9 класс Ұлттық валюта – теңге күні


Сынып сағаты

№10

Сынып жетекші:

Күні:

Сынып:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

№ 10-САБАҚ

9- сыныптар: Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі қай жастан басталады

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға ұлттық валюта — теңгенің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;

Теңгенің ел тәуелсіздігімен байланысын түсіндіру;

Ақшаға ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттерін дамыту;

Отанға, ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Мақсаты: жасөспірімдерге заңды жауапкершілік қай жастан басталатынын түсіндіру.

Қауіпсіздік сабағының міндеттері:

Міндеттері:

Кәмелетке толмағандар үшін құқықтық жауапкершіліктің жас шекараларын, заң бұзушылықтардың салдарын және олардың өмірге әсерін түсіндіру.

Заңды сақтауға және құқықтық салдарға әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болуға үйрету.

Құндылықтарды дарыту:

Әділдік және жауапкершілік айы

Апта дәйексөзі:

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма. Ыбырай Алтынсарин

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

Оқушылармен амандасу

Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Ақша не үшін қажет?

 Ақша қай кезде пайда болған?

 Неліктен өз валютамыз қажет болды?

 Теңге сөзінің мағынасы қандай?

Оқушылар әнұран орындайды.

Көңілді әуен

Сынып сағатының ортасы

20

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.[2] Назарбаев қазақстандықтарға валютаны орталық телеарналар эфирінде таныстырды. 1993 жылғы 15 қарашада Теңге айналымға 1 теңге = 500 рубль қатынасында енгізілді, банкноттар мен монеталар Ресей және кеңес рублімен теңгеге айырбасталды. 1993 жылғы 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды.1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.

Бұл күн еліміздің қаржылық тәуелсіздігі күні болып саналады.

Алғашқы теңгеде қазақтың ұлы тұлғалары – Әль-Фараби, Құрманғазы, Абай, Сүйінбай бейнеленді.

-Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.

ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер деген мақалды дәптергежазу.

Аналитикалық тапсырма — “Теңгенің тұрақтылығы – елдің сенімділігі”

Мақсаты: экономикалық сауаттылық пен елдік ойды дамыту.

Нұсқау:

Төмендегі сұрақтарға талдау жасап, шағын постер немесе кесте құра:

Теңге бағамының тұрақтылығы неге маңызды?

Ұлттық валютаның құнсыздануы халық өміріне қалай әсер етеді?

Теңге мен шетел валютасының арақатынасын не анықтайды?

Шығармашылық жоба — “XXI ғасыр теңгесіТапсырма:

  • Болашақ теңге дизайнын ойлап тап;
  • Оған ұлттық символ, мәдени мұра немесе заманауи технологияны енгіз;
  • Төмендегі 3 сұраққа жазбаша жауап бер:
    • Қандай тұлғаны бейнелейсің және неге?
    • Қандай түстер мен элементтер қолданасың?
    • Теңгенің бұл нұсқасы нені бейнелейді?

Қорғау кезінде әр оқушы өз “дизайнын” қысқаша таныстырады.

Эссе: «Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі»

Бағыт:

  • Кіріспе: Теңгенің шығу тарихы және мәні;
  • Негізгі бөлім: Ұлттық валютаның экономика мен рухани өмірдегі рөлі;
  • Қорытынды: Жеке ой мен мақтаныш сезімі

1 – Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына , халық байлығы.Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.

2 –Оқушы:Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

Тақырыптық слайдтар мен суреттер

Ақ қағаз, фломастерлер

10 мин

Қауіпсіздік сабағы

№ 10 САБАҚ. «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАЙ ЖАСТАН БАСТАЛАДЫ»

Сабақтың барысы:

Кіріспе

Талқылау: кәмелетке толмағандар не үшін жауапты екенін білесіз бе.

Негізгі бөлім

Құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершіліктің 4 түрі бар:

Қылмыстық жауапкершілік – қылмыстық кодексте көзделген заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

15-бап. Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.

2. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (99-бап), денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені (107-баптың екінші бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап) үшін қылмыстық жауаптылыққа жатады, адамды ұрлау (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (173-бап), әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздық (174-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғу (178-бап), диверсия (184-бап), Ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), мал ұрлығы (188-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), бопсалау (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайларда ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену (200-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (202-баптың екінші және үшінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру (203-баптың екінші және үшінші бөліктері), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру (202-бап 256), террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның қызметіне қатысу (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу (258-бап), кепілге алу (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама (273-бап), қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ұрлау не бопсалау (291-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық (293-баптың екінші және үшінші бөліктері), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрлау не бопсалау (298-бап), қайтыс болғандардың мәйіттерін және оларды ауырлататын мән-жайларда Жерлеу орындарын қорлау (314-баптың екінші бөлігі) және көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (350-бап).

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген бұзушылықтар үшін қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 16 жастан бастап жауапқа тартылады.

Жаза: айыппұл, ескерту, түзету жұмыстары. Егер ҚР азаматы 16 жасқа толған болса, онда Әкімшілік кодекске (ӘҚБтК) сәйкес белгілі бір теріс қылықтары үшін айыппұл салынады.

65-бап. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі

1. Осы тараудың күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар танылады.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жауапкершілік-бұл еңбек міндеттерін бұзу, яғни.еңбек заңнамасын бұзу, мысалы: жұмысқа кешігіп келу, себепсіз сабаққа келмеу.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастарды реттейді. Құқық бұзушыға жаза: зиянды өтеу, залалды төлеу.

Қорытынды.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың тыңдау.

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Презентация

Пайдалы сілтемелер:

https://docs.google.com/presentation/d/1PuO0oA43VdufWhamXTEyWNhUWlOoXuzi/edit?usp=drive_link&ouid=117549736670665899226&rtpof=true&sd=true

Сабақтың соңы

5 мин

-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар  кімдер?-Ақша  қандай қызмет атқарады?-Тәуелсіз   елдің ең бірінші  айрықша  белгісі  қандай?-Қайдан несие алуға болады?-Ақшаны қайда  жинауға  болады?-Ұлттық валюта дегеніміз не?-Теңге немен   безендіріледі?-Қазіргі  теңгеде қандай  суреттер салынған?-Сен ақшаны  орынды жұмсай аласың ба?

-Ақша сақтайтын мекеме? (Банк)

  • Төл теңгеміздің туған күні?(1993 15 -қараша)
  • Жеке есепшоты бар төлем-қағазы?(карточка )
  • Төлемді растайтын қағаз?(чек)

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу