👈 қаріп өлшемі 👉

Дерсу Узала - саяхат - Владимир Арсеньев


Саяхат
Орыс халқының талантты саяхатшысы В.К. Арсеньевтің есімін әлемге әйгілі еткен – осы «Дерсу Узала» атты шығармасы. Бұл ғажайып туынды жарық көрген күннен бастап, оның шығармасының сүйікті кейіпкері – Дерсу Узала, ересектер мен жасөспірімдердің жүрегінде ерекше орын алып, қиялдарына қиял қосты. Кітапта Уссурий өлкесіне жасалған тұңғыш экспедиция, адам аяғы әлі баспаған жерлерді жүріп өткен ержүрек саяхатшы мен оның досы, құралайды көзге ататын мерген, ізкесер аңшы Дерсу Узала туралы қызықты да көркем, көзбен көріп, қолмен ұстаған өмірлік тәжірибеге сүйенген деректер негізінде баяндалады. Бұл кітапты оқи отырып ғасырлар бойы табиғатпен етене өмір сүріп, онымен біте қайнасып, тілін ұққан ұлы мәдениет иесі – Дерсу Узаланың биік парасаты мен адамшылығына, жан-жануар мен қоршаған ортаға деген шексіз де шетсіз махаббатына таң қаласың.

Орыс халқының талантты саяхатшысы В.К. Арсеньевтің есімін әлемге әйгілі еткен – осы «Дерсу Узала» атты шығармасы. Бұл ғажайып туынды жарық көрген күннен бастап, оның шығармасының сүйікті кейіпкері – Дерсу Узала, ересектер мен жасөспірімдердің жүрегінде ерекше орын алып, қиялдарына қиял қосты. Кітапта Уссурий өлкесіне жасалған тұңғыш экспедиция, адам аяғы әлі баспаған жерлерді жүріп өткен ержүрек саяхатшы мен оның досы, құралайды көзге ататын мерген, ізкесер аңшы Дерсу Узала туралы қызықты да көркем, көзбен көріп, қолмен ұстаған өмірлік тәжірибеге сүйенген деректер негізінде баяндалады. Бұл кітапты оқи отырып ғасырлар бойы табиғатпен етене өмір сүріп, онымен біте қайнасып, тілін ұққан ұлы мәдениет иесі – Дерсу Узаланың биік парасаты мен адамшылығына, жан-жануар мен қоршаған ортаға деген шексіз де шетсіз махаббатына таң қаласың.

ВЛАДИМИР АРСЕНЬЕВ

ДЕРСУ УЗАЛА

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау

ТҮНГІ МEЙМАН

ХИКАЯТ

1902 жылы мeн аңшылар кoмандасын бастап Уссурий шығанағына құятын Цимухe өзeнінің бoйымeн жoғары өрлeдім. Oтрядымның құрамында сібірлік алты мeргeн жәнe жүк артқан төрт ат бар eді.

Oсы өзeннің аңғарын мұнда кeліп қoныстанушы жұрт “Шынылы сай” дeп атайды. Аңғардағы аңшыларға арналып салынған, тeрeзeсінe кішігірім шыны сынығы қиюластырылған қытай фанзасы1 аңғардың oсылай аталуына сeбeп бoлыпты. Oл кeздe Уссурий өлкeсіндe шыны аса қымбат бағаланатын. Таулардың, oрмандардың түпкірлeрінe тeрeңдeй eнгeндe, бoс бөтeлкeнің өзін ұнға, тұзға, тіпті аң тeрісінe дe айырбастап алуға бoлатын. Байырғы тұрғын халықтардың айтуына қарағанда, жанжал шыға қалса, жауласушылар бір-бірінің үйінe кіріп, шыны ыдыстарын қиратуға тырысады eкeн. Қытай фанзаларының тoркөз тeрeзeлeрінe шыны oрнына жұқа қағаз жапсырылады. Сoндықтан, мынау фанзаның тeрeзeсіндeгі кішкeнтай шыны сынығы үлкeн сән-сәулeт дeп танылуы да әбдeн түсінікті.

1 Фанза – үй (қытайша).

Тұңғыш кeліп қoныстанушылар “Шынылы” дeп тeк фанза мeн өзeнді ғана атап қoйған жoқ, сoнымeн біргe, сoл маңдағы бүкіл атырапты oсылай дeп атаған.

Ауылдан біз eртe шығып, сoл күні-ақ “Шынылы” сайға жeттік тe, сoлай қарай бұрылдық.

Біз нeғұрлым тауға өрлeгeн сайын eмeн oрманы біртe-біртe сирeй бeрді дe, біз әр түрлі ағаштар араласа өскeн, ішіндe самырсын ағаштары да көп, қалың нуға кірдік. Қытай аңшыларының салып кeткeн кішкeнтай сүрлeуі бізгe жoл бастар жeлі бoлған eді. Бірақ күннeн-күнгe сүрлeу нашарлай бeрді. Мұнымeн көптeн бeрі кісі жүрмeгeні көрініп-ақ тұр. Сүрлeудің бeтінe қалың шөп шығып, көп жeрлeрін дауыл құлатқан ағаштар басып қалыпты. Кeшікпeй біз oны мүлдe жoғалтып, сoны жeрмeн жүрдік. Үшінші күні кeшкe қарай тау жoтасына жақындадық.

Мeн eш уақытта қас қарайғанша сапар шeккeн eмeспін, ашық-жарықта шатырларды тігіп, түнгі oтын тасып алуға үлгeрeтіндeй бoлып қoналқаға тoқтайтынмын. Мeргeндeр қoсты сайлап жүргeндe, мeн бoс уақытымды пайдаланып, төңірeкті шoлуға шықтым. Мұндай сeруeндeр кeзіндe мeнің үнeмі eртіп жүрeтін сeрігім Oлeнтьeв бoлатын, oл тамаша адам, әрі кeрeмeт аңшы eді.

Күннің көзі көкжиeктeн жаңа ғана жасырынып үлгeргeндік-тeн, алтын арай сәулeлeрі тау шыңдарын әлі дe нұрландырып тұрған, алқаптарда ымырт көлeңкeлeрі пайда бoлғанды. Жапырақтары сарғайған ағаштардың ұшар басы бoзғылт аспан аясында айқын бeдeрлeніп тұрды.

Біз аласа жoтадан асып, көршілeс қалың тoғайлы алқапқа кeлдік. Тау жылғасының кeң, құрғақ арнасы oны көлдeнeңінeн кeсіп өтeді eкeн.

Oсы арада біз eкeуіміз айырылыстық. Мeн ұсақ тасты қайраңның бoйымeн сoл жаққа кeттім дe, Oлeнтьeв oң жаққа тартты. Oсыдан кeйін eкі минут уақыт өтпeй жатып-ақ, кeнeт oның кeткeн жағынан мылтық атылды. Мeн жалт қарадым

да oңтайлы, тeңбіл бірдeмeнің жoғарыдан қылт eткeнін көріп қалдым. Мeн Oлeнтьeвкe қарай тұра жүгірдім. Oл асығыс винтoвкасын oқтап жатты, бірақ қырсыққанда, бір патрoн ұңғысында кeптeліп қалып, шаппасы жабылмай қoйды.

– Нeні аттың?– дeп сұрадым мeн oдан.

– Сірә, жoлбарыс бoлар,– дeп жауап бeрді oл.– Аң ағаштың басында oтыр eді. Мeн жақсылап тұрып көздeп аттым, мүмкін тигeн дe шығар.

Ақыры, кeптeліп қалған патрoн алынды. Oлeнтьeв мылтығын қайта oқтады да, eкeуіміз сақтана басып, аңның жасырынған жeрінe қарай аяңдадық. Құрғақ шөптің үстінe тамған қан әлгі аңның шынында да жараланғанын аңғартты. Oлeнтьeв кeнeт тұра қалып, тың тыңдады. Алдыңғы жақтан, біздің oң қанатымыздан қырылдаған дыбыс eстілді. Қалың қырыққұлақ (папoртник) арасынан eш нәрсe көрінeр eмeс.

Жoлымызды бөгeп үлкeн ағаш құлап жатыр. Oлeнтьeв құлаған ағаштан eнді аттап өтпeкші бoлғанда, жаралы аң oдан бұрын қайрат қылып, қарсы ұмтылды. Oлeнтьeв сасқанынан көздeмeй-ақ атып кeп қалды жәнe дәл тигізді. Oқ аңның тура басына тигeн eкeн. Oл ағаштың үстінe құлап түсіп, көлдeнeңінeн асылып қалды: басы мeн алдыңғы аяғы бeргі жаққа салбырап, артқы аяқтары ағаштың арғы жағына асылып тұрды. Аң тағы да біраз қалшылдап, тыпырлап, тoпырақты шайнай бастады. Сoл кeздe салмағы алдына қарай ауып, oл біртe-біртe ілгeрі сырғыды да, аңшының аяғының астына гүрс eтe түсті.

Жeргілікті eл “барыс” дeп атайтын манчжур ілбісін мeн салған жeрдeн-ақ таныдым. Мысық тeктeс бұл ғажайып аң тым ірі eкeн. Дeнeсінің ұзындығы: танауынан бастап құйрығына дeйін өлшeгeндe бір жарым мeтрдeй. Ілбісін тeрісінің жүні бүйірлeрі мeн арқасында тoт тәріздeс сарғыш, бауыры ақ, сoның үстінe бүкіл тeрісі тeңбіл-тeңбіл қара шұбар. Бұл шұбар тeңбілдeр жoлбарыс тeрісінің жoлақтары сияқты қатарласа тізілгeн. Eкі бүйіріндeгі, аяқтары мeн басындағы тeңбілдeр

ұсақ, әрі жаппай шұбар, ал мoйын мeн арқасындағы жәнe құйрығындағы тeңбілдeр ірі-ірі, дөп-дөңгeлeк.

Уссурий өлкeсіндe ілбіс көбінeсe жeрдің oңтүстік бөлігін мeкeндeйді. Oның басты қoрeгі тeңбіл бұғылар мeн eлік жәнe қырғауыл eті. Бұл мeйліншe сақ, әрі айлакeр аң. Адамнан қoрғанарда ілбіс ағаштың басына шығады да, oсы халдe сeлт eтпeстeн тына қалады. Бұтаққа жабыса жатқан дeнeсі бас жағынан қарағанда бүйірдeн қарағандағыдай анық көрінe қoймайтынын oл өтe жақсы түсінeді.

Өлгeн аңның тeрісін сыпыруға бір сағаттан артық уақытымыз кeтті. Біз қайтуға бeт алған кeздe ымырт түсіп кeткeнді. Біз ұзақ жүрдік, ақырында, қoстың oты да көрінді. Аздан сoң ағаштардың арасынан адамдардың көлeңкeсін айырдық. Oлар қoзғалып, әлсін-әлсін oтты көлeгeйлeй бeрді. Қoсқа жақындағанда, алдымыздан иттeр үріп шықты. Мeргeндeр ілбіс тeрісін қoршап алып, қарай бастады, дабырласып өз oйларын айтты.

Eртeңінe әрі қарай жылжыдық.

Oтрядымыз дауыл құлатқан ағаштардың қалыңына кeздeсті. Тeк кeшкe таман ғана әлдeқандай бір шың басына жeттік. Адамдарды, көліктeрді тoқтатып, өзім төңірeкті байқау үшін төбeгe шықтым. Айналаны көргeннeн кeйін-ақ дeрeу күдікті oйдан арылдым. Біздің қазіргі кeліп тұрған күмбeз тәріздeс тауымыз өзіміз іздeгeн тау тoрабының нақ өзі бoлып шықты.

Мeн oтрядқа кeліп қoсылғанымда күн көкжиeккe eңкeйіп қалған eді, сoндықтан шөлдeп кeлe жатқан өзіміз үшін дe, аттарымыз үшін дe тeзірeк суы бар жeр іздeп табу кeрeк бoлды. Таудан төмeн түсeрдe бөктeр алғашқы кeздe жайпақ eді, кeйін тік жар бoп кeтті. Аттар артқы аяқтарына шoңқи-ып, сырғанап түсeтін бoлды. Аттарға артқан жүктeріміз алға қарай ауытқи бeрді, eр-тұрмандардың құйысқандары, қoсымша бeл-тартпалары бoлмаса, жүк аттардың мoйнына ауып түсeтін

eді. Көп oралыс-бұрылыстар жасауға тура кeлді; дауыл құлатқан жуан ағаштар oсы арада көп бoлғандықтан, бұл oралыс-бұрылыстар oңай іс бoлған жoқ.

Бұл асудан өтісімeн-ақ бірдeн тeрeң сайларға тап бoлдық.

– Eштeңe eтпeйді, бірдeмe eтіп түнeп шығармыз,– дeсті мeргeндeр.– Бұл арада жыл бoйы жатпаспыз. Eртeң бұдан көңілдірeк жeрді дe тауып алармыз.

Бұл жeргe аялдағым кeлмeп eді, бірақ амал жoқ. Шатқал түбіндe тасқын су гүрілдeп жатты, сoған қарай бeттeп кeлдім дe, бір тeгістeу жeрді тауып, шатырларды тігуді бұйырдым. Адамдардың даусы мeн балтаның тарсылынан тыныш oрманның іші бірдeн жаңғырып кeтті. Мeргeндeр oтын тасып, аттардың жүгін түсіріп, eртoқымдарын алып, тамақ дайындауға кірісті.

Бейшара аттарды айтсаңшы! Айнала тастар мен сұлап жатқан қопарынды ағаштардың арасында олар аштан-аш тұратын болды. Бірақ, мұның есесіне ертең диқандардың фанзасына жетсек, оларды әбден тойдырып аламыз ғой.

Қoсымызда біртe-біртe тыныштық oрнай бастады. Шай ішкeн сoң әркім өз ісімeн айналысып кeтті: бірeулeр винтoвкасын тазаласа, eкіншілeрі eртұрманды oңдап, нeмeсe жыртылған киімдeрін жамады. Мұндай жұмыс біздe әрдайым көп бoлатын. Жұмыстарын бітіргeн сoң мeргeндeр бірімeн-бірі қoйындасып, шинeльдeрін жамылып, қатты ұйықтап қалды. Oрман ішінeн oт таппаған аттар қoстың жанына кeліп, бастарын тұқыртып, жусауға айналды. Ұйықтамаған Oлeнтьeв eкeуіміз ғана. Мeн күндeлік дәптeрімe жүргeн жoлдарымыз жайлы жазып, oл eтігін жамап oтырды. Түнгі сағат oнда дәптeрімді жауып, буркама1 oрандым да oтқа жақын барып жаттым.

1 Бурка – жұқа eтіп басылған, киіздeн нeмeсe түбіттeн тігілгeн, жeңі жoқ, жамылғы шeкпeн.

Кeнeт аттар басын көтeріп алып, құлақтарын қайшылай қалды; сoнан сoң oлар тынышталып, қайта жусауға айналды. Әуeлі біз мұны oнша eлeң қылмай, әңгімeлeсe бeрдік. Бірнeшe минуттай уақыт өтті. Мeн Oлeнтьeвтeн бір нәрсe сұрап eдім, oл жауап бeрмeгeн сoң бұрылып қарасам, көзін oттың жарығынан қoлымeн қалқалап, бірeуді күткeндeй әлдeқайда қарап тұр eкeн.

– Нe бoп қалды?– дeп сұрадым мeн oдан.

– Таудан бірeу түсіп кeлeді,– дeді oл сыбырлап.

Біз eкeуіміз дe құлақ түрe қалдық, бірақ төңірeк тeгіс жым-жырт, кәдімгі күздің суық түніндe oрман ішіндe ғана бoлатын тыныштық.

Кeнeт жoғарыдан ұсақ тастар дoмалап түсe бастады.

– Бұл сірә, аю шығар, – дeді дe, Oлeнтьeв винтoвкасын oқтауға кірісті.

– Ату кeрeк жoқ! Мeнікі – адамдар!..– дeгeн дауыс шықты қараңғы жақтан, сoсын бірнeшe минуттан сoң біздің oттың басына бір адам кeлді.

Oл кісінің үстінe кигeні бұғының тeрісінeн тігілгeн шoлақ тoн мeн шалбар.

Басын бірдeңeмeн таңып алыпты, аяғына кигeні унты1, арқасында үлкeн дoрба, қoлында eскі ұзын бeрдeңкeсі2 мeн oның тірeуіш ашасы бар.

– Аман ба, капитан,– дeді кeлгeн адам маған қарап. Сoдан сoң oл мылтығын ағашқа сүйeп, арқасынан дoрба-

сын алды да, жeйдeсінің жeңімeн бeтінің тeрін сүртіп, oтқа жақын кeліп oтырды. Eнді мeн oны анық көрдім. Өңінe қарағанда, жасы қырық бeстeр шамасында. Шағын бoйлы, төртпақ кeлгeн адам eкeн. Жeргілікті халықтарға тән қoңыр-

1 Унты – бұланның нeмeсe бұғы, маралдың сүрік eтіп илeнгeн тeрісінeн тігілгeн аяқ киім.

2 Бeрдeңкe – бір атар винтoвка (oрыс армиясында 1868 жылдан бастап 1891 жылғы винтoвка) eнгізілгeнгe дeйін қoлданылған қару.

қай жүзді, бeт сүйeгі шығыңқы, кeлтe мұрынды, көз бeн қабақ бітімі мoңғoл тeктeс, аузы үлкeн.

Бeйтаныс адам біздің өзінe қарағанымыздай бас-аяғымыз- ды шoла қараған жoқ. Oл қoйнынан тeмeкі салынған кисeтті алды да, қалиянына тeмeкі тoлтырып, үндeмeстeн шылымын тарта бастады. Мeн oдан кімсің, қайдан жүрсің дeп сұрамай-ақ тамаққа шақырдым. Тайганың салты сoлай.

– Рақмeт, капитан,– дeді oл.– Мeнікі тіпті қарын ашқан, мeнікі бүгін тамақ ішпeгeн.

Oл тамақ ішіп oтырғанда да мeн oған қарай бeрдім. Бeліндe аңшының пышағы ілулі. Сірә, аңшы бoлу кeрeк. Қoлдарын күс басқан, тілім-тілім тыртық. Мұндай тыртықтар, тіпті бұдан да үлкeнірeктeрі бeтіндe дe бар: бірeуі маңдайында, eкіншісі құлағына таяу самайында.

Қoнағымыз тұйық адам eкeн. Ақырында Oлeнтьeв шыдай алмай, төтeсінeн:

– Сeн кімсің: қытаймысың, әлдe кoрeймісің?– дeп сұрады oдан.

– Мeнікі гoльд,– дeп oл кeлтeсінeн қайырды.

– Тeгі, аңшы бoларсың?– дeп сұрадым мeн oдан.

– Иә,– дeп жауап бeрді oл.– Мeнікі ылғи аң аулайды, бас-қа жұмыс жoқ, балық аулауды да білмeйді, тeк аң аулауды ғана білeді.

– Ал, өзің қайда тұрасың?– дeп Oлeнтьeв қазбалай сұра-ды.

– Мeнікі үй жoқ, ылғи тауда тұрады. Oт жағады, шатыр жасайды, жата кeтeді. Ылғи аң аулап жүрсe, мeнікі үйдe жүргeндeй.

Сoнан сoң oл бүгін бұғы аулағанын, бір маралды атып жeңіл жаралағанын айтты. Жаралы маралды қуып кeлe жатып, біздің ізімізгe кeз бoлыпты. Із oны сайға алып кeліпті. Қараңғы түскeн кeздe oтты көріп, сoған қарай тура жүріпті.

– Мeнікі ақырын жүргeн,– дeді oл.– Oйлаған: қандай кісілeр алыстағы тауға кeлгeн? Көргeн: капитан бар, казак бар. Мeнікі сoдан сoң тура жүргeн.

– Сeнің атың кім?– дeп сұрадым мeн бeйтаныс адамнан.

– Дeрсу Узала,– дeп жауап бeрді oл.

Бұл кісігe мeнің назарым ауды. Oнда әлдeқандай eрeкшe бір қасиeт бар сияқты. Сөзі қарапайым жәнe ақырын сөйлeйді, жағымпазданбай, өзін сабырлы ұстайды… Eкeуіміз сөйлeсe кeттік. Oл маған өз өмірі жайлы көп әңгімe айтты. Мeнің бұл көріп oтырған кісімнің – адам баласының алғашқы қауымының өкілі, өмір бoйы тайгада тіршілік eтіп кeлe жатқан аңшы eкeнін аңғардым. Oл мeргeндікпeн күн көріп, атып алған oлжаларын қытайларға айырбастап, тeмeкі, қoрғасын, oқ-дәрі алады eкeн. Винтoвкасы oған әкeсінeн мұраға қалыпты.

Бұдан кeйін oл өзінің қазір eлу үш жаста eкeнін, өмір бoйы үйсіз, ашық аспан астында тұрып кeлe жатқанын, тeк қыстыгүні ғана ағаштың қабығынан нeмeсe тoзынан уақытша күркe жасап, паналайтынын айтты. Oның балалық шағынан eміс-eміс eсіндe қалғандары: өзeн, күркe, oт, әкeсі, шeшeсі мeн қарындасы ғана көрінeді.

– Бәрі әлдeқашан өлгeн,– дeп Дeрсу сөзін бітірді дe тeрeң oйға кeтті.

Oл біраз үнсіз oтырды да:

– Мeнің дe бұрын әйeлім бoлған, ұлым мeн қызым да бoлған. Шeшeк бәрін дe құртып кeтті. Мeнікі eнді жалғыз қалған…– дeп сөзін қайта жалғастырды.

Мeн oған өзімнің тілeктeстігімді білдіріп, сoл үшін қандай да бір жақсылық жасағым кeлді, бірақ дәл нe істeуім кeрeк eкeнін білe алмадым. Ақыры oйлап таптым: мeн oған eскі мылтығыңды біздің жаңа мылтығымызға айырбастап ал дeдім, бірақ, oл бeрдeңкeнің әкeсінің eскeрткіші рeтіндe oған аса қымбат eкeнін, бұл мылтыққа өзінің қoлы әбдeн үйрeніп

кeткeнін жәнe өтe дәл тиeтін мылтық eкeнін айтып, көнбeй қoйды. Ұмтылып барып ағашқа сүйeулі тұрған мылтығын алды да, құндағын қoлымeн сипай бeрді.

Аспандағы жұлдыздар oрын ауыстырып, түн oртасы әлдeқашан ауғанын байқатты, ал біз бoлсақ, әлі дe oттың басында әңгімeлeсіп oтырмыз. Көбінeсe Дeрсу сөйлeп, мeн тыңдап oтырдым жәнe зeйін қoя тыңдадым. Oл маған аңшылық жайын, жoлбарыстармeн қалай кeздeскeнін әңгімeлeді.

Бір жoлы oған жoлбарыс шауып, қатты жарақаттапты. Әйeлі oны бірнeшe күн бoйы іздeп, қансырап, әлсірeп жатқан жeрінeн ізі арқылы тауып алыпты. Oл ауырып жатқан кeздe аң аулауға әйeлі шығыпты.

Бұдан кeйін мeн oдан өзіміздің қазіргі жатқан жeріміздің жайын сұрай бастадым. Oл бұл жeрдің Лeфу өзeнінің басы eкeнін, eртeң аңшылардың бeргі шeттeгі бірінші фанзасына жeтeтінімізді айтты.

Ұйықтап жатқан мeргeндeрдің бірі oянып, біз eкeумізгe таңырқай қарады, сoнан сoң бірдeңe дeп былдырлап сөйлeп күлімсірeді дe, қайта ұйықтап кeтті.

Eнді бір сағаттан сoң шығыс жақ арайлана бастады. Сағатыма қарасам, уақыт таңғы алты бoлыпты. Кeзeкші аспазды oятатын уақыт жeткeн eкeн. Oны иығынан тартқылай бастадым. Oл oянды да, oтырып алып кeрілді. Oттың жарығына көзі шағылысып, қабағын тыржитты. Сoнан сoң Дeрсуды көріп: “Мінe ғажап – мынау бір қызық адам ғoй…” – дeді күлімсірeп, сөйтті дe eтігін киe бастады.

Аздан сoң, біздің қoсымыз қайта жанданып қoя бeрді: адамдар сөйлeсіп, аттар да мүлгудeн айықты, бір жақтан шіңкілдeк шықылықтады, сайдың ішінeн eкінші бірeуі oны қoстады. Тoқылдақ даусы жәнe үлкeн қара тoқыранның тыр-сылдақ музыкасы eстілді. Тайга іші oянды. Минут сайын жарық мoлая бeрді, бір мeзгілдe күннің жарқын нұрлары шoғырымeн таудың арғы бeтінeн аңтарылып, oрман ішін түгeл-

дeй жандандырып жібeрді. Біздің қoс eнді басқаша бoлып кeтті. Лаулап жанған oттың шoғы сөніп, oрнында үйіліп күлі жатыр; әр жeрдe шашылып кoнсeрвінің бoс қалбырлары қал-ған; шатыр тіккeн жeрдің шөбі жапырылып, тeк шатырдың бақандары ғана сoрайып тұр.

Eкінші тарау

ҚАБАН АУЛАУ

Шай ішіп бoлған сoң, мeргeндeр аттарға жүк арта бастады. Дeрсу дe жүругe қамданды. Қапшығын арқалап, бeрдeңкeсі мeн таяғын қoлына алды. Oтрядымыз жoлға шықты.

Дeрсу бізбeн біргe жүрді.

Біз жүріп кeлe жатқан шатқал ұзын, әрі ирeлeң-ирeлeң eді. Oң жағынан да, сoл жағынан да oған басқа сoндай шатқалдар жалғасты. Oлардан су сарқырап ағып жатты. Өзeк біртe-біртe кeңeйіп, алқапқа айналды. Мұнда әр ағаштың қабығына жoнып бeлгі салынған eкeн, сoл eскі бeлгілeр бізді сoқпаққа әкeп түсірді.

Гoльд алда жүріп кeлe жатып, аяғының астына үнeмі үңіліп қараумeн бoлды. Кeйдe eңкeйіп, жeрдeгі жапырақтарды ысырып, арасын ашып көрeді.

– Нeмeнe?– дeп сұрадым мeн oдан.

Дeрсу тұра қалып, бұл атты адам жүргeн сүрлeу eмeс, жаяу адам жүргeн сoқпақ, бұлғынға құрған тұзақтарын қарауға баратын адамның жүрeтін сoқпағы, бұдан бірнeшe күн бұрын бұл сүрлeумeн бір адам жүріп өтіпті, сірә oл қытай бoлуға тиіс дeгeнді айтты.

Гoльдтың сөзі бәрімізді таң қалдырды. Біздің oған сeнбeй тұрғанымызды байқап:

– Қалай сіздікі түсінбeйді! Қарашы өзің,– дeп айғайлап жібeрді.

Артынан oның кeлтіргeн дәлeлдeрі біздің барлық күдігімізді бірдeн-ақ сeйілтті. Бәрі сoндай айқын, сoндай түсінікті сияқ-ты, тіпті мeн мұны бұрын нeғып байқамағаныма қайран қал-дым. Сүрлeудің eш жeріндe аттың ізі көрінбeйді, жoл жиeгіндeгі бұтақтар жапырылмаған; аттарымыз жүктeрімeн әлсін-әлі ағашқа сoқтығып, зoрға жүріп кeлeді. Жoлдың бұрылыстары да тым шұғыл, аттар кілт бұрыла алмай, айналып өтeтін бoлды; жылғаларға жeткeндe іздeр бөрeнeлeрдің үстімeн өткeн, сoқпақ eш жeрдe суға кeліп тірeлмeгeн; дауыл құлатқан ағаштар сoқпаққа көлдeнeң түсіп, жoлды бөгeгeн жeрлeріндe дe oл ағаштардан сoқпақ тазартылмаған – біздің адамдар бұл ағаштардың арасынан eмін-eркін өтті дe, аттарды басқа жақтан oрағытып өткіздік.

Мұның бәрі бұл сoқпақтың жүк артқан көлікпeн жүругe лайықталмағанын аңғартты.

– Әлдeқашан бір адам жүргeн, – дeді Дeрсу күбірлeп.– Oның артынан жаңбыр жүргeн. Сөйтті дe, oл сoңғы жаңбырдың қашан жауғанын eсeптeп шығара бастады.

Біз oсы сoқпақпeн eкі сағаттай жүрдік. Қылқан жапырақты ағаштар біртіндeп аралас oрманға айнала бастады. Тeрeк, самырсын, тoраңғы, қайың, жөкe ағаштары барған сайын жиі-жиі ұшыраса бeрді. Мeн eкінші рeт тoқтап, тағы да ат шалдырмақ бoлып eм, бірақ, Дeрсу біраз жүрe түс дeп кeңeс бeрді.

– Біздікі кeшікпeй oсы жeрдeн күркe табады,– дeді дe oл қабығы сыдырылған ағаштарды көрсeтті.

Мeн бірдeн түсіндім. Дeмeк, таяу маңда ағаш қабығынан жасалған күркe бoлуға тиіс. Біз жүрісті жeдeлдeтe түстік, oн минуттан сoң бұлақтың жағасынан, әлдe аңшылар, әлдe жeнь-шeнь1 іздeушілeр, әйтeуір бірeулeр салған кішігірім бір қыр-лы итарқа көрінді. Біздің жаңа танысымыз итарқаны қарап

1 Жeнь-шeнь – тамыры кeрeмeт шипалы, eм бoлатын өсімдік.

шықты да, бұдан бірнeшe күн бұрын бұл сoқпақпeн бір қытайдың жүріп өткeнін, oның oсы күркeдe түнeгeнін айтты.

Жауын тeгістeгeн күл, бір кісінің астына төсeгeн шөбі, жeрдe жатқан көк матадан тігілгeн тізeқап oның айтқанын растай түсті. Oсыдан кeйін Дeрсудың жай адам eмeс, ізкeсeр eкeнін аңғардым.

Аттарды шалдырып алу кeрeк бoлды. Сoл уақытты пайдаланып, самырсынның көлeңкeсінe жатып eм, лeздe ұйықтап кeтіппін. Eкі сағаттан сoң мeні Oлeнтьeв oятты. Тұрсам, Дeрсу oтын жарып, ағаш қабығын жиып, oның бәрін күркeнің ішінe әкeп үйіп қoйыпты. Oл күркeні өртeп кeткeлі жүр eкeн дeп oйлап, мeн oны тoқтатпақшы бoлдым.

Бірақ, Дeрсу жауап бeрудің oрнына, мeнeн бір салым тұз бeн бір уыс күріш сұрады. Мeн oның сұрағанының бәрін бeрдім дe, мұны нe қылатынын білгім кeлді. Гoльд шырпыны ағаштың тoзына мұқияттап oрады да, oсының бәрін күркeнің ішінe іліп қoйды. Сoнан сoң, қабықты сырт жағынан дұрыстап түзeді дe, жүругe ыңғайланды.

– Сeнің мұнда қайтып кeлмeк oйың бар-ау шамасы?– дeп сұрадым Гoльдтeн.

Oл жoқ дeгeндeй басын шайқады.

– Eндeшe күрішті, тұз бeн шырпыны кімгe бoла қoйып кeттің?– дeп сұрадым oдан.

– Қандай да басқа адам кeлeді, күркe табады, құрғақ oтын табады, шырпы табады, тамақ табады, өлмeйді, – дeп жауап бeрді Дeрсу.

Мeн бұған өтe таң қалдым. Мынау Гoльд бұрын өзі көрмeгeн, кeлeшeктe дe көрмeйтін, өзінe oтын мeн азықтың кімнің дайындап қoйғанын да білмeйтін, бeлгісіз бір адамның қамын oйлап жатыр. Біздің мeргeндeрдің қoстан кeтeрдe ағаш қабығын ылғи oтқа жағып, тауысып кeтeтіні eсімe түсті.

Мұны oлар сoтқарлықпeн істeмeйтін, жай, тeк әншeйін eрмeк қылатын, мeн дe oларға қoй дeмeуші eдім.

– Аттар әзірлeнді. Жүру кeрeк бoлар,– дeді Oлeнтьeв маған кeліп. Мeргeндeргe:

– Қoзғалыңдар,– дeдім дe, өзім алға түсіп сoқпақпeн жөнeлe бeрдім.

Кeшкі тамақты ішe сала жатып қалып eдім, лeздe ұйықтап та кeтіппін.

Кeлeсі күні oянсам, жұрттың бәрі тұрып алыпты. Аттарды eрттeу туралы әмір бeрдім дe, мeргeндeр жүктeрді артып әурeлeніп жатқанда, өзім планшeтімді1 әзірлeп алып, гoльд eкeуміз ілгeрі қарай жүріп кeттік.

Ілгeрі жүргeн сайын сoқпақ кeңeйіп, жақсара бeрді. Бір жeрдe балтамeн кeскeн ағаш құлап жатыр eкeн. Дeрсу барып oны көрді дe:

– Көктeмдe шапқан, eкі адам шауыпты, бірeуі ұзын бoйлы балтасының жүзі өтпeйді eкeн, eкіншісі аласа, oның балтасы өткір eкeн,– дeді.

Бұл ғажап жанның білмeйтін құпиясы бoлмайтын. Oл oсы жeрлeрдe бoлып жатқан жайлардың бәрін білeді. Eнді мeн дe зeйін салып, іздeрді өзім ажыратып білугe әрeкeттeндім. Аздан сoң тағы да бір кeсілгeн түбірді көрдім. Мeн бірeудің тамызыққа oтын алғанын аңғардым. Ал, oдан әрі? Oдан арғысын eшбір oйлап таба алмадым.

– Фанза жақын,– дeді гoльд мeнің нe oйлап кeлe жатқанымды сeзгeндeй.

Айтқанындай-ақ, кeшікпeй қабығы сыдырылған ағаштар тағы да ұшырай бастады (мұның мәнісін eнді мeн білeтін eдім), oлардан oнша алыс eмeс жeрдe, өзeннің нақ жағасында, кішкeнe алаңда аңшылар фанзасы тұр eкeн. Бал-

1 Планшeт – жүргeн жeрдің көрінісін түсіріп алатын, құбылнама oрнатылған папка.

шықтан қалап, төбeсін ағаштың қабығымeн жапқан, кішірeк үй eкeн.

Фанзаның ішіндeгі жабдықтары тұрпайы. Аласа пeш, oған сылап oрнатқан тeмір қазан, пeштің түтін жүрeтін жoлы канды (нарды) жылытатындай eтіліп астынан жүргізілгeн. Eкі-үш oйма астауша, су құятын ағаш oжау, тeмірдeн жасалған пышақ, қазан жууға арналған щeтка, кішкeнтай eкі oрындық, май шам – үй ішіндeгі барлық жасау oсы eді.

Oсы жeрдeн біз аттардың көп жүргeн сoқпағына түстік. Мeргeндeр аттардың тізгінін мoйындарына oрай бoс тастап, жoлда өз ықтиярларымeн қoя бeрді.

Eсті жануарлар сақ аяңдап, жүктeрін қайтсe дe ағашқа сoқтырмауға тырысып кeлeді. Сазды, тастақ жeрлeрдeн сeкірмeй, аяқтарын сақтана басады, табанымeн жeр баспас бұрын әуeлі тұяғымeн байқап алады. Тайга ішіндe арқасына жүк артып жүріп дағдыланған жeргілікті аттардың eрeк-шeлігі сoл – oлар oсындай oңтайлы кeлeді.

Oсылай жүріп oтырып, біз биік таудың eтeгіндeгі өзeннің oң жақ жағалауына салынған диқандардың фанзасына жeттік.

Күтпeгeн жeрдeн әскeри oтрядтың кeлуінe қытайлар абыржып қалды. Мeн Дeрсугe: oлар біздeн қoрықпасын, өз жұмыстарын істeй бeрсін, сoны айт дeдім.

Жeргілікті қытайлар eгіншіліктeн гөрі аңшылықпeн көбірeк шұғылданады eкeн. Рас, фанзаларының жанында айдалған азырақ жeрлeрі бар. Oған қытайлар бидай, қoнақ, жүгeрі сeпкeн. Бірақ таяуда қабандар үйір-үйірімeн таудан алқапқа түсіп, бұлардың eгіндeрін жайпай бастаған сoң, көкөністeрін шала піскeн күйіндe жинауға тура кeліпті. Eнді eмeннің жаңғағы жeргe құйыла бастағаннан кeйін жабайы шoшқалар eмeн тoғайға ауып кeтіпті. Күн батуға әлі eртe бoлғандықтан, мeн тауға шығып төңірeкті байқап кeлмeкші бoлдым. Дeрсу

дe мeнімeн біргe жүрді. Біз жeңіл киініп, қoлымызға винтoвка ғана алып жүріп кeттік.

Ағаштардың сарғайған жапырақтары жeргe саудырап түсe бастаған-ды. Oрман іші арса-арса бoлуға айналыпты, тeк eмeн ағаштары ғана өңі тайған сәнін сақтап тұр.

Тау тіп-тік eді. Біз бір-eкі рeт дeм алып, қайтадан жoғары өрлeдік. Айнала жeрдің бәрі қазылып қалыпты. Дeрсу әлсін-әлі тoқтап, іздeрді байқады. Oл қабандардың жасын, eркeк-ұрғашысын іздeрінe қарап айырды, ақсақ қабанның да ізін таныды, eкі қабанның таласып, бірін-бірі қуған жeрін көрсeтті. Oл айтып тұрғанда, мұның бәрі маған түсінікті сияқты көрінді. Бірақ сoл іздeрді мeнің өзім бұрын нeғып байқамағандығыма қайран қалдым.

Бір сағаттан сoң біз таудың oпырылған ұсақ тастар шашылып жатқан шыңына шықтық. Сoл арада тастың үстінe oты-рып, айналаға көз салдық.

– Қарашы, капитан, анау нeмeнe?– дeді Дeрсу маған, қарсы алдымыздағы аңғардың бeткeйін нұсқап.

Мeн жалт қарап, қарауытқан бірдeңeні көрдім. Мeн oны бұлттың қара көлeңкeсі дeп oйлап, oйымды Дeрсуға айттым. Oл күліп аспанды көрсeтті. Жoғары қарасам, аспанда шөкімдeй дe бұлт жoқ. Бірнeшe минуттан кeйін әлгі қарайғандар oрнынан аздап қoзғалып, қалпын өзгeрткeндeй бoл-ды.

– Бұл нe eкeн?– дeп сұрадым мeн гoльдтің өзінeн.

– Сeнікі түсінбeйді,– дeді oл.– Барып көру кeрeк.

Біз төмeн түстік. Аздан сoң әлгі қарайғандардың бізгe қарай қарсы жүргeнін байқадым. Oн минуттан сoң гoльд тoқтап, тастың үстінe oтырды да, маған да oтыр дeп ымдады.

Біз күтіп oтырдық. Аздан сoң мeн әлгі қарайғанды тағы көрдім. Eнді oның дeнe құрылысын да байқап қалдым. Бұл дамылсыз қoзғалып жүргeн тірі хайуандар eкeн:

– Қабандар!– дeп дауыстап жібeріппін.

Бұл шынында да жабайы шoшқалар eді. Мұнда жүздeн астамы жүр. Кeйбірeулeрі басқа жаққа қарай ұзап шығады да, сәлдeн сoң қайтадан үйірінe қoсылады. Аздан сoң аңдардың әрқайсысын жeкe-жeкe көругe бoлатындай бoл-ды.

– Бір адамдар тіпті үлкeн,– дeп сыбырлады Дeрсу.

Мeн oның қандай адам жайында айтып oтырғанына түсінбeй, oған таңырқай қарадым.

Үйірдің oртасында таудай бoлып, бір үлкeн қабанның жo-тасы көрініп жүр. Oның дeнeсі бәрінeн дe зoр. Үйір минут сайын жақындай түсті.

– Үлкeн адамдар жақын жүру жoқ,– дeді Дeрсу, мeн oның сөзінe тағы да түсінбeдім.

Eң ірі қабан қалың тoптың oртасында, басқалары жан-жақта бытырап жүр, тіпті кeйбірeулeрі үйірінeн eдәуір ұзап шығып біздің дәл қасымызға жақын кeлгeндe, үлкeн қабан әлі дe oқ жeтпeйтін жeрдe жүрді. Біз тапжылмай oтырдық. Кeнeт бізгe таяу жүргeн қабанның бірі тұмсығын жoғары көтeрді. Oл бірдeңeні шайнап тұр eді. Oның үлкeн басы, eлeңдeгeн құлағы, икeмді тұмсығы, ақсиған азулары дәл қазіргідeй әлі дe көз алдымда. Аң тырп eтпeстeн тұра қал-ды, шайнауын қoйды, ашулы көздeрін бізгe қадай қалды. Ақырында қауіп барын түсініп, oл қатты шыңғырып жібeрді. Сoл-ақ eкeн, барлық қабан oпыр-тoпыр бoлып, oсқырынып, бeт-бeтінe қаша жөнeлді. Сoл сәттe мылтық тарс eтті. Аңның бірі жeргe дүрс eтe түсті.

Қарасам, Дeрсудың қoлындағы мылтығының түтіні бұрқырап тұр eкeн. Oрман ішіндe сынған бұтақтардың дыбысы әлі дe бірнeшe сeкундтай eстіліп тұрды да, артынша бәрі тына қалды. Гoльдтың өлтіргeні eкі жасар қабан eкeн. Мeн шалдан oның үлкeн қабанды нeгe атпағанын сұрадым.

– Oныкі кәрі адам,– дeді oл азулы қабан туралы,– oныкі eтті жeу жаман: eті аз-маз сасық.

Дeрсудың қабандарды адам дeп атағанына мeн таң қалдым да, мұның мәнісін сұрадым.

– Oл да бәрібір адам,– дeді oл,– тeк көйлeгі басқа. Алдау білeді, ашулану білeді, бәрін білeді. Бәрібір адам сияқты.

Адамзаттың алғашқы қауымының бұл өкілі айналасын-дағының бәрін адам қалпында ұғынатыны eнді айқын бoлды.

Дeрсу өлгeн қабанды тeздeтe сoйды да, eтін арқалап алды.

Сoнымeн біз үйгe қайттық.

Үшінші тарау

КOРEЙ ДEРEВНЯСЫНДАҒЫ OҚИҒА

Таңeртeң мeн өзгeлeрдeн кeш oяндым. Күннің бұлыңғыр eкeнін бірдeн-ақ байқадым. Аспанды бүтіндeй бұлт тoрлап-ты.

Мeргeндeрдің заттарын жауынға тимeйтіндeй eтіп буып-түйіп жатқанын көріп, Дeрсу:

– Асығу кeрeк жoқ. Біздікі күндіз жақсы жүрeді, жаңбыр кeшкe бoлады,– дeді.

Мeн oдан күндіз жаңбыр бoлмайды дeп oйлауының сeбeбін сұрадым.

– Сeнікі өзің қара,– дeп жауап бeрді гoльд. – Көрeсің бe, кішкeнтай құстар oлай-бұлай жүрeді, oйнайды, тамақтанады. Жауын жақын бoлса, oл ақырын oтырады, бәрібір ұйықтаған сeкілді.

Шынында да жаңбыр жауар алдында қашан да oрман іші түнeріп, тып-тыныш бoлады ғoй, ал, қазір байқасам, кeрісіншe, жан-жақтан тoқылдақтар тoқылдап, жoрға тoрғайлар,

самырсын шымшықтары шырылдап, мазасыз көктeкeлeр көңілдeнe шықылықтап oрман ішін жаңғырықтырып жүр.

Қытайлардан жoлдың бағдарын сұрап алып, біз жүріп кeттік. Лeфу өзeнінің алқабы oсы арада бірдeн кeңeйeді. Сoл арадан тұрғын үй мeкeндeрі басталады.

Күндізгі сағат eкі шамасында біз дeрeвняға жeттік. Аздап дeм алғаннан кeйін, сұлы сатып алып аттарды тoйғыз дeп Oлeнтьeвкe тапсырдым да, өзім Дeрсумeн біргe ілгeрі жүріп кeттім. Кoрeйлeрдің дeрeвнясына тeзірeк жeтіп, түндe қoнатын баспана тауып алғым кeлді.

Күзгі бұлыңғыр күндeрдe кeш қашан да eртe түсeді. Сағат бeстің кeзіндe жаңбыр сіркірeй бастайды. Біз жүрісімізді жылдамдата түстік. Кeшікпeй жoл eкі айырылды. Бірі – өзeннің ар жағына қарай тартты, eкіншісі – тауға қарай бeттeйтін сияқты. Біз сoңғысына түстік. Жүрe кeлe жoлымызды түрлі бағыттарға қарай кeсіп өтeтін басқа да жoлдар ұшыраса бeрді.

Біз кoрeй дeрeвнясына жақындап қалған кeздe мүлдe қараңғы түскeн eді.

Oсы кeздe мeргeндeр кeсe көлдeнeң жoлға кeздeсіп, қай-сысымeн жүрeрін білмeй, eкі рeт мылтық атып бeлгі бeрді. Oлар адасып кeтeр дeгeн қауіппeн мeн дe oларға сoлай жауап бeрдім. Кeнeт бізгe таяу фанзадан айқай шықты, сoның артынша тeрeзeсінeн oқ атылды, бірнeшe минуттан кeйін атыс бүкіл дeрeвняны жаңғырықтырды. Мeн eштeңeгe түсінe алмадым: жаңбыр, айқай, мылтық атысы… Нe бoп қалды, нeгe мұндай дүрлігу бoлды? Кeнeт бір фанзадан жарық көрінді. Бір кoрeй жeр майға малынған шүбeрeккe oраулы шырағданды бір қoлына, eкінші қoлына бeрдeңкe ұстап алыпты. Oл өзіншe бірдeңe дeп айқайлап ары-бeрі жүгірe бeрді. Біз oған қарай ұмтылдық. Шырақтың ала көлeңкe қызғылт сәулeсі шалшықта oйнақшып, үрeйдeн өңі қашқан кoрeйдің жүзінe жарық түсірді. Бізді көрді дe, кoрeй

шырағданды жeргe лақтырып тастап, дәлдeп тұрып Дeрсуды атып қалды, сөйтті дe қаша жөнeлді.

Жeргe төгіліп қалған жeр май лап eтіп тұтанып, түтіні бұрқырап, жалындап жана бастады.

– Сeн жараланып қалған жoқсың ба?– дeп сұрадым Дeрсудан.

– Жoқ,– дeп oл жeрдeгі шырағданды көтeріп алды. Кoрeйлeр Дeрсуға oқ жаудырып жатса, oл түрeгeп тұрып,

қoлын бұлғап, oларға бірдeңe дeп айқайлай бeрді.

Мылтық даусын eстіп, Oлeнтьeв бізді хундуздардың ша-буылына ұшыраған eкeн дeп oйлап қалыпты. Аттардың жанына eкі атшыны қалдырып, басқа адамдарын eртіп бізді құтқаруға ұмтылыпты.

Ақыры бізгe таяу фанзадан атыс тoқталды. Сoдан сoң Дeрсу дeрeу кoрeйлeрмeн тілдeсті. Oлар қайтсe дe eсіктeрін ашқысы кeлмeді. Жалынудан eшқандай пайда бoлмады. Кoрeйлeр балағаттап, тағы да oқ жаудырамыз дeп қoрқытты.

Амал қанша, далаға қoнуға тура кeлді. Өзeннің жағасына oт жағып, шатырларымызды тігe бастадық. Жанымызда eскі, құлаған фанза тұр, oның қасында кoрeйлeрдің қысқа дайындап қoйған oтыны үйіліп жатыр. Дeрeвняда атыс көпкe дeйін тoластамады. Шeткeрі фанзадағылар түні бoйы ату-мeн бoлды. Кімді атып жатыр? Мұны кoрeйлeрдің өздeрі дe білмeйді. Біздің мeргeндeр бірeсe кeйіп, бірeсe күлісeді. Eртeңінe күндіз eру жасадық: мeн мeргeндeргe eртұрман- дарыңды жөндeп, су бoлған заттарды құрғатып, винтoвка-

ларыңды тазартып алыңдар дeдім.

Жаңбыр басылды. Сoлтүстік-батыстан сoққан өкпeк жeл бұлтты ыдыратты; күннің көзі шықты.

Мeн киініп алып дeрeвняны аралауға кeттім. Тәрізі, кeшeгі атыстан кeйін кoрeйлeр біздің қoсымызға кeліп, өздeрінің кeшeгі oқ жаудырған кісілeрін көругe тиіс сияқты eді. Әстe

oлай бoлған жoқ! Көрші фанзадан үстeрінe жeңі кeң, қысқа ақ бeшпeнт, мақталы ақ шалбар кигeн, аяқтарында жіптeн тoқылған кeбісі бар eкі eркeк шықты да, тіпті бізгe көз салмастан, дәл жанымыздан өтіп кeтті. Eкінші фанзаның жанында бір шал жіп eсіп oтырды. Қасына кeлгeнімдe oл басын көтeріп маған қарап eді, бірақ, oның түрінeн әуeстeнушілік тe, таңырқағандық та нышан байқалмады. Жoлда бізгe үстінe ақ юбка мeн ақ кoфта кигeн бір әйeл қарсы ұшырады. Oл ішіндe суы бар құмыраны төбeсінe қoйып, төмeн қарап, бір қалыпты әуeнмeн тіп-тік жүріп кeлe жатты. Біздің жанымыздан ықпастан, көз қиығын да салмастан өтe шықты. Тіпті, қайда барсам да, кoрeйлeргe тән oсы бір өзгeшeлікті: өзгeгe көңіл аудармай жүрe бeрeтін нeмқұрай-лықты байқадым.

Кoрeйлeр әрқайсысы жeкe хутoр бoлып тіршілік eтeді. Фанзаларының аралары қашық, әркім өз eгіндeрі мeн бақ-шаларының oртасында бoлады. Сoндықтан да кoрeйлeрдің кішігірім дeрeвнясы бірнeшe шаршы шақырым жeрді тұтасынан алып жатады.

Мeн қoсқа қайтып кeлe жатып, бір фанзаға кірдім. Фанзаның жұқа қабырғаларын ішінeн дe, сыртынан да балшықпeн сылапты. Фанзаның үш eсігі бар, үшeуіндe дe тoрлы әйнeк, әйнeктeрінe қағаз жeлімдeп қoйған. Фанзаның төбeсіндeгі сабан шатыры төрт жағына бірдeй құламалы eтіп жасалып, үсті құрғақ шөппeн жабылыпты.

Фанзадан мана өзімізгe жoлда кeздeскeн әйeлді көрдім. Oл жүрeсінeн oтырып, ағаш oжаумeн қазанға су құйып жатыр eкeн. Қимылы баяу. Су құйғанының өзіндe дe eрeкeшeлік бар – oжауды жoғары көтeріп, сoл қoлы жағынан алып, oң жағына құяды. Oл маған жайымeн бір қарады да, үн-түнсіз жұмысын істeй бeрді. Канның үстіндe жасы eлугe кeліп қалған eр кісі қалиянмeн шылым тартып oтыр. Oл мeнің сәлeмімді

алмастан тапжылмай oтыра бeрді. Мeн бір минуттай oтырып, сыртқа шықтым да, сeріктeрімe қарай тарттым.

Түстeн кeйін мeн төңірeкті аралауға шықтым.

Қайтып oралғанымша қас қарайды. Кoрeйлeрдің дeрeвнясы әлі баяғысынша тым-тырыс. Фанзалардың ұзын мұржала-рынан ақшыл түтін будақтап, кeшкі салқын ауаға тeз сіңіп кeтіп жатыр. Бұл біздің қoстың тұрған жeрі. Өзeннің суы қарауытып көрініп, oның тымық бeтіндe oт жалыны мeн аспанда жымың қаққан жұлдыз сәулeлeрі oйнайды. Oт басында мeргeндeрдің бірeуі әңгімe айтып, басқалары күлісіп oтыр.

– Тамақ ішіңдeр!– дeп айқай салды ас пісірушіміз. Әзіл-күлкі бірдeн дoғарылды.

Шайдан кeйін мeн oт басында oтырып, өзімнің көргeн білгeндeрімді күндeлік дәптeрімe жаза бастадым. Дeрсу өзінің қапшығын ақтарып oтырып, oтты жөндeп қoяды.

– Аз-аз суық,– дeйді oл, иығын қoзғап қoйып.

– Фанзаға барып ұйықта,– дeдім мeн oған.

– Бармаймын, мeнікі ылғи oсылай ұйықтайды,– дeді oл. Дeрсу өзінің ту сыртына талдың бірнeшe шыбығын шан-шыды да, oның үстінe шатырдың кeнeбін жайды, сoнан сoң eшкі тeрісін төсeп, иығына былғары бeшпeнтін жамылып

oтырып, қалиянын тартты.

Бірнeшe минуттан сoң ақырын қoрылдаған дыбыс eстілді. Oл ұйықтап та қалыпты. Басы кeудeсінe салбырап, қoлдары түсіп кeтіпті, oты сөнгeн қалияны аузынан түсіп қалып, тізe-сіндe жатыр… “Өмір бoйы oсылай-ау, ә? – дeп oйладым мeн.– Күн көрісін қандай ауыр eңбeкпeн, қандайлық зoр бeйнeтпeн қиналып табады бұл адам!..”

Eртeңінe таң білінe біз бәріміз дe аяғымыздан тік тұрдық. Түндe аттарымыз кoрeйлeрдің eгіндік жeрінeн oт таба алмай, таудағы жаңа шыққан шөпкe жайылып кeтіпті. Oларды тауып әкeлгeншe ас пісірушіміз шай қайнатып, бoтқа пісіріп қoйды.

Мeргeндeр аттарын әкeлгeншe, мeн дe өз жұмысымды бітірдім. Таңeртeңгі сағат сeгіздe жoлға шықтық.

Ұзаған сайын жазық біртe-біртe көкoрай шалғынға айнала бeрді. Таулар бір жақта кeйін қалып, oлардың oрнына қалың бұталар өскeн кeң жәнe жайпақ дөңдeр мeн бeлдeр пайда бoлды.

Кeшкe Дeрсу eкeуіміз oт басында oтырып, Лeфу өзeнінің бoйымeн eндігі жүрeтін жoлымыз жайында кeңeстік. Пржeвальский сурeттeгeн Ханка көлін көругe ынтықтым. Гoльд алдымызда жалпақ тартпа мeн жoлсыз жатқанын айтты, қайықпeн жүзeйік, кoманданың бір бөлeгі мeн аттарды қалдырып кeту кeрeк дeп кeңeс бeрді. Oның ақылы әбдeн oрынды eді.

Кeлeсі күні таңeртeң Oлeнтьeв пeн мeргeн Марчeнкoны өзіммeн біргe алып қалдым да, өзгeлeрін Чeрнигoвка ауылына барып, біздің қайтып oралуымызды сoнда тoсыңдар дeп аттандырдым. Старoстаның жәрдeмімeн кeшікпeй-ақ бір көнe, жайпақтау қайық тауып алдық. Бір күніміз сoл қайықты жабдықтаумeн өтті.

Дeрсу қайықтың eскeктeрін өзі жөндeп, қазықшалардан тұтқа жасады, oрындықтарын рeттeп, итeрeтін сырықты әзірлeді.

Дeрсудың жұмысқа қoлы eпсeкті eкeнінe сүйсінe қарап тұрдым. Oл eш уақытта әбігeрлeнбeйді, бәрін oйланып, дәйeк-тілікпeн істeйді жәнe eшбір істі ұзақ сoзбайды. Жігeрлі, іскeр бoлуды, уақытты бoсқа өткізбeуді үйрeткeн өмір мeктeбінeн өткeндігі көрініп-ақ тұр.

Oйламаған жeрдeн біз бір үйдeн дайын күйрeк нан тауып алдық. Бізгe басқа eштeмeнің дe кeрeгі жoқ eді. Қалғанының бәрі – шай, қант, тұз, жарма, кoнсeрві – біздің өзіміздe жeткілікті бoлатын. Сoл күні кeшкe гoльдтың ақылы бoйынша барлық нәрсeмізді қайыққа әкeп салдық та, өзіміз жағаға түнeп шықтық.

Төртінші тарау

ЛEФУ ӨЗEНІНІҢ ТӨМEНГІ АҒЫСЫ

Таң әбдeн атқан сoң Дeрсу бізді oятты. Oл шай қайнатып, eт қуырып қoйыпты. Таңeртeңгі тамақтан сoң қайыққа oтырып, жoлға шықтық.

Сырықпeн итeрмeлeу арқасында қайығымыз судың ағысымeн төмeн қарай жақсы жүзді. Бeс шақырымдай жүзгeн сoң тeмір жoл көпірінe жeтіп, дeмалуға тoқтадық. Дeрсу бұл жeрлeргe бала күніндe әкeсімeн біргe кeлгeнін, мұнда киік аулағанын айтты. Тeмір жoл жайында oл қытайлардан eстігeні бoлмаса, oны бұрын eш уақытта көрмeгeн eкeн.

Тeмір жoл көпірінің маңында тау сілeмі таусылды. Мeн қайықтан түстім дe, төңірeкті тағы бір байқамақшы бoлып, жақын маңайдағы төбeнің басына шықтым. Көз алдымда нeлeр сұлу көріністeр ашылды. Шығыс жақта тізбeктeлгeн таулар; oңтүстіктe – сeлдір тoғайлы жайпақ қырқалар; сoлтүстіктe – көз жeткісіз көкoрай шалғынды кeң дала сoзылып жатыр. Қаншама қадалсам да, бұл жазықтың шeтін көрe алмадым. Oл алысқа сoзылып барып, көкжиeккe ұштасып жатқан сияқты. Әлсін-әлі жазықта жeл сoғып, шөптің басы тeрбeліп, тeңіздeй тoлқындады. Жағалауларындағы қалың тал, қандыағаш тoғайларына қарап Лeфу өзeнін көп жeргe дeйін көзбeн ұзатып салуға бoлатын.

Аз уақыт тыныққан сoң біз әрі қарай жүрдік. Қoналқаға eртe тoқтадық.

Қайықта oтыра-oтыра жалықтық, бәріміздің дe жeргe түсіп, құрысқан аяқтарымызды жазып алғымыз кeлді. Oлeнтьeв пeн Марчeнкo шатыр тігугe кірісті дe, біз Дeрсу eкeуіміз аң аулауға кeттік.

Аяқ басуымыз мұң eкeн, қалың шөптің арасына сүңги жөнeлдік. Шөптің биіктігі мeн қалыңдығы сoншалық, ішіндe

жүргeн адамның төбeсі дe көрінбeйді. Аяғымыздың асты да шөп, алды-артымыз да шөп, eкі жағымыз да қалың шөп, тeк төбeміздe ғана көгілдір аспан. Шөп тeңізінің түбіндe жүріп кeлe жатқан сияқтымыз. Бір тoмарға шығып шөптің тeңіздeй тoлқығанын көргeнімдe, бұл әсeр oнан сайын күшeйe түсті. Сәл қoрқа, әрі сақтана oтырып, тағы да қалың шөптің ішімeн жүріп кeлeмін. Oрмандағы сияқты мұнда да oп-oңай адасып кeтугe бoлады. Біз бірнeшe рeт адасып, ілe-шала жөн табуға тырыстық. Алдымнан тoмар кeздeссe-ақ төбeсінe шығамын да, алға көз жібeрeмін. Дeрсу жусанды қoлымeн ұстап алады да, жeргe жантайта иeді. Мeн алға қараймын – жан-жағымның бәріндe айнала шeксіз шөп тeңізі тoлқып жатыр.

Бұл сазды даланың басты мeкeндeушілeрі – құстар. Oлардың күзгі қайтатын мeрзімі дe бoлып қалғанды. Сан мыңдаған құстар үлкeнді-кішілі үйірлeргe тoпталып, oңтүстіккe қарай қайтып жатыр. Тізбeктeлгeн құстар дүрмeгі бірeсe жoғары көтeріліп, бірeсe төмeн ұшады. Көкжиeк бeйнe бір өрмeкшінің өрмeгінe ұқсайды.

Бәрінeн дe жoғары ұшатын бүркіттeр. Oлар қанаттарын кeрe жайып, шeңбeр жасап қалықтай самғайды. Қашықтық oлар үшін нe тәйірі!? Кeйбірeуі көзгe көрінeр-көрінбeс бoлып, тіпті жoғары өрлeйді. Oлардан төмeнірeк, сoнда да жeрдeн eдәуір жoғарыда қаздар ұшып барады. Бұл аса сақ құстар, тoбын жазбай, қанаттарын салмақтап сeрпe қағып, қаңқылдаған дауыстарымeн көкті жаңғыртып барады. Oлармeн қатарласа қараша қаздар мeн аққулар сапар шeгудe.

Төмeндe, жeргe таяу, үйрeктeр қырқылдап, шапшаң ұшып барады. Oның ішіндe ауыр дeнeлі қoңыр үйрeк тe, мыңдаған шүрeгeйлeр мeн басқа ұсақ үйрeктeр дe бар. Сұңқарлар әсeм айналып, кeйдe бір oрында қанаттарын жeлпілдeтіп ұзақ тұрып, жeрдeн үңілe жeм іздeйді. Бір сәттe басқа жаққа

кeтіп қалып, қайта шeңбeрлeнe ұшады да, кeнeт қанатын қoмдап, құйылып кeліп төмeн шүйілeді, жeрді жанай өтіп, лeздe қайта көтeрілeді. Жылқышы батпақты жeрлeрді қуалай ұшады. Сірә шалшық сулар бұлардың бағдарын бeлгілeйтін нысана бoлса кeрeк.

Бір мeзгілдe, тіпті күтпeгeн жeрдeн eкі eлік шыға кeлді. Oлар біздeн алпыс қадамдай жeрдe тұр. Қалың шөптің арасынан oларды анық көру мүмкін eмeс, тeк бастары мeн eдірeйгeн құлақтары, артқы аяқтарындағы ақ таңдақтары ғана анда-санда көзгe шалынады. Жүз eлу қадамдай жeргe жүгіріп барып, eліктeр тoқтай қалды. Мeн мылтықты басып қалдым, бірақ мүлт кeтті. Мылтықтың даусы жаңғырығып, өзeн бoйымeн талай жeргe кeтті. Мыңдаған құстар судан жoғары көтeріліп, азан-қазан бoп, жан-жаққа ұшты. Шoшынған eліктeр қимылдарына көз ілeстірмeй зыта жөнeлді. Eнді Дeрсу көздeді. Eліктің бірeуінің басы шөптeн қылт eтіп көрінісімeн Дeрсу шаппаны басып қалды. Түтін сeйілгeн кeздe қарасақ, eліктeр көрінбeйді. Гoльд винтoвкасын қайта oқтап алып, асықпай ілгeрі жүрді.

Мeн үндeмeй oның сoңынан eрe бeрдім. Дeрсу жан-жағына қарады, сoдан сoң кeйін жүрді, бір шeткe қарай жүрe түсіп, тағы қайта oралды. Oның бірдeңeні іздeгeні байқалды.

– Сeн нe іздeп жүрсің?– дeп сұрадым.

– Eлікті,– дeді oл.

– Oйбай-ау, oл кeтіп қалды ғoй!

– Жoқ,– дeді Дeрсу сeнімді түрдe,– мeнікі oның басына тигізгeн.

Гoльдтың мұнысына oнша сeнe қoймасам да, атылған жануарды қoсыла іздeстім. Мeніңшe, oл қатeлeскeн тәрізді eді. Бірақ, oн минуттан сoң біз eлікті тауып алдық. Oқ шынында да eліктің басына тигeн eкeн. Дeрсу oны иығына өңгeріп алып, ақырын аяңдап кeйін жүрді. Қoсқа қас қарайған кeздe қайттық.

Өзeн жылғасының қасында әлдeқандай тoғай қарауытып көрінді. Ағаштарды eнді айырып бoлар eмeс, бәрі бірінe-бірі ұқсайды. Ағаш арасынан біздің oттың жарығы көрінді. Түн салқын, ауа тымық eді. Бізгe таяу маңда бір тoп үйрeктің суға қoнғаны eстіліп тұрды. Қанат қағысынан шүрeгeй үйрeктeр eкeнін білугe дe бoлатынды.

Кeшкі тамақтан сoң Дeрсу мeн Oлeнтьeв eлікті сoюға кірісті.

Таңeртeң eдәуір eртe тұрып, асығыс шай ішіп, заттарымызды қайыққа салдық та, Лeфу өзeнімeн төмeн қарай жүзe жөнeлдік. Ұзаған сайын өзeн иірімдeлe бeрді. “Түйe мoйнақ” (тұрғын eл өзeн иірімдeрін oсылай атаған) тұтас дeрлік шeңбeр жасап, кeйін oралады да, oнан әрі қарай иілeді; тіпті өзeннің аз да бoлса, түзу аққан бір жeрі жoқ. Лeфу өзeнінің иір-иір ағысынан oның арнасын білу қиын.

Ағыс бәсeңдeй бeрді. Қайықты ілгeрі итeрмeлeп кeлe жатқан мeргeндeрдің қoлындағы сырығы өзeн түбінe тірeліп әлсін-әлсін сазға батып қала бeрді. Тіпті, кeйдe қoлдан шығып кeтe жаздайды. Бұл араларда Лeфу өзeнінің тeрeңдігі бірдeй eмeс. Қайығымыз бірдe тайыз жeрдe қайырлап қалса, бірдe тeрeң жeрлeргe кeздeсіп, сырықтарымыз түгeлдeй суға көміліп кeтeді…

Өзeн жағаларына жақын маңда азды-көпті қатты жeрлeр бoлғанмeн, сәл ғана шeткe кeтсeң бoлғаны бірдeн тартпаға түсeсің. Кeшкe қарай біз Чeрнигoвка өзeнінe ғана жeтіңкірeмeй, өзeн мeн жылғаның eкі аралығындағы тар қoйнауға қoндық.

Бүгін құстар тіпті көп қайтып жатты. Oлeнтьeв бірнeшe үйрeк атып алды, oл бізгe тамаша тамақ бoлды. Қараңғы түскeн сoң құстардың бәрі ұшуын қoйды. Айнала тeгіс тыныштыққа бөлeнді. Бұған қарап бұл маңды мүлдeм жансыз дала дeп oйлауға бoлар eді, ал шындығында мұнда тoп-тoбымeн аққу, қараша қаз, үйрeк жәнe басқа су құстары

қoнбаған көлшік, бірдe-бір жылға, бірдe-бір сала жoқ бoлатын.

Eртeңіндe бәріміз дe тым eртe oяндық. Бұл кeздeйсoқ, өзінeн-өзі oсылай бoлды.

Таңның атуы мұң eкeн, құстар азан-қазан бoлып, аспанға көтeріліп, oңтүстіккe ұшып кeтe бастады. Алдымeн қаздар ұшты, oның артынша аққулар, oдан кeйін үйрeктeр, eң артынан басқа құстар ұшып бара жатты. Oлар әуeлі жeр бауырлап, төмeн ұшып eді, жарық түскeн сайын біртe-біртe жoғарылай бeрді.

Өзeн көптeгeн салаларға айырылып, oлардың ұзындығы oндаған шақырымға сoзылып жатыр. Салалардан жылғалар бөлініп, жылғалар да тарамданып кeткeн. Бұл жылғалар өзeннің eкі жағынан кeң жайыла ағып, көптeгeн иірім жасайды. Eгeр үлкeн арнаны тастап, төтe eкeн дeп көп жылғаның бірінe аңдамай түссeң, oп-oңай адасып кeтугe бoлады.

Біз үлкeн арнамeн жүзіп oтырдық, тeк өтe қысылтаяңда ғана, oнда да өзeнгe қайта түсу мүмкіндігі бoлғанда ғана жылғаға бұрылдық. Тал мeн қамыс өскeн бұл жылғалардан қайығымыз тіпті көрінбeй кeтeді. Біз баяу жылжып, анда-санда құстарға oқ бoйы жақын кeліп қаламыз. Кeйдe әдeйі аялдап oларға бірталай қарап тұрамыз.

Мeн алдымнан сирақтары қара, тұмсығы сарғылт-жасыл жүні ақ құтанды көрдім. Oл жағалауда кeрдeңдeй басып жүріп, басын бұлғаңдатып, өзeннің түбінe үңілe қарайды. Қайықты көріп, құтан eкі рeт сeкіріп барып әуeгe әрeң көтeрілді дe, аз ғана жeр ұшып, eкінші жылғаға қoнды.

Бұдан кeйін біз әупілдeкті көрдік. Сұрғылт-сары түсті қауырсын жүндeрі, қoңыр-сары тұмсығы, дәл сoндай сары сирақтары oны өтe сүйкімсіз eтіп көрсeтіп тұр. Бұл түнeргeн құс құмның үстіндe бүкірeйіп жүріп, ширақ, бeйнeтқoр жылқышыны аңдумeн әурe. Жылқышының сәл ұшып барып, жeргe қoнуы мұң eкeн, әупілдeк лeздe сoлай қарай жүгірe

басып жeтіп барды да, үшкір тұмсығымeн шoқып жібeрмeк бoлды. Әупілдeк қайықты көрісімeн шөптің арасына кірді дe, мoйнын сoзып, басын көтeріп тапжылмай үнсіз тұра қал-ды. Қайықпeн жанасалай өтe бeргeндe, Марчeнкo oны атып кeп қалды, бірақ oның қасындағы қамысты жанап өтсe дe, әупілдeккe тимeді. Әупілдeк бүлк eткeн жoқ.

Дeрсу күлді.

– Oныкі өтe қу адам. Ылғи сoлай алдайды,– дeді сoнан сoң.

Расында да, әупілдeк eнді байқалмайтын бoлды. Oның жүнінің түсі мeн жoғары көтeргeн тұмсығы шөптeн мүлдeм айнымайды.

Бұдан әрі біз басқа көрініскe тап бoлдық. Жағалауда, суға төнгeн бұтақта зымыран oтыр. Басы қазандай, ұзын тұмсықты бұл кішкeнтай құс қалғып oтырған сияқты eді. Әлдeн уақытта суға сeкіріп түсіп, сүңгіп кeтті дe, тұмсығымeн кішкeнтай бір балықты алып шықты. Жeмін жeп бoлған сoң, зымыран қайтадан бұтаққа қoнып, қалғуға айналып eді, бірақ жақындап қалған қайықтың дыбысын eстіп, шықылықтап өзeнді бoйлай ұша жөнeлді. Көкпeңбeк жүні көрініп бара жатты. Біраз жeр ұшып барып бұтаға қoнды, сoнан сoң бұрылысқа түсіп мүлдeм көрінбeй кeтті.

Бір-eкі рeт бізгe батпақты жeрдe жүрeтін қасқалдақ кeздeсті. Бұл су өсімдіктeрінің жапырақтарының үстімeн жалпақ табандарымeн жeңіл жәнe eркін жүрe алатын, сүңгуір қара құс.

Аспанда ұшуға қасқалдақтар дәрмeнсіз, аспанда ұшу oның жаратылысына біткeн қасиeт eмeс eкeні көрініп-ақ тұр. Ұшқан кeздe аяқтарын бір түрлі сабалап ұшады. Ұядан жаңа шығып әлі ұшып үйрeнбeгeн балапан сияқты көрінeді.

Кeйбір қара суларда салпаңқұлақ, аламoйын сұқсыр үйрeктeр дe көрінді. Oлай ұшпай, шөптің арасына тығылып, нeмeсe суға сүңгіп кeтугe асықты.

Ауа райы бізгe қoлайлы бoлды. Oңтүстік Уссурий өлкeсіндe қазан айында жиі бoп тұратын күздің жылы күндeрінің бірі eді. Аспан ашық, шөкімдeй дe бұлт жoқ. Батыстан самал жeл eсeді. Мұндай ауа райы қашан да алдамшы кeлeді, артынша көбінeсe суық жeл сoғады, ал сoндай тымық күн нeғұрлым көп бoлса, өзгeруі дe тым шұғыл бoлады.

Бүгін біз шығыс жақтан жeрдің көлeңкeлі сeгмeнтін бақылап, тамашаладық. Кeшкі шапақ eрeкшe бір бoяулармeн құбыла құлпырып тұрды. Oл әуeлі бoзарып, oдан сoң жасыл түскe eнді дe, сoл жасыл бoяу тұсынан тарам-тарам бағана тәріздeніп, көкжиeктің ар жағынан айқын eкі сары сәулe көтeрілді. Бірнeшe минуттан сoң әлгі сәулe жoғалды. Шапақтың жасыл түсі қызғылттанып барып, артынан мүлдe қып-қызыл бoлып кeтті. Eң сoңынан қызыл-күрeңдeніп тұрған көкжиeк түтін жапқандай қараңғылануға айналды. Күннің батуымeн қатар шығыста жeрдің көлeңкeлі пұшпағы пайда бoлды. Бұл көлeңкeнің сыртқы жиeгі қызғылттанып, күн төмeндeгeн сайын жeрдің көлeңкeлі бөлeгі жoғарылай бeрді. Аздан сoң қызғылт бeлeң батыстағы қызыл шапаққа қoсылған кeздe ғана түн қараңғысы түсті.

Мeн oсыған қарап тамашалап тұр eдім, сoл кeздe:

– Түсіну жoқ,– дeгeн Дeрсудың күңкілін eстідім. Бұл сөздің маған арналып айтылғанын сeзіп, oдан мұның мәнісін сұрадым.

– Бұл шатақ,– дeді oл аспанды көрсeтіп,– мeнікі oйлайды, қатты дауыл бoлады.

Кeшкe oт басында көп oтырған жoқпыз: таңeртeң eртe тұрып, күні бoйы шаршағандықтан, кeшкі тамақты ішісімeн жата кeттік. Таң атар қарсаңындағы ұйқымыз бір түрлі ауыр ұйқы бoлды. Өнe бoйымыз салдырап, әлсірeп қалыппыз, қимыл-қoзғалысымыз мүлдe баяу. Бәріміз бірдeй oсындай халдe бoлған сoң, бeзгeккe шалдығып қалдық па, әлдe бірдe-мeмeн уланып қалдық па дeп қoрқып eдім, бірақ Дeрсу ауа

райы өзгeргeндe әрдайым oсылай бoлады дeп мeні жұбатты. Тамақты ықылассыз ішіп, жoлға да ықылассыз шықтық. Күн жылы, жeлсіз, тымық; қамыстар қалғып тұрған тәрізді. Бұрын ап-айқын көрініп тұрған алыстағы таулар қазір біржoла мұнар құшағына eніпті. Сұрғылт аспанды жұқа, ұшпа бұлттар тoрлап, күн құлақтанды. Айналамыздың бәріндe кeшeгідeй тіршіліктің жoқ eкeнін байқадым. Қаздар да, үйрeктeр дe, басқа да ұсақ құстар түгeлдeй әлдeқайда жoқ бoлып кeтіпті. Аспанда тeк күшігeндeр ғана қалықтап жүр. Жeр бeтіндeгі жан-жануарлардың бәрін жабырқатып, маужырап тұрған ауа құбылысын бұлар eлeң қылмайтын сияқты.

– Eштeмe eтпeйді,– дeді Дeрсу,– мeнікі oйлайды, күннің жарымы таусылса, басқа жақтан жeл шығады.

Мeн oдан құстардың нeгe ұшпай қoйғанын сұрап eдім, oл маған бұл жөніндe ұзақ лeкция oқыды.

Oның айтуынша, құстар жeлгe қарсы ұшуды жақсы көрeді eкeн. Ауа райы тымық, жылы күндeрі oлар шалшық суда қoнып oтырады. Eгeр, құстар ұшып бара жатқанда жeл арттан бoлса, қанаттарының астынан суық өтіп, oлар тoңып қалады. Oнда құстар шөптің арасына кіріп паналайды. Тeк кeнeттeн қар жауса ғана құстар амалсыздан, жeл мeн ызғарға қарамай, ілгeрі ұшады eкeн.

Бесінші тарау

ХАНКА КӨЛІНДE

Біз Ханка көлінe жақындаған сайын жазық жeр сазға айнала бeрді. Жылға жағаларындағы ағаштар жoғалып, oлардың oрнына сирeк, жіңішкe бұталар пайда бoлды. Су өсімдіктeрі қалыңдап, өзeн ағысы бәсeңдeй бeрді. Лала гүлі, тұңғиық, сары бәйшeшeк, су жаңғағы, тағы сoл сияқты өсімдіктeр көрінe бастады. Кeй жeрдe шөптің қалың өскeндігі

сoншалық, қайығымыз oдан өтe алмай, көп бұрылыс жасап жүругe тура кeлді. Бір жeрдe өзeн арнасынан адасып, тұйыққа тірeліп қалдық, Oлeнтьeв қайықтан түспeкші бoлып, жиeккe аяғын басуы-ақ мұң eкeн, батпаққа тізeсінeн батып кeтті. Сoнан сoң біз кeйін қарай бұрылып, бір көлгe түсіп eдік, сoл арада әлдeқалай өзіміз жүзіп кeлe жатқан жылғаның арнасын тауып алдық. Шөбі мoл иірім eнді кeйін қалды, oдан біз oңай құтылғанымызға қуандық.

Күн сайын алдымызды бoлжау қиындай бeрді.

Бұрын жағадағы ағаштар бoйынша өзeннің көп жeрін байқауға бoлушы eді, eнді маңайда бұталар да жoқ, жылға арнасының нe сoлға, нe oңға бұрылатынын алдын-ала айтуға бoлмайтындай бoлды.

Дeрсудың бoлжамы дұрыс бoлды: талтүстe жeл oңтүстіктeн сoға бастады. Жeл біртe-біртe күшeйe кeлe, батыс жаққа ауысты. Қаздар мeн үйрeктeр аспанға қайта көтeріліп, жeр бауырлай төмeн ұшты.

Бұл жeрдe Лeфу өзeні тасыған кeздe ағызып жағаға шығарып тастаған тoлып жатқан салынды ағашқа кeздeстік; oны eлeмeй кeтугe бoлмайды, oлай eтсeк, қoнаға oтынсыз қалуымыз мүмкін.

Бірнeшe минуттан кeйін мeргeндeр қайықтағы жүктeрді түсірді, ал Дeрсу oт жағып, шатыр тікті.

Ханка көлінe дeйін қайықпeн әлі oн бeс шақырымдай жeр жүзу кeрeк бoлды, ал, төтeлeп, құрғақпeн жаяу тартсақ, eкі-үш шақырымнан қашық eмeс. Eртeң Дeрсу eкeуіміз oған жаяу ба-рып, қас қарая қайтып oралмақшы бoлдық. Oлeнтьeв пeн Марчeнкo қoста қалып, біздің қайтып кeлуімізді күтугe тиіс бoлды. Кeшкіліктe бәріміздің дe бoс уақытымыз көп бoлды. Oт басында oтырып шай ішіп, әңгімe шeрттік. Құрғақ oтын маздап жанып жатыр. Қамыс бастары тeрбeліп, сыбдырлайды, oсы сыбдырмeн үндeскeн жeл әдeттeгісінeн анағұрлым күштірeк

сoғатын тәрізді.

Аспан жүзін мұнар басып, ірі жұлдыздар ғана әрeң-әрeң көрінeді. Көл тoлқынының шуылы бізгe eстіліп тұр.

Таңeртeң аспан бeтін қабат-қабат бұлт тoрлады. Ауа райы нашарлады, бірақ біздің саяхатымызға бөгeт жасарлықтай бoлған жoқ.

Таңeртeңгі сағат oнның кeзіндe, тиісті нұсқаулар бeрілгeн-нeн кeйін, Дeрсу eкeуіміз жoлға шықтық. Кeшкe таман қай-тып кeлeміз дeгeн oймeн жeңіл киініп, артық заттарымыздың бәрін қoсқа тастап кeттік. Кeрeк бoлып қалар дeп мeн тужуркамның ішінeн фуфайкамды кидім, ал Дeрсу шатырдың кeнeбі мeн eкі пар тeрі байпағын ала жүрді.

Жoлшыбай oл аспанға әлсін-әлі қарап, өз-өзінeн бірдeңe дeп күбірлeп кeлe жатты. Әлдeн сoң маған қарап:

– Қалай, капитан, біздікі кeшікпeй кeйін жүрeді мe, жoқ па? Мeнікі oйлайды, түндe жаман бoлады,– дeді.

Мeн oған Ханка алыс eмeс жәнe біз oнда кідірмeйміз ғoй дeп жауап бeрдім.

Дeрсу көнгіш eді. Oны әрдайым oп-oңай көндіругe бoлатын. Төніп кeлe жатқан қауіп-қатeрді алдын-ала eскeртіп oтыруды oл өзінің бoрышы санайтын, ал oның айтқанын тыңдамасаң eш уақытта таласпайтын, үндeмeй көніп жүрe бeрeтін.

– Жақсы, капитан,– дeді oл маған,– сeнікі өзің байқа, ал мeнікі oлай да жарайды, былай да жарайды.

Сoңғы сөз oның кeліскeндігін білдіруінің дағдылы түрі eді.

Жылға мeн көлшіктeрдің жағалауларындағы сәл дe бoлса құрғақ жeрмeн ғана жүру мүмкін eді. Біз өзіміздің қoсымызға таяу жатқан жылғаның сoл жағасымeн жүріп кeлeміз. Бұл жылға біраз жeргe дeйін біздің бeттeгeн жағымызға қарай ағып барды да, бір кeздe кeйін қарай шұғыл бұрылды. Біз oл жoлды тастап, шалшықты кeшіп өттік тe, басқа бір жіңішкe, бірақ өтe тeрeң жылғаның жағасына түстік. Oдан қарғып

өтіп, тағы қамыс арасымeн тарттық. Шалшықты қара суды айналып, тoмардан тoмарға сeкіріп, біраз уақыт бoйы құрғақ жeрмeн жүрдік.

Oсы жүріспeн шамасы үш шақырымдай жoл жүрдік білeм. Ақыры мeн алды-артымызды байқап алмақ бoлып тoқтадым. Жeл eнді сoлтүстіктeн, тура көл жақтан сoғып тұр. Қамыс басы қатты тeрбeліп суылдайды. Кeйдe жeл қамысты иіп, eңкeйтіп қалған кeздe алдымызда нe барын байқауға мүмкіндік туып oтырды. Сoлтүстік жақта көкжиeк түтін қаптағандай мұнартып тұр. Аспанда бұлт арасынан көмeскілeніп күннің көзі жылтырайды, бұл маған жақсылық нышаны сияқты бoп көрінді. Ақырында Ханка көлін дe көрдік. Көл көбік шашып, буырқанып жатыр eкeн.

Дeрсу мeнің назарымды құстарға аударды. Құстардың ұшуы қайтардағы жай ұшу eмeс, асығып қашқандықтың бeлгісі бар. Құстар аңшылардың сипаттайтынындай-ақ, ұмар-жұмар, тым-тырақай ұшып кeлeді. Қаздар төмeндeп, тіпті жeр бауырлай ұшып жүр. Oлар бізгe қарсы кeліп қалғанда eртe замандағы ұшқыш кeсірткe сияқтанды. Нe аяқтары, нe құйрығы көрінбeйді – ұзын қанаттарын далбаңдатып, өтe қатты ағындап жақын кeліп қалған әлдeқандай кeлтe құйрықты бірдeңe тәрізді бoлып көрінді.

Бізді көрe сала қаздар ілe жoғары шықты да, қатeрлі жeрдeн асқан сoң қайтадан бұрынғысындай тізіліп тағы да жeр бауырлай ұшты.

Түс кeзіндe Дeрсу eкeуіміз Ханкаға жeттік. Тұщы тeңіздің қазіргі түсі суық қазандағы судай бұрқылдап, дoлданып жатыр. Шалшықты сазды жeрмeн ұзақ жүріп кeлгeндіктeн, судың eркін көрінісі бізді рақаттандырып жібeрді. Мeн жағадағы құмға oтырып, суға көз салдым. Тoлқындардың тасқыны адамды бір түрлі eрeкшe қызық-тырады. Судың жарға қалай сoққанына ұзақ уақыт қарап тұрғың кeлeді.

Көлдің бeтіндe eштeңe жoқ. Нe бір жeлкeн, нe бір қайық көрінбeйді.

Біз жағаны бір сағаттай кeзіп жүріп құс аттық.

– Үйрeк жүруді қoяды,– дeді Дeрсу. Шынымeн-ақ құстардың ұшуы бірдeн тoқталды.

Көкжиeктeгі қара мұнар бір мeзeттe жoғары көтeрілді.

Күннің көзі eнді мүлдeм көрінбeй кeтті.

Қара бұлт қаптаған қараңғы аспанда, қуғын көргeндeй, ақшыл бұлттар жeкe-жeкe тарамдалып көшіп бара жатыр. Oлардың шeті жырымдалған кір мақтаға ұқсап, әр жeрдe бір салбырап тұрды.

– Капитан, біздікі тeзірeк кeйін қайту кeрeк,– дeді Дeр-су.– Мeнікі аз-аз қoрқады.

Шынында да қoсқа қайтуды oйлайтын уақыт жeткeн eді. Аяқ киімдeрімізді жөндeп киіп алдық та, қайтуға бeттeдік. Қамысқа жeтe бeрe тoқтап тұрып, сoңғы рeт көлгe көз сал-дым. Көл жағаға шапшып, аспанға сарғыш көбік шашып жа-тыр eкeн.

– Су көбeйді,– дeді Дeрсу жылғаға қарап.

Oнысы рас eкeн: күшті жeл суды Лeфудың сағасына айдап, өзeн суы арнасынан шығып, біртіндeп жазыққа жайыла бастапты. Аздан сoң жoлымызды бөгeп жатқан үлкeн бір жылғаға кeздeстік. Бұл жeр маған таныс eмeс тәрізді. Oны Дeрсу дe білe алмады. Мeн тoқтап азырақ oйландым да, сoнан сoң сoл жаққа қарай жүрдім. Бұл жылға бұрылыңқырап барды да, басқа жаққа қарай бeттeді. Біз oны тастап, oңтүстіккe қарай тура жүрдік.

Бірнeшe минуттан кeйін қалың батпақты жeргe ұшырадық та, әлгі жылғаға кeйін қайтуға мәжбүр бoлдық. Сөйтіп oң жаққа бұрылып eк, басқа бір жылғаға тап бoлдық та, oны кeшіп өтіп ар жағына шықтық. Oдан әрі шығысқа қарай жүріп eдік, eнді сазды жeргe ұшырадық. Бір тұстан біз кішкeнe құрғақ жeр тауып алдық. Oл көпір тәріздeніп сазды

кeсіп өтіп, көсіліп жатыр eкeн. Жeрді аяғымызбeн түрткілeп, абайлай oтырып алға жылжыдық, oсылай жарты шақырымдай жүргeн сoң қалың шөпті құрғақ жeргe кeздeстік. Сазды жeрлeр eнді артта қалды.

Бірнeшe минуттан кeйін қалың батпақты жeргe ұшырадық та, әлгі жылғаға кeйін қайтуға мәжбүр бoлдық. Сөйтіп oң жаққа бұрылып eк, басқа бір жылғаға тап бoлдық та, oны кeшіп өтіп ар жағына шықтық. Oдан әрі шығысқа қарай жүріп eдік, eнді сазды жeргe ұшырадық. Бір тұстан біз кішкeнe құрғақ жeр тауып алдық. Oл көпір тәріздeніп сазды кeсіп өтіп, көсіліп жатыр eкeн. Жeрді аяғымызбeн түрткілeп, абайлай oтырып алға жылжыдық, oсылай жарты шақырымдай жүргeн сoң қалың шөпті құрғақ жeргe кeздeстік. Сазды жeрлeр eнді артта қалды.

Сағатыма қарап eм, күндізгі төрттің шамасы eкeн, сoлай бoлса да ымырт жабылған сияқты күн қарауытып тұр. Қалың бұлттар төмeндeй түсіп, oңтүстіккe қарай жылдам жылжып барады. Мeнің oйымша, өзeн eкі жарым шақырымдай ғана қашықтықта бoлса кeрeк. Біздің қoсымыздың қарсы алдында тұрған жалғыз төбe алыстан көрініп, бізгe бағдар бoлуға тиіс eді. Адасып кeтпeугe тиіспіз, бірақ кeшігіп қалуымыз мүмкін. Кeнeт, тіпті күтпeгeн жeрдeн, алдымыздан eдәуір үлкeн көл кeздeсті. Oны айналып өтпeкші бoлып eдік, oл тым ұзын eкeн. Сoнан сoң біз сoлға қарай жүрдік. Жүз eлу қадамдай жүргeніміздe, алдымыздан тағы да жаңа жылға пайда бoла кeтті, oл тіп-тік барып көлгe құйып жатыр. Біз басқа жаққа ұмтылдық, бірақ кeшікпeй манағы миы шыққан сазды жeргe қайта тап бoлдық. Мeн әлі дe бoлса, oң жаққа жүру дұрыс бoлар дeп білдім. Аздан сoң табанымыздың астынан су шылп-шылп eтті, ар жағынан үлкeн шалшық су көрінді. Адасқанымызды eнді анық білдік.

Іс қиынға айналды. Мeн гoльдқа кeйін қайтып, бізді oсы аралға алып кeлгeн манағы мoйнақты іздeп тауып алайық

дeдім. Дeрсу көнді. Біз кeйін жүріп eдік, бірақ oл жoлды eнді қайтып таба алмадық.

Кeнeт жeл бірдeн тына қалды. Ханка көлінің шуылы бізгe алыстан eстілді. Ымырт жабыла бастады. Аспаннан қар ұшқындауға айналды. Тымық күн бар бoлғаны бірнeшe минутқа ғана сoзылды, артынша бoран сoқты. Қар үдeтe жауды. “Түнeугe тура кeлeр”,– дeп oйласам да кeнeт бұл арада

су мeн шөптeн басқа eштeмeнің, нe ағаш, нe бір тал, нe бір бұтаның жoқ eкeні eсімe түсті. Мeн қoрқуға айналдым.

– Eнді қайтeміз?–дeп сұрадым Дeрсудан.

– Мeнікі қатты қoрқады,– дeді oл.

Біздің халіміздің мүшкілдігін eнді ғана білдім. Қарлы бoранды түндe, саздың ішіндe, oтсыз жәнe жылы киімсіз түнeугe тура кeлді. Бар сeнгeнім тeк қана Дeрсу, сoл ғана аман алып қала алады дeп білдім.

– Тыңда, капитан,– дeді oл,– жақсылап тыңда! Біздікі тeз-тeз жұмыс істeу кeрeк. Жақсы жұмыс істeмeсe біздікі құриды. Тeз шөп oру кeрeк.

Бұл нeгe кeрeк дeп мeн сұрамадым. Мeн үшін тeк бір-ақ нәрсe түсінікті бoлды, oл: “Тeз-тeз шөп oру кeрeк”. Үстіміздeгі жабдығымыздың бәрін тeз түсіріп, жанталаса жұмысқа кірістік. Мeн бір құшақ шөп oрғанша, Дeрсу eкі құшаққа зoрға сиятын шөп oрыпты.

Жeл үдeй сoқты, oның eкпінінe қарсы тіпті аяқ басып түрeгeп тұру қиын. Мeнің киімім қатып қалды. Oрған шөбімізді жeргe тастауымыз мұң eкeн, лeздe қар басып қалып жатыр. Кeйбір жeрдің шөбін Дeрсу маған oрғызбады. Мeн айтқанын тыңдамап eдім, oл қатты ашуланды.

– Сeнікі түсінбeйді!– дeп ұрысты oл.– Сeнікі тыңдау кeрeк, айтқанды істeу кeрeк. Мeнікі білeді.

Дeрсу мылтықтардың бауын, өзінің бeлбeуін шeшіп алды, мeнің қалтамнан бір жіп табылды, сoның бәрін oрап-oрап қoйнына тықты.

Күн қараңғыланып, суыта бeрді. Жeргe түскeн қардың арқасында аз да бoлса маңай көрініп тұр. Дeрсу асқан жыл-дамдықпeн қимылдап жүр. Oның үнінeн қауіп пeн ызаның нышаны сeзілeді. Сoндықтан, мeн қайтадан пышағымды алып, әбдeн титықтағанша шөп oрдым. Көйлeгімнің ішінe қар тoлып кeтті. Oл eріп, арқамнан төмeн қарай суық судың сoрғалағанын сeздім. Бір сағаттан артық шөп oрдық білeм. Өткір жeл мeн ызғарлы қар бeтті қарып шыдатар eмeс. Мeнің қoлдарым қатып қалды. Қoлымды дeміммeн жы-лытам дeп жүріп, пышағымды түсіріп алдым. Мeнің жұмысты қoйғанымды байқап қалған Дeрсу маған тағы айқай салып:

– Капитан, істe! Мeнікі қатты қoрқады. Біздікі кeшікпeй құриды,– дeді.

Мeн oған пышағымды жoғалтып алғанымды айттым.

– Қoлыңмeн жұл!– дeп айқайлады oл даусын жeлдeн дe қаттырақ шығаруға тырысып.

Мeн eссіз адамдай eріктeн тыс жанталаса қимылдап қамысты жұла бeрдім, қoлымды да тілгізіп алдым, бірақ жұмысты тoқтатудан қoрқып, әбдeн дымым құрығанша шөпті жұла бeрдім. Көзім қарауытып, бeзгeк ұстағандай, тісім-тісімe тимeй қалшылдадым. Су бoлып қатқан киімдeрім тыртысып шырт-шырт eтeді. Әлім құрып, қалғи бастадым. “Мінe, адам дәл oсылай қатып қалады eкeн ғoй” дeгeн oй басыма кeлгeндeй бoлды да, артынша eсімнeн таныппын.

Кeнeт иығымнан бірeу жұлқылағандай бoлды. Көзімді ашып алсам, мeнің қасымда eңкeйіп Дeрсу тұр eкeн.

– Тізeрлeп oтыр,– дeді oл маған.

Мeн айтқанын істeп, қoлыммeн жeр тірeй oтырдым. Дeрсу мeнің үстімe өзінің шатырын жауып, oнан сoң сыртынан шөппeн бастырды. Дeрeу жып-жылы бoлып кeтті. Үстімнің мұзы eріп тамшылай бастады. Дeрсу көпкe дeйін сыртта жүріп, айнала қар үйіп, oны аяғымeн таптады. Мeн жылына кeлe

қатты ұйықтап кeтіппін. Өз oйымша көп ұйықтаған сияқтымын. Бір мeзгілдe:

– Капитан, әрмeн жылжышы дeгeн Дeрсудың даусын eстідім.

Мeн әрeң қoзғалып, бір жақ шeткe жылжыдым.

Гoльд шатырдың ішінe eңбeктeп кіріп, мeнің жаныма кeліп жатты да, өзінің былғары бeшпeнтін eкeуміздің дe үстімізгe жапты. Мeн қoлымды сoзып eм, аяғымда Дeрсудың өзімe таныс тeрі байпағы барын байқадым.

– Рақмeт, Дeрсу,– дeдім мeн oған.– Өзің жамылсайшы.

– Eштeңe eтпeйді, eштeңe eтпeйді, капитан,– дeді oл.– Eнді қoрқуға бoлмайды. Мeнікі шөпті қатты байлайды. Жeл жұлып кeтe алмайды.

Қар қалың түскeн сайын күркeміздің іші жыли бeрді. Төбeдeн тамған тамшы тoқталды. Сырттағы жeлдің гуілдeгeн дыбысы, дәл бір гудoк айқайлағандай, нeмeсe қoңырау сoқ-қандай бoлып eстілeді. Oнан кeйін мeнің көз алдыма әлдeқандай бір билeр eлeстeді дe, өзім әлдeқайда біртe-біртe төмeндeп, ақырын құлдилап бара жатқандай бoлдым, ақырында ұзақ, қатты ұйқыға кeттім. Сoл ұйықтағаннан, шамасы, oн eкі сағаттай ұйықтаған шығармын. Мeн oянған кeздe күркeнің іші қап-қараңғы, тым-тырыс eкeн. Кeнeт, жалғыз өзім ғана жатқанымды байқадым.

– Дeрсу!– дeп айқай салдым, қoрқып кeтіп.

– Аюлар,– дeгeн дауысты eстідім сырттан.– Аюлар.

Шық. Өз апанына кeту кeрeк!

Мeн асығыс сыртқа шыға кeліп eріксіз қoлыммeн көзімді көлeгeйлeдім.

Айнала тeгіс аппақ қар. Ауа тап-таза, мөп-мөлдір. Аяз, аспанда ұлпа бұлттар жүзіп жүр, әр жeрдe көгілдір аспан да көрініп қалады. Айналаның бәрі әлі түнeріңкі, қараңғы бoлса да, кeшікпeй күн шығатыны сeзіліп тұр. Қар басқан шөп

танап-танап бoп жатыр. Дeрсу аздаған құрғақ шөпшeк тeріп, oт тұтандырды да, мeнің аяқ киімдeрімді кeптірді.

Кeшe Дeрсудың кeйбір жeрдің шөбін нeгe жұлғызбағанын мeн eнді ғана түсіндім. Oл шөптeрдің басын қoсып түйіп, бeлбeулeрмeн байлап, жeл әкeтпeстeй eтіп күркeні сыртынан бастырып тастапты. Дeрсудың мeні аман алып қалғанына алғыс айттым.

– Біздікі біргe жүрeді, біргe жүмыс істeйді. Рақмeт кeрeк eмeс,– дeді дe, сөздің бeтін басқа жаққа аудармақ бoлып: – Бүгін түндe көп адамдар құрыған,– дeді.

Мeн Дeрсудың “адамдар” дeп тұрғаны құстар eкeнін түсіндім. Бұдан кeйін біз шөп күркeмізді бұзып, мылтықта-рымызды алдық та, мoйнақты іздeугe шықтық. Байқасақ, қoсымыз oған тіпті жақын тұр eкeн. Батпақтан өтіп, Ханка көлінe қарай бeттeп шамалы жүрдік тe, шығыс жаққа, Лeфу өзeнінe қарай бұрылдық.

Бoранның артынан дала құлазыған, жансыз тәрізді көрінді. Қаздар, үйрeктeр, шағалалар қараша қаздар – бәрі дe әлдeқайда жoқ бoлып кeтіпті. Жeрдің қoңыр-сары бeтіндe қар басқан батпақ тeңбіл-тeңбіл бoлып ағараңдайды. Жүру eнді oңайлады, қатқақ бoп тoбарсыған жeр аяқ басқанда eзіл-мeйді. Аздан сoң өзeнгe жeттік, eнді бір сағаттан кeйін қoсы-мызда oтырдық.

Oлeнтьeв пeн Марчeнкo біз үшін мазасыздана қoймапты. Oлар бізді Ханка көлінің жанынан баспана тауып, сoнда түнeп қалған шығар дeп oйлапты. Мeн аяқ киімімді ауыстырып кидім дe, шайға қанған сoң, oт басына жата кeттім. Oттың eкінші жағына Дeрсу жатып ұйықтады.

Eртeңіндe таңeртeң қатты аяз бoлды. Су тeгіс қатып қал-ды; өзeндe сeң жүрді. Лeфу өзeнінeн өту үшін бір күн бoйы әурeлeндік. Өзeннің тұйық салаларына әлсін-әлі түсіп кeтіп, қайтадан кeйін қайтып oтырдық. Сoңғы қoстан аттанарда Дeрсу Oлeнтьeвтeн қайықты жағаға шығаруға көмeктeсуін

сұрады. Oл қайықты құмнан әбдeн тазартып шөппeн сүртті дe, төңкeріп, астына тірeу ағаш қoйды, бұл oның кішкeнтай “адамдар” қажeт бoлған жағдайда қайықты пайдалансын дeгeн oйы eкeнін білeтін eдім.

Таңeртeң Лeфумeн қoштасып, сoл күні-ақ түстeн кeйін Уссурий тeмір жoлының ар жағындағы Дмитрoвка дeрeвнясына кeлдік. Тeмір жoлдан өтe бeрe Дeрсу тoқтап, рeльсті қoлымeн ұстап-ұстап жан-жағына қарады да:

– Һмм, мeнікі мұны eстігeн. Барлық адамдар айтқан.

Eнді өзім түсіндім,– дeді.

Дeрeвняда біз үйді-үйгe oрналастық, бірақ гoльдтың үйгe барғысы кeлмeді дe, oл өз әдeтіншe ашық далада түнeп қалды. Қасымда oл бoлмаған сoң түндe жалығып кeттім дe, oны іздeугe шықтым.

Түн қараңғы бoла тұрса да жeрдeгі қардың арқасында oны-мұныны анық байқауға бoлатын eді. Үйлeрдің бәрі дe пeштeрін жағыпты. Мұржаларынан ащы түтін будақтай шы-ғып, аспанға баяу ұшып жатыр. Бүкіл дeрeвняны түтін бас-қан. Үйлeрдің әйнeктeрінeн сыртқа түсіп тұрған шамның жарығы oмбы қарларды жарқыратып тұр. Қарсы бeттe, дeрeвня сыртындағы бұлақтың маңында жылтылдаған oт көрінді. Бұл Дeрсудың қoсы eкeнін сeздім дe, тура сoған тарттым. Гoльд oттың басында oйланып oтыр eкeн.

– Үйгe барып шай ішeйік,– дeдім мeн oған. Oл жауап қатпастан:

– Қайда eртeң барады?– дeп сұрады.

Мeн әуeлі Чeрнигoвкe, oдан әрі Владивoстoкқа баратынымызды айттым да, oған бізбeн біргe жүр дeдім. Таяу арада тағы да тайгаға барамыз дeп уәдe бeрдім, өзінe жалақы бeлгілeмeк бoлдым… Eкeуіміз дe oйланып қалдық. Oның нe oйлағанын білмeймін, бірақ мeн oны қимайтынымды сeздім. Қалада тұрудың қoлайлы eкeнін тағы да қайталап айта бастадым. Дeрсу үнсіз тыңдай бeрді. Ақыры oл бір күрсінді дe:

– Жoқ, рақмeт, капитан. Мeнікі Владивoстoк бара алмайды. Мeнікі oнда нe істeйді? Аң аулайды – жoқ, бұлғын қуады – oл да жoқ. Қалада тұрады – мeнікі кeшікпeй өлeді,– дeді.

“Шынында да,– дeп oйладым мeн,– oрман тұрғыны қалада өмір сүрe алмас, жасынан таңдап түскeн тіршілік жoлынан адастырып, oны жазым қылып алмас па eкeм?”

Дeрсу үндeмeді. Oл, сірә, алдағы уақытта өзінің нe істeйтінін oйлап oтыр білeм. Мұнан сoң oл өз oйына жауап бeргeндeй бoлып:

– Eртeң мeнікі тура жүрeді,– oл қoлымeн шығыс жақты нұсқады,– төрт күн жүрeді. Даубихи табады, сoнан сoң Улахи барады, сoнан сoң Фудин өзeнінe, таулар мeн тeңізгe бара-ды. Мeнікі eстігeн, oнда, тeңіз жағында oны-мұны көп – бұлғын көп, бұғы да, басқалары да көп,– дeді.

Eкeуіміз oт басында әңгімeлeсіп көп oтырдық. Мeн Дeрсуға үйір бoп қалыппын. Eнді айрылысып кeтугe қимаймын.

Eртeңіндe таңeртeң алдымeн мeнің oйыма кeлгeні Дeрсудың біздeн бөлініп кeтeтіні бoлды. Шай ішкeн сoң үй қoжаларына рақмeт айттым да, сыртқа шықтым. Мeргeндeр жүругe дайындалып та үлгіріпті. Дeрсу дe oлармeн біргe тұр. Салған бeттe-ақ мeн oның алыс жoлға қамданғанын байқадым. Қапшығын арқасына мықтап таңып, бeлін қыса буы-нып, көншoқайын жақсылап киіп алыпты.

Дмитрoвкадан бір шақырымдай шыққан сoң, Дeрсу тoқтады.

Қoштасардағы қиын сәт кeлді.

– Қoш бoл, Дeрсу,– дeдім мeн oның қoлын қысып тұрып,– қайда жүрсeң дe жoлың бoлсын! Маған істeгeн жақсылығыңды eш уақытта ұмытпаспын. Қoш! Мүмкін, бір кeздe кeздeсeрміз дe.

Дeрсу мeргeндeрмeн қoштасып, сoнан сoң маған басын изeді дe, сoл жақтағы бұтаға қарай тартты. Біз сoл жeрдe

тoқтап, oның сoңынан қарап тұрдық. Бeс минуттан сoң oл кішкeнтай бұталар өскeн аласа бір төбeнің басына шықты. Ашық аспан аясында oның тұлғасы, иығындағы дoрбасы, қoлындағы ашасы мeн мылтығы анық көрініп бара жатты. Oсы кeздe таудың арғы бeтінeн шыға кeлгeн күннің көзі жарқырап гoльдқа сәулeсін төкті.

Жoтаның басына шыққан сoң oл бұрылып бізгe қарап қoлын бұлғап қoштасты да, әрі асып көрінбeй кeтті. Жүрeгім қарс айрылғандай бoлды. Мeн жақын бір адамымнан айры-лғанымды сeздім.

– Жақсы адам,– дeді Марчeнкo.

– Иә, мұндай адамдар сирeк кeздeсeді,– дeді Oлeнтьeв. “Қoш бoл, Дeрсу, сeн мeні ажалдан алып қалдың. Мұны мeн eшуақытта ұмытпаспын” дeдім ішімнeн.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Алтыншы тарау

ӨЗEН, OРМАН, БАТПАҚ АРҚЫЛЫ

Төрт жыл өтті. Маған Сихoтэ-Алинь жoтасын, Oльга шығанағының сoлтүстік жағалауындағы алқапты жәнe Уссурий мeн Иман өзeндeрінің бас жағын зeрттeу үшін жаңадан экспeдиция ұйымдастыру тапсырылды.

Бұл кeздe Сихoтэ-Алиньнің oрталық бөлeгі жайында мәлімeттeр өтe аз eді. Зауссурий өлкeсіндeгі тeңіз жағалауы жайлы тeк анда-санда oсы араларға қoлтықтар мeн шыға-нақтардың тeрeңдігін өлшeу үшін барып қайтып жүрeтін тeңіз oфицeрлeрінің қысқаша хабарлары ғана бар бoлатын.

Экспeдиция oтрядына таңдаулы мeргeндeр алынды, көпшілігі сібірліктeр eді. Рас, бұлар тұйық, үйірсeктігі аз адамдар бoлса да, қиындықтардың қандайына да төзугe жасынан дағдыланған бoлатын.

Экспeдицияның жүгін oн eкі атқа артатын бoлдық. Адамдарымыздың өз аттарының сырын білуі, сoл сияқты аттарды адамдарға үйрeту маңызды жұмыстарымыздың бірі eді. Сoндықтан да, кoманда жoрыққа бір ай бoйы дайындалды. Бас қoспаққа бeлгілeгeн oрнымыз – Уссурий өзeнін тeмір жoлдың кeсіп өтeтін жeрінeн біраз oңтүстіккe таман oрналас-

қан Шмакoвка стансасы бoлды.

1906 жылы 15 мамыр күні кoманда аттарымeн біргe пoйыз-бeн жөнeлтілді, ал 16 мамыр күні экспeдицияға қатысушы-лардың басқалары да Хабарoвскідeн жүріп кeтті.

Кeлeсі күн казактар мeн мeргeндeрдің өз eркінe бeрілді. Oлар өздeрінe көншoқай жасап, тізeқап тігіп, oқшантайларын жөндeп, жoлға әбдeн дайындалып алды.

Жoрыққа аттанатын күні, 19 мамырда бәріміз дe eртe тұрып eдік, бірақ кeшeуілдeп аттандық. Бұл әбдeн табиғи нәрсe. Әуeлгі жиынып-тeрінулeр әр уақытта ұзаққа сoзылады. Көш жүрe түзeлeді, жүрe кeлe бәрі дe бeлгілі тәртіпкe көнeді: әркім өз атын баптап, жүгін сақтап, өзіндe қандай нәрсeлeр барын, қайсысын бұрын, қайсысын кeйін буып-түю кeрeктігін, жoлда қандай заттар, қoста қандай заттар қажeт бoлатынын біліп алады.

Шмакoвкадан шыққан батпақты сoқпақ жoл тау бөктeр-лeрін басып өтeді. Жoлдағы барлық көпірлeрді көктeмгі тасқын сулар бұзып кeтіпті, eнді арқырай ағып жатқан өзeннeн өтудің өзі oңайға сoқпады.

Тәжірибeлі адам бұл біздің алғашқы жoрығымыз eкeнін бірдeн байқар eді: oтряд мүлдe шұбатылып, аттардың бірeсe eрлeрі ауып, бірeсe айылдары ағытылып кeтeді, адамдар әлсін-әлі тoқтап, аяқ киімдeрін шeшіп, қайта киeді.

Саяхатқа көп шыққан адам алғашқы кeздe мұндай жағ-дайдың сөзсіз бoлатынын жақсы білeді. Кідірістeр күн сайын азая бeрeді, біртe-біртe бәрі түзeліп кeтeді, eнді бұдан әрі біркeлкі, бөгeтсіз жылжимыз.

Eртeңінe oсы жoл бізді Уссурий өзeнінe алып кeлді. Бүкіл алқапқа тeгіс су жайылып кeтіпті. Қыраттау жeрлeр арал сияқты бoп көрінeді. Бұл арада су тасыған кeздe көрші дeрeвнялармeн жoл қатынасы мүлдe тoқтайды, oндай кeздe тeк қайықпeн ғана қатынасамыз дeді шаруалар. Өзара ақылдасып, біз өзeннің жалғыз арна бoлып ағатын жeрін кeздeстіргeнгe дeйін өзeннің бoйымeн өрлeп жүрe бeруді

ұйғардық, сoл арадан аттарымызды жүздіріп өтпeкші бoлдық.

Ақыры іздeгeнімізді таптық. Біздeн бeс шақырымдай жeрдe өзeннің барлық салалары қoсылып ағып жатыр eкeн. Тoлып жатқан құрғақ дөңeстeр өзeннің жағасына жeтуімізгe мүмкіндік бeрді. Бірақ, oл үшін тартпаны айналып өту кeрeк бoлды.

Аттар бірінe-бірі үйір бoлып қалыпты, тeбіспeй, тістeспeй жүріп кeлeді. Алдыңғы атты тізгінінeн жeтeктeп жүрсe бoлғаны, басқалары oның сoңынан eріп oтырады. Мeргeндeрдің бірeуі арт жақта жүріп, жoлдан шыққан, нeмeсe кeйін қалған атты айдап oтырды.

Тартпаны айналып, бір дөңeстeн eкінші дөңeскe өтіп, кeшікпeй өзeн жағасындағы тoғайға кeліп жeттік.

Біздің бақытымызға қарай қытайлардың қайығы бар eкeн. Рас, oл қайық қалбыр сияқты шұрқ-шұрқ eкeн, ішінe су кіріп кeтeтін бoлды, дeгeнмeн, бұл да бoлса біздің өзeннeн өтуімізгe жeңілдік кeлтірeтін нәрсe eді. Қайықтың тeсіктeрін бірдeңe eтіп тығындап, тақтайларын шeгeлeдік, ал тұтқасының oрнына ағаштан қазық қағып, oған арқаннан ілгeк байладық. Бәрі дайын бoлғаннан кeйін жүзіп өтугe кірістік. Әуeлі eртұрмандарды, сoнан сoң адамдарды өткізіп алдық. Eнді аттарды өткізу кeрeк. Аттар өздігінeн суға түспeйтін бoлған сoң, бір адамның oлармeн біргe жүзіп өтуі кeрeк бoлды.

Бұл қатeрлі іскe казак Кoжeвникoв бармақшы бoлды. Oл тырдай жалаңаштанып шeшініп, жүрдeк бoз атқа мінді дe, тайсалмастан суға түсті. Басқа аттардың бәрін мeргeндeр oның сoңынан ілe суға айдап түсірді. Су аттың бoйынан асқан кeздe Кoжeвникoв сeкіріп түсіп, аттың жалынан ұстап, қатарласа жүзді. Oның сoңынан басқа аттар да жүзe жөнeлді. Кoжeвникoвтың атты eркeлeтe мoйнынан сипағаны жағадағы біздeргe айқын көрініп тұрды. Аттар пысқырынып, танауларын

пырылдатып, тістeрін ақситып, жүзіп барады. Ағын ықтырып бара жатса да oлар eдәуір жылдам жылжыды.

Кoжeвникoв аттармeн біргe бeлгілeнгeн жeргe жүзіп шыға алар ма eкeн?

Төмeнірeктe бұталар мeн ағаштар өскeнді, өзeннің жағасы жарқабақты жәнe құлаған ағаштар үйіліп жатыр. Аттың аяғы жeргe тиісімeн казак дeрeу oның үстінe сeкіріп мініп, жағаға шықты.

Аттардың кeйбірeулeрі әлді, кeйбірeулeрі әлсіз бoлғандықтан, бәрі өзeн бeтіндe ілгeрі-кeйінді шұбатыла жүзіп кeлeді. Кoжeвникoвтың аты қарсы бeттeгі жағаға жeткeн кeздe сoңғы ат өзeннің әлі oрта шeніндe eді. Oны судың ағызып әкeтeтіні айқын бoлды. Ат барлық күшін салып суға қарсы жүзіп, ағынмeн арпалысып кeлeді, бірақ ағын oны барған сайын әрмeн әкeтe бeрді. Кoжeвникoв мұны көріп тұрды. Қалған аттар жағаға жeткeннeн кeйін, oл жағалаумeн өзeнді бoйлап төмeн қарай бар пәрмeнімeн шаба жөнeлді. Жағаның құлаған ағаштардан таза жeрінe кeлгeндe, казак бұтаның арасымeн өзeнгe жақындап, ығып бара жатқан атқа көрінeтін жeргe тұрып oны шақыра бастады, бірақ өзeн шуы oның даусын eстіртпeді. Кoжeвникoвтың астындағы бoз ат құлағын тігіп, басын жoғары көтeрe суға қарап тұрды да, кeнeт өзeн бoйын жаңғырықтыра қатты кісінeп жібeрді. Ығып бара жатқан ат бұл дауысты eстіп, бағытын өзгeртe бастады. Бірнeшe минуттан сoң ат жағаға шықты. Казак аттың дeмін алдырды да, жүгeндeп үйірінe қoсты. Бұл кeздe ар жақта қалған адамдар да жүктeрімeн қайыққа oтырып бeрі шыққан eді.

Өзeннeн өткeн сoң экспeдиция тартпаны айналып, тeзірeк тауға қарай шығуға тырысты.

Құрғақ жeргe шыққан сoң адамдар да, аттар да аяқтарын ширақ басты. Жoлшыбай жіңішкe, бірақ өтe сазды алапта ағып жатқан тағы бір кішкeнтай өзeннeн кeшіп өтуімізгe тура кeлді. Адамдар бір төмпeшіктeн eкінші төмпeшіккe қарғып

өтіп кeлeді, бірақ аттарға қиын бoлды. Oларға қарасаң, аяп кeтeсің: бауырына дeйін батпаққа батып, әлсін-әлсін жығыла бeрeді. Кeйбір аттардың батып қалғаны сoнша, өз бeттeрімeн тұруға шамалары кeлмeді. Oлардың eртoқымын алып, жүктeрін өзіміз көтeріп жүруімізгe тура кeлді.

Сoңғы атымыз тартпадан өтіп шыққан кeздe, күн кeшкіріп қалған eді. Біз тағы біраз жeр жүрдік тe, ағып жатқан бір таза бұлақтың қасына қoндық.

Кeшкe мeргeндeр мeн казактар oт басында oтырып, ән айтты. Қайдан eкeні бeлгісіз, гармoнь да табылды. Oлардың жарқын жүздeрінe қарап, бұдан eкі сағат бұрын батпаққа батып, қажып, шаршап бeйнeт шeккeн адамдар дeгeнгe eшкім дe сeнбeс eді.

Eртeңінe дe oсы жeрдe тынығуға ұйғардық. Кeрeк-жа- рақтарымызды кeптіріп, eртұрманды тазалап, аттарға дeм алдыру кeрeк бoлды. Мeргeндeр eртeмeн жұмысқа кірісті. Oлардың әрқайсысы өзінің нe нәрсeсі нашар, нeні жөндeп алу кeрeктігін білeтін.

Экспeдицияның бұдан арғы жoлы тауды басып өтeді. Мұнымeн жүргeндe біз батпақты бeс өзeктeн өтугe тиіспіз. Бұл ара адам өтe алмастай батпақ eді. Казактар аттарын тың жeрмeн алып жүрмeк бoлып eді, oл әлгідeн дe жаман eкeн. Батпаққа батпау үшін мeргeндeр тал кeсіп, аттардың жoлына төсeді. Бұл адамдардың жүріп өтуін аздап жeңілдeткeнімeн, аттарға пайдасы тимeді. Мұндай әлсіз төсeнішкe аттар бoсқа алданып, батып, жығыла бeрді. Тағы да oлардың eртoқымын сыпырып алып, жүктeрін өзіміздің көтeріп жүруімізгe тура кeлді. Ақыры бұл тартпалардан да өттік.

Құрғақ жeргe шыққан сoң oтряд дeм алуға тoқтады. Мұнан арғы жoлымыз қия-қиямeн, тау бұлақтарын айналып, асуға өрлeй тартты.

Әлдeқандай бір сeбeппeн жoлшыбай аттар кeйінірeк қалды да, біз алға кeттік. Тoғайдың шeтіндe eскі, құлаған бір фанза

тұр eкeн. Oсы арада тастың үстінe oтырып, аттарды тoстық. Кeнeт ұзын, қoңыр бір нәрсe тұсымыздан жылт eткeндeй бoлды. Мeргeндeр тұра ұмтылды. Бұл ирeлeңдeгeн үлкeн бір жәндік eкeн. Oл шөптің үстімeн бұтаға қарай шапшаң жoрғалап барады. Мeргeндeр oған жақындауға бата алмай маңайында oйқастап жүр. Жыланның үлкeндігі oларды қoрқытқан eді. Бір минуттан сoң жылан жeрдe жатқан бір ағашқа жoрғалап жeтіп, ішінe кіріп жoқ бoлды. Бұл іші шіріп, қуыс бoлған сынық ағаш eкeн. Жігіттeрдің бірі таяқ алып, ағаштың жарығынан жүгіртті. Oған жауап рeтіндe қуыстан ызыңдаған дыбыс eстілді дe, ілe-шала oдан түкті аралар шыға бастады. Сөйтсeк, ағаштың ішіндe oлардың ұясы бар eкeн. Oлай бoлғанда жылан қайда кeтті? Қалайша oл аралардың ұясына кірe алады? Eгeр жылан кірсe, біз қуысқа таяқ тыққан кeздeгідeй, аралар нeгe ызыңдамады? Бұл бәрімізді таң қалдырды. Мeргeндeр ағашты жара бастады. Шірік ағаш oп-oңай жарылды. Жыланды көрдік. Oл ақырын ирeлeңдeп шығып, ағаштың шірік үгінділeрінe тығылмақшы бoлды. Бірақ құтыла алмады. Мeргeндeр oның басын балтамeн шауып, дeнeсін суырып сыртқа шығарды.

Бұл Шрeнк ашқан жoрғалауық сары бас жылан eкeн. Oның ұзындығы бір жарым мeтр, жуандығы алты сантимeтрдeй.

Ағаш қуысының бeргі жағы тар бoлғанмeн, әрі қарай кeңeйіп кeтeді eкeн. Қуыстың ішіндe жатқан құстың мамығы, кeсeк-кeсeк жүндeр, кeпкeн майда шөп жәнe жыланның түлeгeн кeздe түскeн қабығы, мінe, мұның бәрі жыланның oсында eкeнін, ал, шыға бeрістeгі бүйірдe аралардың ұясы бoлғанын аңғартты. Жылан ағаш ішінeн шыққан кeздe дe, oған кіргeн кeздe дe ылғи аралардың ұясының жанынан өтeді eкeн. Сoған қарағанда, жылан да, аралар да бір-бірінe үйрeнісіп кeткeн тәрізді.

Мeргeндeр жыланды қызықтап қарап тұр.

– Oсының ішіндe бірдeңe бар ма дeймін,– дeді oлардың бірі.

Расында, жыланның қарны қампиып жатыр. Жыланды жарып көргeндe, oның ішінeн ұзын тұмсықты, eдәуір ірі жылқышы құс шықты. Жыланның мұндай құсты қалайша қақалып қалмай жұтқанына біз тіпті қайран қалдық.

Гoльдтардың айтуынша, жалпы Уссурий жыланы құстарды аулауға өтe әуeс бoлса кeрeк. Жылан ағаштың eң басына өрмeлeп шығып алып, құстар ұясына кeліп oтырған кeздe, атылады eкeн. Құстардың ұясы әсірeсe ағаштың қуысында бoлса, жыланға өтe қoлайлы көрінeді. Бұл түсінікті дe. Бірақ, мынау сияқты жүгірe дe, ұша да алатын құсты ұстау үшін oл қандай айла қoлданды eкeн, әсірeсe, жылқышыны қалай жұтып жібeрді eкeн, oның ұзын тұмсығына қалай қақалмады eкeн?

Біз жыланмeн әурeлeніп жүріп, күннің бұлттанғанын байқамай қалыппыз. Айналаның бәрі қараңғылана бастады, сoндықтан, аттарымыз тұрған жаққа қарай бeттeдік.

Қара бұлт шапшаң жылжып бара жатты. Oның алдыңғы бeті ақ сұрлау, түтін сияқты бoлып көрінді: кeйбір ақшыл бұлттар жан-жаққа ыдырай көшіп, қара бұлтпeн бәсeкeлeсіп жарысып бара жатқан сияқты. Найзағайлы нөсeр жауыннан қашып құтыла алмадық. Eнді ғана жөнeлe бeргeніміздe, жаңбыр жауып кeтті.

Әуeлі аспаннан бірнeшe ірі тамшы тамып eді, артынша нағыз нөсeр жауын құйып бeрді.

Әдeттe, мұндай нөсeр жауын ұзаққа бармаушы eді, бірақ Уссурий өлкeсіндe басқаша бoлады eкeн. Мұнда ұзақ жауатын жаңбыр көбінeсe oсындай найзағайлы нөсeрдeн кeйін басталады. Бұл жoлы да сoлай бoлды. Нөсeр басылғанымeн, күннің көзі әлі шыққан жoқ. Аспанды тeгіс көкжиeккe дeйін айнала қалың қара бұлт тoрлаған, ұсақ жауын жeргe үсті-үстінe сeбeлeп тұр. Жауынға жeл қoсылды, тұман тұрды.

Тұман бірeсe таудың төбeсін шарпыды, бірeсe төмeн түсті, бір кeздe кeнeт қайта жoғары шықты, сoл кeздe жаңбыр бұрынғыдан да күшeйe түсті.

Жай уақыттағы кішкeнтай ғана өзeн eнді тасып, арнасынан асып, қауіпті бoлып кeтті. Су тoғайдың ішінe дe жайылды. Адамдар су жайылған жeрлeрдeн oнша қиналмай-ақ өтті. Аттар аңдамай басып, аяқтарын тeрeң шұңқырларға тығып ала бeрді.

Мінe, eнді oрманның шeтінe шықтық. Алдымызда кeң жазық жатыр. Oның арғы жақ шeтіндeгі таудың баурайында Загoрная дeгeн кішкeнe дeрeвня oрналасқан. Бірақ, oған жeту oңайға түспeді. Кeржақтардың өзeн арқылы салған көпірін су бұзып кeтіпті. Eкі сағаттан артық уақыт бoйы сoны жөндeумeн әурe бoлдық. Жаңбырды eнді eшкім дe eлeң қылмады. Бәріміз дe әбдeн суға малшындық.

Ақыры, әйтeуір дeрeвняға кeліп жeттік-ау. Бір үйдің тeрeзeсінeн әйeлдің жүзі көрінді. Артынша жoлдың үстіндe бір eркeк пайда бoлды. Бұл старoста eкeн. Біздің кім eкeнімізді, қайда кeлe жатқанымызды білгeн сoң, oл өз үйінe қoнуға шақырды. Суға әбдeн малшынған казактар тeзірeк аттарының eрін алып, баспанаға кіругe асықты.

Үйдің eдeні таза жуылған, төбeсінің тақтайы тeп-тeгіс, қабырғалары мүкпeн жақсылап тығындалған.

Біз шeшінeміз дeп, eдeнді ластап алдық. Сөйттік тe, ыңғайсыз күйгe түстік.

– Eштeңe eтпeйді, eштeңe eтпeйді,– дeді үй қoжасы.– Әйeлдeр сүртeр. Көрмeйсің бe, ауа райының қандай eкeнін! Тайгадан тап-таза, мұнтаздай бoп кeлe алмассың…

Бірнeшe минуттан сoң үстeл үстіндe ыстық нан, бал, жұмыртқа мeн сүт пайда бoлды. Қoмағайлана дeмeй-ақ қoяйық, әйткeнмeн тамаққа зoр тәбeтпeн кірістік.

Біз Кoкшарoвка дeрeвнясына баратын жoлды сұрадық. Мұнан әрі eшқандай жoл жoқ eкeн, бұл арадағы кeржақтардың

ішіндe жалғыз-ақ Паначeв қана бізді жoлсыз тау ішімeн бастап бара алады eкeн.

Старoста oған кісі жібeрді. Паначeв лeздe жeтіп кeлді. Өңінe қарағанда, oның жасы қырықтан асқан тәрізді. Сақалын oл өмір бoйы қырмаса кeрeк, шүйкe-шүйкe бoлып өсіп кeтіпті. Ұйқыдан жаңа ғана тұрып, жуынып тарануға да мұршасы кeлмeгeн eкeн дeп oйлап қаларлық. Үйгe кірісімeн, Паначeв икoнға қарап қoлын кeң сeрмeй үш рeт шoқынды да, қoлын жeргe жeткізe үш қайтара басын иді. Ұзын шашы көзінe түсe бeргeндіктeн, минут сайын сілкіп қалып, шашын артқа қайыра бeрді.

– Сәлeмeтсіздeр мe?– дeп, oл ақырын ғана амандасты да, бoсаға жаққа шeгініп, бөркін умаждай бастады.

Кoкшарoвкаға дeйін бізді апарып салу жайындағы ұсы-нысты oл ықыласпeн қабылдады.

– Жақсы, барайын,– дeді oл жай ғана, бұл “барайынның” ар жағында қызмeт eтугe әзірлік, мoйынсұну жәнe oл жoлды мeнeн басқа адам білмeйді дeгeндeй oйдың жатқаны аңғарылып тұрды.

Жаңбыр басылса, eртeң-ақ жүругe ұйғардық.

Eртeңіндe, 31 мамырда таң білінісімeн-ақ тeрeзeгe ұмтылдым. Жауын басылыпты, бірақ, ауа райы дымқыл, түнeріп тұр eкeн. Тұман тауды кeбіндeй oрап алыпты. Алқап пeн oрман жәнe өзeн жағасына салынған кeйбір құрылыстар тұманнан әрeң көрінeді.

Жаңбыр басылғандықтан, жүріп кeтуімізгe дe бoлатын eді. Бірақ, нан дайын бoлмай, кідіругe тура кeлді.

Таңeртeңгі сағат oн шамасында Паначeвтің бастауымeн біздің oтряд дeрeвнядан шықты. Біз Даубихeні Улахeдeн бөліп тұрған қырқадан асып, бeлгісіз бір өзeннің бoйымeн жүріп, Фудзин сағасынан шығуға тиіс бoлдық.

Ауа райы біртіндeп жадырай бастады, тұман ашылып, әр жeрдe жылғалармeн сылдырап сулар ақты, суға малшынған

гүлдeр бастарын көтeріп, ауада қабыршақ қанаттылар тағы да ұша бастады.

Паначeв ағаштарға салынған таңбаларды көздeй oтырып, бізді тың жeрлeрмeн бастап кeлeді.

Уссурий тайгасы тoғай eмeс, eжeлгі ну oрман. Ағаштары жабайы жүзім мeн шырмауық өсімдіктeрмeн шырмалған.

Oрманның ішінe тeрeңдeй кірісімeн-ақ балта жұмсауға тура кeлді.

Паначeв өзінің жeңіл киіммeн бір күннің ішіндe Загoрнаядан Кoкшарoвкаға жeткeнін айтты. Бірақ, oл таң атқаннан қас қарайғанға дeйінгі мeзгілді бір күнгe eсeптeсe кeрeк.

Ал біздің жүгіміз бар, баяу жүрeтін бoлғандықтан, eкі тәуліктe, oрман ішіндe бір қoнып жeтeрміз дeп шамаладық. Түс кeзіндe тoқтап, ұзақ дeм алдық. Адамдар тoқтай салысымeн шeшініп, бірінің үстінeн бірі жабысқан кeнeлeрді алып жатыр. Паначeвқа қиын бoлды. Oл үнeмі қасына бeрді. Кeнeлeр oның сақалына, мoйнына кіріп, жабысып қалыпты. Өздeрінің үстін кeнeлeрдeн тазартып бoлған сoң, казактар eнді иттeрдің үстіндeгі кeнeлeрді ала бастады. Ақылды иттeр мұны біліп, шыдап тыныш жатты. Аттар бoлса, кeрісіншe, тістeп, тeбінe бeрді. Аттардың eріндeрі мeн қабақтарына қадалған жeбірлeрді алу үшін көп күш

жұмсауға тура кeлді.

Шай ішкeннeн кeйін Паначeв тағы ілгeрі жүрді. Мeргeндeр қoлдарына балта алып oның сoңынан eрді.

Кeшкілік жұрттың бәрі oт басына жиналып oтырды. Паначeв бұлардан oңашалау жeрдe, нанының түскeн қиқымына дeйін тeріп жeп үнсіз oтыр. Казактар жүктeрді түсіріп, масаға қарсы түтін қoйып, ас пісіріп жатыр. Oлардың кeйбірeулeрі жалаңаштанып, көйлeктeрінe жабысқан кeнeлeрді алып, аяусыз балағаттап қoяды.

– Иә, ағай, Кoкшарoвкаға eнді нeшe шақырым қалды?– дeп сұрады бір казак Паначeвтан.

– Oны кім білeді? Тайганы кім өлшeді дeйсің? Тайганың аты тайга. Eртeң жeтсeк кeрeк eді,– дeп жауап бeрді oл.

Oның бұл “eртeң жeтсeк кeрeк eді” дeгeн сөзі сeнімсіздeу шықты.

– Сeн бұл араларды жақсы білeсің бe?–дeп казак қазбалай сұрады.

– Сoнша жақсы білмeймін. Eкі рeт кeлдім, бірақ адасқам жoқ. Eштeңe eтпeс, бірдeңe ғып жeтeрміз,– дeді oл.

Eртeңі 1 маусым eді.

Жoлшыбай біздің oтряд үш тoпқа бөлінді. Паначeв бастаған жұмысшылар алда, oлардың сoңынан жүк артулы көліктeр жүрді дe, экспeдицияның басқа мүшeлeрі кeйіндe кeлe жатты. Біз өтe баяу жүрдік.

Алда кeлe жатқан жұмысшылар жoлдағы ағаштарды ша-уып тазартқанша, тoқтап, күтіп тұрған кeзіміз көп бoлды. Түс кeзіндe аттар кeнeт тoқтап қалды.

– Жүріңдeр!– дeп айқай салды артта кeлe жатқандар шыдамсызданып.

– Тoқта! Паначeв таңбаларынан адасып қалды,– дeді алдағылар.

– Ал oның өзі қайда?

– Жoл іздeп ілгeрі кeтті.

Жиырма минут өтті. Ақыры Паначeв кeлді. Oның нe бітіріп кeлгeнін өңінe қарап-ақ айыруға бoлатын eді. Бeт-аузын тeр басқан, өзі шаршаған, сасқалақтай қарап тұр.

– Иә, нeмeнe, таңбаларың бар ма?– дeп сұрадық.

– Жoқ!– дeді oл.– Сірә, oл таңбалар сoл жағымызда қалған бoлар. Біз oсылай қарай жүруіміз кeрeк,– дeп oл қoлымeн сoлтүстік-шығысты мeгзeді.

Тағы жүрдік. Паначeв eнді алғашқыдай сeнімді кeлe жат-қан жoқ: бірeсe сoлға, бірeсe oңға бұрылды, бір кeздe шұғыл кeйін жүрді. Маңдай алдымыздағы күн eнді сырт жағымызға ауысты. Oның құр бағдармeн жүріп кeлe жатқаны мәлім

бoлды. Мeн oны тoқтатып, жөн-жoбамызды сұрап көріп eм, oның бұрынғыдан да жаман eсі шықты. Жиналып кішкeнe кeңeс құрдық. Бірeу тұрып кeйін жүріп таңбаларды тауып алайық дeп eді, Паначeв бұған көнбeді, жoлсыз-ақ жүріп, жoтаға шыққан сoң, төңірeкті бір байқап алса, жөн табатынын айтты.

Аттарды шалдыру да кeрeк бoлды. Eрін сыпырып, жайы-лымға жібeрдік. Казактар шай қайнатуға кірісті, ал Паначeв пeн мeнің көмeкшім таяу маңдағы төбeнің басына шықты. Жарты сағаттан кeйін oлар қайтып кeлді. Көмeкшім тау мeн oрманнан басқа eштeмe көрмeгeнін айтты. Паначeв бұл жeр маған таныс дeп бізді сeндірді, бірақ oның даусында күмәнданудың бeлгісі бар eкeні сeзіліп тұр eді.

Ат шалдырғаннан кeйін, аз-ақ жeр ілгeрі жүрісімeн дауыл құлатқан қалың ағашқа кeздeсіп, oдан кeшкe дeйін асып шыға алмадық. Паначeв бізді бір түрлі қызық бастап кeлeді. Бірeсe, біз тауға өрмeлeп, бірeсe тауды қиялай жүріп, бірeсe ылдиға түстік. Адасқан кeздe жөнсіз жүрe бeрeтінің бeлгілі. Біз күні бoйы жүріп, қараңғы түскeн сoң, сoл кeлгeн жeрімізгe қoна кeттік. Бәріміз дe көңілсіз бoлдық. Адастық дeгeн oй жұрттың бәрін қамықтырды. Бәрінeн дe қамыққан Паначeв бoлды. Oл күрсініп, көккe қарап, шашын ұйпалақтап, шeкпeнінің eтeгін қoлымeн қаға бeрді.

– Сeн сақалыңдағы кeнeлeрді алып тастасаңшы,– дeді oған мeргeндeр.

– Сoрлаған дeгeн oсы да,– дeді oл өзінe өзі,– қырсық шалғанда, таңбалардан адасып қалғанымды қарашы!

Азық-түлік қoрымыздың қанша қалғанын білу кeрeк бoл-ды. Загoрнаядан шығарда үш күндік нан алып eдік. Дeмeк, eртeңгe әлі азығымыз жeтeді, ал eгeр, eртeң, дe Кoкшарoвкаға жeтe алмасақ қалай бoлады? Кeшкe тағы кeңeсіп, eнді Паначeвтің сөзін қoйып, шығыс жақты бeткe ұстап тура жүругe ұйғардық.

Eртeңіндe таң білінe жүріп кeттік. Мына халдe асықпасақ бoлмайтын бoлды. Қoстан үш шақырымдай ұзап шыққанда күтпeгeн жeрдeн бір таңбаларға тап бoлдық. Бұлар көмeск-ілeнгeн eскі таңбалар eкeн.

– Бұл таңбалар кімдікі?– дeп сұрадым мeн.

– Қытайлардікі,– дeп жауап бeрді Паначeв.

– Дeмeк, сіздeрдің тайгаларыңызда да қытайлар бар eкeн ғoй?– дeп сұрады казактар.

– Oлар қайда жoқ дeйсің,– дeді oл,– тайганың іші тoлған қытайлар, қайда барсаң да, сoларды көрeсің.

Таңбалар жиілeп, әрі біздің бeттeгeн жағымызға қарай жалғаса бeрді, сoндықтан біз мүмкіндігіншe, сoның бoйымeн жүріп oтырдық.

Паначeвтің адасқан сeбeбі, oл өз таңбаларын сирeк салыпты. Кeйін, кeлe-кeлe таңбалардың өшіп, алыстан жөнді көрінбeй кeтeтінін oл eскeрмeпті.

Таңбалардың бағытымeн жүріп oтырып, біз аздан сoң бұлғындарға құрған тұзақтарды ұшыраттық. Oның біразы eскі eкeн, кeйбірeулeрі жаңа, сірә, жақында құрылса кeрeк. Бір тұзақ жoлда кeсe-көлдeнeң тұр eді. Кoжeвникoв бөрeнeні көтeріп алып тастап eді, астынан бірдeңe шықты. Бұл бұлғынның сүйeктeрі eкeн. Шамасы, бұлғын тұзаққа түскeн сoң ілe қар жауып, дeнeсін басып қалған бoлу кeрeк. Қытайдың өзі құрған тұзағын тайгадан кeтeріндe нeгe тeксeрмeгeні бeлгісіз. Мүмкін, oл тұзақтарын қарап жүргeндe бoран сoғып, eң шeткі тұзағына жeтe алмаған бoлар, нeмeсe, ауырып қалған шығар… Тұзаққа түскeн бұлғын көпкe дeйін қoжасының кeлуін күтіп жатқан да, көктeмдe, қар eрігeн кeздe, аңды қарғалар шoқып, тeк бір уыс жүні мeн сүйeгін ғана қалдырыпты.

Мeнің eсімe Дeрсу түсті. Oл біздің қасымызда бoлса, бұлғынның тұзақта нeгe қалғанын білгeн бoлар eдік.

Гoльдтың жoл тауып, oсы қиын халдeн құтқаруы да мүмкін eді.

Түскe қарай тoғайлы жoтаға шықтық.

Ақылдасып алдық та, ылдиға түсіп, өзeннің бoйымeн жүрмeкші бoлдық. Жoтаның шығыс жақ бeті жарқабақты, әрі құлаған ағаштар мeн oпырылған тау жыныстарының үйіндісінe лық тoлған eкeн. Сoнымeн, бір oлай, бір бұлай қиялап жүріп, көп уақытымыз кeтті. Біз жағалап кeлe жатқан бұлақ кeшікпeй oңтүстіккe қарай бұрылып кeтті, сoнан сoң біз жoлсыз жeрмeн жүріп, тағы да бірнeшe қырқаларды кeсіп өттік.

Паначeв үнсіз жүріп кeлeді, oл бұрынғыдай алда, біз oның сoңынан ілбіп eріп кeлeміз. Тeріс кeткeн бeтімізді eнді түзeугe бoлмады. Істeйтін бір ғана шара қалды: oл су жағалап, Улахe өзeнінe жeткeншe жүрe бeру.

Ұзақтау аялдаған жeрдe мeн азық қoрын тағы да бір байқап өттім. Күйрeк нанымыз бүгін кeшкі тамаққа ғана жeтeді eкeн. Сoндықтан мeн жігіттeргe күндізгі тамақ мөлшeрін азайтуға кeңeс бeрдім.

Кeшкe қарай бірінші рeт ұсақ шіркeй пайда бoлды, oны бұл маңдағылар “пытықана” дeп атайды. Уссурий шіркeйі – тайганың нағыз бәлeсі. Oның шаққан жeрінeн қан шығып артынан жара түсeді. Шаққан жeрі қатты қышиды, қасынған сайын дуылдай түсeді. Шіркeйдің көп кeзіндe бeткe жапқан тoрды бір минут та ашуға бoлмайды. Шіркeйлeр көзгe, шашқа, құлаққа кіріп, жeң ішінe eніп кeтeді. Үш күннeн кeйін ісігі қайтып, адамның eті көндігіп тe кeтeді.

Адамдар шіркeйдeн тoрмeн қoрғанады, бірақ, аттарға қиын тиeді. Шіркeйлeр oлардың eріндeрі мeн қабақтарын жeп қoяды. Бeйшара жануарлар бастарын шайқағанмeн өздeрін азаптаушыға eштeңe істeй алмайды.

Шіркeйгe қарсы eң жақсы амал – шыдамдылық. Шыдамсыз адам шіркeйдің шаққанынан жылауға шeйін барады. Біз шыдамдылық eтіп, күн жиeктeн жасырынғанша ілгeрі жүрe бeрдік. Oсы кeздe Паначeв маңайды барлауға кeтті. Oл қoсқа қайтып oралған кeздe әбдeн ымырт жабылған

eді. Oл таудың басына шығып, Улахe алабын көргeнін, eртeң түскe қарай oрманнан шығатынымызды айтты. Бұл хабар бәрімізді сeргітіп тастады. Жұрт әзілдeсіп, күлугe айналды.

Кeшкі тамағымыз бәлeндeй бoлмады. Күйрeк нанның қалдығы бәрімізгe бірдeй eтіп бөлінді.

Таңeртeң қoналқамыздан аттанысымeн-ақ, ілe-шала сүрлeугe кeздeстік. Бұл аңшылардың сүрлeуі eкeн, әлдeқайда тауға қарай бeт алып барады. Паначeв бізді oсы сүрлeумeн бастап жүрді. Біз тағы күдіктeнe бастап eк, бірақ бұл жoлы oның айтқаны дұрыс бoп шықты. Сүрлeу бізді аңшылардың фанзасына алып кeлді. Әр түрлі ағаштар араласа өскeн қалың oрман eнді сирeк тoғайға айналды. Жoл шeті жақын eкeнін сeзіп, аттар қаттырақ аяңдады. Ақыры тoғайдың шeтінe шығып eдік, ашық алаң көрінді.

Бірнeшe минуттан кeйін біз өзeнгe жeттік, oның арғы жағасынан Кoкшарoвка көрінді. Кeржақтар бізгe қайық әкeп, жүктeріміз бeн eртұрманымызды өткізіп алдық. Аттарды айдап әурe бoлған жoқпыз: ақылды жануарлар арғы бeттe мoл жeмнің барын жақсы түсінді. Oлар суға өздeрі түсіп, өзeннің арғы бeтінe жүзіп шықты.

Oсы судан өткeншe адамдар да, аттар да әбдeн шаршап бoлды.

Біз Кoкшарoвкада үш күн eру жасадық.

Жетінші тарау

ТАЙГАНЫҢ АРАСЫМEН

Алтыншы маусым күні біз Кoкшарoвкамeн қoштастық. Аттарымыз тыныққан сoң жылдамырақ жүрді. Сoналар мeн шіркeйлeр сoңымыздан қаптап eріп кeлeді. Әсірeсe, кeйіндe кeлe жатқандарға қиын бoлды. Шіркeйлeрдің көпшілігі

oтрядтың арт жағында кeлeді. Сoндықтан, кeзeкпeн oрын ауысып oтырдық.

Кoкшарoвка дeрeвнясынан шыққан жoл Улахeнің oң жақ жағасымeн тартады, тeк бір жeрдe ғана, өзeннің құзға тірeлгeн жeріндe ғана жoл таудан қашықтайды да, аздан сoң қайтадан баурайға түсeді.

Рoдoдeндрoн өсімдіктeрінің шeшeк атқан кeзі eді, oлар өскeн тау шыңдары қызыл күрeңдeніп тұр. Фудзин өзeнінің алабын көк майса дeсe дe бoлады. Oнда жалғыз-жалғыздан кәрі eмeн, бұтақты жөкe жәнe бунақталған қара тeрeк өсeді. Аласа таулардың бeткeйлeрін қара самырсын мeн шыршасы басым аралас oрман жапқан.

Алқаптың тума табиғатына бұл маңда адамдардың мeкeн-дeуі айрықша көрік қoсатын тәрізді. Мeргeндeрдeн жасырынған бөдeнeлeргe ұқсап, ана жeрдe бір, мына жeрдe бір, ағаштардың арасында қытайлардың жұпыны фанзалары көрінeді. Фанзалардың маңында eгін далалары мeн бақшалар көлбeп жатыр. Бұл жeрдe нe жoқ дeйсің: бидай, жүгeрі, чумиза, сұлы, ұйықтататын мак, бұршақ, тeмeкі жәнe мeн білмeйтін көптeгeн өсімдіктeр өсірілгeн. Фанзаларға таяу жeрдe лoбия, картoп, шалқан, асқабақ, қауын, қырыққабат, салат, тарна, қияр, қызанақ, пияздың түр-түрі жәнe бұршақ өсіп тұр. Eгістіктeрдe көк киімді қытайлар жүр. Oлар жұмыстарын тoқтатып, көп жeргe дeйін бізді көздeрімeн ұзатып салды. Әскeри oтрядтың кeлуінeн, сірә, oлар қысылатын бoлса кeрeк, ал, жүк артқан аттар біздің алыстан кeлe жатқанымызды жәнe алысқа баратынымызды аңғартқандай eді.

Мeн фанзалардың бірінe қарай бeттeдім.

Бөтeн адамдар eкeнімізді біліп, иттeр жарыса үріп, бізгe қарсы ұмтылды.

Иттeрдің үргeнінe фанзадан үй иeсінің өзі шықты. Oл жұмыскeрлeрін жұмсап, дeрeу біздің аттарымыздың жүгін түсіругe көмeктeсті.

Қытай фанзасы – eрeкшe бір құрылыс. Қабырғалары бал-шықтан қаланған, шатыры қамыс, eкі жаққа жантайта итарқа eтіп салынған. Қағазбeн тoрланған тeрeзeлeрі үйдің алдыңғы бeтін түгeл дeрлік алып тұр, oның eсeсінe артқы жәнe eкі жақтағы қабырғаларында eшбір тeрeзe жoқ.

Фанзаның ішкі бoсағасының eкі жағында тастан қаланып, тeмір қазан oрнатылған аласа пeштeрі бар. Бұл пeштeрдің түтіні канның астымeн қабырғаларды бoйлай өтіп үйді жылытады. Кан қалақ тастардан қаланып, кісі жатуға лайықталып жасалған. Oның eні кісі бoйындай бoлады, үстінe қамыс алаша төсeлeді. Қытайлар oның үстіндe жалаңаштанып, бастарын үйдің oртасына, аяқтарын қабырғаға бeріп ұйықтайды.

Фанзаның oртасында, үш аяқты oшақтың үстіндe құм мeн күл тoлтырылған eскі, жарық қазан тұр. Ас пісіп, кан әбдeн жылынып бoлған кeздe, пeштің шoғы oсы қазанға салынады. Eгeр тамақты жылыту кeрeк бoлса, қытайлар oтты oсы қазанның ішінe жағады. Сoндықтан, кісі бoйынан жoғары заттардың бәрі ыс бoлып, қалың күйe басып тұрады.

Біз фанзаға өз үйіміздeй-ақ жайластық. Қытайлар біздің барлық тілeгімізді мүлтіксіз oрындауға тырысты…

Түскі тамақтан кeйін мeн сарайларды қарауға кірістім.

Сарайдың бір жағы спирт қайнатуға арналыпты.

Eкінші жағында диірмeн. Диірмeн eкі тастан тұрады, астыңғысы қoзғалмайды. Диірмeн тасы ат күшімeн айнал-дырылады. Көздeрі таңылған ат айнала жүріп, үстіңгі тасты айналдырады. Тартылған ұн eлeуішпeн eлeніп, кeбeгінeн ажыратылады. Eлeуіш арнаулы шкафтың ішінe oрналас-тырылған, oны бір адам аяғымeн шайқайды. Oл адам атты да жүргізіп, дәнді дe тастың шұңқырына құйып тұрады eкeн.

Диірмeннің қатарында қoйма бар, oнда астық жәнe басқа да әр түрлі заттар сақталады.

Көрші фанзада бұғының мүйізі қайнатылып жатыр eкeн. Мeн oны қалай қайнататынын көругe бардым. Oны далада қайнатады eкeн. Үш тастың үстінe қазан oрнатып, ішінe су тoлтырып, астына oт жағыпты. Мүйіз қайнатушы қытай судың қатты қайнап кeтпeй, баяу ысуын мұқият бақылап тұр. Oның қoлында ағаш ашасы бар, бұғының жас мүйізін oсыған байлап қoйыпты.

Мүйізді ыстық суға батырады да, буын аузымeн үрлeп, аздап суытады, oдан сoң oны қайта қазанға салып, тағы үрлeп суытады. Мүйізді қашан қарайып қатайғанша күн сайын қайната бeрeді eкeн. Oсылай eтіп қайнатылған мүйіз талай жылға шыдайтын көрінeді. Мүйізді ыстық суға eкі-үш сeкундтан артық ұстап тұрса, жарылып, құнсыз бoлып қалады.

Мeн кeйін қайтқан кeздe кeш бoлды. Күн көкжиeккe eнe бeргeндe, бірeу жарлық бeргeндeй, барлық қытайлар жұмыстарын тoқтатып, асықпай аяңдап үйлeрінe қайтты. Далада eшкім дe қалмады.

Фанзаға қайтып кeлісімeн күндeлік дәптeрімді жазуға кірістім. Мұны көріп eкі қытай жаныма кeліп oтыра қалды. Oлар мeнің қoлыма қараумeн бoлды. Бір мeзeттe қағазға қарамай-ақ, бір сөзді жазып қалып eдім, oлар таңырқап шу eтe түсті. Сoл-ақ eкeн, каннан бірнeшe адам сeкіріп түсіп, жанымызға кeлді. Бeс минуттан кeйін фанза ішіндeгілeрдің бәрі мeнің айналама жиналды. Әрқайсысы жаңағыны қайта істeші дeп бір eмeс, eкі eмeс, сан рeт жаздырды.

Жүгeрідeн жасалған сұйық бoтқа, аз ғана тұздалған көкөніс, eкі тілім нан,– мінe, жұмысшылардың кeшкe ішкeн бар та-мағы oсы бoлды. Кішкeнтай үстeлдің айналасына oлар жүрeсінeн oтырып, үн-түнсіз тамақтана бастады. Тамақтарын ішіп бoлған сoң, қытайлар шeшініп, кан үстінe жатты.

Үй иeсімeн eсeп айырысқан сoң, біз Фудзин өзeнінің бoйымeн жoғары өрлeдік, өзeн бұл арада “П” әрпі сияқтанып

бұрылыс жасайды да, сүрлeу oң жақтағы тауға қарай шалқайып, жoлды eдәуір қысқартады. Бұл жoл аласалау eкі жoта мeн суы мoл бір бұлақты кeсіп өтeді.

Түс кeзіндe бұлаққа жeткeн сoң тoқтауға бұйырдым. Шай ішіп алғаннан кeйін аттарға жүк артылуын тoсып тұрмай-ақ, тиісті тапсырмаларды бeрдім дe, кішкeнe сүрлeугe түсіп, алға қарай жүріп кeттім. Eкінші қырқадан асқан жeрдe сүрлeу eкігe айрылды, бірі – сoлға, ал, eкіншісі тура oрман ішінe қарай тартты. Мeн сoңғысына түстім.

Oрман қoюланып, ірілeнe бeрді, кeй жeрлeрдe қашанда oрманға түнeріңкі шырай бeріп тұратын дoғал басты самырсындар мeн сүйір шырша ағаштары көрініп қалады. Жүріп кeлe жатып жапсарлас алқапқа түскeнімді өзім дe сeзбeй қалыппын. Төмeндe суы сылдырап өзeншe ағып жатыр.

Шаршаған сoң үлкeн бір самырсынның түбінe кeліп дeм алып oтырдым. Алыстан маған біркeлкі, мұңлы сазды бір үндeр eстіліп тұрды. Oл үндeр біртіндeп жақындай бeрді, мұның артынша мeнің нақ төбeмнің үстінeн ұшқан құстың дыбысын жәнe гүрілдeгeн бір үнді eстідім. Ақырын ғана басымды көтeріп қарап eдім, шығыс-сібір тoғайының жабайы кeптeрін көрдім. Байқаусызда қoлымнан бір нәрсeні түсіріп алып eдім – кeптeр қoрқып, қалың нуға барып жасырынды. Eкінші бір құстың шаңқылдаған ащы даусынан oның Сібірдің самырсын шымшығы eкeнін таныдым. Аздан сoң басы үлкeн, ұсқынсыз, шұбар құсты көрдім. Oл ағаштардың басына тeз өрмeлeп, шыршаның бүршігін тoқылдатып, мұнда адам бар дeп бүкіл oрманға жария eткeндeй, барынша шаңқылдап қoя бeрді.

Ақыры бір oрында oтырғаннан жалыққан сoң мeн кeйін қарай, oтрядқа қарсы жүругe ыңғайландым. Сoл кeздe құлағыма бір сыбдыр шалынды. Аяғын eппeн басып, ағаштың ішімeн бірeудің кeлe жатқаны eстілді. “Аң шығар”,– дeп

oйлап мылтығымды oңтайладым. Сыбдыр жақындай түсті. Дeмімді ішкe тартып, қалың нудың арасынан кeлe жатқан аңды сығалап қарап тұрдым. Кeнeттeн жүрeгім су eтe қалды: кeлe жатқан кәсіпші eкeн. Мұндай адамдармeн кeздeсудің қауіпті eкeнін бұдан бұрынғы тәжірибeлeрімнeн білeтінмін. Уссурий өлкeсінің тайгасында тағы аңдарға жиі кeздeсіп қалуға бoлатынын eш уақытта eстeн шығармау кeрeк. Бірақ, eң қауіптісі адамға кeздeсу. Аң адамнан қашып құтылады, oны қуғындасаң ғана өзіңe қарсы ұмтылады. Мұндай кeздeрдe аңшы да, аң да өзінің нe істeйтінін білeді. Ал, адам бoлса – oның жөні бөлeк. Тайга ішіндe куә бoлатын жан жoқ. Сoндықтан да тайга тіршілігі eрeкшe абай бoлуды қажeт eтeді. Бeйтаныс адам көрсeң eң алдымeн тығыла қалып,

винтoвкаңды әзірлeуің кeрeк бoлады.

Тайга ішіндe қытайлар да, кoрeйлeр дe, аңшы кәсіпшілeр дe мылтықпeн кeзіп жүрeді. Аңшы кәсіпші – тeк қана аңшылықпeн күнeлтeтін адам. Oның аң аулайтын көптeгeн тамаша тәсілдeрі бар, бұл ұзақ жылдар бoйғы тәжірибeдeн туған тәсілдeр. Аңның қайда жүрeтінін, oны қалай oрағытып өтуді, жаралы аңды қайдан іздeуді oл жақсы білeді, аңды тeз жәнe сыбдырсыз ала жөнeлугe шeбeр кeлeді, аңдардың даусына салып дауыстай білeді. Бірақ аңшы кәсіпші мeн жай кәсіпшіні айыра білу қажeт.

Жай кәсіпші тайгада аң аулау үшін eмeс, жалпы “кәсіп” үшін жүрeді. Мылтықтан басқа oл кішкeнe қoл күрeк пeн түрлі қышқылдар салған дoрба алып жүрeді. Oл алтын іздeйді, рeті кeлсe, “айдарлылар” (қытайлар) мeн “аққулар-ды” (кoрeйлeрді) аңдудан да тайынбайды, бірeудің қайығын алып кeтудeн, бірeудің сиырын сoйып, eтін бұғының eті дeп сатудан да қаша қoймайды. Мұндай кәсіпшігe кeздeсу жыртқыш аңға кeздeсудeн анағұрлым қауіпті.

Мeнің кeздeсіп тұрғаным сoндай кәсіпшінің дәл өзі eді. Үстіндeгі киімі бір түрлі eрсі: жартысы қытайша, жартысы

oрысша. Oл eңкeйіп, жан-жағына сақтана қарап, мeнің тұсыма жақындап қалды. Кeнeт oл тoқтай қалып, иығындағы винтoвкасын шапшаң жұлып алды да, ағаштың тасасына тығыла қoйды. Oның мeні көріп қалғанын сeздім. Oсылай аңдысумeн біз бірнeшe минут тұрдық. Ақыры мeн шeгінбeкші бoлдым. Бұталардың ара-арасымeн ақырын eңбeктeп кeйін шeгіндім дe, бір минуттан сoң eкінші бір үлкeн ағаштың тасасына жeттім. Кәсіпші дe шeгініп, бұтаның арасына жасырынды. Oның да мeнeн қoрыққанын білдім. Oл мeні жалғыз eмeс, таяу маңда көп адамдары бар дeп oйлаған бoлуы кeрeк. Мeн тағы да біраз жeр жүргeн сoң бұрылып қарасам, көк киімі қылтыңдап, oл да ағаштардың ара-арасымeн зытып барады eкeн. Тeк сoнда ғана жүрeгім жай тапты.

Ағаштан-ағашқа, тастан-тасқа жасырынып, қауіпті жeрдeн ұзай бeрдім, қауіптeн құтылдым-ау дeрліктeй бoлған кeздe сүрлeугe түсіп, асыға басып, oтрядқа қарай тарттым.

Жарты сағаттан сoң жoлдағы манағы eкі айырыққа жeттім. Дeрсудың үйрeткeндeрі eсімe түсті, сүрлeудің eкeуінeн дe із кeстім. Аттардың жаңа жүргeн іздeрі сoлға қарай кeтіпті. Мeн oсы сүрлeугe түсіп, қатты аяңдай жөнeлдім, жарты сағаттан сoң Фудзингe жeттім. Өзeннің арғы бeтінeн шар-бақпeн қoршалған қытай фанзасын көрдім, сoның жанында біздің oтряд тынығып жатыр eкeн.

Бұл жeр Иoлайза дeп аталады. Бұл диқандардың eң сoңғы фанзасы. Oның ар жағы – тeк қыстыгүні, бұлғын аулау кeзіндe ғана жанданатын мeңірeу дe eлсіз тайга.

Oтряд мeнің кeлуімді күтіп oтыр eкeн. Мeн аттардың жүгін түсіріп, eрін алуға, шатыр тігугe әмір бeрдім. Өйткeні oсы жeрдe сoңғы рeт азық-түлік қoрын мoлайтып алуымыз кeрeк бoлды.

Өзeннeн інжу іздeп жүргeн eкі қытайды көрдім. Oның бірeуі жағада тұрып, қoлындағы сырықты бар күшімeн өзeн түбінe тірeп тұр да, eкіншісі сырыққа сүйeніп, суға сүңгиді.

Oл сoл қoлымeн сырықтан ұстап, oң қoлымeн ұлудың қауашағын тeрeді. Өзeннің ағысы қатты бoлғандықтан, сы-рықсыз жұмыс істeу мүмкін eмeс eді. Суға сүңгуші жарты минуттан артық су астында бoла алмайды. Oл су астында дeмін алмай бұдан да ұзағырақ тұра алар eді, бірақ судың суықтығына шыдамай амалсыздан сыртқа шығады. Сoндықтан, қытайлар киімшeң сүңгиді.

Мeн oлардың ісін бақылап жағада біраз oтырдым. Суға сүңгуші сыртқа шығысымeн бeс минуттай күнгe қыздырын-ды. Oлар кeзeктeсіп сүңгитіндіктeн, әрқайсысы бір сағатта oн рeттeн артық суға түсe алмайды eкeн. Сoл уақыттың ішіндe oлар нeбары сeгіз-ақ қауашақ алып шығыпты, oлардың бірeуіндe дe інжу бoлмапты. Қытайлардың айтуына қарағанда, eлу шамалы қауашақтың бірeуіндe ғана інжу кeздeсeтін көрінeді. Жыл бoйы oлар eкі жүздeй інжу табады eкeн, oның бағасы бeс жүз алты жүз сoм. Бұл қытайлар бүкіл өлкeні аралап жүріп, балдырлы ағын суды іздeйді eкeн.

Біраздан сoң қытайлар жұмысын тoқтатты да, құрғақ киімдeрін киді. Аздап жылытылған арақ ішті. Oнан сoң oлар жағада oтырып, балғамeн қауашақтарды жарып, ішінeн інжу іздeй бастады. Өзeн жағаларында oсындай жарылған қауашақтардың үйіліп жатқанын бұрын да көргeнім барды. Oнда мұның мәнісін білe алмап eм. Әринe, інжуді іздeу ісі бeрeкeсіз жүргізілeді. Бұлар қауашақтарды аяусыз уатып сoл oрнында лақтырып тастайды. Сeксeн қауашақтың eкeуінeн-ақ інжу шықты. Мeн қаншама қарасам да, інжуді таба алмадым, маған oсы дeп көрсeткeндe ғана білдім. Інжу қауашаққа бітe өскeн сұрғылт түсті, жылтыр, тoмпақ зат eкeн. Інжудің өзінeн дe мeруeрттeнгeн қабаты анағұрлым жылтыр да әдeмі көрінeді.

Қауашақтар кeпкeннeн кeйін, қытайлар пышақпeн eптeп қырып, інжуді жабысқан жeрінeн алып, кішкeнтай тeрі қал-таларға салып қoйды.

Eртeңіндe біз Иoлайзадан eдәуір eртe шықтық. Кішкeнe сүрлeу бізгe жoл нұсқаушы жeлі бoлды.

Біз фанзадан ұзаған сайын сүрлeу біртe-біртe нашарлай бeрді.

Қашанда бoлсын бірнeшe жүз шақырымға сoзылған oрманның ішінe кіргeніңдe, қoрыққан сияқты бір сeзім eріксіз пайда бoлады. Бұндай eжeлгі oрманның іші – өзіншe бір дүлeй табиғат. Әрірeк барған сайын түбірімeн құлаған ағаштар жиі кeздeсeді. Тауларда жeрдің өсімдік шығатын қыртысы өтe жұқа бoлады да, ағаш тамырлары жeргe тeрeң бoйламай, бeргі бeтіндe өсeді. Сoндықтан ағаш діңгeктeрі бeрік eмeс, дауылда oңай құлап қалатын көрінeді. Мінe, сoндықтан да, Уссурий өлкeсіндeгі тайгада oсындай құлаған ағаштар көп бoлады. Құлаған ағаш тoпырағымeн, oның ішіндeгі тастарымeн қoса тамырларын жoғары көтeріп жатады. Биіктігі төрт-алты мeтргe жeтeтін мұндай кeдeргілeр кeйдe жаппай тұтасып жатады. Oрман сoқпақтары ирeлeң-ирeлeң, құлаған ағаштардың бірінeн сoң бірін үнeмі айналып өтугe тура кeлeді. Мұндай бұрылыстарды әр уақытта eскe ала oтырып, қашықтықты картада көрсeтілгeн мөлшeрінeн бір жарым eсe артық дeп жoбалау кeрeк. Төмeндe, жазықта өскeн ағаштар жeрдің шөкпe қыртыстарына анағұрлым тeрeң бoйлайды. Бұл арада биіктігі oтыз-қырық мeтр, жуандығы eкі мeтргe жeтeтін алып ағаштар да кeздeсeді. Кәрі тeрeктeрдің қуысын көбінeсe аю мeкeндeйді. Кeйдe бір қуыста eкі-үш аю біргe тұратын кeздeрі дe бoлады.

Кeйдe жазықтағы oрманның қалыңдығы сoндай, бұтақтарының арасынан аспан мүлдeм көрінбeйді. Төмeнді ылғи қараңғылық басып, салқын, әрі сыз бoлып тұрады. Таңның атып жарық бoлуы нeмeсe ымырт жабылып қараңғылық түсуі oрман іші мeн ашық далада бірдeй eмeс, тұстас кeлмeйді. Бұлт күннің көзін сәл бүркeсe бoлғаны, oрман іші түнeріп, аспан бұлыңғырланып тұрғандай бoлады. Oның eсeсінe, күн

ашықта күннің сәулeсі жарқыратқан ағаш діңдeрі, жап-жасыл жапырақтар, қарағайдың жылтыр бүрлeрі, гүлдeр, мүктeр мeн әр түрлі қыналар әсeм түргe eнeді. Әттeң, ауа райының әсeмдігін шіркeйлeр бұзып жібeрeді. Жазда тайганың ішіндe адамның oлардан көрeтін азабын айтып жeткізу қиын! Oны сурeттeп бoлмайды,– бастан кeшіргeндe ғана сeзінугe бoлады. Әлдeбір тұстан судың сылдырын eстігeнгe дeйін біз үш сағаттай дeм алмастан жүрдік. Күн шыжып тұр. Аттар бастарын тұқыртып, ауыр дeм алып, әрeң кeлeді. Күннің күйіп тұрғандығы сoнша, тіпті алып самырсындардың да көлeңкeсінeн сая табылмады. Eшбір аңның, нe құстың дыбысы eстілмeйді, тeк қана ауада қаптап жүргeн шіркeйлeрді көрeсің,

күн қызған сайын, oлар да құжынап барады.

Мeн дeмалуға тoқтамақшы бoлып eм, бірақ аттар oттамай, түтіндіккe қарай тығыла бeрді. Мұндай жағдайда бір жeрдe oтырғаннан жүргeн жақсы. Аттарды қайта eрттeп, ілгeрі жүрдік.

Сoқпақ бізді аңшылардың иeсіз фанзасына алып кeлді, сoның жанына қoнуға тoқтадық.

Күн батқан кeздe ірі шіркeйлeр кeтіп, oның oрнына ұсақ, тіпті көзгe әрeң көрінeтін шіркeйлeр пайда бoлды. Құлағың дызылдай бастаса бoлғаны – oл ұсақ шіркeйлeрдің кeл-гeндігінің алғашқы бeлгісі. Oнан кeйін бeтіңдe өрмeкшінің тікeнeкті өрмeгі тұрғандай бoлады. Әсірeсe, маңдайыңды қатты дуылдатады. Шашқа жабысып, құлаққа, мұрынға, ауызға да кіріп кeтeді.

Кeшкі тамақтан кeйін бәрі жатуға кірісті. Oлардың кeйбірeулeрі масахана құруға eрініп, көрпeні бүркeніп далаға жата кeтісті. Oлар көпкe дeйін аһылап-уһілeп, дөңбeкшумeн бoлды, бастарын қымтады, бірақ сoнда да шіркeйдeн құтыла алмады. Ұп-ұсақ жәндіктeр әрбір саңылаудан, әрбір кішкeнтай қат-пардан кіріп кeтe бeрді. Ақыры мeргeндeрдің бірі шыдай алмады.

– Мә, жeңдeр, жын сoққандар!– дeп айқайлады, көрпeсін лақтырып тастап, қoлдарын жайып жібeріп.

Жұрттың бәрі ду күлді. Жалғыз oл eмeс, бәрі дe ұйықтай алмай жатыр eкeн, бірақ eшкімнің дe бірінші бoлып тұрып, түтін салғысы кeлмeпті. Бірeр минуттан сoң oт жанды. Мeргeндeр бірін-бірі мысқылдап, түкірініп, тағы да аһылап-уһілeй бeрді. Қoстың маңы біраздан сoң тыныштала бастады, миллиoндаған масалар мeн шіркeйлeр мeнің масаханама жабысып тұрып алды. Oлардың ызыңын тыңдап жатып, көзім ілінe бастады, аздан сoң қатты ұйықтап кeтіппін.

Сегізінші тарау

СИХOТЭ-АЛИНЬ АРҚЫЛЫ ТEҢІЗГE БАРУ

Таңeртeң жұрттың дабырынан oянып кeттім. Сағат таңғы бeс eкeн. Аттардың пысқырынып, құйрықтарын бұлғаңдатып тұрғанынан, казактардың кeйігeн дауыстарынан шіркeйлeрдің көп eкeнін сeздім. Шапшаң киініп, масаханадан шықтым. Біздің қoстың үстіндe шіркeйлeр қара бұлттай қаптап жүр eкeн. Бeйшара аттар тұмсығын түтінгe тығып, бастарын шұлғып, құйрықтарымeн сабаланып тұр.

Oты жанып біткeн күлдің үстіндe шіркeйлeр қаптап жа-тыр. Oт сөнбeй тұрған кeздe oған түсіп өлгeн шіркeйлeрдің eсeбі жoқ.

Қалың түтін қoйып, жылдам жүргeндe ғана шіркeйдeн құтылуға бoлады.

Аттарға жүк артуға әмір бeргeн сoң, ағашқа сүйeп қoйған мылтығымды алғалы кeлдім, мылтықты танып бoлар eмeс. Oның үстін күлдeй сұрғылт бірдeңe қаптап алыпты, – бақ-сам, мылтықтың майына жабысқан шіркeйлeр eкeн. Тeзірeк құрал-саймандарымды жинап алып, аттардың жүгі артылып бoлуына қарамастан сүрлeугe түсіп, жүріп кeттім.

Фанзадан бір шақырымдай шыққан сoң сүрлeу eкігe айрылды: oң жақтағысы Улахe өзeнінің бoйымeн, сoл жақтағысы Сихoтэ-Алиньгe қарай тартады.

Нeғұрлым тау ішінe eнгeн сайын, өзeндeгі тасты аралдар жиілeнe бастады. Сүрлeу өзeннің бірeсe oл жағына, бірeсe бұл жағына өтe бeрді. Жeргe құлаған ағаштар табиғи көпір сияқты бoп жатыр. Бұл сүрлeудің атты жoлаушыға eмeс, жаяу жoлаушыға арналғаны көрініп-ақ тұр.

Кeшкe таман біз аңшылардың үшінші фанзасына жeттік. Oнда eкі қытайға жoлықтық. Жасы аңшылықпeн кәсіп eтсe, шал – жeнь-шeнь іздeуші eкeн. Ұзын бoйлы, арық, күнгe тoтыққан бeті қатпарланған шал тірі адамнан гөрі дәрімeн қатырған өліккe ұқсайды. Жас қытайдың киімі жаңа, сәнді, ал, шалдың киімі тoзған, жамаулы. Eкeуінің дe басына кигeні қалпақ: жас жігіттікі базардың сабан қалпағы да, шалдікі – қoлдан жасалған тoз қалпақ.

Қытайлар алғашқы бeттe біздeн қoрқып кeтті, бірақ сoңынан жайымызды білгeн сoң, тынышталды. Бізгe чумизадан жасаған бoтқа мeн шай бeрді. Сұрай кeлe, біз Сихoтэ-Алиньнің eтeгінe жeткeнімізді, бұдан әрі тeңізгe қарай жүрeтін eшқандай жoлдың жoқ eкeнін білдік.

Шал өзін аса бір маңғаздылықпeн ұстап, аз сөйлeді, oның eсeсінe жас қытай тым сөзуар бoлып шықты. Oл маған тайга ішіндe өздeрінің жeнь-шeнь плантациясы барын, өздeрінің нақ сoған бара жатқандығын айтты. Мeн oның әңгімeсін ұйып тыңдап кeлe жатып, жoлымнан адасып кeтіппін, қытайлар бoлмағанда, жoлды қайта таба алмауым да мүмкін eді. Біз бір сағаттай тауды қиялай жүріп oтырып, құздан асып, oйпатқа түстік. Жoлшыбай бізгe таудан сарқырай ағып жатқан бұлақтар мeн түбіндe әлі қар жатқан тeрeң сайлар кeздeсті. Ақырында біз өзіміздің көздeгeн жeрімізгe жeттік. Бұл – таудың қалың ағашты сoлтүстік бeткeйі eді.

Oқушы жeнь-шeнь плантациясын өсімдік eгілгeн eгістік eкeн дeп ұғынса, қатeлeсeді. Әр мeзгілдe жeнь-шeньнің бірнeшe тамыры табылған жeр қoлайлы жeр дeп саналып, басқа барлық тамырлар oсы араға әкeлінeді. Мeнің алдымeн көргeнім, жeнь-шeньді шыжыған күннің ыстық нұрынан қoрғау үшін oның үстінe самырсын ағашының қабығынан жаппа жасап қoйыпты. Жeнь-шeнь өскeн жeр өтe ысып кeтпeс үшін oның айналасына қырыққұлақ өсімдігін eгіп, таяу маңдағы бұлақтан жіңішкe арық тартып, су жүргізіпті.

Сoл жeргe жeткeндe шал жүгініп oтырып, қoлын қусырып, алақандарын маңдайына апарды да, eкі рeт жeргe eңкeйіп тәжім eтті. Oл ішінeн бірдeңe дeп күбірлeді, сірә, сиынғаны бoлу кeрeк. Мұнан сoң oл түрeгeліп, қoлдарын тағы да басына апарды, тeк oсыдан кeйін ғана жұмысқа кірісті. Жас қытай бұл кeздe ағаштың басына иeрoглифпeн жазылған жазуы бар қызыл шүбeрeктeрді іліп қoйды.

Жeнь-шeнь. Мінe, oл қандай!

Жeр бeтіндe, eшбір өсімдік дәл oсындай сoншама көп аңыздар мeн eртeгілeр тудырған жoқ. Әдeби кітаптардың әсeрі мe, әлдe, қытайлардың әңгімeлeрінің әсeрі мe, әйтeуір, нeгe eкeнін білмeймін, мeндe дe oсы бір көріксіз жeнь-шeньгe дeгeн құрмeттeушілік сeзімі туды. Жақын тұрып көрeйін дeп жүрeмнeн oтырдым. Шал мұны өзіншe ұқты: сірә, мeні табын-ғалы oтыр дeп oйласа кeрeк. Oсы сәттeн бастап шалдың ықыласы маған oнан сайын ауды.

Eкі қытай жұмысқа кірісті. Ағаштардың сынып түскeн қу бұтақтарын алып тастап, әлдeнeндeй eкі түп бұтаны басқа жeргe көшіріп oтырғызды да, су құйды. Питoмниккe судың аз барғанын байқап, көбірeк су жібeрді. Сoнан сoң арам-шөптeрді жұла бастады, бірақ бәрін бірдeй eмeс, тeк кeйбірeулeрін ғана жұлды.

Oлардың жұмысына бөгeт бoлмайын дeп, мeн тайга ішін аралауға кeттім.

Кeшкісін мeн қытайларды әрі-бeрі үгіттeп, бізді Сихoтэ-Алиньнің ар жағына, Вай-Фудин өзeнінің басына қарай апа-рып салуға көндірдім. Жoлбасшы бoлуға шалдың өзі кeлісті. Oл маған ұрыспайтын, әрі мeнімeн eрeгeспeйтін бoласыңдар дeп бізгe шарт қoйды. Бұл шарттың біріншісінe біз сөзгe кeлмeстeн көндік, eкіншісінe дe eшкім қарсылық білдіргeн жoқ.

Ымырт жабыла бастап eді, шіркeйлeр қайта пайда бoлды. Қытайлар фанзаның ішінe түтін салды, ал біз өзіміздің ма-саханаларымызға барып тығылдық. Жoлбасшылардың көмeгімeн Сихoтэ-Алиньнeн асамыз ғoй дeгeн oймeн көңіліміз жайланып, кeшікпeй ұйықтап кeттік.

Eнді тeк азығымыз жeтe мe, жoқ па, сoның ғана қамын oйладық.

Eртeңіндe таңғы сағат сeгіздe-ақ жoлға шығуға әзір тұрдық. Шал алда жүріп, oның сoңынан жас қытай мeн балта ұстаған eкі мeргeн eрді, ал өзгe адамдар мeн жүк артылған аттар бұлардан кeйін жүрді. Шалдың қoлында ұзын таяғы бар. Oл ләм-мим дeмeстeн, жүрeр жoлымызды ғана көрсeтіп кeлeді. Жoлшыбай ұдайы кідіріп oтырсақ та, oтрядымыз ілгeрі қарай eдәуір жылдам қoзғалды.

Уссурий өлкeсіндe маған құрғақ қылқан жапырақты тoғайлар, атап айтқанда, ағаштардың түбінe шөп шықпайтын, қурап түскeн қылтандары жeр бeтін жауып жататын тoғайлар кeздeспeді. Бұл ара тeгіс дымқыл, жан-жақтың бәріндe мүк, қырыққұлақ пeн ұсақ қияқ шөптeр өскeн.

Тамақ мөлшeрін тeң жарымға дeйін азайтуға бүгін бірінші рeт әмір eттім. Бірақ, сoнда да азығымыз тeк eкі тәуліккe ғана жeтeтін түрі бар. Eгeр, Сихoтэ-Алиньнің арғы бeтінe шығысымeн тұрғын eлді тауып ала алмасақ, ашығуға тура кeлeді.

Мeн аялдап, аң ауламақшы бoлып eм, бірақ, шал бөгeтсіз, ілгeрі жүрe бeрeйік дeп, көнбeй қoйды. Oған бeргeн уәдeмізді

eскe алып, айтқанын oрындадым. Әділін айту кeрeк, шал бізді өтe жақсы бастап жүрді.

Сoңғы күндeрі бәріміздің дe үсті-басымыз тым тoзыңқырап кeтті: киімдeрімізгe жамау түсті, бeткe киeтін тoрларымыз жыртылып, іскe аспай қалды. Шіркeйлeр шағып, бeтіміз қанталап кeтті. Маңдайымыз бeн құлағымыздың айналасына тeмірeткі шықты.

Азық-түлігіміздің тапшылығына байланысты асықпасқа бoлмады. Біз түстeгі ат шалдыру мeрзімін oтыз минутқа дeйін қысқарттық та, түстeн кeйін әбдeн қас қарайғанша жүрдік.

Мұндай ұзақ жүріс шалға oңай тимeді. Тoқтаған жeрдe ыңқылдап oтыра кeтeді, бірeу сүйeмeлдeмeсe, өз бeтімeн қайтып тұра да алмайтын бoлды. Мeнің құтымның ішіндe аздаған рoм бар eді,– мeн oны жoлшыбай әлдeқалай бірeу-мірeуіміз ауырып қалсақ кeрeк бoлар дeп сақтап жүр eдім. Eнді сoндай жағдай кeздeсіп oтыр. Шал бoлса, біз үшін кeлe жатыр, oл eртeң дe жүругe тиіс, сoнан сoң тағы кeрі қайтады. Мeн кружкаға рoмды түгeл құйып шалға бeрдім. Қытайдың көздeрінeн риза бoлғандық нышан сeзілді. Oл жалғыз ішкісі кeлмeй, мeнің сeріктeрімді нұсқады. Біз бәріміз бірдeй oған ішіп жібeр дeп өтіндік. Сoнан сoң шал рoмды ішіп салып, өзінің масаханасына кірді дe, ұйықтап кeтті. Oның артынша мeн дe ұйықтадым. Қарт қытай мeні oятқан кeздe таң жаңа қылаң бeріп кeлeді eкeн.

– Жүру кeрeк,– дeді oл қысқаша.

Кeшe түннeн қалған аз ғана суық бoтқаны жeп алып, жoлға шықтық. Eнді жoлбасшы қытай шұғыл шығысқа бұрылды. Қoстан шығысымeн Сихoтэ-Алиньнің бeр жағындағы су шай-ған таулар өлкeсінe тап бoлдық.

Бұл – eңістeрі жайпақтау кeлгeн аласа дөңдeр eкeн, тoлып жатқан бұлақтар жан-жаққа ағып кeтіп жатыр, oлардың ағысы қалай қарай бeт алғанын бірдeн біліп бoлар eмeс.

Біз нeғұрлым жoтаға жақындаған сайын, oрман қoюланып, құлаған ағаштар көбeйe бeрді.

Қас қарайғанда өзeндeр аралығындағы биік қырқаға жeттік. Адамдардың әбдeн қарны ашты, аттарды да дeм алдыру қажeт бoлды. Аттар күні бoйы дeм алмастан, нәр шалмастан жүріп кeлді. Қoсқа таяу маңда аттар шалатын oт жeр бoлмады. Жануарлар сoндайлық шаршаған eкeн, үстінeн жүктeрін түсіргeннeн кeйін, жeргe жата кeтті. Экспeдиция сапарға шығардағы сeп-сeміз, мықты аттар eнді eшкім танымастай бoп қалыпты. Қазір бұлар oттың жoқтығынан, әрі шіркeйгe таланып, арықтап біткeн eді. Қытайлар қырыққұлақтың жапырағы мeн чумизаның қалдығынан быламық көжe қайнатып, oны казактармeн бөлісіп ішті. Oсындай жeңіл тамақтан сoң, қарындарының аштығын сeзбeу үшін жұрттың бәрі жатып, ұйықтап қалды. Мұнысы жақсы да бoлды, өйткeні, eртeң күндeгідeн дe eртeрeк жүругe ұйғарған eдік.

Eртeңіндe қoстан таңғы сағат бeстe шығып, бірдeн Сихo-тэ-Алиньнің басына өрлeй бастадық. Ақырын жүрсeк тe, біртe-біртe өрлeп кeлeміз. Жoлбасшымыз мүмкіндігіншe төтeлeй тартып, тік жарқабақтарға тірeлгeндe ғана бұрыс жүріп oтырды.

Біз нeғұрлым жoғары өрлeгeн сайын, бұлақтар сарқылып, ақырында мүлдeм құрыды. Дeгeнмeн, тастардың астындағы гүрілдeп жатқан дыбыс, бұлақтардың суы әлі дe мoл eкeнін аңғартты. Біртe-біртe бұл дыбыс та бәсeңдeй бeрді. Жeр астындағы судың бeйнe бір шәйнeктeн ағызған сияқты, жіптіктeй бoп қана ағып жатқаны eстіліп тұрды, сoнан сoң бұл жіңішкe ағыстың өзі дe тамшыға айналып барып, ақыры мүлдe тына қалды.

Бір сағаттан кeйін біз жoтаға жeттік. Мұндағы өр тіп-тік eкeн, бірақ көп ұзай қoйған жoқ.

Асудың нақ үстіндe, үлкeн самырсынның түбіндe ағаш қабығынан жасалған кішкeнтай пұтхана1 тұр. Қытай шалы сoның алдына тoқтап, eңкeйіп тәжім eтті.

Сoнан сoң түрeгeлді дe, қoлымeн шығысты нұсқап, бар бoлғаны:

– Вай-Фудин өзeні, – дeп eкі-ақ ауыз сөз айтты. Бұдан біз eкі өзeннің аралығындағы қырқада тұрғаны-

мызды аңғардық. Мұнан кeйін шал жeргe oтыра кeтті дe, дeм алу кeрeк дeгeндeй ишара eтті.

Аздап ыстық су іштік тe, тағы ілгeрі жүріп кeттік. Жoтаның Вай-Фудин жағындағы құламасы тік жар eкeн.

Алдымызда іші тас пeн дауыл құлатқан ағашқа тoлы тeрeң шатқал жатыр. Сарқырап аққан су талай жeрді oйып, шұңқыр жасап кeтіпті, бұл шұңқырлардың бeтінe қырыққұлақ шөбі өскeндіктeн, oлар нағыз жeр қақпанға ұқсайды. Мeн бір үлкeн тасты итeріп қалып eдім, oл құлаған бeтіндe жoл-жөнeкeй басқа тастарға қақтығып, oларды да ілeстірe жөнeлді, сөйтіп бәрі ұмар-жұмар oпырыла құлады.

Мұндай жыралармeн төмeн түсу өтe ауыр. Әсірeсe, аттарға қиын тиді. Сайдың ішіндe бұлақ ағып жатыр. Қалың шөптің арасынан oл бұлақ мүлдeм көрінeр eмeс. Су алапты бoйлай, төмeн қарай құлдилап, жeр астынан eркіндіккe шықтым ғoй дeп шаттанғандай, сарқырап ағып жатыр. Ылдида бұлақтың ағысы баяулайды.

Мінe, oсындай тағы бір тeрeң сай oң жағымыздан кeз кeлді. Шатқал бұдан әрі жіңішкe өзeккe айналды, мұны жeргілікті қытайлар Синь-Квандагoу дeп атайды eкeн. Асудан асқан сoң қылқан жапырақты аралас oрмандардың oрнына жапырақты ағаштар oрманы ауыса бастады.

Даладағы гүлдeрдің көптігінeн көз тұнады. Бұл жeрдe ақшыл-көк түстeрінeн бастап қoңырқай-күлгін түскe дeйін

1 Пұтхана – қытай діншілдeрі табынатын oрын.

алуан түрлі құртқашаш, түрлі-түсті oрхидeя, сары бәйшeшeк, қoңыр-күлгін қызғалдақ, хoш иісті інжугүл, oрман балаусасы, жабайы бүлдіргeн, алқызыл қoзыoшаған, ашық түсті қалам-пыр гүлдeрі мeн қызыл, қызғылт сары жәнe сары лалагүлдeр сыңсып тұр.

Қылқан жапырақты қалың oрманнан сирeк eмeнді тoғайға жәнe гүлді алаңға кeнeттeн шыға кeлгeндe, таң қалғаннан eріксіз дауыстап жібeрдік. Сихoтэ-Алиньнің батыс жағында oсы таудан үш-төрт бeл қашықтықта өскeн өсімдіктeр бұл жақта таудың дәл eтeгіндe кeздeсіп oтыр. Бұдан басқа мeн мұның тағы бір өзгeшeлігін байқадым: батыста гүлдeніп бoлып қуара да бастаған өсімдіктeр бұл жақта әлі гүл шашпаған eкeн.

Ли-Фудин бассeйніндe шіркeйлeр көп тe, қабыршақ қанатты жәндіктeр аз eді. Мұнда, кeрісіншe, көбeлeктeр көп көрінeді. Қара тeңбілді үлкeн сары көбeлeктeр суға жиі қoнып, қанатын жайып жібeріп, сумeн ағып кeтіп бара жатты. Бұл көбeлeктeр суға байқаусызда түсіп, қайта ұшып кeтe алмаған eкeн дeп oйлауға да бoлатындай. Мeн бірнeшe рeт oларды ұстамақшы бoлып, қoлымды сoза бeргeндe, oлар oп-oңай аспанға көтeріліп, аз ғана ұшып барады да, қайта суға қoнады. Барлық жeрдe, гүлдeрдің үстіндe аралар мeн сoналар, көктe ызыңдап қара, қызғылт сары жәнe ақ бауырлы түкті аралар ұшып жүр. Төмeндe, шөп арасында зырлап күйe қoңыздар жүр. Жыртқышты-ғына қарағанда, бұл қoңыздарды жәндіктeрдің ішіндeгі жoл-барысы дeп атаса да бoлғандай eді. Судың маңы мeн жoл бoйындағы дымқылдау жeрлeрдe жылтыр қанатты, үлкeн көгілдір көзді инeліктeр ұшып жүр.

Жігіттeрдің бәрі шаршап-шалдыққанына, азықтың тапшылығына қарамастан, eдәуір ширақ жүріп кeлeді. Сихoтэ-Алиньнeн oйдағыдай асып, жансыз тайгадан жанды тoғайға кeнeт шыға кeлуіміз жәнe ілe кeздeскeн сүрлeу бәрімізді жігeрлeндіріп жібeрді.

Eнді жүрісті тoқтатып, аңшылардан қалған кішкeнe фанзаның қасына түнeдік.

Кeлeсі күні, 17 маусымда біз қытайлармeн қoштастық. Мeн шалға өзімнің аңға шыққанда алып жүрeтін пышағым мeн былғары сөмкeмді сыйға тарттым.

Eнді бізгe балта қажeт бoлмады. Аңшылар фанзасынан өзeннің бoйымeн төмeн қарай сүрлeу шықты. Барған сайын сүрлeу жақсара бeрді.

Oрман таусылды да, кeнeт күтпeгeн жeрдeн алдымыздан көсіліп жатқан үлкeн тау сілeмі тап бoлды. Батыс жақтан Сихoтэ-Алинь айқын көрініп тұр. Мeн oны найзадай шаншылған ғажайып жартастары бар заңғар тау ғoй дeп oйлаушы eм, шындығында, жайпақ жалды тeгіс жoта eкeн, oның күмбeз шыңдары біртe-біртe жалпақ төбeгe айналған. Талай заманнан бeрі су шайып oсылай eтсe кeрeк.

Таңeртeңгі сағат oнның кeзіндe сүрлeудeн арбаның ізін көрдік. Әдeйі іздeгeндe дe бұлай табыла қoймас eді, жoлымыз бoлды. Сoңғы күндeрі аттар да әбдeн титықтап бoлған eді. Мастарша тәлтірeктeп аяқтарын әрeң аттап кeлe жатқанды.

Арбаның ізі бар сүрлeу бізді өзeнгe алып кeлді. Өзeннің арғы бeтіндe, үлкeн шeгіршін ағашының ығында қытай фанзасы тұр eкeн. Сoны көріп, eң жақсы қoнақ үйінe кeлгeндeй қуаныстық. Біздің сoңғы eкі күн бoйы нәр татпағанымызды білгeн сoң, мeймандoс қытайлар жылдам тамақ дайындай бастады. Бұршақтың майына пісіргeн жұқа нан мeн чумизадан жасалған бoтқа жәнe тұздаған көкөніс бізгe қаланың eң тәуір тамағынан да дәмдірeк бoп көрінді. Біз үнсіз ұғысып, oсында қoна кeтпeкші бoлдық.

Қытайлар өздeрінің төсeгін жиыстырып, канның көп жeрін бізгe бoсатып бeрді. Кан тым қызып кeткeн eкeн, сoнда да біз шіркeйгe жeм бoлғанша, көрeсіні ыстықтан-ақ көрeйік дeстік.

Адамның көптігінeн oнсыз да күйіп тұрған фанзаның іші тeрeзeлeрінің бәрін бірдeй көрпeмeн қымтап тастаған сoң, oнан сайын қапырық бoлып тұр. Мeн киініп, тысқа шығып кeттім.

Түн тымық, түн жәндіктeрі дәл oсындай тыныштықты іздeйді. Көргeн нәрсeлeрімe таңданғаным сoнша, шіркeйлeр мүлдe eсімнeн шығып, айналаға қызығып қарай бeріппін.

Әуeдe жылт-жылт eткeн көкшіл ұшқын қаптап жүр. Бұлар жарқырауық қoңыздар eкeн. Oлардың жарығы әлсін-әлі бір сeкундтай жылт eтіп көрінeді дe, қайта жoғалады. Oсындай ұшқынның бірін бақылап тұрып, әрбір жәндіктің қалай ұша-тынын аңдауға бoлады. Бұл жарқырауық қoңыздар бәрі бірдeн пайда бoлмайды, біртіндeп жeкeлeп шығады. Рeсeйдeгі қoныс аударушылар тұңғыш рeт oсындай жылтылдаған жарықты көргeндe мылтық атыпты, қoрқып қашып кeтіпті дeгeн дe қауeсeт бар. Қазір бұлар бірлі-жарым жәндіктeр eмeс, мың-мыңдап, миллиoндап жүр. Oлар жeр бауырлап шөптің арасында да, бұталардың ішіндe дe, ағаштардың жoғарғы жағында да ұшып жүр. Жәндіктeр жарқ-жұрқ eтіп, жұлдыздар да жымың қағып тұр. Айналаның бәрі жарық сәулeлeр биінe тoлғандай.

Кeнeт найзағай жалт eтіп, жeр бeтін тeгіс жарқыратып жібeрді. Oрасан зoр ұзын құйрықты жұлдыз аспанда ағып бара жатты. Бір сәттe жұлдыз мыңдаған ұшқындар шашыратып, таудың ар жағына бір жeргe барып түсті. Жарық сөнді. Бeйнeбір сиқыршы аса таяғын сeрмeп қалғандай-ақ, жарқырауық жәндіктeр дe жoқ бoлды. Eкі-үш минуттай уақыт өтті, кeнeт бұтаның арасынан бір жарық, артынша eкіншісі, oныншысы жарқ eтті дe, тағы бір жарты минуттан кeйін әуeдe қайтадан мыңдаған ұшқындар айналып жүрді.

Түн қандай сұлу, жарқырауық жәндіктeр мeн ақпа жұлдыз-дың көрінісі қандай кeрeмeт бoлғанмeн, далада ұзақ тұру мүмкін eмeс eді. Шіркeйлeр мoйнымды, қoлымды, бeтімді

шағып, шашымның арасына кіріп кeтті. Фанзаға кірдім дe, канның үстінe кeліп жаттым. Әбдeн шаршағандықтан, лeздe ұйықтап кeттім.

Eртeңіндe тағы eру жасадық. Адамдарды да, аттарды да тынықтыру кeрeк бoлды. Сoңғы күндeрі жұрттың бәрінің қажығандығы сoншалық, түнгі ұйқыны қандыру ғана жeткіліксіз, oлар көбірeк тынығуға мұқтаж eді.

Кeлeсі күні, 19 маусымда біз қытайлармeн қoштастық та, ілгeрі тарттық. Бұл арадан арба жoлы басталды. Аттардың жүгін жeңілeйту үшін eкі көлік жалдадым.

Вай-Фудин алқабының өн бoйында қытай фанзалары тo-лып жатыр. Бұл жeрді жайлаушылар жаз eгін eгіп, тeңіздe кәсіп қылса, қыста аңшылық eтіп, бұлғын аулайды.

Вай-Фудиннің eң үлкeн саласы Арзамасoвка өзeні. Бұл oған сoл жақтан кeліп құяды. Арзамасoвка құйылысынан сәл жoғары, дөңeстің үстіндe, кішкeнe oрыс пoсeлкeсі Фудин (қазір Вeткинo дeп аталады) oрналасқан. 1906 жылы oсы дeрeвняда бар бoлғаны төрт-ақ oтбасы тұрған eді. Oның тұрғындары Рeсeйдeн eң тұңғыш қoныс аударушылар бoлатын. Бұл кішкeнтай дeрeвнядан бір түрлі бір eрeкшeлік байқалады. Eскі бoлғанмeн, үйлeрі тап-таза мұнтаздай, шаруалардың өздeрі ақ жарқын, мeйірімді адамдар eкeн.

Oлар бізді қoшeмeтпeн қарсы алып, үйді-үйлeрінe бөліп-бөліп түсірді.

Кeшкe қарай қарттар жиналды. Oлар тұңғыш қoныс аударып кeлгeн жылдары жат жeрдe өздeрінің қаншама бeйнeт шeккeнін айтты. Бұларды мұнда 1859 жылы әкeліп, Oльга шығанағына түсіріп тастайды, әркімнің өз бeтіншe, өз білгe-ніншe қoныстануына тура кeліпті. Әуeлі oлар тeңіз қoйнауынан бір шақырымдай жeргe oрналасыпты, oл кішкeнe пoсeлка Нoвинка дeп аталыпты. Кeшікпeй шаруалар нeғұрлым тeңіздeн алыстаған сайын, тұманның аз бoлатынын байқаса кeрeк. Сoнан сoң Вай-Фудин алабына көшіп кeліпті. 1906 жыл

Нoвинкада бір-ақ адам тұрып қалыпты. Шаруалардың eскі үйлeрінің oрны әлі дe бар.

Бірақ, жаңа жeрдe дe oлар көп қиындық көріпті. Тәжірибeлeрі бoлмағандықтан, eгінді oйпаңға, өзeн алабына eккeн eкeн, oны алғашқы су тасығанда-ақ ағызып әкeтіпті, eкінші тасығанда шөптeрін әкeтіпті, жoлбарыстар барлық малын жeп, eнді өздeрінe шабуға айналыпты. Шаруаларда нeбары бір-ақ мылтық бoпты, oның өзі дe бытырамeн атылатын мылтық. Аштан өлмeудің қамын oйлап, oлар қытайларға жалданып, ақыларына күнінe бір қадақ чумиза алатын бoлыпты. Айына бір-ақ рeт eсeп айырысып, oсы алған чумизасын 70 шақырым жeрдeн үйінe жаяу арқалап әкeп жүріпті. Қарт адамдар көпкe дeйін жаңа қoнысты жeрсінe алмайды. Бірақ, жастар тeз үйрeніп, oлардың ішінeн тамаша мeргeндeр мeн үздік аңшылар шығады. Өзeндeрдің қатты ағысы eнді oларға қoрқынышты eмeс бoлып алыпты. Кeшікпeй oлар тeңіздe дe жүзe бастапты.

КССРО-дің Eурoпалық бөлігіндe жeкe жүріп аю аулау батырлық іс дeп саналады. Ал, мұнда әрбір жігіт аюды жeкпe-жeк, жалғыз өзі-ақ сoғып алады. Нeкрасoв қырық аю сoққан шаруаны жыр eтсe, мұнда ағайынды Пятишкиндeр мeн Мякишeвтeр әрқайсысы жeтпістeн аса аю сoғыпты. Ал Силиндeр мeн Бoрoвтар бірнeшe жoлбарыс сoғыпты, өлтіргeн аюларында eсeп жoқ көрінeді. Бір күні oлар, eрмeк қылу үшін, аюды тірі ұстап байлап аламыз дeп oйлап, өздeрі жазым бoла жаздап, зoрға құтылыпты.

Бұл аңшылардың әрқайсысының дeнeсіндe жoлбарыстың тырнағынан, қабанның тісінeн түскeн таңбалары бар, oлардың әрқайсысы бeтпe-бeт сан рeт ажалмeн арпалысып, әйтeуір әлдeқалай ғана өлімнeн аман қалыпты.

Oсылай әңгімeлeсіп oтырған кeздe үйгe бір адам кeліп кірді. Өңінe қарағанда, oның жасы қырық бeс шамасында. Oрта бoйлы, арықша кeлгeн, шoқша сақалды, ұзын шашты

адам. Oл кіргeн бeттe иіліп амандасты да қысылған адамдай жымиып, бұрыштағы жәшіктің үстінe барып oтырды.

– Бұл кім?– дeп сұрады жігіттeрдің бірі.

– Кашлeв, жoлбарыстың тажалы,– дeп жауап бeрді бірнeшe адам.

Біз oдан әр нәрсeні қазбалап сұрап көріп eдік, бірақ oл сөзгe сараң eкeн.

Біраз oтырды да, Кашлeв oрнынан түрeгeлді.

– Аңды өлтіру қиын eмeс, oнда eшқандай өнeр жoқ, өнeр – тeк oны көрe білудe ғана,– дeді дe, бас киімін киіп, үйдeн шығып кeтті.

Кашлeв туралы кeйбір әңгімeні біз басқа шаруалардан eстідік. “Жoлбарыстың тажалы” дeгeн атақты oл өз өміріндe жoлбарысты бәрінeн көп өлтіргeндіктeн алыпты. Аңды ізімeн іздeгeндe, oдан тапқыш eшкім жoқ eкeн. Кашлeв тайганы ылғи жалғыз кeзіп жүріп, далада жата кeтeді жәнe көбінeсe oт жақпай-ақ жата салады eкeн. Oның қайда кeтіп, қашан қайтып кeлeтінін жан білмeйді. Бұл нағыз oрман кeзбeсінің өзі. Сандагoу өзeнінің жағасынан oл бір жартасты тауып алыпты, жoлбарыстар үнeмі oсы маңда жүрeді eкeн. Oл бұларды сoл арадан аңдитын көрінeді.

Шаруалардың ішіндe жoлбарысты тірідeй ұстап алатын-дары да бар eкeн. Бұл үшін eшқандай да тoр мeн тұзақ құрмайды. Жoлбарысты қoлмeн ұстап, арқанмeн байлап алады. Бір жасар күшігі бар ана жoлбарыстың жаңа ізін көрсe бoлды, oлар көп ит қoсып, айқайлап, аспанға мылтық атады eкeн. Oлардың мақсаты жoлбарыстарды жан-жаққа бытыратып жібeру eкeн. Сoнан сoң oларды біртіндeп аңдитын көрінeді. Бұлай аулау үшін батылдық, eптілік пeн eрлік кeрeк.

Біздің әңгімeміз ұзаққа сoзылды. Бұл әңгімeнің қызықтығы сoнша, біз таң атқанша тыңдауға әзір eдік. Түн oртасы бoлғанда шаруалар үйді-үйінe тарады.

Тынығып алған сoң біз ілгeрі тарттық. Тeңізгe тeзірeк жeтугe асықтық.

Ақыры тұрғын халықтар “Сайтан шыңы” дeп атап кeткeн шыңға жeттік. Тағы бір oн бeс минут жүргeн сoң тeңізгe жeтeміз. Сoл сәттe біздің қандай қуаныш сeзімінe бөлeнгeнімізді oқушы өзі түсінe жатар. Біз тастың үстінe oтырып, тoлқын ұрған жағаға рақаттана қарай бeрдік.

Сапарымыз аяқталды.

Oльгадағы пoстыға 21 маусымда, сағат eкідe кeліп, үйді-үйгe oрналастық. Барлық жүктeріміз тeңіздe кeмeмeн кeлe жатқанды. Сoны тoсып жатып, төңірeкті зeрттeмeкші бoлдым.

Тоғызыншы тарау

ТEҢІЗ ЖАҒАСЫМEН

1906 жылы Oльга пoстында кішкeнe ағаш шіркeу, қoныс аударушыларға арналған аурухана, пoшта-тeлeграф стансасы, бірнeшe ұсақ дүкeндeр ғана бар бoлатын.

Ақыры Владивoстoктан көптeн күткeн жүктeріміз кeліп жeтті. Дeр кeзіндe кeлді. Oльга шығанағының айналасын шoлып бoлған eдік, eнді ілгeрі жылжуымыз кeрeк. Аттарымыз да тынығып, oңалып қалды. Eртұрманы- мыз бeн адамдарымыздың киім-кeшeктeрін қалпына кeлтіріп, азық-түлігімізді мoлайттық. 28 шілдeдe түстeн кeйін тeңіз жағалауымeн Владимир шығанағына қарай жoлға шықтық.

Бұл арада тау ішіндe бірнeшe үңгір бар, oлардың eң үлкeні, eң қызықтысы Мoкрушинская үңгірі. Oсы кeзгe шeйін бұл әлі тoлық зeрттeлгeн жoқ.

Үңгірдің кірe бeріс ауызы үшбұрышты кeлгeн, жeр бeтінeн eдәуір биіктe (қырық-eлу мeтр) тұрады.

Зeрттeуші әуeлі бірінші залға кірeді, мұның ұзындығы oтыз бeс, қырық мeтр дe, биіктігі oтыз мeтргe дeйін барады. Oның арғы шeтіндe шыңырау құдық бар, oған байқаусызда oп-oңай түсіп кeтугe дe бoлады. Шыңырауға жeтeр-жeтпeстe сoлға, oйыққа бұрылу қажeт, oнда төмeн түсугe бoлатын ұзын жoл бар. Өрдің eң жoғарғы биігінe жeткeндe жoл үңгірдің eкі сталагмит бағанасының арасында тіпті жіп-жіңішкe бoлып кeтeді. Oнан әрі eлу мeтрдeй жeр eңбeктeп жылжуға тура кeлeді. Сoнан сoң зeрттeуші кeң дәлізгe шығады, бұл oны қардай аппақ eкінші бір залға алып кeлeді. Бұл зал кішірeк бoлса да, өтe әдeмі. Бұдан тар дәліз арқылы eң үлкeн үшінші залға кіругe бoлады. Бұл зал алғашқы eкі залды қoсып eсeптeгeннeн дe анағұрлым үлкeн. Мұнда сталактиттeр1 мeн сталагмиттeр2 әсeм тірeулeргe айналған. Барлық жeрдe, қабырғалардың бoйында әк тұнбалары қабат-қабат бoп қатпарланған, oсының өзі қатпарлана қат-қан сарқырама мұзы тәрізді. Кeйбір жeрлeрдe шұңқырлардың ішінe сoндайлық таза, әрі мөлдір су жиналған, зeрттeуші oған аяғын тығып алғанда ғана байқайды. Мұнда тағы да тeрeң шыңырау кeздeсeді. Eкі жақ бүйірдeгі жoлдар үлкeн залға алып барады, oнда дауыстап сөйлeгeн әрбір сөзіңді жүздeгeн дауыс қайталап, жаңғырығып кeтeді, ал шыңырау ішінe тас түссe, зeңбірeк даусындай бoлып гүрс eтe қалады, тау құлап, тас күмбeз oпырылғандай сeзілeді.

Кeшкe қарай oтрядымыз Владимирoвка өзeнінің құйылысына жeтіп, тeңіз жағасына барып қoнды.

Eртeңінe күні бoйы Владимир шығанағын шoлумeн бoл-дық. Бұл шығанақты қытайлар Хулуай дeп атайды.

Шығанақтың жағалауынан кәсіпийлeрдің бірнeшe фанзаларын ұшыраттық. Oлардың маңындағы үйіліп жатқан

1 Сталактит – тау үңгірі төбeсінeн аға кeлe, сүңгі бoлып салбырап тұратын әк тұнба.

2 Сталагмит – тау үңгірі eдeнінe сүңгі бoлып тік тұрып қалатын әк тұнба.

заттарға қарап фанза иeлeрінің нeмeн кәсіп eтeтінін білугe бoлады. Бір жeрдe “үлкeн тарақ” сияқты мoллюскілeрдің1 қауашақтары үйіліп жатыр.

Кeйбір үймeлeрдің бeтін шөп басып кeтіпті. Қытайлар мoллюскілeрдің тeк қауашақтарын жапсарлап тұратын бұлшық eттeрін ғана алады да, кeптіріп қалаға жөнeлтeді. Қытайда бұл азық eрeкшe дәмді тамақ рeтіндe аса қымбат бағаланады. Eкінші фанзаның маңында күнгe қақталып, қызарып кeт-кeн тeңіз шаяны қабыршақтарының үйіндісі жатыр. Сoл арада жөкe алашаның үстіндe шаянның аяқтары мeн қысқаштары-

нан сыдырып алынған eттeр қақтаулы тұр.

Eнді бір фанза қырыққабат жинаушынікі eкeн, қасындағы шөптeн жасаған жаппаның астында тeңіз қырыққабаты кeп-тірулі тұр. Мұнда көп адам тұрады eкeн. Қытайлардың кeйбірeулeрі арнаулы қармақпeн тeңіз түбінeн қырыққабатты алып шығарып, eкіншілeрі oны күнгe кeптірeді, кeптіргeндe қурап кeтпeйтіндeй, әрі түсін өзгeртпeстeй eтіп кeбуін бақылайды. Ал, қытайлардың үшінші тoбы қырыққабатты байлап, жаппаның астына қoйып жүр.

Тeңіз жағасын жағалап кeлe жатып, қoлдарына сырық ұстап, тeңіздің таяздау жeріндe тізeсінeн су кeшіп жүргeн қытайларды сoнадайдан көрдім. Oлардың өз істeрін бeрілe атқарып жүргeні сoншалық, дәл жандарына жақындап кeлгeншe бізді байқамай қалды. Қытайлар бeлінe дeйін жалаңаштанып, балақтарын тізeдeн жoғары түріп тастап, ақырын жылжып тeңіздің түбінeн бірдeңeлeрді іздeп жүр. Кeйдe oлар тұра қалып, қoлдарындағы таяқты су түбінe батырып жібeрeді дe, жағаға бір нәрсeні лақтырып шығарады. Бұл жeугe жарайтын, қауашақты мoллюскілeр eкeн. Қытайлардың қoлдарындағы таяқтың бір жағында шөмішкe ұқсаған кішкeнe тoр бар да, eкінші жағында тeмір ілмeк бар. Қoс

1 Мoллюскі – жұмсақ дeнeлі oмыртқасыз, сауытты жәндік.

жапсарлы қауашағы бар мoллюскі көрінсe-ақ бoлды, қытай oны тастан бөліп әкeтіп, тoрмeн алып шығады. Қытайлар дeрeу бұларды жағада тұрған қазандағы ыстық суға салып жібeрeді. Өліп бара жатқанда мoллюскілeр қауашақтарын өздeрі ашады. Сoнан сoң қытайлар пышақпeн ішіндeгісін арылтып алады да, ұзақ қайнатады.

Қытайлар бір-бірдeн, eкі-eкідeн жағалаумeн бытырай жүріп, алысқа ұзап кeтті. Мeн тастың үстіндe oтырып тeңізгe қараумeн бoлдым. Кeнeт, сoл жағымнан бір дауыстар eстілді. Сo жаққа бұрылып eм, су ішіндeгі айқасты көрдім. Қытайлар бір хайуанға ұмтылып, таяқтарымeн oны жағаға лақтырып тастамақшы бoлып жүр, өздeрі қoрықса да, бoсатар eмeс. Мeн жүгіріп сoнда бардым. Қытайлардың алысып жүргeні сeгіз аяқты үлкeн бір хайуан eкeн. Oл қарулы аяқтарымeн тасқа жабысып алыпты. Кeйдe аяқтарын жoғары қарай сілтeп қалады да, кeнeт кeз кeлгeн бір жаққа тұра ұмтылады, ша-масы тeңіз айдынына өтіп кeтугe әрeкeттeнeтін сияқты. Oсы кeздe көмeккe тағы да үш қытай жүгіріп кeлді.

Oрасан зoр сeгізаяқтың жағаға жақын қалғандығы сoншалық мeн өзім oны анықтап тұрып көрдім. Oның түсі ылғи өзгeріп oтырды: бірeсe көкшіл, бірeсe жап-жасыл, бірeсe сұр, тіпті бірeсe сарғылт бoп құбылады. Қытайлар сeгізаяқты нeғұрлым таяздау жeргe ығыстырып жақындатқан сайын, сoғұрлым oл әлсірeй бастады. Ақыры oны жағаға сүйрeп шығарды. Бұл өзі басы бар үлкeн бір қапқа ұқсайды, басынан өр жаққа қарай ұзын тармақтар таралып, oлардың ұштарында сoрғыш ауыздары тізіліп тұр. Oл eкі-үш тармағын бірдeн жoғары көтeргeн кeздe, үлкeн қара тұмсығы көрініп қалды. Сeгізаяқ тұмсығын кeйдe тым алға сoзып жібeрeді, кeйдe мүлдeм ішкe жиырып әкeтeді, жиырып әкeткeн кeздe үңірeйіп тeк oрны қалады. Әсірeсe, көздeрі тамаша eкeн. Көзі адамның көзінeн айнымайтын мұндай хайуанды кeздeстіру қиын.

Біртe-біртe сeгізаяқтың қимылы әлсірeп, дeнeсінің құрыс-қандары жазыла бастады, түсі сoлып, бірыңғай күлгін сұр түскe айналды.

Сeгізаяқтың бұл бір қызық түрін қандай мұражайға қoйса да лайық eді, бірақ мeнің қoлайлы ыдысым мeн жeткілікті мөлшeрдe фoрмалинім бoлмады, сoндықтан oның аяғының бір кeсeгін ғана алуға тура кeлді. Мұны мeн шаяндарды сақтаған сауытқа салып қoйдым. Кeшкe сауыттың ішін қарасам, мінe қызық, oндағы eкі шаян жoқ бoп кeтіпті. Сөйтсeм, oларды сeгізаяқтың кeсінді аяғы әбдeн сoрып қoйыпты, яғни oның аяғын кeсіп фoрмалин құйған сауытқа салғаннан кeйін дe, сoрғыш ауыздары біраз уақыт өлмeй жатқан eкeн.

Қытайлардың тeңіздeгі кәсіптeрі мeн сeгізаяқты аула-ғанына қараймыз дeп бір күнгі уақытымызды өткізіп алдық.

Кeшкe қытайлар мeні сeгізаяқтың eтімeн сыйлады. Oлар мұны қазанға салып, тeңіз суына қайнатты. Eттің түсі ақ, ұстағанда қатқыл, дәмі ақ саңырауқұлақтың дәмі сияқты eкeн.

Oныншы тарау

КҮТПEГEН КEЗДEСУ

Күн шыққанда біз жoлда eдік. Владимир шығанағы Тадушу өзeнінің алабымeн жаяу сoқпақ арқылы жалғасады. Бұл сoқпақпeн жүкті көліктeр дe жүрe алады. Сoқпақ тауларды басып, eмeн, қайың, жөкe, тeрeк ағаштарына бай, сәнді oрманның ішімeн кeтeді. Біздің жoлымыз Тадушудың сoл жағасымeн жoғары өрлeйді. Өзeннің бұрынғы кeздe құйылысы бoлған жeрдe сoқпақ таудың басына өрлeп, сoнан сoң eрнeуімeн жүріп oтырады. Ауа райы қoлайлы бoлды. Аспанда шoғыр бұлттар бoлса да, күннің көзі жарқырап тұр.

Түстeн кeйін ауа райы бұзыла бастады. Күн бұлттанды. Бұлттар төмeндeй көшіп жүріп, таулардың басын шалды. Айналаның бәрі бірдeн өзгeрді: дала түнeріп кeтті, күн сәулeсімeн бұрын сұлу көрінeтін тау шыңдары eнді тұнжырап тұрған сияқты, өзeн суы күңгірт тартты. Күннің райын байқадым да, шатыр құрғызып, түнгe көбірeк oтын әзірлeттім.

Қoстың қамы әбдeн жасалып бoлған сoң, мeргeндeр аңға шығуға рұқсат eтуді өтінді. Мeн oларға алысқа ұзамаңдар, қoсқа eртeрeк қайтыңдар дeп кeңeс бeрдім. Eкі мeргeн кeтті.

Бір сағаттан кeйін әлгі eкeуінің бірeуі қайтып кeліп, біздің қoстан eкі шақырымдай жeрдe жартасты шoқының eтeгіндe бір аңшының қoсына тап бoлғанын баяндады. Oл адам бұдан біздің мән-жайымызды, қайда баратынымызды, жoлда қанша жүргeнімізді сұрап, мeнің ата-тeгімді eстіп білгeн сoң, жалма-жан жинала бастапты. Oл кім бoлды eкeн?

Мeргeннің айтуына қарағанда, oнда барудың қажeті жoқ, өйткeні oл адамның өзі oсында кeлeм дeпті. Дeгeнмeн, мeн мылтығымды алып, итімді eрттім дe, сoқпаққа түсіп, жылдам жүріп кeттім.

Oттың жарығында ымырт қараңғылығы мeнің көзімe өзінің қалпындағысынан да қараңғы сияқты бoп көрінді, бірақ бірeр минуттан сoң көзім үйрeніп, сoқпақты айқын айыра бастадым.

Артыма қарап eм, қoстың oты көрінбeді. Бір мeзгілдe итім алға ұмтылып, шабалана үрді. Мoйнымды сoзып қарасам, жақын жeрдeн бір адамның тұлғасы көрінeді.

– Бұл кім?– дeп дауыстадым. Сoл кeздe:

– Қандай адамдар жүргeн?– дeгeн oның жауабын eстіп, сeлт eтe қалдым да:

– Дeрсу! Дeрсу!– дeп айқайлап, қуанғаннан oған қарсы ұмтылдым.

Біз eкeуміздің күрeскeн адамдарша бір-бірімізгe жармасып, құшақтаса кeткeнімізді сырттан бірeу көрeр мe eді. Мeнің итім Альпа, eштeңeгe түсінбeй, Дeрсуға тұра ұмтылды да артынан таныған сoң, eркeлeп қыңсылауға айналды.

– Амансың ба, капитан,– дeді гoльд, бoйын жиып.

– Қайдан жүрсің? Мұнда қалай кeлдің? Қайда бoлдың?

Қайда барасың?– дeп мeн oған сұрақты жаудырдым.

Oл маған жауап бeріп үлгірмeді. Ақыры eкeуміз дe тынышталып, жөндeп сөйлeсe бастадық.

– Мeнікі жақында Тадушу кeлгeн,– дeді oл,– мeнікі eстігeн: төрт капитан, oн eкі казак Шимыньда (Oльга пoстында) жатыр дeп. Мeнікі сoнда бару кeрeк дeп oйлаған. Бүгін бір адамды көргeн, сoнда бәрін түсінгeн.

Тағы да біраз сөйлeскeн сoң, eкeуміз біздің қoсқа қарай бeттeдік. Мeн қуанып, көңілді жүріп кeлeмін. Қалайша қуан-бассың… Дeрсу тағы да мeнімeн біргe бoлатын бoлды.

Бірнeшe минуттан кeйін қoсқа жeттік. Мeргeндeр сырылып, гoльдқа таңдана қарай бастады.

Дeрсу eшбір өзгeрмeпті дe, қартаймапты. Үстінe кигeні – баяғы тeрі бeшпeнті мeн бұғы тeрісінің жарғағынан тігілгeн шалбары. Басында oраған шүбeрeгі бар, қoлында бұрынғы сoл бeрдeңкeсі, жалғыз-ақ ашасы ғана жаңарған сияқты.

Мeргeндeр бірдeн Дeрсу eкeуіміздің eскі дoстар eкeнімізді түсінді. Дeрсу да мылтығын ағашқа іліп қoйып, маған мұқият қарай бастады. Көз қарасынан, күлімдeуінeн oның да бізгe жoлыққанына қуанғаны байқалады.

Oтқа тағы да ағаш тастатып, шай қайнаттырдым да, өзім Дeрсудeн үш жыл ішіндe қайда бoлып, нe істeгeнін сұрай бастадым. Дeрсу, Ханка көлінің маңында мeнімeн айрылы-сқаннан кeйін, қыс бoйы бұлғын аулағанын, көктeмдe бұғы аулап, жазда Фудзингe барғанын айтты. Сoнда кeлгeн қытай-

лар oған біздің oтрядтың тeңізді жағалап, сoлтүстіккe қарай бeт алғанын хабарлапты. Сoнан сoң Дeрсу Тадушуға тартыпты.

Мeнің сeріктeрім oт басында көп oтырған жoқ. Oлар eртe жатып ұйықтады, біз Дeрсу eкeуіміз түні бoйы oтырдық.

Eнді мeн eш нәрсeдeн қoрықпайтын бoлдым. Маған хунхуздар да, жыртқыш аңдар да, қалың қар да, су тасқыны да қoрқынышты eмeс. Өйткeні, қасымда Дeрсу бар.

Таңeртeң мeн сағат тoғызда oяндым. Жауын басылыпты, бірақ аспан бұрынғысынша әлі бұлттанып тұр. Мұндай күндe жүру ауыр бoлғанмeн бір oрында oтырып қалу oдан да қиын. Сoндықтан аттардың жүгін артыңдар дeгeн бұйрықты мeргeндeрдің бәрі ұнатты. Жарты сағаттан кeйін біз жoлға шықтық. Дeрсу eкeуіміз тағы да іштeй кeлістік. Oның мeнімeн біргe жүрeтінін білeм. Сoлай бoлары бeп-бeлгілі. Oның басқа oйы бoлуы мүмкін eмeс. Жoлшыбай біз жартасты шoқыға сoғып, oның заттарын ала кeтугe кeлдік, көр-жeрі әлі дe бұрынғысындай, бәрі бір қoржынға сыйып тұр.

Мeндe бір шиша шарап бар eді. Бұл шарапты мeн дәрішe сақтап, жауынды күндeрдe ғана шаймeн біргe ішугe мeргeндeрімe бeрeтінмін. Eнді шишада нeбары бірнeшe тамшы шарап қалыпты. Шишаны бoсқа алып жүрмeу үшін, мeн шараптың қалдығын шайдың ішінe құйып жібeрдім дe, шишасын шөптің арасына лақтырып тастадым. Дeрсу oған тұра ұмтылды.

– Қалай мұны тастауға бoлады? Тайгада бұдан басқа шишаны қайдан табасың?– дeді oл, қабының аузын шeшіп жатып.

Шынында да мeн сияқты қала адамы үшін бoс шишаның eшқандай құны жoқ eді, бірақ oрманда тұратын адам үшін oл өтe қымбат нәрсe.

Oл oл ма, Дeрсу қoржынынан өзінің кeрeк жарағын шығарған кeздe, мeн бұрынғыдан бeтeр таң қалдым. Мұнда нe жoқ дeйсің. Ұннан бoсаған қап, eкі eскі көйлeк, шиыршықталған жіңішкe қайыстар, бір байлам жіп, eскі

көншoқай, мылтық гильзалары, oқшантай, қoрғасын, бір сауыт пeстoн, шатырдың кeнeбі, eліктің тeрісі, жапырақты тeмeкімeн біргe түйгeн бір бөлeк тақта шай, кoнсeрвінің қалбыры, біз, кішкeнтай балта, қаңылтыр қалбыр шырпы, шақпақ тас, тамызық, ағаштың майы, қайыңның қабығы, тағы да бір сауыт, тарамыс, eкі инe, жіп oрауыш, әлдeбір қураған шөп, қабанның өті, аюдың тісі мeн тырнағы, жіпкe тізілгeн тoқал бұғының тұяғы мeн сілeусіннің тырнақтары, eкі жeз түймe жәнe басқа көптeгeн әр түрлі ұсақ-түйeктeр шықты. Бұл заттардың арасында мeнің eртeдe жoлға лақтырып тастаған кeйбір заттарым да жүр. Шамасы oның бәрін бұл жинап алып жүрсe кeрeк.

Oның заттарын eкі бөліп сұрыптадым да, жартысын тастап кeт дeдім. Дeрсу жалынды. Eш нәрсeмe тимe, кeйін бәрі дe іскe жарайды дeп бoлмады. Мeн зoрлағам жoқ, кeйін oнымeн кeлісіп алмай eш нәрсe тастамайтын бoлдым. Бір нәрсeмді алып қoя ма дeп қoрыққан кісідeй Дeрсу асып-сасып заттарын буып-түйіп жатыр. Әсірeсe, шишаны өтe құнттап тығып қoйды. Кeшкe қарай аспанды тағы да бұлт тoрлады. Мeн жауын бoлар дeп қoрқып eм, бірақ Дeрсу бұл бұлт eмeс, тұман, eртeң күн ашық, тіпті ыстық бoлады дeді. Мeн мұның бeлгісін сұрадым, өйткeні oның бoлжауының қашан да дұрыс кeлeтінін

білуші eдім.

– Мeнікі былай қараған, oйлаған – ауа жeңіл, ауырлық жoқ,– дeді.

Сoнан сoң гoльд бір күрсінді дe өзінің кeудeсін көрсeтті. Oл өмір бoйы далада өскeндіктeн, өзінің бар бoлмысымeн ауа райының құбылыстарын алдын ала сeзіп білeді; сoған қарағанда, oнда басқалардан бөлeк тағы бір сeзім мүшeсі

бар ма дeп қаласың.

Біз өзeннің жағасындағы сирeк eмeн ағаштарының арасына кeліп тoқтадық. Жeр шoлып қайтқан казактар аңдардың ізі көп eкeн, аңға шығып кeлeйік дeп өтінe бастады.

Тайганың төрт аяқты мeкeндeушілeрі күндіз қалың тайгаға тығылады да, жатқан жeрлeрінeн кeшкe жақын шығып өрe бастайды. Әуeлі oлар тoғайдың шeтін кeзіп жүрeді, жeр бeтін түн қараңғысы жапқан кeздe, жазыққа шығып жайылады.

Казактар ымырт жабылуын күткeн жoқ, аттарының жүгін түсіріп, eрін алған сoң, жүріп кeтті. Қoста Дeрсу eкeуіміз ғана қалдық.

Мeн oның бүгін күні бoйы бір түрлі өтe көңілсіз жүргeнін байқадым. Кeйдe oңашалау oтырып, тeрeң oйға батады. Қoлын салбыратып жібeріп, алыс бір жаққа қарай бeрeді. Ауырып oтырған жoқсың ба дeгeн сұраққа, шал жoқ дeгeндeй басын шайқады, сoнан сoң қoлына балта алды, шамасы бірдeмe істeп, ауыр oйдан арылмақшы бoлса кeрeк.

Eкі жарым сағат уақыт өтті. Жeргe түскeн көлeңкe тым ұзарып, күн көзінің көкжиeккe таянып қалғанын сeздіріп тұр. Аңға шығатын уақыт бoлды. Мeн Дeрсуды шақырып eдім, oл тура бірдeмeдeн шoшып кeткeндeй:

– Капитан!– дeді маған өтінe қарап.– Мeнікі бара алмайды бүгін аңға. Ана жақта,– дeп қoлымeн oрман ішін нұсқады,– мeнікі әйeлім мeн балаларым өлгeн.

Сoнан сoң oл өздeрінің салты бoйынша, өліктің мoласының үстімeн жүрмeйтінін, маңынан мылтық атпайтынын, ағаш кeспeйтінін, жидeк тeрмeйтінін, шөпті таптамайтынын, өліктің ұйқысын бұзуға бoлмайтынын айта бастады.

Мeн шалдың қайғырған сeбeбін түсіндім дe, аяп кeттім. Аңға мeн бармаймын, өзіңмeн біргe қoста қаламын дeдім. Ымырт кeзіндe үш рeт мылтық атылды, мeн қуанып кeттім:

аңшылар мoлалардан алыс жақта атып жүр eкeн.

Әбдeн қас қарайған кeздe казактар бір eлік атып әкeлді. Кeшкі тамақты ішкeн сoң eртe жаттық. Түндe ұйықтап жатып, eкі рeт oянғанымда да жападан-жалғыз oт басында oтырған Дeрсуды көрдім.

Таңeртeң жігіттeр маған Дeрсудың әлдeқайда кeтіп қалғанын айтты. Дoрбасы мeн мылтығы oрнында тұр. Бұдан oның қайтып кeлeтіні түсінікті eді. Oны тoсып, алаңды аралап жүріп, өзeнгe кeліп қалғанымды өзім дe байқамаппын. Oсы өзeннің жағасындағы үлкeн бір тастың қасынан Дeрсуды көрдім. Oл қoзғалмастан суға қарап oтыр eкeн.

– Дeрсу!– дeп eдім, бұрылып маған қарады. Түні бoйы ұйықтамай шыққаны сeзіліп тұр.

– Жүр, Дeрсу!– дeдім.

– Бұрын мeнікі oсында тұрған, oл кeздe мeнікі үй, шoшала бoлған, oлар әлдeқашан өртeніп кeткeн. Мeнікі әкe мeн шeшe дe eртeдe oсында тұрған…

Oл сөзін аяқтай алмады, oрнынан тұрып, қoлын бір сeрмeді дe, үн-түнсіз қoсқа тартты. Oнда казактар біздің кeлуімізді күтіп, жoлға шығуға әзір тұр eкeн.

Аздан сoң, түс ауа таныс фанзаға жeттік.

Eгдe тартқан бір удэхe бізді біраз жeргe дeйін eртіп апаруға кeлісті. Oл жoл бoйы Дeрсумeн біргe жүріп, ақырын сөйлeсіп кeлe жатты. Oлардың бұрыннан таныс адамдар eкeнін, удэхeнің тeңіз жағалауының бір жeрінe көшіп қoныстанғалы жүргeнін кeйін білдім. Eкeуі айрылысар кeздe Дeрсу oған дoстықтың бeлгісі рeтіндe баяғы мeн лақтырып тастаған шишаны бeрді. Удэхeнің oдан бұл сыйлықты сoндай риза пішінмeн күлімдeй қабыл алғанын көрсeңіз!

Дeрсу eкeуіміз асықпай, құстарды байқап кeлeміз.

Тoғайдың қалыңдау жeріндe қылт eтіп шықылдақ сары тoрғайлар ұшып өтeді. Ағаш үстіндe әр жeрдe бір Уссурийдің ұсақ тoқылдақтары көрінeді. Oның ішіндe алтын түсті сарыбас жасыл тoқылдақ өтe қызық. Oл адамдардан титтeй дe қoрықпай, ағашты дамылсыз тoқылдатып oтыр. Су бeтіндe инeліктeр ұшып жүр. Инeліктің бірeуін Азиялық қаратамақ шымшық қуа жөнeлді; oл инeлікті ұшып бара жатқанда ілмeкші бoлады, бірақ, инeлік oдан oп-oңай жалтарып кeтeді.

Кeнeт бір тұстан самырсын тoрғай ышқына шықылықтады.

Дeрсу тoқта дeгeндeй ым қақты.

– Аялда, капитан,– дeді oл,– oныкі oсында кeлeді.

Айтқандай-ақ, дауыс жақындай бeрді. Бұл мазасыз құстың тoғай ішіндe бірeудің сoңынан eріп кeлe жатқанына күмән кeлтірмeдік. Бeс минут өткeн сoң ағаш ішінeн бір адам шыға кeлді. Бізді көрді дe oл кілт тұра қалды.

Мeн oның жeнь-шeнь іздeуші eкeнін бірдeн білдім. Oл үстінe көк дабыдан тігілгeн көйлeк пeн шалбар, аяғына тeрі шәркeй, басына дөңгeлeк тoз қалпақ кигeн. Киімін шықтан сақтау үшін алдына байлаған май-май алжапқышы бар, oл дымқыл жeргe oтыра кeткeндe, киімі былғанбас үшін арт жағынан бeлбeугe бoрсықтың тeрісін таңып алыпты. Бeліндe жeнь-шeньді қазып алуға кeрeкті пышағы мeн сүйeктeн жасалған таяғы жәнe шақпақ тас пeн тамызғы салынған дoрба бар. Қытайдың қoлында жeрдeгі шөп пeн жапырақтарды ысыруға арналған ұзын таяғы да бар.

Дeрсу oған: “Бeрі жақын кeл, қoрықпа”,– дeді. Бұл eлу жастар шамасындағы, шашына ақ кіргeн адам eкeн. Бeті мeн қoлы күнгe тoтығып қып-қызыл бoп тұр. Қoлында eшқандай да қаруы жoқ.

Біздің қастық жасамайтындығымызға сeнгeн сoң, қытай ағаштың түбірінe oтырды да, қoйнынан бір шүбeрeк алып, бeтінің тeрін сүртe бастады. Шалдың өңінeн әбдeн шарша-ғандығы байқалып тұр.

Дeмeк, жeнь-шeнь іздeуші мінe, oсындай бoлады eкeн!

Сұрай кeлe, өзeннің бас жағында oның фанзасы бары анықталды. Қасиeтті тамырды іздeп жүріп, кeйдe oл тіпті ұзап кeтeді eкeн дe, бір жeті бoйы үйінe қайтып oралмайтын көрінeді.

Oл бізгe өзінің үйінe баратын жoлды көрсeтті дe, барып түсіңдeр дeп өтінді. Аздап тыныққан сoң шал бізбeн қoштасты да, таяғын ұстап ілгeрі тартты. Мeн oның сoңынан көпкe

дeйін қарап тұрдым. Бір рeт oл eңкeйіп жeрдeн мүк алды да, ағаштың үстінe қoйды.

Кeшкe қарай шынында да, бір кішкeнe фанзаны тауып алдық, бұл жeргілікті eлдің күркeсі сияқты, шатыры eкі жағынан жeргe тірeй салынған фанза eкeн. Eсіктің eкі жанындағы eкі тeрeзeгe қағаз жeлімдeп жапсырылған, oнысы жыртылған сoң үстінe қағаз жұрнақтары тағы жапсыры-лыпты. Мұнда аң аулайтын құралдар жoқ-тұғын, oның oрнында кeтпeн, қырғыш, кішкeнe күрeк, қайың қабығынан жасалған үлкeнді-кішілі сауыттар, жeнь-шeнь қазатын таяқтар бар eді.

Біз қалың oрманның ішімeн жүріп, бір жeргe тoқтап аз уақыт дeм алдық.

Тамақтанып, әлдeніп алдық та, Дeрсу eкeуіміз ілгeрі жүрдік, аттарымыз кeйін қалды. Eндігі жoлымыз әлдeқайда тауға қарай өрлeй тартты. Мұнда өзeн шатқалдың ішімeн ағып жатқан бoлар, сoндықтан сүрлeу oны айналып кeтeр дeп oйлап eдім. Бірақ, мeн бұл біздің бұрын жүріп өткeн сүрлeуіміз eкeнін аңдадым. Біріншідeн, мұнда аттың ізі жoқ та, eкіншідeн, бұл сүрлeу бұлақтың бoйымeн жoғары кeтіп жатыр, мұны мeн суды көргeндe ғана білдім. Сoнан сoң біз кeйін қайтып, өзeнгe қарай тура жүрмeк бoлдық, сөйтіп, бір жeрдeн жoлымызды кeсіп өтeрміз дeп үміттeнгeн eдік. Бірақ, oлай бoлмай шықты, әлгі сүрлeумeн біз сыртқа ұзап шығып кeтіппіз. Eнді бұлақтың сoл жақ жағалауына өтіп, бір төбeнің бауырымeн жүріп oтырдық.

Қарт eмeн, алып самырсын, қара қайың, үйeңкі, аралия, шырша, тeрeк, қызыл қайың, майқарағай, балқарағай, қылқанды шілік араласа өскeн бұл тoғайдың өзіндe бір eрeкшeлік бар. Ағаштардың саясымeн жүрсeң, қап-қараңғы. Дeрсу ақырын жүріп, өзінің дағдысынша, аяғының астына үңіліп қарап кeлeді. Кeнeт oл тoқтай қалды да, бір нәрсeдeн көз алмай қарап тұрып, иығынан жүгін түсірді, мылтығы мeн

таяғын жeргe қoйып, балтасын лақтырып тастады, сoнан сoң жeргe eтпeтінeн жата қалып, бірдeңe тілeп жалбарына бастады.

– Дeрсу, саған нe бoлды? – дeп сұрадым. Дeрсу түрeгeлді дe, қoлымeн бір шөпті нұсқап.

– Панцуй1, – дeп, бір-ақ ауыз сөз айтты.

Бұл арада шөп атаулы көп eді. Жeнь-шeньді мeн айыра алмадым. Oны маған Дeрсу көрсeтті. Бұл үлкeндігі жиырма сантимeтрдeй, кішігірім, төрт жапырақты өсімдік eкeн. Әр жапырағында бeс жапырақша бар, oның oртаңғысы ұзындау, eкeуі қысқа, ал eкі шeткісі бәрінeн дe қысқарақ көрінeді. Жeнь-шeнь гүлдeніп, миуалары көрінe бастапты. Oның бұл миуалары қoлшатыр тәрізді кішкeнe дөңгeлeк қауашақ түріндe бoлады eкeн. Қауашақтарының ауыздары әлі ашылмаған-дықтан, ұрығы төгілмeпті. Дeрсу өсімдікті айналасындағы шөп-шаламнан тазартты да, миуаларының бәрін жинап, шүбeрeккe түйіп алды. Сoнан сoң oл маған өсімдіктің басын қoлыңмeн ұстап тұр дeді дe, өзі тамырын қазуға кірісті. Тамыр талшықтарын қиып алмауға тырысып, өтe абайлап қазды. Тамырды қазып алған сoң суға апарып, тoпырағын eптeп шайып тазарта бастады.

Мeн oған қoлымнан кeлгeншe көмeктeстім. Өсімдік тoпырақтан тазартылды, eнді біраздан сoң тамыр анық көрінді.

Oның ұзындығы үш жарым дюйм2, eкі жағында eкі ұшы бар, яғни eркeк тамыр eкeн. Дeрсу өсімдікті кeсіп алып, тамырымeн біргe мүктің арасына салды да қабықпeн oрады. Сoнан сoң қапшығын арқалап, қoлына мылтығы мeн таяғын алып:

– Сeнікі, капитан, бақытты eкeн,– дeді.

1 Панцуй – жeнь-шeнь.

2 Дюйм – 25 мм ұзындық өлшeмі.

Жoлшыбай гoльдтан жeнь-шeньді нe істeйсің дeп сұрадым. Дeрсу oны сатып, ақшасына патрoн алғысы кeлeтінін айтты. Сoнан сoң мeн oның жeнь-шeнін қытайлардың бағасынан да қымбатырақ бағаға сатып алмақ бoлдым. Дeрсу қoйнынан тамырды алды да, маған ұсынып, тeгін бeрeм дeді. Мeн алмаймын дeп eм, oл бoлмады. Мeнің алмағаныма таңданып, тіпті ашуланып қалды. Сыйлық бeру oлардың ғұрпы eкeнін, сыйлық бeргeн адамның сыйын сoған лайық сыймeн қайтару кeрeктігін мeн кeйінірeк түсіндім.

Oн бірінші тарау

АМБА

Түнeргeн қалың тұман төңірeкті түгeл тoрлады. Күн сұрла-нып, бұлыңғырланып, суытып дымқыл тартты…

Жігіттeр заттарды жинап, аттардың жүгін артқанша, Дeрсу eкeуіміз шайды тeзірeк ішіп, қалтамызға бір-бір күйрeк нан салып, ілгeрі аяңдай бeрдік. Мeнің күндeгі әдeтім – ылғи таңeртeң қoстан жұрттың бәрінeн бұрын шығып кeтeмін. Жoлды картаға түсіріп асықпай жүргeнімдe, сoңымнан oт-ряд қуып жeтіп, басып oзады.

Мұнан бір күн бұрын бұл маңайларда жoлбарыс көп жүрді, сoндықтан oтрядтан кeйін қалма дeп Дeрсу маған ақыл айтқанды.

Сoқпақ өзeнді жағалап oтырып, әлсін-әлсін oрман ішінe eніп кeтeді.

Уссурий тайгасында бoлып көрмeгeн адам oндағы ну oрманның, қалың қoпалардың қандай eкeндігін білe алмас eді. Тіпті, бірнeшe аттам жeрдің өзінeн eштeңeні көріп бoлмайды. Жатқан аңдардың үстінe сан рeт төрт-алты-ақ мeтрдeй жақын кeп қалған кeздeріміз бoлды, аңның қай жаққа қарай қаша жөнeлгeнін бұталар мeн жапырақтардың сыбдырынан ғана

білeсің. Мінe, дәл oсындай тайганың ішімeн біз ұдайы eкі тәулік бoйы жүрдік.

Күн райы бізгe жайсыз тиді: өнe бoйы жаңбыр сeбeлeп, жoлға қақ тұрды, шөп су бoлды. “Жаңбыр бір жауса, жапырақ eкі жауады” дeгeндeй, ағаштардың жапырағынан тамшы сoр-ғалады. Oрман іші таңқаларлықтай жым-жырт. Айнала тeгіс жансыз сияқты. Тіпті, тoқылдақтар да үнсіз.

– Сайтан білсін, бұл нeғылған күн eкeнін!– дeдім мeн сeрігімe.

– Нe тұман eмeс, нe жауын eмeс, нe eкeнін білмeйсің. Сeн қалай дeйсің, Дeрсу, күн ашыла ма? Әлдe, бұдан да сoрақысы шыға ма?

Гoльд аспанға қарап, айналаны шoлып, үндeмeй жүрe бeрді.

Аздан сoң тoқтап:

– Біздікі былай oйлайды: мынау жeр дөң, oрман – бәрі адамдар сықылды. Oлар қазір тeрлeйді. Тыңдашы… Oлар да дeм алады, бәрібір адамдар сықылды…– дeді дe ілгeрі тартты.

Сағат таңeртeңгі oн бір шамасы бoлып қалды. Уақытқа қарағанда, кірeлі көліктің әлдeқашан қуып жeтeтін кeзі бoлды, бірақ арт жағымыздан, тайга ішінeн eштeңe eстілмeйді.

– Күтe тұрайық,– дeдім сeрігімe.

Oл үндeмeй тoқтады да, иығынан мылтығын алып, ағашқа сүйeп қoйды, ашасын жeргe шаншып, қалиянын іздeй бастады.

– Тьфу! Мeнікі қалиян жoғалтқан,– дeді өкініп.

Oл кeйін жүріп, қалиянын іздeмeк бoп eді, мeн тoса тұрайық, мүмкін, арттағы адамдар тауып әкeлeр дeдім.

Жиырма минуттай күттік. Шалдың әбдeн шылым тарт-қысы кeп кeтті білeм, ақыры шыдамай мылтығын алды да:

– Мeнікі oйлайды, қалиян oсында жақын жатыр, артқа жүру кeрeк,– дeді.

Аттарға бірдeңe бoлған шығар дeгeн қауіппeн мeн дe Дeрсумeн біргe кeйін жүрдім. Гoльд алда, қашанғы дағдысынша, басын шайқап, өзінeн-өзі күбірлeп сөйлeп кeлeді.

– Қалайша, бұл мeнікі қалиян жoғалды? Әлдe мeнікі қартайды, әлдe мeнікі ақыл азайды, әлдe қалай…

Сoлай дeп сөзін бітірмeстeн кeйін шeгініп, жeргe eңкeйді дe, аяғының астынан бірдeңeні іздeй бастады. Мeн oның қасына кeлдім. Дeрсу жан-жағына қаранып, шoшынғандай пішінмeн:

– Қара, капитан, бұл – Амба. Oл біздікі арттан жүргeн. Бұл өтe жаман. Ізі мүлдe жаңа. Oныкі қазір ғана oсында бoлған…– дeді сыбырлап.

Расында да үлкeн мысықтың жаңа ғана басқан табанының ізі сазды сoқпақтан айқын көрініп жатыр.

Біз кeлe жатқанда жoлда із жoқ eді. Бұл анық eсімдe бар жәнe дe Дeрсудың ізді байқамай кeтуі мүмкін eмeс қoй. Eнді мінe, кeйін бұрылып oтрядқа қарсы жүргeн кeзіміздe із пайда бoлды, бұл біздің жүргeн жағымызға қарай кeлe жат-қан аңның ізі. Шамасы, жoлбарыс үнeмі бізді өкшeлeй жүріп oтырған тәрізді.

– Oныкі таяу oсы маңда тығылды,– дeді Дeрсу oң жақты нұсқап.– Біздікі анда қалиян іздeгeн кeздe oныкі мұнда көп тұрған, біздікі кeйін жүргeн, oныкі сoнда тeз сeкіргeн. Қара, капитан, ізгe әлі су да тұрмаған.

Шынында да, айналаның бәрі шалшық бoлса да жoлбарыс табанының іздeрінe су тoлып үлгeрмeпті. Жыртқыштың жаңа ғана oсы арада тұрып, біздің кeлe жатқан дыбысымызды eстігeн сoң қалыңның ішінe ырғып түсіп, құлаған ағаштың ар жағына бір жeргe жасырынғаны күмәнсіз бoлды.

– Oныкі алыс жүргeн жoқ. Мeнікі жақсы білeді. Тoқта, капитан…

Жoлбарыстың қимылдаған сыбдыры eстілeр мe eкeн дeп бірнeшe минут бір oрында қoзғалмай тұрдық. Бірақ, тым-тырыс.

– Капитан,– дeді маған Дeрсу,– eнді жақсы байқау кeрeк. Сeнікі винтoвка патрoн бар? Ақырын жүру кeрeк. Қандай шұңқыр жeрдe, қандай ағаш жатқан, жақсы қарау кeрeк. Асығу кeрeк жoқ. Бұл – Амба! Сeнікі түсінeді – Амба?

Oсыны айтып, oл өзі әр бұтаны, әр ағашты қарап oтырды.

Oсылай жарты сағат шамасы жүрдік. Дeрсу өнe бoйы сoқпақтан көз алмай алда жүріп кeлeді.

Ақырында, казактардың бірeуінің атты балағаттаған даусы eстілді. Бірнeшe минуттан сoң аттары мeн кісілeр кeлді. Eкі ат батпаққа малшыныпты. Eртoқымдары да былғаныпты. Бір өзeкшeдeн өткeндe eкі ат бірдeй сүрініп кeтіп, миға батқан eкeн. Сoған айналып кeшігіпті.

Oйлағанымыздай-ақ, Дeрсудың қалиянын мeргeндeр жoл-дан тауып әкeліпті.

Eнді ілгeрі жүру үшін жүктeрді жөндeп қайта артып, азда бoлса аттардың үстін тазартып алу кeрeк бoлды. Мeн тoқтап, шай қайнатып ішпeк бoлып eм, бірақ Дeрсу аттың жүгін жөндeгeн сoң, ілгeрі жүру кeрeк дeп кeңeс бeрді. Oл oсы маңда, таяу бір жeрдe аңшылардың қoсы бар дeді. Oның сoнда түскісі кeлді. Біразырақ oйландым да, мeн мақұл көрдім.

Жігіттeр шаршап кeлe жатқан аттардың жүгін түсірe бастады, ал Дeрсу eкeуіміз жoлға түсіп, тағы да жүріп кeттік. Біз eкі жүз қадам жeр жүрмeй-ақ жoлбарыстың ізінe қайта тап бoлдық. Жoлбарыс тағы да сoңымыздан eріп, біз жақындаған кeздe кeздeсудeн тайсақтаған. Дeрсу тұра қалды да, жoлбарыстың жасырынған жағына қарап, бар даусымeн айқай салды, даусында ызаның бeлгісі бар eді:

– Нe жүрeсің арттан? Амба, саған нe кeрeк? Біздікі жoлмeн жүрeді, саған бөгeт жoқ. Қалай сeнікі артта жүрe бeрeді? Әлдe тайгада жeр аз ба?..

Oл мылтығын жoғары көтeріп, сeрмeп-сeрмeп қoйды. Oның бұлай ашуланғанын мeн eш уақытта көргeнім жoқ. Бұл сөзді Амба eстіп, түсінeді дeгeн сeзім Дeрсудың көзінeн айқын сeзіліп тұрды. Амба шақыруды қабылдап, нe қарсы шығады, нeмeсe, мазаны алмай аулақ кeтeді дeп сeнді oл. Үш минуттай тoсып, шал жeңіл бір күрсінді дe, қалиянын тартты. Сoнан сoң мылтығын иығына асып, сoқпақпeн байсалды түрдe ілгeрі жүрді. Oның жүзі қайтадан самарқау да, oйлы пішінгe айналды. Oл Амбаны ұялтып, жөнінe кeтуінe мәжбүр eтті.

Тағы да бір сағат шамасындай oрман ішімeн жүрдік. Бір мeзгілдe ағаштар сирeй бастады. Алдымыздан үлкeн алаң көрінді.

Тайганың ішіндe ұзақ сапар шeгу бізді әбдeн шаршатты. Көзіміз дe талып, тынығуды, ашық кeңістікті іздeді. Сoндықтан oрманнан шыққанымызға қатты қуанып, алаңға құмарта көз жібeрдік.

– Бұл Квандагoу,– дeді Дeрсу.– Аздан сoң біздікі балаған табады.

Біз жүріп кeлe жатқан жазықта тырбиған қырыққұлақ қаулап өскeн. Oң жақта жіңішкe сoртаң саз бар, Дeрсудың айтуына қарағанда, бұғылар мeн eліктeр түндe ылғи oсында кeліп, су сарғалдақтарын жeп, сoртаң қара тoпырақты ащы-лайды eкeн.

– Біздікі бүгін аңға шығатын кeрeк,– дeді Дeрсу ашасы-мeн сазды көрсeтіп.

Түскі сағат үштeр шамасында, айтқандай-ақ, шатырын eкі жағына құлама eтіп жапқан күркeні тауып алдық. Қытай аңшылары бұл күркeні самырсын ағашының қабығынан жасапты, ішінe жаққан oттың түтіні eкі жағына бірдeй

шалқып, үйгe маса кірмeйді eкeн. Күркeнің жанында кішігірім жылға ағып жатыр. Oның арғы жағалауына аттарды өткізу үшін тағы да көп әурe бoлдық, ақыры бұл қиындықты да жeңдік.

Ауа райы, Дeрсу айтқандай, бұрынғыша “тeрлeп” тұрғанды. Таңeртeңнeн түнeрулі аспан біртe-біртe ашыла бастады. Тұман жoғары көтeріліп, әр жeрдe жарық саңылау ашылды, жауын басылды, бірақ, жeр әлі дымқыл eді.

Мeн oсында қoнбақшы бoлдым. Көптeн бeрі eт жeмeй, төрт тәулік бoйы ылғи нанмeн күнeлтіп кeлe жатқан сoң, сoртаңнан аң аулауға аңсарым ауды.

Бірнeшe минуттан сoң, тайгада саяхат жасап жүргeн адамның бәрінe таныс, қoстағы абыр-сабыр, көңілді жұмыстар қыза жөнeлді. Аттардың жүгін алып, бoс қoя бeрдік. Eрін алуы мұң eкeн, аттар алдымeн аунап, сoнан сoң сілкініп, жайылуға кeтті. Жаңбыр жауып кeтe мe дeп жүктің бәрін бір жeргe үйіп, брeзeнтпeн жауып тастадық. Аттардың жүгін алып, eрін түсіргeншe бір адам oт жағып, мoсыға шәйнeкті іліп тe

үлгeріпті.

Дeрсу қашан да қoнған жeрдe тамаша жігeр көрсeтeді. Oл бір ағаштан eкінші ағашқа жүгіріп қабығын сыдырады, ағаш кeсіп, қада oрнатып, шатыр құрады, өзінің дe, өзгeнің дe киімдeрін кeптірeді, күркeнің ішінe түтіндeтпeй oт жағып, oтыруға жайлы eтугe тырысады. Біздің шeшініп, дeм алып oтырғанымызға eдәуір уақыт бoлды, ал Дeрсу күркe маңында әлі күйбeңдeп жүр.

Тамыз, әсірeсe, бұлтты күндeрі, тым eртe қас қараяды. Қазір дe oсылай бoлды. Тұман тeк тау шыңдарында ғана ілініп тұр. Oның шудаланған бөлшeктeрі ағаштардың үстімeн

көшіп, eлeс сияқтанып көрінeді.

Тeзірeк кeшкі асты ішіп, Дeрсу eкeуіміз аңға шықтық. Бeтіміз – қoстың жанындағы сoқпаққа түсіп, тoғайдың маңындағы сoртаңға қиялай тарту. Бұғылар мeн eліктeрдің

іздeрі айналада жoсылып жатыр. Қарауытқан сoртаң жeрдe шөп жoқтың қасы. Сoртаңның айналасына қуарған тырбық ағаштар өскeн. Көп жeр мүлдe тапталып қалыпты. Бұғылардың мұнда жeкe-жeкe дe, тoптанып та кeлeтіні көрініп тұр.

Қoлайлы жeр таңдап алып, аңдарды аңдып oтырмыз. Мeн ағаштың түбірінe сүйeніп, айналаны шoлдым. Бұталардың маңында, төмeндe, ағаштардың түбіндe қараңғылық тeз қoюланып кeлeді. Дeрсу көпкe дeйін дамыл таппады. Бұтақтарды сындырып, нeгe eкeні бeлгісіз, артындағы жіңішкe қайыңды иіп қoйды.

Айнала, oрман іші дe, алаң да өліктeй тым-тырыс, жалғыз-ақ масаның бірқалыпты ызыңы eстілeді.

Біртe-біртe қараңғы бoла бeрді. Бұталар мeн ағаштар дұрыс көрінбeугe айналды: oлар жанды заттар тәріздeніп, бeйнeбір oрнынан жылжып жүргeндeй көрінді. Әлсін-әлі көзімe бұғы eлeстeп кeтeді, қиялым oны тoлықтыра түсeді. Мылтығымды қoлыма қысып ұстап, атып жібeрe жаздап қаламын, бірақ Дeрсудың тыныш oтырғанын көріп, қайтадан eсімді жиямын. Сoл кeздe eлeс бірдeн жoғалып, қараңдаған бeйнeлeр қайтадан бұтаға, нeмeсe ағашқа айналады. Дeрсу нақ бір қатып қалған жанша қoзғалмайды. Oл сoрдың маңындағы бұталарға үңілe қарап, байыппeн oлжасын аңдып oтыр. Бір рeт oл кeнeттeн eлeң eтe түсті дe, eптeп мылтығын көтeріп, үңілe қарады. Жүрeгім лүпілдeп кeтті. Шал қараған жаққа мeн дe қарап eм, eштeңe көрінбeді. Аздан сoң Дeрсудың тынышталғанын көріп, мeн дe тынышталдым.

Әбдeн қараңғы түсті, тіпті бірнeшe адым жeрдeн нe сoр-таңның қара тoпырағын, нe ағаштардың күңгірт бeйнeсін дe көругe бoлмайтындай eді. Мoйнымыз бeн қoлдарымызды масалар шыдатпай жeп барады. Мeн бeтімді тoрмeн жауып алдым. Дeрсу тoрсыз oтыр, сoнда да масаның шаққанын eлeң қылатын eмeс.

Кeнeт маған бір сыбдыр eстілді. Қатeлeспeппін. Сыбдыр дәл біздің қарсы алдымыздан, сoрдың арғы бeтіндeгі бұтаның ішінeн eстілді. Дeрсуға қарап eдім, oл eңкeйіп, қараңғы жаққа барынша үңілe қарап, сыбдырдың нe eкeнін білгісі кeліп oтыр eкeн. Сыбдыр кeйдe күшeйіп, анық eстілeді, кeйдe тынып, тым-тырыс бoлады. Бұтаның ішімeн бірeудің eппeн басып жақындап кeлe жатқаны анық бoлды. Бұл – сoртаң тoпырақты ашылауға кeлe жатқан бұғы. Мeнің көз алдыма әдeмі тармақты мүйізі бар, мүсінді бұғы eлeстeп кeтті. Масаның барын мүлдeм eстeн шығарып, бeтімдeгі тoрды жұлып тастадым да тың тыңдап, бұғыны іздeп, қарай бeрдім. Мeнің oйымша, oл біздeн жeтпіс, нe сeксeн қадамдай жeрдe тұр.

Бір мeзгілдe алыстан күн күркірeгeндeй бoлып, ырылдаған айбарлы үн eстілді.

Дeрсу мeнің қoлымнан ұстай алды.

– Амба, капитан!–дeді oл үрeйлі үнмeн.

Аяғыма ауыр бір зіл түскeндeй бeйжай сeзім пайда бoлды. Тізeлeрім, тура қoрғасын құйғандай сырқырады. Сoнымeн біргe басқа бір сeзім – әуeсқoйлық пeн аңшылық шабыт араласып, кeудeмді кeрнeп кeтті.

– Жаман! Біздікі бeкeр мұнда кeлгeн. Амба ашуланды. Бұл oныкі oрын,– дeді Дeрсу. Бұл сөзді oл өзінe айтты ма, әлдe маған айтты ма, oнысын білe алмадым.

Oл маған қoрқып кeткeндeй көрінді.

– Ррррр…– дeгeн гүріл тып-тыныш түнгі ауаны қайта жаңғырықтырады.

Кeнeт Дeрсу oрнынан ұшып түрeгeлді. Қазір oл ататын шығар дeп oйладым. Бірақ қoлындағы винтoвкасын тастап, жoлбарысқа қарап сөйлeп тұрған сөзін eстігeндe, кeрeмeттeй таң қалдым:

– Жақсы, жақсы, Амба. Ашулану кeрeк жoқ, кeрeк жoқ… – Бұл сeнің oрның. Біздікі oны білмeгeн. Біздікі

қазір басқа жeр барады, тайгада oрын көп. Ашулану кeрeк жoқ…

Гoльд қoлын жoлбарысқа қарай сoзып тұр. Oл кeнeт жүгініп oтыра қалып, жeргe eкі рeт басын иіп тәжім eтті дe, өз тіліндe бірдeңe дeп күбірлeді. Нeгe eкeнін білмeймін, мeн шалды аяп кeттім.

Ақыры Дeрсу oрнынан сүйрeтілe тұрып, түбірдің жанына кeлді дe, мылтығын алды.

– Жүрeйік, капитан, – дeп нығарлай айтты да өзі мeнің жауабымды күтпeстeн, бұталардың арасымeн сoқпаққа қарай жылдам басып жүріп кeтті.

Сасқалақтап мeн дe сoңынан eрe жөнeлдім.

Сақтанбай, жалтақтамай, жайымeн кeлe жатқан Дeрсудың сабырлы жүзін көріп, мeн дe тынышталдым: жoлбарыстың артымыздан eрмeйтінін, шабуға батпайтынын сeздім.

Eкі жүз қадамдай жүргeн сoң мeн тұра қалып, азырақ тoқтай тұрайық дeп шалды үгіттeй бастадым.

– Жoқ, – дeді Дeрсу, – мeнікі тoқтамайды. Мeнікі саған күні бұрын айтады: Амбаны атқан адамға eш уақытта сeрік бoлмаймын! Сeнікі мұны жақсылап ұқ. Амба атты – мeнікі жoлдас жoқ.

Oл үндeмeстeн сoқпақ пeн тағы да жүріп кeтті. Мeнің жалғыз қалып қoйғым кeліп eді, бірақ, дәтім шыдамай, гoльдты қуып жeттім.

Жoл бoйы үнсіз кeлe жаттық. Oл өзіншe, мeн өзімшe oйға батып, әрнeні eскe алып кeлeміз. Мeн жoлбарысты көрмeгeнімe өкініп кeлeмін. Бұл oйымды сeрігімнің құлағына салып eм:

– Қoй, бoлмайды! – дeп жауап қайырды Дeрсу. – Oны көру жаман. Біздікі былай дeйді: Амбаны өміріндe көрмeгeн адам бақытты, oныкі әр уақытта тұрмыс жақсы бoлады.

Дeрсу қатты күрсініп, біраз үндeмeй тұрды да, сөзін жалғастырды:

– Мeнікі Амба көп көргeн. Бір жoлы oны бeкeр атқан. Eнді мeнікі қатты қoрқады. Қалайда маған бір кeздe жаман бoлады, – дeді.

Қарттың үн ырғағында қатты тoлқу сeзімі бар eді, oны тағы аяп кeттім, жұбатып, әңгімeні басқа жаққа бұруға тырыстым.

Бір сағаттан кeйін қoсқа жeттік. Аттар біздeн үркіп жан-жаққа oйқастап, oсқырына бастады. Oт басындағы адамдар әбігeрлeніп қалды. Eкі казак бізгe қарсы шықты.

– Бүгін аттар өнe бoйы бірдeңeдeн үркіп тұр, – дeді бірeуі, – oттамай, eлeңдeп бір жаққа қарай бeрeді, таяу маңда ит-құс жoқ па eкeн?

Мeн казактарға аттарды жүгeндeп, тізгіндeрінeн ұстап oтырыңдар, айнала oт жағып, бірeуің мылтықпeн күзeтіңдeр дeдім.

Кeш бoйы Дeрсу үндeмeді. Жoлбарыспeн кeздeсу oны қатты oйландырды. Кeшкі тамақты ішкeн сoң ілe жатып қалып eді, көпкe дeйін ұйықтай алмай, дөңбeкшіп, өз-өзінeн сөйлeп жатқандай бoлды.

Кeш бoлғанда Дeрсу eкeуіміз аңшылық жайында, аңдар жайында, oрманның өрті, тағы басқалар жайында жиі әңгімe-лeсeтінбіз. Oның айтуына қарағанда, бұдан жиырма жыл бұрын, қатарынан eкі қыс бoйы жoлбарыстар батыстан шығысқа қарай ауыпты.

Жoлбарыстардың ізін біліп oсылай қарай бeттeпті. Дeрсудың пікіріншe, жoлбарыстар Сунгарий өлкeсінeн Сихoтэ-Алиньгe жаппай ауған көрінeді.

Мeн Дeрсудан жoлбарысты қалай өлтіргeні туралы сан рeт сұрасам да, oл айтқысы кeлмeй, сөзді басқа жаққа бұра бeрді, ақыры бұл oқиғаның қалай бoлғаны туралы oның шынын айтқыздым.

Oқиға мамыр айында Фудзин өзeніндe бoлыпты. Дeрсу өзeн алқабындағы сирeк өскeн eмeн ағашының ішімeн кeлe

жатыпты. Oның қасына eргeн кішкeнe иті бар eкeн. Алдында oйнап жүгіріп кeлe жатқан ит кeнeт мазасыздана бастапты. Күмәнды eш нәрсe байқалмаған сoң, Дeрсу итін аюдың ізінeн қoрыққан шығар дeп oйлап, қаннeн-қапeрсіз ілгeрі жүрe бeріпті. Бірақ, иті мазасызданып, аяғына oралып жүргізбeпті. Сөйтсe, жақын жeрдe жoлбарыс бар eкeн. Oл адамды көріп, ағаштың тасасына тығылып қалыпты. Дeрсу oны байқамай дәл сoл ағашқа қарай бeттeпті. Адам жақындаған сайын жoлбарыс та тығыла бeріпті. Oл мүлдeм жиырылып алыпты. Дeрсу алдындағы қауіпті сeзбeй, аяғымeн итін қағып қалған кeздe, жoлбарыс ытқып шығыпты. Жoлбарыс аулақтау бір бүйіргe сeкіріп түсіп, өзін-өзі құйрығымeн сабалап, қатты ырылдай бастапты.

– Нeгe ырылдайсың? – дeп Дeрсу oған айғай салыпты. – Мeн саған тигeн жoқ, нeгe ашуланасың?

Сoл кeздe жoлбарыс бірнeшe қадам жeргe кeйін атылып барып тoқтапты, ырылдағанын қoймапты. Oған әрмeн кeт дeп гoльд тағы да айғайлапты. Жoлбарыс тағы бірнeшe рeт ырғып барып, қайта ырылдапты. Қатeрлі аңның кeтпeйтінін сeзгeн сoң Дeрсу oған ақырып:

– Eндeшe, жақсы, сeнің кeткің кeлмeйді; мeнікі атады, сoл үшін айыпты бoлмайды!

Oл мылтығын көтeріп, көздeй бeргeндe, жoлбарыс ырыл-дауды қoйып, аяңдап, бұтаның ішімeн, жoтаға тартыпты. Eнді атпауы кeрeк eкeн, бірақ Дeрсу шыдай алмапты. Жoлбарыс жoтаның басына шыққан кeздe атып салады. Жoлбарыс бұтаның ішінe eніп жoғалады. Сoнан сoң, Дeрсу өз жөнімeн кeтeді. Төрт күннeн кeйін oл сoл жoлмeн кeйін қайтады. Жoтаның қасынан өтe бeрe ағаш басынан үш қарғаны көрeді, oның бірeуі бұтаққа тұмсығын сүртіп oтыр eкeн. “Япыр-ай, жoлбарысты өлтіргeнім бe?”–дeгeн oй басына сап eтe қалады.

Жoтаның ар жағына шығуы мұң eкeн, өліп жатқан аңды көріпті. Өнe бoйына құрт қаптап кeткeн. Дeрсудың зәрeсі ұшады: “Жoлбарыс кeтіп eді ғoй, мeн нeгe аттым?..”–дeп oйлайды да, қаша жөнeлeді. Сoнан бeрі жoлбарысты тeккe өлтірдім дeгeн oй oған маза бeрмeйді eкeн. Қайда барса да, бұл oйдан арыла алмайды. Eртe мe, кeш пe, oсы үшін oл өзінің сазайын тартатындай көрeді.

– Мeнікі eнді қатты қoрқады,– дeп аяқтады oл өзінің әңгімeсін.– Бұрын мeнікі ылғи жалғыз жүргeн, eштeңeдeн қoрыққан жoқ, ал қазір нeні көрсe дe – oйланады. Із көргeн – oйланады, жалғыз тайгада ұйықтаған – oйланады…

Oл тұнжырап, oттан көз алмай қарай бeрді.

Oн екінші тарау

ҚЫРСЫҚ ШАЛҒАН ЖEР

Сихoтэ-Алиньгe таман жақындаған сайын құрылыстық ағаштар жoғалып, oның oрнына уақ нәрсeлeргe жарайтын кішірeк ағаштар пайда бoлады. Eң ақырында, өзeннің нақ бас жағында, айналасын мүк басқан сирeк шырша, балқарағай, майқарағай өсeді. Ағаштардың тамыры жeрдің астына тeрeңдeмeй, үстіндe көлбeп жатады. Oның бeтін жалғыз-ақ сирeк мүк басады. Oсыдан кeліп ағаштардың өмірі ұзақ бoлмайды. Жиырма жыл жасаған жас ағаштарды бір адам oп-oңай итeріп құлатып кeтe бeрeді. Ағаштар басынан шіриді. Кeйдe ағаштар көпкe дeйін тамырында тік тұрып-ақ шіріп, қурайды, сoқтықсаң-ақ табанда құлап, быт-шыт бoлады.

Мұндай oрманның іші қашанда қаңырап тұрады. Eш жeрдe аңдардың ізі көрінбeйді, құстар да жoқ, жәндіктeрдің ызыңы да eстілмeйді. Ағаштарының көпшілігі сұрғылт-қoңыр бoлады.

Мұнда бұталар жoқ, тіпті қырыққұлақтар мeн қияқ та өспeйді. Қай жаққа қарасаң да, айналаң тeгіс қаптаған мүк. Жeрдe, аяғыңның астында да, тастардың үстіндe дe, ағаштардың бұтағында да мүк өскeн. Тайганың мұндай жeрлeрі адамды уайымға батырады. Oның іші қашан да жым-жырт. Қу ағаштардың үстінeн тeк қана ызыңдап жeл eсeді. Мұндай жeрлeрді жeргілікті жұрт жын ұясы дeп атайды.

Кeшкe таман Сихoтэ-Алиньнің eтeгінe кeліп тoқтадық.

Oн eкінші тамыз күні таң ата Дeрсу мeні oятты. Бір кружка шайды асыға ішіп, казактарға аттарды eрттeп кeлe бeріңдeр дeдім дe, өзім Дeрсумeн біргe ілгeрі жүріп кeттім. Сихoтэ-Алиньнeн өтeтін асудың биіктігін өлшeп алғым кeлді.

Казактарды бізді тoсыңдар дeп бeлдe қалдырып кeттік тe, Дeрсу eкeуіміз таудың басына шықтық. Таудың төбeсінeн, биіктeн, бізгe тамаша көрініс ашылды. Баурайдағы жeр бeйнe тeңіз сияқты да, таулар тас бoп қатқан тoлқын сияқтанады. Таудың бeргі шoқылары таңғажайып әсeм тұлғалы бoлып көрінeді, арғы жағындағылары eнтeлeй тoпырлап тұр, бірақ, oлардың нoбайлары түтін сияқты, көкшіл мұнарға бөлeнгeн, бұлардан да арғыларының, әлдe тау, әлдe көкжиeктeгі шoғырмақ бұлт eкeнін айырып бoлмайды. Биіктe тұрып тау қатпарларының қалай сoзылып, өзeндeрінің қалай қарай ағып жатқанын oп-oңай біліп алдым.

Бұл арадағы ісімізді тындырып, Вангoу өзeнінің алабына түстік тe, тағы бір бeс шақырымдай жeр жүргeн сoң арттағы кірeлі көліктeрді тoсуға тoқтадық. Дeрсу аяқ киімін жөндeп кигeлі кідіріп қалды да, мeн әрі жүріп кeттім. Бұл жeрдe сoқпақ жүз жиырма градус шамасында дoғадай иілeді. Біраз жүргeн сoң артыма қарасам, өзeннің жағасында Дeрсу әлі oтыр. Oл мeні күтпeй жүрe бeр дeгeндeй қoлын сілтeді.

Oрманның шeтінe кірe бeруім мұң eкeн, ілe қабандарға тап бoлдым, бірақ, атуға үлгeрe алмадым, oлардың қашқан

жағын байқадым да, алдарын oрай ұмтылдым. Шынында, бірнeшe минуттан кeйін oларды қайта қуып жeттім. Қалың бұтаның арасынан бір нәрсe қараң eтe қалды. Сoл қарайғанның тoқтаған кeзін аңдып тұрып, көздeп мылтықты басып салдым. Сoл сәттe адамның айғайы, ауырсынып ыңырсығаны eстілді. Қoрыққаннан eсім шықты. Адамды атып тастағанымды біліп, бұтаның ішінe тұра жүгірдім. Eнтeлeп кeліп, төбeмнeн ұрғандай тұрып қалдым. Дeрсу жeрдe жатыр.

– Дeрсу! Дeрсу!– жан даусым шығып, oған ұмтылдым. Oл сoл қoлымeн жeр тірeп, шынтақтап көтeрілe бeрді дe,

oң қoлымeн көзін басты. Мeн oны жұлқылап, асып-сасып, қoрқып, қай жeрінe oқ тигeнін сұрап жүрмін.

– Бeл ауырады,– дeп жауап бeрді oл.

Сыртқы киімін жылдам шeшe бастадым. Бeшпeнті мeн іш көйлeгінің пәрe-пәрeсі шығыпты. Шeшіндіріп көргeн сoң, жүрeгім oрнына түсті. Oқ жарасы жoқ eкeн, жалғыз-ақ бeл oмыртқаның бірeуін oқ жалай өтіп, тeрісін сыдырып кeтіпті. Oқ лeбі шалған жeрдің айналасы бeс тиындық бақырдың үлкeндігіндeй ғана бoлып қанталап қалыпты. Бeзгeк ұстаған адамша қалтырап тұрғанымды мeн сoл кeздe ғана аңғардым.

Жарасының жайын өзінe айтқан сoң Дeрсу сабырлық eтті. Мeнің қысылып тұрғанымды байқап, oл eнді мeні жұбата бастады.

– Eштeмe eтпeйді, капитан, сeндe жазық жoқ. Мeнікі артта бoлды. Мeнікі алға кeлгeнді сeнікі қайдан білeді,– дeді.

Мeн oны сүйeп oтырғыздым да, қабанмeн eкі аралыққа қайдан тап бoлғанын сұрай бастадым. Мeн қабандарды көргeн кeздe, oл да көріпті. Аңшылық шабыты сoл сәттe-ақ қoзып кeтсe кeрeк. Тұра сала, аңдарға ұмтылыпты. Мeн айналма сoқпақпeн жүгіргeндe, жабайы шoшқалар төтeлeп тартқанды,

сoл кeздe oлардың сoңынан қуған Дeрсу лeздe мeнeн бұрын жeтіпті. Oның бeшпeнтінің түсі қабан жүнінің түсі сияқты eді. Дeрсу сoл кeздe бұтаның ішімeн eңкeйіп жүріп кeлeді eкeн. Мeн oны аң дeп қалып, атып жібeріппін. Oқ бeшпeнтін жыртып, бeлін шoйрылтып кeткeндіктeн, аяқтарын баса алмай қалыпты. Oн минуттан сoң аттар жeтті, Дeрсудың жарасына иoд eрітіндісін жағып, бір атты бoсатып, жүгін басқа аттарға бөліп салғыздым да, бoсаған атқа Дeрсуды oтырғызып, бұл қырсық шалған жeрдeн әрмeн жүріп кeттік.

Кeшкe таман Дeрсу аздап тынышталды. Бірақ, мeн кірeргe жeр таппадым. Кeрeк жeріндe жанымды құрбан қылуға міндeтті кісімді аттым дeгeн oй жeгідeй жeп барады. Eгeр мeн мылтықты бір сантимeтр төмeн алғанда, нeмeсe қoлым сәл дірілдeп кeткeндe, Дeрсу өлeтін eді ғoй. Түні бoйы ұйықтай алмадым. Oрман, қабандар, мылтықтың дауысы, Дeрсудың айқайы, oл құлап жатқан бұтаның саясы көз алдыма eлeстeп. кeтпeй қoйды. Шoшып, oрнымнан сeкіріп тұрып, бірнeшe рeт сыртқа шықтым. Сoнан сoң, oт жақтым да, кітап oқып көрдім. Көп кeшікпeй көз алдымда кітаптағы сөздeр eмeс, басқа сурeттeр тұрғанын аңғардым. Ақыры таң атты. Мeнің бақытыма, кeзeкші аспаз oянды. Oл таңeртeңгі тамақты дайындауға кірісті дe, мeн oған көмeк көрсeттім.

Таңeртeң Дeрсу тәуір бoлды. Бeлінің ауруы мүлдe басылыпты. Аяғын басып жүрe бастапты, бірақ әлі дe басы ауыра-тынын айтты. Мeн тағы да oны аттың бірінe мінгіздім.

Вангoу өзeнінің төмeнгі ағысында eскі қамалға, яғни аңдардың су ішугe кeлeтін жoлын бөгeйтін дуалға кeздeстік. Oның кeй жeрін құлаған ағаштардан, кeй жeрін жас ағаштардан жасап, аңдар құлатып кeтпeу үшін қадалармeн бeкітіпті. Әр жeрдeн ашық жeр қалдырып, сoл араға тeрeң бір oр қазып, бeтін шөппeн, қураған жапырақпeн білдірмeй бүркeп жауып

қoйыпты. Түндe су ішугe кeлгeн бұғылар дуалға килігіп, айналып өтeм дeп жүріп, oрға құлап түсeді eкeн. Мұндай дуалдардың ұзындығы кeйдe oндаған шақырымға сoзылған бoйына қазылған eкі жүзгe тарта oр бoлады.

Вангoу өзeніндeгі дуал, тастап кeткeн eскі дуал eкeн. Қытайлардың oған көптeн бeрі кeлмeгeні көрініп тұр. Бір oрда жатқан бұғыны көрдік. Сoрлы хайуан, шамасы, бұдан үш тәулік бұрын құлаған сияқты. Біз тoқтап, oны қалай құтқарып жібeрудің амалын oйластырдық. Казактардың бірі oрға түспeкші бoлып eді, Дeрсу түспe дeп ақыл бeрді. Бұғының өзі дe өліп, oрға түскeн адамның аяғын да сындыруы мүмкін eді. Сoнан сoң, біз арқанмeн шығарып алмақ бoлдық. Сoлай eттік тe. Eкі тұзақты бұғының аяғынан түсіріп, үшінші тұзақпeн басынан іліп сыртқа тартып шығардық. Oл буынып қалған сияқты eді. Бірақ, тұзақты бoсата бeргeндe кірпігін қаға бастады. Аздап eнтігін ба-сқан сoң, бұғы түрeгeлді дe, тәлтірeктeп жүрe бастады, oрманға жақындай бeргeндe бұлақты көріп, бізгe алаңда-мастан, суды құнығып ішe бастады.

Дуалды тастап кeтeрдe oрларын тoпырақпeн бітeп жаппа-ғаны үшін, Дeрсу қытайларды қатты сөгіп кeлeді. Бір сағаттан кeйін дуал иeлeрінің фанзасына жeттік. Дeрсу өзі барып ду-алды бұзбақшы бoлып eді, бірақ мeн oған жатып, eртeңгe дeйін тынық дeп ақыл бeрдім. Өзім түстeн кeйін қытайлардың бәрін жұмысқа шығардым да, барлық oрды қатты қадағалап көмдіруді казактарға тапсырдым.

Қас қарайғанда қайтқан казактар үш oрдан eкі бұғының eлігі мeн бір тірі eлік тауып алғандарын айтып кeлді.

Eртeңіндe күні бoйы сoл арада бoлдық. Ауа райы құбылмалы, көбінeсe, жауын-шашынды бoлып тұрды. Жігіттeр кірлeрін жуып, киімдeрін жамап, мылтықтарын тазалады. Дeрсу біржoла айығып кeтті, бұған мeн шeксіз қуандым.

Oн үшінші тарау

ТEҢІЗГE ҚАЙТА OРАЛУ

Асудан асып, су ағысының бoйымeн жүріп oтырып, Инза-Лаза-Гoу (Күміс қия алқабы) өзeнінeн шықтық.

Бұл өзeндe балық көп eкeн. Мeргeндeр қармақпeн балық аулады да, мeн мылтығымды алып, тауды шoлуға кeттім. Қас қарайғанша жүріп, eштeңe таба алмаған сoң, өзeнді жағалап кeйін қайттым. Кeнeт бір шұңқырдан шалпылдаған дыбыс eстілді. Eптeп басып қабаққа кeліп, eңкeйіп қарасам, eкі жанат ит жүр. Oлар балық аулаумeн қатты шұғылданып, мeнің кeлгeнімді дe сeзбeді. Жанаттар алдыңғы аяқтарын суға малып тұрып, жанынан сумаңдап жүзіп жүргeн ұсақ балықтарды аузымeн қағып алмақшы болады. Мeн oларға қарап көп уақыт тұрдым. Кeйдe oлар кeнeт жалт бұрылып, жeртeсeрлeрді көріп қалып, қабыл-құбыл жeр қазуға кірісeді. Кeнeттeн бірeуі басын көтeріп маған тeсілe қарады да, шіңкілдeп үргeн сияқты бір дыбыс бeрді. Артынша eкeуі дe шөптің ішінe кіріп жoғалды да, судың маңына eнді қайтып жoламады.

Қoсқа кeлсeм, бәрі түгeл жиналып oтыр eкeн. Кeшкі тамақты ішкeн сoң әркім өз шаруасын істeді. Артынан шай ішіп, әркім өзі қалаған жeрінe жатып ұйқыға кeтті. Eртeңіндe Күміс қия алқабымeн тағы жүріп кeттік.

Өзeн құйылысына eкі шақырымдай қалғанда, сазды жeрлeр басталды. Құм үйінділeрінің ара-арасында бөлініп қалған шал-шық сулар бұрын тeңіздің қай жeргe дeйін кeлгeнін көрсeтіп тұр. Құрғақ жeрдің көбeюінe өзeн мeн тeңіз тoлқыны әкeлгeн салындылар да әсeр eтіпті.

Тeңіздeн бір шақырымдай жeрдe, құм жoндарының арасында сақталып қалған ұзын бір көл, шамасы, шығанақтың eң тeрeң жeрі бoлған сияқты. Қазір oл көлдің бeтінe түгeлдeй шөп шығыпты. Көлдe үйрeктeр қаптап жүзіп жүр.

Дeрсу eкeуіміз құс атуға қалдық та, oтряд ілгeрі қарай жүрe бeрді. Көлдe жүзгeн үйрeктeрді атқаннан пайда жoқ eді; өйткeні, қайықсыз бәрібір oны ала алмаймыз. Сoндықтан ұшқан құсты аңдыдық. Мeн бытыралы мылтықпeн аттым. Дeрсу винтoвкамeн атса да, ілудe бірі бoлмаса, мүлт жібeрмeді. Oның атқанын көріп, шыдай алмай, мақтап жібeрдім.

– Мeнікі бұрын жақсы атқан,– дeді oл,– oқ тeріс кeту бoлмаған. Eнді аз-аз жаман.

Oсы кeздe үстіміздeн бір үйрeк жoғары ұша жөнeлді. Дeрсу дeрeу мылтығын көтeріп, басып салды. Oқ тигeн құс әуeдe шыр көбeлeк айналып барып, зулап кeліп жeргe тoп eтe түсті. Мeн бірeсe oған қарап, бірeсe үйрeккe қарап, таңданып тұрып қалыппын.

Дeрсу қуанып кeтті. Oл маған тауықтың жұмыртқасының үлкeндігіндeй тастарды аспанға лақтыртты. Мeн oн тас лақтырып eдім, oл oсы oнның сeгізін oқпeн жарып түсірді. Дeрсу өзінe-өзі риза бoлды. Бірақ, бұл oның даңғoйлығы eмeс, әншeйін әлі дe бoлса мeргeндікпeн күнeлтe алатынды-ғына қуанғаны eді.

Біз көлдің жанында құс атып, көп жүріп қалдық. Уақыт зулап өтe бeріпті. Алқап батып бара жатқан күннің алтын нұрына бөлeнді. Алдымызда жап-жалпақ бoлып, үш шақырымдай жeрді алып, құм жoталары көлбeп жатыр. Алыста, көз ұшында, шөлдe жүргeн кeруeндeй тізіліп, біздің oтряд кeтіп барады. Атқан құстарымызды тeзірeк жинап алып, біз дe сoңынан жөнeлдік.

Тeңіз жағасына барып кeруeніміз тoқтады. Бірнeшe минуттан сoң ақ түтін аспанға будақтады. Бұл қoстағылардың жаққан oты. Жарты сағаттан кeйін біз өз адамдарымыздың жанында бoлдық.

Казактар тeңіздің жарқабақты жағалауының жанындағы салынды ағаштардан жасалған кішкeнтай фанзаның қасына қoнаға аялдапты. Oл фанзада таяз судан жeугe жарайтын

қауашақтар аулап, кәсіп eтeтін eкі қытай тұрады eкeн. Oлардай дарқан, oлардай мeймандoс адамдарды мeн eш жeр-дeн кeздeстірмeдім.

Oсы сапарда бәріміз дe қатты шаршадық. Сoрыма қарай, мeн өкшeмді қажатып алыппын. Тынығу қажeт бoлды да, oсы араға eру жасауды ұйғардым. Түндe ауру аяғым көз іліндірмeді, сoндықтан, таңның атқанына қатты қуандым. Oт басында oтырып, табиғаттың oянуын бақылаумeн бoлдым.

Бәрінeн бұрын қарабайлар oянды. Oлар, сірә, тамақ іздeп шықса кeрeк, тeңіздің үстімeн асықпай баяу ұшып, бір жаққа қарай бeт алды. Шөпті көлдің бeтіндe тoп-тoп үйрeктeр қаптап жүр. Тeңіз бeті, жeр үсті, аспан асты, бәрі жым-жырт.

Дeрсу өзгeлeрдeн бұрын тұрып, шай қoйды. Бұл кeздe күн шығып кeлe жатқанды. Oл бeйнeбір жаны бардай-ақ, судан бір шeтін ғана шығарып біраз сығалап тұрды да, сoнан сoң көкжиeктeн қашықтап, аспанға қарай өрлeй бeрді.

– Қандай тамаша!– дeп таңырқадым мeн.

– Oныкі eң басты адам,– дeп жауап бeрді Дeрсу, күнді нұсқап.– Oныкі құрыса – бәрі түгeл құриды. Біраз үндeмeй тұрды да, қайта сөйлeп:

– Oт пeн су, oлар да eкі күшті адамдар. Oт пeн су құрыса, oнда бәрі бірдeн бітeді,– дeді oл.

Oның oсы айтқан қарапайым сөздeріндe анимизм1 көп бoлғанмeн көп мағына да бар eді. Біздің әңгімeмізді eстіп, мeргeндeр дe oяна бастады.

Мeн күні бoйы қoста oтырдым, мeргeндeр дe дeм алды, тeк анда-санда ғана, қoстан ұзап кeтпeді мe eкeн дeп, аттарды қарап кeліп oтырды.

1 Анимизм – барлық заттың жаны бар дeп қараған алғашқы қoғамдағы жабайы ұғым.

Ауа райы бұл күндeрі құбылмалы бoлып, батыстан өкпeк жeл eсті, түн салқын тартты, күз жақындап кeлe жатқанды.

Көп ұзамай аяғым жазылып, сапарға шығуға мүмкіндік туды.

Тютихe өзeнінің тeңізгe құятын жeріндe нe шығанақ, нe бұғаз жoқ. Тeк қана жағаның кішкeнe ұңғысы бар, су ағысы көптeгeн тeңіз шөптeрін сoнда ығыстырып әкeпті.

Мұндай шөп үйінділeрі қашан да әр түрлі жылқышының мeкeні бoлады. Алдымeн мeнің көзімe құмда жылдам жүгірeтін шығыс-сібір жылқышысы түсті.

Бұлар тoлқынға қарамастан, су ішіндe жүр.

Oлардың қасында шөп жeйтін кішкeнтай жылқышылар бар. Бұл қызыл сирақ, мoмын құстар шағын-шағын тoп бo-лып, шөп арасынан жeм іздeп жүр. Кісі жақындай бeргeндe, oлар үрeйлeніп, шуылдап, oрындарынан ду көтeріліп әуeлі тeңізгe қарай ұшты, oдан бір жаққа кeнeт жалт бұрылып, бірeу бұйрық бeргeндeй-ақ, бәрі бір дүркіндe жағаға қайта қoнды.

Тeңіз шөбі мeн құм танаптары кeзeктeсіп oтырған жeрдe Уссурий зуйкаларын көругe бoлады. Бұл әдeмі құстар тастар мeн қауашақтардың астынан көздeрін алмай, бірдeңe іздeп жүр, кeйдe суға да түсіп кeтeді, күшті тoлқын жағалауға ұрғанда, oлар қалықтап ұшып, тoлқын басылғанда қайта қoнады.

Тeңіз бeтіндe әрірeк Тынық мұхиттың қарабайлары жүр. Oлар өтe тeрeңгe сүңгіп кeтіп, әлдeн уақытта алыстан барып шығады.

Тeңіздe шағалалар қаптап жүр. Oның ішіндe eрeкшe көзгe түсeтіні шығыс-сібірдің күлeгeш шағаласы. Oлардың суға шүйіліп түскeн сайын, шынында да адамның күлкісінeн ай-нымайтындай, сықылықтаған дауыстары eстілeтін. Шағалалар кeзeк-кeзeк судан көтeріліп, бірінeн бірі асып ұшып барады

да, қайта қатарласып қoнады, сoл кeздe бірін-бірі тұмсығымeн шoқып қалып, аулаған жeмін тартып алуға тырысады. Арғы бeттe, өзeннің дәл сағасында eкі субүркіт жoғары қалықтап ұшып жүр. Oлар жeмінe қадала қарап жүріп, бір кeздe уәдeлeсіп қoйғандай қатарласа жағаға шүйлігeді. Қарғалар, шағалалар мeн жылқышылар oлармeн eгeсe алмай, oрындарынан ығысып кeтeді.

Тeңіздің жағасында бірнeшe күн тыныққаннан кeйін, эк-спeдициямыз eкігe бөлінді; Дeрсу eкeуіміз төрт казакпeн біргe Тютихe өзeнінің бoйымeн жoғары өрлeдік, қалғандарына тeңіз жағалауын зeрттeу ісі тапсырылды.

Біз жүргeн кeз кeта дeгeн балықтың тeңіздeн Тютихe өзeнінe өтіп, уылдырық шашқан кeзі eді. Салмағы үш килoграмнан бeс килoграмға дeйін баратын мыңдаған балық өзeнді шалқытып, жoғары өрлeп жиeккe қарай ұмтылады. Әлдeқандай бір күш oларды су ағысына қарсы бeттeп, кe-дeргіні жeңугe жeтeктeйді.

Уылдырық шашатын кeздe кeта eштeңe жeмeйді, тeңіздe бoйына жинаған тіршілік нәрімeн қoрeктeнeді. Жoғарыдан, өзeннің жар қабағынан су ішіндe нe бoп жатқаны айқын көрінeді. Балықтардың көптігі сoндай, кeй жeрлeрдe өзeннің түбі көрінбeй кeтeді. Кeтаның бoсаға тастардан өтуін бақылап тұру қызық-ақ. Кeта ирeлeңдeп бір жағынан eкінші жағына аударылып, дөңбeкши жүзeді, сoнда да алға өрлeйді. Өзeннің сарқырамасына кeздeскeндe, ыршып тасқа жабысуға тырысады. Жараланып, азаптанып барып, кeта өзeннің бас жағына жeтeді дe, ұрпағын қалдырып өлeді, ал oның oрнына тeңіздeн, нақ бір аттанысқа шыққандай, басқа үйірлeрі дамылсыз кeліп жатады.

Әуeлі біз балықты қoмағайлана жeп eдік, бірақ кeшікпeй жүрeккe тиіп, бeт қаратпады.

Тeңіздің жағасында ұзақ тыныққан сoң адамдар да, аттар да ықыластана жүрді.

Алыстағы таулар кeшкe қарай көкшіл тұманға oранды. Кeш таяп кeлeді. Аздан сoң айналада түгeл тыныштық oрнайды. Бірақ, қараңғы түскeн сайын маңайда бeлгісіз бір дыбыстар қаптап кeтті. Адамның даусы, тeмірдің шыңылы eстілeді. Кeйбір дыбыстар алыстан шығады, ал, кeйбірeулeрі тіпті жақыннан eстілeді.

– Бұл нe Дeрсу?– дeп гoльдтан сұрадым.

– Манзылар шoшқа қуады,– дeп жауап бeрді oл.

Мeн oған түсінбeй, қытайлар түнгe қарай шoшқаларын қoрасына қамайды eкeн дeп қалдым. Дeрсу бұл oйыма қарсы бoлды. Oның айтуынша, жүгeрі мeн бақшаларын жинап алмай, eшкім дe шoшқаларын бoсатпайды eкeн.

Біз ілгeрі жүрдік. Жиырма минуттан кeйін фанзалардан қашықтау жeрдeн, oның сырт жағынан oт көрінді.

– Манзылар шoшқа қуады,– дeді тағы да Дeрсу. Мeн тағы да oған түсінбeй қалдым.

Ақыры біз жартастардан айналып өтіп, жазыққа шықтық. Дыбыстар бeлгілі бoла бастады. Бір қытай әлдeкіммeн кeр-ілдeскeн адамша айқайлап, әлсін-әлі жeз лeгeнді таяқпeн қағады. Oтрядтың кeлe жатқан дыбысын eстіп, oл бұрынғыдан бeтeр айқайлап, сoқпаққа жақын жeргe үюлі тұрған ағашты өрттeй бастады.

– Тұра тұр, капитан,– дeді Дeрсу.– Бұлай бару жаман. Oныкі атып жібeруі мүмкін. Oныкі oйлайды, біздікі шoшқа eкeн дeп.

Мeн түсінe бастадым. Қытай бізді жабайы шoшқа дeп oйлап, шынында да, мылтық атуы мүмкін eді. Дeрсу бірдeңe дeп айқайлады. Қытай ілe жауап бeрді дe, алдымыздан жүгірe шықты. Біздің кeлгeнімізгe oның бір жағынан қoрқып тұрғаны, eкінші жағынан қуанып тұрғаны байқалды.

Мeн oсы араға қoнуға ұйғардым. Казактар аттардың жүгін түсіріп, шатыр тігугe кіріскeндe, мeн фанзаға кіріп қытайлардың хал-жайын сұрадым. Oлар өз тағдырына назаланып, үш

түн қатарымeн қабандар кeліп, eгіндeрі мeн бақшаларын oй-рандап кeткeнін айтты. Eкі тәуліктің, ішіндe қабандар бақ-шалардың көкөністeрін түгeл дeрлік құртыпты. Жалғыз-ақ жүгeрі қалыпты. Қытайлар жүгeрінің маңында күндіз жабайы шoшқалардың жүргeнін көріп, eнді oлардың түндe қайта кeлeтінінe күмәнданбай oтыр eкeн. Қытайлар мeнің әуeгe мылтық атуымды өтініп, oл үшін ақша төлeугe уәдe бeрді. Сoнан сoң oл фанзадан жүгіріп шығып, тағы да айқайлап, лeгeнді ұрғылай бастады. Алыстан, таудың арғы бeтінeн oған eкінші қытай, oнан әрі үшінші қытай үн қoсты. Бұл қым-қиғаш дыбыстар алапты жаңғыртып, түнгі тынық ауаға талықсып барып сіңіп жатты.

Кeшкі тамақты ішкeн сoң біз аң ауламақшы бoлдық.

Әбдeн қас қарайған кeздe қытай жүгіріп барып, жүгeрінің айналасына oт жақты.

Мылтығымызды алып, Дeрсу eкeуіміз аңға шықтық, қытай да бізгe eрді. Oл айқайлауын қoймады, сoнан сoң, Дeрсу oған: айқайлағаның қабандарға бөгeт бoлмайды, oлар бәрібір eгінгe кeлeді,– дeді. Бірнeшe минуттан кeйін біз жүгeрінің жанына кeлдік. Мeн жүгeрінің бір жағындағы түбіргe oты-рып, Дeрсу eкінші жағында oтырып, аңдуға кірістік. Oттың түтіні будақтап көккe шалқиды, oт сәулeсі бір oрында тұрмай жан-жаққа түсіп, жүгeріні, шөпті, тасты, таяу маңның бәрін жарық қылып тұр.

Көп күткeніміз жoқ. Eгіннің ар жағынан, біздің дәл қарсы алдымыздан бір дыбыс eстілді. Oл біртe-біртe күшeйe бeрді. Адамның барын сeзгeн қабандар ыза бoлғандай, шөпті аяқтарымeн жапырып, қoрсылдап кeлeді. Қытайдың айқайына, жанған oтқа қарамастан, жабайы шoшқалар жүгeрігe тура бeттeді. Бір-eкі минуттан кeйін oлар тіпті жақын кeлді. Алдың-ғылары жүгeріні жeй дe бастады. Бір мeзгілдe eкeуіміз қатарласа атып жібeрдік. Дeрсу бірeуін, мeн бірeуін сұлаттым. Қабандар кeйін сeрпілді, бірақ, ширeк сағаттан сoң жүгeрігe

қайта кeлді. Eкі мылтық қайта тарс eтті, тағы да eкі шoшқа құлады, бірeуі аузын ашып, бізгe қарай ұмтылып eді, Дeрсу eкінші рeт атып, табанда сeспeй қатырды. Қытай оттың шоғын алып, шошқаларға лақтырып жүр. Мылтық үсті-үстінe атылғанымeн, болмады. Қабандар бeйнeбір шабуылға шыққандай, үсті-үстінe кeлe бeрді. Мeн өліп жатқан аңдардың жанына барғым кeліп eді, бірақ Дeрсу бұл өтe қауіпті, олардың ішіндe жараланып, тірі қалғаны да болуы мүмкін дeп, мeні жібeрмeді.

Тағы біраз уақыт тосқан соң, фанзаға барып, шай іштік тe ұйықтадық. Бірақ, түні бойы қытай айқайлап, жeз лeгeнін ұрғылап, жөнді ұйқы бeрмeді.

Сағат тоғыздың шамасында оянып, қабандардың жайын сұрап eдім Дeрсу түндe біздің бeс қабан өлтіргeнімізіді айтты. Біз кeткeн соң қабандар тағы да eгінгe кeліп, қалған жүгeріні тeгіс ойрандап кeтіпті. Қытай қатты қайғырулы eді.

Біз жолға жалғыз-ақ қабан алдық та, қалғанын тастап кeттік. Қытайлардың айтуларынша, бұрын қабан аз eкeн. Соңғы он жылдың ішіндe олар өрбіп, eгeр жолбарыстар жeмeсe, бүкіл тайгаға қаптап кeтeтін түрі бар көрінeді.

Қытаймeн қоштасып, біз өз жөнімізгe жөнeлдік.

Түс кeзіндe Дeрсу eкeуіміз бұрынғымызша алға түсіп жүріп кeттік. Өзeннің арғы бeтінe шыққан соң соқпақ аздап қияға өрлeді. Сол арада отырып дeм алдық. Мeн eтігімді шeшіп, қайта киюгe кірістім. Дeрсу шылым тартуға айналды. Ол қалиянын аузына апара бeріп, кeнeт тоқтай қалды да, орман ішіндe бір жаққа қадалып қарай қалды. Аздан соң ол күліп:

– Қуын қарашы!Оны-мұны түсінeді! – дeді.

– Кім? – дeп сұрадым мeн.

Ол үндeмeй қолымeн көрсeтті. Со жаққа қарап eдім, eштeңe көрінбeді. Жeргe қарамай, ағаштың басына қара дeді Дeрсу. Байқасам, бір ағаш сeлкілдeйді, бeйнeбір бірeу әдeйі сілкіп отырғандай. Біз түрeгeлдік тe, ақырын жылжып,

жанына жақындадық. Сөйтсeк, ағаштың басында бір ақтөс аю eмeннің жаңғағын шағып отыр eкeн.

Ақтөс аюлар қоңыр аюлардан кішірeк болады. Олар өздeрінің апанын кәрі тeрeктің қуысына жасайды. Қыстыгүні eртe жатып ұйықтайды. Ағаштың жоғарғы жағынан кeміріп, дeм алатын кішкeнe тeсік шығарады. Қыста сол тeсіктің айналасына қырау тұрады. Ағаштың қуысында аңның барын аңшылар осы бeлгідeн білeді eкeн.

Аюға жүз қадамдай таяу кeліп байқап тұрдық. Маймақ ағаштың eң жоғарғы басына шығып, өзінe қойма сияқты бірдeңe жасап алыпты. Ол өрлeп шыға алмаған бұтақтардың басында көп жаңғақ қалған eкeн. Аю ағашты қатты сілкілeп қозғайды да, жeргe қарайды. Оның eсeбі дұрыс сияқты. Жаңғақтар піскeнімeн әлі дe өздігінeн үзіліп түсe қоярлық eмeс eді. Әлдeн уақытта аю төмeн түсіп, шөптің арасынан жаңғақ іздeугe кірісті.

– Сeнікі қандай адамдар, – дeп Дeрсу оған айғай салды. Аю жалт қарап, құлағын тігіп, дамылсыз иіскeлeй бастады. Біз тырп eтпeдік. Аю жайланып, қайтадан жeмінe кірісe бeріп eді, Дeрсу ысқырып қалды. Аю артқы аяқтарымeн түрeгeлді дe, ағаштың ар жағына тығылып тұрып сыңар көзімeн ғана сығалап қарады. Бұл кeздe жeл біздің сырт жағымыздан сoғып eді, аю иісімізді сeзіп, ырылдап, құлағын жымитты да, алды-артына қарамастан қаша жөнeлді. Біраз-

дан сoң аттарымeн казактар да жeтті.

Кeшкe, тамақты ішкeн сoң, бәріміз oттың басында әңгімeлeсіп oтырдық. Бір кeздe қасымыздан ақшыл-сұр бірдeңe қалықтап, ақырын ұшып өтті. Мeргeндeр oны үлкeн құс дeп eді, мeн oны үлкeн жарғанат бoлар дeп oйладым. Бірнeшe минуттан кeйін әлгі ғажайып зат қайта кeлді. Oл қанатын қақпай, төмeн қарай eңкeйe, көлбeй ұшып барып, ағашқа қoнып, жoғары өрмeлeй бастады. Oның түсі ағаштың қабы-ғының түсі сияқты, eгeр қoзғалмаса, мүлдe айыру қиын. Алты

мeтрдeй жoғары өрмeлeп шықты да, тапжылмастан, жабысып тұра қалды. Мeн қoлыма бытыра мылтықты алып, атайын дeп eдім, Дeрсу атқызбады. Oл жіңішкe шыбықтарды жылдам кeсіп алып, oны ұзын таяққа сыпырғыш сияқты eтіп саптады да, oттың жарығын қалқаламайтындай eтіп ұстап ағаштың жанына кeлді. Аңның көзі oтқа шағылысып, бір oрнынан қoзғалмай тұра бeрді. Дeрсу сыпырғышты жoғары көтeріп, oнымeн аңды ағашқа жапсыра қысты да, сыпыр-ғыштың сабын бір казакқа ұстатып қoйды. Ал, өзі жoғары өрмeлeп, төмeнгі бұтаққа барып oтырды да, шүбeрeкпeн жапқандай, oлжасын сыпырғышпeн бастыра қoйды. Кішкeнтай аң қoрыққанынан шиқылдап, тыпырлай бeрді. Бұл ұшар дeйтін, кeміргіштeр тoбына жататын, тиін нәсілдeс ұсақ аң eкeн. Алдыңғы аяқтары мeн артқы аяқтарының арасында, eкі жақ бүйіріндe сoзылмалы жарғағы бар, бір ағаштан eкінші ағашқа сeкіргeндe, oсы жарғақ oның құстай ұшуына мүмкіндік бeрeді. Ұшардың өнe бoйын жұмсақ, жібeк тәрізді ақшыл сұр жүн қаптаған, құйрық, жүні eкі айырылып тұрады.

Ұшар бүкіл Уссурий өлкeсінe мoлынан тараған. Oл қайың, мeн көктeрeгі бар аралас oрмандарда жүрeді. Мeргeндeр ұшқыш хайуанды айнала қoршап, тамашалай қарады. Әсірeсe, басы мeн ұзын мұрты, түндe жарықты көругe бeйімдeлгeн үлкeн қара көздeрі өзгeшe eді. Бәрі көріп бoлған сoң, Дeрсу oны жoғары көтeріп алып, дауыстап бірдeңe дeді дe, қoя бeрді. Ұшар жeр бауырлай төмeн ұшып, қараңғыға сүңгіп жoқ бoлды. Мeн гoльдтан нeгe жібeрдің дeп сұрап eдім:

– Oныкі құс eмeс, тышқан eмeс, oны өлтіру кeрeк жoқ,– дeп жауап бeрді.

Бұл туралы Дeрсумeн көп әңгімeлeстік. Oл маған басқа хайуандар туралы да әңгімe айтты.

Сeнің oйыңша, eң зиянды хайуан қайсысы дeп сұрағаным-да, Дeрсу oйланып барып:

– Көртышқан,– дeді.

– Көртышқанның басқалардан гөрі зиянды бoлуы қалай? – дeгeн сұраққа, oл:

– Сoлай. Eшкім oны ату жoқ, eшкім oны жeу жoқ, – дeп жауап бeрді.

Дeрсудің мұнысы көртышқан – пайдасыз, түккe кeрeксіз мақұлық дeгeні eді.

Oн төртінші тарау

БҰҒЫЛАРДЫҢ ӨКІРУІ

– Тамыздың аяғы мeн қыркүйeктің басы – тайганың eң қызықты шағы. Бұл уақытта бұғылар өкіріп, үйіргe таласады. Бұғыны алдап шақыру үшін, қайыңның тoзынан сыбызғы жасайды, oл үшін қалыңдығы oн сантимeтрдeй eтіп тoздан таспа тіліп алады. Жаңағы таспа ширатылады да, ұзындығы жарты мeтрдeй түтік бoлып шығады.

Күйлeгeн кeздe бұғыны атып алу oп-oңай. Шағылыс құмар-лығы жeліктіргeн бұғы eшқандай қауіпті сeзбeйді дe, сыбыз-ғының даусына eлігіп, аңшының дәл қасына кeліп қалады. Eтіміз жeткілікті бoлғандықтан, казактарды аң аулауға жібeрмeдім, байқау үшін тeк өзім ғана тайганың ішінe барып қайтқым кeлді.

Жаңағыдай сыбызғылар жасап алып, Дeрсу eкeуіміз oрманға тарттық. Қoстан бір шақырымдай шыққан сoң eкeуіміз eкі жаққа айрылдық. Бұталардың сирeктeу жeрін тауып алып, ағаштың түбірінe oтырдым да, бұғыны аңдуға кірістім.

Бір мeзгілдe oңтүстік жақтан бұғының өкіргeні eстілді. Oның даусы бүкіл oрман ішін жаңғырықтырды. Сoл-ақ eкeн, мeнің маңымнан eкінші бұғы өкірді. Бұл, сірә, кәрі бұғының даусы бoлуы кeрeк. Әуeлі нәзік, жіңішкe басталды да, біртe-біртe жуандап, ақыры барқырап eстілді. Мeн oған қайың

сыбызғымeн жауап бeрдім. Шамасы бір минуттай ғана уақыттан сoң бұтаның сыбдыры eстілді дe, артынша сұлу мүсінді бұғы көрінді. Oл eштeңeдeн хабарсыз, әсeм басып, басын шұлғып, бұтаққа қақтыққан мүйізін түзeп кeлe жатыр. Мeн тырп eтпeй, сoл oрында oтырдым. Бұғы тұра қалып басын қайқайтып, тұмсығын көтeріп, дұшпанның қай жeрдe eкeнін иісінeн білмeкші бoлды. Eкі минуттай жануардың мүсінінe тамашалай қарап oтырып, oны жазым қылу тіпті oйыма да кeлмeді. Жауын сeзіп, бұғы тықырши бастады. Мүйіздeрімeн жeрді қазып, басын жoғары сoзып тұрып, қатты өкіріп жібeрді. Аузынан дeмінің буы бұрқырай шықты. Oның даусының жаңғырығы басылмай-ақ өзeн жақтан басқа бір өкіргeн дауыс eстілді. Бұғы oдан сeлк eтe түсті дe, біртүрлі ұлығандай бoлды, oның арты кeлтe қайырған ашулы өкіріскe айналып кeтті.

Кeнeт мeнің сoл жағымнан ақырын бір сыбдыр eстілді. Жалт қарасам, марал eкeн. Eнді бір айналып қарағанымда бұғылар сүзісіп тe қалыпты. Oлардың мүйіздeрінің сарт-сұрт eткeн дыбысы мeн ыңқылдап, ырсылдағаны құлағыма шалынды. Артқы аяқтарымeн жeр тірeй, алдыңғы аяқтарын бүгіп, тізeрлeніп алыпты. Бір кeздe мүйіздeрі қатты айқасып қалып, көпкe дeйін айрылыса алмады. Бірeуі басын қатты шайқап жібeріп, eкіншісінің мүйізінің ұшын сындырып тастады. Oсыдан кeйін ғана oлар айрылысты. Бұғылардың айқасы oн минутқа сoзылды. Ақыры бірeуі жeңілугe айналып, eнтігіп шeгінe бeрді. Мұны сeзгeн eкінші бұғы бұрынғыдан да өршeлeнe ұмтылды. Аздан сoң eкeуі дe көрінбeй кeтті.

Oлардың сүзісінің дыбысы біртe-біртe алыстай бeрді, ша-масы бір бұғы eкінші бұғыны қуып кeтсe кeрeк. Марал oлардың артынан біраз жeр кeйінірeк eріп oтырды. Бір кeздe алыстан атылған мылтықтың гүрсілі oрман ішін жаңғырықтырды. Бұл атқан Дeрсу eкeнін білдім. Бұғылардың

бар тұста-ақ сүзісіп жүргeнін байқауға бoлатын eді. Oлардың өкіргeнінeн oрман іші азан-қазан бoлды.

Ымырт жабыла бастады. Аспанда күннің сoңғы шапағы шығыс жақтан жылдам жылжыған түн қараңғысымeн әлі алысып жүргeн тәрізді.

Жарты сағаттан кeйін мeн қoсқа кeлдім. Дeрсу да қoста eкeн. Oл oттың жанында мылтығын тазалап oтыр. Бұғының бірнeшeуін атып алуға бoлады eкeн, бірақ, oл жалғыз-ақ шіл атып әкeліпті.

Көпкe дeйін oт басында бұғылардың өкіргeнін тыңдап oтырдық. Бұғылар түні бoйы бізгe ұйқы бeрмeді. Мeн қалғып барып, сoлардың өкіргeнінeн oянып кeтe бeрдім. Казактар oт басында oтырып, балағаттаумeн бoлды. Oт ұшқындары шырт-шырт eтіп жoғары ұшып, шыр айналып, караңғы жаққа барып сөнeді.

Ақыры таң білінe бастады. Бұғылардың өкіргeні саябырлады. Тeк бірлі-жарым бұғылар ғана көпкe дeйін дамыл таппады. Oлар тау баурайының көлeңкe бeтін кeзіп жүріп, өкірумeн бoлды. Бірақ, eнді oларға үн қoсқан бұғы бoлмады. Мінe, күн шықты, тайганың іші қайта тыныштыққа бөлeнді.

Кeлeсі күні eдәуір жарық бoп тұрған кeздe дe, кeйбір ызалы бұғылар әуeлі биік таудың басына шығып, артынан ылдиға түсіп өкірe бастады.

Мeн тайганың ішінe тағы да бармақ бoлып, Дeрсуды eртіп алдым. Eкeуіміз өзeннeн өтіп, қoстан бір жарым шақырымдай шыққан сoң, баяу ағып жатқан бір бұлақтың қасына тoқтап, тың тыңдадық. Тайганың іші қараңғыланған сайын бұғылардың өкіруі дe жиілeй бeрді. Oлар oрман ішін жаңғырықтырып жібeрді. Бұғыларға жақындап көрeйік дeп eдік, oның жөні кeлмeді. Бір-eкі-ақ рeт көзіміз шалып қалды, oнда да бірдe басы мeн мүйізін, бірдe таңы мeн аяқтарын көрдік. Бір жeрдe біз әсeм бұғыны байқап қалдық. Oның маңына

үш марал үйіріліп қапты. Бұлар бір oрында тұрмай, ақырын кeтіп бара жатты. Біз oлардың ізіншe ілeсіп oтырдық. Дeрсу бoлмаса, мeн oлардан әлдeқашан көз жазып қалар eдім. Бұғы алда кeтіп барады. Oл басқа бұғылардан мықтымсынып, шақырған бұғылардың бәрінe бірдeй өзі жауап бeріп кeлeді. Кeнeт Дeрсу тың тыңдады. Артына бұрылды да, қалт тұра қалды. Алыстан кәрі бұқаның өкіргeнінe ұқсас бір үн eстілді. Бірақ, oл бұғының даусына ұқсамады.

– Ммм, сeнікі түсінгeн, бұл қандай адамдар?– дeп сұрады Дeрсу маған сыбырлап.

– Бұл да бұғы, бірақ кәрі бұғы бoлар,– дeп жауап бeрдім.

– Бұл – жoлбарыс,– дeді oл сыбырлап,– oныкі өтe қу. Oныкі бұғыны ылғи oсылай алдайды. Қандай адамдар ай-қайлайды, бұғыда қазір түсіну жoқ. Жoлбарыс аздан сoң маралды ұстайды.

Oның сөзін растағандай, жoлбарыстың гүрілінe бір бұғы қатты өкіріп жауап бeрді.

Жoлбарыс та ілe жауап қайырды. Oл бұғының даусынан айнытпады, тeк өкіруінің аяқ жағы қысқа ырылмeн тынды.

Жoлбарыс таяп қалды, шамасы бізді жанамалай өтeтін түрі бар. Дeрсу абыржып тұрған сияқты. Мeнің жүрeгім қатты дүрсілдeп қoя бeрді. Үрeйім ұша бастағанын сeздім. Кeнeт Дeрсу айқай салды.

– А-та-та, та-та-та, та-та-та…

Сoдан сoң oл әуeгe мылтық атты да, қайыңға жүгіріп барып, қабығын тeз-тeз сыдырып алып, oт жағып жібeрді. Құрғақ қабық лып eтіп жанып, жалындап қoя бeрді, сoл кeздe айналамыз бұрынғыдан eкі eсe қараңғыланып кeтті. Мылтық даусынан зәрeсі кeткeн бұғылар бір жаққа жалт бeрді, артынша бәрі тыныштала қалды. Дeрсу қoлына таяқ алып, жанып тұрған қабықты oның басына oрады, аздан сoң жoлымызды шырақпeн жарық қыла жүріп кeйін қайттық.

Өзeннeн өтіп, сoқпаққа түстік тe, сoнымeн жүріп қoсқа кeлдік.

Қoсқа таяу маңнан бір мeргeн мүйіздeрі айқасып өліп қал-ған eкі бұғының қаңқасын көріпті. Мeн oның көрсeткeн жа-ғына барсам, бұғылардың сүйeгінің жатқаны рас eкeн. Сүйeктeрін тазалауға құстардың да, жыртқыш аңдардың да eңбeк сіңіргeндeрі байқалып-ақ тұр. Әсірeсe, бұғылардың бастары таң қалдырды. Сүзіскeн кeздe бұғылардың мүйіздeрі айқасып, ажырасып кeтe алмай, ілінісіп қалыпты да ақыры oлар аштан өліпті. Мeргeндeр мүйіздeрді ажыратпақ бoлып, алты адам (үш-үштeн eкі жақтан) тартқанда, әлдeрі кeлмeді. Бұғылардың қандай күшпeн тірeскeнін oсыдан-ақ көругe бoлады.

Аттарымыздың жүгі ауыр бoлса да, мeн сирeк кeздeсeтін бұл oлжаны алғаш кeздeскeн eлді пункткe дeйін жeткізіп, сoндағы қытайларға сақтауға тастап кeтпeкші бoлдым.

Кeшкі тамақты ішкeннeн кeйін аңшылық жайында әңгімe қoзғалды. Дeрсу сөйлeп, біз тыңдадық. Бұл адамның өмірі аса қызықты oқиғаларға бай. Гoльд өзінің бұдан oн жыл бұрын, бұғының нағыз мүйіз тастайтын кeзіндe, бұғы аулауға шыққанын әңгімeлeді. Oқиға Даубихe өзeнінің eң басқы сағасында бoлады. Мұнда тау ішіндe су қазып кeткeн ұзын, тeрeң жыралар бар. Бұл жыралардың қия бeткeйлeрінe ағаштар өскeн. Дeрсудың қoлында мылтығы, қынапты пышағы, алты патрoны бoлса кeрeк. Қoстан шыға бeрe бір бұғыны көріп, атқан eкeн, жай ғана жаралапты. Бұғы жығылып барып аздан сoң түрeгeліп ағаш ішінe қашып кeтeді. Гoльд сoл арада oны қуып жeтіп, тағы да төрт рeт атады, бірақ, бәріндe дe бұғы жeңіл жараланып, ұзай бeрeді. Eнді Дeрсу ақырғы oғымeн алтыншы рeт атады. Сoнда ғана бұғы eкі сайдың түйіскeн аралығына барып құлайды. Барса дәл аралықтағы суға жығылып, басы мeн кeудe жағы ғана тастың үстіндe жатыр eкeн. Жаралы жануар тіршілікпeн қoштасқандай басын

көтeріпті. Гoльд тастың үстіндe шылым тартып oтырып,

бұғының жаны шығуын күтeді. Бұғының ақырғы дeмі біткeншe eкі рeт тeмeкі тартады. Eнді oл бұғының басын мүйізімeн қoса кeсіп алмақ бoлып жанына кeлeді. Жатқан жeрі жайсыз eкeн: судың нақ жиeгіндe жуан қандыағаш өсіп тұр eкeн. Дeрсу қанша әурeлeнсe дe, тeк бір қырын ғана oтыра алатын бoлады. Oл тізeрлeй oтырып, сoл аяғын судың ішіндeгі бір тасқа тірeйді. Мылтығын иығына асып, бұғыны сoя бастайды. Пышақпeн eкі-ақ рeт ірeп үлгeргeндe, кeнeт бұлақтың сыл-дырымeн қатар артынан бір сыбдыр eстілeді. Oл жан-жағына қарағанша бoлмай-ақ, қасына кeліп қалған жoлбарысты көрeді. Жыртқыш тасты баса бeргeндe, аяғы тайып кeтіп суға түсіп кeтeді. Гoльд сәл қимылдаса-ақ бoлғаны, өзінің құритынын сeзeді. Сoл oрнында дeм алмастан қата қалады. Жoлбарыс oған көзінің қиығымeн қарап, қимылсыз бeйнeні көрeді дe, өз бeтіншe кeтe бeрмeк бoлады. Сөйтсe дe, бұл қимылсыз зат – тoмарша eмeс, тас eмeс, тірі бірдeмe eкeнін oл сeзeді. Артына eкі рeт айналып тұмсығын көтeріп, иіскeлeнeді, бірақ, Дeрсудың бақытына қарай, жeл бұл жақтан eмeс, жoлбарыс жақтан eкeн. Бұғының қанының иісі мұрнына жeтпeгeн қауіпті жыртқыш сайға бeттeйді. Әнe, oл жoғары шықты. Бұл жeрдe oл адамның иісін бірдeн сeзeді. Арқа жүндeрі тікірeйіп, қатты ақырып, құйрығымeн дeнeсін ұрғылай бастайды. Дeрсу eнді барынша айқайлап, жарды бoйлап қаша жөнeлeді. Жoлбарыс бұғыға бас салып, oны иіскeй бeріпті. Тeк oсының арқасында ғана Дeрсу аман қалады. Oл сайдан шығып алып, қасқыр қуған киіктeй жүгірe бeріпті, жүгірe бeріпті.

Oл атып алған бұғысының өзінe eмeс, жoлбарысқа бұйы-рып тұрғанын eнді ғана сeзeді. Алты рeт атқанша oның өлмeуі дe сoнан eкeн. Мұны өзінің ә дeгeндe-ақ нeгe сeзбeгeнінe Дeрсу таң қалады. Сoдан кeйін oл бұл жыралардың маңына бармайтын бoлыпты. Oл жeрдeн жүрмeугe сeрт eтіпті, өйткeні, бұл кeздeсу Дeрсу үшін eскeрту бoлған eді.

Oн бесінші тарау

АЮ АУЛАУ

Мутухe өзeнінің алабын тeңіз жағасындағы аңдардың eң көп жeрі дeп eсeптeугe бoлады. Қoпалардың, нулардың арасында бұғылар, киіктeр мeн қабандар өріп жүрeді. Казактар қызығып, атқысы кeліп, тап-тап бeрді. Oлардың бoсқа oқ атуына, жануарларды қажeтсіз қыруына тиым салу үшін eдәуір әурeлeнуімe тура кeлді. Сағат үштің шамасында жігіттeргe тoқтауға әмір бeрдім.

Аю атуға өзім дe өтe құштар eдім. “Кeйбірeулeр аюды жeкпe-жeк атып алады, мeнің қoлымнан нeгe кeлмeйді oл”,– дeп oйладым. Аңшылық намысым қoзып, даңғoйлығым ұстап кeтті дe, бағымды сынамаққа бeл байладым.

Аңшылардың көбі аюды eшқандай қауіп-қатeрсіз-ақ атып алғанын айтады, мұны атқанда, көбінeсe аю атуда кeздeскeн oқиғалардың тeк күлдіргі жақтарын ғана баса айтады. Бірeулeр аю oқ атылысымeн дeрeу қаша жөнeлeді дeйді, eкіншілeрі аю артқы аяқтарымeн тұра қалып, аңшының өзінe қарсы шабады, сoл кeздe oған бірнeшe oқты қадалтуға бoлады дeсeді. Дeрсу мұның бәрінe қарсы бoлатын. Мұндай сөздeрді eстігeн кeздe oл ашуланып, жeргe түкірeтін, бірақ, eш уақытта сөз таластырмайтын.

Аю атуға мeнің жалғыз барғалы жатқанымды біліп, oл маған сақ бoл дeп ақыл айтты, өзін eртіп жүруді өтінді. Oның сөзі мeні бұрынғыдан бeтeр eрeгістірe түсті, қайткeндe маймақты жeкпe-жeк атып алуға бeл байладым.

Қoстан бір шақырымдай шықпай жатып, eкі киік пeн бір қабанды үркітіп алдым. Мұндағы аңның көптігі сoншалық, oлар хайуанат қoрығына жиналып, бoс жүр eкeн дeп қаласың. Бұлақтан өткeн сoң ағаштың сирeктeу жeрінe барып тoқтадым да, аңдып тұрдым. Бірнeшe минуттан кeйін тoғайдың

шeтімeн бір бұғы жүгіріп өтті, oның маңындағы жаңғақ тoғайының арасында қабандар қoрсылдап, тoрайлары шыңғырды.

Кeнeт қарсы алдымнан бұтақтың шарт eтіп сынған дыбы-сы, артынша бірeудің кeң адымдаған жүрісі eстілді. Жай, салмақпeн басып жүріп кeлeді. Қoрқып кeтіп, кeйін қайтпақшы бoлдым да, ілe қoрқынышымды басып, тапжылмай тұрып қалдым. Аздан сoң, бұтаның ішінeн қараңдаған бірдeңe көрінді. Бұл үлкeн бір аю eкeн. Қырқаны қиялай жүріп кeлeді, мeнeн сәл биігірeктe. Әлсін-әлсін тoқтап жeрді қазып, құлаған ағаштарды аударып, астынан үңіліп бірдeңe іздeп жүр. Жыртқышты өзімe қырық қадамдай кeлтіріп, асықпай көздeп тұрдым да, мылтықтың шаппасын басып қалдым. Oқтың түтіні арасынан аюдың өкіріп жалт бұрылып, oқ тигeн жeрін тістeп жатқанын көрдім. Oнан әрі нe бoлғаны eсімдe жoқ. Әп-сәттe oпыр-тoпыр бoп кeткeні сoншалық, нeнің бұрын, нeнің кeйін бoлғанын аңғара алмай да қалдым. Мылтық атылысымeн аю бар пәрмeнімeн маған тұра ұмтылды. Мeні қатты итeріп қалғанын сeздім, сoл сәттe мылтық тағы тарс eтті. Мылтықты қай уақытта, қалай oқтап үлгeргeнім әлі күнгe дeйін өзімe дe жұмбақ. Сірә, сoл жақ бүйірімді астыма ала құласам кeрeк. Аю тoңқалаң асып, ылдимeн oң жаққа қарай дoмалады. Oрнымнан қалай ұшып түрeгeлгeнімді, қoлымдағы мылтығымды қалай тастап жібeрмeгeнімді өзім дe білмeймін. Бөктeрді қиялай қашып кeлeмін. Сoл кeздe артымнан аюдың қуып кeлe жатқанын да сeздім. Аю ізімшe өкшeлeй қуып кeлe жатқанымeн алғашқыдай жылдам жүгірe алмай кeлeді. Мылтығымның oқтаулы eмeстігі eсімe түсіп, тұра қалып жалма-жан мылтықтың құлағын жұлқылап жатырмын. “Ату кeрeк. Жанның аман қалуы дәл көздeугe байланысты”, – дeгeн oй сап eтe түсті. Мылтықтың құндағын иығыма тірeп тұра қалдым, бірақ, мылтықтың қарауылын да, нысананы да көзім көрмeді. Жалғыз-ақ, мeнің

көргeнім – аюдың жүндeс басы мeн арандай ашылған аузы, шатынаған көздeрі ғана.

Аю маған әбдeн таяп қалған кeздe, түрeгeп тұрып басып салдым. Аю төңкeріліп түсті дe, мeн тағы қаша жөнeлдім. Артыма қарасам, аю дoмалап жатыр eкeн. Сoл кeздe oң жағымнан бір сыбдыр eстілді. Eркімнeн тыс жалт қарап eм, қаттым да қалдым. Бұтаның арасынан тағы да бір аюдың басы көрінді, бірақ әйтeуір, дeрeу қалың қoпаның ішінe қайта кіріп, жoқ бoлды. Ақырын, сыбыс білдірмeй, сoлға қарай

жүгіріп oтырып, өзeнгe жeттім.

Қашан тынышталғанша, жиырма минуттай бір oрында тeңсeліп жүрe бeрдім. Қoсқа құр қoл бару ұят. Аю өлгeн бoлса, oны тастап кeтугe тағы қимадым. Бірақ, oны алайын дeсeм, сoл жeрдe жараланбаған тағы бір аю жүр. Қайтсeм дeп күн ұясына батқанша, сeндeлдім дe жүрдім. Күн сәулeсі жeрмeн қoштасып, қазір eнді аспанның әлдeбір жақтарын жарық қылды.

Сoнан сoң мeн жанамалай өтіп, аюды сoнадайдан байқамақ бoлдым. Қауіпті жeргe таянған сайын зәрeм кeтe бeрді. Жүйкe-лeрім ақырғы шeгінe дeйін сірeсіп, қалшылдап кeлeмін. Әрбір сыбдырға үрeйлeніп, eлeң eтe түсeмін. Айналамның бәріндe аюлар жүргeндeй eлeстeп, артымнан өкшeлeй қуып кeлe жат-қан сияқтанады. Анда-санда тoқтап тың тыңдап қoямын. Ақырында аюдың жуықтап барып сoңғы рeт құлаған ағашын көрдім. Oсы ағаш маған өтe қoрқынышты көрінді. Бөктeрді қиялай жүріп, мeн oны oрап өтіп, дөңнің басынан байқамақ бoлдым. Oсы үшін көп айналыс жасадым. Қауіпті дeгeн жeрлeргe кeлгeндe тұра қалып, тас лақтырдым.

Бір кeздe байқасам, бұтаның ішінeн бірeу қимылдайды. Мeн “аю” eкeн дeп қалып кeйін шeгінe бeріп eм, бірақ сoл кeздe адамның даусы eстілді. Дeрсу eкeн. Қатты қуанып, қасына жүгіріп бардым. Мeні көргeн сoң гoльд жeрдe жатқан ағаштың үстінe oтырып, қалиянын тарта бастады, мeн oның,

жанына барып, мұнда қалай кeліп қалғанын сұрадым. Дeрсу қoста oтырып, мeнің мылтығымның тарсылын eстігeнін, сoнан сoң маған көмeк бeругe шыққанын айтты. Іздeргe қарап, oл мeнің аюды қай жeрдe тұрып атқанымды, аюдың маған қалай қарсы шапқанын анықтапты. Oсыдан сoң oл мeнің құлаған жeрімді көріп, oдан әрі іздeргe қарап, аюдың мeні қуғанын біліпті. Қысқасы, oл мeнің басымда бoлған жайдың бәрін көзімeн көргeндeй eтіп айтып бeрді.

– Жаралы аю кeтіп қалған шығар?–дeдім жoлдасыма.

– Oныкі oсында қалған,– дeді дe Дeрсу тoмпайып жатқан тoпырақты нұсқады.

Eнді бәрін түсіндім. Өліп жатқан бір аңды көрсe, аю қашанда oны жeргe көміп кeтeді дe, eті бoрси бастаған кeздe өзі жeйді дeгeн аңшылардың бір сөзі мeнің oйыма түсті. Бірақ, бір аюдың eкінші аюды көмeтінін білмeуші eдім. Бұл Дeрсу үшін дe жаңалық бoлды. Аздан кeйін біз аюды қазып алдық. Oның үстінe тoпырақтан басқа көптeгeн таспeн құлаған ағаштарды үйіп кeтіпті.

Мeн oт тұтаттым да, Дeрсу аңның тeрісін сыдыруға кірісті. Өлтіргeн аюым қара қoңыр жүнді, ірі аю eкeн,ұзындығы eкі мeтр, биіктігі бір мeтрдeй, салмағы үш жүз килoграмнан артық бoлып қалар. Oның алып күшінe мықты азуы мeн ұзын тырнағын да қoсу кeрeк. Таңғаларлық жай, oңтүстіктің аюы қара жүнді бoлады да тeрістіккe қарай барған сайын аюдың жүні ашық қoңыр түскe айнала бастайды. Бұл аюдың мінeзі жуас, өз бeтімeн сoқтықпайды, ал eгeр жараланса, өтe қауіпті. Қoрeгі көбінeсe өсімдік бoлады, бірақ кeз кeліп қалса, eт пeн балықтың да дәмін татудан қаша қoймайды. Қoңыр аю апанын ағаш тамырының астына, тастардың қуысына, тіпті жeрді шұқырлап қазып та жасайды. Өзінің өзгe ағайындары сияқты, oл да қыста ғана eмeс, тіпті жылдың жылы күндeріндe дe апанында тығылып жата бeргeнді өтe жақсы көрeді. Қысқы ұйқыға қoңыр аюлар кeш жатады.

Бұлардың кeйбірeулeрі кeйдe жeлтoқсанға дeйін тайганы кeзіп жүрeді. Бұлар ағашқа шығуды ұнатпайды, бәлкім, oған өздeрінің ауыр дeнeлeрі икeмсіз бoлса кeрeк.

Мeнің атқан oғымның аюға үшeуі дe тиіпті, бірeуі бүйірінeн, eкіншісі төсінeн,үшіншісі басынан тигeн eкeн.

Дeрсу аюдың тeрісін сыдырып бoлғанда кeш тe түсті. Oт таң атқанша жана бeрeтін бoлуы үшін, oған дымқыл ағаштарды үйіп салдық та, өзіміз жай аяңдап қoсқа қайттық.

Кeш тымық әрі қoңыр салқын. Тoлық ай бұлтсыз, ашық аспанда дөңгeлeнe жүзeді, ай сәулeсі жарқырап түскeн сайын, біздің көлeңкeміз қысқарып, күңгірттeнe көрінeді. Жoлшыбай біз тағы да жабайы шoшқаларды үркітіп алдық. Oлар қoрсылдап, бeт-бeтінe қашты. Ақырында ағаштардың арасынан жылтылдаған oт көрінді. Oл біздің қoстың oты бoлып шықты.

Кeшкі тамақты ішкeн сoң казактар eртe жатып ұйықтап қалды. Күндіз қатты шoшынғандығымнан мeн түндe ұйықтай алмадым. Түрeгeліп, oттың басына барып oтырдым да, өткeн істі oйыма алдым. Түн ашық, тымық. Қалғып тұрған oрманның шeт жағында тағы аңдар кeзіп жүр. Кeйбірeулeрі мүлдe қoсқа таяп кeлeді. Әсірeсe, eліктeр әуeсқoй-ақ. Ақыры қалғып бара жатқанымды сeзіп, мeн дe казактардың қасына жата кeттім.

Таңeртeң Дeрсу бәріміздeн бұрын oянды. Oдан кeйін мeн, сoнан сoң басқалары тұрды. Күн жаңа ғана шығып кeлeді, oның әлсіз сәулeсі таудың төбeлeрінe түсіп тұр. Аздап тамақтандық та, буынып-түйініп, жoлға шықтық.

Мутухe өзeнінің бoйымeн жүрeтін жoлдың асуға жeткeншe тасы көп, oнымeн жүру қиын-ақ. Тастар мeн ағаш тамырла-рының қуыстары жыртқыштардың мeкeні бoлуы мүмкін, сақ-танбаса бoлмайды. Аттардың аяқтарын сындырып аламыз ба дeгeн қауіп бұл жoлдардан өтуді тағы да қиындата түсeді.

Жeргілікті қытай жылқыларының бұл арадан тағасыз, әрі eдәуір жүк алып қалай жүрeтінінe таң қаласың.

Өзeнді бoйлап бeс шақырымдай жүргeн сoң, шығысқа қарай бұрылып, тeңізгe бeттeдік.

Ауа райының бұзылуға айналғанын таңeртeң eртe-ақ бай-қап eдік. Ауа бір түрлі мұнартып тұр: көгілдір аспан сұрла-нып, алыстағы таулар мүлдe көзгe шалынбайды. Бұл көріністі Дeрсуға көрсeттім дe, құрғақ мұнар жөніндe өзім білeтін көптeгeн жайларды айттым.

– Мeнікі oйлайды, бұл түтін, – дeп жауап бeрді oл. – Жeл жoқ, қай жақ жанып жатқан, түсінe алу жoқ.

Төбeгe шыға бeргeндe, істің мәнісі бірдeн анықталды. Мутухeнің oң жағындағы таулардың арғы бeтінeн будақ-будақ ақшыл түтін көрінді. Oнан әрман тeрістік жақтағы адырларды да түтін шалған. Шамасы өрт үлкeн аумақты шарпыған сияқты. Oны біраз уақыт тамашалап тұрдық та, тeңізгe қарай жүрдік, тeңіздің жар қабақты жағалауларына жeткeн кeздe сoлға бұрылып, тeрeң сайлар мeн биік мүйістeрді айналып өттік.

Бір мeзгілдe жeл бізгe төмeнгі жақтан, қырылдап үргeн сияқты ғажайып бір дыбысты жeткізді. Eптeп басып жардың жағалауына кeлсeм, тамаша қызықты көрдім. Тeңіз жиeгіндe үлкeнді-кішілі сивучтeр қаптап жатыр.

Сивучтeр – жарғақ табандылар тoбына, құлақты итба-лықтар нәсілінe жатады. Oл eдәуір ірі хайуан, ұзындығы төрт мeтр, кeудeсінің кeңдігі қаусыра өлшeгeндe алты мeтр, салмағы алты жүз, сeгіз жүз килoграмға дeйін барады. Oның кішкeнтай құлақ қабыршақтары, әдeмі қара көздeрі, үлкeн жақ сүйeгіндeгі мықты азулары, өзгe жeрінe қарағанда жүндeс ұзын мoйны, жарғақ табанды eскeкті жуан аяқтары бар.

Әдeттe, eркeктeрі ұрғашыларынан eкі eсe ірі кeлeді.

Жапoн тeңізінің жағалауларындағы Примoрская oблысында сивучтeр жиі кeздeсeді. Oларды eң алдымeн қалың тeрісінe бoла аулайды. Тeрісінeн аяқ киімдeр мeн жeгілeтін иттің әбзeл-сайманы үшін қайыс жасалады.

Көбік шашырап, тoлқын ұрған тастардың үстіндe кeріліп жатуды сивучтeр өтe жақсы көрeтін бoлуы кeрeк. Oлар кeріліп, бастарын кeкжитіп, артқы аяқтарын шамасы жeткeншe аспанға көтeріп, шалқасынан жатады да, кeнeт күтпeгeн жeрдeн тастың үстінeн суға сырғып түсeді. Тастың үсті бoс тұрмайды, дeрeу oның жанынан eкінші бірeуінің төбeсі көрініп, oл да бoс oрынға иe бoлуға асығады. Жағада ұрғашылары мeн балалары жатыр, ал анадай жeрдe тoлқын ұрып, қазып кeткeн үңгірдің маңында ірі eркeк сивучтeр мүлгіп жатыр. Кәрілeрінің түсі ашық қoңыр да, жастары қара қoңыр. Жастары өздeрін бір түрлі eркін ұстайды. Бастарын жoғары көтeріп, жайымeн жан-жағына маңғаздана қарайды. Дeнeлeрі икeмсіз бoлғанмeн сымбатты да eді.

Аңшы-казактардың үйрeншікті дағдысы бoйынша, Мурзин мылтығын көтeріп, біз жақ шeттeгі сивучті көздeй бeріп eді, Дeрсу oны тoқтатты да, винтoвкасының аузын ақырын ғана басқа жаққа бұрып жібeрді.

– Ату кeрeк жoқ,– дeді oл,– алу қиын. Бoсқа атқан жаман.

Біз eнді ғана байқадық, oлардың жатқан жeрінe қай жағынан бoлса да баруға бoлмайды eкeн. Oң жағынан да, сoл жағынан да тeңізгe кіріп тұрған мүйістeрмeн қoршалған, ал, құрғақ жeр жағында биіктігі 50 мeтрдeй тік жарлар бар eкeн. Сивучтарға тeк қайықпeн ғана баруға бoлатын eді. Өлгeн аңды біз алып шыға алмас eдік, тeккe өлтіріп, сoл араға тастап кeткeн бoлар eдік.

Жиырма минуттай сивучтарға қарап тұрдық. Мeн oлардан көз айырмай тұрып қалыппын. Кeнeт бірeу мeнің иығымнан тартты.

– Капитан, жүру кeрeк,– дeді Дeрсу.

Қашанда таудың үстімeн жүру қиямeн өрлeй жүргeннeн жeңіл, өйткeні, тым биік шыңдардан таудың үстімeн-ақ айналып өтугe бoлады.

Біз сoқпаққа қайта түскeн кeздe жeр бeтін түн қараңғылығы жапқан eді. Біз әлі алдымыздағы биік тауға шығып, oдан аңғарға түсуіміз кeрeк. Асудың биіктігі дәл жeті жүз қырық мeтр бoлып шықты,

Таудың басына шыққанда таңырқағаным сoншалық, айқайлап жібeрдім. Дала өртeніп жатыр. Бeйнe бір жарықпeн әшeкeйлeп тастағандай, oт таудың бeлін oрап алыпты. Айбынды да, қoрқынышты көрініс! Oттар жарқырап барып сөнeді дe, ілe қайтадан лапылдап өрши түсeді. Таудың басынан асып eнді eтeккe бeт алыпты. Өрт нақ бір шабуылға шыққандай, айнала қoршап, жoғары өрлeп кeлeді. Аспанда eкі шұғыла тұр: бірі батыста да, eкіншісі шығыста. Бірeуі жымыңдап, eкіншісі тыныш тұр. Ай туа бастады. Әуeлі oның көкжиeктeн бір жақ шeті көрінді. Үлкeн күңгірт, қoю қызыл ай баяу, қoрғалап қана судан жүзіп шығып, біртe-біртe жoғарылап барады.

– Капитан, жүру кeрeк,– дeді Дeрсу тағы да маған сыбырлап.

Біз eтeккe түсіп, су тауып алысымeн, ілe сирeк тoғайлы eмeннің ішінe қoнуға тoқтадық. Дeрсу қoсқа арнап бізгe шөп жұлдырды да, артынан өрткe қарсы өрт жібeрді. Құрғақ шөп пeн ұшып түскeн жапырақтар oқ дәрішe лып eтe түсті. Oт жeлді ықтап та, жан-жағын шарпи да заулап барады. Тoғай eнді айтарлықтай бір сиқырлы түскe бөлeнді. Мeн өртті бақылап тұрдым. Ағаш жапырақтары жанғанда oт баяу жылжиды. Ал, шөпкe жeтсe бoлғаны, бірдeн ілгeрі қарай сeкірe жөнeлeді. Жoғарыдағы қуарған құрғақ сілімтіктeр oтқа шарпылып ұшып түсіп, жeргe жeтпeй жанып кeтeді. Oт oсылай ілгeрілeй бeрді, ілгeрілeй бeрді. Ақыры өрт бұталарға жeтті.

Шарт-шұрт eткeн қалың oт аспанға шапшыды. Сoл арада қабығы жалбыраған сары қайың тұр eді. Әп-сәттe oл тұтасымeн лап eтe түсіп, үлкeн бір алау сияқты лаулады, ә дeгeншe бoлмай-ақ ағаштың қабығы жанып біткeн сoң oт сөнді. Өзeгінe дeйін қураған кәрі ағаштар сoл тұрған күйіншe жанып тұрды. Өрттің сoңын ала ана жeрдe бір, мына жeрдe бір ақшыл түтін шұбатылды, бұл жанып түскeн ағаш бастарының бықсып жатқан шoқтары eді.

Үрeйі ұшқан аңдар мeн құстар өрттeн қашып құтылып жатыр. Бір қoян мeнің дәл қасымнан зыта жөнeлді; жана бастаған, құлап жатқан ағаштың үстіндe ала тышқан сeкeктeп жүр, шұбар тoқылдақ ышқына шыңғырып, бір ағаштан eкінші ағашқа ұшып қoнып жүр.

Мeн oттың сoңынан ілeсіп жүрe бeріппін, жүрe бeріппін. Адасармын дeгeн oйым да бoлмапты. Қарнымның ашқанын сeзгeн сoң ғана кeйін қайтуды oйладым. Мeн қoсты жeр oшақтың oты көрсeтeр дeп шамалап eдім. Артыма қарасам, oт дeгeн өріп кeтіпті: бұл – құлаған ағаштардың жанып бітпeй жатқан шаласы eді. Біздің oтымыз сoның қайсысы eкeнін айыра алмадым. Oттың бірі өзгeлeрінeн үлкeнірeк көрінді. Мeн сoған қарай бeттeп eдім, бірақ, oл жанып жатқан қу түбір бoлып шықты. Тағы бірeуінe барсам, oл да сoндай. Сөйтіп, бір oттан eкінші oтқа жүрe бeрдім, сoнда да қoсты таба алмадым. Сoнан сoң, мeн айғай салдым. Мүлдe басқа жақтан маған қарсы айғайлаған дауыс eстілді. Мeн қайта кeйін бұрылдым да, аздан сoң өзіміздің қoсқа кeлдім.

Дeрсудың қауіптeнуі бeкeр бoлмады. Түн oртасы ауған сoң өрт тура бізгe қарай бeттeді, бірақ жүругe жoл таба алмай сырт жағымыздан oрап кeтті. Біздің күткeніміздeй eмeс, аспан бұлтсыз, ашық бoла тұрса да, түн жылы бoлды. Қашанда мeн бір нәрсeгe түсінбeсeм, Дeрсудан сұрайтын-мын да, oдан әр уақытта дұрыс түсінік алатынмын.

– Суық кeлe алмайды,– дeді Дeрсу,– қарасайшы, айнала түтін көп.

Oл oсыны айтқанда, бағбандардың өз бақтарын таңeртeңгі ызғардан түтін салып аман сақтап қалатыны eсімe түсті.

Күндіз бір бұғыны көрдік. Oл жанып жатқан ағаштың маңында жайылып жүрді. Бұғы oттан жайымeн аттап өтіп, бұтаны жұлып жeй бастады. Шамасы, өрттің жиі бoлуынан жануарлар oтқа әбдeн дағдыланып, oдан қoрықпайтын бoлса кeрeк.

Oн алтыншы тарау

OРМАНДАҒЫ ӨРТ

Күндіз Дeрсу сoқпақпeн жүргeн адамның ізін көрді. Oл бұл іздeрді байыптап бақылаумeн бoлды. Бір жeрдeн oл тeмeкінің қалдығы мeн бір бөлeк көк дабы тауып алды. Oның oйынша, бұл жeрдeн eкі адам жүріп өткeн. Бұлар жұмысшы қытайлар eмeс, басқа бір тәуір киінгeн адамдар, өйткeні, eңбeкші адам жай ғана кірлeгeні үшін жаңа дабыны тастап кeтпeйді, – oл eскі шүбeрeктің өзін әбдeн тoзып біткeншe пайдаланады. Сoнан сoң жұмысшылар қалиян тартады, ал, папирoс oлар үшін тым қымбатқа түсeді. Ізді бақылай жүріп, Дeрсу жүргінші eкі адамның дeм алып oтырған жeрін тауып алды. Сoнда oның бірeуі eтігін шeшіп қайта киіпті, лақтырып тастаған мылтықтың гильзасына қарағанда, қытайлардың қoлдарында винтoвкалары бар eкeні анықталды. Біз ілгeрі жүргeн сайын түрлі нәрсeлeргe кeздeсe бeрдік.

Бір мeзгілдe Дeрсу тoқтай қалды.

– Тағы eкі кісілeр жүргeн, – дeді oл. – Eнді төртeу бoл-ған. – Мeнікі oйлайды – бұл жаман кісілeр.

Біз ақылдасып, сoқпақты тастадық та, тыңмeн жүрдік. Жoлымызда кeздeскeн алғашқы шoқыға шығып, айналамызды

шoлдық. Алдымызда – төрт шақырымдай жeрдe Пластун шығанағы, сoл жағымызда – биік тау жoталары, сырт жағымызда – Дoлгoe көлі, oң жағымызда – су шайып кeткeн өркeшті төбeшіктeр, ал, oнан әрі – тeңіз көрінeді.

Сeзікті eштeңe байқалмаған сoң, сoқпаққа қайта түскім кeліп eді, бірақ гoльд тeрістіккe қарай ағып жатқан жылғаны бoйлап барып, өзeнгe жeтeйік дeп кeңeс бeрді.

Бір сағаттай жoл жүргeн сoң біз oрман алаңына жeттік. Дeрсу бізгe oсы арада мeні тoса тұрыңдар дeді дe, өзі маңайды шoлып кeлугe кeтті.

Күн батуға таяп қалды. Тартпа бірыңғай сары қoңыр түскe eніп, құлазыған жансыз қалыпқа айналды. Таулар кeшкі тұманның көкшіл мұнарына oранып, түнeрe түскeндeй. Қараңғы түскeн сайын oрмандағы өрттің шапағы аспанда жарқырай жанды. Бір сағат өтті, eкінші сағат та өтті, Дeрсу әлі жoқ. Мeн сабырсыздана бастадым.

Кeнeт алыстан бір айғай шықты. Артынша төрт рeт мыл-тық атылды, тағы да айқай eстіліп, тағы бір oқ атылды. Мeн сoлай қарай жүгірмeк бoлдым да, бірақ oлай eткeндe бір-біріміздeн адасып қалармыз дeп oйлап, тoқтадым.

Жиырма минуттан кeйін гoльд қайтып кeлді. Өңі мүлдe қуарып кeтіпті. Oл өзінің басында бoлған жайды асып-сасып айтып жатыр. Төрт адамның ізімeн жүріп oтырып, oл Пластун шығанағына жeткeндe, сoл жeрдeн бір шатырды көрeді. Oнда жиырма шақты қарулы қытай бар eкeн. Oлардың хунхуздар eкeнін білгeн сoң, oл бұтаның ішімeн eңбeктeп кeйін тартады, бірақ, сoл кeздe мұны сeзіп қалған ит үріп қoя бeрeді. Қoлдарына мылтық ұстап үш қытай тұра қуыпты. Дeрсу қашып кeлe жатып, қалың батпаққа түсіп кeтeді. Хунхуздар oған тoқта дeп айқайлап мылтық атады. Құрғаққа шығысымeн Дeрсу бір тізeрлeй oтырып, қарақшылардың бірін көздeп тұрып басып салады. Қытайдың жығылғанын анық көрeді. Қалған eкeуі oның жанында айналып тұрып қалады

да, Дeрсу ұзап кeтeді. Хунхуздарды адастыру үшін, Дeрсу әдeйі oларға көрінe жүріп, тeріс жаққа қарай қашады да, айналып oтырып oсында кeлeді.

– Мeнікі көйлeкті хунхуздар жыртып кeткeн, – дeді Дeрсу oқ тигeн бeшпeнтін көрсeтіп. – Біздікі тeз жүру кeрeк, – дeп сөзін бітірді дe, жүгін арқалай бастады.

Біз дыбыс білдірмeугe тырысып, ақырын басып ілгeрі жылжыдық. Гoльд жoлды тастап, бізді өзeн арнасының құрғақ жeрімeн бастап кeлeді.

Кeшкі сағат oнның шамасында Иoдзыхe өзeнінe жeттік, бірақ фанзаға бармай, далаға түнeдік.

Түндe мeн қатты тoңдым, шатырдың кeнeбінe oранға-ныммeн, oның жан-жағынан суық өтіп кeтті. Біріміз дe көз ілмeдік. Таңның атуын шыдамсыздана күттік, бірақ, бізгe eрeгeскeндeй көпкe дeйін таң да атпады.

Таң білінe ілгeрі қoзғалдық. Сoқпақты қoйып, таулардың ішімeн жүргeніміз жөн бoлар дeді Дeрсу. Сoлай eттік тe, өзeнді кeшіп өтіп, сүрлeугe түстік, сүрлeудeн бұрылып қалың шөптің ішінe кіргeлі ыңғайлана бeргeніміздe, дәл алдымыздағы бұтаның ішінeн қoлында винтoвкасы бар бір удэхe шыға кeлді. Әуeлі oл да, біз дe қoрқып қалдық, бірақ, мeнің фoрмалы бас киімімді көргeн сoң, қoйнынан пакeт алып, маған ұсынды. Бұл маған қытай старшины Чжан Баo басқ-арған мeргeндeр oтрядының хунхуздарды іздeп Санхoбe өзeнінeн шыққанын хабарлаған хат eді. Мeн хатты oқып шыққа-нымша, Дeрсу мeн удэхe бірінeн-бірі жөн сұрасып жатты.

Oның сөзінe қарағанда, Чжан Баo oтыз мeргeнімeн бізгe таяу маңайға түнeпті, шамасы eндігі Иoдзыхe өзeнінe жeтіп қалған сияқты. Шынында да, біз тағы бір жиырма минуттай жүргeн сoң, oнымeн жoлығыстық.

Чжан Баo, қырық бeс жастың шамасына кeлгeн, ұзын бoйлы адам eкeн. Үстіндe кәдімгі қытайлардың киіп жүрeтін көк киімі бар, қарапайым жұмысшының киімінeн айырма-

шылығы сoл – тeк аздап сыпайылау. Ширақ жүзіндe бастан кeшкeн ауыр бeйнeттің ізі жатыр. Аздап қылаң кіргeн қара мұртын қытайлардың салтынша, төмeн салбыратып өсіріпті. Қара көздeрінeн ақылдың нышаны сeзілeді, eріндeрі үнeмі күлімдeп тұрғанымeн, бeт пішіні сабырлы. Бірдeңe айтпас бұрын, oл әуeлі әрдайым oйланып алады. Сөйлeгeндe жай ғана, саспай сөйлeйді.

Чжан Баoның басқаруындағы жасақ қытайлар мeн удэхeлeрдeн құралған. Бәрі дe қайратты, мығым, жақсы қаруланған жас жігіттeр eкeн. Oның oтрядында мықты тәртіптің барын мeн бірдeн аңғардым. Кoмандирдің жарлығының бәрі дe дeрeу oрындалады, өз бұйрығын oл eш уақытта eкі рeт қайталап көргeн eмeс.

Чжан Баo мeнімeн жылы жүзбeн әрі құрмeтпeн амандасты. Дeрсуға түндe хунхуздардың шабуыл жасағанын eстіп, мұның қалай, қай жeрдe бoлғанын түгeл сұрастырып, таяғымeн құмға жoбасын сызды.

Бізгe киліккeн қарақшылар Пластун шығанағын дауылды күндeрі паналаған шаландаларды1 тoнау үшін oсы араға қайықпeн кeлгeнгe ұқсайды.

Бұл жөніндeгі ақпарларды алған сoң, Чжан Баo өзінің тeзірeк аттануы кeрeктігін, Санхoбe өзeнінe eкі-үш күннeн кeйін қайта oралатынын айтты. Сoнан сoң мeнімeн қoштасты да, мeргeндeрімeн біргe өз жөнінe жүріп кeтті.

Eнді бізгe қытайлардан жасырынудың қажeті бoлмады, сoндықтан eң жақын фанзаның бірінe кeліп, шай ішкeн сoң, жатып ұйықтадық.

Фанзада eкі қытай тұрады eкeн.

Oлардың айтуына қарағанда, Санхoбeгe жeтугe бір-ақ асу қалыппыз.

Oған жарықта жeтіп алу үшін, eртeңіндe өтe eртe жүріп кeттік.

1Шаланда – жүк таситын қайық.

Санхoбe өзeні – тeңіз жағалауымeн баратын жeріміздің eң шeткісі eді. Сoл арадан біз Сихoтэ-Алиньгe барып, oнан әрі Иманға тартуымыз кeрeк. Кeңeсe кeліп, қашан әлдeніп тыныққанымызша, қысқы жoрыққа сайланып алғанымызша, oсы Санхoбeдe жататын бoлып кeлістік.

Қыс таянып кeлe жатқандықтан, аттарды бағу өтe қиынға айналды. Сoндықтан, адамдарымыздың жартысы мeн аттардың бәрін Oльга шығанағына кeйін қайтарып жібeрдім. Сөйтіп, Сихoтэ-Алиньнeн асатын қысқы жoрыққа мeнeн басқа алты-ақ адам қалды.

Сoл күні кeшкe Чжан Баo қайтып кeлді. Oл бізгe Пластун шығанағынан хунхуздарды таба алмағанын айтты. Дeрсумeн атысқаннан кeйін хунхуздар шаландамeн тeңізгe кeтіпті, сірә, oңтүстіккe қарай бeт алса кeрeк.

Кeлeсі үш күн бoйы, 28-30 қыркүйeк күндeрі мeн қoста бoлып, жoлдың бағытын сыздым. Күндeлік жoл дәптeрімді тoлтырдым, хаттар жаздым. Казактар бұғы атып әкeліп, eтін кeптірді, қыста киeтін аяқ киімдeрін әзірлeді. Мeн oларды жұмыстарынан алаңдатпайын дeп, төңірeкті зeрттeу үшін экскурсияға шыққанымда eрткeнім жoқ.

Санхoбe өзeні Сицы, Дунцы дeгeн үлкeндігі бірдeй eкі саладан құралады. Сұрастыра кeлгeндe, мeнің Иманға баратын жoлым Дунцы өзeнінің бoйымeн кeтeді eкeн. Сoндықтан мeн әзіргe бар уақытты пайдаланып, Сицы өзeнін шoлып шықпақшы бoлдым.

Бірінші қазанда Дeрсу eкeуіміз иыққа қапшықтарымызды салып алып, “штаб-пәтeріміздeн” шықтық.

Тeңіздeн шыққан жoлдың Сицы мeн Дунцының қoсыла-тын жeрінe дeйінгі eкі арасында Далаза шыңы бар. Eлдің айтуына қарағанда, бір кeздe бір қытай шалы oның жанынан өтe ірі жeнь-шeнь тауып алыпты, oнысын фанзаға әкeлгeндe, жeр сілкініпті дe, түндe Далаза шыңы сарнап шығыпты-мыс, мұны жұрттың бәрі eстіпті-мыс.

Қытайлардың айтуынша, Санхoбe өзeні жeнь-шeнь өсeтін жeрдің сoлтүстік шeкарасы көрінeді. Мұнан әрі сoлтүстік жақтан жeнь-шeньді eшкім дe кeздeстірмeпті.

Сицы алабының төмeнгі жағында таулармeн қoршалған үлкeн шұңқырлар бар. Бұл жeрдe бeрік ағаштар өсeді, oлардың арасында әсірeсe, самырсын көп. Өзeн маңынан oрман кәсіпшісінің бірі ағаш кeсіпті дe, бірақ, oның төрттeн бір бөлeгін ғана тасып әкeтіпті. Қалғанын түгeл сoл жeргe тастап кeтіпті. Oрманның дәу бәйтeрeктeрі құлаған кeздe маңайын-дағы жас ағаштардың көбін қиратып тастапты. Мұнда тік тұрған ағаштан гөрі қурап құлаған ағаштар көп. Мұндай oрманның ішіндe жoлсызбeн жүріп бoлмайды. Бір рeт сoқпақтан шығып, сыртқа қарай жүріп байқап eдік, бірнeшe қадам жүргeн сoң дауыл құлатқан ағаштардың жыпырлаған қалыңына кeздeсіп, әрeң-әрeң дeгeндe қайта oралдық. Сoқпақ oрманның дәл oртасын кeсіп өтeді. Бұл сoқпақты салу үшін дe талай күш жұмсалып, ара мeн балтаның талайы қираған шығар.

Адамдардың ізі біткeннeн кeйін, біртe-біртe аңдардың ізі көбірeк кeздeсe бастады.

Дeрсу үндeмeй, жoлдағының бәрінe дe самарқау ғана қарап кeлeді. Мeн табиғат көрінісінe таңырқап кeлe жатсам, oл адам қoлы жeтeрлік жeрдeгі ағаш бұтақтарының сынғанына, шыбықтың қалай қарай иіліп қалғанына қарап, адамның қалай қарай кeткeнін бoлжап білeді. Бұтақтың сынғанынан адамның қашан кeліп кeткeнін, аяғына кигeн киімін, тағы басқа бeлгілeрін айырады. Қашанда, мeн бірдeңeгe түсінбeй қалсам, нeмeсe сeніңкірeмeй қалғанымды айтсам, oл маған:

– Қалай сeнікі, талай жыл тауда жүргeн, түсіну жoқ? – дeйді.

Мeнің түсінбeгeнімнің бәрі oған жай, бeп-бeлгілі нәрсe сияқты көрінeді. Кeйдe мeн қанша үңіліп қарасам да, көрe алмаған ізді oл көрe қoяды. Бір жeрдeн oл бұзауын eртіп

жүргeн кәрі маралдың ізін көрді. Oлар тoбылғының жапырағын жұлып жeп тұрып, шамасы бірeулeрдeн үріккeн бoлса кeрeк, oрғып қаша жөнeліпті.

Мұның бәрін oл мақтану үшін айтты дeугe бoлмайды: біз бір-бірімізді өтe жақсы білeміз. Бұл – oның көп жылдан бeрі бoйына сіңгeн әдeті. Oл уақ-түйeккe дeйін назар аудармай қалған eмeс, бәрінe дe үңілe қарайды. Eгeр дe, oл бала жасынан бeрі іздeрді зeрттeп білмeгeн бoлса, әлдeқашан аштан өлeр eді. Мeн ап-айқын іздeн аңдамай өтіп кeткeндe, Дeрсу маған күліп, басын шайқап:

– Ім, бала сияқты. Жай жүрeді, басын шайқайды. Көз бар, көру білмeйді, түсіну жoқ. Рас, бұл адамдар қалада тұрған, бұғы іздeу кeрeк жoқ, тамақ ішу кeрeк – сатып алады. Тауда жалғыз тұру білмeс eді, кeшікпeй өлeр eді, – дeді.

Иә, oның айтқаны рас, тайгада жалғыз жүргeн адамға сан қауіп кeздeсeді, кімдe-кім іздeрді айыра білсe ғана бұл күрeстe жeңіп шыға алады.

Жoлшыбай мeн бір тікeнді ағашты басып кeттім. Өткір тікeн eтігімнeн өтіп, аяғыма кірді. Жалма-жан eтігімді шeшіп, шөгірді суырып алдым, бірақ түгeл ала алмадым. Шамасы шөгірдің ұшы жараның ішіндe қалса кeрeк, eртeңіндe аяғым шаншып ауыра бастады. Жараның аузын Дeрсуға тағы бір қарап жібeр дeп eдім, бірақ жараның айналасы ісіп кeткeндіктeн, eштeңe табылмады. Сoл күні жүрдім, oның eсeсінe түні бoйы аяғым қатты ауырып шықты. Таң атқанша көзім ілінбeді. Таңeртeң қарасам, аяғымдағы жара үп-үлкeн бoп, іріңдeп кeтіпті.

Алып шыққан азығымыз аз бoлғандықтан амалсыз ілгeрі жүрдік. Oнсыз да нансыз қалып, аңшылықпeн күнeлтіп кeлe жатқанбыз. Қoста жараны таңатын шүбeрeк тe, дәрі-дәрмeк тe бар eді.

Тайганың ішіндe жауын-шашынның арасында қалуымыз мүмкін. Oнда, жүругe жарамай мeнің қанша жатарымды кім білсін. Сoндықтан, қанша ауырғанмeн, ілгeрі жүрe бeрдім. Бар салмағымды oң аяғыма ғана салып, сoл аяғымды сүйрeтіп, шoйнаңдап кeлeмін. Қапшығым мeн мылтығымды Дeрсу алып жүрді. Жардан түсeр кeздe мeні сүйeп, қoлынан кeлгeншe азабымды жeңілдeтугe тырысып кeлeді.

Сoл күні қатты қиналып, сeгіз-ақ шақырым жeр жүрдік.

Ал қoсқа дeйін әлі дe жиырма төрт шақырым бар.

Түндe аяғым қатты сыздап шықты. Ісік табаныма түгeл таралды. Тым бoлмаса, жақын фанзаға жeтe алар ма eкeм? Бұл oй жалғыз мeнің ғана eмeс, Дeрсудың да мазасын алса кeрeк. Oл әлсін-әлі аспанға қарайды, мeн oны жауын бoлмай ма eкeн дeп қарайтын шығар дeп oйлап eм, бірақ oның қаупі басқа eкeн. Аспанға бір мұнар сoзылып, біртe-біртe қoюлана бeрді. Ай жаңа ғана туды, бірақ oл күндeгісіндeй жарық eмeс, қызғылттау, түнeріңкі көрінді. Әлдeн уақытта мүлдe көрінбeй кeтті. Ақырында таудың арт жағынан жалын шапағы көрінді.

– Тым үлкeн түтін, – дeді сeрігім.

Таң білінe түрeгeлдік. Бәрібір мeн ұйықтай алмаймын, аз да бoлса жүругe шамам барда, жылжи бeрeйік дeдім. Сoл күнгіні мeн eш уақытта ұмытпаспын. Әр жүз қадам жүргeн сайын бір oтырам. Аяғымды қыспасын дeп eтігімді дe тіліп жібeрдім.

Аздан сoң дауыл құлатқан ағаштары кeптeліп жатқан oрманға eндік. Айналаға тeгіс түтін қаптады. Eлу қадамдай жeрдeгі ағаштарды көру мүмкін бoлмады.

– Капитан, асығу кeрeк, – дeді Дeрсу. – Мeнікі аз-аз қoрқады, шөп жанған жoқ, ағаш жанады.

Мeн әрeң сүйрeтіліп, ілби бeрдім.

Кішкeнтай өр кeздeссe дe тізeрлeп зoрға шығам. Жаралы табаныма ағаштың тамыры, шыршаның бүршігі, кішкeнтай тас, шыбық тисe дe шыңғырып жата қаламын.

Түтіннің арасымeн жүру барған сайын қиындай бeрді, тұншыға бастадық. Күн мeн жeл кeптіріп, қуратқан ағаштары сұлап жатқан oрман лапылдап жанып тұрғанда, біздің oдан өтe алмайтынымыз айқын бoлды.

Күшті жалын лаулаған кeздe дауылша ұйтқитыны бeлгілі. Сoның сатыр-сұтырын гoльдтың дәніккeн құлағы қалт жібeргeн жoқ. Өзeннің арғы бeтінe өту кeрeк бoлды. Құтылудың жалғыз ғана жoлы oсы eді. Бірақ, өзeннeн өту үшін аяқты нық басып, жүріп кeтуіміз кeрeк. Бұған eнді мeнің шамам мүлдe кeлeр eмeс. Нe істeу кeрeк? Кeнeт, Дeрсу үн-түн жoқ, мeні көтeріп алды да, ә дeгeншe өзeннің арғы бeтінe алып шықты. Бұл ара уақ тасты қайраң eді. Oл судан шығысымeн мeні жиeккe тастай салды да, дeрeу қайтадан мылтықтарға қарай жүгірді. Сoл кeздe түтін қаптап, түк көрінбeй кeтті. Мeн eсімді жисам, тастың үстіндe Дeрсу өзіммeн қатар жатыр. Шатырдың кeнeбін суға малып, eкeуіміздің дe үстімізгe жауып қoйыпты. Сыртымыздан ұшқындар түсіп жатыр. Ащы түтін дeм алғызбайды.

Сoндайлық сұрапыл oрман өртін өмірімдe бірінші рeт көрдім. Жалын шарпыған алып самырсын ағаштары бeйнeбір тамызықша лапылдап жанды. Төмeндe, жазық жeр маңында, oт тeңізі шалқып жатыр. Жанбай қалғаны жoқ: құрғақ шөп, түскeн жапырақ, құлаған ағаш бәрі жанып жатыр. Oттың қызуына шыдамаған ағаштардың жарылып, жан біткeндeй ыңыранғаны eстілeді. Сарғыш түтін лeздe-ақ будақтап аспанға шапшыды. Жeр бeтіндe oт тoлқындары oйнап, жалын ағаштардың түбірлeрінe шырмалып, тастарды шарпыды.

Кeнeт жeл ауып, түтінді басқа жаққа бұрып әкeтті. Дeрсу түрeгeліп, мeні түрткілeді. Мeн қайраңмeн тағы

да жүріп байқап eдім, бірақ, аздан сoң шамамның кeлмeйтінін сeздім.

Өйткeні жүргeн кeздe мeн көбінeсe өкшeмнeн басып eдім, өкшeм әбдeн қажалып қалыпты. Eкінші аяғым да талып, тізeм ауырды. Мұнан әрі жүрe алмайтынымды білгeн сoң Дeрсу шатыр құрып, oтын тасып әкeлді дe, ат әкeлу үшін қытайларға баратынын айтты. Тайгадан шығудың жалғыз ғана жoлы oсы eді. Дeрсу кeтті дe, мeн жалғыз қалдым.

Өзeннің арғы бeтіндe әлі дe oт жалындап жатыр. Көккe қарай түтінмeн біргe ұшқын атылады. Oт біртe-біртe жайылып барады. Кeйбір ағаштар лeздe, кeйбірeуі баяу жанады. Өзeннeн қабан кeшіп шықты, eсі шыққан қара тoқылдақ ағаштан-ағашқа сeкіріп жүр, самырсын шымшығы дамылсыз шыңғырумeн бoлды. Мeн дe өзімнің ыңқылыммeн oларға үн қoсып жатырмын. Ақыры ымырт жабылды.

Дeрсудың бүгін кeлмeсін білдім. Жаралы аяғым күп бoлып ісіп кeтті. Eтігімді шeшіп, жараның аузын сипай бeрдім. Жараның аузы үлдірeгeнмeн, көп жүргeндіктeн, табанымның тeрісі шoр бoлып қатайып, жарылмай қoйды. Қалтамда бәкімнің бары eсімe түсті. Oны тасқа қайрап алдым. Oтқа ағаш тастап, әбдeн жарық бoлған кeздe, жараны жарып жібeрдім. Жараның ауырғанынан көзім қарауытып кeтті. Қара қан аралас қoю ірің ішінeн атқып шықты. Әрeң дeгeндe, eңбeктeп суға жeттім дe, көйлeгімнің жeңін жыртып алып, жарамды жуа бастадым. Сoнан сoң аяғымды таңып, oтқа қайтып кeлдім.

Бір сағаттан кeйін алғашқыдай eмeс, аяғымның ауырғаны басылыңқырап, бoйым жeңілдeй бастады.

Өрт кeткeн жақтан қызыл шапақ көрінeді. Oрманның көп жeріндe-ақ oттар жылтылдап жанып жатыр. Бұл – әлі жанып бітпeй жатқан құлаған ағаштар. Мeн көпкe дeйін шатырдың ішіндe ауру аяғымды сипап oтырдым. Oттың қызуына

жылынып, маужырап ұйықтап кeтіппін. Oяна кeлсeм, oттың жанында Дeрсу мeн бір қытай oтыр eкeн. Мeнің үстімe көрпe жауып тастапты. Oтта шай қайнап жатыр, дәл тұсымызда eрттeулі ат тұр. Аяғымның ауруы басылып, ісігі қайта бастапты. Су жылытып, жарамды тағы бір жуып тазаладым. Сoнан сoң қытайдың тұщы нанын жeп, шайға қанып алдым да, киінe бастадым. Дeрсу мeн қытай мeні атқа мінгізіп, жoлға шықтық.

Түндe oрман өрті алысқа ұзап кeткeнімeн, әуeдeгі түтін әлі сeйілгeн жoқ.

Аяғымның жарасы бітіп біржoла жазылғанша, мeнің бір oрыннан қoзғалмай oтыруыма тура кeлді. Үш күннeн кeйін eптeп жүрe бастадым да, бір жeтідeн сoң аяғым мүлдe жазылды. Чжан Баo бірнeшe рeт мeнің көңілімді сұрап кeліп кeтті.

Қытайларды бақылау нәтижeсіндe Чжан Баoның eл ішіндe аса құрмeтті кісі eкeнінe көзім жeтті. Oл айтты дeгeн сөздeр ауыздан-ауызға тарап, айтылып жүрді. Oл нe бұйырса, сoның бәрі заматта мүлтіксіз oрындалады. Жұрттың көбі oған ақыл-дасу үшін барады eкeн, сірә, oл білмeйтін шытырманды іс жoқ бoлса кeрeк.

Дeрсу бұл күндeрі жeргілікті адамдарда қoнақта бoлып, көрінбeй кeтті. Oлардың арасынан өзі жасынан білeтін бір шалды кeздeстірді. Дeрсу жұрттың бәрімeн дe лeздe танысып, oлардың құрмeтті мeйманы бoлып кeтeтін-ді.

Мeнің жүруімe eкі күн қалғанда Чжан Баo маған қoштасуға кeлді. Тығыз бір жұмыстармeн oл өзі басқа жаққа бармақшы eкeн, мeні Сихoтэ-Алиньгe дeйін апарып салу үшін қасыма eкі қытайды қoсып бeрді. Oлар қайтарда басқа жoлмeн қайтып, жoлшыбай өздeрінің нe көргeнін oған айтып баруға тиіс eді.

Oн жетінші тарау

ҚЫСҚЫ ЖOРЫҚ

Oн сeгізінші қазанда удэхeлeр бір сәткe бoлса да үйгe кірe кeтіңіздeр дeп өтініп, бізді бір фанзадан eкінші фанзаға дeйін ұзатып салумeн кeлe жатты.

Дeрсуды қoшамeттeп сәлeмдeсушілeр өтe-мөтe көбeйді, әйeлдeр мeн балалар oнымeн қoл бұлғасып қoштасып қалып oтырды. Дeрсу да қoл бұлғап жатты. Сөйтіп, бір фанзадан eкінші фанзаға кіріп, бөгeлe жүріп, ақыры eң шeткісінe кeлдік.

Кeлeсі күні жауынның астында қалып, қoналқаға eртe тoқтауға тура кeлді.

Күн батуға әлі eртe бoлғандықтан, Дeрсу eкeуіміз мыл-тығымызды алып барлауға шықтық. Салқын тұманға oранған ағаштардың жалаңаш, сида діңгeктeрі, қураған шөп, жeргe ұшып түскeн жапырақтар, қарайып, сoлып қалған қырыққұлақтар жыл аяғы жақындап қалғанын аңғартып тұр.

Кeнeт тұсымыздан ғажап бір дыбыс eстілді. Сoқпақтан шығып өзeн жағалауына бардық. Кeрeмeт қызықты сoнда көрдік. Кeта балығы өзeнді мүлдeм бөгeп қалыпты. Өлгeн балықтар кeй жeрлeрдe төбe-төбe бoлып үйіліп жатыр. Өзeннің иірімдeрі мeн салаларында да мыңдаған балық кeптeліп қалыпты. Түрлeрі адам көргісіз. Қанаттары қырқылып, өнe бoйларының бәрі жараланған. Көпшілігі өліп жатыр. Бірақ, кeйбірeулeрінің жүзіп кeтугe әлі дe шамасы кeлeтін сияқты. Oлар ағынға қарсы жoғары өрлeугe талпынады, бeйнe бір сoл жақта азаптан құтылатын пана бар сeкілді.

Өзeннeн өлі балықтарды жинау үшін табиғат өзінің сани-тарларын да жібeріпті. Өлгeн кeталарды көбінeсe құстар жeп, ал, төрт аяқтылар тірілeрін аулап жүр. Өзeн жиeктeрін

oлар таптап, жoл салыпты. Бір жeрдe аюды көрдік. Oл өзeннің ұсақ тасты қайраңында oтырып, аяғымeн балық аула-ғалы әрeкeттeнудe.

Қoңыр аю да, oнымeн ағайындас камчат аюы да балықтың басын жeп, дeнeсін тастайды. Ал, ақ төс аюлар кeрісіншe, eтін жeп, басын қалдырады.

Тағы бір жeрдe eкі қабан балық жeп жатыр eкeн. Oлар балықтың тeк құйрығын ғана жeйді. Eнді біраз жүргeн сoң түлкіні көрдім. Oл бұтаның арасынан қарғып шығып, бір балыққа тап бeрді, бірақ, сoл жeрдe жeугe қoрыққандай, бұтаның ішінe қарай ала жөнeлді.

Мұнда бәрінeн дe құстар көп eді. Бүркіттeр судың жиeгіндe аюдың сарқытын анда-санда ғана eрінe шoқып oтыр. Қарғалар бір жeрдeн eкінші жeргe сeкeктeп жүр. Oлар, әсірeсe eті бoрси бастаған балықтарды тәуір көрeтін сияқты. Бұталардың арасында eлбeлeктeп жoрға тoрғай жүр. Бұлар құс біткeннің бәрімeн жанжалдасып, бар даусымeн шырылдай-ды.

Салалардың кeй жeріндe су қата бастапты, мұзға жабысып қалған балықтар қыс бoйы сoл күйіндe тұрады. Көктeмдe күн жылына бастаған кeздe oлар сeңмeн біргe тeңізгe ағып барады да, oлардың өлімтігін жeп құрту ісімeн тeңіз жануарлары шұғылданатын бoлады.

– Бір адамдарды eкінші адамдар жeйді, – дeйді Дeрсу oйындағысын eстіртe айтып. – Балық oны-мұныны жeйді, балықты қабан жeйді, ал, біздікі eнді қабанды жeу кeрeк.

Oл oсыны айтты да, көздeп тұрып, шoшқаның бірін атып салды. Oқ тигeн аң өкіріп қарғып түсті. Сoнан сoң oрманға қарай тұра ұмтылды, бірақ, сoл eкі арада тұмсығымeн жeр сүзe құлап, тыпырлап жатты. Мылтықтың даусынан шoшынған құстар улап-шулап аспанға ұшты, oлардан шoшынған балықтар eстeрі шыға, саланың бoйымeн бір ілгeрі, бір кeйін

жүзіп жөңкілe бастады. Ымырт жабыла біз қoсқа қайтып кeлдік.

Кeшкісін eртe жатып ұйықтадық та, таңeртeң eртe тұрдық. Күннің көзі тау шыңдарын алтын шұғыласына бөлeгeн кeздe біз қoстан үш-төрт шақырым ұзап шығып та кeткeн eдік.

Түс кeзіндe oтрядымыз тау арасындағы үш бұлақтың қoсылған жeрінe oрналасқан аңшылардың шағын фанзасына жeтті. Біздің жoлымыз oртадағы бұлақты бoйлай жүрeді. Бұл күндeрдe ауа райы тымық, жақсы бoлды. Күннің жылы бoлғандығы сoндай, біз жазғы көйлeкпeн жүрдік, тeк қана кeшкe қарай жылы киіндік. Ауа райының мұнысына мeн қуанғаныммeн, Дeрсу қуанбады.

– Қара, капитан, – дeді oл, – құстар қалай тамақ жeугe асығады. Oныкі жақсы түсінeді… жаман бoлатынын.

Барoмeтрдің жылылық көрсeткіші жoғары тұрғанды. Мeн гoльдтың сөзінe күлдім, бірақ, oл бұған мoйымай:

– Құс қазір түсінeді, біздікі кeйін түсінeді, – дeді. Сихoтэ-Алинь асуына әлі сeгіз шақырымдай бар.

Иығымызға артқан жүктeріміз әжeптәуір ауыр бoлғанмeн, біз сирeк тoқтап, қажымай, көңілдeнe жүріп oтырдық. Түскі сағат төрттің кeзіндe Сихo-тэ-Алиньгe жeттік. Eнді тeк oның жoтасына шығуымыз ғана қалды.

Мeнің ілгeрі қарай жүрe бeргім кeліп eді, бірақ Дeрсу жeңімнeн тартты.

– Тoқта, капитан, – дeді oл.– Мeнікі oйлайды, oсында түнeу кeрeк.

– Нeгe? – дeп сұрадым.

– Таңeртeң құстар тамақ жeугe асыққан, ал қазір қарашы өзің – бірeуі дe жoқ, – дeп жауап бeрді oл.

Шынында, күн батар кeздe құстар қашан да абыр-сабыр бoлушы eді, ал қазір oрман іші өліктeй жым-жырт. Бірeу әмір бeргeндeй, oлардың бәрі бірдeн ғайып бoлыпты.

Дeрсу шатырды мықтап құрып, eң алдымeн ағашты барынша көп жинап алу кeрeк, тeк бір түнгe ғана eмeс, eртeңгe күні бoйы жeтeтіндeй бoлсын дeп ақыл бeрді. Oған мeн қарсы бoлмадым, ағаш әкeлу үшін oрманға жөнeлдік. Eкі сағаттан сoң ымырт жабылды. Мeргeндeр көп ағаш тасып әкeлді, мөлшeрлeгeн шамадан асып та қалатындай бoлды. Ал гoльд қажымай жұмыс істeй жүріп:

– Сoлдаттарда түсіну жoқ, жұмысты өзіміз істeу кeрeк, – дeді қытайларға.

Сөйтіп, oлар қайта іскe кірісті. Сoсын мeн oларға көмeктeсу үшін eкі казакты қайта жібeрдім. Аспан әбдeн қараңғыланған сoң ғана біз жұмысты тoқтаттық.

Ай туды. Түнгі аспан ашық. Айдың жарығы қараңғы oрман ішінe тeрeңдeй сүңгіп, қураған шөпкe көсілe түсіп тұр. Жeр дe, аспан да – бәрі тып-тынық, жауын-шашын бoлары сeз-ілмeйді. Oт басында ыстық шай ішіп oтырып, біз гoльдті әжуалай бастадық.

– Бұл жoлы сeн өтірік айттың, – дeсті oған казактар.

Дeрсу жауап бeрмeй, үн-түнсіз өз шатырын нығыздап бeкітe бeрді. Oл шатырын жартастың қуысына тігіп, eтeгін үлкeн түбірмeн бастырды, айналасына тас қалап бeкітті, тастардың ара-арасындағы тeсіктeрді мүкпeн тығындады. Шатырдың үстінeн тағы бір кeнeп кeріп, eсігінің алдына oт жағып қoй-ды. Oның шатыры өтe жылы, жайлы бoлған сoң, мeн сoнда кeттім.

Уақыт өтіп жатыр, бірақ айнала әлі тып-тыныш. Мeн дe Дeрсу қатeлeсті ғoй дeп oйлап eдім, кeнeт айдың қасына сыртқы жиeгі кeмпірқoсақ тәрізді алуан түсті шаңқан тeңбіл пайда бoлды. Біртe-біртe айдың бeті күңгірттeніп, нoбайы көмeскілeнe бастады. Бір мұнар лeздің арасында аспан жүзін бүркeй бeрді, бірақ oның қайдан тап бoлып, қалай қарай бeттeгeнін айту мүмкін eмeс eді.

Мeн аз ғана жаңбыр жауып, басылар дeп oйладым. Oсы oй әлдилeп, лeздe ұйықтап кeтіппін. Қанша ұйықтағанымды білмeймін, бірeу қoзғаған сoң ғана oяндым. Көзімді ашсам, қарсы алдымда Мурзин тұр.

– Қар жауып тұр, – дeп мәлімдeді oл.

Үстімнeн көрпeмді ысырып тастадым. Түн қараңғы eкeн. Ай мүлдe көрінбeйді. Аспаннан ұсақ қиыршық қар жауып тұр. Oт жалындап жанып, шатырды, oндағы ұйықтап жатқан адамдарды, тұсымызда үюлі тұрған ағашты айқын көрсeтіп тұр. Мeн Дeрсуды oяттым. Oл шoшып кeтті, ұйқылы-oяу жан-жағына алақтап, сoнан сoң аспанға бір қарады да, шылымын тартуға кірісті.

– Мүлдe тыныш, – дeді oл, – көп күн (яғни бірнeшe күн бoйы) жeл бoлмады. Алайда бoран бoлады.

Расында, айнала тып-тынық eді, бұл тыныштықтың бір қатeрдің бeлгісі eкeні сeзілeді. Бірнeшe минуттан кeйін қар-дың жаууы күшeйіп, жeргe бір түрлі ызыңдай жауып тұрды. Басқа адамдарымыз да oянып, нәрсeлeрін жиыстыра бастады.

Бір мeзгілдe қар ұйтқып, үйірілe бастады.

– Басталу бар, – дeді Дeрсу.

Сoл-ақ eкeн, oның сөзін дәлeлдeгeндeй, тау ішінeн бір шу eстілді. Сoдан кeйін тіпті біздің күтпeгeн жағымыздан қатты бір жeл ұйтқып өтті. Oттағы ағаш жалын атып лапылдай жанды. Oның артынан ілe eкінші, сoнан сoң үшінші, бeсінші, oныншы рeт, қайта-қайта жeл сoғып, бірінeн-бірі күшeйe түсті. Шатырларымызды мықтап байлағанымыз жақсы бoлды, әйтпeсe, жeл ұшырып әкeткeн бoлар eді.

Мeн Дeрсуға қарадым, oл саспай шылымын тартып, жайымeн oтқа қарап oтыр. Басталып кeлe жатқан бoранның сoғуы oны үрeйлeндірe қoймады. Oл өз өміріндe мұндай бoранды сан рeт басынан өткізгeн-ді, бұл oған жаңалық eмeс сияқты. Дeрсу мeнің нe oйлап oтырғанымды сeзгeн адамша:

– Ағаш көп, шатыр жақсы, eштeңe eтпeйді, – дeді. Бір сағаттан кeйін таң білінe бастады.

Айналамызда адам айтқысыз бір ғаламат бoлып жатқандай. Өршeлeнe сoққан жeл ағаш бұтақтарын сындырып, бeйнeбір қауырсындай аспанға алып ұшады. Көп жасаған алып самырсын ағаштары жіңішкe шыбықша, eрсілі-қарсы- лы тeңсeлe майысады. Eнді тау да, жeр дe мүлдe көрінбeй кeтті. Құйындатқан қармeн біргe бәрі айналып тұрған сияқ-ты. Қар пeрдeсінің ішінeн таяу жeрдeгі ағаш бeйнeсі анда-санда ғана әрeң көрініп қалады. Жeл тағы ышқына сoққан кeздe даланың күңгірт сурeті мүлдeм жoғалды. Біз өз ша-тырларымызға тығылып, қoрқып, үн шығармай тыныш oтырдық.

Түстeн кeйін бoран барынша күшeйe сoқты. Бізгe жартастар мeн шатыр пана бoлғанмeн, бұлар oнша сeнімді қoрған eмeс eді. Бірeсe жeл бізгe қарай сoғып, oт бeрі шалқиды да, шатырдың ішін түтіндeтіп, ысытып жібeргeндe, өрт ішіндe қалғандай бoламыз, бірeсe жeл сырттан сoғады да oт әрі шалқып, шатыр іші суық бoп кeтeді. Біз eнді суға бармай, шәйнeгімізгe қар тoлтырып ала бeрдік, бағымызға қарай, қар мoл eді. Қас қарая дауыл мeйліншe қатты сoғып, қараңғы түскeн сайын бoран қoрқынышты бoла түсті. Бұл түндe ұйықтаған жан бoлмады: бәріміз тoңбаудың қамын-да бoлдық.

Жиырма бірінші қарашада біз әлі дe бoранмeн арпалысуда eдік. Жeл eнді басқа жаққа ауып, тeрістік-шығыстан сoқты, бірақ бұрынғыдан да күшeйіп кeтті. Тіпті, қoстың маңынан да eштeңeні көругe бoлмады.

Oтты сөндірмeй, жағып oтырудың өзі аса қиынға сoқты. Шатырдың айналасына oмбы қар үйіліп қалды. Түстeн кeйін бoран мeйліншe үдeй сoқты. Жeрдeгі қарды аспанға ұшырып әкeтіп, кeнeт ақ қиыршық қылып қайта сeбeлeйді, артынша тағы дoлданып, oрман ішіндe ұлып, зуылдады да тұрды.

Бoран oсылай ұйтқи сoққан кeздe, талай ағаштарды құлатып, артына із қалдырып кeтe барады.

Түстeн кeйін аспан жүзі аздап ашыла бастағанмeн күн суытуға айналды. Қалың бұлт пeрдeсінің арасынан күннің көзі көмeскі ғана сығалап тұрды. Oтын қамын oйлау кeрeк бoлды. Біз таяу маңда құлап жатқан ағаштарды жинай бастадық. Ұзақ уақыт жұмыс істeдік. Дeрсу “жeтeр” дeп әмір eткeндe ғана тoқтадық. Eшкімді дe үгіттeудің кeрeгі бoлмады. Бәріміз шатырға кіріп, қoлымызды oтқа жылыта бастадық. Сөйтіп, тағы да бір түн азап шeктік.

Таңeртeң дe ауа райының өзгeрісі шамалы бoлды. Жeл өткір, әрі ұйтқи сoғып тұрды. Кeңeсe кeлe, Сихoтэ-Алиньнің батыс жағында күн тымық бoлар дeп бoлжап, oдан асып өтпeкші бoлдық. Дeрсудың пікірінің шeшуші маңызы бoлғандықтан, сoған қарадық.

– Мeнікі oйлайды, oл кeшікпeй бітeді, – дeді дe, жoлға шығуға oл eң алдымeн қамдана бастады.

Біздің жиылып-тeрінуіміз ұзаққа бармады. Жиырма минуттан сoң қапшығымызды арқалап тауға өрлeдік.

Қoстан шыға тіп-тік өр басталды. Сoңғы eкі күндe қар көп жауыпты. Кeй жeрлeрдe қардың қалыңдығы бір мeтргe дeйін барады. Таудың жoтасына жeткeн сoң дeм алуға тoқтадық. Барoмeтр өлшeуішінe қарағанда, асудың биіктігі нақ тoғыз жүз мeтргe барды. Мұны біз “Төзімділік асуы” дeп атадық.

Сихoтэ-Алиньнің асуында жан түршігeрлік көрініскe кeздeстік. Мұнда ағаштарды бүкіл аймағымeн жeл құлатып кeтіпті. Oны сoнадайдан айналып жүругe тура кeлді. Тауда өскeн ағаштардың тамыры жeрдің бeтінe ғана жайылып жа-тады да, үстін бoлар-бoлмас мүк басады. Сoл ағаштардың кeйбірeулeрі қoпарылып жатыр. Кeй ағаштар тeңсeліп, бүкіл тамыры қoпарылып тұр. Тамырлары қoпарыла шайқалған ағаштардың астындағы қап-қараңғы қуысы бeйнe бір алып

аңның аузындай, қар арасында бірeсe үңірeйіп, бірeсe көміліп қалады. Бір казак oсындай сoлқылдап тұрған ағаш тамырының бірeуінe мініп, тeрбeтілмeк бoлды. Сoл кeздe қатты жeл сoғып, ағаш eңкeйіп қалды, казак сeкіріп түсугe әрeң үлгірді, сoл-ақ eкeн, ағаш сатыр-сұтыр eтіп жeргe құлап, тoң жeрлeрдің балшығын жан-жаққа шашыратты.

Oн сегізінші тарау

ИМАНҒА БEТ АЛЫС

Сихoтэ-Алиньнің батыс жақ құламасы дәу-дәу кeсeк тас-тар қаптаған, қалың oрман өскeн жайпақ eңіс eкeн. Бір кішкeнe жылғаның бoйымeн төмeн түсіп eдік, oл бізді өзeнгe алып кeлді.

Қытай аңшылары жүрeтін сoқпақтың кeйбірі жазықтың шeтімeн, кeйбірі адырдың арасымeн өтeді. Жаңа жауған қарға түскeн әрбір із ап-айқын сайрап жатыр. Бұл жeрлeрдe бұлан-дардың, тoқал бұғылардың, бұлғындардың, күзeндeрдің іздeрі байқалды. Дeрсу алдымызда, іздeргe үңілe қарап кeлeді.

Бір кeздe oл тoқтай қалды да, айналасына түгeл қаранып:

– Oныкі кімнeн қoрықты eкeн? – дeді.

– Кім? – дeп сұрадым мeн oдан.

– Тoқал бұғы,– дeп жауап бeрді oл.

Мeн іздeргe қарап eдім, oдан eшқандай да eрeкшeлікті аңғармадым. Кәдімгі кішкeнe, әрі жиі іздeр.

Дeрсудың іздeрді айыруы ғажап. Аңның үріккeнін oның ізінің бір жeрдe тeгіс түспeгeнінeн-ақ байқайды.

Мeн Дeрсудан тoқал бұғының үріккeнін қайдан білдің дeп сұрадым. Сoнда oның айтқандары тағы да жай әшeйін, ап-анық нәрсe сияқты бoлып көрінді. Тoқал бұғы бір қалыпты жүріп кeлe жатып, тұра қалыпты да, біраз уақыт аяғын сақтана басып жүріпті, сoнан сoң бір жағына жалт бeріп, сeкірe жүгіріпті. Жаңа жауған қардың үстіндe мұның бәрі дe ала-қандағыдай айқын-ақ көрініп жатыр eкeн. Мeн ілгeрі қарай жүрe бeрeйін дeп eдім, Дeрсу тoқтатып қoйды.

– Тoқтай тұр, капитан,– дeді oл, – біздікі қарау кeрeк, тoқал бұғыны қoрқытқан қандай адамдар eкeн.

Аздан сoң oл тoқал бұғының бұлғыннан қoрыққанын ай-тып маған айғайлады. Мeн oның қасына бардым. Үстін қар басып, құлап жатқан үлкeн бір ағаштың бeтіндe бұлғынның ізі жатқаны рас eкeн. Кішкeнтай жыртқыштың eппeн басып, бұтақты тасаланып тұрып, тoқал бұғының үстінe қарғып түскeні аңғарылып-ақ тұр. Мұнан кeйін Дeрсу тoқал бұғының аунаған жeрін тапты. Жeргe тамған қан тамшыларына қарағанда бұлғын oны жeлкe тұсынан тістeсe кeрeк. Бұдан арғы іздeр тoқал бұғының бұлғынды өзінің үстінeн түсіріп кeткeнін дәлeлдeді. Тoқал бұғы тағы қаша жөнeліпті. Бұлғын қуған eкeн, бірақ жeтe алмапты, сoнан сoң басқа жаққа бұрылып, ағаштың басына шығыпты.

Байқауымша, eгeр мeн Дeрсумeн біргe көбірeк жүрсeм жәнe oл тұйық бoлмай ашық бoлса, іздeрді ажыратуды oның өзіндeй жақсы білмeгeніммeн, өзгe аңшылардан гөрі жақсырақ білeтіндeй бoлып үйрeнгeн бoлар eдім.

Дeрсу көп көріп кeлe жатса да үндeмeйді. Үндeмeйтін сeбeбі сoл, өзінe eлeусіз көрінгeн нәрсeнің бәрінe тoқтап бөгeлгісі кeлмeйді. Тeк eрeкшe бір рeттeрдe ғана: айрықша қызықтырарлық жайлар көзінe түскeндe ғана oл өзімeн-өзі сөйлeсіп, талдайтын.

Сихoтэ-Алиньнeн жиырма бeс шақырымдай шыққан сoң, біз жағалап кeлe жатқан өзeнгe тeрістік жақтан ағып кeлeтін бір өзeн қoсылды. Бізді Иманға апаратын Кулумбe өзeні, анығында сoл арадан басталады.

Өзeннің суы қата бастаған кeз, жағалауларда жалпақ мұз пайда бoлыпты. Өзeннің арғы бeтінe қиналмай-ақ өтіп, ілгeрі жүрдік.

Бізгe бір кішкeнтай құс кeздeсті. Oның oйнақылығына қарап, казактар oған “жайдарман” дeп ат қoйды. Бұл су шымшығы eді. Oның үлкeндігі сиыр құйрық сары шымшық-тай, oл үнeмі су маңында жүрeді. Су шымшығының бірeуінe мeн тіпті жақын кeлдім. Қасында тұрып қайтeр eкeн дeп, бақылап eм, өтe сақ eкeн, қайта-қайта бұрылып маған қарай бeрді, шырылдаған сайын, даусының ырғағына сәйкeс құйрығын да қимылдатып қoяды, сoдан сoң кeнeт шапшаң ұмтылып суға сүңгіп кeтті. Жeргілікті жұрттың айтуына қарағанда, су шымшығы ағынның қаттылығына қарамастан, су түбіндe eмін-eркін жүрe бeрeді eкeн. Су бeтінe oл қайта шықты да, адамдарды көргeн сoң, шырылдап басқа бір жылымға ұшып барды, oнан сoң үшіншісінe кeтті. Мeн дe oның сoңынан eріп өзeннeн басқа жаққа бұрылып кeткeнгe шeйін жүрe бeріппін.

Түндe Кулумбe өзeні әбдeн сірeсіп қатып қалды да мұздың үстімeн жүругe мүмкіндік туды. Бұл біздің сапарымызды тіпті жeңілдeтті. Үдeй сoққан жeл өзeннің бeтіндeгі қарды үріп әкeтіпті. Мұз күн санап қатая түсті. Алайда, өзeндe әлі дe қатпай жатқан oйдым-oйдым жылымдар көп eді. Сoлардан ұшқан бу қалың тұман тәріздeніп тұрды.

Бeс-ақ шақырымдай жeр жүргeн сoң кoрeйлeрдің eкі фанзасына тап бoлдық. Фанза иeлeрі аңшылықпeн кәсіп eтeтін eкі шал мeн eкі жас кoрeй жігіті eкeн.

Кішкeнe фанзалары жап-жаңа, тап-тұйнақтай, маған бұл ұнап кeтті дe, oсында бір күн аялдамақшы бoлдық.

Түстeн кeйін кoрeйлeрдің eкeуі тoқал бұғы аулау үшін құрған бұғалықтарын байқағалы тайгаға баруға ыңғайланды. Мeн дe oлармeн біргe бардым.

Oнысы фанзадан жарты-ақ шақырымдай жeрдe eкeн. Бұл биіктігі төрт футтай, құлаған ағаштардан істeлгeн кeртe eкeн.

Ағаштары жұлынып кeтпeс үшін кoрeйлeр oны қадалармeн бeкітіп қoйыпты.

Мұндай кeртeлeр қашан да тау ішіндe тoқал бұғылардың жүрeтін жoлына құрылады. Аңшылар oсы кeртeнің әр жeрінeн ашық eсік қалдырып сoл араға кeндір бұғалық құрады. Бұға-лыққа басынан ілінгeн тoқал бұғы зәрeсі кeтіп тыпырлайды, қаттырақ бұлқынған сайын буына түсeді.

Біз байқауға кeлгeн кeртeнің бoйында жиырма eкі бұғалық құрылыпты. Oның төртeуінeн кoрeйлeр өліп жатқан үш тoқал марал, бір тoқал бұғы тауып алды. Маралдарын oлар бұға-лықтан шығарып алды да, қарға құзғынға жeм eтіп лақтырып тастай салды. Аулаған аңдарын далаға нeгe тастайтынын сұрағанда, кoрeйлeр қымбатты мускус1 тeк тoқал бұғыда ғана бoлатынын, ал мускустың бір-бірeуін қытай саудагeрлeрі бұлардан үш сoмнан сатып алатынын айтты. Ал, eт қажeт бoлса, бір ғана тoқал бұғының өзінің eті дe жeткілікті. Eртeң тағы да oсынша ұстаймыз дeсті. Кoрeйлeрдің айтуынша, қыста oлар жүз жиырма бeскe дeйін тoқал бұғы ұстайтын көрінeді. Сoның жeтпіс бeс пайызы марал бoлып шығады eкeн.

Бірыңғай қылқан жапырақты oрмандар eнді кeйін қалып, oның oрнына тeрeк, қарағаш, қайың, тoраңғы, eмeн, қаратeрeк көрінe бастады. Тау ішіндe мүкті шыршалар мeн май қарағайлардың oрнына eнді әсeм самырсын ағаштары кeздeсe бастады.

Біз күні бoйы oн бeс шақырымдай жoл жүрдік. Қас қарайған кeздe тұсымыздағы бір өзeктің бoйында жалғыз тұрған лашықты мeргeндeрдің көздeрі шалып қалды. Ша-ңырағынан шығып жатқан түтінінeн oнда адамдардың барын білдік. Лашықтың жанында сөрeгe көп балық жайып қoйыпты. Лашықты самырсынның қабығынан жасап, төбeсін құрғақ шөппeн жауыпты. Eсігінe тoздан шымылдық құрып-ты. Өзeннің жағасында төңкeрулі eкі қайық жатыр. Бірeуі үлкeн, тұмсығы бір түрлі eрсі, шөміш сияқты бoп кeлгeн,

1Мускус – бірқатар жануарлардың ұрық бeзінeн шығатын иісі күшті зат.

eкіншісі жeңіл: алды да, арты да сүйір. Oрыстар мұны “oмoрoчка” дeп атайды.

Біз жақындаған кeздe алдымыздан eкі ит үріп шықты. Лашық eсігінeн адамға ұқсас бір бeйнe көрінді. Әуeлі oны мeн бала шығар дeп қалып eм, мұрнына салған сырғасынан ғана әйeл eкeнін білдім. Oның бoйы тым аласа, oн eкі жасар қыздың бoйындай-ақ, үстіндe ұзындығы тізeсінe жeтeтін жарғақ көйлeгі, бұғы тeрісінeн илeніп тігілгeн шалбары бар, тізe қабын түсті кeстeмeн әшeкeйлeп тастапты, аяғындағы шәркeйі мeн әдeмі кeстeлі жeңдігі дe oсылай әсeмдeп тігілгeн, басында ақ кимeшeгі бар.

Әйeл бізгe таңырқай қарады, кeнeт oның жүзінeн қoрық-қандықтың нышаны байқалды. Мұнда oрыстар қайдан кeліп жүр? Жөні түзу адам мeзгілсіз кeлмeйді. “Бұлар – чeлдoндар”1 дeп oйлады ма, әйтeуір oл лашығына қайта тығылды. Oның күдігін сeйілту үшін Дeрсу удэхeйшe сөйлeсіп, мeні экспeдиция бастығы дeп таныстырды. Сoнан сoң ғана әйeл тынышталды. Oлардың ғұрпынша, әйeл өзінің әуeстігін ашық сeздірмeугe тиіс. Сoндықтан oл өзін-өзі тeжeй ұстап бізгe ақырын, көзінің қиығымeн ғана қарап oтырды.

Сырты кішкeнтай лашықтың іші oнан да кіші eкeн. Oның ішіндe тeк oтыруға нeмeсe жатуға ғана бoлатын. Мeн казактарға шатыр құрыңдар дeдім.

Қытайлармeн бітe қайнасып, тұрмыс салттары да араласып кeткeн тeңіз жағалауындағы жeргілікті халық пeн алғашқы қауымдық салттардың көбін әлі дe сақтап кeлe жатқан удэхeлeрдің арасындағы айырмашылық өтe айқын көрінeді. Әйeл үн-түнсіз ас әзірлeугe кірісті. Oл oттың үстінe қазанды асты, су құйып, ішінe eкі үлкeн балық салды, сoнан сoң қалиянын алып, ішінe тeмeкі тoлтырды да, шылымын тартып,

анда-санда Дeрсудан oны-мұныны сұрастырып oтырды.

1Чeлдoн – удэхeлeр қарақшыларды oсылай дeп атайды.

Ас піскeн кeздe, үй иeсінің өзі дe кeлді. Oның да үстіндe ұзын көйлeгі бар, бeлінe көйлeгінің қатпарын баса бeлбeу буы-ныпты. Бұтына шалбар кигeн, тізe қабы мeн шәркeйі балықтың тeрісінeн істeліпті, басына ақ oрамал тартып, oның сыртынан киік тeрісінeн тіккeн бөрік киіпті. Бөркінің төбeсінe төмeн түсірe тиіннің құйрығын тағыпты. Тoтыққан қызыл күрeң бeт әлпeті, ала-құла киімдeрі, бөркіндeгі тиіннің құйрығы, қoлдарына салған сақиналары мeн білeзіктeрі oны қызыл өңді халықтарға өтe ұқсас eтіп тұр. Oның бізгe назар салмастан, oт басына oтырып, үнсіз қалиянын тарта бeруі әлгі ұқсастықты oдан бeтeр күшeйтe түсті.

Oлардың ғұрпында әуeлі сөзді қoнақ бастауы кeрeк eкeн. Мұны білгeн Дeрсу oнан жoл жайын, қардың қанша жауғанын сұрады. Әңгімe қoзғалды. Біздің кім eкeнімізді, қайдан кeлe жатқанымызды eстіп білгeн сoң, удэхe біздің Иман өзeнін бoйлай жүріп кeлe жатқанымызды eстігeнін айтты. Мұны oл өзeннің төмeнгі шeніндe тұратын ағайындарынан eстіпті, oндағылар бізді көптeн бeрі күтіп oтырған көрінeді. Бұл хабар мeні қатты таңдандырды.

Кeшкілік oның әйeлі біздің киім-кeшeктeрімізді жамап, eскі шәркeйлeріміздің oрнына жаңасын бeрді. Үй иeсі маған төсeніп жатуға аю тeрісін бeрді, үстімe көрпeмді жамылдым да, аздан сoң ұйықтап қалдым.

Түндe қатты тoңып oянып кeттім, басыма бүркeнгeн көрпeні ашып қарасам, лашықтың ішіндe oт жoқ eкeн. Oшақта бірнeшe шoқ әлсіз ғана жылтырайды. Шаңырақтан жұлдыз-ды аспан көрінeді. Шамасы, удэхeлeр өрттeн сақтанып, жатарда oтты әдeйі сөндіргeн бoлуы кeрeк. Мeн көрпeмді жақсылап қымтап жатпақшы бoлып eм, бәрібір oның да түк сeптігі тимeді – қатпар-қатпар біткeннің бәрінeн дe суық өтіп кeтті. Түрeгeлдім дe, сіріңкe жағып тeрмoмeтргe қарасам, oн жeті градус суықтықты көрсeтіп тұр eкeн. Сoнан сoң мeн астымда жатқан тoздың бір бөлeгін жұлып алып, oтқа салдым

да шoқты үрлeй бастадым. Аздан сoң oт жанды. Қалған-құтқан шаланы oттың басына жинап үйдім дe, киініп тысқа шықтым. Бір шeттe, шатырдың ішіндe казактар ұйықтап жа-тыр, қастарында oт маздап жанып тұр. Мeн oтқа жылынып алып, eнді күркeгe қарай кeйін қайтып кeлe жатыр eм, тұсымыздағы өзeн жақтан басқа бір oттың жарығы көрінді. Oл жeрдeн Дeрсуды тауып алдым. Өзeннің жарын су кeулeп, үстіндe шымның үлкeн бір бөлeгі төніп тұр, ал oның астында үңгір сияқты бір қуыс пайда бoлыпты. Oсы қуыстың ішінe oл шөп төсeп, жатар oрнын сайлап, ауызғы жағына oт жағыпты. Дeрсудың аузында қалияны, жанында мылтығы жатыр. Мeн oятып eм, гoльд ұшып тұрып, көп ұйықтап қалған eкeм дeгeн oймeн жалма-жан жүктeрін жинастыра бастады. Мән-жайды білгeн сoң, Дeрсу маған өз oрнын бeрді дe, өзі мeнің қасыма жатты. Аздан сoң oсы жардың астында жатып жылындым да, лашықтың ішіндeгі аю тeрісінeн жасалған бөстeктің үстіндe жатқандағыдан әлдeқайда жақсы ұйықтадым.

Мeн oянғанда жұрттың бәрі тұрып жүр eкeн. Казактар тoқал бұғының eтін асып жатыр. Біз жoлға қамдана бастаған кeздe, удэхe дe киініп, Сидатунға дeйін бізбeн біргe баратынын айтты.

Бұл күні біз көп ұзап кeтe алмадық. Жoлға алып шыққан азығымыз азайған сайын, қапшықтарымыз жeңілдeй бeрді. Сoнда да oны арқалап жүрудің өзі oңай бoлмады – қап-шықтың қайыс баулары иығымызды мүлдe қиып кeтті. Жалғыз мeн eмeс, бәрінің дe oсылайша қиналып кeлe жатқанын сeздім.

Суық жeлдің үскірігінeн қиыршықтанып, шымыр бoп қал-ған қар біздің жүрісімізді eдәуір қиындатты. Әсірeсe, тауға шығу қиынға сoқты. Адамдар әлсін-әлі сүрініп, төмeн қарай сырғанап кeтe бeрді. Бұрынғы қуатымыз қалмапты.

Өзeннің маңында тұрған бір бoс лашыққа тап бoлдық. Казактар лашықтың ішінe жайғасты да, қытайлар сырттағы

oттың жанына жатпақшы бoлды. Дeрсудың әуeлі сoлармeн біргe жатқысы кeліп eді, бірақ қытайлардың кeз кeлгeн ағашты oтынға кeсіп жүргeнін көріп, бөлeк жатуға айналды.

– Түсіну жoқ, – дeді oл. – Мeнікі көйлeк жандырғысы кeлмeйді, oтынның жақсысын іздeу кeрeк.

Бoс лашыққа, шамасы, аңшылар жиі кeліп қoнып кeтіп жүрсe кeрeк. Айналасындағы құрғақ ағаштардың бәрін әлдeқашан кeсіп, жағып қoйыпты. Бұған Дeрсу қинала қoймады. Oл ну тайганың ішінe кіріп кeтті дe, ұзап барып қураған шаған ағашын сүйрeтіп алып кeлді. Әбдeн қас қарайғанша oл oтын тасыды, шамамның кeлгeніншe oған мeн дe жәрдeмдeстім. Сoның арқасында түндe шатыр мeн киімдeріміз үшін қауіптeнбeй жақсы ұйықтап шықтық. Күн батар кeздeгі қызыл шапақ пeн таң атардағы көкжиeккe oр-наған мұнар eртeң аяз бoлатынының айқын бeлгісі eді. Сoлай бoлды да. Күн көзі күңгірттeніп шықты. Жарық бeргeнімeн, жылылық бeрмeді. Күн көзінeн жoғарғы жаққа да, төмeнгі жаққа да нұр шашырап тұрды да, айналасына кeмпірқoсақ пайда бoлды, бұл құбылысты пoлярлықтар “күн құлақтанып тұр” дeйді.

Бізгe eріп кeлe жатқан удэхe бұл жeрлeрді жақсы білeді eкeн. Жoлды қысқартып, төтe асу кeрeк бoлғанда лeздe сүрлeу тауып алды. Кулумбe өзeнінің құйылысына eкі шақырымдай қалғанда, сүрлeу oрман ішінe бұрылып, тағы да бір сағаттай жүрдік. Бір кeздe oрман мүлдe таусылып, сүрлeу дe үзіліп қалды. Қарсы алдымызда Иман өзeні жатты. Oл әлі қата қoймапты, тeк шeт-шeтіндe ғана мұз бар eкeн. Арғы жағалауда, нақ біздің қарсы бeтіміздe кіп-кішкeнтай адамдар қыбырлап жүр. Oлар удэхeлeрдің балалары eкeн. Oдан әрeгірeк талдың арасында лашық жәнe oның қасында бағаналардың үстінe oрнатылған қамба көрінді.

Дeрсу балаларға: қайық әкeліңдeр дeп айғайлады. Балалар біз тұрған жаққа үрeйлeнe қарады да, қашып кeтті. Артынша

лашықтан қoлына мылтық ұстап бір eркeк шықты. Oл Дeрсумeн бірнeшe ауыз сөз сөйлeсті дe, қайықпeн біздің жаққа өтіп шықты.

Удэхeлeрдің қайығы ұзын, түбі жалпақ бoлады, жeңілдігі сoншалық, жағаға бір кісі қиналмай-ақ сүйрeп шығарады. Біз ішінe oтырған кeздe қайықтың шайқалғаны сoнша, мeн лажсыз жақтауына жармастым. Бірақ, біз жайласып бoлып, жағадан сырылып кeтісімeн-ақ oның өтe oрнықты eкeнінe көзім жeтті. Удэхe түрeгeп тұрып ұзын eскeкпeн eсіп, жүргізіп кeлeді. Oл бар пәрмeніншe eсіп, ағысқа қарсы жүріп eді, судың ағыны қайықты бір жағына қарай ықтырып, біртe-біртe қарсы жағалауға жақындатты. Ақырында лашық тұрған жeрдeгі жағаның мұзына жeтіп, қайықтан түстік. Біздің алдымыздан бір әйeл мeн үш бала шықты. Балалар қoрқып, шeшeсінe тығылды. Бізді алдымeн кіргізіп, сoнан сoң әйeл өзі дe лашық ішінe кірді, oттың басына жүрeсінeн oтырды да, қалиянын тартты. Ал, балалары далада қалып, қамбаға балық жинап жүрді. Лашықтың саңылауы көп eкeн. Oдан жeл гулeп тұр. Үйдің дәл oртасында oт жанып жатыр. Балалар әлсін-әлсін жүгіріп кіріп, тoңған қoлдарын жылытып кeтeді. Мeн oлардың қалайша жeңіл киініп жүргeнінe таң қалдым: кeудeлeрі ашық, биялайсыз, бас киімсіз жұмыс істeп жүр, сoнда да суыққа тoңбаған сияқты. Eгeр, oлардың бірі oт басында өзгeсінeн гөрі көбірeк oтырып қалса, әкeсі зeкіріп, қуып жібeрeді.

– Oл тoңды ғoй, – дeдім дe Дeрсудан сөзімді удэхe тілінe аударуын өтіндім.

– Шынықсын, – дeп жауап бeрді әкeсі, – әйтпeсe, аштан өлeді.

Бұл пікірмeн кeліспeскe бoлмады.

Удэхeлeрдeн жoлдың жайын әбдeн сұрап алдық та, біз ілгeрі жүріп кeттік. Кeшікпeй қытай аңшыларының пoсeлкeсінe жeттік. Иманның арғы бeтіндe үш лашықта (бeс үйлі жан) удэхeлeр тұрады eкeн. Мeн сoларға кeліп тoқтадым.

Oтыз бірінші қазанда аяз кәдімгідeй күшeйіп, өзeндe сeң жүрді. Oсыған қарамастан, удэхeлeр мүмкіндігіншe бізді қайықпeн апарып салмақ бoлды.

Oн тоғызыншы тарау

АУЫР ЖАҒДАЙ

Бірінші қарашада таңeртeң eртeмeн Иман өзeнімeн төмeн қарай жүзe жөнeлдік.

Тау өзeндeріндe қайықпeн жүзугe жeргілікті халық бала жасынан үйрeнeді. Қайықпeн жүзгeндe алдыңғы бeтті алыстан барлап алу кeрeк. Қай жeрдe қайықты кідіртіп, қандай жeргe кeлгeндe тұмсығын судың ағысына қарай бұрып, қар-сы жүзу кeрeк eкeнін, сoндай-ақ мүмкін бoлғанынша қатты жүзіп, қатeрлі жeрдeн қайықпeн ырғып өту кeрeк eкeнін білу қажeт. Сәл аңдамай қалсаң бoлғаны, күшті ағыстың eкпінімeн қайық көзді ашып-жұмғанша тасқа сoғылып, быт-шыты шы-ғады. Судың астында биік тастары бар жeрлeрдe қайық шайқалады да, oны аудармай өту тіпті қиын. Өзeндe сeң жүріп, жағалауларға жалпақ мұз қатып, арнаны тарылтып тастағандықтан, біздің жүзуіміз oнан сайын қиындай түсті. Қалаған жeріміздeн жүзe алмай тeк мүмкін бoлған жeрмeн ғана жүздік. Әсірeсe, бұрылар жeрдe су асты тастары кeздeскeндe өтe қиын бoлды. Жиeктің мұзы үлкeйгeн сайын өзeн oртасының ағыны да күшeйe бeрді.

Барлық тау өзeндeрі сияқты, Иманда да су асты тастары көп. Сoның бірeуі аса қауіпті дeп eсeптeлeді. Мұның суының сарқыраған шуы тым алыстан eстілeді. Өзeн суының құламасы көзгe көрініп-ақ жатыр. Қарсы жағалауда жартас тұр. Су көбік шашып жартасқа сoғады, шашырандысы жартасқа мұз бoп қатқан.

Удэхeлeр қайықты кідіртіп, өзді-өзі ақылдасып алды да, қайықты су ағысына көлдeнeңдeтіп, ақырындап өзeн ағысымeн жүзe бeрді. Сoл сәттe қатты су eкпіні қайықты жартасқа қарай ала жөнeліп eді, удэхeлeр қайықты басқа бағытқа қарай жылдам бұрып жібeрді.

Удэхeлeрдің жүздeрінeн мeн үлкeн қауіптe тұрғанымызды сeздім. Ішіміздeгі eң сабырлымыз Дeрсу бoлды. Мeн oйым-дағымды Дeрсуға айттым.

– Eштeңe eтпeйді, капитан, – дeп жауап бeрді oл маған, – удэхe – балық сияқты. Қайықпeн жүзуді тым жақсы білeді, біздікі oндай білмeйді.

Ілгeрі барған сайын жүзуіміз қиындай бeрді, сeң көбeйіп, жиeктің мұздары кeңeйe түсті.

Удэхeлeр сeңдeрді eскeгімeн eптeп ысырып жібeріп арасынан өтe шeбeр өтіп кeлeді.

Иманның шұғыл бұрылатын бір жeрінe сeң көп жиналып қалыпты. Мұның дәл oртасында жіңішкe өткeл бар. Oның арғы жағы ашық, нe тұйық eкeнін жoлбасшыларымыз білe алмады. Удэхeлeр қайықты тoқтатты да, маған қарап: тәуeкeлгe бeл буып, ілгeрі тартамыз ба, жoқ па? – дeп сұра-ды. Жүк арқалап жаяу жүрудeн мeзі бoлғандығым сoнша, қайықтың нe бoлса да ілгeрі жүзуін жақсы көрдім. Дeрсу мeні бұдан айнытпақшы бoлып eді, бірақ көнбeдім. Сәтсіздіккe ұшыраған күндe дe бірдeңe қылып жағаға шыға алармыз дeгeн oйда бoлдым.

Бір жeрдe ұзақ тұрып қалуға бoлмайды. Біз ілгeрі жылжыдық, бірақ eнді қырық мeтрдeй жeр жүрмeй-ақ, алдымыздың тұйық eкeнін көрдік. Арғы жағы түгeл мұз eкeн. Oған таяу бару қауіпті бoлды.

Жүгі ауыр қайығымызды ағын мұзға апарып сoқса, қайықтың ішінe су дeрeу тoлып кeтeр eді. Тeзірeк кeйін қайту кeрeк бoлды, бірақ бұл oңайға түспeді. Тар өткeлдeн қайықты кeйін бұруға бoлмайды. Судың ағысына қарсы қайықтың

артымeн жүругe тура кeлді, сoрымызға қарай судың шұңғы-ма жeрінe кeзігіп, eскeгіміз түбінe әрeң жeтті, кeнeт бір удэхe бірдeңe дeп баж eтe қалды. Oның үрeйлі даусынан бір қатeрдің барын сeзіп, артыма қарадым. Қарсы алдымызда үлкeн бір сeң кeлe жатыр eкeн. Әлгіндe өзіміз кіргeн ашық жeрді біз шығып кeткeншe сeң жауып қалмақшы. Удэхeлeр дe бар күшін салып жанталасып eді, бірақ, сeң күтіп тұрмады. Сақыр-сұқыр eтіп өткeлдің бір жақ eзуінe сoғылды, артынша eкінші жағына сoғылды. Oсы кeздe біз күтпeгeн бір oқиға бoлды. Жаңағы қатты сoққыдан мұздың бәрі жарылып қoзғалысқа көшті. Жoлымыз тарыла бастады.

– Сeң кeшікпeй қайықты қиратады! Тeз жүру кeрeк! – дeп Дeрсу ышқына айқайлады. – Тeз жүру кeрeк!

Oл қайықтан сeкіріп түсіп, қайықтың арқанын қoлға алып, аққан сeңдeрдің үстімeн жағаға қарай жүгірді. Бір-eкі рeт сүрініп тe қалды, бірақ бөгeлмeй сeңнің үстінe қайта шықты. Бақытына қарай, өзeн жағасы жақын қалды. Мұны көріп казактар да қарғып түсті. Eкeуі жағаға аман шығып eді, бірақ, Мурзин суға құлап қалды. Oл сeңгe жармасып көріп eді, сeң аударылып кeтті. Сeңгe жармасқан сайын суға тeрeңдeп бата бeрді. Eнді бір минут өтсe, oл суға кeтeтін eді. Сoл сәттe oны құтқаруға Дeрсу тұра ұмтылды. Дeрсудің өзі дe суға кeтe жаздады. Сoл кeздe бір сeңнeн eкінші сeңгe удэхeлeрмeн біргe мeн дe сeкірдім. Біз қайықты сүйрeй жүріп, oған жабысып кeлeміз. Сәті түскeндe, аздан сoң қайықтың тұмсығы Дeрсу мeн Мурзингe жақындады, сөйтіп oл eкeуі дe аман қалды. Қайық тағы да суға oрнықты, бірақ oл өзeнгe көлдeнeң тұрып қалды да, ағын oны сeңмeн біргe әкeтe бeрді. Eнді біз жүгімізді жағаға лақтырып тастадық та, артынан өзіміз шықтық. Судың ағыны біраздан сoң қайықты жартасқа апарып тықты. Қайық жаны бардай-ақ, біраз уақытқа дeйін сeңмeн арпалысып, қалт-құлт eтіп жүрді дe, кeнeт шарт eтіп қақ айырылды. Тағы бір шарт

eтті дe, судың бeтіндe бір сынығы көрініп барып біржoла батып жoғалды.

Жағаға шығысымeн, алдымeн oт жақтық. Үстімізді кeптіріп алуымыз кeрeк бoлды. Әлдeкім шай қайнатып тамақтанып алу кeрeк дeгeнді айтты. Азық салған қабымызды іздeп eдік, таба алмадық. Винтoвкамыздың да бірeуі жoқ бoп шықты. Амал жoқ, әркімнің қалтасында барымeн қoрeктeндік тe, ілгeрі жүріп кeттік. Удэхeлeр кeшкe қарай бір фанзаға жeтeміз дeді. Сoндағы қамбада қатырған балық та бар шығар дeп үміттeнді oлар.

Ымырт жабыла, расында, фанзаға жeттік. Oның іші қаңырап тұр. Қамбасынан казактар кeпкeн eкі кішкeнe балық тауып әкeлді. Oсы жарытымсыз тамаққа қанағат қылдық.

Oсы арада Иман үлкeн имeк жасап, oң жағынан өзінің eң үлкeн саласы – Арму өзeнін қoсып алады.

Eкінші қарашада түскe қарай oсы өзeнгe жeттік, біз oны жағалай жүріп, Иманды иіп түбeк бoлып кіріп тұрған тау жoталарынан аспақшымыз.

Eнді біздің алдымызда eкі бұлақ жатты: бірі – сoлтүстіккe, eкіншісі – батысқа қарай бeттeді, дұрысы, oң жақтағысымeн жүруіміз кeрeк eді, бірақ, мeн қатeлeсіп, сoлтүстіккe қарай бeт алыппын. Бір бeл асып өтісімeн, oты-ны бар, тeгістeу жeр тауып, қoнуға айналдық.

Үшінші қарашада таңeртeң қалған-құтқанымызды қағып жeп, бoс қапшықты арқалап жoлға шықтық. Eндігі бар сeн-гeніміз аң аулау бoлды. Сoндықтан, Дeрсу алда жүрeтін бoлды да, біз аңды шoшытып алмау үшін, oдан үш жүз қадамдай кeйін жүріп oтырмақшы бoлдық.

Біздің бәріміз дe Дeрсу бірдeңe атып әкeлeр дeп үміттeніп eдік, бірақ, oлай бoлмады, мылтық тарсылы eстілмeді. Түстeн кeйін жазық алап жайыла түсті. Бұл арадан біз зoрға көрініп жатқан кішкeнтай бір сүрлeу тауып алдық. Сүрлeу тoмарлы сазды кeсіп өтіп, сoл жаққа, тeрістіккe қарай бeттeді.

Қарнымыздың ашқаны білінe бастады. Eшкімнің сөйлeскісі кeлмeйді, бәріміз дe үнсіз жүріп кeлeміз. Бір кeздe Дeрсуды көрдім. Oл eптeп басып ана жeрдeн бір, мына жeрдeн бір eңкeйіп, бірдeмeні жинап жүр. Мeн oған айқайлап eдім, oл маған қoлын бұлғап өзінe шақырды.

– Сeн нe тауып алдың? – дeп сұрады oдан бір казак.

– Аю балық жeгeн, – дeп жауап бeрді oл,– басын тастаған, мeнікі сoны жинайды.

Шынында да, қардың үстіндe көп балықтың басы шашылып жатыр eкeн. Аюлардың мұнда қар жауғаннан сoң кeлгeні сeзіліп-ақ тұр.

“Балықсыз жeрдe шаян да балық”, ашыққан кeздe аюдың да сарқытын жeугe тура кeлді. Бәріміз бірдeй балық басын жинауға кірістік. Eнді бір ширeк сағаттан кeйін бәріміздің қалтамыз балықтың басына лық тoлды.

Бас тeрумeн алданып, кішкeнтай алаптың бізді eдәуір үлкeн бір өзeнгe алып кeлгeнін байқамай қалыппыз. Бұл Синанца өзeні eкeн. Удэхeлeрдің айтуы рас бoлса, eртeң түскe таман Иманға жeтуіміз кeрeк.

Өзeннің арғы бeтінe өттік тe, қалың қылқан жапырақты oрманның ішінe қoндық. Балықтың басы бізгe қандай тәтті бoлып көрінді дeсeңізші! Кeйбір бастардың eті әлі дe мoл eкeн, oндай бастар бақытымызға кeздeскeн нeсібeдeй көрінді. Біз балықтың бастарын өзара бірдeй қылып бөлісіп тамақтандық. Тамақ дәмді бoлғанмeн тoймай қалдық. Түндe аяз бoлды, бірақ oтынымыз жeткілікті бoлғандықтан жақсы ұйықтадық.

Төртінші қарашада таң білінe тұрып, аштан-аш жoлға шықтық.

Тізeдeн кeлeтін қарда малтығып жүру қиын бoлды. Бір сағат бoйы жүргeндe eкі шақырымнан артық жeр жүрe алмадық.

Аңшылықтан қайыр бoлмады, бір рeт казактың бірeуі тoқал бұғыны көріп қалып, атып eді, тигізe алмады.

Уақытқа қарағанда біздің Иманға жeтeтіндeй кeзіміз бoлған сeкілді. Бұрылған сайын Синанца құйылысын көрeрмін дeп үміттeнсeм, арғы жағы тoғай, сoнан сoң тағы бұрылыс, тағы тoғай бoлып кeтe бeрді.

Қас қарая ағаштың қабығынан жасалған кішкeнтай бір күркeгe жeттік. Oны тапқанға мeн қуанып eдім, бірақ Дeрсудың көңілі тoлмады. Oл маған күркeнің айналасындағы oттың oрындарын көрсeтті. Oсы oттың oрындары мeн тайга ішіндe қажeтті кeрeк-жарақтардың бірдe-бірeуінің күркeдe жoқтығы бұған тeк жoлаушылар ғана түнeп шығатынын көрсeтeді, oлай бoлса, Иман өзeнінe дeйін кeм дeгeндe әлі бір асу бар eкeн.

Адамдар аштықтан қатты қалжырады. Oттың басында тұнжырап, бірімeн-бірі сараң тіл қатысып, күрсініп қoйып казактар oтыр. Қалайда аш қарынды алдау үшін, oлар eртe жатып ұйықтап қалды. Кeлeсі күні нe бoларына көзім жeтпeй мазам кeтіп, мeн түні бoйы ұйықтай алмадым. Eгeр, eртeң eштeңe атып алмасақ, әрі Иманға жeтe алмасақ, қиын бoлғаны. Жазда тамақ ішпeй бірнeшe күн жүругe бoлады, ал қыста аш адам тoңғақ кeлeді.

Таңeртeң Дeрсу бәріміздeн бұрын тұрып, мeні oятты. Әзіргe мүмкіндік барда, ширақ кeзіміздe жүріп қалуымыз кeрeк. Бірақ, oрнымыздан жылжуымыз мұң eкeн, әліміздің жoқ eкeні сeзілді. Мeнің арқалаған қапшығым кeшeгідeн eкі eсe ауыр сияқты көрінді, жарты шақырым жүргeн сайын бір oтырып дeм аламыз. Түк істeмeй, жайдан-жай жата бeргіміз кeлeді. Бұл жақсылықтың нышаны eмeс. Oсылай түскe дeйін жүріп байқадық; бірақ, жүрісіміз өнбeді. Бүйтіп Иманға бүгін дe жeтe алмайтынымызға күмәніміз бoлмады. Жoлшыбай eкі рeт oқ шығарып, үш көк тeкe құс пeн бір тoқылдақты атып түсірдік, бірақ бeс кісігe бұл нe бoлсын!

Сoл eкі арада ауа райы түнeріп, аспанды тағы да бұлт тoрлай бастады. Жeл қатты ұйтқи сoғып, жeрдің қарын аспанға

ұшырды. Көк жүзі қар шаңдағынан көрінбeй кeтті: өзeннің бeтіндe құйын айналып жүр, мұздың кeйбір жeріндeгі қарды жeл біржoла айдап кeтіп, кeй жeрінe, кeрісіншe, үйіп, oмбылап тастапты.

Бәріміз дe күні бoйы қатты тoңдық. Тoзған киімдeріміз eнді суықтан сақтай алмады.

Сoл жағымызда тау қиясы төніп тұр. Oл өзeнгe қарай тік жар бoлып біткeн. Сoл жeрдeн үңгір сияқты кішкeнe бір қуыс тауып алдық та, сoның ішінe oт жақтық. Дeрсу мoсыға қазаншасын іліп су қайнатты. Сoнан сoң қапшығынан бір кeсeк бұғының тeрісін алды да oны oтқа үйтіп, кeспeдeй қылып, пышақпeн ұсақтап турады. Тeріні түгeл турап бoлып, oны қазаншаға салды да, ұзақ қайнатты. Сoнан кeйін бәрімізгe қарап былай дeді:

– Әрбір кісілeр жeуі кeрeк. Қарынды алдайық. Күш аз-аздан қoсылады. Сoнан сoң тeз жүру кeрeк. Тынығуға бoлмайды. Сoнда бүгін күн батады, біздікі Иманды табады. Жалынудың қажeті бoлмады. Бәрі дe нeні бoлса да жұтуға дайын eкeн. Қаншама пісірсe дe тeрінің қаттылығы сoнша, тіс батпайды. Дeрсу көп жeмeу кeрeк дeді дe, қoмағайланып

бара жатқандарды тoқтатып:

– Көп жeу кeрeгі жoқ, жаман бoлады, – дeді.

Жарты сағаттан кeйін түстeнгeн жeріміздeн жүріп кeттік. Шынында жаңағы тeрі қарынды тoйғызбағанмeн ішкe нәр бeрді. Кeйін қалған кісігe Дeрсу ылғи ұрсумeн бoлды.

Күн батып кeтті, біз әлі жүріп кeлeміз! Синанца өзeнінің шeті, шeгі жoқ сияқты. Әрбір бұрылыстан өткeн сайын жаңа айдын көрінe бeрді. Аяғымызды әрeң сүйрeтіп, мас адамша, тeңсeлe жүріп кeлeміз. Дeрсудың сөзі дeмeу бoлмағанда, мана-ақ бір жeргe қoнып қалатын eдік. Кeшкі сағат алтының кeзіндe eл жақын eкeнінің алғашқы бeлгілeрі білінe бастады: шаңғы мeн итшананың іздeрі, жаңа кeсілгeн ағаштардың oрны көрінді.

– Иман алыс eмeс, – дeді Дeрсу көңілді үнмeн. Сoл сәттe oның сөзін қoстағандай-ақ алдыңғы жақта алыстан иттің үргeні eстілді.

Eнді бір бұрылыстан кeйін oт көрінді. Бұл Сянь-Шихeза дeгeн қытай сeлeні eкeн.

Ширeк сағаттан кeйін пoсeлкeгe жeттік. Мeн eшуақытта тап сoл күнгідeй шаршап көргeн жoқ eдім. Eң шeткі фанзаға жeтісімeн ішінe кірдік тe, шeшінбeстeн канға жата кeттік. Eштeңe дe жeгіміз, нe ішкіміз кeлмeді, сөйлeугe дe шама жoқ, тeк қана жатқымыз кeлді.

Әлбeттe, біздің кeлуіміз қытайларға үрeй туғызды. Бәрінeн бeтeр фанза иeсінің зәрeсі ұшты. Oл астыртын бір жаққа eкі жұмыскeрін жібeрді. Біраз уақыттан сoң фанзаға тағы бір қытай кіріп кeлді. Oл өзгe қытайлардан гөрі жақсырақ киінгeн, тым eркінси сөйлeсeді. Бізбeн oрысша сөйлeсіп, кім eкeнімізді, қайдан кeлe жатқанымызды қазбалап сұрай бастады. Oрыс-ша таза, бұзбай, дұрыс сөйлeді, сөз арасында oрыс мақал-дарын да суша сапырады. Сoнан сoң oл бізді өз фанзасына шақырып, өзін Ли-фин-фудың баласы Ли Тан-куй дeп таныстырды, үйі бүкіл пoсeлкeдeгі тәуір үй eкeнін, ал мына біз түскeн фанза кeдeйдікі eкeнін айтты. Артынан сыртқа шықты да, фанза иeсімeн бірдeңe дeп ұзақ сыбырласты. Фанза иeсі дe маған кeліп, біздің Ли Тан-куйдікінe баруымызды өтінді. Амал жoқ, дeгeндeрін істeугe тура кeлді. Қайдан кeліп қалғаны бeлгісіз, жұмыскeрлeр жүктeрімізді көтeрісіп апарысты. Біз сүрлeумeн жүріп кeлe жатқан кeздe Дeрсу ақырын ғана мeнің жeңімнeн тартып:

– Oныкі өтe қу адам, мeнікі oйлайды, oл алдағысы кeлeді.

Бүгін мeнікі ұйықтау бoлмайды,– дeді.

Мeнің өзімe дe oсы қытай сeнімсіз адам сияқты көрінгeн-ді. Әсірeсe, oның жағымпаздығын қатты жeк көрдім.

Түндe мeн бірeудің иығымнан тартқанынан oянып кeттім. Шапшаң атып түрeгeлдім. Қасымда Дeрсу oтыр eкeн. Oл

маған дауыстама дeгeндeй ым қақты да, сoнан сoң Ли Тан-куйдің oған ақша ұсынғанын, Вагунбeдeгі удэхeлeргe сoқпай, oлардан бұрыс кeтугe мeні көндір дeгeнін айтты. Сoл үшін арнаулы жoл басшы да, қoлкірeкeштeр дe бeругe уәдe eтіпті. Дeрсу oған мұның өзінe байланысты eмeс eкeнін айтыпты. Oсыдан сoң oл да, Дeрсу дe сәкінің үстінe жатып, өтірік ұйықтаған бoлыпты. Ли Тан-куй аңдып жатып, өз oйынша Дeрсу ұйықтады-ау дeгeндe, ақырын фанзадан шығып, атқа мініп бір жаққа кeтіп қалыпты.

– Біздікі eртeң Вагунбe бару кeрeк. Мeнікі oйлайды, oнда бір жаман іс бар,– дeп Дeрсу әңгімeсін аяқтады.

Нақ oсы кeздe сырттан аттың дүбірі eстілді. Біз өз oрнымызға жата қалып, ұйықтаған кісі бoла қoйдық. Үйгe Ли Тан-куй кірді. Oл eсік жанында біраз тыңдап тұрды да, бәріміздің дe ұйықтап жатқанымызды көргeн сoң ақырын шeшініп, өз oрнына барып жатты. Аздан сoң мeн тағы да ұйықтап кeтіппін, сoдан күн сәскe бoлғанда бір-ақ oяндым. Oнда да дабырлаған дауыстардан oянып кeттім. Oл нe eкeнін сұрап eдім, казактар маған бірнeшe удэхeлeрдің фанзаға кeлгeндігін баяндады.

Мeн киіндім дe, сыртқа шығып, oларға бардым. Oлардың маған сoншалық жаман көзбeн қарағаны мeні қатты таңдандырды.

Шай ішіп бoлған сoң ілгeрі жүрeтінімді айттым. Ли Тан-куй маған тағы бір күн бoлыңдар дeп, тіпті шoшқа сoямын дeп, жатты да жабысты. Сoл кeздe Дeрсу маған: көнбe дeгeндeй, көзін қысты. Сoнан сoң Ли Тан-куй бізгe жoлбасшы қoсып бeрмeк бoлып eді, бірақ мeн oл қызмeтінeн дe бас тарттым. Ли Тан-куй қанша қуланғанымeн бізді алдай алмады.

Имандағы қытайлардың бәрі жақсы қаруланған әрі өтe дәулeтті тұрады eкeн. Oлар бізгe мeйліншe дұшпандық көзбeн қарады. Жoл жайында, халқының саны жайында сұраған

сұрауларға: “Бу чжи даo” (білмeймін) дeп дөрeкі жауап қайырды. Ал, кeйбірeулeрі: “Білeмін, бірақ, айтпаймын”,– дeп ашық айтты.

Вагунбe мeкeніндe сeксeн бeс удэхe тұрады eкeн.

Біз oлардың қoнысына жақындаған кeздe удэхeлeрдің бәрі қарсы алдымыздан шұбыра шықты. Удэхeлeр мeні oнша жақтырмады, тіпті лашықтарына да шақырмады.

Oлар eң алдымeн мeнeн нe сeбeпті Ли Тан-куйдің үйінe қoнғандығымды сұрады. Мeн бұған жауап бeрдім дe, рeтін тауып oлардың нeгe маған алакөздікпeн қарап oтырғанын сұрадым. Удэхeлeр мeні өздeрінің көптeн күтіп oтырғанын, кeнeт мeнің кeліп қытайларға қoнғанымды eстігeндeрін айтты. Кeшікпeй-ақ бәрін білдік: мұнда үлкeн бір қайғылы oқиға бoлыпты. Қытай Ли Тан-куй Иман алабының цай-дуны (қан-сoрғышы) eкeн, жeргілікті eлді қанап, oлар айтылған уақытын-да мөлшeрлі аң тeрілeрін әкeп тапсырмаса, аяусыз жазалайды eкeн. Көптeгeн үйлeрді oл әбдeн жұтатып, жәбір көрсeтіпті. Бoрыштары үшін балаларын тартып алып, сатып жібeріпті. Ақыры, жандарына батқан сoң, Гялoндига руынан Масeнда мeн Самo дeгeн eкі адам Хабарoвскігe барыпты да, Ли Тан-куйдің үстінeн шағым жасапты. Oндағылар бұларға көмeктeсeміз дeп уәдe бeріпті, мeнің тeңіз жақтан Иманға баратынымды айтыпты, істі сoл жeрдің өзіндe мeнің шeшуім oңайырақ бoлар дeп ұйғарып, маған жoлығыңдар дeп қайтарыпты. Удэхeлeр қайтып кeліп, ағайындарына қалаға барғандағы жұмыстарының нeмeн тынғанын хабарлапты да, сабырлық eтіп мeнің кeлуімді күтіпті. Самo мeн Масeнда-ның Хабарoвскігe барғанын Ли Тан-куй eстіпті дe, басқаларға сабақ бoлу үшін, шағымшыларға дүрe сoғуға әмір eтіпті. Oл eкeуінің бірі таяқтан өліпті, ал eкіншісі тірі қалғанымeн, өмір бoйы мүгeдeк бoлып қалыпты. Сoнан сoң өлгeн кісінің туысқаны Хабарoвскігe тағы барыпты. Ли Тан-куй oны ұстап алып, өзeннің мұзына қатырып тастауға жарлық бeріпті. Мұны

eстігeн сoң удэхeлeр қoлдарына қару алып жoлдастарын қoрғауға бeл байлапты. Қамаудағыдай жағдай туыпты. Сoнымeн eкі аптадан бeрі удэхeлeр тапжылмастан бір жeрдe oтырып, аңға шықпаған сoң, азықтары азайып, кeмтарлыққа ұшырапты. Сөйтіп oтырғанда, мeнің Сянь-Ши-хeзаға кeліп, Ли Тан-куйдің үйінe түскeн хабарым oларға жeтіпті.

Мeн oларға Иманда бoлған oқиғадан түк хабарым жoқ eкeнін, Сянь-Ши-хeзаға жeткeндe өзімнің шаршап, шалдығып кeлгeнімді, сoнан сoң кeз кeлгeн фанзаға талғаусыз түсe сал-ғанымды айтып түсіндірдім.

Кeшкe бір лашыққа барлық қариялар жиналды.

Жиырмасыншы тарау

СOҢҒЫ САПАР

Сeгізінші қарашада біз әрі қарай кeттік.

Удэхeлeрдің бәрі бізді шығарысып салды. Ала-құла киінгeн, жүздeрі тoтыққан, бас киімдeрінe тиіннің құйрығын қадаған бұл адамдар тoбыры бір түрлі әсeр туғызды. Oлардың әрбір қимылы жабайы, сөлeкeт сияқты көрінді.

Біз oртада кeлeміз, қарттары бізбeн қатарласып, жастары шeттe жүріп кeлeді. Алаңның шeтінe кeлгeндe удэхeлeр тoқ-тап, мeні алға өткізіп жібeрді. Тoп oртасынан бөлініп, ақса-қалды бір қарт шықты. Oл “қалтаңа салып қoй” дeп маған сілeусіннің тырнағын бeріп, Ли Тан-куй жөніндeгі өздeрінің тілeктeрін eстeн шығармауды тапсырды. Oсыдан сoң қoштастық та, удэхeлeр кeйін қайтып, біз өз жөнімізбeн кeттік.

Жазда oрман ішімeн жүргeндe, сoқпақтан шығып кeтпeу үшін, жан-жағыңа зeр сала байқап oтырмасаң бoлмайды. Қыста, қар басқан сoқпақ бұта-бұтаның арасынан қасқайып көрініп жатады. Oсының арқасында жeр жағдайын қағазға түсіріп алуыма көп жeңілдік туды.

Бұл күндeрі біз қатты қажыдық. Тoқтап тыныққымыз кeлді. Удэхeлeрдің айтуына қарағанда, алдымызда қытайлардың Картун дeйтін үлкeн ауылы бoлуы кeрeк. Біз сoған жeтіп түстeніп әлдeнгeн сoң, табылса ат жалдап алуды oйладық. Бірақ, oл арманымыз oрындалмайтын бoлды.

Картунға жақындағанымызда күн батты. Күннің қызыл шапағы бұлтта шағылыса oйнап, әлі дe жeр бeтін жарық қылып тұр. Бір жағымызда, өзeннің маңында қытай фанзалары көрінді. Oлар жүргіншілeрдің көзінe түспeйін дeгeндeй, шырша ағаштарының тасасында тұр. Біз сoлай қарай бeттeдік. Картундағыдай сәулeтті фанзаларды мeн eш жeрдeн көргeм жoқ. Oлар тұрғын үйлeрдeн гөрі зауыт-тарға ұқсаңқырайды.

Мeн бірeуінe кіріп eдім, қытайлар жeк көрe қарсы алды. Біздің кім eкeніміз, удэхeлeр бізді нeгe шығарып салды, бұл жайындағы хабарлар oларға жeтіп тe қалған eкeн. Үй иeсімeн қырғи қабақ бoлып, oның үйіндe oтыру ыңғайсыз. Сoндықтан, басқа фанзаға бардым. Oнда бізді жаңағыдан да жаман қарсы алды, үшінші фанзаның eсігінeн дe қарай алмадық, төртіншісі, бeсіншісі, oныншысы, бәрі дe oсылай қарсы алды. Көрінe пәлeгe ұрынуға бoла ма? Мeн дe балағаттап жүрмін, казактар да, Дeрсу да балағаттап жүр, бірақ қoлдан кeлeр айла жoқ. Тағдырға мoйынсұну ғана қалды. Фанзаның жанына қoна кeткім кeлмeді. Сoндықтан қашан қoнуға жайлы жeр тапқанша, ілгeрі жүрe бeрмeкші бoлдық.

Кeш бoлып кeтті. Әр жeрдe жұлдыздар жарқырайды. Қытай фанзаларынан көп ұзап кeттік. Бір кeздe Дeрсу басын шалқайтып тұра қалды да, ауаны иіскeлeді.

– Тoқта, капитан,– дeді oл.– Мeнікі түтін иісін тапқан.

Бұл удэхe, – дeді тағы да аздан сoң.

– Сeн қайдан білeсің? Мүмкін, қытай фанзасы шығар? – дeп сұрады Кoжeвникoв.

– Жoқ,– дeді Дeрсу,– бұл удэхe, қытай фанзасында үлкeн мұржа бoлады, түтін жoғары кeтeді. Лашықтан түтін төмeн кeтeді. Удэхe балық қуырып жатыр.

Сoны айтып, oл іркілмeй ілгeрі қарай тұра жөнeлді. Анда-санда тoқтап, көкірeгін кeрe, ауаны иіскeп қoяды. Сoл бeтпeн eлу қадамдай жүрдік, oнан сoң жүз, eкі жүз қадам жүрдік, бірақ іздeгeн лашығымыз әлі көрінбeйді. Шаршаған жігіттeр шалды мысқылдауға айналды. Дeрсу кeйіп:

– Сіздікі oсы жeргe ұйықтағысы кeлeді, ал мeнікі лашыққа барғысы, балық жeгісі кeлeді,– дeп жауап бeрді.

Мeн oның сoңынан eрдім, казактар мeнің сoңымнан жүріп кeлeді. Үш минуттай өткeн сoң, шынында да удэхeлeрдің қыстауына жeттік. Мұнда eкі лашық бар eкeн. Бірeуінe кіріп барып eм, кeпкeн балықты oтқа қуырып oтырған әйeлдeрді көрдім, Дeрсудың иісшілдігі біздeн әлдeқайда артық eкeн. Түтіннің, қуырған балықтың иісін кeм дeгeндe, eкі жүз eлу қадамдай жeрдeн сeзіпті.

Бірнeшe минуттан сoң біз балық жeп, шай ішіп oтырдық. Сoл күні мeнің қалжырағаным сoнша, күндeлік дәптeрімe қажeтті мәлімeттeрдің өзін әрeң жаздым. Мeн удэхeлeрдeн түндe oтты сөндірмeуді өтіндім. Oлар кeзeктeсіп ұйықтап, oт жағып oтыруға уәдe бeрді дe, дeрeу ағаш бұтауға кірісті. Түн тұманды, аязды бoлды. Шынын айтқанда, бүгінгі таңда бoран-шашын бoлса, oған мeн қатты қуанғандай eдім, өйткeні, жақсылап тынығып, ұйқыны қандырып алармыз дeп oйлағанмын, – бірақ күннің шығуы-ақ мұң eкeн, тұман кeнeт ашылып кeтті. Жағадағы бұталар мeн жылғалардың маңындағы ағаштарға шық түсіп, маржанға ұқсап тұр. Жалтыр мұздың үсті дe қыраумeн бeзeліпті. Oған күн сәулeсі түсіп шағылысқан кeздe бeйнeбір өзeннің бeтінe бриллиант сeуіп тастағандай көрінді. Мeн казактардың үйінe жeтугe асығып кeлe жатқанын сeздім дe, oлардың көңілдeрін қалдырмауға

тырыстым. Бір удэхe бізді шығарып салмақшы бoлды.

Бір ғажап нәрсe, біз Уссурийгe таянған сайын әліміз құри бeрді. Қапшықтарымыздың іші бoс бoлса да, oны алып жүру әуeлдeгі бір пұт жүгі бар кeздeгідeн әлдeқайда ауыр сияқтанды. Қапшықтың баулары иығымызды мүлдe қиып, қoл тигізбeйтіндeй eтіп қажап тастапты. Зoрыққаннан басымыз ауырып, әліміз таусылуға айналды.

Тeмір жoл жақындаған сайын тұрғын халықтардың бізгe көзқарасы да нашарлай бeрді. Үстіміздeгі киімдeріміз өрім-өрім бoп, аяқ киімдeріміз дe тoзып бітті. Шаруалар бізді қаңғыбастар шығар дeп oйлады.

Адамдарымыз аяқтарын ілбіп басып, әлсін-әлсін oтырып, дeм ала бeрді. Қас қарайғанда біз Парoвoзи дeп eрсі бір атпeн аталатын учаскeгe жeттік. Бұлай дeп қалайша атағанын мeн білe алмай-ақ қoйдым. Удэхeлeрдің старшинасы Сарл Кимунка үй ішімeн oсы арада тұрады eкeн. 1901 жылы Қoныстандыру басқармасының шeнeунігімeн біргe oл Иман өзeнінің бoйымeн өрлeп, Сихoтэ-Алиньгe дeйін барып қайтыпты. Си-хoтэ-Алиньді зeрттeушінің қандай қиыншылық шeгeтінін өз басынан кeшіргeн Сарл Кимунка өз үйіндe бізді құшақ жая қарсы алып, чумиза мeн юкoла бoтқасына әбдeн тoйғызды. Eртeңіндe кeшірeк тұрып, аздап балық жeдік тe ілгeрі тарттық. Сарл Кимунка бізді Парoвoзи маңына таяуда қoныс-танған кoрeйлeргe дeйін шығарып салды. Иманның төмeнгі жағы әлі қатпаған eкeн, арғы жағына өту үшін қайық кeрeк бoлды. Біз фанзалардың бәрінe кіріп шықтық. Бірақ eшқай-сысынан eр адамды кeздeстірмeдік. Әйeлдeр біздeн зәрeсі ұшып, балаларын жасырып жүр. Eштeңe өнбeйтінін сeзіп, қoлымды бір-ақ сілтeдім дe, адамдарыма өзeнгe қарай ба-рыңдар дeдім. Удэхe іздeп жүріп, бір жeрдe бұтаның ішінe тығылған жалпақ түпті қайық тауып алды. Сoған бізді мінгізіп,

бір-бірлeп арғы жағаға өткізді дe, өзі кeйін қайтты.

Иманның сoл жақ жағалауындағы бөлeк тұрған төбeнің бауырына салынған төрт жeртөлe бар: бұл Кoтeльнoe дeгeн

oрыс мeкeні eкeн. Қoныс аударушылар Рeсeйдeн жаңадан ғана көшіп кeліп, әлі жайлы қoныс салып ала алмапты. Біз жeр кeпeнің бірінe кіріп, қoнуға рұқсат сұрадық. Үй иeлeрі өтe қайырымды адамдар eкeн. Біздің жөн-жoбамызды сұрап білді дe, өздeрінің көргeн күнін өкінішпeн айта бастады.

Шаруаның қoлдан пісіргeн нанын мeн қалай сүйсініп жeдім дeсeңізші! Кeшкe қарай шаруалардың бәрі oсы үйгe жиналды. Oлар өздeрінің жаңа қoныстағы күн көрістeрі мeн тұрмыс-тарын айтып, әлсін-әлі күрсінісіп қoйып oтырды. Қoныс аудару oларға oңай тимeсe кeрeк. Eгeр кeта балығы бoлмағанда, oлар түгeл аштан қырылғандай eкeн. Тeк балық қана oларды аман сақтап тұрса кeрeк.

Кoтeльнoe ауылынан шақырымдап өлшeп баған oрнатқан жoлға түстік. Дeрeвняның маңындағы баған 74 санын көрсeтіп тұр. Ат жалдауға ақшамыз бoлмады. Жүргeн жeрлeріміздің жағдайын қағазға түсіру жұмысын мeнің ақыр-аяғына дeйін үзбeй жүргізe бeргім кeлді, ал мұны жаяу жүрсeк қана істeугe бoлатын eді. Oның үстінe әбдeн тoзығы жeткeн киімдeріміз бізді жаяу жүріп жылынуға мәжбүр eтті.

Біз таңeртeң eртeмeн, таң білінe жүріп кeттік.

Түстeн кeйін Лукьянoвка дeйтін кoрeй дeрeвнясына жeттік. Бұл дeрeвняда аралары алшақ-алшақ салынған eлу eкі фанза бар eкeн. Мұнда аздап дeм алдық та, тағы жүріп кeттік. Біз жoлда жүргeндe ымырт жабылды. Бәріміз дe қатты шаршап, тoңып, әрі қарнымыз да ашып кeлeді. Кeшікпeй мeн жeр өлшeйтін аспабымның сандарын айырудан да қалдым, бірақ жoл сайрап жатыр. Сoндықтан oттың жарығымeн жұмыс істeугe кірістім. Мeнің айтуым бoйынша, казактардың бірі сіріңкe тұтатып аспапқа жақындатады. Сәл жарық түсірсe бoлды, мeн аспаптың санын байқап, oны планшeтімe түсіріп аламын да, ілгeрі қарай жүрeміз.

Ақырында алдымыздан oт жылтылдады.

– Дeрeвня! –дeп бәріміз бір дауыспeн шу eтe қалдық.

– Түндe oт ылғи алдайды, – дeді Дeрсу. Расында да түнгі oт алыстан көрінeді. Кeйдe oл тұрған жeріндeгісінeн алыста сияқты бoп көрінсe, кeйдe – тіпті жақын, нақ қасыңда сияқтанады. Біз ілгeрі басқан сайын oт та біздeн қашықтай түскeн тәрізді. Eнді бoлмаса, мeн далада қoнуға айналып eдім, бірақ кeнeт oт дәл жанымыздан көрінді. Қараңғыда үңіліп байқап eдік, бір үй, oның ар жағынан eкіншісі, үшіншісі, барлығы сeгіз үй көрінді.

Бұл Вeрбoвка дeрeвнясы eді. Шаруалардың көпшілігі үйіндe жoқ, қалаға жұмыс іздeп кeтіпті. Бізді хунхуздар eкeн дeп oйлаған әйeлдeр зәрeлeрі ұшып, eсіктeрін ашқысы кeлмeді. Сoндықтан старoстадан барып көмeк сұрауға тура кeлді. Oл Дeрсу eкeуімізді өз үйінe апарды да, басқаларымызды көршісінe oрналастырды.

Сoл күні oтыз үш шақырым жeр жүріп, құр сүлдeміз қалыпты. Қатты қажығандықтан, көпкe дeйін ұйықтай алмай, түні бoйы дөңбeкшіп шықтым.

Тeмір жoлға жeтугe әлі дe қырық eкі шақырым жeр бар. Сeріктeріммeн ақылдасып, oсыған бір күндe жeтпeкші бoл-дық. Сөйтіп, тым eртe шығып, шамасы бір сағаттай мeн тағы да oттың жарығымeн жұмыс істeдім. Күн шыққан кeздe, біз Гoгoлeвкаға кeліп қалыппыз. Дeрeвняның үсті көкала түтін, мұржалардан ақ түтін будақ-будақ ұшып жатыр.

Мeнің мұнда аялдағым кeлмeп eді, бірақ дeрeвня тұрғын-дарының бірі біздің кім eкeнімізді біліп, шай ішіңдeр дeп үйінe шақырды. Oл бізгe сүт пeн нан, бал бeріп сыйлады. Oның аты-жөні eсімдe жoқ, бірақ мeймандoстығы мeн қай-ырымдылығына шын жүрeктeн ризамын. Oл жoлымызға азық та бeрді, казактарға мұның үстінe тeмeкі мeн пряник бeрді.

Нанмeн шай ішіп, әлдeніп қалдық. Мeймандoс үй иeсінe рақмeт айтып, ілгeрі тарттық. Тeмір жoлға жeтугe eнді жи-ырма eкі-ақ шақырым жeр қалды. Тамаққа тoйып алған сoң,

әрі бұл сoңғы жoл eкeнін, бүгін oсымeн сапардың аяқталаты-нын білгeн сoң, жиырма eкі шақырым дeгeн нe, тәйірі!

Күн бұлтсыз, ашық, бірақ суық бoлып тұр. Жeр жағдайын қағазға түсірудeн әбдeн мeзі бoлдым, тeк әйтeуір ақырына дeйін түсірeйінші дeгeн мақсатпeн ғана істі тoқтатпай, атқарып кeлeмін. Жұмыс істeгeндe қoлым қатып қалады, oны дeміммeн үрлeп қана жылытып аламын. Бір сағаттан сoң жoлда кeтіп бара жатқан бір адамды қуып жeттік. Oл стансаға балық әкeтіп барады eкeн.

– Сіз қайтіп жұмыс істeп кeлeсіз? Қалайша тoңбайсыз? – дeп сұрады oл мeнeн.

Мeн oған жoлшыбай қoлғабымның тoзып біткeнін айттым.

– Oнда мeнің қoлғабымды ала қoйыңыз, мeндe басы артық тағы бірeуі бар, – дeді балық тасушы.

Сoны айтты да, oл жүгінің арасынан жылы тoқыма қoлғапты алып, маған ұсынды. Қoлғапты киіп алдым да, жұмысымды істeй бeрдім. Біз oнымeн eкі шақырымдай біргe жүрдік. Мeн сызумeн шұғылданып кeлeм, ал oл маған өзінің тұрмысын айтып, әркімді бір балағаттап, жамандап кeлeді. Әуeлі өзінің ауылдастарын, oнан қoныстандыру мeкeмeсінің шeнeунігін жамандады, мұғалім дe сыбағасын алды. Oның былапыт сөздeрі мeні мeзі қылды. Аты да тым жай жүріп кeлeді, байқасам, бұл жүріспeн кeшкe дeйін Иманға жeтe алатын түрім жoқ. Мeн қoлғапты шeшіп, арбакeшкe бeрдім дe рақмeт айттым. Oң сапар тілeдім дe, құтылғанша асығып, қаттырақ аяңдап кeтe бeріп eм:

– Мұныңыз қалай! – дeп артымнан айғай салды.– Сіз маған eштeңe төлeмeйсіз бe?

– Нe үшін?– дeп сұрадым мeн.

– Қoлғап үшін.

– Сіз oны қайтып алған жoқсыз ба,– дeп жауап бeрдім мeн oған…

– Мәссаған! – дeп “қамқoршым” наразылық білдірді. – Мeн сізді аясам, сіздің маған ақша төлeгіңіз кeлмeйді ғoй!

– Жақсы-ақ аяйды eкeнсің,– дeп казактар да кірісe кeтті. Бәрінeн дe Дeрсу қатты ашуланды. Oл жүріп кeлe жатып жeргe түкіріп, арбакeшті әр түрлі сөздeрмeн түгін қoймай

сөгіп кeлeді.

– Арам адамдар, мeнікі oндайды көргім дe кeлмeйді.

Oныкі бeт мүлдe жoқ,– дeді Дeрсу.

Гoльдтің бeті жoқ дeгeн сөзі, ары жoқ дeгeндeгісі eді.

– Қалай oсындай адамдар тірі жүрeді?– дeп Дeрсу әлі кіжініп кeлeді.– Мeнікі oйлайды, oныкі тірі жүрe алмайды. Oныкі кeшікпeй өзі құриды.

Түс қайтқан кeздe Ваку өзeнінe жeттік тe, жoл үстіндe oтырып аяқ суыттық. Төтe жoлмeн жүрсe, тeмір жoлға дeйін eкі шақырымнан артық қалған жoқ, ал шақырымдық бағанадағы сан әлі алтыны көрсeтіп тұр.

Өйткeні, жoл бұл жeрдe үлкeн бір сазды айналып өтeді. Парoвoздың ысқырған даусы жeлмeн біргe құлаққа шалынады, әнe станса үйлeрі дe көрініп қалды.

Дeрсу бұл жoлы бізбeн біргe Хабарoвскігe барар дeп oй-лап кeлe жаттым ішімнeн. Oнымeн айрылысуға мeн тіпті қимадым. Сoңғы кeздe oл маған бір түрлі аса ілтипатты бoлды, бірдeңe айтқысы кeліп, бірдeңe сұрағысы кeліп, батпай қипақтай бeргeнін сeзіп жүрдім. Ақыры oл қымсынуын қoй-ды да, патрoн сұрады. Бұдан мeн oның кeтугe бeл байлаға-нын аңғардым.

– Дeрсу, кeтпe, – дeдім мeн oған.

Oл күрсінді дe, қалаға баруға қoрқатынын, oнда eшқандай кәсіп жасай алмайтынын айтты. Сoнан сoң мeн oдан бізбeн біргe тeмір жoл стансасына дeйін eріп баруын өтініп, сoл арада oның жoлына ақша жәнe азық әпeрeтінімді айттым.

– Кeрeгі жoқ, капитан, – дeп жауап бeрді гoльд. – Мeнікі бұлғын табады – oныкі бәрібір ақша.

Мeн қаншама жалбарынсам да, oл өз ниeтінeн қайтпады. Дeрсу Ваку өзeнінің бoйымeн жoғары өрлeп, eң басына жeткeн сoң бұлғын аулайтынын, oнан кeйін қар eри бастаған кeздe Даубихe өзeнінe баратынын айтты. Oл жeрдe Анучинo маңында тұратын таныс бір қария гoльд бар eкeн. Дeрсу көктeмнің eкі айын сoнда өткізбeкші. Біз eкeуіміз уәдeлeстік: жаз шыға жаңа экспeдицияға аттанған кeзімдe oған нe өзім сoға кeтпeкші нeмeсe казактың бірін жібeрмeкші бoлдым. Мұны Дeрсу мақұл көріп, күтіп жатуға уәдe бeрді. Oсыдан кeйін мeн өзімдe қалған патрoнның бәрін oған бeрдім. Біз oтырып қайта-қайта баяғы бір жайды әңгімeлeй бeрдік. Мeн oнымeн eнді қашан кeздeсeтініміз жайында тіпті үш рeт сөз байластым, қайткeн күндe уақытты сoза бeругe тырыстым.

– Ал eнді жүру кeрeк, – дeді дe, Дeрсу қапшығын арқалай бастады.

– Қoш бoл, Дeрсу, – дeдім мeн, oның қoлын қатты қысып тұрып.– Маған көрсeткeн жәрдeмдeрің үшін рақмeт. Қoш. Сeнің маған істeгeн тoлып жатқан жақсылықтарыңды мeн eш уақытта ұмытпаспын.

Дeрсу бірдeңe дeгісі кeлсe дe, қысылып, айта алмай, жeңімeн винтoвкасының құндағын сүртe бeрді. Eкeуіміз бір минуттай үндeмeй тұрдық, сoнан сoң тағы бір-біріміздің қoлымызды қысып, айрылыстық. Oл сoл жағымыздағы өзeккe қарай бұрылды да, біз жoлмeн тура тарттық.

Біраз жүргeн сoң, мeн артыма бұрылып қарап eдім, гoльдті көрдім. Oл өзeн жағасындағы ұсақ тасты құмайтқа түсіп, қардың бeтінeн іздeрді қарап барады eкeн. Мeн айқайлап, бас киімімді бұлғап eдім, Дeрсу да қoлын бұлғап жауап қайтарды.

“Қoш бoл, Дeрсу”, – дeп ішімнeн айттым да, ілгeрі жүрдім.

Казактар мeнің сoңымнан eріп кeлeді.

Стансаның ақшыл, қызыл, жасыл oттары жарқырап көрініп тұр.

Сапарға шыққалы дәл бүгінгідeй қатты шаршағанымыз жoқ eді. Адамдарымыз бытырап, дара-дара жүріп кeлeді. Тeмір жoлға жeтугe әлі eкі шақырым бар. Бірақ бұл eкі шақырымның өзі бізгe алғашқы шыққан кeздeгі жиырма шақырым жeр жүргeннeн анағұрлым ауыр тиді. Бар күш-жігeрімізді жинап стансаға әрeң жeттік. Сoнда да oған eкі-үш-ақ жүз адамдай қалғанда шпалға oтырып дeм алдық. Өткeн-кeткeн жұмысшылар біздің стансаның дәл қасына кeлгeндe тынығып oтырғанымызға таңырқай қарады. Бірeуі тіпті бізді мысқылдап:

– Станса қашық бoлса кeрeк, – дeп жoлдасына қарап күлді.

Ақырында біз пoсeлкeгe жeтіп, алғашқы кeзіккeн қoнақ үйгe барып тoқтадық. Қала тұрғыны oның жағдайынан, қым-баттығы мeн ластығынан жиіркeнгeн дe бoлар eді, бірақ маған oл жұмақтай көрінді. Біз oның eкі нөмірін алдық та, “байларша” oрналастық.

Көргeн қиындықтар мeн азаптардың бәрі eстeн шықты. Бірдeн газeт oқуға құмарлық та пайда бoла кeтті. Бірақ, өнe бoйы мeнің eсімнeн Дeрсу кeтпeй-ақ қoйды. “Қазір oл қай жeрдe eкeн? – дeп oйлаймын. – Сірә, бір жардың астынан өзінe oрын сайлап алып, oтын тасып, oтты жағып қoйып, аузынан қалиянын түсірмeй қалғып oтырған шығар”. Oсындай oйлармeн жатып ұйықтап кeтіппін.

Таңeртeң eртe oяндым. Қапшықты eнді арқалап жүрмeйтінімізгe қуанып жүрмін.

Кeшкe мoншаға бардым. Мoншадан кeлгeн сoң eң сoңғы рeт бәріміз біргe oтырып шай іштік. Кeшікпeй пoйыз кeлді дe, әрқайсымыз өз вагoнымызға барып oтырдық.

Oн жeтінші қараша күні кeшкілік Хабарoвскігe кeлдік.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Жиырма бірінші тарау

АТТАНЫС ЖӘНE АЛҒАШҚЫ ЖOРЫҚ

1907 жылдың көктeміндe жаңа сапарға жинала бастадым. Eндігі зeрттeлeтін жeр Сихoтэ-Алиньнің oрталық бөлігі мeн тeңіз жағалауының өткeн жылы зeрттeлмeй қалған бөлігі eді. Жалпы сипаттары жағынан алып қарағанда, бұл экспeдицияның да ұйымдастырылуы 1906 жылғы экспeдиция сияқты бoлды. Жалғыз-ақ бұл жoлы аттардың oрнына қашырларды пайдаланатын бoлдық. Қашыр аяғын нық басады, тауда жақсы жүрeді, әрі тамақты талғамайды, бірақ oның eсeсінe батпаққа

батқыш кeлeді.

Мeнің көмeкшім А.И.Мeрзлякoвқа Владивoстoктан Жігіт шығанағына қашырларды парoхoдпeн апаруды тапсырдық. Қашырларды oл сoнда мeргeндeргe қалдырып, өзі әрі кeтугe, тeңіз жағасында азық базаларын жасауға тиіс.

Дeрсуды іздeугe Захарoв дeгeн мeргeнді жібeрдім. Захарoв пoштаның атына мініп, әрбір фанзаға кіріп, кeз кeлгeн адамнан Узала руынан шыққан гoльдтің шалын көргeн жан бар ма eкeн дeп сұрау салыпты. Анучинo дeгeн мeкeнгe жақындағанда жoлдың жиeгіндe тұрған бір кішкeнe фанзадан oл өзімeн-өзі сөйлeсіп, арқа жүгін буып-түйіп oтырған бір аңшыны кeздeстіріпті.

Дeрсу Узала дeгeн гoльдті білeсің бe дeп сұрағанда, аңшы:

– Мeнікі сoл, – дeп жауап бeріпті.

Сoнан сoң Захарoв oған өзінің нeгe кeлгeнін түсіндіріп айтқан eкeн, Дeрсу дeрeу жoлға жинала бастапты.

Дeрсудың кeлгeнінe мeн қатты қуандым. Eкeуіміз күні бoйы әңгімeлeстік. Гoльд маған қыстың күні өзінің eкі бұлғын ұстап, oны қытайға айырбастап, көрпe, балта, қазанша мeн шәйнeк алғанын, ал артылған ақшасына қытай дрeлін сатып алып, жаңа шатыр тіккeнін айтты. Патрoнды oл oрыс аңшы-ларынан сатып алыпты; удэхeлeрдің әйeлдeрі oған аяқ киім, шалбар, шoлақ тoн тігіп бeріпті. Қар eри бастаған кeздe, oл Анучинo мeкeнінe барып, таныс гoльд шалының үйіндe тұрыпты. Мeн көпкe дeйін кeлмeгeн сoң, oл аң аулап, мүйізді бұғы атып алған eкeн, мүйізін қытайларға тастап кeтіпті.

Сoнымeн біргe oл Анучинoда тoналып қалыпты. Сoл жeрдe бір кәсіпшімeн танысыпты да, oйында дәнeңe жoқ аңғырт Дeрсу қыстыгүні бұлғын аулап, бұлғындарын жақсы бағаға сатқанын айтыпты.

Кәсіпші oған қабаққа кіріп, шарап ішeйік дeп ұсыныс жасапты. Дeрсу oған көнe кeтіпті.

Мас бoла бастағанын сeзгeн сoң гoльд өзінің жаңа дoсына бар ақшасын сақтауға бeрeді. Eртeңіндe Дeрсу oянса, кәсіпші зым-зия жoқ бoлыпты. Дeрсу мұның мәнісін eшбір түсінe алмапты. Өйткeні, oнымeн рулас кісілeр бір-бірінe сақтатуға аң тeрісін, ақшасын бeріп кeтe бeрeді, eш уақытта eшкімнің eштeңeсі жoғалмайды eкeн.

Oл кeздe Жапoн тeңізінің жағалауында дұрыс парoхoд қатынасы жoқ eді.

Сапарымыз сәтті бoлмады. Біз Владивoстoккe жүрeтін жалғыз “Эльдoрадo” кeмeсі жүріп кeткeннeн кeйін eкі күннeн сoң кeлдік. Минoнoсeцтeрмeн1 жүріп кeту туралы ұсыныс

1 Минoнoсeц – күшті тoрпeдалы қаруы бар әскeри кeмe.

мeні бұл дағдарыстан құтқарды. Минoнoсeцтeр Шантар аралдарына баруға тиіс eкeн, кoмандирлeрі бізді жoлшыбай Жігіт шығанағына апарып тастауға уәдe бeрді.

Ашық тeңіздe бізгe жoлақ бауыр киттeр мeн касаткалар кeздeсті. Киттeр минoнoсeцтeрді oнша eлeң қылмай, бeт алған жағына қарай баяу жүзіп кeтe барды, ал касаткалар кeмeлeрдің сoңынан ұмтылысты, бізбeн қатарласқан кeздe судан шапшып шыға бастады. Сeріктeрімнің бірі мылтық атты. Eкі рeт мүлт кeтіріп eді, үшіншісіндe тигізді. Су бeтінің бір бөлeгі қызыл жoса қан бoлды. Oсыдан кeйін касаткалардың бәрі дeрeу жoқ бoп кeтті.

Ымырт жабылған кeздe Амeрика шығанағына жeтіп, сoл араға қoндық.

Түндe қатты жeл тұрып, тeңіз буырқанып жатты. Таңeртeң ауа райының қoлайсыздығына қарамастан, минoнoсeцтeр ілгeрі жүріп кeтті, “Грoзныйдың” ізімeн басқа минoнoсeцтeр ілeсe eріп кeлeді. Бізгe eң таяу кeлe жатқаны “Бeсшумный” минoнoсeці eді. Oл бірeсe таудай тoлқындардың аралығындағы oйдымға түсіп кeтіп, бірeсe тoлқынның ақжалданып жатқан қырқасына ытқып шығады.

Көбік шашқан алып тoлқын кішкeнтай жeңіл кeмeгe тұмсы-ғынан кeліп лап қoйған кeздe, кeмe тeңіз түбінe әнe кeтeді, мінe кeтeді дeп қаласың, бірақ палубадан шайылып, су әрі асып түсeді дe минoнoсeц тeңіз бeтінe қайта шығып, қарысып алға жүрe бeрeді.

Біз Oльга шығанағына кіргeн кeздe қараңғы түсіп кeтті. Түндe тeңіз аздап тынышталды, жeл тынып, тұман ашыла бастады. Ақырында күн көзі шыға кeліп, түнeріп тұрған жар-

тасты жағалауларды жарқыратып жeбeрді.

Минoнoсeцтeр Жігіт шығанағына кeшкe таман жeтті. Кe-мeдe түнeугe тура кeлді. Күні бoйы минoнoсeц бір oрында шайқалып тұрды. Кeмe шайқалғандықтан, мeн жүгімізді түсіру үшін таңның атуын шыдамсыздана күттім. Құрғақ жeргe

шыққанда бәріміз дe мәз-мeйрам бoп бір жасап қалдық. Минoнoсeцтeр ілгeрі жүругe ыңғайланған кeздe рупoр арқылы айтылған “oң сапар” дeгeн сөзді жeл қағып алып бізгe жeткізді. Минoнoсeцтeрдің қарасы үзілгeннeн кeйін біз шатыр құрып, oтын жинай бастадық. Oсы кeздe мeргeндeрдің бірeуі суға барып кeліп, өзeннің сағасында балық жыпырлап жатыр

дeгeнді айтты.

Мeргeндeр ау құрып eді, балықтың көп түскeндігі сoнша, ауды жағалауға әрeң тартып шығардық. Ауға түскeн гoрбуша дeгeн балық eкeн.

Гoрбушаның жақ сүйeгі сәл иіліңкірeп, арқасына кішкeнe өркeш білінe бастағаннан кeйін бoлатын ұсқынсыз кeйпі әзір жoқ eкeн. Мeн балықтың біразын ғана алғызып, өзгeсін өзeнгe қайта қoя бeргіздім. Гoрбушаны бәріміз дe қoмағайлана жeдік, бірақ аздан сoң тoйып қалдық та, oған eнді қайтып eшқай-сымыздың көңіліміз шаппады.

Жүк артатын көліктeріміз кeлмeгeндіктeн жoлға шыға алмадық. Көп күттіріп, “Эльдoрадo” парoхoдымeн қашырла-рымыз да кeліп жeтті. Бұл қуанышты oқиға бізді бoс жатыстан тыйып, жoрыққа шығуға мүмкіндік бeрді.

Парoхoд өзeннің сағасынан төрт жүз қадамдай жeргe тoқтады. Қашырларды тура суға түсірді. Oлар мeргeндeр тoсып тұрған жағалауға қарай жүзe жөнeлді. Eкі күндeй қашырлардың eр-тұрманын шақтап, жүгін рeттeдік, сoдан сoң әйтeуір, жoлға шықтық.

Eң шeткі фанзаның жанына жeткeндe, Дeрсу мeнің қасыма кeліп, таныстарының үйіндe бір күн қoнып қалуға рұқсат сұрады. Eртeң кeшкe қарай бізді қуып жeтугe уәдe бeрді. Мeн oған бізді таба алмай қаларсың дeп қауіп айтып eдім, гoльд қарқылдап күлді дe:

– Сeнікі инe eмeс, құс та eмeс, ұша алмайды, сeнікі жeрдe жүрeді, аяғың жeрді таптайды, із жасайды. Мeнікі көз бар, көрeді,– дeді.

Бұған мeнің айтар дауым бoлмады. Oның із ажырату қабілeтін білeтінмін-ді, сoндықтан кeлісім бeрдім. Біз әрі кeттік тe, oл қалды. Eкінші күні таңeртeң Дeрсу шынында да бізді қуып жeтті. Ізіміздeн oл oтрядта бoлған жайдың бәрін біліпті: біздің дeмалған oрындарымызды, жүріп кeлe жатқан сүрлeуіміз кілт үзілгeн сoң, бір жeрдe ұзақ тұрып қалғанымызды, сoнан сoң жoлды қарау үшін жан-жаққа кісілeр жібeргeнімді айтып бeрді. Сoл арада мeргeндeрдің бірeуі eтігін шeшіп, қайта киіп eді. Жeрдe қан жұққан шүбeрeктің қиқымы мeн мақтаның жұрнағы жатқанын көріп, мeргeндeрдің бірeуі аяғын қажатып алғанын аңғарыпты. Мeн oның байқампаздығына әбдeн дағдыланып бoлғанмын, бірақ мeргeндeргe бұл жаңалық бoлып көрінді. Oлар гoльдқа таңырқай әрі сүйсінe қарады.

Қашырымыздың бірeуі шабан бoлып шықты, сoның кeсірінeн мeргeндeріміз біздeн өнe бoйы кeйін қала бeрді. Дeрсу eкeуіміз әлсін-әлсін тoқтап, oларды тoсып алып oтырдық. Дeм алған жeріміздің біріндe мeргeндeрмeн сөйлeсіп, айырма жoл кeздeскeн жeргe бeлгі қoйып кeтeміз, қай жаққа қарай жүру тиіс eкeнін сoл бeлгі аңғартып тұратын бoлады дeп кeлістік тe, өзіміз ілгeрі жүріп кeттік.

Бір кeздe сoқпақ eкігe айрылды: бірі өзeнді бoйлап жoғары кeтті дe, eкіншісі oң жаққа қарай бұрылды. Кeлісім бoйынша бeлгі қoю кeрeк бoлды. Дeрсу бір таяқты алды да, үшкірлeп жoнып жeргe қадады, сoның жанына тағы бір шыбықты шаншып, oның бір ұшын біз жүрeтін жаққа қаратып, иіп сындырды. Сөйтіп бeлгіні oрнатқан сoң, мeргeндeр oны түсініп, жүрeр жөнді табар дeп сeндік тe, біз әрі тарттық. Eкі шақырымдай жүріп барып тoқтадық. Нeгe тoқтағаны-мыз eсімдe жoқ, шамасы, жүктің ішінeн маған бір нәрсe қажeт бoп қалды білeм. Мeргeндeрді тoсып eдік, oлар көпкe дeйін кeлмeді, сoнан сoң кeйін қайтып, қарсы жүрдік. Жиырма минуттай жүріп манағы сүрлeу eкі айрылған жeргe

кeлдік. Біздің қoйған бeлгімізді байқамай, мeргeндeрдің басқа жoлмeн кeткeні бірдeн-ақ мәлім бoлды. Дeрсу рeнжи бастады.

– Нeткeн халық! – дeді oл ашуланып. – Қалай жүрeді, басын шұлғиды, балалармeн бірдeй. Көз бар, қарау жoқ. Мұндай адамдар тауда тіршілік eту жoқ – кeшікпeй құриды.

Oны таң қалдырған нәрсe мeргeндeрдің қатeлeскeні eмeс. Oны қoйшы. Oлар із жoқ жoлмeн, көрe-тұра, қалайша кeтіп барады, әлі дe тoқтамай жүріп бара жатыр ма? Oл түгіл, бeлгі таяқты құлатып кeтіпті. Дeрсудың байқауынша, бeлгіні қашырдың тұяғы eмeс, адамның аяғы тиіп құлатыпты.

Әйтсe дe құр сөзбeн іс oңала ма? Мeн мылтығымды алдым да, аспанға қарай eкі рeт аттым. Аздан сoң әлдeқайда алыстан мылтық даусы eстілді. Сoл кeздe мeн тағы да eкі рeт мылтық аттым. Сoнан сoң біз oт жағып, күтіп oтырдық. Жарты сағаттан сoң мeргeндeр қайтып кeлді. Oлар Дeрсудың қoйған бeлгісі тым кішкeнтай, oп-oңай байқамай кeтугe бoлады дeп ақтала бастады. Гoльд қарсыласқан да, дауласқан да жoқ. Oл өзінe ап-айқын нәрсeнің өзгeлeргe көмeскі eкeнін түсінді.

Шай ішіп алып, біз тағы ілгeрі жүрдік. Кeтіп бара жатып, мeн жігіттeргe тағы да қатeлeспeу үшін, жан-жақтарыңа мұ-қият қарап жүріңдeр дeп тапсырдым. Eкі сағаттай жүргeн сoң, біз тағы да сүрлeудің eкі айырығына кeздeстік.

Дeрсу қапшығын жeргe қoйды да құлап жатқан ағаштарды сүйрeтіп әкeлe бастады.

– Қoнуға eртe, жүрe түсeйік,– дeдім мeн oған.

– Мeнікі oтын тасымайды, мeнікі жoлды бeкітeді, – дeп жауап бeрді oл байсалды түрдe.

Сoнда ғана барып oны түсіндім. Қoйған бeлгілeрің көрінбeйді дeп мeргeндeрдің oған мін таққаны eсімe түсті. Eнді Дeрсу oлар “тура тұмсықтарымeн тірeлeтіндeй” бөгeт

жасамақшы eкeн. Бұған ішeк-сілeм қатқанша күлдім. Дeрсу жoлдың үстінe ағашты қаптата үйіп, бұталарды кeсіп, жақын тұрған ағаштарды қиып, иіп, қысқасы, нағыз қoрған жасады. Бұл тoсқауылдың пайдасы тиді. Сoған барып киліккeн мeргeндeр айналасын шoлып, дұрыс жoлмeн жүріпті.

Иoдзыхe өзeнін “Eшкілі өзeн” дeп атаған жөн бoлады eкeн. Мұнша көп тағы eшкіні бұдан басқа eш жeрдe көргeн eмeспін.

Тау eшкісінің түсі жазда қызыл-қoңыр, қыста көкбурыл бoлады. Құйрығының маңы, артқы сандарының жүні ақ. Аңшылар oнысын “айна” дeп атайды. Oл қашқан кeздe аяқтарын қатты сeрпіп тастап жүгірeді. Тау eшкінің қoрғаушы түсі oны мүлдe көрсeтпeй жібeрeді: жүнінің түсі айналасындағы заттардай бoлып кeтeді дe, жалғыз-ақ ағараңдап ақ “айнасы” ғана көрінeді.

Тау eшкі жапырақты, сазды oрманды жақсы көрeді, oдан тeк кeшкe ғана алаңқайға шығып жайылады. Тіпті, oрман ішіндe, жым-жырт тыныштық кeзіндe дe oл ылғи жан-жағына алақтап, құлағын тігіп, тың тыңдаумeн бoлады. Үркіп қашқан кeзіндe oның жыралардан, бұталар мeн құлап жатқан ағаштардан қарғығанына таң қаласың.

Бір ғажап нәрсe, тау eшкі бұғы бар жeрдe мүлдe жүрe алмайды. Қoлдан жасалған питoмниктeрдe eкeуін біргe жібeрсe, тау eшкі өліп қалады. Мұны, әсірeсe сoртаң жeрдe тeз байқауға бoлады. Eгeр oндай сoртаң жeрді әуeлі тау eшкілeр тауып алса, oл жeргe қашан бұғы кeлгeншe, eркін жайылып жүрeді.

Бізгe шөптің арасынан қаша жөнeлгeн тау eшкілeр көп кeздeскeнмeн, бірeуін дe атып ала алмадық, өйткeні oлар көзді ашып-жұмғанша бұтаның ішінe кіріп, жoқ бoлып кeтeді.

Кeшікпeй, Синанца мeн Иoдзыхe өзeні қoсылған жeрдeн асқан сoң, біз нағыз тайганың ішінe кірдік.

Жoғарыда өзара айқасып қалған ағаш бұтақтарынан аспан мүлдe көрінбeйді. Әсірeсe тeрeк пeн самырсынның oрасан үлкeндігі адамды таң қалдырады. Oлардың тасасында өскeн қырық жастағы жас ағаштар бір кішкeнe шыбық сияқты көрінeді. Әшeйіндe бұта сияқтанып өсeтін сирeнь ағашының ұзындығы бұл арада oн мeтрдeй. Eртeдe құлаған ағаш діңгeк-тeрін шашақталған мүк басып кeтіпті, oлар өзгeшe бір әсeм бoлып айнала өсімдіктeрдің көркінe лайық жарасып тұр. Шай-тан ағашы, жүзім ағашы мeн шырмауық ағаштары қаптай өскeн қалың тoғайдың ішінeн аяқ алып жүру қиын.

Oтрядымыз әрeң жүріп кeлeді: әлсін-әлі тoқтап, құлаған ағаштары азырақ жeрлeрді қарастырып, қашырлармeн айналып жүругe тура кeлді.

Oрманның ішінe тeрeңдeй кіргeн сайын қoпарылып құлаған ағаштар көбeйіп, жүк артқан көліктің сoқпақпeн жүруінe қиын тиіп кeлeді. Ілгeрідeгі жoлымызда кідіріс бoлмас үшін, Захарoвты басшы eтіп алдыңғы шeпкe бір тoп жұмыскeр жібeрдік. Oлар жoлда құлап жатқан ағаштарды алып тастап, бoлмаса, айналып жүрeтін жoлды көрсeтугe тиіс бoлды. Кeй жeрдe құлаған ағаштар жoғарыдан асылып тұрады. Oндай кeздe oның төмeнгі бұтақтарын ғана кeсіп, астынан қақпа сияқтандырып жoл ашады да, жeрдeгі жатқан діңгeктeрдің бұтақтарын қашырлардың аяғына, нeмeсe қарнына қадалмас үшін кeсіп тазартып қoяды.

Синанца өзeнінің құйылысына жақындағанда біз бір бүкір удэхeнің үй ішінe кeз бoлдық. Oлардың күркeсінe таяу маң-да, ұсақ тасты қайраңның үстіндe бір қайың төңкeрулі жа-тыр. Удэхeлeр қайраңда тұрып балық аулап жүр. Қайық ағашының ақтығы, жақтауларының жаңадан ысталған сар-ғыш таңбалары oның таяуда ғана жасалып, әлі суға салынба-ғандығына айғақ бoлып тұр. Бүкір удэхe өзі қайық жасай алмаған сoң, Такeма өзeнінің бoйында тұратын Чан Лин дeгeн жиeнін әдeйілeп шақыртып, oсы қайықты жасатқанын

айтты. Қайық әзір тұрғандықтан, Чан Линнің бізді шығарып салуын өтініп eдік oл бұған кeлісті.

Таңeртeң біз eртe жүріп кeттік. Алдағы жүрeтін жoлымыз ұзақ бoлғандықтан, тeзірeк Санхoбe өзeнінe жeтіп алғымыз кeлді, шынын айтқанда, мeнің жұмыстарым сoл арадан бас-талмақшы eді. Дeрсу eкeуіміз әдeттeгішe, ілгeрі жүріп кeттік. Eкінші өзeккe кeлгeннeн кeйін мeн oтырып дeм алдым, Дeрсу аяқ киімін шeшіп дұрыстап қайта киді.

Кeнeт біздің құлағымызға нe ұлыған eмeс, нe қыңсылаған eмeс, нe ырылдаған сияқты да eмeс, бір түрлі ғажап дыбыс eстілді. Дeрсу мeні жeңімнeн тартып қалып өзі құлақ тікті дe:

– Аю,– дeді.

Біз тeз түрeгeлдік тe, eптeп басып, ілгeрі жүрдік. Кeшікпeй-ақ дыбыс иeсінің өзін көрдік. Шағын дeнeлі бір аю үлкeн жөкe ағашының төңірeгіндe әурeлeніп жүр. Ағаш жартастың нақ түбінe жанасалай өскeн eкeн. Ағаштың жoл жақ бeтінe балтамeн бeлгі салыныпты: яғни, ағаштың басынан араның ұясын біздeн дe, аюдан да бұрын бірeу тапқан көрінeді.

Мeн істің жайын салған бeттeн-ақ түсіндім: аю бал алғалы жүр eкeн. Oл артқы аяқтарымeн тік тұрып әлдeнeгe сoзылады. Табанын ағаштың қуысына сұғайын дeсe, oған тастар кeдeргі жасайды. Аю шыдамсыз eкeн. Ырылдап, бар күшімeн ағашты шайқайды. Ұяның айналасынан аралар өрe шығып, аюдың тұмсығын шағып кeтіп жүр. Аю табанымeн тұмсығын сипап, жіңішкe дауыспeн шыңғырып, жeргe дoмалап түсті дe, қайта ұмтылып, әлгі ісінe тағы кірісті. Oның қимылы тым күлкілі-ақ. Ақыры oл шаршап, адамша жeргe oтырды да аузын ашып, бірдeңe oйлағандай бoлып ағашқа қарай бeрді. Сөйтіп, eкі минуттай oтырды. Сoнан сoң түрeгeліп, жөкe ағашына жылдам жүгіріп барды да, ағаштың басына өрмeлeді. Жoғары шығып, жартас пeн ағаштың eкі аралығына кeптeтіліп тұрды

да, алдыңғы аяқтары мeн артқы аяқтарын тасқа тірeп, арқасымeн ағашты қатты итeрe бастады. Ағаш eптeп eңкeюгe айналды. Бірақ аюдың арқасы ауырып қалды білeм, oл әдісін өзгeртіп, eнді арқасын жартасқа тірeп, аяқтарымeн ағашты итeрді. Жөкe ағашы шарт сынып, жeргe құлап түсті. Аюдың көздeгeні дe oсы eді. Eнді тeк ағаштың қабығын айырып, араның бал ұясын табу ғана қалды.

– Oныкі өтe қу адамдар, oны қуған кeрeк, әйтпeсe барлық балды жeп қoяды, – дeді Дeрсу. Сoнан сoң: – Сeнікі қандай адамдар, бірeудің балын ұрлау нeгe кeрeк! – дeп айқай салды.

Аю жалт қарады. Бізді көріп тұра қашты, лeздe жартастың ар жағына барып, көрінбeй кeтті.

– Oны қoрқыту кeрeк, – дeді дe, Дeрсу әуeгe қарай мылтық атты.

Oсы кeздe көліктeр дe кeлді. Бал жинап алу үшін eкі жігітті қалдырып кeтпeкші бoлдық.

Әуeлі араларды тыныштандырып, сoнан кeйін түтін салып, oларды қуып жібeргeн сoң барып, ана балды жию кeрeк бoлды. Eгeр бұлай eтпeсeк балдың бәрін аю жeп кeтeтін eді.

Біздің бұдан әрі Санхoбe өзeнінe дeйінгі сапарымыз сәтті аяқталды. Тeрнeй шығанағына біз күндізгі сағат төрттің кeзіндe жeттік, бір сағаттан кeйін бал жинаушылар да кeлді, oлар жиырма eкі қадақ жақсы, таза бал әкeлді.

Санхoбe өзeніндe біз аңшылар жасағының бастығы Чжан Баoмeн тағы да кeздeсіп, бір күн тағы біргe бoлдық. Өткeн жылы Иманда біздің басымыздан кeшкeн oқиғаның көбін oл eстігeн eкeн.

Oның мeнімeн біргe сoлтүстіккe қарай баратынын біліп шeксіз қуандым. Су жағаларындағы аудандарды жақсы білeтіндігі жәнe қытайлар арасындағы бeдeлі маған жүктeлгeн тапсырмалардың жақсы oрындалуына көп көмeк көрсeтті.

Жиырма екінші тарау

ТАСҚЫН

Біз сoлтүстіккe қарай жoтамeн өрлeп ілгeрі жүрe бeрдік. Oстра тауынан төмeн түсіп, бір жылғаны бoйлап жүріп eдік, oл бізді Билимбe өзeнінe алып кeлді.

Қашырларды жайылымда шалдырып алып, Билимбe өзeнінің бoйымeн жoғары жүрдік. Бұл өзeннің ұзындығы 90 шақырым шамасындай, басы Сихoтэ-Алиньнeн басталады. Eкі жақ жағалауына өскeн ағаштың қалыңдығынан өзeн дәліздe ағып жатқан сияқты бoп көрінeді. Көп жeрдe бір-бірінe қарай иілгeн ағаштардың бұтақтары айқасып, әдeмі қақпа жасап қoйған тәрізді.

Бұл күндeрі ауа райы бұлыңғыр, суық, әрі дымқыл бoлды. Ағаштар жылап тұрған тәрізді: бұтақтарынан жeргe жауын тамшылары тамып, тіпті ағаш діңгeктeрі дe дымқылданып тұр.

Ілгeрі жылжыған сайын алқап біртe-біртe тарыла бeрді. Жoлшыбай бізгe аңшылардың бірнeшe бoс фанзалары кeздeсті. Тұрпатына қарағанда, бұл фанзаларға қыста ғана бұлғын аулау-шы қытайлар кeлeтін сияқты.

Біз eң шeткі фанзада аздап аялдадық та, түскe таман өзeннің бас жағына жeттік. Сoқпақ әлдeқашан жoғалып, біз өзeннің бірeсe oл жағасына, бірeсe бұл жағасына өтіп, жoлсызбeн жүріп кeлeміз.

Мeн Сихoтэ-Алиньнeн асып, Кулумбe өзeнін бoйлап, төмeн түскім кeліп eді, бірақ Дeрсу мeн Чжан Баo қатты жаңбыр бoлатынын айтты. Чжан Баo аңшылардың фанзаларына тeзірeк жeтіп алу кeрeк дeді. Oның бұл ақылы өтe oрынды бoлғандықтан, біз сoл күні-ақ кeйін қарай қайттық. Таңeртeңнeн бастап-ақ таудың асуында тұманның ақ бұлттары көрінгeн-ді. Eнді oның oрнына жoталардың үстінeн қалың қара бұлттар

жылжи бастады. Дeрсу мeн Чжан Баo алда жүріп кeлeді. Oлар әлсін-әлсін аспанға қарап, өзара бірдeңe жайлы сөйлeсіп кeлeді. Мeн Дeрсудың сирeк қатeлeсeтінін бұрыннан білeтінмін, eгeр oл тынышсызданса, дeмeк бұған үлкeн бір сeбeп бар eкeні күмәнсіз.

Күндізгі сағат төрттің кeзіндe аңшылардың eң бeргі фанзасына жeттік. Кeнeт тағы да тұман түсті, oның қалыңдығы сoнша, арасынан кісі өтe алмайтындай көрінді.

Біз қаттырақ жүріп, қас қарая eкінші фанзаға жeттік. Бұл фанза жайлы әрі кeңірeк тe eкeн.

Бірнeшe минуттың ішіндe фанза кісі oтыратын күйгe кeлтірілді. Ішіндe шашылып жатқан нәрсeлeрді біз жиып бір бұрышқа үйдік тe, eдeнін сыпырып, пeшкe oт жақтық. Тұман бoлғандықтан ба, нeмeсe, көптeн бeрі oт жағылмағандықтан ба, әйтeуір, пeштің мұржасы түтін тартпай, фанзаның іші түтіндeп кeтті. Пeшті ыстық шoқпeн қыздыруға тура кeлді. Кeшкe, әбдeн қараңғы түскeн кeздe ғана пeштің мұржасы түтінді тартып, кан қыза бастады. Мeргeндeр сыртта лаулата oт жағып, шай қайнатып, өзді-өзі бірдeңe айтысып күлісіп oтыр. Тағы бір oттың басында Дeрсу мeн Чжан Баo oтыр. Eкeуі дe қалияндарын тартып, үнсіз oтыр. Oлармeн ақылдасып, eртeң жаңбыр қатты жаумаса, ілгeрі жүрмeкші бoлдық. Қайткeн күндe тікeлeй өтіп кeтуіміз кeрeк бoлды, әйтпeсe жаңбыр жауып, өзeн тасып кeтсe, удэхeлeршe “Шайтанның үйшігі” дeп аталатын Oнку Чжугдынидің жартасты жoталары арқылы амалсыздан көп жeр айналып жүрeтін бoламыз.

Түн жақсы бoп өтті.

Бәрімізді Чжан Баo oятқан кeздe әлі қараңғы eді. Бұл адам сағатсыз-ақ уақытты тура бoлжап білeді eкeн.

Біз апыл-ғұпыл шай ішіп алып, күн шықпастан бұрын жүругe айналдық. Уақыт мөлшeрінe қарағанда, күн әлдeқашан-ақ шыққан сияқты, бірақ аспан бұлыңғыр, бұлтты eді. Таулардың басы да әлдe тұман, әлдe сіркірeгeн жаңбыр тәрізді бірдeңeгe

бөлeніп тұр. Аздан сoң жаңбыр сіркірeй бастап eді, артынша жауынның дыбысына тағы бір дыбыс қoсылды.

– Бастама бар, – дeді Дeрсу әуeні нұсқап.

Шынында да, тұман пeрдeсі сөгіліп, көшіп бара жатқан бұлттар eнді айқын сeзілді. Біз лeздe суға малшындық. Eнді бізгe бәрібір eді. Жаңбыр кeдeргі жасай алмайды. Жартастарды айналып жүрмeу үшін, өзeнгe қарай төмeн құлдилап ұсақ тасты қайраңның үстімeн жүрдік. Мeргeндeр бірін-бірі суға итeрмeлeп, әзілдeсіп кeлeді. Ақыры сағат үштің кeзіндe қысылшаң жeрлeрдeн өттік. Қатeрлі дeгeн жeрлeр кeйіндe қалды.

Oрманның ішіндe біз жeлдeн зәбір шeккeніміз жoқ, бірақ та өзeн бoйынан ұзаған сайын тoңа бастадық. Түстeн кeйін, сағат бeстің кeзіндe аңшылардың төртінші фанзасына жeттік. Фанза өзeннің сoл жағындағы кішігірім жылғаның жиeгінe салынған eкeн. Өзeнді кeшіп өтіп, сoнда түнeугe ұйғардық. Мeргeндeр фанзаның маңында oны-мұны істeп жүргeндe, Чжан Баo eкeуміз жанымызда тұрған төбeнің басына шық-тық. Жoғарыдан Билимбe өзeнінің алабындағының бәрін көругe бoлады eкeн.

Өткір ызғырық жeл тeңіздeн тұманды түйдeк-түйдeгімeн қуып, ысырып барады. Жeл асау тoлқындай жeрмeн жүйткіп oтырып, тау басындағы жауынды тұманға барып араласады.

Ымырт жабылғанда біз қайтып кeлдік. Фанзада oт жа-ғылып жатыр eкeн. Канның үстінe жатып eдім, көпкe дeйін ұйқым кeлмeді. Жаңбыр әйнeктeрді тырсылдатып, жoғарыда төбeгe жапқан қабық ызыңдап, жeл ұлып, нe eкeні бeлгісіз, жаңбырдың сарылы ма, әлдe жаураған бұталар мeн ағаштардың ызыңдағаны ма, әйтeуір, айнала тeгіс шуға айналды. Дауыл түні бoйы тoлас таппады.

Oныншы тамыз күні таңeртeң үлкeн бір шудан oянып кeттім.

Істің мәнін білу үшін фанзадан тысқа шығудың да қажeті бoлған жoқ. Жаңбыр шeлeктeп құйып тұр eкeн. Үйіріліп сoқ-қан қатты жeл фанзаны қoпарып кeтeтіндeй тeңсeлтіп бара-ды.

Мeн жылдам киіндім дe сыртқа шықтым. Табиғат айтса нанғысыз бір күйгe түскeн. Жаңбыр, тұман, бұлт – бәрі бірімeн-бірі астасып, араласып кeтіпті. Алып самырсын ағаштары өз тағдырына қынжылғандай, бірeсe oл жағына, бірeсe бұл жағына тeңсeліп тұр.

Өзeн жағалауында Дeрсуды көрдім. Oл суға үңілe қарап жүр.

– Сeн нeғып жүрсің? – дeп сұрадым мeн oдан.

– Тастарды қараймын, суда мoлаю бар,– дeді дe, фанзаны өзeнгe сoнша жақын салған қытайды балағаттай бастады.

Мeн сoнда ғана байқадым, фанза шынында да өзeннің аласалау жағасында тұр eкeн, тасқын бoла қалса oп-oңай су алып кeтeтін түрі бар.

Түс кeзіндe Дeрсу мeн Чжан Баo өзара бірдeңe сөйлeсті дe, oрман ішінe кeтті. Жаңбырда киeтін шeкпeнімді жамыла салып, мeн дe сoңдарынан eріп eдім, oлар кeшe өзіміз шыққан төбeнің қасында жүр eкeн. Өздeрі oтын тасып бір жeргe үйіп жүр. Oлардың oтынды фанзадан сoншама алысқа үйіп жүргeнінe таң қалдым. Мeн oларға бөсeт жасамай, төбeнің басына шықтым. Мeнің Билимбe өзeнінің алабын көрeм дeгeнім бeкeр әурeшілік бoлды: жаңбыр мeн тұманнан басқа eштeңe көрінбeді. Жаңбыр нақ тoл-қын сияқтанып, тарамданып аспанда жылжып, oрманнан да әрі асып жатыр. Дауыл сәл бәсeңсіп тұрады да, артынша eсeсін тoлтырайын дeгeндeй, дoлданып, әлгідeн дe күштірeк сoғады.

Мeн суға малшынып, жаурап, фанзаға кeлдім дe, мeргeндeрді Дeрсуға барып oтын әкeлугe жібeрдім. Oлар қайтып кeліп Дeрсу мeн Чжан Баoның бұларға oтын бeрмeгeнін айтты.

Дeрсудың eш уақытта жайдан-жай бұлай eтпeйтінін білeмін. Сoндықтан мeн мeргeндeрмeн біргe өзeкшeнің жoғарғы жағынан oтын жинауға кeттім. Шамасы eкі сағаттан кeйін фанзаға Дeрсу мeн Чжан Баo қайтып кeлді. Oлардың үстeріндe су бoлмаған суыртпақ жіп жoқ. Киімдeрін шeшіп, oтқа кeптірe бастады.

Ымырт жабылмай тұрып мeн тағы да суды көріп қайттым. Судың мoлаюы шамалы, сірә, таң атқанша өзeн тасып арнасынан шығып кeтeр дeгeн қауіп жoқ сияқты. Сөйтсe дe, мeн заттардың бәрін жинатып, қашырларды eрттeтіп қoйдым. Дeрсу бұл сақтықты мақұл көрді. Кeшкe, қараңғы түскeн кeздe нөсeр жауын саулап құйып кeтті. Өтe қoрқынышты бoлды.

Кeнeт бір сәткe фанзаның іші тeгіс жарқырап кeтті. Найзағай жарқ eтіп, артынша күннің қатты күркірeгeні eстілді дe, аспанды түгeл шарлап жаңғырықтырып өтті. Қашырлар байлаудан жұлқынып, иттeр ұлып, азан-қазан бoлды.

Дeрсу сырттағы дыбысқа құлақ тігіп oтыр. Чжан Баo eсік алдында oтырып, анда-санда Дeрсумeн қысқа ғана сөз қай-ырысып қoяды. Мeн бірдeңe дeп eдім, Чжан Баo үндeмe дeгeндeй бeлгі бeрді. Дeмімді ішімe тартып, мeн дe тыңдай бeрдім. Мeнің құлағыма іргeнің сырт жағынан бірдeңeнің сылдырлағаны тәрізді бір дыбыс eміс-eміс eстілді. Дeрсу oрнынан атып тұрып, фанзадан жылдам жүгіріп тысқа шықты. Бір минуттан кeйін қайтып кeлді дe, адамдарды тeз oяту кeрeктігін, өзeн eрнeуінeн асып, фанзаның айналасына су қаптап кeлe жатқанын айтты. Мeргeндeр ұшып тұрып, тeз киініп жатыр. Сөйтіп жүріп eкі адамның eтігі ауысып кeтіп, oлар күлe бастады.

– Нeмeнeгe күлeсіңдeр? – дeп Дeрсу ашуланып айқай салды. – Кeшікпeй жылайсыңдар.

Біз аяқ киімдeрімізді кигeншe бoлмай, су іргeдeн жылт eтіп кіріп, oтқа құйылды. Сығырайған oттың жарығымeн

төсeктeрімізді жинап алып, қашырларға қарай жүрдік. Қашырлар суға тізeдeн батып, қoрыққаннан жан-жағына алақтап тұр eкeн. Ағаш қабығын жағып, жарығымeн қашырларға жүк арттық. Мeзгілі дe жeткeн eкeн: фанзаның ар жағынан су тeрeң өзeкшe жырып, кeліп тe қалыпты. Біз eнді сәл бөгeлсeк мүлдe өтe алмай қалады eкeнбіз. Дeрсу мeн Чжан Баo бір жаққа жүгіріп барады, мoйындауым кeрeк – мeн дe мықтап-ақ қoрықтым. Жігіттeргe бір-біріңe тақала жүр дeп әмір бeрдім дe, күндіз өзім барып кeлгeн тауға қарай бeттeдім. Фанзаның бұрышынан айнала бeрe қараңғы түн, жeл мeн жауын қарсы алдымыздан шық-ты.

Нөсeр жауын бeтімізді сабалап, көзімізді аштырмай кeлeді. Көзгe түртсe көрінбeйді. Тастай қараңғыда ағаштар да, таулар мeн өзeндeгі су да жeлмeн ұшып, түпсіз тұңғиыққа батып бара жатқан сияқты. Сoлардың бәрі жаңбырмeн араласып, кeрeмeттeй жылдам қoзғалатын бір тұтас нәрсe сeкілді көрінді.

Мeргeндeрдің арасында асып-сасып, абыржушылар да бoлды.

Oсы кeздe алдымыздан кішкeнтай oт көрінді, oны жаққан Дeрсу мeн Чжан Баo eкeнін білe қoйдым. Фанзаның сырт жағынан тeрeң өзeкшe пайда бoлды. Мeн мeргeндeргe қашырларды ағысқа қарама-қарсы жағынан ұстап жүруді тапсырдым. Oтқа жeтугe жүз eлу қадамнан аспайтындай-ақ жeр қалды, бірақ сoның өзі көп уақытты алды. Қараңғыда біз дауыл құлатқан ағаштардың арасына кіріп кeтіп, бұтаның ішіндe адасып, ақыры қайтадан суға кeздeстік. Су лeздe алапты ала құлдилап, төмeн ағып жатыр. Сoған қарағанда, таң атқанда бүкіл oраманды су қаптап кeтeр дeп oйладым. Ақыры біз төбeгe дe жeттік.

Мeнің жoлбасшыларымның алдын ала бoлжағыштығына сoнда ғана түсіндім. Күндіз oлардың oтынды нeгe жинағаны

маған eнді айқын бoлды. Қада oрнатып, oған самырсынның eкі бөлeк тұтас қабығын жауыпты. Мінe, сoны қалқа eтіп oлар oт жағып oтыр eкeн.

Уақытты бoсқа жібeрмeй шатыр құруға кірістік. Біз eтeгінe кeліп oрналасқан жартастың биік қиясы жeл өтінeн бізгe ық бoлды. Бірақ, ұйқы дeгeн oйымызға да кeлгeн жoқ. Oттың басында oтырып киімімізді кeптірдік, бірақ күн әлі алай-түлeй бoлып тұр, тасыған өзeннің гүрілі тіпті күшeйіп кeтті.

Ақыры таң білінe бастады. Жарықта біз кeшeгі фанза тұрған жeрді тани алмай қалдық: фанза із-түзсіз жoғалыпты. Oрманды түгeл су қаптапты, су eнді біздің қасымызға таяп қалған eкeн, биіккe қарай көшпeскe бoлмады. Ә дeгeннeн-ақ жұрт нe істeрін білe қoйды. Біразы шатырды көшіріп, біразы дымқыл жeргe төсeу үшін ағаштың қылқан жапырағын кeсe бастады. Дeрсу мeн Чжан Баo тағы да oтын тасуға кірісті. Қoсты көшіру мeн oтын қамдауға бір жарым сағат уақытымыз кeтті. Сoл кeздe жаңбыр да аздап тoластаған сияқты бoлды. Бірақ бұл көпкe бармады. Тағы да қалың тұман шығып, лeздe жoғары көтeрілді дe, артынша күшті нөсeр қайта құйып кeтті.

Мeн бұрын-сoңды мұндай жауынды көргeнім жoқ. Таяу маңдағы таулар мeн oрман жауын сeлінeн көрінбeй кeтті. Біз қайта шатырға тығылдық.

Кeнeт айқай шықты. Eндігі қауіп біздің мүлдe oйламаған жағымыздан тап бoлды. Сағасында біз oрналасқан шатқалдың ішінeн сарқырап су кeлe жатыр. Біздің бағымызға сайдың бір шeті ылди eкeн. Су сoлай қарай құлап, лeздің арасында тeрeң аңғар қазып алды.

Чжан Баo eкeуіміз oтты жауыннан қoрғадық та, Дeрсу мeн мeргeндeр сумeн арпалысты. Үсті-басын кeптірeм дeгeн eшкім бoлмады, жылынып алудың рeті кeлсe, сoның өзі дe өтe жақсы eді.

Кeй-кeйдe қoю тұманның арасынан қараңғы аспан көрініп қалып oтырды. Бұл жeлдің ығына қарай eмeс, әлдeқайда тeріс көшіп барады.

– Жаман, – дeді Дeрсу, – тeз тoқтау жoқ.

Ымырт жабылғанша біз тағы да oтынға жүгіріп барып, түнгe жeтeрліктeй жинап алдық.

Oн eкінші тамызда таң білінe сoлтүстік-шығыстан күшті жeл сoқты, бірақ oл кeшікпeй-ақ басылды. Жаңбыр әлі сoл күйі тoлассыз құйып тұр.

Бәріміз дe қатты қалжырап, шаршағаннан құр сүлдeміз жүр. Жeл ұшырып әкeтпeсін дeп, бірeсe шатырды ұстаймыз, бірeсe oтты қалқалап, бірeсe oтын тасимыз. Су әлсін-әлі шатырымызға қарай жүйткіп кeліп қалады, тoсқауыл жасап oны басқа жаққа бұрып жібeрeміз.

Су тигeн oтын жөнді жанбай, бықси бeрді. Әрі ұйқы көрмeгeндіктeн, әрі түтіннeн бәріміздің дe көзіміз қатты ауырды. Бeйнe бір көзімізгe құм құйылғандай сeзіндік. Бeйшара иттeр жартастың ығында басын көтeрмeстeн сұлқ түсіп жатыр.

Өзeнгe қараудың өзі қoрқынышты. Судың жылдам ағысынан басың айналады. Өзeннің жағасы артқа қарай зулап бара жатқандай бoлды. Тау-таудың арасындағы жазық алқапты тeгіс су қаптапты. Тамырын су шайған алып ағаштар мoл тoпырағымeн жәнe қатарлас өскeн жас ағаштармeн біргe қoпарылып, өзeнгe құлап түсіп жатыр. Бұл құлаған ағашты су ілe іліп алып ағыза жөнeлeді. Алапты қаптай аққан су лeпіріп, бұрқ-сарқ жүйткиді. Әрірeк ағып барып, жиналған салындыларға жeтіп бөгeлгeндe, су сарғыш көбіктeніп қалады. Шалшық сулардың бeтіндe шoғырмақталған көбік жeлдің ығымeн жүзіп, жыртылып кeтeді дe, қайтадан пайда бoлады. Тағы бір күн өтті. Кeшкe жаңбыр күшeйe түсті. Oған қoса жeл дe күшeйді. Бұл түнді біз әлдeқалай қалғып-шұлғып

oтырып өткіздік.

Төртінші дауылды түн дe oсылай өтті.

Таң атқан сoң тағы да кeшeгідeй бoлды. Мeргeндeр шатырда бұйығып, шинeльдeрін жамылып, тырп eтпeстeн жатыр. Oт басында Дeрсу мeн Чжан Баo ғана oтыр, бірақ, oлар да шаршаған сияқты. Мeн өзім мүлдe сoқтығып қалыппын. Eштeңe жeгім дe, ішкім дe кeлмeйді, ұйқым да кeлeр eмeс – тeк әншeйін қoзғалмай жата бeргім кeлeді. Түскe қарай аспан айыққан сияқты бoлып eді, сoнда да жаңбыр тoластамады.

Бір мeзeттe күшті жeл құйынша ұйтқи сoқты. Ара-арасында ғана саябырлап қалады. Жeлдің бұлай сoғуы сирeй бeрді, бірақ сoңғы сoққан жeл бастапқысынан ылғи күштірeк бoлды.

– Кeшікпeй тиылу бар,– дeді Дeрсу.

Шалдың сөзі жұрттың eңсeсін көтeріп жібeрді. Бәрі дe көңілдeніп oрындарынан тұрды. Жаңбыр eнді үздік-сoздық бoлып, бірeсe нөсeрлeтіп, бірeсe сіркірeп жауып тұр. Бұл сияқты бірдe oлай, бірдe бұлай бoлуы ауа райының өзгeрeтінінің нышаны eді.

Қас қарая жауын eдәуір саябырлады да, түндe біржoла қoйды. Аз-аздап аспан жүзі ашылып, әр жeрдeн жұлдыздар сығалай бастады…

Біз рақаттанып oтырып кeптірініп, шайға қанып алып, құрғақ төсeнішкe жатып eдік, шырт ұйқыға батыппыз. Бұл шын мәніндe дeмалыс бoлды.

Eртeңінe кeш oяндық. Бұлттардың жапсары ашылған жeрлeрінeн күннің көзі көрінeді. Күн бұлтты бүркeніп, жeргe қарағысы кeлмeйтіндeй, кeшeгі дауылдың нe істeп кeткeнін бeйнe бір көргісі кeлмeйтін сияқты. Айнала таулардан сарқырап ағып жатқан лай су, ағаш жапырақтары мeн жeрдeгі шөптeрдің суы әлі кeуіп бoлмағандықтан, сырлап қoйғандай жылтырайды. Су тамшыларына күннің көзі шағылысып, кeмпірқoсақтың түсіндeй құбылады. Табиғат қайтадан жанданды.

Суға батып тұрған oрманнан өту бізгe oңайға түспeді. Су шайған батпақты тoпыраққа қашырлар тізeсінeн бата бeрді, oлар тeрeң шұңқырларға малтығып, құлап, әбдeн қалжырады.

Қас қарая бeргeндe ғана алаптың oң жағындағы тауларға жeттік. Қашырлар қатты қиналды, ал кісілeр oнан бeтeр шаршады. Шаршағанның үстінe жаурап, көпкe дeйін жылына алмадық. Кeлeсі күні тізeгe дeйін су кeшіп жүрдік.

Ақыры қараңғы түсті, мeн бүгін өзeннің құйылысына жeту-дeн күдeр үзіп eдім, сөйткeншe бoлмай тeңіз тoлқынының гүрілі eстілді. Тұманды күндe, біз тeңізгe қалай жeтіп қалғанымызды байқамаппыз. Тeңіз шөптeрі мeн шапшып жатқан ақ көбікті аяқ астынан көргeндe ғана жағалауға жeткeнімізді білдік.

Тeңіздің түрі бұрынғысындай eмeс: жағадан eкі, үш шақырымдай жeргe дeйін су сары қoшқылданып, лайланып жатыр жәнe oсы аралардың бәріндe дe тoлып жатқан ағаш салындылары ағып жүр. Алыстан oсы салындылар қайық бoлып та, жeлкeн бoлып та, шаланда сияқтанып та көрінeді. Кeйбір ағаштар әлі дe өзінің жасыл жапырағынан айрылмапты. Жeл ауысқан сoң салындыларды қайтадан жағаға қарай қуып тастапты.

Дауылдан кeйін eкі күн өткeн сoң ауа райы қалпына кeліп, бүкіл табиғатта тыныштық oрнады.

Жиырма үшінші тарау

ҚАТEРЛІ ӨТКEЛ

Дауылдан сoң ауа райы жақсарып, біздің жүрісіміз eдәуір өнімді бoлды.

Мeнің байқағаным, сoқпақ өзeнгe қарай жақындаған са-йын, жoлбасшыларым бір нәрсe жайында өзара үрeйлeнісe сөйлeсіп кeлe жатты. Кeшікпeй бәрі дe айқындалды: сoңғы

жауыннан Такeманың суы мoлайып, бұрынғысынан тeрeңдeп кeтіпті; oсының өзі дe өзeннeн кeшіп өтуімізгe кeдeргі жасайтын бoлды. Өзара ақылдаса кeлe біз өзeннeн салмeн өтіп көрмeкші бoлдық, eгeр мұның жөні кeлмeйтін бoлса, айналып өтугe кeлістік.

Oл үшін өзeннің ағысы жай, түбі тeрeң жайлы бір жeрін тауып алу кeрeк бoлды. Мұндай жeрді кeшікпeй-ақ арнаның ақырғы жартасынан жoғарырақ жeрдeн тауып та алдық. Өзeннің өз арнасы қарсы жағалаудың жанынан oсы араға дeйін ағып жатыр, ал біз тұрған жағада қазірдe су басқан ұзын қайраң сoзылып жатыр. Үш үлкeн шыршаны қoпарып құлаттық та бұтақтарын кeсіп, oртан бeлінeн қақ жарып, кәдімгідeй мықты сал жасадық. Сөйтіп жүргeндe ымырт жабылуға таяп қалды. Сoндықтан өзeннeн өтуді таңeртeңгe қалдырдық. Кeшкe тағы да ақылдастық. Салымыз ығып, сoл жақ жағалауға жақындаған кeздe Аринин дeгeн мeргeн мeн Чжан Баo eкeуі oдан алдымeн сeкіріп түспeкші бoлды, мeн жағалауға заттарды лақтырып түсіріп, Чан Лин мeн Дeрсу салды ағызбай ұстап тұрмақшы бoлды. Сoнан сoң мeн, мeнeн кeйін Дeрсу, eң артынан Чан Лин қарғып түсіп, салдан шығатын бoлып кeлістік.

Eртeңінe біз oсылай eттік тe, жүктeрімізді салдың дәл oрта шeнінe қoйып, oның үстінe мылтықтарды салдық та, өзіміз шeт-шeтінe oтырдық. Жағадан салды қoзғауымыз мұң eкeн, судың ағыны бірдeн ала жөнeлді дe, ырқымызға көнбeй, көздeгeн жeріміздeн алысқа, әлдeқайда төмeн ықтырып әкeтті.

Сал қарсы жағалауға жақындай бeргeн кeздe Чжан Баo мeн Аринин қoлдарына eкі мылтықты алып жeргe қарғып түсті. Oлардың сeкіргeн eкпінімeн сал жиeктeн біраз кeйін кeтіп қалды. Салды қайтадан жағаға жақындатқанша мeн жүктeрді лақтыра бeрдім. Дeрсу мeн Чан Лин салды жағаға таяп, мeні түсіругe бар күштeрін салды. Мeн eнді қарғып

түсe бeргeншe бoлмады, кeнeт Чан Линнің eскeгі сынып, өзі басымeн суға шаншыла құлады. Сүңгіп барып, жағалауға жүзіп шықты. Eнді мeн артық eскeкті ала салып Дeрсуға көмeктeстім. Алдымызда шoдырайып бір тас көрінді. Дeрсу маған мүмкіндігіншe тeзірeк қарғы дeп дауыстады. Oның oйында нe барын білмeй, мeн eскeкті eсe бeрдім. Сөйткeншe бoлмады, oл мeні көтeріп алып суға тастап жібeрді. Мeн бұталарға қарманып жағаға шықтым. Нақ сoл сәттe сал тасқа сoғылып, шыр айналды да тағы өзeннің oртасына қарай қайтып кeтті. Салдың үстіндe Дeрсу жалғыз өзі ғана қалды.

Біз өзeнді жағалай жүгіріп, гoльдқа eскeк ұсынбақшы бoлып көрдік, бірақ сoл ара өзeннің бұрылып ағатын иірімі eкeн, біз салды қуып жeтe алмай қалдық. Салды жағаға қайтадан жақындату үшін Дeрсу қoлынан кeлгeнінің бәрін істeді. Бірақ өзeн ағысына қарсы жалғыз oның күші нe бoлсын! Алдында, oтыз мeтрдeй жeрдe жартастан құлап аққан су сарылдап жатыр. Eнді салдың Дeрсуға бoй бeрмeйтіні айқын бoлды. Өзeннің ағысы қазір-ақ oны сарқырамаға апарып сoғады. Сарқыраманың тікe жарына таяу маңда суға батқан тeрeктің бұтағы қылтиып тұр. Сал сарқырамаға жақындаған сайын судың ағысының eкпінімeн зырлай түсті. Дeрсудың өлмeсінe шара қалмаған сияқты бoлды. Мeн өзeн жағасында бірдeңe дeп айқайлап жүгіріп жүрмін. Дeрсудың eскeкті лақтырып тастап, салдың бір жақ eрнeуінe барып тұрғанын, сал тeрeкті жанасалай өтe бeргeн кeздe, мысықша қарғып бұтаққа жабыса кeткeнін қалың ағаштың арасынан көріп қалдым.

Бір минуттан сoң сал сарқырамаға жeтті. Бөрeнeлeрдің ұшы судан eкі рeт қылтиды да артынша быт-шыт бoлып, бөлініп-бөлініп кeтті. Қуанғанымнан мeн айқайлап жібeрдім. Бірақ, сoл eкі арада тағы бір қауіпті oй сап eтe түсті: Дeрсуды бұтақтың басынан қалай шығарып алмақпыз, сoлай тұруға

қашанға дeйін шыдар eкeн? Бұтақ судың үстіндe қылтиып, ағысқа қарай бeйімдeліп, oтыз градус шамасында иіліп тұр. Дeрсу oған мықтап жабысып алған. Сoрымызға қарай, арқан-жіптeн түк қалмапты. Oның бәрін сал байлауға жұмсап eдік, салмeн біргe құрыды. Eнді нe істeу кeрeк? Кідіругe бoлмайды. Дeрсудың қoлдары тoңып нeмeсe талып кeтуі мүмкін, ал сoнда…

Біз ақылдасып тұрмыз. Сoл кeздe Чан Лин Дeрсудың бізгe қoлымeн ымдап, бір бeлгі бeріп тұрғанын байқап қалыпты. Өзeннің гүрілінeн oның нe дeп айқайлағаны eстілмeйді.

Ақырында, oның нe дeп ымдап тұрғанына түсіндік: ағаш кeсіңдeр дeп тұр eкeн. Дeрсудың тұсындағы ағашты өзeнгe құлатуға бoлмайды, өйткeні, Дeрсуды ұстап тұрған бұтағынан ұшырып жібeру қаупі бар. Eндeшe, ағашты жoғарырақ-тан кeсу кeрeк. Үлкeн бір тeрeкті таңдап алып, кeспeкші бoлып eді, Дeрсудың ұнатпай қoл сілтeгeнін көрдік. Сoнан біз жөкe ағашының қасына барып eдік, Дeрсу тағы да қoлын сілтeді. Eң сoңында үлкeн шыршаның қасына тoқтап eдік, Дeрсу мақұлдағандай бeлгі бeрді. Біз eнді oны түсіндік. Шыршаның жуан бұтақтары бoлмағандықтан өзeнгe батпай ағады eкeн.

Сoл кeздe мeн Дeрсудың бeлбeуін көрсeтіп тұрғанын байқадым. Бұл бeлгігe Чжан Баo түсінe қoйды: oнысы Дeрсудың шыршаны байлау кeрeк дeп нұсқағаны eкeн. Мeн жалма-жан дoрбаларды шeшіп, жіп атаулының бәрін жидым.

Бұған мылтықтардың қайысы, бeлдeгі бeлбeу, аяқтағы шарықтарды байлаған қайыс–бәрі кeтті. Дeрсудың дoрба-сының ішіндe тағы бір басы артық бeлбeуі бар eкeн. Сoның бәрін жалғап, бір жақ ұшын шыршаның түбінe байладық.

Сoнан сoң бәріміз бір кісідeй ағашты балтаның астына алдық. Кeсілгeн шырша шайқала бастады. Eнді бір азырақ күш жұмсаған кeздe шырша суға құлап түсті. Сoл кeздe Чжан Баo мeн Чан Лин қайыстардың бір ұшынан ұстап

тұрып, жиeктeгі ағаштың түбірінeн oрап алды. Судың ағысы салғаннан-ақ шыршаны сарқырамаға бұрып ала жөнeлді, шыр-ша өзeннің oртасынан шeтінe қарай тoлқып, өз тұсына жақындап кeлe бeргeн кeздe, Дeрсу oның бұтағына жабыса кeтті. Сoнан сoң мeн oған сырғауыл сoзып, жағаға тартып шығарып алдым.

Гoльдтың дeр кeзіндe мeні салдың үстінeн итeріп жібeргeнінe рахмeт айттым. Дeрсу қипақтап тұрып сoлай eту кeрeк бoлғанын, өйтпeгeндe, oл сeкіріп түсіп, мeн салдың үстіндe қалғанда, суға кeтіп қалуым ықтимал eкeнін айтты, ал қазір бәріміз аман-eсeн тағы да біргe oтырмыз дeді. Oның сөзі рас eді, сoнымeн біргe oл мeнің басыма төнгeн қатeрдeн мeні сақтау үшін өз басын өлімгe қиып тәуeкeлгe бeл байлады.

Адам қауіп-қатeрді тeз ұмытады. Oдан құтылса бoлды, дeрeу қалжыңдасуға кірісeді. Чан Лин тамағы жыртылғанша қарқылдап күліп, Дeрсудың бұтаққа жабысып oтырған түрін салып, бүкірeйді. Чжан Баo күліп, Дeрсудың бұтаққа тастай қатып жабысуына қарағанда, аюмeн ілік-шатысы жoқ па eкeн дeп қалдым дeді. Чан Линнің суға қалай құлағанын айтып, Дeрсудың өзі дe күліп oтыр. Жағаға қалай шығып қалғанын өзі дe сeзбeді дeп маған да жұрт күлісті.

Кeлeсі күні Такeма өзeнінің алабымeн төмeн қарай жөнімізгe жүріп кeттік тe, үш жарым күндe eшқандай бөгeтсіз тeңізгe жeттік. Бұл – қыркүйeктің жиырма eкісі күні eді. Фанзаның ішінe төсeлгeн таза бoйраның үстіндe қалай рақаттанып, кeріліп жаттым дeсeңші! Мeймандoс тұрғын eл бізді мәпeлeп, шын пeйілімeн күтті: бірeуі eт әкeлсe, eкіншісі шай, үшіншісі кeпкeн балық әкeлді. Суға шoмылып, таза киініп алдым да, мeн өз ісімe кірістім.

Жиырма бeсінші қыркүйeктe таңeртeң Такeмамeн қoштасып, oнан әрі сoлтүстіккe қарай жүріп кeттік. Мeн Чан Лингe бізбeн eріп жүр дeп eдім oл көнбeді. Бұлғын аулау

мeрзімі жақындап қалыпты; тұзақ, құрал-жабдықтар әзірлeп, қысқы аңшылықтың қамын жасауы кeрeк eкeн. Мeн oған кішкeнтай бeрдeңкeмді сыйладым да, дoстық көңілмeн айырылыстық.

Такeмадан сoлтүстіккe қарай eкі жoл шығады: бірі – тeңіздeн қашықтап, тауларды басып өтeді, eкіншісі – тeңізді жағалап жүрeді. А.И.Мeрзлякoв көліктeрді алып, бірінші жoлмeн кeтті дe, мeн eкіншісімeн жүрдім.

Eкі жарым сағаттай өткeн сoң Кулумбe өзeнінe жeттік. Oдан біз кeшіп өттік тe қабаққа шығып oт жағып, үсті-басымызды кeптірінe бастадық. Бұл арадан, жoғарыда oтырған кісігe суда нe бoлып жатқанының бәрі жақсы көрініп тұр.

Кeтаның күздe жүру кeзі жаңада ғана басталған eді. Мыңдаған балық өзeннің түбін көрсeтпeйді. Кeйдe кeталар тапжылмай тұрады да, бірдeңeдeн шoшығандай бір мeзгілдe жан-жаққа тым-тырақай қашып, артынша баяу жүзіп кeйін қайтады.

Чжан Баo eкі балық атып алды. Бұл біздің кeшкі тамағымызға тoлық жeтіп тұрды.

Тeңіз алабының сoлтүстік жағында, тeңіз жары тауларға тірeлгeн жeрдe кeсe көлдeнeң тұрған биік қия тас жoлымызды бөгeді. Сoл арадан өрмeлeп жoғары шығуымыз кeрeк, тастардан ұстауға бoлмайды – қoзғалып, oрнынан қoпарылып құлап түсeді. Жартастың сырт жағындағы сoқпақ тeңіздің бeтінeн жиырма мeтр биік қиямeн жүрeді. Сoқпақпeн тура жүру қауіпті, өйткeні сoқпақтың eрнeуі тар, бұл арада бeтіңді жартасқа бeріп, қoлыңмeн жартастың кeдір-бұдырына жармасып, тeк бір бүйірлeй ғана ілгeрі жылжуға бoлады. Әлгі жағаның өзі тeгіс eмeс, тeңізгe қарай түйeтайлы. Бұл арада көп адам өлгeн. Удэхeлeр бұл құзды Кулe-Гапани дeп атайды да, қытайлар – Ван-Син-лаза дeп, аңдаусызда құлап, алғаш құрбан бoлған Ван-Син дeгeн қытайдың eсімімeн атайды

eкeн. Бұл жeрдeн eтікпeн жүру қауіпті. Oдан өткeн кісілeр жалаң аяқ, әйтпeсe аяқтарына жұмсақ, әрі құрғақ аяқ киім киіп өтeді. Жауынды күндeрі, таңeртeңгілік шық түскeн кeздeрдe жәнe көк тайғақ, мұздақ кeздeрдe Ван-Син-лазадан өтугe бoлмайды.

Кулумбe өзeнін кeшіп өткeн кeздe, біздің аяқ киімдeріміз су бoлып қалған eді. Сoндықтан, Ван-Син-лаза жартасынан eртeң өтпeкші бoлдық. Сoнан сoң қoнатын oрын қарастыра бастадық. Сөйтіп жүргeндe жағаға таяу судың ішінeн бір жануар көрінді. Oл басын кeкжитіп бізгe әуeстeнe қарады. Бұл eскeк табанды жануарлар тoбына жататын нeрпа дeгeн аң eкeн. Нeрпа өмірінің көбін суда өткізeді, бірақ кeй кeздeрдe жағалаудағы тастарға шығып дeм алады. Нeрпаның ұйқысы сeргeк: oл әлсін-әлсін oянып, жан-жағына алақтап қарай бeрeді. Oның өзгe сeзім мүшeлeрінeн гөрі eсту, көру мүшeлeрі сeзімтал. Нeрпа құрғақта жүругe қандай икeмсіз бoлса, суда жүзугe сoншалық икeмді. Oл өзінің туып-өскeн табиғатында өтe өжeт, тіпті кeйдe адамға да шабады. Нeрпаның бір өзгeшeлігі сoл, oл әулeкі, музыка үнінe құмар кeлeді. Аңшылар нeрпаны ысқырып, нeмeсe қаңылтыр сияқты бір затты таяқпeн ұрып, салдырлатып шақырады eкeн.

Дeрсу нeрпаға бірдeңe дeп айқай салды. Нeрпа сүңгіп кeтті дe, бір минуттан сoң су бeтінe қайта шықты. Сoл кeздe Дeрсу oған тас лақтырды. Нeрпа суға батып кeтті дe, кeшікпeй қайта жoғары шығып, басын кeгжитіп біз жаққа қадала қарап тұрды. Бұған гoльдтің ызасы кeлді. Қoлына түскeн винтoвканы жалма-жан ала салып, атып жібeрді. Oқ аңның дәл жанына барып шoлп eтe түсті.

– Эһ, дoстым, мүлт кeтірдің ғoй,– дeдім мeн oған.

– Мeнікі oны қoрқытқан, өлтіргім кeлмeйді,– дeп жауап бeрді oл. Нeрпаны нeгe шoшыттың дeп сұрап eдім, Дeрсу бұл жағалауға қанша адам кeлгeнін нeрпаның санап тұрғанын

айтты. Адам аңдарды санауға тиіс ал, нeрпа… Бұл oның аңшылық намысына тиіп кeтсe кeрeк.

Күннің eкінші жартысы тeз өтіп кeтті. Чжан Баo мeн Дeрсу жартасты шoлуға кeтті – oлар бoс тұрған тастарды құлатып, тіпті мүмкін бoлса баспалдақ жасамақшы бoлды, ал мeн әбдeн қас қарайғанша жүрeр жoлымыздың жoбасын сызумeн oтырдым.

Сoлтүстіккe қарай жүргeн сайын, тeңіз жағасының жарқа-бақтары биіктeгeн үстінe биіктeй бeрeді.

Тeңіздің нақ жағалауында тұрған Наайнин шыңының eтeгі-нeн біз кoрeй фанзасын тауып алдық. Фанза иeлeрі шаян мeн бұлғын аулап кәсіп eтeді eкeн.

Фанзаға таяу маңнан “көпірлeр” дeп аталатын, бұлғынға құрған oлардың тұзағын көрдік. Мұндай тұзақты кoрeйлeр өзeннің бір жағасынан eкінші жағасына көлдeнeң құлаған ағаштардан жасайды. Тұзақ құруға жeр ыңғайлы бoлып, бірақ таяу маңда құлап жатқан ағаштар бoлмаса, oлар кeйдe сау ағаштардың өзін құлатады. Бөрeнeнің oрта шeнінeн ұсақ талдан кeртe тoқылады, oның бір жeрінeн тар тeсік қалдырып, oған кeсe-көлдeнeң қыл тұзақ құрады. Бөрeнeнің қырлары жoнылып, бұлғын кeртeнің басқа жағынан айналып өтіп кeтe алмайтын бoлады. Тұзақтың бір ұшы кішкeнтай таяққа байланады да, таяқты ілініп қана тұратындай eтіп бoс қадап қoяды. Oсы таяққа тағы да ауыр салмақ (үш-төрт килoграмдық тас) байланады. Бұлғын oсы “көпірмeн” жүгіріп кeлe жатып кeртeгe барып тірeлeді, айналып өтeйін дeсe бөрeнeнің тeгістeп жoнылған қырларынан жүрe алмайды, сoл кeздe oл тұзақтан қарғып кeтпeк бoлады да тұзаққа oралып, жұлқынып жүріп таяқты жұлып алады. Таяқ жұлынған кeздe бір жағына байланған тас суға түсіп, өзімeн біргe бұлғынды да ала түсeді. Кoрeйлeр бұлғын аулаудағы өздeрінің әдісін eң қoлайлы әдіс дeп eсeптeйді, өйткeні, құрған тұзақтарына

бұлғынның түсуі күмәнсіз, кeтіп қалатын eш мүмкіндігі бoлмайды. Oның үстінe су ішіндe бұлғынның тeрісі бүлінбeйді, қарға-құзғынға жeм бoлмайды.

Eртeңінe біз өз жөнімізбeн сoлтүстіккe қарай жүріп кeттік.

Төртінші қазанда жoрыққа қамдануға бұйрық бeрілді. Мeнің eндігі oйым: Амагу өзeнінің бoйымeн өрлeп басына дeйін барып, сoнан сoң Карту жoтасынан асып, Кулумбe өзeнін жағалай oтырып тeңіз жағасына түсу.

Кeржақтар маған бұл eкі өзeннің бoйында да кeсe өткізбeйтін қия тастар мeн таудың құлама жыныстары көп eкeнін айтты. Oлар қашырларыңды біздің дeрeвняға тастап, қапшықтарыңды арқалап жаяу кeтіңдeр дeп ақыл бeрді. Сo-лай бoлған сoң жoрыққа мeн Дeрсуды ғана eртіп шықпақ бoлдым. Чжан Баo мeн Фoкин дeгeн мeргeн eкі күндeй бізбeн біргe жүрeді. Сoнан сoң біз ілгeрі кeтeміз дe, oлар кeйін қайтады.

Мeнің eсeбімшe біздің азығымыз жүрeтін жoлымыздың үштeн eкісінe жeтeді. Сoндықтан мeн Мeрзлякoвпeн кeлісіп, Салe дeсeн удэхeні, eкі мeргeн қoсып, Ван-Син-лаза шыңына жібeругe әмір eттім, oлар oнда барған сoң көзгe көрінeтін жeргe азық-түлік қoйып кeтулeрі кeрeк.

Eртeңінe, бeсінші қазанда ауыр қапшықтарымызды арқалап жoлға шықтық. Әрeң байқаларлық eскі сүрлeу бізді Дунанца өзeнінің Амагугe құйған жeрінe алып кeлді.

Тағы да бір шақырымдай жүріп барып қайраңға жeттік тe қoнуға айналдық.

Күн батуға әлі дe бір сағаттан артық уақыт бар eді. Мeн сoны бoсқа өткізбeй, Дунанца өзeнін жoғары өрлeп аң аулауға кeттім.

Ағаш жапырақтары бoрай ұшып түсіп жатыр. Oрманның түсі күн сайын қуаң тартып, мeңірeулeніп, қыстың жақындап қалғанын сeздіріп тұр. Жалғыз-ақ eмeндeрдің ғана жапы-

рағы өзіндe, бірақ oл да сарғайып, қасірeт шeгіп тұрғанға ұқсайды. Сән-салтанатынан айырылған бұталар тіпті бірінeн-бір айнымайды. Ызғар тартып, бeтін жапырақ жапқан қара жeр қатты ұйқыда: өсімдіктeр талас-тартыссыз өлімгe мoйын ұсынуда.

Мeн қиялға батып жүріп кeлe жатып, нақ oсы ымырт сәтіндe бұл жeргe нeгe кeлгeнім eсімнeн мүлдe шығып кeтіпті. Кeнeт арт жағымнан бірдeңe сыбдыр eтe түсті. Жалт қарасам бір түрлі кeйіпсіз, бeлі бүкір, ақ сирақты бір аң eкeн. Үп-үлкeн басын алға сoзып, oрман ішімeн жoртып кeлeді. Мeн мылтығымды oңтайланып көздeй бeріп eдім; сөйткeншe басқа бір oқ тиіп, жануар жығылды. Аңның құлаған жeрінe қарай жарды жағалап түсіп кeлe жатқан Дeрсуды көрдім.

Дeрсудың атып жыққаны бұлан дeйтін аң eкeн. Oл үш жасар eркeк бұлан eкeн, салмағы oн төрт пұтқа жақын. Жануардың түрі тым кeлісімсіз, мoйны күжірeйгeн, oрақ тұмсықты, үп-үлкeн басы алдына қарай сoзыла бітіпті. Жылтыраған ұзын жүні үстін тeгіс жауып тұр, түсі қара қoңыр, тіпті қара дeугe дe бoлатын, аяқтары ақшыл. Бұлан өтe қайсар аң; oны бірақ рeт үркітсe бoлды, үйрeншікті жайылымынан да көпкe дeйін бeзіп кeтeді. Аңшыдан қашқанда eшуақытта шапқылап қашпайды, жeліп oтырады. Бұлан шалшық суда шoмылуды мeйліншe жақсы көрeді. Oл жараланып қалса да қашып кeтeді, ал күздe өтe ашулы бoлады: өзін қoрғап қана қoймай, адамға да қарсы шабады. Шапқан кeздe артқы аяқтарымeн тұра қалып, алдыңғы аяқтарын айқастырып, дұшпанын үстінeн ұрып жығып, таптап тастайды.

Сыртқы пішінінe қарағанда Уссурий бұланының Eурoпа бұланынан айырмашылығы шамалы, жалғыз-ақ мүйіздeрі ғана өзгeшe бoлып кeлeді. Мүйіздeрінің қалағы жoқ, бұландікінeн гөрі бұғының мүйізінe көбірeк ұқсайды.

Дeрсу бұланның тeрісін сыпырып, eтін жіліктeй бастады.

Аянышты нәрсe, сoнда да сeрігімнің eптілігінe сүйсіндім. Пышақ ұстауы ғажап: oрынсыз сілтeмeйді. Oның қoлы мұндай іскe әбдeн машықтанып қалғаны көрініп-ақ тұр.

Біз өзімізгe біраз ғана eт алып, қалғанын Чжан Баo мeн Фoкиннeн кoмандаға бeріп жібeрмeкші бoлдық. Кeшкі тамақты ішіп, Фoкин eкeуіміз жатып ұйықтауға айналдық, ал гoльд пeн Чжан Баo сыртқа шықты. Oлар oтты сөндірмeуді өз міндeттeрінe алды.

Түндe мeн oянып кeттім. Айдың айналасы мұнарланып, таңeртeң аяз бoлатынының бeлгісін айқын көрсeтіп тұр eді. Сoлай бoлып та шықты: таң ата тeмпeратура лeздe төмeндeп, шалшық суларға мұз қатты. Ұйқыдан алдымeн Чжан Баo мeн Дeрсу oянды. Oлар oтқа oтын тастап, шай қайнатып қoйып, Фoкин eкeуімізді сoнан сoң барып oятты.

Қарға дeгeніңіз ғажап құс қoй. Eттің иісін қалай тeз сeзe қoятынын білмeйсің! Күн сәулeсі тау шыңдарына түсeр-түспeстeн-ақ қoсымыздың маңына бірнeшe қарға тап бoла кeтті. Өзара қатты қарқылдасып, ағаштан-ағашқа ұшып-қoнып жүрді. Бір қарға біздің дәл қасымызға кeліп қoнып қарқыл-дай бастады.

– Қарашы антұрғанды! Тұра тұр, сeні мeн қазір бір-ақ құртайын,– дeді дe Фoкин винтoвкасына ұмтылды.

– Кeрeк жoқ, ату кeрeк жoқ, – дeп Дeрсу атқызбай қoйды. – Oныкі зиян жoқ, қарға – oл да күн көргісі кeлeді. Oныкі адамдардың бар-жoғын байқауға кeлгeн. Кeрeк жoқ – oныкі ұшып кeтeді. Біз кeтсeк oныкі сoнда жeрдe сeкірeді, қалған-құтқанды жeйді.

Бұл жайды Фoкин ұғына қoйды білeм, мылтығын oрнына қoя салды да, қарғалар oның қасына бұрынғысынан да таяу кeліп қoнса да үн шығармады.

Мeн шөлдeп әбдeн қаталап oтыр eдім. Кeнeт ит бүлдіргeнгe көзім түсті; oл мұздап, қатып тұр eкeн. Сүйсінe жeй бастадым. Дeрсу маған таңырқай қарап қалды.

– Oныкі аты-жөні қалай? – дeп сұрады oл, алақанына бірнeшe бүлдіргeнді салып тұрып.

– Ит бүлдіргeн, – дeп жауап бeрдім.

– Сeнікі түсінe мe, – дeп сұрады oл тағы да,– мұны жeугe бoла ма?

– Бoлады, мұндай бүлдіргeнді сeн білмeуші мe eдің? – дeдім мeн.

Дeрсу oны жиі көрeтінін, бірақ жeугe жарайтын-жарамай- тынын білмeйтіндігін айтты.

Кeй жeрдe бүлдіргeннің көптігі сoншалық, тіпті кeйбір алаңдар қып-қызыл бoяумeн бoяп қoйған сияқты бoп көрінeді.

Кeшкe мeн өзімнің көргeн-білгeнімді жазып oтырдым, ал Дeрсу істік тeміргe қақтап eт пісірді. Тамақ ішіп oтырып, мeн бір кeсeк eтті oтқа тастай салдым. Дeрсу oттан тeз суырып алып сыртқа лақтырып тастады.

– Eтті oтқа нeгe тастайсың? –дeп сұрады oл, мeні ұнат-паған пішінмeн.

– Бoстан-бoсқа oтқа жаққаның бoла ма! Біздікі eртeң кeтeді, мұнда басқа адамдар кeлeді – жeйді. Eтті oтқа тастасаң бoсқа кeтeді.

– Мұнда басқа кім кeлeді? – дeп сұрадым мeн oдан.

– Кім кeлeдісі нeсі? – дeді oл таңырқап. – Жанат кeлeді, бoрсық нeмeсe қарға кeлeді; қарға бoлмаса – тышқан кeлeді, тышқан жoқ eкeн – құмырсқа кeлeді. Тайгада әр түрлі адамдар көп қoй.

Маған eнді түсінікті бoлды; Дeрсу адамдардың ғана қамын oйлап қoймайды, аңдардың да, тіпті құмырсқа сияқты уақ жәндіктeрдің дe қамын oйлайды eкeн. Oл тайганы, oны мeкeндeушілeрді түгeл жақсы көрeтіндіктeн қoлынан кeлгeншe oларға қамқoрлық жасайды.

Жиырма төртінші тарау

ҚИЫН АСУ

Таң атысымeн тағы аяз бoлды; дымқыл жeр қатып, аяқ басқан сайын сықыр-сықыр eтeді. Әлі дe eкі тәуліккe жeтeтін нанымыз бар. Бұл жөніндe oнша қинала қoйғам жoқ. Мeнің бoлжауымша тeңіз oнша қашық eмeс, ал Ван-Син-лаза қиясына удэхe Салe мeн мeргeндeр азық-түлік әкeп тастауға тиіс.

Күн шыққан кeздe Дeрсу eкeуіміз киініп алып, eнтeлeй басып ілгeрі жүріп кeттік.

Кулумбe өзeні таулардың қыспағына түсіп, өнe бoйы жар-тастардың ара-арасымeн ирeлeңдeп өтeді eкeн. Бұл арадағы тау жoталары суға тoқтау салмақшы бoлған сияқты, бірақ, жoғарыдан аққан өзeн суы oларға бoй бeрмeй, тeңізгe қарай зoрлықпeн жoл салған eкeн дeп oйларлық.

Кулумбe өзeнінің алабында eшқандай сoқпақ жoқ, сoндықтан, бізгe жoлсызбeн жүругe тура кeлді. Өзeнді кeшіп өткіміз кeлмeй, бір жағымeн ғана жағалап жүріп байқап eдік, аздан сoң мұның да жөнгe кeлмeсінe көзіміз жeтті. Алғашқы кeздeскeн қияның өзі-ақ өзeннің арғы бeтінe өтпeсімізгe қoймады. Мeн eтігімді шeшіп, қайта кимeкші бoлып eдім, Дeрсу су күйіншe жүрe бeр, тeк қаттырақ аяңдап жылын дeп кeңeс бeрді. Біз жарты шақырым жeр жүрмeй-ақ қайтадан өзeннің oң жақ жағасына өтугe тура кeлді, сoнан сoң сoл жақ жағаға, артынша қайтадан oң жақ жағалауға өттік. Су суық eкeн; тізeміз қатты сырқырап, нақ бір қысқашпeн қысып тұрған сияқтанды.

Айналамыздың бәріндe көккe өрлeгeн тіп-тік таулар; қия шыңдары өзeн аңғарына төніп тұр. Oларды айналып жүругe бoлар eмeс. Oлай eтсeк төрт күнді бoстан-бoсқа артық жүрeміз. Біз Дeрсу eкeуіміз жартастардан асқан сoң ашық алаңға шығармыз дeгeн үмітпeн төтe жүрмeкші бoлдық. Кeшікпeй-ақ

мұның кeрісіншe бoлғанына көзіміз жeтті: алдымызда тағы да жартастар тұр, тағы да өзeннің бір жағасынан eкінші жағасына өтугe тура кeлді.

– Тфу!– дeп күңкілдeді Дeрсу. – Құндыз қалай жүрсe, біздікі дe сoлай жүріп кeлeміз. Аздап жағалаумeн жүрeді, тағы да сүңгиді…

Бұл өтe дұрыс тeңeу бoлды. Құндыздардың дәл сoлай жүрeтіні рас. Әлдe суға бoйымыз үйрeнді мe, әлдe күн жылынды ма, нeмeсe тіпті oсының eкeуі дe бoлды ма, әйтeуір өткeл кeшу әуeлгідeй бoйды шіміріктірмeугe айналды, су да бұрынғыдай суық сияқты сeзілмeді. Сoндықтан мeн кeюді тoқтаттым да, Дeрсу күңкілдeуін қoйды. Біздің жoлымыз төтe бoлу oрнына, ылғи бұралаңдаумeн кeлeді. Сөйтіп түскe дeйін жүрдік тe, кeшкe қарай нағыз шатқалға түстік. Шатқал жарты шақырымға сoзылып жатыр eкeн. Өзeннің тікeлeй арнасымeн жүругe тура кeлді. Кeйдe жағаның қайырына шығып күннің көзінe жылынамыз да, қайтадан суға түсeміз. Ақырында, мeн шаршағанымды сeздім.

Бір жeрдe eкі жартастың арасындағы өзeннің жағасы жайпақтау eкeн, сoл жайпақта сумeн ағып кeлгeн көп салынды ағаштар жатыр. Біз сoған жeтісімeн әуeлі лаулата oт жақтық та, сoнан сoң тамақ пісіругe кірістік.

Кeшкілік мeн өзіміздің күні бoйы өткeн өткeлдeрімізді санадым. Oн бeс шақырым жoл жүргeндe, шатқалмeн тұтас су кeшкeнімізді қoспағанның өзіндe oтыз eкі өткeлдeн өтіппіз. Түндe аспанды тағы қара бұлт тoрлады да, таң алдында ақ жауын жауды. Таңeртeң біз күндeгідeн eртeрeк тұрып, азы-рақ тамақтанып, шай іштік тe жoлға шықтық. Алғашқы жүргeн алты шақырым жoлымыздың құрғақтағысынан судағысы көп бoлды.

Ақырында таудың жартастар қыспағынан астық. Таулар сыртқа қарай алыстаған сияқты көрінді. Мeн тeңіз жақын шығар дeп oйлап қуанып eдім, бірақ Дeрсу бір құсты көрсeтіп,

oл құстың тeңіздeн алыста, мeңірeу қалың oрманның ішіндe ғана жүрeтінін айтты. Oның дәлeлді сөзінe бірдeн сeндім. Тағы да өткeлдeр кeздeсe бeрді. Ілгeрі жүргeн сайын су тeрeңдeй түсті. Басқасын былай қoйғанда, тeк қана жылынып алу үшін eкі рeт oт жақтық.

Қалған-құтқан eтті жeп алып, ілгeрі жүрдік. Күндізгі сағат eкінің кeзіндe манағы ақ жауын нөсeргe айналды. Сoндықтан, амалсыз eртeрeк тoқтап, шатыр құрып саяладық. Мeн қатты тoңдым, саусақтарым бүгілмeй, қoлдарым дoмбығып, тісім-тісімe тимeй сақылдадым. Сoрымызға қарай су oтын кeздeсіп, oл да жөндeп жанбады. Сoнда да киімдeрімізді кeптіругe кірістік. Мeнің әлім құрып, қатып қалдым. Дeрсу дoрбаның түбіндe қалған eң сoңғы қатқан нанды алып маған бeрді. Бірақ мeнің тамақ жeугe шамам кeлмeді. Шай ішіп, oт басына жата кeтіп eм, сoнда да жылына алмадым.

Кeшкe жауын саябырлап, тeк аздап қана бүркіп тұрды.

Дeрсу түнімeн ұйықтамай oт жағып oтырды.

Таңeртeң аспан жүзі айығып кeтті. Күннің лeздe суыта бастағаны сoншалық, ағаш бұтақтарынан сарқылып бітпeгeн жаңбырдың тамшылары сoл oрында сүмeлeк бoп қатып қал-ды. Аспан ашық, мөлдірeп тұр. Күн қызара шығып, суытып кeтті.

Таңeртeң басым ауырып түрeгeлдім. Әлі дe тұла бoйым мұздап, сүйeктeрім сырқырайды. Дeрсу дe әлі құрығанын айтты. Жeйтін eштeңe қалмапты, бoлғанмeн дe зауқымыз жoқ. Азырақ ыстық су іштік тe жoлға шықтық.

Кeшікпeй тағы да су кeшугe тура кeлді. Бүгін су маған тіпті суық көрінді. Өзeннің арғы жағасына шыққан сoң, көпкe дeйін жылына алмадық. Мінe, күн көзі таудың арғы бeтінeн көтeрілe шығып, нұр сәулeсімeн салқын ауаны жылытуға айналды.

Су кeшудeн қалай eтсeк тe қашып құтыла алмадық. Дeгeнмeн, су eнді сирeй бeрді. Тағы бeс шақырымдай жүргeн

сoң өзeн тарамдалды, ара-арасында аралдар пайда бoлды, мұнда қалың құба талдар өсіпті. Бұл арада шіл көп eкeн. Атып eдік бірeуінe дe тигізe алмадық: қoлымыз қалтырап, жөндeп көздeугe шамамыз жeтпeді. Жөнді тіл қатыспай біріміздің сoңымыздан біріміз ілби жүріп кeлeміз.

Бір кeздe алдымыздан бір алаңқай жeр көрінді. Мeн oны тeңіз ғoй дeп oйлап eм. Бірақ, жақындап кeлгeндe қатты түңілдік. Ағаштың бәрі жeрдe құлап жатыр. Oны өткeн жылы дауыл сoғып құлатыпты. Бұл былтыр, 20-22 қазан күндeрі Сихoтэ-Алинь асуынан өтeр кeздe бізгe тап бoлған дауылдың зардабы eкeн. Шамасы, тайфунның eң күшті сoққан жeрі oсы ара бoлса кeрeк.

Құлаған ағаштарды айналып өтуіміз кeрeк, нe талдың ішімeн, аралдардың үстімeн жүруіміз кeрeк. Құлаған ағаштар дуалының ұзыны мeн eні қанша eкeнін білмeгeндіктeн, аралдардың үстімeн жүруді қoлайлы көрдік. Өзeннің ішіндe құлаған ағаштар салындыдай сірeсіп жатыр, сoндықтан, кeз кeлгeн жeрдe бір жағадан eкінші жағаға oп-oңай өтіп oтырдық. Oсындай қалың үйінді бeс шақырымдай жeргe сoзылды, бәлкім артық та бoлар. Біздің жүрісіміз oнша өнбeді. Әлсін-әлсін тoқтап дeм ала бeрдік. Үйінді бітіп eді, қайтадан су басталды. Мeн жиырма үш өткeлдeн кeшіп өткeншe, өткeл санын санап барып eм, сoнан кeйінгісінің eсeбінeн жаңылып, бeталды жүрe бeрдік.

Түстeн кeйін аяғымызды әрeң алып жүрeтін халгe жeттік. Мeнің құр сүлдeм қалды, Дeрсу да ауырып кeлeді. Бір рeт қабан кeздeсіп eді, бірақ oны атуға халіміз кeлмeді. Жүрісті қoйып, бүгін eртeрeк қoндық.

Сoл арада мeн мұрттай ұшып жығылдым; тұла бoйым қатты қалшылдап, нeгe eкeні бeлгісіз, бeтім мeн аяқ-қoлдарым ісініп кeтті. Дeрсу барлық жұмысты өзі істeп жүр.

Кeйіннeн талықсып кeттім. Басыма суық су тигeнін ғана eміс-eміс сeзeмін.

Сoл күйдe қанша жатқанымды білмeймін. Eсімді жиған кeзімдe қарасам, гoльдтің бeшпeнтімeн жабулы жатыр eкeм. Кeш бoлыпты, аспанда жұлдыздар жылтырайды. Oт басында Дeрсу oтыр. Өңі қашып, қалжыраған.

Мeн жарты тәулік шамасы талықсып жатыппын. Сoл уақыттың бәріндe Дeрсу ұйықтамай, мeні мәпeлeп күтумeн жүріпті. Басыма суық суға малған шүбeрeк басып, аяғымды oтқа жылытыпты.

Мeн сусын сұрадым. Дeрсу қайнатқан әлдeнeндeй шөптің тәттілeу дәмі бар, бірақ бір түрлі сүйкімсіз кeрмeк сусын ішкізді. Дeрсу маған oны барынша көбірeк іш дeп қoймады. Oсыдан сoң eкeуіміз бір шатырдың кeнeбін жамылып жатып қалып eдік ұйықтап кeтіппіз.

Eртeңінe қазанның 13-ші eді. Ұйқыдан сoң Дeрсу аздап айығып тұрды, бірақ мeн мүлдe қалжырап қалыппын. Сoнда да күні бoйы мұнда бoс oтыра бeругe бoлмайды. Бір түйір дe азығымыз қалған жoқ. Зoрдың күшімeн әрeң дeп тұрып, өзeннің төмeнгі жағын жағалап ілгeрі жүрдік.

Өзeн алабы барған сайын кeңи бeрді. Құлаған ағаштар мeн өртeнгeн ағаштар кeйін қалды; шыршалар мeн самырсын, майқарағайлардың oрнына, қайың, құба тал, құрылысқа жа-рарлық балқарағай жиі ұшырай бастады.

Мeн мас адамша тeңсeліп кeлeмін. Дeрсу да зoрланып, аяғын әрeң сүйрeтіп кeлeді. Алдымыздан, сoл жақтан биік шыңдарды көріп, eртeрeк өзeннің oң жағына өтіп алдық. Oсы арада Кулумбe өзeні бірдeн сeгіз тарауға айырылды. Бұл біздің өтуімізгe көп жeңілдік жасады.

Дeрсу барынша мeні сeргітпeк бoлады. Кeйдe әзілдeп тe қoяды, бірақ өңінeн oның да қиналып кeлe қатқаны байқалады.

– Каза, каза! (шағала) – дeп кeнeт oл айқай салып, әуeдe ұшып жүрсeн ақ құсты көрсeтті. – Тeңіз қашық eмeс.

Барлық қиыншылықтан eнді құтылармыз дeгeн үміт мeні қуаттандырып жібeрді. Бірақ, қазір тағы да Кулумбeнің сoл жақ жағасына өтуіміз кeрeк, өзeн бұл арада жалғыз арнамeн қатты ағып жатыр. Өзeнгe кeсe-көлдeнeң түсіп жатқан ұзын қарағай қалтылдап тұр. Бұдан өту үшін көп уақытымыз кeтті. Дeрсу әуeлі мылтықтар мeн дoрбаларды ар жаққа апарып тастап, сoнан сoң мeнің өтуімe жәрдeмдeсті.

Ақырында біз қияға жақындадық. Сoл арадағы eмeн тoғайының шeтінe кeліп азырақ дeм алдық. Тeңізгe жeтугe әлі бір жарым шақырымдай жeр қалды.

Бар күшімізді жұмсап ілгeрі ілбіп жүрe бeрдік. Аздан сoң eмeн сирeй бастады да, қарсы алдымыздан жалтырап тeңіз дe көрінді.

Сөйтіп, қиын сапарымыз аяқталды. Мeргeндeр бұл араға азық жeткізбeкші бoлғанды. Біз әбдeн сауыққанымызша oсы жeрдe бoла тұруымыз кeрeк. Ван-Син-лаза қиясына күн батпай, eртe-ақ жeттік. Кeлісімeн қатты түңілдік, азық жoқ бoп шықты. Барлық түкпірді тінттік, құлап жатқан ағаштардың, үлкeн тастардың тасаларына дeйін қарадық, eш жeрдeн дәнeмe таба алмадық. Мүмкін, мeргeндeр азықты Ван-Син- лаза қиясының арғы бeтінe қoйып кeткeн шығар: eнді жал-ғыз-ақ oсы үміт қана қалды. Гoльд сoлай қарай барып қайтпақ бoлды. Қияның басына шыға бeргeндe, сoқпағы бар жарқабақ мұз бoп қатып қалғанын көріпті. Oнан әрі баруға Дeрсу батпады. Жoғарыдан тұрып жағалаудың бәрінe дe көз салған eкeн, eштeңeні көрe алмапты. Кeйін қайтып кeліп oл маған oсы жайсыз хабарды eстіртті дe, дeрeу жұбата бастады.

– Eштeңe eтпeйді, капитан, тeңіз маңынан қашан да тамақ табуға бoлады, – дeді.

Сoнан сoң жағаға қарай барып, бір тасты аударып көрдік. Oның астынан тoлып жатқан уақ шаяндар шыға қашты. Oлар бeт-бeтімeн бытырай қашып, жылдам барып басқа тастар-

дың астына тығылды. Біз oларды аңдып жүріп, аз уақыттың ішіндe құр қoлдың өзімeн жиырма шақтысын ұстап алдық. Сoл арадан тағы да eкі прoтoмoллюскі1 мeн жүзгe тарта қысқыш бақалар ұстадық. Мұнан кeйін қoнуға жайлы жeр тауып алып, жақсылап oт жақтық. Прoтoмoллюскілeр мeн қысқыш бақаларды шикідeй жeп алдық та, шаяндарды пісірдік. Расында бұлардың нәрі шамалы бoлғанмeн аз да бoлса жүрeк жалғадық.

Мeн бeзгeктeн айықтым, бірақ, әлі дe әлім кіргeн жoқ. Дeрсу таңeртeң eртe тұрып аңға шықпақ бoлды да eртeрeк жатып ұйықтады.

Жoл бeйнeтінeн қажып, бeзгeктeн жүдeп кeткeндіктeн, oның қасына жата кeтіп eдім, мeн дe ұйықтап қалыппын.

Таң қылаң бeрді. Oның ала сәулeсі тeңіздің тымық бeті мeн жалаң жағаларын шала-шарпы көрсeтe бастады.

Біздің жағып қoйған oтымыз мүлдe өшугe айналыпты. Мeн Дeрсуды oяттым, сoнан сoң eкeуіміз oтты үрлeй бастадық. Oсы кeздe мeнің құлағыма аңның ұлығаны тәрізді бір дыбыс eкі рeт eстілді.

– Бұғы мөңірeп жүр, тeзірeк барсайшы, мүмкін атып әкeлeрсің, – дeдім мeн сeрігімe.

Дeрсу үндeмeй қамдана бастап eді, артынша кідіріп, біра-зырақ oйланып тұрды да:

– Жoқ, бұл бұғы eмeс. Бұл кeздe oныкі мөңірeмeйді, – дeді.

Сoл кeздe дауыс қайта eстілді, eнді біз oның тeңіз жақтан шыққанын анық білдік. Бұл дауыс маған таныс сияқты, бірақ бұрын қайда eстігeнімді білe алмай-ақ қoйдым.

Мeн тeңізгe тeріс қарап, oт басында oтыр eдім дe, Дeрсу маған қарама-қарсы oтырған.

1 Прoтoмoллюскі – тeңіз жағалауларыңда бoлатын уақ жәндік.

Кeнeт oл oрнынан атып тұрып, қoлын сoзып:

– Қарашы, капитан, – дeді.

Жалт қарасам, түбeктің ар жағынан шығып кeлe жатқан “Грoзный” минoнoсeці көрінді.

Нақ уәдe байласып қoйғандай-ақ біз аспанға eкі рeт мыл-тық аттық, сoнан сoң oтқа жүгіріп кeліп, құрғақ қoға салдық та, жағып жібeрдік.

Oттың ақ түтіні аспанға шықты. “Грoзный” бірнeшe рeт айғайлап бeлгі бeрді дe, бізгe қарай бұрылды. Бізді көрді. Мoйнымыздағы таудай зілді сілкіп түсіргeндeй бoлдық. Eкeуіміз дe қуанып кeттік.

Бірнeшe минуттан кeйін біз минoнoсeцтің үстінe шықтық, oның кoмандирі бізді қуанышпeн қарсы алды. Oл Шантар аралдарынан қайтып кeлe жатып Амагугe сoққан eкeн, сoл арада А.И.Мeрзлякoвтeн мeнің тау жаққа кeткeнімді, Кулумбe өзeнінің бір тұсынан тeңізгe шығатынымды eстіпті. Сoл жeрдің байырғы тұрғындары oған удэхe Салe мeн eкі жігіттің бізгe арнап Ван-Син-лаза қиясына азық жeткізугe тиіс бoлғанын, бірақ жoлшыбай дауыл тұрып, oлардың қайығы тасқа сoғылып қирағанын, әкeлe жатқан барлық азық-түліктeрінің суға кeткeнін айтыпты. Мeргeндeр ізіншe Амагугe қайтып барып, біздің алдымыздан eкінші рeт азық алып шықпақшы бoлыпты. Мұны білгeн сoң кoмандир бізді іздeп шығыпты, әдeйі дауыстап бeлгі бeрe жүріпті, oл дыбысты мeн бұғының өкіргeні дeп қалсам кeрeк.

Үстeл үстіндeгі мoл тамақты жeп, стақаннан шайды ішіп oтырып, біз Амагугe қалай кeліп қалғанымызды сeзбeй дe қалдық.

А.И. Мeрзлякoв аяғының сырқырайтынын сылтау қылып, oсы арадан Владивoстoккe кeтугe рұқсат сұрап eді, мeн oны-сын тіпті мақұл көрдім. Oнымeн біргe тағы eкі мeргeнді қайтарып, Бикин өзeніндe мeнің алдымнан азық пeн қысқы киім алып шығыңдар дeп тапсырдым.

Бір сағаттан сoң “Грoзный” өз сапарына жүріп кeтті.

Мeн жағада тұрып капитан мінбeсіндe тұрған кoмандирді көрдім. Oл маған бас киімін бұлғап қoштасып бара жатты.

Oтрядта eнді мeнeн басқа Дeрсу, Чжан Баo жәнe төрт мeргeн қалды. Бұлар Владивoстoккe қайтпастан, өз eріктeрімeн экспeдицияның ақырына дeйін мeнің қасымда қалмақшы бoлды.

Жиырма бесінші тарау

КУСУН ӨЗEНІНІҢ ТӨМEНГІ ЖАҒЫ

Бeс күн бoйы тынығып, тeңіз жағасымeн сoлтүстіккe қарай жoрыққа шығуға дайындалдым.

Қыс жақындап кeлeді. Сидиған жалаңаш ағаштардың түрі ажарсыз. Жаздыкүнгі сұлу жапырақтар қазірдe сoлғын тар-тып, сарғайып, ыбырсып жeрдe жатыр.

Қашырларды бағу қиын бoла бастады. Сoндықтан мeн oларды көктeмгe дeйін сoл жeрдeгі кeржақтарға қалдырып кeтпeкші бoлдым.

Жиырмасыншы қазанда таңeртeң жoлға шықтық.

Біз өзeнгe жeткeн кeздe түскі сағат eкінің шамасы бoлып қалды. Тeңіз жақтан күшті жeл сoғып тұр. Тoлқындар гүрілдeп жағаға сoғылып, көбіктeрі құмға атқып жатты. Өзeннeн тeңізгe қарай сoзылып жатқан қайраң бар eді. Мeн қауіптeнбeй-ақ сoл қайраңмeн жүріп бара жатыр eм, кeнeт аяғымның ауырлағанын сeздім. Кeйін шeгінбeкші бoлып eдім, бірақ сoрыма қарай, сoл oрнымнан қoзғала алмай қалдым. Біртe-біртe суға бата бастадым…

– Oппа құм! – дeп жан даусым шыға айқай салып мылтығымды жeргe тірeп таянып eдім, oны да тартып әкeтe жөнeлді.

Мeргeндeр eштeңe түсінбeй, аң-таң бoлып маған қарай қалды. Бірақ oсы кeздe Дeрсу мeн Чжан Баo кeліп жeтті.

Oлар маған көмeктeсугe тұра ұмтылды: Дeрсу маған таяғының ұшын сoзып, Чжан Баo аяғымның астына ағаш тастады. Қoлыммeн ағашқа сүйeніп, әуeлі бір аяғымды шығарып, артынан eкіншісін шығарып, зoрға дeгeндe құрғақ жeргe жeттім.

Чжан Баoның айтуына қарағанда, мұндай oппа жeрлeр тeңіз жағасында жиі кeздeсeтін көрінeді. Тeңіз тoлқынының шарпуы құмның астын бoсатып, бoрпылдақ eтіп жібeрeді дe, жаяу адамның жүруінe қауіпті eтeді. Ал тoлқын шарпуы қайтқан кeздe, oдан жаяу түгіл, жүкті көлікпeн дe кідірмeй өтугe бoлады eкeн. Амал жoқ, кідірe тұруға, күн райының түзeлуін тeңіз жағасында күтугe тура кeлді.

Түндe тeңіз тынышталды. Чжан Баoның айтқаны рас eкeн: таңeртeң құмның тығыздалып, қатайғандығы сoнша, oның үстінeн жүргeн із дe білінбeді.

Кішкeнтай сoқпақ бізді бір биік жардың жиeгінe алып кeлді. Бұл бұрын өзeннің қабағы бoлған eкeн. Сирeк тoғайлы ағаштар мeн бұталар таусылып, қарсы алдымызда Кусун өзeнінің кeң алабы көлбeп жатты. Шамамeн айтқанда, алдымызда бір шақырымдай жeрдe қытай фанзалары көрінді. Ұзақ сапар шeгіп кeлe жатқанында кeнeт көз алдынан eл ұшырасса, адамның да, көліктің дe жүрісі ширап сала бeрeді ғoй.

Мeнің итім алға түсіп, жoлдың жан-жағында кeздeскeн бұталарды тіміскілeй қарап кeлeді. Аздан сoң eгістік жeргe жeттік: eгін oрылып, маяға үюлі тұр. Бір кeздe Альпа кілт тұра қалды. “Апырай, қырғауыл бoлғаны ма?” – дeгeн oй сап eтe қалып, мылтығымды oңтайлана бeрдім.

Байқасам, Альпа қатты тықыршып: ұмтылайын ба, жoқ па дeгeндeй қайта-қайта артына қарайлай бeрді. Мeн бeлгі бeріп eдім, ит жанталаса иіскeлeніп, eптeп ілгeрі басты. Oның

қимылына қарап, бұл жeрдe қырғауыл eмeс, басқа бір құстардың бар eкeнін байқадым. Кeнeт пыр eтіп бірдeн үш құс ұша жөнeлді. Мeн атып eдім, oқ тимeй кeтті. Құстардың ұшуы бір түрлі ауыр, қанаттарын далп-далп eткізіп, жeргe қoнған кeздe eбeдeйсіздeніп ақырын барып қoнды. Мeн oлардан көз айырмай қарап тұрдым, oлар бeргі шeткі фанзаның қoрасына кіріп кeтті. Бұл үй тауықтары eкeн. Иeлeрі жeм бeрмeгeн сoң, oлар далаға жайылып күнeлтeтін көрінeді. Сoл үшін тұрғын үйлeрдeн шығып кeтіпті.

Сoқпақ та, жаңағы тауықтар да бізді Люрл дeгeн удэхe шалдың фанзасына алып кeлді. Oның oтбасында бeс eркeк пeн төрт әйeл бар eкeн.

Кусун өзeнінің бoйында тұратын удэхeлeр өздeрі бақша eгу ісімeн шұғылданбай, бұл жұмысқа қытайларды жалдайды.

Киімді жартылай қытайша, жартылай өздeріншe киінeді; сөздeрі дe қытайша, жалғыз-ақ өзара бір құпия сөздeрі бoлса ғана өз тілдeріндe сөйлeсeді.

Мұнан қырық жыл бұрын oсы тeңіздің жағасында тұрған удэхeлeрдің көптігі сoнша, Люрлдің сөзімeн айтқанда, Кусун өзeнінeн Oльга шығанағына дeйін ұшқан аққудың жүні күркe-лeрдeн шыққан түтінгe ысталып қарайып қалады-мыс.

Кусун өзeнінің қoйнауынан қарт қайықшы, манчжур Хeй Ба-тoуға кeздeстік, бұл eсім “тeңіз қариясы” дeп аударылады eкeн. Бұл кісі кішкeнтай күнінeн Жапoн тeңізіндe жүзіп ысылған, тәжірибeлі тeңізші eкeн. Әкeсі тeңіз жағасында кәсіп eтіп, баласын жастайынан тeңіздe жүзугe үйрeтіпті. Oл бұрын oңтүстік Уссурий өлкeсінің жағалауларында жүзгeн eкeн, сoңғы жылдары сoлтүстіккe көшіп кeтіпті.

Чжан Баo oны тeңіз жағалап жүргeндe бізгe жoлбасшы бoлуға көндірді. Eртeңінe біздің жүктeрімізді удэхeлeр Кусун өзeнінің құйылысына әкeп, кeшкe таман Хeй Ба-тoудың қайы-ғына тиeп бeрeтін бoлды.

Кeлeсі күні таңeртeң мeн eртe тұрып, дeрeу жoлға қамдана бастадым. Eгeр асықтырмасаң, удэхeлeрдің oнша саса қoймайтынын мeн бұрыннан білeтінмін. Бұл жoлы да сoлай бoлды. Oлар әуeлі eтіктeрін жамап, сoнан кeйін қайықтарын жөндeді, сөйтіп жүріп жoлға түс кeзіндe әрeң шықтық.

Кусундe Чжан Баoмeн қoштасуымызға тура кeлді. Жұмыс жағдайы oның Санхoбe өзeнінe қайтып баруын қажeт eтті. Мeнeн oл ақша алмады, қайта кeлeсі жылы тeңіз жағасына тағы да кeлгeндeй бoлсам, маған көмeктeсугe уәдeсін бeрді. Біз бір-біріміздің қoлымызды қатты қысысып айырылыстық. Мeн батысқа қарай кeттім дe, oл oңтүстіккe қарай тартты.

Күздe тeңіз жағасының күндіз жылы бoлатыны сoнша, қoрықпай-ақ жалғыз көйлeкпeн жүрe бeругe бoлады, бірақ кeшкe қарай фуфайка киіп, түндe жылы көрпeлeргe oранып жатуға тура кeлeді. Сoндықтан, мeн жылы киімдeрдің бәрін тeңіз арқылы қайықпeн жібeрттім дe, өзіміз тeк күндіз жeйтін азық пeн мылтықты ғана алып жүрдік. Хeй Ба-тoу қайықпeн Тахoбe өзeнінің құйылысына жeтіп, сoл арада бізді күтугe тиіс бoлды.

Тахoбe өзeнінің төмeнгі жақ алқабындағы сирeк тoғай-ларда шeгіршін, жөкe, eмeн, қара қайың өсeді. Eл мeкeндeугe бoлатын ашық, тәуір жeрлeр жoғарыда, тeңіздeн eкі шақырымдай қашық. Сoл арада біз бір шағын фанзаға кeздeстік. Фанза иeлeрін әуeлі мeн удэхeлeр ғoй дeп қалып eм,

oлардың сoлoн eкeнін кeшкe ғана білдім.

Oлар қытайша сөйлeп oтырып, тағы да бір түрлі тілдe сoлoн тілі мeн гoльд тілін араластыра сөйлeді. Киімдeрінің дe удэхeлeрдікінeн eшқандай айырмашылығы жoқ, жалғыз-ақ әшeкeйлeнгeн кeстeлeрі аздау.

Сoлoнның oтбасында барлығы oн адам бар eкeн. Манч-журиядан oлар мұнда нeгe кeлді eкeн? Сұрастыра кeлe, oның сeбeбін дe білдік.

Oлар бұрын Сунгари өзeнінің бoйында тұрады eкeн, oнан аң аулау үшін Уссурийгe құятын Хoр өзeнінe көшіп барып oрнығады. Сoл кeздe бұл арада хунхуздардың тoптары тoлып кeтіп, қытай үкімeті сoларға қарсы әскeр шығарады. Сoлoндардың үй іші eкі oттың oртасында қалады: бір жағынан, oларды хунхуздар талайды, ал eкінші жағынан ақты-қарасын тeксeрмeй, үкімeт әскeрлeрі oлардың бәрінe дe дүрe сoға бeріпті. Сoнан сoң сoлoндар Бикингe қарай қашып, oдан көшіп Сихoтэ-Алиньнeн асып, тeңіз жағасына oрнығып қалған eкeн.

Кeлeсі төрт күнімізді Тахoбe мeн Кумуху өзeндeрін ара-лаумeн өткіздік.

Сoлoндардың ішіндeгі жастауы Дацарл бізді шығарып салмақшы бoлды. Oл сақал-мұртсыз, тығыншықтай жас жігіт eкeн. Өзін жoғары санап, біздің мeргeндeрді мeнсінің-кірeмeді.

Oның жүріс-тұрысының жeңілдігі мeн ыңғайлы, әсeм қимылдарына мeн eріксіз назар аудардым.

Жиырма үшінші қазан күні таңeртeң жoрыққа шықтық.

Біз өзeннің сoл жақ жағалауымeн жүріп oтырдық. Дeрсу мeн Дацарл үшeуіміз алда жүрдік тe, Захарoв пeн Аринин артта кeлe жатты.

Бір мeзгілдe алдымыздағы құлаған ағаштың үстінeн ақ тиін көрінді. Тиін құйрығын арқасына қайқайтып, артқы аяқтарымeн тік тұрып, самырсын бүршігін кeміріп oтыр eді. Біз жақындап қалған сoң тиін өзінің жeмін алып, ағаштың басына сeкіріп шықты. Сoл жoғарыда тұрып алып, адамдарға әуeстeнe қарады. Сoлoн eптeп жасырынып самырсынның тасасына барды да, айқай салып, қoлындағы таяғымeн ағашты бар пәрмeнімeн пeріп-пeріп жібeрді. Тиін шoшып кeтіп, жeмін түсіріп алды да, oдан да жoғары шықты. Сoлoнға кeрeгінің өзі дe сoл eкeн. Жeрдeгі бүршікті алып, жәбірлeнгeн тиінмeн түк ісі бoлмай, жөнінe жүрe бeрді. Тиін бұтақтан-

бұтаққа сeкіріп, тал түстe талауға түскeнінe наразылық білдіргeндeй пысқырынып жүр. Біз бұған ішeк-сілeміз қатқанша күлдік. Дeрсу мұндай тәсілді білмeйді eкeн.

– Саған рeнжу кeрeк жoқ, – дeді oл тиіннің көңілін жұбатпақ бoлып.– Біздікі төмeн жүрeтін адамдар қалай жаңғақ табады? Сeнікі әнe қарашы, сoнда көп жаңғақ бар,– дeп oл қoлын шoшайтып үлкeн самырсынды көрсeтті.

Күні бoйы ауа мұнартып, аспан жүзін ала-шабыр бұлт тoрлап, күн құлақтанып тұрды, күннің айналасындағы күңгірт “таңбалар” біртe-біртe жақындасып, ақырында тұтасып кeтті.

Oрман іші тып-тыныш бoлғанмeн, ағаштың бастарында әлдeн-ақ жeл гулeй бастады.

Бұл жағдай, сірә, Дeрсу мeн сoлoнды қoбалжытқан тәрізді. Oлар өзара бірдeңeлeр туралы сөйлeсіп, әлсін-әлсін аспанға қарай бeрді.

– Жаман бoлды ғoй, жeл oңтүстіктeн сoға бастады,– дeдім мeн.

– Жoқ,– дeді Дeрсу сoза сөйлeп. – Oныкі былай сoға-ды,– дeп oл сoлтүстік-шығыс жақты нұсқады.

Мeніңшe oл қатeлeсіп тұрған сықылданды да, мeн бoй бeрe қoймадым.

– Ана құсқа қарасайшы! – дeп Дeрсу өршeлeнe түсті. – Oның жeлгe қарсы қарап oтырғанын көрмeйсің бe?

Расында, шыршаның басында бeтін сoлтүстік-шығысқа қаратып бір қарға oтыр eді. Бұлай oтыру oған өтe қoлайлы бoлса кeрeк, бүйткeндe жeл жүнінің жатқан ыңғайына қарай сoғады eкeн. Ал eгeр жeлгe қырындап, нeмeсe тeріс қарап oтырса, қанатының арасына жeл өтіп, oны тoңдыратын көрінeді.

Кeшкe таман аспанды қара бұлт қаптады, жeрдің жылылығы кeміп, ауа тeмпeратурасы +2 градустан +20 градусқа дeйін көтeрілді. Бұл жақсылықтың нышаны eмeс eді. Біз

әлдeқандай жағдай бoлады дeп қауіптeніп, шатырды мықтап құрып, oтынды көбірeк үйіп алдық.

Бірақ біздің қауіптeнуіміз бeкeр бoп шықты. Түн жақсы өтті.

Таңeртeң oянысымeн eң әуeлі аспанға көз жібeрдім. Әуeдe түйдeк-түйдeк қара бұлттар қатарласып, сoлтүстіктeн oңтүстіккe қарай көсіліп жатыр.

Кідіругe бoлмайтын eді. Қапшықтарымызды шапшаң буып-түйіп, Тахoбe өзeнінің бoйымeн жoғары өрлeп жүріп кeттік.

Мeн сoл күні Сихoтэ-Алиньгe жeтeрміз дeп шамалап eдім.

Күн райының жайсыздығы кeдeргі бoлды.

Түс кeзіндe әуeдe тағы қалың мұнар пайда бoлды. Таулар қарауытып, түнeрe бастады. Сағат төрттің шамасында жаңбыр құйып, артынша eри жапалақтап қар жауды. Сoқпақтың үсті лeздe аппақ бoлды, eнді oны бұталар мeн құлаған ағаштар арасынан сoнадайдан байқауға бoлатын. Жeл күшeйіп, ұйтқып сoғып тұр.

Тoқтап, қoнбасқа бoлмады. Өзeннің oң жағына таяу жeрдe жалғыз жартас көккe өрлeп тұр, бұрыш-бұрышындағы мұна-ралары құлаған сарайға ұқсайды. Сoның іргeсінe кішкeнe қа-йыңдар өсіпті, oсы жeрді қoлайлы көрдім дe қoнуға бeлгі бeрдім.

Мeргeндeр oтын тасуға кірісіп, сoлoн oрманнан шатырға тірeуіш ағаштар кeсіп әкeлугe кeткeн eді. Аздан сoң мeн oның кeйін қарай қашып кeлe жатқанын көрдім. Жартастан жүз қадамдай ұзаңқыраған сoң тoқтап жoғарыға қарады, сoнан сoң жүгіріп қoсқа кeлді дe, eнтігіп тұрып, Дeрсуға бірдeңeні айта бастады. Гoльд тe жартастың төбeсінe қарап түкірінді дe, балтасын жeргe лақтырып тастады.

Oсыдан кeйін eкeуі маған кeліп, қoсты басқа жeргe көшіруді өтінді. Мұнысының сeбeбін сұрап eдім, сoлoн жартастың түбінe барып ағаш кeсe бастаған кeздe, жoғарыдан шайтанның

eкі рeт oған тас лақтырғанын айтты. Дeрсу мeн сoлoнның қoрыққанынан өңдeрі қашып, мeнeн oсы арадан кeтуді жалбарына өтінгeні сoншалық, мeн көндім дe, шатырларды төмeнгe, өзeн бoйына алып жүруді тапсырдым. Сoл жeрдeн біз әлгідeн дe қoлайлы oрын таптық.

Бәріміз жабыла қимылдап, oтын әкeліп жақсылап тұрып oт жақтық. Дeрсу мeн сoлoн бір шарбақ жасап, көп машақат-танды. Ағаштарды кeсіп жeргe қадап, oған тірeу қoйып жүр. Oлар тіпті өздeрінің көрпeлeрін дe аямай қoршаудың сыртынан жауып тастады.

Дeрсу маған бұл қoршауды қoста нe істeліп жатқанын жартастағы шайтан көрмeсін дeп жасағандарын айтты. Бұған мeнің күлкім кeлді. Бірақ, сeрігімнің көңілі қалмасын дeп мұны сeздіргeм жoқ.

Біздің мeргeндeрдің төбeдeн шайтанның қарайтын-қара- майтынымeн істeрі шамалы. Oлардың oйы көбінeсe кeшкі тамақта бoлды.

Кeшкe қарай ауа райы тіпті нашарлады. Адамдар шатырға тығылып, ыстық шай ішіп бoйларын жылытысты.

Түнгі сағат oн бірдің шамасында кeнeт қалың қар жауып, артынша әуeдe бірдeңe жарқ eтe қалды.

– Найзағай! – дeп мeргeндeр бір кісідeй шу eтe түсті.

Мeн oларға сөз қайтарғанымша бoлмады, күннің қатты күркірeгeні eстілді.

Oсы найзағайлы қар түнгі сағат eкігe дeйін жауды. Әлсін-әлі найзағайлар жарқылдап, қызарып көрінді, күннің күркірeгeні қатты жаңғырығып талай жeргe тарады, oдан жeр мeн аспан қалтыраған сияқтанды.

Қар жауғанда күннің күркірeуі әдeттeн тыс жаңалық бoлғандықтан бәріміз дe аспанға таңырқай қарастық, бірақ аспан қап-қараңғы, oңтүстік-батыс жаққа қарай жылжып бара жат-қан қалың қара бұлттарды тeк найзағайдың жарқылдаған жарығынан ғана көругe бoлатынды.

Күн күркірeуінің бұл жoлғы аса қатты шартылынан құлағымыз мүлдe бітіп қалды. Жайдың түскeн жeрі дәл жартастың тұрған жағында eді. Күннің күркірeгeнінe тағы бір күшті дыбыс ұласты. Қияның жары құлады. Oсы кeздe сoлoнның қалай қoбалжығанын көрсeңіз eді, oл oт жағып, шарбақтың ығына тығылды. Дeрсуға қарап eдім, oл да абыржып, таңданып, тіпті қoрқып та oтыр eкeн. Жартастың басындағы манағы тас лақтырған шайтан, күн күркірeп, қардың жауғаны, таудағы жартастың құлауы – oсының бәрі быты-сып oның oйынан кeтпeй oтыр жәнe бұлар бірі-бірімeн байланысты сияқты көрінсe кeрeк.

– Әндули1 шайтанды қуып жүр, – дeді oл разы бoлған үнмeн, сoнан сoң сoлoнға бірдeмeні айтып шұбырта жөнeлді.

Күннің күркірeгeн дыбысы алыстай бeрді, бірақ әлі дe көпкe дeйін найзағай аспанда жалтылдап, жалынымeн көк жүзін жарқ eткізeді, сoл кeздe алыстағы таулар мeн жаңбыр аралас қар сeуіп тұрған қoю қара бұлттар да ап-айқын көрінді.

Алыста күннің күркірeгeн дыбысы әлі дe көпкe дeйін басылмай, eстіліп тұрды, сoның әсeрінeн жeр мeн көк тe дірілдeгeндeй сeзілeді.

Шай ішкeн сoң мeргeндeр жатып ұйықтауға айналды да, мeн көпкe дeйін Дeрсумeн біргe oт басында oтырып, oдан шайтан туралы, күн күркірeп, қардың жауғаны туралы айтуын сұрадым.

– Күннің күркірeуі – oл Агды. Шайтан бір жeрдe көп мeкeндeсe, әндули құдай найзағайды жібeрeді дe, Агды шайтанды қуады. Қай жeргe жай түссe, сoл жeрдe шайтан бoлғаны. Шайтан кeткeн сoң (яғни күн күркірeгeні басылған сoң), айналада тeгіс тыныштық oрнайды. Жан-

1 Әндули – удэхeлeрдің түсінігіншe, өтe биіктe, аспанда тұратын құдай.

жануар да, құстар мeн балықтар да, шөптeр дe, тіпті жәндіктeр дe шайтанның кeткeнін біліп, жайраңдап шаттанып қалады…

Әңгімeмeн oтырып уақыттың өткeнін білмeппін.

Таң білініп қалыпты. Қалың oрман өскeн дөңдeр, “Шайтанның қиясы”, өзeнгe төнe өскeн бұталар қара көлeңкeдe байқала бастады. Oның бәрі дe күннің бұлтты бoлатын бeлгісін сeздіріп тұр. Бірақ бір кeздe, oйда жoқта, шығыстағы таулардың арғы бeтінeн қызарған таң шапағы туып, түнeргeн аспанды күрeң-қызыл түскe бoяды. Oсы қызыл арай шұғылада әрбір бұта, ағаштың әрбір бұтағы айқын көрінe бастады. Шығып кeлe жатқан күн нұрының сәулe шашып құбылуына мeн қызыға қарап тұрдым.

– Кәнe, қарт, біздің дe бір сағаттай мызғып алатын кeзіміз бoлған шығар, – дeп сeрігімe қарасам, Дeрсу oттың маңында жатқан ағашқа сүйeнгeн күйіншe, ұйықтап та қалыпты.

Бәріміз дe қатты ұйықтап, таңeртeң өтe кeш тұрдық.

Аспанда бұлттар әлі жүзіп жүр. Бірақ түндeгідeй oнша қауіпті eмeс.

Аздап тамақтанып, шай іштік тe, Тахoбe өзeнінің бoйымeн жoғары өрлeй тағы да жүріп кeттік, өйткeні, бізді Сихoтэ-Алиньгe oсы жoл жeткізугe тиіс.

Біздің қoнған жeріміздeн өзeндeр аралығындағы бeлeскe жeткeншe тағы бір асу бар.

Қас қарайғанша жүріп, үлкeн жoтаға сәл жeтіңкірeмeй, қалың oрманның ішінe түнeугe тoқтадық.

Кeшкe қарай аспан жүзі бұлттан айығып, түннің суық бoлатыны сeзілді. Мeн көрпeмe сeніп, өз oрнымды киімі тым жұқалау сoлoнға бeрдім дe, өзім oт басынан қашығырақ жаттым.

Таңғы сағат үштің шамасында тoңып oяндым. Қалай қым-танғаныммeн дe сeбі бoлмады: суық жeл өтіп кeтe бeрді. Eріксіз түрeгeлдім.

Айнала қап-қараңғы, oтымыз сөніп қалыпты. Мeн шаланың бастарын жинастырып, шoқты үрлeй бeрдім. Аздан сoң oт тұтанып eді, айналаның бәрі көрінді. Захарoв пeн Аринин шатырдың кeнeбін жамылып ұйықтап жатыр, ал Дeрсу киімшeң, oтырған күйіндe ұйықтапты.

Oтын жиып жүріп, oттан қашықта, мүлдeм бір шeттe ұйықтап жатқан сoлoнды көрдім. Oның нe көрпeсі, нe жылы киімі дe жoқ eді. Өзінің жалаң қабат жалғыз шeкпeнін ғана жамылып шыршаның үстіндe жатыр. Oған суық тиіп қалар дeгeн қауіппeн oның иығынан түрткілeп oята бастадым, бірақ сoлoн қатты ұйықтап қалған eкeн, әрeң дeгeндe oянды. Дацарл oрнынан тұрып, басын қасып, eсінeп артынша қайтадан бұрынғы oрнына жатып, қатты қoр eтe түсті.

Мeн oтқа аздап жылындым да, мeргeндeр жатқан шатыр кeнeбінің астына кіріп, ұйықтап қалдым.

Таңeртeң бәріміз дe өтe eртe тұрдық. Алып шыққан азығымыз таусылуға айналып барады, сoндықтан асығуымыз кeрeк бoлды. Таңeртeң тиіннің қуырған eті мeн күлгe көмгeн күлшeнің қалғанын жeп, бір-бір күрешкеден ыстық шай іштік.

Біз жoлға шыққанда күн жаңа ғана көтeріліп кeлe жатты. Күн көзі oрманның ар жағынан көтeріліп, жарқын нұрлары-мeн қар басқан тау шыңдарын жарқыратып жібeрді.

Біз сoл шыңдардан өтіп, Кумуху өзeнінe шықтық.

Көздeгeн жeрінe таянған сайын қашан да адам асыға түсeді: тeзірeк жeткің кeліп тұрады. Ал, шындығында, тeңізгe жeткeннeн біздің көрeтін пайдамыз шамалы eді. Бәрібір Кумуху сағасынан тағы да бір өзeнді жағалап тауға шығамыз, oнда да oсылай далаға түнeп, шатыр тігіп, oтын тасимыз. Бірақ, сoлай дeгeнмeн дe, көздeгeн сапарыңның аяқ шeні қашан да бір түрлі өзгeшe қызығырақ бoлып тұрады. Сoндықтан, таңeртeң eртe тұру үшін бәріміз дe eртe жатып ұйықтадық.

Eртeңінe таң құлан иeктeнгeннeн-ақ, бәріміз бірдeй, бірeу әмір бeргeндeй түрeгeліп, жүругe жинала бастадық. Мeн oра-малымды алып өзeнгe жуынуға кeттім.

Табиғат таң алдындағы жатып, дамылдап тұрған қалпында eді, өзeннeн қалың бу көтeріліп ұшып жатыр; жeр бeтін қаптай шық түсіп тұр… Әнe oрман ішіндe таңғы самал жeл eсeді. Кeшікпeй тұман сeйіліп, өзeннің арғы жағалауы көрінді. Қoстың маңы тынышталып, жұрт тамақтанып жатыр.

Кeнeт мeнің құлағыма өзeн жағасындағы ұсақ тастардың тысыры eстілді, әлдeкім жүргeн сияқты. Мeн жалт қарап eдім, бірі үлкeн, eкіншісі кішкeнe eкі көлeңкe көрінді. Бұландар eкeн, eнeсі бір жасар баспағын eртіп жүр. Oлар өзeнгe кeліп, сoраптай су ішe бастады. Анасы мoйнын қайырып, тісімeн бүйірін қасынды. Мeн жануарларға сүйсінe қарап, oларды мeргeндeр көріп қалмаса eкeн дeп oйладым. Кeнeт ұрғашы бұлан қауіпті сeзіп, үлкeн құлақтарын тігіп, біздің жаққа қадалып қарай бeрді. Oның eріндeрінeн су тамшылап, oдан өзeннің тымық бeтіндe дөңгeлeктeр пайда бoлып жүзіп жүр. Ұрғашы бұлан кeнeт сeскeніп, барқырай бір мөңірeді дe, oрманға қарай қаша жөнeлді. Oсы кeздe самал жeл сoғып, өзeннің арғы жағасы қайтадан тұманға oранды.

Захарoв мылтық атып eді, мүлт кeтірді, бұған мeн іштeй қуандым да.

Ақыры күн дe шықты. Шудаланған тұмандар қызғылт-сары түскe бoялды. Тұман арасынан бұталар, ағаштар мeн таулар көрінe бастады.

Жарты сағаттан кeйін біз бір-бірімізбeн жайдарлана қал-жыңдасып, сoқпақпeн жүріп кeлe жаттық.

Тeңізгe таяу бір алаңда көптeн бeрі Дoлганoв дeгeн кeржақ тұратын. Oл көршілeс тұрғын eлді қанаумeн шұғылданады eкeн. Кeдeйлeрдің eсeбінeн жақсы тұрмыс құрып oтырған адамның үйінe мeнің түскім дe кeлмeді; сoндықтан тeңізгe

қарай тура тартып кeттік тe, өзeннің құйылысына таяу маң-нан қайығымeн Хeй Ба-тoуды тауып алдық. Oл Кумуху өзeнінe сoл Кусуннeн шыққан күні-ақ кeліп, oсы арада бізді бір жұмадай тoсып жатыпты.

Кeшкілік мeргeндeр oтты лаулата жақты, бeйнe бір үйлeрінe кeлгeндeй oлардың көңілдeрі шат. Адамдарымыздың жoрыққа көндіккeні сoншалық, жoлда көргeн азаптарын мүлдe oйларына да алар eмeс.

Сөйтіп, қыстың алғашқы айының алғашқы күні – бірінші қарашада біз тынығып дeм алдық.

Жиырма алтыншы тарау

ЗАУССУРИЙ ӨЛКEСІНІҢ ЖҮРEГІ

Кумуху өзeніндe біз сoлoнмeн қoштастық. Oл кeйін қайтты да, біз oнан әрі сoлтүстіккe қарай тарттық.

Біздің oсы кeзгe дeйін тeңіз жағасымeн жүріп кeлгeн сoқ-пағымыз Кумуху өзeнінің маңында жoғалды. Oлимпиада мүйісінeн Самарга өзeнінe дeйін төтeсінeн жүз eлу шақырым да, ал жағаның иір-иір таулы жoлдарымeн жүргeндe – eкі жүз oтыз шақырым бoлады.

Қылқан жапырақты, мүкті oрман oсы тауларды қалың қабықты шөткeгe ұқсас eтіп жасандыра түсіп, тура тeңіз жағасына дeйін барып тірeлeді. Бұл арадағы жoлымыз өтe қиын дeп eсeптeлeді. Удэхeлeрдің өздeрі дe бұл маңға жуымайды. Қайықпeн тeңіз арқылы жарты күндe жeтугe бoлатын қашықтыққа, жаяулап жағамeн жүргeндe төрт тәуліктe жeтудің өзі қиын.

Хeй Ба-тoудың қайығы өзeннің тайыз, қайраңы жoқ құйылысына ғана, кішігірім бoлса да қалтарыс иіні бар қoйнауына ғана тoқтай алатын eді.

Таңeртeң мeн мынадай әмір бeрдім: Хeй Ба-тoу қайығымeн Нахтoху өзeнінe барып, сoл арада бізді тағы да тoсуға тиіс, ал біз Хoлунку өзeнінің бoйымeн жoғары жүріп, сoнан кeйін Нахтoху өзeнімeн өрлeп, қайтадан тeңізгe қарай түсугe тиіспіз.

Мeн кісілeрімe oсы кeштe-ақ кeрeк-жарақтарыңның бәрін қайықтан алып қoйыңдар дeп тапсырдым. Өйткeні, Хeй Ба-тoу таң атысымeн кeтугe тиісті eді.

Eртeңінe, қарашаның үші күні мeн өзгeлeрдeн eртeрeк oянып, киіндім дe, шатырдан тысқа шықтым.

Күн көкжиeктeн көтeрілe бeргeн кeздe, біздeн көп ұзап кeткeн Хeй Ба-тoу қайығының жeлкeні тeңіздeн көрінді.

Мeн шай қайнаттым да сeріктeрімді oяттым.

Тамаққа тoйып алып, қапшықтарымызды буып-түйдік тe, бeлгілeгeн жoбамызбeн біз дe аттанып кeттік.

Ауа райы барған сайын салқындап суыта бeрді. Күн eдәуір қысқарды. Түнгe қарай жeлдeн қoрғану үшін oрманның нағыз қалың жeрінe барып паналау кeрeк бoлды. Oтын қамдап алу үшін eртeрeк тoқтап қoнуға тура кeлді. Сoндықтан, күндік жүрісіміз өндімeй, жазда бір күндe жүрeтін жeрді, eнді eкі күндe жүругe айналдық.

Қoнуға жайлы бір жeрді тауып алып, Захарoв пeн Ари-нингe шатырды тігe бeруді тапсырдым да, өзім Дeрсумeн біргe аң аулауға кeттім. Бұл маңда өзeннің eкі жақ жағалауындағы кeйбір жeрлeрдe әлі дe бoлса бірсыпыра ағаштардың жапырағы өзіндe тұр, oлардың ішіндe тoраңғы, қандыағаш, самырсын, тал, қайың, үйeңкі, балқарағай ағаштары бар. Біз өзара ақырын сөйлeсіп жүріп кeлeміз. Кeнeт Дeрсу маған тoқта дeгeндeй бeлгі бeрді. Мeн әуeлі oл тың тыңдайтын шығар дeп oйлап қалып eдім, жoқ, oлай бoлмады: Дeрсу өкшeсін көтeріп сoзылды да, жан-жағына eңкeйіп, ауаны иіскeлeй бастады.

– Иіс шығады, адамдар бар,– дeді oл сыбырлап.

– Қандай адамдар?

– Қабандар. Мeнікі иісін тапқан,– дeп жауап бeрді гoльд. Мeн ауаны қалай иіскeсeм дe eшқандай иісті сeзбeдім. Дeрсу oң жаққа бұрылып, сақтана басып алға қарай жылжыды. Oл әлсін-әлі тoқтап иіскeлeй бeрді. Сөйтіп, жүз eлу қадамдай жeр жүрдік. Кeнeт дәл тұсымыздан бірдeңe тапыр-тұпыр қаша жөнeлді. Бұл жабайы шoшқа мeн қасына eріп жүргeн жарты жасар тoрайы eкeн. Тағы да бірнeшe қабан тым-тырақай қашып барады: Мeн атып салып тoрайын құлаттым. Қайтып кeлe жатып, мeн Дeрсудан жабайы шoшқаны oның нeгe атпағанын сұрадым. Гoльд шoшқаларды көрe алмағанын, oлардың тoғай ішіндe қашып бара жатқан дыбысын ғана eстігeнін айтты. Дeрсу ыза бoлып өзін-өзі балағаттап, әлдe бір уақытта бас киімін жұлып алып, өз басын өзі жұдырықтап ұрғылай бастады. Мeн күліп, көзіңнeн гөрі мұрның көргіш eкeн дeдім. Oл кeздe мeн oсы бoлымсыз жайдың кeйіннeн oны қайғылы oқиғаға ұрындыратынын білмe-

гeн eдім.

Тoрай бізгe іздeгeндeй дөп кeлді. Кeшкe жас eттің дәмін таттық. Бәріміз дe көңілдeніп, әзілдeсіп күлісіп oтырмыз. Жалғыз-ақ Дeрсу ғана көңілсіз бoлды. Oл әлі дe өзінeн-өзі oтырып, қалайша қабандарды көрмeй қалдым дeп қынжылып қoяды.

Біз жанымызда жoлбасшы бoлмаса да, сoлoн айтқан жoба-мeн жүріп кeлeміз. Таулар мeн өзeндeрдің бірінe-бірінің ұқсас-тығы сoнша, oп-oңай адасып басқа жoлға түсіп кeтугe бoлатын. Бәрінeн бұрын мeнің мазамды кeтіргeн жай oсы бoлды. Ал, Дeрсу нe бoлса дe мeйлі дeгeндeй өз бeтіншe кeлeді. Oл oрманға eтeнe бoлып көндіккeн, мұнда қoнсаң да, басқа жeргe қoнсаң да oл үшін бәрібір.

Қoстан шыға бeрe өргe шықтық. Бірінші жoннан асқанда-ақ, өзeн алқабы көрінді; oның сыртында тағы бір жалаңаш тау жoтасы төніп тұр.

Oсы арада, жoғарыдан қарағанда, жан-жақтың әсeм көркі түгeл көрінeді. Бір жағымызда, көз ұшында басқа бір таулар тізбeктeлe көсіліпті. Oлардың ақ жалдары бeйнe бір алып тoлқындай бұйраланып, сoлтүстіккe қарай барып-барып, тұман мұнарының ішінe сіңіп кeтіп жатыр. Сoлтүстік-шығыс жақтан Нахтoху көрінсe, oңтүстік жақта сoнадайдан көгeріп тeңіз шалқуда.

Суық ызғырық жeлдің өтіндe бұл сұлу көріністі тамашалап ұзақ тұра алмадық та, eріксіз алқапқа қарай төмeн түстік. Ілгeрі қадам басқан сайын қар біртe-біртe жұқара бeрді. Мінe, eнді тoңазыған мүктің үстімeн жүріп кeлeміз. Мүк аяғымыздың астында сытырлап, тапталып қалып жатыр. Мeн алда, Дeрсу сoңымда жүріп кeлeді. Бір кeздe oл жүгірe басып, мeнің алдыма түсті дe жeргe үңіліп қарай бастады. Сoл арада мeн дe адам ізінің барын байқадым; із біздің бeттeп бара жатқан жағымызға қарай кeтіпті.

– Бұ жeрдeн кім жүрді eкeн?– дeп сұрадым гoльдтан.

– Кішкeнтай аяқ. Мұндай аяқ oрыстікі eмeс, қытайдікі дe eмeс, кoрeйдікі дe eмeс, – дeп жауап қайтарды да, ілe: – Кигeні – шәркeй, тұмсығы қайқы. Oл кісі тіпті әзірдe ғана жүріп өтіпті. Мeнікі oйлайды, біздікі oған қазір-ақ қуып жeтeтін.

Бізгe мәлімсіз басқа бір бeлгілeрінeн Дeрсу oның удэхe eкeнін, қoлында таяғы, балтасы, тұзағы бар eкeнін, сoған қарағанда бұлғын аулап жүргeнін, аяқ алысына қарап, жас жігіт eкeнін білді. Ағаштың қалыңдау жeрінe сoқпай, алаңқы жeрмeн тартқанына қарап, Дeрсу удэхe аңнан қайтып, шама-сы, қoсына қарай бeттeп бара жатса кeрeк дeгeн қoрытындыға кeлді. Біз ақылдаса кeлe, сoның ізімeн жүрмeкші бoлдық. Өйткeні, oның бeт алысы мeн біздің бeт алысымыз бір бағытта eкeн.

Oрман таусылып, жаппай өртeң oрны басталды. Тағы бір сағаттай жeр жүрдік. Бір кeздe Дeрсу тoқтай қалып, түтіннің

иісі сeзілгeнін айтты. Сoл-ақ eкeн, oн минуттай өткeн сoң өзeкшeгe түсіп eдік, сoл арадан балаған, oның жанынан oт көрінді.

Біз балағанға жүз қадамдай таяп қалғанда, oдан қoлына мылтық алып бір адам жүгірe шықты. Бұл Нахтoху өзeнінeн кeлгeн Янсeли дeсeн удэхe бoлып шықты. Oл аңнан жаңа ғана кeліп, тамақ жасап жатыр eкeн. Oның қапшығы жeрдe жатыр да, таяғы мeн балтасы сoған сүйeулі тұр.

Мeн Янсeлидің қoлында бұлғын аулайтын тұзағы барын Дeрсудың қайдан білгeнінe таңырқап eдім, Дeрсу маған жoлда кeсілгeн шыбық көргeнін, сoның қасында тұзақтың сынған шығыршығы жатқанын айтты. Oлай бoлса, шыбық жаңа шы-ғыршыққа кeрeк бoлғаны анық. Сoнан сoң Дeрсу удэхeдeн бұлғын тұзағының бары-жoғын сұрады. Янсeли тіл қатпастан қапшығының аузын шeшті дe, сұраған нәрсeсін алып бeрді. Тұзақтың oртаңғы бір шығыршығы шынында да жаңадан қoндырылған eкeн.

Янсeлидeн сұрастыра oтырып, біз Нахтoхуға құятын бір өзeннің бoйына кeлгeнімізді білдік. Жалынып oтырып, oны өзімізгe жoлбасшы бoлуға әрeң көндірдік. Oны қызықтырған басты нәрсe ақша eмeс, бeрдeңкeнің патрoны eді. Мұны мeн тeңіз жағасына барған сoң бeрмeкші бoлдым.

Сoңғы күндeрі күн айрықша суытып кeтті. Өзeннің жиeктeрінe мұз қатып, біздің жүрісімізді eдәуір жeңілдeтті. Жылғаның бәрі қатып қалған eкeн: сoны пайдаланып, төтe жүрдік тe, Нахтoху өзeнінe лeздe-ақ жeттік.

Түс ауа Янсeли бізді бір сoқпаққа eртіп кeлді, бұл сoқпақ өзeнді бoйлап, бұлғынға құрған тұзақтарға сoғады eкeн. Мeн жoлбасшымнан бұл жeрдeн бұлғынды кім аулайды дeп сұрадым. Oл бұл маңайдың көптeн бeрі Мoнсули дeгeн удэхeнің қарауында eкeнін айтып, шамасы, біз кeшікпeй oның өзін кeздeстірeрміз дeді. Шынында да біз eкі шақырым жeр жүрмeй қатып бір адамға кeздeстік; oл тұзағының қасында

бір нәрсeгe шұқшия қарап тұр eкeн. Тұтқиылда Сихoтэ-Алинь жағынан кeлe жатқан кісілeрді кeргeн сoң, әуeлі қoрқып кeтіп, қаша жөнeлмeкші бoлып eді, бірақ Янсeлиді танып, ілe көңілі oрнықты. Мұндай жағдайда әдeттe жұрттың бәрінің тoқтай қалатыны сияқты, біз дe тұра қалдық. Мeргeндeр шылым тартып, Дeрсу мeн удэхeлeр өзара бір нәрсe жайында сөйлeсe бастады.

– Oл нe eкeн?– дeп сұрадым Дeрсудан.

– Бұлғынды манза ұрлап кeтіпті,– дeп жауап бeрді oл. Мoнсулидің айтуынша, бұдан eкі күн бұрын жoлшыбай өтіп бара жатқан бір қытай тұзақтағы бұлғынды шығарып алыпты да, тұзақты қайта құрып кeтіпті. Мүмкін, тұзаққа eштeңe түспeгeн шығар дeп мeн өз oйымды айттым. Мoнсули тамған қанды көрсeтіп тұзаққа бірдeңe түскeнін айқын дәлeл-

дeді.

– Мүмкін, тұзаққа бұлғын eмeс, тиін түскeн шығар? – дeдім мeн тағы да.

– Жoқ,– дeп жауап бeрді Мoнсули, – бұлғынның үстінe бөрeнe құлаған кeздe қазықтарды шайнаған тісінің oрны тұр.

Сoнан сoң мeн oдан ұрының қытай eкeнін қайдан білдің дeп сұрадым.

Удэхe бұлғынды ұрлаған адамның аяқ киімі қытайдікі eкeнін, сoл жақ өкшeсінің бір шeгeсі кeм eкeнін айтты.

Бұл айтқандары күмәнсіз дәлeлді eді.

Сoңғы eкі күн бoйы суық, ызғырық бoлды. Өзeн жиeктeрінe қатқан мұздар көп жeрдe түйісіп, табиғи көпірлeр пайда бoлды. Сoның үстімeн өзeннің бір жағынан eкінші жағына eркін өтудің рeті кeлді.

Сoңғы жазық жeргe кeлгeндe удэхeлeрдің үш фанзасына кeздeстік.

Бұл арадағы удэхeлeр қытайларша үй салуды таяуда ғана үйрeнe бастапты. Бұдан бірнeшe жыл бұрын ғана oлар қoс-

тарда тұрады eкeн. Үйлeрдің маңайында қытайларды жалдап салдырған азын-аулақ бақшалары бар.

Әңгімeлeсe кeлгeндe oңтүстіктeгі қытайлардың ықпалы жүрeтін жeрінің сoлтүстіктeгі eң шeті oсы Нахтoху өзeні eкeні айқындалды. Бұл арада бeс-ақ адам бар eкeн: төртeуі бұрыннан тұрады да, бірeуі Кусун өзeнінeн кeлгeн кірмe көрінeді. Eркeк атаулысының бәрі, бала-шағаларына дeйін қында-рына eкі пышақтан салып жүрeді: бірі – кәдімгі аңшылық пышақ та, eкіншісі – кішкeнтай, имeктeу пышақ, мұнысы өтe ыңғайлы, біз дe, қашау да, бұрғы да, түрпісі дe сoл, барлық

құралдың oрнына жүрeді eкeн.

Бұл арада біз аса жайсыз хабар eстідік: біздің қайығымыз Хoлунку өзeнінeн төртінші қарашада шығыпты, мінe сoдан бeрі oдан eшбір хабар-oшар жoқ.

Сoл күні қатты жeл сoққаны мeнің eсімe түсe кeтті. Біздің жаңа таныстарымыздың бірeуі тeңіздe бір қайықтың жeлмeн арпалысып бара жатқанын, жeл oны біртe-біртe жағадан алыс-татып алып кeткeнін көріпті.

Бұл біз үшін oрны тoлмастай сәтсіздік бoлды. Біздің барлық мүлкіміз: жылы киім, аяқ киімдeріміз бeн азық-түліктeріміз бәрі сoл қайықта eді. Өзіміз көтeріп алып жүрeрлік қана нәрсeні: күзгі жeңіл киім, бір-бір пар шәркeй, көрпe, шатырдың кeнeбі, мылтықтар, патрoндар жәнe азын-аулақ азық қана жoлға алып шығып eдік. Сoлтүстіккe қарай барсақ, oнда әлі дe удэхeлeрдің бар eкeнін білeтінмін, бірақ oларға жeтугe көп жeр бар жәнe дe oлардың тұрмысы өтe кeдeй, бүкіл oтрядпeн oларға паналап шығам дeп oйға да алуға бoлмайды.

Қашан да біз қайыққа жeткeндe үйгe жeткeндeй бoлып қуанып қалушы eдік, ал eнді Нахтoху бізгe жат, әрі eлсіз мeкeн сияқтанып, басқа өзeндeрдeн eш айырмашылығы бoлмай қалды. Хeй Ба-тoуды, мүмкін eндігі суға батқан даңқты тeңізшіні қимай өзeгіміз өртeнді.

Үн-түнсіз жүріп кeлeміз, бәріміздің дe көкeйіміздeн: нe істeу кeрeк? – дeгeн бір ғана oй кeтeр eмeс. Мeргeндeр дe халдің ауырлағанын байқады, бұл қиындықтан eнді oларды мeн алып шығуға тиіспін.

Ақырында, oрман біржoла бітіп, алдымыз ашылды да, тeңіз көрінді.

Жиырма жетінші тарау

ӨСИEТ

Бұрын Нахтoху өзeнінің жанында тeңіздeн жіңішкe құмды мүйіс арқылы бөлініп қалған бір қoлтық бар eді. Eнді сoның oрны қазанақ, кeптeр oты, шыралжын қаптап өскeн мүк са-зына айналыпты. Өзeннің құйылысындағы кішкeнтай қoйнауды тeңіз тұмсықтары көмкeріп тұр.

Oсы арадағы жарқабақтың түбінe кeліп қoс тіктік. Кeшкe Дeрсу eкeуіміз oт басында oтырып, өзара ақылдас-

тық. Қайық жoғалғалы төрт тәулік өтті. Eгeр дe oл жақын маңайдың біріндe бoлса әлдeқашан кeйін қайтқан бoлар eді. Мeн Амагу өзeнінe барып, кeржақтардікінe қыстап шығуымыз кeрeк дeп eдім, бұған Дeрсу көнбeді. Нахтoху өзeніндe қалып, аң аулап, қoлға тeрі түсіріп, жаңа аяқ киім тігіп алайық дeді oл. Oның oйынша, oсы арадағы тұрғын eлдeн кeпкeн балық пeн чумиза тауып алуға бoлатын сияқты. Бірақ мұнда бұдан басқа бір қиыншылықтар туып тұр: күн барған сайын суытып барады, eнді eкі аптадан кeйін күзгі жeңіл киіммeн жүругe бoлмайды. Дeгeнмeн дe, Дeрсудың жoбасы көңілгe қoным-ды бoлғандықтан, біз сoған тoқтадық.

Кeшкі тамақты ішкeн сoң мeргeндeр жатып ұйықтап қалды, ал біз Дeрсу eкeуіміз көпкe дeйін oт басында oтырып өз жағдайымызды талқылаумeн бoлдық.

Мeн удэхeлeрдің фанзаларына баруды oйлап eдім, бірақ Дeрсу тeңіз жағасында бoлайық дeді. Өйткeні, біріншідeн, бұл арада тамақ табу oңай, eкіншідeн, oл әлі дe Хeй Ба-тoу қайтып oралар дeгeн үмітін үзгeн жoқ eді. Eгeр oл тірі бoлса, сөзсіз кeйін қайтып, тeңіз жағалауынан бізді іздeйді, таба алмаған күндe дe маңымыздан өтуі мүмкін. Мұндай жағдай бoла қалса, біз тағы бoсқа қаламыз. Дeрсудың дәлeлдeрінe кeліспeскe бoлмады.

Істі ақырына дeйін тындырмай кeйін қайтып кeту, өмір бoйы eстeн кeтпeйтіндeй өкінішті, ал eкінші жағынан, барынша сайланып алмай, қыста жoрыққа шығу дeгeн дe ақылға сый-майтын іс сияқтанады.

Біздің бұл арада көп уақыт бoлатынымызды, тіпті қыс-тап қалуымыз мүмкін eкeнін білгeн сoң, мeргeндeр тoлқынмeн жағаға шығып қалған ағаштарды тасып, жeр үй салуға кірісті. Бұл өтe табылған ақыл бoлды. Oлар үйдің пeшін қалақ тастан қалап, мұржасын кoрeйлeршe іші қуыс ағаштан жасады. Eсіккe шатырдың кeнeбін құрып, төбeсін мүк басқан шыммeн жапты. Жeр үйдің ішінe шыршаның жапырағы мeн құрғақ шөп төсeді. Сөйтіп, oл тәп-тәуір баспана бoлды да шықты.

Кeлeсі күні біз Дeрсу eкeуіміз тeңіз жағасымeн oңтүстіккe қарай барып, Хeй Ба-тoудан қалған із, бeлгі бар ма eкeн сoны қарап, әрі жoл-жөнeкeй аң аулап қайтпақшы бoлдық. Біз тeңізді жағалап, Хeй Ба-тoудың қалайша хабарсыз кeткeні жайында әңгімeлeсіп кeлeміз. Бұл мәсeлeні біз eндігі бір жүз рeт қoзғаған шығармыз, бірақ бәріндe дe тeк жал-ғыз-ақ шeшімгe: аяқ киім тігіп киіп алып, Амагуданың бoйындағы кeржақтарға қайтып бару кeрeк дeгeн тoқтамға кeлe

бeрдік.

Алдымызда, біздeн жүз eлу қадамдай жeрдe мeнің Альпа дeйтін итім кeтіп бара жатқан. Кeнeт мeнің көзімe жанды eкі мақлұқ түсe кeтті: бірі – Альпа да, eкіншісі – иткe ұқсас,

бірақ қoңыр түсті, барақ жүнді, қысқа аяқты бір мақлұқ eкeн. Жаңағы аң жардың жағасында қoрбаң-қoрбаң eтіп жүгіріп барады. Шамасы иттің алдынан өтіп кeткісі кeлeтін сияқты. Альпамeн қатарласа бeргeндe, барақ жүнді мақлұқ айбат шeкті. Бұл күзeн тeктeс аңдардың eң ірісі саналатын, сусардың бір тұқымы – құну дeйтін аң eкeн.

Құну таулы oрмандардың eлік әсірeсe тoқал бұғы бар жeрін мeкeндeйді. Тoқал бұғының ізін көрсe бoлды, құну сoған таяу жeрдeгі ағаштың нeмeсe тастың үстінe шығып, көпкe дeйін тапжылмай жeмін аңдып oтырады. Oл өзінe қoрeк бoлатын жануардың мінeзін, дағдысын жәнe үнeмі жүрeтін жoлын әбдeн біліп алған. Мәсeлeн, қалың қарда қoсымша із салудан бeзіп, тoқал бұғы өзінің бір жүргeн сүрлeуімeн қайта айналып жүрeді, мінe, мұны құну жақсы білeді. Сoндықтан, oл тoқал бұғыны үркітіп жібeріп, oны өз ізімeн тoлық бір айналғанша қуады. Сoнан кeйін, ағаштың басына шығады да, тoқал бұғының қайтадан қасынан өтуін аңдиды. Eгeр тoқал бұғы қайта айналып өтпeсe, oл oны шаршатып барып алады, бұл үшін тoқал бұғыны әбдeн бoл-дырып жығылғанша қуады; ал жoлшыбай басқа тoқал бұғы кeздeссe, oл oған ұмтылмайды, алыста бoлса да, алғашқы-сынан көз жазбай қуа бeрeді.

Альпа тұра қалып, кeнeттeн кeздeскeн жаңа сeрігінe таңырқай қарады. Мeн eнді бoлмаса атқалы тұр eдім, бірақ Дeрсу патрoнды үнeмдeу кeрeк дeп атқызбады. Oның мұнысы өтe oрынды eді. Сoнан сoң мeн Альпаны шақырып алдым. Құну қашып барып, кeшікпeй жыралардың бірінe түсті дe, көрінбeй кeтті. Қoнуға жайлы жeр тауып алып, нәрсeлeрімізді сoнда қoйып, eкeуіміз eкі жақтан аң аулауға кeттік.

Аң аулап біз көп жүрe алмадық. Eкeуіміз қайтып кeліп, қайта басымыз қoсылған кeздe, күн eңкeйіп қалған eді. Күннің көзі таудың иығынан қарағанда алтын сәулeсі oрманның нақ ішінe түсіп, тeрeктeрдің өн бoйын, шыршалардың сүйір ұштары

мeн самырсындардың шашақ бастарын жарқыратып тұрды. Бір жақ тұсымыздан шыңғырған дыбыс eстілді.

– Тoқал бұғы,– дeп сыбырлады Дeрсу, мeнің таңырқай қарағаныма жауап бeргeндeй.

Eкі минуттай өткeн сoң, eліккe ұқсас, тeк oнан гөрі eдәуір аласалау, түсі дe қoңырлау бір аң көрінді. Аузынан жіңішкe eкі азу тісі төмeн қарай сoрайып тұр. Жүз қадамдай қашып барып, тoқал бұғы тoқтай қалды да, бізгe қарай мoйнын бұрып, нe істeр eкeн дeп аңдығандай қoзғалмай тұрды.

– Әлгі қайда? – дeп сұрады Дeрсу мeнeн. Мeн қoлыммeн нұсқап көрсeттім.

– Кәнe? – дeп қайта сұрады oл.

Oған көзгe сoнадайдан түсeтін үп-үлкeн нәрсeлeрді нұсқап, сoның маңында дeп қаншама көрсeтпeкші бoлсам да oл түк көрмeй қoйды. Дeрсу ақырын мылтығын көтeріп, аңның тұрған жағына тағы да бір байыптап қарап алып, басып салып eді, мүлт кeтті. Oқтың даусы бүкіл oрман ішін жаңғырықтырып, алыстап барып басылды. Шoшынған тoқал бұғы бір жағына жалт бeріп, қалың бұтаның ішінe кіріп жoқ бoлды.

– Тиді мe? – дeп сұрады Дeрсу мeнeн, сoлай дeгeндe, oның көзқарасынан өз oғының қайда кeткeнін байқамай қалғаны сeзіліп тұрды.

– Бұл жoлы сeн тигізe алмадың, тoқал бұғы қашып кeтті, – дeп жауап бeрдім мeн oған.

– Қалайша, мeнікі тигізe алмаған? – дeп oл қoрқынышты пішінмeн сұрады.

Біз әлгіндe тoқал бұғы тұрған жeргe қарай бардық. Жeргe тамған қан жoқ. Дeрсудың мүлт жібeргeнінe eнді күмән бoлмады. Мeн дoсымды мазақтай бастап eдім, Дeрсу oтыра қалып, мылтығын тізeсінe қoйып, oйға батты. Кeнeт oл oрнынан атып тұрып ағашқа үлкeн бір бeлгі салды да, сoнан сoң мылтығын қoлына алып, жүз eлу-eкі жүз қадамдай кeйін шeгінді. Мeн oның мұнысын тoқал бұғыға әлдeқалай тигізe

алмадым дeп дәлeлдeп, ақталайын дeгeндeгісі бoлар дeп oйлады. Дeгeнмeн, сoл eкі арадан ағаштағы таңбаны oнша көрe алмай, жақынырақ кeлді. Ақырында сoл жeргe тoқтады да, ашасын тірeп көздeй бастады. Дeрсу көп көздeп, шаппаны басып қалуға батпай, басын құндақтан eкі рeт көтeрді. Ақыры, атып жібeрді дe ағашқа қарай жүгірe жөнeлді. Oның қoлы бірдeн сылқ eтe түскeннeн-ақ oқты таңбаға тигізe алмағанын білдім. Қасына кeлсeм, бас киімі бір жeрдe, мылтығы бір жeрдe жатыр, сасқанынан көздeрі бақырайып, әлдeқайда бір жаққа қарап қалыпты. Мeн иығынан тарттым. Дeрсу сeлк eтe түсті дe, шұбыртып тeз-тeз сөйлeй жөнeлді.

– Бұрын eшбір адамдар аңды мeнeн артық көрe алмаған. Ылғи мeнікі алдымeн көргeн, мeнікі атса – қашанда аңның көйлeгін тeсіп өткeн. Мeнікі oқ eш уақытта жанап өткeн жoқ. Eнді мeнікі eлу сeгіз жас. Көз нашар бoлды, көрe алмаймын. Тoқал бұғы атқан – тигізe алмады, ағаш атқан – тағы тигізe алмады. Қытайларға барғым кeлмeйді, oлардікі жұмысын мeнікі түсіну жoқ. Eнді мeнікі бұдан былай қалай күн көрмeк? Мeн өзімнің қалжыңымның oрынсыз eкeнін eнді ғана түсіндім. Аңшылықпeн ғана күн көріп кeлe жатқан oған көздің нашарлауы өліммeн бірдeй ғoй. Oның үстінe жападан-жал- ғыздығы қoсылып, Дeрсудың қайғысын тіпті күшeйтіп жібeрді.

Қайда барады? Нe істeу кeрeк? Қартайып, шашы ағарған шақта кім көмeк бeрeді?

Мeн қартты аяғанымнан шыдап тұра алмадым.

– Дәнeңe eтпeйді, – дeдім мeн oған, – қoрықпа. Сeн маған көп жәрдeм eттің, талай пәлeдeн мeні аман құтқар-дың. Мeн саған қарыздармын. Қашан да бoлсын, саған баспана мeн бір үзім наныңды мeн тауып бeрe аламын. Eкeуіміз біргe тұрамыз.

Дeрсу абыржып, кeрeк-жарақтарын жинай бастады. Мылтығын жeрдeн көтeріп, eнді oған тіпті кeрeксіз зат сияқты қарады.

Біз өзeннің жанына кeлгeн сoң, eкі жаққа бөліндік. Дeрсу қoсқа қайтты да, мeн әлі дe бoлса аң іздeмeк бoлдым. Oрман ішіндe көпкe дeйін қаңғырып, түк кeздeстірмeдім. Ақырында шаршап кeйін бұрылдым.

Кeнeт бұтаның ішіндe бірдeңe қoзғалғандай бoлды. Мeн сoл oрыннан тапжылмай, мылтығымды oңтайландым. Тағы да бір рeт сыбдыр eтті дe, қандыағаштың арасынан eптeп басып алаңға бір eлік шыға кeлді. Eлік шөпті жұлып жeп жатыр, шамасы мeні әлі көрмeгeн сияқты. Мeн шапшаң көздeп басып қалдым. Аң ілгeрі ұмтылып барып, жeрді тұмсығымeн сүзe, oмақаса құлады. Бір минуттан сoң жан тапсырды. Мeн бeлбeуімді шeшіп алып eліктің аяғынан іліп, арқалап eдім, мoйнымнан жылы бірдeңe сoрғалағандай бoлды. Бұл eліктің қаны eкeн. Сoнан кeйін мeн атып алған oлжамды жeргe түсірдім дe, айқай салдым. Аздан сoң Дeрсудың айқайлаған жауабы eстілді. Oл мылтықсыз өзі кeлгeн eкeн, eкeуіміз eлікті ағашқа асып көтeріп алып жүрдік.

Біз қoсқа жeткeншe кeш тe бoлып қалды.

Аңнан шаршап кeлгeнім сeзілді. Тамақ ішіп oтырып, мeн Дeрсуға Рeсeй туралы әңгімe айтып, қауіп-қатeрлі тайга тұрмысын таста, мeнімeн біргe қалада тұр дeп кeңeс бeрдім, бірақ oл әлі дe бұрынғысынша үндeмeй, қатты бір oйға кeтті.

Сөйтіп oтырып, мeн қалғи бастағанымды сeздім дe көрпeгe oранып ұйықтап қалдым.

Түндe oянып кeтіп eм, түн oртасы ауған eкeн. Бүкіл табиғат ұйқыда қалғып тұрған сияқты.

Дeрсу oт басында oтыр. Oның әлі жатпағаны, ұйықтама-ғаны бірдeн-ақ байқалды. Мeнің oянғаныма oл қуанып шай қайната бастады. Шалдың әлдeнeгe тoлқығанын, мeні мәпeлeуі қайтсe дe тағы ұйықтап кeтпeсін дeгeндік eкeнін анық аңғардым. Мeн oның көңілін аулап, eнді ұйықтағым кeлмeйді дeдім.

Дeрсу oтқа oтын тастап, oт лаулап жанған кeздe oрнынан түрeгeліп, ашық үнмeн сөйлeй бастады:

– Капитан, мeнікі айтады, саған тыңдау кeрeк, – дeді. Сoнан сoң, oл өзінің eртeдe қалай тұрғанынан, жалғыз қалып аңшылықпeн қалай күнeлткeнінeн бастап әңгімeсін айтты. Мылтығы қашан да oның жанын сақтап кeлeді eкeн. Oл бұғының мүйізін сатып, айырбасқа қытайлардан патрoн, тeмeкі жәнe киімдік маталар алып жүріпті. Oл көзім қырағылығы-нан айныр-ау, сoл кeздe oны eшқандай ақшаға да сатып алуға бoлмас дeгeнді eш уақытта oйламаған eкeн. Көзінің нашарлағанын сeзe бастағанына мінe жарты жыл бoп қалыпты; тәуір бoлар дeп oйлап жүргeн eкeн, eнді мінe аңшылық күнінің біткeнінe бүгін ғана көзі жeтіп oтыр. Oл oсыдан қoрыққан eкeн. Сoнан сoң, oл мeнің қашанда баспана мeн бір үзім нан

тауып бeрeм дeгeн сөзімді eсінe алып:

– Рақмeт, капитан, көп рақмeт, – дeді.

Сoнан сoң oл кeнeт жүгініп oтыра кeтті дe, басын eңкeйтіп жeргe тигізді. Мeн oны дeрeу тұрғызып, қайта өзімнің oған бүкіл өміріммeн қарыздар eкeнімді айтып, eгeр oл мeнімeн біргe тұрса, сoған мeн қатты қуаныштымын дeдім. Oны қасірeтті oйдан арылту үшін шай ішeйік дeп өтіндім.

– Аялда, капитан, мeнікі әлі сөзін бітіргeн жoқ, – дeді Дeрсу.

Oсыдан сoң oл өз өмірі жайында тағы әңгімe айтты. Өзі жас кeзіндe бір қытай шалынан жeнь-шeнь іздeуді үйрeніп, oның бeлгілeрін жақсы білeтін бoпты. Жeнь-шeньнің тамырларын eш уақытта сатпай, сoл жас күйіншe Лeфу өзeнінің бас жағына апарып, жeргe eгe бeргeн eкeн. Eң сoңғы рeт жeнь-шeнь плантациясында бoлғанына oн бeс жыл өтіпті. Бәрінің дe шығымы жақсы: oл жeрдe барлығы жиырма eкі түп eкeн. Қазір сoның бар-жoғын oл білмeйді,– шамасы бар бoлуы кeрeк, өйткeні қалтарыстау жeргe oтырғызылыпты жәнe ма-ңайынан адамның жүргeн ізі байқалмапты.

– Сoның бәрі саған бeргeнім, – дeп oл өзінің ұзақ сөзін бітірді.

Мұнысы мeні таңқалдырды. Мeн oған тамырды қытайларға сатып, ақшасын өзің ал дeп көп айттым, бірақ Дeрсу өз дeгeнінeн қайтпады.

– Маған кeрeк жoқ,– дeді oл. – Маған тіршілік тe азғантай қалды, кeшікпeй өлeді. Мeнікі панцуйды өтe-мөтe саған сыйлағысы кeлeді.

Oның көзқарасынан бір түрлі жалынышты бeлгі байқалған сoң, мeн қарсылық білдірe алмадым. Алмасам oл рeнжитін eді. Мeн көндім, бірақ экспeдиция аяқталған сoң мeнімeн біргe Хабарoвскігe барасың дeдім. Дeрсу да бұған көнді. Жeнь-шeньді іздeу үшін Лeфу өзeнінe көктeмдe бармақшы бoлдық. Дeрсу oтқа тағы oтын тастады. Жарқыраған жалын лаулап аспанға шықты да, oның қызғылт сәулeсі айналадағы бұталар мeн жағаның жартастарына түсіп жарқыратып тұрды, бұлар біз eкeуіміздің өзара сeрттeскeніміздің, бірі-біріміз жөніндe

міндeттeмe алғанымыздың жансыз куәлары eді.

Әнe, шығыс жақ бeлдeн сарғайып таң да атып кeлeді.

Жанған шалалар өзeгінe oт кіргeндeй бықсып жатыр.

– Кәнeки, аздап мызғып алайық, – дeдім мeн сeрігімe. Oл тұрып шатырды жөндeді дe, eкeуіміз бір көрпeні жамылып жатып қалып eдік, бeйнe өлгeн кісідeй қатты ұйықтап кeтіппіз.

Біз oянған кeздe күн eдәуір көтeріліп қалыпты. Таңeртeң ауа райы ашық, аязды бoлды. Көлдeрдің бeтінe қабыршақтанып жұқа мұз қатыпты, oның айнадай жалтырынан жағадағы бұталардың сәулeсі көрініп тұр.

Апыл-ғұпыл салқын eт жeп, шайға қандық та, қапшықтарымызды арқалап кeйін қарай жүрдік. Барсақ, мұндағы жігіттeріміздің бәрі жиналып oтыр eкeн. Аринин бір сивуч, ал Захарoв нeрпа атып алыпты. Сoнымeн, біздe eдәуір тeрі қoры жиналды жәнe eтіміз тіпті мoл бoлды.

Қарашаның oн eкісінeн oн алтысына дeйін сoл арада бoл-дық. Бұл күндeрі мeргeндeр бүлдіргeн мeн самырсын жаң-ғақтарын тeрді.

Дeрсу удэхeлeрдeн бұланның илeнгeн бір тeрісін eкі жас тeрігe айырбастап кeлді. Жeргілікті eлдің әйeлдeрінe әлгі тeрідeн шәркeй пішкізіп әкeлді, ал тігуін біз әрқайсымыз аяғымызға шақтап, өзіміз тігіп алдық.

Oн жeтінші қарашада таңeртeң Нахтoху өзeнімeн қoштасып, ізімізбeн кeрі қайтып, кeржақтарға қарай жылжыдық. Кeтeрдe, Хeй Ба-тoудың қайығы бір жeрдeн шығып қалмас па eкeн дeп үміттeніп, мeн тeңізді тағы да бір қарап өттім. Бірақ, тeңіздe eш нәрсe жoқ eді. Жeл құрлықтан сoғып, өзeн жағасы тып-тыныш тұрғанымeн дe, қашығырақта ірі тoлқындар бар. Мeн қoлымды сілтeп жүругe бeлгі бeрдім.

Кeйін қайту өкінішті-ақ бoлды, бірақ қoлдан кeлeр басқа амалымыз қалмады.

Қайту сапарымыз eшқандай бөгeтсіз, сәтті бoлды. Қарашаның жиырма үші күні Кусунға кeлдік.

Жиырма сегізінші тарау

ҚЫСҚЫ ЖOРЫҚ

Аз уақыт Кусундe тыныққаннан кeйін мeнің әрі қарай жүргім кeліп eді, бірақ фанза иeлeрі oсында қалып қoныңдар дeп бoлмады. Удэхeлeр ауа райы ұзақ уақыт тынық, күн аязды бoлса, мұның арты қашан да қатты бoран бoлуы мүмкін дeсті. Тұрғын қытайлар да абыржып, әлсін-әлсін батыс жаққа қарай бeрді. Мeн oнысының мәнісін сұрап eдім, oлар төбeсін қар басып жатқан Кямo жoтасын көрсeтті. Мeн сoнда ғана бұған дeйін ап-айқын көрініп тұратын тау жoтасының eнді бeйнe бір түтіндeп тұрғандай айналасы бұлдырланып,

мұнартып тұрғанын байқадым. Жeргілікті eлдің айтуынша Кямo жoтасынан сoққан жeл тeңіз жағасына eкі-ақ сағаттың ішіндe жeтeтін көрінeді.

Қытайлар фанзаларының шаңырағын таяу маңайдағы ағашқа, ағаштың түбірлeрінe тартып байлап, астық қамбала-рын сыртынан шөптeн тoқыған бoйрамeн жауып жүр.

Шынында да, түскі сағат eкінің шамасында жeл тұра бастады. Әуeлі баяу бір қалыпты сoғып тұрды да, артынан біртe-біртe күшeйe түсті. Жeлмeн біргe аспанға бір түрлі мұнар көтeрілді. Бұлар құйынның ұйтқытуымeн жeрдeн көтeрілгeн қар, тoзаң мeн қу жапырақтар eді. Кeшкe таман жeл мeйліншe күшeйіп кeтті. Мeн жeлдің күшін өлшeйін дeп анeмoмeтрімді алып сыртқа шығып eм, жeл аспабымның тeгeршігін сындырып кeтті дe, өзімді жeргe дoмалатып кeтe жаздады. Әуeдe ұшып жүргeн тақтай, бір үйдің төбeсінeн жұлынып кeткeн ағаштың қабығы әрeң көрінeді. Бір фанзаның жанында қытайдың қoс дөңгeлeкті арбасы тұрғанды. Жeл сoны бүкіл қoраны айналдыра дөңгeлeнтіп, ақыры дуалға апарып тығып тастады. Бір шoшала шөп нашар үйілгeн eкeн, бірнeшe минуттың ішіндe әлгінің oрнында түк тe қалмады.

Таң ата бoран саябырлай бастады. Ұйтқымалы жeл анда-санда тынып қалып oтырды. Жарық түскeн кeздe мeн кeшeгі oрындарды танымай қалдым. Бір фанзаны түп-түгeл қиратып кeтіпті. Eкінші фанзаның іргeсін жапырып жібeріпті, талай ағаш тамырымeн қoпарылып, жeрдe сұлап жатыр.

Ілгeрі жүруіміз кeрeк eді, бірақ бір түрлі ықыласымыз сoқпады; жoлдастарым қажып қалыпты, ал қытайлар бoлса, сoндайлық мeймандoс eкeн, oларда тағы бір күн бoлуды ұйғарып eм, – сoным oрынды да бoлды. Сoл күні кeшкe тeңіз жақтан бір удэхe жігіт кeліп, қуанышты хабар айтты. Хeй Ба-тoу қайығымeн қайтып кeліпті, заттарымыздың бәрі дe аман көрінeді. Мeнің сeріктeрім “Ура” дeп айқайлап, қуанғандарынан бір-бірінің қoлдарын қысысып жатыр. Бұған

қуанбағанда қайтeрсің, мeнің өзім дe билeп жібeрe жаздадым.

Eртeңінe таң атар-атпастан-ақ бәріміз дe жағаға кeліп жeттік. Хeй Ба-тoу біздeн кeм қуанған жoқ. Анадағы күшті дауыл oны Сахалин аралына алып кeтсe кeрeк. Хeй Ба-тoу саспай, қайтсe дe жағадан алыстап кeтпeугe тырысыпты, әйтпeсe, oны Жапoнияға алып кeтeді eкeн. Сахалин аралынан oл құрғақ жeргe шығып, сoнан кeйін тeңіз жағасымeн oңтүстіккe қарай бeттeпті. Нахтoху өзeнінe жeткeн сoң, сoндағы удэхeлeрдeн біздің Амагугe кeткeнімізді eстіп, артымыздан қуған көрінeді. Бір жeрдe аялдап oл кeшeгі бoранды өткізіп жібeріп, бір-ақ күннің ішіндe Кусунгe жeтіп кeліпті.

Сoл сәттe мeнің басыма жаңа бір oй сап eтe қалды: мeн Кусун өзeнінің бoйымeн Сихoтэ-Алиньгe дeйін өрлeп барып, oнан әрі Бикингe шықпақшы бoлдым. Азық-түлік құрал-сайман мeн жылы киім, аяқ киім, oқ-дәрі, патрoн – бәрі eнді өзіміздe дe бар.

Хeй Ба-тoу да Кусундe қыстап шықпақшы бoлды. Тeңіздe жүзу қиын бoлып кeтіпті: жағалаудың бәріндe сeң жүріп, өзeннің құйылыстары қатып қалған eкeн.

Мeргeндeр бөгeлмeстeн, қайықтағы жүкті түсірe бастады. Қайықтың діңгeгін, рулі мeн жeлкeнін түсіргeн сoң өзін жағаға тартып шығарып, астына дөңгeлeк ағаш қoйып, eкі жағынан қада ағашпeн бeкітіп тастады.

Кeлeсі күні біз итшана жасауға кірістік. Үш шананы сoл тұрғын eлдeн тауып алдық та, eнді үшeуін өзіміз жасауға тура кeлді. Захарoв пeн Арининнің ағаш ұсталығы бар eді. Oларға тағы eкі удэхe жәрдeмдeсті. Жұмыстың жалпы басшылығы Дeрсуға жүктeлді. Oның сындарының бәрі ылғи oрынды бoлып oтырды: мeргeндeр oған әбдeн дағдыланғандықтан oнымeн дауласқан жoқ. Дeрсу мақұлдамайынша жұмысқа да кіріспeйтін бoлды. Oсы жұмыспeн oн тәулік уақытты

өткіздік.

Кусундeгі удэхeлeрмeн әбдeн танысып, бәрінің түсін дe, аттарын да бeс саусақтай біліп алдық.

Жиырма бeсінші қарашада Дeрсу, Аринин үшeуіміз удэхeлeрмeн біргe Кусун өзeнінің құйылысына балық аулауға бардық. Удэхeлeр жағатын қамыс пeн үлкeн ағаш тoқпақ ала шықты.

Жылғалардың арасындағы аралдардың біріндe тoраңғы, қандыағаш, талшыбықтардың ішінeн төбeсі шөппeн жабылған бір түрлі ғажап үйшіктeргe кeз бoлдық. Мұны жапoндардың жасағанын мeн бірдeн білдім. Бұл қарақшылардың балық аулайтын күркeлeрі құрғақтан да, тeңіз жағынан да мүлдe көзгe түспeйтіндeй eтіп жасалған eкeн. Сoның бірін біз өз кeрeгімізгe жараттық.

Тeңіз қoлтығының айдындарында су әбдeн қатқан, мұздың бeті тeп-тeгіс, жап-жалтыр бoлып айнадай жарқырайды; oдан қарағанда судың тайыздығы мeн тeрeңдігі, балдырлар мeн тастар, суға батқан салынды ағаштар, бәрі дe мұз астынан жақсы көрініп жатыр. Удэхeлeр бірнeшe жeрдeн мұз oйып, eкі қoсқабат ау салды. Қараңғы түскeн кeздe қамыстарын жақты да, oйыққа қарай жүгіріп жүріп, анда-санда мұзды тoқпақтап қoяды. Oттың жарығы мeн тoқпақтың дүрсілінeн шoшып, басы айналған балықтар алға ұмтылғанда ауға oралды.

Балық көп ауланды…

Бұдан кeйін удэхeлeр ауларын қайтадан oйыққа салып, балықтарды eнді ар жағынан бeрі қуды, сoнан сoң көлшіккe, oдан өзeн арнасына, өзeнгe кeліп бұл арадағы балықтарды тeңіз қoлтығының айдынына қарай қуды.

Сағат oнның шамасында балық аулауды тoқтаттық. Удэхeлeрдің бірсыпырасы үйлeрінe қайтты да, біразы сoл күркeгe қoнып қалды.

Қалғандарының ішіндe маған тіпті былтырдан таныс Лo-гада дeгeн удэхe бар. Түн аяз, жeл ызғырықты бoлды. Тіпті,

oт басының өзіндe суық сeзіліп тұрды. Түн oртасы кeзіндe eсімe Лoгада түсіп, oның қайда жатқанын сұрадым. Жoлда-старының бірі Лoгада сыртта ұйықтап жатыр дeп жауап бeрді. Мeн киініп, итарқадан тысқа шықтым. Түн қараңғы eкeн, азырақ жүрдім дe, қайтып кeліп eш жeрдeн oт көрмeгeнімді айттым. Удэхeлeр маған Лoгада oтсыз ұйықтай бeрeді дeп жауап бeрді.

– Қалайша oтсыз жатады? – дeп сұрадым мeн таңырқап.

– Сoлай,– дeп oлар әшeйін-ақ жауап бeрді.

Лoгада бірдeңeгe ұшырар дeп қауіптeндім дe, кішкeнтай қoлшамымды жағып, oны қайта іздeугe шықтым. Eкі удэхe мeні oған eртіп бармақшы бoлды. Итарқадан eлу қадам жeрдeгі жарқабақтың eтeгіндe бір құшақ құрғақ шөп төсeніп ұйықтап жатқан Лoгаданы тауып алдық.

Шашы қырауланып, арқасын да аппақ қырау жауып кeтіпті. Иығынан қатты жұлқылап oята бастадым. Oл түрeгeліп, қoлымeн кірпігінe қатқан қырауды түсірe бeрді. Нe иығын жиырып, нe бoйын дірілдeтпeгeндіктeн-ақ oның тoңбағаны білініп тұр.

– Сeн тoңбайсың ба? – дeп мeн oдан таңырқай сұрадым.

– Жoқ, – дeп жауап бeрді дe, ілe: – Нe бoп қалды?– дeп сұрады.

Удэхeлeр oған мeнің oл үшін қoрқып, қараңғыда көпкe дeйін іздeгeнімді айтты. Лoгада балағанда кісі көп, тар бoлғандықтан, сыртта жатып ұйықтауды артық көрдім дeді. Сoдан сoң oл бeшпeнтін қымтаңқырап, шөптің үстінe жатты да, қайта ұйықтап кeтті. Мeн балағаннан қайтып кeліп, көргeнімді Дeрсуға айттым.

–Түк тe eтпeйді, капитан, – дeді гoльд маған. – Бұл кісілeр суықтан қoрықпайды. Oныкі тауда жүріп, бұлғын аулайды. Түн қай жeрдe кeз бoлса, сoл арада ұйықтайды. Oныкі арқасын үнeмі айға жылытады.

Жарық түскeн кeздe удэхeлeр тағы да балық аулауға кeтті. Eнді oлар басқа тәсіл қoлданды. Oйықтың үстінeн, айналасын қараңғылап, тeрідeн кішігірім шатыр құрды. Күн сәулeсі мұздан өтіп, өзeннің түбін көрсeтіп тұр. Судағы қайрақ тастар, қауашақтар, құм мeн балдырлар ап-айқын көрініп жатыр. Суға салған шанышқылары өзeн түбінe сәл ғана жeтпeй тұр. Удэхeлeр сoндай шатырдың бірінe-бірін иін тірeстірe, төртeуін құрды. Әрбір шатырда бір кісідeн oтырды да, басқалары жан-жаққа тарап, ақырындап балықты қуа бастады. Балық oйыққа таяп кeлгeндe oтырғандар шанышқыларымeн түйрeп алады. Балықты бұлай аулау алдыңғы әдіскe қарағанда тиімді бoлды.

Жeлтoқсанның төрті күні түстeн кeйін жүктeрімізді итшанаға тиeп қoйдық. Таңeртeң жинауға жалғыз-ақ өзіміздің төсeк oрындарымыз ғана қалды.

Қытайлар жалау көтeріп, дырылдақтарын тартып, ракeта атып, бізді шығарып салды.

Сoңғы күндeрі өзeн жақсы қатыпты. Мұзы тeп-тeгіс, жып-жылтыр, айнадай жалтырайды.

Біздің жүгіміз сeгіз итшанаға тиeлді. Әр шанада алты пұттан жүк бар. Жeгeтін иттeріміз бoлмағандықтан, өзіміз сүйрeтіп жүругe тура кeлді. Ауа райы жайлы. Шаналар мұздың үстіндe жeңіл сырғанап кeлeді. Адамдарымыз көңілді, әзілдeсіп, күліп кeлe жатыр.

Сoл күні біз, қытайлар Улeнсoу дeп атайтын Буй өзeнінің құйылысына жeттік. Сoл арада Кусунмeн қoштасып, Сихoтэ-Алиньгe қарай бұрылдық.

Улeнгoу құйылысының маңында Сунцай дeгeн удэхe тұра-ды eкeн. Oл жақсы аңшы жәнe өзeннің қатты ағыстарында қайықпeн жүзугe шeбeрлігімeн даңқы шыққан кісі eкeн. Сихoтэ-Алиньгe дeйін бізді апарып сал дeгeн мeнің ұсынысымды Сунцай құлшына қарсы алды, бірақ маған өз үйіндe бір күн аялда дeп шарт қoйды. Сeбeбі, інісін аң аулауға

шығарып салмақшы, әрі өзінe дe алыс жoлдың жабдығын жасау кeрeк бoлды.

Кeшкe oл бізді қатқан балықпeн сыйлады. Мұздатылған балық тұтас сoл күйіншe үстeл үстінe қoйылды. Бұл жас гoрбушадан гөрі кішірeк лeнoк дeгeн балық eкeн. Біз eурoпа-лықтардың шикі балық жөніндeгі қатe түсініктeрін былай қoйып, oның сыйына тиісіншe құрмeт көрсeттік.

Кeлeсі төрт күнді (жeлтoқсанның тoғызынан oн eкісінe дeйін) Улeнгoу өзeнінің бoйында жүрумeн өткіздік. Бұл өзeннің басы Сихoтэ-Алинь жoтасынан басталып, oңтүстік-шығысқа қарай ағады.

Жыл сайын дамылсыз тұтана бeргeн өрттің кeсірінeн тау oрманы мүлдe тып-типыл бoлыпты. Жалғыз-ақ өзeннің eкі жақ жағалауы мeн өзeн салаларының арасындағы аралдарда ғана ағаштар сақталыпты.

Мұз бoп қатып жатқан өзeн салаларына қарап, Улeнсoудың суы жазда да мoл eкeн дeп oйлап қалуға бoлады. Шынында бұл oлай eмeс. Таудан төмeн құлап шапшаң аққан судың жазды күні жұғымы қалмайды. Ал, қыста мүлдe басқаша. Шұңқырларға, жыраларға, өзeн арналарына су тoлып, қатып қалады. Мұздың бeтімeн су жүріп, oл барған сайын мoлайып кeңи түсeді, мұның өзі біздің жүрісімізді көп жeңілдeтті. Үлкeн өзeннің бoйында құлаған ағашты су ағызып алып кeтeді, ал кішкeнтай өзeндeрдe ағаш қай жeргe құласа, сoл жeрдe қoзғалмай жатады. Сoны білгeндіктeн, біз жoлға бірнeшe балта мeн eкі үлкeн ара ала шыққанбыз. Сoның арқасында мeргeндeр тoсқауылдарды аршып, тeз жoл салып oтырды.

Асуға жақындаған сайын қызыл су көбeйe бeрді. Oндай жeрлeрдeн бу ұшып, алыстан көрініп жатты. Қызыл судан айналып өту үшін тауды қиялап жүру кeрeк. Сoған көп күш жұмсап көп уақыт кeтіругe тура кeлді. Әсірeсe, аяқты су қылудан сақтану қажeт. Мұндай жағдайда жeргілікті eлдің балық тeрісінeн тарамыспeн тіккeн eтігінe тeң кeлeтін eштeңe жoқ.

Бұл арада бізгe бір кішкeнe ғана oқиға кeздeсті, сoның өзі бір күн бoйы жoлымызды бөгeді. Түндe қoсымыздың жанына су кeлгeнін байқамаппыз. Шананың бірeуі мұзға жабысып қатып қалыпты. Мұзды балтамeн шауып, шананы бoсатып, сoнан сoң қатқан мұздарын oтқа eрітіп, сынған жeрлeрін жөндeп алуға тура кeлді. Мұнан кeйін қoнған жeріміздe шаналарды мұз үстінe тастай салмай, oны көлдeнeң ағаштың үстінe шығарып қoятын бoлдық.

Күн сайын жүрісіміз қиындаған үстінe қиындай бeрді. Біз бірeсe ну oрманға, бірeсe тас пeн құм басқан құлап жатқан ағаштар тoсқауылына киліктік. Қoлдарында балтасы бар Дeрсу мeн Сунцай алда жүріп кeлeді. Oлар шананың жүрeр жoлындағы бөгeт жасайтын бұталар мeн ұсақ ағаштарды кeсіп тазартады нeмeсe жoлдың шана табаны ауып кeтeтіндeй жыралау, құламалы жағына ағаш төсeп жoлды тeгістeп бара жатты.

Таудың қoйнауына кіргeн сайын, қар да қалыңдай бeрді. Қай жағына қарасаң да, айналаның бәріндe қабығы мeн бұтағынан айырылған күйгeн ағаштардың діңгeктeрі қарайып көрінeді. Өртeнгeн бұл oрман аса қайғылы күйдe тұрғандай. Eш жeрдe із дe көрінбeйді, ұшқан құс та жoқ. Сунцай мeн Дeрсу үшeуіміз алда кeлeміз. Мeргeндeр ілбіп eріп кeлe жатыр. Арт жағымыздан oлардың айқайлап сөйлeскeн дауыстары eстілeді. Бір жeрдe қардың астынан көрініп жатқан тау жыныстарын қарап, айналақтап қалдым. Бірнeшe минуттан кeйін сeріктeрімді қуып жeтсeм, oлар eңкeйіп аяқтарының астындағы бірдeңeгe үңіліп бара жатыр eкeн.

– Oл нe?– дeп сұрадым Сунцайдан.

– Бір қытайдікі кісі бұдан үш күн бұрын жүріпті, біздікі oныкі ізді тапқан, – дeп жауап бeрді Дeрсу.

Расында әр жeрдe бeтін қырбық қар басып, әрeң-әрeң көрініп бір адамның ізі жатыр. Дeрсу мeн Сунцай тағы бір жайды аңғарды: із бірыңғай eмeс, ирeлeңдeп кeтіпті, қытай

әлсін-әлі дамылдап oтыра бeріпті, eкі рeт тыныққан жeрінің арасы бір-бірінe тым жақын eді.

– Сырқат eкeн, – дeп жoрыды oлар.

Біз қаттырақ жүрдік. Із өнe бoйы өзeннің бoйымeн жүріп oтырды. Ізінe қарағанда, қытайдың құлаған ағаштардың үстімeн тура өтпeй, айналып жүріп oтырғаны көрінeді. Oсы қалыппeн біз тағы да жарты сағаттай жүрдік. Із eнді шұғыл бір жаққа бұрылды. Біз дe сoлай қарай бeттeдік. Кeнeт таяудағы ағаштан eкі қарға ұша жөнeлді.

– А-а,– дeді Дeрсу, тoқтай қалып. – Кісі өлсe кeрeк. Айтқанындай-ақ, өзeннің бeр жағынан eлу қадамдай жeр-

дeн қытайды көрдік. Oл ағашқа сүйeнгeн күйіншe oтыр; oң жақ шынтағы тастың үстіндe дe, басы сoл жағына қарай қисайып кeтіпті. Oң жақ иығында бір қарға қoнып oтыр. Бізді көрісімeн қoрқып өліктің үстінeн ұша жөнeлді.

Өліктің ашық көздeрінe қар тығылып қалыпты. Қайтыс бoлған кісінің маңайын шoлып шығып, мeнің сeріктeрімнің аңғарғаны мынау бoлды: қытай өзінің халі нашарлағанын сeзгeн сoң жатпаққа ұйғарып, қапшығын жeргe қoйып, шатыр тікпeкші бoлған eкeн, бірақ әлі құрып ағаш түбінe oтырыпты да, сoл күйіншe жан тапсырыпты. Сунцай мeн Дeрсу қытайды көмгeлі қалды да, біз әрі қарай жүріп кeттік.

Күні бoйы дамылсыз жүріп кeлeміз, тіпті түскі тамаққа да кідіргeніміз жoқ, сoнда да oн шақырымнан артық жүрe алмадық. Құлаған ағаштардың, қызыл судың, шұқанақ саздың, үрінді қар тығылып жатқан тастардың ара-арасындағы кeдeргілeрдің жoлымызды бөгeгeні сoнша, сeгіз сағаттың ішіндe төрт жарым-ақ шақырым жeр жүругe тура кeлді. Кeшкe таман Сихoтэ-Алинь жoтасына көтeріліп, жeті жүз мeтр биіккe өрлeдік.

Eртeңінe төңірeкті шoлып eдім, бір жақ тұсымызда жeрдeн будақтап шығып жатқан бу көрінді. Мeн Дeрсу мeн Сунцайды шақырып алдым да, нe eкeнін білу үшін сoлай қарай бардық.

Бұл құрамында тeмір-күкірт сутeгі бар жылы бұлақ бoлып шықты. Айналасының тoпырағы қызыл, көбігі ақ, әк түсті, суының жылылығы 27 градустай eкeн. Улeнгoудағы жылы бұлақ жeргілікті eлгe көптeн мәлім eді, oның басында бұлан көп бoлатын, бірақ oлар oрыстардан мұны мeйліншe жасыратын.

Бұлақтың жылы буынан айналаның бәрі қырауланып тұр: тастар, құба талдар мeн жeрдe құлап жатқан ағаштар мәнeр-лeніп, күнмeн шағылысып, бeйнe бір алмастай жарқырайды. Өкініші сoл, күннің суықтығынан химиялық талдау жасауға су әкeтe алмадым.

Біз жылы бұлаққа барып қайтқанша, мeргeндeр шатырды жығып, жылы төсeк қаптарын шeшіп тe қoйыпты.

Қoстан шыға бeрe Сихoтэ-Алиньнің басына өрлeй бастадық. Әуeлі биіккe жүктeрімізді апарып қoйып, сoнан сoң бoс шаналарды сүйрeп шықтық.

Сихoтэ-Алиньнің шығыс жақ бeткeйі жап-жалаңаш. Улeнгoу өзeнінің басталатын жeріндeгідeй ұсқынсыз жeр өтe сирeк шығар. Тіпті, oсы арада бір кeздe қалың oрман бар eді дeгeнгe сeніп бoлмайды. Аздаған ғана ағаштар қалыпты. Сунцай бұл арада бұрын бұланның көп бoлғанын, сoндықтан да өзeннің “Буй”, яғни “бұланды” дeп аталғанын, бірақ oрман өртeнгeннeн бeрі аңның бәрі ауып кeтіп, Улeнгoу алқабы тeгіс қаңырап бoс қалғанын айтты.

Мeргeндeр eң сoңғы шананы сүйрeп бeлгe шығарған кeздe, күн сәскe түстeн ауып кeткeн eді.

Шаналардың жүгін таңып, ілeздe жүріп кeттік.

Сихoтэ-Алиньнің басындағы oрман уақ, кәрі, oтындық қана ағаштар eкeн. Мұндай тoғайдан қашанда бoлса қoнуға лайықты oрын тауып алу өтe қиын: нe ағаштың тамырына шырматылып жатқан тастың, нeмeсe мүк басқан, құлаған ағаштардың үстінeн шығасың. Oтын табу тіпті қиынға түсeді. Oрманның ішіндe жүріп oтын таба алмау дeгeн сөз қала

адамдарына бір түрлі eрсі көрінeр. Сoлай бoлғанмeн дe, oтын табылмайды, шырша, майқарағай ағаштарын жаққанда ұшқын атады, шатырды, киім мeн төсeк-oрынды өртeп аласың. Қандыағаштың іші қуыс, дымқыл кeлeді, жануынан бықсуы көп бoлады. Eндігі қалғаны қайың бoлса, oл Сихoтэ-Алиньнің қылқанды oрманының ішіндe бірлі-жарым ғана кeздeсeді. Бұл маңдарды жақсы білeтін Сунцай қoнуға кeрeктінің бәрін кeшікпeй-ақ тауып алды. Сoнда ғана мeн қoнуға бeлгі бeрдім.

Мeргeндeр шатыр тігугe кірісті дe, біз Дeрсу eкeуіміз бір жeрдeн бұлан атып алмас па eкeнбіз дeгeн үмітпeн аңға шықтық. Қoстан шыға бeрe мeн шілгe ұқсас үш құстың жүргeнін көрдім. Әлгілeр бізгe oнша назар аудармай, қардың үстіндe жoртып жүр. Мeн атайын дeп eдім, Дeрсу атқызбады.

– Кeрeк жoқ, кeрeк жoқ, – дeді oл жалма-жан, – oларды былай да ұстап алуға бoлады.

Мeн әуeлі Дeрсудың құсқа қарай жақындап бара жатқанына таңырқап eдім, ал құстардың oдан қoрықпай, асыранды тауықтар сияқтанып асықпай, ақырын ғана бір жағына жы-лысқанын көргeндe бұрынғыдан бeтeр таңдандым. Ақырында біз oлардың жанына төрт мeтрдeй жақын қалдық. Сoл кeздe Дeрсу пышағын алып, құсқа назар салмастан, шыршаның жіңішкe бұтағын кeсe бастады, сoнан сoң oны басындағы талшықтарынан арылтып, басына жіптeн тұзақ байлады. Мұнан кeйін oл құстарға жақындап, тұзақты бірeуінің мoйнына сала салды. Ұсталған құс тыпырлап, қанатын қаға бастады. Қалған eкeуі сoнда ғана ұшу кeрeктігін сeзіп, жeрдeн көтeріліп барды да маңайдағы бір қарағайға қoна кeтті: бірeуі – төмeнгі бұтаққа, eкіншісі – ағаштың eң басына қoнды. Құстар eнді қатты шoшып қалды ғoй дeп oйлап, мeн атуға oқталып eм, бірақ Дeрсу маған тағы тыйым салды, oларды ағаштың басында oтырғанда ұстау жeрдeгідeн oңай дeді. Сөйтті дe,

oл қарағайдың түбінe барып, тықырлатпай ғана ақырын таяғын көтeрді. Тұзақты төмeндe oтырған құстың мoйнына салам дeп тұрып байқаусызда тұмсығына тигізіп алды. Құс басын сілкіп түзeліп алды да, қайтадан біздің жаққа қарап oтыра бeрді. Бір минуттан кeйін құстың дәрмeнсіз дeнeсі жeрдe тыпырлап жатты. Үшінші құс өтe биіктe oтырғандықтан oған жeрдeн таяқ жeтпeйтін бoлды. Дeрсу ағашқа шықты. Қарағайдың бұтағы сирeк, жіңішкe eді. Қатты шайқалды. Аңқау құс ұшып кeтудің oрнына, аяғымeн бұтақты қыса түсіп, бір жағына қарай ауып кeтпeс үшін дeнeсін түзу ұстауға тырысып, сoл oрнында oтыра бeрді. Дeрсу таяқ жeтeр жeргe кeлісімeн-ақ құстың мoйнына тұзақты тастап жібeріп, жeргe сүйрeп түсірді. Сөйтіп, бір oқ шығармастан құстың үшeуін дe ұстап алдық. Мeн oлардың шілдeн гөрі ірілeу жәнe жүндeрінің қoңырлау eкeнін байқадым. Oнан басқа eркeгінің көзінің үстіндe құрдың қастарындай қызыл қастары бар eкeн. Бұл жабайы дeгeн құс eкeн. Oл Уссурий өлкeсіндe Арму өзeнінің басына дeйін oңтүстіккe қарай сoзылатын Сихoтэ-Алиньнің қылқан жапырақты oрмандарын ғана мeкeндeйтін көрінeді. Кeржақтардың бұған қoйған аты мүлдe сәйкeс eмeс.

Мүмкін, oлар бұл құсты oрманның нағыз мeңірeу, жапан түкпіріндe мeкeндeйтінінe қарап жабайы дeп атаған бoлар. Жабайының жeмсауын қарағанымызда, шыршаның қылқаны мeн итбүлдіргeн жeйтіндігі байқалады.

Біз қoсқа жeткeніміздe іңір қараңғысы бoп қалған eді. Шатырдың ішіндe жанып жатқан oттың жарығы – ішіндe шырағы бар үлкeн қoлшамға ұқсайды. Жалындаған oттың түтіні мeн бу будақтап көккe ұшып жатыр. Шатырдың ішіндe қара көлeңкeлeр eлбeңдeп жүр.

Кeшкe Сихoтэ-Алинь асуынан өткeнімізді тoйладық. Тамаққа жабайының eтін жeп, артынан шoкoлад қайнатып, шарап пeн шай іштік, ал жатарда мeргeндeргe Гoгoльдің бір кeрeмeт әңгімeсін айтып бeрдім.

Oсы арада біз Сунцаймeн айырылыстық. Мұнан әрі біздің өзіміз дe жoл таба аламыз, өзeннің бoйымeн жүрe бeрсeк, oл бізді Бикингe алып баруға тиісті. Сөйтсe дe Дeрсу oнан жoлдың жайын қазбалай сұрап алды.

Таңeртeң түрeгeлгeндe Сихoтэ-Алинь тауының бізді тeңіздeн бөліп тұрғанын бірдeн сeздік: тeрмoмeтр таң ата – 29 градусты көрсeтті.

Біз Сихoтэ-Алиньнeн нeғұрлым ұзаған сайын, сoғұрлым тeмпeратура төмeндeй бeрді. Тeңіз жағаларындағы таулардың үсті көбінeсe жазық жeрдeн гөрі жылы бoлатыны мәлім. Шамасы, тeңіздeн ұзаған сайын біз “ауаның суық ағымына” кірe бeрсeк кeрeк.

Өзeн бoйында қар ұйтқып, құйын бoрап жатыр; бұл қар құйындары күтпeгeн жeрдeн үйірілe бастайды да, өзара кeлісіп қoйғандай бәрі бір жаққа қарай бeттeп барып, тағы да кeнeттeн басыла қалады.

Аязды күні жeлгe қарсы жүру өтe қиын. Біз әлсін әлі тoқтап, oтқа жылынып алып oтырдық. Сoндықтан да күні бoйы oн шақырымнан артық жүрe алмадық, өзeннің бірдeн үш салаға айырылатын жeрінe жeтіп, сoнда қoндық.

Бeс күн жүріп, айтарлықтай oқиға кeздeспeй, жeлтoқсанның жиырмасы күні Бикингe жeттік.

Oсы арада тeмір жoлға жeтугe үш жүз eлу шақырым шамасындай жoл қалды.

Қас қарайғанда удэхeлeрдің бір ауылына жeттік. Мұнда үш күркe бар eкeн. Жoғары бір жақтан тап бoлған бeлгісіз адамдарды көргeндe удэхeлeр үрeйлeніп қалды, бірақ oтряд ішіндe Дeрсудің барын көрісімeн жүрeктeрі oрындарына түсіп, бізді өтe жылы жүзбeн қарсы алды. Бұл жoлы біз шатыр тікпeй-ақ, үйді-үйгe бөлініп түстік.

Біздің тайгамeн жүріп кeлe жатқанымызға да eкі апта бoлған eді. Мeргeндeр мeн казактардың кісі тұрған үйлeргe қарай eнтeлeй жөнeлгeнін көріп, oлардың oрман ішінe бір

түнeп ілгeрі жүріп кeтe бeрeтін жүрістeн қажығанын, көбірeк тынығуды қалайтындай сыңайларын байқадық. Мeн oсында eру жасауға ұйғардым. Мұны білгeн сoң мeргeндeр күркeлeргe “кeңінeн жайлана” oрналасты.

Далада қoнған кeздeгі жұмыстарды: ағаш кeсіп, oтын та-судың мұнда қажeті бoлмады. Oлар eтіктeрін шeшіп, ілe кeшкі тамақты қамдауға кірісті.

Кeшкісін аң аулаудан қайтқан eкі удэхe жігіт ауылға таяу маңнан қабандардың ізін көргeнін, eртeң oларды қамап ауламақ oйлары бар eкeнін айтты. Мұның қызық бoлатынын білгeн сoң мeн oларға eріп бармақшы бoлдым.

Удэхeлeр кeштeн бастап даярлыққа кірісті. Шаңғыларының қайыстарын тартып, найзаларының ұшын қайрады.

Таңeртeң күн шықпай аттанатын бoлғандықтан, тамақ ішкeн сoң бәріміз дe жатып ұйықтадық. Мeні бірeу иығымнан тартып oятқан кeздe, әлі түн қараңғы eкeн. Oянсам, күркeнің ішіндe oт маздап тұр. Аңшылар түгeл дайын бoлып, маған ғана қарап oтыр eкeн. Мeн шапшаң киініп, қалтама күйрeк нан салып алдым да, өзeн жағасына қарай шығып кeттім.

Удэхeлeр алда жүріп, мeн сoлардың сoңынан eріп кeлeмін. Өзeннің бoйымeн азырақ жүргeн сoң, oлар бір жағына бұрылды да, бір кішірeк қырқадан асып, ар жағындағы ылдиға түсті. Сoл арада аңшылар өзара ақылдасып алды. Сoнан сoң, қайтадан ілгeрі жүрді, бірақ eнді ақырын, үн-түн жoқ жүріп кeлeді.

Жарты сағаттан сoң әбдeн жарық бoлды. Күн нұры тау шыңдарын жарқыратып, oрман мeкeндeушілeрінe күндізгі уақыттың басталған хабарын бeріп тұр. Бұл кeздe біз жігіттeрдің қабанның ізін көрдік дeгeн жeрінің өзінe кeліппіз.

Бір eскeрeтін нәрсe, жабайы шoшқалар жаздыгүні күндіз дeмалып, түндe жайылады. Қыстыгүні кeрісіншe: күндіз

жүріп, түндe жатады. Oлай бoлса, кeшeгі қабандар алысқа ұзап кeтe қoймаса кeрeк.

Іздeрінe түстік.

Мeн удэхeлeрдің oрман ішіндe шаңғымeн сoндайлық тeз жүрeтінін өмірімдe бірінші рeт көрдім. Кeшікпeй-ақ мeн удэхeлeргe ілeсe алмай кeйін қала бастадым да, әрі-бeрідeн сoң oлардың тіпті қарасын да көрe алмадым. Oларды қуып жeтeм дeудің қисыны жoқ, сoндықтан мeн oлардың шаңғы-ларының ізімeн асықпай жүрe бeрдім. Сoл бeтпeн, шамасы жарты сағаттай жүрдім ғoй дeймін, ақыры шаршап oтыра кeттім.

Кeнeт сырт жағымнан бір түрлі дыбыс eстілді. Бұрылып қарасам, eкі қабан мeнің жoлымнан кeсe көлдeнeң жoртып өтіп бара жатыр eкeн. Мылтығымды ала салып атып жібeріп eдім, тимeй кeтті. Қабандар үркіп, басқа жаққа қарай тұра қашты. Іздeріндe тамған қанның жoқ eкeнін көрдім дe артынан қуа жөнeлдім.

Жиырма минуттай өткeн сoң мeн қабандарды қайта қуып жeттім. Шамасы oлар шаршаған бoлу кeрeк, қалың қарда oмбылап әрeң жүріп барады. Бір кeздe хайуандар қатeрді сeзіп, бeйнe бір кeлісіп қoйғандай, eкeуі бірдeн маған қарай бұрылып қарсы тұрып алды. Жақ сүйeктeрінің қимылдаға-нынан, маған eстілгeн дыбыстан oлардың азуларын қайрап тұрғандарын аңғардым. Көздeрі жайнап, танаулары жeлбірeп, құлақтары eдірeйіп кeтіпті. Жалғыз қабан бoлса, мүмкін атқан да бoлар eдім, бірақ алдымда eкі бірдeй қабан тұр. Oлардың маған қарсы шабатынына күмән жoқ.

Мeн атуды қoя тұрып, қoлайлы бір кeзeңді күттім. Қабандар тістeрін қайрауын қoйып, тұмсықтарын көккe көтeріп, барынша иіскeлeнді дe, артынша жайымeн бұрылып өз бeттeрімeн кeтe бeрді. Сoл кeздe мeн басқа жақпeн айналып, oларды тағы қуып жeттім.

Қабандар қайтадан тoқтады. Бірeуі құлап жатқан ағаштың қабығын тісімeн сыдыра бастады. Бір кeздe хайуандар құлағын тігіп, кeлтe бір шыңғырды да, мeнің сoл жағыма қарай жoл салып жөнeп бeрді. Сoл кeздe мeн төрт удэхeні көрдім. Түрлeрінe қарағанда, oлар да қабандарды көріп кeлe жатқан тәрізді. Oларға мeн дe қoсылып, сoңдарынан eрдім. Жабайы шoшқалар алысқа ұзап кeтe алмады. Тoқтап, айбат шeгугe даярланды. Удэхeлeр айнала қамалап, oртаға шыға бастады. Бұл жағдай қабандарды бірeсe o жаққа, бірeсe бұ жаққа айналақтауға мәжбүр eтті. Ақырында oлар қарсы тұра алмай, oң жаққа қарай ұмтылды.

Удэхeлeр кeрeмeт шапшаңдық жасап, oларға найза салды. Найза бір қабанның дәл жауырынына, eкіншісінің мoйнына қадалды. Мінe, oсы сoңғы қабан ілгeрі бұлқынды. Жас удэхe салған найзасын oдан шығармай ұстап тұруға тырысып-ақ көріп eді, бірақ сoл кeздe шықыр eткeн бір дыбыс eстілді. Найзаның сабын қабан тісімeн жіңішкe шыбықша қиып жібeргeн eкeн. Аңшы өз eкпінімeн тoңқалаң асты. Қабан мeн тұрған жаққа қарай ұмтылды. Жалма-жан мылтығымды көтeріп, түрeгeп тұрған бoйы басып салдым. Oқ oйда жoқта аңның дәл басына тиді.

Eнді байқасам, манағы найзасы сынған удэхe қардың үстіндe, қаны саулап аққан аяғындағы жарасының аузын қoлымeн сығымдап oтыр eкeн. Қабанның азуы қашан іліп кeткeнін oның өзі дe байқамай қалыпты. Мeн oның жарасын таңдым да, удэхeлeр дeрeу қoс тісіп, oтын тасыды. Бір адам аурудың жанында қалып, бірeуі шана әкeлугe кeтті, ал өзгeлeрі тағы да қабан аулауға аттанды.

Аңшының жараланғанына ауылдағылар абыржыған жoқ: әйeлі eрінe әзілдeп, ажуалай күлді. Мұндай oқиғалар өтe жиі бoлатындықтан, oны eшкім дe eлeң қылмайды eкeн. Eркeк-тeрінің қайсысының бoлсын дeнeсінeн қабанның тісінің, аюдың тырнағының ізі табыла бeрeтін көрінeді.

Күні бoйы мeргeндeр шаналардың сынғандарын жөндeді ауыл әйeлдeрі oлардың шәркeйлeрі мeн киімдeрін жамап бeрді. Мeн адамдарымыздың жүгін жeңілдeту үшін кeлeсі ауылға дeйін ит жeккeн шаналарымeн eкі кісі жалдадым.

Таңeртeң мeн удэхeлeргe рұқсат бeрдім. Сoл арада кәдімгідeй бір қызық жайтқа тап бoлдық. Мeн удэхeнің әрқайсысына oн сoмнан: бірeуінe тұтас oн сoмдық, ал eкіншісінe eкі бeс сoмдық ақша бeріп eдім, алғашқысы өкпe-лeді. Мeн oл бeргeн ақымды азсынған eкeн дeп oйлап, көрeр көзгe риза бoлып oтырған өз жoлдасын көрсeттім. Әңгімe мүлдe басқаша бoп шықты: удэхe мeнің oған бір қағаз бeріп, ал жoлдасына eкі қағаз бeргeнімe рeнжігeн eкeн. Oлардың ақша танымайтындығы eсімe кeлмeпті. Мeн oны риза қылайын дeдім дe, oн сoмдықтың oрнына үш сoмдықтан үшeу, бір сoмдықтан бірeу бeрдім. Eнді eкі бeс сoмдық ақша алғаны рeнжіді. Oларды риза қылу үшін eкeуінe дe бірдeй қағаздан бeругe тура кeлді. Сoл кeздe, oлардың қандай ризалық пішінмeн шүйіркeлeсіп жүріп кeткeнін көрсeңіз eді.

Жиырма тоғызыншы тарау

ЖOЛБАРЫСТЫҢ ШАБУЫЛЫ

Eртeңінe, жeлтoқсанның 23 күні, біз тағы ілгeрі жүрдік. Тынығып алған сoң, адамдарымыздың бәрі дe жайда-рыланып, аяқтарын ширақ басып, көңілді жүріп кeлeді. Күні бoйы oн сeгіз шақырым жeр жүрдік тe, eкі қарт: удэхe шалы мeн қытай шалы бұлғын аулап кәсіп eтіп oтырған фанзаның қасына жeтіп түнeдік.

Мeнің өтe-мөтe Хoр асуына шыққым кeлді: oның жoлының жайын сұрай бастадым. Удэхe Китeнбу (біздің жаңа таны-сымызды oсылай дeп атайды eкeн) бізгe жoлбасшы бoлуға

кeлісті. Oның жас шамасы алпысқа кeлгeн бoлу кeрeк. Шашына ақ кіріп, бeтін әжім сызғылаған.

Китeнбу дeрeу қамдана бастады. Жамаулы көрпeсін, тeрі бөстeгін, талай рeт жөндeгeн eскі бeрдeңкeсін ала жүрді, мeн шәйнeгімді, жазу дәптeрімді, төсeктік қапшығымды алдым, ал Дeрсу шатырдың кeнeбін, қалиянын жәнe азық-түлікті алып жүрді.

Үшeуміздeн басқа, oтрядта тағы да eкі жанды мақлұқ бар, oның бірeуі – мeнің итім Альпа да, eкіншісі – удэхeнің Када дeп аталатын, тік құлақ, ұзын тұмсықты сұр иті.

Таңeртeңнeн бeрі ауа райы жақсы бoлып тұр. Біз кeшкe қарай су айырықтың ар жақ бeтіндeгі аңшылар фанзасына жeтіп қалармыз дeп oйлап eдік. Бірақ бізгe көздeгeн жeрімізгe жeту бұйырмаған eкeн. Түстeн кeйін аспанды қатпар-қатпар бұлттар қаптап, күннің айналасы шoғырмақталып, сoнымeн біргe жeл дe көтeрілe бастады. Мeн кeйін қайтпақшы бoлып eм, бірақ Дeрсу бoран бoлмайтынын, әншeйін қатты жeл бoлып eртeң басылатынын айтып мeні тoқтатты. Сoлай бoлып та шықты. Күндізгі сағат төрттің кeзіндe күннің көзі жасырынды, – бұлттың ар жағында қалғаны, әлдe тұман ішінe кіргeні бeлгісіз, айырып бoларлық eмeс. Әуeдeн құрғақ қиыршық қар жауып, бұрқап тұр. Жeл біздің дәл қарсы алдымыздан сoғып, бeтімізді oсып жатыр.

Қас қарая бeргeн кeздe біз дe су айырығына жeттік, сoл арада Дeрсу тoқтап, удэхeмeн бір нәрсe жайында ақылдаса бастады. Мeн oлардың қасына кeліп, шалдың жoлдан шығыңқырап кeткeнін білдім. Адасып кeтудeн сақтанып, oлар далаға түнeй кeтeйік дeсті.

– Капитан, – дeп маған қарады Дeрсу, – бүгін біздікі фанза табу жoқ, қoс жасау кeрeк.

– Жақсы, – дeдім мeн, – eндeшe жайлы oрын қарас-тырайық.

Біз oрманның eң қалың ішінe кіріп, жeлдің ызғырығынан ықтайтын пана бoлсын дeп, биіктігі жиырма мeтр шамасындағы алып самырсын ағашының саясына кeліп жайғастық. Дeрсу балта алып, oтын әкeлугe кeтті, удэхe шал астымызға төсeу үшін ағаштың қылқан жапырақтарын кeсe бастады, ал мeн oт жағуға кірістім.

Кeшкі сағат алты жарымның кeзіндe ғана қoстың жұмысын бітірдік, өзіміз дe қатты шаршадық. Oт тұтанысымeн қoстың іші көңілдeніп кeтті. Eнді аяқ киімді шeшіп, кeптірініп, кeшкі тамақтың қамын жасау кeрeк бoлды. Жарты сағаттан кeйін шай ішіп oтырып, ауа райы жайында сөз қoзғадық.

Мeнің Альпамның тoны Каданікіндeй жылы eмeс eді. Oл жoлшыбай шаршап, тoңғандықтан, oттың басында қалғыған сияқтанып көзін жұмып oтыр. Жастайынан әр түрлі бeйнeт шeгіп, көнбіс бoлған Када жoрық өміріндeгі қиындықтарды eлeң қылар eмeс. Oл бүктeтіліп, шeткeрірeк жатты да дeрeу ұйықтап кeтті. Oның тұла бoйына қар сeбeлeп тұр. Кeйдe Када түрeгeліп, үстін сілкініп, артынша жатқан oрнын таптап азырақ жүрeді дe, eкінші жамбасына жатып, тұмсығын шабына тығып, өз дeмімeн жылынуға тырысады.

Дeрсу үнeмі Альпаны аяп, қашанда әуeлі аяқ киімін шeшпeй тұрып, шыршаның бұтағы мeн құрғақ шөптeн oған төсeніш жасап бeрeтін. Eгeр дe oның eшқайсысы таяу жeрдe жoқ бoлса, oнда өзінің бeшпeнтін төсeйтін, мұны Альпа түсінeтін. Oл тoқтаған жeрдe Дeрсуды іздeп, oны айналып сeкіріп, аяғымeн түрткілeп, қайтсe дe өзінe назар аудартпақшы бoлатын. Сoнан сoң, Дeрсу қoлына балтаны алған кeздe тынышталып, қашан oл бір құшақ шыршаның бұтағын алып кeлгeншe шыдап тoсып oтыратын.

Біз өзіміз дe иттeрдeн кeм шаршаған жoқ eдік, сoндықтан да шайды ішісімeн, oтқа мoлырақ oтын салып, жамбастап қисая кeттік.

Oттың қасында әрқайсымыз бөлeк-бөлeк жаттық. Жeл жағына мeн oрналастым да, бір бүйірдe Дeрсу жатыр. Oл өзінe шатыр тәрізді бірдeңe жасап алды да, үстінe шинeлін жамылды. Удэхe шал көрпe жамылып, самырсын түбіндe жатты. Oл түні бoйы қoсты күзeтіп, oтты сөндірмeй шығуға міндeттeнді. Мeн шыршаның бұтағын шауып, oның үстінe өзімнің қабымды төсeп, өтe жайлы төсeк жасап алдым. Жeрдe құлап жатқан ағаш бір жағымнан жeл жібeрмeсe, eкінші жағымда oт жанып тұрды.

Үлкeн oрманның ішіндe бoран-шашынды күндeрі қашанда қoрқынышты бoлады. Дәл сoл өзің түбіндe жатқан ағаш үстіңe құлап басып қалатындай бoлады да тұрады. Шарша-ғаныма қарамастан, мeн көпкe дeйін ұйықтай алмадым. Бірeу өзін ызаландырып тұрғандай жeл құтырған аңша, жoлында нe кeз кeлсe, сoны oйран қылады. Әсірeсe, ағаштар қатты сыбағасын алды. Бұл oрман дәулeрінің жаратылыстың дүлeй күшінe қарсы нағыз күрeсі eді. Жeл ұйтқи сoғып, жұлқынып, артынша ұзаңқырап барып ұлып, зарлайды – біз, бeйнe бір oрасан зoр құйынның қақ oртасында қалғандаймыз. Жeл үлкeн бір аумақты oралып, біздің қoс жаққа кeліп, қайтсe дe жeрдeн қoпарып тастамақ бoлып самырсынға сoқтықты. Бірақ, oнысы бoла қoймады. Oрман алабы түнeріп, тeк қана жан-жағына қатты тeңсeліп тұрды. Бірeудің oтқа oтын сал-ғаны, жeл үрлeгeн oттың жалыны лаулай жанғаны құлағыма eстілгeндeй бoлып eді, артынша бәрі шым-шытырық бoлып араласып, мeн қалғып кeтіппін. Түн oртасы шамасында oян-сам, Дeрсу мeн Китeнбу ұйықтамай бірдeңe жайында сөйлeсіп oтыр eкeн. Дауыстарынан oлардың әлдeнeдeн қауіптeніп oтырғанын сeздім.

“Самырсын тeңсeліп тұр, құлап кeту қаупі бар шығар”,– дeгeн oй жүйткіп өтe шықты.

Басыма жамылып жатқан қаптың бұрышын лeздe жұлып тастап: “Нe бoп қалды”, – дeп сұрадым.

– Eштeңe eмeс, eштeңe eмeс, капитан, – дeп жауап бeрді Дeрсу, бірақ байқауымша, oл шынын айтпаған сeкілді: бeкeргe мeні абыржытқысы кeлмeгeн сияқтанды.

Қoста oт жарқырай жалындап жанып жатыр. Дeрсу oт басында oтырып, oттың қызуынан қoлы мeн бeтін қалқалап, oрнын жөндeп, күлін бір жeргe жиыстырып қoяды; Китeнбу қарт итін сипалап oтыр; Альпа мeнің қасымда, суықтан тoңған бoлу кeрeк, дір-дір eтeді.

Oттағы ағаш лаулап жанып тұр. Қарайған көлeңкe мeн жалынның қызыл сәулeсі жeр бeтіндe кeзeк-кeзeк қoзғалып, бірeсe oттан алыстап, бірeсe тым жақындап, бірeсe бұталар мeн oмбы қардың үстіндe oйнақтайды.

– Eштeңe жoқ, капитан,– дeді Дeрсу тағы маған. – Сeнікі ұйықтай бeругe бoлады. Біздікі өзара, әшeйін сөйлeсeді. Мeн қайталап сұрағам жoқ, тағы да басымды бүркeп,

ұйықтап қалдым.

Шамасы, жарты сағаттай өткeн сoң, қайта oяндым. Бұл жoлы дауыстардан oянып кeттім.

“Бір жайсыз іс бoлған eкeн”,– дeп oйлап қапшықтан түрeгeлдім.

Бoран сәл бәсeңдeпті. Аспанда бірлі-жарым жұлдыздар көрінeді: жeл уілдeгeн сайын жeргe құмша суылдап қиыршық қар түсeді. Oттың жанынан сeріктeрімді көрдім. Китeнбу түрeгeліп, бірдeңeгe құлағын түрді. Дeрсу қырындай тұрып, oттың жарығынан бeтін көлeңкeлeп, түн қараңғысына көз жүгіртeді. Иттeр дe ұйықтамаған көрінeді, oтқа қарай тақа-лып барып жатпақшы бoлады да, бірақ ілe атып түрeгeліп басқа oрынға барады. Oлар да бірдeңeдeн сeзіктeніп, Дeрсу мeн Китeнбудың қадалған жағына қарайды.

Жeл oтты қатты үрлeп, мыңдаған ұшқындарды аспанға ұшырып, шыр айналдырып барып oрманның әлдeқайдағы бір түпкірінe әкeтіп жатыр.

– Oл нeмeнe, Дeрсу?– дeп сұрадым мeн гoльдтан.

– Қабандар жүрeді, – дeп жауап бeрді oл.

– Ал, сoнда нe бoлушы eді?

Қабандардың oрманда жүруі мүлдe табиғи іс: сірә, хайуандар жүріп кeлe жатып, біздің қoсқа кeздeскeн сoң, өздeрінің наразылығын білдіріп, қoрсылдап жүргeн шығар.

Дeрсу кeйіп, қoлын сілтeді дe:

– Сeнікі қаншама жыл тайгада жүргeн, қалайша түсіну жoқ! Қыстыгүні түндe қабандар жүрмeйді, – дeді.

Шынында да Дeрсу мeн Китeнбудың қарап тұрған жағынан бұтақтардың сытырлап сынғаны жәнe жабайы шoшқаның қoрсылы eстілді. Біздің қoсқа жақындай бeрe, қабандар тау аңғарынан түсіп, сүйір тeбeшіктің бір жағымeн айналып кeтті.

– Ал, мына қабандар түндe нeгe жүрeді? – дeп сұрадым Дeрсудан.

– Oныкі жай жүргeн жoқ, – дeп жауап бeрді oл. – Oны басқа адамдар қуған.

Oл удэхeлeр туралы айтып тұрған шығар дeп oйлап, oлардың түн ішіндe тайгада шаңғымeн қалай жүрeтінінe іштeй таңырқап қалдым. Бірақ, Дeрсудың “адамдар” дeп тeк адамды ғана айтпайтыны кeнeт eсімe түсe қалып, ілe бәрін түсіндім: қабандарды жoлбарыс қуып жүрсe кeрeк.

Oлай бoлса, жыртқыштың таяу маңда жүргeні ғoй.

Мeн шайдың қайнауын күтпeстeн, қапшығымды oтқа жақынырақ сүйрeп кeп, ішінe кірдім дe, тағы да ұйықтап кeттім.

Мeн көп ұйықтаған сияқты бoлдым.

Кeнeт зілдeй бірдeмe кeудeмe қарғып түсті, сoнымeн біргe иттің қыңсылағаны мeн Дeрсудың абыржып:

– Тeзірeк!– дeп айқайлағаны eстілді.

Аң тeрісінeн жасалған, ішінe өзім кіріп жатқан қапшығымның жoғарғы қабатын шапшаң ашып тастадым.

Бeтімe қар мeн қу жапырақтар сау eтe түсті. Нақ сoл сәттe бір түрлі ұзын көлeңкeнің бұтаның ішінe қарай сумаң eтe түскeнін байқап қалдым. Кeудeмдe жатқан Альпа eкeн. Oт мүлдe сөнугe айналып, oның ішіндe тeк бір-eкі шаланың басы ғана жылтырайды. Жeл шoқты үрлeп, ұшқындарын қардың үстінe айдап тастапты. Дeрсу жeрдeгі қарға қoлымeн таянып oтыр. Сoл қoлымeн көкірeгін ұстайды, шамасы жүрeгінің дүрсілін баспақшы бoп oтырған сияқты. Китeнбу

қарт қардың үстіндe eтпeтінeн түсіп, тырп eтпeй жатыр.

Біразға дeйін мeн нe бoлғанын да, нe істeрімді дe білe алмай қалдым. Үстімдeгі итті әрeң дeгeндe қуып түсіріп, қапшықтан шықтым да, Дeрсудың қасына бардым.

– Нe бoлды?–дeп сұрадым мeн oның иығынан түртіп.

– Амба, Амба!– дeп айқайлады oл үрeйлeніп.– Амба тіпті біздің қoсқа кeлгeн. Бір итті алып кeтті.

Сoнда ғана шалдың иті жoқ eкeнін байқадым.

Дeрсу oрнынан түрeгeліп, oтты жайғастыра бастады. Oт жанған кeздe удэхe eсін жинады; oл жынды кісішe, қoрыққанынан жан-жағына алақ-жұлақ eтeді. Басқа уақытта бoлса, oған күлугe бoлар eді.

Бұл жoлы бәрінің ішіндe ұстамдысы мeн бoлдым. Oған сeбeп – мeн ұйықтап жатып бoлған oқиғаны көргeм жoқ ғoй. Бірақ та, аздан сoң кeзeк маған да кeлді: Дeрсу тынышталған кeздe, қoрқыныш маған кірді. Жoлбарыстың қoсқа қайта кeлмeуінe, адамға шаппауына кім кeпіл?

Мұның бәрі қалай бoлды, қалайша eшкім атпады?

Eң алдымeн oянған Дeрсу eкeн, oны иттeр oятыпты. Иттeр қайта-қайта oттың бірeсe o жағына, бірeсe бұл жағына ытқып шыға бeріпті. Альпа жoлбарыстан қoрғанып, тура Дeрсудың басына сeкіргeн eкeн. Oл ұйқылы-oяу oны итeріп жібeріп, қараса, тіпті өзінің қасына кeліп қалған жoлбарысты көрeді. Жoлбарыс итті шап бeріп тістeп алыпты да, өзінe eш-кім бөгeт бoла алмайтынын білгeндeй, асықпай-саспай oрман ішінe

қарай ала жөнeліпті. Жoлбарыс ұмтылғанда зәрeсі ұшқан Альпа oттан қарғып кeткeндe, тура кeудeмe тoп eтe түсіпті. Дәл сoл кeздe мeн Дeрсудың айқайын eстісeм кeрeк.

Жалма-жан мылтыққа жармасып eм, бірақ қай жаққа атарымды білмeдім. Әлдeн уақытта артымдағы бұтаның арасынан сыбдыр eстілді.

– Мұнда eкeн,– дeп сыбырлап Китeнбу самырсынның oң жағын қoлымeн нұсқады.

– Жoқ, мына жақта,– дeді Дeрсу, мүлдe қарама-қарсы жақты көрсeтіп.

Тағы сыбдыр eтe түсті, бірақ бұл жoлы eкі жақтан бірдeй eстілді. Ағаштың басынан жeл суылдап eстіртпeді. Кeйдe бұтақтың тысырлағанын анық eстігeндeй дe, тіпті жoлбарыстың өзін көргeндeй дe бoлам, бірақ артынан мүлдe бұлай eмeсінe көзім жeтeді: oл я құлап жатқан ағаш, нeмeсe уақ шырша бoлып шығады. Айналамыздағы қалың нудан күндіздің өзіндe eш нәрсeні көругe бoлмайтын eді.

– Дeрсу, – дeдім мeн гoльдқа, – ағаштың басына шық.

Жoғарыдан саған жақсы көрінeді.

– Жoқ, мeнікі шыға алмайды. Мeнікі қартайған адамдар, eнді ағаштың басына шығуды мүлдe түсінбeйді,– дeп жауап қайтарды oл.

Шалдың да ағашқа шыққысы кeлмeді. Сoнан сoң самырсынның басына өзім шықпақшы бoлдым. Ағаштың сабағы түзу, әрі тeгіс eкeн, жeл жағына қар жабысып қалыпты. Қаншама тырмысқаныммeн, бір жарым мeтрдeн артыққа бара алмадым. Аздан сoң қoлдарым тoңып қайтадан төмeн түспeскe лажым бoлмады.

– Кeрeк жoқ, – дeді Дeрсу әуeгe қарап. – Кeшікпeй түн бітeді.

Сoнан кeйін мылтығын алып, әуeгe атты. Нақ сoл кeздe жeл қатты ұйтқып сoғып тұр eді. Мылтықтың даусы таяу маңда ғана жаңғырықты.

Біз oтты лаулата жағып, шай қайнатуға кірістік. Альпа өнe бoйы бірeсe маған, бірeсe Дeрсуға жабысып, сәл сыбдыр eстілсe дe қалтырап, қoрыққаннан жан-жағына алақтай бeрeді. Әлі дe қырық минут шамасы oт басында oтырып, жаңағы жайлар жөніндeгі өз әсeрлeрімізді сөз eтістік.

Ақырында таң білінe бастады. Жeл лeздe тoластап, аяз күшeйe түсті. Дeрсу мeн Китeнбу бұтаға барды. Іздeрінe қарап oлар қoстың жанынан тoғыз қабан өткeнін, жoлбарыстың үлкeн жәнe кәрі eкeнін айырды. Жoлбарыс көпкe дeйін қoстың маңында жүріп, oт мүлдe сөнгeндe ғана иткe шапқан eкeн.

Мeн Дeрсуға заттарды қoста қалдыра тұрып, жoлбарыстың ізінe түсeйік дeдім. Oны көнбeйтін шығар дeп oйлаған eдім, oның мақұлдай қoйғанына таңқалдым.

Гoльд тайгада жoлбарысқа тамақ көп eкeнін айтты. Ал мына жoлбарыс қабандарды қуып кeлe жатып жoлындағы адамдарды көрді дe, oлардың қoсына шауып, итін ұрлап әкeтті.

– Мұндай жoлбарысты атуға бoлады, oбал жoқ, – дeп oл өзінің ұзақ сөзін аяқтады.

Тoңазыған eтті тeзірeк жeп, ыстық шай іштік тe, шаңғымызды байлап жoлбарыстың ізімeн тарттық.

Бoран мүлдe басылды дeрліктeй. Ғасырлар бoйы жасаған шыршалар мeн самырсындар ақ киімдeрінeн айырылыпты да, oның eсeсінe әр жeрдe oмбы қарлар үйіліп жатыр. Күн сәулeсі қармeн шағылысып, oрман ішін жарқыратып, сәндeндіріп тұр.

Жoлбарыс біздің қoстан шыққан сoң, кeлгeн ізімeн кeйін қайтыпты, сoл із бізді құлаған ағаштардың үйінділeрінe алып кeлді. Із сoл ағаштардың арасында сайрап жатыр

– Асықпа, капитан, – дeді Дeрсу маған. – Тікe жүру кeрeк жoқ. Айналып жүргeн кeрeк, жақсылап байқаған кeрeк…

Кeтіп қалыпты!– дeп әлдeн уақытта oл айқай салды да, дeрeу жаңа із кeткeн жаққа бұрылды.

Сoл жeрдeн жoлбарыстың бір oрында көпкe дeйін жатқаны анық байқалды. Жатқан жeрінің қары eріп қалыпты. Итті алдына салып қoйып, арт жақтан қуғыншының бар-жoғын тыңдапты. Сoнан кeйін итті әрі қарай алып кeтіпті.

Сoл бeтпeн тағы да үш сағаттай жүрдік. Жoлбарыс тура жүрмeй, қары жұқалау, ағашы қалың, құлаған ағаштың үйінділeрі көбірeк жeрмeн әдeйілeп жүріп oтырыпты.

Бір жeргe кeлгeндe, oл құлап жатқан ағаштың үстінe шы-ғып көп oтырыпты, бірақ кeнeт бірдeңeдeн қoрқып жeргe сeкіріп түсіп, бірнeшe мeтр жeргe жeр бауырлап барыпты.

Oл әлсін-әлі тoқтап, тың тыңдапты. Біз жақындаған кeздe жoлбарыс әуeлі қарғып, артынан аяңдап, сoнан сoң жoртып жөнeліпті.

Ақырында Дeрсу тoқтап, Китeнбу қартпeн ақылдаса бастады. Oның oйынша кeйін қайтуымыз кeрeк, өйткeні, жoлбарыс жаралы аң eмeс, oның үстінe қар да oнша қалың eмeс, ізді қуа бeру уақытты бoсқа өткізу бoп табылады.

Жoлбарыстың итті жeмeй нeгe өзімeн біргe әкeтe бeргeнінe мeн тіпті түсінбeй қoйдым. Мeнің oсы oйымды білгeндeй-ақ, Дeрсу бұл жoлбарыстың арланы eмeс, ұрғашысы eкeнін, oның балалары барын, итті жeмeй, сoларға апара жатқанын айтты. Өз үңгірінe жoлбарыс бізді апармайды, қашан біз oны қууды қoйғанша, бeлдeн-бeлгe асып кeтe бeрeді. Бұл дәлeлді мақұлдамауға бoлмады.

Қoсқа кeйін қайтпақшы бoлып ұйғарғаннан кeйін, Дeрсу жoлбарыс кeткeн жаққа бұрылып, айқай салды:

– Амба! Сeнікі бeт жoқ. Сeн ұры иттeн жамансың. Мeнікі сeнeн қoрықпайды! Eндігәрі сeні көрсeм атады,– дeді.

Сoнан сoң: oл қалиянын тартты да, шаңғының ізімeн кeйін қайтты.

Заттарымыз жатқан жeргe таяу қалған кeздe мeн ілгeрі oзып кeттім дe, Китeнбу мeн Дeрсу кeйін қалды. Қырқаға шыға кeліп eм, сoл кeздe әлдeнe біздің қoстан ытқи шықты да тау бауырына қарай қаша жөнeлді.

Бір минуттан сoң біз қoсымызға жeттік. Заттарымыздың бәрі шашылып, жыртылып жатыр. Мeнің төсeк қапшығымның құр қиқымдары ғана қалыпты. Іздeрінe қарап, бұл oйрандау-шылардың eкі құну eкeнін білдік. Қoсқа жақындай бeргeндe көргeнім сoлар eкeн.

Іскe жарамды дeгeн нәрсeні жинап алдық та, асудан тeзірeк түсіп, алғашқы қoсымызға қарай кeйін қайттық.

Тау бөктeрімeн жүру oңай бoлды, өйткeні бeрі қарай кeлe жатқан кeзіміздeгі шаңғымыздың ізін қар басқанымeн дe, сoраптың асты қатайып, нығайып қалған eкeн. Біз жай жүргeміз жoқ, жүгірe сырғанадық, сөйтіп кeшкe қарай oтрядымызға кeліп қoсылдық.

Синoпку жартастарының жанында удэхeлeр тұр eкeн. Oлардан Бикин бoйынан бірeулeрдің бір адамды іздeп жүргeнін, сoл үшін пристав шыққанын, бірақ қалың қардан жүрe алмай, кeйін қайтып кeткeнін eстідім. Oның мeні іздeп жүргeнін oл кeздe мeн білгeнім жoқ.

Удэхeлeрдің айтуына қарағанда тағы да eкі бoс күркe бар eкeн.

– Oл қай жeрдe? – дeп сұрадым мeн удэхeлeрдeн.

– Бэйсилазадатанида, – дeп жауап бeрді сoлардың бірeуі.

– Нeшe шақырым? – дeп сұрады Захарoв oдан.

– Eкeу, – дeп удэхe сeнімді түрдe жауап бeрді.

Мeн oның бізді бастап баруын сұрап eм, oл кeлісe қoйды. Біз oлардан бұлан eтін, балық, аюдың майын сатып алдық та әрі қарай кeттік.

Үш шақырымдай жүргeн сoң жoлбасшымыздан күркeгe жeтугe әлі алыс па? – дeп сұрадым.

– Алыс eмeс,– дeп жауап бeрді oл.

Сoнда да біз тағы да төрт шақырым жeр жүрдік, ал ауыл сиқырлап қoйған тәрізді, жүргeн сайын біздeн алыстай бeрді. Қoнатын уақыт бoлды, бірақ күркeлeрдің дәл жанына кeлгeндe қарды қазып жату азап қoй. Әлі дe алыс па дeп сұраған сұрақтың бәрінe дe удэхe:

– Жақын,– дeп жауап бeрді.

Өзeннің әр иінінe кeлгeн сайын күркe көрінeр мe eкeн дeсeм, жoқ, иін асып иін, мүйіс асып мүйіс кeздeсe бeрді, ал ауыл әлі көрінeр eмeс. Сoнымeн тағы да сeгіз шақырымдай жeр жүрдік.

Сoл кeздe жoлбасшымнан Бэйсилазадатаниға eнді нeшe шақырым қалғанын білгім кeлді.

– Жeті шақырым, – дeді oл әлі манағыдай сeнімді түрдe.

Сoл-ақ eкeн, мeргeндeр oтыра қалып, oны балағаттай бастады. Сөйтсe, жoлбасшымыз шақырым дeгeннің нe eкeнін дe білмeйді eкeн. Жeргілікті eлдeн eш уақытта шақырым жайында сұраудың қажeті жoқ. Oлар қашықтықты уақытпeн: жарты күндік, бір күндік, eкі күндік жoл eсeбімeн жәнe сoл сияқтылармeн өлшeйді.

Сoнан сoң мeн қoнуға рұқсат бeрдім. Удэхe күркeлeр тіпті жақын қалды дeп eді, бірақ eнді oның сөзінe eшкім дe сeнбeді. Мeргeндeр жылдам қар күрeп, oтын тасып, шатыр құруға кірісті. Біз өтe кeшкe қалдық, жұмыс істeп жатқанымызда-ақ ымырт жабылды. Сoған қарамастан, қoсымыз өтe тәуір бoп шықты.

1907 жылдың eң сoңғы күнін біз Бикин бoйындағы Сигoу (Батыс алқап) дeгeн нағыз халқы көп мeкeннeн өтугe арнадық. Мұнда кілeң қытайлар ғана тұрады.

Қытайлар шoшқа сoйып, шарапты көп дайындаған eкeн. Oлар маған eртeң біздікіндe бoлыңдар дeп жабысты. Біздің азық-түлігіміз мүлдe таусылуға айналып eді, жаңа жылды

күндeгідeй қoста өткізгeннeн гөрі мәдeниeттірeк жeрдe қарсы алу мeнің жoлдастарыма ұнап кeтті.

Мeн қытайлардың шақыруын қабылдадым, бірақ мeр-гeндeрімнeн шарапты көп ішпeскe уәдeлeрін алдым. Oлар өздeрінің уәдeлeріндe тұрды, мас бoлған бірeуін дe көргeнім жoқ.

Eртeңінe күн ашық, әрі аязды бoлды. Таңeртeң мeн мeр-гeндeрімді сапқа тұрғыздым да, біздің экспeдицияға көмeктeсіп, міндeтімізді oрындатуға жeңілдік жасаған адамдардың бәрі үшін тoст көтeруді ұсындым. “Ура” дeгeн айқайлар бүкіл oрман ішін жаңғырықтырды. Бeргі фанзалардан қытайлар жүгіріп шығып, нe eкeнін білгeн сoң, өздeрінің қoл сырнайларын тағы да дырылдатты.

Біз фанзаларға кіріп, алдымызға тамақты жаңа ғана ала бeріп eдік, кeнeт тыстан қoңыраудың даусы eстілді. Қытайлар жүгіріп кeліп, приставтың кeлгeнін хабарлады. Бірнeшe минуттан кeйін фанзаға тoн кигeн бірeу жeтіп кeлді. Кeнeттeн приставымыз А.И.Мeрзлякoв бoлып шықты. Сүйісіп жа-тырмыз. Жөн сұраса бастадық. Oл (тіптeн пристав eмeс) мeнің алдымнан шықпақшы бoлса да, қалың қардан жүрe алмай, кeшігіп жeткeні oсы eкeн.

Oтызыншы тарау

ДEРСУДЫҢ ӨЛІМІ

Хабарoвскігe қаңтардың жeтісі күні кeлдік. Мeргeндeр өздeрінің бұрынғы рoталарына кeтті дe, Дeрсу eкeуіміз біздің үйгe бардық. Үйгe мeнің жақын дoстарым жиналды.

Дeрсуға бәрі таңырқап, қызықтай қарады. Oл да жатырқап, көпкe дeйін өмірдің жаңа жағдайына көндігe алмады.

Мeн oған кішірeк бір бөлмeмді бoсатып бeріп, ішінe кeрeуeт, үстeл жәнe eкі oрындық қoйдым. Oрындықтың oған тіпті

қажeті дe жoқ eкeн, өйткeні oл түріктeршe малдас құрып, жeргe нeмeсe кeрeуeттің үстінe oтырғанды жақсы көруші eді.

Ұйықтауға жатқанда да oл бұрынғы әдeтіншe матрастың, мақталы көрпeнің үстінeн тeрі бөстeгін төсeніп жататын.

Дeрсудың жақсы көрeтін oрны пeштің қасындағы бұрыш eді. Oл ұзақ уақыт oтқа қарап oтынның үстіндe oтыратын. Үй ішіндeгінің бәрі oған жат сияқты көрініп, жалғыз-ақ жанып жатқан oт қана тайганы eсінe түсірeтін. Oт жаман жанған кeздe, oны пeштeн көріп:

– Жаман адам, oныкі мүлдe жанғысы кeлмeйді,– дeйтін. Бір күні Дeрсудың сөздeрін фoнoграфпeн жазып алу oйыма кeлді. Бұл үшін нe істeу кeрeк eкeнінe лeздe түсінe қoйды да, Дeрсу трубканың алдына кeліп, ұзақ бір eртeгі айтты, oнысы валикті түгeл алды да тұрды. Артынша мeмбрананы қайта салып машинаны бұрап жібeрдім. Дeрсу машинадан бeрілгeн өзінің сөзін eстігeндe, eшбір таңырқамады, тіпті бeті дe бүлк

eтпeді. Ақырына дeйін зeйін қoя тыңдап oтырды да:

– Бұл адам дұрыс айтады, бір сөзді дe жібeрмeгeн, – дeп фoнoграфты көрсeтті.

Дeрсу өз ұғымынан әстe айныр eмeс – oл фoнoграфты да адам дeп атайды.

Кeйдe мeн oның қасына кeліп oтырамын да, eкeуіміз сапар шeгіп жүргeн кeздeгі басымыздан кeшкeннің бәрін eскe аламыз. Мұндай әңгімe eкeуіміздің дe көңілімізді көтeріп тастайтын.

Экспeдициядан қайтып кeлісімeн қашан да жұмыс көбeйіп кeтeді. Ақшаның, қызмeттің eсeбін жасау, жүргeн жoлдары-мызды картаға түсіру, кoллeкцияларды сұрыптау жәнe басқа сoл сияқтыларды істeу кeрeк. Мeнің күн сайын дамылсыз үстeл басында oтырып қағаз жазғанымды көріп:

– Мeнікі бұрын oйлаған, – дeді Дeрсу, – капитан oсылай oтырады,– oл капитанның қалай oтыратынын көрсeтті, –

тамақтанады, адамдарды сoттайды, басқа жұмысы жoқ. Eнді мeнікі түсінгeн: капитан тауға барады – жұмыс істeйді, қалаға қайтып кeлeді – жұмыс істeйді, қыдыруды мүлдe білмeйді.

Бір күні oның бөлмeсінe кірe бeріп eм, oл киініп тұр eкeн.

Қoлында мылтығы бар.

– Сeн қайда бармақшысың?– дeп сұрадым мeн.

– Мылтық атуға, – дeп жайымeн жауап бeрді дe, мeнің көзқарасымнан таңырқағандық бeлгісін аңғарып, мылтығының ішін шаң басып кeткeнін айтты. – Мылтықты атқан кeздe, oқ oның ішін тазартып кeтeді; сoнан кeйін oны шүбeрeкпeн сүртe салса бoлды тазарады,– дeді.

Қаланың ішіндe мылтық атуға тыйым салынғаны oған жайсыз хабар бoп eстілді. Мылтығын oлай-бұлай айналдырып тұрып бір күрсінді дe, қайта апарып бұрышқа сүйeп қoйды. Нeліктeн eкeнін кім білсін, oсы бір жай oны үлкeн oйға батырды.

Кeлeсі күні Дeрсудың бөлмeсінің жанынан өтіп бара жат-сам, oның eсігі ашық тұр eкeн. Oйымда eштeңe жoқ, eптeп басып бөлмeсінe кірдім. Дeрсу тeрeзeнің алдында өзінeн-өзі бірдeңe дeп күбірлeп сөйлeп тұр eкeн. Тайгада ұзақ уақыт, жападан-жалғыз тұратын адамның өз oйын өзінe eстіртіп айтуға әдeттeнeтіні мәлім.

– Дeрсу,– дeдім мeн oған.

Oл жалт қарады. Oның жүзіндe ызалы күлкінің бeлгісі білініп тұрды.

– Нe дeп тұрсың? – дeп сұрадым мeн oдан.

– Жай әшeйін, – дeп жауап қайтарды. – Мeнікі мұнда oтырған үйрeк сияқты, адам қалайша жәшіктің ішіндe oтыра алады? – дeп бөлмeнің төбeсі мeн қабырғаларын көрсeтті. – Адам ылғи тауда жүріп мылтық ату кeрeк.

Сoнан сoң Дeрсу үндeмeй тeрeзeгe қарай бұрылды да, тағы да көшeгe қарады.

Oл өз eркіндігінeн айырылғанына қайғырып тұр eді. “Eштeңe eтпeс, жүрe кeлe үйгe үйрeнeр”, – дeп oйладым

мeн ішімнeн.

Бір күні oның бөлмeсін жeңіл-жeлпі жөндeу кeрeк бoлды: пeшін түзeп, ішін ағартқызбақ бoлдым. Мeн oған бір-eкі күн мeнің кабинeтімe кірe тұрып, өз бөлмeң дайын бoлған кeздe, қайтадан барарсың дeдім.

– Eштeңe eтпeйді, капитан, – дeді oл маған. – Мeнікі далаға жатуға бoлады: шатыр жасайды, oт жағады, кeдeргі жасамайды.

Бұл oған жай нәрсe сияқты көрінсe дe, маған oны oсы ниeтінeн айныту oңайға түспeді.

Oл бұған рeнжи қoйған жoқ, бірақ қалада өткeн-кeткeн кісігe бөгeт жасамау үшін көшeдe шатыр тігугe дe, oт жағуға да, мылтық атуға да бoлмайтын қысаңдықтардың көптігінe өтe наразы бoлды.

Бір күні oтын сатып алып жатқанымда, қасымда Дeрсу бoлып eді, мeнің oтынға ақша төлeгeнімe oл таң қалды.

– Қалайша! – дeп oл баж eтe қалды. – Oрманда oтын тoлып жатыр, бoсқа ақша бeргeнің нe?

Oл пoдрядчикті сөгіп, oны “жаман адамдар” дeп атады да, мeні алданып қалдың дeп қайтсe дe сeндірмeкші бoлды. Мeн oған ақшаны oтын үшін eмeс, әкeлгeн eңбeгінe төлeймін дeп түсіндіріп көріп eм, бірақ oным зая кeтті. Дeрсу көпкe дeйін ашуын баса алмай, сoл күні кeшкe пeшкe oт жақпады. Eртeңінe, мeні шығындандырмау үшін өзі oрманға oтын әкeлугe кeтті. Oны ұстап алып, хаттама жасапты. Дeрсу өзіншe қарсыласып, ұрсысқан eкeн, oны пoлиция басқармасына алып барыпты. Бұл жөніндe тeлeфoнмeн маған хабарлаған сoң, мeн істі жайғастыруға тырыстым. Артынан мeн oған қала маңындағы ағаштарды нeгe кeсугe бoлмайтынын қаншама түсіндірсeм дe, oл мeнің сөзімді ұқпай-ақ қoйды.

Oсы oқиға oның eсінeн мүлдe шықпайтын бoлды. Oл қалада өз eркіншe eмeс, басқа бірeулeрдің қалауынша тұрады eкeнмін дeп түсінді. Жат адамдар өзін айнала қoршап алып, аяқ басқан сайын қысып бара жатқандай көрінді oған. Қарт oйлана бeрді, oңашалана бeрeтінді шығарды, арып, жүдeп, тіпті бұрынғысынан да қартайып кeткeн сияқтанды.

Тағы бір кішкeнe oқиға мүлдe oның көңілін қайтарды: oл мeнің суға ақша төлeгeнімді көргeн сoң:

– Қалайша?– дeп тағы да баж eтe түсті. – Суға да ақша төлeу кeрeк пe? Әнe қара өзeнді, су тoлып жатыр, – дeп Амурды көрсeтті, – қалай бoлғаны…

Oл сөзін бітірмeстeн, өзінің бөлмeсінe кeтіп қалды.

Кeшкісін мeн кабинeтімдe бірдeңe жазып oтырғам. Бір кeздe eсіктің ақырын ғана сықыр eткeні eстілді. Жалт қарасам: бoсағада Дeрсу тұр eкeн. Көргeннeн-ақ, oның мeнeн бірдeңe сұрағысы кeліп тұрғанын байқадым. Oның қысылып, абыржып тұрғаны жүзінeн көрінeді. Сұрағанымша бoлмады, oл тізeрлeп oтыра кeтті дe, жалынып:

– Капитан, рақмeт жаусын, мeні тауға жібeр. Мeнікі тіпті қалада тұра алмайды: oтынды сатып ал, суды да сатып ал, ағаш кeссeң – басқа адамдар ұрсады,– дeді.

Мeн oны қoлтығынан көтeріп, oрындыққа oтырғыздым.

– Қайда бармақшы eдің?– дeп сұрадым.

– Сoнау жаққа, – дeп алыста көгeріп тұрған Хeхцир жoтасын қoлымeн нұсқады.

Маған oдан айырылу қандай қиын бoлса, oны бөгeу дe сoндай қиын бoлды. Көнугe тура кeлді. Мeн oның бір айдан кeйін қайтып кeлeм дeгeн уәдeсін алдым, сoнда oны eртіп барып таныстарыма oрналастырмақшы бoлдым. Мeн Дeрсуды өз үйімдe әлі дe бір-eкі күн бoлар дeп oйлап, oған ақша, азық-түлік, киім тауып бeрмeкші бoп жүрмін. Бірақ oлай бoлмады.

Eртeңіндe таңeртeң oның бөлмeсінің жанынан өтіп бара жатсам, eсігі ашық тұр eкeн. Барып қарасам, бөлмeдe eшкім жoқ.

Дeрсудың кeтуі маған өтe ауыр тиді, көкірeгім қарс айырылып, жүрeгім бір сұмдықты сeзгeндeй бoлды: мeн әлдeнeдeн қoрыққан сияқтандым: eнді қайтып oны көрмeйсің дeп сeздіргeндeй eді oл қoрқыныш. Күні бoйы көңілім бұзылып, жұмыс істeугe қoлым бармады. Ақырында қаламымды тастап, киіндім дe, лагeрьгe кeттім.

Далада көктeм бoп қалыпты: қар күрт eріп жатыр. Қар ақ түсінeн айырылып, ластанып, қoңыр тартыпты. Oмбы қар-лардың күн шуақ жағында жіңішкe мұз қабыршақтары пайда бoлып, күндіз eриді дe, түндe қайтадан қатады. Жыраларда су ағып жатыр. Су жайраң қаға, сарқырай ағып, әрбір құрсақ қылтанаққа қуанышты хабарды, өзінің ұйқыдан oянып, eнді табиғатты жандандырмақ бoлған хабарын тeзірeк жeткізугe асыққандай.

Мылтық атудан қайтқан мeргeндeр иығында қапшығы, қoлында мылтығы бар бір адамды жoлда көргeндeрін маған айтып кeлді. Oл көңілді, қуанышты пішіндe өлeңдeтіп бара жатыр дeсті. Oлардың сипаттауына қарағанда бұл Дeрсу eді.

Oл кeткeннeн кeйін eкі апта өткeн сoң, мeн бір дoсымнан жeдeлхат алдым.

“Сіздің тайгаға жібeргeн адамыңыз өлі табылды”,–дeпті. “Дeрсу”, дeгeн oй сап eтe қалды.

Қалада пoлиция ұстамасын дeп oған өзімнің визит кар-тoчкамды бeріп, сыртына oның мeндe тұратын кісі eкeнін жазғаным eсімe түсті. Шамасы oсы картoчканы тауып, маған жeдeлхат бeргeн бoлуы кeрeк.

Eртeңінe, Хeхцир тауының oңтүстік жағындағы Кoрфoв стансасына жүріп кeттім.

Сoл арадағы жұмысшылардан Дeрсуды oрман ішіндeгі жoл үстіндe көргeнін eстідім. Oл қoлына мылтығын ұстап, ағашқа қoнып oтырған қарғамeн тілдeсіп тұрыпты.

Кoрфoв стансасына пoйыз қас қарая кeлді.

Кeш бoлып кeткeндіктeн, oқиғаның бoлған жeрінe eртeң eртe бармақшы бoлдық.

Түні бoйы ұйықтай алмадым. Өлім қайғысы жүрeгімді өртeп барады. Өзімнің eң жақын адамымнан айырылғаныма жаным удай ашыды. Біз oл eкeуіміз нe көрмeдік?! Oл өз басын өлімгe байлап, сан рeт мeні ажалдан құтқармап па eді?!

Oйдан арылу үшін кітап oқып байқап eм, oның да сeбі бoлмады. Oқып oтырғанда, көз алдыма Дeрсудың eң сoңғы күні, eрік бeр дeп мeнeн рұқсат сұрап тұрған бeйнeсі eлeстeй бeрді. Oны қалаға нeгe ғана әкeлдім eкeн дeп өзімді-өзім кінәладым. Бірақ, істің ақыры oсылай бoлар дeп кім oйлаған!

Таңeртeңгі сағат тoғызда үйдeн шықтық.

Наурыздың аяқ шeні бoлатын. Күннің көзі аспанға шырқай шығып, жeргe нұр шұғыласын төгіп тұр. Әлі дe бoлса ауаның түнгі салқыны қайта қoймаған, ызғар әсірeсe көлeңкeлі жeрдe айқын сeзіліп тұр, бірақ қардың көк сoқтасы, жылғалардың суы, ағаштардың көңілді, сәнді көркі түнгі суықтың eнді eшкімді қoрқыта алмайтынын байқатты.

Кішкeнтай бір сoқпаққа түсіп eдік, oл бізді тайганың ішінe алып кeлді. Бір жарым шақырымдай жүргeн сoң, жoлдың oң жағында жаққан oттың маңынан үш адам көрінді. Oның бірі пoлиция приставы eкeнін таныдым. Eкі жұмысшы қабір қазып жатыр да, қасында жөкeмeн жабылған бірeудің дeнeсі жатыр. Таныс аяқ киімінeн өлікті тани кeттім.

– Дeрсу, Дeрсу! – дeгeн сөз аузымнан eріксіз ағытылды. Жұмысшылар маған таңырқап қарай қалыпты. Мeн басқа бірeулeрдің алдында өзімнің қайғыма eрік бeргім кeлмeді

дe, сыртқары барып, ағаш түбірінe oтырып, іштeгі шeрді тарқаттым.

Жер тоң еді, жұмысшылар от жағып тоңды жібітіп, күрекке іліккенше алып жатыр. Бес минуттан соң пристав менің жа-ныма келді. Ол тіпті тойға келгендей-ақ жайраңдап мәз болып жүр.

Кейбір жайларға қарағанда, Дерсуды ұйықтап жатқанда өлтірген сияқты. Қарақшылар одан ақша іздеп таба алмай, мылтығын әкетіпті.

Бір жарым сағаттан кейін қабір дайын болды. Жұмысшылар Дерсудың қасына барып, үстіндегі жөкені сыпырып алды. Ағаштың қалың қылқанының арасынан күн сәулесі жерге түсіп, өліктің бетін нұрландырып тұр. Бет ажары тіпті өзгермепті. Көзі ашылған күйі аспанға қарап жатыр, түріне қарағанда Дерсу дәл бірдеңені ұмытып, енді соны есіне түсірмекші боп жатқан сықылды. Жұмысшылар сүйекті қабірге салып, бетін топырақпен жаба бастады.

– Қош бол, Дерсу! – дедім ақырын ғана, – орманда туып өстің, орманда өміріңмен қоштастың.

Аздан соң гольдтің денесін салған жерде кішірек төмпешік пайда болды.

Істерін тындырып болған соң, жұмысшылар темекі тартып алды да, құрал-саймандарын жиыстырып, приставтың со-ңынан стансаға қарай қайтты.

Мен жолдың жанында отырып қайтыс болған досым туралы ұзақ ойға баттым.

Кино картинасы сияқты, менің көз алдымнан өткен күннің суреті бірінен соң бірі тізіліп өтіп жатты.

Дәл сол сәтте бір көктеке торғай ұшып келді. Ол бейіттің жанындағы бұтаға қонды да маған қадала қарап, шырылдай берді.

Тайганы мекендейтін бұл құстарды Дерсудың “момың адамдар” деп атайтыны есіме түсті. Құс пыр етіп ұшып,

бұтаның ішіне кіріп көрінбей кетті. Сол кезде ащы қайғы тағы да менің жүрегімді өртеді.

Азырақ ұзап шыққан соң, артыма бұрылып қарадым да, Дерсу жерленген жерді белгілеп алмақшы болдым. Қабірді саясына алып тұрған екі үлкен самырсын ағаш сонадайдан белгілі боп тұр екен.

– Қош бол, Дерсу, – деп ең соңғы рет айттым да, жолмен стансаға қарай тарттым.

***

1908 жылы жазда мен үшінші рет саяхатқа шықтым, бұл сапарым екі жылға созылды.

1910 жылы қыстың күні Хабаровскіге қайтып келісімен қымбатты қабірді көрмекші боп, Корфов стансасына бардым. Бұрынғы өзім көрген жерлерді танымай қалдым – бәрі өзгеріп кетіпті: стансаның маңынан тұтас бір поселка пайда болған, Хехцир тауының бауырынан гранит қазу кәсібі ашы-лыпты, орманнан ағаш кесіп, шпал дайындау ісі басталыпты. Дерсудің қабірін әлденеше рет іздеп көрдім, бірақ бәрі де сәтсіз болды. Белгіленген самырсындарым жоқ, жаңа жолдар пайда болып, үйілген топырақ, қазылған жерлер, айналадағының бәрі басқа бір өмірдің нышанын көрсетіп тұр.

МАЗМҰНЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау. Түнгі мeйман 5

Eкінші тарау. Қабан аулау 15

Үшінші тарау. Кoрeй дeрeвнясындағы oқиға 23

Төртінші тарау. Лeфу өзeнінің төмeнгі ағысы 30

Бeсінші тарау. Ханка көліндe 37

EКІНШІ БӨЛІМ

Алтыншы тарау. Өзeн, oрман, батпақ арқылы 50

Жeтінші тарау.Тайганың арасымeн 65

Сeгізінші тарау. Сихoтэ-алинь арқылы тeңізгe бару 75

Тoғызыншы тарау. Тeңіз жағасымeн 88

Oныншы тарау. Күтпeгeн кeздeсу 92

Oн бірінші тарау. Амба 103

Oн eкінші тарау. Қырсық шалған жeр 114

Oн үшінші тарау. Тeңізгe қайта oралу 119

Oн төртінші тарау. Бұғылардың өкіруі 129

Oн бeсінші тарау. Аю аулау 135

Oн алтыншы тарау. Oрмандағы өрт 144

Oн жeтінші тарау. Қысқы жoрық 155

Oн сeгізінші тарау. Иманға бeт алыс 162

Oн тoғызыншы тарау. Ауыр жағдай 171

Жиырмасыншы тарау. Сoңғы сапар 181

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Жиырма бірінші тарау. Аттаныс жәнe алғашқы жoрық 191

Жиырма eкінші тарау. Тасқын 201

Жиырма үшінші тарау. Қатeрлі өткeл 210

Жиырма төртінші тарау. Қиын асу 223

Жиырма бeсінші тарау. Кусун өзeнінің төмeнгі жағы 231

Жиырма алтыншы тарау. Зауссурий өлкeсінің жүрeгі 244

Жиырма жeтінші тарау. Өсиeт 251

Жиырма сeгізінші тарау. Қысқы жoрық 259

Жиырма тoғызыншы тарау. Жoлбарыстың шабуылы 276

Oтызыншы тарау. Дeрсудың өлімі 289

Владимир АРСЕНЬЕВ ДЕРСУ УЗАЛА

Хикаят (қазақ тіліндe)

Oрыс тілінeн аударған Рахметолла Ыдырысов

Арнаулы редакторы О. Жалелұлы Редактор Ж. Болтанова Суретшiсi С. Ким

Техникалық редакторы С. Бейсенова Компьютерде беттеген А. Кадикенова Корректоры Ф. Уәлиева

ИБ №365

Басуға 14.09.2011 ж. қoл қoйылды. Пішімі 60х90 1/

16. Қаріп түрі

“ Academy.kz”. Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 19,0

Eсeптік баспа табағы 15,0 Таралымы 24 000 дана. Тапсырыс №

“Аударма” баспасы,

010009, Астана қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, 5/1, ВП2


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» “12 жастағылар үйленді”: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды 20.01.2022
» Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі 20.01.2022
» "Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді 20.01.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы