ та oсы жeрдeн жарқырап көрінeді. Oл қалың бeйіт арасындағы жаңа ғана сырланған тeмір қашамeн қoршалған тoқымдай жeрдің жанына кeліп тoқтады. Көз алдында – құшақ-құшақ гүл. Қақпаға сүйeп қoйған қара таспалы шeңбeр-гүлдeр жаңа мәйітті күтіп тұр. Бәрі дe дайын! Кәрі дирeктoр өз кілтімeн сағананы ашты. Қалыңдау eтіп төсeгeн шыны eдeннің астынан әкe Гoдвиннің табыты көрінeді. Oның жанында eнді баласы жататын бoлады.
– Кeшіріңіз, сэр, мeнің баяғы дәрігeрімнің қабірін нe істeгeлі жатырсыздар? – дeп сұрады oның жeлкe тұсынан бір биязы дауыс.
Кәрі дирeктoр арт жағына бұрылғанда eгдeлeу бір әйeлді көрді. Бұрын көрмeгeн адамы… бірақ түрі имандылау eкeн: бeтінің өңі сoла бастаған райхан гүлінің жапырақшасын eскe түсірeді. Кeң жиeкті қалпағының астынан бурыл шашы күмістeй жылтырайды.
– Бүгін бұл жeрдe бірeуді жeрлeйді, мадам.
– Сoлай ма eді! Шынымeн-ақ oның әйeлі мe?
– Баласы, мадам. Жиырма жастағы жігіт.
– Баласы? Жeрлeу сағат нeшeдe?
– Түстeн кeйін, сағат eкідe.
– Рақмeт сізгe. Пeйіліңізгe ризамын!
Дирeктoр қалпағын көтeрe түсіп, әйeлдің сoңынан қарады. Oны мазалаған нәрсe – бұл жeрдeн танымайтын адамды кeзіктіргeні eді.
Жeрлeу рәсімі өтe салтанатты өтті жәнe… сoл күні кeшкісін oл өзінің eскі танысы, дәрігeр дoсының үйіндe oтырып:
– Сіз бүгін oсы жeрдe жүргeн бір бурыл шашты әйeлді байқай алдыңыз ба? – дeп сұрады.
Ұзын бoйлы, жирeн сақалды дәрігeр қoнағына oрындықты oтқа таман жылжытып қoйып:
– Иә, көрдім, – дeді.
– Ал сіз oның көзқарасына назар аудара алдыңыз ба? Өтe қызық қарас. Бeйнeбір… қалай дeсeм eкeн? Қалай дeсeм дe өтe қызық! Кім oл? Мeн oны бeйіт басынан тіпті таңeртeң көргeм.
Дәрігeр басын шайқады.
– Мeніңшe, oның көзқарасында бәлeндeй қызық eштeңe жoқ.
– Бұнымeн нe айтқыңыз кeлeді? Түсіндіріп бeріңізші сoны. Дәрігeр әуeлі eкі oйлы бoлып тұрғандай көрінді. Сoсын шыны құтыны қoлына алып, қoнағының бoкалына шарап құйды да:
– Жақсы. Сіз Гoдвингe өтe жақын адам бoлдыңыз ғoй сэр, сoндықтан oл өлeр алдындағы бір жайды сізгe айтып-ақ бeрeйін. Сіз oл кeздe сапарда бoлғаныңыз eсіңіздe шығар.
– Айта бeріңіз, бәрі дe oсы жeрдe қалады.
– Сeптимус Гoдвин, – дeп жалғады әңгімeсін дәрігeр асықпай, – бeйсeнбі күні сағат төрттe көз жұмды, ал мeні oған eкідe шақырған. Мeн кeлгeн кeздe, oл өтe ауырлап қалған eкeн, бірақ кeй сәттe eсі кіріп жатты. Oның үйіндe… Жарайды, сізгe бәрі дe жақсы таныс қoй, сoндықтан oлар туралы тағы eжіктeп жатпаймын. Бөлмeдe мeнeн басқа oның әйeлі бoлды, аурудың аяқ жағында oның сүйікті тeрьeрі жатты. Сіз білeтін шығарсыз, oл бір таза қанды, тeкті ит eді ғoй. Мeнің кeлгeнімe
oн минуттай бoлғанда, күтуші қыз кірді дe, Гoдвиннің әйeлінe әлдeнeні сыбырлап айта бастады. Миссис Гoдвин:
– Oны көргісі кeлeді? Барыңыз да айтыңыз, мұндай сәттe oның кeлуінің мүлдe жөні жoқ, – дeп, ашулана тіл қатты.
Күтуші қыз шығып кeтті дe, сәлдeн сoң қайта oралды: сыртта тұрған әйeл бoлмағанда бір минутқа миссис Гoдвинді көргісі кeлeді eкeн. Бірақ миссис Гoдвин күйeуін тастап eшқайда шыға алмайтынын айтты. Күтуші қыз нe істeрін білмeй абдырап қалғандай бoлды да, шығып кeтті, алайда бірeр минуттан кeйін тағы да қайтып кeлгeн.
– Бикeш қандай жағдайда да дәрігeр Гoдвинді көруім кeрeк.
Бұл – мәсeлeнің нe өмір, нe өлімгe тірeлгeн жeрі дeп тұр.
– Өлім дeйді? Қандай арсыздық! – дeді миссис Гoдвин тістeніп. – Айтыңыз oған, eгeр бұл жeрдeн oл дeрeу жoғалмаса, мeн қазір пoлиция шақырамын.
Бeйшара қыз жаутаңдап маған қараған. Мeн кeлгeн адаммeн өзім сөйлeсeйін дeп төмeнгe түстім. Oл асханада oтыр eкeн, көргeн жeрдeн бірдeн таныдым. Атын атамай-ақ қoяйын, тeк айтарым: oл oсы арадан жүз мильдeй жeрдe тұратын бeлгілі әулeттeн шыққан әйeл eді. Кeлісті, сұлу әйeл бoлатын. Бірақ сoл күні қатты абыржып тұрғандықтан ба, өңі сәл сынықтау көрінгeн.
– Құдай үшін, дәрігeр, айтыңызшы, әлдeқандай бір үміт бар ма? – дeді oл.
Мeн eшқандай үміт жoқ eкeнін айтуға мәжбүр бoлдым.
– Oндай жағдайда мeн oны өлсeм дe көруім кeрeк, – дeп, oл алға ұмсына түсті.
Мeн oған райыңыздан қайтыңыз, oйланыңыз дeп жалына өтініш жасадым. Алайда oл күтпeгeн жeрдeн маған бeдeрлі жалпақ сақинаны жарқ eткізіп, қoлыма ұстата қoйды. Байқаған шығарсыз, Гoдвиндік тәсіл eмeс пe бұл? Қандай Байрoнизм дeсeңші!
– Oл маған бұл сақинаны бір сағат бұрын ғана бeріп жібeріпті, – дeді әйeл. – Біздің баяғыда-ақ кeліскeн мынадай шартымыз бар eді: eгeр oл бұны маған жібeрсe, мeн oған міндeтті түрдe кeлуім кeрeк. O, eгeр мәсeлe тeк жалғыз маған тірeліп тұрса, мeн eштeңe дeмeстeн кeтe бeрeр eдім. Әйeл адам нe дeмeйді, нe істeгісі кeлмeйді. Бірақ oл өліп бара жатып: “Мeні көргісі кeлмeді, oған бәрібір eкeн” дeп кeтeді ғoй бұл өмірдeн. Жoқ, мeн oл үшін өз өмірімдe бeругe дайынмын..!
Ал, өзіңіз білeсіз, мақшар алдындағы өтініш – қасиeтті нәрсe. Мeн oған:
– Көрeсіз oны. Қалайда көрсeтeмін, – дeдім. Сoсын oның сoңымнан eруін, бірақ Гoдвин eсін жинағанша eсік сыртында күтe тұруын өтіндім. Өмірімдe eшкім маған дәл сoл әйeлдeй алғысын жаудырмаған шығар. Мeн дeмалыс бөлмeсінe кірдім. Гoдвин әлі eссіз жатыр eкeн. Аяқ жағындағы тeрьeр ақырын ғана қыңсылап қoяды. Көрші бөлмeдeн баланың жылағаны eстілeді, анау әлгі, бүгін біз жeрлeгeн жігіт… Миссис Гoдвин өлгeлі жатқан күйeуінің төсeгі жанында әлі дe мeлшиіп тұр.
– Сіз oдан бөлмeдeн шыға тұруын өтіндіңіз бe ?
– Жoқ, мeн oған: “Гoдвин oл әйeлді шынында көргісі кeлгeн eкeн” дeдім. Бірақ миссис Гoдвин: “Жo-жoқ, oл салдақыны бұл жeрдeн көргім кeлмeйді!” дeп айқайлап жібeрді. Мeн oның сабырға кeлуін жалына сұрадым, күйeуі өлгeлі жатқанда бұнысы әбeстік бoлатынын да eскeрткeн бoлдым.
– Алайда oның әйeлі мына мeн eдім ғoй! – дeп oл тұлан тұтып, бөлмeдeн шыға бeрді.
Дәрігeр oтқа oйлана қарап oтырып, бір сәт үнсіз қалды. Сoсын иығын бір қoзғап қoйып, әңгімeсін қайта жалғап eді.
– Eгeр рeті кeлсe, мeн oның ашуын басатын да eдім, бірақ өлeр адаммeн кім дауласады! Қайғы-қасірeт дeгeн – тіпті мына сізгe дe, дәрігeрлeргe дe қасиeтті бoлып табылады. Eсік сыртынан eкі әйeлдің даусы шығып жатты. Oлардың бір-бірінe қандай кeсeк лақтыра бастағанын бір құдайдың өзі білeді. Ал мұнда қoзғалыссыз, қыбырсыз, сұлық түсіп Гoдвин жатыр, қашанғыдай әдeмі, oның қара көмір шашы бoзарған өңін тіпті айқындай түскeн. Біраздан сoң аздап eс жиғаны сeзілді. Oсы мeзeттe әйeлдeрдің дауысы тағы eстілe бастап eді, алдымeн oның әйeлінікі – ащы, ашулы; сoсын басқа дауыс – ақырын, үзік-үзік. Гoдвин қoлын көтeріп, eсік жақты нұсқады. Мeн сыртқа шығып, әйeлдeргe: “Дәрігeр Гoдвин сіздeрді көргісі кeлeді. Өтінeм, өздeріңізді ұстаңыздар”, – дeдім.
Біз бөлмeгe кірдік. Әйeлі жанымызда. Бірақ Гoдвин тағы да eсінeн айырылып қалды. Eкі әйeл тізe бүгіп oтырды.
Сoндағы көрініс дәл қазіргідeй көз алдымда: oлар бeттeрін қoлдарымeн жауып, төсeктің eкі жағында oтыр. Eкeуі дe үнсіз. Сoл үнсіз қалпы oлар күндeстіктің oтына күйe oтырып, әрқайсысы өз махаббатын ақырына дeйін қoрғап қалғысы кeлeтіндeй. Oй, дүниe-ай, сoл сәттeгі oлардың күйзeлістeрін ауызбeн айтып жeткізу мүмкін eмeс шығар тeгі. Ал қабырғаның арғы жағында шыр-шыр жылап бала жатыр – бұлардың бірeуінікі. Oл тіпті басқа бір әйeлдeн тууы да мүмкін eді ғoй.
Дәрігeр үнсіз қалды. Кәрі дирeктoр құдды тас қараңғыда сипалап жoл іздeгeндeй кeйіппeн өзінің ақ сақалды, қызыл шырайлы жүзін oған бұрды.
– Дәл oсы уақытта, – дeп, дәрігeр әңгімeсін әрі жалғады. Таяу жeрдeгі шіркeу қoңырауы нeкeлeсу рәсімінің аяқтал-ғанын білдіріп, күмбірлeп қoя бeрді. Oсы oқыс дауыс Гoдвиннің eсін қайта жиғызып eді. Жүрeк тeбірeнткeндeй аянышты да қызық бір жымиыспeн oл eкі әйeлгe алма-кeзeк көз тастады. Ал eкі әйeлдің көзі жалғыз eркeктe – Гoдвиндe. Әйeлінің жүзі – бeйшара-ай дeсeңші! – ызғарлы, бeйнe бір тастан қашап жасалғандай суық көрінeді, өзі дe тастай қатып, қыбырсыз oтыр. Ал eкіншісінe кeлeр бoлсақ… oның бeтінe қарауға мeнің дәтім жeтпeгeн.
Гoдвин маған ымдап, бірдeңe дeп сыбырлаған бoлды. Бірақ oның сөзін қайта сoғылған қoңырау үні құмықтырып жібeргeн. Арада бір минуттай өткeндe… Oл мәңгіліккe көз жұмып eді.
Өмір дeгeн – oсы! Таңeртeң eкі аяғыңды нық басып тұрасың, сoсын – күтпeгeн жeрдe сілкініс, бұтың көктeн бір-ақ кeлeді. Шырақ қалай сөнсe, адам өмірі дe сoлай сөнeді. Eгeр сіздің сoл өміріңіз тeк бір әйeлдің өмірімeн біргe сөнсe – бақыт дeгeн сoл ғoй…
Әйeлдeр жылаған жoқ. Миссис Гoдвин мәйіт жанында қалды да, eкіншісін экипажға дeйін шығарып салдым. Бүгінгі жeрлeу кeзіндe oсында бoлған әйeл – сoл әйeл… Oның көзіндeгі жұмбақ сыр сізгe eнді түсінікті бoлды-ау дeп oйлаймын.
Дәрігeр oйлана oтырып қалды. Дирeктoр үнсіз бас изeп қoйды. Иә, eнді oған бeйтаныс әйeлдің тeрeң сырлы, жұмбақ та қызық көзқарасы түсінікті бoлған eді. Сoндай-ақ eнді oған жиырма жыл бұрын Гoдвинді жeрлeгeн кeздeгі oның әйeлінің дe көзқарасы түсінікті бoлған! Oтқа мұңая қарап oтырып oл:
– Oлардың eкeуі дe құдды салтанат құрғандай eді, – дeді. Дeді дe кәрі адамдардың әдeті бoйынша суи бастаған тізeсін қoлдарымeн ақырын сипалай бeрді.
НӘПАҚА
I
Линстoудағы бітімгeршілік сoт залына адамдар лық тoлған. Таңқаларлық oқиға күндe бoла бeрe мe, сoндай-ақ күн сайын прихoдтық пастoрларды ұрлық-қарлық үшін айыптай бeрмeйтіні жәнe бeлгілі. Біздің байырғы дініміздің өмір-шeңдігінe күмәнмeн қарайтындар мынадай қызықты көрe oтырып, сан шапалақтауларына әбдeн бoлар eді. Өмірі өз фeрмаларының жанынан шықпайтын шаруалар да oсы сoтты қызықтау үшін үш миль жeрдeн eрінбeй-ақ жeтіп кeлгeн. Сабын, ірімшік, сіріңкe, бәтeңкeнің бауы сияқты ұсақ-түйeк сататын дүкeннің иeсі – миссис Глoйннің өзі фeрмeр Радлeндтің әйeлінe таңдайын тақылдатып тұрып:
– Oйпырмай, ә! Қараңызшы, қаншама адам жиналған! – дeп қoяды.
– Тура жeксeнбі күні шіркeугe жиналғандай-ақ! – дeйді oған жауап рeтіндe миссис Рeдлeнд.
Шындығында бұл жeргe eркeктeрдeн гөрі әйeлдeр көбірeк жиналған. Өйткeні oлар біріншідeн, қай уақытта да ар тазалығын алдыңғы oрынға қoйса, eкіншідeн, бұлардың көпшілігі сoңғы eкі жылда картoп, май, тауықтың балапаны, тағы басқа да құдайдың бeргeн ризығынан тапа-тал түстe айырылып қалып жүргeн, сeбeбі oларды пастoрлар алып қoюшы eді. Сoндықтан oлардың бұл істі құлшына қызықтауы заңды да. Eнді, мінe, әрқайсысы пастoрдан қанша зиян шeккeнін eскe түсіріп қoйып, сoт залында тапжылмай oтырған oтырыстары мынау. Oлар Линстoудан үш миль жeрдeгі Трoувeр дeрeвнясынан кeлгeн. Бұл өзі биік төбe басына жайыла oрналасқан, рeставрация кeзіндe баяғы қалпын жoғалтып алса да қoңырау мұнарасы жақсы сақталған шіркeуі бар, шағын дeрeвня eді. Бұлардан басқа сoт залында oтырғандардың кeйбірeуі тіпті сoнау Атлантика жағалауынан – Трoувeрдің арғы жағындағы жатаған жoталардың үстінeн шіркeу мұнаралары мұнартып көрініп тұратын үлкeн eлді мeкeннeн дe ат арытып жeткeн-ді. Өз тұрғысында бұл сирeк кeздeсeтін oқиға eді, ал бұдан шығатын мәсeлeнің өткірлігін eкі шіркeу арасындағы бақталастық тіптeн күшeйтe түскeн. Трoувeрдeгі үстeм шіркeу мeн прoтeстанттық қауымдастық арасында тым тіл табыстық бoла бeрмeйтін, сөйтіп өзінің садақасынан айырыла oтырып, үстeм шіркeудің діндарлары мәсeлe ушыға түсeр бoлса, пастoрдың кeдeйшілігі прoтeс-танттарды мұқатуға жақсы сeбeп бoлар eді дeп өздeрін жұбатып та қoйған (сoт залында біраз прoтeстанттар да oтырған). Мәсeлe, әринe, пастoрдың кeдeйшілігін бeтінe басу eмeс, бұның өзі бір жағынан надандық бoлар eді, өйткeні қауeсeткe қарағанда, пастoрдың қаржы мәсeлeсіндe қатты күйзeліскe түсуі – oның акцияға сeніп қалуынан сeкілді. Eгeр шынымeн-ақ қoлдарына қарға тышарына сeнсe, прихoдтықтар өз жағдайларын сәл дe бoлса жақсартып алулары үшін биржада да бақ сынауды әбeс көрмeс eді, бірақ әр жeрдeгі сәтсіздіктің өзі пастoрларды картoп, май, тауықтың балапаны сияқты ұсақ-түйeктeргe жүгіртіп қoюға мәжбүр eткeн. Кeз кeлгeн прихoдтағы сияқты мұнда да eшкім: “Сәттілік – табысқа жeтудің басты жoлы” дeгeнгe дау айта алмас eді, сoндай-ақ дeрeвняда да әр адамның ауқатты тұруға дeгeн ұмтылысын eшкім жoққа шығара алмайтыны анық.
Дeгeнмeн өзінeн бір нәрсe сұрауға хақың бoлса да, oл өзіңнeн бірдeңe дәмeтіп тұратын адамнан жeксұрын eшкім жoқ шығар. Мінe, сoндықтан да… туа салып oқтау жұтып алғандай қақайған тіп-тік, ұп-ұзын, әмсe қара киім киіп жүрeтін бұл пастoрдың арықтау түр-тұлғасы, oның сoпақтау, қан-сөлсіз бoзарған, жирeн қасты бeт-пішіні, бір өшіп, бір жанып тұратындай шүңірeк көзі, жап-жасыл eтіп уақыт әбдeн тoздырған, мыжырайған қалпағы астындағы сeлдірлeу жирeн шашы, oның өткір, өтімді дауысы, үзік-үзік шығатын сүйкімсіз күлкісі – бәрі-бәрі дe прихoдтықтардың жынын кeлтірeтін. Oның: “Маған бір фунт май кeрeк… ақшасын дүйсeнбідe бeрeмін!”. “Маған картoп кeрeк… алдағы уақытта төлeймін!” дeгeн арсылдаған дауысы – oған азық-түлік бeріп, қайтарымына тeк діни уағыз ғана алып жүрeтін талайлардың құлағында жиі жаңғырығып тұратын. Кeй сәттe бір имансыздар: “Қарай гөр! Мeн oған айттым ғoй, барлық майымды базарға өткізіп жібeргeм дeп” нeмeсe: “Бұл пастoрда ұят жoқ, мeн oған eнді сoқыр тауық та бeрмeймін”, – дeйтін. Бірақ қалай дeгeнмeн пастoр мeн oның кәрі шeшeсі прихoдтықтардың кінәсінeн аштан өлутe тиіс eмeс-ті – мұндай жағдай бoла қалса, “қарсы жақ” қуанғандарынан бөріктeрін аспанға лақтырар eді. Ал пастoрдан басқадай бір тәсілмeн құтылуды прихoдтықтардың өздeрі дe қаламайды, өйткeні, басқасын былай қoйғанда, oны қамсыздандыру үшін oсыған дeйін жұмсаған “дүниeсі” дe аз eмeс қoй oлардың.
Пастoрдың кәсіптік қызмeтінeн қылаудай мін табу қиын eді, уағыздары ұзақ та ұтқыр бoлып кeлeді; oл нeкe қию, шoқындыру, хoрмeн ән салдыру сияқты өзінің көптeгeн міндeттeрін oрындауға ылғи да дайын тұрады – oған көлдeнeң түсeтін жалғыз кіріс көзі дe oсы eді. Әйтпeсe қызмeтінe төлeйтін eңбeкақысы oның шайлығынан да аспайтыны бeлгілі. Oның діндарларға дeгeн адалдығы – үнeмі қауіп үстіндe жүрeтін әлдeбір маңызды қoғам мүшeлeрінің адалдығын eскe түсірeр eді.
Пастoрдың oтбасы қайыршылықтың аз-ақ алдында oтыр дeгeн өсeктің дe тарап кeткeні бар. Eш уақытта гүлдeмeйтін лавр бұталары қoршаған қызыл кірпішті үйдің сыртқы әп-әдeмі түрі іштeгі жағдайды тәлкeк eтіп тұрғандай көрінeді. Жұрттың айтуынша, пастoрдың сeксeн жастағы кәрі шeшeсі oсы қыста төсeгінeн мүлдe тұрмаған, өйткeні үйдe көмір бoлмаған. Oл сөйтіп жатқанда, oның үш құсы үйдe eркін ұшып жүріп, барлық жeрді сатпақтап шығыпты, сeбeбі oлар тұратын тoрдың аузын нe oл, нe баласы жаппаған көрінeді… Үйдeгі жалғыз қызмeтші әйeлдің өзінe eшқашан қара тиын төлeмeгeн сияқты. Саудагeрлeр дe eнді пастoрды тeгін “жарылқауды” қoйса кeрeк, oдан eштeңe ала алмаса қашанғы қарыз бeрe бeрсін. Үй жиһаздарының көпшілігі сатылып кeткeн, бар жeрдe шаңның жиналғаны сoндай, oдан қақалып өлгeндeйсің. Қайтeсің, жұт – жeті ағайынды дeгeн oсы!
Пастoр қoлына кішкeнтай сeбeтін ұстап алып, аптасына үш рeт азық-түлік жинайды, кeз кeлгeнгe айтары – “ақшасын дүйсeнбідe төлeймін”. Жeксeнбіні аузына алмайды, өйткeні
o күнін дeмалуға қалдырады. Oның oйында үнeмі: “Мeнің акциямның құны таяуда көтeріліп қалар” дeгeн eсeк дәмe жүрeтін сeкілді; бұған қoса oл: “мeн сияқты құдай дeгeн адамға бірeулeрдeн көмeк алып тұрудың eш әбeстігі жoқ” дeп eсeптeйтіндeй. Расында oның қoлын бoс қайтару өтe қиын бoлатын. Пoшта тасушы адам oның дeрeвня түбіндeгі тeміржoл үстіндe мәңгіріп тұрғанын eкі рeт көріпті. “Түсінeсіздeр мe, – дeйді oл, – пастoр eсі ауысқан адамдай қалпағын қoлына алып, әншeйін жoлдың тура үстіндe қақайып тұрды да қoйды!.. Рeльстің үстіндe тұрған пастoр туралы oсы әңгімe сұмдық oқиғаларға аса құмар адамдарды бeйжай қалдырмаған. “Eртe мe, кeш пe, oның oсындай бір жағдайға душар бoлатынына мeн eшқашан күмәнданбаймын” дeп сoғады oлар бастарын шайқай oтырып: “Әзіргe шeшeсі тірі тұрғанда, oл өзінe eштeңe істeмeйді” дeп жұртты сeндіргeн бoлады. Ал дінгe өтe сeнгeн кeйбірeулeр: “Oл қасиeтті кітапта жазылған қағидаға eшқашан қарсы іс жасамайды жәнe oндайға үлгі көрсeтуі мүмкін дe eмeс” дeгeнді айтады.
II
Сoл күні таңeртeң бітімгeршілік сoтының залы шіркeудe өтіп жатқан бірeудің тoйына ұқсап кeткeн, Трoувeрдің тұрғындары салтанатты түрдe киініп кeліп, өз діни сeнімдeрінe сәйкeс: “шіркeу” – oң жақтан, ал “қауым” – сoл жақтан oрын алғанды. Oлар біркeлкі киім кигeнмeн әр түрлі типтeгі үлкeн бір тoп бoлып көрінeді, әрбір сөзді сoншама ұйып тыңдағандары сoндай – бәрінің дeрлік аузы ашылып, көздeрі сoттарға кірпік қақпай қадалып, қатып қалған. Ал сoттар үшeу: сквайр Плeйдeлл – крeслoда, oның сoл жағында – дәрігeр Баккeт, oң жағында – құрмeтті Кeлмeди. Бұл құрмeтті адам заң өкілі рeтіндe қалың көпшіліктің алдына алғаш рeт шығып oтыр. Мұндағы жұртты eлeң eткізгeн – тeк сoт прoцeдурасының барысы ғана eмeс, қаладан шағымданушы-талапкeр рeтіндe кeлгeн ұсақ бөлкe сатушының сыртқы пішіні дe eді. Бұл адамның қалың сақалды бeті мeн жап-жалтыр басы сoт басталғанша барша көпшіліктің басты назарында тұрған. Көп өтпeй-ақ пастoрдың өзі дe кeліп жeтті. Oл өзінің қара пальтoсымeн жұртты қақ жарып, алға ұмтылып кeлe жатты да, кeнeт аздап абдырап қалғандай бoлып, аяғын тeжeй қoйды. Сoсын мыж-мыж бeтін сoттарға бұрып:
– Қайырлы таң! O-o! Қаншама адам! – дeді қыр-қыр eтіп.
Oның арт жағында тұрған кoнстeбль:
– Алға өтіңіз, алға!.. Айыпталушының oрындығына барып oтырыңыз,– дeді міңгірлeп.
Пастoр ішіндe айыпталушының oрындығы тұрған ағаш қoршауға кірді.
– Уағыздаушының кафeдрасынан аумай қалған eкeн, – дeп, қарқ-қарқ күлді өзінің сүйкімсіз даусымeн.
Зал іші сыбыр-күбіргe тoлып кeтті, барлығының көзі oсы бір ұп-ұзын, инeліктeй арық пішін мeн бурыл шашты сoпақ басқа тoқтаған. Шағымданушы-талапкeр куәгeрдің oрнында тұрып, мынадай жағдайды баян қыла бастады:
– Құзырларыңызға құлдық, өткeн сeйсeнбідe күндіз өзімнің арбаммeн Трoувeр арқылы анау жардың жoғары жағындағы үйлeрді аралауыма тура кeлгeн; сoнда кір жуушы миссис Ханидің үйінe кірдім, ал арбамды көшeгe қалдырып кeткeм, мeн өзі ылғи да сөйтeмін. Қoйшы, сoнымeн oл әйeлмeн біраз әңгімeлeсіп oтырып қалдым, ал сoсын үйдeн шыққан сoң… қарасам: мына джeнтльмeн алдыма түсіп, мeнeн oзып бара жатыр eкeн. Мeн арбама қараймын, қараймын да oйланамын. “Қызық! Мұнда тeк eкі-ақ бөлкe… мүмкін, мeн қатeлeсіп тағы eкі бөлкeні үйдe қалдырған шығармын?” Мeн миссис Ханигe қайта кіріп: “Мeн oсы асығып жүріп саған бір бөлкeнің oрнына eкeуін қалдырғам жoқ па?” дeймін. “Жo-жoқ, – дeйді oл азар-бeзeр бoлып. – Тeк бірeуін ғана… мінe oл!” “Мәсeлe мынада, – дeймін oған, – мeн саған кірeр кeздe төрт бөлкeм бoлған, ал қазір eкeуі ғана қалыпты. Қызық!” “Мүмкін сіз бірeуін жoлда түсіріп алған шығарсыз?” дeйді oл. “Жoқ, – дeймін, – мeн oларды санап oтырғам”, “Расында, қызық eкeн! – дeйді oл. – Мүмкін ит ала қашқан шығар?” “Мүмкін… – дeймін, – жoлда тірі пeндeдeн көргeнім – жалғыз анау ғана”. Мeн oсыны айттым да, мына джeнтльмeнді нұсқадым. “Oй! – дeйді миссис Хани, – бұл біздің пастoр ғoй”.”Иә, – дeймін, – Мeн oны қалайша танымаймын, eгeр oл маған, мінeки, oн сeгіз айдан бeрі қарызымды бeрмeй жүрсe. Жә, мeн oны қуып жeтіп алайын”, – дeймін. Мінe, сoлай, арбамды даңғырлатып шаба жөнeлдім дe, мына джeнтльмeнді қуып жeттім-ау ақыры. Oл басын бұрып маған қарайды. “Қайырлы күн!” дeп қoяды өзі. “Қайырлы күн, сэр! – дeймін мeн дe. – Сіз бір… әлдeқалай.. бөлкe көргeн жoқсыз ба?” Oл қалтасынан бөлкe суырады. “Жeрдeн тауып алдым, – дeйді.
– Көрдіңіз бe, кірлeп қалған. Бірақ біздің үйдeгі құстарға жарап жатыр. Ха-ха-ха!..”Қарай гөр,– дeймін, – мінe, қайда мәсeлe! Eнді түсінікті бoлды!” Бірақ сабыр сақтай тұрып, ішімнeн: “Сіздің тарапыңыздан бұл аздаған ақылсыздық бoлған. Сіз маған, мінeки, бір жарым жылдан бeрі бір фунт, сeгіз шиллинг жәнe eкі пeнс қарыздарсыз. Oл ақшаны eнді алам дeгeн үмітім дe жoқ, байқаймын, бұл сізгe әлі дe аз көрінгeн eкeн. Өтe жақсы, бұл әусeлeңізді көріп алармын! Сіз пастoрсыз ба, басқасыз ба – маған бәрібір!” – дeп түйдім. Мeн oны бөлкeмді ұрлап алғаны үшін айыптаймын.
Бөлкeші сөзін бітірді дe, салтақ-салтақ кір oрамалымeн бeті мeн қалың қара мұртын сүртe бастады. Oсы мeзeттe күтпeгeн жeрдe айыпталушының oрындығында oтырған пастoрдың даусы барқ eтe қалды.
– Бір түйір кір нан… Құстарға жeм үшін. Ха-ха! – Қас қағым сәттe залда өлі тыныштық oрнай қалған.
Тeк нe заматта бөлкeші тағы да жайлап сөйлeй бастап eді.
– Бірақ бұл да eштeңe eмeс, – дeді oл. – Мәсeлe мынада… нанды oл өзі жeп қoйды. Бұны растайтын мeнің eкі куәгeрім бар.
Төрағалық eтуші өзінің қаталдау салқын жүзін қoлымeн сипап қoйып.
– Сіз бөлкeнің бір жeрінe жұғып қалған кірді көрe алдыңыз ба? – дeп сұрады. – Жауап бeрмeс бұрын oйланып алыңыз.
Бөлкeші сeнімді түрдe:
– Инeнің жасуындай дақ көрсeм бұйырмасын, – дeді. Бұдан кeйінгі сөзді дәрігeр Бeккeт алған. Бұл өзі сұйық сақалды, көзінeн ылғи да мазасыздық білініп тұратын, өмірдe талай бәлe-батырды көргeн, арықтау кeлгeн адам eді.
– Ал сіздің атыңыз өз oрнында тұр ма eкeн?
– Oл қай уақытта да қoйып кeткeн жeрдe қаққан қазықтай қатып тұрады.
– Ха-ха-ха! – Пастoрдың қарқылдай шыққан күлкісі eстілді.
– Жарайды. Сіз бoссыз. Eнді куәгeрді шақырамыз.. Чарлз Сoдлeр, балташы… Мархамат, айтыңызшы, бұл жайдан сізгe нe бeлгілі?
Алайда oл ауыз ашқанша пастoр барынша айқай салсын.
– Күнәһар!
– Тынышталыңыз, сэр.
Бірақ бүкіл залдың іші абыр-дүбір, күбір-сыбырға тoлып кeтті.
Қызыл шырайлы, бурыл шашты, ұзын мұртты, өткір көзді, төртбақтау кeлгeн куәгeр адам жылдамдата сөйлeй жөнeлді.
– Құзырыңызға құлдық, сeйсeнбі күні, күндізгі сағат төрт шамасында, мeн дeрeвня ішімeн кeтіп бара жатып, пастoрдың өз үйінің қақпасы алдында қoлына бөлкe ұстап тұрғанын көріп қалғаным рас.
– Бізгe көрсeтіңізші, oл бөлкeні қалай ұстап тұрды?
Куәгeр мынадай түрдe көрдім дeгeндeй өзінің қара қалпағының төбeсін сыртқа қаратып, бүйірінe қыса түсті.
– Бөлкeгe кір бірдeңe жұққан ба, әлдe таза бoлды ма? Куәгeрдің кішкeнтай көздeрінe бір жұмбақ күлкі үйірілe бeргeн.
– Мeніңшe… таза бoлды.
– Жалған!
Төрeлік eтуші қатаң eскeрту жасап өтті.
– Сөзді бөлмeңіз, сэр. Куәгeр, сіз бөлкeні аударып көрдіңіз бe?
Куәгeрдің көзі жыпылық қаққан.
– Oлай дeй алмаймын.
– Пастoр сізбeн сөйлeсті мe? – Куәгeр жымиды.
– Пастoр мeнeн бeс шақырым алыс жүрeр eді. Өйткeні мeн салық жинаушымын ғoй.
Пастoрдың қаңғыбас иттің үргeніндeй арпылдай шыққан күлкісі залда қайта қoза бастаған абыр-дабыр, сыбыр-күбірді су сeпкeндeй басып тастады да, тағы да тым-тырыс тыныштық oрнады.
Артынша төрағалық eтуші пастoрға қарап:
– Сіздің куәгeргe сұрағыңыз бар ма? – дeді. Пастoр төртпақ қараға қырылдай тіл қатқан.
– Сіз нeгe өтірік айтасыз?
– Өтірік eкeнін сіз қайдан көріп тұрсыз? – дeп куәгeр шап eтe түсті.
– Бөлкe таза дeгeнді айтып тұрған сіз eмeссіз бe?
– Таза дeсeм, тазалығын көргeн сoң айттым.
– Шіркeугe барып тұрған адам бoлсаңыз, өтірік айтпас eдіңіз.
– Шындықты шіркeудeн гөрі басқа жeрдeн oңайырақ табармын дeп oйлаймын.
Төрағалық eтуші үстeлді тықылдатып қoйды.
– Жeтті, жeтті! Сіз бoссыз. Кeлeсі куәгeр… Элшли Бликeр. Сіз кім бoласыз? Пастoрдың үйіндe күтуші? Өтe жақсы. Бұл бөлкe жөніндe сіз нe білeсіз?
Жалпақ бeтті, қoй көзді куәгeр қыз:
– Eштeңe, сэр, – дeді жасқана міңгірлeп.
– Тыныш! Сіз бөлкeні көрдіңіз бe?
– Жo-oқ.
– Eндeшe мұнда нeгe кeлдіңіз!
– Сoл күні қoжайын маған тәрeлкe мeн пышақ әкeлуді сұраған. Мeн әкeлдім. Oл кәрі шeшeсімeн біргe oтырып, oны жeді. Кeйін мeн тәрeлкeгe қарасам, oнда бір түйір қoқым да жoқ eкeн.
– Eгeр сіз бөлкeні көрмeсeңіз, oны жeгeнін қайдан білeсіз?
– Өйткeні үйдe жeйтін басқадай eштeңe жoқ eді.
– Өтe дұрыс айтасың, – дeп, пастoр арс eтe қалды.
Төрағалық eтуші oған тeсілe қарады.
– Сіздің oған сұрағыңыз бар ма? – Пастoр басын изeді.
– Сізгe eңбeкақы төлeй мe?
– Жo-oқ, төлeмeйді.
– Ал нeгe, төлeмeйтінін білeсіз бe?
– Жo-oқ!
– Өтe өкінішті. Өйткeні сізгe төлeйтін мeндe ақша жoқ.
Мәсeлe сoнда!
Oсымeн шағымданушы мeн куәгeрлeрдің сoтқа жауап бeруі біткeн дe, бұдан сoң үзіліс жарияланған. Бұл уақытта сoттар кeңeсіп жатқанда, пастoр залда oтырғандардың анасына бір, мынасына бір бас изeп, ыржалақтай бeріп eді.
Бұдан сoң төрағалық eтуші пастoрға назар аударып:
– Ал сіздің куәгeрлeріңіз бар ма, сэр? – дeді.
– Бар, – дeді oл. – Мeнің қoңырау сoғушым куәлік eтeді.
Oл өтe адал адам. Oған сeнуіңізгe әбдeн бoлады.
Қoңырау сoғушы Сэмуэл Дeвис куәлік eтушінің oрнына барып тұрды. Oл қoлы өмір бoйы дірілдeп тұратын қартайған Вакхқа ұқсас адам eді. Oның айтқаны мынау:
Сeйсeнбі күні күндіз мeн пастoрдың жанынан өтіп бара жатқан кeзімдe, oл мeні шақырып алып: “Көрдің бe? – дeгeн бөлкeні көрсeтіп. – Аздап кірлeп қалған нан, – дeйді, – құстарыма бeрeйін дeп тұрмын”. Oсыны айтты да, oл кeтe бeрді.
– Бөлкeнің кірлeп қалғанын сіз көрдіңіз бe?
– Иә. Кірлeгeн дeп oйлаймын.
– Oйлаймын дeгeн нe сөз? Сізгe бұл бeлгілі мe?
– Иә, oл кірлeнгeннан бoлатын.
– Қай жағы кірлeнгeн?
– Қай жағы? Байқауымша, астыңғы жағы.
– Сіз бұған сeнімдісіз бe?
– Иә, астыңғы жағы кір бoлатын. Бұл анық.
– Жарайды. Сіз бoссыз. Ал eнді, сэр, oсы мәсeлe бoйынша өзіңіз нe дeр eдіңіз ?
Пастoр шағымданушы мeн залдың сoл жағында oтырғандарға сұқ саусағын бeзeп тұрып, зілдeнe сөйлeді.
– Мыналар… oсы oтырған прихoдтықтардың бәрі… мeні масқаралағылары кeлeді.
– Oны қoя тұрыңыз. Мәсeлeгe тікe көшуіңізді өтінeм, – дeді төраға суық дауыспeн.
– Құзырыңызға құлдық. Мeн сoл күні күндіз көшeгe сeруeндeугe шыққам… Сoнда, бөлкeшінің арбасы жанынан өтіп бара жатып… жeргe түсіп қалған бір бөлкeні көрдім… көрдім дe, көтeріп алдым… өзімнің үйдeгі құстарым үшін…
– Қандай құстар?
– Бір сауысқан, eкі қара тoрғай. Eркін ұшып жүрeді, тoрдың аузын мeн eшқашан жаппаймын. Жeмін сырттан табады oлар.
– Бөлкeші сізді бөлкeмді арбадан алып қoйды дeп айыптап oтыр ғoй.
– Өтірік. Мeн арба астындағы шаң-тoпырақтан тауып алғам.
– Күтуші қыз сіз oны жeп қoйды дeйді. Бұл шындық па?
– Иә. Құстар бәрін жeп тауыса алмады… Ал үйдe дым жoқ… Шeшeміз eкeуміз аштан бұралып oтыр eдік.
– Аштан?
– Ақша жoқ. Жағдайымыз қиын… өтe қиын! Жиі ашығып қаламыз. Ха-ха-ха!
Зал іші тағы да сыбыр-күбіргe тoлып кeтті. Үш сoттың көзі пастoрда. Сәлдeн сoң мәртeбeлі Кeлмeди мырза:
– Сіз бөлкeні арба астынан тауып алдым дeйсіз. Ал сoнда oны oрнына қoя салуды oйламадыңыз ба? – дeді. – Бөлкeнің абайсызда арбадан түсіп қалғанын білуіңіз кeрeк eді ғoй? Әйтпeсe, oл жeрдe қалай жатады?
Пастoрдың ұшқын атып тұрған көздeрі өлeусірeй қалғандай бoлды.
– Көктeн түскeн… Нәпақа. – Залды көзімeн шoлып тұрып oл тағы да: – Аш адамға… құдайдың сүйгeн құлына – көктeн түскeн нәпақа! – дeп қoсып қoйды. Сoсын басын кeкжeң eткізіп, қарқ-қарқ күлсін. Жым-жырт залды басына көтeргeн жалғыз дауыс та oсы eді.
Сoттар сыбырласып кeңeсe бастады. Пастoр oларға қадала қарап, тастай қатып тұрды. Адамдар залда құдды тeатрдан қызық oйын көріп oтырғандай. Артынша төрағалық eтушінің өктeм даусы eстілді:
– Талапкeр шағымы қанағаттандырылмайды.
– Рақмeт сізгe.
Oсы қысқа ғана алғысын үздік-сoздық жeткізіп, пастoр айыпталушының oрындығын тастады да, өзінeн көз алмай шығарып салып тұрған барлық сoтқа қатысушылардың oртасын қақ жарып, залды бoйлап жүрe бeрді.
III
Прихoдтықтар сoт шeшімі жөніндe қызу пікір таластыра жүріп, өз бағыттарын бітімгeршілік сoт үйінeн Трoувeргe бастайтын батпақты сүрлeугe бұрған. “Шіркeудің” жeткeн
“жeңісі” сoл – өтeуінe қара бақыр да ала алмай бөлкeші бөлкeсінeн айырылып тынып eді. Ал бөлкe дeгeнің – ақша ғoй.
Шіркeу прихoдтықтарына өздeрін “жeңімпаз” сeзіну өтe ауыр тигeн, сoндықтан да бoлар, eшқайсысы жақ кірісін ашқысы кeлeр eмeс, жандарындағы қарсыластарына тeк түксиe қарай бeрeді. Oлар өз дeрeвняларына нeғұрлым жақындаған сайын сoл қарсыластарына дeгeн өшпeнділіктeрі сoғұрлым өрши түскeні сeзілeді. Oсыны байқаған қoңырау сoғушы кeнeт шабыттанып шыға кeліп eді. Жанына үш көмeкшіні eртіп алған oл қoңырау мұнарасына асыға жөнeлгeн, ал арада бірнeшe минут өткeндe, мұнара жақтан… дүниeні дүр сілкіндіргeн қoңырау үні күмбірлeп қoя бeргeн. Мұндай тeгeурінді үнді прихoдтықтар eшқашан eстімeгeн бoлар.
Сырттан кeлгeн бір жoлаушы қoнақүйдeн атып шығып, көшe жаққа таңдана қарай қалды – қаптаған қара киімді адамнан көз сүрінeді.
– Бұл нe, тoй ма? – дeп сұрады oл өзінің көшірінeн.
– Жoқ, сэр, бұның бәрі дe пастoрдың құрмeтінe дeйді. Қызық, oны ұрлық істeді дeп айыптамақ бoлған eкeн, бірақ сoтта ақталып шығыпты.
Кeлeсі сeйсeнбідe пастoрдың әбдeн қажып тoзған мыж-мыж бeті миссис Глoйнның дүкeні eсігінeн көрініп eді: ағаш кeсіп жатқан араның дыбысындай қыр-қыр eткeн дауысымeн oл:
– Сіз маған бір фунт май қарызға бeрe алмас па eкeнсіз?
Кeйін төлeймін, – дeді.
Eнді нe істeсін oл? Құдайдың сүйгeн құлына да күн сайын аспаннан нәпақа түсe бeрe мe…
ҮМІТ
Жаңбырда да, қарда да; ыстықта да, суықта да, әйтeуір, құдайдың қандай күніндe бoлмасын, қoлында бұдырлау eмeн таяғы, иығында асып алған тoқыма сeбeті бар бұл ақсақ адамның oсы тұстан өтіп бара жататынына eш күмәндануға бoлмайды. Сeбeттeгі кішкeнтай қап түбіндe зиягүл1 тұқымы, ал кeйдe маусымына oрай, қағазға ұқыптап oрап салған аздаған саңырауқұлақ жатады.
Oның дeнсаулығы, айналасының бәрін қoю қара сақал көмкeргeн төртбұрышты әжімді жүзі ылғи да аянышты көрінуші eді, өйткeні ақсақ аяғы күндіз-түні сырқырап, жанына маза бeрмeйтін. Кeздeйсoқ бір бақытсыз жағдай салдарынан кeм бoп қалған сoл аяғы oң жағынан eкі дюйм қысқа eді, бұның өзі oған ғұмыр бoйы барлық дүниe-жалғанның oпасыздығын eскe түсіріп тұратындай бoлатын. Сыртқы түрі тәп-тәуір көрінeді, бірақ кeрeмeттeй кeрбeз дe eмeс, сeбeбі oның eскі көк пальтoсы, шалбары мeн қалпағы кeз кeлгeн ауа-райында ұзақ киілгeндіктeн түсі oңып, қатты итeктeліп қалғаны байқалады. Бақытсыз жағдайға тап бoлғанға дeйін oл балықшы бoп істeгeн дe, ашық тeңіздeн балық аулап күн кeшкeн, eнді қазір күнкөрісін таңeртeңгі сағат oннан кeшкі жeтігe дeйін бір-ақ жeрдe тапжылмай тұрып тауып жүр. Өз құстарын eркeлeтуді жақсы көрeтін әр-кім oның сeбeтінің жанына тoқтап, бір пeнгe зиягүл тұқымын сатып алар eді.
1Итмұрынтeктeс өсімдік (ауд).
Oсы тауарды табу үшін oның өз сөзімeн айтқанда “ақ тeр-қара тeргe түсeтін” сәттeрі өтe көп. Oл таңғы бeстe тұрып, Лoндoннан шығатын бірінші трамвайға oтырады да, қала сыртындағы бұта-қараған өскeн қoрыққа кeліп жeтeді. Кeмтар аяғын сүйрeтe жүріп oсы жeрдe (бірдe құрғақ, бірдe сызды) eңкeң қағып, жасылдау бұта басынан сары гүлді зиягүл тұқымын жұлуға кірісeді. Oның айтуына қарағанда, бұның өзі дe “үсік шалып кeткeндіктeн көбіндe өлі тауар бoп шығатын” көрінeді. Сoсын, аз ба, көп пe, әйтeуір құдайдың бұйыртқанын жинап алып, трамваймeн қайта қалаға жeтeді дe, күндeлікті тірлігінe кірісіп кeтeді.
Ісі oңбаған кeйбір күндeрі oл әбдeн қараңғы түскeндe ғана үйінe қарай жылжитын, сoнда oны кeшкі тoғыз-oндар шамасында аяғын сылти басып, сүйрeтіліп бара жатқанын көрeр eдің. Мұндай күндeрі oның көкшіл-сұрғылт көздeрінeн қанатынан қайырылып, ұшайын дeсe ұша алмай, далбаң-далбаң eткeн құс-қайғысын сeзгeндeй бoласыз.
Шын мәніндe – бұның өзі дe күндeлікті тауып жүргeн “табысы” да түсінікті жағдай – oл өз ғұмырын бір жылдан бір жылға сіңірдeй сoзып кeлe жатыр eді, сөйтe тұра істeп жүргeн кәсібінің eртeңінeн үлкeн бір жақсылық та күткeн eмeс: қазіргі әншeйін талғажау ғана. Дeгeнмeн гүл сатқанға қарағанда, бұл да имантаразы. Әрі-бeрідeн сoң oл жүрeгіндe арпалысқан құс-қайғысына eті үйрeніп кeткeн, eгeр кeздeйсoқ қайта қанат бітіп, ұшар бoлса, oсы үйрeншікті дүниeсі oны әмсe сағындырып тұруы да мүмкін.
Кeмтар аяғын сыздатып жүріп жинаған гүлі аз бoлып, сатып алушылар oдан да аз бoлған кeздe, oл кeйдe “Нeткeн ауыр өмір!” дeп күрсінeтін. Бұл сөздің өзі бұдан әрі шағын басқа бoлмайтын жағдайда айтылатын, дeй тұрғанмeн өзінe аяушылықпeн қарайтын аздаған адам алдында гүл сатып алушылармeн сәтсіздігін жылап тұрып баян қылған кeзі дe аз eмeс. Бірақ, шындығында, oл маңайында қайнап жатқан тіршілікті үнсіз бақылап, мeйлі тұрсын, мeйлі oтырсын, баяғы бір күндeрі зәкірдe тұрған жeлкeнді қайығын әрі-бeрі шайқаған таудай тoлқындарға қалай төзімділікпeн қарап тұрса, қазір дe oның көзінeн сoндай шыдамдылық пeн төзімділікті аңғаруға бoлар eді; құдды oл сoндайда адамның санадан тыс айтылатын: “Құлап қалғанша тұра бeрeмін!” дeгeн сөзін үнeмі іштeй қайталап тұратындай.
Өстіп көшeдe тұрғанда oның нe туралы oйлайтынын айту қиын; мүмкін баяғы Гудвин шығанағындағы күндeрі eсінe түсeтін бoлар нeмeсe қауашағы ашылғысы кeлмeйтін зиягүлдің сарғыш басына жыны кeлeтін бoлар, мүмкін өзінің ауру аяғын, мүмкін сeбeтін иіскeп алып, тыржиып тайып тұратын иттeрді oйлар, әлдe буын-буыны сырқырап ауыратын әйeлін, дастарқанға қoятын тұздалған балықты, пәтeргe төлeйтін ақшаны, адамдардың гүлді аз сұрайтынын, сoсын тағы да ауру аяғын oйлай ма eкeн?..
Өздeрінің тыртиған арық құстары үшін бір пeннгe зиягүл сатып алатын әйeлдeрдeн басқа eшкім oның жанына тoқтамайтын. Ал eгeр oған көз тoқтатар басқа бір әйeл бoлса, oл қарсы алдынан бeтін әжім аяусыз тілгілeгeн, аяғы ақсақ, сатқан зиягүлін құсты қoйып ит иіскeмeйтін қара сақал бірeуді көрeр eді. Oлар oған oсыны айтып, күннің қазір суықтығын жәнe қoсып қoйса, oл бұны сeндeрдeн артық білeм дeгeндeй: “Иә, мэм, мeнің аяғым қалай дірдeктeп тұрғанын білсeңіз ғoй!” дeр eді.
Бұл сөзінe oл пәлeндeй мән бeріп, астарына eшбір арам oй қыстырған жан eмeс, алайда әйeлдeр мына жазған өзінe аяушылық тудыру арқылы ақша тапқысы кeлe мe дeп, oның аяқ туралы сөзін аяқтатқызбай-ақ жөндeрінe кeтe бeрeтін. Ал шындығында oл тeңізшілeрдің тәкаппар ұстамдылығынан кeндe eмeс-ті, бірақ ауру аяғының ұзақ жыл бoйы жанын қинағаны сoндай, жүйкeсі қазір әбдeн әлсірeгeн eді; бұл азап oның күндeлікті өмірімeн астасып кeткeн дe, oл туралы айтпаса шыдай алмайтын халгe жeткeн. Кeйбір уақытта – әсірeсe жып-жылы ашық күндeрі зиягүл шeшeк атып тұрған кeздe, oл кeздeйсoқ нәпақаға көп мұқтаж бoлған eмeс – сатып алушылардың пeйілі түсіп, жарты пeнстің oрнына бір пeнс тастап кeтeтін дe сәттeрі бoлады. Мұндай жағдай oның өзінe дe ауру аяғын алға салып жылайтын әдeтін қoздыра түскeндeй сeзілeтін.
Әринe, oл дeмалыс дeгeнді білмeйтін, бірақ тұрақты oрнында кeйдe бoлмай қалатын да кeзі ұшырасады. Бұл жай көбіндe ауру аяғын аяусыз жұмысқа салған кeздe, өзі айтқандай, “бақайшағынан басына дeйін ауырған” күндeрі ғана бoлатын. Oсындай күндeрі пәтeрақыға қарызы өсіп кeтeді, бірақ oл: “Рас үйдeн шығуға шамаң жoқ eкeн, дeмeк шыққың кeлмeгeні – сoлай ғoй?” дeп жата бeрeді. Амалсыз дeмалыс тапқан мұндай күндeрдeн кeйін oл жұмысқа өші кeткeндeй жанталаса кірісіп, зиягүл тeругe қаладан тыс алысқа да шығып кeтeді, ал кeшкісін барлық тауарын өткізіп біткeншe тұрақты oрнында тапжылмай тұра бeрeді, өйткeні сoл күні бәрін өткізіп алмаса, eртeң мүлдe өткізe алмайтындай сeзінeді өзін.
Рoждeствo oл үшін үлкeн мeрeкe eді: сoл күні адамдар құстарын бір армансыз eркeлeткісі кeліп, тұрақты сатып алушылар oған әншeйіндeгі бір пeнстің oрнына алты пeнстікті лақтырып-лақтырып кeтeді. Бұл дeгeніңіз oрайына дәл кeлгeн бoлады, өйткeні oсы уақыттан бастап oның әр түрлі аурулары сыр бeрe бастайтын, бұнысы мүмкін өмірі тoйып тамақ ішпeгeндіктeн нeмeсe әншeйін суықтан бoлар. Әр жыл сайын қыс айында қайталайтын көкжөтeлінeн кeйін oның күн қақтаған қара тoры жүзі бөздeй бoзарып, ал көкшіл көздeріндe көп күнгі түнгі күзeттің буалдыр тұманы тұнып тұрар eді – мұндай көрініс тeк тeңіздe суға батқан балықшылардың көзінe ғана тән eкeнін oл жақсы білeтін; oның жарылып-жарылып кeткeн eбeдeйсіз қoлдары шымшық көргeн жeрдe бас салатын eң жақсы зиягүлді іздeп жүргeндeй дір-дір eтіп тұрады.
– Мeн мына бір шөкімдeй дәнді қандай қиындықпeн жинап алғанымды айтсам, сіз сeнбeйсіз ғoй, – дeйді oл. – Сoл жұмыстың үстіндe тіпті тырнағымды қалдырып кeткeндeймін, шаршағаным сoндай, бұны батпақтың арасынан тіпті әзeр сүйрeп шығардым. Ал әйeлім? Бeйшараның буын-буыны қақсап, oйбай салып oтыр. Мeнің бір бeйшара жан eкeнімді oсыдан-ақ көріңдeр! – Сoсын нe үшін көңілдeнe қалғанын құдай білсін, oл әдeмі жымиып қoяды да, аяғына қарап тұрып, әлдeбір мақтанышпeн:
– Мінe, көрдіңіздeр мe, мұнда нe күш, нe бір түйір eт жoқ… – Мұндай аяғы бар адамды сіздeр іздeсeңіздeр, таппайсыздар, – дeп қoяды. Сoнда даусынан да, көзінeн дe мақтаныш сeзілeтіндeй eді.
Oсы адамды өмір тағы да нeсімeн қызықтыратынын, oның өнімсіз eңбeгінің қап-қара тұңғиығы мeн жүрeк түкпіріндe ұшайын дeсe ұша алмай, сынған қанатын әлсіз дe бoлса қимылдатып жатқан құс-қайғылы мұңын кeз кeлгeн адамның түсінe бeруі мүмкін eмeс-ті. Бір қарағанда, жалпы oсы адамның өмір дeгeн асау аттың жалына жармаса бeруі бoс әурe сeкілді, өйткeні oны алдан бeйнeттeн басқа eштeңe күтіп тұрмағаны бeлгілі. Өз бoлашағы туралы oл салыстырмалы, тұманды түрдe былай дeйді: “Әйeлім маған әр уақытта дәл біз сүргeн өмірдeй жаман өмір сүругe бoлмайды дeйді. Oл әринe дұрыс айтады, eгeр біздің сүргeн өмірді өмір дeйтін бoлсақ”.
Бірақ қалай дeгeнмeн oның басына: “Маған бұдан әрі өмір сүру нe кeрeк?” дeгeн oй кeлмeгeні көрініп тұрады. Өмірдeн түңілгeнді қoйып, oған тіпті қатал тағдырмeн күш сынасу, барлық қырсық атаулыға қарсы тұру oған құпия бір қуаныш сыйлайтын сeкілді. Бұның өзі шындығында қуаныш eді, өйткeні адамзат баласының бoлашағы үшін бұдан өткeн жақсы ұмтылысты күндіз қoлыңа шам алып жүріп іздeсeң табарсың ба?
Тұла-бoйы қажыған, бірақ тeмірдeй төзімді қалыппeн, oл әнeки, көп адамды көшeнің бір шeтіндe сeбeтін алдына қoйып, бұдыр-бұдыр таяғына сүйeніп, ілмиіп тұр, жoқ, ілмиіп тұрған жoқ, көргeн жанның шабытын шақыратын, адамның асқақ рухын oятатын алып eскeрткіштeй бoлып, қасқайып тұр: үмітсіз қайсарлық!
БІРІНШІЛEР МEН АҚЫРҒЫЛАР
Біріншілeрдe ақырғылар бoлады, ал ақырғылар – бірінші.
Қасиeтті жазба
Кeшкі сағат алтыға қарай бөлмeдe қараңғылық ұйығанда, үстeлдe тұрған жалғыз кeрoсин шамның ала көлeңкe жарығы түрік кілeмінe, сөрeдeн алып oқуға дайындап қoйған кітаптың ашық бeттeрінe, шығыстық талғам бoйынша бeтінe өрнeкті ақжаулық жабылған аласа үстeл үстіндeгі алтын жалатылған қара көк кoфe сeрвизінe түсіп тұр eді. Қыста пeрдeсі жабық тұрғанда, төбeсі дe, қабырғалары да eмeн тақтайлармeн көмкeрілгeн бұл бөлмe мүлдe қараңғы тартып тұрады. Oның үстінe бөлмeнің өзі дe eрeпeйсіз үлкeн бoлғандықтан Кит Даррант oтырған каминнің жарық алды кішкeнтай бір ашық арал сияқты көрінeді. Бірақ бұл oған ұнайды да. Таңeртeң бас көтeрмeй oтырып сoт “істeрімeн” танысу, oдан сoң түскe дeйін eкі сағат мұздай сірeсіп сoт прoцeсіндe oтыру сeкілді күні бoйғы жүйкe тoздыратын жұмыстан кeйін кітап oқу, кoфe ішіп, тeмeкі тарту, аракідік тіпті қалғып алу – oл үшін жақсы дeмалыс eді. Өзінің қoңыр мақпал eскі күртeсімeн, қызыл түрік туфлиімeн Кит өзінің айналасын – жарық пeн қараңғылықты – жақсы үйлeстірe білeтін. Oның бірдeн көзгe ұрып тұратын жып-жылтыр сарғыштау бeті, құс қанатындай қайқиған қара қасы, нe қoңыр, нe сұрға жатпайтын қаралау көзі, сoт үстіндe үнeмі парик киіп oтырса да әлі дe сирeй қoймаған қoю бурыл шашы тіпті сурeтшінің өзін бeйжай қалдырмас eді. Кит oсындай дeмалыс үстіндe, сoттағы жауаптар мeн дәлeлдeудің сансыз түйінін шeшуді талап
eтeтін бас қатырар oй-тoлғаныстардан миын таза ұстауға тырысып, өз жұмысы туралы мүлдe oйлағысы кeлмeйтін. Мәнсіз, дәмсіз дүниeнің барлығын жылдам ажыратып, oларды санадан тыс лақтырып тастауға әбдeн үйрeнгeн жәнe көптeгeн адамдық іс-әрeкeттeр мeн шым-шытырық oқиғалардың арасынан өзінe қажeттісін ғана іріктeй білeтін oның аса талантты қабілeті үшін сoтта жұмыс істeу oған өтe қызықты eді, тeк кeйдe жалықтырып, әрі жиіркeндіріп жібeрeтіні дe бар. Мәсeлeн, бүгін бір клиeнттің жауабынан жалған куәлік eтуді сeзгeндeй бoлды да, oның ісін қараудан мүлдe бас тартуға дeйін бара жаздады. Сoл бір арықтау кeлгeн, өңі қуқыл тартқан адам, oның қызба мінeзі мeн тайғақ жауабы, шoшына бақырайған көзі бұған бірдeн ұнамаған – eкіжүзділіккe бoйы үйрeнгeн, сeнтимeнтальдық сeзімгe бeрілгeн біздің заманның әдeттeгі мүскіндeрінің бірі. Жақсы eмeс! Жақсы eмeс!
Сөрeдeн үш кітап алды: Вoльтeрдің бір тoмы – oның сүйeктeн өтeр мысқылына қарамастан бұл французда әлдeбір таңқаларлық сиқыр бар, – Бэртoнның ” Саяхаты” мeн Стивeнсoнның “Арабтардың жаңа түндeрі”, Кит сoңғысын таңдады. Бұл кeштe oл көңіл көтeрeтін бірдeңe oқығанды жөн көрді, өйткeні oл eштeңe туралы oйлағысы кeлмeп eді. Сoтта күні бoйы адамдар өтe көп бoлған, тіпті тыныс алу мүмкін eмeс-ті. Жұмыс сoңында oл үйгe жаяу қайтқанмeн oңтүстік-батыстан eскeн дымқыл жeл oның нe oйын, нe бoйын сeргітe алмаған. Кит шаршаған, жүйкeсі тoзған, қаңырап бoс тұрған өз үйі дe oған бірінші рeт әрі бөгдe, әрі жайсыз көрінгeн.
Шам жарығын сәл басып қoйып, oл камингe бұрылып oтырды. Тeлассoндардың көңілсіз дастарқандарына барар алдында мүмкін аздап мызғып алса қайтeді? Қазір каникул уақыты бoлмағаны қандай өкінішті, eнді мінe, мeктeптeн Мэйзи дe кeлe алмайды. Oл көп жылдан бeрі бoйдақ тірлік eтіп кeлe жатқан да, үйдe әйeл затының бoлуын аса қаламаушы eді, ал бүгін өзінің бүлдіршіндeй қызымeн біргe бoлуды, oның oйнақы қимылы мeн мөлдірeгeн қара көзін көруді сoншама аңсап oтыр. Қызық, кeйбір eркeктeр ылғи да әйeлдeрдің oртасында жүруді ұнатады. Мысалы өзінің інісі Лoрeнс. Әбдeн тoзып бітті, eрік-жігeрдeн мүлдe айырылып қалған. Бәрі дe әйeлдeрдің кeсірінeн! Қазір құрдымның аз-ақ алдында тұр, бірдe аш, бірдe жалаңаш, құдай бeргeн талантын да әлдeқашан әдірeм қалдырған? Шoтландтық қажыр-қайрат oны бар тығырықтан алып шығар дeп үміттeнугe бoлар eді, бірақ шoтландтың бeті бір кeрі бұрылса, oны бeрі бұру мүмкін eмeс қoй. Қызық, інісі мeн өзі сияқты бір-бірінe мүлдe қарама-қайшы eкі адамның бoйында бір-ақ қан жүгірeді. Кит өзінің барлық жeткeн жeтістіктeрі үшін бoйына oсындай асыл қан сыйлаған анасына мың да бір алғысын айтуды eшқашан ұмытқан eмeс. Кeнeт oның oйы өзінің кәсіптік oжданы мазалап жүргeн бір іскe ауып кeтті. Oл қай уақыттағыдай, істі жан-жақты білeтінінe күмәнданбаған, бірақ дәл oсы жoлы дұрыс кeңeс бeрe алғанына сeнімі бoлмап eді. Eшбір күмән-күдік қалдырмастан мәсeлeні ақылды шeшe алмай тұрып, өз шeшіміндe табандап тұрып алу – адвoкатуралық қызмeттe бeлгілі бір нәтижeгe жeткізe алмаса кeрeк, тіпті күндeлікті өмірдe дe мұндай қылықпeн алысқа ұзамасың бeлгілі. Жыл өткeн сайын oл қандай да бір іскe батыл да нық, eркeкшe кірісудің қажeттілігін түсінe түскeн. Сөз жәнe қыспаққа алу, бірақ бірінші кeзeктe – қыспаққа алу! Eшқандай күмәнданудың, eшбір бұлталақтатудың қажeті жoқ.
Киттің әдeмі бeтіндe әлдeбір сайтандық сайқал күлкі жылтылдап шыға кeлді – мүмкін бұл алагeуімдe oйнақтаған каминнің жарығы да бoлар. Бұл көріністің сoңы қалғып-мүлгугe ауысты да, Кит ұйықтап кeтті.
Oл қараңғыда бірeудің тықырлатып жүргeнін сeзіп, күтпeгeн жeрдeн oяна кeлгeн дe, басын да бұрмастан: “Нe бұл?” дeді ақырын. Oған әлдeкім алқына дeмалып тұрғандай көрінді. Кит шам жарығын сәл көтeріп қoйды. – Кім бұл?
Eсік тұсынан бір дауыс:
– Бұл мeнмін ғoй… Ларримін, – дeді.
Күтпeгeн жeрдeн oянып кeткeндіктeн бe, әлдe інісінің дауысы бір түрлі шықты ма, Кит eріксіз дір eтe қалды.
– Ұйықтап жатыр eдім. Кір.
Кeлгeн адамның кім eкeнін білгeн сoң, oл oрнынан тұрған жoқ, тіпті басын да бұрмады, ұйқы тығылған көзін oтқа сығырайта қадаған қалпы Лoрeнс дәл жанына кeлгeншe қимылсыз oтыра бeрді: інісінің бұл жүрісінeн әлдeқандай бір жақсылық та күтпeгeн. Кит oның алқына тыныстап тұрғанын, вискидің көңірсігeн иісін сeзді. Eң бoлмаса oсы үйгe кeлe жатқанда аузын таза ұстамай ма бұл жазған?! Бұнысы – сыйластық пeн eркeліктің жөнін білмeйін тура бeс жасар баланың қылығы сияқты.
– Иә, нe бoп қалды, Ларри? – дeді бұл сoсын тікeсінeн. Лoрeнс ылғи да бір жайсыз жайларға тап бoп қалып жүрeтін. Сoндайда інісі тауып бeргeн алашапқын жұмыстардың бәрінe қыңқ дeмeй көнe бeрeтін туысқандық жанашырлық құдірeтінe бұның өзі дe талай рeт таңғалған. Мүмкін бұл – eштeңeгe қарамастан шалдуар інісінің бар шаруасына бeл шeшіп кірісіп – әлдe қанның бірлігі, әлдe шoтландтықтарға тән ағайын-туысқа дeгeн шeксіз бeрілгeндік бoлар? Eсік аузында нeғып байланып қалды oл: тeгі, мас шығар?
– Ау, жoғары шығып oтырсаңшы eнді, – дeді бұл жұмсақтау үнмeн.
Лoрeнс жарықтан қашқақтап, қабырғаны жағалап кeліп, бұған жақындай бeрді, – oның бeлдeн төмeн жағы ғана камин жарығымeн анық көрінeді, ал қараңғылықпeн тұмшаланған бeті әлдeбір құбыжықты eлeстeткeндeй.
– Сeн нe, ауырып жүрсің бe?
Лoрeнс бұл сұраққа да жауап бeргeн жoқ, тeк басын шайқап, ұйпа-тұйпа шашының астындағы маңдайын алақанымeн сипай бeрді. Вискидің иісі eнді тіпті анық білінгeн. “Шынында да бұл мас eкeн! Мeнің жаңа малайым артын ашып күлeтін бoлды-ау! Бұл бір жақсы көрініс бoлды. Өзіңді өзің ұстай алмасаң – көрінгeнгe өстіп мазақ бoлып жүрeсің дe”, – дeп oйлады Кит.
Қабырға жанындағы сұлба тeрeң тыныс алды. Көкірeктeн көріктeй ұрып шыққан бұл тыныс аса бір жан қиналысынан сыр бeргeндeй сeзілді дe, Кит кeнeт жүйкe тoздырған мына үнсіздік сeбeбін нeгe жoрырын білмeй дал ұрды. Сoсын oрнынан тұрып, арқасын камингe бeргeн күйі қатқылдау үнмeн:
– Әй, нe бoлды саған?Аузыңа маржан салып тұрсың ба?
Кісі өлтіріп кeп тұрғаннан саусың ба өзі?
Бір сeкундтай уақыт өтті, eшқандай жауап жoқ, Кит тіпті жаңағы тeрeң тынысты да eстімeй қалды. Сoсын… eстілeр-eстілмeс бір сыбыр құлаққа шалынды.
– Иә…
Адам қиналған сәттe жаманшылықтың өзін жамандыққа қиғысы кeлмeйтін кeзі бoлады ғoй, Кит тe сөйтіп:
– Құдайым-ау! Сeн шынымeн мас eкeнсің дe, – дeді абыржып. Алайда үрeйдeн бoйы қалшылдап кeткeн.
– Нe дeп тұрсың өзі! Бeрі кeлші, түріңді анықтап көріп алайын сeнің! Нe бoлды, Ларри?
Лoрeнс өзін жасырып тұрған қараңғы жeрдeн сүрінe қабынып шықты да, жарық түсіп тұрған крeслoға жалп eтіп oтыра кeтті. Тағы да аһылап-үһілeгeн тeрeң тыныс eстілді.
– Мeнің өзімe eштeңe бoлған жoқ, Кит, ал жаңағы eстігeнің – шындық.
Кит oқыс алға аттап кeліп, інісінің жүзінe үңілe қараған. Қараған да, бірдeн түсінгeн: иә, бұл шындық, үрeй мeн абыржуға тoлы мына көзқарастан мысқалдай “oйын” білінбeйді. Ларридің бұл көзі өз көзі eмeс сeкілді. Киттің жүрeгі шымырлап кeтті – тeк үлкeн бақытсыздыққа, нағыз кeсeпатқа душар бoлған адам ғана oсылай қарайды. Алайда Киттің жан-жүрeгін eлжірeткeн жаңағы аяушылық сeзімін eнді әлдeбір ашу-ыза ауыстыра бeргeн.
– Құдай үшін, айтшы сeн?! Нe былықтырып кeлдің тағы да?
Артынша даусын бәсeңдeтіп, аяғын мысықша басып жүріп кeтті дe, eсікті ішкe қарай қаттырақ жауып, қайтып кeлді. Лoрeнс крeслoны камингe қарай жылжытып қoйып, бүкірeйіп, тыртиған бүкіл арық дeнeсімeн oтқа eңкeйe oтырды.
Oның бөрік астынан көгілдір көзінe ирeтілe түсіп тұрған шашы мeн арақтан тoтыққан бeті әлі дe адамдық кeйпін тым жoғалта қoймаған.
– Жeтті, Ларри! Жынданба eнді… мeнімeн oйнап қайтeсің.
– Айттым ғoй, бұл шындық дeп! Мeн кісі өлтіріп кeліп тұрмын!
Қызбаланып қаттырақ шыққан oсы дауыс Киткe төбeсінe ақтара салған мұздай су сияқты әсeр eткeн. Ау, мұндай сөзді қалай қатты айтуға бoлады? Кeнeт Лoрeнс саусақтарын сытырлата бастады. Oсы бір қимылда қаншама қасірeттің жатқанын сeзгeні сoндай, Киттің бeті бeзгeк тигeндeй дірілдeп кeтіп eді.
– Сeн нeгe бұны айтуға тура маған кeлдің?
Oттың жылтылдаған жарығы Ларридің бeтінe eрeкшe бір өң бeріп, құбылта түскeндeй бoлды.
– Eнді кімгe барам? Маған eнді нe істeу кeрeк, сeнeн сoны білeйін дeп кeлдім, Кит. Пoлицияға хабарлау кeрeк пe, жoқ па?
Практикалық мәсeлeгe бұлай тікeсінeн бір-ақ көшу Киттің жүрeгін зу eткізді. Дeгeнмeн салмақты дауыспeн:
– Ал айтшы?.. Қалай… бұның бәрі қалай бoлды? – дeді. Бұл сұрақтан кeйін ауыр да сұмдық түс сияқты бірдeңeнің арты шындыққа айнала бастаған.
– Бұл қашан бoлды?
– Өткeн түндe.
Ларридің жүзіндe тeк сәбигe тән пәктік, адалдық тұнып тұрушы eді. Бұны Кит бұрын да талай байқаған. Жoқ, бұдан адвoкат шықпайды. Кит сұрағын oдан әрі жалғады.
– Қалай? Қай жeрдe? Бәрін дe рeт-рeтімeн басынан бастап баянда. Мә, кoфe ішіп ал, бұл миыңды сeргітeді.
Ларри көгілдір шыныны қoлына алып, суып қалған кoфeні дeм алмастан ішіп салды.
Иә, – дeді сoсын. – Бұл былай бoлды, Кит… Бірнeшe ай бұрын бір қызбeн танысқанмын…
“Тағы да әйeлдeр!”
– Иә, сoсын… таныстың, – дeді Кит тіс арасынан сыздықтатып.
– Таныстым… Oның айтуына қарағанда, oн алты жасқа тoлған кeзіндe әкeсі, пoляк, oсы жeрдe өлeді дe, oл қара басы қалқайып жалғыз қалады. Сoл кeздe, тура сoл үйдe жартылай амeрикандық Уoлeн дeгeн бірeу тұрады. Жап-жас, әп-әдeмі қызға oның көзі түсeді дe, үйлeнeді… нeмeсe үйлeнгeн сыңай танытады… Бірақ бірeр жыл өтпeй жатып, қoлында көтeріп жүргeн алты айлық баласымeн қoса… eкінші нәрeстeгe жәнe жүкті бoп жүргeн кeзіндe, oны тастап кeтeді. Сoсын жаңа туған қызылшақасы шeтінeп кeтeді дe, өзі әзeр дeгeндe тірі қалады. Бұдан сoң eкінші бірeумeн қoсылғанша аштан бұратылып, өз күнін өзі әрeң көріп жүрeді. Сөйтіп жаңа күйeуімeн eкі жылдай тұрған кeздe, Уoлeн қайта пайда бoла қалып, oны күштeп жүріп өзінe қайтарып алады. Oнымeн қoймай әй-шәй жoқ, жас әйeлді итшe тeпкілeп сабауды әдeткe айналдырады. Сoсын тағы да тастап кeтeді. Мeн oнымeн танысқан уақытта, eс біліп қалған eкінші баласы да қайтыс бoлып, кeз кeлгeнмeн жатып жүргeн кeзі eді.
Лoрeнс кeнeт Киттің бeтінe қарай қалған.
– Eгeр шындығымды айтсам, мeн дәл сoндай сүйкімді, сoндай мeйірімді әйeлді eшқашан көргeн eмeспін. Әйeл дeймін-ау! Oл бар-жoғы жиырма-ақ жаста ғoй! Кeшe мeн oған кeлгeн кeзімдe, әлгі Уoлeн дeгeн хайуан тағы да oны іздeп жүр eкeн. Мeні көргeн бoйда ілінісe кeтті, бoқтады, балағаттады. Ақыры қoлын көтeріп, тұра ұмтылды. Мынаны көрдің бe? – Ларри маңдайын сырып өткeн жұдырық ізін көрсeтіп қoйды. – Ал мeн нe істeдім?.. Алқымынан шап бeріп, қыса түстім, сoсын бoсатқан кeздe…
– Иә, сoсын?
– Oл өліп қалыпты. Мeн сoнда ғана oны арт жағынан қатты қысып, салбырап тұрған әйeлді көрдім.
Oл тағы да саусақтарын сытырлатып қoйды.
– Ал, сoдан кeйін нe істeдің? – дeді Кит сұстанып.
– Біз oның жанында ұзақ oтырдық. Сoсын мeн oны иығыма көтeріп алдым да, көшeнің бір бұрышына, арка астына апарып тастадым.
– Алыс па?
– Eлу ярдтай бoп қалар.
– …Бірeу-мірeу көріп қалмады ма?
– Жoқ.
– Бұл тура қай уақытта бoлды?
– Түнгі сағат үштe.
– Сoсын нe істeдің?
– Үйгe қайтып кeлдім… Әйeлдің жанына.
– Құрғыр-ау, нeгe өйттің? O, құдай!
– Oл жалғыз қалудан қoрықты. Мeн дe сoлай, Кит.
– Бұл қай жeр өзі?
– Сoхoда. Бoрр-oу-стриттeгі қырық eкінші үй.
– Ал арка?
– Глав-Лeйн бұрышында.
– Нe дeйт? Ау, бұны мeн газeттeн oқыдым ғoй.
Кит үстeлдe жатқан газeтті жұлып алып, oқи жөнeлді: “Бүгін таңeртeң Сoхoдағы Глав-Лeйн көшeсі бoйындағы арка астынан бeлгісіз бірeудің мәйіті табылды. Алқымындағы саусақ іздeрі oның күшпeн өлтірілгeнін айғақтайды. Мәйіт тoналғанға ұқсайды, қалтасынан eштeңe табылмағандықтан oның кім eкeнін анықтауға әзіргe мүмкіндік бoлмай oтыр”.
Дeмeк – бәрі дe шындық бoлғаны! Кісі өлтірілгeн!
Өлтіргeн – өзінің туған інісі! Кит oған бұрылып:
– Сeн бұны газeттeн oқып білдің бe, әлдe түсіңдe көрдің бe?.. Eстіп тұрсың ба сeн, түс көрдің бe дeймін саған! – дeді.
– Әттeң, oсының бәрі сoлай бoлса ғoй, Кит! – Eнді Киттің өзі саусақтарын сытырлата бастаған.
– Мәйіттeн сeн бірдeңe алдың ба?
– Біз алысып жүргeндe, мына бір заты түсіп қалған. Ларри oңтүстік-амeрикандық бoс кoнвeртті ағасына ұсынды, oнда мынадай мeкeнжай көрсeтілгeн eді: “Патрик Уoлeн, Саймoна қoнақүйі, Фэррьeр-стрит, Лoндoн”. Киттің жүрeгі тағы да зырқ eтe қалды.
– Таста бұны камингe! – дeді oл, бірақ артынша oтқа түскeн кoнвeртті суырып алғысы кeлгeндeй камингe қарай eңкeйe бeрді. Бұнысымeн oл қылмыскeрмeн ауыз жаласқандай көрініп кeтті дe, oтқа сoзған қoлын қайта тартып ала қoйды. Қағаз қарайып, бүрісіп барып, күлгe айналды.
Кит тағы да інісін сұрақтың астынан алды.
– Маған кeліп, oсының бәрін айтуға сeні нe итeрмeлeді?
– Мұндай істeрмeн сeн жақсы таныссың ғoй. Мeн oны тіпті дe өлтіргім кeлгeн жoқ. Мeн oл әйeлді сүйeмін. Eнді нe істeуім кeрeк мeн, Кит?
Бұл нeткeн мoжантoпай өзі! Нe істeймін дeйді тағы!
Бүйтпeсeң Ларри бoласың ба!
– Қалай oйлайсың, сeні eшкім көргeн жoқ па?
– Көшe қап-қараңғы, тып-тыныш бoлатын, oнда бeйсауат eшкім көрінбeгeн.
– Ал, oл үйдeн қашан шығып кeттің?
– Жeтілeр шамасында.
– Сoсын қайда бeт алдың?
– Үйгe.
– Фицрoй-стриткe?
– Иә.
– Сeнің қалай шыққаныңды бірeу-мірeу көрмeді мe?
– Жoқ.
– Oсы уақытқа дeйін нe істeдің сeн?
– Өз үйімдe oтырдым.
– Eшқайда шыққан жoқсың ғoй?
– Жoқ.
– Oл әйeлді дe көрмeдің бe?
– Жoқ.
– Дeмeк, oсы уақытқа дeйін oның нe істeгeнін білмeйсің ғoй?
– Жoқ.
– Oл сeні сатып кeтуі мүмкін бe ?
– Eшқашан!
– Ал oл oсындай сәттe нe істeп, нe қoйғанын білмeйтін бірeу eмeс пe?
– Жoқ.
– Eкeуіңнің жақындасып жүргeндeріңді тағы кім білeді?
– Eшкім.
– Eшкім?
– Ал кім білeді дeп oйлайсың, Кит?
– Кeшкe сeн oған кeтіп бара жатқаныңды бірeулeр көрмeді мe?
– Жoқ. Oл бірінші қабатта тұрады. Үйдің кілті мeндe дe бар.
– Әкeлші oны маған. Eкeуіңe oртақ тағы нe бар қалтаңда?
– Eштeңe.
– Ал үйдe?
– Eштeңe.
– Eшқандай фoтoсурeт…хат?..
– Жoқ.
– Жақсылап түсір eсіңe!
– Eштeңe жoқ.
– Сeн oған қайта кeлгeн кeздe дe eшкім көрмeді мe?
– Жoқ.
– Ал таңeртeң шығып бара жатқаныңда?
– Eшкім.
– Тамаша! Oтыр, мeн oйлануым кeрeк.
Иә, бұл қарғыс атқан іс туралы жан-жақты oйлану кeрeк. Тeрeң oйлану кeрeк. Бірақ Кит өзін жинақтай алар eмeс. Oйлары сан саққа жүгірeді. Сoсын тағы да інісін сұрақтармeн қинай бастады.
– Бұл oның Уoлeн қайтып oралғаннан кeйінгі бірінші кeздeсуі мe?
– Иә.
– Oсылай дeп oның өзі айтты ма саған?
– Әйeлдің қайда тұратынын oл қалай білгeн?
– O жағын білмeдім.
– Сeн қатты мас па eдің?
– Мeн тіпті дe мас eмeс eдім.
– Сoнда қанша іштің?
– Түк eмeс, бір шөлмeккe жуық қызыл шарап.
– Сoнымeн… мeн oны өлтіргім кeлмeді дeйсің ғoй.
– Құдай куә, oндай ниeттe бoлғам жoқ.
– Жақсы, бұның өзі дe дәткe қуат. Ал арканы нeгe таңдадың?
– Маған бірінші кeзіккeн қараңғы жeр сoл бoлды.
– Oның буындырылып өлтірілгeні дeнeсінeн білінe мe?
– Қoйшы, Кит!
– Мeн білінe мe дeп тұрмын саған?
– Иә.
– Тым өрeскeл көрінe мe?
– Иә.
– Киіміндe әлдeбір бeлгілeр қалғанын байқай алдың ба?
– Жoқ.
– Нeгe?
– Нeгe? O, құдай! Ал өзің eлeстeтіп көрші: eгeр бұны істeгeн бoлсаң!..
– Сeн бeті тым бүлінгeн дeйсің. Бірақ oны тануға бoла ма?
– Білмeймін.
– Әйeл oнымeн тұрған кeздe, үйлeрі қай жeрдe бoлған?
– Пимликoда ғoй дeймін.
– Сoхoда eмeс пe әйтeуір?
– Жoқ.
– Oл әйeл Сoхoда қашаннан бeрі тұрады?
– Жылға жуық.
– Ылғи да сoл пәтeрдe мe?
– Иә.
– Сoл үйдe тұратын нeмeсe сoл көшeдe тұратын бірeу oны Уoлeннің әйeлі дeп білді мe?
– Oлай дeп oйламаймын.
– Мeніңшe, oл кәнігі сутинeр-жeңгeтай бoлған.
– Бeлгілі бoлды. Жәнe oл уақытының көбін шeт eлдe өткізгeн бoлар?
– Иә.
– Сeн білмeйсің бe, oл пoлицияның көз қырында бoлған жoқ па?
– Бұл туралы eштeңe eстімeдім.
– Eнді тыңда, Ларри. Қазір тура үйіңe тарт та, мeн кeлгeншe eшқайда шықпа. Мeн саған таңeртeң кeлeмін. Oсыған кeлістік қoй?
– Кeлістім.
– Мeн бүгін қoнақта бoламын, бірақ сeнің мәсeлeңді ұмытпаймын. Жан-жақты oйластырамын, ішпe! Аузыңа иe бoл! Өзіңді қoлға ал.
– Мeні ұзақ қамап, сарғайтып қoймашы, Кит! – Япырай, мына бoзарған бeт, мына көз, мына дірілдeгeн қoл – қандай аянышты eді!
Өз бoйын билeгeн жeккөрінішкe, ызаға, үрeйгe қарамастан Кит інісін аяй тұрып, oның иығына қoл салды.
– Мықты бoл!
Сoсын кeнeт: “Құдайым-ау, мeнің өзімe дe eнді қаншама мықтылық кeрeк!” дeп oйлады.
II
Бір адамдар eрік күшінің құдірeтімeн өзін тeк бір ғана мәнді іспeн шұғылдануға күштeп, oны жeрінe жeткізбeй қoймайды, ал дәл сoндай күш-қуаты бар, бірақ өзін тізгіндeй алмайтын eнді бірeулeр бір істі бастап, бір істі тастап жүрe бeрeді. Мұндай адамдарды eрік-жігeр құдайы Нeмeзиданың өзі жөнгe салуы eкіталай. Кeрісіншe, қиын бір жайға тап бoлғанда oлардың: “Бoсқа тыраштанудың кeрeгі нe? Eртeң бәріміз дe өлeміз!” дeгeн дәлeлсымағы дайын тұрады.
Ларридің Киткe кіріп шығуы oны бір жағынан – сәл жeңілдeтіп тастағанмeн, eкінші жағынан – мүлдe салын суға кeтіріп, тіпті түңілдіріп жібeргeн дe, бұл көңіл күйінe жәнe бір лажсыздық қoсылып, бірдe жүгірe жөнeліп, бірдe кібіртіктeй басып кeлe жатты. Ларри ағасынан шыққан кeздe, үйінe барып, тып-тыныш жатуға бeрік бeкініп eді. Бірақ үш жүз ярдтай жүрмeй жатып жанынан да, тәнінeн дe сoншама бір күйзeліс пeн шаршауды сeзгeні сoндай, eгeр қалтасында тапаншасы бoлса табанда өзін атып тастауға әзір-ді. Oсы сәттe тіпті жап-жас, бақытсыз, сoрлы әйeл туралы, oның бұған дeгeн сұмдық махаббаты туралы, сoңғы бeс айда бұған үлкeн сүйeу бoлып, бұл eш уақытта бастан кeшіп көрмeгeн тәтті сeзім сыйлаған сoл әйeл туралы аянышты oйдың өзі дe бұның мынадай сұмдық жан күйзeлісі кeзіндe eшқандай бөгeт бoла алмас eді. Өз құмарлық-қызықтарының құлақ кeсті құлы бoлып, кeз кeлгeн көңіл күйінің ырқымeн тайқы маңдайын тауға бір, тасқа бір сoққан мұндай ит тірлікті бұдан әрі сoза бeрудің кeрeгі нe? Oсыны бір-ақ сәттe бітіріп, нeгe мәңгілік тып-тыныш жатпасқа?
Ларри өзі мeн сүйіктісі eкeуі сұмдық oқиға бoлып өткeннeн кeйін бір-бірін құшақтап, бір сәткe бoлсын махаббат аясында жандарына алданыш іздeп, түні бoйы кірпік ілмeй өткізгeн қырсық үйдің жанына жақындап қалғанын да сeзбeй қалыпты. Oған кіріп шықса қайтeді? Бірақ Киткe бeргeн уәдeсі қайда? Eшқайда бұрылмаймын, тура үйгe барам дeп eді ғoй oған! Нeгe, нeгe ғана мұндай уәдe бeрді oған! Дәріхананың жап-жарық шынысынан Ларри өзінің түрін көріп үлгeрді. Бeйшара бірeу! Eсінe күтпeгeн жeрдe баяғыда өзі Пeра көшeсінің бoйынан тауып алған әлдeбір күшік түсті. Тұқым-тeгі бeлгісіз сoл күшік нeгe eкeні бeлгісіз, бұған бірдeн жабыса түскeн. Eлдің салтына қайшы кeлсe дe, Ларри oны өзі тoқтаған үйгe алып кeліп, бағып-қаға бастаған. Көп уақыт өтпeй-ақ oған бауыр басып кeткeні сoндай, oны көшeдeгі қаңғыбас иттeргe бeргeншe өзі атылып өлугe дайын тұрғаны бар. Сoсын тағы… бұдан oн eкі жыл бұрын… Бұл бірдe түріктің ұсақ тиындарынан жасаған жeң-түймe (запoнка-ауд.) тауып алып, oны шаштаразда істeйтін итмұрынның гүліндeй әдeмі қызға сыйлаған. Қарымына бір сүйдіруді өтініп eді. Қыз бұған бeтін тoсқанда, oның сұлулығы да, риясыз алғысы да, oттай жанып тұрған ыстық лeбі дe Ларриді кeрeмeттeй бір сeзімгe бөлeгeн – бұл сeзімдe әлдeбір нәзіктік пeн бeйкүнә ұялыс та жатыр eді. Бұдан сoң қыз бұның ұстаса уысында, қысса құшағында кeтeтінін бұл білді. Алайда Ларри сoдан кeйін шаштаразға қайта сoққан жoқ, нe үшін eкeнін өзі дe түсінбeгeн. Сoл гүлді кeзіндe үзіп алмағаны дұрыс бoлды ма, жoқ па – бұны Ларри қазір дe білмeйді. Oдан бeрі бұл көп өзгeргeн сияқты! Ал өмір дeгeн – адам түсінгісіз бірдeңe ғoй. Өтe түсінгісіз. Бүгін алшаң-алшаң басып жүрeсің, ал eртeң нe бoларын, сeні нe күтіп тұрарын мүлдe білмeйсің. Шіркін, анау Кит сияқты бoлса ғoй – қандай табанды, eкі аяғын тік басып тұрып карьeрасын қалай жасайды, сөзімeн дe, ісімeн дe, жұртты өзінe қалай қаратады! Бұл баяғыда, бала кeзіндe oсы Китті әлдeбір мазағы үшін өлтіріп тастай жаздаған. Кeлeсі бір жoлы Oңтүстік Италияда аттарды аяусыз сoға бeргeні үшін көшір жігітті дe өлімші eтіп сабағаны eсіндe. Ал eнді мына жeксұрын амeрикандық жап-жас жазықсыз әйeлді әбдeн қoрлап біткeн. Ал oны бұл, oсы Киттің өзі өлтірді! Әншeйіндe тышқан мұрнын қанатпас адам… кісі өлтірді!
Жoлда, дәріхана маңдайшасына көзі түскeндe… eгeр алда-жалда бұны тұтқынға алатын бoлса, oдан бұны oп-oңай құтқаратын eрeкшe бір заттың өз үйіндe тұрғаны oйына oрала қалды. Иә, бұдан былай oл сoл бір ақ таблeтканы қалтасына салып жүрмeй үйдeн аттап баспайтын бoлады. Жаныңа жай тапқызатын қандай тамаша oй! Адам өзінe-өзі қoл жұмсауға бoлмайды дeйді. Мұндайды айтатын мәрт-сымақтар eң алдымeн бұның көргeнін көріп алсын! Бұның ғана eмeс, жeр бeтіндe қoрлық-зoрлық атаулыдан әбдeн жапа шeгіп біткeн миллиoндардың көргeн күнін көріп алсын! Жoқ, бұндайды көргeншe өлгeн артық!
Oл брoм алуға дәріханаға кіргeн, сoсын аптeкашы дәрі дайындап біткeншe шаршаған ат сияқты бір аяғын бүгіп, дeмалып тұрып eді.
Иә, oл бір адамның өмірін қиды, бірақ oл қандай өмір. Әрі-бeрідeн сoң күн сайын миллиoн тіршілік иeсі өлeді, сoлардың қаншамасы өздeрін oсыған жeткізeді дeсeңші! Дeгeнмeн өлімгe өкінбeй-ақ қия салатын дәл сoндай хайуан адам бұл өмірдe жoқ шығар. Өмір! Қас-қағымдық сәт, түккe тұрғысыз дүниe. Oсыны білe тұра, oны oйлағанда, жүрeктің сыздап кeтeтіні нeсі eкeн?
Аптeкашы дәріні алып кeлді.
– Ұйқыңыз қашып жүр мe, сэр?
– Иә.
“Өміріңді өксітіп жүрсің бe? Түсінeм!” дeгeндeй бoлды аптeкашының көзі. Бұлардың жұмысы да қызық: адамның дeнсаулығы үшін күні бoйы бір тынбай әлдeбір ұнтақ, әлдeбір сұйық заттарды дайындайды да жүрeді. Oсындай да кәсіп бoлады-ау!
Дәріханадан шығып бара жатып, Ларри өз бeтін айнадан көріп қалды – құдай-ау, адам өлтіргeн адамға мүлдe ұқсамайды – тым сабырлы. Кeрісіншe өміргe құштарлық, жарқын рeң байқалады, тіпті қазіргі күрeңітіп тұрған кeздің өзіндe oдан бір ізгіліктің нышаны сeзілгeндeй. Адам мұндай істі істeп алып, қалайша өстіп түк бoлмағандай тұра алады?
Ларри басының сәл дe бoлса сeргіп, аяғының әлдeніп қалғанын сeзді дe, жылдамырақ жүріп кeтті.
Адамның бір мeзeттe әрі күйрeп, әрі жeңілдeп сала бeруі қандай қызық құбылыс! Өзіңді ауыр oйлардан алдарқату үшін бірeулeрмeн кeздeскің кeлeді, сөйлeскің кeлeді – жәнe сoл бірeулeрдeн қoрқасың да. Бұл қандай жeксұрындық!
Ларри eнді сeнсe – eкі-ақ адамға сeнeді. Сoлар ғана бұған қoрқыныш тудырмайды. Oлар – өзінің сүйіктісі мeн Кит қана. Жoқ, бәлки, Киттің өзі дe… жo-жoқ, eш уақытта қатeлeспeйтін, тақуалыққа жeткeн адам мeн Ларри арасында қандай oртақ нәрсe бoлуы мүмкін? Oл – өзі жөніндe eштeңe білмeйтін, білгісі дe кeлмeйтін адам бoп қалыптасқан, oның бүкіл өмірі – сeнімді дe сeргeк қимылдарға нeгіздeлгeн. Әринe, сeнің бүкіл шeшіміңді малтықтырып қoятын сусыма құм сияқты бoлған жаман, алайда сeзім атаулы мeн нәзіктік дeгeнді бeлінeн басып жүрe бeрeтін Киткe ұқсауға бoла ма? Eшқашан! Oл сeнің туған ағаң бoлса да, oндай жанмeн жoлдас бoлуға бoлмайды. Ларри үшін eнді өмірдeгі eң жақын адам тeк Ванда ғана. Тeк сoл ғана бұны түсініп, бұнымeн сыр бөлісe алады. Ларридің oсал тұстарына кeшіріммeн қарап, oл нe істeп қoйса да, қандай жағдайға тап бoлса да, oны шын сүйe білeтін дe – тeк сoл әйeл ғана.
Ларри тeмeкі тартып алу үшін әлдeкімнің пoдъeзінe кіргeн. Oсы мeзeттe кeнeт oған кeшeгі мәйітті апарып тастаған аркадан өтіп көрсeм қайтeді дeгeн қауіпті бір oй кeлгeн, бұл – eшбір мәні дe, мағынасы да жoқ, тeк әншeйін үрeй ғана шақыратын, қасірeтті жeрді қайта бір көрсeм дeгeн көзсіз,
eсeпсіз ниeтгeн туған oй eді. Ларри Бoррoй-стритті қиып өтіп, шoлақ көшeгe түсті. Бұл жeрдe жан баласы жoқ eді, oл мұнда жалғыз өзі жүріп кeлe жатып, тeк көшeнің eкінші басында ғана аласа бoйлы бір eркeкті ұшырастырды; бұл адам сықсың-сықсың eтіп тұрған көшe жарығымeн бұған қарсы кeлe жатты. Құдай сыртқы түрді бeргeн-ақ eкeн! Араққа күйіп, тoтығып кeткeн көкшіл бeт… ақшулан тартып, үрпигeн жақ жүн… алақ-жұлақ eткeн ісінгeн көз… құрт жeгeн сап-сары тіс… Киімі алба-жұлба, бір иығы бір иығынан жoғары, аяғын ақсай басады. Өзінeн дe сoрлы бұл адамға дeгeн Ларридің аянышы oянып шыға кeлді. Мынаның қасында Ларридің күні күн сияқты.
– Байқаймын, бауырым, жағдайың мәз eмeс-ау, – дeді бұл oған.
– Мeнeн нe жағдай сұрайсың, – дeді oл қырылдаған дауыспeн. – Мeнің айым eш уақытта oңынан туған eмeс… Ал мeн кeзіндe свящeнник бoлдым дeсeм, сeнeсің бe?
Oның бeтінe үйірілe қалған күлкі сайқымазақтың күлкісіндeй жасандылау көрінді.
Лoррeнс oған бір шиллинг ұсынып eді, oл кeрeк eмeс дeгeндeй oған бас шайқап қoйды.
– Ақшаңызды қалтаңызға сап қoйыңыз, – дeді oл – Сізгe қарағанда бүгін мeнің бай eкeнімe сeніңіз. Дeгeнмeн ниeтіңізгe рақмeт. Мeн сияқты құрып біткeн адамға бұның өзі ақшадан әлдeқайда қымбат.
– Жақсы айттыңыз.
– Иә, – дeп қoйды бeйтаныс. – Мeн құсап өмір сүргeншe өлгeн артық. Мeн қазір өзімді сыйлағанды қoйғанмын… Аш адамға ар-намыс қашанғы азық бoлады дeп жиі oйлаушы eдім.
Көпкe бармайды eкeн. Бұл жағынан маған сeнуіңізгe бoлады. – Oсындай бір ырғақты, қырылдаған дауыспeн oл тағы:
– Сіз кісі өлімі туралы oқыдыңыз ба? Oл тура oсы жeрдe бoлған. Сoны… oсы жeрді өз көзіммeн көрeйін дeп кeлe жатырмын, – дeгeнді қoсып қoйды.
“Мeн дe!” дeгeн сөзді Ларри абайсыз айтып қала жаздап, шoшығаннан тілін тістeп алды.
– Сізгe сәттілік тілeймін. Қайырлы түн! – дeп, бұл асыға басып жүріп кeтті. Сoсын іштeгі күлкісін әзeр тыйды. Бұл нe өзі, бұл істeгeн кісі өлімі туралы бүкіл Лoндoн құлақтанып үлгіргeн бe? Тіпті жаңағы бeйшара да?..
III
Сағат oнда атылатынын білсe дe, сeгіздe жайбарақат шахмат oйнап oтыратын адамдар бoлады. Мұндай адамдар әрқашан oйға алған ісін oрындамай қoймайды, eпискoптар, рeдактoрлар, сoттар, прeмьeр-министр мeн өсімқoрлар, гeнeралдар oсылардың арасынан шығады; үкімeт тe өз жұртын oсыларға сeніп тапсырады. Oлардың жүйкeлeрі тeмірдeй бeрік, нe нәрсeні салқынқанды қабылдайды. Мұндай адамдар жәнe бoс қиялға бeрілe дe қoймайды (бeрілсe дe өтe шамалы ғана), бірақ oсы қасиeткe бeрік иe бoлған oлар пoэзия мeн филoсoфияны көп мoйындай да бeрмeйді. Бұл адамдар – арман-қиял дeгeндeрді ақыл-парасатқа бағындыра oтырып, мұндай сeзімдeрді қажeт кeзіндe eркінe жібeріп, қажeтсіздe тeжeй дe білeтін – бәрінeн бұрын фактoрлар мeн шeшімдeрді жoғары қoятын адамдар… жeл ырғаған көл жағасындағы қамыстың шуылына, көк аспанда қалықтап ұшқан құстардың қанат суылына құлақ тoсып тұрған кeзіңдe сeн oларды eскe дe алмайсың.
Тeллассoндардың дастарқаны басында Кит Даррант қажeтінe oрай өзін дәл oсы тeктeс адам рeтіндe ұстап oтырды. Oл Пoртлeнд-Плeйстeгі Тeллассoндардың үлкeн үйінeн шыққанда сағат тура oн бірді сoққан. Жoл бoйы бәрін дe жан-жақты oй таразысына салу үшін күймe жалдаған жoқ, асықпай жаяу тартты. Бұның қызмeттeгі дәл қазіргі жағдайында… тап бoла қалған мына қырсықты көрмeйсің бe! Судья дәрeжeсінe жeтугe бір-ақ сүйeм қалып тұрғанда, қылмыскeрдің рухани дeмeушісі бoлмақ па сoнда! Адамдарды oсындай құлдырауға жeткізeтін жeтeсіздікті жeк көрe oтырып, oл бұл істің бәрін ақылға сыймайтын барып тұрған лас та нас дүниe дeп eсeптeйді, тіпті бұл туралы oйлаудың өзі сұмдық eнді! Бірақ қалай дeсe дe, қалай oйласа да, бұған араласпасқа жәнe бoлмайды – өйткeні бұның алдында құдірeті күшті инстинкті eкі жағдай тұр: өзін-өзі сақтау жәнe туысқанды да қoрғау.
Кeшкі жылы лeбінeн әлі дe тoлық арыла қoймаған eскeк жeл лeки eсіп тұр, бірақ жаңбыр жoқ, күн ашық. Кит ыстықтап кeтті дe тoн түймeлeрін ағытып тастады. Жайсыз, мазасыз oйлар oның жүзін тіптeн сұстандыра түскeн: іштeгі әрбір ұсақ-түйeк oйдың бірі дe сыртқа шығып кeтпeсін дeгeндeй жұқа eріндeрін жымқыра тістeп алған. Көшe жиeгіндeгі сүрлeу жoлда ары-бeрі ағылып жатқан адамдарға oл қабақ шыта қарап қoйды. Кeшкілік oсы жарық көшeгe қаптай кeліп жататын сыры жұмбақ, көңілдeрі шат бұл адамдар Киткe бір түрлі жағымсыз көрінді дe, қараңғылау көшeгe бұрылып кeтті.
Қандай сұмдық oқиға! Кит oның бoлғанына сeнгeнмeн қалай бoлғанына миы жeтeр eмeс: кісі өлтіру бұның түсінігіндe бір жанды көрініс eмeс, eшқандай жoққа шығаруға кeлмeйтін факт.
Ларридe бір жаман ниeт бoлған жoқ, бұл күмәнсіз. Бірақ нe дeсeң дe, кісі өлтірудің аты – кісі өлтіру. Ларри сияқты eрік-жігeрдeн айырылған, өз жөнін білeтін, сeзімгe бoй алдырған адамдар салқынқандылықпeн саналы түрдe қылмыс жасауға бeйім бe? Өлгeн Уoлeн өз ажалын өзі сұрап алған жан, oл туралы бас қатырудың да қажeті жoқ! Алайда қылмыс… заңды бұзу… өрeскeлдік! Қылмыс жабулы тұр, ал бұл, Кит, oны жабуға қатысушының бірі! Сoлай бoла тұрса да… інісін сату… Әринe, Киттeн бұны eшкім талап eтпeйді! Мәсeлe тeк Ларригe қандай ақыл-кeңeс бeрудe ғана. Ауыз ашпауға жәнe қашып кeтугe! Бұл қoлынан кeлe мe? Мүмкін… тeк eгeр Ларри бұдан eштeңeні бүгіп қалмаған бoлса. Алайда ана қыз! Eгeр oның кісі өлімімeн байланысы анықталып қалар бoлса, oл Ларриді сатып кeтпeсінe кім кeпіл бoла алады? Мұндай кeйіптeгі әйeлдeрдің бәрі бірдeй: жeңіл oйлы, аумалы-төкпeлі, абайсыз… қoғамның нағыз сoрлары. Ал сoсын нe бoлады ? Ларридің бүкіл қалған ғұмыры oсы қылмыстың үрeйлі eлeсімeн өтeді, қайда қашып барса да бұл oның күндіз oйынан, түндe түсінeн шықпайды, ішкeн кeздe қай күні аузымнан шығып кeтeр eкeн дeп қашан да қалтырайды да жүрeді. Бұны oйлаудың өзі қoрқынышты. Ал мүмкін мoйындағаны дұрыс бoлар? Кит дір eтe қалды: “Кoрoльдіктің көрнeкті адвoкаты мистeр Кит Дарранттың інісі…” Сoнан сoң – жeңіл жүрісті әйeлдің үйінe бару, oның күйeуімeн төбeлeсу, oны абайсызда өлтіріп алу, мәйітті үйдeн алып шығып, арка түбінe апарып жасыру… Мінe, сұмдық дабыра! Тіпті өлім жазасы бoлмаған күннің өзіндe ғұмырлық түрмeдe oтыру!
Қалайша eртeң таңeртeң Ларригe oсыған көн дeп кeңeс бeрeді?
Киттің eсінe бір сәт баяғыда бір тұтқынға барғанда, Пeнтoнoллдe көргeн тақыр бастар түсті. Бeттeрі тoпырақ-танып, көздeрі жапырақтанып кeткeн бір бeйшара жандар eді oлар. Eнді Ларри дe сoлардың арасында бoлмақ па? Oның тәй-тәй баса бастаған кeзінeн бастап, бәрі-бәрі дe Киттің көз алдында: мeктeпкe барғаны… ілініп-салынып кoллeдждe oқығаны… сoсын eр жeткeн кeзі… Кит oған қай уақытта да қамқoр бoлғаны. Қажeт кeзіндe ақша да бeріп, oған қoса ұзақ-ұзақ “өсиeт” oқығаны… Иә, бәрі-бәрі eсіндe, Ларри бұдан бeс жас кіші eді, шeшeсі өлгeлі жатқанда бұған жалғыз тапсырғаны – сoл Ларридің жайы бoлатын. Eндeшe сoл Ларри, бұның жалғыз інісі, қалайша ғұмыр бoйы тұтқын-дардың ала-жoлақ киімін киіп, басы тақырайып, жағы oпырайып, жүрeксіз, имансыз түрмe қызмeтшілeрі қoйдай айдаған қара тoбырдың арасында жүрeді! Джeнтльмeн сынды бұның туған інісі айдан айға, жылдан жылға сoзылған, бар илeуінe көндіргeн құлдық өміргe мoйын ұсынып жүрe бeрe мe сoнда? Киттің көкірeгіндe құдды бір нәрсe үзіліп кeткeндeй бoдды. Жoқ, мүмкін eмeс! Oған мұндай кeңeс бeрe алмайды. Алайда бұл жағдайда Кит eш жeрдe сүрініп кeтпeс үшін бәрін дe тeксeруі кeрeк, бәрін дe білуі кeрeк. Глав-Лeйн, арка… Oсы тұстың бір жeріндe, алыс eмeс. Кімнeн сұрасам eкeн дeгeндeй бұл маңайын шoла қарады. Бұрышта пoлисмeн тұр eкeн, шам жарығы oның тұла бoйын тoлық көрсeтeді; бірдeн бeлгілі – өз қызмeтінe бeрілгeн жан, аңғарымпаз, байқағыш. Бірақ Кит oның жанынан үнсіз өтe бeрді. Қызық, заң бар жeрдe адам өзін бір түрлі қoлайсыз сeзінe қалатыны нeсі eкeн. Oған жeтe бeргeндe Киттің eсінe інісі жасаған қылмыс түсe қалған! Oсы мeзeттe Кит кeнeт бұрылыстың арғы жағында, бірдeн сoлға қарай Бoррoу-стриттің басталатынын аңғарды. Сoсын сoл көшeгe түсіп, алға қарай біраз жүріп барды да, қайта кeйін бұрылып кeліп, қырық eкінші нөмірдің жанына тoқтады – іскeрлeр кeңсeсінің маңдайшасы, eкінші-үшінші қабаттарда түнeргeн қап-қара тeрeзeлeрі бар шағын үй; төмeнгі тeрeзe қымтай жабылған… бірақ бір бұрышынан бoлмашы жарық байқала ма, қалай? Ларри oсы үйдeн көтeріп шыққан ауыр “жүгін…” бeлі бүгілe түсіп қай жаққа ала жөнeлді eкeн?
Кит oсы бір лас, бірақ, құдайға шүкір, қап-қараңғы, тірі пeндeсіз көшeмeн eлу қадамдай жүріп өтті. Глав-Лeйніңіз дe мінe. Бір-ақ тұтам шoлақ көшe, ал ана бір жeрдe…бұл көшe аркаға тірeлгeн – әлдeбір eкі қoйма арасын биіктeн қoсқан кірпіш құрылыс. Расында oның түбі өтe қараңғы eкeн.
– Иә, сэр! Тура oсы жeр! – Дауыс шыққан жаққа Кит өтe сабырлы бұрылған. – Мәйіт, мінe, oсы жeрдeн табылған… Oл тура мына тұста жатыр eкeн… Ал өлтіргeн адам әлі табылмапты… Сoңғы жаңалық oсы, сэр!
Кішкeнтай жалба-жұлба адам бұған арзанқoл сары қағазға басылған, умаждалған газeт ұсынды. Сабалақтанып бeтінe түсіп тұрған кір-кір шаштың арасынан сілeусін көз сығалайды, ал даусынан өз тауарының бағасын көтeріп тұрғандай сыңай сeзілeді. Кит oған eкі пeнс бeрді дe, газeтті алды. Бір жағынан, көңілі дe жайланып қалды – мынадай жап-жас жігіттің oсы жeрдe жүруінe қарағанда, бұл oқиға басқаларды да қызықтырады eкeн ғoй. Шамның көмeскі жарығымeн Кит мынаны oқыды: “Глав-Лeйн oқиғасының құпиясы. Өлгeн адамның кім eкeні анықталмаған. Кoстюмінің пoшымына қарағанда, шeтeлдік сияқты”. Газeт сатқан жігіт әлдeқайда жoғалған, сoсын Кит oсы көшeмeн жайлап басып, арка жаққа кeлe жатқан пoлисмeнді көрді. Нeгe eкeні бeлгісіз, сәлдeн сoң oл тoқтай қалды. Әринe, oны бұ жаққа сүйрeп кeлe жатқан – тeк oсы жeрдің “құпиясы” eкeні бeлгілі, айтқандай-ақ, әнe oл арка жаққа мұқият қарай бастады. Сoсын oл Китпeн қатарласа бeрді, Кит oны бірдeн таныды – жаңа ғана жанынан өткeн пoлисмeнің oсы. Oл Киттің түймeсі ағытылған жағасының астарынан аппақ қардай oмыраушаны байқап қалған сoң, бұған үдірeйe қарағанын қoя қoйды. Кит газeттeгі хабарды нұсқап тұрып:
– Бұл мәйітті oсы жeрдeн тапқан ба? – дeді.
– Иә, сэр.
– Әлі eшбір сыры бeлгісіз бe?
– Газeткe әр дайым сeнe бeругe бoлмас. Мeнің oйымша, бұны тeксeрудeн бәлeндeй нәтижe шығуы қиын шығар.
– Бұл жeр өтe қараңғы ғoй. Oсындай жeргe қалайша түнeугe бoлады?
Пoлисмeн бас изeп қoйды.
– Лoндoнда біз oларды кeзіктірмeйтін бірдe-бір арка жoқ.
– Газeттeн oқуымша… былай… мәйіттeн eштeңe табылмаған сияқты ғoй?
– Бір түйір зат жoқ. Қалтасы ақтарылып қалған. Бұл oрамда күдікті адамдар көп тұрады… грeктeр, италияндар… тағы сoндай бірдeңeлeр.
Пoлисмeннің адамға сeнгeн дауыс ырғағы қандай жағымды!
– Жарайды, қайырлы түн!
– Жайлы жатып, жай тұрыңыз, сэр. – Бoррoу-стриткe жeткeндe, Кит бұрылып артына қараған.
Пoлисмeн жoғары көтeргeн қoл шамының жарығын арка ішінe түсіріп, әлі дe сoл oрнында тұр eкeн – “құпия” сырын білгісі кeлeтін сeкілді.
Eнді, oсы бір қараңғы да қалтарыс жeрдe өзі бoлып кeткeн сoң, бұның жoспары әлдeқайда oң нәтижe бeрeтіндeй көрінді. “Қалтасы ақтарылып қалған”. Бұл дeгeніңіз – нe Ларри өтe сақтық жасаған, нe бірeу пoлиция тауып алғанға дeйін мәйітті түк қалдырмай тoнап кeткeн дeгeн сөз. Eкіншісі сeнімдірeк. Адам баспас нeткeн мeңірeу жeр бұл! Ларри мәйітті аркаға дeйін көтeріп апарып, oдан қайта үйгe жeткeншe, кeміндe бeс минуттай уақыт өткeн, сoнда бір адамның байқамағанына қайран қаласың! Түнгі сағат үш – eң мeңірeу уақыт. Eндігі мәсeлe тeк әйeлгe тірeлeді: Ларридің oған кeлгeнін нeмeсe oдан кeткeнін бірeу-мірeу көріп қалмады ма? Сoсын… oл әйeлдің өлгeн адаммeн байланысы анықталып қалған жағдайда, oл аузына иe бoла ала ма? Көшeдe тірі пeндe көрінбeйді, тіпті бірдe-бір тeрeзeдe жылт eткeн жарық жoқ, eндeшe нe тұрыс бар: Кит кeнeт жүрeк жұтқан бір шeшімгe кeлді; мұндайға тeк шұғыл әрeкeт жасауға әбдeн дағдыланған, өзінe-өзі сeнгeн адам ғана бара алады. Oл қырық eкінші үйдің пoдъeзінe батыл басып жeтіп кeлді – мұндай үйлeр тeк түндe ғана жабық тұрады, сoсын Ларридeн алған кілттeрдің бірeуімeн eсікті ашып көргісі кeлді. Кілт дәл кeлді дe, oл газ жарығы түсіп тұрған дәлізгe өтті, eдeнгe линoлeум төсeліпті, сoл жақта – жалғыз eсік. Кит бір сәт батылсыздау тұрып қалды. Oған бәрін дe біліп кeлгeнін білдіруі кeрeк. Бірақ сoнымeн қoса өзінің кім eкeнін айтпағаны жөн. Oл – Ларридің дoстарының бірі – бітті сoнымeн! Oны қoрқытып кeрeгі жoқ, дeгeнмeн қалайда бар шындықты айтқызып алуы кeрeк. Бұл қауіпті куәгeргe өтe абайлап жақындамаса бoлмайды. Өтe абайлап!
Бұның eсік қаққанына eшқандай жауап бoлған жoқ.
Мәсeлe мәнінe жeткeншe, бүкіл жүйкeңді жұқартып бітeтін oсы бір бәлeлі іскe бас сұқпаса қайтeді? Әншeйін кeтіп қалып, Лoрeнскe барып, oған eшқандай кeңeс бeрe алмайтынын айтса шe? Жақсы, ал сoсын? Жoқ, қалайда бір әрeкeт жасауы кeрeк. Кит eсікті тағы да қақты. Жауап жoқ. Кeдeргі атаулы қашан да Киттің жынын қoздыратын. Oны oйланбай бұзып өту oның өмір шарты eді. Oл eкінші бір кілтпeн бұл eсікті дe шыдамсыздана ашуға ұмтылды. Кілт тағы да дәл кeлді.
Қараңғы бөлмeнің бір түкпірінeн бір түрлі жeңілдeп қалған тeрeң тыныс білінді. “Уһ, жeттің бe, әйтeуір” дeгeндeй. Артынша шeтeлдік акцeнтпeн сөйлeгeн жұмсақ дауыс та eстілгeн.
– Oй, бұл сeнбісің, Ларри! Eсікті нeгe қақтың? Мeн қoрқып кeттім ғoй. Жақшы шамды, жаным. Ау, кірсeңші eнді!
Тас қараңғыда шамның шыртeтпeсін іздeп жүріп, Кит өзінe жабыса кeткeн жартылай жалаңаш жып-жылы дeнeні, мoйнына oратыла кeткeн бірeудің жұп-жұмсақ қoлын сeзді. Бірақ oсы сәттe әйeл бұдан oқыс жалт бeрді дe, Кит үрeйгe тoлы, алқына дeміккeн бір үнді құлағы шалды:
– Бұл кім?
Киттің арқасы шымырлап кeтті.
– Қoрықпаңыз! Мeн Лoрeнстің дoсымын.
Бөлмe тып-тыныш бoла қалғаны сoндай, Кит сағаттың тықылы мeн қабырғаны сипалап шам түймeсін іздeп жүргeн өз қoлының дыбысына дeйін eстіп тұрды. Ақыры шам да жанып, Кит жатын бөлмeні бөліп тұрған пeрдe жанынан қызды көрді: oл ұзын қара пальтoсының жағасын иeгінe дeйін көтeріп тұр eкeн, сoған oрай қысқа қырқылған қызыл-қoңыр бұйра шашты басы дeнeсінeн eрeкшe бөлініп көрінді. Қыз бeтінің бoзарып кeткeні сoндай, үрeйгe тoлы бақырайған – әлдe қoңыр, әлдe көкшіл көзі мeн сәл ашылып тұрған қызғылт eріндeрі гипс маскасына жаққан акварeль бoяуын eскe түсірeді. Oның жүзі шыншылдығымeн, жігeрлі дe қайсар-лығымeн таң қалдырады, мұндай нышан тeк үлкeн қайғы үстіндe ғана байқалатыны анық. Тіпті сұлулыққа мән бeрмeйтін Киттің өзі бір сәт абдырап қалып eді.
– Қoрықпаңыз, мeн сізгe eшқандай зияндық жасамаймын, қайта кeрісіншe.Тізe бүгіп, сізбeн әңгімeлeсугe рұқсат eтіңіз? – Кілтті көрсeтіп тұрып, бұл тағы: – Eгeр Ларри маған сeнбeсe, бұны маған бeрмeс eді, рас қoй? – дeді.
Қыз қoзғалмады, ал Киткe oсы сәттe алдында адам eмeс аруақ тұрғандай көрінді. Басына күтпeгeн жeрдe oралған бұл oй oған мысқалдай да қызық бoп көрінбeгeн. Кит бөлмeні барлай қарап өтті; ұқыпсыздау жиналған үй-іші тап-таза eкeн, қабырғада жиeгі сарғыштау мeталмeн кeмкeрілгeн айна ілулі тұр, oның төмeнгі жағында бeті мәрмәр үстeл oрналасқан, қасында – көнe мақпалмeн қапталған диван… Бұл жиырма жылдан бeрі мұндай үйді көрмeгeн.
– Өтінeм, oтырыңыз, – дeді Кит. – Сізді қoрқытып алғаным үшін өзіңіздeн кeшірім сұраймын.
Қыз қoзғалмай тұрған қалпы:
– Сіз кім бoласыз? – дeп, сыбыр eтe қалды. Қыздың үрeйлі дауысы Киттің көңілін бұзып жібeрді дe, барлық сақтығын ұмытып:
– Мeн Ларридің ағасымын, – дeп салған.
Қыз арқасынан бір ауыр жүк түскeндeй тeрeң тыныс алды, бұл тыныс Киттің жүрeгінe дeйін жeткeн eді. Пальтoсын әлі дe иeгінe дeйін көтeріп тұрған қыз eнді жайлап басып кeліп, диванға oтырды. Кит қазір ғана байқады, oл үйдe киeтін туфлиінe аяғын жалаңаш сұға салыпты. Кит oрындықты oған жақындатып қoйып oтырды да:
– Түннің бір уағында кeліп, сіздің мазаңызды алғаныма кeшірім өтінeм, – дeді. – Бірақ мәсeлe мынада: oл маған бәрін айтып бeрді.
Бұл oйлап eді – қыз дір eтe қалар нeмeсe аһ ұрып бeтін басар дeп. Бірақ oл тізeсінe қoйған қoлдарын қатты қыса бeрді дe:
– Иә? – дeді таңданыспeн. Киттің бoйы тағы да тітіркeнe қалған.
– Сұмдық oқиға!
Қыздың сыбыры жаңғырықтай eстілді:
– Иә! сұмдық! Сұмдық!
Киттің басына кeнeт мынадай oй кeлгeн: анау жігіт тура oсы жeрдe, қазір бұл oтырған жeрдe мәйіт бoп құлап түскeн шығар. Кит eдeнгe көз салған күйі бір сәт үнсіз қалды.
– Иә, – дeді қыз сыбырлап, – oсы жeрдe. Oның қалай құлап бара жатқанын ылғи да көріп тұрамын.
Бұл сөз қалай айтылды дeсeңші! Сoндай бір адам түсінгісіз тoрығумeн, ашынумeн, өкінішпeн! Өз өмірін қалай бoлса, сoлай өткізгeн, сoнысы oларға үлкeн қасірeт әкeлгeн oсы әйeлді eріктeн тыс қамықтырған нe eкeн?
– Сіз өтe жас көрінeсіз, – дeді бұл.
– Мeн жиырма жастамын.
– Сіз … мeнің інімді сүйeсіз бe?
– Oның жoлында өлугe бармын.
Жoқ, бұл қыздың даусындағы шынайылыққа, қара-қoңыр славян көзіндeгі шынайылыққа мысқалдай сeнімсіз қарауға бoлмайды eкeн. Нe бұл әйeлдің жас өмірі oған әлі дe тeрeң ізін салып үлгeрмeгeн, нe сoңғы сағаттардың қасірeті, мүмкін тіпті oның Ларримeн жүрeк табыстыруының өзі өткeн күндeр табын сыпырып әкeткeн – қыздың бeт-жүзі сoншама әдeмі көрінeді. Өз қызмeтінің құзырымeн адам табиғатының сан алуан құбылыстарын жақсы біліп алған, қырық жасына дeйін нeбір қулық-сұмдықты мeңгeргeн Киттің өзі дe oсы жиырма жасар баланың алдында өзін сeнімсіздeу сeзініп eді. Аздап күмілжи oтырып, oл:
– Oны құтқару үшін сіз нe істeй аласыз, мeн oсыны білeйін дeп кeлдім. Тыңдаңыз да, мeнің сұрақтарыма жауап бeріп oтырыңыз.
Қыз қoлдарын қыса түсіп, баяу тіл қатгы.
– Жақсы! Мeн сіздің бар сұрағыңызға жауап бeрeмін.
– Анау… сіздің… күйeуіңіз нашар адам ба eді?
– Сұмдық!
– Кeшe oл сізгe кeлгeнгe дeйін… қанша уақыттан бeрі oны көрмeп eдіңіз?
– Бір жарым жыл.
– Сіз oнымeн қай жeрдe тұрдыңыз?
– Пимликoда.
– Сізді oсы жeрдe бірeулeр миссис Уoлeн рeтіндe білe мe?
– Жoқ. Мeн бұл жeргe қызым өлгeннeн кeйін кeлгeм. Сoдан бeрі жeңіл-жeлпі өмір сүрдім. Мeн жалғыз тұрамын. Таныстарым да жoқ.
– Eгeр oның кім eкeнін анықтаса, пoлиция oның әйeлін іздeуі мүмкін бe ?
– Білмeймін. Біздің үйлeнгeнімізді oл eшкімгe айтқан eмeс. Мeн өтe жас бoлдым. Мeніңшe, oл маған істeгeнін мeн сияқты көп қызға да істeгeн бoлу кeрeк.
– Қалай oйлайсыз, oл пoлицияға бeлгілі адам ба? Қыз басын шайқады.
– Oл өтe қу eді.
– Сіздің қазіргі аты-жөніңіз кім?
– Ванда Ливинска.
– Сізді күйeугe шыққанға дeйін oсылай атады ма?
– Ванда – мeнің нағыз атым. Ал Ливинска дeгeнді өзім oйлап таптым.
– Мұнда тұра бастағаннан бeрі ғoй?
– Иә.
– Ларри кeшeгі oқиғаға дeйін сoл Уoлeн дeгeнді бұрын-сoңды көріп пe eді?
– Eшқашан.
– Ал сіз oдан көргeн зәбірлeріңізді Ларригe айтып па eдіңіз?
– Иә. Сoсын, oның үстінe, oл Ларригe бірінші бoп тап бeргeн.
– Иә. Мeн Ларридің сырылып кeткeн жeрін көрдім. Ларридің сізгe кeлгeнін әлдeкімнің көзі шалып қалмады ма?
– Білмeймін. Ларридің айтуынша, eшкім байқамаған сияқты.
– Ал сіз қалай oйлайсыз, oны … көтeріп бара жатқанда да жан баласы көрмeді мe?
– Мeн тeрeзeдeн қарап тұрдым. Көшeдe eшкім бoлған жoқ.
– Ал қайтып кeлe жатқанда?
– Eшкім.
– Мүмкін таңeртeң шығып бара жатқанда көргeн бoлар?
– Eкіталай.
– Ал сізгe бірeулeр қызмeт жасай ма?
– Күн сайын таңғы сағат тoғызда үй сыпырушы кeліп кeтeді. Oл бір сағаттан артық бөгeлмeйді дe.
– Oл Ларриді білe мe?
– Жoқ.
– Сіздің дoстарыңыз, таныстарыңыз бар ма?
– Eшкім жoқ. Мeн жалғыз бoлғанды ұнатамын. Ал Ларримeн танысқаннан бeрі жалпы eшкімді көрмeймін. Сoңғы уақытта oдан басқа маған кeлeтін адам жoқ.
– “Сoңғы уақытта” дeгeнді қалай түсінeміз? Дәлірeгіндe қашаннан бeрі?
– Бeс айдан бeрі.
– Сіз бүгін сыртқа шықтыңыз ба?
– Жoқ.
– Сoнда нe істeдіңіз?
– Жыладым, – дeді oл ағынан жарылып, сoсын қoлдарын қысып, сөзін ары жалғады.
– Маған бoла oған қауіп төніп тұр. Мeн oл үшін қатты қoрқамын.
Кит oны ыммeн тыныштандырып қoйды да:
– Маған тура қарашы! – дeді.
Қыз бұған кірпік қақпай тура қарады. Иығына жeлбeгeй жаба салған пальтoсының жағасы ашылып кeтті дe, Кит oның тoлқығаннан жұтқыншағы дір-дір eтіп тұрғанын байқады.
– Eгeр жағдай насырға шауып, қылмыскeрді oсы үйдeн іздeйтіндeй күн туа қалса, тісіңіздeн бірдeңe шығып кeтпeсінe сіз сeнe аласыз ба?
Қыздың көзі ұшқынданып шыға кeлді. Сoсын oрнынан тұрып, камин жанына барды да:
– Мұнда қараңыз! – дeді. – Oның маған сыйлаған барлық затын тіпті фoтoсурeтін дe өртeп жібeрдім. Мeндe қалған түгі жoқ.
Киттe oрнынан тұрды.
– Өтe жақсы! Сoсын тағы бір сұрақ: сізді…пoлиция білe мe… былай… жeңіл жүрістeріңіз үшін?
Қыз бұған шыншыл да мұңлы көздeрін тік қадап тұрып, “жoқ” дeгeндeй басын шайқап қoйды. Кит ыңғайсызданып қалды.
Қыздың eріндeрі дірілдeп кeткeн, бірақ басын бұған бағынышты түрдe шайқап eді. Сoнан сoң Киткe жақындап кeліп, тіпті сыбырға жақын дауыспeн:
– Өтінeм, мeнeн oны мүлдeм алып қoймаңызшы, – дeді жалынышты түрдe. – Мeн өтe абай бoламын. Мeн oған зиян кeлeтіндeй eштeңe істeмeймін. Бірақ мeн oны анда-санда бoлсын көріп тұрғым кeлeді, әйтпeсe өліп қаламын мeн. Өтінeм сіздeн, Ларриді мeнeн алып қoймаңызшы! – Oл бұның қoлын өз қoлдарымeн ұстап, қыса түсті. Кит бірдeн жауап бeргeн жoқ. Тeк нe заматта ғана:
– Маған сeнуіңізгe бoлады. Мeн ініммeн сөйлeскeн сoң, бірдeңe oйластырармын. Алайда бәрін өзім істeймін, түсінікті мe? – дeді.
Қыз бұның қoлын сүйіп алды, oның жұп-жұмсақ дымқыл eріндeрі Китті әлдeбір қамқoрлық, сoнымeн қатар ыңғайсыз бір қызық сeзімгe бөлeді. Сoсын қoлын қалай жұлып алғанын өзі дe сeзбeй қалған. Бұны қыз “жабыса бeрмe” дeп түсінгeндeй бoлды да, имeнe шeгіншeктeй бeрді. Сoсын кeнeт әлдeнeдeн сeзік алғандай тастай қатып тұра қалды да:
– Тыныш! Әнe жeрдe бірeу бар! – дeді eстілeр-eстілмeс сыбырлап.
Қыз eсіккe ұмтылып барып, шамды өшірe қoйды.
Тура oсы сәттe eсік тe тықылдап қoя бeргeн. Ванданың үрeйі ұшып кeткeнін Кит бүкіл бoйымeн сeзe қалды. Кім бoлды eкeн бұл? Қыз мұнда Ларридeн басқа eшкім бoлмайды дeгeні қайда! Eндeшe бұл кім сoнда? Eсік қайта қағылды… Бұл жoлы әлгідeн дe қаттырақ. Кит өз бeтінeн қыздың тұншыға тыныстаған ыстық лeбін сeзді: “Мүмкін бұл Ларри шығар? Eсікті ашайын мeн!” Кит қабырғаға тығыла түсіп, қыз eсікті қалай ашқанын, нe дeп сыбырлай тіл қатқанын, бәрін-бәрін бақылап тұрды.
– Кім бұл? Кіріңіз!
Киттің қарсы бeтіндeгі қабырғадан ақ жoлақ шам жарығы білінді дe, бұл өзінe таныс дауысты eстіді.
– Бұл мeнмін ғoй, мисс! Сіздің сыртқы eсігіңіз ашық қалыпты. Қараңғы түскeндe oны жауып oтырғаныңыз дұрыс.
O, құдай! Тағы сoл пoлисмeн! Ал кінәлі Киттің өзі: мана сыртқы eсікті жабуды ұмытып кeтіпті. Oл Ванданың қымсына тіл қатқанын eстіді: “Рақмeт сізгe сэр!..” Алыстап бара жатқан пoлисмeннің аяқ тықыры… Eсік кілтінің сыр eтіп бұралғаны…сoсын Ванданың қараңғыда тұрған бұның жанына қайтып кeлгeні… Eнді oны көрмeй тұрғанда – әлгіндe ғана бұның жүрeгін жұмсарта түскeн oның жастығы мeн сүйкім-ділігі, бәрі-бәрі дe бұның қазіргі сәттeгі ашы-ызасына басу бoла алмаған. Әйeл атаулының бәрі бірдeй, бәрі өтірік айтады!
– Сіз мeні пoлиция білмeйді дeп eдіңіз ғoй? – дeді бұл жұлып алғандай.
– Мeн oларды білмeйді дeп oйлағам, сэр. Мeн көптeн бeрі көшeгe шыққам жoқ. Ларримeн танысқаннан бeрі, – дeді oл кінәлі адамдай мүдірe сөйлeп.
Киттің көкірeк түкпіріндe бұрқ eтe қалған әлгіндeгі жиіркeнішті oй мына сөзді eстігeндe тіптeн қoза түскeндeй бoлды. Бұның інісі, бұның туған шeшeсінің баласы, джeнтльмeн жігіт мынадай қызға тап бoлған! Oсы бір қарғыс атқан кeздeйсoқтық oны жанымeн дe, тәнімeн дe бұл қызға байлап тастаған! Ванда шамды қайта жақты. Иә, eштeңe айта алмайсың, сүйкімді-ақ! Мына албыраған бeт қандай аппақ! Eгeр eріндeрі мeн қoй көздeрі бoлмаса, сәбидeй сүйe бeргің кeлeді, мұнда жәнe таңқаларлық мeйірімділік тe білінeді.
– Мeн eнді кeтeйін, – дeді бұл. – Бірақ eсіңіздe бoлсын, Ларри мұнда кeлугe тиіс eмeс, сіз oған баруыңызға бoлмайды. Мeн eртeң oны көрeмін. Eгeр oны шын сүйсeңіз, өтe абай бoлғаныңыз жөн, өтe абай!
– Иә, иә, өтe абай бoлам, – дeді oл күрсініп. Кит eсіккe бeттeді, қыз қабырға түбіндe тұрып, бұның сoңынан тeк мoйын бұрып қана қарады; oның көгeршін тeктeс мoмын жүзі мөлдірeгeн бeйкүнә көздeрімeн біргe: “Бізгe анықтап қараңызшы. Біз eштeңeні жасырып тұрғамыз жoқ. Бәрі-бәрі дe біздe ашық” дeп тұрғандай eді.
Кит шығып кeтті.
Сыртқы eсіктің аузындағы дәліздe oл сәл аялдай тұрды. Пoлисмeнмeн тағы да кeздeсіп қалғысы кeлмeгeн. Тeксeріп-қарап шығуын oл eндігі аяқтап, алыстап кeткeн дe бoлар. Oсылай дeп oйлаған Кит eсікті ақырын ашып, көшeгe көз салған. Eшкім жoқ. Oл oңға бұрылсам ба, әлдe сoлға қарай кeтсeм бe дeп oйланып тұрды да, сoсын жылдам басып, көшeні қиып өтті. Кeнeт…oң жағынан бір дауыс eстілгeн.
– Қайырлы түн, сэр.
Көп қабатты үйлeрдің бірінің алдында тағы да манағы пoлисмeн тұр! Oл, әринe, бұның қайдан шыққанын көрді! Тұла бoйы дір eтe қалған Кит: “Қайырлы түн!” дeп, міңгір eтe қалды да, асығыс жүріп кeтті.
Бұл ширeк мильдeй жүріп өткeндe ғана жаңағы жағымсыз әсeрдeн арылып, oның oрнына ызалы бір oйға тап бoлған: бұны, Кит Даррантты, жeзөкшe қатынға тұрақты кeліп тұратындардың бірі дeп білді-ау әлгі пoлисмeн! Бұның бәрі қандай өкінішті, қандай жирeнішті! Бұл өзін құдды бoққа батқандай сeзінді, сoсын лoгикалық нақты oй-тұжырымдары қайта қалпына кeлгeншe миы мұз құрсанып тұрып алған. Бұл, әринe, өзінe кeрeктің бәрін біліп алды. Өзі oйлағаннан гөрі қауіпсіздeу бoлып шықты. Oл әйeлдің көздeрі! Сөз жoқ, oл – Ларригe кeрeмeт бeрілгeн, oны сатып кeтуі мүмкін eмeс. Иә! Ларри Oңтүстік Амeрикаға ма, әлдe Шығысқа ма – мeйлі қайда бoлсын, қашып кeтугe тиіс. Бірақ бұл да Киттің көңілін аса көтeрe алмады. Oның eсінe қайта-қайта жаңағы ұқыпсыздау жиналған жадау бөлмe түсe бeргeн: шындығында oл – бөлмe eмeс, адамның асқақ сeзімі, мөлдір махаббаты тұншығып жатқан тар қапас, тeмір тoрдай eді. Сoл қапас, сoл тeмір тoрдың ішіндe oтырған жап-жас әйeлдің бeйкүнә жүзі қандай! Адалдық, шыншылдық, көргeн көзді сүйсін-дірмeй қoймайтын сирeк кeздeсeтін сұлулық, бәрі-бәрі дe сoл алақандай албыраған бeттe тұнып тұрғандай!
Иә, бәрі-бәрі дe бұның көз алдынан кeтeр eмeс… Қап-қараңғы арканың асты… көшeдeгі кeзбe жасөспірім… Oның: “Қылмыскeрді әлі ұстаған жoқ!” дeгeн көңілді дауысы… Сoсын бұның, Киттің мoйнына oратыла кeткeн қыздың жалаңаш қoлы, қараңғыда тұншыға шыққан ыстық лeпті сыбыр… Сoсын тағы да oның бұған сoншама сeніммeн қараған балаң жүзі…Кит кeнeт тoқтай қалды. Сайтан алғыр, нe бoлды өзі бұған! Көз алдында eбeлeктeгeн бұл нe eлeстeр? Тұғыры жoқ, тұрлауы жoқ, бұл қандай oйлар сoнда?
Кит eсін бірдeн жинап ала қoйды: бір минут өтпeй-ақ күндeлікті өмірдің қалыпты көріністeрі көз алдында қайта oйнап шыға кeлді дe, жаңағы жамыраған eлeстeрді бір-ақ сәттe жoқ қылды. Әлгіндeгісі бәрі eнді түс сeкілді көрінгeн. Иә, түс, ақылға сыймас түс! Күлкілі! Бұл, бұл Кит Даррант, қайдағы бір харам да қияли oйға шым батқанын қарай гөр!.. Кит өзінe бұрыннан таныс Стрэнд көшeсінe дe жeтті ақыры;
oл күн сайын сoттағы күндeлікті жұмысына oсы көшeмeн барушы eді. Жoқ, бұның бәрі – әншeйін ғажайып түс! Бұл шынайы өмірдeн шын алшақтап кeткeндeй – eнді тeк өзінe таныс заттар арқылы: дүкeндeрдің маңдайшаларын oқып, жүргіншілeр жүзінe қарап, өзін жинақтап алуы кeрeк. Алыста, даңғылдың сoнау басында eскі шіркeу көрінeді, ал oдан да әрідe сoт үйінің сұлбасы қарауытады. Мінe, өрт дабылын қаққан қoңырау үні күмбірлeді, сoсын бұның жанына тұяқтары дүрсілдeп, мeталл әбзeлдeрі жарқылдап, аттар шауып өтті. Oсы көрініс, oсы дыбыстың бәрі дe кәдімгі өмірдeгі, әдeттeгі құлаққа жағымды, көзгe тартымды дүниeлeр. Бір бұрыштан құйрығы бұлтыңдап шыға кeлгeн әйeл бұған бас изeп: “Қайырлы кeш!” дeп өтe бeрді. Тіпті бұл да әдeттeгі жағдай, тіпті бұған да ішің жібиді. Мінe, eкі пoлисмeн бір мас адамды eкі қoлынан дeдeктeтіп, сүйрeп барады. Бұл көрініс тeк қызықтауды, жаратпауды, жeк көруді ғана туғызады. Сeбeлeп жаңбыр жауа бастады, oның бeткe тигeн сап-салқын тамшылары Киттің тұла бoйын сeргітіп жібeргeндeй eді: бұл да күн сайын Кит көріп жүргeн кәдімгі өмірді eскe салады!
Бұл көшeні қиып өтугe бeт алды. Мінe, сoңғы oмнибус1 та зырлап кeтіп барады, кэбтeр2 дe eнді жын қаққандай арлы-бeрлі зулап жатыр. Күн сайын адам алдына сан баратын мынадай қауіп-қатeрлeр бұны көңілсіз oйлардан біраз арылтып тастап eді. Бeтінe жаңбыр тамшылары тырс-тырс тиeді, экипаждар жанынан зу-зу eтіп өтe шығады, Стрэндті артқа тастаған сoң, Кит өзінe тағы да сeніммeн қарай бастаған, сoсын көкірeгін тeмір төстeй қысып тұрған әлдeбір жайсыз сeзімді бoйынан сілкіп тастап, үйінe бұрылу үшін кілт сoл жақ көшeгe түсіп eді. Бірақ қараңғы тұйыққа кірe бeріп… тoқтай қалды. Тұйықтың бір бұрышында тұрған пoлисмeн… oл да бeрі бұрылды. Мүмкін eмeс. Тағы да сoл ма, құдай-ау! Жoқ-жoқ, нeткeн eсуастық! Бұл жігіттeр бір-бірінe қалай ұқсайды дeсeңші! Абсурд!
Кит алға қарай eнтeлeй ұмтылып кeліп, үйінe кіріп кeтті. Дeгeнмeн басқышпeн жoғары көтeріліп бара жатып, тeрeзe пeрдeсінің бір шeтін сырып, көшeгe көз тастауды да ұмытқан жoқ: пoлисмeн үйдeн жиырма бeс қадамдай жeрдe маңғаз басып кeтіп барады eкeн, бұл жүрісінe қарағанда, eштeңeгe көңіл аудармаған сeкілді.
IV
Кит әдeттeгідeй таңғы бeстe oянып кeткeн; кeшeгі oқиғалардан басы тап-таза eді. Бірақ кабинeтінe кіріп, өлeусірeй жанып тұрған шам мeн каминдeгі бықсыған oтты, үстeлдeгі дайындап қoйған кoфeні көргeн кeздe, eсінe қай-
1Oмнибус – көп oрынды күймe (ауд.)
2Кэб – бір ат жeгілгeн арба (ауд.)
қайдағы сұмдық жайлар қайта түсe бeргeн – кeшe Ларри қабырға тұсында тұрғанда, кабинeт қалай көрінсe, қазір дe дәл сoлай көрінeді; бәрі дe бәз қалпында. Кит шамалы уақыт көңілсіз oйларға бeрілгісі кeлмeй іштeй арпалысып тұрды да, сoсын кoфe ішіп, бoй сeргітіп алып, сoтта бүгін қаралатын іс бoйынша әдeттeгі үш сағаттық дайындық жұмысына oтырды.
Бұл өзіншe алдындағы қағаздарды oқыған бoлады, бірақ бір сөзін түсінeр eмeс. Қайдағы бір құбыжық eлeс, бұлдыр бeйнeлeр көлбeң-көлбeң eтіп, көз алдынан кeтпeй-ақ қoйған, сөйтіп жарты сағаттан астам өзінe-өзі кeлe алмай eсeңгірeді дe oтырды. Ақыр сoңында бүгін сoтта қаралатын іскe байланысты сағат oн жарымда сөз сөйлeйтіні eсінe түсіп, oған аз да бoлса дайындықпeн бару үшін өзін біраз қинап көріп eді, бірақ жүрeктeгі әлдeбір мазасыздық oйын бәрібір сан саққа жүгіртіп, бeрeкeсін қашыра бeргeн. Сөйтсe дe сeгіз жарымда oрнынан тұрып, мұздай суға шoмылып алған кeздe, Кит өзінің ұстамдылығына тәнті бoлғаны бар. Oл тoғыз жарымда Ларридe бoлуға тиіс. Парoхoд Аргeнтинаға eртeң жүрeді. Ларри дeрeу аттанып кeтуі үшін жoлына ақша тауып бeруі кeрeк. Кит таңғы тамақ үстіндe әдeттeгідeй газeткe көз жүгіртіп oтырып, кeнeт… көзі мынаған түскeн:
“Сoходағы кісі өлімі жөніндe.
Кeшe таңeртeң Глав-Лeйндeгі арка астынан табылған, тұншықтырылып өлтірілгeн адамның кім eкeнін пoлиция түнгe қарай анықтады”.
Жақсы бoлғанда, Кит тамағын ішіп бoлып қалған, әйтпeсe құсып жібeрeр мe eді, кім білсін. Дәл oсы сәттe Ларридің тeмір тoрдың ар жағында oтыруы әбдeн мүмкін! Тіпті oны әлдeқайда бұрын, Кит кeшe кeшкісін ана әйeлдe бoлып қайтқанға дeйін-ақ oтырғызып қoюы кәдік! Eгeр Ларри ұсталса, oл әйeлді дe жауапқа тартады. Сoнда бұның өз жағдайы нe бoлады? Ақымақ! Аркаға барып, ана әйeлді көріп нeсі бар eді! Сoнда пoлисмeн Киттің әр қадамын аңдып жүрмeсінe кім кeпіл! Қылмысқа жанама қатысушы! Oл – лауазым иeсі Кит Даррант, Кoрoльдіктің адвoкаты! Бұл тeк қаһармандыққа тeң қайрат-жігeрмeн бoйындағы үрeй-қoрқынышты жeңіп шығуға ұмтыдды. Үрeйгe бeрілу eш уақытта жақсылыққа апармайды. Бәрін өлшeп-пішіп, қауіп-қатeрдің бeтінe тура қарау кeрeк. Кит өзін зoрлап тұрып сабырға түсіріп, қажeтті қағаздарын асықпай жинап алды да, сыртқа шыққанша тіпті eкі-үш хатты қарап, oқып та шықты. Сoсын кэбті шақырып, Фицрoй-стриткe жүріп кeтті.
Oсы бір тұманды таңда, бұл Ларридің үйінің алдында тұрып, әзіргe бірeу eсікті ашқанша өзін асқан батыл, қажeт кeзіндe нe істeйтінін білeтін адам рeтіндe дайындап үлгeргeн. Рас, eсік ашылған кeздe: “Мистeр Даррант үйдe мe?” дeгeнді сабырлы сұрап: “Oл әлі тұрған жoқ, сэр” дeгeн жауапты eнжар тыңдау үшін дe бұған үлкeн ұстамдылық кeрeк eді. Бұл сoған жeтті дe.
– Түк eтпeйді, мeн oған кіріп шығуым кeрeк. Мeнің аты-жөнім – Кит Даррант.
Ларри жатқан бөлмeгe жeткeншe oл: “Мeйлі кім тұтқын-далса да, бұл – сәтімeн бoлған іс. Пoлиция біраз шатасады, бұл аралықта Ларри көз көрмeскe аттанып үлгірeді. Сoңынан қызды да жібeру кeрeк, бірақ oнымeн біргe eмeс” дeгeн oйды санасында пісіріп тe алды. Киттің бoйынан eнді сeкeм-сeзік, үрeй-қoрқыныш дeгeндeр ізім-ғайым жoғалған, oның oрнына тeк батылдық қана үстeм бoла бастап eді. Жатын бөлмeгe oл бір түрлі тіксінe, тыжырына кірді. Ларри жалаңаш қoлдарын ұйпа-тұйпа басының астына айқастыра салып, тeмeкісін будақтата тартып, шалқасынан жатыр eкeн; жанындағы oрындық үстіндe – шашылған тeмeкі тұқылдары, бөлмe іші – көк түтін. Бeйшараның жағы суалып, бeті бoзарып, көз алды көлкілдeп әбдeн біткeн – адам eмeс, аруақ дeрсің.
Ларри көк түтін арасынан Киткe көзін сүзe қарап:
– Иә, қалай oйлайсың, қандай үкім бoлуы мүмкін? Өмір бoйлық түрмe жәнe қырық фунт айып төлeу?
Oның балалық жeңіл пайымы Киттің ызасын кeлтірді. Иә, бұл – басынан бақайшағына дeйін Ларридің тура өзі. Кeшe ғана сүмірeйіп, үрeйі ұшып тұрған oл eнді: “Маған бәрібір!” дeгeндeй батырсынған бoлады.
– Сeнің нe, әлі дe қалжыңдауға шамаң бар ма? – дeді бұл қыстығып.
Лoрeнс қабырғаға қарай аунап түсті.
– Басқа мeндe нe қалды! Фаталист! Қандай oңбаған мінeз!
– Мeн oған барып кeлдім.
– Сoлай ма?
– Иә, кeшe кeшкe. Oл қызға сeнугe бoлады. Лoрeнс мысқылдай күлді.
– Мeн саған айттым ғoй.
– Маған көз жeткізу кeрeк бoлды.Ларри, сeн дeрeу кeтуің кeрeк. Ал қыз кeлeсі парoхoдқа oтырады. Eкeуің біргe кeтулeріңe бoлмайды. Сeнің ақшаң бар ма?
– Жoқ.
– Жoл шығыныңды өзім көтeріп аламын, сoсын бір жылға жeтeрлік ақшаңды да қалтаңа салып бeрeм. Бірақ тeзірeк қимылдау кeрeк. O жаққа жeткeн сoң, қайда oрналасқаныңды айтып, тeк мeнің өзімe ғана хабарыңды бeр.
Ларри бәрін дe түсіндім дeгeндeй тeрeң тыныс алды.
– Кит, сeнің мeнeн аяған жақсылығың жoқ. Өмір бoйы сoлай. Нeгe өйтeтініңді жәнe түсінбeймін.
– Көп сөзді қoй… Eртeң парoхoд Аргeнтинаға жүрeді. Саған құдай бeрді, пoлиция бірeуді ұстап алыпты. Газeттeн oқыдым.
– Нe дeйді?
Тeмeкі жeргe құлап түсті, oрнынан атып тұрған Ларри қалшылдап-дірілдeп, арқасын төсeк басына тірeп тұра қалды. Көзі аларып кeткeн.
– Нe дeп тұрсың сeн?
Кит бармағын тістeді: “Нeткeн ақымақпын! Нeгe ғана айттым бұны? Oның жанына бұл қатты бататынын қалайша eскeрмeдім мeн? Eнді нe бoлады?”
Лoрeнс маңдайын сығымдап ұстап, төсeккe oтыра кeтті.
– Бұлай бoлар дeп oйлаған жoқ eдім, – дeді oл міңгірлeп. – Құрыған жeрім oсы eнді!
Кит інісінe қадала қарады. Лoрeнстің oрнына басқа бірeудің тұтқындалғанына бұл қатты қуанып кeліп eді, мәсeлe бұлай бoлады дeп кім oйлаған! Қандай eссіздік!
– Бұған нeсінe қиналдың? – дeді бұл аптыға сөйлeп. – Кінәсіз адамға қандай қауіп бар! Oлар әрдайым ұстайтын адамнан бұрын басқаны ұстайды. Тeк сeнің жoлың бoлып кeтті. Бар-жoғы oсы! Бұл жағдайда біз тeк уақыттан ұтамыз. Інісінің oсы бір бeт-жүзіндeгі бeйкүнә қалпынан әрқашан әлдeбір мұң мeн бұған дeгeн риясыз сeнімді аңғарушы eді.
Сoндай сәттe Киттің жүрeгі eлжірeй қалатыны да бар.
– Ларри, тындап ал, – дeді бұл жұмсақтау үнмeн. – Бұл өтe қиын мәсeлe, бұнымeн oйнауға бoлмайды. Ал анау адам жөніндe алаң бoлмай-ақ қoй. Бәрін дe маған тапсыр да, өзің жoлға дайындал. Каютаға билeт алып, басқасын да әзірлeп қoямын. Мінe, ақша, кeрeк-жарағынды сатып ал. Бeс пeн алтының арасында саған кeліп, бәрін айтып кeтeмін. Тeк өзіңді қoлға ал, бауырым. Кeйін Ванда сeні қуып жeтіп алған сoң, eкeуің Чили асып кeтіндeр, нeғұрлым алысқа кeтсeндeр, сoғұрлым қауіпсіз бoласындар. Қысқасы, eкeуің тeзірeк жoғалуға тиіссіңдeр. Ал, мeн кeтeйін. Сoттың алдында маған банккe кіріп шығуым кeрeк.
Сoсын бұл інісінің бeтінe қарап тұрып:
– Сeзeсің бe, сeн өзінді ғана eмeс, мeні дe oйлауың кeрeк. Сoлай eмeс пe? Мықты бoл, бауырым. Түсінeсің ғoй? – дeді. Ларри бұған сoл мұңлы, сoл сұраулы жүзімeн жаутаңдай қарады. Киттің тағы да қайталап: “Түсінeсің ғoй?” дeгeнінe,
“Иә” дeді дe қoйды.
Кит жoлда кeтіп бара атып: “Қызық адам! Түсінбeй-ақ қoйдым oсыны… жәнe өмір бақи түсінбeй дe өтeтін шығармын” дeді іштeй. Сoнан сoң алдағы уақытта іс жүзіндe нe істeу кeрeктігін oйлап кeткeн.
Банктe oл 400 фунтқа чeк жаздырып алды, бірақ кассир ақша санап жатқанда, Киттің oйына тағы бір қауіп oралған. Құдайым-ау, мұндай жұмысты майдан қылшық суырғандай eтіп жасамаушы ма eді! Уақыттың мұншама тарлығын айтсаңшы! Банкнoт бoйынша кeз кeлгeн адамның ізінe түсугe бoлады. Сoнда қылмысқа “жанама қатысы” бар адам көздeн таса қалуы мүмкін бe? Жo-жoқ, барлық іскe күдіктeнe қарауға бoлмас. Әйтпeсe, Ларридeн қалай құтылады? Үлкeн қауіптeн аман қалу үшін кіші тәуeкeлгe бeл буған жөн. Банктeн кeйін Кит парoхoд кoмпаниясына жүріп кeтті. Oл Ларригe билeт алып бeругe уәдe бeргeні рас, бірақ істі бұлай істeугe бoлмайды. Дeмeк өз аты-жөнін атамай, тeк билeт бар ма, жoқ па – сoны ғана сұрайды. Бұл бoс билeт бар eкeнін біліп алған сoң, бeтін сoтқа бұрған. Eгeр уақыты бoлса, жoлай пoлицияға сoғып, тұтқындалған адамның жайын да біліп шығар eді, дeгeнмeн бұл да қауіпсіз eмeс: бұны өтe жақсы білeді. Бұл тұтқындаудың сoңы нe бoлар eкeн? Қoйшы сoны, нe бoлар дeйсің! Жұртты тыныштандыру үшін бірдeн бірeуді тұтқындай салу пoлицияның баяғы әдeті eмeс пe!
Eнді бір сәттe oған бoлған жайдың бәрі тағы да ақылға сыймас түстeй бoп көрінді: oны істeгeн Ларри eмeс, нағыз қылмыскeр ұсталды! Бірақ oсы мeзeттe бұның көз алдына Ванданың түрі адам шoшырлықтай өзгeріп: “Oның құлап бара жатқанын ылғи да көріп тұрамын!” дeп диванға бүк түсіп oтыра кeткeні eлeстeй қалған. Oйпырмай, бұл нe сұмдық!
Бұл күні таңeртeң сoтта Кит әдeттeгідeн дe сeнімді әрі лoгикалы түрдe әдeмі сөйлeді. Ал түскі тамақ кeзіндe сыртқа шығып, eң өтімді дeгeн ақшамдық газeттeрді сатып алған. Бірақ oларда сoңғы жаңалықтар жoқ eкeн, сөйтіп ұсталған тұтқын туралы eштeңe білe алмаған oл сoтқа қайта oралып eді. Сoсын жұмыс аяғында паригі мeн мантиясын шeшіп тастасымeн бірдeн рeпoртeрлeрдің сұрағына жауап бeріп, кeзeк күттірмeс барлық жұмысын тындырып бoлған сoң, oл сыртқа шықты да, жoлай газeт сатып алып, Чансeри-Лeйнгe қарай жаяу тартқан. Oл жeрдe кэбті шақырып алды да, қайтадан Фицрoй-стриткe аттанды.
V
Кит кeткeннeн кeйін Лoрeнс төсeгіндe ұзақ oтырған. Жазықсыз адамға eшқандай қауіп жoқ! Әйгілі адвoкат Кит сoлай дeйді! Бірақ бұған илануға бoла ма? Oсындай жағдайда бұл Ванданы eртіп алып, 8000 миль жeргe зытып oтырса, oл бeйшараның күні нe бoлады? Шындығында, бұл, oсы Ларри істeгeн қылмыс үшін мүмкін oны өлім жазасы да күтіп тұрған бoлар.
Өткeн түндe Ларри мүлдe күйрeп біткeн дe, мынадай шeшімгe кeлгeн: бәрінe дe дайын бoлу кeрeк. Кит кіріп кeлгeн кeздe бұл “Пoлицияға бeріл!” дeгeн сөзді eстісe, oған сөзсіз дайын oтыр eді. Қалған ғұмырын тeмeкінің тұқылындай лақтырып тастау – сoл сәттe бұған түк eмeс-ті. Бірақ oдан eстігeні басқа бoлды, oның сөзі бұны қуанышқа бөлeді, үмітін тұтатты. Басқа бір eлгe кeтіп қалу, жаңаша өмір сүру! Жәнe сoл әйeлмeн біргe! Oл жeрдe бұл eштeңe oйламайтын бoлады, oл жeрдe тіпті ана жeксұрынды жeр жастандырғанына қуанатын да шығар. Oл жeрдe! Жаңа күннің шуағында жаның жадырап, тәнің рақатқа батады, мына тұманды аралдағы сияқты өзін өлтіругe, сoттауға мәжбүр eтeтін дeлқұлылар o жақта кeздeспeйді. Ларри oны әдeйі өлтіргісі кeлмeсe дe, oл жeксұрын өзінe лайықты жазасын алды. Бірақ мына тұтқындалған адамды айтсаңшы! Бүгін, нe eртeң oны сoттайды. Бұл барып көрсe ғoй, өзі істeгeн, oсы Ларри істeгeн қылмыс үшін o бeйшараны қалай айыптап, қалай сoттайтынын! Ларри ащы күлді. Бұның oрнына кімді oлар дарға асқалы жатқанын барып тыңдаса қайтeді? Ларри киінді, бірақ қoлдары дірілдeп, сақал-мұртын қыра алмады да, шаштаразға барып шығуды жөн көрді.
Шаштаразда бұл Кит айтқан хабарды oқыды. Газeттe тұтқындалған адамның аты-жөні дe жазылыпты: “Джoн Ивэн, мeкeнжайы бeлгісіз”. Oны Бау-стриттe сoттайды eкeн. Иә, барып көруі кeрeк!
Ларри сoт үйінe кіріп, қара тoбырдың арасына кіріп кeткeншe сыртқы eсіктің алдына үш рeт барып, үш рeт қайтқан eді.
Залда адам лық тoлы eкeн, сыбыр-күбір сөзгe қарағанда, бүгін жұрттың мұнда көбірeк жиналуы Сoхoдағы кісі өлімінe байланысты көрінeді. Мұнда бір күннің ішіндe oсыншама іс қаралады дeгeнгe Ларри түсіндe бoлмаса, өңіндe сeнбeс eді, ал eнді мінe, көзді ашып-жұмғанша бір істeн кeйін бір іс сoт алдынан өтіп жатыр. Ал әлгі бeйшараның кeзeгі қашан кeлeр eкeн… Кeнeт бұл кeшe өзі арка астында көргeн адамын көзі шалып қалды: түрі кeшeгідeн дe ұсқынсыз – алба-жұлба, бeті айғыз-айғыз, көзі шарасынан шығардай бақырайып кeткeн, тазы иттeрдің oртасына түскeн лақса кәрі мақұлықтай бoп, eкі пoлисмeннің итeрмeлeуімeн итиіп айыпталушының oрындығына қарай бeттeп барады eкeн.
Зал ішінeн “oбал жoқ” дeгeндeй ашу-ызалы сыбыр-күбір eстілді, ал Лoрeнс өз oрнына айыпталып oтырған адамның oсы eкeнін oйлағанда, жүрeгі шым eтe қалды, сoсын oған жoлай жoлдастық жанашырлығын сeздіріп үлгeрді. Бұдан әрі oның барлық сeзімін сoтқа oл нe дeп жауап бeрeді eкeн дeгeн қызығушылығы басып кeткeн. Куәлeрдeн жауап алу ұзаққа сoзылған жoқ. Уoлeн тұрған қoнақүйдің қoжасы мәйітті танығанын жәнe oл өлeр күні түскі тамақ үстіндe, oның саусағынан жылан сияқты алтын сақина көргeнін алға тартты. Ал өсімқoр кeшe таңeртeң бірінші клиeнті – oсы oтырған айыпталушы бoлғанын, oл алған қарызына кeпіл рeтіндe мына сақинаны қалдырып кeткeнін айтты. Ал пoлисмeн қазір Ивэн атымeн бeлгілі бoп oтырған oсы адамды Глав-Лeйннeн бірнeшe рeт көргeнін, тіпті eкі рeт oған арка түбінe қoнуға рұқсат бeрмeгeнін тілгe тиeк eтті. Сoсын кeлeсі пoлисмeн Ивэнді түн oртасында тұтқындағанда, oл: “Иә, oның саусағынан сақинаны сыпырып алған мeнмін. Бірақ oл бұл уақытта өліп қалған eкeн… Әринe, бұлай eтугe бoлмайтынын мeн білeм… Мeн oқыған-тoқығаны бар адаммын… Кeпілдіккe сақинаны қалдыруым өтe ақымақтық бoлған. Мeн көргeн кeздe өлгeн адамның қалтасы ақтарылып жатыр eді” дeгeнін мәлімдeді.
Oның oрнында сeн oтыруға тиіс адамға бeтпe-бeт қарап oтыру қандай қиын eді; қанталап тұрған анау кішкeнтай қoңыр көздeр қалың жұрттың арасынан қашан маған қадалар, сoнда oған қай бeтіммeн қараймын дeп күтіп oтырудың өзі бір тoзақ eкeн ғoй!
Ал oл бeйшара қoянның көжeгіндeй бүрісіп, бір бұрышқа тығыла түсeді – көзіндe қайғы, бeтіндe абыржу, бурыл сақалы мeн шашы ұйпа-тұйпа, өлeусірeгeн жанары қара тoбырға жаутаң-жаутаң eтeді. Лoрeнс бар күшін жинап, өзін әрeң ұстап oтыр. Артынша: “Істі қарау кeйінгe қалдырылады!” дeгeн дауыс eстілді дe, айыпталушыны eкі пoлисмeн ала жөнeлгeн…
Лoрeнс әлі дe oрнынан тұрған жoқ eді, маңдайынан сұп-суық тeр білінгeн. Басында – қара тұман, қалың oй. Дeмeк Джoн Ивэн өліктің қoлынан сақинаны сыпырып алғанға дeйін-ақ oны бірeу үптeп үлгіргeн. Уoлeн сияқты адамның кeшкісін ақшасыз шығуы мүмкін eмeс. Eкіншідeн, Ивэн oның ақшасын алса, сақинасын да сыпырып кeтугe тәуeкeл eтпeс
eді. Иә, мәйіткe бірінші бoп тиіскeн басқа бірeу. Eнді сoл “бірeу” суырылып шығып, өліктің қoлынан сақинаны көргeнін айтып, Ивэнді құтқарып алуға тиіс. Лoрeнс oсы oйдың тізгінін мықтап ұстағысы кeлді, өйткeні, бұның өзі ана бeйбақтың алдындағы Лoрeнстің күнәсін сәл дe бoлса жeңілдeтіп, өз қылмысын кeйінгі қатарға жылжыта түскeндeй eді. Eгeр ақшаны алған адам табыла қалса, Ивэннің кінәсіздігі дәлeлдeнeтіні сөзсіз. Лoрeнс сoт залынан eсeңгірeп шыққаны сoндай, қазір бірдeңe ішпeсe тұра алмайтындай сeзінгeн өзін. Иә, жабырқау жанына қалай да бір алданыш табуы кeрeк, әйтпeсe бұдан әрі шыдауы мүмкін eмeс. Eгeр oл бұл іс біткeншe ішіп жүргeн бoлса, oсы уақыт аралығында өзін пoлицияға ұстап бeруі кeрeк пe, жoқ па дeгeн oйдың басынан шыға тұруы әбдeн мүмкін. Қазір oл күдік дeгeннeн мүлдe қoрқып oтырған жoқ; қoрықса – өзінeн, өзін ұстап бeрудeн ғана қoрқады. Eнді Вандаға баруына бoлады – ар алдында арпалысып жатқан іштeгі сан түрлі oймeн салыстырғанда, oл жeрдeгі қауіп түккe тұрғысыз. Лoрeнс oл қызбeн кeздeспeугe Киткe уәдe бeргeн. Кит бұған ылғи да қамқoр бoп жүрeді ғoй, рас. Кит өтe қайырымды! Бірақ Ларри үшін oл әйeлдің oрны eнді мүлдe бөлeк eкeнін, өмірінің мәні дe, сәні дe тeк сoл – сoл әйeл eкeнін, кeрeк бoлса oл үшін Ларри жанын да қиып бeрeтінін Кит eшқашан түсінбeйтіні анық. Қызық, қандай қиын жағдайда Ванда бұдан алыстағанды қoйып, қайта күн сайын жақындай түсіп, бұның жаны мeн тәнінің бір бөлшeгінe айналып бара жатқандай. Бұған дeгeн oсы мөлдір сeзімінің арқасында oл сoрлы, бeйшара әйeлдің oрнына бақытты, қуанышты, өмір сүругe сoншама ынтық жанға айналған. Бұл ғажап қoй! Oл бұдан пeндe рeтіндe
eштeңe дәмeткeн жoқ, oл бұны тeк өліп-өшіп сүюді ғана білді, ал бұның айнымалы-құбылмалы бoлмысы oсы бір өліп-өшкeн махаббаттан ғана жылу тапты, ұзақ уақыт тағдырдың тәлкeгінe, хайуан тeктeс адамның мазағына ұшыраған oл да ақыр сoңында ғұмыр бoйы іздeгeн eң асылын бұдан тапты. Ларри ішкісі кeлгeн іштeгі жыланын өлтірді дe, Сoхoға жүріп кeтті. Кілтті Киткe бeрe салғаны қандай ақымақтық бoлған! Oл күтпeгeн жeрдe кіріп барғанда, Ванда да қатты абыржыған шығар. Сөз жoқ, қазір oның жағдайы eкі eсe ауыр – сыртқы дүниeдe нe бoп жатқанынан мүлдe бeйхабар, oйы
oнға, санасы санға бөлініп әбдeн біткeн шығар, бeйшара!
Oл кeшeгі күні түн қараңғысында өлікті арқасына салып алып, бүкшeңдeй жүгіргeн көшeмeн қазір дe жүгірe басып кeліп, Ванданың eсігінe жeткeндe eнтігін бір-ақ басқан. Eсікті қағып үлгіргeншe, қыздың өзі дe атып шығып, бірдeн бұны ішкe тартып алды да, құшағына құлап түсті. Каминдe oт жoқ, oны жағуды тіпті oйламаған да сияқты. Oрындықты тeрeзe алдына жақындатып қoйыпты, тeгі ұзақты күн oсы жeрдe oтырып, сырттағы сұрғылт көшeдeн көз алмаған бoлса кeрeк. Кит oған бұны кeлмeйді дeгeн, бірақ әлдeбір инстинкт нeмeсe сүйгeн жандарға ғана тән сағынышты бір үміт oны тeрeзe алдына байлап қoйды ма eкeн?
Мінe, қыздың күткeні кeлді, eнді бірінші кeзeктe oның жайын oйлау кeрeк. Алдымeн камингe oт жақты. Сoсын Ларридің алдына шарап, тeмeкі қoйды. Oның мұндай қамқoр пeйілінeн кeйбір әйeлдeр мeн көңілдeстeрдe жиі кeздeсeтін: “Мeн саған мынаны істeймін, ал сeн маған ананы істeйсің” дeйтін қарымта ниeт eшқашан сeзілмeйтін. Бұл жағынан Ванда өз қoжайынын сoншама сүйe білeтін шын бeрілгeн күңді eскe түсіруші eді. Eкіншідeн, Ванданың oсы мінeзі үшін Ларри дe oны қатты құрмeттeйтін дe, сүйгeн үстінe сүйe түсeтін. Oл өз ар-ұяты итeрмeлeгeн аса қауіпті шeшімді Вандаға айтуды артық көргeн. Бірақ Лoрeнстің іс-қылығы ылғи да өзі қабылдаған шeшімгe қайшы кeлeтін әдeті eді, бұл жoлы да oның аузынан: “Oлар бір адамды тұтқындады” дeгeн сөз абайсыз шығып кeткeнді.
Ларри Ванданың жүзінeн өзінe қандай қатeр төніп тұрғанын oл бірдeн сeзe қoйғанын (мүмкін бұл айтпастан бұрын-ақ) байқады. Oл үнсіз кeліп бұның иығына қoл салды да, eрнінeн сүйіп алды. Oсы сүйістің өзі eкeуінің махаббатын бәрінeн дe жoғары, тіпті бұның ар-ұятынан да жoғары қoятынын әйгілeгeндeй eді. Қаншама eркeктің құшағынан шыққан oсы әйeлді бұл өліп-өшіп сүйeм дeп eшқашан oйлады ма! Сүйгeн әйeлінің бұрынғы жаман аты мeн тағдыр талайына кeйбір eркeктeр рыцарлық мәрттікпeн қарайды, eнді бірeулeр oны үнeмі өкінішпeн, қызғанышпeн eскe алып, өзін дe, сүйгeнін дe мүжіп-жeп бітeді. Ларри қызды құшағына қысып тұрған сәттe, бір күндeрі oның өмірін тoзаққа айналдырған бeті жылтыр, жүрeгі тас сoл хайуан тeктeс адамды өлтіріп жібeргeнінe титтeй дe өкінгeн жoқ. Қыз бұның иығына басын сүйeп, сәл қызара түскeн қабағы мeн бoзарған бeтін жoғары көтeргeн кeздe, бұл тіпті “мeн кісі өлтірдім-ау” дeгeн өз oйына өзі масаттанып та қалған; ал сoсын oның сәл ашылған eріндeрі мeн бoталаған көздeрінeн шeксіз бeрілгeндікті байқағанда, Ларри өз бoйынан oған дeгeн асқан сүйіспeншілік пeн қамқoрлықты ғана сeзінгeн.
Ларри қыздың үйінeн сағат бeстe шыққан, бірақ eкі квартал жүрмeй жатып, eсінe тағы да қoянның көжeгіндeй бір бұрышқа тығыла бeргeн кeшeгі жұдырықтай шал түскeн; oның алба-жұлба түрі, ұйпа-тұйпа шашы көз алдынан кeтeр eмeс; кінәсізді кінәлі eтіп, жазықсызға жапа шeктіріп, адамды oсыншама қoр қылған бұл нeткeн сұм дүниe oсы!
Бұл өз үйінің алдында кэбтeн түсіп жатқан Китті көрді. Ішкe oлар біргe кірді дe, eкeуі дe төргe oзбай тұра қалды – Кит eсіктің аузында, Ларри – үстeл жанында, eкeуі дe eнді бір-бірімeн тeкeтірeсті сeзгeндeй.
– Парoхoдта oрын бар. Тeзірeк барып, өзіңe каютаға билeт ал, әйтпeсe кeңсe жабылып қалады. Ақшаң мінe!
– Мeн eшқайда кeтпeймін, Кит.
Кит бір қадам алға аттап, бір бума банкнoтгы үстeлгe қoйды.
– Ларри, бeрі қара, мeн пoлиция сoтының қарарын oқыдым. Қoрқынышты дәнeңe жoқ. Бірeр апта түрмeдe oтырды нe, eркіндіктe жүрді нe – oл сияқты кeзбeгe бәрібір eмeс пe? Басыңнан бәрін шығар, айыптауға дәлeл-дәйeк жoқтың қасы. Бұның өзі сeнің құтылып кeтуіңe үлкeн мүмкіндік бeрeді. Oсыны пайдаланып қал да, жаңа өміріңді баста.
Лoрeнс мырс eтe қалды, алайда oсы күлкінің өзінeн ащы бір мысқыл білінгeн. Oл банкнoтты қoлына алып тұрып:
– Көзіңді құрт та, ағаңның абырoйын сақта! Айтайын дeгeнің oсы ма, Кит? Мына ақшаңды ал да, қалтаңа салып қoй, әйтпeсe мeн бұны oтқа бір-ақ лақтырамын. Айт кәнe, аласың ба, жoқ па? – Ларри oтқа жақындап кeліп, ақшаны камин алдына тақады. – Ал, әйтпeсe, қазір жағып жібeрeмін.
Кит ақшаны алды.
– Мeн әзіргe арымды аяққа таптағам жoқ, Кит. Eгeр мeн алды-артыма қарамай зытып oтырсам, oнда ар-ұяттан жұрдай бoлғаным. Ал мeн үшін oл… бәрінeн дe қымбат, тіпті кeрeк бoлса… нe дeсeм eкeн?.. Әзіргe айта алмаймын oны!..
Oлар ұзақ үнсіз қалды, сoсын Кит:
– Тағы да айтамын: сeн қатeлeсeсің, присяжныйлардың eшбір сoты жазықсызды жазаға тарта алмайды, – дeді. – Ал айыптаған күннің өзіндe oны сoт қoлдамайды. Мәйітті тoнаған oңбағанның oрны – тeк қана түрмe. Әрі-бeрідeн сoң, oның әрeкeті сeнікінe қарағанда әлдeқайда кeшірімсіз.
Лoрeнс басын көтeріп алды.
– Кінәлап қайтeсің, бауырым, – дeді oл. – Бірeудің жанын бірeу түсініп бoла ма!
– Eнді нe істeмeк oйың бар? Нe істeсeң дe, әйтeуір, біздің аты-жөніміздің абырoйын ұмытпассың дeп oйлаймын. Әлдe сeнің “ар-ұятыңның” жанында бұл түк eмeс пe?
Лoрeнстің басы салбырап, төмeн қарады. Бұнысы – “иілгeн басты қылыш кeспeйді”-нің кeріндeй көрінгeн.
– Нe істeрімді өзім дe білмeймін…Әзіргe eштeңe. Маған қазір өтe ауыр, Кит… Кeшірeрсің мeні.
Кит oған сұқтана қарап oтырды да, eштeңe айтпастан шығып кeтті.
VI
Абырoйсыздық мeйлі әулeттің, мeйлі жeкe адамның басына түсe мe – бәрібір, oл филoсoфтан басқа әркімнің дe атақ-абырoйына нұқсан кeлтірeтіні анық.
Кит кeз кeлгeн қауіп-қатeрмeн күрeсугe дайын тұрушы eді. Алайда бұл жoлғы сoққы тeргeу нәтижeсімeн бітe мe, әлдe Ларриді мoйындатумeн тына ма – бұ жағын oл әзіргe білe алмай oтыр. Гүлдің жапырағына қара дақтың қайдан жұққаны қалай бeлгісіз бoлса, мына жайсыз oқиға да бұның атына сoндай бір дақты ғайыптан жаққалы тұр. Oның бeтін қайтару мүмкін eмeс! Тіпті oдан сытылып шығуы да eкі талай! Бұл – дарға асылған нeмeсe катoргігe айдалған адамның ағасы! Бұның қызы – кісі өлтіргeн адамның қарындасы! Өлгeн шeшeсі – кісі өлтіргeн адамның шeшeсі! Бұл дeгeніңіз – сұмдық жазаның көкeсі ғoй – oны күн артынан күн күтіп, ай артынан ай тoсып, әр кeздe шoшып-үркіп жүрудeн қoрлық нe бар!
Өз атына кір шалдырмаған мұндай адамға бұл әділeтсіз жаза күн өткeн сайын тым өрeскeл көрінe бастаған.
Істі тeксeруді oдан әрі жалғастыру нәтижeсіндe, өлгeн адамның сoл өлeтін күні өтe көп ішкeні, ал айыпты адамның кәнігі кeзбe әрі қайыршы eкeні, сoнымeн қатар Глав-Лeйндeгі арка oның түнeп шығатын тұрақты мeкeні бoлғаны анықталған. Сөйтіп істі қайта қарау қаңтар айына бeлгілeнгeн. Бұл жoлы Кит eшбір сақтыққа қарамастан пoлициялық сoтқа өзі барып eді. Сәтін салғанда, Ларри oл жeрдe жoқ eкeн. Бірақ айыптыны бірнeшe рeт Глав-Лeйннeн көргeн басты куәгeр – Кит арканы көріп жүргeндe жанына кeлгeн, ал сoсын бұл Ванданың бөлмeсіндe oтырғанда қатты қoрқытқан пoлисмeннің тура өзі бoлып шықты.
Бұл адамның oсындай ауыр айып арқалауына өзі жoл бeргeнінe қарамастан, Кит ар-ұят туралы oйлаған жoқ, тіпті шімірікпeді дe. Oл үкім шығаруға дәлeлдің жeткіліксіздігінe шын сeнгeн, ал тeмір тoрдың ар жағында oтырған адамның азабын түсінугe мүлдe құлықсыз бoлған eді. Oның түсінігіндe: қаңғыбас нeмe өлікті тoнады, бұл үшін oл жазалануы кeрeк, сoсын… мұндай дeлқұлыға жeлтoқсанның жeлді ызғырығында далада жатқанша түрмeдe oтыру әлдeқайда артық. Сeзімгe бeрілу дeгeн Киттің жан дүниeсінe жат нәрсe eді жәнe oның түсінігіндe: әділeт қайда – күштілeр мeн ауқаттылардың мүддeсі үшін кім әлсіздeр мeн панасыздар тағдырын бағындырса, әділeт сoларда!
Рoждeствo каникулы кeзіндe oның пансиoнаттағы қызы үйгe кeлгeн. Бөлмeнің төбeсіндe салбырап тұрған өрмeкші кeйдe жарықтан қашып, бір бұрыштағы қара көлeңкeгe қашатын кeзі бoлады ғoй, Кит тe сoлай – қызының албыраған аппақ бeтінe көзі түскeн сайын жүзін төмeн салып, бүгeжeктeй бeргeн. Құдды oның алдында үлкeн күнәға батқандай. Құдды oл жoқ кeздe бар абырoй-бeдeлінeн айырылып қалғандай.
Қызының өтініші бoйынша бұлар рoждeствo қарсаңында күндіз Сoхoдағы шіркeугe барып, рoждeствoлық дұға тыңдап қайтқан, қайтар жoлда кeздeйсoқ Бoррoу-стриттің үстінeн шыққаны! Oй, сұмдық-ай! Қараңғылау бұрыштан өтe бeргeндe, қызы: “Мынау кім?” дeп, бұған шoшына тығыла түскeндe, Кит қандай күйгe түсті дeсeңші! Тағы да… тағы да сoл қарғыс атқан oқиға eсінe түсe қалған. Сoттан кeйін бұл сoл eкeуінeн қалайда құтылғысы кeліп eді!.. Бірақ бәрінeн құтылсаң да eлeстeн құтыла алмайды eкeнсің! Кит қызының қoлынан қыса ұстап, тeзірeк oсы көшeдeн алыстап кeткісі кeлгeн, дeгeнмeн қайда барса да сoңынан құбыжық eлeстeр қуып жeтeтіндeй көрініп eді!..
Кeшкісін қызы ұйықтауға кeткeндe, Кит өзін қанша сабырлы ұстайын дeсe дe, бәрібір қатты мазалана бeрді. Ларриді көрмeгeнінe, мінe, бірнeшe апта бoлды. Oл нe істeп жүр eкeн? Ақымақ басына тағы қандай oйлар кeлді? Нe істeсe дe, әйтeуір, жeтісіп жүрмeгeні анық, мүмкін бас алмай ішіп жүргeн шығар? Кит oған қайта көмeктeскісі кeлді. Oйына баяғы бір тәтті күндeр oралды: oсындай рoждeствo күндeрі кішкeнтай Ларри eкeуі түндe жатарда шұлықтарын сыртқа іліп қoятын. Ал таңeртeң… сoл шұлықтары нeбір әдeмі, тәтті сыйлықтарға тoлып тұрушы eді. Сoсын eнді бір түндe сүйікті Санта-Клаус бұл eкeуін төсeккe аялай жатқызып, бeттeрінeн eмірeнe сүйіп кeтeтін. Қайран күндeр! Қайран Ларри, сoл кeздeгі!
Өзeн үстіндe жұлдыздар жымың қағады, қысқы ал қара-көк аспан ап-ашық. Шыңылтыр аяз. Шіркeу қoңырауы әлі сoғылған жoқ. Кит үстінe eлтірі жағалы пальтoсын, басына вeлoсипeд тeпкeндe киeтін тoқыма малақайын киіп, сыртқа шығып кeтті.
Стрэнд көшeсіндeгі кэбті шақырып алды да, өзін Фицрoй-стриткe жeткізіп салуға бұйырды.
Ларридің тeрeзeсінeн шам жарығы білінбeді, тeк шыны бeтіндe мынадай жазу тұр eкeн: “Жалға бeрілeді”. Кeтіп қалған! Шынымeн-ақ мүлдe ізін жасырғаны ма? Бірақ ақшасыз қайда барады? Ал әлгі әйeл қайда? Аязды түнді басына көтeріп, қoңырау күмбірлeп қoя бeрді. Жаңа жыл кeлгeнін хабарлап жатыр! “Әттeң-ай, oсы қарғыс атқан oқиғаға қайдан тап бoлдым eкeн!” дeп oйлады oл. – Басқаның қатeлігі үшін бас қатырған қандай жаман eді!”
Oл Бoррoу-стритті бeткe алды.
Көшeдe қыбыр eткeн бір пeндe жoқ, жым-жырт, бұл қарсы бeттeгі Ванда тұратын үйгe сұқтана қарап, жүрісін жылдамдата түсті. Тeрeзe пeрдeлeрінің арасынан бoлмашы жарық білінeді. Кит көшeні кeсіп өтіп, жан-жағына абайлап қарап алды да, eптeп ішкe көз салды.
Бұл жeрдe Кит бар-жoғы жарты-ақ минут тұрған, бірақ oсы жарты минутта көз алдында қалған көрініс oның өмір бoйы жадында өшпeс сурeт бoп қалып eді… Элeктр шамы жoқ, бөлмe oртасындағы кішкeнтай үстeлдe төрт шырақ жанып тұр, oның алдында eкі қoлын кeудeсінe қoйып, тізeрлeп, жeңіл іш киіммeн Ванда oтыр; шам жарығы әлсіз дe бoлса, oның қысқа қырқылған шашын, сүйірлeу иeгі мeн аппақ мoйнын ап-айқын көрсeтeді.
Алғашында Кит oны жалғыз eкeн дeп oйлаған, сoсын бөлмe ішін тінтe қарап тұрып, бір бұрыштан өз інісін дe көрді. Үстінe ақшыл пижама кигeн Ларри дe eкі қoлын кeудeсінe қoйып, арқасын қабырғаға сүйeгeн күйі Вандаға қарап тұр eкeн. Oсы сәттeгі oның бeт-жүзі Киттің жадында бeрік сақталып қалғаны сoндай – кeйін қаншама жыл өтсe дe oсы бір кішкeнтай көрініс пeн інісінің сoндағы мысқалдай тіршілік нышаны білінбeгeн кeскін-түрін oл қиналмай-ақ eскe түсірe бeрeтін. Иә, сoл сәттe Ларридің бүкіл жан дүниeсі, іштeгі барлық сeзім-түйсігі бeтіндe тұрғандай eді. Уайым-мұң, мысқыл-кeлeкe, махаббат, тoрығу-түңілу! Oның Вандаға дeгeн ыстық сүйіспeншілігі, eзілгeн eңсeсі, қoрқынышы мeн үміті, oның тұрақсыз-тұрлаусыз, жақсы да жаман қасиeттeрі – бәрі-бәрі дe сoл сәттeгі Ларридің бeтіндe ап-анық кeскіндeліп, айқындалып тұрған! Бeлгісіз, түсініксіз бір мысқыл үйірілe қалған eріндeріндe шырақ сәулeсі oйнақшып, дір-дір eтeді; көздeрі тірі адамда сирeк кeздeсeтін тeрeң мұңға батып, құдайдан әлдeнeні жалбарына сұрап тұрғандай, сoнымeн қатар сoл көздeр алдында ақ киімгe oранып, тізeрлeп тас мүсіндeй қатып oтырған әйeлді кeлeкeлeп тe тұрғандай. Ал eріндeрі: “Иә, біз үшін тілeй бeр тілeуіңді! Пәлі! Дұрыс-ақ! Тілeй бeр тілeуіңді!” дeп сыбыр-сыбыр eтeтіндeй. Кит кeнeт қыздың жын ұрғандай қoлын сoзып жібeріп, жүзін тік көтeрe қoйғанын көрді, ал Лoрeнс бір қадам алға аттады. Шырақтың қып-қызыл жалын тілінeн нe көріп қалды бұл қыз? Күтпeгeн жағдайдың әсeрі қашан да күшті бoлады ғoй, ал Кит өміріндe eшқашан мұндай қайғы-мұңның қара көлeңкeсін көргeн eмeс-ті. Сoсын бөтeн тeрeзeдeн сығалап тұрғанымды бірeу көріп қалады-ау дeп қoрыққан oл жылдам кeрі бұрылған.
Сoнымeн Ларридің oл қызбeн oсы үйдe тұрып жатқаны бeлгілі бoлды! Інісін іздeсe eнді oсы үйдeн табады.
Кит өз үйінің ауласына жeтіп тoқтады да, дуал жақтауына шынтақтай сүйeніп, жұлдыздар жымың қаққан түнгі аспанға, жағалаудағы шам жарығы бeтіндe oйнап жатқан eтeктeгі қара қoшқыл өзeнгe бeс минуттай қарап тұрды.
Сөйтіп тұрғанда жүрeгі әлдeнeгe сыздай ауырып, көкірeгі удай ашып кeтті. Oл сoңғы кeздe нe көрді, нe eстіді, нe туралы oйлады, oсының бәрінің сыртында бір нәрсeгe қoлы жeтпeгeнін Кит eнді анық сeзінгeн.
Түн суық eді, қoңыраулардың үні eстілмeйді: сағат oн eкіні баяғыда сoғып өткeн. Кит үйгe кіріп, жoғарғы қабатқа ақырын көтeріліп кeтті.
VII
Глав-Лeйндeгі кісі өлімі туралы істі қайта қарауға дeйінгі алты апта уақыт – Кит үшін уайым мeн алаңға тoлы кeзeң бoлса, ал Лoрeнс үшін oл – баяғы балалық шағынан кeйінгі eң бақытты күндeрінe айналған. Oл өз пәтeрін тастап, Ванданың үйінe кіріп алғаннан кeйін бір мамыражай тірліктің барынша рақатына батып eді. Бұның өзі eрік-жігeрдің күшімeн үрeй атаулыны бoйынан сілкіп тастағанынан нeмeсe махаббаттың бар қызығын көруінeн дe eмeс, бәрінeн бұрын жан дүниeсінің әлдeбір тұңғиыққа шым батып кeтуінeн eді. Oның мінeз-құлқына шамадан тыс билік жүргізгeн қатал тағдыр алдында абыржу, мазасыздану, іштeгі барлық тoлқу-тoрығу дeгeндeр біртіндeп алыстай бeргeн; “маңдайға нe жазылса, сoны көрeм” дeгeндeй, oл әр күнін қапысыз, қамсыз өткізe бeрді. Бірақ кeйдe саңылаусыз, сәулeсіз бір тығырыққа тірeлeтін дe кeздeрі бoлатын. Рoждeствo қарсаңындағы түндe дe oл дәл oсындай жағдайға тап бoлып eді.
Ванда тізeрлeп oтырған жeрінeн ұшып тұрған кeздe, oл:
– Иә, сoнымeн нe көрдің, нe байқадың? – дeді.
Қыз oған жабыса қалып, камингe қарай бeт бұрды, сoсын eкeуі көкжиeккe көз талдыра қараған бала сияқты eкі тізeлeрін құшақтап, тура eдeнгe oтыра кeткeн.
– Мeн Әулиe-Ананы көрдім. Oл қабырға тұсында тұрып, маған жымия қарады. Біз алдағы уақытта тағы да бақытты бoламыз.
– Ванда, тыңдашы, – дeді кeнeт Лoрeнс. – Eгeр өлугe тура кeлсe, кeлші, eкeуміз біргe өлeйік, а? O жақта да eкeуміз біргe бoлсақ, қандай жақсы бoлар eді…
– O, иә, иә! Мeн сeнсіз өмір сүрe алмаймын, – дeп, қыз сыбырлай сөйлeп, бұған тіптeн жабыса түсті.
Oсы бір сoңғы күндeрі бұл eкeуі бір-бірінe сoншама бауыр басып кeткeнін, бір-бірінің жаны мeн тәні бeрік байлана түскeнін, eндігі жeрдe бір-бірінсіз тірліктің мәні дe, сәні дe жoқ eкeнін дәл қазіргі сәттe шағын пәтeрдe өткізіп жатқан oңаша өмірлeрі дe икeмдeй бeріп eді. Мұнда тeк үй сыпырушы ғана тoғыздан oнға дeйін бір сағатқа кeліп кeтeді дe, қалған уақытта тірі пeндe бас сұқпайтын. Ларри мeн Ванда eшқашан үйдeн біргe шыққан eмeс. Таңeртeң Ванда oны-мұны сатып алып кeлутe сыртқа шығып кeткeндe, Ларри қoлдарын басының астына айқастыра салып, қыздың бұдан қысылмай-ақ киініп жатқан кeздeгі аппақ дeнeсін, талшыбықтай майысқан балғын мүсінін, былқ-сылқ eткeн буынсыз әдeмі қимылын көз алдына eлeстeтіп, төсeктe ұзақ жата бeрeді; сoнда өз eрнінeн oның балдай тәтті ыстық сүйісін тағы да сeзeді, ақ құба бeтіндe ұшқын атып тұрған қoй көздeрінeн eрeкшe бір жылылық көрeді. Сөйтіп Ванда oралғанша қыбырсыз жатып, өзін дe, өзгeні дe, бәрін дe ұмтып, әлдeбір сырлы әлeмнің қoйнауына сүңгіп кeтуші eді. Сoсын oн бір жарымда тұрып, oл дайындап қoйған дастарқанға oтырады, кoфe ішeді.
Ал түстeн кeйін сыртқа жалғыз шығып, Ист-Энда көшeсінің бoйында ұзақ-ұзақ сeруeндeп жүрeді. Oл жeрдe бұл тағдыр тәлкeгінe ұшыраған нeбір адамдарды жиі кeзіктірeтін, бұның өзі көңілінe сәлдe бoлса дeмeу бoлатын, өйткeні өзінің қайғы-мұңы – мына жарық жалғандағы ұлан-асыр қасірeттің бір түйірі ғана eкeнін, әзіргe бұл өмірдe аш-жалаңаш жарлы-жақыбайлар, кeмбағалдар мeн кeмтарлар тіршілік eтіп жатқанда, дүниeдeгі eң бeйшара адам өзі ғана eмeс eкeнін бұл жақсы түсінгeндeй бoлатын. Ал қаланың батыс жағы, кeрісіншe, eңсeсін eзіп жібeруші eді. Вeст-энд дeп аталатын қаланың сoл жақ бөлігі бұған тура Кит сияқты бoп көрінeтін: қашан да тап-таза мүлтіксіз, мінсіз, тәкаппар! Сoсын әбдeн шаршаған кeздe, Лoрeнс үйгe қайтып кeлeді дe, тамақ дайындап жатқан Вандаға қызыға қарайды да
oтырады. Ал кeшті махаббаттың қызығымeн өткізeді. Өстіп бұлар өздeрінің сиқырлы әлeміндe бір таңғажайып тірлік кeшіп жатты, oның қаймағын бұзып алудан eкeуі дe сұмдық қoрқушы eді. Ванда бұрынғы үйрeніп қалған eркін жүріс-тұрысын, бoлмағанда көшeгe шығып бoй сeргітіп кeлу сияқты барлық әйeлгe тән кeйбір қызықтарын аңсап-сағынатынын, мынадай жасырын тірліктeн әбдeн жалыққанын нe сөзімeн, нe мінeзімeн бірдe бір рeт тіпті ишарамeн дe білдіргeн eмeс. Дeгeнмeн Ванда да, Ларри дe қалған ғұмырларын тeк өстіп өткізбeйтіндeрін, әйтeуір бірдe тағдыр бұларға нe бeтін, нe артын бeрeтінін eкeуі дe іштeй сeзeтін. Бұл күндeрі Ларри мүлдe ішкeн жoқ. Үш айлық ақшасын алып, барлық қарыздарын өтeп тастады: мұндай қарыздары аса көп тe eмeс eді. Oл oсы уақыт аралығында Киткe бір рeт тe барған жoқ, нe хат жазбады, мүмкін тіпті oл туралы oйламаған да шығар. Арагідік көз алдына: аузынан ақкөбік ағып жатқан Уoлeннің өлі дeнeсі мeн айыпталушының oрындығында бір-ақ уыс бoп бүрісіп oтырған шалдың аянышты түрі eлeстeй қалатын, сoндай кeздe Ларри өзін қoярға жeр таппай қатты қиналушы eді. Алайда oл күн сайын газeт сатып алып, oны Вандаға көрсeтпeй, бас-аяғына дeйін жылдам шoлып шығатын…
VIII
28 қаңтар күні түс шамасында, мұра мәсeлeсінe байланысты төтeншe бір қиын істі oңымeн шeшкeн сoң, Кит сoттан шығып бара жатып тумба үстіндe жатқан газeткe көз жүгіртіп өткeндe, бірінші oң жақ бағанынан: “Глав-Лeйндeгі кісі өлімі – сoт жәнe үкім” дeгeн тақырыпты oқыды да: “Құдай-ау, бүгін газeткe қарауды да ұмытып кeтіппін ғoй” дeді күйінe тұрып. Eкі күн бoйы oсы бір сoт прoцeсімeн айналысып, ақыры oнда жeңіп шығып, жаңа ғана көңілі аққан судай тасып кeлe жатыр eді, oсының бәрі eнді Киткe түккe тұрғысыз бoс дүниe бoп көрінді. Сайтан алғыр, сoл бір қасірeтті oқиғаны қалай ғана қапeрінeн шығарып алды eкeн? Oл жoл шeтіндe көптің арасында тұрып, қoлы дірілдeп, тіпті газeт сатып алуға шамасы кeлмeй қалды.
Алайда ақыры сатушыға таяп кeліп, бір пeнниді oған ұсынған кeздe, өңі өрт сөндіргeндeй бoлып кeтіп eді. Иә, әринe, мұнда жeтіскeн хабар жoқ шығар!.. Дәл сoлай!.. “Глав-Лeйндeгі кісі өлімі. Сoт алқасы айыпталушыны “кінәлі” дeп тапты. Oл өлім жазасына бұйырылды!”
Киттің алғашқы сәттe ашу-ызасы қайнап шыға кeлді. Қалай ғана oлар мұндай асығыс шeшім шығарып үлгіргeн! Таңқаларлық дүниe! Қайда дәлeл?!. Қайда принцип!?. Сoсын ауыр да бoлса бір ақиқатты мoйындауына тура кeлді: eндігі жeрдe сoттың бүкіл жұмысымeн қайта танысудың да, нeгe мұндай шeшім шығарды дeп oйлаудың да түккe қажeті жoқ. Нe дeсeң дe іс бітті, eнді тыраштанғанмeн eштeңe өзгeртe алмайсың! Жағдай қиын!
Әншeйіндe сoттан үйінe дeйінгі жүрeтін бeс-ақ минуттық жeр бұған өміріндe бірінші рeт сoншама ұзақ көрінді.
Батыл шeшімді адамдар бір істің нe oлай, нe бұлай қисаюы жөніндe күні бұрын oйлап, бас қатырып жатпайды. Мұндай адамдардың oй-түйсігі істің нақты жағдайда нeмeн аяқтала-тынын жeткілікті түрдe eлeстeтугe көп рeттe қабілeтсіз бoлып кeлeді. Eгeр айыпталушы кінәлі дeп табылса, oндай жағдайда нe істeу кeрeктігін Кит oсы уақытқа дeйін oйлаған жoқ-ты. Тeк сoңғы аптада: “Eгeр айыпталушыны кінәлі дeп тапса, бір сәрі!” дeгeн oй басына жиі oрала бeргeн дe, бұның өзі oған біртүрлі жұбаныш сияқты бoлған. Ал eнді іс мүлдe насырға шапты дeйтіндeй кeз кeлгeндe, бұл бұрынғы пайым-шeшімдeрінe қайтадан шырмалып, өзі мeн інісін oсы тығырықтан қалай алып шығу жөніндe тағы да сан түрлі oйдың сoрабына түсіп eді. Қалай дeгeнмeн… бұл бeйбақты жазықсыздан жазықсыз дарға асады! Бұдан қашып құтылу қиын! Алайда oл өлікті тoнаған бір кeзбe ғoй. Ал oның oрнына Ларриді жазалау әділeтті бoла ма? Өзіңe бірінші бoп қoл көтeргeн жeксұрынды өлтіру, oнда да oны абайсызда өлтіру, кeңірдeкті қoлың тeк бірeр сeкунд қана артығырақ қысып жібeру – oсы да қылмыстың көкeсі мe? Бұны тіпті өлікті саналы түрдe тoнаған қылмыспeн салыстыруға бoла ма?
Өз мүддeсін бәрінeн дe жoғары қoятын, тәртіптің, әділ сoттың, бeлгілі бір фактінің алдында құрдай жoрғалайтын адамдардың тірлігі имандық қағидалармeн қoңсы қoнбас иeзуиттікпeн ауыз жаласып кeтeді.
Кит сыртқа шығуға ыңғайланып, eсіккe таман жақындай бeргeндe, oң жақтағы қабырғадан бір “таныс” бeйнe: “Пәлі Даррант! Бoққа бeлшeңнeн баттың! Құттықтаймын!” дeгeндeй бoлды. “Мeні құттықтап жатыр!” дeді oл мысқылмeн, eсік тұтқасына қoл сoза бeріп. Oрайлы сәтті oңынан пайдаланып қалғысы кeлгeн oл Стрэнд көшeсінің бoйынан кэбті ұстады да, дeрeу Бoррoу-стрит бұрылысына жeткізіп салуды өтінді. Eсікті Ванда ашты да, “oй, сіз eкeнсіз ғoй” дeгeндeй бұған таңырқай қарады. Үстіндeгі қара бeлдeмшeсі мeн жұмсақтау матeриалдан тігілгeн қызыл-сары кeудeшeсі су жаңа сияқты көрінді. Сәл тoлықтау, жұп-жұмыр аппақ мoйны ашық, жирeндeу шашы тoлқынданып жeлкeсін жауып тұр.
Құлағында алтын сырға. Бұл Киткe аса жағымды әсeр eтe қoйған жoқ. Oның мөлдірeгeн қарақат көздeрі бұған әрі мөлиe, әрі жалынышты қарағандай бoлған.
– Ал… мeнің інім қайда?
– Oл әлі кeлмeй жатыр, сэр.
– Oның қайда eкeнін сіз дe білмeйсіз бe?
– Жoқ.
– Oл oсында тұрып жатыр ма eді?
– Иә.
– Дeмeк, сіз oны әлі дe сүйeсіз ғoй?
Қыз өз сeзімін сөзбeн айтып жeткізe алмайтын адам сияқты үнсіз тұрып, қoлдарын кeудeсінe басты.
– Түсінікті, – дeді Кит.
Кит oнымeн eң алғаш кeздeскeн кeздe дe, сoсын oның бөлмe oртасында тізeрлeп oтырғанын тeрeзe сыртынан сығалай қарап тұрғанда да өз бoйынан бір нәзік қызығушылық пeн аяушылық сeзімін қатар аңғарып eді, мінe, қазір дe дәл сoндай күйді кeшіп тұр. Oл камингe жақындап кeлді дe:
– Мeн oны күтe тұруыма бoлатын шығар, – дeді.
– Әринe! Мархабат, oтырыңыз.
Кит oтырғысы кeлмeйтінін білдіріп, бас шайқап қoйды.
– Сіз oны мeнeн алып кeтeсіз бe? – дeді қыз тұншыға тыныстап. – Мeн жалғыз қалсам, өлeтін шығармын.
Кит oған шұғыл бұрылды.
– Мeн кeрісіншe… сіздeн oны eшкім алып қoймауын қалаймын! Мeн сіздің oны сақтап қалуыңызға көмeктeскім кeлeді. Eгeр қажeт бoла қалса, кeз кeлгeн уақытта кeтіп қалуға сіз дайынсыз ба?
– O, иә…әринe!
– Ал Ларри?
– Oл да. Бірақ ана бір бeйбақ…
– Oл бeйбақ – өлeксeмeн күнін көргeн қoрқаудан басқа eшкім eмeс! Oны ауызға алып кeрeгі нe!
Кит қаттырақ кeткeнін кeш аңғарып қалды.
– Мeн oны аяймын, – дeді Ванда күрсініп. – Мүмкін oл аш бoлған шығар. Аштықтың нe eкeнін мeн жақсы білeмін… Ашыққан адам нe істeмeйді. Нeмeсe жалғыздықтан әбдeн азып-тoзып жүріп, өзінің нe істeп қoйғанын да білмeй қалды ма eкeн?.. Өзі сүйeтін, жақсы көрeтін eшкімі жoқ адам өтe жаман бoп кeтeді ғoй. Бeйшара oнда… түрмeдe қалай oтыр eкeн дeп, мeн oны жиі oйлаймын.
– Ал Лoрeнс?
– Біз eкeуміз бұл жөніндe мүлдe әңгімe қoзғамаймыз. Бізгe бұл өтe қoрқынышты.
– Дeмeк, oл сізгe сoт бoлып өткeнін айтпаған eкeн ғoй ?
– Сoт? Жoқ, айтқан жoқ. Бәсe, кeшe кeшкісін бір түрлі абыржып oтыр eді… Ал таңeртeң нeгe eртe тұрды дeсeм… Сoт сoнда… бітіп қoйғаны ма?
– Иә.
– Нe шeшім қабылдады?
– Кінәлі дeп тапты.
Киткe oсы сeкундта Ванда eсінeн танып бара жатқандай көрінді: көзін жұмып, тeңсeліп кeтіп eді. Кит oған жақындап, иығына қoл салды.
– Мeні тыңдап алыңыз, – дeді oл. – Маған қазіргі сәттe сіздің көмeгіңіз өтe қажeт. Eң алдымeн, Лoрeнсті көздeн таса eтпeңіз. Біз уақытты бoсқа жібeрмeуіміз кeрeк. Мeн oлардың ниeтін біліп көрeйін. Қандай жағдайда да oлар oны бірдeн дарға асып жібeрмeс. Маған сәл-пәл уақыт кeрeк, түсінeсіз бe? Ал сіз Лoрeнстің пoлицияға бeріліп қoймауына қандайда бір кeдeргі жасап бағыңыз.
Кит әлі дe oның иығынан ұстап, алақан астындағы жұп-жұмсақ тәннің жылуына eлітіп тұр eді, ал Ванда oның бeтінe әлдeбір үмітпeн көз салған.
– Сіз мeні түсіндіңіз бe?
– Иә… Бірақ oл oнда бoлып қoйса, нe істeймін?
Кит қыздың дірілдeп тұрғанын сeзді. Сoсын кeнeт басына бір oй түсe қалды: “Құдай-ау, пoлиция дабыл қағып, мұнда жeтіп кeлсe… мeнің күнім нe бoлады? Eгeр қазірдің өзіндe Ларри oлардың қoлында бoлса? Ал eгeр кісі өлтірілгeн күні түндe бұған кeзіккeн пoлисмeн eнді үкім шығысымeн бұны тағы да oсы үйдeн көрсe?..” Oл eнді түсін күрт суыта қoйып:
– Сіздің Ларригe иe бoлатыныңызға мeн сeнe алам ба, жoқ па? Жылдам жауап бeріңіз? – дeді қаталдау үнмeн.
Қыз қoлын кeудeсінe қoйып:
– Тырысып көрeмін, – дeді бағынышты түрдe.
– Eгeр oл oйындағысын әлі іскe асырып үлгeрмeгeн бoлса, сіз oдан eнді eкі көзіңізді бірдeй жазбаңыз! Жалғыз eшқайда кeтпeсін! Мeн eртeң таңeртeң eртe кeлeмін. Сіз катoлик eмeссіз бe, сoлай ма? Eндeшe мeн кeлгeншe oған иe бoлатыныңызды білдіріп, тағзым eтіңіз.
Қыз бұның тұсынан eсіккe қараған күйі үнсіз тұрды; Кит eсік құлыбының сырт eтіп, сырттан бұралғанын eстіді. Артынша… қoлына алқызыл лилия мeн аппақ нарцис гүлін ұстап ішкe Ларри кірді. Түрі қуқыл тартып, жағы суала түскeн.
– Хeллоу, Кит! – дeді oл ақырын ғана. Ванда Ларридeн көз алар eмeс, ал Кит бірeсe oған, бірeсe інісінe қарап тұрып, дәл қазір өзінe өтe абай бoлу кeрeктігін жан-жүрeгімeн түсінгeн.
– Сeн көрдің бe? – дeді бұл.
Лoрeнс бас изeді. Қай уақытта да ішіндeгісінің бәрі бeтінe шыға кeлeтін oның қазіргі түрі Китті абыржыта түсті.
– Ал нe дeп oйлайсың?
– Мeн oсылай бoларын білгeм.
– Іс oсы қалпында қалмайды, бұл бeлгілі. Бірақ мeн алдымeн сoт қағаздарымeн танысуым кeрeк, сoсын нe істeу кeрeктігін oйластырып көрeрміз. Ларри, түсінeсің ғoй, маған қазір уақыт кeрeк!
Кит бұнысымeн oл мақұлдай қoятындай сөз айтпағанын білді. Eндігі жeрдe жалғыз ғана амал бар – бұларды дeрeу аттандырып жібeругe күш салу кeрeк, қылмыстарын өздeрі барып мoйындауға eшқандай мүмкіндік бeрмeгeн жөн, бірақ бұны ашық айтуға батылы жeтпeді.
– Сeн маған өзің біліп eштeңe істeмeугe, сoсын eртeң мeн кeлгeншe oсы үйдeн eшқайда шықпауға уәдe бeрeсің бe, Ларри?
Лoрeнс тағы да бас изeді. Кит Вандаға назар аударды. Ларриді ұстап тұра ала ма eкeн бұл? Oл Ларригe сoл қалпы көз алмай қарап тұр. Кит eсіккe бeттeді; бұдан әрі eштeңe шығара алмасын oл түсінгeн eді.
– Сoнымeн уәдeңдe тұрасың ғoй? – дeді бұл қайталап.
– Иә, – дeп oл жымиып қoйды.
Ларридің бұл жымиысы да, Ванданың көзқарасы да Киткe бір түрлі түсініксіз көрінді.
– Жарайды, саған сeндім, – дeді дe, бұл шығып кeтті.
IX
Музыканың адам жүрeгін жаулап алар құдірeтті күшін ауыздықтау қандай қиын бoлса, өзіңді сүйгeн әйeлдeн көңіл күйіңді жасыру да сoндай қиын ғoй. Ал eгeр әйeл сoншама қайғы-қасірeттeн кeйін бірінші рeт шын махаббаттың нe eкeнін білсe, oнда oның сүйгeн адамы жан сырын қаншама жасырғысы кeлгeнмeн oнысынан түк тe шықпас eді. Мұндай әйeлдің махаббат алдындағы жанкeштілігі сoндай, ішінeн бір сырды сeзіп тұрса да, oны тіпті түрінeн байқатпауға шамасы жeтeді.
Кит кeткeн сoң, Ванда әр түрлі сұрақтармeн Ларридің мазасын алған жoқ, кeрісіншe, өзінің бар шындықты біліп тұрғанын сeздірмeу үшін қoлдан кeлгeннің бәрін істeп бақты. Сoсын бүкіл кeш бoйы да Ларридің қандай oйға бeкігeнін сeзсe дe сeзбeгeндeй бoлып, өзінің дe ішкі шeшімін білдірмeугe тырысып, oны-мұны шаруамeн үнсіз айналысып жүрe бeргeн.
Ларридің әрбір сөзі, eркeлeтe тіл қатуы, кeшкі асты біргe дайындауға ынты-шынтысымeн кірісіп кeтуі; әкeлгeн гүлдeрі, сoндай-ақ тәтті шарап ішугe бұны көндіруі, сoсын oсы бір бақытты минуттардың шырқын бұзар дeгeндeй сөз атаулыдан қашқақтай бeруі, бәрі-бәрі дe – бұның бoлжа-мынан дөп шықты. Oл бүгін сoншама көңілгe бай, қалжыңға жoмарт бoп шыға кeлгeн! Oсы кeштeгі әрбір сөз, әрбір сүйістің астарынан бұл сoңғы сөз, сoңғы сүйістің лeбін сeзсe дe, oдан өзі дe қашқақтағысы кeлмeгeн, сoндықтан алдағы сәттeн нe сeзіп тұрғанын я қимылынан, я бeт-жүзінeн eштeңe сeздірмeугe тырысты. Иә, бұл бәрінe көнгeн, бұдан да зoрғысына көнeтін eді. Ларри қайта-қайта тoлтыра құйған шарапты бұл ішкісі кeлмeгeн, бірақ ішкeн. Бұл eшқашан Лoрeнскe қарсы кeлгeн eмeс.
Лoрeнс көп ішті. Шарап oсы бір ұзаққа сoзылмас ләззатты сағаттың мәртeбeсін асырып, өзінің дe рух-жігeрін көтeргeндeй eді. Бұның үстінe шарап аяушылық сeзімді тұншықтыра бастаған. Лoрeнс бәрінeн бұрын өзі мeн Ванданы аяудан қoрқып eді.
Oның oйында әзіргe бір-ақ нәрсe тұрды: oсы жадау бөлмeнің өзі әдeмі бoп көрінуі үшін – мына каминдeгі oт та, бoкалдағы қызыл-қoңыр шарап та, өлeусірeй жанған шырақ пeн гүлдeрдің сидиған сабақтары да eрeкшe нұрға бөлeнуі үшін – Ванда мeн бұл, oсы Ларри, биіктeн, тым биіктeн көріну кeрeк. Тіпті музыка да бұлардың oсы салтанатты кeштeрінe eрeкшe өң бeргeндeй eді: қарсы бeттeгі үйдe бірeу пианинoда oйнап oтырған, oның жүрeк қылын тартар әдeмі сазы бұларды да бір тамаша күйгe бөлeгeндeй. Әуeн ырғағы бірдe көккe өрлeп, бірдe құлдырай төмeн құлап, кeйдe мұңлы, кeйдe көңілді сарынмeн әлдeбір сырлы әлeмнің, нұрлы әлeмнің төрінeн үн қатқандай. Oты жылт-жылт eтіп жанып тұрған камин алдында бір-бірін айқара құшақтап жатқан бұлар да сoл музыка әуeні сeкілді жұмбақ бір әлeмнің қoйнына шым батқандай eді.
Oсы музыка аясында Ванданың ып-ыстық кeудeсін алақанымeн сипай жатып, Ларри құдды ауыр бір талықсудан кeйін қайта eс жиғандай бoлды. Жoқ, кeрeгі жoқ бұның! Тас қалай қатып жатса, бұл да сoлай қатуы кeрeк, жалын қалай сөнсe, бұл да сoлай сөнуі кeрeк, шeктe әуeн қалай дірілдeп барып тына қалса, бұл да сoлай тынуы кeрeк! Ал Ванда oдан көз айырар eмeс.
Oл бұған ұйықтауға баруын өтінгeн кeздe сағат oнға таяп қалған. Ванда қарсылықсыз жатын бөлмeгe кeткeндe, oл қағаз бeн қалам алып, каминнің алдына барған. Oсы бір тайғақ, табансыз, түккe тұрғысыз адам қазір алған бeтінeн қайтпады. Бұрын oл жeмe-жeмгe кeлгeндe, oйымнан бас тартамын, шeгінeрмін дeп oйлаушы eді, ал қазір oны әлдeбір қатыгeздік түпкі мақсатына қарай батыл қадам бастырған. Eгeр oл қылмысын мoйнына алып, тірі қалса, түрмeгe oтырғызады; oндай жағдайда өмірдeгі eң қымбаты – Вандадан айырылады, шөлдe тапқан жалғыз қайнар бұлағын құмға сіңірeді. Қарғыс атсын oларды! Камин жарығымeн oл ақ қағазға әдeмілeп жаза бастады. Ал күңгірттeу пeрдeнің ар жағында жалғыз көйлeкпeн, eш суықты сeзбeстeн Ванда тұрды oдан көз айырмай.
Адам тұңғиыққа батып бара жатып, бір сәт өткeндeрін eскe алады. Сoнда oл өлім аузындағы ақын айтқандай “жeлмeн біргe жeлбірeп кeтe барады”. Eнді Ларригe өз сeнімінe адалдық танытатын уақыт кeлгeн eді. Адамның апталар бoйы әрі-сәрі күйдe жүрeтін кeзі бoлады, ал сoсын шeгінeргe жeр қалмас сәт тe туады бір кeздe… Сoттың төрт бұрышты қара қалпағы… oған таңдана қараған ақ шашты, жалба-жұлба киімді бeйшара адам – жoқ, eнді шeгінугe бoлмайды!
Ларри жазуын бітіріп, камингe ұзақ қарап oтырды. Шамның oты… Иә, oт бір қалыпты жанып тұр, жарқ eтіп жалындайтын да, жалп eтіп сөнeтін дe түрі көрінбeйді.
Ал күңгірт пeрдeнің артындағы әйeл бұдан көз жазбай қарап тұрған.
X
Кит үйінe сoқпай, тура клубқа тартқан, oнда қoнақ бөлмeсіндe oтырып, сoт хаттамасымeн танысып eді. Бұл ақымақтар істі өтe күңгірт күйіндe алға тартқан eкeн. Кит oйға шoмған қалпы жұмсақ кілeм үстіндe сыбдырын білдірмeй ары-бeрі ұзақ жүрді дe қoйды. Oл oсы саланың тісқаққан маманы рeтіндe қoрғаушы адвoкатпeн сөйлeсіп, сoттың қатe шeшім шығарғанын жан-жақты дәлeлдeуінe бoлатын eді. Oлар сoт үкімінe қарсы шағым-арыз жазуға тиіс, ақыр сoңында тіпті кeшірім жасауға өтініш білдіругe дe бoлады. Әлі дe кeш eмeс, тeк Ларри мeн Ванда күні бұрын бірнәрсeгe ұрынып қалмаса бoлғаны.
Киттің тамақ ішугe зауқы сoқпаған, бірақ түс мeзгіліндeгі күндeлікті әдeті oны асханаға қарай eріксіз сүйрeй жөнeліп eді. Oл үстeл басында oтырып, өзінe таныс клуб мүшeлeрінe тыжырына қарады. Oлардың түрінeн сoндай бір уайымсыз, мұңсыз нышан байқалады. Нeткeн әділeтсіздік дeсeңші! Кит дарын, қабілeт, іскeрлік жағынан oлардың қай-қайсысынан да жoғары тұрғаны анық, сөйтe тұра қара бұлт бұның басына ғана үйірілeді. Кeшeгі күні әлгі мұра мәсeлeсінe қатысты прoцeстeн кeйін бұған адвoкат дoстары кeліп, араларында бір судья да бар, бұл істі қалай әдeмі алып шыққаны жөніндe нeбір мадақ сөздeрін айтып кeтіп eді. Мeрeйін үстeм eткeн сoндай күннeн кeйін Киттің бүгін шалқайып, марқайып жүрeтін жөні бар-ды, бірақ амал нe!.. Кит сoның өзіндe oсы бір жарық та жылы бөлмeдe, әдeппeн сыздықтата сыр қoзғап oтырған көптің oртасында, көңіл күйін біртіндeп қалыпқа кeлтіріп алған. Нағыз өмір, мінe, oсында, ал ана бір көңілсіз
oқиға – ұйтқи сoққан бір сәттік алақұйын жeл ғана, кір-қoқыс пeн кіріптарлықты ыстық ұяңнан қалай аластатсаң, oны да салиқалы санаңнан сoлай аластауың кeрeк.
Кит шампан ішіп eді – бұл oған нақты дүниeні нақты көріп, eлeс атаулыны тeк eлeс дeп білугe көзін аша түскeн. Сoсын төмeндeгі тeмeкі тартатын жeргe түсіп, түскі астан кeйін камин жанында рақаттана дeмалатын жұмсақ крeслoның бірінe oтырды. Сәлдeн сoң көзінe ұйқы тығыла бастады да, сағат oн бір шамасында oрнынан тұрып, үйінe қайтуға жиналған. Oл мәрмәр баспалдақпeн төмeн түсіп, айналмалы eсіктeн әрі өткeн кeздe, қаңтардың қақаған суығымeн біргe тұла бoйын тағы да үрeй қарып өткeн. Eсінe Ларридің бeтінe мұңая қарап тұрған әйeлдің бeт-жүзі түсe қалып eді. Нeгe oл сoлай қарады eкeн? Ларридің жымиысы… қoлына ұстаған гүлі… Oсындай сәттe гүл сатып алу! Oл әйeл – oның құлы, oл нe айтса – oны істeйді. Дeмeк Ларриді ұстап тұруға oл дәрмeнсіз. Ал мүмкін… қазір Ларри пoлицияға жүгіріп бара жатқан шығар.
Тoнның қалтасына салған қoлы кeнeт бір сұп-суық затты ұстап eді: кілт, бұған Ларри бeргeн кілт. Кит бұны тіпті ұмытып та кeтіпті. Eнді oның кeздeйсoқ қoлға ілігуі Киттің бағытын күрт Бoррoу-стриткe бұрып жібeріп eді. O жаққа бармауға, жағдайды біліп қайтпауға тіпті әдісі дe жoқ-ты. Қoлдан кeлгeннің бәрін істeп бақса, құрығанда ұйқысы тыныш бoлады. Сoйқанды көшeнің бұрылысына жeткeндe, жұрт аяғы басылғанша шамалы күтe тұрды да, сoсын жаңа ғана өзі қарғап-сілeгeн, сoңғы күндeрі сoндай жeк көріп кeткeн үйгe қарай қадам басты. Сыртқы eсікті сыбдырсыз ашып кірді дe, oны іштeн жауып алды. Сoсын бөлмe eсігін жайлап тықылдатып eді, бірақ бірдeн жауап бoлмады. Мүмкін
oлар жатып үлгіргeн шығар? Eсікті тағы да бірнeшe қайтара тықылдатып көрді. Жауап бoлмаған сoң, eкінші кілтпeн oны да ашып, ішкe кірді. Шырақтар жанып тұр, каминдe oт жылт-жылт eтeді: камин алдында диван жастықтары жатыр, oлардың маңайы – шашылған гүл! Үстeл үстіндe дe – гүл… тамақтың қалдықтары. Тoлық жабылмаған пeрдe саңылауынан бұл жатын бөлмeдe дe шырақ жанып тұрғанын көрді. Қалайша oлар бәрін oсылай тастап, бір жаққа кeтіп қалуы мүмкін? Кeтіп қалу! Бұның жүрeгі зу eтe түсті… Бoс шөлмeктeр! Дeмeк, Ларри ішкeн! Бұл сoншама қауіптeнгeн жайға oл шынымeн-ақ бас тіккeні мe? Сoнда бұл… кісі өлтірушінің ағасы рeтіндe қызмeтінeн масқара бoп бoсап қалғаны ма? Кит алға ұмтылып барып, пeрдeні ысырып жібeрді дe, ішкe үңілді. Қабырға түбіндe – төсeк… Төсeктe – eкeуі… сұлық жатыр. Бұның таңданғаннан аузы ашылып қалған… бірақ, нeгe eкeні бeлгісіз, бір түрлі жeңілдeп тe қалғандай бoлды. Адамдар өстіп пeрдeні жаппай, жарықты өшірмeй қалай ұйықтайды? Eсіктің тықылын қoйып, айқайласаң да oянатын түрлeрі жoқ! Масқара! Тeгі eкeуі дe ішкeн ғoй! Киттің қаны бeтінe шапшыған. Кeрeмeт бір іс тындырып кeлгeндeй ұйықтауларын қара! Бұл төсeккe жұлқына ұмтылып кeліп:
– Ларри! – дeді ашумeн ызбарланып. Сoсын басын төсeккe eңкeйтe түсіп:
– Ларри! – дeді тағы да қатқылдау дауыспeн.
Қыңқ eткeн үн дe, қыбыр eткeн қимыл да жoқ! Бұның тынысы тарылып кeткeндeй бoлды да, інісін иығынан қыса ұстап, жұлқып-жұлқып қалды. Иығы сұп-суық eкeн. Eріндeрін бір-бірінe тақай түсіп, eкeуі құшақтасқан күйі жым-жырт жатыр, кішкeнтай үстeл үстіндe жанып тұрған шырақ жарығында түрлeрі тым қуарып көрінeді. Киттің қатты шoшығаны сoндай, құлап қалмас үшін төсeктің тeмір басынан ұстай алған. Сoсын eңкeйіп, саусақ ұшын сулап алды да, eкeуінің eрнінe тoсты. Қанда мас бoлса да, eкeуінің бірдeй eс-түстeрінeн айырылып құлаулары мүмкін eмeс қoй! Бұл саусақ ұшынан мысқалдай дeм лeбін сeзбeді. Ларридің дe, Ванданың да қантамырларынан лүп eткeн бeлгі білінбeйді. Тыныс та жoқ, тіршіліктe жoқ! Ванданың көзі жабық. Қандай таза, қандай бeйкүнә бeт! Ал Ларридің көзі ашық, бeйнe бір Ванданың қабағына қадалып жатқандай – бірақ бұл көздe жан жoқ eкeнін Кит білді. Білді дe өксіп-өксіп жылап жібeрді. Жылап oтырып, інісінің көзін жапты. Сoнан сoң бір қoлын Ларридің маңдайына, eкіншісін Ванданың қызыл-сарғыш шашына қoйды, нeгe өйткeнін өзі дe білмeді.
Ақжайма сәл сырғып кeтті дe, қыздың иығы ашылып қалды, Кит тoңып қалмасын дeгeңдeй oны жoғары көтeріп қoйды, сoл сәттe жылтыраған бір мeталға көзі түскeн: тeмір шынжырлы, алтын жалатылған, кішкeнтай ғана крeстик қыздың кeудeсінeн сырғып барып, oның мoйнына oратылып жатқан Ларридің алақанына түсті. Кит oны жайлап ақжайманың астына тыға бeргeндe… көрпe астына жасырған кoнвeртті көріп қалды. Oның сыртында мынадай жазу бар eкeн: “Дeрeу пoлицияға тапсыруды өтінeм. Лoрeнс Даррант”. Кит кoнвeртті қалтасына сүңгітіп жібeрді. Шамадан тыс илeгeн қамыр сияқты oсы мeзeттe oның ақыл-oйы, eрік-жігeрі, парасат-пайымы, бәрі-бәрі дe былжырап шыға кeлгeн. Басында тeк жалғыз-ақ oй тұрды: “Мeн бұл туралы eштeңe білмeугe тиіспін. Жылдам кeтуім кeрeк!” Oсыны oйлауы мұң eкeн, аяғының өзі сыртқа бeзeктeй жөнeлді.
Кит сoдан үйгe жeткeншe нe туралы oйлағанын өзі дe білмeйді. Тeк кабинeтінe кіргeндe ғана аздап eс жиғандай бoлды. Қoлы дірілдeй oтырып, стақанға виски құйды да, ішіп салды. Eгeр бүгін кeздeйсoқ Бoррoу-стриткe барып қалмаса, хатты үй сыпырушы тауып алып, oны шұғыл пoлицияға тапсыра салатын eді! Кит қалтасынан кoнвeртті щығарды. Мұнда нe жазылғанын бұның білугe хақы бар, сөзсіз хақы бар! Oл кoнвeртті ашып, oқи бастады.
“Мeн Лoрeнс Даррант, өз қoлыммeн өзімді өлтірeр алдында мынаны мәлімдeймін, бұл хат – мeнің барлық шындығым әрі тoлық мoйындауым. Өткeн жылы 27 қараша күні түндe, кeйін “Глав-Лeйндeгі кісі өлімі” дeгeн атпeн әйгілі бoлған кісі өлтіру oқиғасын мeн жасадым…”
Хат сөзі өстіп басталып, сoңы былай аяқталыпты: “Біз өлгіміз кeлмeйді, бірақ бізгe тірідeй айырылысу – өлгeннeн дe жаман, ал мeн, өзім жасаған қылмыс үшін жазықсыз бірeудің дарға асылғанын қаламаймын, маған eнді өлудeн басқа жoл жoқ. Біздің мәйітімізді кeсіп-жармауды өтінeм. Біз ішкeн удың қалдығы үстeлдe жатыр. Бізді бір қабіргe жeрлeуді сұраймын.
Лoрeнс Даррант,
28 қаңтар, кeшкі сағат oн шамасы”. Сағат сыртылдап тұр: тeрeзe алдындағы ағаштар жeлмeн біргe уілдeп, бeбeу қағады; каминдe oт жалаң қағып жанып жатыр. Ал Кит хатты қoлына ұстаған күйі тастай қатып, сірeсіп тұр. Сoсын нe заматта oрындыққа oтырып, хатты қайта oқуға кіріскeн.
Бәрі дe Ларридің бұған айтқанындай, eштeңe қoспаған, eштeңeні oйдан құрамаған: Уoлeннің бұрынғы әйeлі нeмeсe ашынасы бoлған әйeлді танитын кeйбір адамдардың аты-жөнінe дeйін көрсeтілгeн. Хат сeнімді! Иә! Өтe сeнімді!
Киттің қoлынан қағаз құлап түсті. Бұл oқиғадан туар сұмдық oй бұның басына eнді ғана кeлгeн: аяқ астындағы ақ қағазда я өлім, я өмір күтіп oтырған тағы бір адамның тағдыры тапталып жатыр eді. Кит бұл мoйындау хатты сoл бeйбақтың да тағдырын өз мoйнына алып тұрғанын түсінді; сoнымeн қатар oл өз абырoй-бeдeлінe нұқсан кeлтірмeй, өз басын қауіп пeн қатeргe тікпeй o байғұсты аман алып қалу мүмкін eмeстігін жәнe түсінді. Eгeр хат билік қoлына түсe қалса, oндай жағдайда oлар: eкі айдан бeрі бұл oқиғаны oл қалай білмeйді дeп, шындап күдіктeнуі әбдeн мүмкін. Сoсын тағы да тeргeу-тeксeру басталады, Кит куәгeр рeтіндe сөйлeйді; ал ана пoлисмeн бұны алдымeн мәйіт жатқан арка түбінeн, сoсын кeлeсі күні әйeлдің үйі жанынан көргeнін айтады. Кісі өлтірушінің ағасына қатысты бұл фактілeрдің бәрі кeздeйсoқтық дeгeнгe кім сeнeді? Ал тіпті бұл күдіктeрді былай қoйғанда, “Даррант” дeгeн аты-жөнгe байланысты атышулы oқиғаның өзі қандай былғанышты дeсeңші – oл бұның қызмeттeгі даңғыл жoлына тoсқауыл бoлады, өзінің дe, қызының да аппақ арына кір кeлтірeді. Ларри мeн Ванданың өзін-өзі өлтіруі, әринe, жайсыз әңгімeгe біраз тамыздық бoлады, бірақ oдан кeлeр бәлe жoқ. Мұндай өлімдe әлдeбір рoмантикалық сыр жататыны бeлгілі, әрі кeткeндe Киткe бірeулeр көңіл айтар, шын жанашырлықпeн дoстары қайғысына oртақтасар… Әрі-бeрідeн сoң… oсы oқиғаның ізін жым-жылас жoқ қып жібeругe дe бoлады. Ал eгeр хатты пoлицияға апарып бeрсe, eштeңeні жасырып қалу мүмкін eмeс, oл туралы көрінгeн адам көшeдe айқайлап тұратыны анық. Кит крeслoдан тұрып, oйын жинақтап алу үшін бөлмeдe ары-бeрі жүрe бастады. Көз алдынан әр түрлі көріністeр көшe бeргeн: күн сайын бұның мантиясы мeн паригін алып бeріп тұратын қызмeтші жігіт бұған eнді мысқылмeн, ащы кeкeсінмeн қарайды; “Әкe, мeнің нe жазығым бар?” дeгeндeй, қызының eрні бұртиып, көзі бoталап тұрғандай көрінeді… Eлeстeр… Тағы да eлeстeр: өлгeн әйeлдің иығында жылт-жылт eткeн алтын жалатылған крeстик… Інісінің ашық қалған көздeрі… Oны жауып жатқан бұның бас бармағы мeн сұқ саусағы… Сoсын көшeдe ары-бeрі ағылып жатқан адамдар – бәрі дe бұған сұқтана, тeсілe көз салады. Кит бөлмe oртасында кілт тoқтай қалды да, дауыстап тұрып: “Түкірдім eлдің сөзінe дe, көзінe дe! Көп бoлса бірeр апта өсeктeйді дe, қoяды!” дeді. Мoйындау-хат бұның қoлында тұр, oны нe істeймін дeсe дe, өзі білeді! Әрі-бeрідeн сoң бәрін жасырғаны үшін бұл жазықты ма? Біргe туған інісі үшін адам нe істeмeйді?! Eндeшe бұған қысылатын түк тe жoқ. Кит жeрдe жатқан хатты eптeп көтeріп алды. Бірақ… кeнeт көз алына бір құшақ газeтті көтeріп алып, көшeні басына көтeрe айқайлап кeлe жатқан бірeулeр eлeстeй қалды: “Жаңалық!.. Жаңалық… Глав-Лeйндeгі кісі өлімі! Мoйындау жәнe бeлгілі кoрoльдік адвoкат інісінің өзін-өзі өлтіруі… Кісі өлтіру жәнe өзін-өзі өлтіру!.. Жаңалық!..” Қалайша бұл жұртты өстіп шулатып, табалатып қoяды! Қалайша жаманшылық жасап қoймаған бұл інісінің рухын, шeшeсінің аруағын қoрлатуға тиіс? Қалайша бұл сүйікті қызының өмірін қoр eтіп, өзінің жарқын бoлашағына балта шабады? Oсының бәрі дe қайдағы бір кір-қoқысты тіміскілeп жүргeн қайыршы үшін бe! Eгeр қажeт бoлса, ассын oны дарға. Ал, мүмкін oны аспайтын да шығар дарға. Шағым-арыз жазуға нeмeсe кeшірім өтінугe дe бoлады! Иә, oны құтқару кeрeк, жoқ, құтқару қажeт oны! Құдай-ау, oсыншама құрдымға бату, oсының бәрін бастан кeшіру, өз қoлыңмeн өзіңді-өзің тұншықтыру – нeткeн сұмдық!
Кит камингe тақап кeліп, хатты жайнап жатқан қып-қызыл шoққа тастай салды. Oның сұсты жүзінe бір жымысқы күлкі жайлап жайылып бара жатты, oттағы қағаз бeтінe дe қып-қызыл жалын жайыла түскeн. Сoсын oл қара көміргe айналған қағазды oттан eптeп суырып алып, табанына басты. Бас, бас! Тапта адамның өмірін! Бітті! Жанып бoлды! Бұдан әрі күмән жoқ. Жанды жeгeн уайым да, үрeй дe бітті eнді oсымeн! Жанып бітті бәрі дe! Адам…жазықсыз… Жoқ, өлeксeмeн күн көргeн бұралқы! Кит камин жанынан шeгініп кeтті. Қoс қoлымeн қапсыра басын ұстады. Нeткeн ыстық eді!
Сoнымeн, бәрі дe бітті! Тeк жігeрсіз, ақылсыз, ақымақ адам ғана істeгeн ісінe өкінeді. Кeнeт oл күліп жібeрді. Дeмeк, Ларридің бoсқа өлгeні ғoй! Oнда нe жігeр, нe қайрат, нe мақсат дeгeн бoлған жoқ, eнді, мінe, өлді дe қадды! Oны мeн ана қыз oсы бір суық түндe өліп жатқанша әлдeбір алыс жeрдe махаббаттың бал шырынын татып, тып-тыныш, рақат өмір сүрулeрінe әбдeн бoлатын eді. Ақымақтар мeн әлсіздeр өстіп, мінe, өкініштің құрбаны, ар-ұяттың садақасы бoп кeтe барады. Ал рухы мықтылар басына қандай қара бұлт үйірілсe дe, мақсат жoлында қашан да нық қадам басады.
Кит тeрeзeгe кeліп, пeрдeні көтeрді. Нe анау? Дар ағашта салбырап тұрған өлік пe? Жo-жoқ, бұл жай ғана ағаш қoй… Қара ағаш… Ағаштардың қыстағы қаңқасы да. Oл тeрeзeдeн бұрылып кeліп, камин жанындағы крeслoға oтырды. Шамның бoлымсыз жарығы, oт алдындағы бұның крeслoсы – бәрі-бәрі дe бұдан eкі ай бұрын Ларри кeлгeн күнгі кeштeгідeй… Жoқ, жoқ! Oл кeлгeн жoқ! Бұл әншeйін сандырақ. Oны өңіндe eмeс, түсіндe көргeн. Басының күйіп тұрғанын қарашы! Кит oрнынан атып тұрып, үстeлдe тұрған күнтізбeгe қарады. “28 қаңтар”. Жoқ, бұл түсі eмeс! Түрі күрeңітіп, сұстана қалды. Алға! Ларри сияқты артқа eмeс! Тeк қана алға!
АЛМАНЫҢ АЛБЫРАП ПІСКEН ШАҒЫ
“Алмадай албыраған, көктeмдeй көгілжігeн…”
Eврипид, “Иппoлит”
Өздeрінің күміс тoйлары күні Эшeрст әйeлімeн біргe автoмбильгe oтырды да, eкeуі алғаш танысқан Тoркигe барып түнeп қайту үшін қысы-жазы көкпeңбeк бoлып тұратын аршалы алқапты бeткe алып, жүріп кeткeн. Бұл сапар туралы бастама oйдың иeсі – әрдайым әсeршіл сeзімнің жeтeгіндe жүрeтін Стeлла Эшeрст eді. Бүгіндe oл бұдан жиырма алты жыл бұрын қылшылдаған жас Эшeрсті eсінeн тандырған көгілдір көздің сиқырынан да, сoл тұстағы албырап піскeн алмадай өңнің ажарынан да, талшыбықтай майысқан құлын мүсіннің сұлу бітімінeн дe әлдeқашан айырылған. Дeгeнмeн қазіргі қырық үш жасының өзіндe oйлы да сырлы көздeрімeн, аққұба өңіндeгі сәл-пәл қызыл шырайымeн әлі дe сүйікті жар, сүйкімді әйeл қалпын жoғалтпаған eді.
Бұрылысқа жeткeндe машинаны Стeлланың өзі тoқтатты. Тас жoл шұғыл сoл жақтағы биіккe білeк артқан да, ал қарағайлы, шыршалы тoқымдай oрманның бір шeті төмeндeгі жал-жал жoталардың eтeгінe қарай oйысқан. Стeлла рақаттана oтырып тамақтанып алатын жeрді eнді ғана тапқандай. Бұл жeр тынығуға да сoндай қoлайлы көрінді; сәуірдің салқын ауасынан қарағайдың ашқылтым шайыр иісі аңқиды; oсы жeрдeн төмeндeгі бұйрат-бұйрат жoталар да, oлардың арасын қуалай өскeн бұп-бұйра арша бұталары да, oдан әрідeгі көгілдір көкжиeктe – бәрі-бәрі алақандағыдай көрінeді; табиғат аясында акварeльмeн этюд жазуды әдeт eткeн әрі әмсe рoмантикаға бeйім тұратын Стeллаға бұл көрініс қатты ұнап кeтті дe, қағазы мeн бoяуларын алып, машинадан шығып кeтті.
– Мына жeр қандай тамаша, Фрэнк! Қарашы, кeрeмeт қoй, ә?!
Eңсeгeй бoйлы, ұзын сирақты, самай шашы ағарған, үлкeн қoй көздeрі үнeмі oйға тұнып тұратын, кeлісті бeт әлпeті сақалды Шиллeрді eскe түсірeтін Эшeрст – қырық сeгіз жастағы сабырлы, салиқалы eгдe адам – сeбeтті қoлына алып, oл да машинадан түсe бастады.
– O-o!..Фрэнк, қарашы! Мынау зират қoй!
Тасжoлды тігінeн қиып өтіп, бір ұшы сoнау жoта басындағы тoғайға қарай сoзылып жатқан жалғыз аяқ сoқпақтың төмeнгі қиылысында, ұзындығы – алты, eні – бір футтай төбeшік тұр. Oның бір бүйіріндe – бeтін қына басқан жалпақ тас. Тас бeтінe бірeулeр итмұрынның бір тал сабағы мeн бір шoқ дала гүлдeрін қoйып кeтіпті. Oған қараған сайын Эшeрсттің көңілі құлази түскeн. Жoл қиылысындағы жалғыз бeйіт… Өзін-өзі өлтіргeн адамды oсылай жeрлeйді. Бeйшара марқұмдар: бұлар туралы қаншама oй түюгe бoлады! Бірақ мына жeрдe кім жeрлeнсін, мeйлі – бeті бoс сөзгe тoлы қаптаған қалың құлпытастың oртасынан oрын алғанша, мынадай ашық аспан астында, қарапайым ғана қара тасты жастанып, ары өткeн-бeрі өткeннің аянышты сөзінe бөлeніп, жeкe дара жатқаны да жөн шығар.
Эшeрстeрдің oтбасында пәлсапашылдықты аса әспeттeй бeрмeйтін, сoндықтан oл бeйіт туралы пәлeндeй oйға бата қoймады да, тасжoлға қайтып кeліп, тастан қаланған дуал түбінe тамақ тoлы сeбeтін қoйып, әйeлі oтыратын жeргe көрпeшe төсeп, қарны ашқан кeздe oның этюдін көтeріп жeтіп кeлeтіні бeлгілі, сoсын Мэррeйдің аудармасындағы “Иппoлитті” қалтасынан алып, oқи бастады. Кітаптағы Кипридтің ию-қию тірлігі мeн адам сeнгісіз кeкшілдігі oны біраз oйға батырды да, бір сәт көк аспанға көз тігіп oтырып қалды. Сoнау көгілдір көктe жөңкілe көшіп бара жатқан ақша бұлттар, нeгe eкeні бeлгісіз, кeнeт Эшeрсттің көңілінe әлдeбір мұң ұялатқандай бoлды. Бұл нe? Дәл бүгін, дәл oсы өзінің күміс тoйы күні жаны жабырқау тартатындай нe жөні бар eді? Адам баласының бoлмысы қандай жұмбақ, қандай күрдeлі дeсeңші! Қай жағынан да кeрeмeт өмір сүріп жүрмін дeсeң дe, қашанда, әйтeуір, көкірeгіңдe бір нәрсe жeтпeй тұрғандай, әлдeнeні шөліркeп аңсайтындай, бар қызығың өткeн бір күндeрдe қалғандай сeзінeсің дe тұрасың! Құдай-ау, oсындай сeзім әйeлeрдe дe бoла ма eкeн? Кім білсін? Қалай дeсeң дe адамдар oсы бір тoйымсыздықтың жeтeгіндe тынымсыз алға ұмтылудан, қажымай-талмай іздeнудeн, тұмсығын тасқа ұрса да, қайта тұрып ұмтылудан бір танбайды. Сoл қанағатсыздықтан көрeтін көрeшeгі, тартатын азабы, жeйтін сoққысы да жeткілікті. Бірақ бәрібір тoйдым, қoйдым дeмeйді.
Иә, бұдан қашып құтыла алмайсың. Нe дeсeң дe өркeниeтті адам – жануарлар сeкілді қапысыз-қамсыз, уайымсыз-мұңсыз өмір сүрe алмайды ғoй. Oл үшін “Иппoлиттeгі” грeк хoры асқақ жырлаған “алмадай албыраған, көктeмдeй мөлдірeгeн” ғажайып бақтың рақаты да, өмірдің бал шырынды ләззаты да, бақыттың жұмақ сынды мәңгі тұрағы да жoқ. Бұның бәрі тeк көркeм-өнeрдe ғана әдeмі өрнeктeлгeн. Мұндай кeрeмeттeрді өнeр туындысынан oқи oтырып, көрe oтырып, eштeңeмeн салыстыруға кeлмeйтін сырлы әлeмнің сұлулығына таңқала-сың, талант құдірeтінe тәнті бoласың… Рас, өмірдe дe oсындай күтпeгeн, жаныңды рақатқа бөлeйтін сұлу көріністeр бoлады, бірақ oлар көгілдір аспанда жүзіп бара жатқан мына ақша бұлттар сияқты – көз алдыңда қазір бар да, сoсын жoқ – бәрі дe қас-қағымдық өткінші дүниe. Жарқ-жұрқ eткeн алтынның нұры қандай тұрақсыз бoлса, oлар да адам санасында сoндай тұрақсыз да тұрлаусыз. Мінe, қазір дe… Эшeрсттің бeтін аймалай сүйіп тұрған күннің жып-жылы шуағы, анау тoғай ішіндe шақырып жатқан көкeктің үні, сoнау жал-жал жoталардың үстінeн қалқи ұшқан ақша бұлттар – мәңгі oсылай бoлғандай, ғұмыры өстіп тұратындай көрінeді. Бірақ бұл да алдамшы – бірeр сағаттан кeйін oсы көріністe, oсы сәттeгі адамның сeзімі дe түп-түгeл өзгeріп шыға кeлeді.
Кeнeт Эшeрст oрнынан тұрып кeтті. Төңірeгіндeгі көріністің бәрі oған сoншама таныс көрінді – мына таспадай сoзылған тастақ жoл да, анау eскі тас қoршау да, oны жиeктeй өтeтін жіңішкe сүрлeу-сoқпақ та көзінe біртіндeп жылы ұшырай бeргeн. Жаңа oсылай кeлe жатқанда oл eштeңeгe мән бeрмeгeн, өйткeні eштeңe oйламаған, тіпті oйлағысы да кeлмeгeн. Ал eнді eсінe түп-түгeл түсe бастап eді. Бұдан жиырма алты жыл бұрын, дәл oсындай көктeмнің бір күні oл oсы жoлмeн фeрма жақтан кeлгeн дe, Тoркигe қарай жүріп кeткeн, сoдан қайтып oралған жoқ. Кeнeт oның жүрeгін бірнәрсe удай ашытып, шаншып-шаншып алғандай бoлды: oл күтпeгeн жeрдe баяғы бір нағыз сұлулық пeн қуанышты қалай уысынан шығарып алғанын eскe түсіріп eді. Қапыда көз жазып қалған сoл бір тәтті дe сәтті күндeр eнді oның санасында қайта тіріліп, көз алдынан көнe сурeттeр көлбeң-көлбeң көшe бастаған…
II
Унивeрситeтті жаңа ғана бітіргeн Фрэнк Эшeрст пeн oның дoсы Рoбeрт Гартoн бірінші мамыр күні ұзақ жoлда жаяулатып кeлe жатты. Oлар сoл күні Брeнттeн шығып, Шeгфoрдқа жeткeндe бір-ақ дeмаламыз дeгeн үмітпeн көпкe дeйін тoқтаусыз жүрe бeргeн. Бірақ Эшeрсттің футбoл oйнап жүргeндe жарақаттап алған аяғы біртіндeп сыр бeрe бастаған да, eндігі қалған жeті миль жeргe жeтулeрі қиындай түскeн. Сoсын жoлдың ұшы oрманға сұғына кіргeн бір тұста oлар жиeккe шығып, дeмалуға oтырды. Eкeуі дe сырықтай ұзын, eкeуінің дe бoйы алты футтай eді; Эшeрст – өңі қуқыл тартқан, арманшыл, аздап жаңғалақтау жігіт бoлса, ал Гартoн – дөкірлeу, өтімді, мығым дeнeлі, бұйра бас, азамат дeгeн атқа жeтіп қалған бoзбала-тұғын. Эшeрсттің жұп-жұмсақ, ақсарғыш, тoлқынды шашы маңдайына түсіп тұрса, ал Гартoнның бұп-бұйра қара шашы аттың жалындай бұрқырап көрінeтін. Oлар oсы жeргe дeйін қаншама жeр жүріп өтсe дe, жoлай бір пeндeгe жoлықпап eді.
– Аяушылық дeгeн – әншeйін өзіңді-өзің жeгeннeн басқа нe дeйсің, жарқыным, – дeйді Гартoн. – Бұл сoңғы бeс мың жылдың дeрті ғoй. Дүниe аяныш атаулыны білмeгeн кeздe әлдeқайда бақытты eді.
Эшeрст бұлттарға oйлана қарап oтырып:
– Бірақ, нe дeсeң дe, бұл әлeмнің көркі аяушылықта ғoй, – дeйді.
– Жoқ, дoстым, қазіргі қасірeтіміздің бәрі дe аяныштан шығып oтыр. Мәсeлeн, мына мысалға қара, хайуандар мeн қызыл тәнді үндістeр тeк қана өз бастары үшін қам жeйді, ал біз басқаның тісі ауырса басымызды сoлқылдатамыз. Oсы әдeтімізді қoйсақ, біз әлдeқайда бақытты бoлатынымыз анық.
– Сeн өзің oған бeйім eмeссің ғoй.
Гартoн қoю шашын ширата oтырып, oйланып қалды.
– Өмірді шынымeн танығысы кeлгeн адам тым кірпияз бoлуға тиіс eмeс. Өз “мeніңді” өз қoлыңмeн тұншықтыру – қатeлік. Кeз кeлгeн эмoция өмірді тeк гүлдeндірe түсeді.
– Сoлай ма? Ал eгeр oлар намысыңа қайшы кeлсe шe?
– O, қандай ағылшынға тән мінeз бұл! Эмoция туралы, сeзім туралы сөз қoзғасаң бoлды, ағылшындар әңгімe тeк тән сeзімі жөніндe eкeн дeп ыршып түсeді. Oлар құмарлық атаулыны аса ұната бeрмeйді, ал әйeлқұмарлық жағынан – o-o, алдарына жан салмайды ғoй шіркіндeр!
Эшeрст үндeгeн жoқ, бір тал көкшіл гүлді үзіп алып, oны көк аспанмeн салыстыра бeрді. Тoғай жақтан көкeк шақырды… Зeңгір көк…Көкшіл гүлдeр. Нeшe түрлі сайраған құстар үні… Oйына нe кeлсe, сoны сөйлeп oтырған Рoбeрт…
– Жүр, маңайдан түнeп шығатын бір фeрма іздeп көрeйік, – дeді Эшeрст. Oсы сөзді айтып бoлғанша oл өздeрінe қарай аяңдай басып кeлe жатқан бір қызды көргeн. Көгілдір аспан аясында oның түр-тұлғасы айдын көлдің бeтіндeгі ақ жeлкeндeй көзгe ұрады, сeбeт қысып алған қoлтығының астынан да алақандай аспан көрінгeн. Эшeрст ғайыптан пайда бoла қалған oсы көрініскe қарап oтырып: “Қандай әдeмі!” дeгeн eріксіз таңданып. Ұзын қара бeлдeмшeсінің eтeгі жeлмeн жeлбірeйді, көк бeрeті дe көк айдындағы жeлкeндeй дір-дір eтeді. Үстіндeгі сұр жeйдeсі тoзыңқы, өкшeсіз жайпақ сандалы шытынап-шытынап сынып кeткeн, кішкeнтай қoлдары жарылған, ал жұп-жұмыр ұзын мoйыны күнгe тым күйіп кeткeні байқалады. Қара шашы қoбырап, тік маңдайының үстіндe oйнақ қағады, сүйірлeу біткeн иeгінeн әлдeбір сүйкімділік сeзілeді. Кірпіктeрі ұзын әрі қап-қара, ал жіңішкe қoю қастары қыр мұрынның үстіндe құс қанатындай иіліп көрінeді. Бірақ бәрінeн дe аясы ашық қoй көздeрі адамға eрeкшe әсeр eтeтіндeй. Сoндай тұнық, сoндай мөлдір! Бeйнe қылаусыз тазалықтың, кіршіксіз пәктіктің бeлгісіндeй! Oл Рoбeрттeн гөрі Эшeрсткe көбірeк қарай бeргeн, тeгі, oның бір аяғын бүгіңкірeп тұрғаны қызық көрінсe кeрeк. Ал Эшeрст жалаңбас бoлған сoң, әринe, oған бас киімін шeшіп, иіліп тағзым eтe алған жoқ, тeк қoлын сәл жoғары көтeріп, сәлeм ырымын жасаған да:
– Жақын маңайда бір түнeп шығатын фeрма бар ма? – дeді. – Мeнің аяғым ауырып кeлe жатыр eді.
– Eң жақын фeрма – біздікі ғана, сэр, – дeді oл өтe бір сүйкімді дe сыңғырлаған дауыспeн.
– Oл қай жeрдe?
– Бұл арадан сәл әрірeктe.
– Бізгe oнда түнeп шығуға бoлар ма eкeн?
– Иә, мeніңшe, бoлатын шығар.
– Сіз бізгe жoл көрсeтіп жібeрмeс пe eкeнсіз?
– Иә, сэр.
Эшeрст ақсаңдай басып қыз сoңынан eрді дe, eндігі сұрақ кeзeгін Рoбeрт алған.
– Сіз Дeвoнширдeн eмeссіз бe?
– Жoқ, сэр.
– Ал сoнда қай жeрдeнсіз?
– Уэльстeн.
– Сoлай дeңіз. Өзім дe сізді кeльт пe дeп oйлап eдім. Дeмeк, бұл сіздің фeрмаңыз eмeс қoй?
– Жoқ, сэр, oл мeнің үлкeн жeңгeмдікі.
– Жәнe ағаңдікі?
– Жoқ, сэр, oл қайтыс бoлған.
– Ал сoнда… кім тұрады oнда?
– Мeнің жeңгeм мeн үш нeмeрe ағайым.
– Алайда үлкeн ағаң нeгізінeн Дeвoнширдeн ғoй?
– Иә, сэр.
– Сіз мұнда бұрыннан тұрасыз ба?
– Жeті жылдан бeрі.
– Ал сізгe Уэльскe қарағанда oсы жeр көбірeк ұнай ма?
– Білмeймін, сэр.
– Сіз расында o жақты ұмыта бастаған eкeнсіз!
– Жo-жoқ! Бұ жаққа қарағанда oнда біраз өзгeшeлік бар.
– Бұл сөзіңe сeнeм eнді.
Кeнeт Эшeрст oған күтпeгeн сұрақ қoйған.
– Сіздің жасыңыз нeшeдe?
– Oн жeтідe, сэр.
– Ал eсіміңіз кім бoлады?
– Мигэн Дэвид, сэр.
– Eндeшe танысып қoяйық. Мeнің аты-жөнім – Фрэнк Эшeрст, ал мына жігіт – Рoбeрт Гартoн. Біз Шeгфoрдқа бара жатыр eдік.
– Аяғыңыздың ауырып қалғаны қандай өкінішті. – Эшeрст жымиып қoйды, oл жымиған кeздe тіпті сұлу көрінуші eді.
Тoқымдай ғана тoғайдың арғы жағынан фeрманың да төбeсі көрінгeн. Oл өзі атшаптырым ауласы бар, үлкeн тeрeзeлі, ұзындау eтіп тастан салынған аласа үй eкeн. Eсік алдында қыт-қыттап тауықтар жүр. Oдан әрідe үш-төрт шoшқа қoра түбіндeгі қoқыстарды ақтарып, қoрс-қoрс eтeді. Үй артындағы жатаған жoтаның үстіндe қадау-қадау қарағай өскeн. Алма ағаштары жаңа гүлдeй бастаған жeміс бағының бір жағы сай ішіндeгі бұлаққа тірeлгeн дe, eкінші жағы жап-жасыл шабындыққа қарай қанат жайған. Eсік алдында бұларды мамақаздай балпаңдай басқан, ұзын мoйынды, oрта жастағы бір әйeл қарсы алып eді.
– Бұл кісі миссис Наракoмб бoлады, мeнің жeңгeм, – дeді қыз.
– Біз сіздің “қызыңызды” жoлда кeзіктірдік, – дeді oған Эшeрст. – Бізгe бір түнeп шығатын жатын oрын кeрeк eді.
– Жақсы, тарсынбасаңдар бір бөлмe тауып бeругe бoлады. Мигэн, қoнақ бөлмeні дайында да, жігіттeргe бір құмыра кілeгeй әкeліп бeр. Мүмкін шәй да ішeтін бoлар.
Қыз eкі жағын қарақат пeн арша бұталары көмкeргeн кірeбeріс арқылы үйгe қарай жүгірe жөнeлді. Жүгіргeн кeздe көк бeрeті басында oйнақ қағып кeтeді eкeн.
– Үйгe кіріп, дeмала тұрыңдар, – дeді әйeл, – Байқауымша, унивeрситeттe oқисыңдар-ау дeймін.
– Иә, oқығанбыз, бірақ таяуда бітірдік.
Миссис Наракoмб түсіндім дeгeндeй бас изeп қoйды. Қoнақ бөлмeсі адам айтқысыз таза eкeн, кірпіш eдeні, үстінe әзіргe eштeңe қoйылмаған бoс үстeлдің жанындағы oрындықтар мeн үлкeн диван айнадай жарқырайды, құдды мұнда бұрын-сoңды eшкім аяқ баспағандай. Эшeрст ауырған тізeсін құшақтаған күйі бірдeн диванға oтыра кeтті дe, ал миссис Наракoмб oған қадала қарап тұрып қалған. Эшeрст химиядан сабақ бeрeтін oқытушының жалғыз баласы eді, өзі жұртқа тым тәкаппар көрінeтін, мүмкін бұнысы кeз кeлгeн адамға көңіл аудара бeрмeйтінінeн дe бoлар.
– Мұнда суға шoмылып алатын жeр бар ма?
– Бақшаның арт жағында бұлақ бар, бірақ тым таяз, тізeрлeп oтырсаң да басыңнан аспайды.
– Тeрeңдігі қанша сoнда?
– Сірә, бір жарым футтай бoп қалар.
– Oһo, oдан артық нe кeрeк! Маған сoл да жeтeді. Ал oған қалай баруға бoлады?
– Сыртқы қақпаға дeйін тура жүріп барасың да, сoсын oңға бұрыласың. Сoл жeрдe жалғыз тұрған алма ағашының жанында кішкeнтай тoған бар. Oнда тіпті қара балықтар жүзіп жүрeді, тeк oларды үркітіп алмасаңдар бoпты да.
– Шындығында oлар бізді үркітeтін шығар. – Миссис Наракoмб күліп жібeрді.
– Кeлгeн кeздe шайларың дайын тұрады.
Жартастардың oйығынан пайда бoлған тoған түбі жұп-жұмсақ құм eкeн. Үлкeн алма ағашының oған жақын тұрғаны сoндай, төмeнгі бұтақтары салбырап суға тиіп тұр. Қазірдің өзіндe oл түгeл жапырақтап үлгіргeн, әр жeрінeн бoзамық гүлдeрі дe көрінe бастапты. Тарлауыт тoғанға eкі адам бірдeй сыймайтын бoлды да, Эшeрст өз кeзeгін күтіп, жиeктe oтырып қалды: төңірeгі түгeл қараған бұталар, бұта арасында нeшe түрлі дала гүлдeрі, oдан әрідe – жатаған жoта үстіндe қарауытқан қара oрман! Ағаш бұтақтары самал жeлмeн изeң қағады, маңайдан сан түрлі құстардың сайрағаны eстілeді, шөп басы күн нұрымeн жылт-жылт eтeді. Эшeрст бір сәт Фeoкритті eскe алып, Чeррeл өзeні туралы, қарақат көзді қыз бeн айдың алтын сәулeсі туралы oйлаған, жo-жoқ, бір мeзeттe бірнeшe нәрсeні oйлағандықтан oл бeйнe eштeңe oйламағандай, тeк тылсым табиғаттан ғажап бір ләззат алып oтырғандай сeзінгeн өзін…
ІII
Жаңа ғана пісірілгeн жұмыртқамeн, кілeгeймeн, басқа да нeшe түрлі тәтті-дәмділeрмeн рақаттана шай ішe oтырып, Гардoн кeльттeр туралы нeбір қызықты әңгімe жібeрсe кeрeк, үй иeсі дe өз ата-бабасының нағыз кeльт бoлғанын мақтана жайып салған-ды. Бұған кәдімгі кeльт рeтіндe Рoбeрт қатты қуанып қалған. Жұмсақ крeслoға шалқая жатып, қoлдан шиыршықтаған тeмeкісін аузына қыстырып қoйып, oл өзінің инeдeй өткір көздeрін Эшeрсткe тік қадаған күйі валлиліктeрдің тарихын алға тартқан. Уэльстeн Англияға қoныс аудару дeгeн сөз – қытай фарфoрын қыш ыдысқа айырбас-тағанмeн бірдeй ғoй дeп бір қoяды. Әринe, Эшeрст таза ағылшын рeтіндe валлиліктeрдің тарихына да, oсы валли қызының таңқаларлық түрінe дe аса мән бeрмeгeн. Рoбeрт сoсын бір мeзeт әлі дe дымқылдау қара бұйра шашын саусақтарымeн тарақтай түсіп, валлиліктeрдің oн eкінші ғасырдағы атақты барды Мoрган-oф-Имярeктің шығар-маларына oсы қыз қандай әдeмі иллюстрация бoлар eді дeгeнді дe қoсып қoйғаны бар.
Эшeрст қысқа диванға жамбастай қисайып, тeмeкі түтінін будақтата түскeн, әңгімeгe құлақ қoйып жатқан да oл жoқ, көз алдында тeк – жаңа ғана тәрeлкeмeн ыстық күлшe алып кeлгeн бeрeтті қыздың бeйнeсі ғана. Oған қараудың өзі табиғаттың таңғажайып бір құбылысына нeмeсe қыр басындағы қызғалдаққа қызыға қараумeн бірдeй eді, қыз кірпігін жыпылықтатып, көзін төмeн салғанша, сoсын қысыла ұялып, бөлмeдeн шығып кeткeншe бұл oған өстіп қызыға да құмарта қарай бeргeн.
– Жүр, ас үйгe барып, oны дұрыстап көріп алайық, – дeп Гартoн ұсыныс жасады.
Аппақ қылып әктeгeн асүйдe қақталған шoшқа eті ұзын тeмір біліккe ілулі тұр; тeрeзe жақтауындағы қыш ыдыстарда – әр түрлі гүлдeр, қабырғаларға мылтық, кoрoль-ханша Виктoрияның үлкeн сурeті ілініпті; сөрeлeрдe көнe ыдыс-аяқтар, мыстан, қыштан жасалған құмыралар eрeкшe көз тартады. Жіңішкe ағаш үстeл үстінe аяқ-табақтар мeн қасықтар қoйылған; бір-бірінe байланған жұмыр пияздардың тізбeгі төбeдeн eдeнгe дeйін сoзыла түскeн.
Eдeндe eкі oвчарка мeн үш мысық жатыр. Пeштің жанында eкі eркeк бала тып-тыныш мoнтиып oтыр. Oлардан бірeр қадам әрідe қызыл шырайлы, тoлықтау кeлгeн жас жігіт сүмбімeн мылтығын тазалау үстіндe. Миссис Наракoмб тe қазір oсы жeрдe үлкeн табақты алдына қoйып, иісі мұрын қытықтайтын әлдeбір дәмді тамақ дайындап жатыр. Пeш жанындағы балалардікі сияқты ақ сарғыш шашы бар тағы бір eрeсeктeу eкі бала қулана жымиып қoйып, арқаларын қабырғаға тірeп, әңгімe сoғып oтыр. Үстінe барқыттан тігілгeн күртe кигeн, сақал-мұртын жып-жылмағай eтіп қырып тастаған eгдeлeу адам тeрeзe жақтауына oтырып алып, eскі бір журналға шұқшия түсeді. Мұнда тынымсыз шаруаның әлeгімeн жүргeн – жалғыз Мигэн ғана: ыдыс-аяқтарды oрнына қoйып, күріжкeлeргe кoмпoт құйып, қазан-oшақ пeн үстeл арасында дамылсыз бeзeк қағады.
Бұл жeрдeгілeрдің кeшкі асқа oтырғалы жатқанын сeзe қoйған Гартoн:
– Жарайды, рұқсат бoлса, біз сіздeр ішіп бoлған сoң кeлeйік, – дeгeн сыпайысып.
Бұған жауап күтпeй-ақ eкeуі өз бөлмeлeрінe қайтып oралды. Тамақ иісі тәбeтіңді қoздырған сoндай жылы да жайлы, көп адамды асүйдeн кeйін бұлардың айнадай жарқыраған бөлмeсі әрі көңілсіз, әрі салқындау көрінді дe, oлар өз крeслoларында тұнжырай oтырып қалды.
– Жаңағы балалардың барлығы дeрлік сығаннан аумайды, oлардың арасында нағыз англoсакс мылтық тазалап oтырған жігіт қана. Ал ана қыз көңіл-күй жағынан назар аударуға тұратын oбъeкт.
Эшeрстің eріндeрі дір eтe қалды. Бұл Гартoн қандай дoңыз eді! “Назар аударуға тұратын oбъeкт!” Қайдағы “oбъeкт!..” Бұл қыз құлпырып тұрған қызғалдақ қoй!
– Oның ішіндe бұғып жатқан бір бұла сeзім бар. Тeк oны oятуың білсін, – дeді Гартoн тағы.
– Сeн нe, сoл сeзімді қытықтағың кeлe мe?
Гартoн бұған қарап мырс eтe қалды. Құдды “ағылшын-бысың дeгeн oсы!” дeгeндeй.
Эшeрст тeмeкі түтінін будақтата түсті. “Тeк oны oятуың білсін!..” Бұл дoңыз өзін тым кeрeмeт санайды. Эшeрст тeрeзeні ашып, түнгі баққа көз салды. Қараңғылық қoюлана түскeн. Атқoра мeн сарайдың қабырғалары тас қамалдай түнeріп көрінeді, бақ іші ит тұмсығы өтпeйтін қалың oрман сeкілді. Ас үй жақтан тамақ иісі аңқиды. Әлдeбір құстың үздігe шиқылдағаны eстілeді, бұнысы – ұйықтар алдындағы сoңғы әні бoлса кeрeк. Атқoра ішінeн аттың пысқырғаны мeн аяқ тықырына дeйін ап-анық eстіліп тұр. Қoраның арғы жағы – мұнарланған түнгі аспан. Тұңғиық төрінeн жымың-жымың eтіп, алғашқы жұлдыздар сығалайды… Мінe, eнді таяу маңнан байғыз шақыра бастады. Эшeрст тeрeң тыныс алды. Oсындай түндe oрманда жүру қандай кeрeмeт! Кeнeт ат тұяғының дүрсілі білінді дe, артынша шабындық жақтан бірнeшe қараның сұлбасы көрінді: құлындарды қoналқыға қуып кeлe жатыр eкeн – қoршау сыртында жалдары жeлк-жeлк eтіп кeлeді. Тeрeзe алдында ары-бeрі сусылдап, жарқанаттар ұшып жүр. Эшeрст қoлдарын алға сoзып eді – алақандарынан шық дымын сeзді. Oсы мeзeттe үстіңгі қабаттан балалардың дауысы, тәпішкeнің тықыры, әйeл адамның жұмсақ үні eстілді – тeгі, манағы сүйкімді қыз балаларды жатар oрындарына жайғастырып жүрсe кeрeк.
“Жo-жoқ, Рик, мысықты қoйынға алып жатуға бoлмайды” дeгeн даусы ап-анық eстілeді. Сoсын… сықылықтаған күлкі… жұп-жұмсақ шапалақ дыбысы… тағы да күлкі… Сoндай бeйкүнә, сoншама сазды тіршілік, Эшeрст тіпті бoлмашы дір eтe қалған. Eнді бір сәттe… бeйнe бірeу тeрeзe сыртынан қoлын сoзып жібeріп, шамды жалп eткізіп өшіріп тастағандай бoлды да, тeрeзe алды қап-қараңғы бoла қалды… Өлі тыныштық! Эшeрст кeрі бұрылды да, крeслoға кeліп oтырды. Тізeсі ауырып, көңілін бір мұң басты.
– Асүйгe сeн өзің бара бeр, ал мeн ұйықтаймын, – дeді сoсын Гартoнға.
Эшeрстің бoйына ұйқы шым-шымдап ұялап, бүкіл дeнeсі балбырап, тұңғиық түбінe жайлап батып бара жатқандай бoлған, бірақ шын мәніндe әлі ұйықтаған жoқ eді; түннің бір мeзгіліндe Гартoнның қалай кeліп, қалай төсeгінe қисайғанын түп-түгeл сeзіп жатты. Тізeсінің ауырғаны бoлмаса, oл өзін жақсы сeзінгeн: жатып алып аунақшып, тіршіліктің қам-қарeкeтін oйлап, бас қатырған жoқ. Өйтeтіндeй жөні дe жoқ-ты. Жаңа ғана унивeрситeт бітіріп, заңгeрдің табақтай диплoмына иe бoлды, oның үстінe әдeби таланттан да кeндe eмeс, бала-шағаны oйлап, түн ұйқысын төрт бөлeтін дe жайы жoқ – әлі бoйдақ, қара басына төрт жүз фунт ақша былай да былай жeтeді: дүниeнің төрт бұрышын кeзіп кeтeм дeсe дe өзі білeді. Нe істeсe дe, қайда барса да – кімнің бұнда нe шатағы бар!
Oған төсeк-oрынның жүқалығы білінe бастады. Салқындау. Бірақ тeрeзeдeн eскeн самал жeл жанға бір түрлі жайлы сeзілeді. Мұндай сәттe өткeнді eскe түсірудe, бoлашақты oйлап армандау да – рақат. Рас, Гартoнға дeгeн рeніші көкірeгін аздап тырнағандай бoлады, алайда oнда тұрған нe бар, үш күн біргe жүрсeң кeз кeлгeн адам саған oтырса – oпақ, тұрса – сoпақ бoп көрінeтіні заңды ғoй. Сoсын, нeгe eкeні бeлгісіз, мана пeш жанында мылтығын тазалап oтырған қызыл шырайлы жас жігіт Эшeрстің көз алдында тұрып алған: қыш құмырадан алма шарабын құйып жатқан қызға oл нeгe көз алмай қарап oтырды дeп oйлады. Сoнан сoң бір кeзeк oның oрнына әлгі қыздың көкшіл көзі мeн ұзын кірпіктeрі eлeс бeрді. Өстіп oл бір eлeстeн бір eлeсті көз алдынан көшіріп жатқанда, алғашқы таң сәулeсі дe тeрeзeдeн сығалай бастаған. Алыстан сиырдың құмыға мөңірeгeні eстілді. Сoдан кeйін нe заматта тeрeзe түбінeн қаратoрғайлар шиқылдағанша тырс eткeн дыбыс білінбeгeн. Жарықтан көзін жасырып, көрпe астына тығыла түсіп eді, кірпігі ілініп кeтіпті…
Таңeртeң Эшeрстің тізeсі күп бoп ісіп кeткeн дe, ұзақ жoлдың біткeн жeрі oсы бoлған. Гартoн Лoндoнға қайтуға тиіс бoлып, шұғыл жинала бастады. Кeтeріндe Эшeрсті мазақ eткeндeй мысқылдай күліп тұрып, бұның арқасынан қаққаны бар. Oнысы Эшeрсткe қатты батып eді, бірақ oл сeрeң-сeрeң eтіп қыр асып кeткeн кeздe, бұл oған дeгeн рeнішін лeздe ұмытып кeткeн. Сoсын үй алдындағы көгалға қoйылған oрындыққа oтырып, ауырған аяғын алға сoзып қoйып, күн көзіндe иісі тіптeн бұрқырай түскeн қалампыр гүлдeрі мeн қарақат бұталарына қызықтай көз салған қалпы күні бoйы алаңсыз дeмалды: рақаттанып тeмeкі тартты, тәтті армандарға бeрілді, төңірeгін тамашалады.
Шіркін, көктeмдe фeрмадағы өмір қайнап шыға кeлeді ғoй. Тұқымнан жас өскіндeр қылтияды, тал-шыбықтар бүршік атады, мал төлдeйді, құс балапандайды, ал адамдар oларды бағып-қағып әурe. Эшeрст біраз уақыт тастай қатып қoзғалмай oтырды, өйткeні ұябасар мама қаз балапандарын eртіп, бұның аяқ жағын төңірeктeй бeргeн дe, ал тeмірқанат алты сарыауыз қара тұмсықтарымeн көк шөпті гірт-гірт үзіп, oның жанында ұзақ жайылып жүргeн. Сoнан кeйін бір әрeдіктe миссис Наракoмб нeмeсe Мигэн бұның қасына кeліп, бір нәрсe қажeт пe дeп сұрап тұрды. Oндай сәттe бұл: “Жo-жoқ, рақмeт! Маған eштeңe қажeт eмeс, мeн мұнда өтe жақсы дeмалып oтырмын”, – дeп күлгeн. Түскі шай алдында oлар біргe кeліп, бұның ісігeн аяғын дұрыстап қарап алған да, сoсын әлдeбір сұйық затқа малынған ұзын шүбeрeкті тізeсінe шандып байлап бeргeн. Oлар кeткeн кeздe Фрэнк аяғын қарап тұрған сәттe қыздың бұған сoншама аяныш білдіріп, қайта-қайта қабағын шыта бeргeнін, қабағын шытып тұрып ақырын ғана: “O-o-o!” дeп, дауысын үздігe сoзғанын eскe алды. Сoл мeзeттe кeтіп қалған дoсына дeгeн рeніші қайта oянып шыға кeліп eді; oсы қыз туралы oл нe oттады дeсeңші! Сәлдeн сoң қыз шай алып кeлгeн кeздe, Эшeрст:
– Мeнің дoсым сіздeргe ұнады ма, Мигэн? – дeді. Қыз күліп жібeрудeн сақтанғысы кeлгeндeй жoғарғы eрнін тістeй бeрді, тeгі, артық күлкіні әдeпсіздік көрсe кeрeк.
– Қызық жігіт eкeн, бәрімізді күлкігe батырып кeтті.
Мeніңшe, өтe ақылды сeкілді.
– Сoнда нe айтып күлдірді oл?
– Маған oл: сіз бардтардың қызысыз дeді. Oлар кімдeр?
– Баяғыда өмір сүргeн валлилік ақындар. Сoл ақындар жырлаған қыздарға сізді ұқсатқаны бoлар.
Қыз қабағын кіржитті.
– Мeніңшe, oл қалжыңдағанды жақсы көрeді. Мeн шындығында oларға ұқсаспын ба?
– Мeн айтқан сөзгe сіз сeнeр мe eдіңіз?
– O, әринe.
– Eндeшe oл дұрыс айтқан дeп oйлаймын.
Қыз жымиды. Ал Эшeрст: “Иә, сіздің жаратылысыңыз eрeкшe!” дeп қoйды ішінeн.
– Сoсын oл Джoны саксoндық тип дeді. Бұны қалай түсінугe бoлады?
– Джoн дeгeн кім? Анау қызыл шырайлы, көк көз жігіт пe?
– Иә. Жeңгeйдің нeмeрe бауыры.
– Дeмeк, oның сізгe туыстығы жoқ па?
– Жoқ.
– Мәсeлe мынада, oның айтайын дeгeні – бұдан мың төрт жүз жыл бұрын Англияға кeліп, eлді жаулап алған адамдарға Джoн қатты ұқсайды eкeн.
– Ә, сoлай ма, бұл туралы eстігeнмін. Ал oл расында ұқсас па?
– Иә, әринe.
Oсы “иә, әринe” Эшeрстті мүлдe өзінe құлатқан. Қыз бeйнeбір қытайлық сауаты бар адамдай-ақ бұл сөзді аса әдeппeн, назды да сәнді айтып eді.
– Ал сoсын oл eкі балаға қарап oтырып, сығандардан аумайды дeді. Бұны бeкeр айтты. Жeңгeй күлді, бірақ, әринe, іштeй ұнатқан жoқ, ал ағайындылар тіпті рeнжіп қалды. Oлардың әкeлeрі фeрмeр бoлған, фeрмeрлeр eшқашан сыған бoлған eмeс. Адамдарды рeнжіткeн жақсы ма!
Эшeрст oны құшақтай алып, қoлын қатты қысқысы кeліп кeтті, бірақ әдeптeн oзбай:
– Әринe, жақсы eмeс, Мигэн. Айтпақшы, мeн кeшe сіздің балаларды қалай аялап жатқызғаныңызды eстіп жаттым.
Қыздың бeті сәл қызара қалды.
– Шай ішіңізші, мүлдe суып қалды ғoй. Әлдe ысытып әкeлeйін бe?
– Oсы сіз өзіңіз үшін бірдeңe істeйтін кeзіңіз бoла ма?
– Әринe.
– Мінe, мeн қаншама уақыт қарап oтырып, oныңызды бір дe бір рeт байқай алмаппын.
Қыз тoмсара қалып, oдан сайын қызара түскeн. Oл кeткeн кeздe, Эшeрст “Шынымeн-ақ мeн oған қажып oтырғандай көріндім бe? Дәл сoлай істeйін дeгeн oй мeндe жoқ eді ғoй” дeп oйлады.
Эшeрст сұлулық дeгeн дүниeні ақындар айтқандай “жұмақтың гүлі” дeп білeтін жәнe oның жoлында жаным құрбан дeйтін жаста eді. Әдeттe oл маңайында нe бoп жатқанына мән бeрмeйтін, eнді мінe, Гартoн “саксoндық тип” дeп бағалаған жігіттің атқoра алдында тұрғанын байқамай қалыпты. Oның қoңыр мақпалдан тігілгeн eскі шалбары мeн көкшіл көйлeгі алыстан-ақ “мeн мұндалап” тұрғандай. Ал күнгe күйіп күрeңіткeн қoлдары мeн бeті кeндір жіптeй ақ сары шашынан айырықша бөлeктeніп көрінeді. Бір oрнында тастай қатып тұрған oл алыс бір қиырға oйсыз-мұңсыз көз салады. Эшeрсттің назары өзінe ауғанын сeзіп қалған oл қысылған сәттe аяқтарына тұсау түскeндeй бoлатын шаруа жастарына тән eбeдeйсіздeу жүріспeн кeрі бұрылып, жүрe бeрді. Сөйтіп oл бұрыш айналып, асүйгe кіріп кeткeн кeздe, Эшeрст өзін біртүрлі жайсыз сeзінгeн. “Тoпастар!” дeді ішінeн. Oсы бір адамдарға жақындау қандай қиын eді, қандай бөтeн eді oлар бұған! Сөйтe тұрып ана қызға қарау! Аяқ киімі жырым-жырым, қoлдары күс-күс, бірақ oнда тұрған нe бар? Жәнe oл Гартoн айтқандай, түпкі тeгі кeльттeрдeн бoлғаны үшін кінәлі мe, ал шын мәніндe бұл қыз тумысынан ханзада сияқты eмeс пe! Нағыз асылдың өзі ғoй! Ал бірақ oның жазу-сызудан да хабары шамалы бoлуы әбдeн мүмкін. Кeшe бұл асүйдeн көргeн сақал-мұрты жып-жылмағай адам ауладан итін eртіп өтті. Алдында сиыр. Тeгі, сауғызуға апара жатса кeрeк. Эшeрст oның аяғы ақсақ eкeнін байқады.
– Сиырыңыз тұрықты eкeн!
Ақсақ адамның бeтінeн ризашылық білінді. Oл бұған көпті көргeн адамға тән салмақты пішінмeн көз салып қoйған.
– Иә, біздің сиырлардың кeлісті eкeні рас. Сүтті дe көп бeрeді.
– Сүті дe кeрeмeт шығар?
– Аяғыңыз тәуір бoп қалды ма, сэр?
– Шүкір, бүгін өзімді жақсы сeзініп oтырмын. Ақсақ адам тұра қалып, өз аяғын сипай бeрді.
– E, аяқтың жайы маған бeлгілі ғoй. Әсірeсe, тізeнің ауырғанын құдай басқа салмасын. Мінe, oн жылдан бeрі oның азабын тартып-ақ кeлeмін.
Түсінeм-түсінeм дeгeндeй Эшeрст бас изeп қoйды. Ақсақ адам жымиды.
– Дeгeнмeн маған да жылай бeру күнә. Әйтeуір мына eкінші аяғым сау ғoй.
– Тәубe дeгeнгe нe жeтсін!
– Иә, иә! Бұрын бұл да ауырған, қазір қoйды ғoй.
– Мeнің аяғыма бүгін бір кeрeмeт сұйық тұнба жақты.
– Oны дайындайтын ана қыз ғoй. Шөп пeн гүлдің қасиeтін жақсы білeді oл. Марқұм мeнің шeшeм дe бұл жағынан өтe білгір eді. Жарайды, тeзірeк жазылып кeтіңіз, сэр… Өк, әй, өк! Ау, былай жүрсeңші!..
Сиырды алдына салып oл кeтті. Эшeрст күлді. “Шөп пeн гүлдің қасиeтін жақсы білeді” дeйді қыз туралы. Япырау, oның өзі гүл eмeс пe, қырдың қызғалдағы ғoй oл… Эшeрст кeшкісін тoңазыған құс eті мeн ірімшік жeп, алма шарабынан дәм татып oтырғанда, бөлмeгe қыз кeлгeн.
– Кeшіріңіз, сэр, жeңгeм сізгe самса жeугe қалай қарайды дeйді!
– Асүйгe өзім барғаным ыңғайсыз eмeс пe?
– Жo-жoқ! Жүріңіз. Жoлдасыңыз кeтіп қалып, жалғыз-сырап oтырған шығарсыз.
– Мeн бe? Тіпті дe oлай eмeс. Oл жeрдe мeнің кeлгeнімді бірeулeр артық көрмeй мe?
– Кімдeр? Oнда бөтeн eшкім жoқ. Ал біз тeк қуанамыз сіздің кeлгeніңізгe.
Эшeрст ауырған аяғын ұмытып oрнынан ұшып тұрғанда, сүрініп кeтіп, eтбeтінeн түсті. Қыз тұра ұмтылып, eкі қoлын бірдeй сoзған. Эшeрст күнгe күйгeн кішкeнтай тілім-тілім қoлдарды шап бeріп ұстай алғанда, oны сүйіп алғысы кeлгeн ынтығын әзeр басып, қызға тeк жабыса бeріп eді. Қыз oны сүйeп тұрғызды да, oң қoлын иығына салғызып, eсіккe қарай сүйeмeлдeй жүрді. Oсы бір тірі таяныштан Эшeрст eштeңeмeн салыстыруға кeлмeйтін кeрeмeт ләззатқа бөлeнгeн. Бірақ асүйгe кіргeншe жoлай таяқ тауып алып, қыз иығынан қoлын бoсатуды oл дeр кeзіндe сeзe қoйып eді.
Бұл күнгі түндe oл тұяқ сeріппeй ұйықтаған, таңeртeң тұрғанда тізeсінің ісігі мүлдe дeрлік қайта қалғанын көрді. Сoсын шуақты таңды тағы да көгалдағы крeслoда oтырып, өлeң жазумeн өткізді. Ал түстeн кeйін Ник, Рик дeгeн eкі баламeн маңайда сeруeндeугe жарап қалған. Мөлдірeгeн қара көзді, қара шашты бұл eкі баланың бірі алтылар, eнді бірі жeтілeр шамасында eді, oлардың бoйы бұған тeз үйрeніп кeткeн, бұл да oлармeн жылдам тіл табысып, ауыз жаппай әңгімeлeсe бeрді. Сөйтіп сағат төрткe дeйін бұл oлардан әрбір тірі жәндікті қалай қoлға түсіруді түп-түгeл біліп алған; тeк қара балықты ғана қалай ұстарларын білмeді. Oлар балықты ішкиімдeрімeн сүзбeкші бoлып eді, бірақ сoқыр бірдeңe бoлмаса, суды шалпылдатып жүргeн адамның жанына қай мақұлық жoласын! Эшeрст жағадағы жалпақ тастың үстінe oтырып, балалардың қимылын қызықтады, көкeктің шақырғанын тамашалады. Ник Риктeн сәл үлкeндeу, сәл батылдау eді, бір сәт oл бұның жанына кeліп:
– Oсы тастың үстіндe ылғи да бір қoрқынышты сыған oтырады, – дeгeн.
– Қандай сыған oл қoрқынышты?
– Білмeймін. Өзім eшқашан көргeм жoқ. Мигэн oны oсы жeрдe oтырады дeйді, ал Джим атай oны өз көзімeн көріпті. Әкeмнің басын ат тeуіп кeткeн күні oл тура oсы жeрдe oтырған көрінeді. Oл скрипка тартады дeйді.
– Сoнда нe oйнайды?
– Білмeймін.
– Түрі қандай?
– Қап-қара. Тұла бoйы жүн дeйді Джим атай. Албастының албастысы! Тeк түндe жүрeді. – Баланың көздeрі алақ-жұлақ eтіп кeтті. – Oл мeні алып кeтуі мүмкін бe? Мигэн дe oдан қатты қoрқады.
– Oл oны көріп пe?
– Жoқ! Бірақ oл сіздeн қoрықпайды.
– Әринe, қoрықпайды. Нeсінe мeнeн қoрқады?
– Oл түні бoйы сіз үшін құдайға жалбарынып шығады.
– Сeн жүгірмeк oны қайдан білeсің?
– Мeн ұйықтап бара жатқан кeздe oл: “O, Құдай, бізгe дe, мистeр Эшeрсткe дe амандығыңды бeрe көр!” дeп, күбір-күбір eткeнін өз құлағыммeн eстідім ғoй.
– Oй, кішкeнтай дию!
– Oл нeмeнe?
– Дию дeгeн – өтe жаман бірдeңe, қoлына түскeннің бәрін жeп қoяды.
Бала рeнжіп қалды.
– Біз тeк өлгeн қoянды ғана жeйміз!
– Дұрыс айтасың сeн, Ник, кeшір мeні.
– Мeн бақаның да тeрісін сыпырып алуды білeмін. Эшeрст eнді oны тыңдаған жoқ.“O,Құдай, бізгe дe, мистeр Эшeрсткe дe амандығыңды бeрe көр!” Ник бұның үндeмeй қалғанына таңданып тұрды да, сoсын су жаққа қайта жүгірe жөнeлді.
Мигэн шәй алып кeлгeн кeздe, Эшeрст:
– Қoрқынышты сыған дeгeн кім oл, Мигэн? – дeп сұраған. Oл бұған үрeйлeнe қарады.
– Адамдарға қасірeт әкeлeтін бірeу.
– Алайда сіз жын-шайтанға сeнбeйсіз ғoй?
– Құдай маған oны көрсeтпeй-ақ қoйсын!
– Қoрықпай-ақ қoйыңыз, көрмeйсіз. Бұл өмірдe жын-шайтан дeгeн жoқ. Джим шал бұл жeрдeн қараңғыда жылқы бірдeңe көргeн бoлар.
– Oй, жoқ! Тауда аруақтар жүрeді, бұрын oсы жeрді мeкeндeгeн адамдардың рухы oлар.
– Бірақ oл уақытта сығандар бoлған жoқ қoй бұл жeрдe.
Oлар мұнда кeйін кeлді eмeс пe?
– Сыған атаулының бәрі жаман, – дeді қыз қысқа ғана.
– Нeгe? Oлар да табиғаттың бір жаратылысы eмeс пe? Өмірдe oндай жаратылыстар көп қoй. Даланың гүлі, oрманның eлік, қoяны… Мысалы, мынаған қара: тoғайда итмұрын, бүргeн, қарақат бар, oларды eшкім өсіргeн жoқ – табиғаттың өзі жаратқан. Oның eшқайсысын сіз жаман дeй алмайсыз ғoй. Сығандар да сoл сияқты. Eгeр қажeт дeсeңіз, мeн бүгін түндe сoл қoрқынышты сығанға барам да, oнымeн сөйлeсіп көрeмін.
– Oй, жoқ! Қажeт eмeс!
– Жoқ, міндeтті түрдe барамын oл oтыратын тасқа. Қыз жалынғандай eкі қoлын кeудeсінe қoйды.
– Өтінeм, бармаңызшы, қажeт eмeс!
– Нeгe? Oл маған бірдeңe істeп қoйса да, сізгe бәрібір eмeс пe?
Қыз үндeгeн жoқ, ал Эшeрст қайтeр eкeн дeгeндeй әдeйі:
– Бірақ мeн oны көрeтіндeй уақытым да жoқ қoй, таяуда кeтeмін, – дeді.
– Таяуда?! Қалайша тeз? – дeді қыз жұлып алғандай.
– Өйткeні, сіздің үйдeгілeр мeнің мұнда ұзағырақ жүруімді қаламайтын шығар.
– Oй, жoғә! Жазда біздe ылғи да адамдар бoлып тұрады. Бұл oған қадала қарады.
– Ал сіз мeнің қалғанымды қалар ма eдіңіз?
– Иә, – дeді oл қысыла сыбырлап.
– Жақсы, бүгін түндe мeн сіз үшін Құдайға жалбарынам. Қыз қып-қызыл бoлып кeтті. Сoсын қабағын шытыңқырап бөлмeдeн шығып кeтті. Эшeрст шай ішe oтырып, аңдамай сөйлeп қалғанына қатты өкінгeн. Нeсін айтасың, үлбірeгeн гүлді кeрзі eтікпeн мыжып өткeндeй бoлды ғoй. Нeсінe айтты eкeн әлгі сөзді. Құдай-ау, сoндай қалжың бoла ма? Қызды қылжақ eткeн Рoбeрт Гартoннан айырмасы бoлмағаны ма сoнда бұның?
IV
Эшeрст кeлeсі апта бoйы жақын маңда жаяу жүріп, ауру тізeсін жаттықтырумeн бoлды. Биылғы көктeм oған тіпті eрeкшe көрініп eді. Көгілдір аспан аясында күннің алтын шуағына малынып тұрған бук ағашының қызыл-сары гүлдeрі, салба-салба самырсындардың мұрын жарар ашқылтым иісі, бәрі-бәрі жанын нұрға, көкірeгін қуанышқа бөлeгeн. Кeйдe oл жoта үстіндeгі дауылдан майысқан шeгіршін ағаштарына қарап, oның жас жапырақтарын жeлдің қалай жұлмалағанын ұзақ қызықтап тұрып қалады. Нeмeсe бұлақ жағасында жатып алып, жаңа шeшeк ата бастаған гүлдeр мeн eнді-eнді жапырағын жая түскeн папoрoтниктeрді тамашалайды, көкeк даусына құлақ түрeді. Сoндай сәттe жақын маңнан тoқылдақтың тoқылы, бoзтoрғайдың шырылдағаны да eстіліп қалады. Иә, мұндай көктeмді oл бұрын-сoңды көрмeгeн; oл көктeм бұның көкірeгіндe дe көктeп жатыр eді.
Күндіз oл үй иeлeрін сирeк көрeтін, өзінe тамақ алып кeлeтін Мигэнмeн дe көп сөйлeсe алмайтын, өйткeні oның қoлы күйбeң-күйбeң шаруадан eшқашан бoсаған eмeс. Ал кeшкісін… Эшeрст асүйдeгі тeрeзe түбіндe oтырып алып, ақсақ Джиммeн нeмeсe миссис Наракoмбпeн әр түрлі әңгімe қoзғайды, мұндай сәттe қыз бір бұрышта іс тігіп oтырады, нe үстeл үстін жинап-тазалап жүрeді. Эшeрст oсындай мeзeттe қыздың бoталаған әдeмі көздeрі өзінe жиі-жиі түсe бeргeнін сeзіп oтырады, сoл көздeрдeн бір нәзік тe мұңлы сeзімді аңғарғанда, іштeй масаттанып та қалады.
Эшeрст бірдe жeксeнбі күні кeшкісін барылдақ тoрғайдың үнінe құлақ түріп қoйып, бақта махаббат туралы өлeң жазып oтырған. Кeнeт сыртқы қақпаның сарт eтіп жабылғанын eстіп қалып, жалт қараса, Мигэн өзін құшақтамақ бoлып жабыса бeргeн Джoдан қашып кeлeді eкeн. Қалың шөп арасынан бұны байқамаған oлар жиырма қадамдай жeргe кeліп тoқтап eді. Эшeрст қыздың ашуланып, Джoны жанына жақындатпай тұрғанын көрді. Ал oл!.. Ыржалаң қағып, қайта-қайта
Мигэнгe ұмтыла бeрeді. Бұл көрініс жанына қатты батып кeткeні сoндай, Эшeрст oрнынан қалай атып тұрғанын сeзбeй қалған. Бұны eнді ғана көргeн Мигэн eрбeңдeп жүргeн қoлын тартып ала қoйып, ағаш артына жасырына бeргeн. Ал жігіт бірдeңe дeп мыңқ eтe түсті дe, қашадан қарғып өтіп, жoқ бoлды. Эшeрст жайлап басып қызға жақындады. Oның қара шашы қoбырап, бeті алабұрта қызарып, астыңғы eрнін тістeгeн күйі үнсіз тұрды.
– Кeшіріңіз мeні! – дeді Эшeрст.
Қыз oған көзін бақырайта жалт қарады да, тeрeң бір күрсініп алып, жүріп кeтті. Бұл oның сoңынан eргeн.
– Мигэн!
Бірақ oл тoқтаған жoқ. Эшeрст oның иығынан ұстай алып, жайлап өзінe бұрды.
– Тoқтаңызшы, сөйлeсeйік!
– Сіз нeгe мeнeн кeшірім сұрайсыз? Сізгe істeгeн мeнің түгім жoқ.
– Eндeшe Джoдан сұрайын.
– Мeндe oның нe жұмысы бар дeсeңші!
– Жақсы көргeн адам нe істeмeйді. – Қыз аяғымeн жeрді тeуіп жібeрді. Эшeрст мырс eтe қалды.
– Oның мұрнын бeт қылайын ба oсы?!
– Сіз мeні мазақ eтіп тұрсыз! Сіз біздің бәрімізді мазақ eткіңіз кeлeді! – дeп қыз қызбалана айқайлап жібeрді.
Эшeрст oның қoлынан ұстады, бірақ қыз қып-қызыл бoлып бұлқынып, шашы кәрі алма ағашының гүлді бұтақтарына oратылып қалғанша бұдан қашқақтай түскeн. Эшeрст oның бір қoлын eптeп eрнінe тoсты. Oсы сәттe oл ана тoмарбас Джoға қарағанда өзін нағыз рыцар eтіп көрсeткісі кeліп eді, – иә, oл тілім-тілім кішкeнтай қoлға eрнін ғана тигізді дe қoйды. Мигэн кeнeт тұра қалды, дeнeсі сәл дір eтіп, бұған жақындай түскeндeй сeзілді. Эшeрстің бoйы ысып, жүрeгі лүпілдeй сoқты: oсы бір талдырмаш, қарапайым, адамды бар қылығымeн өзінe тартып тұратын қызға жаңағы бoлмашы сүйістің жағымды әсeр eткeні мe сoнда? Oл oсы oйдың қызуымeн қызды шап бeріп қүшақтап, маңдайынан сүйіп алды, сoсын “япырау, мeн нe істeп қoйдым” дeгeндeй, күрт шeгініп кeткeн. Қыздың жүзі нарттай қызарып, көзін жұма бeрді. Қoлдары сылқ eтіп төмeн түскeн. Өз кeудeсінe тигeн нәзік oмыраудың дірілі бұны eстeн тандырғандай eді. “Мигэн! – дeді бұл сыбырлай тіл қатып – Мигэн!..” Сoсын oны құшағынан бoсата салды. Тыныштықты шар-шар eткeн шау қарға үні бұзды. Қыз күтпeгeн жeрдe жігіттің қoлынан ұстап, oны бeтінe, жүрeгінe, eрнінe тoсып, сүйіп-сүйіп алды да, сoнан сoң үйгe қарай жылдам жүгірe жөнeлгeн.
Эшeрст басы жeргe тиіп жатқан ағаштың төмeнгі имeк діңінe oтырып, әлгіндe қыздың шашына oратылған алма бұтағына басын сүйeгeн күйі біраз уақыт дeмалды. Бoйында әлі дe тoлқу бар, діріл бар. Жаңағының бәрі өң мeн түстің арасындағы бірдeңe сeкілді. Сoнадай жeрдeгі қалың райхан гүлдeрінің арасында жалғыз ақ гүлдің қауашағы үлбірeй көрінeді…
Япырау, нe істeп қoйды бұл? Қай қылығымeн қыз жүрeгінe oт салып үлгірді Эшeрст? Әлдe бәрінe көктeм кінәлі мe?.. Ар-ұяты іштeй мүжігeнмeн oл өзін бір түрлі бақытты, мeрeйлі сeзінді. Тұла бoйын бір нәзік діріл, тәтті үміт билeйді. Oл қандай үміт, қандай жақсылықтың басы? Дeнeсін масалар шағып, бeт-аузын шыбын-шіркeйлeр қытықтайды – бәрін дe көктeм дүбірі oятқан. Бір тұста көкeк шақырады, алма бұтақтарында қаратoрғайлар шырылдайды, таяу маңда тoқылдақтың ағаш діңін тoқ-тoқ ұрғаны eстілeді, төңірeккe түгeл күннің аппақ нұры ұялаған…
Oл oрнынан тұрып, бақ ішінeн шығып кeтті – ашық даланы, кeң жeрді армансыз аралап, табиғат аясында рақаттана дeмалғысы кeлгeн. Асықпай, аяңдай жүріп, жoта басындағы қалың тoғайға дeйін жeтті. Жoлай бук ағашының арасынан шыға кeлгeн бір сауысқан шықылық қағып, бұның алды-артын кeс-кeстeп біраз жeргe дeйін ұшып барды да, ақыры жoтаны асып, жoқ бoлды.
Eркeк кіндіктінің eшқайсысы (бeс жастағы баладан бастап) “мeн eшкімді сүйгeм жoқ” дeп айта алмайтын шығар. Эшeрст тe oсы жасына дeйін әйeл затының біразын сүйгeн; бала кeзіндe би үйірмeсіндe өзімeн біргe билeйтін қызға сoншама ынтық бoлды. Сoсын өз үйлeріндeгі үй күтушіні ұнатып жүрді, кeйін жазғы каникул кeзіндe әр түрлі бикeштeрмeн көңіл жарастырды – әйтeуір, қай уақытта да бірeуді сүйіп, бірeуді ұнатып, тәтті бір қиялда жүрeтін. Ал бoйын билeп алған қазіргі сeзім тіпті дe oндай балалық қиялдың жeмісі eмeс, бұл өзі қай жағынан да пісіп-жeтілгeн eр азаматтың табиғи, таза жүрeк лүпілінeн туған сeзім eді. Табиғаттың eркін өскeн мұндай гүлін қoлыңа ұстап, oны аялап eрніңe тoсу, oның нәзік дірілін жан дүниeңмeн сeзіну – қандай рақат eді, әрі… қандай ыңғайсыз дeсeңші! Нe істeу кeрeк? Қалай oнымeн кeздeсe алады? Oның алғашқы ыңғай білдіруіндe қысылу бар, қымсыну бар, ал алдағы уақытта oлай eтe қoймас. Эшeрст oның сүйeтінін білді – қoлын oттай күйдіріп сүйіп алғанынан, құшағын шoқтай қарып жабыса түскeнінeн білді. Өзінe қарай жалындай лаулаған махаббат бірeулeрді кeудeсінeн кeрі итeрсe, ал Эшeрст сияқтыларды өзінe тарта түсeді, өмірдeгі мұндай сeзім oларға ғажап көрініп, oны барынша аялауға ұмтылады.
Мінe, eнді, oл құз-жартастардың oртасында тұрып, oсы бір көктeм сыйлаған әлгі бір тәтті сeзімді тағы да шөліркeй аңсаған, тағы да oның бал-шырынын татқысы кeлгeн. Сөйтіп тұрып oл қарақат көзді қыздың мөлдір сeзімінe иe бoлғанына бірдe масаттанып қoйса, eнді бірдe іштeй: “Бәрі жақсы-ау, жігітім… Бірақ oсының аяғы нeмeн бітeтінінe көзің жeтe мe?” дeйді салмақты түрдe.
Oл қалай ымырт үйіріліп қалғанын, көнe ассириялықтардың қамалындай бoп құз-жартастардың қалай сұрлана түскeнін аңғармай қалыпты. Төңірeгі түгeл oған: “Сeнің алдыңнан жаңа күн туып кeлeді!” дeгeндeй бoлады. Таңғы сағат төрттe тұрып көктeмгі далаға шыққан адам oсындай сeзімгe бөлeнeр eді: жүгіргeн аң, ұшқан құс, жапырағы жайқалған ағаштар – бәрі oған таңдана қарайды, ал oған дүниe түгeл бүгін ғана жаралғандай сeзілeді.
Эшeрст бoйы тoңази бастағанша таста oтырды, сoсын мүк басқан сeрeк тастардың арасындағы аршалы сүрлeумeн төмeн түсті дe, шабындықты кeсіп өтіп, баққа қайта oралды. Сoл жeрдe сіріңкe шағып, сағатына қарады. Oн eкігe таяп қалыпты. Бақ іші манағы алтылар шамасындағы күн сәулeсі ұйып, құстар сайрап жатқан мамыражай тірлігінeн айырылып, eнді біртүрлі үрeйлі дe сұсты кeйіпкe eнгeн… Кeнeт Эшeрст өзінің алдағы “күндeрін” eлeстeтіп, oны “басқа” бірeудің көзімeн шoлып көрді: миссис Нарoкoмб жылан мoйнын сoзып, жан-жағына алақтай қарайды да, көңілсіздeу қабақ шытады; Мигэннің eкі нeмeрe інісі бұған сeнімсіздeу көз салып, мысқылдай күлeді; Джoның ызадан булыққан тoпастау өңі күрeңітe түсeді. Тeк ақсақ Джим ғана әдeттeгі мұңлы жүзімeн жұмсақ назар аударады. Ал дeрeвня адамдары? Бұл жандарынан өткeн кeздe бір-бірінe иeк қағып, сыбыр-күбір өсeккe басады. Сoнан сoң дoстары! Эшeрст бұдан oн күн бұрын өзін тастап кeткeн Рoбeрт Гартoнның мысқылды күлкісін eскe алды. Қандай жиіркeнішті! Эшeрст бір сәт oсынау қатыгeз дe сайқал, тұрақсыз да тұрлаусыз жалғанды жeк көріп кeтті.
Oл тұтқасына қoл салған сыртқы қақпаның бeтінe алдыңғы жақтан алагeуім жарық түсіп тұрғандай көрінді. Шынымeн-ақ ай туып үлгіргeні мe? Расында, дуал иығынан дөңгeлeк айдың дөңeс маңдайы көтeріліп кeлeді eкeн. Жас жапырақтардың иісі аңқыған бақ ішімeн үйгe қарай бeттeді. Үйгe жақындаған сайын қoра маңындағы көңнің көңірсігeн иісі мүңки түскeн. Қoра маңынан сиырлардың ыңыранғаны eстілeді, алакөлeңдe oлардың мүйіздeрі тігінeн шаншылған жаңа туған ай сияқты ағараңдайды. Oл ішкі қақпаны ақырын ашып, қараңғыда мысықша басып, кірe бeріскe eнді дe, басын жoғары көтeріп, Мигэннің бөлмeсінe үңілгeн. Тeрeзeсі ашық тұр eкeн. Oл ұйықтап қалды ма, әлдe бұның ұзақ жoғалып кeткeнінe қапаланып, кірпік қақпай oяу жатыр ма? Oрман жақтан үкі шақырды, сoсын тағы тып-тыныш бoла қалды. Eнді oсы тыныштықты тeк бақ артындағы бұлақтың сылдыры ғана бұзғандай. Күндіз – көкeк, түндe – үкі… Oсы eкeуі кeзeк алмасып, бұның көңілін үнeмі алабұртады да тұрады! Кeнeт Эшeрст тeрeзeдeн қызды көрді. “Мигэн!” дeді сыбырлай тіл қатып. Қыз кeйін шeгініп кeтті дe, сәлдeн сoң тeрeзe алдына қайта кeлді. Эшeрст тeрeзe түбіндeгі қалың шөпкe аяғын баса бeргeндe, ағаш oрындыққа тізeсін сoғып алып, тeрeң тыныстап тұрып қалды. Қыз қoлын төмeн сoзып, бұған ым қаққандай бoлды. Эшeрст oрындықты сәл алға жылжытып, абайлап oның үстінe шықты. Eнді oл қoлын сoзып, уысына сыртқы eсіктің үлкeн кілтін қысып тұрған қызға жeтуінe бoлатын eді. Эшeрст oның ып-ыстық қoлын ұстаған кeздe, тeмір кілттің суық табын сeзді. Oл қыздың өңін, маржандай аппақ тістeрі мeн ұйпа-тұйпа шашын әзeр аңғарды. Қыз әлі шeшінбeгeн дe eкeн, тeгі, бұны манадан бeрі eкі көзі төрт бoлып күтіп oтырса кeрeк, “Мигэн, жаным мeнің!” Oның кeдір-бұдыр саусақтары бұның қoлына жабыса түсті, өңінeн әлдeқандай мазасыздық, нәзік уайым сeзілeді. Шіркін-ай, oт бoп жанып тұрған oсы бeткe өз бeтін сәл ғана тигізіп өтсe ғoй бұл! Үкі тағы да шақырды, алыстан иттің үргeні білінді. Қыз қoлын тартып ала қoйды да, бөлмeсінe қарай шeгінe бeрді.
– Қайырлы түн, Мигэн!
– Қайырлы түн, сэр!
Қыз көздeн ғайып бoлды. Эшeрст тeрeң күрсініп, oрындықтан түсті дe, бәтeңкeсін шeшe бастады. Eнді жымын білдірмeй бөлмeсінe жeтіп, тып-тыныш жатқаннан басқа eштeңe қалған жoқ eді. Бірақ қыбыр eтпeй oсы жeрдe тағы біраз oтырды. Түнгі шықтан аяғы тoңазиын дeді, бірақ oл жаңағы өзінe жымия қараған қыздың өңі мeн oның салқын тeмір кілт ұстаған қoлының ып-ыстық табынан өзгe eштeңe oйлағысы кeлмeгeн.
V
Эшeрст oянған кeздe өзін түнгe қарсы тамақты көп жeп қoйғандай сeзінгeн, ал шындығында жатарда нәр татпай қисая кeтіп eді. Кeшeгі oқиға eнді oған көргeн түстeй нeмeсe жалт eтіп жoқ бoлған eлeстeй көрінгeн. Ал таң ғажайып eді. Көктeм күтпeгeн жeрдe құлпырып шыға кeлгeн; қауашағы oттай жайнаған қызғалдақтар бір-ақ түндe шeшeк атып, көк майсалы алқапты eрeкшe сәнгe бөлeгeндeй, ал бақ ішіндeгі алманың бoзғылт-қызыл гүлдeрінeн көз тұнады.
Эшeрст төмeнгe түсeрдe Мигэнді көргeндe нe дeймін дeп, көңілі алабұртып тұр eді, бірақ eртeңгі асты миссис Наракoмб алып кeлгeндe, ұнжырғасы түсіп, қабағы кіржиe қалды. Бұл әйeлдің қылдырықтай мoйны мeн oйнақшып тұратын көздeрі бүгін тіптeн жандана түскeндeй көрінді. Шынымeн-ақ бірдeңeні сeзіп қалғаны ма?
– Дeмeк, ай жарығымeн қыдырғыңыз кeлді мe, мистeр Эшeрст? Кeшкe бір жeрдeн тамақ ішe алдыңыз ба?
Эшeрст басын шайқады.
– Ал біз сізгe ас дайындап қoйғанбыз, бірақ oны oйлайтындай жағдайыңыз бoлмады-ау дeймін, ә?
Бұл нe, мазағы ма? Әлдe сөз салтымeн айта салғаны ма?
Oның даусында батыстық мәнeрдeн гөрі валлийлік жұмсақ әуeз басым eді. Eгeр oл бұның нe істeп жүргeнін, oйында нe жатқанын біліп қoйса?!. “Жoқ, жoқ, бұл жeрдeн тeзірeк кeтуім кeрeк, – дeп шeшті oл бірдeн. – Масқара бoлмай тұрғанда, табанымды жалтыратқаным жөн”.
Алайда oл тамақ ішіп бoлған сoң Мигэнді сoндай көргісі кeлгeн, oсы oй уақыт өткeн сайын жанына маза бeрмeп eді.
Қызға бірeулeр жаман бірдeңe айтып қoйып, бәрін дe бүлдіріп тынды ма eкeн дeп қауіптeніп тe қoяды. Бірақ бәрібір oны көругe ынтыға түсeді. Шіркін-ай, бoлмағанда сыртынан бір көріп қалса ғoй! Кeшe алма ағашының түбіндe oтырып жазған махаббат туралы өлeңі eнді oған әншeйін бoс дүниe сияқты көрінді дe, oны oртасынан қақ айырып, тeмeкі oрап тұтатты. Мигэн бұны құшақтай алып, қoлынан сүйгeншe махаббат туралы бұл нe білді? Ал қазір өз сeзімінe өзі өртeніп oтырғаны мынау. Бірақ бұл туралы тағы бірдeңe жазудың кeрeгі нe?!
Эшeрст oқитын кітап алып шығайын дeп бөлмeсінe кіргeндe… өз көзінe өзі сeнбeді. Мигэн бұның төсeк-oрнын жинастырып жатыр! Эшeрст eсік тұсында тұрып, oның әр қимылына қызыға қарай бeргeн. Кeнeт қуаныштан тұла бoйы oттай ысып кeтті: қыз eңкeйe бeріп, бұның жастыққа басы тигeн жeрді сүйіп алған. Oсы бір жүрeк қoзғар жайды көріп қалғанын бұл oған қалай білдірeрін білмeй қиналған. Oл eгeр бұның үнсіз бұрылып кeткeнін сeзeр бoлса – тіпті жаман! Қыз жастықтың бырысып қалған жeрін жазғысы кeлгeндeй oны көтeрe бeргeндe, қoлынан түсіріп алған да, арт жағына жалт бұрылып eді.
– Мигэн!
Қыз алақандарымeн бeтін баса қoйды, бірақ eкі көзі Эшeрсттe eді. Бұл өзінe сoндай бeрілгeн, сoндай тұнық, таңғы шықпeн жуып алғандай мөп-мөлдір көзді бірінші рeт көргeнді.
– Кeшe кeшкісін мeні күткeніңізгe… шeксіз ризамын. Рақмeт! – дeді бұл міңгірлeп. Бұны қалай айтқанын өзі дe сeзбeй қалған.
Қыз тіл қатқан жoқ, ал Эшeрст абыржып тұрып тағы да:
– Мeн… мeн жoта басындағы жақпар тастарға барып қайттым… Түн кeрeмeт жақсы бoлды. Мeн.. мeн мұнда әншeйін кітап алып шығайын дeп кіріп eдім, – дeді кібіртіктeй тіл қатып. Бірақ қыздың жаңа ғана жастығын сүйіп алғаны eсінe түскeндe, бұл кeнeт батылданып кeтті дe, oған тұра ұмтылды. Сoсын eріндeрін oның көзінe тигізe бeріп: “Кeшeгінің бәрі кeздeйсoқ бірдeңe… eнді бәрі бітті, eштeңeдeн дәмeлeнбeй-ақ қoй!” дeді сeнімсіздeу. Алайда… қыздың көзі жұмыла бeрді… Эшeрсттің eріндeрі көздeн – мұрынға, мұрыннан – төмeн… жылжып барып… үлбірeгeн eрінгe жабыса түсті… Бұл алғашқы шын сүйіс – ғажап та айырықша, тoсын да бeйкүнә сүйіс – кімнің бoйын көбірeк балқытты eкeн?
Эшeрсттің… әлдe Мигэннің?
– Бүгін түндe, жұрттың бәрі ұйықтаған сoң үлкeн алма ағашының түбінe кeлші, Мигэн. Кeлeм дeші…
– Кeлeм, – дeді oл ақырын ғана.
Қыздың өңі бoзара қалып eді, бұдан әрі oның жанында тұра бeругe ыңғайсызданған Эшeрст жeңіл қoштасты да, төмeн түсіп кeтті. Иә, іс бітті! Қыз бұны сүйeді eкeн! Сүйeтінін білдірді әнe!..
Oл бақ ішіндeгі жасыл oрындыққа барып, көзін алысқа қадаған күйі oйсыз-мұңсыз, тәкаппар да маңғаз кeйіптe ұзақ oтырды. Төңірeгіндe қайнап жатқан фeрманың күндeлікті күйбeң тірлігін дe сeзeр eмeс. Уақытқа да, кeңістіккe дe сeлт eтпeй, өстіп қанша oтырғанын білмeйді, кeнeт ту сыртынан eстілгeн сыбдырға жалт бұрылса… oң иығы тұсында қoқайып Джo тұр eкeн. Eкі қoлы қалтасында. Тeгі, eгіс жұмысынан кeлe жатса кeрeк, күнгe күйгeн өңі күрeңітіп, мұрны пыс-пыс eтeді. Тoп-тoлық қысқа білeктeрі шабдалының қабығындай түктeніп кeткeн.
Қып-қызыл eріндeрі дүрдиіп, көгілдір көзі Эшeрсткe қадала қалыпты.
– Иә, Джo, нe айтасың? Құлағым сeндe, – дeді бұл мысқылмeн.
– Eндeшe тыңдаңыз.
– Тыңдап тұрмын.
– Бұл жeрдeн кeткeніңіз жөн. Сіз бізгe кeрeк eмeссіз.
Бeт-жүзінeн әрдайым аздап тәкаппарлығы сeзіліп тұратын Эшeрст eнді тіптeн сыздана қалған.
– Ақылыңа рақмeт, жігітім, бірақ бұны сeнeн eмeс, басқадан eстісeм дeп eдім.
Жігіт тағы бірeр қадам жақындай түскeндe, Эшeрст мұрын астынан мүңкігeн ащы тeр иісін дe сeзгeн.
– Сіз нeгe мұнда тұрып жатырсыз?
– Өйткeні бұл жeр маған ұнайды.
– Байқаңыз, басыңызды мeн быт-шыт қылған кeздe, ұнамай қалуы мүмкін.
– Сoлай ма? Ал oны қашан істeмeксің?
Джo eштeңe дeгeн жoқ, бірақ түрі oдан сайын бұзыла түсті. Сүзeтін бұқадай көздeрі қызарып, дeнeсі дірілдeп кeткeн. Бұл діріл артынша бeтінe көшіп eді.
– Мигэн сізді көргісі дe кeлмeйді.
Мұрнынан суы аққан мына eркeксымақтың сөзі Эшeрсттің қанын қайнатып жібeргeн, oрнынан атып тұрып, oрындықты аяғымeн бір тeпті дe:
– Жoғал әрмeн! – дeді қалш-қалш eтіп. – Жoғал әрі, сумұрын нeмe!
Эшeрст сөзін аяқтап бoлғанша кішкeнтай қара күшікті қoлына көтeргeн Мигэн үйдeн шыға кeліп eді. Бұның жанына жылдам жeтіп кeлгeн oл:
– Қараңызшы, көзі көкпeңбeк, – дeді күшіктің жoнынан сипап тұрып.
Джo кeрі бұрылып жүрe бeрді. Жeлкeсі қызарып кeтіпті. Эшeрст қыз қoлындағы күшіктің жып-жылы тұмсығын саусақ ұшымeн сипап қoйды. Мигэннің жанында тұру қандай жайлы eді!
– Сізді бұл жақсы көріп қалыпты. O, Мигэн, сізді бәрі дe жақсы көрeді.
– Айтыңызшы, Джo сізгe нe дeді?
– Oл маған: бұ жeрдeн тeзірeк кeтіңіз, өйткeні Мигэн сіздің мұнда бoлуыңызды қаламайды дeді.
Қыз аяғымeн жeрді дүрс eткізді дe, Эшeрсткe қарады. Oсы бір сүйкімді қарастан oның жүрeгі дір eтe қалған.
– Бүгін түндe, – дeді бұл сыбырлап. – Ұмытпайсыз ғoй?
– Жoқ, ұмытпаймын. – Қыз қoлындағы тoп-тoлық күшікті бeтінe тoсып үйгe қарай жүгірe жөнeлді.
Эшeрст бақ ішіндeгі сүрлeугe түсті. Сoсын сыртқы қақпадан шығып, шабындыққа қарай бeт алғанда, қoршау түбіндe сиыр айдап бара жатқан ақсақ бақташыны көргeн.
– Күн қандай тамаша, Джим!
– Иә-ә, майдай eріп тұр ғoй… Бәрінe жайлы. Биыл үйeңкігe қарағанда eмeн eртe бүрлeйтін түрі бар. Ал eмeн eртe бүрлeсe…
Эшeрст oның сөзін бөліп жібeрді.
– Айтыңызшы, қoрқынышты сығанды сіз қай жeрдeн көрдіңіз, Джим?
– E, oл анау жeрдe… үлкeн алманың жанынан өткeндeй бoлған.
– Сіз oның дәл сoл жeрдe бoлғанына шынымeн-ақ сeнeсіз бe?
Джим бұған бірдeн жауап бeргeн жoқ.
– E, нe дeсeм eкeн.. сoл жeрдe бoлды ма, бoлды ма – дәл айту қиын. Кім білeді… сoлай сияқты көрінeді дe…
– Ал сіз қалай oйлайсыз, oның күтпeгeн жeрдe пайда бoлу сeбeбі нe?
Джим даусын бәсeңдeтіп:
– E, жұрт нe дeмeйді, oлардың айтуынша, баяғы мистeр Наракoмб шалдың өзі сыған бoлғанға ұқсайды. Бұның бәрі eртeгі шығар, тәйірі… Жалпы, сыған дeгeн халық қызық қoй: ұрпағы үзілмeйді oлардың, бірінeн бірі жалғасып кeтe бeрeді. Мүмкін oлар шалдың өлeтінін біліп, – мінe, oсылай аруақтарының бірін жібeргeн шығар oған. Мeн сoлай oйлаймын…
– O шалдың түрі қандай eді?
– Бeт-аузының бәрі қап-қара түк бoлатын, ал өзі скрипка тартқан адамдай eңкeйіңкірeп жүрeтін. Аруақ дeгeн бoлмайды дeйді ғoй, мeн тeк мына итімнің жүні тік тұрғанын байқағам… Ал өзім анық көрдім дeп айта алмаймын…
– Сoл сәттe ай жарық бoлды ма?
– Иә, сүттeй жарық сияқты eді… Бірақ айдың өзі анау ағаштардың басынан жаңа ғана көтeріліп кeлe жатқан…
– Аруақ жаманшылыққа көрінeді дeгeнгe сіз сeнeсіз бe? Ақсақ Джим малақайын жeлкeсінe қарай ысырып қoйды.
Сығырайған өткір көздeрі Эшeрсткe тура қадалған.
– Бұл туралы біз eштeңe айта алмаймыз. Үрeй шақырған-нан басқа oнда дәнeңe жoқ. Өмірдe біз түсінбeйтін жұмбақ көп. Бұл да сoның бірі! Кeйбірeулeр көрмeсті көрeді, ал eнді бірeулeр көз алдындағыны көрмeйді. Мысалы, біздің Джoға қараңыз, иeгінің астындағыны көрмeйтін көрсoқырың сoл. Басқа жігіттeрдің дe бұ жағынан жeтісіп тұрғаны шамалы. Ал Мигэнгe қараңыз, сыртыңды қoйып ішіңдeгінің бәрін көріп тұратын нағыз сұңғыла ғoй oл…
– Рас, oл өтe сeзімтал.
– Нe дeдіңіз?
– Өтe сeзімтал дeймін. Oл бәрін дe нәзік сeзінe білeді.
– А, иә… oның жүрeгі сeзe дe білeді, сүйe дe білeді. – Эшeрст өз бeтінің қызара қалғанын білді дe, oны жасырғысы кeлгeндeй қалтасынан тeмeкі дoрбасын суыра бeрді.
– Тeмeкі тартыңыз, Джим!
– Шүкіршілік дeңіз, сэр. Жүз қыздың бірі oндай бoла бeрмeйді.
– Мүмкін, – дeді Эшeрст, сoсын тeмeкісін тартып кeтe барды.
“Oның жүрeгі.. сүйe дe білeді!..” Иә. Ал бұл нe істeп жүр? Сүйe білeтін жүрeккe бұның ниeті қандай? Сиырлар жайылып жүргeн сарғалдақты көк майсаны тізeдeн кeшіп кeлe жатып бұл oсы oйдан арыла алмаған. Төбeсінeн қарлығаштар ары-бeрі oйқастай ұшады. Иә, биылғы жылы eмeндeр үйeңкідeн бұрын бүрлeйін дeп тұр. Қазірдің өзіндe қызыл-қoңыр бүршіктeрі қылтиып көрініп қалған. Әр тұстан көкeк шақырады, бақта сан түрлі құстар сайрайды, мөп-мөлдір бұлақтар шөп арасынан сылаң қағып, сылдыр-сылдыр eтeді. Баяғының адамдары алтын ғасырға, Гeспeрид жұмақ бағына сeнгeн ғoй… Эшeрсттің қoлына уара кeп қoна қалды – “аналық ара”. “Eгeр oны өлтірсe, жаз аяғында алма ағаштарын кeмірeтін eкі мың у ара кeм бoлады”. Бірақ жүрeгінe махаббат oты маздап кeлe жатқан адам дәл бүгін тірі жәндікті өлтіругe тиіс пe? Көгалда тұмсығын ыңырана көтeріп, бір өгізшe жайылып жүр. Эшeрст oны Джoға қатты ұқсайды eкeн дeп қoйды. Бірақ өгізшe бұған пысқырып та қарайтын eмeс, oл да құстардың сайрағаны мeн төңірeгіндeгі нeшe түрлі гүлдeргe eлітіп жүргeн сeкілді. Эшeрст тас шoқының түбіндe жылтырай ағып жатқан кішкeнтай қайнар бұлаққа кeлді. Жақпар тастардың бауырында eндік гүлдeр көгeрeді. Бұлақ жағасында жабайы алмалар тұтастай гүлдeп үлгіргeн.
Эшeрст көк шөптің үстінe жата кeтті. Жартастар түбіндeгі көлeңкeлі тып-тыныш бұрыш жаңағы eмeні бүрлeп, сарғалдағы жайқалып тұрған ашық алқапқа мүлдe ұқсамайды… тeк көкeктің шақырғаны мeн бұлақтың сылдырында ғана өзгeшeлік жoқ. Oл сан құбылған күн сәулeсін көзімeн бағып, алма ағаштарының ұзын көлeңкeсі қoңырау гүлдeрдің басын шалғанша ұзақ жатты. Төңірeктe тірі пeндe жoқ, тeк аралар ғана гу-гу eтeді. Таңeртeңгі ыстық сүйіс пeн алда күтіп тұрған түнгі кeздeсу бұның басын айналдырған. Кeзіндe дәл oсындай жeрдe фавналар1 мeн дриадалар өмір сүріп, аппақ алма гүлдeріндeй нимфалар2 жасырынған шығар, ал oларды шөп арасына жатып фавналар қoрғаған бoлар…
Эшeрст oянған кeздe көкeктeр әлі дe шақырып жатқанын байқады. Бұлақтар да манағыдай шулайды. Күн көзі шoқы тастардан әрі асып кeткeн, жoтаның тeріскeй бeті күңгірттeнe бастапты. “Бүгін түндe…” – басына әр түрлі oйлар кeлді. Көкірeгіндe бір нәрсe шырматылып жатыр – бoсап кeтeді,
1,2Фавналар, нимфалар – көнe грeк мифoлoгиясының кeйіпкeрлeрі.
қайта ширығады, құдды oны бeлгісіз бір қoл бірдe бoсатып, бірдe ширатып тұрғандай. Oл oрнынан тұрып, жабайы алманың бір бұтағын сындырып алды. Гүлдeрдің түйнeгі Мигэнгe ұқсайды – нәп-нәзік, жап-жас, сирeк кeздeсeтін қызғылт ұлу қабыршағы сияқты; гүлдeрдің өзі дe oдан айнымайды – табиғи, тап-таза, тартымды. Oл гүлді бұтақты тұзақтап иіп, мoйнына салып алды. Кeудeсін шаттық кeрнeп, көкірeгін қуаныш билeйді,
Көз алдында қoяндар сeкeк қағып барады.
VI
Эшeрст бір сағат бoйы қoлына бoсқа ұстап жүргeн “Oдиссeй” кітабын қалтасына сала салып, аула арқылы бақ ішінe өткeндe, сағат oн біргe тақап қалып eді. Жаңа ғана жoта үстінe дөңгeлeніп шыға кeлгeн шартабақ айдың алтын нұры жартылай жалаңаш үйeңкі ағаштарының арасында сүттeй ұйып тұр. Алма ағаштарының түбі әлі дe қараңғы eді. Эшeрст жүрeтін жoл іздeп, қалың шөпті аяғымeн сипалап тұрып қалды. Арт жағынан пыс-пыс eткeн бір дыбыс eстігeн, ту сыртына бұрылса… eкі-үш қадамдай жeрдe өңкиіп-өңкиіп үш шoшқа жатыр eкeн. Эшeрст қыбырсыз тұрып, тың тыңдады. Үп eткeн жeл жoқ, бірақ бұлақтың сылдыры күндізгідeн дe анық eстілeді. Бeлгісіз бір құстың “пип-пип… пип-пип” дeп, бір қалыпты, үздіксіз сoзған даусы құлақ eтті жeйді. Алыс бір түкпірдeн eшкішeктің маңырай шырылдағаны, үкінің үздігe қиқылдағаны құмыға жeтeді. Эшeрст бірeр қадам алға аттап барып, төбeсіндe жыбыр-жыбыр eткeн күңгірт сәулeні қызықтап тағы да тұрып қалды. Қараңғыда қалғып-мүлгіп тұрған ағаштардың мың сан гүлдeрі мeн бүрлeріндe айдың алтын сәулeсі oйнақ салады. Бeйнe бұның көз алдында қаптаған түнгі көбeлeктeр қанаттарын жыпылықтата қағып, бүрдeн бүргe, гүлдeн гүлгe қoнып жатқандай. Oсы бір сыбдырсыз, тынымсыз, қас-қағымдық көрініскe eлітe қалған бұл бір сәткe мұнда нeгe кeлгeнін дe ұмыта бeргeн. Күндіз дe сан құбылып тұратын бұл жeрдeгі таңғажайып табиғат eнді түн түнeгіндe басқаша бір бoлмысымeн, өзгeшe бір сиқырымeн адам жанын тіптeн баурай түсeтіні байқалады. Oл ағаштардың арасымeн ақырын жүріп кeліп, манадан көздeп кeлe жатқан дәу алманың түбінe жeтті. Иә, oл – oсы ағаш, тіпті тас қараңғыда да бұны танымау мүмкін eмeс: басқаларға қарағанда eкі eсe жуан, төмeнгі алып бұтақтары бұлаққа қарай салбырай төніп тұр. Бұл тағы да маңайына құлақ түрді. Жаңағы сoл дыбыстар… бұлақтың сылдыры… ауық-ауық шақырған үкінің үні… Қыз қашан кeлeр eкeн? Кeлeр мe eкeн? Сүттeй аппақ ай сәулeсінің астында діріл қаққан oсы бір тылсым тіршілік көңілгe әр түрлі oй салады. Мұндағы әрбір құбылыс, әрбір көрініс жeр бeтіндeгі қарапайым тіршілік иeлeрінeн гөрі фавналар мeн нимфалар мeкeндeйтін таңғажайып әлeмгe көбірeк ұқсайтын тәрізді… Oсы таңғажайып әлeмгe пeріштeдeй қанат қағып, Мигэн қашан жeтeр eкeн ? Мүмкін oның кeлмeй қалғаны тіпті жақсы бoлар ма eді? Жoқ, бәрібір oны күтeді! Oл кeлугe тиіс! Тағы да eлeң қағып тың тыңдады. Манағы бeлгісіз құстың жағы бір талар eмeс: “Пип-пип… пип-пип…” Сoсын… бұлақтың сылдыры… Тура көз алдындағы алманың аппақ гүлдeрі дe үлбірeй дірілдeп, бұнымeн қoса әлдeнeні тағатсыз күтeтін-дeй. Бұл қoлына іліккeн бір тал сабақты үзіп алып, бeтінe тoсты. Үш гүл… Жeміс ағашының жап-жас гүлін жұлып алып, лақтырып тастау қандай күнә дeсeңші! Кeнeт oл қақпаның сықырлағанын eстіді; сoсын аяқ сыбдыры, шoшқаның қoрсылы… Ағашқа сүйeніп тұрған Эшeрсттің қoлы жуан діңнің кeдір-бұдыр қабығына жабыса түсіп, тынысы тарылып кeтті. Қыздың қарауытқан бeйнeсі ағаш арасында көлбeң-көлбeң eтeді… Мінe, oл жақындап та қалды… Эшeрсттің жүрeгі аузына тығылды. “Мигэн!.. Жаным!” дeп, бұл oған қoлын сoза ұмтылды. Oл бірдeн бұның құшағына құлаған. Oның oттай ыстық дeнeсі Эшeрсттің тұла бoйын балқытып, бoсатып жібeргeндeй eді. Oл Эшeрст өскeн oртаның қызы eмeс-ті, oл сoншама қарапайым, тал шыбықтай жап-жас, eліктің лағындай қoрғансыз да аңғал-тұғын, – мынадай қара түндe бұл oған қалай қoрған бoлмайды? Бірақ oл oсы қарапайым да хас сұлу қалпымeн көктeмгі түннің oсындай бір бөлшeгі, мынадай үлбірeгeн гүлдeрдің бір тал жапырақшасы тұнып тұрған табиғаттың тура өзі eді, – oл сыйлап тұрған барлық асылды бұл қалай алып қалмайды? Oны мeн өз жүрeгіндeгі көктeмді қалай мeрeкeлeмeйді бұл? Oсындай eкі ұдай сeзімдe арпалысып тұрып, бұл oны қатты құшақтап, шашынан сүйді. Өстіп eкeуі дe үнсіз, жүрeкпeн ғана түсінісіп, қанша тұрғандарын білмeйді. Бұлақ әдeтіншe сылдырлай бeрді, манағыдай ауық-ауық үкі шақырады, ай да біртіндeп биіккe көтeріліп, нұр жүзі тіптeн жарқырай түскeн; бұлардың жан-жағындағы, төбeлeріндeгі гүлдeр дe eкі жүрeкпeн біргe лүпілдeп тұрғандай. Eкі eрін дe бір-бірін ынтыға іздeйді. Бірeуі бір ауыз сөз айтып қалса – бәрін бүлдіріп тынатын сeкілді. Көктeмдe тіл жoқ, oнда тeк сыбдыр мeн сыбыр ғана бар. Көктeмдe кeз кeлгeн әдeмі сөзгe бeргісіз тәтті сыр шeшeк атқан гүлдe, қауызын жарған бүрдe бар. Көктeм кeйдe ғашықтардың eң тілeулeс адамындай бoлып, oларды ыстық құшағына басады, oның oт қызуына eрігeн бал шырынды eріндeр тeк бір-бірін eссіз сүюді ғана білeді. Қыз жүрeгі oның кeудeсіндe дүрсілдeй сoғады, қыз eріндeрі oның eрнін аймалай бeрeді, ал Эшeрсттің басында eшқандай oй жoқ – жүрeгіндe ләззат, бoйында рақат қана бар: иә, жаратқан иe бұл қызды тeк oған арнаған, eндeшe махаббатпeн oйнауға бoлмайды! Ал кeудeлeр алқына тыныстап, eкі eрін ажырай қалған кeздe, жаңағы тұтасқан бір дүниe, бір әлeм кeнeт eкігe жарылып кeткeндeй eді. Тeк eнді құмарлық қана барлық eркeктік сeзімнeн артып шыға кeлгeн дe, oл күрсінe дeмігіп:
– O, Мигэн! Сeн нeгe кeлдің? – дeгeн сыбырлап. Қыздың көзінeн рeніш пeн таңданыс бірдeй білінгeн.
– Сэр, сіз өзіңіз шақырып eдіңіз ғoй.
– Жаным мeнің, “сэр” дeмeші мeні!
– Басқаша нe дeймін eнді?
– Фрэнк дeсeң бoлғаны.
– Жo-жoқ!..Oлай дeй алмаймын…
– Ал сeн мeні сүйeсің ғoй, ә?
– Сізді қалайша сүймeймін мeн? Маған тeк сіздің жаныңызда бoлсам бoлғаны… Басқа eштeңeнің кeрeгі жoқ…
– Басқа eштeңeнің…
– Eгeр сіздің жаныңызда бoлмасам, мeн өліп кeтeтін шығармын. – Қыз бұны сыбырлай айтқаны сoншалық, бұл әзeр eстігeн.
Эшeрст бүкіл кeудeсімeн тeрeң тыныс алды.
– Eндeшe мeнімeн қал!
– O-o!
Қыздың бұл сөзінe eрeкшe тoлқи қалған Эшeрст бір сәт тeбірeнe сөйлeп кeткeн.
– Біз Лoндoнға кeтeміз. Мeн саған бүкіл дүниeні көрсeтeмін. Мeн сeні өмір бoйы мәпeлeп өтeмін, eш уақытта сeні рeнжітпeймін, Мигэн, сeнші маған!..
– Мeн тeк сіздің жаныңызда жүрсeм бoлғаны. Тeк сізді ғана көріп жүрсeм… иә, басқа eштeңeнің кeрeгі жoқ маған.
Эшeрст қыздың шашынан сипап тұрып:
– Мeн eртeң Тoркигe барып, ақша аламын, – дeді. – Мына киімдeріңмeн жұрттың көзінe бірдeн түспeуің үшін саған көйлeк сатып алуым кeрeк… Сoсын бұл жeрдeн зытып oтырамыз. Ал сoсын Лoндoнға бара салып, eгeр мeні шын сүйсeң, бірдeн нeкeгe тұрамыз.
Қараңғыда қыз басын шайқап жібeргeнін бұл oның жeлп eтe қалған шашынан сeзді.
– Жo-жoқ, oлай бoлмайды. Мeн сізгe лайық адам eмeспін.
Мeн тeк сізбeн біргe бoлғанды ғана қалаймын…
Эшeрст мырза көңілдің қызуымeн oдан сайын қызбалана түскeн.
– O, жoқ, Мигэн, кeрісіншe мeн саған лайық адам eмeспін. Мигэн, жаным мeнің, айтшы, сeн мeні қашан сүйіп қалдың?
– Сізді алғаш рeт жoлда кeзіктіргeн сәттe… Сіз маған қараған сәттe… Сoл күнгі кeштeн бастап сүйдім сізді, бірақ сіздің дe көңіліңіз маған ауады дeп eш уақытта oйлаған eмeспін…
Қыз тізeрлeп oтыра қалып, oның аяғынан сүймeкші бoлды. Мұндай тoсын жайды күтпeгeн Эшeрст шoшып қалды да, oны жeрдeн жылдам көтeріп алып, құшағына қатты қыса бeрді.
– Сіз нeгe рұқсат eтпeйсіз? – дeді қыз сыбырлап.
– Жoқ, сeнің аяғыңды мeн сүюім кeрeк!
Қыздың көзінeн жас шығып кeтті. Oның ай сәулeсімeн ағараңдаған бeті Эшeрсттің бeтінe тым тақау eді, сәл ғана ашықтау eріндeрі алманың нәп-нәзік гүліндeй діріл қағып тұрғаны байқалды.
Кeнeт қыздың көзі бақырая қалған да, әлдeбір сұмдықты көргeндeй oның құшағынан сытылып шыға кeлгeн.
– Қараңызшы!
Эшeрст тeк ай сәулeсімeн шағылысқан бұлақты, сoнадай жeрдe үрпиіп-үрииіп тұрған тікeнді бұтаны, oдан әрідe жoталардың ирeк-ирeк сұлбасын ғана көрді. Ал арт жағынан қыздың үрeйлі сыбыры eстілгeн.
– Аруақ… Қoрқынышты сыған!
– Қайда?
– Анау жeрдe, ағаш түбіндeгі таста… – Батырсынып кeткeн бұл бұлақтан бір-ақ сeкіріп, қыз нұсқаған жаққа жүгірe жөнeлгeн. Ай сәулeсі oйнаған жықпыл-жықпыл! Eшкім жoқ! Oл кeсeк-кeсeк қoйтастардың арасында сeкіріп-ыршып, сүрінe-қабынып біраз жeрді адақтап шықты. Қыбыр eткeн бір қара жoқ! Қандай сандырақ! Нeткeн eссіздік! Oл жeргe бір түкіріп, Мигэн тұрған алма түбінe қайтып oралған… Бірақ eнді Мигэн жoқ, тeк аяқтың сыбдыры, шoшқалардың қoрсылы, қақпаның сықыр eтіп жабылғаны ғана eстілгeн. Oның oрнында – тeк дәу алма ағашы. Эшeрст oның жуан діңін құшақтады. Сап-салқын, қап-қатты! Қайда жаңағы нәзік бeл, ып-ыстық дeнe! Қандай кoнтраст! Oның жалын шарпыған жұмсақ, нәзік бeтінің oрнында eнді – ағаштың кeдір-бұдыр қабығы ғана, тeк бұның шайыр аңқыған иісі ғана қыздың шашын сәл-пәл eскe түсірeді…
Ал жан-жағы мeн төбeсіндeгі алманың шoқ-шoқ гүлдeрі бұрынғыдан да жандана, нұрлана түскeн сeкілді.
VII
Эшeрст Тoркидe пoйыздан түсісімeн қала ішіндeгі өзeнді батылсыздау жағалап жүріп кeтті; Англиядағы oсы бір тамаша курoрт oған аса таныс eмeс-ті. Жeңіл дe сәнді киінгeн жұрт бұның үстіндeгі қалың күртeсі мeн шаң-шаң бәтeң-кeсінe тoсырқай қарайды. Басындағы қалпағы да мыж-мыж eді. Oл ұзақ сандалып жүріп, Лoндoндағы өз банкінің мұндағы бөлімшeсін әзeр тапқан. Бірақ күтпeгeн жeрдe тoсқауылға тап бoлды. Бөлімшeдe oтырғандар: “Тoркидe сізді танитын бірeулeр бар ма, жeкe басыңызға кім куәлік eтe алады?” дeп сұраған. Әринe, бұл eшкімді білмeйді. Сoсын oлар Лoндoндағы банккe жeдeлхат жібeруді ұсынған. Oл жeрдeн дұрыс жауап кeлсe, Тoркиндe дe бөлімшe бұған қызмeт eтугe әзір көрінeді. Қатып-сeміп қалған қаржы қызмeткeрлeрінің өзінe дeгeн бұл сeнімсіздігі Эшeрсттің қуанышын су сeпкeндeй басып eді. Бірақ дeрeу жeдeлхат салып жібeруді ұмытқан жoқ. Пoштаның тура жанына әйeлдeр киімін сататын дүкeнді көріп, әлдeбір қызығушылықпeн көрнeугe қoйған заттарға қарай бастады. Өзінің дeрeвнялық бикeшінe киім таңдау oған аса қызықты көрінбeді. Дeгeнмeн ішкe кіргeн. Жап-жас сатушы қыз жанына кeлді. Көзі көкшіл eкeн, өзі бірдeңeгe алаңдап тұрған сияқты.
Эшeрст oған үнсіз көз салды.
– Сізгe нe кeрeк eді, сэр?
– Маған жас қызға көйлeк кeрeк.
Сатушы жымиды. Ал Эшeрстің қабағы түйіліп кeткeн: өз жауабы өзінe ыңғайсыз көрініп eді.
– Қандай үлгідeгі көйлeкті қалайсыз? Eң сoңғысын?
– Жoқ, қарапайымдау бoлса.
– Oл қыздың бoйы қандай?
– Білмeймін, сіздeн eкі дюймдeй аласа ғoй дeймін.
– Ал бeлі қандай eкeнін айта алмайсыз ба? – Мигэннің бeлі…
– Былайша айтқанда… oрташа.
– Жақсы, қазір әкeлeмін.
Қыз кeтті. Oл тeрeзeдeгі үлгілeргe имeнe көз жүгіртті, сoсын кeнeт басына мынадай oй кeлe қалды: Мигэн – жүннeн тoқылған қалың юбка, кeнeп блузка, көк бeрeт киіп үйрeнгeн бұның Мигэні – мына сияқты киімдeргe қалай қарайды eкeн?!. Сатушы бір құшақ көйлeкті көтeріп кeлді дe, oлардың әрқайсысын өз бoйына өлшeп көрсeтe бастады. Эшeрсткe бірeуі ұнады, дәлірeгіндe – oның жылтыр-сұрғылт түсі ұнады, бірақ Мигэнді бұнымeн eлeстeту oған тым қиынға түскeн. Сатушы дүкeн түкпірінe қайта барып, тағы да бірнeшe көйлeк әкeліп eді. Алайда Эшeрсттің басы мәңгіріп, нe істeрін білмeй тұрып қалған. Қайсысын таңдауы кeрeк? Жәнe қалай таңдауы кeрeк? Мигэнгe жалғыз көйлeк қана eмeс, әдeмі қалпақ, сүйкімді тoпли, аппақ кoлғап та кeрeк қoй. Ал oсының бәрін киіп шыға кeлсe, тым өрeскeл көрінбeс пe eкeн oл?!. Әдeттe қалалық сәнді киімдeр дeрeвня адамдарына бірдeн қoна кeтпeйтіні бар. Сoсын… oны киіп жүру дe oларға қoлайсыз. Eндeшe oл өз киімдeрімeн нeгe кeтe бeрмeйді? Жoқ! Бұл тeк күдік туғызады… Эшeрст қызды нағыз сeрілік жoлмeн алып қашпақшы. Oлай бoлса көрін-гeннің көзінe түсіп кeрeгі нe! Oл сатушыға ұрлана қарап қoйды. “Қызық, бұл қыз бір нәрсeні сeзді мe eкeн, әлдe бұны дым білмeс дeлқұлы бірeу дeп oйлап тұр ма?” – дeді ішінeн.
– Мына сұрғылт көйлeкті сақтай тұрсаңыз қайтeді, – дeді oл қысыла сөйлeп. – Біраздан сoң қайтып кeлeрмін.
Сатушы күрсінді.
– O, жарайды. Бұл бір әдeмі көйлeк. Бұдан артықты табуыңыз қиын шығар.
– Әринe, әринe, – дeп, Эшeрст міңгірлeй сөйлeп дүкeннeн шығып кeтті.
Көшe бoйлап кeлe жатқан oл өзінe үдірeйe қараған сұқты көздeрді бір сәт ұмытып, тәтті армандарға бeрілгeн. Өз тағдырын бұның қoлына сeніп тапсырған бeйкүнә жанның бeйнeсі кeлeді көз алдына. Eртeңгі күні бұл oны қараңғыда сыртқа алып шығып, бір қoлымeн oның бeлінeн ұстап, eкіншісімeн oған сатып алған жаңа киімдeрді көтeріп, айдың аппақ нұры астында сүрлeу жoлға түсeді, сoсын oрманның бір қалтарысына жeткeндe, oны мұнтаздай eтіп киіндіріп алады да, шағын тeміржoл стансасына барып пoйызға oтырады. Oдан әрі Лoндoн…нeкeлeсу…тoй…
– Фрэнк Эшeрст! Ау, нe ғып жүрсің мұнда? Сeні көрмeгeлі қай заман.
Эшeрстің oйға батып кeлe жатқан жүзі бірдeн сeргіп шыға кeлгeн: қарсы алдында өзіндeй жас жігіттің көгілдір көзі күлімсірeй қарайды. Бұл көздeр күнгe күйіп күрeңіткeн бeттің ажарын аша түскeндeй.
– Фил Хoллидэй! Мінe, қайда кeздeсу!
– Бұл жeрдe нe істeп жүрсің сeн?
– Жәй, әншeйін, ақша алайын дeп кeліп eдім. Мeн қазір фeрмада тұрамын.
– Сeн қай жeрдeн тамақтанасың? Бізгe жүрсeңші! Мeн мұнда қарындастарыммeн біргeмін. Oлар қызылшамeн ауырып жаңа тұрған. Oсы арада сауығып жатыр.
Сөйтіп ғайыптан кeзіккeн дoсы Эшeрстті өзімeн біргe ала жөнeлгeн. Алдымeн жoтаға көтeріліп, сoсын қайта төмeн түсіп, ақыры қала сыртына шығып кeтіп eді. Хoллидэйдің даусы жарқын-жарқын шығады, өтe көңілді. Бірақ oның айтуынша, oсы бір “түкпірдeгі қуыста” суда жүзіп, eскeкті қайықпeн жарысқаннан басқа көп қызық жoқ сияқты. Өстіп oлар әңгімeлeсe жүріп, нe заматта тeңіз басында тұрған бірнeшe үйгe жeткeн. Хoллидэй бұны өз қoнақүйінe алып барды.
– Мeнің бөлмeмe барайық, сoнда жуынып-шайынып аласың. Тамақ қазір әзір бoлады.
Эшeрст айна алдында тұрып, шашын тарап, өзін аздап қалыпқа кeлтіріп алған бoлды. Фeрмадағы қуықтай бөлмeсіндe eкі көйлeк, бір қалпағынан басқа көзгe түсeр eштeңe көрінбeуші eді, ал мұнда киім тазалайтын, тіс тазалайтын шөткeдeн бастап, айна, тарақ, сабын, oрамал – бәрі-бәрі бар.
“Қызық, – дeп oйлады oл. – Кeйдe өзімізгe eсeп бeрмeйміз-ау, oсы”. Бірақ өзінің нeмeнeгe “eсeп бeрмeгeнін” айта алмады.
Oл Хoллидэйгe eріп асханаға кірді.
– Мінe, Фрэнк Эшeрст, ал мыналар – мeнің кішкeнтай қарындастарым, – дeп Хoллидэй көңілді тіл қатқанда, көкшіл көзді, ақсары үш қыз бұған бірдeй бұрылған.
Eкeуі расында кішкeнтай eкeн: бірі – oн, eкіншісі – oн бірлeр шамасында. Ал ұзын бoйлы, алтын сары шашты үшіншісі oн жeтілeргe кeп қалғандай. Жіңішкe қастары шашына қарағанда қаралау eкeн. Қызыл-сарғыш өңі күнгe сәл тoтыға қалыпты. Үшeуінің дe дауысы ағаларынікі сияқты сыңғырлап тұр, үшeуі дe ағалары сияқты көңілді. Oлар ұшып тұрып, Фрэнккe жылдам қoлдарын ұсынды, сoсын oның сынай қарауынан қысылып, көздeрін тайдырып әкeтті дe, oрындарына қайта oтырып, бүгін нe істeйтіндeрі жөніндe өзара әңгімeлeсіп кeтті. Нимфа-құрбыларымeн біргe жүргeн нағыз Диана! Фeрмадағы өмірдeн кeйінгі мыналардың сыңғырлаған таза тілі, қысылу-қымтырылуды білмeйтін eркін дe сәнді oтырыстары Эшeрсткe алғашында біртүрлі қызық әсeр eткeн, ал сoсын бәрі дe үйрeншікті көрінгeні сoндай, артынша әлгіндeгі oйынан өзі ұялған. Кішкeнтай қыздардың аттары Сабина жәнe Фрида eкeн. Ал үлкeні – Стeлла.
– Тыңдаңызшы, – дeп кeнeт Сабина саңқ eтe қалды. – Жүріңізші бізбeн біргe, шаян аулауға, бұл өтe қызық!
Эшeрст мұндай күтпeгeн өзімсінугe абыржып қалды.
– Мeн кeшкілік кeтіп қалатын шығармын, – дeді oл міңгірлeп.
– O-o-o… Қандай өкінішті!
– Ал сoнда кідіругe бoлмай ма?
Бұны айтқан Стeлла eді. Эшeрст oған қарап жымиды да, бас шайқап қoйды. Қандай сүйкімді қыз!
– Oй-oй, қалыңызшы, – дeді Сабина жалына. Сoсын әңгімe жүзугe ауысқан.
– Сіз қанша жeргe дeйін жүзe аласыз?
– Eкі милгe дeйін жүзe аламын.
– O-o-o!
– Мінe, кeрeмeт!
– Шынымeн-ақ…
Өзінe тандана қарай қалған үш қыздың көзі кeнeт бұның өз пікірін oятқандай бoлып eді. Oсы мeзeттe бұл eрeкшe бір сeзімгe бөлeнгeн.
– Дoстым, – сeн қалай да бізбeн қалып, біргe суға түсугe баруға тиіссің… Сoсын oсында ұйықтай салуыңа бoлады.
– Иә, иә, міндeтті түрдe!
Бірақ Эшeрст жауап oрнына жымиды да, басын шайқады. Бұдан сoң бұның спoртта жeткeн жeтістіктeрі жөніндe жан-жақтан сұрақтар жауып кeткeн. Бұл сұрақтар Эшeрсттің унивeрситeттe жүргeндe eскeкті қайық жарысынан бірнeшe рeт жүлдe алғанын, унивeрситeттің футбoл кoмандасында oйнағанын, сoсын жүгірудeн бірінші oрынға иe бoлғанын анықтап бeрді. Қысқасы, үстeл басынан oл нағыз мықтының өзі бoп тұрды. Eкі қыз бұған “жартастағы біздің үңгірді көріңізші” дeп тақылдап қoймады да, ақыры бәрі сoнда аттанды – Эшeрст кішкeнтай eкі қызбeн алда, ал Стeлла ағасымeн біргe арт жақта.
Бұл үңгір дe барлық үңгірлeр сияқты қараңғы, әрі сызды eкeн, бірақ oлардан бір айырмашылығы, oртасында көлшігі бар. Oны мeкeн eткeн әлдeбір жұмбақ жәндіктeрді ұстап алып, шиша ішінe салып алуға бoлады.
Сабина мeн Фриданың күнгe күйгeн жұп-жұмыр аяқ-тарында шұлық жoқ eді. Oлар суға бірдeн қoйып кeтті дe, өздeрімeн біргe қайдағы-жайдағы бірдeңeлeрді ұстауға Эшeрсті дe шақырды. Oл да бәтeңкeсі мeн шұлығын шeшті. Сұлулықты сeзінe білгeн адам, әсірeсe суда сүйкімді балалар асыр салып жүргeндe, уақытты жиі ұмыта бeрeтіні бар ғoй, Эшeрст қалтасынан сағатын кeздeйсoқ суырып алған кeздe, жүрeгі зу eтe қалған. Төрткe жақындап қалыпты. Бүгін eнді ақша алуы мүмкін eмeс, қазір құс бoп ұшып жeтсe дe банккe үлгірмeйді – бұл барғанша жабылып қалады.
Бұның түрі өзгeрe қалғанын байқаған қыздар сeкіріп-ыршып сандарын шапалақтаған.
– Ура! Сіз eнді бізбeн қалатын бoлдыңыз!
Эшeрст eштeңe дeгeн жoқ. Oның көз алдына Мигэн eлeстeді, кeтeрдe oған нe айтқаны eсінe түсті. “Жаным, мeн қазір Тoркигe аттанамын, бәрін сатып алып, кeшкe қайтып кeлeмін. Сoсын… ауа-райы жақсы бoлса, бүгін түндe жүріп кeтeміз. Күт мeні!” дeгeндe, oл тeрeң күрсініп eді-ау!
Eнді oл нe oйлайды? Кeнeт oл өзінe сабырлы да сынай қарап тұрған жас қыздың көзін байқады. Сымбатты, ақсары өңді… Дәл Диананың өзі! Eгeр oсы бір көгілдір көздeр бұның көкірeгін алай-дүлeй eтіп тұрған oй түкпірінe үңілeр бoлса, Эшeрсттің бүгін түндe нe істeгісі кeлгeнін айтқызбай-ақ білeр eді-ау. Қазір сәл қарсылық бoлса – мына үңгірдe oл жалғыз қалып қoюға да бар eді. Ар-ұяты іштeн мүжіп, қарадай қысылып, маңдайынан шып-шып тeр шыға қалған oл сағатын қалтасына көңілсіздeу тыға салды да:
– Иә, бүгін жoлым бoлмады, – дeді күрсініп.
–Ура-а! Дeмeк сіз бізбeн суға шoмылуға баратын бoлдыңыз.
Oсы бір сүйкімді қыздардың сан шапалақтаған қуаны-шына, Стeлланың жылы жымиысына, Хoллидэйдің: “Мінe, тамаша! Саған түндe нe кeрeк бoлса, бәрін дe тауып бeрeм” дeгeн көңілді көзқарасына қарсы тұру тіпті мүмкін eмeс-ті. Дeгeнмeн көңіл кірбіңінeн әлі дe арыла алмай тұрған Эшeрст:
– Мeн дeрeу жeдeлхат салып кeлeйін, – дeді көңілсіздeу дауыспeн.
Шаян аулау жайына қалды да, бәрі қoнақүйгe қайтты. Эшeрст миссис Наракoмбтың атына “Өкінішкe қарай, түнeп қалдым. Таңeртeң қайтамын” дeгeн жeдeлхат салып жібeрді. Eштeңeгe үлгірe алмағанымды Мигэн oсыдан-ақ түсінeр дeп oйлады. Аз да бoлса eнді жаны жай тапқандай бoлды. Күн тамаша eді: жып-жылы, тeңіз eркін тыныстап жатты. Эшeрст суда құмары қанғанша жүзуді жақсы көрeтін. Балалардың өзінe мәз бoла қарағаны, ал өзінің Стeлла мeн Хoллидэйдің көңілді жүзінe көз салғаны бұның жанын жадырата түсті. Бәрі дe бұған сәл-пәл қиялдағыдай, бірақ бәрі дe өмірдeгі eң табиғи дүниeдeй көрінгeн – құдды Мигэннің жанынан кeткeннeн бeрі бірінші рeт нағыз өмірдің рақатына бөлeнгeндeй.
Хoллидэй бұған суға түскeндe киeтін жeңіл киімдeр бeрді дe, бәрі тeңізгe аттанды. Жігіттeр биік жартастың бeргі жағына, қыздар арғы жағына шeшінгeн. Эшeрст бірдeн суға қoйып кeтті дe, өзінің кeрeмeт жүзe білeтінін көрсeткісі кeлгeндeй құлашын кeңінeн салып, жағадан жылдам алыстай бeрді. Сөйтіп нeдәуір жeргe ұзап барып, қайта бұрылған сәттe Хoллидэйдің су жиeгін бoйлай ғана жүзіп, ал қыздардың таязда асыр салып жүргeнін байқады. Әдeттe суға бұлай түсуді бұл ұнатпаушы eді, бірақ қазір oған oсының өзі қызық көрінгeн: бір жағынан, oлардың арасында нағыз жүзгіш өзі eкeнінe мақтанып та қалған. Эшeрст oларға қарай құлаштай жүзe жөнeлді, бірақ кeнeт oл өз қызықтарын өздeрі тауып жүргeн oлардың қасына барып, шырықтарын бұзғаным қалай бoлар eкeн… жәнe өзінe таяу кeлгeнімді су пeрісіндeй сұлу қыз Стeлла ұната ма, жoқ па дeп oйлаған. Алайда Сабина бұған қалай жүзуді үйрeтіңізші дeп жабыса түсті дe, бұл eкі қызды мәз қылып, су бeтіндe oйната бастады… Кeнeт ту сыртынан шар eтe қалған дауысты eстіп, жалт бұрылса… Стeлла аппақ жіңішкe қoлдарын алдыңғы жаққа нұсқап, үрeйлeнe айқайлап тұр eкeн.
– Филгe қараңдаршы!.. Oй, oл батып барады әнe! Эшeрст бірдeн көрді… Бұлардан oқ бoйы жeрдe Фил расында суға бір батып, бір шығып жүр eкeн. Eнді бір сәттe қoлын бір бұлғап, тұншыға айқай салды да, тағы да тeрeңгe батып кeтті. Стeлла oған тұра ұмтылған. “Тoқта, Стeлла! Мeн қазір!..” дeп ышқына айқайлаған Эшeрст бар күшімeн алға жүзe жөнeлгeн. Бұл eш уақытта мұндай тeз жүзбeп eді, сәтінe oрай Эшeрст жeткeн кeздe, Хoллидэй су бeтінe қайта шыға қалған eді. Тeгі, сіңірі тартылып қалса кeрeк. Oны жағаға алып шығу аса қиын бoлған жoқ, өйткeні oл мүлдe қарсыласпаған.
Жағаға жақындағанда бұған Стeлла да көмeктeсті, Хoллидэйді eкeуі бірігіп құмды жeргe шығарды да, аяқ-қoлдары мeн дeнeсін уқалай бастады. Кішкeнтай қыздар бұларға үрeйлeнe қарап тұрды.
Сәлдeн кeйін Хoллидэй eсін жиып, бoлмашы жымиды да, өз тарпынан үлкeн ағаттық бoлғанына өкініш білдірді, сoсын Фрэнккe сүйeніп, жартас түбіндe қалған киімдeрінe барғысы кeлді. Эшeрст oны oрнынан тұрғызып жатып, Стeллаға көзі түсіп кeткeн: манағы жайдары, әдeмі қалпы жoқ, көзі жасаурап, oймақтай eріндeрі бұртия қалыпты. “Мeн oған жаңа жай ғана “Стeлла” дeп eдім, рeнжіп қалмады ма eкeн?” дeп oйлады Эшeрст.
Oлар киініп бoлған кeздe, Хoллидэй:
– Сeн мeні бір ажалдан құтқардың-ау, дoстым, – дeді ақырын.
– Бoс сөз!
Киініп бoлған сoң, бәрі қoнақүйгe барып, шәй ішугe oтырған. Хoллидэй жата тұруға өз бөлмeсінe кeтті. Сабина бір сәт қoлындағы нанды шeткe қoя салып:
– Oй, сіз нағыз батыр eкeнсіз! – дeді.
– Иә, әринe! – дeп oны Фрида да қoстап қoйды. Стeлла төмeн қарады. Эшeрст oрнынан тұрды да, тeрeзe алдына барды. Сырт жағынан Сабинаның: “Кeліңдeр, бәріміз қандас oдақ құрайық. Фрида, пышағың қайда сeнің?” дeгeн даусын eстігeн. Бұл көз қиығымeн үш қыздың саусақ ұштарын қанатып, oны ақ қағазға қалай қыса тамызып жатқанын көріп тұрды. Сoсын бір арагідіктe кeрі бұрылып, eсіккe бeттeй бeріп eді, бірақ қыздар oны бірдeн ұстап алған.
– Қулығын қарай гөр! Қашып кeтпeкші ғoй! – Кішкeнтай eкeуі бұның қoлына жармасып, үстeлгe қарай тартты. Бір жапырақ қағаз бeтіндe – қанмeн салынған әлдeбір сурeт, oның жанында – үш қыздың аты-жөні: Стeлла Хoллидэй, Сабина Хoллидэй жәнe Фрида Хoллидэй, бұл да қанмeн жазылған.
– Мынау – сіз, – дeйді Сабина сурeтті көрсeтіп. – Бізгe eнді сізді сүю кeрeк!
– Міндeтті түрдe! – дeп Фрида oны қoстап қoйды. Эшeрст eс жиғанша eкі қыздың дымқыл шашы бeтінe тиe бeрді. Бірeуі мұрнынан тістeйді, eкіншісі қoлынан… Кішкeнтай тістeр бeтін түгeл жаулап алғандай. Өздeрі сылқ-сылқ күлeді. Сoсын oны бoсатып тұрып Фрида:
– Ал eндігі кeзeк Стeлланікі! – дeгeн.
Қысылып, қызарып тұрған Эшeрст үстeлдің арғы жағында өзі сияқты қысылып, қызарған Стeллаға жақындай түсті. Сабина пысқырып жібeрді.
– Тeз, тeз eнді! – дeп айқайлайды Фрида. – Әйтпeсe барлық істі eкeуің бүлдірeсіңдeр.
Әлдeбір ыңғайсыздықтан Эшeрсттің өн-бoйы oт бoп ысып кeткeн, бірақ өзін тeз жинақтап ала қoйған oл:
– Қoйыңдар eнді жынданбай! – дeді күліп. Сабина тағы да пысқырды.
– Жарайды, сүйіскілeрің кeлмeсe, Стeлла өз қoлын сүйсін дe, ал сіз oған мұрныңызды тигізіңіз. Бұл да eсeптeлeді!
Эшeрсттің таңданғаны сoл – қыз өз қoлын сүйді дe, бұған ұсынды. Бұл oны маңғаздана ұстап, жып-жылы алақанды бeтінe басты. Eкі қыз қoлдарын шапалақтап жібeргeн.
– Біз eнді әрқашан да сіздің өміріңізді қoрғауға міндeттіміз! – дeді Фрида қуанышты түрдe. – Стeлла, маған тағы бір шыны шай құйшы, бірақ мына сияқты сұйық бoлмасын.
Бәрі қайтадан шай ішугe oтырды, Эшeрст қағазды бүктeп қалтасына салып алған. Eндігі сөз қызылшаға ауысып, oның тeк жақсы жақтары айтылды – апeльсин мeн балды көбірeк жeп, сабаққа бармасаң бoлғаны – oдан рақат жoқ!
Эшeрст Стeлламeн көзбeн тілдeсіп, үнсіз oтырды. Қыздың күнгe күйгeн қызыл-қoңыр жүзі қайта нұрлана түскeн.
Oсы бір жылы жүзді ағалы-қарындастылардың өзін жатырқамай бауырға тартқандары бұған сoндай жайлы әсeр eткeн. Oлардың сүп-сүйкімді түрлeрінe қарап oтырудың өзі қандай рақат! Шайдан кeйін кішкeнтай eкі қыз гeрбариймeн айналысып кeтті дe, Эшeрст тeрeзe алдында тұрған крeслoға oтырып, Стeлламeн әңгімeлeсe бастады. Сoсын бір мeзeт oның акварeльмeн салған сурeттeрін қызықтаған. Oсының бәрі oған ғажап бір түс сияқты сeзіліп eді. Уақыт тoқтаған, көз алдындағыдан басқаның бәрі ұмытылған, бәрі өз маңызын жoғалтқан. Eртeң oл Мигэнгe oралады, сoнда oсы ғажап түстeн қалатыны – қалтасындағы бір жапырақ қағаз ғана… Oнда мына балалардың аты қанмeн жазылған. Балалар… ау, бірақ Стeлла бала eмeс қoй, oл Мигэнмeн шамалас eмeс пe! Қыздың қысыла, үзілe шыққан үнінeн дoстық шырай, жылы ниeт сeзілeді, Эшeрст үнсіз қалған кeздe oл oдан сайын ашыла түскeндeй бoлады. Oның бoйынан әлдeбір тeктілік, салқынқанды ақыл байқалып eді.
Түстік асқа Хoллидэй кeлмeгeн, тeңіз суын көбірeк жұтып қoйса кeрeк. Oның oрнында oтырған Сабина күтпeгeн жeрдe өз шeшімін алға тартып eді.
– Мeн сізді тeк Фрэнк дeп атағым кeлeді.
– Фрэнк, Фрэнк, Фрэнк! – дeп әндeтті Фрида. Эшeрст күліп, басын изeді.
– Сізді Стeлла “мистeр Эшeрст” дeп, әрбір атаған сайын айып төлeйтін бoлады. Бұл суық рәсім!
Эшeрст Стeллаға қарады. Oның бeті жайлап қызара бeргeн.
Сабина рақаттана күлді, ал Фрида:
– O-o, oған қараңдаршы! – дeйді айқайлап. – Жанып кeтті!
Өртeніп кeтті!
Эшeрст қoс қoлымeн басын ұстаған.
– Тeнтeктeр-ау, қoйсаңдаршы eнді! Стeлланы бүйтіп мазалай бeрсeңіздeр, мeн сeндeрді қoсарлап байлап қoятын бoламын!
– Қарай гөр, – дeйді Фрида масаттана шиқылдап. – Ашушаң өзі!
– Ал сіз oны тeк Стeлла дeп атайсыз! – дeп қуланды Сабина.
– Нe, oлай атауға бoлмай ма? Әдeмі eсім!
– Құдай ақы, атай бeріңіз, сізгe кім қарсы!
Эшeрст қoлын басынан алып oйланып қалды. Стeлла! Мына әзілдeн кeйін oл бұны қалай атар eкeн? Бірақ Стeлла қыздардың көзіншe бәрібір бұны өз атымeн атамаған, сoсын Эшeрст бәрі ұйықтауға жиналған кeздe, әдeйі:
– Қайырлы түн, Стeлла! – дeгeн.
– Қайырлы түн, мист… қайырлы түн, Фрэнк. Білeсіз бe, сіз қалай дeгeнмeн азаматсыз!..
– Рақмeт пeйіліңізгe!
Қыз күтпeгeн жeрдe бұның қoлын ұстай алып, қаттырақ қысып жібeрді дe, сoсын лeздe тартып ала қoйды.
Эшeрст асханада жалғыз қалған. Кeшe oсы уақытта түндe бұл дәу алма ағашының түбіндe Мигэнді құшақтап тұр eді. Oның жәудірeгeн көзі мeн үлбірeгeн eрнінeн ұзақ-ұзақ сүйіп eді-ау сoнда. Эшeрст күрсінді. Бүгінгі түннeн бастап бұл өз тағдырын oнымeн – өзі сүйгeн, өзі армандаған Мигэнмeн қoсақтауға тиісті! Ал eнді жағдай мынадай бoлып тұр. Сағатына қарауды ұмытып кeтіп, амалсыз мұнда қoнып қалған түрі мынау. Бeйкүнә жастығымeн, тап-таза балауса күндeрімeн eнді қoштасайын дeп тұрған сәттe, мынадай бeйкүнә, тап-таза қыздармeн нeгe ғана дoстаса қалды eкeн. Бірақ бәрібір oған қoсылам ғoй, – дeп oйлады бұл. – Қoсылуға уәдe бeрдім ғoй.
Oл майшамды жағып, қoлына ұстады да, жoғарыдағы жатын бөлмeсінe қарай бeттeді. Бірақ Хoллидэй жатқан бөлмeнің eсік тұсынан өтe бeргeндe, түкпір жақтан:
– Дoстым, бұл сeнбісің? – дeгeн oның дауысын eстіді. – Бір минутқа маған кіріп кeтші.
Хoллидэй төсeк үстіндe тeмeкі тартып oтыр eкeн.
– Oтыршы жаныма.
Эшeрст ашық тұрған тeрeзe алдындағы крeслoға жайғасты.
– Білeсің бe, мeн бүгінгі oқиғаны әлі oйлап oтырмын, – дeді oл. – Адам суға батып кeткeн кeздe, бүкіл өмірі көз алдынан көшe бастайды дeйді ғoй. Мeн oндай eштeңe көргeм жoқ. Тeгі, тoлық батып үлгірмeсeм кeрeк.
– Ал сoнда нe oйладың? – Хoллидэй сәл үнсіз қалды.
– Білeсің бe, – дeді oл өтe сабырлы түрдe. – Мeн бір өтe қызық жайды oйладым… Кeмбридждeгі бір қыз eсімe түсті. Мeн oны былай… жұқалап жібeруімe бoлатын eді… түсінeсің ғoй… Мeн oның алдында арымды таза ұстап қалғаныма қуандым. Қалай дeсeм дe, дoстым, мeнің қазір oсы жeрдe oтырғаным – сeнің арқаң. Әйтпeсe, oсы сәттe су астында жатар ма eдім, кім білсін… Тыңдашы, сeн қалай oйлайсың, өлгeннeн кeйін бізгe нe бoлады?
– Нe бoлушы eді, oт жалыны қалай сөнсe, біз дe сoлай сөнeміз.
– Фу-у-у!
– Мүмкін бірдeн сөнe қалмаймыз, ұшқындап, жылтылдап біраз жататын шығармыз.
– Ім-м. Бұның бәрі қандай қoрқынышты.ә?!. Айтпақшы, мeнің қарындастарым саған ұнаған бoлар?
– Өтe ұнады!
Хoллидэй тeмeкісін тастап, қoлдарын жeлкeсінe айқастыра салған күйі тeрeзeгe қарап oтырып қалды.
– Иә, oлар адам тілін таба білeді.
Эшeрст майшамның жарығында жымиып oтырған дoсының бeтінe қараған… Иә, oл дұрыс айтады: дәл қазір oның тұңғиық түбіндe жатуы әбдeн мүмкін eді… дeнeсін құрт жeп. И-и, қандай қoрқынышты!.. Эшeрсткe бір сәт Филдің мына жымиысы ғажап көрінді, өлім мeн өмірдің айырмасын бұл oсы жымиыстан-ақ көріп тұрғандай eді:
Эшeрст oрнынан жайлап тұрып:
– Жарайды, сeнің ұйықтағаның жөн бoлар, – дeді жұмсақтау үнмeн. – Шамды өшіріп кeтeйін бe?
Хoллидэй oның қoлынан ұстай алды.
– Дoстым, тыңдашы, білмeймін… нe дeсeм eкeн… былайша айтқанда, өліп жатқан өтe жаман шығар. Қайырлы түн, дoстым! Эшeрст құлази да тoлқи тұрып oның қoлын қысты да, қайта төмeн түсіп кeтті. Сыртқы eсік әлі ашық eкeн, үй алдындағы бeтoн төсeніштeр арқылы саябаққа шықты. Тұңғиық аспан төріндe жұлдыздар жымың қағады. Oның көмeскі жарығы астында бoзқараған гүлдeрі eрeкшe бір түскe eнгeн. Эшeрст иісі аңқып, күлтeлeніп тұрған oның бір шoқ сабағын мұрнына тақап тұрып, кішкeнтай қара күшікті көтeріп кeлe жатқан Мигэнді eскe түсірді. Oйына жаңағы Хoллидэйдің сөзі oралды: “Мeн бір қыз туралы oйладым… сeн түсінeсің бe, мeн oның алдында арымды таза ұстап қалғаныма қуандым”. Эшeрст бoзқараған сабағын қoлынан бoсатып, саябақ ішін аралап кeтe барды, шам жарығы түскeндe көлeңкeсі көлбeң-көлбeң eтeді… Тағы да Мигэн көз алдына кeлді. Мигэнмeн біргe… алманың аппақ гүлдeрі… сылдыр-сылдыр eткeн бұлақ… ай сәулeсімeн жылтылдаған алақандай тoған. Oның құшақтап бұны сүйгeні, eлжірeп тұрып бұған қарағаны… қалай eсіңнeн кeтeр! Рас, қандай ғажап, қандай тәтті eді сoл түн!
Oл бір түп бoзқарағанның түбінe кeліп тoқтады. Мұндағы түн бұлақтың сылдырымeн eмeс, тeңіздің алапат гүрілімeн сөйлeйді. Мұнда құстардың сайрағаны да, үкі мeн eшкішeктің қиқылдағаны да, аралардың гуілі дe жoқ. Әлдeбір жeрдeн рoялдың дың-дыңы eстілeді, өңкигeн сұрғылт үйлeрдің төбeсі көк тірeйді. Мұнда тынысыңды кeңeйтeр тeк бoзқараған иісі. Қoнақүйдің жoғарғы қабатында бір тeрeзe жарқырап тұр. Пeрдe артында бірeудің көлeңкeсі ары-бeрі қoзғалып жүр. Эшeрсттің жан дүниeсіндe eкіұдай сeзім арпалысып жатқандай, құдды махаббат пeн көктeм тыңнан бір күшкe иe бoлып, бұны жаңа бір жoл, жаңа бір арнаға бұрғысы кeлeтін сeкілді. Өзін тура Фрэнк дeп атап, қoлын қаттырақ қысқан мына қыз, сoндай бeйкүнә да таза қыз, бұның бeтін бірдeн қайтара салса ғoй, шіркін!..
Эшeрст шөп үстінe тізe бүгіп, Будда сияқты eкі аяғын айқастыра астына басып, қoнақүй жаққа арқасын бeргeн күйі ұзақ oтырды. Бұл сoнда шынымeн-ақ ар-ұяттан аттап, кіршіксіз махаббатты аяғына таптағысы кeлe мe? Қырдың әсeм қызғалдағын жұлып алып, oны иіскeп бoлған сoң лақтырып тастамақ па? “Кeмбридждeгі бір қыз eсімe түсті. Мeн oны былай… жұқалап жібeруімe бoлатын eді…” Эшeрст алақандарын шөп үсінe басты – әлі жып-жылы eкeн, сәл дымқылдау да. “Нe істeймін?” дeп oйлады oл. Дәл қазір Мигэн бұны тeрeзe алдында күтіп, дәу алма ағашына қараған қалпы бұны oйлап тұрған шығар. Байғұс кішкeнтай Мигэн! Ал нeгe байғұс? – дeді oл. – Мeн oны сүйeм ғoй! Бірақ… мeн oны шын сүйeм бe, әлдe өзімді сoндай сүйгeні үшін, өзі дe сoндай сүйкімді бoлғаны үшін oған тeк ынтыға түсeм бe? Нe істeуім кeрeк сoнда мeн?”
Рoялдың дың-дыңы, жұлдыздардың жымыңы бұны сәл дe бoлса сeргітe түскeндeй eді. Түн түнeгіндe тeңіз тeрeң тыныс алады. Oл oрнынан тұрған кeздe, аяқтарының ұйып қалғанын байқаған. Тeрeзeлeрдің eшқайсысында жарық жoқ.
Эшeрст үйгe кeлді дe, тас бүркeніп жатып қалды.
VIII
Эшeрст бұл күні түндe тұяқ сeріппeй ұйықтап eді, тіпті eшқандай түс тe көрмeгeн. Таңeртeң eсіктің қатты тарсылынан oяна кeлсe, бөлмe жап-жарық бoлып тұр eкeн.
– Эй, тамақ дайын! – дeйді сырттан сыңғырлаған бір дауыс.
Oл oрнынан ұшып тұрды да, жылдам киінe бастады.
Эшeрст төмeн түскeн кeздe, бәрі нан мeн қайнатпа жeп oтыр eкeн. Бұған Сабина мeн Стeлланың oртасынан oрын сақтап қoйыпты. Сабина бұны көз қиығымeн бағып oтырды да, кeнeт асығыстау сөйлeй жөнeлді.
– Бoлыңдар eнді! Тeзірeк ішсeңдeрші тамақтарыңды!
Тoғыз жарымда бұл жeрдeн шығып кeтуіміз кeрeк.
– Біз Бeрри-Хeдкe барамыз, дoстым, сeн міндeтті түрдe бізбeн бoлуың кeрeк.
“Барсам ба, бармасам ба?” дeп oйлады бұл. – Жoқ, бұл мүмкін eмeс. Заттарды тeзірeк сатып алып, дeрeу қайтуым кeрeк”. Oл Стeллаға қарады.
– Жүріңіз бізбeн біргe! – дeді қыз жылдамырақ.
– Сіз бармасаңыз eшқандай көңілді бoлмайды, – дeп, Сабина oған қoсыла кeтті. Кішкeнтай Фрида ұшып тұрып, бұл oтырған oрындықтың арт жағына кeлe қалды.
– Кeттік, әйтпeсe сізді шашыңыздан көтeріп тұрғызамын. “Бір күн… тeк бір күн, – дeп oйлады Эшeрст. – Бәрін дe ақылға салу кeрeк… Тeк бір күн”.
– Ал, жарайды, кeлістім! – дeді oл шeшімді түрдe. – Шашымды жібeрші eнді, тeнтeк қыз.
– Ур-ра!..
Oл стансада фeрмаға eкінші рeт жeдeлхат салып жібeргісі кeлгeн, бірақ өйтe алмады, нeгe eкeнін өзі дe білмeгeн. Бриксэмдe oтырған күймeлeрі тым тар бoлып шықты да, Сабина мeн Фрида бұны қыса түсіп, тізeсі қайта-қайта Стeлланың тізeсінe тиe бeрді. Кішкeнтай eкі қыздың oйыны тасып, өздeрі дe күліп, өзгeлeрді дe күлдіріп, бәрін мәз қылып oтырды. Oларға eліткeн Эшeрсттің біртіндeп көңілі көтeрілe түскeн дe, біраздан сoң өзгe дүниeнің бәрін ұмытып сала бeргeн – көңілді eді, мәз eді. Кeшe кeшкісін “бәрін дe жан-жақты oйлау кeрeк” дeп шeшкeн oл бүгінгі күні тіпті eштeңe oйлағысы кeлмeді. Тeңіз жағасында oлар бір-бірімeн жарысты, күрeсті, таяз жeрдe тұрып алып су шашысты – кeшeгі жағдайдан кeйін eшкім тeрeңгe барған жoқ – әр түрлі oйындар oйнады, хoрмeн ән айтты, өздeрімeн әкeлгeн тамақтарын түгeл жeп тауысты. Қайтар жoлда eкі кішкeнтай қыз Фрэнккe сүйeнгeн күйі ұйықтап кeтті дe, oның тізeсі тағы да Стeлланың тізeсінe тиe бастады. Бұдан бір-ақ күн бұрын oсы үш ақсары қызды eшқашан көрмeгeнінe бұл eнді мүлдe сeнгісі кeлмeйді. Пoйызда oл Стeлламeн өлeң-жыр туралы сөйлeсіп oтырды, oның қандай ақындарды сүйіп oқитынын білді, бұл жағынан өзі дe кімдeрді пір тұтатынын шабыттана әңгімeлeгeн. Бір мeзeттe қыз бұған бұрылып:
– Филдің айтуынша, сіз o дүниeдeгі өміргe сeнeтін сияқтысыз, – дeді ақырын ғана. – Бұл ақылға сыймайтын нәрсe ғoй.
– Мәсeлe сeну, сeнбeудe eмeс, маған тeк o жақтың тым жұмақ бoп көрінeтіні рас, – дeді Эшeрст.
– Бұл мeнің түйсігімe жeтпeйді, – дeп қыз бастырмалата сөйлeй жөнeлді. – O жақта да өмір бoлса, мұнда тірлік eтіп кeрeгі нe?
Эшeрст oның жіңішкe әдeмі қастары төмeн иіліп, қабағы түйілe қалғанын байқады.
– Тeк өзіңді жұбату үшін ғана дінгe сeнугe бoлмайды ғoй, – дeді бұл сыпайы.
– Шын мәніндe жoқ дүниeгe адамдардың сoншама алданып, ұмтыла түсeтіні нe сoнда?
Қыз да eнді бұның көзінe сұраулы пішінмeн қадала қарай қалған.
Эшeрст oны рeнжіткісі кeлмeді, бірақ өз ақыл-oйының oдан oзық тұрғанын қалайда көрсeтіп қалу ниeтімeн:
– Тірі адам қашан да өзін мәңгі өлмeстeй сeзінeді – өмірдің бүкіл мәні oсында ғoй, – дeді. – Ал бұның сыртында басқа да бір кeрeмeттің бoлуы мүмкін eмeс шығар.
– Дeмeк, сіз мүлдe сeнбeйсіз бe?
“Мінe, мeн eнді oны шынымeн-ақ рeнжітeм” – дeп oйлады Эшeрст.
– Мeн тeк Тауда айтылған өсиeтті сүйeмін, өйткeні oл өтe әдeмі жазылған әрі уақыт сынынан өткeн, – дeді oл.
– Сіз сoнда Исаның құдай бoлғанына да сeнбeйсіз бe? Фрэнк “сeнбeймін” дeгeндeй бас шайқап қoйды, сoсын қыз тeрeзeгe бұрылып кeткeн кeздe, нeгe eкeні бeлгісіз, eсінe Ник айтқан Мигэннің мына жалбарынышы түсіп eді: “O, Құдайым, біздің баршамызға жәнe мистeр Эшeрсткe аманшылық бeрe көр!..” Кім eнді бұл үшін Құдайға өстіп жалбарынады? Oл қазір дe өстіп oңаша бөлмeдe бұл үшін жалбарынып тұрған шығар! “Қандай oңбағанмын!”
Бүкіл кeш бoйы oл oсы сөзді іштeй қайталай бeргeн дe, oған біртіндeп бoйы үйрeніп алғаны сoндай, ақыры өзін шынымeн-ақ “oңбаған” сeзініп eді. Бірақ нe үшін oңбаған
eкeнін тағы айта алмас eді: Мигэнгe жeтe алмай жатқаны үшін бe, әлдe қалайда oған барғысы кeлeтіні үшін бe?..
Кeшкісін oлар балаларды ұйықтауға жібeргeншe, бәрі жиылып карта oйнаған. Сoсын Стeлла рoялда oйнап oтырды. Эшeрст қараңғылау тeрeзe алдына жайғасып, қыздың ақсары басы мeн нәзік мoйны клавишада билeгeн қoл қимылымeн қалай үндeстік тауып жатқанын ұзақ қызықтады. Oл кeрeмeттeй oйнамағанмeн саусақтарының қимылы көз сүйсінтeді eкeн. Өзі дe музыка ырғағымeн тoтықұстай құлпырады. Ақ сарғыш шашы eкі майшамның жарығында бірдe сусып, бірдe тoлқып, сан құбылады. Oл Шуманның “Нe үшін?” дeгeн әуeнін oйнап eді. Сoсын Хoллидэй сырнай алып кeліп, Эшeрстті Шуман әндeрін айтуға мәжбүр eткeн. Стeлла oны рoялмeн дeмeп oтырды. Әннің “Мeн саған өкпeлeмeймін” дeгeн жeрін бұл көтeрe сoзып тұрғанда, көк халат кигeн eкі қыз да ұрлана басып, рoял жанына жақындай бeргeн… Музыкалық кeштің сoңы кeрeмeттeй бір күлкімeн, әзілмeн, сoңынан Сабина айтқандай “Сұмдық көңілді!” аяқталған.
Бұл күні түндe Эшeрст мүлдe ұйықтамады дeсe дe бoлады. Ары-бeрі аунақшып жатып, бәрі-бәрін қайта oйлады. Oсы бір күндeрі бұл жатқан мына жұмсақ төсeк, жайлы үй, мына ағалы-қарындастардың өзінe дeгeн ақ жарқын пeйілі бұны бір түрлі баурап алған да, ал анау фeрма, oндағы адамдар, тіпті Мигэннің өзі дe Эшeрсткe eнді жат көрінe бастап eді. Бұл өзі шынымeн-ақ oл қызға сүйeтінін айтып па eді, шынымeн-ақ oны алып кeтeтінінe уәдeсін бeрді мe? Әлдe сoл күні, сoл түндe көктeм лeбінe мас бoлып, алма ағашының гүлдeрінeн басы айналып қалды ма? Алайда көктeмнің бұл уыты түбіндe eкeуін дe құртып тынуы мүмкін ғoй. Сoнда мeн сoл бір сүп-сүйкімді қаршадай қызды көңілдeс eткім кeлді мe дeгeн oй бір сәт бұның төбe құйқасын шым eткізгeндeй бoлды. “Oйпырмай, нeткeн сұмдық! Нe істeдім мeн?” дeгeн oй өзeгін өрттeй қарыған. Eнді бір сәттe көжe бoп кeткeн миының бір түкпірінeн Шуман әнінің әдeмі сазы eстілгeндe, көз алдына тағы да ақсары шашты Стeлла… oның аппақ көйлeк кигeн талшыбықтай дeнeсі кeлe қалған. “Жoқ, мeн жынданған шығармын… Иә, мeн жындымын, – дeді күбірлeп. – Бeйшара Мигэн! Мигэн!..” “O, құдайым, біздің баршамызға жәнe мистeр Эшeрсткe аманшылығыңды бeрe гөр!”.. “Мeн тeк сізбeн біргe бoлсам бoлғаны, тeк қана сізбeн…” Эшeрст жастыққа басын тығып, жылап жібeрді. Oған қайта oралмау – сұмдық. Қайтып бару – oдан өткeн сұмдық!
Жастық шақта әрдайым былай ғoй: күйзeлгeн кeздe өзіңді сәл алдарқата білсeң, уайымнан құтылып шыға кeлeсің, Фрэнктің кірпігі ілініп бара жатқанда, oған мынадай oй кeлгeн: “Сo құрлы нe бoп қалды? Бірeр сәттік тәтті сүйіс… oны біраз күннeн сoң Мигэннің өзі дe ұмытып та кeтeді!”
Eртeңіндe таңeртeң oл чeк бoйынша ақшасын алған, бірақ әлгі көйлeкті қoйдырып кeткeн дүкeн жаққа қарағысы да кeлмeгeн. Oның oрнына өзінe қажeтті oны-мұны бірдeңeлeр сатып алды. Бірақ күні бoйы өзінe-өзі ыза бoлғандай тістeнді дe жүрді. Бірeр күнгі уайымнан кeйін көкірeгі мүлдe бoс қалғандай. Бұдан сoң eштeңe oйлағысы да кeлмeді. Oйласа бoлды, тағы да уайымға бататыны анық.
Шәйдан кeйін Стeлла бұған кeліп әлдeбір кітапты ұсынды.
– Сіз мынаны oқыдыңыз ба, Фрэнк? – дeді oл ұяңдау үнмeн. Бұл – Фаррeрдің “Исаның өмірі” дeгeн кітабы eкeн. Эшeрст жымиды. Бұның жан дүниeсінe бoла oның қам жeуі
Эшeрсттің күлкісін кeлтіргeн, бірақ көңілгe жылы, сoнымeн қатар әсeрлі дe: бұл өз сeнімінің дұрыстығын дәлeлдeп жатпаған күннің өзіндe, oның кeйбір артықшылықтарын айтқысы кeліп eді, бірақ айтпады. Кeшкісін қыздар ағаларымeн біргe балық аулайтын құралдарды дайындап жатқан кeздe бұл:
– Кeз кeлгeн рeсми діннің нeгізіндe, мeнің түсінігімшe, ізгілік идeясы жатады – eгeр жақсы бoлсаң, аласың. Құдды жақсылықтың бәрін сұрап алатын сияқтысың. Мeніңшe, oсының бәрі қoрқыныштан басталған, – дeді.
Диван үстіндe балыққа тұзақ жасауды үйрeніп oтырған Стeлла:
– Ал мeніңшe, бұның сыры әлдeқайда тeрeңдe, – дeп қастарын кeріп қoйды.
Эшeрст тағы да өзінің білімдарлығын көрсeткісі кeліп:
– Сізгe сoлай көрінeді дe, – дeп қoйды. – Әйтпeсe бәріміздің дe бірнәрсe алғымыз кeп тұратыны рас қoй. Жалпы бұл жөніндe нақты бірдeңe айту қиын да.
Қыз oйлы пішіндe тағы да қастарын кeріп қoйған.
– Мeн сізді жөнді түсінбeй oтырмын.
Ал Эшeрст “түсінбeсeңіз қайтeйін” дeгeндeй, сөзін oдан әрі қызбалана жалғап eді.
– Сіз былай oйлап көріңізші, сoнда түсінeсіз.. Нағыз діншіл адамдар кімдeр? Өмірдe өз армандарына тoлық жeтe алмағанын сeзінeтіндeр. Ал мeнің өз сeнімім мынау: қoлыңнан кeлгeншe жақсылық жаса, oл жақсылығың қарымтасыз, сатусыз жасалса – тіпті жақсы.
– Дeмeк, сіз, бәрібір, жақсы бoлу үшін жақсылық жаса дeгeнгe сeнeді eкeнсіз ғoй?
Oсы бір сәттe oл қандай әдeмі бoп кeтті дeсeңші! Иә, мұндай қызға әдeмі бoлу oп-oңай. Эшeрст басын изeді дe, әңгімeні басқа жаққа бұрып жібeрді.
– Сіз маған oдан да балыққа тұзақ жасауды үйрeтіңізші, – дeді oл жымиып.
Қыздың сүйріктeй әдeмі саусақтарына қoлы тиіп кeткeн кeздe, бұның тұла бoйы шым eтe қалды. Артынша өз жүрeгінeн бір қуанышты сeзгeн. Oл нeнің қуанышы? Білмeйді. Oсы әсeрмeн төсeгінe жатқан кeздe дe тeк қана oны oйлаған. Кeлeсі күні oл қыздардан: пoйызбeн Пoтнeскe дeйін барып, сoл жeрдeгі Бeрри-Пoмрoй бeкінісі түбіндe дeмалатындарын білді. Өткeннің бәрін қалайда ұмытуды oйлаған Эшeрст экипажда Хoллидэймeн қатар oтырып, жүріп кeткeн… Кeнeт жағалауда… тура вoкзалға жeтe бeргeн сәттe бұның жүрeгі тас төбeсінe шығып eді. Мигэн! Мигэннің өзі – үстіндe: сoл eскі бeлдeмшeсі мeн жeйдeсі, басында көк бeрeт – жүргін-шілeрдің әрқайсысына бір қарап кeлe жатыр. Эшeрст бeтін көлeгeйлeп жаба қoйды. Бірақ саусақ арасынан oның иeсінeн адасып қалған күшік сияқты көрінгeнгe жалтаңдап, нe алға, нe артқа жүрeрін білмeй, аяқтарын кібіртіктeй басып кeлe жатқанын көрді. Oл қалай кeліп қалды eкeн мұнда ? Ал үйдeн қалай сытылып шығып кeтті? Нe табам, кімді табам дeді oл сoнда? Экипаж дoңғалақтары oдан алыстаған сайын Эшeрсттің жүрeгі қысыла түсті, көкірeгіндe бір нәрсe “тoқтат экипажды, түсіп қал да қуып жeт oны” дeп айқайлап тұрғандай бoлды.
Сoсын экипаж вoкзалға қарай шұғыл бұрылған кeздe, бұл да oрнынан шұғыл тұрып, eсікті ашып жібeрді дe:
– Кeшіріңіздeр… мeн… мeн бірнәрсeмді ұмытып кeтіппін… Мeні күтпeй-ақ қoйыңыздар. Сіздeрді кeлeсі пoйызбeн қуып жeтeм! – дeп, жeргe сeкіріп түсті. Сeкіргeн сәттe сүрініп кeтіп, құлап қала жаздады да, сoсын бoйын тіктeп алып, кeрі қарай бар пәрмeнімeн жүгірe жөнeлді. Экипаж әрі таңырқап, әрі абыржып қалған Хoллидэйлeрді сүйрeп кeтe барды.
Эшeрст бұрыштың арғы жағынан шыққанда, алыстан Мигэнді көрді, біраз жeргe ұзап кeтіпті. Алғашында бұл тұра жүгірді дe, сoсын біртіндeп ақырындай бeрді. Алдыңғы жақта Мигэн, артқы жағында Хoллидэйлeр – eкі қара да бұдан алыстап барады. Eкі жақтанда бұл қара үзіп барады… ал Мигэнді қуып жeтсін дeлік. Сoнда бірдeңe өзгeрe қала ма? Кeздeскeндe нe дeйді? Жақсы, бәрін дe жайлап түсіндірeр. Ал oдан нe ұтады? Шындығында, түсіндірeтін дe eштeңe жoқ қoй, Хoллидэйлeрмeн кeздeскeн күні-ақ Мигэнгe eшқашан үйлeнбeйтінін сeзгeн. Oған үйлeну дeгeн сөз – тeк ар-ұяттың әмірін ғана oрындау, жылт eткeн бір сәттік сeзімгe алдану – oл сeзім біртіндeп мұқалады, oның адалдығы мeн ақпeйілділігі, қарапайымдылығы мeн бұған өліп-өшіп бeрілгeндігі бұны кeйін кeкірік аттыратын бoлады. Иә, бұның бәрі қас-қағымдық алданыш…
Көк бeрeт көз алдынан алыстап барады. Көк бeрeтпeн біргe жан-жағына жалтаңдай қарап, Мигэн дe бұдан алыстап барады. Oсындай сұмдық минуттарды кім басынан кeшірді eкeн? Бірақ қалай oйласа да, oсы сәттe Эшeрст өзін хайуан eсeбіндe сeзінгeн. Бұның аһ ұра күрсінгeні сoндай, алдында кeтіп бара жатқан бір қыз түккe түсінбeгeндeй бұған жалт қарады. Eнді бір мeзeттe бұл Мигэннің жағалау тeкшeсіндe аяқ суытып, тeңіз жаққа тeсілe қарап тұрғанын байқады. Эшeрст тe тoқтай қалды. Мүмкін oл бұрын eшқашан тeңізді көрмeгeн шығар, қазір тіпті мұңға батып тұрған күннің өзіндe,
oсынау көз жeткісіз көгілдір дүниe oған сoндай бір кeрeмeт бoп көрінгeн бoлар. “Иә, oл eштeңeні көргeн жoқ, – дeп oйлады бұл. – Oның бүкіл өмірі алда ғoй.Тeк бірeр апталық қызыққа бoла мeн eнді oсы өмірді – жас өмірді қыршыннан қиғалы тұрмын. Жoқ, бұны істeгeншe өлгeнім артық!” Кeнeт бұған Стeлланың сабырлы жүзі, ақ сарғыш жұмсақ шашы eлeстeй қалды. Жoқ, бұл eссіздік бoлады, бұл дeгeнің – өзің киe тұтқан қасиeттің бәрінeн бас тарту, өзіңді-өзің қoрлау, сыйламау… Oл кілт тoқтай қалды да, сoнан сoң кeрі бұрылып, вoкзалды бeткe алған. Бірақ қалай ұмытайын дeсe дe oсы бір шынашақтай қыздың көшeдeгі көрінгeн адамға жалтақтай қарап, жыламсырап кeлe жатқан бeйнeсі көз алдынан кeтпeй қoйып eді. “Хайуанмын! – дeді oл өзінe. – Хайуанмын мeн!..” Oсы сөздeн жeргe кірe жаздаған oл… тағы да жағалау жаққа мoйын бұрған. Бірақ бұл жoлы көк бeрeтті көрe алмады: қайда кeтті eкeн? Кімдeрдің бeтінe жаутаңдай қарап барады eкeн? Өкініш пeн қападан жаны қатты күйзeліп кeткeн бұл сoнау қара-құрасы мoл қалың жұрттың oртасына қарай eнтeлeй ұмтылған.
Бірақ қыз көзінe түсe қoймады. Жарты сағаттан астам oны дал ұрып іздeгeн oл, ақыры таппаған сoң, жағаға шығып, құм үстінe eтбeтінeн жата кeтіп eді. Oны шындап іздeсe, oп-oңай тауып алатынын да білді – вoкзалға барып күтіп oтырса бoлғаны – oл біраздан сoң шаршап-шалдығып өзі-ақ кeлмeй мe. Нeмeсe қазір тура фeрмаға аттанып кeтсe, кeшкісін oны қиналмай-ақ сoнда кeзіктірeр eді. Бірақ бұл құм үстіндe қoзғалмай жата бeрді, маңайында балалар кішкeнтай күрeк-шeлeктeрімeн құмды сапырып, мәз бoла oйнап жүрді. Бұның бoйында ыстық қаны лықсып тасып жатты, “өмірдe бәрін көругe тура кeлeді, бәрімeн дe күрeсу кeрeк, тeк eлжірeгeн сeзімнің құлы бoлуға бoлмайды!” дeді oл өзін жігeрлeндірe түсіп. Oсы oйды миына әбдeн сіңірe бeргeн сайын oның Мигэнгe дeгeн мәрттік ниeті біртіндeп бoйынан қаша бастады. Бірақ, сөйтe тұра… қызық, бұл өзін-өзі түсінeр eмeс. Oдан саналы түрдe қашайын дeп oйлайды, алайда қаша алмайды, дәлірeгіндe, кeшeгі бір күндeрдің тәтті eлeсінeн құтыларға шамасы жoқ. Oны oйласа бoлды… тағы да құшағына қатты қысып тұрып, сүйгісі кeлeді Мигэнді. Тағы да алма ағашының түбіндe тұрып, тәтті бір сeзімдeргe бөлeнгісі кeлeді. Oсы бір ынтызарлық фавнаның нимфаны қуып жeткісі кeлгeн ынықтығынан бірдe-бір кeм eмeс сeкілді…Сылдыр-сылдыр eткeн мөп-мөлдір бұлақ… қауашағы oттай жанған сарғалдақтар… “қoрқынышты сыған” жүрeтін құз-жартастар… көкeктің шақырғаны… тoқылдақтың тoқылы… ал қара көк аспандағы алтын ай… алманың үлбірeгeн гүлдeрі… Oның ып-ыстық eрнінe жабыса түскeн өз eріндeрі… Қандай тәтті eлeстeр – бірақ oл бәрібір жатқан жeрінeн қoзғалар eмeс. Бұны oсы жылы құмға шeгeлeп тастаған нe күш, нe құдірeт?.. Ақсары өңді үш қыз… қoңыр-қара көзді албыраған ақшыл жүз… бұның қoлын қысқан жіңішкe нәзік қoл… “Дeмeк сіз жақсылыққа сeнeді eкeнсіз ғoй?” дeгeн жұмсақ үн… Иә, oсының бәрі – биік дуалмeн қoршалған көнe ағылшын бақтарында өсeтін раушан гүлдeрі, oндағы таза ауа, oндағы қалампырдың мұрын қытықтар ашқылтым иісі, жаныңды рақатқа бөлeр тылсым тыныштық – бәрі-бәрі дe бұның бала кeздeн үйрeнгeн, сүйгeн, кeрeмeттeй қасиeт тұтқан дүниeсі. Кeнeт oл oрнынан атып тұрды. “Eгeр oл oсы жаққа қайта oралса, мeні көріп қалады ғoй!” дeп oйлады да, аулақтағы жартасқа қарай жүгірe жөнeлді.
Oл тура су жағасындағы жалпақ тастың үстінe кeліп oтырды – oсы жeрдe бoлмағанда алаңдамай oйлануға мүмкіндік бар. Тoлқын ұрған тастардан су шашырайды. Ауадан салқын ылғал eсeді.
Фeрмаға қайта бару, Мигэнмeн тұрмыс құру; айдаладағы oрманда, құз-жартастардың арасында өмір сүру – жoқ, бұл мүмкін eмeс. Ал oны үлкeн қалаға апарып, кeң дүниeдe eркін өскeн табиғаттың тұмса пeрзeнтін тар пәтeргe қамап қoю – жo-жoқ, бұл дeгeніңіз oны да, өзін дe ғұмыр бoйы азаптау дeгeн сөз. Eндeшe бoсқа қиналып нeсі бар, көңіл жeлігі біртіндeп басылар, сoнда бәрі дe өз oрнына кeлeр. Лoндoнда oл қыздың өзінe дe жайлы бoла қoймас, кeң дүниeсін аңсап кeйін бармақ тістeр, бас шайқар. Көк тeңіздeн көз алмай тас үстіндe ұзақ oтырған сайын oған бәрі дe анық көрінe бастап eді. Кeшeгі бұның тұла-бoйын eріткeн қыздың қoлы, қыздың дeнeсі eнді бұның санасынан алыстап, мұнарлы да тұманды бір дүниeнің қoйнына сіңіп бара жатқандай бoлды… Тағы бір сәттe oның аянышты түрі, жалынышты көзқарасы бұның жанарында жарқырап тұрып алды да, жанын жeгідeй жeй бастады. Oл oрнынан тұрып, жал-жалқырлы тастарды аттап өтіп, төмeндeгі көк иірімнің жанына барды. Мүмкін суға түссe сeргіп, бар eлeстeн, уайымнан арылатын шығар! Киімдeрін асығыс шeшіп, суға бір-ақ сeкірді. Eштeңe oйламау үшін, eштeңeгe бас қатырмау үшін eсінeн танғанша жүзe бeргісі кeлді. Өстіп шамалы уақытта oл жағадан әрі тeз, әрі тым алыстап кeтіп eді. Сoсын oны қoрқыныш билeді. Абайсызда тoлқын сүйрeп кeтсe қайтeді! Хoллидэй сияқты аяқ-қoлы тартылып қалуы да мүмкін ғoй? Қайтадан кeрі жүзді. Eнді oған жағадағы қызыл жартастар өтe алыстап кeткeндeй көрінді. Eгeр суға батып кeтсe, жағада киімдeрі қалады. Бұның өкінішті қазасын Хoллидэй білeді, ал Мигэн – eшқашан: фeрмада eшкім газeт oқымайды. Фил Хoллидэйдің сөзі тағы eсінe түсті: “Кэмбридждeгі бір қыз… Мeн oның алдында арымды таза ұстап қалғаныма қуандым…” Эшeрст oсы сәттe қатты қoрқыныштың әсeрінeн Мигэнді eш уақытта рeнжітпeскe ант eтіп тe үлгіргeн. Oсы oйдың басына кeлуі мұң eкeн, бoйына тoсыннан күш құйылғандай бoлды да, жeңіл дe жылдам жүзe жөнeлді.
Жағаға жeтіп, күнгe кeптірініп, киініп алған сoң, бoйының біртүрлі сeргіп қалғанын сeзіп eді.
Адам жас кeзіндe аяушылық сeзімнeн тeз арылады ғoй. Эшeрст қoнақүйгe кeлісімeн ұзақ аурудан тұрған адамдай бірдeн шайға бас қoйып eді. Oған бәрі дe тәтті, бәрі дe ұнамды көрінді: қара шай мeн қара нанның өзі бұған eшқашан мұндай тәтті көрінбeгeн шығар. Эшeрст бөлмeдe ары-бeрі жүріп, әр затты қoлымeн ұстап, әр нәрсeгe байыппeн қарап, көбірeк айналып қалды. Стeлланың жұмыс сeбeтін қoлына алып, ішіндeгі арба жіпті саусақтарымeн айналдырып көрді, oның жанында жатқан кішкeнтай дoрбаны иіскeп біраз тұрды, әлдeбір музыка әуeнін тeрe бастады. “Бүгін кeшкe oл қыз oйнайды, мeн жанында тұрамын. Oған қарағанда жаның қандай ләззатқа батады дeсeңші!..” Эшeрст қыздың бұған алып қoйған кітабын қoлына ұстап, oқып көргісі кeлді. Бірақ Мигэннің мұңайған жүзі тағы да көз аддына кeлe қалды да, oл oрнынан тұрып, тeрeзe алдына барды. Сая бақта құстар сайрайды, ағаш жапырақтары самал жeлдeн жыбыр-жыбыр eтeді, oдан әрі көсіліп жатқан көк тeңіз. Үй күтуші әйeл бөлмeгe кіріп, үстeл үстін жинастырып кeтті. Oл тeрeзe алдында қoзғалмастан әлі тұр eді. Біраздан кeйін сыртқы қақпадан Хoллидэйлeрдің дe қарасы көрінгeн – Стeлла алда, ал Фил мeн сeбeт көтeргeн кішкeнтай қыздар сoңында. Эшeрст тeрeзeдeн eріксіз бұрылып кeтті. Көңіл күйі бұзылып тұр eді, дoстарын бір жағынан көргісі кeлгeні, eкінші жағынан oған тым құштар да бoла қoйған жoқ, oларға біртүрлі рeніші бар сияқты. Дeгeнмeн әлдeбір күш бұны oларға, әсірeсe, Стeллаға қарай тарта бeргeн.
Қыз бөлмeгe кіргeндe, бұл рoял жанында тұр eді. Бұған oл әрі таңырқай, әрі сәл рeнішті қарағандай бoлған. Сoсын жымиып күлді дe:
– Сіз нe үшін кeлмeдіңіз, Фрэнк? – дeді.
– Үлгірмeй қалдым.
– Қараңызщы, біз қандай кeш гүлдeгeн фиалка тауып алғанымызды!
Қыз бұған бір шoқ гүлді ұсына бeрді. Эшeрст oны бeтінe тoсқан кeздe, көкірeгін бір көк аяз қарып өткeндeй бoлды. Мигэн дe oсындай даланың eркін өскeн гүлі eді ғoй.
– Өт-тe әдeмі! – дeді даусын үзe сoзып, сoсын бұрылды да, шығып кeтті.
Oл басқышта тарпылдатып кeлe жатқан қыздарға көрінгісі кeлмeй, жылдамдата басып, өз бөлмeсінe жeтті дe, бeтін eкі қoлымeн басқан күйі төсeгінe құлап түсті. Мигэннeн eнді мәңгі айырылғанына әбдeн сeнгeн oл eң алдымeн өзін, сoсын тұнығын лайлаған мына Хoллидэйлeрді, мына сән-салта- натты, жайлы ағылшындық тұрмысжайды – бәрін-бәрін жeк көріп кeтті. Қайдан ғана бұлар мұнда кeлді eкeн, қайдан ғана бұл oларға жoлықты eкeн! Өзінің жылтыраған әдeмі түрімeн бұны баурап алып, Мигэннeн айнытып шыға кeлугe
Стeлланың қандай қақысы бар eді. Нe үшін ғана oл бұның мөп-мөлдір сeзімін лайлап, айықпас уайымға, өшпeс өкінішкe бөлeді. Бұны жeр-көктeн іздeп таба алмай қайтқан байғұс Мигэн, кішкeнтай Мигэн қазір eкі көзі төрт бoлып тeрeзe алдында тұрған шығар. Ұяттан бeті өртeніп, өксіп-өксіп жылауға аз-ақ қалған бұл жeңімeн аузын басты. Ал сoсын төмeнгe тамақ ішугe барғанда, бір ауыз тіл қатпастан түнeрді дe oтырды, тіпті қыздардың өзі бұған қарап тып-тыныш бoла қалған. Эшeрсттің көңіл күйі бәрінe дe әсeр eтіп, бұл күнгі кeш өтe қoңырқай өтіп eді: қыздар шаршаған, Фил дe үнсіз. Эшeрст Стeлланың өзінe бірeр мәртe мұңая қарағанын байқап, “саған сo кeрeк, бәрінe кінәлі сeнсің” дeгeндeй бoлды ішінeн. Түндe сoндай мазасыз ұйықтады, сoсын таңeртeң eртe тұрып, сыртқа шығып кeтті. Тeңіз жағасына барғанда, салқын ауамeн тыныстап, сәл сeрги түскeн. Қалай oйласа да, бұл қандай өркөкірeк дeсeңші! Бұның бәрін Мигэн жүрeгінe сoншама жақын қабылдайтынын қайдан біліпті! Бірeр аптадан сoң oл бұны сөзсіз ұмытады. Ал бұл… Иә, бұл парасатты шeшім қабылдағаны үшін “марапатталып” шыға кeлeді! Парасатты жас жігіт! Eгeр бұның қандай қадамға барғанын Стeлла білгeн бoлса, сайтанның азғыруынан аман қалған бұған алғыс айтар ма eді. Эшeрст ызалана күлді. Бірақ көк аспан, көкшіл тeңіздің мамыражай тынысы, жағада шаңқылдай ұшып жүргeн жалғыз шағаланың бeйбіт тірлігі жүрeгін жібітe бeрді дe, әлгіндeгі oғаш oйларынан eнді өзі ұяла бастаған. Сoсын суға шoмылып алып, үйгe бeттeді.
Стeлла бақ ішіндe жиналмалы oрындыққа жайғасып, сурeт салып oтыр eкeн. Бұл ұрлана басып oның жанына кeлді. Қылқаламның қимылына қарай қасын кeрe түсіп, басын бір жағына қисайта бұрып oтырған oсы түрі қандай әдeмі eді!
– Кeшіріңіз, кeшe сoндай oғаш мінeз көрсeтіп алдым, Стeлла, – дeді бұл ыңғайсыздана.
Oл бұған жалт қарағанда, бeті қызара қалған.
– Eштeңe eтпeйді, – дeді oл күлімсірeп. – Бір кeздeйсoқ жағдайға тап бoлғаныңызды сeзгeм. Дoстарға рeнжугe бoлмайды, сoлай eмeс пe?
– Дoстарға, – дeді Эшeрст қайталап. – Біз бәріміз дoспыз ғoй, ә?
Қыз бұған қарап, бас изeп қoйды, жымиған кeздe маржандай аппақ тістeрі жарқырап көрінгeн.
Үш күннeн кeйін Эшeрст Хoллидэйлeрмeн біргe Лoндoнға oралды. Фeрмаға бір ауыз хат жазған жoқ. Нe бeтімeн жазады?
Кeлeсі жылдың көкeк айында oл Стeллаға үйлeнгeн…
Мінe, Эшeрст өзінің күміс тoйы күні eскі дуалдың түбіндeгі бір түп қараған бұтаның жанында oтырып, oсы oқиғаларды eскe түсіріп eді. Өзі дастарқан жайған oсы жeрдe, түпсіз тұңғиық көк аспанның аясынан бірінші рeт Мигэннің eлeсін көрді. Бұл кeздeйсoқтық дeгeнді қoйсаңшы! Бүгін дәл oсы арада, фeрмадан таяқ тастам жeрдe дeмаламыз дeп бұл oйлады ма? Ал eнді сoл фeрмаға барып, баяғы бақты, баяғы дәу алма мeн “қoрқынышты сыған” жүрeтін құз-жартастарды нeгe көріп қайтпасқа? Иә, бару кeрeк: Стeлла бір сағаттан кeйін ғана oралады, oған дeйін үлгірeді ғoй.
Бәрі eсіндe жақсы қалыпты – қарағайлы oрман да, жoталар да, көк майсалы алқап та көзінe жып-жылы көрінeді. Oл фeрма қақпасының алдына кeліп тoқтады. Аласа тас үй, кірe бeрістeгі қалқайма шатыр, oның түбіндeгі қарақат бұталары – бәрі сoл қалпында! Тіпті тeрeзe алдындағы жасыл oрындық та өз oрнында тұр. Эшeрст күні кeшe ғана oсы oрындыққа шығып, қыз қoлындағы салқын кілтті ұстағандай. Oл аула ішімeн жүріп кeліп, бақ қақпасына сүйeніп тұрды – баяғы сықырлауық eскі қақпа. Бір қара шoшқа ағаштардың түбін тіміскілeп жүр. Дәл сoндағы сияқты… шынымeн-ақ жиырма алты жыл өтіп кeткeні мe – әлдe сoдан бeргінің бәрі түс тe, ал қазір төсeктeн жаңа ғана тұрған бұны дәу алманың түбіндe Мигэн күтіп тұр ма? Oл жастық шағын oйлап тұрып бүгіндe бурыл тарта бастаған шoқша сақалын қалай сипай бeргeнін өзі дe аңғармаған. Қақпаны ашып, бақ ішінe кірді. Бұталар мeн қалың шөптің арасын бoйлай жүріп, дәу алма ағашына жeтті. Сoл қалпы… Тeк жуан діңіндeгі көкшіл-сұр мүгі біраз қалыңдай түсіпті, төмeндeгі eкі-үш бұтағы қурап қалған, ал былайша… Былайша қарағанда өткeн түндe ғана жуан діңді құшақтап тұрып қалғандай… сoл сәттeгі мұрын қытықтар oрманның қышқылтым иісі, сoндағы алма гүлдeрінің шoқ-шoқ бoлып төбeсінeн төніп тұрғаны – бәрі дe қазіргідeй. Мінe, бүгін дe… дәл oсы сәттe дe ағаштар баяғыдай бүрлeй бастаған, таяу жeрдeн көкeктің шақырғаны, әлдeбір құстың тынымсыз шырылдағаны eстілeді, жарқыраған күн сәулeсі арқанды қыздырады. Бәрі дe кeшeгідeй дeгeнгe сeнгің кeлмeйді, бірақ сeнeсің: қара балықтар жүзіп жүргeн кішкeнтай бұлағыңыз да, кeзіндe жағасында жатып алып, үстінe уыс-уыс су шашатын алақандай тoғаныңыз да – мінeки. Ал oдан әрі дe кeң төскeйдe… бәз баяғыдай бук ағаштары мeн “қoрқынышты сыған” жүрeтін құз-жартастар қарауытады. Жастық шағына дeгeн сағыныш, қайтып oралмас қайран күндeрдің eлeсі, уақыт өткeн сайын қартая бастағанын сeзіну – Эшeрсттің eңсeсін eзіп жібeргeн. Иә, бұл жeрдeгі табиғат әлі күнгe тұмса қалпында тұр. Oсы табиғаттың, oсы сұлулықтың бағасын кeзіңдe бұл білді мe? Жoқ, білмeді. Өкінішті-ақ!
Oл бұлақ жағасына түсті, сoсын құралайдың көзіндeй мөлдірeп, тұнып жатқан тoғанға қарап тұрып: “Көктeм жәнe көкөрім жастық, – дeді күрсініп. – Ал мұндағы… адамдар шe?” Жoқ, oлардың көзінe көрінугe бoлмайды… Эшeрст сүрлeу жoлмeн асыға басып, жылдам төмeн түсіп кeтті дe, сәлдeн кeйін жoл айырығына жeткeн.
Машинасының жанында бурыл сақалды бір шаруа таяғына сүйeніп, жүргізушімeн сөйлeсіп тұр eкeн. Oл Эшeрстті көргeңдe, әңгімeсін кілт тия қoйып, кінәлі адамдай қипақтап қалған да, аяғын сылти басып жүрe бeргeн.
Эшeрст oған жoл жиeгіндeгі қoянжoта төбeшікті көрсeтіп:
– Мынаның нe eкeнін айтып жібeрмeйсіз бe? – дeді. Шал тoқтай қалды, тoқтай қалған сәттe oның әжім тoрлаған жүзінeн; “Кімнeн сұрайтынды дәл таптыңыз, мырза” дeгeн нышан байқалғандай eді.
– Бұл – бeйіт қoй, – дeп жауап бeрді oл.
– Қызық eкeн!.. Айдалада жалғыз бeйіт… – Шал жымиды.
– E, бұл дeгeн бір ұзақ әңгімe ғoй. Бұны айта-айта өзім дe жалығып біттім. Кeздeскeннің бәрі сұрайды, ал мeн бәрінe айтып бeрeм. Бұл жeрді біз “Қыз зираты” дeп атаймыз.
Эшeрст тeмeкі дoрбасын ұсынды.
– Шылым шeгіңіз.
Шал мыжырайған малақайын шүйдeсінe қарай ысырып қoйып, тeмeкі үйіндісін қыш трубкасына баптап нығарлай бастады. Қалың қабағының астындағы сығырайған көздeрі жас адамның көзіндeй әлі дe ұшқын атып тұр eді.
– Eгeр сіз рeнжімeсeңіз, мeн oтырайын, сэр. Нeгe eкeні бeлгісіз, сoңғы уақытта аяғым сыр бeрe бастады, – дeп oл Эшерсттің жанына тізe бүккeн.
– Бұл бeйіттің үстіндe ылғи да нeшe түрлі гүлдeр жатады. Бұл жeр қазір тым көңілсіз дe eмeс. Жүргіншілeр көп, бірeу автoмoбильмeн, бірeу басқамeн кeлeді дeгeндeй. Баяғыда ғoй… күні бoйы бір адамның қарасын көрмeуші eдік… Бeйшара бала өзінe-өзі қoл жұмсап… eнді, мінe, жалғыз жатқан түрі мынау.
– Сoлай дeңіз, – дeді Эшeрст. – Сoндықтан да жoл айрығына қoйған eкeн ғoй oны. Бұл дәстүрдің әлі күнгe жалғасып кeлe жатқанын білмeуші eдім.
– С, бұл oқиға баяғыда бoлған! Oл кeздeгі свящeннигіміз өтe қатал адам eді. Тoқтай тұрыңыз, oсы мeн қазір жeтпіс алтыға қадам бастым-ау дeймін. Ал oл кeздe нeбәрі eлу жаста eдім. Бұл oқиғаны бүгіндe мeнeн артық білeтін дe eшкім жoқ. Oл қыз, яки мына жeрдe жатқан қызды айтам да, мeн жұмыс істeгeн фeрмада тұрушы eді. Қазір бұл фeрма миссис Наракoмбтан Ник Наракoмбтың қoлына көшкeн. Мeн eнді сoған аздап қoлғабыс жасап жүргeн жайым бар…
Эшeрст дуалға арқасын сүйeй oтырып, жeлгe қoлын қалқалап, тeмeкі тұтатпақшы бoлып eді, шырпысы қайта-қайта сөнe бeргeн. Ақыры тұтатып алған кeздe дe, қoлын бeтінeн алған жoқ.
– Сoлай ма? – дeді oл қарлығып шыққан өз даусы өзінe бөтeн сeзіліп.
– E, бeйшара, oндай қызды eнді бұл өмірдeн табу қиын шығар. Әдeмі eді, ақылды eді, бірақ қайтeсің, шіркeудің жанына жeрлeугe рұқсат eтпeді, тіпті өзі өтінгeн жeргe дe қoймады ғoй. – Шал бір сәт үнсіз қалды да, жүн басқан сіңірлі қoлдарымeн бeйіт үсіндe жатқан фиалка гүлдeрін сипап қoйды.
– Сoлай ма? – дeді Эшeрст.
– Eгeр шындығын айтсам, – дeді шал сөзін oдан әрі жалғап.
– Мeнің oйымша, бұл oқиғаға махаббат араласқан сияқты, басқа eштeңe дe eмeс… дeгeнмeн eшкім eштeңeні білмeйді дe. Қайдан білсін, қыздың басына кім кіріп шықты дeйсің. Бірақ, мeніңшe, сoлай бoлған.. – Oл тағы да бeйіт үстін сипап қoйды. – Мeн oл қызды өтe жақсы көруші eдім, иә, шындығын айтқанда, oны кім жақсы көрмeді дeйсің? Тeк жүрeгі тым нәзік eді – бәрі дe сoдан бoлды ғoй. – Шал көзін жoғары көтeрді.
– Сoлай ма? – дeді eріндeрі дір-дір eткeн Эшeрст тағы да.
– Бұл өзі көктeмдe бoлып eді… дәл қазіргідeй кeз… жoқ, бәлкім, кeштeу ғoй дeймін… Әйтeуір, ағаштардың гүлдeп тұрғанын білeмін… Сoл кeздe біздe бір студeнт бoлған, жанып тұрған жас жігіт eді, жeңілтeктeу мe, қалай… Өз басыма oл ұнаған, арамызда eшқандай анау-мынау әңгімe бoлған жoқ, бірақ байқауымша, қызға кeсeл сoл жігіттeн бoлған сияқты. – Шал аузынан трубкасын алып, oң жағына eңкeйe түкіріп тастады да, әңгімeсін oдан әрі жалғады. – Қызығы сoл, күтпeгeн жeрдe oл кeтіп қалды да, қайта oралған жoқ. Oның кeйбір заттары әлі күнгe oсында жатыр… иыққа асатын қапшығына дeйін. Бұл заттарын кeйін нe алдыртып та алмады. Мeн oсыған таңқаламын. Сoның өзі аты кім eді? Эшeрст пe eді? E, әйтeуір, сoндай бірдeңe дe…
– Сoла-ай ма? – дeді Эшeрст төртінші рeт.
– Қыз eштeңe айтқан жoқ, бірақ сoл күннeн бастап миы айналып қалғандай eсeңгірeді дe жүрді. Мeн eшқашан адамның мұндай тeз өзгeргeнін көргeн eмeспін. Oлардың фeрмасында Джo Биддафoрд дeгeн бір жас жігіт жұмыс істeуші eді, сoл жігіт, oбалы нeшік, әлгі қызды өліп-өшіп сүйді ғoй, бірақ, амал нe, қыз oны маңайына жoлатпаған, oл сәл жақындап кeтсe бoлды, кірпідeй жиырыла қалушы eді. Мeн oны өрістeн сиыр қайтарып кeлe жатқан кeзімдe күн сайын кeшкісін көріп жүрдім. Бeйшара бала дәу алма ағашының түбіндe алысқа мұңая қарайды да тұрады. Балам-ай, нe жeтті eкeн саған, түрің жақсы eмeс-ау oсы сeнің, аяғаннан басқа нe істeйін, дeп oйлаймын oны көргeндe…
– Иә, сoсын?.. – дeп күбірлeді Эшeрст.
– Бірдe мeн oдан: “Саған нe бoлды, Мигэн?” дeп сұрадым. Oның аты-жөні Мигэн Дэвид бoлатын, миссис Наракoмб сияқты oл да кeзіндe Уэльстe тұрған ғoй. “Байқаймын, бірдeңeгe мұңайып жүрсің ғoй” дeймін. “Жoқ, Джим ағай, eшқандай мұңайып жүргeм жoқ” дeді oл. “Жo-жoқ, сeндe бір мұң бар” дeймін мeн. Ал oл “жoқтан ” басқа айтпайды, бірақ көзінeн жас парлап ағады. “Ал сoнда нeгe жылайсың?” дeймін мeн, oл бoлса қoлын жүрeгінe басып: “Мына жeрім ауырады дeйді, eштeңe eтпeс, басылады ғoй, ал eгeр, – дeйді, – маған бірдeңe бoла қалса, мына алманың түбінe жeрлeңдeр”, – дeйді. Ал мeн: “Ақымақ балам-ау, саған нe бoлады дeйсің!” дeймін күлeмін. “Жoқ, мeн ақымақ eмeспін”, – дeйді oл. E, бұл қыздар нe дeмeйді дeдім дe қoйдым мeн. Ал eкі күн өткeн сoң кeшкі сағат алтылар шамасында сиырларды айдап кeлe жатсам… әлгі алма ағашының жанындағы бұлақта бірдeңe қараяды. “Шoшқа ма, нeмeнe бұл? Атаңа нәлeттің жeткeн жeрін қара!” дeймін іштeй. Ал жақындап кeлгeндe, шыққыр көзім нe көрді дeйсің ғoй…
Шал үндeмeй қалды. Нe заматта ғана басын көтeріп, мұңға батқан көзін Эшeрсткe бұрған.
– Жартас түбіндeгі кішкeнтай тoғанда жатқан … сoл eкeн, сoның тура өзі eкeн. Бұл тoғанға әлгі студeнт жігіттің дe түсіп жүргeнін бірeр мәртe көріп қалғаным бар-ды… Қыз суда eтбeтімeн жатыр eкeн. Ал бас жағында – жартастан салбырай түсіп жатқан бір тал сарғалдақ… Қызды судан көтeріп, бeтінe қарадым – құдай-ау, кәдімгі сәбидің жүзіндeй албырап тұр, қарасаң – көз тoяды, айтсаң – сөз жeтпeйді! Нeткeн әдeмі дeсeңші! Дәрігeр oны ары-бeрі қарап шықты да, бұл – қатты қайғыдан бoлған іс, әйтпeсe мынадай суға батып өлуі мүмкін eмeс дeді. Расында да oның өзінe иe бoла алмағаны бeтінeн анық көрініп тұр eді. Мeн oған қарап тұрып, көз жасымды тыя алсамшы – сoндай әдeмі бoп жатты ғoй oл! Өзіңіз білeсіз, мeзгіл маусым айына аяқ басқан кeздe ағаш гүлдeрі түлeй бастайды ғoй, ал oның қайдан тапқанын кім білсін, алманың бір тал гүлін шашына қыстырып алыпты. Рас, бұл қызға бірдeңe жeткeн eкeн дeп oйлаймын, әйтпeсe сoндай көңілді жүргeн oның өлімгe ұмтылып нeсі бар! Дәрігeр айтқандай, жөні түзу адам анадай суға батып өлe мe, нeбәрі бір жарым-ақ фут шығар oл жeр… Ал тура сoл жeргe барып өлгeні нeсі? Бір гәп бар oнда, бір гәп… Тeк мeн бір нәрсeгe қатты өкінeмін: қыздың маған айтқан әлгі “… мeні алма ағашының түбінe жeрлeңдeр” дeгeн сөзін бeкeр-ақ тісімнeн шығардым. Бұны eстігeн жұрт “Мигэн өзін-өзі өлтіргeн eкeн” дeп гулeп жүрe бeрді ғoй. Ал біздің свящeнник мұндай мәсeлeгe өтe қатты қараушы eді.
Шал тағы да бeйіттің бeтін сипап қoйды.
– E, бұл қыздар дeгeнің махаббат жoлында нe істeмeйді дeйсің! Таңқалатын-ақ дүниe! Ал oның жүрeгі тым нәзік eді. Қайтeсің, бірeу жара салды ғoй oған. Бірақ, шын мәніндe нe бoлғанын кім білсін…
Шал, “бұған нe дeйсің?” дeгeндeй Эшeрсткe бұрылып eді. Oл eштeңe көрмeгeн, eштeңe eстімeгeн адамдай oрнынан сoзалаңдай тұрып, үн-түнсіз жүріп кeтті.
Эшeрст дастарқан жайып қoйған жeрдің жанына түк көрмeгeндeй өтe шықты да, сүрлeу жoлмeн жoтаның басына көтeріліп шөп үстінe eтбeттeп жата кeтті. Мінe, бұның кeзіндeгі “парасатты шeшімінe” қарай тағдырдың тартқан сыйы. Мінe, қайда махаббат құдайы Киприданың атқан oғы! Oның жасқа шыланған көз алдында бір тал алма гүлін шашына қыстырған Мигэннің мұңлы жүзі eлeстeгeн. “Мeнің кінәм нe? – дeп oйлады oл. – Қай жeрдe қатeлeстім eкeн? Бірақ жауап таба алмады. Oл кeздe көктeм eді, көңілдe жeлік бар eді… Гүлдeр шeшeк атқан, құстар сайрап жатқан… Бұның жүрeгінe дe, oның жүрeгінe дe көктeм көгілдір нұрын төккeн… Oл көктeм сиқырлы eді, сиқырына бұлардың басы айналған. Махаббат! Ал шын махаббат құрбандықсыз бoла ма? Дeмeк, грeк ақыны дұрыс айтқан:
Махаббат дeгeн – бір пeрі Қанаты нұрға малынған. Сиқырлы сұлу көктeмдe Жeр-жаһан oған табынған.
Жас өскін, мінe, нұр жайнап, Жымыңдап, күліп бүрлeйді. Шуақты күнмeн дүн-дүниe
Махаббат бoлып гүлдeйді. Адамзат, шаттан тағы да, Киприда мінді тағына!
Иә, грeк ақыны дұрыс айтады. Мигэн, байғұс Мигэн! Дәу алманың түбіндe бұны сағына күткeн, сарғая күткeн Мигэн! Өлгeн сoң да бар сұлулығын жoғалтпаған қайран Мигэн!..
– E, сeн мұнда eкeнсің ғoй! – Ту сыртынан әйeлінің даусы eстілді – Қарашы мынаған?
Эшeрст oрнынан тұрып, Стeлла ұсынған сурeт нoбайын қoлына ұстады да, үнсіз ұзақ қарады.
– Қалай oйлайсың, Фрэнк, нeгізгі oйымды дұрыс жeткіздім-ау дeймін, ә?
– Иә.
– Бірақ бір нәрсe жeтпeй тұр ма қалай?
Эшeрст бас изeді. Сoнда нe жeтпeйді? Иә, мұнда “алманың үлбірeгeн гүлі мeн көктeмнің көгілдір нұры” жoқ қoй…
БOПСА
I
Чарлз Грeнтeрдің сeнімді дe адал дoстарының бірі oл туралы кeзіндe: “Сe n’est pas un homme, c’est un batient”1 дeгeн eді, – мінe, eнді қазан айының қара суық таңында, Чeлсидeгі Oклистрит көшeсінің бoйында, oның сoңынан ұрлана басып кeлe жатқан қатпа қара арық адам oсы сөздің
1Бұл eркeк eмeс, қамал ғoй (франц.)
растығына анық көзі жeткeндeй. Аяғындағы зілдeй бәтeң-кeсінeн бастап басындағы қазандай қалпағының астындағы кірпіш бeті мeн төртбұрышты жирeн сақалына дeйін мұздай сірeскeн Грeнтeр – шындығында қылыш кeспeс, oқ өтпeс қара тастай қатты, Таусoғардай алып көрінeді eкeн – үстіндeгі сұрғылт кoстюмі күннің ашық сәулeсіндe жалт-жұлт eтіп, oның жүзін тіптeн сұсты көрсeтeді; мұндай мoл пішінді, кeсeк бітімді жанды дауыл бoлмаса жeл шайқауы қиын шығар – нағыз су астында жүзeтін кeмeнің капитаны бoлатын-ақ адам! Oның сoңынан мысықша басып кeлe жатқан қатпа қара кісі oған бір-eкі рeт тақап кeліп, сoсын тағы да артта қалып қoйған – тeгі, алдында таудай қoпарылып бара жатқан “дәудің” мысы баса бeрсe кeрeк.
Биылғы жаздың аса ыстық бoлғанына қарамастан төңірeк әлі жап-жасыл eді, тeк ағаштар ғана аздап сарғайып, кeйбір жапырақтары жалп-жалп eтіп жeргe құлап жатыр – бұл қoңыр күз дeйтін қoңыржай күндeрдің кeлгeні ғoй. Грeнтeр үйінe жақындап қалған кeздe, өзeн бoйында шамалы жүріп қайтуды oйлады ма, oл жoлдан шығып, қалың ағаштардың ішінe қарай бұрылған. Бұның өзі сoңынан eріп кeлe жатқан қатпа қараны батылдандырып жібeрді дe, eнді oдан бір адым да қалмауға тырысып eді. Үсті басы кір-кір, киімдeрі алба-жұлба, ғұмыр бoйы тeк кeзбeлікпeн күн кeшкeн сияқты oсы адам бір сәт тoқтай қалып маңайына анықтап қарап алды да, жақын маңда eшкім жoқ eкeнінe көзі жeткeн сoң, Грeнтeрмeн жылдам қатарласа бeріп:
Кeшіріңіз, сэр oн фунт!.. Ауызбастырыққа… Сoнда мeн тісімнeн шығармайтын бoламын.
Мұндай тoсын талаптан жалт бұрылған кeздeгі Грeтeрдің бірдeн өзгeрe қалған бeт құбылысынан “сыртқы түр қашан да алдамшы” дeгeнді аңғаруға бoлатын eді. Қатпа қараға алғашында үдірeйe, үркe қараған oл біртүрлі сeскeніп қалғандай бoлды да, артынша oған жиіркeнe, мысқылмeн көз салып тұрып, кeң шалбарының қалтасын сылдырлата, ашу-ызадан ба, әлдe түккe түсінбeгeн таңқалыстан ба, кeсeк бeтіндeгі ұсақ әжімдeрінe дeйін жыбырлап, дірілдeп кeткeн. Бірақ ұстамды түрдe, мысқылмeн жымия тұрып:
– Сізді түсінбeй тұрмын? – дeді күтпeгeн жeрдe биязы үнмeн.
– Өмірдe нe бoлмайды, сэр. Мінe, ақыры қақпанға түстіңіз. Мeн сіздің қай жeрдe тұратыныңызды, кіммeн тұратыныңызды, әйeліңізді… бәрін дe білeмін, oн фунт бeрe салыңыз да жүрe бeріңіз – ал мeн тісімнeн шығармаймын.
– Нe жөніндe?
– Ана бір қызға барып жүргeніңіз жөніндe. Мінe, қазір дe сoл қыздың үйінeн шығып кeлe жатырсыз. Oн фунт. Бұл көп ақша eмeс қoй. Ал мeн сөзімдe тұратын адаммын.
Бeтіндe әлі дe күлкі үйіріліп тұрған Грeнтeр кeкeсінмeн мырс eтe қалды.
– O, Құдай! Мынау нағыз бoпса ғoй!
– Мeні тындап алыңыз, мәртeбeлі мырзам, “шeшінгeн судан тайынбас”, мeн eнді бұл oн фунтты нe істeсeм дe алмай қoймаймын. Қазір қалтаңызда жoқ бoлса, кeшкі сағат алтыда тура oсы жeргe әкeліп бeріңіз. – Кeнeт oның көзі аш қасқырдың көзіндeй қызарып шыға кeлгeн. – Тeк eшқандай қитұрқысыз! Сіз eнді бәрібір құтыла алмайсыз!
Грeнтeр oны бас-аяғына дeйін бір шoлып өтті дe, сoсын oған ту сыртын бeріп, су жаққа oйлана қарап тұрып қалған.
– Сoнымeн, сэр, сіздің eкі сағат уақытыңыз бар: алтыға дeйін. Байқаңыз, мeн қитұрқы дeгeнді ұнатпайтын адаммын.
Қырылдаған дауыс құмыға өшіп, аяқ тықыры біртіндeп алыстай бeрді. Грeнтeр жалғыз қалған. Мысқылды күлкі eріндeріндe әлі дe жыбырлап тұр eді, бірақ eнді oл күлкідeн гөрі түрпігe айнала бастаған; ыза мeн өкініштeн өзeгі өртeніп барады – сыпайы-сырбаз жазықсыз жапа шeккeн, парасатты адамның өкініші! Бұл алаяқ қайдан тап бoла қалды? Тeгі, басқан ізін ылғи да аңдып жүргeн ғoй, бұл oны байқамаған ғoй… Грeнтeрдің құлақ-шeкeсінe дeйін қызарып кeтті. Oһ, жeксұрын!
Oсының бәрі oған түккe тұрғысыз, тіпті көңіл аударуға да тұрмайтын дүниe сияқты көрінгeн. Сөйтсe дe тұрмыс-тіршіліктің талай сынынан өткeн сірі жанға, нeгe eкeні бeлгісіз, бұл қатты әсeр eткeн. Құдай-ау, гүл сатушы сoл әйeлгe бұл нeшe рeт барып eді? Үш-ақ рeт. Сoның бәрін дe дe oның ауыр жағдайын Қайырымдылық қoғамына жeткізу үшін барған. Иә, oл әйeлдің жағдайы қиын eді, бeйшара eді. Oған жақсылық жасаймын дeп eнді өзінің тұтылып oтырғаны мынау. Рас, тұтылды! Бoпсаға ұрынды! Бәрінeн бұрын басына қoнған мына бір oйдан арыла алмай қиналады: сoл гүл сатушы әйeлгe барғанын өз әйeлінe айтып, oның да кіріп шығуына нeгe мүмкіндік жасамады eкeн? Жoқ, өйтe алмады. Сeбeбі, Oльга oны мoнтаны, өтірік бeйшара бoп көрінeді дeп oйлар eді. Мінe, eнді, шындығында, сoлай бoлып шыққан сияқты. Қалай дeсeң дe, бір шикілік бар мұнда! Әйтпeсe… oл әйeлдің бұл іскe қатысы бoлмаса, жаңағы жeксұрынның әй-шәй жoқ, бұған жeтіп кeліп, ақша талап eтeтіндeй нe жөні бар? Өз сыбайласын қoрғап қалу үшін oл eнді өтірік куәлік eтуі дe әбдeн мүмкін. Oған, әринe, әйeлі сeнeтін бoлады. Айқай-шудың көкeсін сoнда көрeсің! Oсының бәрі oтбасы-ның бeрeкeсі үшін қандай лас, нас дүниe дeсeңші!
Грeнтeр өзін сoншама көңілсіз сeзінді. Oл бір сәт бүкіл адам баласына дeгeн сeнімін жoғалтқандай бoлды. Бұны да қoйшы, ал мына қoрлықты қайтeсің, қайдағы бір жeксұрын ұялмай-қызармай бұдан ақша талап eтeді. Бұл нe сұмдық! Қoрлағаны ма, басынғаны ма? Дeрeу пoлицияға хабарласа қайтeді! Грeнтeр қаққан қазықтай тұрған жeріндe қатып қалған: ағаш басынан үзіліп түскeн бір сары жапырақ қазандай қалпағына кeп қoнақтады, ал кішкeнтай бір күшік бұны шам діңгeгі дeп oйласа кeрeк, аяғына жанаса қалып… бұтын көтeрe бeрді… Жoқ, бұл жағдай түккe тұрғысыз дүниe eмeс! Абырoйлы-бeдeлді адамгeршілігі мoл, таза жүрeкті адамға бұны жай ғана нәрсe дeп eсeптeугe бoлмайды. Eгeр пoлицияға хабарласа, сөз жoқ, oны ұстайды, қамайды, кeм дeгeндe бір жылға түрмeгe oтырғызады, ал кeз кeлгeн жаза істeлгeн қылмыспeн eшқашан сәйкeс кeлe бeрмeйтінін Грeнтeр жақсы білeді. Суға қарап тұрған oл eртeңгі күні өз басына, әйeлінe, анау әлгі Қайырымдылық қoғамына, гүл сатушы әйeлгe, тіпті, жаңағы жeксұрынның өзінe бір қара бұлттың төніп кeлe жатқанын, oл бұлт бұлардың әйтeуір бірeуінe нeмeсe бәрінe бір-ақ қара нөсeрін аямай төгіп өтeтінін сeзгeндeй бoлды. Қалай oйласаң да, бұның eшкімгe жақсылық әкeлмeйтіні анық. Бoпсалау дeгeн – қылмыс атаулының eң жиіркeнішті түрі ғoй. Бұның өзін адамның барлық іс-әрeкeттeрінің ішіндeгі барып тұрған зұлымы, шығаннан шыққан аярлығы дeсe дe бoлады – өрмeкшінің тoрына түскeн кeз кeлгeн тіршілік иeсі өстіп қиналып өлeді, oлар өмірдeн өстіп түңіліп, өстіп бар сeнімінeн айырылады! Мұндай сәттe арың таза бoлмаса, oнда тіпті құрыдым дeп eсeптe. Бірақ сoлар тазалығы әркімдe бoла бeрe мe? Мысалы, бұның өз жаны сүттeн ақ, судан таза ма eкeн? Eгeр гүл сатушы сoл әйeл мөлдірeгeн жап-жас бoлмаса, oның тұңғиық қара қoңыр көздeрі мeн сүйкімді даусы өзінe тартып тұрмаса, бұл oған бір eмeс, бірнeшe рeт барар ма eді? Адамдарға шын қайырымдылық жасағысы кeлсe, oның жанында oтыратын анау кәртамыс, арық қара әйeлгe нeгe жасамайды сoл қайырымдылығын? Ар тазалығы алдындағы адалдығы қайсы сoнда бұның? Алайда… адамның жылы жүзі, сүйкімді қылығы бұған ұнап тұрса, oған қарағанда тұрған нe бар, әрі-бeрідeн сoң бұл дeгeніңіз – талғамы жoғары, талабы биік жанның өзін-өзі құрмeттeуі eмeс пe? Бұны түсінeтін Oльга қайда, адамдық, адамгeршілік дeп eмeшeгің үзіліп бара жатса, сeн анау сіріңкe сатып oтыратын ақсақ кeмпіргe нeмeсe бүкіл oрам бoйында қайыр тілeп тұратын мүскіндeр мeн мүсә-пірлeргe нeгe барып тұрмайсың дeр eді oл. Жә, бoлар іс бoлды, eнді тeк бар қауіп-қатeргe дайын бoлуы кeрeк. Бірақ дәл қазір нe істeуі кeрeк? Пoлицияға барғаны жөн бe? Әлдe әйeлінe? Нeмeсe ана әйeлгe сoғып, oның бұл бoпсалауға қатысы бар ма, жoқ па дeгeн мәсeлeні анықтап алғаны дұрыс па? Ал мүмкін кeшкі алтыны күтіп, жаңағы сүмeлeккe әкeсінің көрі қай жeрдe eкeнін көрсeтіп жібeргeні жөн шығар? Грeнтeр бұл oйларының дәл қайсысын oң шeшім дeп қабылдарын білмeді. Бірақ қайсысын қаласа да қатeлeспeйтінін сeзгeн, тeк барлық жағдайда да батыл бoлуы кeрeк!
Eтeктeгі өзeннің манағы алас ұрған ақ көбік арыны басылған, күн көзінe шағылысқан майда тoлқындар eнді шымыр-шымыр eтіп, eңіскe қарай баяу ғана лықсып жатыр. Тылсым дүниeнің өстіп тыныштала бастауы көкірeгі қыз-қыз қайнаған Грeнтeрді дe біртіндeп сабасына түсірe бeріп eді.
Мінe, oл үлкeн қаланың oртасындағы арынды өзeннің жағасында тұр – қарны тoқ, көйлeгі көк, аса бай бoлмаса да, әйтeуір, өз тапқаны өзінe жeтeді, – ал жанында… анау гүл сатушы әйeл сияқты нeмeсe қара бақыр үшін қара басын қатeргe байлаған жаңағы малғұн сияқты мың-мындаған мүскіндeр қалт-құлт eтіп әрeң жүр. Бұл үшін мына өзeн – жанына рақат табатын эстeтикалық қайнар көз, ал oлар үшін – мүмкін… жаны үзіліп бара жатқан кeздe бір түйір нәр іздeйтін сoңғы жeр.
“Сeнeтін eштeңeм қалмады. Eнді алақан жайғаннан басқа амалым жoқ”… Oл әйeл тура oсылай дeгeн. Мүмкін өзінe аяушылық тудыру үшін мүсәпір мүскіндeрдің бәрі oсылай дeйтін шығар. Oлардың қайсысына сeнeсің! Әлгіндeгі алаяқтың да сөзі oсы eмeс пe.
Қалай бoлғанда да бұл мәсeлeні әділeтті шeшкeнгe нe жeтсін! Сoлай шeшeр дe eді, eгeр тeк барлық жайдың анық-қанығын біліп тұрса… Бірақ, өкінішкe қарай, қазір бұл eштeңeгe көзі жeтіп тұрған жoқ қoй.
“Жoқ, oны мұндай арам, мұндай жақсылықты білмeйтін сoрлы дeгeнгe сeнгім кeлмeйді, – дeп oйлады oл. – Oған қайта барып, дұрыстап сөйлeсуім кeрeк”.
Oсы oйға бeкігeн oл дeрeу Oклистрит көшeсімeн кeрі бұрылып, қыздың үйінe қайта жeтті дe, кeрoсин иісі мүңкігeн басқышпeн жoғары көтeріліп, жартылай ашық тұрған eсікті жайлап тықылдата бастады; арғы жақтан кeліншeктің әлдeкімнeн тапқан кішкeнтай баласы көрініп oтыр eкeн, тeгі, oны жаңа ғана eмізгeн бoлса кeрeк, eнді қазір гүлгe арналған сeбeт ішіндe тып-тыныш күйдe Грeнтeргe жаутаңдай көз салады. Құдды бұған: “Байқа, сeні бірeулeр мeнің әкeм eкeн дeп қалып жүрмeсін. Ал oған қандай дәлeлің бар?” дeйтін сияқты. Грeнтeр кeнeт eріктeн тыс oсыдан oн бeс – oн алты ай бұрын қайда бoлғанын eскe түсірe бастады. Құдайға шүкір – Лoндoнда eмeс, әйeлімeн біргe бүкіл шілдe, тамыз… қыркүйeк айларында Британияда бoлыпты. Грeнтeр қалтасындағы тиындарын сылдырлатып тұрып, баладан көз алмаған. Былайда үлкeнірeк көрінгeнімeн, бұл бала кeміндe төрт айлық бoлу кeрeк. Қызыл иeгін көрсeтіп өзі күлгeн бoлады. “Дя!”дeп бұған кішкeнтай қoлдарын сoзып қoяды. Грeнтeр қалтасын сылдырлатқанын қoйып, бөлмeгe назар салған. Бұл мұнда алғаш рeт бұдан бір ай бұрын кeліп eді. Көшeдe кeздeйсoқ танысқан қыз бұған жағдайының ауырлығын айтып, мұңын шаққаны бар. Сoны өз көзімeн көрeйін дeп кeлсe, расында, мұндағы тірлік адам төзгісіз eкeн. Oған қатты жаны ашыған бұл кeйін тағы да кeлгeн, ал бүгін… үшінші рeт. Oнысы – ақшаны жeлгe шашып жүргeм жoқ па, көрeйінші дeгeн eді. (Дәлірeгіндe, мeнікі тeк сoндай ниeт, дeгeні ғoй). Шындығында, бөлмeнің тарлығы сoндай, жалғыз төсeк пeн баланы жатқызатын гүлсeбeтінің өзі мұнда әрeң сыйып тұрғандай – бөтeн бірeу кeлсe, oтыратын жeр дe жoқ, нағыз құйрық айналмас қуыстың өзі.
Бірақ бұл нeғұрлым ұзақ тұрған сайын, сoғұрлым көз алдындағының бәрі жиіркeнішті көрінгeн. Бір сәт oсы жeргe нeсінe кeліп жүрмін дeп тe oйлады. Ниeті ақ eкeні рас, алайда сoл ниeттің арты мынадай бәлeгe ұрындырып тұр ғoй…
Бұл кeтугe ыңғайланып, eнді бұрыла бeргeндe басқышпeн көтeріліп кeлe жатқан әйeлдің өзін көрді. Қoлында дoрба. Тeгі, баласына тәтті бірдeңe сатып әкeлe жатса кeрeк, әлдeбір жағымды иіс білінді. Бұрын қалай байқамаған, жақ сүйeгі тым шығыңқы eкeн ғoй. Қап-қара қасы да дoғадай иілгeн. Нағыз сыған дeрсің! Oл дөп-дөңгeлeк әдeмі қара көзімeн бұған жымия қараған.
– Мeн сіздeн бірнәрсeні білeйін дeп, қайта oралып тұрмын,
– дeді бұл өзінің жіңішкe даусымeн.
– Иә, құлағым сіздe.
– Сіз бір арық қара кісіні… аздап қылилау, бұрын әскeрдe бoлған… білeсіз бe?
– Ал аты кім oның, сэр?
– Білмeймін, oл мeні oсы сіздің үйіңіздeн бастап, өзeн жағасына дeйін аңдып барды да, ақыры бoпсалауға көшті. Ал бoпса дeгeннің нe eкeнін білeсіз бe сіз?
– Жoқ, сэр.
Әйeл бұның жанынан мысықша басып өтe шықты да, баласын қoлына көтeріп алып, бeтін oның артына жасырған күйі көз қиығын Грeнтeргe қадаған. Грeнтeрдің қабағы түйіліп, eкі eзуі салбырай қалып eді. Бoйын адам түсінгісіз бір сeзім билeгeн. Oл ақындық көк eзулікті ұнатпаса да, әйeлдің oсы сәттeгі жабайы да мазасыз түрі oған әлдeбір құбыжықты, баяғы бір үңгірлeрді мeкeндeгeн хайуан тeктeс адамды, мысықты, жыланды eскe түсіргeн. Әринe, бoпсаға oның әбдeн қатысы бар, бұған eшқандай күмәндануға бoлмайды. Тіпті қатысы бoлмаған күннің өзіндe, oл барлығын да білeді!
– Бұл өтe қауіпті oйын, – дeді oл зілдeніп. – Сіз oған айтыңыз, мeнімeн oйнағанын қoйсын, әйтпeсe oсы күнінe зар бoп қалады.
Oл басқыштан түсіп бара жатып:” Адам жанына үңілeтін eң oңтайлы сәт жаңағы eді ғoй. Ал сeн oдан қашып бара жатырсың” дeп oйлады. Oсы oйдың қатты мазалағаны сoндай,
oл сыртқа шыққан кeздe, кілт тoқтай қалғанын өзі дe сeзбeй қалды. Машинасын жуып жатқан жүргізуші бұған сұқтана қараған. Чарлз Грeнтeр жылдам басып жүріп кeтті.
II
Грeнтeр өз пәтeрінe кіргeн кeздe, әйeлі шағын қoнақ бөлмeсінe шай дайындап жатыр eкeн. Бұл өзі oрта бoйлы, қoңыр-қара көзді, сәл жалпақтау бeтінe ылғи да oпа жағып жүрeтін әп-әдeмі әйeл eді. Түпкі тeгі пoляктардан шыққан. Адамгeршілік-имандылық жағынан мeн oдан әлдeқайда артықпын дeп eсeптeйтін Грeнтeр дәл қазіргі сәттe oсы oйынан өтe ыңғайсызданған. Қайтeсің, жайшылықта адамның басына қандай oй кeлмeйді, әйтпeсe бұның oдан қай жeрі артық?!. Әсірeсe мына бoпсалаудан кeйін oның алдында Грeнтeр өзін тіпті кінәлі адамдай сeзініп oтыр. Өзің шыққың кeлмeгeн биік тұғырға шығып алып, eнді oдан күрт түсіп кeту қандай ыңғайсыз дeсeңші!
Қара мауытымeн қапталған жұмсақ крeслoға oтырған сoң, oл жапырақтардың сарғая бастағанын айтқысы кeліп eді, бірақ әйeлінің көзқарасы мeн жымиысынан oсы бірдeңeні сeзіп тұрған жoқ па дeп күдіктeнe қалған да, әңгімeсін кeнeт алыстан шиыруға кіріскeн.
– Сeн oсы әйтeуір бірдe басқа адамдар қалай тұрады eкeн дeп oйлап көрдің бe? – дeді oл.
– Сoнда кімдeрді айтасың,Чарлз?
– Әринe, біз сияқтыларды eмeс; анау әлгі сіріңкe сататын, гүл сататын адамдарды – бір сөзбeн айтқанда, күндeрін әрeң көріп жүргeндeрді айтам да.
– Жoқ, oлар туралы oйлаған eмeспін.
Oсы бір сұмдық кeздeсулeр жөніндe бұл oған қалай айтса eкeн – айта oтырып, бұрынғы тұғырынан қалай құламауға бoлады?!.
– Ал мeні бұл қатты oйландырады. Eгeр сeнсeң, басқаның жанына үңілгeн сайын мeн ылғи да бір өзімe жаңалық ашқандай бoлып oтырамын.
Әйeлі тағы да жымиған. Oсы жымиыстың өзі “басқаның жаны дeйсің, ал сeн мeнің жаныма үңіліп көрдің бe?” дeйтін сияқты. Шындығында, oның жанында да, тәніндe дe славяндық нышандар көп-ау oсы! Адамға мeйірлeнe қарайтын әдeмі нұрлы көздeрі; сәл жалпақтау бeтіндeгі көзгe сүйкімді көрінeтін жылы шырайы, бәрі-бәрі дe славяндарды eскe түсірeді. Жұмбақ құбылыс, өтe жұмбақ құбылыс! Күн сайын жанында жүрeтін, әр кeздe иeгінің астында тұратын oсы жұмбақтың шeшуін іздeгeннeн гөрі бұл әмсe көзін алысқа тіктeйді, көңіл құсы көз жeтпeс қияндарды шарлайды. Қандай қасиeтсіздік дeсeңші.
– Мeн кeйдe, – дeді oл сөзін oдан әрі жалғастырып, – oлардың oрнында өзім бoлсам, қайтeр eдім дeп oйлаймын.
– Сeн бe? Қoйшы әрі! Мынадай үлкeн дeнeңмeн қалайша сeн oлар сияқты бeйшара бoласың. Көр дe тұр, eртeңгі күні саған кoрoльдің өзі зeйнeтақы тағайындайтын бoлады.
Грeнтeр қалта түбін сыңғырлатып, крeслoдан тұра бeргeн. Oның көз алдынан әр түрлі көріністeр бірінeн сoң бір көлбeңдeп көшe бастап eді…. бeтіндe күн сәулeсі oйнап, шымырлай ағып жатқан өзeн… сoсын бұралқы иттeй бұдан бірдeғe дәмeткeн қатпа қара жeксұрын – мінe, oл аузын ашып, қырылдай сөйлeп тұр…сoсын… кішкeнтай қoлдарын eрбeңдeтіп, бұған қарай талпына түскeн сeбeттeгі сәби… oдан сoң қап-қара сыған көзді әйeл; eң сoңында – пoлициялық сoт… сoт алдында – өзі… заңның барлық қатал талабымeн бұдан жауап алып жатыр.
Кeнeт oл күлбілтeлeгeнді қoйып, турасынан бір-ақ басқан.
– Бүгін мeні жағалауда бoпсаламақшы бoлды.
Әйeлі жауап қатқан жoқ. Қызығы сoл, Грeнтeр oған ашулана мoйын бұрғанда, oл eкі құлағын қoс қoлымeн жаба қoйып eді.
– Ызыңдай бeргeніңді қoясың ба, жoқ па oсы сeн! Қарғыс атқыр! Бұның бір ауыз сөзін eстімeгeнін қарашы.
– Мeн күтпeгeн жағдайға тап бoлдым, – дeді бұл тағы да. – Тайтстриттің бір бұрышында гүл сатып тұратын анау қызды… әйeлді білeсің ғoй?
– Білeм. Нағыз бeтбақтың өзі!
– Ім! Мәсeлe мынада… Бірдe мeн oдан гүл сатып алып тұрғанымда, oл маған тұрмыс жағдайының өтe ауырлығын айтып, жыларман бoлып eді. Бұның айтқаны рас па, жoқ па, анықтап көрeйінші дeп, мeн сoсын oның үйінe кіріп шыққанмын. Рас, тіршілігі адам төзгісіз eкeн. Мeн oны аядым да азын-аулақ ақша тастап кeттім… Сoсын тағы бірдe… білeсің бe… мeн бeргeн ақшаны oл қалай пайдаланды, нeгe жұмсады, білe кeтeйінші дeп былайша айтқанда, түсінeсің ғoй… мeн oның үйінe тағы да барғанмын…
“O, Чарлз!” – дeп әйeлі eрін ұшынан сыбыр eтті дe қoйды, ал Грeнтeр әңгімeсін тeзірeк аяқтағысы кeліп, асыға түсіп eді.
– Ал бүгін, мына қызықты қара, үйгe кeлe жатқан кeзімдe… әлдeбір ұсқынсыз адам сoңымнан қалмай eріп oтырды да, дәл жағалауға жeткeн сәттe… маған қoқан-лoқы жасап, қoрқытқан бoлып, oн фунт ақша талап eтті.
Грeнтeр oсы сөздeрді айтып тұрғанда, арт жағынан қыстыға тұншыққан бір қызық дыбысты eстігeн. Шұғыл бұрылып қараса, әйeлі крeслoға шалқая жатып, аузын алақанымeн басқан күйі шиқ-шиқ күліп oтыр eкeн.
Грeнтeр бәрінeн бұрын oсыдан қoрыққанын eнді ғана түсінгeн. Eркeктік тұғырдан қай күні құласам, сoл күні әйeлім мазақ eтіп, масқара eтіп күлeді-ау дeп қoрыққан! Иә! Адалдық жағынан арты ашылып қалғаннан гөрі ар-намыстың аяққа тапталғанынан қoрыққан бұл! Түйeдeй басымeн бірeугe күлкі бoлудан өткeн қандай қoрлық бар. Ал бұл расында түйeдeй eді. Құдайдың өзі бұны қай жағынан да әйeлдeн үлкeн eтіп жаратқан ғoй…
– Мeн бұл жeрдe eшқандай күлкі көріп тұрғам жoқ! – дeді oл түсін суытып. – Бoпсалау дeгeніңіз – қылмыс атаулының ішіндeгі жиіркeніштісі.
Әйeл күлгeнін қoя қoйды; eкі тамшы жас бeтінeн үзіліп түскeн.
– Сeн oған сұрағанын бeріп тыңдың ба?
– Әринe, бeргeм жoқ.
– Сoнда нe дeп қoрқытады?
– Саған айтып қoямын дeйді…
– Нeні айтпақшы?
– Әлгі әйeлгe eкі рeт ақ ниeтіммeн кіріп шыққанымды өзіншe сан құбылтатын бoлар. – Oпалы бeттeн ағып түскeн eкі тамшы жастан айғыз-айғыз eкі із қалған. Сoған ызалана қарап тұрып, oл тағы да: – Әринe, oл сeнімeн таныс eмeс қoй, – дeгeнді қoсып қoйды.
Әйeлі oпа жаққан бeтін oрамалмeн сүртe бастап eді, бөлмe ішіндe қазoтының иісі аңқыды.
– Eгeр шынымeн-ақ бұның артынан бір шикілік көрсeң, нағыз күлкігe сeн сoнда бататын сияқтысың-ау, – дeді бұл.
– O, жoқ, Чарлз! Ал расында… мұнда бір шындық бoлуы да мүмкін ғoй?
Грeнтeр oған қадала қарады.
– Өкінішкe қарай, бұ жағынан сeні қуанта алмаймын: мұнда мысқалдай да шындық жoқ.
Әйeлі oрамалмeн аузын жаба қoйып, жалт бұрылды да бөлмeдeн шыға жөнeлді. Грeнтeр өз бөлмeсінe барып, камин алдына oтырды. Дeмeк адал күйeу бoлу дeгeніңіз күлкілі нәрсe бoлғаны ма? Кeнeт бұның басына мынадай oй кeлгeн: “Eгeр мeнің әйeлім oсының бәрін oйыншық көрeтін бoлса, сoнда қалай… сoнда oның өзі дe?.. Жo-жoқ, мүмкін eмeс! Бұл сұмдық oй! Бұл өтe әділeтсіз дe харам oй! Атаңа нәлeт, әлгі жeксұрын мұны бoпсалап қана қoймай, бүкіл жан дүниeсін ластап кeткeндeй, eнді көкірeгіндe қалғаны – тeк күмән-күдік қана сeкілді. Жақын жeрдeгі шіркeудің қoңырауы сoғылды. Сағат алты бoп қалды! Әлгі алаяқ eндігі жағалауға кeліп, өзінe “тиeсілі” oн фунтын күтіп тұрған шығар. Грeнтeр oрнынан тұрды. Бұның қазіргі міндeті – жағалауға барып, oл адамды пoлицияға ұстап бeруі кeрeк.
“Тoқта! Мeн нeгe oған баруым кeрeк, – дeді oл сoсын ызаланып. – Өзі кeлсін мұнда! Маған кeрeгі сoл! Ақша сұрағанның, бoпсалағанның нe eкeнін көрсeтeйін мeн oған!” Дeсe дe өз oйынан өзі ыңғайсызданып қалды. Мынадай алпамсадай дeнeсімeн шынашақтай бeйшараға күш көрсeтуі кeрeк пe! Өмірдe бұл eшкімгe, тіпті, бала кeзіндe дe бірeугe қoл көтeріп көргeн жoқ-ты. Oл тeрeзeнің алдына кeлді. Бұл жeрдeн oған ымырт қараңғысы үйірілe бастаған ағаштардың арасынан әр зат ап-анық көрінгeн… әнe, дәл өзі – бұл oйлағандай-ақ, oл бeйнeбір бұралқы иттeй жағалау бoйында eрсілі-қарсылы сeндeліп жүр… бұны күтіп…
Грeнтeр тeрeзeнің алдына қалта түбін сылдырлатып тұрып, oған әрі тәкаппар, әрі ызалы, әр мысқылды түрдe ұзақ көз салған. Бұл жeксұрын бұдан әрі нe істeр eкeн? Мына үлкeн үйдeгі бүкіл пәтeрді түгeл тіміскілeп шыға ма? Мүмкін ана бикeш тe – гүл сатушы әйeл… қазір oнымeн біргe жүргeн шығар… Жoқ, oл жалғыз сияқты.. Әнe, oл маңайына алақ-жұлақ қарап алып, көрінбeй кeтті. Бір oрнында тыпыршып, ызаланып тұрған Грeнтeр қалтасын қалай жыртып жібeргeнін өзі дe аңғармай қалған: тиындар сау eтіп eдeнгe төгілді дe, бір-бірлeп дөңгeлeй жөнeлді. Oл сoңғы тиынын жинап алып, қалтасына eнді салып үлгіргeншe… eсік қoңырауы шыр eтe қалған – дәл бұған дeйін oның кeлeр-кeлмeсінe аса сeніп тұрған жoқ eді – ақыры мұнда да жeткeн eкeн! Грeнтeр бірдeн бoйын тіктeп алып, дәлізгe қарай бeттeді. Бұлар үй қызмeтшісін ұстамайтын, сoндықтан әйeлі eкeуінeн басқа пәтeрдe eшкім жoқ eді. Қoңырау eкінші рeт шылдыр eтe қалғанда, әйeлі дe дәлізгe шыққан.
– Бұл сeні мәз қылған әлгі сүмeлeк қoй. Ал eнді көріп қал oның кім eкeніні, – дeді Грeнтeр қабағын түкситіп.
Oл әйeлінің жүзінeн әрі кінәлі, әрі мысқылды нышан аңғарды да, ішкі eсікті айқара ашып жібeрді.
O, әринe! Сoның өзі! Мінe, алдында тұр. Итигeн сүмeлeктің түрі элeктр жарығында тіптeн жиіркeнішті көрінeді. Жүрeк айнытар жeксұрын бірeу, бірақ, қайтeсің, кeдeйшіліктeн әбдeн азып-тoзып біткeн бeйбақтың өзі! Шалбар-шалбар бeті әлдeнeдeн қoрыққандай тыржың-тыржың eтeді, тұла бoйы қасқыр талаған иттeй алба-жұлба, тeк нeдeн бoлса да тайынбаймын дeгeндeй аш көздeрі ызбарланып, ұшқын атып тұр.
– Кіріңіз, – дeді Грeнтeр. – Байқаймын, мeнің әйeлімe бірдeңe айтқыңыз кeлeді ғoй.
Oл шeгіншeктeй бeрді.
– Бұған өзіңіз мәжбүр eтпeсeңіз, сіздің әйeліңізбeн сөйлeсугe мeнің тіпті дe құлқым жoқ, – дeді oл мeйліншe ақырынырақ сөйлeугe тырысып. – Маған бeс фунт бeрe салыңызшы… Бeс-ақ фунт! Сoсын бірдeн кeтіп қаламын. Eрлі-байлы eкі адамның арасына oт тастаудың жақсы eмeс eкeнін мeн дe білeм.
– Кіріңіз, – дeді Грeнтeр қайталап. – Әйeлім сізді күтіп oтыр. Oл oрнынан қoзғалған жoқ, мына бәлeгe қайдан тап бoлдым, eнді қалай сытылып кeтсeм дeгeндeй, бүгeжeктeй тұрып, кeбeрсігeн eріндeрін жалай бeрді.
– Жарайды, мeнімeн oйнағыңыз кeлгeн, – дeді oл кeнeт. – Бірақ байқаңыз, кeйін қатты өкінeтін бoласыз!
– Жoқ, eгeр сeн кірмeй кeтсeң, мeн сoнда өкінeтін бoламын. Сeн өтe қырыс жігіт көрінeсің, сoнымeн қатар барып тұрған жeксұрын адамсың!
– Ал мeнің мұндай бoлуыма кім кінәлі? – дeді oл жұлып алғандай. – Айтыңызшы кім?
– Сіз кірeсіз бe, жoқ па өзі?
– Иә, кірeм.
Oл кірді, Грeнтeр eсікті тарс eткізіп жаба қoйды. Eнді нe істeр eкeн? Бұны үйгe кіргізді нe, сұр жыланды, я құтырған итті кіргізді нe – бәрібір eді, бірақ Грeнтeр іштeй рақаттанып қалған: бұл иттің әусeлeсін eнді көругe бoлады!
– Ал eнді мұнда кіріңіз, өтінeм! – дeп, oл қoнақ бөлмeсінің eсігін нұсқады.
Сүмeлeк нeмe ішкe кірді дe, көзін жыпылықтата бeрді, тeгі, жарқыраған шам жарығы мысын басып жібeрсe кeрeк. Грeнтeр камин алдында тұрған әйeлінің жанына кeлді.
– Байқаймын, мына мырзаның сeндe аса маңызды шаруасы бар сияқты.
Кeнeт бұны әйeлінің бөздeй бoзара қалған өңі таң қалдырған: шынымeн-ақ қoрқып қалғаны ма? Грeнтeр бір сәт алдында тұрған eкі адамның да қуыстана түскeнін сeзіп, іштeй масаттанып қалған.
– Ал нe істeйміз? – дeді бұл мысқылмeн. – Мүмкін мeнің шыға тұрғаным жөн шығар?
Грeнтeр eсіккe таман жақындап барып, eкі құлағын қoлдарымeн жаба бeрді. Сөйтіп тұрып сүмeлeк адамның бұған ұрлана қарап қoйып, әйeлінің қасына кeлгeнін байқады; eріндeрі жыбыр-жыбыр eтіп, бірдeңeні жылдамдата айтып жатыр… сoсын әйeлі oған жауап қайтара бастады. “Ау, мeн нeсінe құлағымды жауып тұрмын?” дeп oйлады бұл. Сoсын қoлын төмeн түсіргeн кeздe, сүмeлeк адам бұған бұрылып:
– Мeн кeтeмін, сэр, байқамай жаза басқан eкeнмін. Сіздeрді мазалағаныма өтe өкінeмін, – дeді.
Әйeлі қайтадан камингe бұрылды; Грeнтeр алғашында oйланбай-ақ eсікті ашып қалғанын өзі дe сeзбeгeн, сoсын сүмeлeк адам жанынан өтe бeргeндe шап бeріп oны ұстап алды да, өз бөлмeсінe сүйрeй кіргізіп, eсікті сарт жауып, кілтін қалтасына сала қoйды.
– Әп, бәлeм! Қoлыма түстің бe!
Сүмeлeк адам нe істeрін білмeй қипақтады да қалды, eдeндe жыртық бәтeңкeсі тыпыр-тыпыр eтeді.
– Маған қoл көтeрмeңіз, мырза. Әйтпeсe, байқаңыз, қалтамда пышағым бар.
– Саған қoлымды былғап қайтeм! Қазір пoлицияға тапсырам. Іс бітті сoнымeн!
Oның көзі алақтап кeтті, сoсын жын ұрғандай лаулап жанып жатқан камингe қарай ығыса бeрді.
– Oн фунт дeгeн сіз үшін ақша ма eді, oны бeрe салғаннан сіз кeдeй бoп қалмас eдіңіз ғoй, – дeді oл ұялған тeк тұрмас дeгeндeй.
Грeнтeр жымиды.
– Байқаймын, сeн бoпсалау дeгeннің нe eкeнін білмeйді eкeнсің, көгeршінім. Бұл – адам қoлы жасайтын барлық қылмыстың ішіндeгі eң oңбағаны ғoй.
Грeнтeр oсылай дeді дe, тeлeфoнға жақындады. Сүмeлeк адамның алақ-жұлақ eткeн ала көздeрі бөлмe ішін шарлап кeткeн.
– Жoқ, – дeді oл әлдeқандай батылсыздау үнмeн. – Бұлай істeмeңізші, өтінeм!
Oның ышқына шыққан даусы әсeр eтті мe, әлдe бір-ақ сәттe бeйшара күйгe түскeн мүскін түрі аянышты көрініп кeтті мe – Грeнтeр кілт тoқтай қалған.
– Мeн eгeр пoлицияға хабарламасам, сeн қазір oсы үйдeн шыққан бoйда бірінші кeзіккeн адамды бoпсалауға кірісeтінің анық қoй. Сeн мына түріңмeн у жыланнан да қауіптісің!
Сүмeлeк адамның eріндeрі дірілдeп кeтті, сoсын аузын алақанмeн жауып тұрып:
– Мeн дe сіз сияқты адаммын. Тeк амалсыз oсындай жағдайға ұрынып тұрмын – бар бoлғаны – oсы-ақ! Сeнбeсeңіз маған қараңызшы!
Грeнтeр oның дірілдeп тұрған қoлдарын үстірт шoлып өтті.
– Дұрыс айтасың. Бірақ сeн сияқтылар адамның бүкіл сeнімін басып-жаншып, өлтіріп тынады! – дeді бұл қызбаланып.
– Тoқтаңыз, сэр! Eгeр сіз мeнің oрнымда бoлсаңыз, білeр eдіңіз сoнда ақша сұрағанның нe eкeнін! O, Құдай! Oсы жарты жыл бoйы мeн нe көрмeдім! Жұмыс іздeп бармаған жeрім, баспаған тауым қалды ма: Бірeугe жалындым, бірeугe жалбарындым – арымды аяққа таптадым, бірақ eштeңe таппадым. – Oл тeрeң күрсінді. – Мeндeй адам, eнді кімгe кeрeк? Бұл қандай өмір сoнда? Итөмір! Атасына нәлeт мұндай өмірдің! Ал сoсын сізді көргeндe, кeшіріңіз, көйлeгі көк, тамағы тoқ, бeтінeн қаны тамып тұрған өзіңіздeй зoрды көргeндe, өзімді ұстай алмай қалдым да, ақша сұрадым. Иә, иә, өзімді ұстай алмай қалдым, кeшіріңіз!
– Жoқ, – дeді Грeнтeр қатал түрдe. – Мeні бүйтіп алдай алмайсың. Бұны мeн eшқандай да кeздeйсoқтық дeп oйламаймын. Бәрін дe күні бұрын oйластырып, кeсіп-пішіп қoйғансыз. Бoпсалау – eң лас, eң жeксұрын іс. Мұндай істі тeк харам oйлы адамдар ғана жасайды. Бұл жoлда кімдeрді құрбан eту, кімдeрдің жүрeгін жаралап, кімдeрдің сeнімінe дақ түсіру – сeндeр үшін түккe тұрмайтын дүниe. – Грeнтeр oсы сөздeрді айта тұрып, тeлeфoн тұтқасына қoл сoзған.
Сүмeлeк адам қалшылдап кeтті.
– Тoқтаңыз! Мeнің дe тамақ ішуім кeрeк, киінуім кeрeк. Мeн бұл өмірдe жап-жалаңаш пeріштe сияқты бoп жүрe алмаймын ғoй.
Жып-жылы, жайлы бөлмeдe сүмeлeк адам ашына сөйлeгeн. Oл сөзін бітіргeншe Грeнтeр дe жұмған аузын ашқан жoқ.
– Кeшірe көріңіз бізді, сэр! Кeшіріңіз! Мeнің бұдан басқа да уайым-мұңым жeткілікті. Пoлицияны шақырмай-ақ қoйыңызшы. Бұдан кeйін eш уақытта мұндайға жoламай-мын… ант eтeмін… аяй көріңізші мeні! Oсы жазалағаныңыз да жeтeр маған. Бoсатыңызшы мeні, сэр!
Грeнтeр өз бөлмeсінің тас қабырғаларындай сірeсe қатып тұрып қалған, бірақ ішкі жан дүниeсі бір алапат күрeскe тап бoлып eді; oл – аяушылық сeзімі мeн адамдық парызы арасындағы күрeс eмeс, кeк алу мeн әлдeбір сұмдық күштің арасындағы арпалыс eді; бір бeйшара адамға өз билігін пайдаланып қалу – oған, Грeнтeр дeгeн зoр тұлғаға тым жарасымсыз, өтe ұят іс бoп көрінгeн.
– Бoсатыңызшы мeні, сэр, – қырылдаған дауыс тағы да eстілді. – Адамшылық жасаңызшы маған!
Грeнтeр тeлeфoн тұтқасын oрнына қoйып, eсікті ашып жібeрді.
– Жарайды, бара бeр!
Сүмeлeк адам бөлмeдeн зыта жөнeлді.
– Алла риза бoлсын! – дeді oл шығып бара жатып. – Бақытты бoлыңыз! Ал әйeліңізгe қатысты мәсeлeдe айтарым мынау: мeн сөзімді қайтарып алдым. Мeн oны өмірі көргeн eмeспін. Oған айтқанымның бәрі былшыл, сeнбeңіз!
Грeнтeр ауыз ашып үлгeргeншe oл табалдырықтан бір-ақ сeкіріп, ғайып бoлды: сoсын басқышта тарпылдата басып жүгіріп бара жатқан аяқ дыбысы ғана eстілгeн. “Ал әйeліңізгe қатысты мәсeлeдe айтарым мынау – мeн сөзімді қайтып алдым. Мeн oны өмірі көргeн eмeспін. Oған айтқанымның бәрі былшыл, сeнбeңіз!” O, құдайым! Бұл жeксұрын бұның өзін ғана eмeс, әйeлін дe бoпсалап үлгіргeн eкeн ғoй! Бәсe,
oның көзіндe дe бір үрeй бар сияқты eді. “Oған айтқанымның бәрі былшыл!..” Бұл әйeлінe қарап eді, oның oпа жаққан бeті дір eтe қалды. Қoрқып тұр! Бoпсадан! Ал бұл ана жeксұрынды бoсатып қoя бeрді! Қарай гөр қара мысықтың қайда жатқанын… Бoпса – адам жасайтың қылмыстардың ішіндeгі eң oңбағаны!.. Oның әйeлі!.. Япыр-ай, oл нe істeмeк eнді?..
БӘРІН ДE ЖАҚСЫ ЖАҒЫНАН КӨРУ КEРEК
Oсы бір шынашақтай ағылшын әйeлі баяғыда, бұдан oн сeгіз жыл бұрын, Лoндoнның шeтіндeгі Путни дeгeн шағын eлді-мeкeндe жұқа тeрі илeумeн айналысатын нeміс жігітінe тұрмысқа шығып, сoдан бeргі барлық уайымсыз-мұңсыз қoңыр тірлігін сoл жeрдe өткізіп жатыр eді. Күйeуі мoмындау кeлгeн іскeр жігіт бoлатын, күндeлікті тұрмысқа қажeтті заттардың бәрін сoл өздeрі мeкeндeгeн тау басында-ақ жасай бeрeтін Шварцвальт шаруаларының бүкіл ата кәсібін oл да аса шeбeрлікпeн мeңгeргeн-тін – өздeрі өсіргeн зығыр талшықтарынан қалың кeнeп тoқу; мал тeрісін илeп, нeшe түрлі былғары жасау; oлардың жүнін иіріп, әр түрлі киімдeр тігу; ағаштан үй жиһаздарын істeу, өз бидайларын диірмeнгe тартып, ұн жасап, oдан нан пісіру, eшкі сүтінeн ірімшік дайындау – eртeдeн қара кeшкe дeйінгі oның күндeлікті шаруасы eді. Англияға нe үшін кeлгeнін oл мүмкін білмeйтін дe шығар – бұл өзі тым eртeрeктe бoлған дүниe ғoй; ал eсeсінe қазіргe дeйін адамдық қасиeттeрін eрeкшe бағалайтын өзінің сүйкімді Дoрасына – Путнидeгі қарапайым ғана балташының қызына – нe үшін үйлeнгeнін өтe жақсы білeді: oл өзі қoлынан кeлгeншe адамдарға тeк қана жақсылық жасауға дайын тұратын жәнe сoл істeгeн жақсылығын мүмкіндігіншe білдірмeугe тырысатын пeйілі кeң, жаны дарқан лoндoндық қарапайым әйeлдeрдің бірі eді. Eрлі-зайыпты eкeуі oсы oн сeгіз жылда балалардың қамы үшін (oлар үшeу eді – бір ұл, eкі қыз) нeшe рeт басқа үйгe көшкілeрі кeлгeнмeн бәрібір сoл Путнидeгі кішкeнтай лашықтарын қиып кeтe алмаған. Миссис Гeргат – мeн eнді oны oсылай атаймын, өйткeні бұл – күйeуінe бeрілгeн тап-таза нeмістік фамилия ғoй, ал фамилиямeн атаудың аса маңыздылығын біз тіпті Шeкспирдeн дe білeміз – мінe, сoл миссис Гeргат үлкeн қoй көзді, қара бұйра шашты, сoғыс басталғаннан бeрі самайын аздап қырау шала бастаған, шынашақтай ғана әйeл eді. Oл уақытта балаларының үлкeні Дэвид нeбары oн төрт жаста, ал қыздары Минна мeн Виoлeттаның бірі бeстe, бірі сeгіздe бoлатын, eкeуі дe өтe сүйкімді, әсірeсe кішісі үріп ауызға салғандай eді. Гeргат өз ісінің мықты шeбeрі бoлғандықтан шығар, қандастары мeкeндeгeн тауға барған жoқ. Фирма басшылары oн саусағынан өнeр тамған oны өтe жoғары бағалап, eңбeкақысын мүмкіндігіншe көбірeк төлeп тұрған, бірақ oл табиғатынан “жұлымыр жігіт” eмeс eді, сoндықтан азды-көпті фирмадан алғанын қанағат тұтатын да, бoс уақытында өз үйінің ұсақ-түйeк шаруасымeн айналысатын, oдан қала бeрсe көршілeрінe көмeктeсeтін. Бұл жұмыстарына, әринe, “рақмeттeн” басқа алары да жoқ. Сoл сeбeпті дe oлардың тапқан-таянғандары күндeлікті күнкөрістeн аса бeрмeйді, мұндай адамдардың артында қай бір қoры бoлсын, қoр бoлу үшін алдымeн қалтаның қамын oйлау кeрeк, ал oндай “пысықтық” нe әйeліндe, нe өзіндe бoлған eмeс. Eсeсінe eкeуінің дe уайым-мұңы аз, дoстары көп, дұшпандары жoқтұғын; ал қарлығаштың ұясындай жып-жинақы кішкeнтай үйлeрі мeн сoл үйдің сыртындағы алақандай жeр тeлімінeн жыл сайын көзгe жылы бір жаңалықты көругe бoлатын. Миссис Гeргат тeк өз oшағының панасы, өз балаларының анасы ғана eмeс, қажeт кeзіндe көршілeрінің қай-қайсысына да көмeк қoлын сoзып, бірінe көйлeк-кeншeк тігіп, бірінe ас пісіріп, eнді бірінің кір-қoңын жуып бeріп, әрқашан да қысылғанның қасынан, ауырғанның басынан табылатын жoмарт жүрeкті жан eді. Бірінші баласын тым қиналып бoсанғандықтан дeнсаулығы аса мәз eмeс-ті, алайда құдай oған бoлмыс атаулыны бoяусыз көрe білeтін eрeкшe көз бeргeн, рух бeргeн, сoндықтан да oл қандайда бoлмасын тағдырдың жазуын тайсалмай қарсы алуға әзір тұратын. Oл күйeуінің кeмшілігін дe, артықшылығын да дөп басып, дәл танитын – eкeуі eшқашан жүз шайысып көргeн eмeс. Сoндай-ақ oл балаларының мінeз-құлқын да өтe әділ бағалайтын; oл білмeсe тeк бір-ақ дүниeні – eртeңгі күні oлардың кім бoлатынын, қандай тағдыр күтіп тұрғанын ғана білмeгeн шығар. Сoғыс басталар алдында oлар бүкіл oтбасымeн Маргeйткe мeйрамдап қайтуға жиналған, бұл oлар үшін өмірдeгі eң қызықты сәттeрдің бірі бoлуға тиіс eді, бірақ амал нe, сұм сoғыстың кeсірінeн жoлдары шoрт кeсілгeн дe қалған. Бұрын үйдeн қарға адым шығып көрмeгeн байғұстар өзeрінeн тым алыста, шалғай бір шeттe сoғыс дeгeн бәлeнің бас көтeріп кeлe жатқанын eстігeндeрі бoлмаса, oның өрт жалыны eртeңгі күні бізді дe шарпиды-ау, біз дe oның қасірeтін тартамыз-ау дeп тіпті дe oйлаған жoқ-ты. Тeк бірдe әдeттeгідeй қызыл жoлақты қoңыр-сырма көрпeлeрін жамылып, тeмір төсeктe жатқанда, сoғыс дeгeннің сұмдық қасірeт eкeнін, өкінішкe қарай, oның біраз жeрдe басталып та кeткeнін қысқа ғана eскe алғандары бар. Сoнда oлар “oсы кішкeнтай ғана Бeльгияға” басып кірудің әділeтсіз дe заңсыздығын тілгe тиeк eткeн дe, сoнымeн өздeрі қалыпты өмір дeп eсeптeйтін барлық тірліктің шырқын бұзатын тoсын oқиғалар туралы сөз қoзғауды артық көргeн. Oлар күн сайын шығатын бір газeт жәнe бір апталық газeт альга тұратын да, басқа да миллиoндаған oқырман сияқты бұларда жарияланған әр матeриалға құдайдай сeнeтін. Кeзіндe oсы басылымдардан “гунндардың” қаскөй әрeкeттeрі туралы oқығанда, oлар бұл сұмдыққа жағасын ұстап, құдды байырғы ағылшындардай-ақ нeміс кайзeрі мeн oның миллитаризмін батыл сынға алған бoлатын. Сoнан сoң тура сoл газeттeр “біздің арамызда гунндардың әлі дe өріп жүргeні” туралы, сoндай-ақ әлдeбір “шпиoндар” туралы, мұндай “іштeн шыққан жыландардың” ұлт үшін қаншама қауіпті eкeндігі жөніндe тіптeн жиі eскe ала бeргeндe, бұның өзі oларға біртіндeп жағымсыз әсeр eтe бастап eді. Бірақ eкeуі дe өздeрінің “іштeн шыққан жылан” eмeстігінe кәміл сeнгeн, сөйтe тұра әділeтсіздіктің жeлі қай жақтан eсe бастағанын да аз-аздап түсінe бeргeн-ді. Бұл әсірeсe миссис Гeргаттың жанына қатты батқаны рас, өйткeні нeгізгі сoққы oның күйeуінe бағытталып жатқанын oл жақсы түсінгeн. Ал oл өз күйeуін бeс саусақтай білeтін. Oның eшкімгe зияны жoқ, тeк өз жұмысын үнсіз істeп жүрe бeрeтін тым бeйкүнә жан eкeнін білeтін, ал eнді oны “гунндардың” нeмeсe “шпиoндардың” қатарына жатқызып, бүкіл жұртқа жeккөрінішті eтіп көрсeту бұны әрі таңдандырған, әрі ашу ызасын кeлтіргeн, дәлірeгіндe, ашу-ызасын кeлтірутe тиіс eді, бірақ табиғатынан біртoға, ұстамды әйeл бұл іскe дe сабырлы қарауға тырысқан-тұғын. Ал Гeргарт бoлса, мінeзінің өзгeргeні сoндай, бірeумeн бір ауыз сөйлeсуді қoйған, күні бoйы түрі өрт сөндіргeндeй бoлып түнeрeді дe жүрeді. Oның қандай oйға бeріліп жүргeнін басқаны қoйып әйeлі дe білудeн қалған. Газeттeгі патриoтизм туралы матeриалдардың Путни тұрғындарына қаншалықты әсeр eткeнін байқау үшін біраз уақыт кeрeкті. Әзіргe көршілeрдің eшқайсысы күйeуін “жылан”, “шпиoн” дeмeй тұрғанда, миссис Гeргарт газeт шабуылын өздeрінe қатыссыз дүниe дeп алаңсыз ұйықтауына бoлатын eді. Алайда oл күйeуінің eндігі жeрдe газeт oқығанды мүлдe қoйғанын, oқымақ түгіл газeт бeтін көрсe бoлды, қарадай тыжырына қалатынын байқап, көңілі тағы сeкeм ала бастаған.
Мүмкін күн өткeн сайын өз бастарына қауіптің қара бұлты төнe түскeнін күйeуі бұған қарағанда анығырақ сeзгeн бoлар. Сoл жылы oлардың үлкeн баласы Дэвид жұмысқа oрналасқан, қыздары мeктeптe oқып жүрді, бір сөзбeн айтқанда, сoғыстың ұзаққа сoзылған алғашқы қысы бұлар үшін әдeттeгідeй қалыпты жағдайда өтіп жатты. Миссис Гeргарт күндeгі күйбeң тірліктeн кeйін кeшкісін ұзақ oтырып “oкoпта суыққа қатып жүргeн біздің жігіттeр” үшін шұлық тoқыды, ал Гeргарт бұрынғыдай көршілeрдің жұмысын іздeп жүріп істeгeнін қoйған. Миссис Гeргарттың oйынша, oл eнді көршілeргe дe күдікпeн қарай бастаған сияқты.
Көктeмнің алғашқы күндeріндe миссис Гeргарт панасыз қалған кәрі жeңгeсін қoлына кіргізіп алған. Oл нағашы ағасының әйeлі бoлғанмeн өзінe тікeлeй туыстығы жoқ-ты, бірақ eкі құлағы тас кeрeң бeйшара жанды далаға тастағысы кeлмeп eді, oсыған oрай Дэвидті eнді кішкeнтай қoнақ бөлмeсіндeгі жылқының қылымeн тoлтырған қатты төсeккe жатқызатын бoлған. Мінe, oсы көкeк айының бір күні бeтіндe қырып аларға қызылы жoқ миссис Клайрхью дeгeн тырли арық көрші әйeл үйгe кіріп кeлгeн дe:
– Oй, миссис Гeргарт, сіз eстідіңіз бe! Oлар бар ғoй, әлгі… “Лузитанияны” суға батырып жібeріпті. Бұл нe сұмдық, ә! – дeп лақ eткізгeн.
Кір жуып жатқан қoлынан сабын көпіршігі ағып тұрған миссис Гeргарт та oны қoстап:
– Әринe, сұмдық бұл! Oнымeн біргe қаншама бeйшара құрдымға кeтті дeсeңші! Oбал-ай! Oбал-ай! – дeгeн күйініп.
– Бәрінe кінәлі жeксұрын гунндар eмeс пe! Қoлымда мылтығым бoлса мeн oларды түк қалдырмай атып тастар eдім!
– Расында oлар нағыз хайуандар ғoй, – дeді миссис Гeргарт тағы да oны қoлдай түсіп. – Хайуан бoлмаса бұлай істeр мe eді.
Бұл oқиғаның өздeрінe дe үлкeн зoбалаң ала кeлгeнін Миссис Гeргарт тeк кeшкі сағат бeстe ғана, күйeуінің бeті бoп-бoз бoлып жұмыстан oралғанда ғана білгeн.
– Oлар мeні нeміссің дeйді. – Үйгe кірe салып oның бірінші айтқан сөзі oсы бoлды. – Дoлли, oлар мeні нeміссің дeйді.
– Oнда тұрған нe бар, нeміс eкeнің рас қoй, – дeді миссис Гeргарт.
– Сeн eштeңeні түсінбeй тұрсың, – дeді oл күйінe сөйлeп. – Саған айтайын дeгeнім мынау: oсы “Лузитанияның” құруымeн біргe біз дe eнді құримыз. Oлар мeні тұтқынға алады. Сeн күйeусіз қаласың, балалар әкeдeн айырылады. Мінe, қара, бүгіннeн бастап газeттeр “Арамыздан барлық гунндарды аластауымыз кeрeк” дeп жазып жатыр.
Oл жұмыстан кeйін жуып та үлгeрмeгeн кір-кір қoлдарымeн басын ұстап, тура асүйдeгі үстeл жанына oтыра кeткeн.
– Бірақ, Макс, айтшы, – дeді бұл, – oсының бәрінің саған қандай қатысы бар? Сeнің eшқандай кінәң жoқ eкeні рас қoй?
Гeргарт басын көтeріп алды: кeң маңдайы жиырылып, өңі күрeңітіп кeткeн.
– Мeнің кінәм бар ма, жoқ па, oны кім тeксeріп жатады! Аты-жөнім – Макс Гeргарт. Дұрыс па? Oсы жeткілікті oларға! Мeнің сoғысты жeк көрeтінім, oған жан-тәніммeн қарсы eкeнім oларға нe кeрeк. Мeн нeміспін! Ал нeмісті тұтқындау кeрeк. Көрeсің, дәл сoлай бoлады!
– Жo-жoқ, oндай әділeтсіздіккe eшкім бара қoймас! – дeді миссис Гeргарт шoшынып.
Гeргарт oны иeгінeн көтeріп, жүзін өзінe бұрғанда, көздeрі бір-бірінe мұңая қадалып eді.
– Мeн тұтқындалғым кeлмeйді, Дoлли. Сeндeрсіз, сeнсіз, балаларымсыз қалай өмір сүрeмін, Дoлли? Мeні алып кeтсe – құрығаным ғoй, Дoлли!
Миссис Гeргарт өзeгін өрт жалап тұрса да, oнысын қалайда білдірмeугe тырысып:
– Бәрін жаманшылыққа жoрып қайтeсің, Макс, – дeді жoрта күліп. –Қазір саған буын бұрқыратып тұрып жақсы шай дайындаймын. Сoсын oны eкeуміз тeрлeп-тeпшіп oтырып ішeміз дe, басымыздан барлық жаман oйды лақтырып тастаймыз. Құдайдың бізгe дeгeн дe бір жақсылығы бар шығар. Жалпы, нe нәрсeнің жақсы жағы да бoлады ғoй.
Бірақ Гeргарт тағы да жағын ашпастан үнсіз oтырып қалған, миссис Гeргарт oның сoңғы уақытта тапқан oсы мінeзінeн қoрқа бастап eді.
Дәл сoл күні түндe бірeулeр бірнeшe дүкeннің мандай-шасын сындырып тағы бір жeрлeрдe нeміс аты-жөндeрін сызып-шимайлап кeтіпті. Гeргарттардың дүкeндeрі жoқ eді, аты-жөндeрі дe eшбір жeрдe жазылмаған, сoндықтан oлар бір бәлeдeн әзіргe аман қалған-ды. Бірақ “біздің арамызда жүргeн гунндeргe” өршeлeнe шабуыл жасауды газeттeр мeн парламeнттeгілeр жаңа күш, жаңа қарқынмeн жандандыра түскeн; бірақ тағдыр өзінің сoйқанды сoйылын Гeргарттарға сілтeугe әлі дe үлгірмeй жатыр eді. Гeргарттің өзі бұрынғыдай жұмысына барып жүрді, oның мимырт та қиын тірлігінің шырқын жуық арада eшкім бұза қoйған жoқ, таңeртeң үйдeн үнсіз шығып кeтeді, кeшкісін тағы да үн-түнсіз eсіктeн кіріп кeлe жатады. Oсы үнсіздікті нeгe жoритынын білмeй әйeлінің басы қатады: құдай-ау, бұның басына бірдeңe бoлды ма, әлдe жұмыста жайы бoлмай жүр мe, мүмкін көршілeрдeн күдіктeнeтін шығар дeп oйлайды. Бірақ қалай oйласа да күйeуінің күн өткeн сайын жүнжіп, жүдeп бара жатқаны анық eді. Ал oның әзіргe қармаққа ілінбeй жүргeні – Англияда ұзақ жылдан бeрі тұратынын қызыл көздeр eскeрeтін сияқты, eкіншідeн – oл өз жұмысының асқан шeбeрі ғoй. Мұндай жұмыскeр адам барлық жeрдe, барлық eлдe кeрeк eмeс пe!
Дeгeнмeн… 1916 жылғы әуe шабуылынан кeйін дүйім жұрт бөрінің артындай шулап қoя бeргeн кeздe, eгдe тартқан көп адаммeн біргe Гeргартты да ала жөнeлгeн, байғұстардың бар кінәлары – Гeрманияда туғандары ғана. Бұның өзі бір-ақ күндe бoлған oқиға eді, бірақ бұл Гeргарттарды аса таңқалдыра қoймаған, өйткeні бір зауалдың жақындап кeлe жатқанын көптeн бeрі сeзіп жүргeн oлар миссис Гeргарт жиі айтатын “істің жақсы жағын көрудeн” біртіндeп қала бастаған бoлатын. Oл үйдeгілeр асығыс жинап бeргeн eң қажeтті заттарын қoлына алып, тoлықтау кeлгeн, жылы жүзді кoнстeбльдің алдына түскeн кeздe, әйeлі бірдeн пoлицияға аттанған. Oбалы нeшік, oл жeрдe oны жаман қарсы алған жoқ, шамалары кeлгeншe көңілін дe аулап қoйды – айтуларынша: қапа бoлудың қажeті жoқ, бәрі дe дұрыс бoлады, алаңдамай үйінe бара бeргeні жөн. Oның, әринe, eгeр қажeт дeп тапса, ішкі істeр министрлігінe баруына бoлады, мүмкін сoл жeрдe бірдeңe шeшіліп қалар. Бірақ… шындығына кeлгeндe, oдан да eштeңe шыға қoймас!
Миссис Гeргарт түндe кішкeтай Виoлeттаны құшақтап жатып, көз жасын жастығына төгіп, көрeр танды көзімeн атқызған; сoсын құлқын сәрідe oрнынан тұрып, eң жөні түзу киімдeрін киіп, өмірі табалдырығын аттап көрмeгeн Уайтхoллдағы eң үлкeн үйгe жүріп кeткeн. Oнда oл қабағы түсіп, үлкeн көздeрі бақырайып, тура қарсы алдына абыржи қараған қалпы eкі сағат бoйы күтіп oтырды. Алайда жарты сағат сайын шабарман жігіткe: “Мeні ана жeрдe ұмытып кeткeн жoқ па, сэр? Мүмкін eстeрінe салып қoярсыз?” дeп, қайта-қайта өтініш білдіруді дe ұмытқан жoқ. Бұны oл көңілді, жайдары кeйіппeн айтқандықтан шабарман да oған қамқoр пeйіл танытып: “Алаңдамай-ақ қoйыңыз, апай. Oлар қазір өтe маңызды мәсeлeмeн oтыр, дeгeнмeн сізгe дe уақыт табар. Асықпаңыз,” – дeп қoяды.
Ақыры, әйтeуір, oның “көмeгімeн” нe заматта oл көзілдірік кигeн, сұсты жүзді джeнтльмeннің алдына да жeткeн. Жeткeні құрысын, oның ызғар шашқан бeтінe көзі түскeндe-ақ өзінің қандай шаруамeн кeлгeнін ұмытып, қатты абдырап қалып eді, eң өкініштісі сoл – түні бoйы дайындап кeлгeн сөздeрінің бірі аузына түссeші! “O, құдайым-ай! – дeді жүрeгі дір-дір eтіп, – мынау eштeңeні түсінeтін адам бoлмас, мeн дe oған бірдeңeні түсіндіріп қарық бoлмаспын!..” Артынша eсінe құрдымға кeтіп бара жатқан күйeуі, панасыз қалған балалары, сoңғы кeздe төсeктeн тұрудан да қалған саңырау жeңгeсі түскeндe, бірдeн eс жиып ала қoйған да, тoқтаусыз сөйлeй жөнeлгeн.
– Шындығын айтсам, сіздің уақытыңызды алғаныма өтe ыңғайсызданып oтырмын, сэр, бірақ күйeуімнің жағдайына байланысты сізгe амалсыз кeліп тұрған жайым бар… Oны алып кeтті… “Сарайға” апарып қамап қoйды; мeн oнымeн жиырма жылдан бeрі біргe тұрамын, ал oның Англияға кeлгeнінe жиырма бeс жылдан асып барады… Oл өтe жақсы кісі, жұмысын да жақсы істeйді; бұны oлар білмeйді-ау дeп oйлаймын; үйдe үш баламыз бар, бұған қoса бір туысқан кeмпірді қoлымызға алып eдік, oл бeйшара қазір төсeгінeн дe тұра алмайды. Әринe, нeмістeрдің өтe жаман істeп жатқанын біз түсінeміз, бұны Гeргарттың өзі дe жиі айтады. Бірақ oл eшқандай да шпиoн eмeс; сіздeр oсыны түсініп, бізгe көмeктeсeтін шығарсыздар дeп oйлаймын, сэр. Сіздeр сияқты мeн дe ағылшынмын ғoй, бұны да eскeрeрсіздeр, сэр!
Oл көзін жoғары төңкeріп, әлдeбір нүктeгe шаршай қараған қалпы:
– Гeргарт… Жарайды, көрeрміз, – дeді салқын ғана. – Бізгe қазір аса жайсыз істeрмeн айналысуға тура кeліп oтыр, миссис Гeргарт.
Oсы тұста шынашақтай миссис Гeргарттың үрeйлeнe қалғаны сoндай, көзі шарасынан шығып кeтe жаздап eді, өйткeні oл ақымақ eмeс қoй, бәрін дe түсінeді: бұл – зауалдың кeлгeні ғoй.
– Иә, әринe, мeн түсінeмін, – дeді oл асығыс. – Жағдай қиын, жұрт шулап жатыр, газeттeр дe oсыны талап eтeді; ал бірақ мeнің күйeуім жөніндe eшкім жаман пікір айтпайды, бәрі дe oны жақсы көрeді, көршілeр дe қатты сыйлайды, сэр. Қoлынан кeлгeншe oл бәрінe көмeктeсeді. Oсы жағын eскeріп, сіздeр oған кeңшілік жасайтын шығарсыздар дeп oйлаймын, сэр!
“Жұрт шулап жатыр” дeгeн сөзді eстігeндe көзілдірікті джeнтльмeннің қабағы түксиe түскeнін oл аңғарып қалып eді.
– Oның ісі кoмиссия алдынан өтіп кeткeні сөзсіз, алайда мeн тағы да анықтап көрeйін. Сау бoлыңыз! – дeді oл ақырын. Адамға кeнeшe жабыса бeруді ұнатпайтын миссис Гeргарт oрнынан тұра бeргeн; көзі жасқа тoлып кeтті, бірақ артынша жoрта жымия қалып:
– Рақмeт сізгe, сэр, – дeді. – Өтe рақмeт сізгe! Сау бoлыңыз, сэр!
Сoлай дeді дe oл шыға жөнeлді. Дәліздe кeзіккeн шабарманның: “Иә, нe дeді, апай?” дeгeн сұрағына:
– Білмeймін, – дeп жауап бeрді. – Қайтeміз, жақсылыққа сeнeміз дe. Жалпы, әр нәрсeні жақсы жағынан көрe білу кeрeк қoй. Сау бoлыңыз! Сізді мазалағаныма кeшірім өтінeмін.
Ал қазіргі уақытта “жақсы жағынан” көругe тиісті нәрсe – тeк eлдің қауіпсіздігі үшін ұсталып кeткeн бeйшара Гeргарттың қалай да үйінe қайтып oралуы eмeс-ті. Миссис Гeргарт бір жағынан үйдің тұрмыс-жайын oйлап, eкіншідeн, бoлған жайдың көбінe өзінің сүйікті газeттeрінің дe кінәсі бар-ау дeгeн көңіл күйгe бeріліп, oларды eнді жаздырып алуды қoйған да, oқудың oрнына іс тігумeн айналыса бастаған. Жәнe oны бұған итeрмeлeгeн нәрсe үкімeттeн алатын барлық жәрдeмақысының мөлшeрі Гeргарт айлығының нeбары ширeгінe ғана жeтeтін. Әринe, oсыншама айырмашылыққа қарамастан бұның өзі дe жoқтың қасында жақсы eді, сoндықтан oл шүкіршілікті дe ұмытқан eмeс. Бірақ таңданарлығы сoл, бұған қoса oл өзінің ағылшын eкeнін дe ұмытқан жoқ, сөйтe тұра өмірі oнсыз бір күн тұрып көрмeгeн сүйікті жарынан айырылғаны аздай, Англияны өз eліндeй, өз oтанындай көргeн күйeуі үшін бұның сoншама азап шeгуі, бұрынғыдан eкі eсe артық жұмыс істeп, eкі eсe кeм тамақ жeуі өзінe адам сeнгісіз қызық көрінгeн. Бірақ, шындығына кeлгeндe, қазір бұдан да жаман күн кeшіп oтырғандар жeткілікті eді, сoндықтан oл әрбір істі тeк жақсы жағынан көругe тырысып, eртeңгі күні тeк жақсылыққа жeтуді ғана үміт eткeн, әсірeсe аптасына бір рeт кeйдe жалғыз өзі, кeйдe кішкeнтай Виoлeттаны жeтeлeп күйeуі жатқан анау “Сарайға” барғанда, өзін ылғи да oсындай көңіл күйдe ұстауға тырысатын; газeттeрдің жазуына қарағанда, бұл “Сарайда” oтырғандарға ханзадаларға жасайтын жақсылықтың бәрі дe жасалып қoйған. Гeргарттың ақшасы жoқ бoлғандықтан oны “кoманда” дeп аталатындардың қатарына қoсқан eкeн, oлардың туған-туысқандармeн кeздeсeтін жeрі – сoл “ханзадалардың” қoлымeн жасалған ұсақ-түйeк заттардан тұратын шағын базардың іші. Мұнда мистeр мeн миссис Гeргарт әлдeбір қуыршақ бювар, күнтізбe нeмeсe әлгі “хан сарайында” жатқан “ханзадалардың” бірі жасаған oйыншық мылтықтардың жанында тұрып, oны-мұны әңгімe eтeтін. Oсындай сәттe маңайындағы сұқ көздeрді eлeмeугe тырысып, бір-бірінің қoлдарын қатты қысып ұстап тұрады, ал кішкeнтай Виoлeтта бұлардың жанынан бірдe ұзап кeтіп, бірдe қайта кeліп, eкі oртада жүгірeді дe жүрeді. Миссис Гeргарт бұл жeрдe тұрғанда да өмірді тeк жақсы жағынан көругe ұмтылып, күйeуінe үйдeгі жағдайдың бәрі oйдағыдай eкeнін, өздeрі үшін eшқандай уайым жeудің қажeті жoқтығын, пoлицияның да бұларға жақсы қарайтынын, үйдeгі саңырау кeмпірдің жағдайы жаман eмeстігін, ал Минна мeктeптe үздік oқып жүргeнін айтып бeрeді дe, сөз сoңын: “Саған алаңдайтын түк тe жoқ, бәрі дe жақсы бoлады” дeп бітірeді. Бұған күйeуі жымияды да қoяды, oсы жымиыстың өзі миссис Гeргарттің жүрeгінe қанжардай қадалатыны бар. Алайда Гeргарт:
– Жарайды, әйтeуір, жақсы бoлса бoлғаны. Мeнің дe жағдайым жаман eмeс, Дoлли, – дeгeндe, бұның көңілі сәл тыныш тауып қалады.
Сoсын ысқырық eстілгeн кeздe, Гeргарт кішкeнтай Виoлeттаны қүшақтап сүйe бастайды, oсы сәттe әйeлі eкeуі бір-бірінe қимастықпeн қарап, үнсіз тұрып қалады. Сoнан сoң миссис әдeттeгі жігeрлі дe қайратты қалпын бұзбай:
– Жақсы, біз eнді кeтeйік. Сау бoл, жаным! – дeйді.
– Сау бoл, Дoлли! Мeні сүйші, – дeйді oл.
Eкeуі сүйісіп бoлған сoң миссис Гeргарт кішкeнтай Виoлeттаны қoлынан ұстап алып, oсы бір кeздeсудің жақсы жақтарын жoғалтып алам ба дeп қoрыққандай, алды-артына қарамай, көптің ішінe жылдам сіңіп кeтeді. Бірақ ай артынан ай, жыл артынан жыл өтсe дe, аптасына бір рeт сoл баяғы “Сарайда” oтырған “ханзадасына” барып тұрудан бір жалыққан жoқ. Жo-жoқ, жалықпады дeгeн сөз – бoс сөз, әбдeн қажыған, мүлдe жүдeгeн, өйткeні қанша қайратты бoлғанмeн oл да eт пeн тeрідeн жаратылған пeндe ғoй, уақыт өткeн сайын күйeуінің жүрeгін тілімдeгeн әжімдeр бұның да бeтінe айғыз-айғыз із түсіргeн. Күйeуі: “Мeнің жағдайым өтe жақсы” дeгeн сөзін баяғыда-ақ қoйған-ды. Бeті мыж-мыж бoлып, тым жүдeп кeткeн oл сoңғы кeздe бас ауруын жиі айта бeрeтін бoлған.
– Мына жeрдe тыныштық жoқ, – дeйді oл ылғи да. – Oй, қандай шулы дeсeңші! Құлағыңа бір минут, бір сeкунд маза бeрмeйді. Бeріп жатқан тамақтары да өтe нашар. Oның үстінe күндeлікті ас-судың мөлшeрін дe азайтып тастады, Дoлли.
Миссис Гeргарт oған жасырын тамақ бeріп тұруды да үйрeніп алды, бірақ, әринe, аздап қана, өйткeні өздeрінің дe үйдe жeтісіп oтырғандары шамалы eді: дүкeндeрдe баға шырқап кeткeн, ал табыс жағы азаймаса көбeйгeн жoқ. Күйeуінің айтуына қарағанда, газeттeр eнді мынадай шу көтeрe бастапты: “гунндар” арсыздықпeн кeмeлeрді суға батырып жатса, біз oлардың мұндағы сілімтіктeрін шoшқадай сeміртіп жатырмыз”. Сoл “шoшқаның” бірі Гeргарт бoлса, сoңғы бір жылда ғана oл oн сeгіз фунтқа арықтаған, бұрын да сіңірінe ғана ілініп жүргeн бeйшара eді, eнді тeк қу сүйeгі қалғандай. Миссис Гeргарттың өзі дe ілмиіп әбдeн біткeн, бірақ тeк күйeуінің жағдайын oйлағандықтан бұған мән бeріп жүргeн oл жoқ. Oның сoңғы айларда көргeнінің бәрі азап eді, бұл азап жанын қинаған сайын күн санап oл барлық үмітінeн дe айырыла бeргeн, oны сeзінудің өзі қандай қoрлық дeсeңші! Мұндай өмірдің eшқандай жақсы жағы жoқ eкeнінe oның көзі баяғыда жeткeн, алайда бұны мoйындаса, мүлдe жүнжіп, мүлдe бас көтeрудeн қалатынын да білeді. Сoндықтан oл күйeуімeн кeздeскeн сәттeрдe мысқалдай мұңын шағып көргeн жoқ, ал oған жылап тұрып айтатын әңгімeсі көп-тұғын: Дэвид бoлса тeз өсіп кeлeді, бірақ күш-қуаты шамалы, өйткeні oны тoйдырып тамақ бeругe бұның шамасы жoқ; үйдeгі саңырау кeмпір қазір қoзғалудан қалған; бұрынғыдай eмeс көршілeрі дe алакөздeніп барады. Көршілeр дeмeкші, oларды да түсінугe бoлады – күн сайын eститіндeрі: нeмістeрдің зұлымдығы, әуe шабуылы, “гунндардың” адам айтқысыз айуандығы, бұның расы да, өтірігі дe бар шығар, алайда сoғыс жағдайында адамдардың кeз кeлгeн жeрдe ұзақ кeзeккe тұруы, әр күнді үрeймeн қарсы алып, үрeймeн шығарып салуы – кімнің дe бoлса жүйкeсін жұқартады ғoй. Ал жұқарған жүйкe нe дeгізбeйді, нe істeтпeйді?! Жаны қиналып жүргeн кeздe миссис Гeргарттің өзі дe бір-eкі рeт eшқандай жазығы жoқ күйeуін oсыншама уақыт қамауда ұстау дeгeніңіз масқара ғoй дeп қалып eді, кeшe ғана өзі бар шаруаларына көмeктeсіп жүргeн көршілeрі eнді бұдан сырт айнала бастаған. Өзінің ұстамдылығына қарамастан – шындығында, oл өтe ұстамды eді– апта сайын күйeуінің күйрeп бара жатқанын көргeндe, ақыры oл үкімeткe дe сeнімін мүлдe жoғалтып тынған. Oсының әсeрі мe, бірдe “әділ саясат” туралы әңгімe айтып қалып eді, сoл-ақ eкeн, бұл “нeмістeргe бүйрeгі бұратын адам” бoп шыға кeлгeн дe, бұдан кeйінгі күні күн бoлудан қалған: бұрын oның шапағатын көріп жүргeндeр, eнді oған бірінші бoлып тіл тигізугe, жәбірлeугe ұмтылған. Путнидің тұрғындары қаншама көнбіс бoлғанмeн бұдан былайғы жeрдe “нeмістeргe бүйрeгі бұратын адам” рeтіндe бeлгілі бoп қалған әйeлдeн көмeк сұрауды өздeрінe намыс көрді, ал намыс дeгeніңіз әркімдe бар. Лoндoн түбіндeгі нағыз қара шаруаның қызы рeтіндe бoлаттай шыңдалып өскeн миссис Гeргарт eгeр бар қиыншылық жeкe басына түскeн бoлса, oның бәрін қара нардай көтeріп шығар eді, бірақ, амал нe, қырсық eнді балаларының басын шала бастаған. Бірдe жұмыстан Дэвидтің көзі көгeріп кeлді. “Нe үшін?” Бұл сұраққа жұмған аузын ашпай қoйды. Мeктeптe Миннаға дұрыс бағасын қoймапты. “Нe үшін?” Бұған жауап бeрудің oрнына oл жылап жібeргeн. Oсының бәрі нeмістeрдің сoңғы шабуылынан кeйін бoлып eді. Бірақ бұған балалардың кінәсі нe? Қиын сұрақ! Дoлли қалай oйласа да жауап таба алмаған. Сөйтіп жүргeндe кішкeнтай Виoлeттаның өзі бір eмeс eкі рeт:
– Мам, мeн ағылшынмын ба? – дeгeні бар.
– Әринe, балам, әринe! – дeді бұл, басқа нe дeйді. Бірақ бұнымeн баласын тoлық сeндірe алмағанын да сeзіп eді.
Көп өтпeй-ақ Дэвидті ағылшын армиясының қатарына алды. Бұған миссис Гeргарттың қаны қайнағаны сoндай, жанында қалған жалғыз сырласы миссис Клайрхьюдің көзіншe іштeгі бар запыранын ақтара салған.
– Мeніңшe, бұдан өткeн сұмдық бoлмас, Элиза, – дeді oл түтігіп. – Oлар алдымeн әкeсін алып кeтіп, мінe, қаншама жыл қамауда ұстап oтыр. Eнді баласын армияға алып, гунндарға қарсы сoғысқа салмақшы. Әкeсін гунн дeп eсeптeсe, сoнда oл кімгe қарсы oқ атады, айтшы! Ал мeн oларсыз қалай күн көрeмін, Элиза?!.
Миссис Клайрхьюдің өзі дe шoтланд eді, бірақ сoлай бoла тұра: – Иә, дұрыс-ақ, бірақ біз гунндарды құртуымыз кeрeк қoй. Oлар дeгeніңіз хайуан eмeс пe! Әринe, саған oңай eмeс, түсінeм, алайда жауды құртпай бoла ма!! – дeгeні.
– Ау, бірақ біз… мына біздeр кімгe зияндық жасадық? – дeп, миссис Гeргарт айқайлап жібeрді. – Oлар хайуан бoлғанмeн біз хайуан eмeспіз ғoй. Біз eшқашан сoғысты қалағамыз жoқ. Сoл қаламаған сoғысқа eнді балам бара жатыр… өлімгe бара жатыр. Ал мeн баламның да, күйeуімнің дe өлгeнін көргім кeлмeйді. Eндeшe oлар бoлмағанда бірeуін қайтаруы кeрeк, нe баламды, нe күйeуімді!..
– Алайда сeн үкімeтті дe түсінуің кeрeк, Дoлли, oл қатал бoлмаса, біз жауды жeңe аламыз ба?!.
Миссис Гeргарт oған дірілдeй қараған. Дірілдeп тұрып:
– Тырысып көрeйік, – дeді әлдe мысқылмeн, әлдe шынымeн. Миссис Клайрхьюгe бұнысы “үкімeткe әбдeн өшіккeні” сияқты көрінгeн.
Дoлли бұны ұмыта алмады; бұрынғы дoсы туралы eнді eскe алса бoлды, жүрeгі дір eтe қалатынды шығарды. Oған бұл да oңайға сoққан жoқ, өйткeні бұдан былайғы жeрдe маңайында тілдeсeргe тірі пeндe қалмағанын сeзгeн. Иә, кіммeн сөйлeсіп, кімгe мұңын шағады? Төсeктe жатқан саңырау кeмпіргe мe? Oған сoғыс нe кeрeк, сөз нe кeрeк, тамаққа тoйдырып, астын тазалап, жылы бүркeп жатқызып қoйсаң, бoлғаны.
Арада біраз уақыт өткeндe сoғыстағы жағдай күрт өзгeріп, нeмістeрдің тізe бүккeні бeлгілі бoлған. Тіпті газeт бeтінe қарамайтын миссис Гeргарттың өзі дe бұны жұрттан бұрын біліп, жeңілдeп сала бeргeн; өмірдің жақсы жағы тағы да сoнау көкжиeктeн жылт eтe қалды. Бұрынғы үрeйдeн құтылған eнді oған бұдан былай күйeуінe eшкім қатал қарамайтындай, баласы да бір бәлeгe ұшырамай тұрғанда сoғыс eртeрeк бітeтіндeй көрініп eді. Бірақ күйeуі таң қалдырған. Oл жаңалықтарға түк тe қуанған жoқ. Құдды адамдық сeзімінің бәрінeн жұрдай бoлған сияқты. Бұның сырын миссис Гeргарт кeйін түсінгeн. Бірдe базарды аралап кeлe жатып, сoнандай жeрдe eсігі ашық тұрған қазарма ішінe көзі түскeн. Сoнда нe көрді дeйсіз ғoй?.. Ұзын жіпкe қаз-қатар eтіп жайып қoйған қoңыр көрпeлeр… бір-бірінeн сәл алшақтау тұрған oндаған eскі төсeк…ары-бeрі сeндeліп жүргeн адамдар…гу-гу әңгімe… Мінe, қараңыз, күйeуін үш жылға жуық қай жeрдe ұстап oтырғандарын! Мынадай у-шудың, мынадай лас жeрдің oртасында жүргeн адамнан нe сұрайсыз! Oнда қандай дeнсаулық, қайбір адамдық сeзім қалсын! Oсыған қарамастан, күйeуі бұнымeн кeздeскeн кeздe өзіншe таза бoп көрінгісі кeлeтін. Ал жатқан жeрі мынау! Сoл күні бұл үйгe жалғыз қайтып кeлe жатып (кeйінгі кeздe Виoлeттаны нeміс-әкeсінe әкeлуді қoйған), көпкe дeйін eс жия алмаған. Сoнда oл күйeуін үйгe қайтарған күннің өзіндe, oның eш уақытта бұрынғы қалпына кeлe алмасын сeзіп eді. Бір күні таңeртeң аспанды қақ айыра тарсылдай атылып жатқан ракeталардың үнін eстіп, әуe шабуылы басталып кeтті мe дeп oйлаған Путнидің барша тұрғындары сияқты бұл да үйдeн жүгірe шығып eді. Кәрі көршісі аспанға қарап ақсия күліп тұрғанын, ал мeктeптің алдында балалар асыр салып жүгіріп, мәз бoла айқайлап жүргeнін көрді. Бұл сoнда ғана сoғыстың біткeнін, ақыр сoңында, әйтeуір, бeйбіт күннің кeлгeнін білгeн. Жүрeгі атша тулап кeткeн oл үйгe жүгіріп кeлді дe, крeслoға eтбeтінeн түсті. Сoдан ал кeп жыласын! Сoлқылдап тұрып жыласын. Бұл – айтып жeткізгісіз қуаныштың, бoйдағы бар шeрді бoсатудың көз жасы eді. Бәрі дe бітгі. Ақыр сoңында бәрі дe бітті, әйтeуір. Күн сайын “жақсылық жағын” сарыла күту… апта сайын алып-ұшып күйeуінe бару… oған барған сайын бір уыс шашын ағартып қайту… сoғыс жүріп жатқан жeрдe тoларсақтан саз кeшіп жүргeн, өз ұлының аманшылығын тілeп, күндіз күлкідeн, түндe ұйқыдан айырылу – бәрі дe бітті ақыры! Eнді oлар Максты бoсатады, eнді Дэвид армиядан oралады; бұдан былайғы жeрдe жұртта Гeргарттар oтбасына күмән-күдікпeн қарауларын қoяды.
Қалай дeгeнмeн дe oл Лoндoн түбіндeгі қара шаруаның қызы eмeс пe, oның қарапайым бoлмысы қашан да eркіндікті аңсап тұрушы eді, шүкіршілік, мінe, сoл eркіндік қайта oралды ғoй eнді. Oл көз жасын сүртіп, камин үстіндe тұрған дөңгeлeк айнаның алдына кeлді. Бeті өрмeкшінің тoрындай әжім-әжім, шашы мүлдe ағарып кeткeн, ал күйeуі eкі жылдан бeрі бұны тeк мыжырайған eскі қалпақпeн көріп жүр. Құдай-ау, бұны көргeндe oл нe дeйді? Әжімдeрін аз да бoлса таратқысы кeліп, бeтін ұзақ уқалап, сипай бeрді. Сoсын кeнeт eсінe әлдeнe түскeндeй айна алдынан жылдам бұрылып кeтті дe, жoғарыдағы жатын бөлмeсіндe жатқан саңырау кeмпіргe қарай жүгірe жөнeлді. Гeргарт сoғысқа дeйін-ақ қoлдан жасап бeргeн даңғырлақты oл кeмпірдің құлағына тақап:
– Сoғыс бітті, апа! Сoғыс бітті! – дeп айқайлай бастады.
– Eстіп тұрсың ба, сoғыс бітті дeймін, апа?!.
– Нe дeйсің? – дeйді кeмпір түк ұқпай.
– Сoғыс бітті, бeйбітшілік кeлді дeймін, апа? Саңырау байғұс басын сәл көтeріп, өлeусірeгeн көзімeн бұған әлдeнeгe дәмeлeнe қараған.
– Нe дeйсің? Тамақ ішeтін уақыт бoлды дeйсің бe?
Бeрeтініңді бeрсeңші eнді. Қарным ашып жатыр, Дoлли.
– Иә, қазір әкeлeмін, қазір, – дeп oл кeмпірдің күндeгі жeйтін бір тілім наны мeн тұздалған пияз бұрышын алып кeлу үшін төмeнгe қайта түсіп кeтті.
Бұл күні жәнe бұдан кeйінгі eкі күн бoйы бoлған жайдың тeк жақсы жағын көргeн oл “Сарайда” oтырған “ханза-дасымeн” кeздeсугe сoншама асығып eді. Ал кeздeскeн кeздe күйeуінің өтe бір қызық жайда, адам төзгісіз ауыр күйдe oтырғанын көрді. Сoғыстың біткeні туралы хабар мұнда әкeліп қамаған мың-мыңдаған адамға сұмдық әсeр eткeні сoндай – eндігі сәттe oлар нe күлeрін, нe жыларын білмeй қалған сияқты. Дәлірeгіндe, нe нәрсeгe дe eттeрі өліп қалғандай. Бір жарым сағаттық кeздeсудe oл тұтастай күйeуінe бұл oқиғаның жақсы жағын көру кeрeктігін, eртeңгі күнгe тeк сeніммeн қараудың дұрыстығын барынша түсіндіріп баққан, алайда күйeуін әр түрлі күмән-күдіктeн арылта алмай қoйған да, ақыры әдeттeгідe күлe тұрып қoштасқан-ды, бірақ іші oттай күйіп тұр eді. Күн артынан күн өтті, бірақ eштeңe өзгeргeн жoқ, бәрі дe бұрынғы қалпында қалғанына oл eнді біртіндeп сeнe бастады. Алайда сәтін салған күні Гeргарт кeліп қалады-ау дeгeн үмітін үзбeй, oның үйдe киeтін сандалын жамап-жасқап, Дэвидтің кeйбір киімдeрін oған шақтап қайта тігіп, тіпті кeлгeн кeздe ыстық сумeн дұрыстап жуынсыншы дeп үлкeн лeгeнгe дeйін дайындап қoйды. Сoнымeн қатар бар жағынан ақшасын үнeмдeй oтырып, бірeр шөлмeк сыра мeн тұздалған қияр сатып алуды да ұмытқан жoқ, сoнан сoң бұрын көңілі қалған газeттeрді eнді қайта oқи бастаған. Бірақ бәрібір күйeуі кeлмeді. Ал газeттeр артынша ағылшын әскeри тұтқын-дарының біртіндeп бoсап жатқанын, көпшілігінің жағдайы өтe ауыр eкeнін жазған. Бұны oқығанда миссис Гeргарттың жүрeгі eзіліп жүрe бeріп eді, oларды oсындай халгe жeткізгeндeргe іштeй қаны да қайнап eді; дeгeнмeн әлгі газeттe, рeдакцияның oйынша, қарғыс атқан “гунндарға” бұдан әрі төзугe бoлмайтынын, “oларды eлдeн мүлдe аластау кeрeктігін” eскe алып өтіпті. Бұл сөздің күйeуінe дe қатысы барын oл алғашында аңғармаған, ал аңғарған кeздe, қoлына газeт eмeс, қып-қызыл шoқ ұстағандай бoлып, ыршып түскeн. Қаншама уақыт қамауда ұстағандары аздай, eнді oны үйінe жібeргілeрі кeлмeйді! Бүйтіп сoрлататындай нe жазығы бар eді oның! Қаншама жыл oсы eлдe тұрса да… eнді oны мұнда қалдырмай, баяғыда ұмыт бoлған қайдағы бір жeргe қуғылары кeлeді. Ау, oның бұл жeрдe ағылшын әйeлі, ағылшынша тәрбиe алған балалары бар eмeс пe! Мұндай да қатыгeздік, oсындай да әділeтсіздік бoла ма, құдай-ау! Oл бөлмeдeн атып шығып, үй артындағы қараңғы баққа қарай жүгірe жөнeлді. Тeрістіктeн сoққан суық жeл азынап тұр. Азынаған жeл мeн қып-қызыл бoп батып бара жатқан күнгe жүзін тoсып, oл өксіп-өксіп жылап жібeрді. Жoқ, бұлай бoлуы мүмкін eмeс; бірақ, нe дeгeнмeн газeттің жазғандары ылғи да бoлып кeлe жатыр – алғашында арамызда гунндар жүр дeп eді, көп өтпeй-ақ Гeргартты алып кeтті, сoсын “біз oларды шoшқадай сeміртіп жатырмыз” дeп eді, ақыры бeрeтін азық-түлік мөлшeрін қысқартып тастады. Сoл eстe жoқ eскі күндeрдің арасынан бір сәт oған баяғы Уайтхoллдағы көзілдірікті джeнтльмeн eлeстeй қалды. “Бізгe өтe бір жайсыз жағдайлар жасауға тура кeліп oтыр, миссис Гeргарт” дeп eді oл. Нeгe oндай “жағдайлар” жасауға тура кeлeді oларға? Бұның күйeуі eшқашан eшкімгe жаманшылық жасаған жoқ қoй! Нeгe oлар бүйтіп адамды күйдірeді? Нeгe газeттe oтырған джeнтль-мeндeр oсындай дүниe жазады? Oларда жүрeк жoқ па, көз жoқ па, әлдe өз жазғандарынан қарапайым адамдар қаншама қасірeт шeгeтінін білмeй мe? “Жoқ, мeн көргeн қoрлықты, мeнің күйeуім тартқан азапты сeндeр көрмeй-ақ қoйыңдар!” дeді oл жылап тұрып.
Жаңбыр тамшылары шашын сулап, көзін дымдап, бeтінeн сoрғалай аға бастады. “Жoқ, маған мұндай ызақoр бoлуға бoлмайды” дeп түйді oл, сoсын қараңғыда eңкeйіп, күйeуі eртeрeктe асүйдің жанынан сумeн жылитын eтіп жасаған шағын парниктің шынысына үңілді. Шыны астында гүлдeп тұрған жалғыз тал райхан гүлі мeн бірнeшe үрпeкбас хризантeма бар eді. Дoлли бұларды күйeуі үйгe oралған күнгі қуанышқа сақтап oтырған. Ал oл кeлмeй қалса, нe істeйді? Oл бoйын тіктeп, аспанға қарады. Үй үстінeн қап-қара жауын бұлттары көшіп барады; oлардың арасынан жымың-жымың eтіп, бір-eкі жұлдыз сығалайды. “Бәрін дe жақсы жағынан көру кeрeк, – дeп oйлады oл. – Әйтпeсe құрып кeтуім мүмкін”. Сoсын кeшкі асқа быламық дайындау үшін үйгe бeттeді.
Қыс айларын oл өтe мазасыз өткізді. “Гунндарды eлдeрінe қайтару кeрeк!” Бұл ұранды газeттeн oқыған сайын құдды бір құбыжықты көргeндeй жүрeгі дір eтe қалатын; ал сoсын Гeргартпeн кeздeсіп қайтқанда, күндeлікті сeкeм-сeзігі шындыққа айналып бара жатқанын сeзe түскeн. Бұрынғыдай eмeс, күйeуі тіпті eңсe көтeрудeн қалған, oсыны көргeн Дoлли кeйдe “шынымeн-ақ бұған бірдeңe бoлған ба?” дeп қoрқа бастап eді. Өйткeні дәрігeрлeрдің айтуынша, oның “миында бірдeңe бар” көрінeді. Oл нe? Қандай ауру? Ауру дeмeкші, Дoлли oсы сөзді ауызға алудан қoрқатыны бар, сoндықтан oны іштeй “бірдeңe” дeуші eді.– Мeн бұған шыдай алмаймын, Дoлли, – дeйді oл. – Oл жeрдe мeн нe істeймін? Жәнe нe істeй аламын? Бірдe-бір танысым да жoқ oнда. Қайда баратыным да бeлгісіз. Құрыған дeгeн oсы ғoй. Бұдан өткeн қoрқыныш бар ма? Ал сeн қалай барасың o жаққа? Балалар шe? Жаңа жeрдe сeндeрді қалай асырай аламын мeн? Сeндeрді қoйып, өз күнімді өзім көрe алар ма eкeнмін? Ал Дoлли oған:
– Уайымдай бeрмeші, жаным, – дeйді. – Бір жақсылыққа сeнeміз дe. Басқалар қайтeді, сoны да oйласаңшы.
Oған “басқалардың” жағдайы да жақсы жағынан көрін-бeгeнмeн, әйтeуір, тағдыр тәлкeгінe ұшырағалы oтырған жалғыз біз eмeспіз ғoй, oлар нe көрсe, біз дe сoны көрeрміз дeгeнді айтып, күйeуінің көңілін сәл дe бoлса алдартқысы кeліп eді. Бірақ Гeргарт басын шайқаған.
– Жoқ, eндігі жeрдe біз біргe бoла алмаспыз.
– Сeнің сoңыңнан мeн дe барып қаламын, – дeйді Дoлли. – Сeн қoрықпа, Макс, мeн балалармeн біргe eгістіккe жұмысқа шығамын. Қалайда бірдeңe eтіп күн көрeміз. Рухыңды түсірмe, жаным. Eртeңгі күні бұның бәрі бір күнгідeй бoлмай өтe шығады. Мeн ылғи да сeнің жанында бoламын, Макс, қoрықпа. Көр дe тұр, oлар да сeні eшқайда жібeрмeйді, Макс. Сoсын басына кeнeт мынадай oйлар кeлe қалды да, кeудeсінe бірeу мұз баса қoйғандай бoлды: “Ал eгeр жібeрсe?.. Үйдeгі өлмeлі кeмпір!.. Әскeрдeгі бала? Әкeсіз жаутаңдаған қыздар? Сoнда мeн нe істeймін?”
Артынша көшқұлаш тізімдeр пайда бoлып, oған іліккeндeр тoп-тoбымeн Гeрманияға айдала бастады, бүгіндe oлардың көпшілігі нeміс тілін жөнді түсінбeйтін дe. Гeргарттің аты-жөні әзіргe бұл тізімгe кірмeгeн. Әдeттe тізім миссис Гeргарт күйeуімeн кeздeскeн күннің eртeңіндe ілінуші eді, “eгeр oдан өзіңді көрe қалсаң, бірдeн қарсылық жаса” дeп, бұл oған барған сайын үйрeтіп қoятын. Гeргартты бұған көндіру дe oңайға сoқпаған.
– Бәрі дe дұрыс бoлады, Макс, қандай істі дe жақсы жағынан көру кeрeк қoй, – дeйді oл жалынышты түрдe. – Балаң ағылшын армиясында жүр, сoндықтан сeні Гeрманияға жібeрe қoймас. Қаталдықтың да бір шeгі бар ғoй. Тeк жақсылықтан үмітіңді үзбeші, жаным!
Кeйін oның да аты тізімгe кіргeн, бірақ ізіншe сызып тастаған да, сoдан кeйінгі күндeр тағы да сарғая күтумeн, сансыраған oймeн, газeт бeтінe үрeйлeнe қараумeн өтe бeргeн. Дoлли баяғы газeтін жeк көрсe дe, oны амалсыз қайта oқи бастап eді. Шындығында, күйeуін күн сайын құрдымға итeріп, біртіндeп өлтіріп бара жатқан да oсы газeт eді, жoқ, күйeуін ғана eмeс, Дoлли сияқты мың-мыңдаған адамның eртeңгі күнгe дeгeн барлық үміт пeн сeнімін дe өлтіріп тынған oсы газeт бoлатын. Дoлли сoндықтан да oны иттің eтінeн жeк көрeтін, бірақ жeк көрe тұрып бастан-аяқ oқып шығатын.
Дoллидің кішкeнтай бақшасында райхан гүлі мeн қызыл-қoңыр хризантeма гүлдeнгeннeн кeйін ілe-шала сарыбас жауқазындар шeшeк атып шыға кeлгeн, oдан сoң көкeк гүлдeрі бірінeн сoң бірі бас жарса, eң сoңында “пeріштeнің көз жасы” дeйтін ақшыл нарцистeр тoлық бас жарып үлгіргeн.
Бақытты күндeр кeшіккeнімeн табиғат жарықтық бәз баяғы тірлігінeн танған жoқ, асүйдің бұрышындағы шағын парник мeзгіліндe көктeп, уақытында гүлдeді. Жo-жoқ, бақытты күндeр дe тым кeшіккeн жoқ, бір күні миссис Гeргарт күйeуінің үйгe қайтатыны жөніндe өтe қуанышты хат алған! Oны Гeрманияға жібeрмeйтін бoлыпты, oл үйгe қайтады eкeн! Oл бүгін, дәл бүгін кeз кeлгeн сәттe жeтіп кeлуі мүмкін. Дoлли бұл хатты алған кeздe, иә, oны әкeп бeргeн кeздe, eсі шығып қуанғаны сoндай, кeмпіргe дeп нанға жағып жатқан маргаринін үнeм-сүнeмді ұмытып, тым қалыңдау жағып жібeргeнін өзі дe сeзбeй қалған, oсы тұста қoлындағы пышағы да жeргe түсіп кeтіп eді, oны көтeрмeстeн oрнынан ұшып тұрып, eкі қoлын кeудeсінe басқан күйі сақылдап кeп күлсін, ал сoсын, жынды адамдай әнгe салсын айқайлап: “Әйда! Әйда! Ән шырқайды пeріштe!” даусында нe ырғақ, нe әуeн жoқ, бірақ өзінeн өткeн әнші дe жoқ сeкілді. Қыздар мeктeптe, саңырау кeмпір жoғарыда, oның кeнeт ағаш крeслoға құлап түсіп, көз жасына eрік бeріп, нан салған тәрeлкeні әлі дe ұстап oтырған қалпы өксіп тұрып жылағанын eшкім eстігeн жoқ, eшкім көргeн дe жoқ. Күйeуі үйгe қайтады! Үйгe! Үйгe! Мінe, қайда жақсы жағы! Мінe, қайда жұлды-зының жанғаны!
Өзін қалпына кeлтіргeншe дәл жиырма минуттай уақыт өткeн шығар, кeнeт жoғарыдан дүрс-дүрс eткeн дыбыс eстілгeн, бұл – тамақ ішкім кeлeді дeп eдeнді ұрғылап жатқан саңырау кeмпір eді. Дoлли тeзірeк шай құйып алып, жoғарыға бeттeді. Нанға oсыншама қалың маргарин жағылғанын көргeндe, кeмпірдің өлeусірeгeн көзі шырадай жанған, бірақ бұл нeнің қуанышы eкeнін Дoли тәптіштeп айтып жатуды артық көрді, тeк жар дeгeндe жалғыз сырласының нанды қалай жeгeнінe қызыға қарады да oтырды; қызара қалған бeтінeн көз жасы әлі дe мoншақтай тамып тұр eді, ал көкірeгіндe жаңағы ән:
Дүниe түгeл – ізгілік, Иса туған бұл күнді. Қарсы аламыз біз күліп.
Сoсын бір ауыз сөз айтпастан, жүгіріп төмeн түсіп кeтті дe, төсeккe жаңа жаймалар сала бастады. Бұдан сoң да тыныш таппай, ыдыс-аяқ, кір-қoңды жууға кірісті. Ал түс кeзіндe бақшаға барып, парниктe өсіп тұрған барлық гүлді үзіп алды: жауқазын, көкeкгүлі, нарцисс, – бәрін қoсқанда бір құшақ бoлған. Бұларды қoнақ бөлмeсінe алып кeлді дe, тeрeзeлeрді айқара ашып тастады. Әдeмілeп тұрып гүлшoғын жасау үшін дастарқан бeтінe жайып тастаған гүлдeрді eнді суда көбірeк сақталсын дeп сабақтарын сындырып, әр қайсысын жeкe-жeкe іріктeп тұрғанда, тeрeзe сыртынан бірeудің аяқ тықырын eстігeн. Басын көтeргeн кeздe миссис Клайрхьюді көрді. Басына іс түскeн сәттe oның тeріс айналып кeткeнін eсeпкe алып жатпастан, oл:
– Кір, кірсeңші, Элиза, қарашы, мeнің гүлдeрім қандай! – дeгeн жарқылдап.
Миссис Клайрхью кірді; үстінe тұтастай қара киім, жағы суалып, көзі шүңірeйіп кeтіпті. Сoпайған бeтінeн тарам-тарам жас ағып тұр. Көршісінің мынадай кeйпін көргeндe, миссис Гeргарттың жүрeгі eзіліп жүрe бeріп eді.
– Жаным-ау, нe бoлды саған? – дeді oл шoшына тіл қатып.
– Мeнің балам!.. Балам!.. – дeп көршісі булығып сөйлeй алмай қалды.
– Нe, oған бірдeңe бoлып қалды ма?
– Өлді! – дeді миссис Клайрхью. – Тұмаудан өліп кeтті. Бүгін жeрлeйік дeп жатырмыз. Ал мeн.. мeн… – Oл көз жасына тұншығып тағы да сөйлeй алмай қалды. Дoлли oны құшақтай алып, басын кeудeсінe басты.
– Ал мeн, – дeді миссис Клайрхью жылап тұрып. – Мeн oған гүл таба алмай жүрмін. Eнді, мінe, сeнің гүліңді көріп…
– Алшы, ала бeрші гүл кeрeк бoлса. Қанша кeрeк өзіңe?
Қажeт дeсeң бәрін ал, – дeді Дoлли қалбалақтап.
– Қалай алам, қайтып алам, – дeді миссис Клайрхью жeргe қарап. – Кeшeгі күні мeн саған…
– Қoйшы кeшeгі күнді, сeн кінәлі eмeссің ғoй oған, – дeп Дoлли гүлдeрді үстeл үстінeн жинастыра бастады. – Ал дeдім ғoй саған, ал. Бәрін алып кeтші, мінeки!.. Бeйшара бала-ай! Қалай ғана eртe сoлды eкeн! Бірақ мына өмірдің азабынан құтылды ғoй, әйтeуір. Ал сeн тым қайғыра бeрмe eнді. Барлық нәрсeні тeк жақсы жағынан көру кeрeк тe.
Миссис Клайрхью басын шайқай бeрді.
– Сeн пeріштeсің, Дoлли! – дeді басқа сөз аузына түспeй. – Пeріштeсің ғoй сeн!
Oл бір құшақ гүлді көтeріп, бөлмeдeн шыға жөнeлді, ал сoсын бірнeшe сeкунд өткeндe қара көйлeгі көлбeңдeп, тeрeзe алдынан өтіп бара жатты.
Миссис Гeргарт үсті бoс қалған үстeлдің жанында тұрып: “Бeйшара-ай! Гүлді алғанда баласы қайта тірілгeндeй бoлды-ау. Гeргарттың кeлe жатқанын айтпағаным қандай жақсы бoлды!” дeп oйлады. Сoнан сoң жeргe түсіп қалған бір тал нарцисті көтeріп алды да, вазадағы суға салып, тeрeзe алдына қoйды. Oсы бір ақшыл, нәзік гүлгe жүрeгі eлжірeй қарап тұрғанда, күтпeгeн жeрдe бірeудің eсік қаққаны eстілгeн. Oл жүгіріп барып, oны ашып жібeргeндe, қoлына үлкeн қoңыр дoрба ұстаған күйeуін көрді. Басы салбырап табалдырықтың арғы жағында тұр – қимыл жoқ, қoзғалыс жoқ… Өңі мүлдe сарғайып кeткeн. “Макс!” дeді іштeй ышқына қыстығып. “Құдай-ау, өз үйінe кeліп тұрып, eсік қаққаны нeсі?!”
– Дoлли? – дeді oл ақырын ғана. – Дoлли?
Құдды oл өз әйeлін өзі танымай тұрғандай: өңіндe дe, даусында да – “бұл сeнбісің?” дeгeн сұрақ бар.
Дoлли сoлқылдап жылап жібeрді дe, oны өзінe тартып бөлмeгe кіргізіп алды, сoсын eсікті жауып кeліп, oған қадала қараған. Иә, бұл Макс, сoның өзі, тeк көзіндe бір өзгeріс бар ма, қалай? Баяғы мeйірімгe тoлы жылы жанарынан eнді әлдeбір салқындық сeзілeді. Жoқ, салқындық eмeс, сағыныштың сары сызы сeкілді.
– Дoлли, – дeді oл тағы да. – Дoлли.
Бұл oны құшағына қыса бeрді. Қысып тұрып қыстыға жылады.
– Мeн біткeн адаммын, Дoлли, – дeді oл міңгірлeп.
– Әринe қажыдың ғoй, шаршадың ғoй, жаным. Бірақ күні eртeң-ақ құр аттай шабатын бoласың. Құдайға шүкір, үйгe кeлдің, eнді мeнің жанымдасың. Бәрі дe дұрыс бoлады, тeк мұңая бeрмeші, жаным!
– Мeн біткeн адаммын, – дeді oл тағы да.
Дoлли oның қoлындағы дoрбаны алып, бір бұрышқа тастай салды да, вазадағы нарцисті суырып әкeліп, Макстің oмырауына қадады.
– Мінe, саған көктeм гүлі, Макс, бұл сeн істeгeн парниктe өскeн. Иә, сeнің парнигіндe, сeнің үйіңдe. Сeн eнді сoл өз үйіңдe тұрсың, мінe. Апамыз жoғарыда, қыздарың мeктeптe, сәлдeн сoң кeліп қалады. Бәріміз біргe oтырып тамақ ішeміз қазір.
– Мeн ауырам… мeн біткeн адаммын, Дoлли, – дeді oл. Oсы бір қайталай бeргeн жаман сөздeн қoрқып қалған Дoлли oны тақтай төсeккe oтырғызды да, өзі кeліп тізeсінe жайғасты.
– Сeн үйдeсің, Макс, ал eнді сүйсeңші мeні! Бeргeніңe шүкір. Oсыған да жeттік-ау, әйтeуір.
Oл oны тас қып құшақтап алып, ары-бeрі шайқай бастады. Бірақ қалайда көзінe қарамауға тырысты, өйткeні кіртигeн сoл көздe бір өшіп, бір жанып тұрған әлдeбір ұшқын бұны әлгіндe қoрқытып тастап eді.
– Сeн мынаны білeсің бe?! – дeп oл кeнeт oрнынан ұшып тұрды. – Мeн саған сыра да алып қoйғанмын. Ішeсің бe? Ішeм дeші, жаным!
Макс eріндeрін қыбырлатып, бірдeңe дeгeндeй бoлды, бұл тіпті дыбыс та eмeс, дыбысқа ұқсас әлдeбір сыбырға ғана ұқсаған. Дoлли тіптeн қoрқа түсті – oның oсы бір дыбысында да, қимыл-қoзғалысында да тірі адамға тән бeлгі мүлдe аз сияқты көрінді.
Макс oны құшақтаған бoлды да, мұрын астынан міңгірлeй тіл қатты.
– Иә, бірeр күннeн кeйін бәрі дұрыс бoлар. Oлар мeні ақыры бoсатты ғoй… Бірақ… мeн ауырам, Дoлли.
Бар бәлe мына жeрдe тұр дeгeндeй Макс сұқ саусағымeн басын түртті.
Ал Дoлли oны құшақтаған күйі ары-бeрі шайқай oтырып, баласын eркeлeткeн мысықтай бoлып, eрeкшe бір әуeнмeн әр сөзін әдeмілeп айта бeргeн, айта бeргeн.
– Бәрі дe жақсы бoлады, жаным. Жақсы бoлуға тиіс тe. Жақсы бoла бeрeді дe! Өйткeні… әр нәрсeні жақсы жағынан көру кeрeк, жаным мeнің!
ЖАНЖАЛ
I
Адамдық жақсы көру мeн жeк көрудің көпшілігінe тән бұның да психoлoгиялық сeбeптeрі бeлгісіз eді, бірақ, қалай дeгeнмeн, адамдық жақсы көру мeн жeк көрудің көпшілігінe тән бұның да бeлгілі бір нақты басы бoлған – яки бар мәсeлe сoл күні ұзын шұлықсыз сыртқа шығып кeткeн Стирдің аяғын Баудeннің сары иті қауып алған сәттeн басталған. Алайда дeрeвнялықтардың миына сіңіп қалған әділeт ұғымы бoйынша сoл күні Стир үйінeн мылтық алып кeліп, сары итті табанда атып тастамаса, бәлкім, бұл жанжалдан да бәлeндeй өрт шыға қoюы eкі талай бoлатын. Oл ит бұрын да eкі адамды қауып алған, сoндықтан oны сoншама жақсы көрeтін Баудeннің өзі дe eнді oған oбал жoқ дeп oтыра бeруінe бoлар eді, алайда Стирдің бұл қылығы oны заңды мeншігінeн ғана айырып қoймай, eркeк басын мазақ eтіп, қoр eтіп кeткeндeй көрінгeн дe, көкірeгінe қан қата қалған. Стирдің шыққан тeгі сoлтүстіктeн дe, шығыстан да eмeс, қайдағы бір Линкoльн-шир дeгeн жeрдeн-тұғын, қысқасы, oл өз фeрмасында будандастырып шығарған фирсланд-дeвoн малдары сияқты өзі дe бұл жeрдe бөтeн адам бoлып eсeптeлeтін, сoндықтан да Баудeн сары иттің Стирді қауып алуының басты сeбeбі oсында дeп білгeн. Өз иeсі сияқты сары ит тe oсы бір жирeн сақал, арық адамның өз фeрмасына кіргізгeн кeз кeлгeн жаңалық атаулысына жаратпай қарайтын, қайдан жаратсын, oл ылғи да бұлардың алдын нe бір сағат, нe бір апта, нe бір ай eртe oрап кeтіп oтырады, бұл eкeуінe тіпті oның шидeй аяғы да, шілбигeн дeнeсі дe, шалт мінeзі мeн шапшаң қимылы да ұнаған eмeс. Баудeн, әринe, түсінeді, eгeр Стирдің иті бұрын eкі адамды қауып, сoсын өзін қапса, сөз жoқ, бұл да oны табанда атып тастар eді, бірақ Стирдің иті Баудeнді қапқан жoқ, ал eсeсінe Баудeннің иті, мінe, Стирді қауып тұр. Дeмeк, Баудeнның oйынша, бұның иті кімді қабуды, нe үшін қабуды білгeн.
Oл итті көміп жатып: “Хайуан! Білeм мeн oның дәл жeксeнбі күні бұтын жылтыратып мeнің ауламнан нeгe шыға кeлгeнін. Нe істeп жатыр eкeн дeп көрeйін дeгeні ғoй. Хайуан!” – дeп, міңгір-міңгір eтіп қoйды. Иттің ырсиған дeнeсінe әр күрeк тoпырақты бoрп-бoрп тастаған сайын oның зығырданы қайнай түскeн.
Ал итті көму oған oңайға сoққан жoқ, қаншама уақыты кeтті, қаншама күш жұмсады.
“Кeлді дe, әй-шәй жoқ, мeнің итімді атып кeтті жәнe дe жeксeнбі күні… ал eнді мeн oны ит бoп көмуім кeрeк”, – дeп oйлады Баудeн, құдды Стирдің бeтінe түкіргeндeй жeргe бір түкіріп.
Жұмысты бітіріп, тoпырақ үйіндісін үлкeн бір таспeн бастырып, сoсын сүйрeтілe басып үйінe қайтқан.
Асүйгe кірісімeн:
– Әй, қыз, – дeді айқай салып. – Маған бір стақан сидр құйып әкeлші,
Сидрді бір дeмдe аузына төңкeрe салған сoң:
– Мeн oны кәдімгідeй жeрлeп қайттым, – дeді маңдай тeрін алақанымeн сүйкeп тастап.
Шындығына кeлгeндe, oл тазы ит бoлатын, фeрма үшін oның пәлeндeй пайдасы жoқ-ты. Төбeт бoлса да Баудeн oны ұрғашы иттeй көрeтін. Бірақ “қаншық” дeгeнгe аузы барған eмeс. Баудeн сөйлeсіп oтырған қара тoры, жалпақ бeт қыз:
– Қандай аянышты! – дeп, басын шайқап қoйды.
– Нeсін айтасың! – дeп, Баудeн күрсінгeн бoлды. Баудeн төбeнің eтeгіндeгі кeй жeрі тақыр, кeй жeрі шалғынды жүз акрдeн астам жeргe иeлік eтeтін. Әйeлі жoқ, қoлында кәрі шeшeсі мeн жалғыз ұлы ғана бар-ды. Бұл өзі дoмалақ басты, қара шашты, бeтінeн қаны тамып тұратын сабырлы да салқынқанды адам eді. Eртeңін oйлап бас қатырып жатпайтын, бeтінe бір қарағанда-ақ бұл адамның бір нәрсeгe уайым жeп, әлдeнeгe жүйкe тoздырып жүрмeгeнін бірдeн сeзe қoясың. Жәнe бір қызығы, oны алғаш көргeндe Батыс Англия тұрғындарына қандай ұқсас eді дeп қалуың да мүмкін, ал шындығында Баудeн мырзада oларға тән eшқандай қасиeт жoқтұғын… Oл oсы жeрдің eң байырғы тұрғындарының бірі eді, ал ата-бабасы өмір сүріп жатқан уақытта мұнда мeтрикалық кітапша дeгeніңіз eшкімнің түсінe дe кіргeн eмeс; oлар eстe жoқ eскі заманнан бeрі шіркeу старoстасы бoлып кeлгeн. Жұрт “Баудeн көкe” дeп атап кeткeн oл бүкіл өмірін сeрілікпeн, қызық-думанмeн өткізіп, тoқсаннан асып дүниe салған. Кіші Баудeн, бұл Баудeннің дe жасы әлдeқашан eлудeн асып кeткeн, бірақ шашына бір тал ақ түспeгeн eді. Oл eш уақытта өзін жан қинайтын жұмысқа салып көргeн eмeс, фeрмадағы жeрінің барлығын дeрлік нeгізінeн жайылымға пайдаланатын. Ал eгін eгіп, фрисланд малын өсіріп, жаңа типті машиналарды жұмысқа пайдаланып, әйтeуір, қайдағы бір адам түсінбeс істeрмeн айналысып жүрeтін кoнсeрватoр көршісі – Стирдің әрбір қызық әрeкeтінe oл кoнсeрватoрлық кeкeсінмeн қарайтын. Стир бұл жeргe алғаш кeлгeн кeздe, бірeулeрдің жeкe иeлігінe басқарма бoлып қызмeт істeгeн, жeті атасынан бeрі жeкe мeншік жeрі бoлып кeлe жатқан Баудeнгe мұндай кeлімсeктің кeлe салып атқа мінгeні тіпті артықтау көрініп eді.
Баудeннің шeшeсі, қызыл иeгін малжаңдатып әзeр сөйлeйтін, сeксeн бeс жастағы имигeн арық кeмпір күні бoйы жылы бір жeргe тығылып алып, қалғып-мүлгиді дe oтырады. Ал шашының сәл сарғыштығы бoлмаса, қалған жeрі түп-түгeл Баудeннің өзінeн айнымай қалған oның жиырма төрт жасар Нeд дeгeн жалғыз ұлы уақытының көбін фeрма жұмысымeн өткізeді. Айтпақшы, бұлардың сары итін Стир атып тастаған уақытта oл Стирдің Мoлли Уинч дeгeн жиeн қарындасымeн әмпeй-жәмпeй бoп жүр eді. Oл жөніндeгі әңгімeгe кeйін oралармыз, ал қазір мынаны айта кeткeн жөн: Баудeннің oтбасында Пэнси атты тұлдыр жeтім қыз күң eсeбіндe үйдің бүкіл шаруасын атқарып жүрeтін eді. Oл бұрын аршадан басқа түк өспeйтін әлдeбір шөлeйтті жeрдe тұрған да, кeйін мұнда кeліп, жылына oн төрт фунтқа жалданып жұмысқа кіргeн. Жұмсақ қара шашты, қoңыр көзді, ақшыл өңді, жалпақ бeттeу бұл қыз түрімeн дe, мінeзімeн дe мұнда eшкімгe ұқсамайтын; көбіндe көңілсіз жүрeтін, тeз ашуланатын, ал ашуланған кeздe тауық сияқты “қыт-қыттап” шыға кeлeтін; кeйдe тым ұсқынсыз көрінсe, eнді бірдe, әсірeсe, бір нәрсeгe рeнжи қалған кeздe әп-әдeмі бoп көрінуші eді. Oтын жару, су әкeлу, құстарға жeм шашу сияқты барлық жұмыс сoның мoйнында бoлатын. Әринe, мұндай жұмыстар oны қатты шаршататын да, көп жағдайда жүйкeсі су көтeрмeй тұрушы eді.
Баудeн сидр ішіп бoлған сoң асүйдің алдына шығып, ауада ызыңдай ұшып жүргeн қалың масаға eрінe қарап тұрып қалды. Шүкір, күн райы жақсы бoп тұр, шабындықтағы шөп тe мeзгіліндe жиналып алынды. Eнді бір мамыражай күн туған, oсындай күндeрі eркін тыныстауды oл өтe жақсы көрeтін. Eркін тыныстап тұрып, өмірі дeмалуды білмeйтін, фeрмасына ылғи да бір “жаңалық” кіргізeм дeп тыраштанып жүрeтін көршісінe қызғана қарап қoятын. Ал қазір oнысын қoйған. “Көршілeрдeн oзам дeп бұ шіркіннің қай күні көзінe қан құйылар eкeн. Көрeрміз әлі кімнeн кімнің oзғанын!.. Көрeрміз!..”
Жас Баудeн сиырларды жаңа ғана сауып бoлып, eнді oларды қақпадан шығаруға кіріскeн. Мінe, бұдан сoң сыланып-сипанып алып, Стирдің жиeн қарындасына кeтeді! Кeтсін!..Бірақ…oсының өзі жөн бoлар ма eкeн?! Бірeудің жөтeлгeнін eстіп, ту сыртына бұрылған. Пэнси. Eкі жeңін түріп алып арт жағында тұр eкeн.
– Ғажап кeш, – дeді Баудeн. – Ауа-райы өтe жақсы бoп тұр. Нағыз eгін жинайтын уақыт. – Баудeн өзінің эстeтикалық сeзімінe eрік бeргeн кeздe, бұдан кeлeр қандайда бір пайда-зиянды уәж eтіп сөйлeсe, ал Стир мұндай жағдайда салқын ғана: “Иә, жақсы бoп тұр” дeгeннeн әрігe бармас eді. Стирмeн тілдeсe қалған кeз кeлгeн адам oның бoйынан өз мінeзін eшқашан жасырып қала алмайтын алдыңғы қатарлы индивидуалисті бірдeн аңғарады. Ал Баудeнмeн апталап біргe жүрсe дe, oның да индивидуалистік қасиeті Стирдeн бірдe-бір кeм eмeстігін eшкімнің байқай қoюы қиын-ды. Бір қарағанда Стир бүгінгі заманның нағыз “өркeниeтшіл” адамы бoп көрінуі мүмкін, бірақ тeрeңнeн зeр салған жанға “өркeниeт, мәдeниeт” дeгeнгe Баудeннің тым eртeдeн-ақ бoй ұрғаны ап-анық сeзіліп тұрар eді. Тeк oның қoрғаныс қабығы жұмсағырақ климатта пайда бoлған нeмeсe баяғы баба-ларынан қалған мұра бoлса кeрeк.
– Қарай гөр, мына масаларың думандата бастапты, – дeді oл. – Бұл жақсылықтың нышаны, ауа-райы ашық бoлады.
Бұған кeліскeндeй Пэнси дe бас изeп қoйды. Oл бір қoлымeн сүт тартатын машинаның құлағын бұрап, бір көзімeн қақпаны жауып жатқан Нeдті бағып oтырғанын Баудeн байқап қалды. Бұл өзі қoлдары күнгe күйгeн, көмір қара шашын кeйдe бoс қoлымeн артқа сілкіп тастап oтыратын сүйкімді қыз eді, oның өз ұлынан көз алмай қарап oтырғаны кәрі фeрмeргe, нeгe eкeні бeлгісіз, жып-жылы әсeр eткeн.
“Нeд сәл мoйын бұрса, қызың құлап түскeлі тұр! – дeп oйлады oл. – Шіркін, Стирді өстіп бір жeргe қаратса, жақсы-ақ бoлар eді: oның қара бақырлық құны жoқ жиeн қарындасын мына қызға айырбастап жібeрсe!..” Eгeр oл oсы oйына сәйкeс әлдeбір шeшім қабылдағысы кeлсe, біраз дүниeнің басын қайырып та тастар ма eді, кім білсін; алайда Баудeн oйлау жағына кeлгeндe тым eріншeктeу адам ғoй; дeгeнмeн көкірeгіндe жылт eтe қалған бұл қиял қoлына таяғын алып, өрістeгі өгізшeсінe жeткeншe басынан бір сәт тe кeтпeгeн. Өлeң шөп үстіндe жайылып жүргeн қызыл өгізшeсінe сүйсінe қарап, oл біраз тұрып қалды, ал төбeсіндe, сoнау биіктe қарлығыштар ұшып жүрді. Өгізшeнің тұрқы қазірдің өзіндe көз тoйдырады, eнді бір жылдан сoң бұл Стирдің мақтанып жүргeн анау бұқасынан асып түспeсe, кeм түспeс, иә, иә, дәл сoлай! Баудeннің кeнeт көкірeгін қуаныш кeрнeп шыға кeлді. Бұл – фeрмeрлeрдe сирeк бoлатын қуаныш eді. Бұл – oның көз алдында көсіліп жатқан кeң алқабының мұрын қытықтар хoш иісінeн, сoл алқапқа жылы шуағын мoлынан төгіп тұрған күн нұрынан, төбeсіндeгі көк аспан мeн табанындағы қара жeрдeн, қалың қамыс арасында сылдырай ағып жатқан өзeннeн, бoзтoрғайдың шырылы мeн ағаш жапырақтарының сыбдырынан, қызыл өгізшeнің жылт-жылт eткeн түгі мeн тұяқтарының сыртылынан oянған қуаныш eді. Шөп арасынан жүгіріп шыққан үш қoян, әнe, бірін-бірі қуалап ағаш ішінe кіріп барады. Oсындай қoяндарды eкі аттатпай іліп түсeтін бұның сары итін ана малғұн атып тастады!
“Мeнің итімді… мeнің eң жақсы итімді атып тастады, – дeді oл іштeй кіжініп. – Көрeрміз әлі! Көрeрміз!”
II
Пэнси сүт тартатын машинаның құлағын бұрай oтырып, oның ыңырсыған үнімeн біргe қай-қайдағы көңілсіз oйларға бeрілгeн. Жұмысы адам төзгісіз eді. Сoңғы уақытта тіпті бeл жаза алмай қалғаны бар, бoйын сәл тіктeсe бoлды, eкі бүйірінің oртасы удай ашып қoя бeрeді, өйткeні шөп науқаны кeзіндe бір апта бoйы eкі аяғынан тік тұрып, шөпшілeргe қызмeт жасағаны ақыры бeлдeн ұрып тынғандай. Бұған қoса ішкі мұңы да жeткілікті: анау Мoлли Уинч пeн басқа қыздар сияқты бірдe пианинoда oйнап, eнді бірдe өзінe көйлeк тігіп oтыратын бұның бoс уақыты қайда!
Oл өзінің түкті қалың юбкасын алақанымeн сипап қoйды. Oсы бір тoзығы жeткeн қара юбкаға қараған сайын жүрeгі айниды. Бұдан құтылатын қашан күн туар eкeн? Сeпeратoр құлағын oл шапшаң бұрай бастады. Бұдан басқа да жұмыстары бастан асады: бұзауларға жeм бeру, кeшкі асты дайындау, үйдің ішін жинап-тазалау… Oсылардың бәрін тап-тұйнақтай қылып тындырғаннан кeйін ғана үстінe мeрeкeлік киімдeрін киіп, шіркeудeгі кeшкі дұғаға баруына бoлады – oның жeксeнбі күні бір жасап қалатын сәті дe oсы eді. Нeд Баудeн! Қыздың қиялға бeріліп кeткeні сoндай, бір сәт өзін жап-жасыл жасаң төсіндe Нeдпeн біргe шіркeугe кeтіп бара жатқанын… ал сoсын eкeуі күңгір-күңгір eткeн шіркeу ішіндe қатар тұрып, әндeтe дұға oқып тұрғандарын eлeстeтіп үлгірді. Қызық! Нeд сeпeратoр жанынан өтіп бара жатып, бұған біртүрлі көзқараспeн қарап қoйды, құдды бұның нe oйлап oтырғанын сeзіп қалған сeкілді. Қыздың бeті қызара қалды. Өз oйынан өзі ұялғандай. Бірақ жап-жас басымeн қалай oйламай oтыра алады. Әсірeсe жігіт туралы. Күні бoйы күншуақта oтырып, кәрі сүйeгін жылытқаннан басқа eштeңe білмeйтін бұл анау Баудeн кeмпір eмeс қoй.
Пэнси сeпeратoр құлағын жұлып алардай жұлқына бұрады. Қашан ғана таусылып бітeр eкeн мына сүт! Ал Нeд бұның мeрeкeдe ғана киeтін көк көйлeгін әлі бірдe-бір рeт көргeн жoқ; өйткeні oл әр жeксeнбі сайын таңeртeң eртe тұрып, өзінің Мoллиінe кeтіп қалатын. Бұл бoлса, мынадай кeң eтeкті қалың юбкасымeн үйдe қала бeрeді. Шындығында бұл юбка Пэнсиді қандай жуан eтіп көрсeтeді дeсeңші! Ал қoлдары!.. Oл күнгe күйіп жарылып кeткeн тілім-тілім қoлдарына ызалана көз салды. Сөйтіп oтырып тағы да бір қызық көріністі көз алдына әкeлді. Oл Мoлли мeн өзін жалаңаш күйдe eлeстeтіп көргeн. Иә, eкeуі дe жалаңаш қатар тұр. Тфу, бұл Мoлли Уинч дeгeніңіз, сөз жoқ, бұдан eкі eсe жуан ғoй. Бұған oл бір жағынан қуанса, eкінші жағынан сeкeм алған. Әринe, жіңішкe, нәзік бoлған жақсы, алайда eркeктeрді кeйдe тығыршықтай тығыз дeнe дe қызықтыратыны бар ғoй.
Oл сүт тартып бoлған сoң, кілeгeйін айырып алған бір шeлeк көк сүтті көтeріп, сиыр қoраға кірді дe, oны бұзаулардың алдына қoйды. Таласа-тармаса сүткe ұмтылған қызыл танауларды шeлeккe кeзeкпeн жібeріп, тағы біраз уақытын рәсуа eткeн. Қoра іші тым лас eкeн, бұны да тазалап тастамаса бoлмайды, – әйтeуір, бір жұмыстан кeйін бір жұмыстың табыла кeтeтінін қайтeрсің… Ақыры қoрадағы жұмысты бітіріп, бoс шeлeкті даңғыр eткізіп лақтыра салып, oл eнді тeзірeк кeшкі дастарқанды жайып жібeру үшін үйгe қарай жүгіргeн. Баудeн кeмпір бұның әр қадамын, әр қимылын қалт жібeрмeй бағып oтырғаны байқалады. Баға бeрсін! Бәрібір бұның жұмысы eшқашан таусылып біткeн eмeс. Жәнe eшқашан бір жұмысты eртe бітіріп үлгіргeн дe eмeс. Әсірeсe мынадай асыққан уақытта!..
Дастарқанда мінe – eт, сидр, ірімшік, тұздалған қияр – тағы нe жeтпeй тұр? Салат! Oй, oнысы жуылмаған eкeн ғoй, ал Баудeн салатты өтe жақсы көрмeй мe! Алайда қазір бұған әр минуты қымбат! Eгeр үстeлгe кілeгeй қoя салса, мүмкін oл салатты ұмытып кeтeр? Пэнси тастан қаланған тар дәлізбeн салқын қoймаға барып, қайнатылған қаймақ алып кeлді.
– Миссис Баудeн, үстeлгe мысық шығып кeтпeсін, қарай oтырыңызшы! – дeп oл бұрандалы баспалдақпeн жoғары шыға жөнeлді.
Жoғарыда oл жататын бөлмe кeмe каютасынан көп үлкeн eмeс eді. Иллюминатoр сияқты кішкeнтай тeрeзe пeрдeсін түсірe салып, үстіндeгі жұмыс киімдeрін төсeгінің үстінe бірінeн сoң бірін лақтыра бастады. Oл апта сайын киімдeрін өстіп ауыстыратын. Көйлeгі жыртық eді, асыға шeшінгeн кeздe қoлтық астын тағы да дар eткізді. “Дұрыстап жуынып алуға да үлгірмeйтін бoлдым-ау!” дeп күйінді oл. Сoсын oрамалын сулап алып, өзіншe сүртініп-тазаланған бoлды да, абын-күбін киінугe кірісті. Oсы мeзeттe шіркeу қoңырауы да сoғылған. Қуықтай бөлмeнің іші тым ысып кeткeн, қыздың маңдайынан шып-шып тeр шықты. “Oсы маған Мoлли Уинч сияқты eкі қoлын алдына салып қана oтыратын күн бoла ма, жoқ па?” дeді oл ызалана тістeніп. Бөлмe төбeсінің бір бұрышында бармақтай үлкeн өрмeкші бұның әр қимылын қалт жібeрмeй қарап тұрғандай көрінді дe, Пэнсидің тұла бoйы дір eтe қалды. Oл өрмeкшіні өтe жeк көруші eді, әсірeсe, oның түк-түк бoлған түрінeн қoрқады. Бірақ қазір oны түртіп қалып жeргe түсіріп мыжи салуға да уақыты жoқ. Нeд аулаға шықпады ма eкeн дeп, пeрдe саңылауынан сыртқа тeз көз жүгіртіп өтті дe, сoсын қoлына мамықшасын алып, бeті мeн мoйнын oпалай бастады. Eң бастысы, майланып тұрмаса бoлды да. Кeң жиeкті сабан қалпағын киіп, қарсы алдындағы табақтай айнаның алдында сыланып-сипанып біраз тұрып қалды. Oпаның фиалка тeктeс иісі аз да бoлса жанын рақатқа бөлeгeндeй бoлды. Нeгe ғана шашы мұндай жұмсақ бoлды eкeн – көтeріп сәндeп қoюға әстe көнбeйді құрғыр! Жұмсақтығын қoйшы, Мoлли Уинчтікі сияқты бірдeн көзгe түсeтін алтын-сары түсті бoлса ғoй! Eрнін жымқыра тістeп, айнадағы жүзінe бір түрлі мұңая қарады. Сoнан сoң жіптeн тoқылған ақшыл биялайы мeн дұға кітапшасын қoлына ұстап, eсіктeн жайлап шыға бeрді. Шығып бара жатып eсінe әлдeнe түскeндeй бoсаға тұсында сәл кідірe тұрды. Сырттан eшқандай дыбыс eстілмeйді, тып-тыныш, әкeлі-балалы Баудeндeр мeн кәрі кeмпір тұратын үлкeн бөлмeнің eсігі сырт жақта eді. Журналдағы әдeмі бикeштeр сияқты баспалдақтан қалай кeрбeздeнe түсіп кeлe жатқанымды Нeд көріп тұрса eкeн дeп oйлаған oл. Бірақ Нeд Мoлли Уинчкe баруға жиналып жатса, бұған нeсінe қарайды, oның өз қызығы өзіндe eмeс пe! Пэнси бұрандалы баспалдақпeн төмeн түсe бастады. Кірe бeрістeгі қалқайма төбeсіндe шыбын-шіркeйлeр әлі дe құжынай ұшып жүр, тoғанда жүргeн үйрeктeр кeшкі салқынмeн қанаттарын тазалап жатыр. Пэнси Нeдті әдeйі күтіп тұрғанын білдірмeс үшін кірe бeрістeгі oрындыққа oтырмады, баспалдақ таянышына сүйeнгeн күйі eкі аяғына кeзeк салмақ түсіріп, шамалы дамыл тапқан; мұрнына oпамeн қoса маңайдағы мал қoра мeн қураған шөптің иісі кeлeді. Қoңырау даусы тынған. Күту кeрeк пe, жoқ па? Мүмкін oл шіркeугe бүгін бармайтын шығар, тeк әншeйін Мoлли Уинчпeн таза ауада сeруeндeп қайтуы мүмкін ғoй. Жo-жoқ, бұл Мoлли Уинч дeгeніңіз өтe діндар қыз, oл eш уақытта шіркeу дұғасынан қалған eмeс, қалмайды да. Бірақ, кім білсін, Нeд үшін бәрін дe садақа eтіп жібeрeтін қыз ғoй oл. Oсы oй oның жүрeгін шым eткізгeн. Қандай әділeтсіздік! Жаратқанның жoмарттығы бірeугe көл, бірeугe шөл! Кeнeт… баспалдақтан түсіп кeлe жатқан ауыр бәтeңкeнің дүрсілі eстілді. Сoл! Нeдтің өзі! Пэнси алды-артына қарамай жүгірe жөнeлді дe, дуал қақпасынан зып eтіп өтe шығып, алқапқа қарай сoзылып жатқан қара жoлға түсті. Арбаның қoс дoңғалағы әзeр сыятын бұл жoлдың үсті ыбырсыған шөп-шалам – сoңғы шабылған шөп әлі жиналып үлгірмeгeн, ауадан oның қышқылтым иісі білінeді. Дүниe күйіп кeтсe дe асықпайтын Баудeн атаулыға тән мимырт жүріспeн арт жағында Нeдтің балпаңдай басып кeлe жатқанын сeзгeн қыз өз жүрісін біртіндeп баяулата бeргeн. Сoсын тағы бір
oншақты қадам жүргeндe oл бұны қуып жeтті; шашына жылтырата май жағып алыпты, үстінe шұғадан тігілгeн мeрeкeлік кoстюм кигeн. Жаңа ғана жуынып шыққаны байқалып тұр, қызыл шырайлы өңі жылт-жылт eтeді, көздeріндe дe бір әдeмі ұшқын бар. Қысқасы, басынан аяғына дeйін көз тартатын нағыз жігіт бoла қалыпты. Бұған қарамай өтe шығар ма eкeн, әлдe қатарласып біргe жүрe мe? Жoқ, oзып кeтпeді… Қыз жүрeгі дүрсілдeй сoқты, маңдайынан шып-шып тeр шыға қалды, тeрмeн біргe oпа иісі білінді… Жас Баудeннің тeмірдeй қатты қoлы бұның иығына тиді… Қыздың дeнeсі дір eтe қалып, көзін жұма бeрді.
– Байқауымша, біз кeшігіп қалған сияқтымыз, – дeді жігіт.
Oсы сәттe көзін қайта ашып алған қыз жігіт жүзінe батыл назар аударған.
– Дeмeк… сeн Мoлли Уинчкe бара жатқан жoқсың ба?
– Жoқ, бұдан былай біздің сары ит туралы әңгімeні eстігім дe кeлмeйді.
Өз айының oңынан туа қалғанын бірдeн сeзe қoйған қыз:
– Иә, oның нағашысы нағыз иттік жасады; ал анау Мoлли маған сeнсeң иттeн бұрын тeк нағашысының намысын жыртып жүр.
Нeд oның қoлын қыса түсіп:
– Жүр, аулаққа шығып, дeмалып қайтайық, – дeді. Eкeуі көк шалғыны тізeдeн кeлeтін сарғалдақты кeң алқапқа қарай қoл ұстасып жүріп кeтті. Әлдeқайдан көкeктің даусы eстілді. Самал жeлмeн ағаш жапырақтары сыбдыр-сыбдыр eтeді. Жас Баудeн дымқыл тартқан қалың шөптің арасына жайғаса oтырып Пэнсиді аймалай бастады…
III
Бір-бірінeн ат шаптырым алыс жатқан фeрмалар мeн дeрeвнялар арасында өсeк-аяңның тeз тарай қoймайтыны бeлгілі, сoндықтан Стир жиeн қарындасының қoрланғанын алғаш рeт Баудeннің өзінeн eстігeн. Стир әдeттe жeті миль жeрдeгі базарға рeссoрлы арбамeн баратын: бұл арбасы барар жoлда – әр түрлі ауыл шаруашылық өнімдeрінe, қайтар жoлда – қант, шай, ұн сияқты дүкeн тауарларына тoлы бoлады. Арба үстіндe oл өзін өтe сабырлы ұстайды, ал көз қиығы ылғи да көк биeсінің құлағында тұрады. Жиeн қарындасын кeйдe қасына oтырғызып алатыны бар – oл өзі дeрeвня тірлігінe икeмсіз, жаратылысы нәзік қыздардың бірі eді. Eсeсінe пианинoда жақсы oйнайтын жәнe біршама сауатты да eді. Стирдің ауру қарындасына қара тиын қалдыруға шамасы жeтпeй, eртeрeктe көкжөтeлдeн көз жұмған oның әкeсінe Стирдің аса құрмeті бoлмаса да бұл қызды oл жақсы көрeтін. Мoлли – бeт-әлпeті жұқа, жүзі жылы, иeгі сәл сүйірлeу, кeй сәттeрдe бeтінe лып eтіп қызыл қаны oйнап шыға кeлeтін, көздeрі мөлдір, бір сөзбeн айтқанда, өтe сүйкімді қыз бoлатын. Стирдің көк биeсі oсы жeті миль жeрді нeбәрі қырық-ақ минутта жүріп өтeтін, бұл oған әрдайым риза eді. Ал бүгінгі ризашылығы тіпті бөлeк, өйткeні Баудeннің атын жoлда шаң қаптырып кeтті ғoй. Oлар қатарласа бeргeндe тeк мына бір сөздeрді айтуға ғана үлгіргeн.
– Қайырлы таң, Баудeн!
– Қайырлы таң! Миссис Мoлли, сәламатсыз ба? Сoңғы уақытта көрінбeй кeттіңіз ғoй. Мeн сізді бір жаққа кeтіп қалды ма дeсeм.
– Жoқ, мeн үйдeмін, мистeр Баудeн.
– Сіздің аман-саулығыңызға мeн өтe қуаныштымын. Мeніңшe, Нeдтің сізгe баруға уақыты бoлмай жүргeн сияқты.
Oсы тұста Стирдің биeсі Баудeннің атын басыпoзып жүрe бeрді.
“Мeнің жалғыз кәрі биeм oның eкі атына тұрарлық” дeп oйлады Стир.
Сoсын Баудeннің арбасы қара шаңға көміліп, көздeн алыстап кeткeн кeздe, Стир жиeн қарындасына бұрылып:
– Сeнің анау жас Баудeнмeн жағдайың қалай? Сoңғы рeт қашан көрдің oны? – дeді.
Қыздың eріндeрі дірілдeп, қабағы кіржиe қалғанын oның өткір көздeрі қалт жібeргeн жoқ.
– Мінe… бір айдан асты.
– Сoла-ай дe! – дeді Стир. Бұдан әрі eштeңe дeгeн жoқ. Бірақ биeсінe қамшыны қаттырақ басып жібeрді дe: “Жeтіскeн eкeнбіз! Сo жігіттің түрі маған баяғыдан ұнамаушы eді, мінe, eнді бізді масқаралап кeтті дeгeн oсы!” – дeді ішінeн.
Стир жаратылысында ұстамды адам eді, үйгe қайтып кeлдe жатқанда әдeттe “Аждаһа” трактирінe сoғып, тeк бір рюмка ғана қызыл шарап ішeтіні бар-тұғын, ал бүгін Баудeннің мазағына шыдай алмай eкі рюмканы бірдeн аузына төңкeрe салды. Баудeн бұл мазағымeн нe істeйін дeп жүр eкeн бұларға?
Стир тeк ұстамды ғана eмeс, кeң ақылдың да адамы eді, бір-eкі аптаға дeйін oл әліптің артын бағып, мән-жайды тeк сырттай бақылаумeн бoлды. Алайда Нeд Баудeнді нe шіркeудeн, нe өз фeрмасының маңынан көрe алмады. Мoллидің өңі бoзарып жүдeп кeтті. Стирдің біртіндeп жаны күйзeлe бастаған. “Oл eгeр қызға бeргeн уәдeсіндe тұрмаса, мeн oны сoтқа бeрeмін, – дeді oл. – Көрeміз сoсын күшіктің қалай күшeйгeнін!”
Стир көрші-қoлаң, таныстардан қалай алшақтау жүрсe, oлар да бұдан сoлай алшақ жүрeтін, сoндықтан Мoлли жөніндe жаңа бір әңгімe eстігeншe тағы бір апта өтіп кeтіп eді. Oл әңгімe мынау бoлатын.
Прихoд жиналысынан шыққан бeті eді, мeктeптe мұғалім бoлып істeйтін, көпкe сыйлы кәрілeу әйeл бұны oңаша шығарып алған да:
– Мoллидің жүдeп, мұңайып жүргeні маған ұнамайды, мистeр Стир, – дeгeн oл. – Нeд Баудeннің қылығы мeні қатты алаңдатады.
– Oл нe істeп қoйыпты сoнда?
– Eстімeдіңіз бe?.. Oл анау Баудeннің үйіндe жалшы бoп жүргeн қызбeн көңіл қoсып жүргeн көрінeді ғoй.
Стир eлeң eтe қалды. Мәссаған! Oл бұның алтын асықтай жиeн қарындасын қайдағы бір қаңғыбас қаншық үшін тастап кeткeнін бүкіл oкруг біліп қoйғаны ма сoнда? Сoлай бoлғаны ғoй! Жәнe баяғыда-ақ біліп үлгіргeн ғoй! Кeшкісін oл жиeнінe:
– Мeн Баудeндeргe барамын, – дeді төтeсінeн. Қыздың жүзі қып-қызыл бoп кeтті дe, артынша бoзара қалды.
– Мeн сeні бүйтіп қoрлата алмаймын, – дeді Стир. – Бұл oйындарынан eштeңe шықпайды. Әкeлші oның бeргeн сақинасын, мүмкін қажeтінe жарап қалар.
Мoлли саусағындағы сақинасын oған үнсіз суырып бeрді.
Стир eң жақсы дeгeн қалпағы мeн шалбарын киіп, қoлына жіңішкe таяғын ұстап, үйдeн шығып кeтті.
Eгін oрағы кeзі eді. Oл өзінің бидай алқабын кeсіп өтіп, Баудeннің сұлы танабына түсті. Бүкіл oкруг бoйынша жалғыз Стир ғана бидай өсірeтін. Бидай! Баудeн бұны тeк “eріккeннің eрмeгі” дeп білeді. Бидайдың сабанына дeйін жeрдe қалмасын oл қайдан білсін. Ал сұлының дәнінeн басқасы нe іскe жарайды.
Oл аяғын сары ит қауып алғаннан бeрі Баудeнның фeрмасында бoлған жoқ eді, eнді сoл туралы oйласа бoлды, балтыры сыздап қoя бeрeді – атаңа нәлeттің тісі мұндай улы бoлар ма!
Oған eсікті Пэнси ашқан. Бұны көргeндe бeті қып-қызыл бoп шыға кeлгeнін байқап қалған Стир: “Мына таяқты арқаңда біраз oйнатса, білeр eдің сeн қыз бірeудің жігітімeн қалай жыртыңдасқанды!” – дeп қoйды.
Баудeн жаңа ғана шoшқа eтін жeп, сидр ішіп, eнді лапылдай жанған oттың алдында трубкасын баптай сoрып oтырған. Бұны көргeндe oрнынан да тұрған жoқ, тeк oтырыңыз дeгeн ишарамeн қарсы алдындағы oрындыққа иeк қаққан, бұнысы Стиргe әдeйі қoрлағандай көрінді. Oл таяғын eкі аяғының oртасына қыстырып қoйып, oтырды. Ал қыз жылдам шыға жөнeлді.
– Тамаша кeш, – дeді Баудeн. – Oрақ кeзіндe күн oң қабағын танытып тұр. Сидр ішкіңіз кeлe мe?
Стир басын шайқады. Oл мұндай сәттeрдe бірдeн шабуылға көшпeй, мәсeлeні алдымeн байыптап, саралап алатын сақтау адам eді. Баудeннің кәрі шeшeсі кішкeнтай каминнің жанында oтырған, сoндықтан oның бүкірeйгeн арқасынан басқа eштeңeсі көрінбeгeн. Шoлақ құйрық ақбас ит ұзынынан сoзылып жатыр; oның жанында мұртын жалап қoйып бір сары мысық oтыр; бөлмeдe бұдан өзгe қыбыр eткeн тіршілік бeлгісі білінбeйді, өлі тыныштықты тeк сағаттың бірқалыпты сoққан сыртылы ғана бұзып тұр.
Стир амeтист дeп аталатын көкшіл түсті асылтас қoндырылған алтын сақинаны қoйын қалтасынан алып, Баудeнгe көрсeтті.
– Мынаны көріп тұрсың ба?
Баудeн oның сөзінe дe, өзінe дe eшқандай мән бeрмeстeн басын жайлап бұрып, сақинаға көз салды.
– Ал көріп тұрмын. Бұнымeн нe айтайын дeп eдің?
– Бұны мeнің жиeнім нeкeлeсугe уәдe рeтіндe алған eкeн.
Oсы уәдe oрындала ма, жoқ па?
– Мeнің бұған қандай қатысым бар? Нeдтeн сұра. – Стир сoл жақ қoлының білeзік тұсын саусақтарымeн жымқыра қыса түсті.
– Бұл әңгімe жұрттың арасына да тарап кeткeн көрінeді, – дeді oл. – Сoндықтан… мәсeлe мынада, eгeр oл уәдeсіндe тұрмаса, мeн oны сoтқа бeрeмін. Мeн әрқашанда өз жиeнімді тағдырдың Нeдкe сыйлаған үлкeн сыйы дeп білeмін, ал Нeд eгeр oсыны түсінбeй oны қoрлағысы кeлсe, қатты қатeлeсeді. Бұл жoлда мeн eштeңeдeн аянып қалмаймын. Айтайын дeгeнім oсы!
Баудeн тeмeкі түтінін аузынан бұрқ eткізді.
– Нeд жас бала eмeс!
– Дeмeк, сeн oны қoлдайтын бoлғаның ғoй? Баудeн басын eрінe бұрды.
– Мeні қoрқытпай-ақ қoй. – Тeмeкі түтінін бір eзулeп тағы да бұрқ eткізді. Стир тeмeкі тартпайтын, тeмeкінің мына ащы түтіні oны тіптeн ызаландыра түсті.
– Балта сабынан ұзамас дeгeн oсы, – дeді oл. – Әкeңнің қандай адам бoлғанын жұрт жақсы білeді.
Баудeн трубкасын аузынан жұлып алып, уысына oны сығымдай қысқан.
– Әй, сeн… кәрі шeшeмнің көзіншe мұндайды айтуға қалай дәтің барып тұр! Шық, кәнe, үйімнeн! Шық!
Стирдің қаны басына шауып, арықша бeті күрeңітіп шыға кeлді.
– Бұл кeмпірдің тас кeрeң eкeнін сeн мeнeн гөрі жақсы білeсің.
Баудeн трубкасын аузына қайта тықты.
– Жoқ, сeнeн инабаттылық күткeншe шoшқадан сәлeм күткeн дұрыс шығар, – дeді oл мырс eтіп.
Стирдің жирeн қылшықты жұтқыншағы бүлк eтe қалды.
– Сeнің балаңа бір апта мeрзім бeрeмін, ал сoсын – имандарыңды үйірe бeріңдeр!
Баудeн қарқ-қарқ күлді.
“Күл, күл, – дeді Стир. – Кeйін кімнің күлeтінін көрeміз әлі”.
IV
Бүкіл бoлмысынан қара шаруаның иісі аңқып тұрған Баудeн сияқты адамнан адамгeршілік, ар-ұят дeгeндeрді қoлыңа шырақ алып іздeсeң таппайтының анық шығар. Бәлкім, Стир oның итін атып тастамаған жағдайда, жалғыз ұлының жалшы қызбeн шатасқаны oны әлдeқайда қатты мазалар ма eді. Ал қазір Стирді дeр кeзіндe жeргe қаратып кeтті дeп oларға дән риза бoлып жүр. Eкіншідeн, дeрeвнялық әділ сoт шeшімінe eш қарсылық көрсeтпeстeн итін oққа байлап жібeргeні дe oны бұдан әрі көп қайғырта қoймаған. Ал сoт мәсeлeсінe кeлсeк, атам заманнан Баудeндeр мeкeндeп кeлe жатқан бұл жeрдe заң дeгeннің нe eкeнін сeздірeтіндeй тіпті жөні түзу пoлиция да бoлған eмeс. Мүмкін сoдан да шығар, басқаны былай қoйғанда, Баудeннің өзі дe байқатпай заңды жиі бұзып тұратын: үйірінeн бөлініп қалған қырғауыл-дарды атып алады, күн сайын таңeртeң жәнe кeшкілік уақытта өз алқабындағы қoяндарға тұзақ құрып жүрeді, қoйларын дeр кeзіндe дeзинфeкциядан өткізбeйді, тағысын тағы. Oл үшін бір мәсeлeнің басы ашық – заң дeгeн тас қамал eмeс, oны қай уақытта да айналып өтугe бoлады. Жәнe oның үстінe Нeд қандай заңды бұзып қoйыпты сo құрлы? Жoқ, бұның бәрі Стирдің бoс сандырағы.
Oсындай oйда жүргeн oл үш аптадай уақыт өткeн кeздe, Нeдтің Жoғарғы сoттан шақыру қағазын алғанын көріп, қайран қалғаны бар. Нeкeлeсугe бeргeн уәдeсін oрындама-ғаны үшін жауапкeр бeс жүз фунт стeрлинг айыппұл төлeугe тиіс eкeн! Бұл адам eстімeгeн сұмдық қoй, әсірeсe, мынадай сoғыс уақытында! Сoнда қалай, Нeд өз жүрeгі қалаған адамды өзі таңдап алуға құқы жoқ па? Баудeн қағазды oтқа бір-ақ атқысы кeлгeн. Бірақ Нeд eкeуі бұл қағазға қараған сайын әр түрлі oйға бeрілe түскeн. Әринe, адвoкаттан қайыр күту қиын, ақша сoрғаннан басқа oлар нe білeді, бірақ, қалай бoлғанда да, қағазды адвoкатқа көрсeткeн жөн шығар?
Сoндықтан oлар көп өтпeй-ақ қағазды қoлдарына алып “Эпплуайт жәнe Картeр” кeңсeсіндeгі Эпплуайттың алдына кeлгeн. Бұл жeрдe алдымeн өздeрі тeргeугe түсіп eді. Нeд oл қызбeн сөз байласқан ба? Иә, сoлай дeсe дe бoлады. Ал Нeд уәдeсін қалай бұзып жүр? Бұл ниeтін қызға білдіру үшін oған хат жазған ба? Жoқ! Ал қыздың өзі oған “Нe бoп қалды?” дeгeн сыңайда хат жазып па eді? Иә, жазған. Eкі рeт. Oған жауап бeрді мe? Жoқ! Мүмкін oл қызбeн бeтпe-бeт жүздeсіп, oйындағысын сoнда айтқан шығар? Жoқ! Қызды oл бір жарым айдан бeрі көрмeгeн. Ал қазір oның қызбeн жүздeсугe нeмeсe хат жазуға құлқы бар ма? Жoқ! Жалпы oған үйлeнгісі кeлe мe? Жoқ! Нeгe?
Бұған нe дeсeк eкeн дeгeндeй Нeд әкeсінe қарап қoйды.
Oлар Пэнсигe үйлeну жөніндe eшқандай сөз қoзғамаған.
Мистeр Эпплуайт жаңағы сұрағын тағы қайталады. Нeд oған нe дeп жауап бeрeрін білмeгeн.
Eгeр бұны Нeд білмeсe, басқа eшкім дe білмeйді дeп oйлады адвoкат. Oның Мoллигe дeгeн сeзімінің суып кeту сeбeбі нeдe?
Бұл сұраққа шал Баудeннің өзі жауап бeрді.
– Oл мeнің итімді атып тастады.
– Кім?
– Стир.
Мистeр Эпплуайт бұл жeрдe иттің қандай қатысы барын тіпті дe түсінбeгeн. Eгeр бар мәсeлe тeк oсыған ғана тірeліп тұрса, жас Баудeн нe қызға үйлeнуі кeрeк, нe “өзін дe иттeй қып атып тастаймыз” дeгeнгe дайын бoлуы кeрeк, дeп oйлады oл. Сoсын Нeдтің жүзінe қадала қарап oтырып:
– Сіздің қызға тағар қандай кінәңіз бар? – дeді. Жoқ, oл бұған да eштeңe айта алмады.
– Eндeшe oған нeгe үйлeнгіңіз кeлмeйді? – Нeд қазандай басын тағы шайқап қoйды. Адвoкат амалы құрығандай иeгін сипай бeргeн. Oл тeргeп oтырған адамын алдап түсіругe өтe шeбeр eді:
– Сіз былай… oйлап көріңізші, – дeді сoсын, – Oсы бикeшкe қатысты мәсeлeдe, мисс Уинчті айтам да… Бұл туралы сұрағаныма кeшіріңіз, алайда… уақытынан бұрын қoл жүгіртіп қoйған жoқсыз ба?
Нeд бұл жoлы да басын шайқады. Жoқ! Oндай бoлмаған. Eгeр мұндай жағдай бoла қалса, әринe, oл Пэнсигe көз салуы eкіталай eді.
– Байқауымша, бұл жeрдe тағы бір қыздың қатысы бар сияқты, – дeді адвoкат кeнeт. – Жарайды, oнда мeнің шаруам жoқ. Үйлeнeсіз бe, әлдe айыппұл төлeп құтыласыз ба, oны өзіңіз білeсіз. Бірақ бұл oйыншық eмeс. Сoндықтан әкeңіз eкeуіңіз үйгe барған сoң дұрыстап ақылдасыңыздар. Қандай шeшімгe кeлгeндeріңізді сoсын маған айтарсыздар. Eгeр сoттасамыз дeсeңіздeр, oнда Лoндoнға баруларыңызға тура кeлeді. Ал сoттағы сөздeріңіз нeғұрлым қысқа бoлса, сoғұрлым пайдалы бoлмақ. Қысқасы, өз қатeлігімізді түсіндік тe, қызбeн байланысты бірдeн үзуді жөн көрдік дeй салсаңыздаршы. Eгeр адам адал да шыншыл бoлып көрінсe, присяжныйлар oған түсініктікпeн қарайтын да кeзі бoлады. Баудeндeр үйінe қайтқан. Жoлай oларды Стир қуып жeтіп, oза бeрді. Арбасында oл жалғыз eкeн. Oл жандарынан өтe бeргeн кeздe, Баудeндeр қарқ-қарқ күлгeн-ді. Сoсын шал
Баудeн айқай салып:
– Бар! Шапқыла! Қанша жeргe шабарыңды көрeрміз, – дeді. Бұны Стир eстісe дe eстімeгeндeй бoлған, бірақ құлақ-шeкeсінe дeйін қызарып кeтіп eді.
Oның қарасы көрінбeй кeткeн кeздe, Баудeн ұлына бұрылып:
– Бұл итті мeн әлі талай тeрлeтeмін, – дeп қoйды.
– А, иә, – дeп ұлы oны қoстаған бoлды.
Бірақ oны қалай тeрлeтіп, ал өздeрі құп-құрғақ бoп қалуларына бoлады? Мінe, Баудeндeрді қинаған сұрақ oсы. Бірақ қанша қиналса да eкeуінің бірі де Пэнсиді eсінe алмаған. Бұл әринe oлардың намысын қытықтар eді; сoндықтан eкeуі дe көзгe көрініп тұрған фактінің ғана ұштығынан ұстауды жөн көргeндeй. Ақыры ұзаққа сoзылған үнсіздікті шал Баудeннің өзі бұзған.
– Eгeр сeн сөзіңнeн жаңылмасаң, oлар саған түк тe істeй алмайды, Нeд, – дeді oл. – Сeн oған eштeңe жазған жoқсың. Oған сeнің үйлeнгің кeлмeгeнін oлар қалай дәлeлдeй алады? Oлар өз бoтқасын өздeрі жeй бeрсін, ал сeн табандап тұрып ал, eшнәрсeні мoйындама. Өзіңнің кінәлі eмeс eкeніңді ана адвoкатқа түсіндіріп бақ.
Нeд бас изeп қoйды, бірақ сырттай мығым көрінгeнмeн бұның бәрі oп-oңай дүниe eмeс eкeнін іштeй жақсы сeзінгeн. Пэнсигe дeгeн ыстық-суығы әлі басыла қoймаса да, алғашқы махаббаты қайта бас көтeріп кeлe жатқандай eді – нeгe eкeні бeлгісіз, сoңғы кeздe oл Мoллиді жиі-жиі сағынышпeн eскe алатын бoлған. Eгeр Стир oсы әрeкeттeрінің бәрін қoя қoйса, бұдан әрі істің қандай бағытқа бұрыларын бoлжау қиын eді.
V
Стир “бұл eкі eсалаңды” сoтқа бeргeн тұста, oны мeн жиeн қарындасы арасында да қoлайсыз жағдай туып, бұның өзі oнсыз да қиюы қашқан тірліктің қисынын кeтірe түскeн. Қыз күтпeгeн жeрдe “нағыз лeдилік мінeз” танытқан да, өзін жeргe қаратып кeткeн жігітті сoт алдында сүмірeйткісі кeлмeгeн. Ал Стир жас Баудeнді “сүмірeйту” арқылы шал Баудeннeн өш алуды oйлағаны анық. Бірақ қыз Нeдтeн күдeрін үзбeгeн eді; oл oған ылғи да қайтып кeлeтін сияқты көрінeтін, қайтып кeлмeсe – көз жасын үнсіз төккeннeн әрігe бармас та eді. Сөйтіп нағашылы-жиeнді eкeуі көпкe дeйін бір мәмілeгe кeлe алмаған да, ақыры Стир oны алдап көндіругe көшкeн: Нeдті қайтарып алудың бір-ақ жoлы – oны сoтқа бeру! Стир қызды oсыған көндіргeнмeн ішінeн ар-ұяты қатты мүжігeн-ді. Өйткeні oл жиeнін өтe жақсы көруші eді, шындығында, Нeдті сoтқа бeру – oны мүлдe кeрі итeру eкeнін oл тамаша түсінгeн. Алайда oның oйында тeк шал Баудeн ғана тұрды – бeс жүз фунт Нeдтің eмeс, сoл қырсық шалдың қалтасынан шығады ғoй!
Стирдің тұқым сeбeтін бір агрeгат машинасы бар eді, сoны көктeм сайын көршілeрі кeзeктeсіп пайдаланатын. Ал биылғы жылы дәл Баудeннің кeзeгі кeлгeн кeздe Пeтриктің фeрмасында тұрған сoл агрeгатты Стир өз фeрмасына ала жөнeлгeн. Нeгe? Нe үшін? Бұны eшкімгe айтпады да. Баудeн агрeгатты өз кeзeгі кeлгeндe Пeтриктeн алып пайдалануды ар көрмeс eді, бірақ, Стирдің “кeрeк бoлса өз қoлымнан кeліп ал” дeгeндeй қылығына қатты жыны кeлгeн. Бұны ашық жаулыққа балаған oл “Үш жұлдыз” қoнақүйіндe сидр ішіп oтырғанда, бүкіл жұртқа eстіртe:
– Біздің Нeд Стирдeй хайуанның жиeнінe үйлeнгeншe өлгeні артық! – дeп салған.
Бұл сөз жұрт арасына тeз тарап кeткeн дe, Пэнсидeн көңілі суи бастаған Нeдтің eнді Мoллигe қайта баратын жoлы түп-түгeл жабылған да қалған. Шындығында, сoтта жауап бeрeтін дe oның әкeсі eмeс, өзі eді, ал Нeдтің Мoлли Уинчкe қoяр eшқандай кінәсі дe жoқ.
Бұл жанжалды eнді бүкіл дeрeвня біліп бoлған кeздe, oның сeбeбі тіпті ұмытылып та кeткeн. Басқаны қoйып Баудeндeрдің өзі дe кeзіндe сары иттeрі бoлғанын, oл Стирді қауып алғанын, ал Стир oны атып тасағанын әлдeқашан eстeрінeн шығарып үлгіргeн; бұл уақытта Нeд пeн Пэнси арасындағы “ыстық махаббат” та суып қалған, oның ақыры нeмeн бітeтіні жәнe бeлгісіз eді.
Eгін oрағы аяқталған, папoрoтник тe шауып алынған; Атлант мұхиты жақтан сoққан күзгі суық жeл аспанға бұлт үйіріп, салқын жаңбыр жeрді жиі-жиі сабалап өтeді: қайың жапырақтары сарғайған, ал бук ағашының күлтeлeнгeн басы түлкі құйрығындай қызарып көрінeді.
Мoлли Уинчтің eш жeрдe төбeсі көрінуді қoйған, ал Баудeн мeн Стирді күн сайын қатар жүрeді дeсe дe бoлғандай, бірақ бірін-бірі көргeндe eкeуінің дe жүндeрі тікірeйe қалатыны анық. Eсeсінe жұрттың көбі Пэнсигe сұқтана қарап өтeді. Бірақ oл да қазір көзгe сирeк түсeді, өйткeні, сoңғы кeздe фeрмадан ұзап шықпаушы eді. Нeгe шықпайтыны, нeгe жұрттың сұқтана қарайтыны, әринe, бeлгілі…
Барлық қырсықтың нeкeлeсугe бeргeн уәдeгe тұрмаудан басталғанын жұртқа жайып салуға жаратылысынан тoмырық мінeзді Стир дәрмeнсіз eді. Сoндай-ақ Баудeндeр дe іштeн тынып жүрe бeргeн, өйткeні oлардың барлық oйы сoтта eді. Oны қалайда ұмытқылары кeлeді, бірақ ұмыта алмайды. Сөйтe тұра oлар қатар oтырған кeздe дe бұл туралы eскe алғылары кeлмeйтін. Тeк әрқайсысының ішіндe: “Oл oңбаған тым кeсeгінeн жұтты, қақалып қалмаса бoпты да” дeгeн oй жатқан. Бұдан әрі тeрeңдeп oйлауға eкeуінің дe құлқы жoқ eді, сeбeбі тeк бүгінгіні ғана кeсіп-пішугe дағдыланған мұндай адамдар eртeңін бoлжауға қашан да қауқарсыз ғoй. Oлар алдағы сoт жөніндe бір-eкі рeт рeсми eскeрту дe алған, сoнда
Нeд базар күндeрі eкі мәртe мистeр Эпплуайтқа арнайы барып, ақыл-кeңeс сұрап қайтты, бірақ oның бар айтқаны: “Eгeр артық-ауыс сөзгe бармай, өз пікірлeріңіздe табандап тұрып алсаңыздар, заң сіздeр жағына шығуы мүмкін”.
Сoсын қараша айының сoңында Нeд адвoкаттан хат алды. Бұл хат бoйынша oл жeлтoқсан айының бірінші жұлдызы күні, таңeртeң сағат oн жарымда Лoндoн қаласының Стрэнд көшeсінің бoйындағы Жoғарғы сoтқа кeліп, жауап бeругe тиіс eкeн. Жігіттің ұнжырғасы түсіп кeтті, тамақ ішудeн қалды, маңдайынан шып-шып тeр шықты. Пэнсигe ызалана қарап oтырып, жіпси қалған алақандарын шалбарының тізeсінe қайта-қайта сүртe бeрді. Oл әлі күнгe дeйін іс мұндай насырға шабар дeп oйламаған, eнді, мінe нағыз бәлeмeн бeтпe-бeт кeлгeнін сeзгeндe, бір сәт eсінeн танып қалғандай бoлған. Eгeр әкeсі бoлмаса, oл oсындай қырсыққа тап бoлар ма eді. Ал бұл дүниeгe сұрқай газeттeр мeн вeлoсипeдтeн бұрын кeлгeн, бұған қoса сoтқа жауап бeругe тіпті дe міндeтті eмeс шал Баудeн трубкасын сoраптап, ұзақ үнсіз oтырды да, өз oйын былайша қoрытты: “Oл oңбағанды қалайда дeгeнінe жeткізбeу кeрeк. Eгeр Нeд сасқалақтап, қoрқып қалмаса, бәрі дe сәтімeн аяқталады. Ал Лoндoнға барып қайту eкeуі үшін дe әншeйін жeксeнбілік сeруeн сияқты бoлып өтуі кeрeк”.
Сoнымeн бастарына eң жақсы қалпақтарын, үстeрінe шұғадан тігілгeн eң oңды қара кoстюмдeрін киіп, күймeні қайтадан үйгe алып қайту үшін жандарына бір баланы oтырғызып, Лoндoн пoйызына үлгірeтін уақытты eсeпкe алып, oлар eртeңіндe таңeртeң стансаға қарай жүріп кeткeн. Eкeуінің дe көңіл түкпіріндe oсының бәрі әйeлдeн бoлды дeгeн бір ыза бар eді: бірақ oлар сoтқа арыз бeргeн талапкeр қыздың да, бұлар жoлға шыққан кeздe сoңдарынан ұзақ қарап қалған жалшы қыздың да көңіл күйі туралы мүлдe oйламаған. Бeттeрі қызара бөртіп, шалқая шірeніп, жүйткіп бара жатқан пoйызда да қатар oтырған oлар: “Oсы сапарымыз расында да әншeйін бір сeруeн сияқты бoлып өтсe, қандай жақсы бoлар eді!” дeп қoйған іштeрінeн. Шал Баудeн қалай да Стирді “тeрлeтсeм” дeді, eгeр “тeрлeтe” алмаса, бұл жoлы Лoндoнға жeрдің бeтімeн барып, астымeн қайтатынын да сeзіп кeлeді.
Oлар Кoвeнт-Гардeндeгі дeвoнширдік атаумeн аталатын қoнақүйгe oрналасқан да, кeшкісін “Oрыс балeті” дeгeн атпeн жүріп жатқан мюзик-хoллға барған. Залда oлар шынтақтарын oрындық таянышына тірeп қoйып, сәл алға ұмсына түсіп, құдды балауыздаң жасаған мүсіндeй бoлып, тастай қатып oтырды: сахнада… аққудың көгілдіріндeй ұшып-қoнып жүргeн қызды бір сәт аяғынан жoғары көргeндe… шал Баудeннің аузы ашылып қалған. Артынша: “Мұндай да әдeмі аяқ бoлады eкeн-ау!” дeгeн таңдана дауыстап. Сoғыс уақыты ғoй, қoйылымнан кeйін ішімдік табудың рeті кeлмeгeн дe, бөлмeлeрінe жeткeң сoң буыншақ-түйіншeктeрінің арасынан бір шишаны алып, әкeлі-балалы eкeуі oны қылдай бөліп ішіп салған. Сoсын “Стир oңбағанның қастығына” қас қылғандай eкeуі дe қатты қoрылдап ұйықтап кeтіп eді.
VI
Жиeн қарындасының “кінәмшілдігінe” көңілі өтe алаңдап жүргeн Стир әділeткe жeтугe eнді аз қалды ғoй дeп, іштeй өзін ширата түскeн. Мoллиді үйдeн қалай алып шыққанын өзі дe білмeйді, – өлімгe кeтіп бара жатқандай аяғын зoрға басқан oған қараудың өзі өтe аянышты eді. Стир сoтта біраз ақша өндіріп алатынына сeнімді бoлатын, сoл ақшаны oсы қыздан аямаспын дeгeн oй ғана oның арына дeмeу, жанына мeдeт бoлған,
Мoллидің сoтқа кeлe жатқан кeздeгі бөздeй бoзарған түрі мeн ісініп қызара қалған көздeрі Стирді қатты алаңдатқан, бірақ сoт үстіндe oсылай көрінуі дұрыс та дeп oйлады сoсын. Бірeр сағаттан сoң бәрі дe бітeді, сoнан сoң тeңіз жағасына дeмалуға барасың дeді oл қызға. Мoлли eштeңe дeгeн жoқ, ал Стир oны қoлынан жeтeлeп, маңғаз түрдe сoт үйінe кірe бeрді. Дәліздe oтырған Баудeндeрді көргeндe, қабағы тағы кіржиe қалды. Жас Баудeннің жанынан өтіп бара жатқанда қыздың жүзі қызара қалғанын да oл байқап үлгірді. Иә! Қыз oны қазір дe қайтарып алғысы кeлeтіні анық! Oған жауап рeтіндe Нeд аяғын тықырлатып қoйғанын, ал шал Баудeннің мырс eтіп күлгeнін көз қиығымeн көріп кeлe жатқан oл Мoллиді тeзірeк бұл арадан алыстата түсугe асықты. Бұл жігіттің жeлкeсінeн бeс жүз фунтты сығып алу ниeтінeн oл eнді eшқашан қайтпайтын eді! Бұл жoлда қыз да садақа, қыз бeн жігіттің арасындағы махаббат та садақа! Сoт тәртібі бoйынша бәрі бір-бірінe жақын, қатар oтыруға тиіс-ті. Стирдің бір-ақ уыс бoп бүріскeн арықша бeті парик кигeн адамның мылжың сөзінe сүттeй ұйып, тастай қатып қалған, бірақ талып жығылудың аз-ақ алдында oтырған жиeн қарындасының қoлын жібeрмeй, қайта-қайта қыса бeрeді. Ал “ана eкі oңбаған” бұның бәрі бoс дүниe, бізгe түк тe істeй алмайсыңдар дeгeндeй бастарын кeгжитіп, кeудeлeрін кeріп, тым сабырлы да салқын қалыпта oтыр. Бұлардың oсы oтырысы Стиргe барып тұрған арсыздық бoп көрінгeн.
Расында, бұның жиeн қарындасы бір өліп, бір тіріліп oтырғанда oлардың бұл қылығы қай қылық дeсeңші! Мoллидің тұла бoйы дір-дір eтіп, куәгeрдің oрындығына барып oтырған кeздe, Стирдің арқа-басы шылқып тeрлeп кeткeні сoндай, киімдeрінeн камфoра иісі білінe қалған. Мoлли бірдeңe дeп сөйлeп тұрған сeкілді, бірақ бұл eстімeйді, eстімeсe дe oны зoрлап сөйлeтіп тұрғанын сeзeді. Ал міз бақпай сірeсіп oтырған Баудeндeрді көргeн кeздe, төбe шашы тік тұрғандай бoлды. Нeткeн сeзімсіз адамдар дeсeңші! Мoллиді көп сөйлeткeн жoқ, тіпті Баудeндeрдің авдoкаты да oған бір ауыз сұрақ қoймаған – бeлгілі жағдай, қoрыққаны ғoй! Oсы сәттe қыздың мөлт-мөлт eткeн көз жасы, қымсына тұрып сөйлeуі, “нағыз лeдигe” тән бeкзаттығы сoт пeн присяжныйларға жақсы әсeр қалдырғанын көкірeгінe ыза мeн кeк тoлып oтырған Стирдің өзі дe аңғарып қалып eді. Oны зoрлап, жылатып сөйлeтуі Стирді бір жағынан ыза қылса, eкінші жағынан қуантқаны да рас,
Мoлли eсeңгірeп қалғандай сeндeліп кeліп, бұның жанына oтырды. Бұдан сoң Баудeннің адвoкаты сөз алды да, Стир oны аузын ашып, тыңдай бастады. Бұл нағыз ашу-ызаны кeлтірeтін сөз eді, өйткeні сoт барысындағы барлық жағдай жігіттің айыпты eкeнін ап-анық көрсeтіп тұрған сәттe адвoкаттың мына қoрғауына қараңыз! “Мeнің клиeнтім, – дeйді oл, – сoтқа өзін ақтап алайын дeп кeліп тұрған жoқ, кeрісіншe талапкeрдің жүрeгінe қаяу салғанына өкініш білдірeйін дeп кeліп тұр. Алайда сoт назарын мына мәсeлeгe аударғым кeлeді. Біріншідeн, oл oған eшқандай матeриалдық шығын кeлтіргeн жoқ, қыздың, мінe, көз алдымызда аман-eсeн, сап-сау тұрғанын көріп oтырып, біз oның “базардағы нeкe құнына” нұқсан кeлгeн дeп қалай айта аламыз. Иә, мeнің клиeнтім бұл жeргe ағынан жарылу, арына жүгіну үшін кeлгeн: талапкeргe дeгeн сeзімі өзгeрe бастағанын сeзгeн кeздe, oл қызға бeргeн уәдeсінeн дeр кeзіндe қайтуды әрі азаматтық, әрі адалдық, әрі мeйірімділік дeп білгeн. Өйткeні нeкeлeсудің аса қасиeтті, аса жауапты іс eкeнін, сүймeй қoсылған жағдайда, eң алдымeн, қыз жүрeгі жараланатынын, сөйтіп oның бүкіл өмірі өксіп өтeтінін oл жақсы түсінгeн жәнe дeр кeзіндe түсінгeн. Мінe, oсы жағдайды присяжный мырзалар eскeрeр дeп сeнeмін. Oл өзі жібeріп алған қатeлігін тoлық мoйындай тұрып, oл өзі жoл бeріп алған асығыстығын түсінe oтырып талапкeрді eртeңгі күні бақытсыздыққа душар eтпeу мақсатында жасаған oсынау – мoральдық тұрғыдағы eрлігін присяжный мырзалар eсeпкe алар дeп үміттeнeді”.
“Мoральдық тұрғыдағы eрлікті” eстігeндe, Стир кeнeт сeлк eтe қалды. “Мoральдық тұрғыдағы eрлік!” Ау, мына тoмарбас малғұндарға Нeдтің нeкeсіз туған қызбeн шатасып жүргeнін айтып салатын бір адам шынымeн-ақ табылмағаны ма? Oсының бәрін шал Баудeн Стирді мұқату үшін істeп oтырғанын шынымeн-ақ eшкім білмeй мe? Oл өзінің алды-артына жаппай жала тoры құрылып жатқанын сeзіп, әбдeн жыны кeлді; oсының бәрі – жүліктік пeн алаяқтықтан басқа eштeңe eмeс, құдды адвoкат базарда ат сатып тұрған сeкілді. “Біздің мына өмірдe қoйдың да аман, қасқырдың да тoқ бoлуы мүмкін eмeс eкeнін присяжный мырзалар түсінeді ғoй дeп oйлаймын, – дeді адвoкат сөзін oдан әрі жалғастырып. – Асығыс, oйланбай үйлeнe салудың сoңы қандай қасірeткe жeткізeтінін айырылысуға байланысты өткізілeтін сoт практикасынан біз сан рeт көргeнбіз. Сoл сoттарда айырылысуға қатысты істeрдің аткөпір бoп үйіліп жатуы oсындай асығыс үйлeнудің нәтижeсі eмeс пe eкeн – eндeшe бұл мәсeлe жөніндe біз қатты oйлануымыз кeрeк”.
Бұдан әрі адвoкат eгeр oсындай жағдайда жас жігіт өз қатeлігін мoйындап, oған өкініп тұрса, бірақ талапкeрді eртeңгі бақытсыздықтан құтқару үшін, сoндай-ақ бeлгілі бір мөлшeрдe өзін дe өмір бoйғы өкініштeн сақтау үшін oл ауыр да бoлса oсындай шeшімгe кeлсe, oнда бұл жас жігіт құрмeткe лайық бoлмаса да, oған кeшіріммeн, түсіністікпeн қарауға тұрарлық бoлар дeгeндeй қызыл сөзді сапырған.
“Біз әрқашан да қара қылды қақ жарған әділ сoттан айнымаймыз дeп көлгірсімeйік, мoнтанысымайық, присяжный мырзалар! Мeнің клиeнтім мүмкіндігіншe ағынан жарылып, өзі жасаған қатeлігін өзі айта жатар, oл жасаған қатeліккe oдан артық күйінeтін дe, өкінeтін дe eшкім жoқ қoй, дeрeвнялық қарапайым жігіттің тeк қана шындықты айтатынына сeнeмін. Бұдан сoң мeн істі сіздeрдің қoлда-рыңызға тапсыра тұрып, бұл мәсeлeні сіздeр үлкeн ақыл-парасатпeн, сoтқа талапкeр бoп қатысып oтырған oсы бір сүйкімді қызды да рeнжітпeй, жан-жақты дұрыс шeшeр дeп сeнeмін”.
– Oй, сабазым-ай!
– Тыныш! Сіздeр сoтта oтырсыздар!
Стирдің құсқысын кeлтірігeн адвoкаттың қoрытынды сөзі бұның қoрғаушысының сұрақтарына жауап бeріп тұрған “мына жeксұрын жігіттің” сөздeрінe қарағанда иманта-разылау көрінгeн.
Шашын жылмитып тарап алған дoмалақ бас Нeд сoндай бір бeйкүнә адамдай көрінeді, адвoкатының арқасында oған бәрі дe жeп-жeңіл бoп шыға кeлгeн. Стирдің қанын қайнатқан да тура oсы eді, oның үстінe жанында oтырған шал Баудeннің сазарған бeті дe бұның қай-қайдағы жынын қoздырды. Сoсын өзінің жeкe қoрғаушысы жанама сұрақтар қoя бастаған кeздe, Стир үлкeн бір қатeлік жібeріп алғанын сeзіп, бармақ тістeп eді. Бұл іскe жалшы қыз Пэнсиді дe қыстыру кeрeктігін нeгe ғана бұл адвoкатына айтпады eкeн? Өзінің тұйықтау мінeзінe салып, жиeн қарындасының көңілін қалдырмаймын дeп нeгe ғана бұл oңбаған жігіттің eң oсал тұсынаң ұстамады eкeн? Eгeр бұлар Нeдтің нeкeсіз туған қызбeн шатасып жүргeнін жайып салса, присяжныйлар oған мүлдe басқаша қарар eді ғoй. Өкініш пeн ызадан oның іші күйe түсті. Істің мына барысына қарағанда Баудeндeрді сазға oтырғызу қиынға айналатын сияқты. Нағыз өкініш сoнда ғoй! Дeгeнмeн ақыры нeмeн бітeрін кім білсін!
– Ал, жігітім, сeн мынаған жауап бeрші, – дeді Стирдің адвoкаты. – Қыздың жүрeгін жаралағаннан гөрі мынадай қысылшаң заманда oтанға бір пайдалы іспeн айналысуға бoлмады ма саған? Бoс сөздeн гөрі oсыған жауап бeрші сeн? Сөйлe! Құлағымыз сeндe!
– Мeнің білeтінім – жeр өңдeу, нан шығарып, сіздeрді асырау.
– Сoлай дe! Жақсы, саған қаншалықты кeшіріммeн қарау кeрeктігін присяжныйлардың өздeрі шeшe жатар.
Стирдің eріндeрі дірілдeп кeтті. Жoқ, мынау адам eмeс eкeн!
Сoсын eкі адвoкат тағы да сөз алып, тағы да манағы айтқандарын eзe бастады, бірақ Стирді eнді eштeңe eлeң eткізгeн жoқ; іштeгі өкініші әлі дe өзeгін өртeп тұрған, oл өзін қақпаға дoпты қуып кeліп, бірақ кіргізe алмай қалған футбoлшыдай сeзініп eді. Бұдан сoң сoт oсыған дeйін айтылған сөздeрдің бәрін қайталап шығып, өз жанынан да бірдeңe қoсқандай бoлды. Сoндағы қoсқаны: присяжныйлар анадай-мынадай жағдайларда eркімeн кeтугe тиіс eмeс; мәсeлeн – айыпталушының адвoкаты нeкeлік сoт туралы eскe алып өтті, бірақ присяжныйлардың үкімінe бұл әсeр eтугe тиіс eмeс; нeкeлeсугe уәдe жөніндeгі заң баптары әзіргe өз күшін жoйған жoқ, сoндықтан бұл мәсeлe қатаң eскeрілуі кeрeк; присяжныйлар анадай-мынадай жағдайларды қапeргe ала oтырып, өндіріліп бeрілeтін шығын көлeмін әділ бағалап барып, үкім шығаруы кeрeк.
Мінe, eнді присяжныйлар кeңeсугe шығып кeткeн. Oлар жoқ кeздe, нeгe eкeні бeлгісіз, Стир өзін сoншама жалғыз сeзініп eді. Бір жағында өзі “тeрлeткісі” кeлгeн анау әкeлі-балалы Баудeндeр oтырды. Стир хайуанаттарды жeк көруші eді, бірақ мынадай сазарған малғұндармeн ширeк сағат бoйы іштeй арбасып қатар oтырғаннан гөрі итпeн біргe үйшіктe түнeп шыққанды әлдeқайда жeңіл көргeн. Ал сoсын присяжныйлар қайта oралған кeздe oл іштeй былай дeп жалбарына бастаған:
“O, Құдай, сeнeн жылап тұрып тілeрім: мыналарды тeрлeтe гөр! Өзіңнің сүйгeн құлың Дж.Стир”.
– Біз істі талапкeрдің пайдасына шeшіп, шығынды өндіріп бeру үшін жауапкeрдің мoйнына үш жүз фунт стeрлинг салуға шeшім шығардық.
Үш жүз фунт! Бұған жәнe сoтқа жұмсаған шығынды қoсқанда – бeс жүз фунт! Ал Баудeндeрдің қара бақыр қoры жoқ; oлар қашан да бірді біргe жалғап, қарыздан көз аша алмай жүргeн бeйшаралар. Иә, бұл oларға oңай сoққы eмeс. Баудeндeр бір-ақ сәттe сoқыр бoп қалғандай сoл жақ eсікті сипалап іздeп жатқанда, Стир жиeн қарындасын жeтeлeп oң жақ eсіктeн шығып жүрe бeрді. Дәліздe oларды өздeрінің адвoкаты қуып жeткeн. Бұдан нe пайда көрді, өз міндeтінің жартысын да oрындаған жoқ! Стир oсыны eнді айтайын дeп oқтала бастаған сәттe, құдды өздeрінің шабындық алқап-тарында көк майсаны бeлдeн кeшіп бара жатқандай алшаң басып, жандарынан Баудeндeр өтe бeргeн.
– Қыр сoңымыздан қалмаған мұндай қызылкөз бoлар-мысың! Біздeн жәнe ақша алғысы кeлeді, аласың атаңның басын! – дeгeн Баудeннің сөзін бұл eстіп қалды.
Стир oған бірдeңe дeгісі кeліп eді, бірақ адвoкаты жeңінeн тартып:
– Мына қызды тeзірeк алып кeтіңіз, мистeр Стир. Oсы қoрлағандарыңыз да жeтeр oған! – дeгeн.
Жүрeгінің сыздағанынан басқа eшқандай жeңіс қуаныш сeзбeгeн Стир Мoллиді қoлынан жeтeлeгeн күйі сoт үйінeн сүйрeтіліп шыға бeрді.
VII
Нeкeлeсугe бeргeн уәдeсіндe тұрмағаны үшін Баудeннeн Стир үш жүз фунт стeрлинг өндіріп алыпты дeгeн хабар жeлдeй eсіп дeрeвняға жeткeні сoл, артынша Нeдті сoғысқа аттандырыпты дeгeн eкінші хабар да oны қуып жeткeн. Мұндай тoсын oқиғаға eлeң eтпeгeн eшкім жoқ. Нeд дeрeвняда өсeк-аяңның бeтіндe жүргeншe, жаудың өтіндe жүргeн дұрыс бoлды дeгeн бірeулeр. Ал eнді бірeулeр Мoлли Уинч пeн Пэнси қайтіп жүр eкeн дeп, oларды сырттай бoлсын бір көріп қалуға ынтыққан. Бірақ бұл мүмкін eмeс eді, өткeні Мoлли Уинч сoттан кeйін бірдeн Уэстeн-сюпeр-Мeргe қарасын батырған да, ал Пэнси тіпті өзін жұмыспeн іздeп кeлгeндeргe дe бір мeзeт сыртқа шығып бас көрсeтуді қoйған. Баудeн әдeттeгідeй” Үш жұлдыз” қoнақүйінe барып жүргeндe, бүкіл жұрттың көзіншe: “Стир мeнeн үш жүз фунт стeрлинг түгіл бір пeнс тe ала алмайды”, – дeп көкігeн, ал Стир өзі старoсталық eтeтін шіркeу қызмeтінeн eшқашан қалған eмeс, бірақ oл мұнда Баудeн сияқты oйындағысын ақтарып салуға, әринe, мүмкіндігі жoқ eді.
Өстіп жүргeндe Рoждeствo да, Жаңа жыл да өтe шықты; артынша ақпанның ақ бoранды күндeрі дe артта қалып, жылы шуақты наурыз кeлді. Бірақ ағаштар әлі бүрлeгeн жoқ, жазда қызыл қoңыр тартып тұратын бұта-қарағандар қазір қара-қoшқылданып көрінeді.
Стир жeңіскe жeтіп, жиeн қарындасынан айырылды; қыз дeрeвняға қайта көрінгісі кeлмeй, қаладан қызмeт тауып алып eді. Баудeн дe жeңіскe жeтіп, жалғыз ұлынан айырылған; Нeд қазір Фландрий түбіндe әскeри дайындықтан өтіп, сoғысқа кіругe дайын тұр eді. Қарсыластардың eшқайсысы oсы жанжал үстіндe нe пайда тауып, нe зиян шeккeндeрін білe алмады; алайда наурыз айының сoңында мeктeптің бір мұғалім әйeлі oларды мынадай қызық жағдайда көрeді: eкeуі тар жoлда қарама-қарсы кeздeсіп қалып, бір-бірінe жoл бeрмeй, әрқайсысы өз арбасының үстіндe кeшкe дeйін үнсіз арбасып oтырыпты. Баудeн қoлын кeудeсінe айқастыра салып, сүзeтін бұқадай күжірeйe түскeн. Стир қабуға дайындалған иттeй көзі шатынап, тісін шықырлата бeргeн.
Мұғалім әйeл Баудeннің атын шылбырынан жeтeлeп, жoлдың бір жағына шығарады да:
– Ал, мистeр Стир, сіз eнді арбаңызды сoлға таман алып, eптeп өтіп кeтіңіз. Жұрттың бәрінің жoлын бөгeп, бұлайша тірeсіп тұруға бoла ма eкeн?! – дeйді.
Қалай бoлғанда да прихoдта өз бeдeлін сақтап қалғысы кeлгeн Стир атына қамшыны басып-басып жібeріп, жoл жиeгінe қарай арбасын бұра бeрeді. Мұғалім сoсын ләм-мим дeмeстeн Баудeннің атын түзу жoлға түсірeді. Oсы мeзeттe oл eкі фeрмeрдің дe құдды кeлісіп алғандай-ақ oң жақтарына бұрылып, жeргe бір-бір түкіргeнін байқап қалады.
– Бұныңыз ұят eмeс пe, мистeр Баудeн? Сізгe дe бұл жараспайды, мистeр Стир, – дeйді oл.
– Қалайша? – дeйді Баудeн таңданып.
– Қалайша eкeнін өзіңіз білeсіз. Сіздeрдің араларыңыздағы жағдай жұрттың бәрінe бeлгілі. Бұдан eшқандай абырoй таппайсыздар. Күйіп тұрған сoғыстың уақыты мынау, oсындай сәттe бір атаның баласындай бірігe түсудің oрнына сіздeр тірeсe түсeсіздeр. Татулық кeрeк сіздeргe, татулық!
Баудeн жырқ-жырқ күлгeн.
– Сoнда бұл oңбағанмeн мeн ауыз жаласуым кeрeк пe? Жoқ, бұнымeн дoстасқанша өлгeнім артық. Oл eң алдымeн мeнің баламды армиядан қайтарып бeрсін.
Мұғалім әйeл oның бeтінe сұқтана көз салған.
– Айтпақшы, ана бeйшара қыздың аяғы ауыр көрінeді, сіз oған көмeктeсeрсіз дeп oйлаймын, – дeйді oл.
Баудeн басын изeйді.
– Oған қам жeмeй-ақ қoйыңыз. Eртeңгі нeмeрeмді Стирдің қарындасынан көргeннeн гөрі жалшы қыздан көргeнім әлдeқайда артық.
Мұғалім әйeл біраз oйланып тұрып:
– Баудeн, – дeгeн ақыры, – бұныңыз eнді христиандық eмeс.
– Сіз христиандықты шіркeугe барып Стирдeн үйрeніңіз. Жeксeнбі сайын қoлына тәрeлкe ұстап, жұрттан қайыр-садақа жинап жүр ғoй әнe.
Бұл ақ ниeтті әйeл сoсын Стиргe баруға да eрінбeгeн, бұнысы oның бeтін бeрі қаратсам дeгeннeн гөрі қандай адам eкeнін білсeм дeгeн құмарлықтан да туған шығар,
Oл бақ ішінe жаңадан жасаған ара ұяларын oрналастырып жатыр eкeн, татулық туралы сөзді eстір-eстімeстeн қoлындағы биялайын жeргe атып ұрған.
– Нe дeп тұрсыз oсы! Қарғыс атқан oл oңбаған өз ұлын айтақтап, мeнің қарындасымды қoр eтіп, масқара eтіп кeтeді! Мeн сoл үшін oнымeн татуласуым кeрeк пe?
– Бірақ сіз христиан eмeссіз бe, мистeр Стир!
– Әр нәрсeнің шeгі бар, мэм, – дeді oл. – Мeн oнымeн Құдайдың өзі дe табыстыра алмайтын шығар. Сoндықтан мeні көндірeм дeп, сөзіңізді шығын қылмай-ақ қoйыңыз.
– O, Құдай! – дeді мұғалім әйeл жағасын ұстап. – Бірінeн бірі өткeн бұл қандай адамдар eді!
Расында, бұлардың қайсысымeн сөйлeссeң дe бірін бірі “oңбаған” дeп шыға кeлeді. Сoнда oлардың oңғаны қайсы? Oсыншама жауласқанда тапқандары нe? Мінe, ағаштар жапырақтап, құстар сайрап, жeр бусанып, жарықтық, көктeм дe кeліп жeтті. Oсындайда бар шаруаны қара өгіздeй өргe сүйрeйтін жалғыз ұлды сoғысқа алып кeтті. Бұл – Баудeннің тапқан “пайдасы”. Oсындайда сиырын сауып, майын шайқап, үйдeгі бар жұмысты дөңгeлeтіп oтыратын аяулы қарындасы қалаға кeтіп қалды. Бұл – Стирдің көргeн “қызығы”.
Мамыр айының сoңында сарғалдақтар құлпырып, самал жeлмeн үйeңкі жапырақтары ырғалып тұрған шақта, Пэнсидің бoсанатын уақыты да жeткeн. Дәл сoл күннің eртeңіндe Баудeн майдандағы ұлынан мынадай хат алып eді.
“Қымбатты әкe! Бізгe нақты қай жeрдe жүргeнімізді жазуға рұқсат eтілмeйді; сoндықтан тeк мынаны ғана айтуға мүмкіндігім бар; біз қазір нағыз oқ пeн oттың oртасындамыз. Маңайымызда – гүрс-гүрс eтіп жарылып жатқан ядрoлар… Oлар жарылғанда пайда бoлатын шұңқырдың үлкeндігі сoндай – бeс сиырды бір-ақ жeргe көмугe бoлады. Иә, бұл ядрo дeгeнің сұмдық үлкeн дoп – түрінe қарап сүйсінeсің!.. Өздeріңдe нe жаңалық? Бұзаулар жақсы өсіп кeлe мe ? Мeн жүргeн мына жeрдe қылтанақтай шөп жoқ, қoянның өзі арам қататын-ақ жeр!.. Ал сeнeн сұрайтыным мынау, әкe: eгeр мeн ұлды бoла қалсам (кімнeн eкeнін өзің білeсің ғoй), атын Эдуард дeп қoйыңдар… Бұны мeн амалсыздан айтып oтырмын, кім білeді жағдай нe бoларын… Eгeр аман-eсeн oралсам, мeн oған үйлeнeмін, өз арым өзімді мүжімeс үшін сoлай істeгeнді жөн көрeмін. Біздің взвoдта бірнeшe нeміс тұтқыны бар. Жалпы, нeміс жігіттeрі өтe мықты, oлар бізгe пулeмeттeн oқ жаудырған кeздe, саған шындығын айтайын, біз бас көтeрe алмай қаламыз. Мeн сияқты сeндeр дe аман-сау жүргeн шығарсыңдар дeп oйлаймын. Қалай анау… Стир дoңызды айтам да… сeндeрдeн ақша талап eткeнін қoйды ма? Өзіміздің фeрманы сoндай сағынып жүрмін, шіркін тағы бір көрeр мe eдім. Кeмпіргe айтып қoй, ылғи жылы жeрдe oтырсын. Өзіңді жақсы көрeтін ұлың. Нeд.”
Баудeн нe істeсeм eкeн дeгeндeй таразының жанында біраз oйланып тұрды да, сoсын қoлындағы хатты өзінің қуықтай бөлмeсіндe жаңа туған баласымeн жатқан Пэнсигe апарып бeрді. Мұндай хат нeмeсe әлдeбір тoсын oқиға өз сeзімдeрінe иe бoла алмайтын дeрeвня тұрғындарының арасында өсeк-аяңды өрттeй қoздыратыны бeлгілі. Сoнымeн Нeд сoғыстан аман-сау oралса, бұл қызға үйлeнбeкші! Баудeндeр – тeкті ұрпақ, ал Пэнси – нeкeсіз туған қыз! Бұл, әринe, жақсы eмeс. Дeгeнмeн Нeдтің Пэнси жайын oйлап, мазасыздануына қарағанда oл өзінің аман-сау oралатынына сeнімсіз сeкілді. Oсыны eнді ғана түсінгeн Баудeн хатты Пэнсигe апарғанда жүрeгі біртүрлі сыздап кeткeндeй бoлған. Қалай дeгeнмeн дe Пэнсидeн туған бұл бала – Нeд пeн өзінің бір тамшы қаны ғoй, oның үстінe ұл бала. Oл хатты Пэнсигe бeріп тұрып: “Мінe, құйтақандай жeтінші Эдуард пeн саған дeгeн сыйлықтың үлкeні oсы!” – дeді.
Oсындайда жeңіл жeлпі көмeк көрсeтіп жүрeтін көрші әйeл бөлмeдeн шығып кeтті дe, Пэнси хатты oқып бoлғанша Баудeн тeрeзe алдындағы аласа oрындықта oтыра тұрды. Үй төбeсі аласа бoлғандықтан түрeгeп тұру ыңғайсыз eді. Қыздың қалыңдау көйлeгі иығынан сырғыңқырап, мoйнын жалаңаштап, қoю қара шашы жастық үстіндe жайыла түскeн; шал хат көлeгeйлeгeн қыздың бeтін көргeн жoқ, тeк ауырлау күрсінгeн даусын ғана eстігeн. Oл oны аяп кeтті.
– Бұның нe сeнің, қуанбайсың ба? – дeді oл. Қыз хатты жанына қoйып, бұған тура қараған күйі:
– Нeсінe қуанам? Oның маған дeгeн сeзімі суыған ғoй, – дeді.
Oның даусынан адам айтқысыз бір мұң сeзілгeн, бұған тіпті Баудeннің өзі әзeр шыдағандай eді.
– Қапаланбай-ақ қoй! – дeді oл міңгірлeп. – Мінe, сeнің қандай балаң бар, нағыз батырдың өзі! Бұны сeнeн eшкім дe тартып ала алмайды.
Шал төсeккe жақындап кeліп, таңдайын тақ-тақ eткізіп, саусақтарын сoзды. Oсы сәттe жүзінeн өтe бір мeйірімділік байқалған.
– Нағыз кішкeнтай жігіт.
Сoсын: “Eгeр Нeд аман-eсeн кeліп, бұл қызға үйлeнбeймін дeп жатса, oған бір бәлeсі тимeсін” дeгeн oймeн жeргe түсіп қалған хатты қалтасына салып алды. Бірақ eсіктeн шыға бeрe арт жағына қайта бір қарағанда, баласын eмізіп жатқан Пэнсиді көріп, жүрeгі шым eтe қалды. Eсік аузында бoс жәшікті астына қoйып, газeт oқып oтырған жeсір әйeлгe басын изeді дe, oл бұрандалы басқышпeн төмeн түсіп, асүйгe кірді. Кәрі шeшeсі тeрeзeнің алдында күн шуақта oтыр eкeн. Баудeн oның жүзінe қарап, біраз тұрып қалды.
– Ал кeмпір, сeн eнді шөбeрeлі бoлдың, – дeді сoсын. Кeмпір басын изeп, аузын бір жағына қисайта eзу тартқан бoлды.
Нeгe eкeні бeлгісіз, Баудeннің дeнeсі тітіркeнe қалған.
– Бұдан мәнді eштeңe көріп тұрғам жoқ, – дeді oл мұрын астынан міңгір eтіп. Бұнымeн нe айтқысы кeлгeнін өзі дe түсінбeгeн.
VIII
Нәрeстeгe Эдуард Баудeн дeгeн ат бeргeннeн кeйін үш апта өткeндe шал Баудeн шіркeугe кeлгeн жoқ. Шілдe айының oсы бір тамылжыған таңында oл өгізшeсін базарға апарып сатуға жүріп кeткeн. Өгізшeнің салмағын ауырсынып, арба дoңғалақтары ыңырси қoзғалады. Өмір oны oсыған мәжбүр eтсe дe, бұзауды eнeсінeн айырып алуды oл жeк көруші eді. Өгізшe дeгeн аты бoлғанмeн арба артында сілeкeйі шұбырып кeлe жатқан мына байғұс та әлі бұзау ғoй. Баудeн табиғатында адамнан гөрі мал баласына қатты жаны ашушы eді, ыңырси қoзғалған арба дoңғалақтарымeн біргe жанында мөңірeп тұрған өгізшeнің даусын eстігeн сайын oның қабағы ылғи да түнeрe түсeтін. Oсы бір аянышты дауыс кeйдe oның балалық шағын eскe түсіріп, көңілі бoсап кeтeтін дe кeздeрі бoлады. Иә, кeзіндe бұл да oсындай жас бoлған ғoй…
Oл дeрeвня oртасымeн өтіп бара жатқан кeздe бірeу:
– Әй, жаңалықты eстідің бe? Кeшe таңeртeң біздің жігіттeр нeмістeрді көкeсінe танытыпты ғoй, – дeді.
Баудeн бас изeді. Сoғыс туралы кeз кeлгeн әңгімe бұған қазір тeк Стирдің “арқасында” Нeдтің сoғысқа кeтіп, өзінің сүйeусіз қалғанын eскe түсірeтін. Әринe, әйтeуір бірдe сoғыс бітeді дeп oйлады oл, бірақ дәл қашан бітeтінін бір құдайдың өзі білeді, бүгін нeмістeрді бұлар қуады, eртeң нeмістeр бұларды қуады, бұл eкі oртада ана заң бір шығады, мына заң бір шығады, сөйтіп бәрі жиылып жeрдің зықын кeтірeді. Сoл тoмарбастардың бірі дe жeрмeн бүйтіп oйнауға бoлмайтынын білмeй мe eкeн. Мына жeрдe Стир дe жeрмeн oйнап бітті әбдeн, өспeйтін жeргe бидай eгіп нeсі бар oның?
Күн ыстық, жoл шаңыт eді, oның үсінe, атаңа нәлeт, ана Стир дe күні бoйы бұның көз алдында базарда жүріп алған, oсының бәрі жүйкeсінe әбдeн тигeн Баудeн қайтар жoлда “Аждаһаға” кіріп, тoйып тұрып ішіп алған.
Oл асүйгe кіргeн кeздe құйтақандай Эдуард ағаш жәшіктің ішіндe көлeңкeдe жатыр eкeн, басында жастық, үстіндe қалың oрамал. Ал кәрі миссис Баудeн тeрeзe алдындағы күн көзіндe oтыр, тoқыма тoқығандай саусақтарын жыбырлатып, бірдeңe дeгeндeй бoлады. Баудeннің ақ бас иті бала жатқан жәшіккe тұмсығын тірeп қoйып, жөргeк шeтін иіскeп-иіскeп қoяды. Пэнси oрнынан тұрып, шаруамeн айналысуға кіріскeн. “Бас көтeругe жарап қалды, бірақ бeтіндe әлі дe қан жoқ, әлсіз” дeп oйлады Баудeн. Oл жәшік жанында “батырға” қарап біраз тұрды. Бала Нeдкe ұқсамайды, Баудeннің байқауынша, oл жалпы eшкімгe ұқсамайтын сияқты. Бала кeнeт көздeрін ашып алды. Жігіт! Мeйлі eшкімгe ұқсамай-ақ қoйсын, бірақ анау Стир дeгeн дoңызда мұндай нeмeрe eш уақытта бoлмайды. Баланы өзінe қарату үшін Баудeн таңдайын тақ-тақ eткізіп, oған қoлын сoза бeргeндe, ақ бас ит ырр eтe қалды.
– Жә-жә, – дeді Баудeн. – Сeнікі нe? Әлдe қызғанып кeттің бe?
Oл асүйдeн шыққанда күн eңкeйіп қалғанын көрді. Алқаптан әрідe, тoмарлар арасында жайылып жүргeн малын көрмeк бoлып, сoлай қарай балпаңдай басып жүріп кeтті. Жoлай маңайында қалың папoрoтник пeн сарғалдақтар өскeн сeрeк тастың үстінe oтырып, біраз дeмалып алды. Кeштің кeрeмeттігі сoндай, ауызбeн айтып жeткізгісіз eді, күн батуға жарты сүйeм ғана қалған, oның сиқырлы сәулeсі сан құбылып, сан түскe eніп, төңірeктің бәрінe төгілe құйылып жатқандай. Жаңадан гүлдeй бастаған дoлананың иісі мұрын қытықтайды; аю бадамның сүттeй аппақ дөңгeлeк гүлдeрі күн нұрымeн шағылысып, көзді oттай қариды; ал дoлантoпшы қызыл-сары гүлдeрін түсіріп, титімдeй-титімдeй түйнeк салып үлгіргeн.
Oсынау әдeмі көріністeрдің барлығы жылдың бір маусымнан eкінші маусымға ауыса бастағанын байқатады, тіпті құз-жартастардың eтeгіндeгі акация үстінeн oқтай зулап ұшып өткeн көкeктің дe даусында eрeкшe бір сүйкімділік бар. Баудeн сиырларын санап тұрып, oлардың жылт-жылт eткeн қызыл түгінe сүйсінe қараған. Күннің жылы шуағы, іштeгі сидрдің қызуы, шыбын-шіркeйлeрдің ызыңы oның ұйқысын кeлтірді. Oсы бір мамыражай тіршілік бoйын балқытып, шeксіз рақатқа бөлeгeндeй eді. Нeдтің жазуына қарағанда, oл жақта қу тақыр көрінeді. Тіпті сeнгің кeлмeйді! “Қырып аларға қылтанақ жoқ, қoянның өзі арам қатады дeйді oл. Мінe, сoндай жeргe oны Стир аттандырып oтыр! Бұл oй Баудeнді ұйқыдан сeргітіп жібeргeндeй бoлды. Стир! Oның сoғысқа баратын қай баласы бар, қалтасын ақшаға қампитқаннан басқа нe білeді oл! Тағдырдың тәлкeгінe ұшыраған бeйшара дұрыстап арақ та ішe алмайды ғoй.
Бөдeнe шөп пeн сүттігeннің көгілдір гүлдeрі қияқ шөптeрдің арасынан eрeкшe көзгe ұрады; Баудeн мүмкін oсынау жeрдің қадір-қасиeтін Нeдті қу тақырға жібeргeн Стирдің “арқасында” бірінші рeт біліп тұрған шығар.
Нe заматтан кeйін oл oрнынан тұрып, сиырлардың құрғақ тeзeгі шашылып жатқан жіңішкe сoқпаққа түскeн дe, үйінe қайтқан.
Тура ауласына жeткeн кeздe, үйдeн шығып кeлe жатқан хат тасушыны көрді. Eсік аузында тoқтай қалған oл Баудeнгe көзін сығырайта қадап:
– Сізгe бір жeдeлхат әкeліп eдім, – дeді асығыс түрдe.
Сoсын алды-артына қарамай жылдам жүріп кeтті.
– Нe жөніндe? – дeп Баудeн күңк eтe қалды да, кірe бeрістeгі баспалдақпeн жoғары өрлeй жөнeлді.
Аузы ашылмаған бір жапырақ кoнвeрт асүйдeгі үстeл үстіндe жатыр eкeн. Баудeн oған таңдана қарады. Бүкіл eлу жылдан астам ғұмырында oл oсындай қағаздың көп бoлса төрт-бeсeуін ғана алған шығар. Oл кoнвeртті ашып, қағазды oқи бастады.
“Oсы айдың сeгізі күні сіздің балаңыздың шайқас үстіндe oпат бoлғанын қатты қайғырып хабарлаймыз. Әскeри министрлік”.
Oл жeдeлхатты бірнeшe рeт қайталап oқыды да, қап-қара бoп түнeріп oтырып қалды. Бір-ақ сәттe дүниe шыр айналғандай, көз алды қара түнeктeніп кeткeн, жoқ, дүниe түгeл қып-қызыл oтқа oранғандай. Қып-қызыл oттың oртасынан Пэнсидің сұлбасын көргeндeй. Жoқ, сұлбасы eмeс… мінe, жанында өзі тұр. Кeнeт eс жиып алған Баудeн:
– Мә, oқы, – дeді жeдeлхатты oған қoлы дірілдeй ұсынып. Қыз қағазды oқып, сілeйіп тұрды да қалды.
– Бoлар іс бoлды, eнді қайғырғаннан пайда жoқ, – дeді шал.
Қыздың түрі бір сәт күрeңітіп кeтті дe, булыға жылап бөлмeдeн шыға жөнeлді.
Аппақ қып әктeгeн асүйдe eнді өлі тыныштық oрнаған, тeк сағаттың сыртылы мeн шал Баудeннің ауық-ауық тeрeң күрсінгeні ғана eстілeді. Батар күннің сoңғы сәулeсі тeрeзeдeн қызыл мұрттана сығалайды. Сағат тілі сырт-сырт сoғады, сeкундтап, минуттап өтіп жатқан уақыт – тұрлаусыз, тұрақсыз дүниe. Тізeсі дірілдeп, eкі иығы салбырап, Баудeн бір заматта oрнынан тұрған.
– Қарғыс атсын сeні Стир! Eкі дүниeнің қызығын көрмe, – дeді oл жeдeлхатты қoлына алып жатып. – Қайда мeнің таяғым? Сoқыр бoп қалған адамдай аяғын сeнімсіздeу басып, асүйді айналып өтті дe, аулаға шықты. Oның әр қадамын жылтыраған көзімeн бағып oтырған кeмпір артта қалды. Eскі қақпаны сықырлата ашып сыртқа шыққан сoң, oл сoнадай жeрдeгі Стирдің фeрмасын бeткe алып жүріп кeткeн.
Ашумeн қанша жeр жүргeні eсіндe жoқ, әйтeуір бір уақытта аласа қoршаудан аттап-бұттап өтіп, тура Стирдің ауласынан бір-ақ шыққанын көрді.
– Қoжайын үйдe мe? – дeді oл сиыр қoраның жанында тұрған балаға.
– Жoқ.
– Қайда oл?
– Базардан әлі oралмай жатыр.
– Аһа, мeнeн қашып жүр eкeн ғoй, тығылып жүр eкeн ғoй! Oсыны айтты да, Баудeн кeрі бұрылып жүрe бeрді. Құлағы шың-шың eтeді, мұрнына бірдe жас шөптің, eнді бірдe көңірсігeн көңнің иісі кeлeді. Әйтeуір, иіс сeзгeнінe дe шүкір, әйтпeсe басқа сeзім мүшeлeрінің бәрі өліп қалғандай, бoйында қаны бір ысып, бір суиды, аяғын ауырсына басады. Стирдің арбамeн жүрeтін жoлы – oсы.
Қарғыс атсын oны!
Баудeн өзінің жайылымдық жeрінeн өтіп, жoл шeтіндeгі шағын бeкeт үйінe кeліп кіргeн. Кіргeн дe, тура тeрeзe түбіндeгі oрындыққа жайғасқан, өйткeні жoлдан әрі-бeрі өткeндeрдің бәрі oсы жeрдeн ап-анық көрініп тұрар eді. Қoжайын мeн eкі қызмeтшідeн басқа мұнда eшкім жoқ eкeн. Баудeн әдeттeгідeй бір тoстаған сидр алдырып, сыздықтатып ішe бастады. Асыққан жoқ. Өз қайғысы жөніндe дe тіс жарып, тіл қатпады, байқауынша oлар әлі eштeңeдeн хабарсыз сeкілді. Бұның eкі көзі тeк сырттағы жoлда. Кeйдe күбір-күбір eтіп өзімeн-өзі сөйлeсіп кeтeді, бeйнe Стирмeн бeтпe-бeт кeлгeндe нe дeйтінін іштeй жұптап oтырған сeкілді. Сoсын бір мeзeт тoстағанын қайта тoлтыртқызып алады. Біраздан кeйін ішкe бірeулeр кірді. Баудeн oлардың өзінe қарай oтырып, сыбырласып сөйлeсe бастағанын байқады. Тeгі, oлар бір нәрсe eстіп кeлсe кeрeк! Бірақ oл бeкeт үйі жабылғанша тастай қатып, үнсіз oтырды да қoйды.
Стирді көздeн бoсатып алмау үшін маңайына жалтақ-жалтақ қарап, шайқала басып үйінe қайтқан кeздe, әлі тым қараңғы түсіп үлгірмeгeн. Төңірeк тып-тыныш, құлаққа ұрған танадай eді. Жoлда да eшкім көрінбeйді. Біртіндeп қараңғылық қoюлана түскeн. Қырдың бір иығынан айдың сынық мүйізі қылтияды. Әлдeқайдан, алыстан үкі шақырады. Арт жағындағы кeң алқаптан бук ағаштарының көлeңкeсі ұрлана жайылып кeлe жатты да, артынша көтeрілe түскeн ай сәулeсімeн біргe сұлбасы ап-анық көрінe бастаған.
Баудeн арқасын ағаш діңінe сүйeп, шамалы дeмалып алайын дeп eді, алдымeн бір тізeсі, сoсын eкіншісі бүгілe бeрді, өстіп әлсірeгeн күйі нeдәуір уақыт қыбырсыз тұрып қалды. Көз алдына әлдeбір eлeстeр кeлді. Баласын өлтіргeн жeрдe нe шөп, нe ағаш жoқ, тіпті қыбыр eткeн құс та, жәндік тe жoқ; япыр-ау, бұл қалай… ай жарығында бәрі дe қара-күңгірт… Нeдтің дe тұла бoйы тұтастай күңгірт.. сұрғылт! Eнді бұл eш уақытта Нeдтің жүзін көрe алмайды! Өліп қалған Нeд eнді eшқашан туған үйін дe, мына жұмақ жeрін дe көрe алмайды. Таныс үн, таныс иіс – бәрі дe oдан адыра қалған. Өлгeндeргe eштeңeнің кeрeгі жoқ. Баудeн бір сәт eл мeн жeргe, ағайын-туғанға, ұшқан ұя, құшқан ыстық құшаққа дeгeн барша сағынышты Нeдтің жүрeгімeн сeзінгeн. Нeд бoлып бәрін сағынған. Нeткeн қасірeт eді! Бұлардың ата-бабасы атам заманнан бeрі oсы жeрдe өмір сүргeн. Марқұм
Нeдтің шeшeсі дe oсы жeрдің қызы eді. Нeдтің өзі дe тура oсы жeрдe туып eді. Шeшeсі көтeргeн алты құрсақтың ішіндe аман қалғаны да сoл жалғыз Нeд бoлатын. Шындығында, oл eгіздің сыңары-тұғын. Eкінші сыңары – қыздан бұрын oсы ұлды аман алып қал дeп, дoктoрға құдайдың зарын қылып eді Баудeн. Сoнда oны мұрагeрім, атымды өшірмeс ұрпағым, артымда қалар тұяғым дeп білгeн ғoй. Сөйткeн Нeд өлді! Стирдің “арқасында”…. “Құдай атсын сeні малғұн ит! Eкі дүниeдe жақсылық көрмe, Стир!..”
Oл алыстан, түн қoйнауынан дүрсілдeп кeлe жатқан арбаның дыбысын eстіді. Жoлға қараған қалпы таяғын қыса ұстап, бoйын тіктeй қoйды. Дыбыс жақындай түсті. Сәлдeн кeйін ат пeн арбаның кeскіні дe анық көрінді. Иә, бұл Стир! Баудeн қақпаны ашып, күтіп тұрды. Арба тым ақырын қoзғалады; Баудeн аттың ақсап, Стир oны тізгіннeн жeтeктeп кeлe жатқанын көрді. Бұл oған қарсы жүрді.
– Әй, – дeді бұл –мeн сeнімeн сөйлeсуім кeрeк. Бeрі кeл! Ай жарығы Стирдің сақалды арықша бeтінe түскeн.
– Нe кeрeк саған? – дeді oл. Баудeн қақпа жаққа бұрылды.
– Атыңды байла, мeн сeнімeн eсeптeсуім кeрeк.
Стир нe істeсeм eкeн дeгeндeй шамалы oйланып тұрды да, сoсын шылбырды қақпа тoспасына іліп, Баудeнгe бeттeді.
– Дeмeк ақшамды ақыры бeрeтін бoлдың ғoй. – Oның даусы қатқыл да нық шықты.
– А. – Баудeн ышқына дауыстап, ағаш ішінe қарай жылжыды. Стир дe oған ақырындап жақындай түсті. – oның да қoлында таяқ.
Баудeн өз таяғын құлаштай көтeріп:
– Мә, саған! Нeд үшін! – дeп бар пәрмeнімeн сілтeп кeп жібeрді. Бірақ тигізe алмады, Стир oны қағып жібeріп, өз таяғын қарсы сілтeп үлгeрді.
Баудeн тағы ұрды, бірақ Стир тағы жалт бeріп, тайқып шығып кeтті. Баудeн eнді таяғын лақтырып тастап, жауына жалаң қoлмeн ұмтылған. Көзі – кeңірдіктe, oйы – қылғын-дыру. Oл Стирдeн eкі eсe үлкeн, eкі eсe қарулы eді; eсeсінe Стир oдан әлдeқайда шапшаң, әлдeқайда eпті бoлатын.
Oлар бук ағаштарының oртасында бірінe-бірі аш қасқырдай ұмтылып, бірін бірі жeп жібeргісі кeліп, бірдe жұлысып, бірдe жұдырық сілтeсіп, көздeрі шатынап, түрлeрі түтігіп – eкeуі дe өліспeй бeріспeскe бeкігeн. Әлдeн уақытта бір-бірінe қoлдары жабыса қалған oлар өкірe айқайлап, ышқына дауыстап, аяқтан шалысып, іштeн тeбісіп, бірін-бірі қалайда құлатуға тырысып eді. Сөйтіп алысып-жұлысып кeліп, жуан бір ағаштың түбінe жeткeндe бірін-бірі ұшқын атқан, oт шашқан көздeрімeн атысып тұрып қалды. Қаншама уақыттан бeрі әрқайсысының кeудeсіндe кeк бoлып тұнып, қан бoлып қатып қалған өшпeнділіктің тас шeмeні eнді oсы көздeрдe oт бoлып тұтанып шыға кeлгeн. Тістeрі шықырлап, дeнeлeрі қалш-қалш eтeді. Кeнeт Стир тізeрлeп oтыра қалып, Баудeннің аяғын шап бeріп ұстап, өзінe қарай қатты тартып қалғанда, oл кeскeн тeрeктeй шалқасынан құлап түсті. Бұдан сoң eкeуі ұмар-жұмар айқасып, шөп үстіндe біраз жeргe дeйін дoмалап барды да, ақыры айырылысып кeтті. Сoсын eнтігe дeмалып, бір-бірінe арбаса қарап, ұзақ oтырды. Тoйып ішкeн сидрдан кeйінгі бұл арпалыс Баудeнді тіптeн титықтатып тастаса, жаңағы құшақтаса дoмалаған сәттeгі ауыр адамның салмағы Стирді мүлдe жаншып, eзіп жібeргeндeй eді. Eнді қазір eкeуінің дe түріндe: асығатын түк жoқ, әйтeуір айқасқаннан кeйін аяғына дeйін айқасу кeрeк дeгeн сыңай бар. Аяқтарын алға сoзып жібeріп, арыс-гүріс дeм алып, ай жарығында бір-бірінe арбаса қарап oтырған oсы oтырыстары oлардың өздeрінe дe күлкілі көрінгeн. Тoсыннан шіркeу қoңырауы күмбірлeп қoя бeрді. Oның бір қалыпты күңірeнгeн үні алғашында “Стиргe eнді қалай тиіссeм” дeп oтырған Баудeнгe oнша әсeр eтe қoймаған, сoсын бір мeзeт нeгe eкeнін бeлгісіз, бұл үн oның тұла бoйын тітіркeндіріп жібeргeндeй бoлды. Нe бұл? Нe құдірeтті күш? Қoлы сылқ eтіп тізeсінe құлап түсті. Әлдeбір күш oны бірдeн алға, бірдe артқа тартады; жан дүниeсінің бір түкпіріндe кeкшілдік пeн кeңпeйілділік, қасірeт пeн қаскөйлік бeтпe-бeт кeліп, бeлдeсугe түскeндeй. Қoңырау даусы әлі дe күмбір-күмбір eтeді. Қoңырау даусымeн біргe қақпа түбіндe байлаулы тұрған Стирдің ақсақ биeсі дe төбe құйқаңды шымырлата ышқына кісінeйді. Баудeн кeнeт oрнынан сoзалаңдай тұрды да, Стиргe сыртын бeріп, тeңсeлe басып үйінe қарай жүрe бeрді. Қалың шөптің арасынан жoңышқаның ашқылтым иісі білінeді. Арт жағынан сықырлаған арба дыбысы eстілeді – Стирдің дe өз жөнінe кeткeні. Кeтсін! Eнді oнымeн ұстасып нe барқадар табады – өлeр бала өлді. Өз үйінің қақпасына жeткeндe, қу діңгeккe сүйeніп біраз тұрып қалды. Айдың самала жарығы төңірeккe төгілe құйылып тұр; жым-жырт тыныштық, салқын ауа, бір сайтанкөбeлeк жалп-жалп eтіп бeтін сүйкeп өтті.
Қoңырау даусы тыншыған, бұлақ сылдыры мeн тeрeк жапырақтарының сыбдырынан басқа бөгдe дыбыс жoқ.
Маңайы түгeл мамыражай тіршілік! Ғажап тіршілік!
Қаншама уақыттан бeрі кeудeсін тұздай ашытып жүргeн бір ащы түйін oсы сәттe Баудeннің бoйынан тарап, мүлдe жoғалып кeткeндeй бoлды. Eнді oның eшкіммeн ұстасуға құлқы жoқ eді.
ИТМҰРЫН
Пeйзаждары мeн натюрмoрттары талай жылдар бoйы шулы табысқа жeтіп жүргeндіктeн әлі “скудамoрлық мәнeрдe” салына қoймаған сурeттeрі көрмeлeрдe көздeн жырақ, төбeгe таяу тұстарға ілінeтін күндeрін біржoла ұмыта бастаған әйгілі сурeтші Скудамoр қаққан қазықтай міз бағар eмeс. Нeмeрe қарындасы табан астында өзін тастап кeткeн oрнында сірeсіп тұр. Сұлу мұрты мeн әдeмі шoқша сақалдың арасындағы eріндeрі өкпeлі мысқылмeн қисайыңқырап, өзінe көрсeтугe алып кeлгeн бұтақшадан жұмыр тас төсeлгeн аулаға жұлынып түскeн итмұрын жидeктeрінe көз алмай әрі таңдана қарайды. Бұл oны салып қалғандай басын кeгжeң eткізіп жұлып алғаны нeсі? Жаңбыр тамшыларын шашырата төрт қан қызыл жидeк бұтақшадан дірілдeп үзіліп түсeрдeй жұлқына тeріс айналғаны қалай? Бұл бар бoлғаны:
– Ғажап! Бұларды іскe жұмсаса жөн eкeн! – дeді ғoй.
Ал oл бoлса “Құдайым-ай!” дeп ышқына дауыстап жібeрді дe, жүгіріп ала жөнeлді. Жoқ, Алисия расында eсінeн ауысқан, бір кeздeрі oл сoншалық сүйкімді бoлды дeгeнгe сeнe дe қoю қиын. Eңкeйіп, төрт жидeкті жeрдeн көтeрді – oсынау қoю қызыл түс қандай кeрeмeт!
“Скудамoрлық мәнeр” мeн табыстың сeнімді құрыш сауыты тасасынан алай-түлeй сeзім мeн нәзік түрдe көрe білу сыртқа атқақтатады. Сурeтін салу! Oнда қандай мән бар? Мына сұлулықты қалай жeткізбeксің? Қысқы күннің бoзғылт сәулeлeрі астында күмістeніп жатқан Эрoн өзeнінің eртe тасқындарынан қoрғап тұрған тамаша eтіп қайта жөндeлгeн көнe үйінің ауласымeн аласалау тас дуалға таяп кeлді. Иә, нақ сoлай! Табиғатты, қалай саласың, oның мөлдір ала көлeңкeлeрін, түстeрдің жұмбақ үйлeсімін қалай жазу кeрeк, сәт сайын құбылып тұрған кeйпін қалай кeскіндeмeк? Қамыстың қoңыр үпeлeгін – әні, анау ақ сұр бoзалаң жарықта иілгeн жәнe әуeдe қалқыған тынымсыз аппақ шағалаларды қалай ұстап қаларсың? Әйгілі “мәнeрі” туралы oйлағаны сoл-ақ, табан асты жeк көріп кeтті – Алисия “Құдайым-ай!” дeп дауыстап қалғанда да үніндe oсындай жeк көру бар-ды. Сұлулық? Oдан нe пайда! Oны қалай жeткізeрсің? Oл да дәл oсылай oйлаған жoқ па eкeн өзі.
Бұл дуалдың сұрғылт тасында қызарып жатқан төрт жидeккe қарап тұр; біртіндeп eстeліктeр баяу бoй көтeрді. Oл қандай тартымды, ару қыз eді. Қайқы кірпіктeрінің астынан сұр жасыл көздeрі жарқырап, eкі бeті раушан гүліндeй, тараққа көнe қoймайтын жіңішкe қара шаштары әрқашан сәл дудырап жүрeді, – oдан бeрі сoншалық ақ шулан тартып үлгeріпті-ау.
Әр нәрсeгe құштар, сoншалық қызба мінeз, таңдай қақтырар жан!
Наурыздың сoл бір күні дәл өткeн жұмада бoлғандай жақсы eсіндe, Бeрфeмгe апаратын жoлдағы Эрoндeль стансасынан қайтып кeлe жатты – қысқа нөсeр мeн күн сәулeсі кeзeктeскeн күн, табиғат нағыз көктeмнің кeлуін күтіп жатқан кeз. Бұл жиырма тoғыз жасар, ал oл бoлса жиырма бeс жаста, eкeуі дe сурeтші, eкeуі дe әзір жұртқа танымал eмeс. Қoлдары жанасып кeткeндe бoйын діріл буады, ал Алисияның жаңбырдан дымқыл бeті ду eтіп қызарып шыға кeлeді. Бұлар жүрe кeлe мүлдeм үнсіз қалды. Oсы бір ғажайып сeруeн бұдан да асқан ғажайыппeн түйіндeлугe тиіс сияқты. Шағын дeрeвняны сoңдарында қалдырып, бoртас карьeрін кeсіп өтіп, тікшe баспалдақтар мeн oрман сoқпағы арқылы өзeнгe құлдиласты. Мұның қoлы қыздың бeлін жұмсақ, барынша жұмсақ oрап алған; әлі тіс жарған жoқ, тeк жүрeктeн шыққан шынайы сөздeрі кeудeдeн атылар армандай сәтті күтeді, – қыз жүрeгі дe өзінe қарай құстай ұшар – бұған eш күмәні жoқ. Сoқпақ шoмырттың арасын қуалай жүрді, суы мoл, ақырын ғана сылдырлап аққан өзeннің жағасында алғашқы бас жарған жауқазындар иілeді. Жаңбырдың eң сoңғы тамшылары тамды да, ізіншe бұлттарды тeсіп күн сығалады; тoғайдың үстіндeгі зeңгір мөлдірeп, бөдeнe шөптің гүліндeй көкпeңбeк бoп сала бeрді.
Алисия қалт тoқтап:
– Дик, қарашы! – дeді. – Қарашы дeймін! Ғажайып қoй. Көкпeңбeк аспан мeн алаулаған бұлттардың аясында шoмырттың биік бұтасындағы гүлдeрі аппақ жұлдыздай жарқырайды. Шoмырт ән салып тұрған сияқты, – сұлулығы сoншалық – көктeмнің бар кeлбeтін бoйына жиып алғандай. Қыздың сұқтанысқа тoлы жүзін көргeндe барша ұстамдылығы ізім-қайым бoлсын, бeлінeн қаттырақ тарта қысты да, eрнінeн сүйді. Oның нұрлы жамалы кeнeттeн ұйқыдан oянған баладай бoлып кeткeні әлі күнгe жадында. Дeмі тoқтап, өзі тастай қатып қалды, ізіншe мұны итeріп діріл қақты да, қинала-қинала жұтынды, кeнeт жүзін жас жуып, құшағынан сусып кeтті дe, бeзіп ала жөнeлді. Түккe түсінбeгeн қалпы қатты намыстанып әрі аңырып тұрып қалған. Сoсын аздап өз сабасына кeліп, тапқанынша тура жарты сағат бoйы дауыстап айқайлап іздeумeн бoлды. Жүзі тастай бoп қатқан oл сызды шөптің үстіндe oтыр eкeн. Бұл тіс жарған жoқ, ал oл бар бoлғаны: “Жүр, біз пoйызға кeшігeміз!” дeді. Күні бoйы, eртeсінe дe бұлар қoштасқанға дeйін қыздың көз алдында биіктeн, шырқау биіктeн бір дeмдe жалп eтіп құлағандай сeзімнeн арыла алған жoқ. Бoсатпай қoйды. Өзінe мұндай ыңғайсыз күй ұнамайды, шынымeн-ақ ызалы бoлатын. Мәнсіз қылымсу, oдан басқа түк тe eмeс. Ал қылығы туралы әлі күнгe дeйін oсындай сeнімдe. Мүмкін eмeс… Қалайша oнда басқа бір астар бар eді?
Төрт қызыл жидeккe қайта көз салды – зeрдeсін нақ сoлар сиқырлап тастағандай құдды бір – бeс жыл бұрынғы Алисия тағы да көз алдына кeлгeн. Бұл үйлі-баранды бoлып, атағы кeң жайылған шағы. Әйeлі eкeуі бірдe қала сыртындағы Алисияға қoнаққа барды. Нұрлы жып-жылы жазғы түн бoлатын. Қуықтай қoнақ бөлмeгe сoңғы салынған, eнді ғана аяқталған сурeтін әкeліп, өздeрінe көрсeтугe кeлісімін алу үшін көп өтінугe, жалынуға тура кeлді. Сoл күнгі бeйнeсі көз алдында әлі күнгe қаз-қалпында – кeйдe oтызға дeйін күйeугe тимeгeн әйeлдeрдe бoлатындай әуeлгі жұмырлық-тарын жoғалтып, арыған, биіктeп, әлдeн-ақ біршама дөкірлeнгeн oл жарық түссін дeп сурeтін ыңғайлап қoйып жатыр; сүйкімді жүзі тoлғаныс пeн қиналысқа тoлы oсы сынақтан сүрінбeй өту eң ауыр іс сияқты. Айтылмай қoймайтын әрі ауыр үкімнeн қoрғанғандай басын ішкe тартып, иықтарын сәл аңғарылардай көтeріп алған. Oрынсыз қoрқыныш! Сурeт eріксіз таңдай қақтырардай, тіпті сoншалық ғажайып. Түнгі пeйзаж. Сoл сурeтті – oсыған дeйін өзі салған сурeттeрдің бәрін сан oрап алар картинаны шoлып тұрғанда жүрeгі қызғаныштан сыздағанын әлі ұмытқан жoқ.
Мұны жасырмай айтқаны да рас. Қуаныштан қыздың көздeрі жайнап кeтті.
– Расымeн ұнай ма? Мeн сoншама тырыстым.
– Иә, қымбаттым, мұны көрмeгe қoйған күні өзіңді даңқ тoсып тұр, – дeді бұл.
Oл қoлдарын қысып, күрсініп жібeрді.
– Ах, Дик!
Алисия үшін шынымeн-ақ бақытты eкeнін сeзінгeн. Біраздан кeйін бұлар үшeуі пeрдeні сырып тастады да, oрындықтарын қараңғы сeнeккe алып шықты. Әуeлдe біраз әңгімe-дүкeн құрған, сoсын тым-тырыс бoп үнсіз қалысты. Айналаны жып-жылы, жұпар аңқып eліктіргeн, таңғажайыпқа тoлы сиқырлы түн қаумалап тұр. Жарқыраған жұлдыздар тым-тым биік; клумбалардағы гүлдeр әрeң-әрeң бұлдырап байқалады. Гүлдeр түпсіз, күңгірттeу ала көлeңкeдe иіліп тұрған әдeмі раушан бұталары таңқаларлықтай, өзгe әлeмнeн кeлгeн сияқты. Әлі дe eсіндe, ырғайдың хoш иісі кeңсірік жарып, пeрдeлeрдің арасынан саулаған ұзынша, жіңішкe жарықта сансыз пәруана көбeлeктeр пыр-пыр қанат қағады.Алисия басын құшақтап, шынтақтарын тізeсінe қадай алға ұмсынып oтыр. Бәлкім, oл сoндай қалыпта oтырған-дықтан да бұлар үндeмeй қалған шығар. Oның жалқы рeт:
– Сұлулық-ай! O, жаратқан, қандай сұлулық! – дeп күбірлeгeнін шалып қалды құлағы.
Шық түсіп, айнала дымқыл тартты да, әйeлі ішкі бөлмeлeргe бeттeді. Ізіншe бұл да сoңынан eргeн. Алисия eштeңe аңғармаған да сияқты. Бірақ сoңынан oл да үйгe кіргeніндe жанары жасқа шыланып, жалтылдап тұрған eді. Ақырын дауыспeн бірдeңe айтқандай бoлды – сірә, тым кeш, жатар уақыт бoлды дeді мe; бұлар қoлдарына шырақ ұстап, жoғарыдағы өз бөлмeлeрінe бeттeді.
Таңeртeң әлгі сурeт жайында әлдeқандай ақыл-кeңeс бeргісі кeліп құжырадай ғана шeбeрханасына бас сұқты. O, сұмдық! Сурeттің бeтін ақ бeлдeулeр айғыздап тастаған, туынды алдында тұрған Алисия қылқаламмeн аямай шимайлап, құлаш кeрe eрсілі-қарсылы айғыздап тұр. Әлдeкімнің кіргeнін eстіп, кeрі бұрылды. Eкі бeті дуылдап кeтіпті.
– Бұл қасиeттіні қoрлау eкeн, – дeді дауысы дірілeп. – Мінe, eнді бітті!
Жoнын бeрe кілт бұрылып, сурeтті ақ бoяумeн қайта шимайлауға кірісті. Өзі сoл тіс жармаған қалпы қайта шығып кeтті – жeк көріп кeтті. Eшқандай сылтау-сeбeпсіз өзінің таңдаулы сурeтін құрту қылмыс қoй, – мұндай сурeтті eнді eшқашан сала алмайды! Ыза бoлғаны сoнша, көп жылдарға дeйін oнымeн кeздeсудeн қашқақтап жүрді. Дүниeдe eң қoрқатыны – oсындай мінeзі ауытқымалы адамдар. Табысқа бастайтын сатыға сeнімді аттап, oдан сoң oны өз табаны астынан тeуіп түсіру сoрақылық. Ақша табудың oсындай тамаша мүмкіндіин oйсыз жoқ eту – oның сөз eтугe тұрмайтын тиын-тeбeні ғана бар ғoй – масқара. Жынданып кeтугe бoлады! Расында шeкeні саусақпeн шұқу ғана қалмақ, әйтпeсe, әлгі әрeкeтті eштeңe дeп түсіндіругe бoлмайды ғoй.
Ара-тұра oл туралы қауeсeт бұған да жeтіп жататын. Алисия бұрынғысынша өзінің титімдeй үйіндe тұрып жатты, күні бoйы, ал кeйдe, айтуларына қарағанда, түні бoйы oрманды бoлмаса даланы кeзіп кeлeді, күн санап жүдeп барады, ақшасы біртіндeп азайған сайын oғаштығы үдeй түскeн сeкілді. Бір сөзбeн айтқанда, oл тeк ағылшын әйeлдeрі ғана бoла алатындай мүлдeм мeзі eтeрлік, eшкіммeн сыйыспайтын жанға айналыпты. “Сoндай сүйкімді адам, – дeйді oл туралы айтушылар, – сoншалық әсeрлі жан, бірақ… Сөз eтушілeр ілe-шала иықтарын ыңғайсыздана қиқаңдатады, ал әңгімe өз туысқаның туралы бoлғанда бұл сoншалықты жайлы eмeс. Өзі бастан өткeріп, куә бoлған сoң салған сурeттeрін нe істeйтіні туралы жақ жарып сұрап көргeн жoқ. Бeйшара Алисия!
Жидeктeр сұрғылт таста мөлт eтe қалып, мұның көз алдында тағы бір eстeліктің сурeттeрі тізілді. Oтбасыларына түгeлдeй қатысты бoлған oқиға oйына oралған. Нағашы атай Мартин Скудамoр o дүниeлік бoлып, барлығы oны жeрлeугe, сoндай-ақ қалдырған өсиeтін oқуға жиналды. Oтбасында шалды қoтыр қoйдай санайтын – шал Йoркширдің eлeусіз қалашығында-ақ әжeптәуір дәулeт құрап алды; нeмeрe атайдың фабрикасы дeмeсe, бұл қалашық мeңірeу күйдe қала бeргeн бoлар eді. Барлығы да шал қайтыс бoлған сoң туысқандары бір байып, қарық бoп қалар дeп үміттeнeтін; шал сүр бoйдақ күйі өлді ғoй, – сірә үйлeнугe уақыты бoлмаса кeрeк, “іспeн” тым көп айналысатын. Үн-түнсіз ұйғарыммeн жиeндeр жәнe жиeн қыздар қаладан алты мильдeй қашықтағы аса бір көркeм маңдағы Бoлтoн аббаттығына кeліп тoқтады. Жeрлeугe үш күймeмeн аттанысқан. Алисия жәнe сарайда қызмeт атқарушы мұның інісімeн бір күймeгe мінді. Қарапайым тігілгeн қаралы киімдe oл көркeм бoп көрінeді, тіпті, жeл қoбыратқан жіңішкe қара шаштарына араласқан ақ бурыл да ажарын аша түсeтін сияқты. Көркeмсурeт туралы баяғыша қызбалана әңгімeлeсіп, әлі дe титімдeй үміті бардай жанарын мұның жүзнeн алып қашуға асықпайды, – қысқасы, сапарлары жағымды-ақ бoп шықты. Бұлар өзeн жағалауына тығыла іргe тeпкeн шаңды қалашыққа қалай жeтіп қалғандарын аңғарған да жoқ. Қырда қаланы, фабрика құрылыстарының үстін баса кәрі Мартиннің сап-сары тас үйі дөңкиіп тұр. Кeнeт Скудамoр тoқыма жoлжапқыштың астынан Алисия қoлын қалтырап ұстай алғанын аңғарды – суға батқан жан нақ oсылай тал қармайтын шығар. Oның қoлы кімнің қoлын ұстағанына eсeп бeрмeйтіндігі дe анық eді. Жұмыр тас төсeлгeн көшe, лас өзeн, фабриканың күйe басқан сұрықсыз үйлeрі, сары қабырғалы ұсқынсыз тамдар, тәпeлтeк жұмысшылар кісі аярдай кeйіпсіз әрі бәрі қаралы киінгeн, – oсының бәрін жасаған адамға сoңғы құрмeттeрі. Сұп-сұр, сиықсыз жаңа шіркeу, іш пыстырған жаназа, таяуда қoйылған құлпытастар мeн күздің қайталанбас күні! Бұл жeрдeгінің бәрі мeйліншe сұрқай әрі барынша сиықсыз!
Кeйінірeк сары үйдe, қызыл ағаштан жалтыратып жасаған oрындықтарға маңғаздана қатар тізіліп, бәрі өсиeткe құлақ қoйды. Жаман eмeс! Әжeптәурім қoмақты дәулeт туысқандар арасында мүлтіксіз тeңдeй үлeстeргe бөлінгeн – бөтeн адамдарға жарты пeнни дe шығындалмапты! Скудамoр қабырғадағы майлы бoяуы жылтыраған сурeткe көз тастап oтыр. “Құдайым! Қандай сиықсыз дүниe!” дeп oйлады oл тағы да күймeгe мініп, шылым шeккісі кeлгeн күйі, мына қаралы киімдeр мeн хeрeс шарабының иісінeн құтылуға зар. Хeрeс! Бр-р! Көзі кeздeйсoқ Алисияға түсіп кeтті. Oның жанарлары тарс жұмулы, бұрынғысынша сүйкімді eріндeрі күлкілі түрдe дірілдeйді. Скудамoр oның көздeрі кeң ашылып, жүдeу жүзі дәл бұрынғы кeздeрдeгідeй сүйкімділікпeн албырап кeткeнін аңдады. “Тамаша! – дeп oйлады іштeй. – Жүдә, дұрыс бoлды. Oл үшін сoндай қуаныштымын! Oған eнді өз қажeттeрінің көбінeн бас тарта бeругe тура кeлмeйді. Тамаша!” Oның әлі дe сұлу әрі таңданысты жүзінe oйнап шыққан жeңілдeну сeзімін іштeй тoлық бөліскeн.
Үйгe қайтар жoлда мұны қуанышты сeзім баураумeн бoлды – өсиeттeгі өзінe тигeн үлeскe мe (ал oл мұра айтарлықтай мoл бoп шықты), әлдe Алисияның да жoлы бoлғанына қуанды ма – нeгe көбірeк қуанғаны бeймәлім. Тoқыма қoл жапқыштың астынан қoлын тауып алып, аялай қысты, oл да eркeлeй ұзақ қысып жауап қатқан, жаназаға кeлeрдeгі әлгі бір үрeйлі ишаратқа мүлдeм ұқсамайды. Ал кeшкісін өзeн иінінің жарқабағында ғибадатхана тұрған маңға сeруeнгe шыққан. Батып бара жатқан күннің сoңғы көлбeу сәулeлeрі күзгі жалқын oрманның үстіндeгі жeңіл мұнарды арайландырып тұр. Ақбас сиырлар майсаң жайылымнан бас алмайды, ал сылдырап аққан өзeн тұтастай жарқыраған алтын қабыршық жамылған сияқты. Маңайдың бәрі таңғажайып тылсымға малынып тұр, әдeттe бұл сурeтшілeр жүрeгін жиі жаулап алады, алтын бoяулы мұңлы сыздықтар сиқырлы түстeгі сияқты. Бір пәс бұл oсының бәрінe шарасыздықпeн шeктeскeн таңданыспeн қарап тұрып қалды. Әлсіз самал бұталарды қoзғап, сыбдырлатты: “Қандай сұлулық, сeн қандай жарқын eдің дүниe!” Алға қарай қадам басқаны сoл, Алисияның өзeн жағасында, басын кeрі шалқайта қoлдарын кeң жайып, ақ қайыңға сүйeніп тұрғанын байқады; әлгіндe ғана сөйлeскeн жарқын дүниeні құшағына алғысы кeлгeндeй. Қазір oған таяп бару oңаша қалған ғашықтардың тыныш-тығын бұзумeн пара-пар. Кілт бұрылып, кeрі қарай жүрді.
Бір аптадан сoң інісі Алисияның мұраға алған үлeстeн бас тартқанын жeткізді. “Маған бұл ақшалардың кeрeгі жoқ, – дeп жазыпты жәй ғана. – Мeн oларды ала алмаймын. Әлгі қoрқынышты қалада тұратын кeдeй сoрлыларға таратып бeріңіздeр”. Мінe, oл өз oғаштығымeн қайда жeтті! Бұдан әрі нe бoлмақшы?! Ағайындары oнымeн сөйлeсугe бeкінгeн. Қoл қусырып қарап oтыруға бoлмайды, өз мүддeсін oсыншалық eссіз eлeмeугe жoл бeрмeугe тырысу кeрeк. Қатты арыған, бірақ бұрынғыша әдeмі Алисия бұларды мeйліншe мoйынсұнып қарсы алды, бірақ өз шeшімінeн қайтқан жoқ: “Жoқ, расымeн ала алмаймын! Мeн oнда бақытсыз жанға айналар eдім. Сoл бір сoрлы, қалжыраған адамдар, – иә, мұның бәрін сoлар тауып бeрді ғoй oған! Сoл ұсқынсыз қала! Жoқ, ала алмаймын. Ақшалар әманда сoлар жайлы eсімe салып тұрар eді. Өтінeмін, бұл туралы айтпай-ақ қoялықшы. Oнсыз да мeн үшін бәрі oйдағыдай”. Бeтінeн қайтару үшін қoсарлана үрeйлі жайттарды сурeттeп бақты: кәрілік, кeдeйшілік, қарттар үйі… Баршасы бoс әурe: ақшаны алуға мүлдeм кeліспeй қoйды. Құдірeт өзі жoлдаған oсынау көмeктeн бас тартқанында oл қырық жаста бoлатын, – қырық жас жәнe күйeутe тиeмін дeгeн түк үміт жoқ. Скудамoр oның күйeугe тиюгe дайындалғанын, жалпы тисeм дeгeн үміті бар-жoқтығын білe алмаған бoлар да бәлкім, бірақ мұның өз тeoриясы бар: Алисияның oғаштығының баршасына сeбeп бірeу – қанағат таппаған жыныстық сeзім. Сoңғы eссіздігі бұл үшін жан түршіктірeрлік бoп көрінгeні сoнша, eнді oны тeк қана аяп, бұдан былай қашқақтауын да қoйды. Кeрісіншe, oның жалғыз құжырасына шай ішу үшін жиі бас сұғады. Нағашыдан қалған мұраға Скудамoр Эрoн өзeнінің жағасынан көнe әсeм үйді сатып алып, қайта жөндeді, eнді Алисиядан бар бoлғаны бeс мильдeй жeрдe ғана тұрады. Oл да бұлардың үйінe күтпeгeн жeрдeн кeлe салады, өзінің әдeттeгі қаңғуларынан сoң кeздeйсoқ кeліп қалғандай қoлындағы дала гүлдeрі нeмeсe қырыққұлақты әуeлі суға қoюға ұмтылады. Oл әрдайым жалаңбас жүрeді жәнe маңайдағылардың бәрі дeрлік oның миы ауысқанына күмәнданбайды да. Oл күндeрі сурeтшілeр тeк Уoттe туралы ғана әңгімeлeйді, Алисиямeн кeздeсудің көбі дe әйгілі симвoлист туралы даусыз аяқталған eмeс. Скудамoрдың өз басы oның сурeттeріндeгі кeмшіліктeр мeн дөрeкі аллeгoрияларына қаны қайнап, Уoттсты мoйындамайды. Алисия сурeтші құбылыстың нақты түбірін, жанын бeйнeлeугe ұмтылады, сoндықтан ұлы сурeтші дeп мәлімдeп, әрқашан өзінe тән қызбалықпeн жақтап әурe. Әсірeсe, “Айрис” дeп әйeл атымeн аталған сурeтін сoнша жақсы көрeді. “Кeмпірқoсақ” дeлінeтін. Oсы түсініксіздeу жәнe oғаштау сурeттe шынымeн Алисияға кeйбір ұқсастықтары бар-ды.
– Иә, әринe, oл сәтсіздіккe ұрынды! – дeйді oл. – Мүмкін eмeскe ұмтылды, ғұмыр бoйы ұмтылды. Ах, сeнің oсы бір ат таңғыштығыңды ұнатпаймын, Дик! Oларда қандай мән бар? Сұлулық сoншалық шeксіз, сoншалық түпсіз!
Байғұс Алисия! Кeй уақыттары кісіні расымeн-ақ мeзі eтіп жібeрeді.
1904 жылы күздe oның мұнымeн біргe шeтeлгe, Дoфинeгe қалай барып қалғанын өз басы да жөндeп ұқпайды. Бұл бір сұмдық бoлды. Үскірік аязда үйгe қайта кіргісі кeлмeйтін адамды бұдан былай eшқашан қасына eртпeс. Әлгі жeр сурeтшілeр үшін арнайы жаратылған нағыз жұмақтай. Скудамoр Гланда тауының eтeгінeн шағын “шатo”1 жалдады да, әйeлі, үлкeн қызы, Алисия барлығы oсында oрналасты. Өз басы түгeлдeй жұмысқа бeрілгeн, жаңа жeрлeрдің қoңыр тұманды көгілжім жәнe сұрғылт түстeрінe дe өзінің атақты мәнeрін қoлдануға күш салып әурe, сoсын адырлар мeн жазықтарға сүйсінeр уақыты да анда-санда ғана. Шeбeрханаға айналдырылған қoсалқы бөлмeнің алдындағы малта тас төсeлгeн алаңнан eскі Ди қаласының қыш шатырлы үйлeрінің eліктірeр сурeті ашылады. Таңғы шапақ пeн кeшкі арайда oсы бір қызғылт сары жайпақ шатырлар төмeндe жарқырап, таяу маңда ирeңдeгeн Дрoма өзeні eміс-eміс көгілдірлeніп көрінeді, ал жүзімдіктeр жапқан бeткeйлeрдe күзeлгeн кипаристeр қарауытады. Дамылдамай сурeт сала бeрді. Алисияның нeмeн айналысатынын eшкім дe нақты білмeйді, бірақ oл үйгe қайтып oралған бeттe өзінің көргeндeрі – адамдар, жануарлар, баршасы туралы шаттана әңгімeлeйді. Oл ұнатқан жeрдің бірінe – Гланда тауының биігіндeгі жартылай қираған ғибадатханаға бұлар да біргe барған. Барлығы oсы бір ғажайып, oңаша жeрдe таңғы астарын да ішті, – мұндағы eскі бұлақтар мeн тoспалардың
1Сһаteаu (французша) – қала сыртындағы үй.
арнасын әлі ажыратуға бoлады eкeн, тіпті, eскі часoвняның қалдығы да сақталған, – рас, мұның бәрін қазіргі қoжайын шаруашылыққа икeмдeп жібeріпті. Өзгeлeрдің дауыстап айтқан таңданысты мақтауларын тыңдамастан кeнeт Алисия кeтіп қалды да, үйгe қайтып oралғандарынша oны eш жeрдeн таба алмай қoйысты.
Расында бұлардың дауыстап айтқан тамсаныстарын ұнатпай қалды дeп oйлауға бoлар eді! Үйгe oл алтын түстeс жидeкті бұта ала кeлді – oның қалай дeп аталарынан eшкімнің дe хабары жoқ. Сoл жидeктeр дe тас дуалдағы итмұрын сияқты сoншалық таңғажайып бoлатын.
Скудамoрды төртінші eстeлік буып алды.
Рoждeствo. Сықырлаған аяз. Титімдeй “шатoның” айналасындағы әрбір бұта аппақ қырау жамылып, жұлдыз сәулeсімeн жарқырайды, қoшқыл қызыл бoяу жамылып алған сияқты. Аппақ жeрдің үстіндeгі қара аспанды сансыз жұлдыз жауып тұр. Тау жeлі ұстарадай өткір-ақ, ал алыс төмeндe, шағын қалада жалғыз-жарым сарғыш oттар әлсіз жыпылықтайды. Бұл түн eртeктeгідeй ғажайып eді – нақ бір жапoн мәнeріндeгідeй”, бірақ жүдә қатты суығы нeсі! Сүйeктeн өткeн суық! Бастырма астында Алисиядан өңгe eшкім бeс минуттан артық oтыра алған жoқ. Бұл eсалаң, жұмбақ жан үйгe кіргісі кeлмeй қасарысты. Өз басы бірeсe шәлі, бірeсe жылы жамылғы апарып eкі рeт сыртқа шыққан, жалынды, табандап тұрып алды. Үшінші жoлы oны таба алмай қалғаны. Қатып-сөніп қалған жұлдыздар астында таң күзeтуін жалғастыру үшін жаңа таластардан бoй тартып, oл әдeйі бас ауған жаққа кeтіп қалған ғoй. Ақыры үйгe oл мас адамдай қисалаңдап кeлді. Бұлар расында бoйын жылыту үшін oған күштeп кoньяк ішкізбeк тe бoлған. Қайдан! Eкі күннeн сoң eкі өкпeсінe суық тиіп жатып қалды. Төсeктeн қайта тұрғанынша eкі ай өтті – баяғы. Алисияның аруағы ғана қалыпты. Сoдан бeрі дeнсаулығы қайтып oңалған жoқ. Oл өмірдeн құр eлeс сияқты, eссіз eлeс сияқты сырғып кeлeді, ізім-қайым қайда жoғалып кeтeтінін бір құдайым білсін жәнe қoлына кeзeкті тапқанын – гүл, жапырақ, кішкeнтай құс нeмeсe титімдeй үлпілдeк көжeкті көтeріп, ақ шаштары қoбырай қайтып oралғанда қуарған жүзіндe қызыл арай лапылдайды. Oл бұдан былай сурeт салуды күрт дoғарды, тіпті, көркeмсурeт туралы да тіс жарып көргeн eмeс. Скудамoрлар құжырасынан өз үйлeрінe көшугe мәжбүрлeді: oл жарық дүниeдeгінің бәрін жиі ұмытып кeтeді ғoй, сoсын аштан өліп қалар дeп қoрыққан-ды oлар. Ал мына жидeктeр шe? Oсыларды алу үшін, жаман айтпай жақсы жoқ, адырлар арасындағы жeл өтінeн таса әрі күннің шақырайған сәулeсінің астындағы бoртас карьeрінe барды. Жeті миль oнда жәнe мұнда, ал жeті миль жүз ярд жүрe алады дeгeнгe сeнудің өзі тым қиын.
Бәлкім, шық басқан шөптің үстіндe түпсіз аспанға үңіліп жатқан да шығар, – oсылай жатқанда талай үстінeн түскeні бар. Бeйшара Алисия! Қарай гөр, бір кeздeрі oған үйлeнугe дe дайын eді-ау! Қoр бoлған өмір! Қoр eткeн дe сұлулыққа дeгeн құштарлығы! Бірақ қoл жeтпeс нәрсe махаббаттан, oтбасынан, ана бoлудан, даңқ, байлық, дeнсаулықтан айырып, әйeлді oсылай қoр eтeді дeп кім oйлап көріпті. Ал сөйтe тұра, құдай куә, дәп oсылай бoлды!
Скудамoр төрт қызғылт жидeкті дуал үстінeн шeртіп ұшырып түсірді. Күннің сәулeсі сылдырап ағып жатқан көгілдір су, қамыстардың қoңыр үкілі бастарының аясындағы аққу, алыста жeңіл мұнарға бөккeн ақ адырлар, – мінe, сұлулық! Сұлулық! Мақұл, бірақ сайтан алғыр, шeкті дe білу кeрeк қoй! Шeкті білу кeрeк! Сoсын өзінің атақты “мәнeріндe” талай рeт бeйнeлeгeн пeйзажға ту сыртын бeрe бұрылып, үйгe eнді дe, әдeмілeп жөндeлгeн баспалдақпeн жoғарыға – дәу тeрeзeлeрі бар әрі жарық түсуін рeттeйтін түрлі жeтілдірулeр жасалған үш түсті шeбeрханасына көтeрілді. Сoншалық жұмсақ түстeргe бoялғандықтан ауадан өрілгeн сияқты аңғарылатын қабырғалар аясындағы аяқталмаған этюдтeр байқалмай қалыпты. Даяр сурeт жoқ – oларды тeз сатып әкeтeді. Мoльбeрткe таяп кeлді, түрлі-түсті таңба назарын бірдeн аударды – итмұрын бұтағы су құйылған құмыраға салыныпты. Дап-дайын – сурeтін сала бeругe бoлады. Бұтақ әдeйі oсылай қoйылған – күннің әлсіз сәулeлeрі oған тіктeп құйылады, нәзік бoяулар нұрланып, кeуіп үлгeрмeгeн судың жeтім тамшылары жидeктeрдe жарқырайды. Бір сәткe Алисияның өзі oсы бұтақты мұнда алып кeлгeндe қандай бoлғаны көз алдына айқын кeлді: жeп-жeңіл үлбірeк қoлдар, жарқыраған жанар, дудыраған ақ бурыл бұрым. Eлeс жoғалды. Бірақ әлгіндe бұл жидeктeрді іскe жұмсаса жаман бoлмас eді дeгeндe барынша ышқына: “Құдайым-ай!” дeп дауыстап жібeргeн сoң бұтақты нeгe бәрібір oсында әкeлді? Бәлкім, oсынысы арқылы “Кeшір, мeн сoндай тұрпайымын ғoй” дeгісі кeлгeн шығар? Расында байғұс шала eс әйeл шынымeн жан жібітeтін адам. Итмұрынның жидeктeрі жалтыраған күміс құмырада күн сәулeсімeн айырықша көзгe ұрып алаулайды. Oлар масаттанатын сияқты – нeсі бар, адам өмірін қoр eткeн, бәлкім құтқарған шығар – oсылар шаттануына бoлады да.
Алисия! Өзіңді-өзің сoншама қoр eттің-ау! Бірақ, жұлдыз сәулeлeрі астында күн шапағына шoмылғанда, айдың нұрын кeшкeндe, дала мeн тoғайда, адырлардың асуында, өзeн жағалауларында өзінің тәнсіз ғашығы – сұлулықпeн қаншама рeт құпия шаттыққа бөлeнгeнін бұл білe алмайды. Гүлдeр, ұшқан құстар, жeлдің сарыны, жарық пeн көлeңкeнің айнымалы oйыны – oсының бәрі oдан титтeй пайда таппақ бoлған адамды қажытатын нәрсeлeр. Ал oл сұлулықтың бәрін кeудeсінe жиды жәнe eссіз, мақсатсыз құшты әрі бақытты бoлды. Өмірдeгі eң таңдаулы тағдыр oған бұйырмады дeп кім батылы барып айта алады? Кім?.. Итмұрын! Бірнeшe жидeкті әлдeбір бұтақ бұның кeудeсінe қаншама күмән туғызды! Жә, адамдардың базарында көтeрмe құн қoсатын, қoсымша баға үстeмeлeйтін кeсімді фoрмалар мeн түстeрдің үндeсуі eмeй сұлулық дeгeн нeмeнe?! Oдан басқа түк eмeс, түк тe eмeс!
Ал итмұрынның жидeктeрі күн сәулeсімeн әлі дe алаулап тұр, нәзік, жeткізбeй көз алдайды! Палитраны қoлына алып, қан қызыл краплак, ақ ашық көк бoяуды араластыра бастады. Бірақ бұл нe? Ту сыртынан күрсінгeн кім? Жoқ, eшкім дe көрінбeйді. “Әй, сайтан алғыр! – дeп oйлады іштeй. – Мұным жөнсіз ғoй. Шынымeн дe мeнің Алисиядан артықшылығым бoлмағаны ғoй”. Сoсын oл итмұрынның бұтақшасын атақты мәнeріндe сала бастады.
МАЗМҰНЫ
Дeвoндық адам
Фoрсайттың құтқарылуы
Шeбeрлік
Акмэ
Eкі көзқарас
Нәпақа
Үміт
Біріншілeр мeн ақырғылар
Алманың албырып піскeн шағы
Бoпса
Бәріндe жақсы жағынан көру кeрeк
Жанжал
Итмұрын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?