ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕР


Қазақ

ертегілері

АлмАтыкітАп бАспАсы

2017

УДК 398

ББК 82.3(5қаз)

қ 17

Қазақ тіліндегі мәтіннің жауапты редакторы: Сұлтан қалиұлы

Суретшісі: А. Дүзелханов

қ 17 қазақ ертегілері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2017. – 264 б., сур.

ІSBN 978-601-01-2995-5

 Қазақ ертегілері жинағына қазақ халқының аузында сақталып қалған, өзінше өңделген, өзгертілген ертегілер енген. Жинақ үлкен бес бөлімнен тұрады: «Қиял-ғажайып ертегілер»,

«Хайуанаттар туралы ертегілер», «Тұрмыс-салт ертегілері», «Аңыз ертегілер», «Өтірік әңгімелер». Ертегілер жинағы оқырмандарды халық ерлігінің, халық данышпандығының тамаша бейнелерімен таныстырады.

УДК 398

ББК 82.3(5қаз)

ІSBN 978-601-01-2995-5

© «Алматыкітап баспасы» , 2017

4

5

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін, Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.

Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр, Құлақты қырға түріп жүрген кезім.

Ілияс Жансүгіров

КІРІСПЕ

ртегілер мен аңыздар – біздің сенімді серіктеріміз. Ерте кезден ертегілер адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, арманы мен қиялынан, салт-дәстүрі мен тұрмысынан болашақта күтетін үмітінен туған.

 Ертегі – адам баласының ой-қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенімін арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді. «Ертедегі қазақ ауылының мынандай көрінісін көз алдымызға елестетіп көрейік. Қыстың ұзақты кеші. Кешқұрым алагеуімде – жып-жылы киіз үйдің ішінде отбасының үлкен-кішісі ошақ басында айнала жиналып отыр. Әңгіме арасында өздерінің бүгінгі қам-қарекеттері мен қорқыныш-үрейлерін, ертеңгі күнгі ой-қиялдарын бір-біріне әңгімелеуде.

 Кенет орталарындағы дуалы ауызды қария өзінің жұпыны әңгімесін бастап кетеді. Қарияның аузынан шыққан аңыз ертегі үлбіретіп кесте тоқығандай айналасындағыларды жайлап баурап алуда. Оның ержүрек батырдың зәлім де іші тар жауларын жеңуі, байлық бар жердегі ақыл- ойдың үстемдігі, халық ішінен шыққан қарапайым да ақылды сұлу бой- жеткен туралы аңыздары ақырын суыртпақталып өз тыңдаушысын үйіріп әкетеді. Біртіндеп ертегі тыңдап отырғандардың күні бойы шаршағандары, қайғы-мұңдары ұмыт болып, жан-дүниелері жеңілдеп ерекше күйге енеді».

 Ертегі – қай халықтың болмасын сүйіктісі. Ертеде қазақ aуылдарында ертегілерді той-жиындарда, алтыбақан басында жиі естуге болатын. Әрбір ауылдың өз ертегі-аңызшылары болған. Ертегілерді ақындар мен жыршылар айтатын. Ертегілер әжелері мен аталарынан мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтуға жас балаларды ән айтуға үйреткендей ерте жастан баулыған.

 Ертегіге деген осыншама сүйіспеншілік қайдан келді? Олар осы заманға дейін қалай сақталып келген? Өйткені ертегі – халықтың ақылы мен арман-тілегі. Өте ертеде пайда болған ертегілер осы күнге дейін өзінің жеңіл сиқырымен, кейіпкерлерімен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғаларымен таңғалдыруда. Ертегі өз Отанын сүюге, оны қорғауға, қиыншылықтардан қорықпауға, ата-анасын қадірлеуге, бақытсыздыққа ұшыраған әлсіздерге көмек беруге үйретеді.

С.К. Раева

7

қИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕР

9

10

11

12

ЕР ТӨСТІК

рте заманда Ерназар деген бай болыпты. Төрт түлігі сай, қора-қора қойы, матау толған түйесі, өріс толған жылқысы болыпты. Ерназардың сегіз ұлы бар екен. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, құм ішіне ай-

дап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді – келмейді, жылдар өтеді – келмейді. Ерназардың азығы таусылып, ашығады. Талғажау етер тамақ таппай қиналады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.

 Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған төстікке көзі түседі. Қуанып, есі шығады.

 – Кемпір, сүйінші! Күлдіреуішке керіп қойған кер биенің төстігін ұмытып кетіппіз ғой. Майлы көрінеді, бол, жылдам асып жібер, – дейді. Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі толып босанады.

Бір ұл туады, оның атын, Төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік қояды.

 Төстік өзгеше бала болып өседі: бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын азамат болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді. Аң аулап, құс атып, шал әкесі мен кемпір шешесін асырайды.

 Төстік бір күні ауылдың ортасында отырған тарғақты садақпен тар- тып қалады. Садақ тарғақтың қанатын үзіп кетеді. Тарғақ жығылмай бір қанатын сабалап қаша береді, Төстік ұстайын деп қуып жүреді. Сөйтіп жүргенде, тарғақ бір кемпірдің өрмегінің үстінен қарғып өтеді. Қуып келе жатқан Төстік те өрмектен секіреді. Сөйткенде Төстіктің бір бақайы өрмекті іліп кетеді. Өрмектің бірсыпыра жібі үзіліп қалады.

13

Өрмек тоқып отырған кемпір:

  •  Алда ғана көк шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кеш- ке дейін бүйтіп жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп кеткен сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма? – деп күйіп-піседі.

 Төстік кемпірге жауап қайыра алмай, оның сөзіне қатты қорланады. Әсіресе, «тентіреп кеткен сегіз ағаң» деген сөз қатты тиеді. Төстік бұрын ағалары барын білмеген. Әке-шешесі Төстікке оны айтпаған екен. Кемпірге сөз қайыра алмай, Төстік жүгірген бетімен үйіне келеді. Атып әкелген құстарын лақтырып тастап, отыра кетеді. Төстіктің ашулы түрін көріп шешесі:

  • Саған не болды? Кіммен жанжалдастың? – деп сұрайды. Төстік кемпірдің сөзін түгелімен шешесіне айтады.
  • Ағаларым қайда? Неге келмейді? Іздеп тауып әкелемін! – дейді. Шешесі:
  •  Қақпас кемпір өтірік айтады. Сенің ағаларың болған емес. Оның сөзіне нанба, – дейді. Сөйтіп Төстікті иландырып қояды.

 Тағы бір күні Төстік асық ойнап жүріп әлгі кемпірдің жалғыз бала- сын жұдырығымен қойып жіберсе, бала өліп қалады. Кемпір Төстікті бұрынғыдан да жаман қарғап-сілейді.

  •  Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Менің жалғыз балама әлің жеткен- ше, айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай ма? – дейді.

Кемпірдің сөзі Төстікке ой салады. Шешесінен ағаларын сұрайды.

Шешесі шынын айтады:

  • Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ.

Қайда жүргендерін білмейміз,– дейді.

 Төстік ағаларын іздеу қамына кіріседі. Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, жолға шығады. Беліне садағын байлап, қолына темір таяқ алады. Аяғына темір етік киеді. Ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да – садағы, азығы да – садағы, жо- лында кез келген аңды атып жеп отырады. Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел бұлдырайды. Өлдім-талдым деп келіп белге шықса, қарауытқан қалың жылқыны көреді, жылқының ар жағында ел көрінеді. Жылқыға келсе, жылқының ішінде тігулі қара қос тұр екен. Қосқа кірсе: асулы мосы, ілулі бақыр тұр екен. Бақырдың іші толы піскен ет екен. Төстік етке тойып алады да, елге қарай жүреді.

 Төстіктің келген елі ас беріп жатыр екен. «Ағаларымды осы астан іздеп көрейін», – деп, асқа тігілген қалың үйді жағалай шола бастайды. Әбден жүдеп, азып-тозған, киімі жыртық-жыртық Төстікті ешкім елемейді. Сөйтіп келе жатса, табақшылар бір жерде: «Ерназардың сегізіне тарт,

14

Ерназардың сегізіне тарт»,– деп, шуылдасып жүр екен. Ерназардың сегізін көрейін, – деп, үйге кірмек болса, табақшылар Төстікті кіргізгісі келмей, кейін қарай қақпайлай береді. «Қайыршы неме, әлі тоймадың ба?» – деп жекіріп ұрсады. Төстік оған шыдамай, табақшының біреуін жұдырықпен қойып қалып, мұрттай ұшырады. Жұрт жиналып қалады.

  • Кім керек? Неғып жүрген адамсың? – деп, Төстіктен жөн сұрайды. Төстік:
  •  Маған Ерназардың сегізі керек. Адасып кеткен сегіз ағамды іздеп жүрмін, – дейді.

 Сол арада Ерназардың сегізі жөн сұрасып, Төстікпен жылап-сықтап танысады.

 Ерназардың сегізі елден адасқаннан кейін жұттан қалған жалғыз күрең биені бағып, содан көп жылқы өсірген екен. Бағанағы көп жылқы солардікі екен. Төстіктен елінің жөнін білген соң, олар да қайтпақ болады. Тоғызы тоғыз жағынан шығып, қалың жылқыны айдай бастайды.

Бірақ жылқы ұйлығып, бір жақты бет алып, жүре алмайды. Қанша айдаса да серпіліп, алғашқы айдаған жеріне қайтып келеді де отырады. Тоғызы жылқыны неше күн айдайды, аяғында, жүргізе алмай жалығады.

 Бір күні Төстік мынадай айла табады: барлық жылқының басы күрең биені ұстап алып, жылқының ортасындағы бір дөңге шығады; биені жығып, төрт аяғын буады да, тақымына қыл бұрау салып, бұрайды. Қыл бұрау жанына батқан бие қатты шыңғырады. Биенің шыңғырған дау- ысына шұрқырасып қалың жылқы жиналады. Жылқы әбден жиналып болды деген кезде, Төстік биені тұрғызып алады да, жетектей жөнеледі. Сонда қалың жылқы өз беттерімен бұлардың соңынан шұбай береді. Енді ешқайсысы да жылқы айдап әлек болмайды, күрең биені жетектеп жүреді де отырады. Қалың жылқы шұбырып ереді де отырады. Судың тұнығын іше-іше, шөптің сонысын жей-жей, талай асқардан асып, талай шөлді басып, Төстігі бастап, Ерназардың сегізі аман-есен елдеріне келеді. Балалары аман-есен келген соң, Ерназар ел жиып, ұлан-асыр той жа- сайды. Түйеден – бура, жылқыдан – айғыр, ту бие, қойдан – қошқар, құнан қой сойып, телегей-теңіз қымыз әзірлеп, ақсақал, қарасақалын

түгел разы қылады.

 Тойтарқағаннанкейін Ерназартоғызұлынаяқтандыру қамынакіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып, ел қыдырады. Көп елді аралайды. Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір үйден табылмайды.

 Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасында үлкен бір қоңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегесінің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды.

15

Үйдің бәйбішесі Ерназардан:

  • Неге жыладың? – деп сұрайды.
  •  Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын; тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, бір әке- шешеден туған тоғыз келінім болса деп едім. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім. Санасам, біреуі кем екен. Соған жылап отырмын, – дейді Ерназар.
  •  Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр, – деп, бәйбіше тұсбақан- нан тағы бір сырғаны алып келеді. Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір бөлек, Кенжекейім бір төбе. Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бөлек тұрады, – деп, сырғаны қайтадан орнына іліп қояды.

Ерназар оған:

  •  Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе, Кенжекейің Төстігімдікі болсын,– дейді.

Сөйтіп, Ерназар тоғыз қызға құда түсіп қайтады.

 Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады. Жол- да бұларға перінің қызы Бекторы кездеседі. Ол Төстікті көріп, ғашық бо- лып қалады да, Төстікті Кенжекейден айырып алу қамына кіріседі.

 Ерназар тоғыз ұлымен Кенжекейдің аулына барып, көп уақыт жата- ды. Отыз күн ойын, қырық күн тойын істетіп, келіндерін алып, еліне қайтпақшы болады.

 Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасаумен ұзатады. Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне, мінгізген ат, арттырған түйе, тарттырған жасауына разы болмайды: «Әкем маған жылқыдан Шалқұйрық атты берсін, жасаудан Ақсырмалды сауытты берсін, түйеден Құба інгенді берсін», – дейді.

 Кенжекейдің әкесі қызына ашуланып, кісісін қайта жібереді: «Қызыма айта бар: Ерназардың байлығы оған жетеді. Шалқұйрық атты сұрағаны несі? Шалқұйрық – жылқымның құты. Құтқа қыз ие болған жер бар ма екен? Құба інген – түйемнің басы. Түйемнің басын сұрағаны несі? Қызда ондай түйе артқан бар ма екен? Ақсырмалды сауыт – атадан ұлға қалатын мұра. Мені қызым қу бас дегені ме? Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін»,

– дейді.

 Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты: «Шалқұйрықты сұрағаным – ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным – ер қосын артсын деп едім; Ақсырмалды сауытты сұрағаным – Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім», – депті.

Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті.

 «Қызыма сәлем айт: Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын, қондырса, кесір болады», – депті.

16



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу