Абай жолы романының Самари нұсқасы


Саммари-көлемді шығарманың қысқаша баяндалуы.

Қазақ әдебиеті том-том төл шығармалармен бай, алайда оны оқитын оқырман(жас буын) көп емес.

Ал шетелде кітапты не көлемді шығарманы саммари әдісімен әлде бейімдеп оқу кеңінен таралған.

Бізде қалай? Том-том шығарманың атына қызығады, бірақ оқиын десе тіс батпайды, себебі тілі ауыр не балаға түсінуге қиындық келтіреді. Сөйтіп керемет туындылармен оқушылар немесе орта буын өкілдері қош айтысып жатады, себебі қазір бұрынғыдай (әке-анамның, одан бұрынғы дәуір) ақпаратты тек кітаптан ғана емес түрлі гаджеттерден не аудиокітаптардан алады.

Айтайын дегенім, жақында парақшамда жүргізген сауалнама нәтижесі нені ұқтырды?

Көпшілігі "Абай жолы" роман-эпопеясымен таныс емес екен. Содан маған мынадай ой келді: неге романды саммари әдісімен оқытып көрмеймін, шығарманы үтір-нүктесіне дейін білмегенмен де әйтеуір түсінік болады ғой.

Қосымша дерек «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған (1993 жылғы дерек)

Автор бұл романды 20 жыл жазған.

Роман кейіпкерлері:

  • Абай - (Ибраһим) Құнанбаев (Құнанбайұлы) (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
  • Құнанбай - би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты.
  • Зере - (1785 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала.

Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.

  • Ұлжан - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы.
  • Біржан сал — Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.
  • Еркежан - Оспанның бәйбішесі. Күйеуі елген соң, әмеңгерлік жолымен інісінің орнын баспақ болған қайнағасы Тәкежанға кеңілі толмайды, Абайдың ез басын кепілдікке апуды етінеді. Сұлу, қылықты, мінезді, көзі ашық Еркежан тіршілікте Абай үшін көп жақсылық жасаған адам. Байсалды, жарасты көңілмен кейін олар ерлі-зайыпты өмір сүрген.
  • Ділда - Абайдың бірінші әйелі.
  • Базаралы - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам. Қауменнің баласы
  • Шөже - шыншыл жыршы, ақын.
  • Бөжей - Жігітек руының билеушісі
  • Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл ару.Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді.
  • Қуандық - ақын қыз
  • Салтанат - Абайдың досы, ақын қыз, Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қөолын созған.
  • Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының аяулы үлгісі...
  • Үмітей - жас қыз, Әмірдің сүйгені
  • Керімбала - жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші
  • Дәркембай - кедей жатақтардың бас көтерер адамы, намысшыл,
  • Мәкен - Абайдың келіні, Әбдірахманның жары, шын аты Мағрипа
  • Ербол - Абайдың жан досы; екеуінің арасында өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық болды.
  • Тәңірберген - Абайдың ағасы, Құнанбайдың үлкен баласы, романда Тәкежан деп атаған
  • Өскенбай Ырғызбайұлы - (1773-1850) - Абайдың атасы, тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген.
  • Жұмабай - Құнанбайға қадірі бар және Абайды Ахмет Риза медресесінен алып келген кісі
  • Байтас - Абайды медреседен алып келген адам
  • Майбасар - Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі
  • Қалиқа - Жұманның әйелі
  • Тобжан - Ызғұттының әйелі
  • Айғыз - Құнанбайдыңі тоқалы, Абайдың екінші анасы
  • Тонтай - Абайдың нағашысы
  • Қамысбай - Майбасардың атшабары
  • Байсал - Құнанбайдың сенімді адамдарының бірі
  • Қаратай - ел ісіне араласатын Құнанбайдың сенімді адамы
  • Сүйіндік - Құнанбайдың туысы
  • Жиренше - Байсалдың немере інісі, Шоқаның баласы, Абайдың досы
  • Оспан - Абайдың кіші інісі
  • Тәкежан - Абайдың ағасы
  • Қодар - жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Борсақ
  • Сағит - молданың үйіне барғанда кедергі жасаған сотқар бала
  • Солтабай төре - Сыбан елінен шыққан, Құнанбайға Қодар мен Қамқа жайын бетіне басып айтады
  • Қамқа - Қодардың келіні, Құтжанның әйелі
  • Құтжан - Қодардың баласы
  • Жәмпейіс - Қодардың жиені және бірге тұрады
  • Бектен көсе - Сүйіндіктің Қодарға жіберген кісісі
  • Жетпіс - Жексеннің інісі
  • Жексен - Қодардың аталас ағайыны
  • Әйтімбет - Қодар мен Қамқа ісінің мән-жайын білуге көмектеседі
  • Жұмағұл - айбасардың атшабары
  • Байкөкше - Барластың шәкірті, жыршы
  • Барлас - Абайдың ауылына келген ақын
  • Беркімбай - Зере мен Ұлжан үйінің жылқышысы
  • Жарқын - Зере мен Ұлжан үйінің жылқышысы
  • Түсіп - Ділдәнің әкесі, Жігітектің Бөжейден соң басты адамы
  • Күңке - Құнанбайдың үлкен бәйбішесі
  • Таңшолпан - Құнанбайдың тоқал шешесі
  • Бопай - Құнанбайдың кәрі жеңгесі
  • Ақбердінің шешесі
  • Ырсайдың шешесі
  • Жортайдың шешесі
  • Құдайберді - Құнанбайдың Күңкеден туған баласы
  • Жақып - Құнанбайдың тоқал шешесінен туған
  • Үркер - Құнанбайдың әкесімен туысқан ағасы
  • Мырзатай - Құнанбайдың әкесімен туысқан ағасы
  • Жортар - Құнанбайдың әкесімен туысқан ағасы
  • Сүгір - Бөкенші руының адамы
  • Асылбек - Сүйіндіктің үлкен баласы
  • Құлыншақ - Құнанбайды қонысымен құтықтап келуші, Торғай руының басы, "Бес қасқаның" әкесі
  • Байдалы - Жіігітек адамы
  • Үркімбай - Жігітек адамы
  • Қаумен - Бөжейдің жақыны
  • Қараша - Бөжейдің жақыны
  • Наданбай - Құлыншақтың ұлы
  • Манас - Құлыншақтың немересі,Тұрсынбайдың ұлы, Бесқасқаның бірі
  • Жұман - Ырғызбай адамы
  • Төлепберді - Ырғызбай адамы
  • Көтібақ - Шыңғыста қыстауы бар кіші ауыл басшысы
  • Балағаз - Қауменнің баласы
  • Абылғазы - Қарашаның баласы
  • Бейсембі - Жігітектен Құнанбайға қарсы шыққан адам
  • Әбділда - Жігітектен Құнанбайға қарсы шыққан адам
  • Оралбай - Жігітектен Құнанбайға қарсы шыққан адам
  • Қожақан - Бөжей мен Байсал қарамағындағы жігіт
  • Пұшарбай - Бөжейдің құрдасы, досы
  • Кәмшат - Айғыздың қызы, Абайдың қарындасы
  • Смағұл - Айғыздан туған, Оспанмен түйдей құрдас бала
  • Қалел - Айғыздың үлкен баласы
  • Ғабитхан - әскерден қашып келген татар жасы
  • Қазағуар - Қарқаралыдағы татар саудагері
  • Қарабас - Майбасардың атшабары
  • Алшынбай - Абайдың қайын атасы, Ділдәнің атасы
  • Тіленші би - Алшынбайдың әкесі
  • Майыр - Құнанбайдың оң қолы
  • Қасқа - Майырдың қазақ тілмашы
  • Құсбек - бұрынғы аға сұлтан
  • Жамантай - бұрынғы аға сұлтан
  • Хасен молда - мешіт имамы
  • Балта - Алшынбайдың қасында жүретін ақын
  • Әділбек - Сүйіндіктің баласы
  • Көжекбай - Жамантайдың баласы
  • Қанатжан - Сүйіндіктің әйелі, Тоғжанның анасы
  • Масақбай - жылқышы
  • Мұңсызбай - Бесқасқаның бірі
  • Тұрсынбай - Бесқасқаның бірі, Манастың әкесі
  • Садырбай - Бесқасқаның бірі
  • Чернов - орыс-казактарды Қарқаралыдан бастап келген шенеунік
  • Ырсай - жиынға қатысушы қарт
  • Байғұлақ - Тоғалақ ішіндегі мықты
  • Мырзахан - Құнанбайдың Қарқаралыға барарында жанына ерткен сенімді адамы
  • Құсбек - Қарқаралының жаңа аға сұлтаны
  • Тінібек бай - Семейдің үлкен саудагері
  • Мәкіш - Құнанбайдың қызы, Абайдың әпкесі
  • Көккөз - Алшынбайдың пысық жігіті
  • Сергей - Майырдың Керекудегі жақын ашынасы, көпес
  • Мишка - Сергейдің пысық дабернайы
  • Қатша - Ділдәні айттыруға барғанда Ұлжанның қасына еріп барған әйел
  • Қадырбай - Бөжейдің асына келген ақын
  • Қапа - Керімбаланың жеңгесі, Әкімқожа әйелі
  • Ақылбай - Абайдың Ділдәдан туған баласы
  • Күлбадан - Абайдың Ділдәдан туған қызы, Абай оны "Сарышаян" деп атайтын
  • Қаражан - Тәкежанның әйелі
  • Абылғазы - Қарашаның баласы
  • Әділхан - Қарашаның баласы
  • Нұрғаным - Құнанбайдың тоқалы,төртінші әйелі
  • Қарашаш - Асылбектің келіншегі
  • Шәкәрім (Шәке) - Құдайбердінің баласы
  • Шұбар - Құдайбердінің екінші баласы
  • Нұртаза - Құдайбердінің үшінші баласы
  • Ақбас - Облыстың үлкен адвокаты
  • Көгадай - Қодардың інісі
  • Дәрмен - Көгадайдың баласы
  • Өңдірбай - Құнанбаймен меккеге баратын адам
  • Дарқан - Оспанның досы
  • Көшір - Ұлжанмен Қарқаралыдан қайтқан кісі
  • Бекей - Абай тоқтаған үй иесі, Шекейдің бауыры
  • Наймантай - Бекейдің баласы
  • Еламан - Бекей-Шекей күйеуі
  • Мағжан - Абайдың ең жақсы көретін баласы (Мәкіш)
  • Әбдірахман - Абайдың баласы (Әбіш)
  • Баян - күтуші әйел
  • Есбике - күтуші әйел
  • Сақыш - Есбикенің қызы
  • Бәшібек - Есбикенің күйеуі
  • Бүркітбай - бие сауушы
  • Баймағамбет - Бүркітбайдың көмекшісі
  • Ағай - Бүркітбай баласы
  • Байсүгір - қозы бағушы бала
  • Байторы - Байсүгірдің әкесі
  • Зылиқа - Ұлжан жанындағы әйелдердің бірі
  • Әмір - Абайдың інісі, Құдайбердінің баласы
  • Балбала - Базаралының көршісі, Әнет қызы
  • Әкімқожа - Сүгір баласы
  • Оралбай - Әкімқожа інісі
  • Көшпесбай - Балбаланың туған қайнысы
  • Бесбесбай - Көшпесбай ағасы
  • Базар - Топай кісісі
  • Даданбай - Торғай адамы
  • Күнту - Бөкеншінің білімді жігіті
  • Жабай - Бөжейдің баласы
  • Марқабай - Бөкенші мықтысы
  • Құндыз - Марқабай ұнатқан қыз
  • Кішкене молда - Абай балаларын оқытушы
  • Мақұлбай - Тәкежанның баласы
  • Дәндібай - Абайдың бұрыннан танысы, Ералы ауылының тұрғыны
  • Еренай - Абайдың бұрыннан танысы, Ералы ауылының тұрғыны
  • Тентек ояз - сайлауға дайындыққа келген адам
  • Лосовский - кеңесші
  • Андреев - Абайдың адвокат досы
  • Михайлов - Орыс жерінен Семейге айдалып келген кісі, Абайдың досы
  • Сергей - каталашкадағы күзетші
  • Николай - каталашкадағы күзетші
  • Хомутов - каталашканың надзирателі
  • Әлдеке - Салтанаттың әкесі,саудагер
  • Кошкин - Абайды тергеуге қатысқан, ең үлкен сот орны,окружной суд бастығының күйеуі
  • Қауменов - уезд начальнигі
  • Кәрім - Абайдың абақтыдан шыққан соң түнеген үйі
  • Киізші Дүйсеке - Салтанаттың нағашысы іспеттес жақын адам
  • Ысқақ - Қызылмоланың болысы, Абайдың бір анадан туған інісі, Құдайбердіге еріп, Күнкенің қолында өскен
  • Төре - белгілі қорашы ұста
  • Тұраш - Абайдың Әйгерімнен туған баласы
  • Кузмич - Михайлов кітаптарды беріп жіберетін адам
  • Дәмелі - Ерболдың әйелі
  • Ысмағұл - Ерболдың баласы
  • Дүтбай - Алатай баласы, Көкше Қаратайдың туысы
  • Әмір - Үмітейдің сүйген адамы, Абайдың інісі
  • Мұхамеджан - Әмірдің досы, жас әнші,ақын,сері
  • Кенжеқан - Нұрғанымның бауыры
  • Мырзағұл - Әмірдің жолдасы
  • Бәшей - мерген, Шәкемен еріп келген жас жігіт
  • Тұрғанбай - Абайлармен аңшылыққа шыққан ең үлкен бүркітші, саятшы
  • Әділ - Бөжейдің тоқалынан туған баласы
  • Дүйсен - Тоғжан отырған ауылдың қонақ күтуші ағайыны
  • Молда - Дүйсеннің қасында жүрген жігіт
  • Найман - Тоғжанның қайын атасы
  • Аққозы - Тоғжанның күйеуі

I кітап

Қайтқанда

1. Абайдың жасы 13-ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік жол қалғанда бала шәкірт барын салды. Ол асып, алға шауып кете берді. Байтас баланы қуып жетіп: "Енді асықпа, Есенбайдың жырасында ұры жатады" - дейді. Бала шәкірт сөзге қарсы орайын білдірмей, біраз бірге жүреді. Соңсоң тағы шауып кетіп, екі-үш белден көрінбей кетеді. Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бұрыл аты. Ал Жұмабайдың астындағы да Құнанбайдың Найманкөк деген үлкен көк ала аты болатын. Олар баланың соңынан жарыса кетті. Бір бел асса бала көрінбейді. Аздап уақыт өткен соң Жұмабай арт жағынан тасырлап келе жатқан ат дүбірін есітті. "Е, бұл Есенбайдың жырасындағы жау болар", - деп ақ-көк атты тепкілей берді. Күндіз шабатын ұры бет-аузын таңып алыпты. Артынан қуып жеткенде Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жібереді. Ақбозат бірдемеге тіреліп тоқтады.

Жұмабайдың реңі қашып қара тымағын алса, ол ұры емес, өзі айтқандай "Құнанбайдың бөлтірігі" Абай екен. Байтас пен Абайдың ішек-сілесі қатып күлді. Аз уақыт өткен соң Абай Жұмабайдан орынсыз ісі үшін кешірім сұрады.

Бұл Шыңғыс бөктеріне үш-төрт ауыл қоныпты. Бұлар "Құнанбай ауылы" деп аталады. Абай ауыл ортасындағы ақ үйлердің қасында қарап тұрған екі шешесі Ұлжан мен Айғызға жеткенше асықты. Аттан түсе салысымен шешесіне беттей берсе, Ұлжан: "Әуелі әкеңмен амандас", - деп, Құнанбайды меңзейді. Сосын Абай әкесі және қасында тұрған кісілерге барып, сәлемін береді. Онымен бірге Байтас пен Жұмабай да келіп сәлемдеседі. Әкесі Абайдан: "Молда болдың ба? Бойыңа қоса білімің де өсті ме?", - деді. Соңсоң шешесіне баруын меңзеп, өзі батыстан келе жатқан төрт-бес салт аттыға қарап тұрып қалады. Абайды шешежеңгелері сүйіп, Телғара деп еркелете түседі. Абай бәрімен амандасып болып, бәрінен де көп сағынған Зере әжесінің құшағына енеді. Кеш түсіп, Абай әжесіне арнап өлеңдер айта бастап еді. Біршама уақыт өткен соң Құнанбай баласын шақыртып алады. Абай келіп отырысымен іштегілер қала, оқу жайын сұрастыра кетті. Сөйткенше сырттан Оспан кіріп келеді. Ол Абайдан бес-алты жас кіші інісі. Оспан біраз тыныш отырды да, нашар сөздер айта бастады. Құнанбайдың ашуы келіп, Оспан жұлқып жібереді де, атшабарға алып кетуін бұйырады. 2

Үй іші бірталай жым-жырт болып, отырып қалды. Тек Құнанбай Абайға таныс сөздермен, кей-кейде ыза, зілмен сөз сөйлеп жатыр. Құнанбай біршама тоқтаусыз уақыт сөйледі. Сол кезде Абай жалығып, іште отырған кісілердің жүздерін (беттерін) дәріптей бастады. Абай әкесінің сөздерінде «Қодар сұмның қылығы» дегенді естігенде, ол әуелі

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырындағы Қодарды елестетеді.

Құнанбайдың айтуы бойынша Қодар қазақта болмаған лағнетті іс жасаған көрінеді. Соның шындық не өтірік екенін талқыға салып отыр. Байтас пен Жұмабай қалаға тек Абайды алып қайтуға ғана емес, Құнанбайдың тапсырмасы бойынша Ахмет Риза хазіреттен осы іске фәтуа сұрауға барыпты. Ол болса: «Жазасы дарға асу», - депті.

Жалпы бұл жерде жиналған кісілердің мекені Тобықты болады.

Тобықтының өзі бірнеше рудан тұрады. Соның ішінде Жігітектен – Бөжей, Көтібақтан – Байсал келіп отыр. Сүйіндік Бөкеншінің адамы, ал Құнанбай Ырғызбай руынан. Ал басты мәселе Қодар Барсақ руынан еді. Жиреншенің үлкендер арасында әбден іші пысып, сыртқа шығады. Бала Абай оны жақсы танитын. Содан Қодардың кім екенін білгісі келіп, ол да тысқа шығады. «Жаңағы осы Қодар деген кім?», - деп сұрады Абай. Сонда Жиренше: «Ол мынау Шыңғыстың ет бөктерінде тұратын жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Барсақ. Қодар биыл қыстыгүні жалғыз баласы өлгеннен кейін келінімен жақын болыпты», - деді. Абай алдымен түсінбеді. Сосын Жиренше бір тұрпайы қозғалыстар жасап, түсіндіре кетті. Содан барып Абай түсінгендей болды. Кейін ол үйге қайтып кірмей, шешесіне қарай беттеді.

3

Қодар баласы Құтжан өлген соң келіні Қамқа екеуі біраз қайғырды. Ел ішіне араласпай да қойды. Малдары да шағын. Мал қарауға мүрдесі жоқ Қодар, ауыл ішіндегі үйсіз қаңғырған кісі Жанпейісті жанұясымен өз үйіне көшірген болатын. Сол Жанпейіс қой бағып жүргенде басқа қойшыларға бұл сұмдық болмысты таратыпты. Осыған орай Қарашоқыда елдің игі жақсысы жиналып отыр екен. Ол жердің старшыны Майбасар, ал бастығы Құнанбай. Майбасар атшабары Қамысбайға бір-екі атты қосып, Қодар мен оның келінін алып келуді бұйырады. Атты кісілер аса бір ызамен келіп, ол екеуін де қолын артына байлап, атқа мінгізіп алып кетеді.

4

Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес еді. Олар жиын қонысына жақындай бергенде Қарашоқының Барсағы Жексеннің ауылы көрінеді. Соңсоң Қодарларды алып келісімен барлық жұрт сыртқа шықты. Жиында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар – бәрі бар. Қодар оларға сәлем де айтпады. Ол екеуін сүйреп алып барарда, Қодар: «Ең әуелі ақ-қарамды біліп, содан кейін өлтір», – деп айғай салды. Бастарына қапшық секілді бірдеңені кигізіп, мойнына жіп (арқан) салады. Сосын атан түйеге қосып тарта бастайды. Қамқаның жаны көпке бармай ұшты. Ал Қодар берілер емес. Азды-көпті уақыт өткен соң Құнанбай қолды сермеп, Қодарды түсіруді бұйырады. Енді жанталасып жатқан шалды құз төбеге алып шығып, тастардың үстіне лақтырады. Сол сәтте Абай мен Жиренше де келген-ді. Байғұстың өлгенін көріп, Абай бет бұрды. Сол кезде, Құнанбай бар дауысымен: «Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшін қырық рудың қырық кісісі кесек атсын», – деп, өзі де кесек алып атады. Қодардың ең жақын туысы Жексен ең үлкен тас алып, жиіркенішпен лақтырады. Мұны көрген Абай шыдай алмай, Жексеннің артынан соғып: «Не деген имансыз едің, кәрі төбет? Е ...», – деп, аты тұрған жаққа жылдамдады. Абай атына міне салысымен ауылға шаба жөнелді. Жиналған жұрт үнсіз, жым-жырт тарасты.

5

Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәледен шығамыз деген ойы жоқ еді. Жиренше таңертең бір әдемі Желқұйын деген тазыны Құнанбай ауылына ертіп әкеледі. Абай екеуі біраз қымыз ұрттап, Қызылшоқы деген ұсақ адырға қоян аулауға кетеді. Қызылшоқыға кіре бере Желқұйын қуып, бір қоянды әрең дегенде алады. Олар оқыста аралап жүріп, Шыңғыстың Қарашоқы тұсына келіп қалады. Ол жерде Майбасардың атшабары Жұмағұлға кез болады. Жұмағұл Қарашоқы маңында Қодарды жазалау мақсатында жұрт жиналып жатқанын айтысымен, Абай атын қамшылап жөнеле кетеді. Көргені әлгі. Соңсоң Абайдың іші мұздап, денесі дірілге басып, ауылға қайта жөнеледі. Үйге жетісімен, көрпеге оранып, жатып алады. Осыдан ол ұшқынып қалды ма әлде қатты әсері болды ма, біраз сырқаттанғансып, орнынан тұрмай қояды.

Күн өтті. Күн артынан біршама уақыт өтті. Көктемнің көзі шығып, ел көшуі жақындады. Биыл ел көшіне белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар. Абай атқа мінуге жарағанымен, үйден аса көп шықпайтын. Оған әжесі көп-көп ертегілер мен әңгімелер айтушы еді. Соның ішінде «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Жүсіп-Зылиқа» секілді жырдастандар болатын. Осындай әдебиетке зейін қойып, тыңдап жүрген күндердің бірінде үйге екі бөгде қонақ келіп қонады. Бірін Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, «Қозы Көрпеш- Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Екіншісін бала Абай танымағанымен, шешесі жақсы біледі екен. Ол кісі Барлас деген ақын болатын. Сол түні Барлас «Қобыланды Батыр» жырын сұлу да, әсерлі етіп жырлап береді. Абай шешесімен екі қонақты бір айға шейін жібергісі келмеді. Телғара осы аралықта Асан қайғы, Бұқар жырау, Марқабай мен Жанақ, Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Алпыс ақындардың жырларына молығады. Абайдың ауырғаны да есінен шығып кеткен болатын. Ұлжан да риза болып, қонақтардың кетерінде Барласқа семіз көк атты, ал Байкөкшеге торы құнанды сыйға береді.

Қат-қабатта

1

Құнанбай елі бұрын күздеуден бір қар жаудырмай, көшпейтін еді. Бұл жыл ол маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші-қонның жөн-жосығын айтпай, күземді елден ерекше ерте алды.

2

Күздеуден жіті көшіп отырып, Құнанбай ауылдары Қызылшоқы, Қыдыр мен Көлқайнарға жетеді. Құнанбай қасына Майбасарды ертіп алып, Шыңғысқа бет алды. Кешке қарай ол үлкен бәйбішесі Күнкенің ауылына кеп түседі. Мұнда бүгін сыбаға алып келген әйел қонақтар көп екен. Үй ішінде Құнанбайдың тоқал шешесі Таңшолпан, Ақбердінің шешесі, кәрі жеңгесі Бөпей, Жұман, Жортар және Ырсайдың шешелері бар екен. Бұлардың көпшілігі Ырғызбайдың және Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар еді. Ертеңіне Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті. Беттегені – Шыңғыстың жуан ортасы.

Алты күннен соң Құнанбай ауылы көшкен жолмен тағы бір мол көш келе жатты. Бұл – Бөкенші мен Барсақ көші. Көш басында Сүйіндік, Сүгір және Жексен келеді. Бұлардың қыстауларын Құнанбай ауылы толығымен мекендепті. Жексендер ашуланып, ел шаппақшы да болады. Бірақ Құнанбайға дәті бармайды. Құнанбай алдынан шығып, оларға құр қысыр төбе-қоныстарды береді. Олар оған көнбей, сонда орнығып алады.

3

Құнанбай жорға Жұмабайды Сүйіндік пен Сүгірлерге жіберіп: «Ана Қарауыл, Балпаң, Талшоқы, Шалқар бойынан таңдаған қоныстарын алсын. Мұнда көпке мұрындақ болмай, тез барып орнықсын», - деген. Сүйіндік пен Сүгір көш-қонын ойлап, қыбырлай бастап еді, Барсақтан шыққан Дәркембай оларды тоқтатады. Соңыра Сүгір, Дәркембай, Түсіп, Жексен және Сүйіндіктің қатысуымен қара шаруа жиыны болады. Жиын бір түбірге келеді де, ел наразылығын Құнанбайға жеткізуге Түсіпті жіберетін болады. Сол күні Түсіп барып, айтқанына Құнанбай ашуланып: «Біздің ел де наразы, Бөбең мен Кішекең елдегі Керей, Уақ, Сыбан малдарын үнемі ұрлап отырады. Сен де одан шет емессің. Бәрің жазықтысың, арамсың. Алысқысы келсе, кіріссін. Сөзімді тегіс жеткіз»,

– деді де екеуі екі айырылып кетті.

4

Майбасардың екі атшабары Қамысбай мен Жұмағұл Үркімбай, Қаумен, Қараша ауылдарына келіп, Керей мен Уақтан ұрланған елу қойды қайтаруын талап етеді. Соңсоң Қараша Байдалымен ақылдасуға атқа мініп кетеді. Шай қайнатым уақыт өтпей атшабарлар Байдалы мен оның ұры атанған жігітіне кеп арылдай түседі. Аздай арада атшабарларды қанға бояп, қуып салады. Жан сауғалап қашқан Қамысбай мен Жұмағұл Қарашоқыдағы Құнанбайдың ауылына тіке жол тартады. Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар, Құлыншақтың батыр ұлдарынан Наданбай, Манас, Ырғызбайдан – Жұман, Төлепберді тағы да басқа үй толы жігіттер екен. Құнанбай жағдайды есіткен соң барлық жігіттерді жинап алып, Үркімбайды ұстап келуді бұйырады. Олар лезде Үркімбай ауылындағы ер басының бәрін сабалайды да, оның өзін артқа байлап қайтады. Оқыста қарсы алдарынан Қараша 40-50 жігітпен шыға келеді. Қолдарында өңшең шоқпар мен сойыл. Айқаста Жігітек қолы басым келіп, Үркімбайды алып қалады. Үркімбайды ала алмаған Құнанбайдың қолы амалсыз қашып кетеді.

5

Қызылшоқыдағы Бөкенші әлі де көшпей отыр. Бірінші қар түседі. Құнанбай Майбасарға он шақты жігіт қосып, Талшоқы мен Қарауылға Бөкеншіні көшіруді бұйырады. Бөкеншілер еріксіз тартып кетеді. Құнанбай бір-екі күнде ешкімге білдірмей, қалың қол жинайды. Ол Көтібақ руындағы Байсалға ата қонысы Тобықтыны Бөжейден тартып алып бермекші еді. Сол себепті, ат күшіне мінген қалың топ Бөжей ауылына беттейді. Осы кезде Жігітек руының ірілері Бөжейде отырған екен. Бірақ қолындағы жігіттері азшылық. Құнанбай кенеттен басып, бәрін тұтқындады. Шетінен ақсақал, қарасақалдарға дүре соқтырады. Кезек Бөжейге келгенде, ал оны Қамысбай ұра бергенде, Көтібақтың Пұшарбайы өз денесімен Бөжейді жауып қалады. Себебі, бұл екеуі бұрыннан дос болатын. Құнанбай ашуға мініп, екеуін де жазалауды бұйырады. Содан кейін, оған Байсал да қарсы шыға келеді. Құнанбай сонда да айтқанынан қайтпай тұрғанда Байсал лезде өзінің рулас жігіттерін бөліп алады. Дүрелердің соңы көрінген соң Құнанбай Байсалдан басқа қалған қолымен Қарашоқыға қайта жөнеледі.

Жолда

1

Абай күнде терезенің түбіне келіп, Шыңғыс тауын тамашалаудан жалыққан емес. Әр кеш әжесі Зере Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшатты тербетіп отырады. Сол күндердің бірінде ішке Оспан мен Смағұл келіп қалады. Смағұл да Абайдың інісі. Айғыздан туған. Оспан екеуі түйдей құрдас. Бұл екеуі бір шелек қымызға лас қолдарын салып еді, оны Абай көріп екеуін де жеркіп, салып тастады. Сосын үй ішіне Абайдан екі жас үлкен ағасы Тәкежан мен Құнанбайға жақын болып қалған татар жігіті Ғабитхан кіріп қалады. Ғабитхан «Мың бір түнді» жырлап жатқан кезде, Жұмағұл келеді. Ол кешегі болған жайтты айтып береді. Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға бет алыпты. Ертең Құнанбай да жүрмек. Абай да қосылып баратын болыпты. Сосын, Абай жолға лезде қамданып, барлығымен бір мезгілде қош айтысты да, Жұмағұлмен бірге жолға шығады.

2

Абай Қарқарылаға жетіп, әкесімен тұрғалы көп күндер болды. Бүгін Абайдың қайын атасы Алшынбай (Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызына Абайды айттырысқан болатын) Құнанбайды көргелі қонаққа келе жатыр. Ашекең келіп, қонақ асын ішіп болғасын, Бөжейдің арызданғанын айтады. Сосын Майыр дейтін ірілі кісі кіріп келеді. Осы өлкенің аға сұлтаны Құнанбай болса, Майыр оның көмекшісі. Бүгін ол Бөжейді жақтап келгендей сөз бастайды. Сосын олар біраз айтысып та қалады. Алшынбай араға түсіп, оларды тоқтатты да, Майырды үйіне жөнелтіп жібереді. Кейін Құнанбайға бет бұрып: «Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді», - деді де өз жолына түсіп кетті.

3

Бір күні Абай Қарқаралы көшелерін аралап жүріп, үйінен алыстап кетеді. Үлкен көшенің бойында оған қарсы бір топ адамдар келе жатады. Ортасында келе жатқан соқыр кісі екен. Оның екі желкесінен екі жігіт ұстап келе жатыр. Соқыр кісі өзінің сөз тапқырлығымен артынан шұбырып келе жатқан қауымды қызықтырып, күлдіріп келе жатыр. Абай да соларға ілесіп кетеді. Көше басына келіп қалғаннан кейін, «Шөже біздің үйге қоныңыз», - деп адамдар сөз таласып айтып жатты. Сосын барлығы, Абай да үлкен бір үйге кіреді. Абай алдында Шөже ақын жайлы көп есіткен болатын. Шөже ақын іште де сөз жүгіртіп, Бәрін күлкіге бөлей берді. Біршама уақыт өткен соң, жиналған қауым тарала бастайды.

Абай да көптен бөлек болмай қайтады. «Жол-жөнекей Майбасардың пәтеріне кіріп өтейін», - деп Абай жолын бұрады. Абай пәтерге кіргеннен, Майбасар онымен әзіл қуып, айтыса бастайды. Абай Шөжеден үйренгеніне Майбасарды қосып айтып береді. Барлығы күліп жібереді. Сол сәтте ішке Қарабас еніп, халықтың жаңа біткен мешітке Жұма намазға кетіп жатқандарын айтады. Дегенмен, іштегі еш бір адам намазға бармады. Намаздан кейін үлкен ас жиынға, Құнанбай пәтеріне көпшілік жиналады. Абай да онда барды. Бірақ оны ешкім қыстырмады. Үлкен төрт бөлмеде ағайын түгел жиналыпты. Табақшылардың қолы үзілмей тамақ тасуда. Бір кез іштен біреу домбыра тартып, әндете кетті. Сырттағылар: «Бұл кім?, бұл кім?», - деп сұрай кетеді. Абай есіктен сығалап, тыңдай бастайды. Ән аяғын тапқан соң, іште отырғандар: «Бәрекелде, Балта ақын!», - дей кетеді. Абай әншінің Алшынбайдың қасында жүретін Балта ақын екенін бірден таныды. Сосын Алшынбай Құнанбай мен Бөжейге: «Ағайынсың, жақынсың. Ендеше сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар. Бөжей Құнанбайдан бала алып, бауырына салсын. Иістерің аралассын», - деді. Абайға мына соңғы сөз өте ұнамаған еді. Ішінен біртүрлі түршігіп қалады. Өз бауырларының біреуі немесе өзі кетіп қалуы мүмкін.

4

Осы кештен жиырма күндер өткен мөлшерде Құнанбай елге қайтатын болады. Айналасы алпыс шақты сербең кісілер жиналып, ауылға қарай бет алады. Үш-төрт күн дегенде үйге де жетіп қалысты. Құнанбай Қарашоқыдағы Күнке ауылына қонуды ұйғарады. Ал Абай әжесі мен шешесін сағынған болатын. Ол Жұмағұлды ертіп алып, Жидебайға бет алады. Бәрі қуанып қарсы алады. Абай болған оқиғаларды тас түгелімен баяндап береді. Ертеңіне Құнанбай Қарабасты жіберіп, Бөжей, Байсалдар, барлығы осында қонақ болатынын айтып жібереді. Зере Ұлжан мен Айғызға қамданып, дайындалуын бұйырады. Дәл айтқанындай ертеңіне көпшілік қауым осында жинала түседі. Барлығын жылы қарсы алып, дәмтұз татқызады. Ертеңіне Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естіген жат сөзінің шешуі жетеді. Өз үйінде жер бауырлап, жылап Айғыз жатыр. Бөжейлер оның қызы Кәмшатты алып кетпек. Бұл жағдай бәрін зар жылатып, қинайды. Кәмшаттың шырылдаған дауысы Бөжейлер ұзап кеткенше басылмайды.

Шытырманда

1

Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күнітүні оқиды. Ол өз кітаптарын тауыса салып, Ғабитханның кітаптарына тиіседі. Ол осы оқығандарын қыс бойы бәрін жинап, әңгімелеп отыруды әдетке айналдыра бастаған. Көктемнің бір шуақты күнінде Абайға шақырту келіп, Қарашоқыға жүріп кетеді. Күнке ауылына келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ ауылына айтатын сөздерін ұғындырып, Қарабасты қоса жібереді. Құлыншақ ауылы алыс емес. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар кыстауының арғы жапсары. Ол жерлер Торғай руына тиесілі. Құлыншақ – сол Торғай руының басты кісілерінің бірі.

Құлыншақ ауылы әлі қыстаудан шығып үлгермепті. Құлыншақ екі салт аттыны жылы жүзбен қарсы алады. Ішке кірген соң, біраздан кейі Абай айтады: «Бұл сіз былтыр қоныстанған Бетқұдық жері бұрын Барсаққа тиісті болған екен. Ақберді Барсақ қыстауын алған соң ол әкеме кеп осыны айтыпты». Сонда Құлыншақ: «Уай, балам,

Бетқұдықта Барсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші едім ғой. Қақ бөлісуші едік қой. Осыны әкең білді ме?» – деді.

«Оны білген көрінеді. Бірақ тегінде, меншік бар да, ақсақал. Даусыз жердің иесі Барсақ еді», – дейді Абай. Құлыншақ үндемеді. Ол қарсылығы жоқтығын білдіріп, мұңайып Абайға қарап қалады. Бір-ақ отырып екі салт атты Қарашоқыға бет алады. Құнанбайға жауабын айтқан соң ол екеуін тағы Түйеөркеш баурайындағы Сүйіндік ауылына жібереді. Ол жақта да асыл қонақ болып, Күнке ауылына бет алады.

2

Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті. Күнкенің үлкен үйінде мол жиын болып жатыр екен. Абай іркілмей кіріп, сәлем береді. Жиында әкесі «дос» деп іштегі бейтаныс кісілерді атайды. Олардың ішінде Байсал, Қаратай, Бөжей, Сүйіндік, Түсіп және Құлыншақ сияқтылар жоқ еді.

Жиын тараған сәтте Абай әкесіне барын айтып, шешесіне баруын сұрайды. Құнанбай ызаланып: «Шешеңде нең бар? Мына жерде жүрсең сөз тауып, тәрбие аласың», – дейді. Сонда Абай: «Ол жақта қаршығам бар. Құс салам ба деп едім», – деп тіл қатады. «Байдалыға жіберуім бар, сосын Жидебайға бара бересің», – деді соңында әкесі. Екі күн өтіп, Қарабас пен Абай Байдалы ауылына кетеді. Байдалы оларды жылы желмен қарсы алмады. Олар үй ішіне кірсе, Байдалының ашуға мініп, бәріне ұрсып отырғанын көреді. Кіріп отырып, жайғасқан соң Абай: «Әкем былтыр Жігітек жерінен Қаршығалы Қопа деген қоныстарына Сүгір мен Сүйіндік ауылдары қонсын деген екен», – деді. Байдалы шұғыл ойланып, ызаға булығып: «Қонсын Сүгір мен Сүйіндік, не деуші ем?», - деп жауабын қысқа қайырады. «Бірақ ағайынға шет бастыруы дұрыс емес. Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп би сайлаған болатын», – деді Байдалы. Осыдан кейін Байдалы талай ренішті әңгімесін айта кетеді. Оның сөздерін Абай ұғып алып, жол жүріп кетеді. Абай Қарашоқыға келісімен әкесін тауып, бар болған әңгімені айтады.

3

Абай Жидебайға кетерінде әкесінен көші-қон жайлы сұрастырады. Биыл Құнанбай ауылы Қарауыл өзенін жағалай Бақанасқа бет алмақ. Абай көп асыққан Жидебайына да жетеді. Ол Құлыншақ пен Сүйіндік ауылында Бөжей алып кеткен кіші қарындасы Кәмшат жайлы мазасыз әңгімелерді естіген болатын. Сол жайлы ол шешелеріне айтады.

Көш кезінде Абай Ғабитханды ертіп алып, Бөжей ауылына кетеді. Бөжей ауылына жете бердік дегенде үлкен ақ отаудан Кәмшаттың жылаған үні есітіледі. Бөжейдің өзі жоқ. Оның бәйбішесі сұр жылан секілді бәріне жекіріп, шағып отыр екен. Үй ішіне кіргенде Кәмшаттың мүшкіл хәліне кез болады. Абай не жыларын, не ашуға мінерін білмей қарындасын бауырына басады. Кәмшат оларды танымайды. Екеуі де көп отырмай шығып, үйге қарай бет алады. Абай ауылға жеткенше әкесіне ызаланып, Жүрегі қысылып келеді. Келсе үй ішінде Құнанбай мен Жұмабай отыр екен. Шешелері Абай келгенін біліп, асыға келіп Кәмшатты сұрайды. Сонда Абай: «Кәмшат ауру, әл үстінде. Бізді танымады», – дейді.

Шешесі Айғыз қаймығып, жылай түседі. Ұлжан да, әжесі Зере де осыған

Құнанбайды кінәлап, жылап жатады. Зере шыдай алмай баласына қатты ұрысады. Құнанбай үн қатқан жоқ. Осыдан кейін аз күн өткен соң Кәмшаттың өлгені жайлы оқыс хабар ауылға жетеді. Бөжейлер, тіпті, шешесі Айғызға да хабарлатпай, жер қойып бітіріпті. Ел іші налаға бөленіп жүрген кезде Бөжейдің өлімі де есітіледі. Оны бес-алты күн ауырып, сосын кеткен деседі. Құнанбай жаназаға шақыратын арнайы хабаршыны күтті. Бірақ Байдалы мен Байсал Құнанбайға хабар жеткізбеді. Тіпті Қарқаралыға дейін жоқтау барған деседі. Бөжей сүйегін Тоқпамбет қыстауына қойыпты. Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды. Құнанбай бұл іске қатты ренжіді.

Бел-белесте

1

Күн түске жетпей-ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр.

Қастарына Тәкежан келіп: "Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген пісіпті. Жүріңдер барып теріп келеміз", - деді. Сосын бәрі де ат ерттеп, мініп кетісті. Шынында да ол жерде бүлдірген мол екен. Бір кез бір көштің дүбірі естіледі. Қараса Бөжей ауылының көші екен. Көш басында бір топ қыз ат үстінде келеді. Қарсы алдынан бір ауыл немесе көпшілік шығатын болса, ол қыздар дауыстап жоқтау айтатын. Сол кез олар Абайларды көріп, айта кетті. Абай қыздардың арасында Сүйіндіктің Қантжаннан туған Тоғжанды көреді. Көктемде бір шаруамен Сүйіндік ауылына барғанда Абай ерекше бір сезіммен қайтқан болатын. Содан кейін Тоғжанды көргені осы. Бірақ қазір Абайдың ойы қарасы дыбыста еді. Ол өзі білмей жылап жібереді. Соңыра кеш түсе олар үйге қайтады. Құнанбай Бөжей ауылы жақын маңда екенін есітіп, ертеңінде ел ірілерімен бірге жоқтап қайтады. Барғандары елу қаралы еркек, отызқырықтай қатын. Араларында Абай, Тәкежан, Оспан секілді бір топ балалар да бар.

2

Күз келді. Жұрт пәшендерін шапқызып, қыстауға дайындала бастады. Қызылшоқыдағы Құлыншақ ауылына қарай жауыннан ықтай Майбасар, Құдайберді, жорға Жұмабай мен атшабар Жұмағұлдар аса тездікпен шауып келеді. Құлыншақтың бір жорға атына Құдайберді қызығып, сұратуға атшабар жіберген болатын. Ал Құлыншақтың "бес қасқасы" оны сабалап қайтарыпты. Соған ызаланып Майбасар келеді. Бес қасқаның төртеуі Мұңсызбай, Садырбай, Наданбай мен Тұрсынбайлар іште екен. Ал Манас атқа мініп, Қарауыл жаққа кеткен екен. Іште біраз сөзталас болған кезде, Пұшарбай мен Манас бастаған он шақты жігіт асыға кіріп келеді. Төртеуін де аямай сабап, қуып салады. Ал Құлыншақ ауылы, яғни Торғай руы Қарауылдың ар жағына көше жөнеледі. Бұл хабар Құнанбайға жеткен соң, жүз елудей жігіт атқа мінеді. Алдынан шыққан көштің кімдікі екенін аңғармай, шауа кетеді. Көшті ұстап, бұрып әкетпек болғанда Бөжейдің қаралы көші екенін аңғарып, аттарын артқа бұра кетеді. Шырқыраған Бөжейдің бәйбішесі мен қыздары арттарынан талай қарғыс айтады.

Екі бір-біріне қас жаулар қалың қол жинай түседі. Байдалы мен Байсал қол бастаған Жігітек, Көтібақ, Торғай мен Бөкенші адамдары Мұсақұл деген жерде жиылады. Құнанбай Тоғалақ, Әнет пен Бәкеннен адам тартып, Жидебайда жинала бастайды. Мұсақұл мен Жидебай арасы үш-ақ шақырым. Үш күн аяусыз шайқас болады. Нәтижеде Құнанбай жеңе алмады. Жігтек жігіттері де жақсы нәтижеге жете алмады. Осыдан кейін Байдалы Түсіптің қоржынына мол ақша салып, Қарқаралыға жібереді. Он шақты күн өткен соң Тобықты ішіне, дәл Құнанбай ауылына Қарқаралыдан он бес қазақ-орыс кеп түседі. Келген әскердің басы Чернов деген шенеунік екен. Ұлық үш күн екі жақтың арызын тыңдап, ертеңіне Құнанбайды ертіп, алып кететін болды. Байдалы артынан тағы арыз жібермеуге көніп, өзі қалаған Құнанбайдың он бес қыстауын тартып алады. Құнанбай Қарқаралыға кеткен соң, ел іші бірақ тыныштала түседі. 3

Күздің арты қыс болып, оқтын-оқтын Құнанбайдан хабар келіп тұрады. Ол Қарқаралыға барысымен аға сұлтандықтан түсіпті. Орнына бір болып, сосын түсіп қалған Бөкей төренің нәсілі Құсбек отырған екен. Құнанбай арғы ісін ойлап ұлық Черновқа талай пара ұстатады. Бірақ оған атысты іс-қағаздардың барлығы Омбыға кетіп болғандықтан, Құнанбайдың Омбыға баруына тұра келеді екен. Құнанбай қасына сенімді жігіт Мырзаханды ертіп алып, Майырдың пәтеріне барады. Құнанбай үстінен түскен арыздар сол Майырдың қолында болатын. Оны коньякқа тойғызып, Құнанбай Майырды алдап тұрғанда, Мырзахан арыздардың барлығын отқа жағып жібереді. Осыдан кейін Омбыда Көрпіс кеңсенің нақты дәлелі болмай, Құнанбайды он шақты күн шолақ-шолақ тергейді де, айыпсыз деп танып, еліне қайтарады. Құнанбай Қараралыдағы ұлықтармен қайта табысып, көктемге дейін сонда қалып қояды. Көктемде елге қайтып, Майбасардың орнына старшын болып сайланады.

4

Абай қыс бойы Ғабитхан мен Тәкежанға ілесіп, домбыра тартуды үйренеді. Қомбыраға қоса өзі Тоғжанға арнап тоқыған өлеңдерін жырлайтын. Көктем келгелі Тоғжанды қатты сағынып, саятшылықта жүргенде Тоғжан ауылындағы Ербол деген таныс жігітке кез болады. Ербол Абайға барынша көмектесіп, оның Тоғжанмен кездесуін ұйымдастырады. Абайдың шексіз шырқаған сезімі Тоғжанмен кездескен кезде, әсерлі жанара түседі. Екеуі таң атқанша махаббатқа бөленіп, отырысады. Абайдың өміріндегі ең қуанышты сәттері осы кездер болатын. Таң ата Ерболмен соншалықты ризалықпен қоштасады да, Қарауыл өзенін жағалай келіп жүріп кетеді.

5

Көктемнің жылы күндері шуақтай бергенде. Құнанбай ауылға оралады. Қалың ел оны бар қуанышпен қарсы алады. Мал сойылып, үлкен дастархан жайылады. Құнанбай ішке кіріп, енді бар ғұмырын бала сүйіп өткізгісі келетінін білдірді. Оған екі ұлы Тәкежан мен Абайды үйлендіретін кез келгенін білдірді. Алғашында Абай құанғандай болды, бірақ атастырғаны Ділдә болғандықтан қатты күрсінді. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезінді. Бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді.

Өрде

1

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен қызықты думан өткізіледі. Абай осы үш күн бойы өз қалыңдығын көрмеген болатын. Тек төртінші күні құдалар барлығы үйге жиналған кезде неке оқылады. Абай әлі Ділдәмен жақын танысып та үлгермей, шымылдықтың алды жабылады. Осы ауылға келерде Абай қасына Ерболды да ертіп алған болатын. Тоғжан одан сәлемін айтып, артынан жылап қалыпты. Осыны есіткен Абай екі от арасында қалғандай қиналады. Абайлар Алшынбай ауылында тағы он бес күндей қонақ болып қайтады. Қайтқанда Абай жас жүрегіне жалынды от қосып қайтқан жоқ еді.

2

Абайлар келгенде жұрт тегіс Шыңғыс сыртындағы жайлауда екен. Құнанбай атшабарларын жіберіп, былтырғы қыстауларын қайтара бастапты. Он төртін түгел қайта иемденген. Ал біреуін Байсал өжерлік қылып, бермепті. Құнанбай ашуланып, тағы бір соғыс ашайын дегенде, Абай оны тоқтатты. Сосын Бөжейдің жылы келе жатқанын айтып,

Құнанбай бармаса да, өзі ауыл ірілерін ертіп баруына рұқсат сұрайды. Абайдың өзіндік жоспары болатын. Ол Бөжей ауылына келетін қонақтардың бір үлесіне он киіз үй тіктіріп, жайлы қонақ күтпек болады.

Дегені де болды. Абай, Ербол, Мырзахан, Ұлжан, Айғыздар көпшілік боп, Бөжейдің алыс нағашыларын қонақ етеді. Тыным таппай үш күн қызметте болады. Байдалы, Байсал, Сүйіндік және нағашы ақсақалдар ырзашылық білдіріп, өз баталарын береді. Абай мен Ербол үш күн ұйқы көрмеген болатын. Сондықтан үйіне қайтысымен екі күн, бір түн қатып ұйықтап, сергіп тұрады.

3

Абайдың аса ірі жауапкершілікпен атқарған еңбегі бүкіл Шыңғыс түгіл, ел сыртына да таралып үлгереді. Абайды кім көрсе де ашық қуанышты жүзбен амандысатын болған. Ербол ауылына бір барып қайтқанда, Абайдың Тоғжанмен кездесуіне тағы бір сәт туғанын айтады. Сосын оны ертіп алып кетеді. Екеуі тағы да ай сәрінде кездеседі. Тоғжан Абайды құшақтай салысымен жылап жібереді. Екі жүректің дірілдеген дәмдері қосылып, ыстық еріндері енді айырылмастай табысқандай болатын. Тып-тыныш жаздың таңы баяу атып, түріліп келе жатқанда, Абай атына мініп, Ботақанға бет алады. Елдің қыстауға қонатын шағында Абай Қарқаралыға жүріп, Ділдәні алып келеді. Бұл арада Құнанбай баласын ұрып, інісін масқаралатқан Құлыншақ пен оның "бес қасқасына" өзіндік жазаларын беріп үлгерген еді.

Қияда

 1 17 жаста Абай әке атанады. Ділдәдан үлкен баласы Ақылбек туды. Бір жыл өте кейінгі қызы Күлбадан дүниеге келеді. Бұл кездері Абай өзін әке сезініп жүрген жоқ еді. "Әке болдың" деген жұрттың сөзінен ұялып, қиналып жүретін. Осындай кездердің бірінде көктем келіп, сәуір, мамыр айлары шықса да үскірік боран тоқтамай, ауылдарда мал қырылып, жұт болады. Осындай жұтшылықтан қашып Ырғызбай қыстауларына Бөкенші Дәркембай келе жатты. Дәркембайдың отыз-қырық қойынан шөп қызғанып, Тәкежан Жұмағұлды жұмсап қуа кетеді. Майбасар старшындықтан түскеннен кейін Жұмағұл да атшабарлықтан қалып, Тәкежанмен дос болып алған болатын. Абай үйінде Ербол, Жиренше, Асылбек және Базаралылармен әңгіме құрып отырғанда Дәркембай келіп көмек сұрайды. Абай, Ербол екеуі лезде тұрып, барып Жұмағұлды жақсылап сабап, атын алып қояды. Содан кейін қойлар тегіс маяларға бас қояды. Ал Жұмағұлды үйіне жаяу қайтарады. Абай Дәркембайға жұттан қиналып жатқан барлық ауылдардың малын жинап, алып келуді бұйырады. Бір күн өтпей қорыққа келген ауылдардың саны елуден асты. Сол күні Тәкежан Қарашоқыға бет алып, әкесіне Абайдың үстінен шағымданыпты. Құнанбайдың сәлемін Жидебайға жорға Жұмабай алып келеді. Әкесінің сөзіне көнбей, Абай оны да қайтарып жібереді. Құнанбай бұған ызаланып, ендігіде Жақыпты жібереді. Оған Зере, Ұлжан мен Абайлар да қарсы шығып, Құнанбайдың қыстағы ақылдаспай істеген ісіне ренжігендерін білдіріп, Жақыпты да жөнелтеді. Құнанбайдың биыл қыста бүлдіргені – ешкіммен ақылдаспай төртінші қатын алғаны болатын. Бердіқожа деген қожаның қызы Нұрғанымды тоқалдыққа алған еді. Абай дәл осы істі Жақыпқа айтып жібереді. Құнанбай бұйрығынан құтылған соң Ұлжан мен Абай бар ынтасын көпті күтуге салады. Он бес күн өтеді. Көктемнің шырайы ашылып, жылы жел соға бастайды. Абайдың арқасында елу ауылдың мың жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы жандарын сақтап, аман қалады.

2

Көктемнің ескегі соға бастасымен жұрт жазғытұры жайлауларына көше бастады. Көші-қон кезінде Зере қатты сырқаттанады. Бір-екі күнде тынысы тарылып, қозғала алмайтын болып қалады. Бір күні таңсәріде Зере көзін ашып, Ұлжан мен Абайға соңғы сөздерін айтады да, әжім басқан көздерін мәңгілікке жұмады. Күн шығысымен хабар шартарапқа тарап, ағайын тегіс жиналады. Абай түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмей, қайғыға батып кеткен болатын. Қырқына шейін әжесінің рухына арнап Құран аударып жүреді. Ұлжан Абайдың қатты ойға түскенін байқап, Ерболмен бірге ел аралап қайтуын сұрайды. Сүйіндіктің Асылбегі Абайды қонаққа шақырыпты. Олар солай қарай бет алысты. Біраз күн ол жерде қонақ болып, Қадырбай ауылына Қарашаш және бір топ жастармен барады. Сұрастыққа тек мамырдың жұтын сұрайды. Қызық ойынсауықтар болады. Осы екі жеті ішінде Абайдың бетіне күлкі жүгіргендей болып, Тобықты жайлауына сергіп қайтады.

ІІ кітап

Тайғақта

1

Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді. Құнанбай ақшадан уайым болмасын деп қайта-қайта мал сатқызады. Сапарға шығатын кез келеді. Құнанбай өзімен бірге Ызғұттыны ертіп кетпек. Оларды Семейге дейін шығарып салуға Ұлжан, Абай, Мәкіш (Абайдың апасы) қосыла жолға шығады. Мәкіш жол бойы жылау үстінде келеді. Абай оның жылауын тоқтатып, Топайкөкті айта түседі. Мәкіш Тоғжан жайлы бірер сөз қозғап қояды. Біршама жол жүрген соң қоштасар сәт келеді. Абай оқып, жиған-тергенін қағазға түсірген екен. Соны Ызғұттыға береді. Ұлжандар жыласып, қайырласады. Құнанбайлар көзден таса болғанша жұрт көз алмай тұрысты. Сосын жайлап артқа қайта кетті.

2

Ұлжан, Абайлар Қарқаралыға келгенде өзінің құдасы Тінібек оларды аса мейірімділікпен күтеді. Көп болмай Ұлжан, Мәкіштер қайтамыз деседі. Абай бір-екі жұмысым бар деп қалада қалатынын білдіргенде Ұлжан оған талай сөз айтады. Себебі, Абай әлі алты айдан бері қаладан қалаға жүріп, үйіне әлі бармаған болатын. Анасы ел-жұрт, бала-шаға, Ділдәні ойла деген еді.

Осыдан он бес күн өтіп, Абай мен Ербол ауылға бет бұрысты. Жолда күн батарда, жаңбыр жауғалы тұрғанда екі жігіт Орда тауына жетеді. Кенеттен жаңбыр себелей түседі. Бір тастақ қиядан асқанда кішкене ауылдың шеті көрінеді. Бұл Байшораның Бекей ауылы екен. Ауыл ішіндегі Бекей шаңырағына кіріп, сол жерде қонақ болады. Ас піскенше екі жігіт ұйқыға кетеді. Бір кез Абайдың түсі, яки өңінде ме "Топайкөк" шырқала кетеді. Екеуі де ояна кетісті. Бірақ ән әлі шырқалып жатты. Сыртқа шығып білсе, шырқап жатқан Шекей қызы Шүкіман екен. Өзі Тоғжаннан айнымайды. Кейін Шүкімандар Абайларға келіп, бірге көңілкүй көтереді. Абай Шүкіманнан көз үзе алмай қалады. Себебі, бұл сұлу Түйеөркештегі Тоғжанды елестететін еді. Таң ата екі атты ауылға қайтады. Ұлжан ауылы Шалқар деген жерде екен. Жолда Абай мен Ербол Шүкіманға жаңа ат береді. Оны Әйгерім деп атайды. Абай Әйгерімді жар етуге бел буады. Абай ауылға жетіп, үш жасар Мағашын құшағына басады. Үлкен ұлы Ақылбай Нұрғанымның қолында өсіп жатқан болатын. Ал Күлбадан, Әбдірахман және Мағаштар Ділдәмен бірге. Көп өтпей Абай шешесіне Әйгерім жайын айтады. Ұлжан Абайдың бұл сөзін күйзеу қабақпен тыңдап, соңында опық жейтінін айтады. Бірақ, шешесінің қарсылығы байлауға бөгет болған жоқ. Осыдан кейін Абай Бекей ауылында он бес күндей боп қайтады. Абай осы арада барлығын риза етіп, үлкен мал беретін болып келіседі. Мал жағынан Абайға Оспан көп қарасады. Жақып, Жиренше, Оспан, Ғабитхандар құда түсіп қайтады.

Жайлауда

1

Ауылда ерекше ән шырқалып жатқан еді. «Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы бар ма?», - деп Абай арнайы қонақтарды күтуге тіктірген төрт киіз үйінің бірінде көпшілік жас қауымды ішке отырғызып жатты. Абайдың Әйгерімді алып келгеніне екіүш ай шамасы болған болатын. Іште Абай, Әйгерім, Ербол, Жиренше, Базаралы, Әнет қызы Балбала, Базаралының інісі Оралбай және Сүгір ауылынан Керімбала , Құдайберді баласы Әмір, Сүгір баласы Әкімқожа және аты бүкіл Арқаға (Сарығарқаға) таралған Біржан сал отыр. Біржанның бұл жақтарға келгеніне екі айдай болып қалған. Ол үкілі домбырасымен ел аралап, өнерін арттырып жүрген. Жиналғанның бәрі бір-бірінен асқан өнерпаз, ақын, әнші, сазгер. Әсіресе Әйгерім шырқағанда Абай тырп етпейді. Біржан да ұйытқығандай болады. Сол бір сәтте ас дайын болып, қонақтар сыртқа сермеп қайтуға шығады. Осы кез Қалиқа кеп Абайды шешесі шақырып жатқанын айтып, ертіп кетеді.

2

Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділдә отыр. Абай кіріп келіп, Ділдәнің ызаланып отырғанын байқайды. Абай Әйгерімнің отауында ойын-сауық өткізіп жатқанда, мына жақта Түсіптің бәйбішесі (Ділдәнің шешесі) қонаққа келген екен. «Өз енеңмен неге саулық сұраспайсың?», - деп Ұлжан Абайды ұрысады. Оны Ділдә да қостай жылап, шығып кетеді. Бірақ Абай осынша жағдайлардан кейін де айтқанынан қайтпай, енесіне жолықпайды. Тек Біржанды шығарып салумен болады. Біржанға Абай, Ербол, Әйгерімдер қосылып, Күнке ауылына Әмірдің отауына барады. Қонақтар сол жерде бір түн болып, сосын қоштасады.

3

Біржан қонақ болып кеткен жаз көп уақыт жастарды толғандырып жүреді. Ыстық мезгіл ауысқандай болып, жұрт көшуі жиілей түседі. Базаралының інісі Оралбай осы күндері қайғыға түңіліп кеткен. Оның сүйгені Сүгір ауылындағы Керімбала болатын. Ол екеуі осы көктемде бір-біріне жан сырларын айтқан екен. Бірақ Керімбала Қаракесектің бір жігітіне атастырылғаны бар. Оралбайдың қиналғаны осы еді. Соңы Оралбай шыдай алмай, Керімбаланы алып қашады. Бұл жағдай ел ішін алып, шулатады. Жігітек пен Бөкенші арасында суықтыққа жол бермеу үшін, әр ел ағалары Ұлжанның үйіне жинала бастайды. Ал Оралбай Керімбаламен қайда қонса, ел шуынан қорқып, қуа береді. Абай мен Ербол қанша тырысса да, ел ағалары татулықпен келісе алған жоқ. Керімбаланы алып кеткені үшін Бөкенші Жігітек ішінен бір жас келінді шауып кетеді. Алда үлкен шайқас болғалы тұр еді. Жігітек аттылары Саркөлде, Бөкеншінікі Шалқарда жинала түседі. Суырбұлақ пен Қаршығалы арасындағы Кайнар шайқас алаңына айналмақ. Қақтығыс таң атқаннан түс ауа жалғасады. Жігітектен – Абылғазы, Бөкеншіден – Марқабай шеберліктерімен көзге түседі. Осы шайқастан кейін тағы үлкен жиын болады. Жиында Жігітек Бөкеншіге бірнеше қыстау беріп, Керімбаланы Қаракесекке жөнелтетін болып шешіледі. Осыдан кейін он жігіт Оралбай мен Керімбаланы Шыңғыстың «Қараша қостасы» деген құзынан тауып, алып қайтады. Жиында айтылғандай екі ғашық қош айырылысады.

Еңісте

1

Көктемнің шапағаты соншалық, табиғат күрт жаңара түсті. Абай кітап оқудан еш шаршамаған. Ол орыс тілін жетік меңгергендей Пушкиннің «Дубровский» деген әңгімесін оқып жатты. Абай бұл жылы Ділдәні Жидебайда қалдырып, өзі жеке қыстауға Ербол, Әйгерім, кішкене молда және Ділдәдан туған балалары Ақылбай, Әбіш, Күлбадан, Мағаштармен көшіп, қора салып жатты. Бұлардың жаңа қонысы «Ақшоқы» деп аталады. Көп мезгіл өтпей Ақшоқыға Оспан мен Дархан асыға келіп түседі. Олар қаралы хабар алып келіпті. Тәкежан мен Қаражаннан туған Құнанбайдың сүйікті немересі 12 жасар Мақұлбай науқастанып, кеше қайтыс болыпты. Қаралы көштің жылаумен жүргенін айтады. Оспандарға Абай мен кішкене молда қосылып, қаралы көшке бет алады. Ішке кірсе, бәрі жылау үстінде. Өткен жылы қыста Құнанбай төрт жыл сапар шеккен қажылықтан келген болатын. Ол да іште отыр екен. Құнанбай өзі келгелі ел ісіне араласуды қойған. Бес уақыт намазын оқып, өзімен-өзі жүреді. Абай мен Оспан біраз отырып, тысқа шығады. Аттарына мініп жүре бергенде арттарынан қаршыға ұстаған Шәке келіп қалады. Сосын үшеуі өзен жағасына, саятшылыққа бет алады. Бірінші салымда-ақ көк құс екі қазды алып үлгереді. Шәке қаздарды екі ағасының қоржындарына салып қояды (Шәке деп отырғанымыз Абайдың үлкен ағасы Құдайбердінің ұлы Шәкәрім болатын). Бұл кез өте оңтайлы кез болып, талай түрлі құстар қоржындарға түсе береді. Осы сәтте алыстан Ақылбай шауып келеді. Жәй сәлемдесіп: «Алынған құстарды Әни апам берсін деп жатыр», - дейді (Әни апасы - Нұрғаным). Ақылбай Абайды әкесі деп танымайтын. Абай да сондай. Содан Ақылбай Нұрғаным мен Құнанбайдың ұлындай болып кеткен. Ақылбайлар енді құстарды алмақшы бола бергенде Оспан құстарды бергізбей қайтарады. Ақылбай ренжігендей болады. Ал Шәке құс салуын жалғастыра береді. Сонда Оспан ішіндегі дертін Абайға айтады. Нұрғанымның үйінде үш күннен бері Базаралы қонақ болып жүрген екен. Құнанбайдың ақ төсегін арамдатып жатыр дейді. Абай жағдайды есітіп, дірілдеп, ызаланып, намыстанып Оспанға жекіп тастайды. Абай атын шаптырып, Ақшоқыға қас түсе қайтады. Үйіне түскен сәтте Біржан айтып кеткен «Қаракөз» әнін Әйгерім айтып жатқан екен. Абай соны бұзбауға бел буып, тыста тұрып ән тыңдайды. Сол түні Абай Мақұлбайға арнап қаралы жоқтау «Қаракөз» сөзін жазып, Әйгерімге ұсынады. Таңертең екеуі де Тәкежандікіне барып, Әйгерім қаралы әнін (жоқтауын) айтады. Содан кейін Әйгерім Ақшоқыға қайтпай, Мақұлбайдың қырқы өткенше сол жерде жоқтайды.

2

Ел ішінде Оспанның қаталдығы үдей түседі. Нұрғанымға су алдырмай қояды. Оспан құдықтарға екі-екі адамнан күзетке қойып, өзі үнемі қадағалаумен болады. Нұрғаным оған жауап ретінде үйдің ішінен құдық қаздырады. Іштей қайсарлық пен тәкаппарлық өрши түскен кез болатын. Биылғы жылғы мол жайылым Ералы деген жерде екен.

Тобықты, Бөкенші, Жігітек, Көтібақ елдерінің бәрі сол мекенге жақынынан қоныстанған. Сол Ералыда болыстық сайлау жүргізілетін болып, оған Абайды арнайы шақыртады. Абай жолда көп ауылдардың қысылғанын байқайды. Жоқшылық пен жамандық ел ішін кеулегендей. Қайда-қарасаң ашық-шашық керегелер көрінеді. Ұлыққа деп үйлердің бәрін бұзып алып кетіпті. Бүгінде ел ақсақалдарына айналған Асылбек, Жиренше, Оразбай мен Дәркембайлар ызаға булығып, бар жағдайды Абайға түсіндіреді. Оған қоса Тәкежанды болыстықтан түсірудің бір себебі Оралбай екен. Ол Керімбаладан айырылғанынан кейін, қасына біраз жігіт жинап, қаруланып алып ел бүлдіріп жүр екен. Тәкежан Оралбайды ұстай алмай, орнына Базаралыны тұтқынға алыпты. Абай қиналған қауымды түгел жинап, ояз Кошкинге жол тартады. Абай тура Базаралыға дүре соқтырып жатқан кезге тап болады. «Тоқтат», - деп елді шулатып, үйлерді айнала қоршап жиналған жұрт дүрсілдете түседі. Бұған ояз ештеңе де айта алмай, өшеді. Сосын ашуға мінген халық ұлық үшін тігілген үйлердің бәрін бұзып, алып кетеді. Ашық жапан түзде ояз бірнеше адамдарымен қалып, масқара болады. Сосын көп өтпей, Семейге қайтып кетеді.

3

Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың Семейдегі досы Андреев күн ара келіп, түрлі кітаптар тастап кетіп жүреді. Кітап оқумен Абайдың талай күндері зымырап кете жатады. Ербол ауылдан қымыз, ет-тамағын әкеліп, хабар алып тұрады. Көп өтпей Абайдың ісін сот емес, әмір қарастыратын болып шешіледі. Іс қаралғанда ояз Кошкиннің өтірігі шығып, ұятқа қалады. Бірақ сонда да Абайды алты айға жазады. Абайдың қайын атасы Тінібектің досы Әлдекеновтың қызы Салтанат алты айға мың сом залог төлеп, Абайды шығарып алады. Ол кезде Абай әлі Салтанатты танымайтын да. Кейін танысып, ол жайлы есіткен сайын ұялып, қызаратын. Абайдың ісі қозғалған кезде адвокат ретінде қатысқан Андреевтің жақын досы Михаилов деген кісі болатын. Абай бұрын бұл кісімен Гоголь кітапханасында танысқан еді. Бұл екеуі кітапқа деген құмарлығымен бірбіріне сәйкестене түскен. Михаилов Евгений Петрович Абайға әлі ашылмаған ғылымдар мен әлемнің талай қызықтарын айтудан жалықпайды. Содан кейін олар жиі кездесетін, көп әңгімелесетін болды. Абайдың тағы Лосовский деген танысы бар еді. Ералыда ояз Кошкинмен болған тартыстың куәгері болған. Сосын Абайдың ісінде шындықты айтып, Абайдың куәгері болған да осы Лосовский. Кошкин Семейден Өскемен уезіне ояз болып сайланады. Ал Семейге Лосовский тағайындалады. Лосовский бітпей қалған сайлауды аяқтауға бет алады.

Андреев пен Михаилов кеңесімен Абайды Лосовский қасына қосып алады. Бұлар бір айша ел аралап, Шыңғысқа Тоғжанның ағасы Асылбекті болыстыққа Абай кеңесімен сайлайды. Қоңыркөкшеге Шымырбай дегенді, Қызылмолаға болыстыққа Ысқақ деген кісіні тағайындайды.

Оқапта

1

Күздің ұш қиыры көрініп, ел күзекке Орқұдыққа көшкен. Абай келмегеніне талай болғаннан кейін, Ұлжан хабар білуге Манасты артынан жіберген болатын. Ал Манас барған жерінде Абайды Салтанатпен бірге көреді. Сосын ол жұртқа тегіс таралып, Ділдә мен Әйгерім де естиді. Абай ауылға қайтқанда Әйгерімнің қатты ренжігенін көріп қысылады. Сосын өз үйінде жалғызсырап, тек кітаппен дос болады. Сондай күндерде үйге Ербол келеді. Ерболдың басты хабары той болатын. Есқожа ауылындағы Үмітей сұлу ұзатылмақ. Ал күйеу Көкше Қаратайдың туысы, Алатайдың баласы Дүтбай екен. Тойдағы бір ерекшелік Құнанбай баласы Әмір бастаған сал-ақындар серуені еді. Әрине бұл серуен ел ағаларына ұнамады. Осы жайлы Құнанбайға Айғыз бен Қаратайдан шағымдар түседі. Құнанбай: «Ертең Ызғұтты мен Әмір таң атпай маған келсін», - деп қысқа сөзін қайырады. Айтқанындай олар келді. Әмір әкесінің қасына отырған сәтте Құнанбай қолымен баласын бұға кетеді. Ызғұтты араласып еді, оны жекіп тастады. Нұрғаным оларды ажыратпақ болып еді, Құнанбай кеудесінен бір теуіп жіберді. Әмірдің демі тарылып бара жатқан болатын. Сол кезде Абай келіп қалады. Әкесіне қатты жекіп, Әмірді босатып алады. Құнанбай балаларына наразы болып, теріс бата беріп жібереді.

2

Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке, Баймағанбет, Ербол, Тұрғанбайлар бірігіп, қансонарда бүркіт салуға шығады. Шыңғыс бөктерін аралап, талай түлкі алады. Әсіресе Торғанбайдың Қарашолақ деген қаршығасы бір күнде жиырмаға жуық түлкі алады. Осылай аңшылықпен жігіттердің көп күні өтеді. Осындай күндердің бірінде, Қарашолақ алған түлкіге серіктікке бөтен қаршыға таласқандай тіресе кетеді. Бұл Қарашегір болатын. Бөжей ұлы

Жабайдың қаршығасы. Көп өтпей бір асудан үш-төрт атты көрінеді. Олар Жабай, Жиренше және Абылғазы екен. Көріскен соң олжаларға қарасты. Абайлардың қоржынында толы олжа. Ал Жабайларда бірен-саран ғана. Абай Жабайдың қоржынына қарап, күліп кетеді. Сосын Жиренше Абылғазыға айтып, Абайдың күлгені үшін оны ұялтуға бел буады. Ол бірекі күн Абайларға қосылып, аңда жүреді. Қасақана сол күндері Қарашолақ бірде-бір түлкі ала алмай қояды. Осыдан жүріп Жиренше алдында Абай ұялып қалғандай қысылады. Содан кейін топ екіге бөлініп,Абай тобы Машаннан асып, Есболат Қарасуымен Жидебайға қайтуды жөн көреді. Смағұл, Тұрғанбай, Абылғазы және Жиренше бір жолмен, ал Абай, Ербол, Шәке, Баймағанбеттер төте жолмен жүріп кетеді. Абайлар жолға шыққанда қатты боран соғып, жолдан адасып кетеді. Теріскей жолдарға түсіп, Машандағы қоныстарға жете алмай қалады. Еш жерден ық таба алмай, әбден жүдеп кетеді. Әсіресе Абай көп қиналады. Осы кезде айқайлаған кісі дауысы естіледі. Абай оған лезде жауап қатады. Бұл Абылғазы болатын. Олар қосқа кешеден алдын күні жеткен екен. Абылғазы жол бастап, әрең дегенде қонысқа жетеді. Бұл Найман дейтін байдың ауылы екен. Қонақтарды жақсы лебізбен қарсы алады. Абай аяғын әрең басып, үйге кіргенде бір келіншек оның мойнына асыла кетеді. Сөйтсе бұл Тоғжан екен. Осы ауылдың Аққозы деген семізіне тұрмысқа шығыпты. Қос ғашықтың баяғыдан көріскені осы болатын. Абайдың суық бораннан ыстығы шығып, ахуалы қиындай түседі. Түнді түн демей Тоғжан Абайдың қасында жылаумен отырады. Он шақты күннен кейін Абай дұрыстала түседі. Тоғжанның мына жағдайын көрген Аққозы ағайындары Абайдың кеткенін жөн көріп, сыбырмен жеткізеді. Содан көп іркілмей Абайлар Ақшоқыға қайтып кетеді. Абай мен Тоғжанның кездескенін Әйгерім біліп қалып, одан да қатты ренжиді. Ербол да өз қонысына қайтып кетеді. Абай тағы жалғыз сырлас досы, айнымас серігі кітаппен қалады.

Асуда

1

Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған. Құнанбай ауылдарында жоқшылықтан қиналған Байторы, Байқадам, Дарқан деген кісілер Абай ауылына көшіп, біраз оңалып қалған. Ал Баймағанбет бір төбешікте Абай және оның балалары Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Мағаш, жаңағы кісілер және кішкене молдаларға қызық оқиғаларды айтып отыратын. Осындай бір кештің салқынында ауылға бір атты шауып келе жатты. Ол Асылбай екен. Асылбай патшаны біреулер өлтіріп кеткені жайлы хабар айтады. Ал өлтіргендерді ұстап дарға асыпты. Таққа үшінші Александр отырыпты. Бұл сұм хабарды естігендер тынышталып қалды. Осыдан кейін Абай Баймағанбетті Семейге жіберіп, досы Михайловтан хат алдырады. Сосын Абай, Ербол және Асылбек үшеуі Семейге жол алады. Екі дос кездесіп, көздері жадырая түсті. Абай Михайловтан патша өлімі туралы көп деректер алады. Желябов деген кісінің бастауымен болған адамдар өлтірген екен. Михайлов жұмыстан босатылып кетіпті. Себебі жиырма жыл бұрынғы Мәскеудегі көтерілісшілердің ішінде болып, ұсталып, Семипалатқа айдалғандықтан, ол үнемі полицияның надзорындағы (бақылауындағы) адам болған. Осындай әңгіменің қызуында ортаға Андреев те келіп қалады. Ол бірнеше жыл бұрын Абайдың айтуымен сайланған болыстардың үстінен піргауар арыздар мен шағымдар түсіп жатқанын айтады. Абай ол жерде біраз қысылып, ұялып қалады.

2

Қаладан қайтқанда Абай мен Баймағанбет көп үйлі кедей ауылға қонады. Қонақтар соның ішіндегі Дәркембайдың үйіне қонады. Дәркембай оларды ашық шыраймен қарсы алып күтеді. Абай жолға шығарда үйге Дәндібай, Еренай, Қареке деген ауыл ақсақалдары жиналып, Абайға Қызылмола болысы Ысқақ (Абайдың інісі) және Тәкежан (Абайдың ағасы) үстінен арыз айтады. Былтыр Ералыдағы сайлау аласапыран болып, Тәкежан орнынан түскеннен кейін, Майбасар екеуі енді орылғалы жатқан Шолпан, Күндікті, Маялы Балғыбайдағы Дәркембайлардың дақылдарына, «Ереуілге шыққандарың үшін» деп, жылқыларына жегізіп кетіпті. Онысы аздай, биылғы егінді де таптатып, ауылдағы жеті үйдің жалғыз аттарын да ұрлап кеткен. Ұрыларды ұстап Ысқаққа шағымданған екен, малдарын әпермеген. Абай осыны есітіп: «Үш күннен кейін Тәкежанға барамыз. Алғандарының бәрін қайтаруға уәде беремін», - дейді. Сөйтіп, Абай мен Баймағанбет өз ағайындарын көру үшін Тобықты ішіне жол алады. Жолда Тәкежанның бай ауылын көреді. Қарсы алдарынан Тәкежанның жалғыз баласы Әзімбай шығып, үйіне қонақ болуын сұрайды. Абай: «Ең әуелі әке-шешенің хал-жағдайын білейік», - деп, Тәкежан ауылына түспейді. Осыдан он бес жыл бұрын Тәкежан еншісін алған кезде, оған сексен жылқы тиіп еді. Сол жылқылар саны бүгін бес жүзге жетіпті. Өңкей арамдықпен жиған малын көрген Абай ызалана кетеді. Абай Семейде жүргенде Казанцев деген начальник осы маңдағы үш болысты сайлауға шығып кеткенін білуші еді. Сол Казанцев Тәкежанды қайтадан Қызыладырға, Әзімбайдың ағасы Шұбарды Шыңғысқа, ал Ысқақты Қызымолаға қайта сайлапты. Бұдан басқа Казанцев Базаралыны ұстап беруін сұраған екен, оны да лезде орындапты. Осы хабарларды Әзімбай қуанып айтады. Абай одан да қатты ызаланып, өзін әрең ұстап отырады. Абайлар күн батарда Ұлжанның үйіне жетеді. Ішке кірсе Әйгерім мен балалары да сол жерде екен. Қуанып, бәрі жақсы көріседі. Ұлжан қаладан келген Байып деген тілмаш Абайдың балаларына орыс тілін үйретіп жатқанын жеткізеді. Сосын Абай ұл-қызының беттерінен сүйіп, осы күзде орысша оқуға жіберетінін айтады.

Торауда

1

Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп алған Құнанбайдың бөлтіріктері жайлы ел шуы. Тобықтының төртінші болысы Мұқырдың орнына Құнанбайдың күйеуі Дүтбай сайланған. Абайдың қасында Ербол, Баймағанбет, Шәке, Ақылбай, Шеркес (Қазақбай), Мамайдан шыққан Мамырқаздар

(Ақылбайдың досы) бар. Сиязға бүкіл төрт арыстан (Тобықты, Керей, Сыбан, Уақ) болыстар, қалың халық жиналыпты. Абайлар Оспан тіккізген үйге қонады. Семейдің оязы Лосовский Абайды жақсы танығандықтан, ең алғаш Абайды шақыртады. Абай оның қасына барып амандасып, бірге шәй ішіп отырады. Лосовский Көкбай Жанатаев деген жігіттің атынан өтірік арыз түскенін айтады. Оны сол жердің болысы Дүтбай Алатаев айқындаған көрінеді. Кейін сұрауға Жанатаевты шақырады. Өзі қалада мұсылманша оқыған Жанатаев әдеппен амандасады. Арызын сұрағанда, ол: «Бір жағымда Мамай, бір жағымда Олжай, жердің бәрі соларда. Біз болсақ, Бақанас өзенінің бойында отырған жүз үйдей ауылымыз ине шанышқандай жерде отырамыз. Таршылық, кемшілік», - дейді. Лосовский тыңдап болып, Абайдан мін сұрайды. Абай жігіттің ел қиынын сұрайтынын, өзі оқуға құмар екенін айтады да, Жанатаевты өзіне кепілдікке беруін сұрайды. Лосовский оны жөн көріп, мақұлдайды. Ал тыста тұрған болыстар арасында Абай мен ояздың аса жақындығы жайлы сөз шұбырар еді. Абай Лосовскиймен көп әңгімелесіп, кеш түскенде Көкбайды ертіп Оспанның үйіне барады.

2

Кейінгі күні асықпай тұрып, түс ауа жиын жаққа шығады. Жетер жерде Абай мен Асылбекті Тәкежан шақырады. Тобықты үлкендерінің домалақ үстел жиыны болып жатқан екен. Басты мәселе - төбе биді сайлау. Сонда Абай төбе биді Ырғызбай ішінен емес, Бөкеншіден Асылбекті сайлауға ұсынады. Оны бәрі жөн көріп, солай шешіледі. Кейін көп өтпей жиын тарап кетеді. Кешке жақын Дәркембай мен Дәндібай келіп қалады. Абай оларды ертіп, Тәкежанға беттейді. Ол кезде Тәкежан, Майбасар, Шұбар, Ысқақ және тағы басқа үлкен жастағы шалдар жиналып, Абайдың істегенін қаралап отыр екен. Абай келді де Тәкежан, Ысқақ және Шұбарды айтып, төте жерге кетеді. Әңгіме былтырғы егін, биылғы аттар жайлы болып, үш болыстан жиырма бұзаулы сиыр мен он атты Дәркембайларға үш күнде жинап беруін Абай қатты айтады. Абай

Лосовскиймен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, болыстар шарасыз көнеді. Абай айтқандай үш күн дегенде бәрі жиналады. Енді Абай екі қартқа Баймағанбетті қосып, малдарды айдап кетеді. Сияздағы тағы бір мәселе Салиқа кыз туралы еді. Бұл дау Керей мен Найман арасында болатын. Керейден шыққан Қалдыбайдың қызы Салиқа Найманның Байгөбек деген жігітіне атастырылған болатын. Қалың мал төленіп қойылғаннан кейін Байгөбек өмірден озыпты. Салиқаның әмеңгері, Байгөбектің ағасы болған Сабатар екі қатыны бар, өзі алпысты алқымдап қалған шал болатын. Үлкен қауым осы дауды Абай шешуін сұрады. Абай Жиренше мен Оразбайды өзіне көмекші етіп алып, бір жұмы барысында істі жүргізеді. Тексеру барысында Қалдыбай қызы үшін Сабатардан тағы да қалың мал алынып қойылғаны белгілі болады. Абай соңында қалың малдың қайтарылуын, сосын Салиқаның үйіне қайтуын байлады. Ел бұл байлауға риза болады. Найманның ірісі Жұмақан да кек ұстамайды. Себебі Жұмақанның әкесі Қисық Құнанбаймен жақын дос болған. Қисық соңғы күндерінде Құнанбайға құда болуды ұсынған екен. Құнанбай да бұған қарсылық етпей, немересі Ақылбайды (Абайдың баласы) Жұмақанның бойжеткен қызына тең көріпті.

3

Үш ат жеккен кең күйме Ақшоқыдан қалаға тартып барады. Биыл күзде Абай Әбіш, Мағаш және Күлбаданды орысша оқуға орналастыруға бара жатты. Михайловтың ақылымен Мағаш пен Күлбаданды «уездный школға» береді. Ал Әбіш жасына байланысты, жеке оқытушы жалдатып оқыта бастайды. Бұдан басқа ауылдағы жетім балаларды да интернатқа оқуға Абай тапсырады. Әр он күнде Баймағанбетке айтып, балаларын алдыртып, бір қуанышқа бөленіп отырады. Сондай күндердің бірінде:

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім ...» - деп өлең оқиды. «Оқыңдар, адам болам деп, оқыңдар, ел азаматы болам деп, оқыңдар», - дейді. Бұл қыста Абай тек кітап оқумен қалмай, қағаз бен қалам алып, өлең жаза бастаған. Бірақ өлеңдерін Көкбайдың атынан шығаратын еді.

Биікте

1 Татьянаның сахарадағы әні

Бірнеше жылдар өтеді. Осы жылдары Абай көп еңбек етеді, өнер іздейді. Абай кітаптары арқылы екі аға тауыпты. Олар Пушкин мен Лермонтов болатын. Бүгінде ол «Евгений Онегинді» аяқтады. Сондағы Татьянаның тағдырына үңіліп, Тоғжан мен Салтанатқа ұқсатады. Сосын Татьянаның хатын аударып шығады. Михайлов айтуы бойынша, Евгений Онегиннің күйі («Евгений Онегин» операсы, жазған Чайковский) шығыпты. Абай соған қызығып, жаңағы аударылған хатқа ән шығара бастайды. Сол сәтте үйге кішкене молда, Әйгерім, Баймағанбет, Мұхаметжандар (Абайға ілескен, Тобықтыға жас ақын ретінде танымал) кіреді. Олармен қоса Көрпебай да кіріп, Абаймен тоғызқұмалақ ойнауға кірісіп кетеді. Мұхаметжан қызығып, Татьянаның хатын оқи бастайды. Сосын домбыраны алады да, үйлестіріп сала кетеді. Басында қазақша әндерге (Топайкөк, Ақбала) ілеспейді. Содан кейін еш іркілмей әнін тауып, бір керемет әуен жырлана түседі. Абайлар да ойынын тоқтатып, ден қойып тыңдай бастайды. Біршама уақыт өте ас мәзірі дайын болып, барлығы тамақтанып алады. Ал Абай әдеттегідей айналадағы отырғандарға қызық әңгіме айта түседі. Бүгін ол француз жазушысы Александр Дюманың атақты романы «Үш мушкетерді» қызық әңгіме етіп, ұзақ баяндап, түн жарымға шейін отырады.

2

Бүгін Семей қаласында Абайдың Қысатай деген туысқанының пәтерінде ән шашу, жиын болып жатты. Жиналғандар Абай, Қысатай, Шұбар, Көкбай, Ысқақ пен Мағауиялар екен. Кейіннен Мұхаметжан келеді. Шай ішіліп, дастархан жиналғаннан кейін ән жарысы бастала кетеді. Күнде Абайдың сұрауымен айтылып жүрген Топайкөктер шырқалады. Бір сәт Мұхаметжан домбырамен Татьянаның хатын жырлай кетті. Бәрі жаңа әнді есітіп, аң-таң болып қарай қалады. Ән тоқтағаннан кейін, әншілер оны өздеріне көшіре түсті. Бұны Абай шығарғанын біліп, ризалығын білдіре кетті. Сосын бір түн бойы сол ән қайталана берді. Осыдан тойда да, әр түрлі жиында да жырланатын әдетке айналады. Бірде Михайлов әнді Мағауиядан есітіп, төбесі көкке жетеді. Абайға қайтақайта алғыс айтудан шаршамайды.

3

Бүгін Ақшоқыдағы ауылда қалың думан бар. Абай туысқандары, жас әншілер мен ақындар қауымы жиналған. Абайдың інісі Ысқақ және оның баласы Кәкітай да осында келген. Кәкітай Мағауиямен құрдас. Қазір олар айнымас дос болып алған. Кешкі тамақ ішілгеннен кейін, көрші таныстардың бәрі жиналып, ән шашуға көшеді. Ұйқы кезіне дейін бәрі ән шырқап, өлең оқып жарысады. Соңында ән айтпаған тек Абай мен Әйгерім еді. Ысқақ Әйгерімнен ән айтуын сұрайды. Әйгерім Ерболға ымдап еді, Ербол лезде домбыраны қолына алып, «Татьянаның әнін» сала жөнеледі. Ерекше толқытатын әуен. Домбыраның үніне үйлесе, Әйгерімнің нәзік үні шырқала кетті.Осы кездері Абай мен Әйгерім арасы тек сыйластық еді. Әуенге Әйгерімнің ғашықтық сағынышы да қосылып, аяқтай бергенде көздерінен мөлдір жасы тамшылап, кетеді. Абай оны құшақтай, жас аққан көздерінен сүйіп тұрып қалады. Осы кез екеуінің ғашықтық сезімдері қайта оянғандай болған еді ...

Осылайша, 1887 жылдың қысында орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп кеп, кең қазақ сахарасына ең алғаш рет қадам басады.

Эпилог

Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, толқып тарап жатты. Абайдың өлеңдері шешесі Ұлжанның құлағына да шалығып, бір қуантады. Әуендер мүлтіксіз кең Тобықтыға, сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесек пен Қуандыққа, Аягөз, Тарбағатай мен Алтай наймандарына да жетіп жатты. Машандағы Найман ауылында жүрген Тоғжанның құлағына да естіледі. Әнді есіткен сәтте, Тоғжанның жүрегі «Абай» дейтін еді. Қатты күрсініп, жылап күйзеле беретін. Мұхаметжан, Мағаш, Кәкітайлар Ақшоқыға келіп, ел Абай атына қанық болғанын айтады. «Сөзі, өсиеті бөлек Абай деген жақсы шығыпты», - дейді екен. Абай бір төбеге жалғыз өзі шығып, мақтаныш сезімге, әсем армандарға бөленеді. Осы сәт сахарада үлкен шаң көтеріледі. Абайдың қасына тез атта шауып, Сәдуақас (Дәркембай ауылынан, өзі жетім болғандықтан, Абай оны кішкентай бала кезінен қалаға оқуға берген) кеп түседі. Сәдуақас: «Анау шаң! Абай аға! Біздің жатақтың азғантай жылқысына тиген жау. Әкетіп барады», - деп, жігіт жылап жібергендей болады. Абайдың аз алданышы да, қиялы да осы хабардан кейін сөне берді.

ІІІ Кітап

Абай аға

1

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен (Дәркембайдың інісі), Ербол және Баймағамбеттер келе жатты. Ат бастары осыдан жүз жыл бұрынғы бір қыз бен жігіттің моласына тірелді. Бұл Еңлік пен Кебектің молалары еді. Олардың махаббатына тосқауыл болған, оттың құйрығына байлап өлтірткен Кеңгірбай деген кісі болғанын аттылардың бірі айтып қалды. Сол сәтте Дәрмен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қос ғашыққа арнап, ерекше құран ретінде айтып өтті. Кейін Абай жас ақындардан осы қайғылы махаббат тарихын жыр (өлең) жолымен кім жазуын сұрағанда, Шұбар мен Дәрмен «мен жазамын» деп таласып қалады. Сосын Абай кім жазуын айқындау үшін қаршығаларымен дуадақ ұстап жарысуын ұсынады. Қаршығаларын олжаға жібергенде, Абай тағы бір шарт қояды. Онысы суырып салмалықпен өлең шығару. Екі шарттан да Дәрмен мүлтіксіз өтеді. Осы тұста Әбді деген Жігітек жігіті асығып келіп қалады. Оның ісі жеті бірдей ауылдың қыстық шөбін осы үшінші жылы Әзімбай (Абайдың інісі) зорлықпен шауып алып жатыр екен. Абай оны есітіп намысынан түңіледі. Ызаланады. Абай Әзімбайдың алдына Мағаш пен Дәрменді лезде жөнелтеді. Барса Әзімбай орақшыларды салып жатыр екен. Мағаш: «мені Абай жіберді, тоқтатсын», десе де, Әзімбай: «бұл Тәкежан ағамның бұйрығы», деп, соның бұйрығын қайыруын айтады. Мағаш бар жайды әкесіне хабарлауға қайтып кетеді.

2

Күздің суық келеңі Тобықтыны баурап алғандай. Тыс суық болғанмен, қоңыр үйдің іші жылы. Әдеттегідей Абай кітапқа түңіліп отыр. Үйде тағы Ербол, Әйгерім, көрші Зылиқа бар. Осы күндері Абай көзілдірік таққан. Кейін үйге Мағаш, Кәкітай, Дәрмен кіріп келеді. Көрші ауылдан Жұман (Абайдың ағасы) және оның баласы Месқара келіп қалды. Абай оны ұната қоймайтын еді. Себебі Жұман бар ауылдарды аралап, аңдып, қай жерде мал сойылып, ет асылып жатса, сол жерге жетіп келетін. Бүгін сол Абайдың үйінде ет асылып жатыр. Ел ішінде Базаралы айдаудан қашып, ауылға келе жатыр деген сөз тарапты. Абай оны есітіп қуанады да, қасында отырған бірнеше жастарды Семейге жіберіп, Базаралыны күтіп алуын айтты.

3

Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын" деген салық шығыпты. Ұлықтар мен болыстар алатын салық екен. Биылғы жиылған қарашығынды түгел Ырғызбай алып қойған. Соған ызаланған басқа рулардың жеті байы кек алуға Кеңгірбай бабасының моласының қасына барып серттесті. Олар Сақ-Тоғалақтың атқамінері - Оразбай, Көтібақтан - Жиренше, Бөкеншіден - Күнту, Есболаттан - Абыралы, Жігітектен - Бейсенбі, Жуантаяқтан - Байғұлақ, Топайдан - Байділдә екен. Бір-екі айдан кейін сайлау болады. Серттескендер сайлауға дейін елубасыларды өздеріне қаратуды ойлай бастайды. Онысы да жүзеге асады. Уақыты кеп Семей оязы Казанцев келіп сайлауды өткізеді. Қатысқан елу қолбасының жиырма бірі ғана оспанға дауыс берген. Қалғаны Күнтуға дауыс беріп, жеңіп кетті. Сайлаудың осындай өтетінін ешбір Ырғызбай ойламаған еді.

4

Күнту болыс болғанын естіген кезде, қашып келген Базаралы Семейге енді тақаған болыпты. Қалада Жиренше, Оразбай, Абыралы, Күнтулар болыстықты тойлап жатты. Базаралы сол жерге келіп қонады. Барлығы Құнанбай балаларын жамандағаннан басқа ештеңе айтпайды. Көп өтпей осы пәтерге Абай жіберген жастар келіп қалады. Ербол, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаштар Базаралымен құшақтаса Абайдың ыстық лебізін айтады. Базаралы да қайтыс болған. Құнанбайды айтып, жөн сұрайды. Қызу әңгіме үстінде Көкбай Абайдың жаңа әндерін шырқай жөнеледі. Көп сұрасып Ерболдар қайтып кетті.

Кек жолында

 1 Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты.

Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша орыстың көмегімен қашқанын мың алғыс білдіре отырып айтатын. Арада Абай Әйгерімге «Татьянаның әнін» айтқызады. Одан бөлек, Дәрменнің «Еңлік-Кебек» дастанын біраз бастап қойғаны бар екен. Домбыраны қолына алып, соны жырлай жөнелді. Басталуы Еңліктің сұлу келбетін баяндайды. Хан тауының баурайындағы ауылдың бойы, Ықанның қызы. Дәрменнің дастаны Еңлік пен Кебектің ең алғашқы кездескен жерінде тоқтады. Үй іші барлығы даурыға, түрлері өзгеріп кетті. Базаралы қайтарда Абайға өткендегі Әзімбайдың қылығын тағы да есіне салдырып кетті. Сосын Базаралы өзінің қарт досы Дәркембайға жолығуға жол алды. Олар ашық әңгімелесті. Бірде Дәркембай Құнанбай өлтірткен Қодардың немере інісін ертіп алып, Меккеге жол алып бара жатқан Құнанбайдан жетім баланың несібесін сұраған болатын. Кейін ол баланы өз інісі перзентсіз жүрген Көркембайға берген екен. Көркембай қайтыс болғаннан кейін баланы Дәркембай өзі асырап, кейіннен Абайдың қолына тапсырыпты. Сол баланың ержетіп қалғанын, оның аты Дәрмен екенін айтады. Дәркембай соңғы кездері ешкіммен осылай ашылып сөйлеспеген еді.

2

 Күзектің сұрқыл суығы. Бүгінде Уақ жеріндегі Қашама күзегінде Тәкежан ауылы орын тепкен. Абай, Ербол, Дәрмен, үшеуі, осы ауылға келіп түсті. Абай Тәкежанға екі жұмыспен келген болатын. Біріншісі, осыдан он бес күн бұрын Семейтаудан ұрланған бір айғыр үйір. Артынан іздеп шыққан жоқшылар ұрыны Тәкежанның ауылындағы Серікбай деп отыр екен. Екіншісі, Әзімбай мен Жігітектің жеті ауылы арасындағы қыстық шөптің дауы еді. Тәкежан Абайдың бұл айтқан екі дауын да мойындамады. Сөз барысында екеуі қатты айтысып та қалысты. Абай Тәкежанның осы ісіне ашуланып, сол жерде өлең шығарады: Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.

«Ерте барсам, жерімді жеп қоям» деп,

Ықтырмамен күздеуде отырар бай! – деді де, күліп жібереді. Тәкежан мына өлеңді жойып тастауын ақырып айтады. Абай тағы да күлді де, өлеңді қаламмен өшіріп тастады.

3

Алғашқы қар жауып, ел қыстауларына көше бастады. Тәкежан жинатып қойған майяларды Дәркембайлар тасымақ болып еді, Тәкежан ауылы үстіне кеп қонады. Базаралы мен ел ірілері Тәкежанның алдына келіп, уәжін айтса, ол айтқанынан қайтпай тұрып алады. Осыдан кейін Базаралы Миялы, Байғабыл жатақтарынан қырық атты жинайды. Бұл топ Тәкежанға қарсы ұйымдастырылып жатқан еді. Шабудан алдын Базаралы каторгадаға орыс досы, қашуға көмектескен Кераланы есіне алады. Ішкі Россия жерінде елді сорлататын Тәкежандар иттен де көп екен. Керала Педот деген байдан қорлық көріпті. Педот көрші баймен ит жарыстырады. Педот оның итіне қызығып, айырбастауын сұрайды. Айырбастауға Кераланың он тоғыз жастағы Аксинья деген қарындасын береді. Екі бай Педоттың сарайында мас болып, жас қыздың намысына тимек болған кезде, Керала шыдай алмай байға балтаны лақтырып қалып, сарайды отқа орандырады. Сосын қарындасын алады да, орманға жасырынады. Бір айдай жасырынып жүріп, талай байлардың үйлерін жағып жібереді. Ақыры ұсталып өмірлікке каторгаға айдалған болатын. Базаралы сол Педотты Тәкежанға теңеп отыр. Жиналған жігіттердің он бесін Тәкежанның бар сегіз жүз жылқысын айдап кетуге бөледі. Базаралы мен Абылғазы қалған жиырма бес жігітті айқасуға ертеді.

Түнде қар мол жауып, тізедей болып қалыпты. Тәкежан ауылы әді ұйқыда кезде, түгел жылқыны әлгі он бес жігіт айдап алып кетеді. Әзімбай оны байқап қалып, ақырады да жігіттер мен жылқышыларды атқа мінгізеді. Сосын оларға қарсы Базаралының тобы келеді. Шайқаста Базаралылар биік түседі. Әзімбай мен оның жігіттері аттарына айырылып, жаяу қалады. Ол кезде жылқыны айдаған жігіттер Ойқұдықтан өтіп, Ералыға детіп үлгеріпті. Тәкежан жылқылары жол-жолдаға кедей-кепшік ауылдарға таратылып жатты. Тек соғымдыққа. Жылқылар Шүйгінсу, Әзберген, Балпан, Қарауыл ауылдарынан бастап қалың Шыңғысқа шейін тарады. «Мал болып сіңбейді, ас болып сіңеді», - деп, шетінен сойылып жатты.

4

 Қыстың қатты суығы кеп түскендей еді. Бірақ Тәкежан ауылы әлі күзеуде. Базаралының ерлігі кедейлерге қуаныштай болды. Бірақ артынан алып мүң келетін сияқты. Тобықтыдан талай арызшы шығып, қалаға барып-келіп жүрді. Тәкежан Майбасар мен болыс Күнтуды қатты зекіп, тыныштық бермейді. Сосын Күнту өзі Семейге барып, болыстықтан кетуге өтініш жазады. Ал Әзімбай болса ауылындаға малшыларға күнде ақыруда. Қыстық ықтырма болмағаннан кейін, қойлар жүдеп, шет-шеттен шығып кете беретін еді. Сол себепті қалың боран болса да қойшылар тыста жүр. Иса (Иіс әженің баласы) енді жылынуға үйіне кіріп еді, ықтырмадан бір топ қой шығып кетеді. Артынан Әзімбай айқай салып, Исаны қойды қайтаруға жөнелтеді. Түн жамылардай сәтте Иса қойларды әрең табады. Сөйтсе, қойларға қасқыр шауып үлгерген екен. Айналады көздері жанып бес қасқыр жүр еді. Қасқырлар Исаны елемейді де, тіпті жанынан өтіп кетіп, қойлардың алқымынан алып жатады. Иса шоқпарын алып, үш қасқырдың шекесінен ұрып құлатады. Төртіншісін қайта-қайта соқса да құламайды. Өзі бір арлан екен. Бір сәтте Исаның қолынан шоқпары түсіп кетеді. Қолымен айқасып, қасқырды буындырып алады. Қанша күшеніп қысса да өлмейтін жан. Сол сәтте көрші кедей қаңбақ келіп қалып, қасқырдың өкпесіне пышақ қадап бітіреді. Исада әл қалмаған, суықтанып қалған болатын. Жаңағылардың бесіншісі бөлтірік болып шықты. Жалғыз қалғаннан кейін ғайып болып кетті. Қойларды жинақтап санаса, елудей қалыпты. Иса мен Қаңбақ екі-екіден қасқыр іліп, қойларды айдап қайтады. Исаның жаяу төрт қасқырды түсіруі, ел ішінде аңыздай таралады. Бірақ Исаның өзі қатты науқастанып қалған болатын. Әзімбай болса оған алғыс та білдірген жоқ. Тіпті олжалы қасқырларын да алып қойыпты. Төсекте оранып жатқанына алты күн болғанда ерлігі бар аяулы азамат қайтыс болады. Артында шешесі Иіс, әйелі мен Асан және Үсен деген балалары жылап қалды.

5

Дәл Тәкежанның жылқысын шапқан күні Ақшоқыда Абай інідостарымен Лермонтовтың «Вадим» және «Демон» дастандарын талқылап жатты. Кешке қарай Ақылбай келіп қалды. Бұл кезде Ақылбай бөлек қыстау иесі болатын. Оның отауы Аралтөбе, Миялы деген жақтарда жайғасқан. Ақылбай ішке кірісімен Тәкежанның жылқысына жау шапқанын айтты. Үй іші ду етіп, бәрі Ақылбайға қарап қалды. Абай бұл істі Базаралы істеген соң, Тәкежан мен Жігітек ауылдары арасындағы шөп дауынан екенін түсінді.

Тобықтының жуандары Семейге аттанып бұл дауды ел билері шешуін ояз Казанцевтен сұрап қайтты. Себебі, Базаралыны соттап, каторгаға айдап жіберсе, Тәкежанның сегіз жүз жылқысы соның құнына кетіп қалады деп шошынды. Сөйтіп, қаладағы Тінібектің туысқаны саудагер бай Нұркенің үйіне Тобықты, Керей, Уақ, Сыбаннан ел жуандары мен билер жиналды. Ол жерге Базаралы да Сарбас пен Әбді деген сенімді жігіттерді қасына ертіп барды. Жиналған билердің барлығы Тобықтының жақтастары болып шықты. Аз бөгелмей сұрақ-жауап өткізілді. Тіпті Базаралыға ілескен қырық жігіттің аты-жөнін сұрап еді Базаралы: «Бұны бастаған мен, жауапты да мен аламын», – деп қайырды. Істің соңы Жігітек руындағы түгел ауылдар сегіз жүз жылқыны екі еселеп қайтаратын болып шешілді. Жігітектің Үркімбай, Байдалы, Жабай секілді бай ауылдары қайтымнан аман қалысты. Ал мың алты жүз жылқыны өңшең кедей-кепшік ауылдар қыс бойы жазға шейін төлеп бітті. Сол ауылдар тегіс аш-жалаңаш, жоқ-жітік, жүдеулікке түсіп қалды.

«Қарашығын»

1

Шалғыны мол, кең қоныс Барлыбайда отырған Абай ауылы. Бүгін бұл ауылда бір үлкен әбігер бар. Жаңа үйлер көптеп тігілген. Жан-жақта қыз-келіншектер ас-мәзір дайындауда. Бүгін Әбіш (Әбдірахман, Абайдың Ақылбай және Күлбаданнан кейінгі үшінші перзенті) келетін күн. Ол осыдан екі жыл бұрын Петербордағы Михайлов атындағы артиллерия училищесіне оқуға кеткен болатын. Көп ұзамай ол да келді. Бүкіл ауыл оны құшақ жая қарсы алды. Өзі орыс жерінде жүре беріп, азып кеткен сияқты. Сол күні қызық думан боп, бірталай әндер шырқалды. Ақылбай скрипкада орыстың «Ермак», «Бродяга» секілді әндерін орындап берді. Ертесі күні Әбіш Дәрмен және Мағаштармен бірге өткен күзде қайтыс болған Ұлжан әжесіне құран оқып, сол жақтағы өз шешесі Ділдәні де көре келуге аттанды. Барып көзіне жас ала құран оқып, Кәрі әжесі Ұлжанды еске алды. Шешесімен көрісті. Ділдә Әбішке: «Биыл үйленбесең де айттырып қоямын. Мына көрші ноғай Махмұттың Мағрипа деген бойжеткені бар. Сен сонымен кетер алдында танысып кет», - деді. Әбіш біраз қысылғандай болды да үн қатқан жоқ.

2

Әбіштер көп бөгелмей Ақшоқыға қайтты. Абай баласы Әбіштен Россия туралы сұрап білуден шаршамайтын. Ал Әбіш Базаралы ісі туралы сұрады. Абай қатты күрсініп, ел ішіндегі оқтын-оқтын орын алатын теңсіздіктерді айтатын. Сосын олар Степан Разин және Пугачев көтерілістері туралы әңгімелесе кетті. Эмильян Пугачевті аямай төрт бөліп тастағаны (Кремль жанында) туралы да сөз қозғалды.

3

Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын» (би, болыстар алатын салым) алымдары бүкіл Шыңғыс айналасындағы кедейлерді зор қақсататын. Осы салықты жинау үшін қаладан ұлықтың өзі Никифоров келіп түсті. Ол Бөкеншінің Ақтомар жайлауына келген. Әр ауылдан қарашығынды жинап алу үшін сотқар Далбай мен Дүйсен деген орта жастағы кісілерді жіберген. Олар Базаралының ауылына келіп түсті де, кедейлердің малдарын тартып жинай бастады. Бұл ауыл Жігітектің Суықбұлақ жайлауында болатын. Сержан, Әбді деген жігіттер бұл істі көріп, екеуін де ұстайды да Базаралының алдына алып барады. Базаралы олардың бөксесін жалаңаштатып, қамшылауға бұйрық етеді. Сол кезде екі сотқар ойбайлап, жалынып кетеді. Содан кейін Базаралы өз ауылынан ешқандай салымның алынбайтынын нақты айтады және бұл жағдайды ешкімге айтпауы үшін оларға ант іштіртіп, Құранды сүйдіртеді. Далбай мен Дүйсендердің сауаты жоқ болатын. Себебі олар сүйген кітап Құран Кәрім емес, Абайдың өлеңдер жинағы болатын. Осылай Базаралы ауылы биылғы шығыннан құтылып кетті. Бірақ басқа ауылдың кедейлері барлық малынан айырылып жатты. Соның бірі Тәкежан ауылы болатын. Ұлы Иса қайтыс болғаннан кейін, оның әйелі де көпке бармапты. Иіс кемпір екі жетім немересімен қалған. Ол немерелерін жалғыз көк сиырымен асырап келетін еді. Сол сиырын да қарашығын үшін алып жатқан кезде артынан Иіс кемпір зарлап, қарғап жатты. Жақын маңда жүрген Дәрмен мен Баймағамбет айқайды есітіп шауып келеді. Дәрмен ақырып, белінен пышағын алады да, әкетіп жатқан көк сиырдың жібін кесіп жібереді. Сол кезде Далбай атта шауып келіп, Дәрменді қамшының астына салады. Дәрменнің беті қан жоса болады. Баймағамбет лезде атына мініп, Абайды шақырғалы шауып кетеді. Сол кезде әскери киімін киіп жүрген Әбіш асыға жүгіріп келіп, ызамен Далбайды құлатып жіберіп, жерде сүйрете бастайды. Содан кейін Абай да келіп қалады. Мына жақтан ұлық Никифоров та шуды есітіп, келіп жеткен екен. Жанжалды тоқтатып, Абай кедейлердің малдарын қайтарады. Олардың орнына байлардың малдарын алдыртады.

Болған оқиғадан кейін Абай өз үйінде көп ойланып жатты. Россияда алты-жеті жылда осындай кедейлердің салығынан, жүдеуліктен патша үкіметіне қарсы үш жүзге жуық көтерілістер мен дүмпулер болған екен. «Неге бізде де болмасқа, басшы жоқ па?», - деп, ол өз-өзіне көп түңілді. Кейін Оспанды шақыртып алып, қатты ұрысады. «Өзің болыс бола тұрып, ел қиындығына қарамайсың», - деп ақырады. Оспан ағасының алдында қатты қысылып, бәрін қайта қарауын айтады.

Өкініште

1

Қазір Абай ауылы Қызылқайнар деген жерде қоныстап отыр. Қарабатыр, Әнет, Торғай мен Топайдан талай ауыл көршілес қонған. Үй ішінде Абай мен Әбіш оңаша сөйлесіп отыр. Әңгіме адамгершілік, арнамыс, бай мен кедей арасындағы әділетсіздік жайлы болып отыр. Кейіннен ел ұрылары жайлы сөз қозғалды. Байдың иті боп күн көргенше намыскер ұры болған дұрыс дегендер де бар екенін айтып, Әбіш те кейігендей болды. Сағат, күн, тәулік деген зымырап бара жатқанын Абай ескеріп, қарттықтың есік алды келіп қалғанын айтады.

Бір күні жастар Қоңырәулие деген тауға баратын болды. Әбіш, Мағаш, Көкбай, Кәкітай мен Әлмағанбет секілді жас қауым сол мекенге жол алысты. Олар жол-жөнекей Ноғай Махмұт ауылына ат басын бұрды. Себебі бұл ауылда Әбішке көрсетпек болған Махмұт қызы Мағрипа болатын. Бұл кездері Махмұттың өзі қайтыс болған еді. Қонақтарды Мағрипаның үш ағасы жақып, Мұса және Мұсабайлар қуана күтіп алып, оларды жолдан бір күн ұстап қалды. Сол күнгі кеш өте қызық өтті. Әбіш әдеттегідей өзінің скрипкасында түрлі әуендерді салды. Кеш тарап кеткен соң, Әбіш жалғыз өзі өзеннің бойында қатты түңіліп, біраз отырып қалды. Оған шешесі Ділдә осы қызды айттырамын деген болатын. Әрине, Мағрипа - өте сұлу, көрікті қыз. Бірақ Әбішке Петербордағы доктор қазіргі кезде үйленбеуін маслихат еткен болатын. Себебі Әбіште жаңа аурудың түрі, құрт ауруы, пайда болған екен. Егер ол үйленетін болса, дерт Мағрипаға да өтіп кетуі мүмкін еді. Бірақ Әбіш үй ішіне: «Әуелі оқуым бітсін, сосын айттырасыздар», - депті. Қонақтар ертесіне қайта жолға шықты. Кеш түсе Әбіштер Қоңырәулие тауының етегіндегі бір ауылға түсті. Бұл ауыл Оспанның әйелі Еркежанның төркіні болған Байтас ауылы екен. Қоңырәулиеге ертесінешығып, аралап қайтысты. Жастар таудың баурайында серуендеп жүріп, бір үңгірге тап болады. Жастар қолына бір-бір шамнан алып, ішке кіре бастады. Талай ішкерілей түскенде алдарынан тұнық көл шығады. Сосын көлді жағалай жүріп, тасқа қашалып салынған кісі бейнесін көреді. Содан кейін жастар қайта тысқа шықты. Үңгірдер шыққан бойда Көкбай Абылай жорықтары жайлы баяндап кетті. Жоңғарларды Абылай ханның әскерлері құғанда, жоңғарлар осы үңгірге бекініп, білдірмей келіп, талай қазақты қырыпты. Сонда Абылай өз батырларына: «Кімде-кім амалын тауып осы жоңғарларды жоятын болса, сол менің ең бірінші қолбасшым болсын», - деген екен. Сонда Қаракерей Қабанбай амалын тауып, топтасқан жоңғарлардың көзін құртыпты. Осы амалды қақтығыстардан кейін, Абылай оған «Дарабоз» деген ат беріпті.

Жастар Қоңырәулиеде жүрген кезінде Абай мен Ербол Базаралының науқастығын есітіп, соның жағдайын білуге барыпты. Ескі достар әз әңгіме құрып, біраз уақытқа дейін отырысты. Базаралының өңі ағарып кеткен. Достарын көріп бетіне қан жүгіргендей болды.

2

Қоңырәулиеден қайтқан жастар ел ішінде үлкен әлек тұрғанын Абайдан есітеді. Ол әлек Оспан мен Оразбай арасындағы дау екен. Оразбай қасындағы Керей, Уақ, Қаракесек ауылдарынан талай мал ұрлатып, өзі байып алған. Оспан болыс болғандықтан, билерді жинап, дәл Оразбай ауылына барған болатын. Оспан ол жерде үлкен сияз өткізбекші болған. Оразбай мұны алдын ала біліп, қалаға арыз тастауға кетіп қалыпты. Оспан түнімен демалмай артынан қуып барып, Оразбайдың ояз кеңсесіне енді кірейін дегенде Оспан оны ұстап алып, ауылға алып қайтады. Оразбайдың қолын арбаға байлап алып, екі күн және екі түн бойы Семейден қайтар жолда жаяу жүргізіпті. Оразбай Оспан ауылында тұтқын болып жатқанда Тәкежан келіп, оны босатып алады. Себебі, осы жағдайдан бұрын, Оразбай Тәкежанға құда болуды ұсынған болатын. Әзімбайдың бесіктегі қызын Оразбайдың Демеу деген ұлының үш жасар баласына айттырып, жүз жылқы беруге серттескен екен. Енді Оразбай қайта Семейге барып, Оспан мен Абайдың көзін біржола жою үшін арыз қалдырыпты. Ояз арызды алып көргеннен кейін, Абайды қалаға шақыртады. Әбіштің де демалысы аяқталып қалған болатын. Ол да әкесімен бірге қалаға жөнеле кетті.

Қақтығыста

1

Биыл да Әбіш жазғы демалысқа қайтқан. Бірақ бұл жаз бөтен іспеттес. Ел қаралы. Себебі өткен қыста Оспан қайтыс болған. Сол қыс өзі семіріп кеткен болатын. Ағайындар оның неден қайтыс болғанын да анықтай алмапты. Алты күн дегенде өмірден озған. Оспанның әйелдері Еркежан, Зейнеп, Торымбала – үшеуі өз ерлерін күнде жоқтауда. Әбіш ауылға келгелі үш күн Оспан үйінде құран оқыды. Сосын Дәрмен оны ертіп алып, жайлауға шығады. Алдарынан бір кіші бала шығып, сәлемдеседі. Ол Дәркембайдың жалғыз баласы екен. Дәркембайдың әйелі де, балалары да қайтыс болған болатын. Жақында ғана ол Бөкеншінің Жаңыл деген жесіріне үйленіп, содан жалғызы Рахым туыпты. Екі жігіт Дәркембайға барып көрісті. Үй ішінде отырып, үшеуі біршама әңгіме құрады.

Енді сөз Оразбайға кеп тірелді. Ол өзіне сенімді тіректерімен бірге бір тәсіл ойлап жатты. Оның бір серігі Тәкежан еді. Ол Абайға қас болудың да амалын тапқан. Ұяттан жұрдай аға Оспанның әлі жылы да өтпей, малын бөлісуге көз тігіп жатқан еді. Ал Абай оған қарсылығын білдіріп, күтуге бұйырған. Ал Оспанның артында ұрпағы қалмаған болатын.

Күз түсіп қалған. Биыл жатақтың алпыстай үйі Тайлақбай құдығының маңында егін еккен. Егіншілер арасында Базаралы, Абылғазы және Дәркембайлар бар. Ең үлкені Дәркембай бидай жақсылап піссін деп орақ салғызбай отыр. Күнде егін ішінде Асан, Үсен мен Рахымдай кішкене балалар піскен бидайларды теріп, үйіне алып барады да қуырып жейді екен. Егіннен қайтқан Асандар жолда бөтен бір арбаларды көреді. Олар орыстар екен. Асандар оларды ертіп ауылға келеді. Екі ел тілдері өзгеше болса да, жақсы ұғынысқандай шырай танытты. Орыстардың үш ер жігіттерін ымдап түсіндіру арқылы Базаралының үйіне ертіп алып барады. Себебі, Базаралы орысша жақсы білетін. Орыс жігіттердің үлкені Афанасьич есімді кісі екен. Оны қазақтар Апанас деп атап кетті. Қалғандары Федор, Сергей есімді жігіттер болып шықты. Олар Россияның Пенза деген жерінен Жетісудағы Лепсі, Қапал деген жерлерге кетіп бара жатқандарын айтты. Оларды бұл бағытқа салған – сол жоқшылық екен. Жолдан біраз адасыпты. Содан көмек сұрап еді, Қаңбақ: «Өзім сендерді жеткізіп саламын», – деді. Олар риза болып, ертең аттануға бел буды. Ал сол күні Ырғызбайдың жылқылары жақын маңда жүрген болатын. Жылқыларды жылқышылармен бірге қағып жүрген Ақбердінің Мұсатайы, Майбасардың Ахметжаны, Өсердің Мақасы және Әзімбайдың өзі болатын. Олар егінде Базаралының да үлесі барын біліп, мыңдай жылқыны түнде бидайға салып жібереді. Ерте тұрып аттанбақ болған Қаңбақ егінді көріп айқай салады. Бар-жоғынан айрылған кедейлер қарғыс айтып, жылай түсті. Базаралының айтуымен егіннің есесі үшін отыз жылқы ұстап әкелінді. Мұны көрген Әзімбай қырық атты жылқышыларды жинап, тіке шабуылға шығады. Кедейлер де дес беріспей айқасады. Базаралының белі ауырып орнынан тұра алмаса да, жорғалап шығып ұрандатып тұрды. Айқасты көрген орыстар қолына ілінгендерін алады да кедейлерді жақтап, айқасқа қосылады. Соңыра Әзімбайлар шегіне кетті. Ал отыз жылқы әзірге кедейлердің қолында қалып қойды. Болған ел бүлігін көп өтпей Абай да есітеді. Әбіш әкесінің қасына кіріп, қажет болса, айқасу керектігін де айтады. Егіннің ойрандалуы жайлы, елге шабуыл жайлы Апанас пен Базаралы портава (арыз) жазып, қалаға жөнеледі. Ертесі күні орыстар Жетісуға бет алады. Сол күні түске жақын жатаққа Ақберді келіп, жылқыны тас түгел қайтаруын, әйтпесе, ертең Ырғызбай жиналып қарсы келетінін айтып кетеді. Бұл сөзді Абай есітіп, жан-жақтағы бүкіл ауылдарға адам шаптырып, сойыл және шоқпарларымен атқа мініп, жатаққа немесе Абай ауылына жиналу керектігін айттырады. Ертесі күні қалың ел, кедей халық қатты ызамен жиналып тұрған. Ырғызбайдан да жүз елу шақты атты келе жатқан еді. Алда Тәкежан, Ысқақ пен Шұбарлар келеді. Абай тағы жүз жігітті артына ілестіріп, жатаққа қосылады. Ырғызбай жігіттері қолдың көбейе түскенін көріп, қатты іркіле, тіпті қорқа бастайды. Кейін айқасқа да барғылары келмей қалады. Екі арадағы бітімді жасау үшін үш-үш адамнан алға шығысты. Жатақтан Абай, Дәрмен және Дәркембай шықса, қарсы жақтан Ысқақ, Ақберді және Шұбар (Абайдың інілері) келді. Бітім кешке дейін созылды. Ақыры дау болып жатқан отыз жылқы кедейлердің ендігі қыстық асы болып қалатын болып шешім қабылданды. Жиналған сойылды, шоқпарлы жігіттер үн-түнсіз қайтып кетті.

3

Оспан қайтыс болғалы, оның орнына уақытша Шәке (Шәкәрім Құдайбердіұлы) болыс болды. Шәке Абайға атшабары арқылы көп хатхабарын жіберіпті. Абай үстінен оязға түскен арыздар көбейіп кеткен деседі. Соны білдіріп, шақыртқан секілді. Ал көп өтпей Тәкежаннан атшабар келеді. Абай тағы бір сұм басталатын сыңайлы деп ойға батқан болатын. Ол Оспанның жылын ертерек берейік депті. Себебі дәл жылдығын күтетін болса, тұра желтоқсанның қақаған суығына тап болады екен. Қыста қонақ күту кәдесі де жақсы болмайды. Абай бұл ұсынысты мақұлдап, Тәкежан, Ысқақ үшеуі, Оспан үйінде жиналысты. Алдымен мол сойым мен шығынды бөлісіп алысты. Тәкежан мен Ысқақтың жүзінде алдынғы кектің ізі көрінбейтін. Керісінше Оспанның жылына барынша малын салыспақ. Осылай үш бауыр Оспанның жылын бір айда беруге бел буысты. Ал Әбіштің ойы басқа жақта болатын. Әбіш Дәркембаймен сөйлескенде, ол: «Алған біліміңді қойныңа салып кетпе. Еліңе жарық алып кел. Артыңда бауыр жеткіншегің, өренің бар. Солардың көзін аш», - деген болатын. Әбіш осы сөзден кейін жатаққа мектеп салдыртып, бала оқытуға бас бұрғалы ойланып жүрген еді. Сол пікірін көп өтпей Абайға білдірді. Абай бұған қуанып, қолдайтынын айтады. Бірақ елім деп, халқым деп жүрген халықтың әлі шықпағанын айтып, күйіне кетті. Сонда Әбіш Шоқан мен Ыбырай жайлы бар білгендерін айтып еді, Абайдың жүзінде қуаныштың белгісі пайда болғандай болды. Кейін Әбіш Дәрменмен бірге көп отырып. Әңгіме құрды. Биыл жазда Мағрипаға екі рет құда түсіпті. Былтыр Ділдә Мағышты (Мағрипаны) келін етемін дегендей ымдап кеткен екен. Содан Мағрипаның туғандары келген кісілерді қайтарып жіберіпті. Әбіш Мағашты жіпсіз байлап отырғанын түсініп, онымен оңаша сөйлесуге бел буады. Кездесуді Өтегелді мен Дәрмендер ұйымдастырады. Сосын кездесуде Әбіш әлі ешкім білмейтін нуақастығын білдіреді. Үйленетін болса, жұқпалы ауру Мағрипаға да ауысатынынан уайымдайтынын айтады. Мағрипа: «Сенен айырылған күнім өлгенім, өлсем де сенімен бірге өлемін», - деп Әбішті құшақтай, жылап жібереді. Әбіш қыздың шын ғашықтығына сенім білдіріп, Оспанның жылы өткеннен кейін құда түсетінін айтты.

2

Абай қасына Ербол, Көкбай, Баймағамбет, Бәйкөкше, Мағаш және Дәрмендерді ертіп, Қарамолаға жүріп кетісті. Әбіш пен Кәкітай да барғысы келген болса да, Абай оларды қалдырған. Әбіш оқуынан босап, демалысқа шыққанда, ауылда болуын ұйғарған еді. Ал Кәкітай болса Еркежанның баласы болды. Себебі Еркежанның қолындағы Абайдың екі немересі өсіп, үлкен болса, сол дәу қыстау мен мол дүние Абайға тиіп қалатынынан шошып, Ысқақ әдейі өз баласы Кәкітайды Еркежанға берген болатын. Әбіш Қарамолаға бара алмаса да, ауыл ішінен Абайды ақтайтын арыздар мен приговорларды көп жинап, көп кедейге қол қойдыртып, Бәйкөкшеден беріп жібереді. Абайлар екі күн дегенде Қарамолаға жетіп, Атқазы тіктірген қонақ үйге түседі.

3

Оразбай Абайдың Қарамолаға кеткенін есіткен сәтте ол да жолға шыққан. Жолда көп үзілмей Абайдан бір күн ерте жетеді.Ол сан үйірлі жылқыларын айдап, оны ақшалап, талай ұлықтар мен тілмәштарды паралап үлгерген еді. Одан басқа көп мал сойғызып, шет-шеттен келген болыстарды қонақ етіп, оларды да Абайға қарсы үгіттей бастаған болатын. «Өз әкесі Құнанбайдың асын бермеді. Одан бөлек, қайтыс болған інісінің малын туған бауырларынан қызғанып, еншіленіп алды. Өте сараңдық көрсетті», - деп, Оразбай жиналған қауымды әшкереледі.

4

Бүгін үлкен сияз болмақ. Бір жандалар мен үш оязды күтіп, болыстар азаннан бері үлкен ақ үйдің алдында тұр. Жандарал (қазіргі облыс әкімімен бірдей шен) өзі қатал кісі деген сөз тараған еді. Ол келген кезде болыстар орнынан тұрып амандасты. Орысша білмегендіктен барлығы: «Здрәсти, тақсыр!» деп жатты. Бір Абайға келгенде: «Здавствуйте, его превосходительство! Я Ибрагим Кунанбаев», - деп, өзін таныстырады. Жандарал оқыстан бұрылып қарап: «Ел бүлікшісі сен бе? Менімен жүріңіз», - деп етіп кетеді. Екеуі ғана оңаша үйде әңгімелеседі. Жандарал өзі сайлатқан болыстардың барлығы Абайдың үстінен арыз жазғанын және анық себебін тез айтуды қалың ызамен қатты секіп қайырады. Абай сасқан жоқ. Ол нақты дәлелдерін айтып, өңшең бай мен арамдар кедейлерді қорлап жатқанын түсіндіреді. «Мен тіпті өлсем де соларға болысамын», - деп, өз сөзін аяқтайды. Осы кезде жандарал біршама уақыт үндемей қалады. Ол қазақ даласында осындай сезімі ояу, ақылы кең адам барын тіпті ойламаған еді. Сол сәтте есікті қағып, Базаралы мен Савельев деген тілмәш кіріп амандасады. Базаралы: «Қазақ даласының көзі мен құлағы осы біздің Абай. Оны айдамаңыз. Қазақ даласын қараңғылықта қалдырмаңыз», - деп орысша сөйлейді. Жандарал жымиып, шыға берулерін айтады. Енді ол Абайды айдату былай тұрсын, бүгінгі болатын сиязда төбе би ретінде қатысуын бұйырып, өзі жүріп кетеді. Абайды алып кетуі мүмкіндігінен қорқып қалың ел тыста жиналып тұр екен. Бар жаңалықты естіп, Абайды бәрі мақтай кетеді. Тіпті кеше ғана Абайды жамандап жүрген болыстар да бүгін Абайды құттықтаумен әлек еді.

5

Декабрь келсе де қыстың қатты суығы әлі түскен жоқ. Абай Қарамоладан қайтқалы Ақшоқыда мал сойыс, мәз-мереке таусылмады. Бүгін де әр жерден ақындар көптеп жиналып отыр. Шәй ішіліп болып, Көкбай домбыраны алды да Абылай ханды мадақтай кетті. Сонда Базаралы Көкбайды бір қағып, тоқтатты да: "Әр түрлі мақтауды айта бермей, ел азабын немесе каһарын жырлауға болмайды ма?" - деп, жекіп жіберді. Абай да мейлінше өзгеріп, Базаралыны қостады. Сол кезде Көкбай ренжігендей кейіп танытып, ортадан шығып кетеді. Содан кейін үй іші біршама уақытқа жым-жырт болып, ақындар қауымы үнсіз отырып қалысты. Соңыра Дәрмен домбыраны қолына алып, бір жырды сырылта төге кетті. Онысы ер қайратты Иса жайлы болатын. Әзімбайдың қолынан қорлық көріп, өліп кеткені мен артында қалған Иіс кемпір, дертке шалынған жары және жетімек Асан мен Үсендердің қайғысын жырлап өтті. Абай, Әйгерім, тіпті Дәрменнің өзі де көздеріне жасын райсыз алды. Жаңа туған, әлі тың болған жырды үй іші алғаш рет есітіп тұрған болатын. Барлығы қалың ойға батып, түңіліп отырып қалады. Біраздан кейін үй іші қайта жандана, Дәрменге алғыстарын айта кетті.

ІҮ кітап

Түн-Түнекте

1

Түн жарымда Абай мен Баймағамбет Ертістің сол жағасында Слободка деген (Семей қаласының бір ауданы) жердегі Абайдың алыс туысы болатын Дәмежанның үйіне келіп қонады. Олардың қалаға келуіндегі себеп Әбіштің Петербордағы оқуын бітіріп, Мағрипаға үйленіп, Алматыға өз іс-сапары бойынша аттанғалы жатқаны болатын. Солардың жолына мал сатып, ақша дайындауға, сосын шығарып салуға келген. Ал ол кезде қалада жұқпалы іш ауруы тарап жатқан еді. Соңғы кездері адам өлімі жиілей түскен. Абай қаладағы жақын досы Павловқа жолығып, бұл обадан ел қалай сақтануын сұрайды. Сонда Павлов салтдәстүр болса да, жаназаға халықты жинап, ас беруді уақытша доғара тұруды мәслихат етеді. Дәл осы сөзді Жұма намазға жиналған қауымға жеткізуін Абай қала мешітінің халфесі Сармоллаға айттырады. Бірақ халық жиындарды доғарса да, обадан қайтыс болушылардың реті азая қоймады. Тіпті көшеде өліп қалған адамдарды салып әкететін қара арбалар жүре бастады. Осыған орай адамдардың жүрегін қорқыныш билеп жататын болды.

2

Қала мешітінің молдалары осының бәріне халфе Сармолла кінәлі деп, оған теріс дұға оқитынды шығарады. Ел ішіндегі саудагерлер де тіпті Сармолланы өлтіруден де тайынбайтын мінез көрсетіп жататын еді.

3

Бұл жағдайларды Абай да есітеді. Ендеше ол халық көп болатын базарға барып, өзі де үгіт жүргізе бастайды. Күнде шығады. Нәтижеде екі жұмадай уақыт өткен соң, жаназалар тіпті болмай да қалады. Бұған молдалар Соқыр қари, Шәрібжан молда, Самат халфе және Слободканың ірі саудагерлері Отарбай мен Қорабайлар қарап тұра алмайды.

Бір күні түнде Сармолла халфені белгісіз біреулер алдымен соққыға жығып, сосын пышақтап өлтіріп кетеді. Ертесіне бұл жағдайды молдалар мен имамдар: "Обадан құтылу үшін ел ішінде пәк адамды құрбандыққа шалу керек еді. Сол кісі Сармолла болды", - деп, өлтіріп кеткен адамдарды полицейлерге іздеттірмейді де. Абай бар болған жағдайды есітіп, оған өзін кінәлай бастады. Бірақ ел ішінде бар шындықты түсінген жігіттер бұл асқан дұшпандықтың қылмысы екенін біліп, бір күні түнде Соқыр қариді жақсылап тобалап кетеді. Обаның тарауы азая түседі. Бұған қалың ел Сармолланың пәк жанының құрбаны есебі деп түсінеді. Бірақ Абайдың осыған қатысты көзқарасы өзгеше болатын. Бұл август аяқтала суық түсе бастағандықтан, обаны тарататын бактериялар суыққа шыдай алмай өлетіндерінде еді. Абай мынадай ғылыми ақпаратты досы Павловтың әйелі дәрігер Александра Яковлевнадан білген болатын. Тағы да бұл обаның (чума ауруы) ең бірінші Үндістаннан шыққанын, кейін бүкіл Еуропа елдерін зар қақсатқаны туралы да есіткен еді. Абай кітапқа түңіліп, шабыттана бір өлең оқып отырған кезінде есік ашылып, Дәрмен кіріп келеді. Оның түсі біртүрлі болатын. Көңілсіз хабар алып келгендей еді.

Құз-қияда

Биыл жасы жиырма беске жеткен Дәрмен махаббат шұғыласына, сүйіспеншілік жалынына жанасып көрмеген-ді. Ол достарының арасына достыққа, ынтызарлыққа делдал болғанды сүйетін. Сол ретте Әбіш пен Мағрипа арасында туған сезімге қуанған болатын. Жаз ортасында Керегетастағы ноғай аулына Әбіш соңғы рет күйеушілеп барғанда жиырма күндей қызықты күндері өткен. Осы думанды кездері Мағрипаның құрбысы Мәкенді көріп ұнатқан. Топ ортасында іркілмей ән салатын әнші әрі ақын Дәрменге Мәкен де бір көргеннен ғашық болған. Екеуін іштей ұғыстырған Абай әндері еді. Бірақ шыншыл, аңқау, адал жастар жүрегін оңай ашылысуға қатал бір жай жетектеді.

Мағрипа ұзатылардан үш күн бұрын жастар сейіл құрып ауыл сыртына шықты. Осы кезде олардың тобына жуан денелі, шоқша сақалды жасы үлкен кісі келіп: «Осында Мәкен бар ма? Анау тұрған Мәкен бе?! Бері қарай жүр!» деп әмір ете сөйледі. Мәкен бұл кісіні таниды екен. Баяу басып қасына тақады. Салқын үнді жүргінші Мәкен басына әлек әкелген. Ол Дайыр дейтін Мәкеннің әмеңгері болатын. Қыздың әкесі тірі шағында оны Оразбайдың кенже інісі Қайырға айттырған. Былтыр жігіт аттан құлап мерт болады. Бірақ жасы қырықтан асқан Дайыр: «Інім өлсе, жесірім тірі, әмеңгері өзім бармын. Осы күзде ұзатуға қам-қарекет етсін» деп бұйрық жолдаған. Жасы үлкен Дайырға тұрмысқа шығу Мәкеннің ойында болған емес.

Сол Дайыр Мәкеннің Абай жастарымен сауық құрып, оның Дәрменмен арасы жақын екенін сырттан болжап біледі. Осы кеште қызды айыптайтын шақты іздеп, не пәлеге болса да ұшырастыруға келген. Енді ол Мәкенмен екі-үш сөзге келместен: «Үйіңе қайт! Аз күнде келемін де аламын!» деп бұйрығын да, байлауын да бір-ақ айтады. Дайырдан бұл сөзді естіген Мәкен наразылығын жасыра алмай: «Ақырмаңыз! Мен сіздің әйеліңіз болғам жоқ, болам деп жүргем жоқ!» дей беріп еді Дайыр оны басынан қамшымен тартып-тартып жібереді. Шыр еткен қыздың дауысын естіп Дәрмен келіп киліге кетеді. Анадайдан Әбіш те жетеді. Әбішті аңғарған Дайыр: «Сенгенің Абай шығар. Абай түгіл Құдайды пана тұтсаң да жерге қағармын» деп шапқылай жөнеледі. Осы жағдайдан соң екі жас оңай ашылысып, қапысыз табысады. Олардың бүгінгі бұлтты тағдыры осылай басталды. Көп уақыт өтпей Дәрмен Мәкенді Семейге алып қашты.

Дәрменнің Абайға суыт жүріп келген себебі осы. Абай бұл сырды

Әбіштен естіген болатын. Сондықтан таңғалмады. Сабырлы түрде

Дәрменге арғы бетке, Әбішке баруын айтты. Сыртқа шыққан Дәрменді Мәкен, Кәкітай, Мұқа, Әлмағамбет, Әбділер күтіп тұрған еді. Олар іңір қараңғылығында Ертіске тақау көшелерді бойлап жөнелісті. Осы топтың алдындағы ең үлкен бөгет Ертіс суы еді. Ар жаққа өткізетін паром тоқтап қалған. Қашқын жастарды Абайдың тапсырмасымен арғы бетке Сейіл қайықшы өткізуге келісті.

Іңір қараңғылығында бұлардан бөлек тағы да қарбаласқан жандар бар. Ол он шақты жолдасын ертіп Мәкенді қуып келе жатқан Дайыр еді. Дайырлар тобы Дәрменнің Абайға соқпай кетпейтінін біліп, бірден Құмаштың үйіне барады. Бірақ сырттан өзі танитын Мәкеннің көк жорғасын көре алмағасын, күзетші жігіттен сыр тартып, болған жайды біліп алады. Құмаштің үйінен аттанысымен Дайыр Сейсеке байдың үйіндегі Оразбайға кісі шаптырады. «Қолынан келер көмегі болса енді қам қылып көрсін» деп сәлем жолдайды.

Болған жайға қаныққан Оразбай бұлқан-талқан боп ашуланады.

Қалаға белгілі байлар Сейсеке мен Есентайды Абайға жұмсайды. Есентай Абайға келіп: «Ыбырай не айтасың, жастар айыпты, жазасы қандай болады?» дейді. Абай шапшаң жауап беріп, жастардың айыпты екенін, ақтамайтынын айтады. Есентай Оразбайдың сәлемін жеткізіп, екі жастың ортасына түспеуін сұрайды. Өздері екі жасты мойнына арқан салып сүйреп, ескі жолмен қатаң жазалайтынын білдіреді. Абай қатты ашуланып: «Ол заман өткен. Оразбай істеп көрсін жауыздығын! Жерге қағатын күш бар екенін ұмытпасын. Енді шық та жүре бер!» дейді. Есентай үн қатпастан есікке қарай беттейді.

Дәрмендер тобы арғы бетке өтісімен қаладағы Затон жұмысшыларына тартты. Затон жұмысшылары дейтін грузчиктер тобы шетінен балуан денелі, досқа адал жігіттер болатын. Бір кездері Әбді осы Затонда жалданып істеп, олардың арасынан дос тапқан. Дәрмен де Семейге келген сайын осы Затон жұмысшылары арасында думан құратын. Олардың сеніп келе жатқаны Әбен үйі еді. Әбен мен әйелі Айша бұларды қуана қарсы алды.

Қонақтар үйге отырысымен-ақ, Кәкітай Абайдың хатын алып Әбішке кетті. Абай қысқа ғана жазыпты. Мен саған міндет артам, алда үлкен шайқас тұр деп ескертіпті. Енді Әбіш бірден Мәкеннің атынан ұлыққа екі арыз жазып, Даниярдың трашпеңкесімен Мәкенге қол қойдыруға алып кетеді. Оған Кәкітай мен Мағрипа да ереді. Бұлар Әбен үйіне келгенде Дәрмен ояу жатқан еді. Әбіш келе сала осы келісінің салмақты себебін түсіндіреді. «Әлім келгенше екеуің үшін аянарым жоқ!» деп Дәрмен мен Мәкенге дем бере сөйлейді. Арызының жайын айтып екі қағазға Мәкеннің өзіне «Мәкен Әлімқызы» деп жазғызып, қолын қойғызады.

Келер сәскеде Әбеннің үйіне ойлаған үлкен қауіп келіп қалды. Түнімен әр көшені, әр үйді тінтіген Дайыр мен Қорабайлар оларды тапқан еді. Жау ниеттілерді алғаш болып есік алдында самауыр қайнатып жүрген Айша байқаған. «Ал жандарым, жетіп қалды кеселдер!» деуге ғана шамасы келіп, ауыз үйдің есігін бекітіп үлгерген. Есіктің екі бетіне тұра қалған Әбен мен Әбдінің бірі жуан шоқпармен, екіншісі қысқа кіндік темірмен қаруланып алды. Есікті сындырып Дайыр мен Қорабай бірінші кіргенде Әбен Дайырды қолынан ұрды, оның қамшысы ұшып түсіп, оң қолы салдырап қалды. Осы кезде зіл шоқпармен Әбдінің соққысы тигенде Қорабайдың оң иығы сынғандай сытыр етті. Әбен, Мұқа, Әбді ожарланып қамшыдан басқа қаруы жоқ жігіттерді оңай сыртқа қуып шықты. Дәрмен болса осы төбелестің арасында Әлмағамбетті атқа мінгізіп, «Әбішке жет!» деді.

Бұл уақытта Әбіш пен Кәкітай түндегі арызын алып, ояз кеңсесіне кіріп шыққан. Енді окружной сотқа Әбіш кіріп, Кәкітай сыртта тосып қалған. Алқынып шапқан Әлмағамбет Кәктіайды көріп тоқтап, «Ойбай, жандарың болса жетіңдер. Қаптады ғой, қырып жатыр Затонда!» деп аптығып сөйлейді. Биік басқышпен жүгіре жөнелген Кәкітай болған жайды Әбішке жеткізеді. Поручик дәрежесіндегі офицер киімін киіп, қылыш асынған Әбіш қасына Әлмағамбет пен Кәкітайды алып Затонға жетеді. Бұлар үлкен сұмдықтың үстінен түседі. Әбеннің үйінде соққыға жығылып Әбен, Айша, Мұқа қалыпты. Үй іші ойран болып, қора есігі қирап жатыр. Сәл ғана есін жиған Айша: «Паромға жетіңдер! Кеткендеріне көп болған жоқ. Қырық-елу саудагерді қаптатып, қырғын жасап кетті» деді де қайтадан есінен жаңылды.

Кәкітай мен Әлмағамбетті осында қалдырған Әбіш паромға ұмтылды. Бұл келгенде паром жағадан кетуге айналыпты. Әбіш паромшыға орысшалап: «Қайтар, тез қайтар!» деп бұйрық етті. Паромға секіріп мінген ол қасына Семіз сары дейтін стражникті шақырып алды. Оған: «Мынау паром үстінде Затонда болған разбойдың айыпкерлері кетіп барады. Мен қазір бірнеше көмекші полицейді жеткіземін. Саған артылған міндет паромды жібермей ұстап тұр. Бұйрық беруші военнополевая артилерияның поручигі Ускенбаев! Ұқтың ба?!» дейді. «Так точно-с, Ваше благородие, господин паручик!» деген Семіз сары өзінен дәрежесі үлкен Әбішке жол беріп өткізді.

Әбіш осы бетімен уезд начальнигі Маковецкийдің кеңсесіне кірді. Ол отырмастан қалт тұра қалып барлық болған жайды айтып шықты. Уезд начальнигі үшінші участкенің становой приставы Старчакты алғызып, қасына бес полицейді ертіп тезінен паромға жетуге бұйырды. Ондағы басты айыпкерлерді, арыз беруші Мәкен Әзімқызы мен Дәрменді уезд кеңсесіне шапшаң жеткізуді тапсырады.

Паромда қалған Дайыр мен Қорабайлар тобы Семіз сарыға ақша беріп, жылы сөйлеп паромды арғы бетке өткізбекші болады. Бірақ стражник күндегі парасын алмай көнбей қояды. Онымен дауласып тұрғанда паромға сатыр-сұтыр басып бір топ балуан денелі жігіттер келеді. Бұлар шетінен күшті Әбеннің достары, Затон грузчиктері еді. Бағана Айша соққыға жығылғанда Әлмағамбетке Сейітті тап деп тапсырған. Сейіт Әбеннің үйіне келіп, болған жайға қанығып, қасына өзіндей алып денелі сегіз-тоғыз жігітті жинап паромға келген беті еді. Ол келе сала: «Қайда қанішер Қорабай?!» деп анадайдан айқайлайды. «Әкеңнің құны бар ма?! Мен – Қорабай!» деп алдынан шыққан оны Сейіт сақалынан ұстап: «Мә, ендеше Қорабай болсаң!» деп аузынан қойыпқойып жібергенде Қорабайдың күрек тістері сынып түседі. Осы екен, паром үсті төбелеске айналды. Бағана Әбен үйіне Дайырлар қайта шапқанда Әбен мен Әбдіні қатарынан ұрып құлатқан Дондағұл дейтін Семейге аты шыққан балуан бар еді. Ол Қорабайдың соққыға жығылғанын көріп арбадан Сейітті жоям деп секіріп түседі. Осы кезде кең кеуделі қара сақалды Жайнақ дейтін грузчик оның үлкен ұрыс бастарын сезіп қалған. Сейіт екеуінің қайқайта соққан соққысының бірі Дондағұлдың білегінен, екіншісі көк желкеден тиген. Қатар соққыға төзе алмаған Дондағұл арба астына өкіре құлап, тырайып қалды. Грузчик жігіттердің бір-екеуі Дайырды тауып алып, әбден езгілеп ұрды.

Осы кезде паромға жеткен Старчак сөзге келместен Дәрмен мен Мәкенді бөліп алды. Содан кейін Дайыр мен Қорабайды да жағаға шығартты. Грузчиктер сазарған қалпы үйлеріне қайтты. Паром қалың жанжалқой саудагерлерді алып жылжып кете барды. Уезд начальнигі Дайыр мен Қорабайдың ісіне қанып, оларды бір айға каталашкаға жапты. Сосын Әбішті қабылдаған. Әбіш қасына Дәрмен мен Мәкенді ерте кірді. Маковецкий қыздан арыздың жайын сұрады. Мәкен қалада ұлық бар деп, әділдік іздеп келгенін жеткізді. Уезд начальнигі бұрын мұндай дау сахараның өз заңы, шариғат жолымен шешіліп келгенін айтып: «Енді бұдан былайғы тексеру, шешу сот арқылы жүзеге асады» деді.

Осыдан соң ояз начальнигіне Оразбай, Шәрібжан халфе мен Сейсеке бай келеді. Маковецкийдің бұлармен сөзі қысқа болды. Ол: «Бұл істі мен шешпеймін. Сот шешеді» дейді. Оразбай болса қанын ішіне тартып сұрланып: «Тергеу ұзаққа созылады. Мейлің өзің шеш, мейлі сот шешсін. Бірақ анау бүлік қыз бен жігітті айырсын. Бөлек тергеңдер» дейді. Оразбайдың бұл сөзі Маковецкийге орынды көрінеді. Осы арыз бойынша округ соты Мәкенді Дәрменнен айырып сенімді адам, тайный советник Әлімбек Сармановтың үйіне жібереді. Осыдан соң екі жастың тілдесуі мұң болады. Сарманов аса қатал адам, Дәрмен мен Мәкенді сот біткенше тілдестірмей қояды.

Осы күндерде Түркістанның әскери округінен поручик Ускенбаев Ғабдырахым турасында бұйрық та келіп жеткен болатын. Бұйрықта Әбіш Верный қаласындағы әскери артиллерияда арнаулы қызмет етуі айтылыпты. Бұл кезде Абай мен Баймағамбет те Үлкен Семейге көшкен. Дәрмен мен Мәкен ісі Әбішті ғана емес Абайды да ұзақ әлекке салған. Соңғы шақта оның мұңы ауырлап, қоюлана түскен. Осындай кезде іштегі дертін қағазға жазып тастайтын. Кейінгі кезде жазу өнеріне тыңнан бір үлгі «Қара сөзді» қосқан. Енді Әбіш жүруі жақындап, оны Абай күн сайын қасына алады. Кешті мәжіліс құрып, бірге өткізеді. Баласымен ойы бір жерден шыққанына, әсіресе Әбіштің Дәрмен мен Мәкен ісінде көрсеткен үлкен қайратына қуанады.

Әбіштің кетуіне байланысты жастар Кәкітай үйінде арнаулы кеш өткізді. Оған Дәрменнен бөлек Өтегелді, әнші Әлмағамбет, Айша мен Әбен, Мұқалар қатысты. Шайларын іше бергенде үйреншікті дос Павлов та келіп қосылды. Бұл жиынның тыңдағаны Дәрмен өлеңі мен әндері болды. Дәрменнің әнінде өксік лебі естіледі. Сорлы ғашық біресе алғаш сырын ашқан шаққа кетеді, біресе серт еткен тәуекел жайын айтады. Оның бұлай жырлауына себеп бар еді. Көп күндер өтсе де Мәкеннен бірде бір хабар келмеген. Тас қамаудай Әлімбектің үйіне Дәрменнің де хаты жетпей қойған. Дәрмен соларды жырлағанда көп қауым: «Алар хатыңды, тілегің жетер!» деп оған басу айтады.

Әбіш сентябрьдің аяғында Алматыға аттанды. Содан бері айлар өтті. Январь жетті. Мәкен болса ел-жұрттан жырақта төрт айын өткізді. Тек соңғы айдың ішінде Әлімбек тілмаштың татар әйелі шанамен окружной соттың тергеушісі Злобинге апарды. Мәкен Маковецкийге айтқан сөздерін айнымай қайталады. Ол тергеу болғалы да бір ай өтіп, енді міне Мәкенді әнеу күнгідей басына шапан жамылдырып сотқа әкеліп кіргізді. Соттың алдында қаптаған адам көп екен. Мәкен жыпырлаған бұқараның көпшілігі қыр қазағы, Тобықтылар екенін аңғарған. Ол асыл аға, Абайды көре алмады. Дәл соттың есігіне кіре бергенде Әлмағамбет:

«Жасқанба, жалтақтама Мәкен! Абай ағаң осында. Жоқшың да қасыңда!» деп аса қажет сөзді жеткізді.

Мәкен сот алдында жасқанбай сөйледі. Сот бастығы Дайырдан қашып, Дәрменмен неге көңіл қосқанын сұрады. Мәкен болса Дайырға қайтқаннан өлгенді артық көретінін, Дәрменнен айрылмақ ниеті жоқ екенін ұзақ баяндады. Оның ашылып сөйлегеніне таңданған сот бастығы:

«Мына қыздың тілі тапқыр, сөздері орынды екен» деп сүйсінді. Ақырында патшалық законга сүйенген округ соты Мәкеннің басына азаттық берді. Шақарұлы Дайырдың талабын теріс деп тапты. Қыздың таңдаған адамына тұрмысқа шығуына рұқсат етті. Ал қыздың қалың малы сияқты дауды екі жақ келісіп шешсін деген байлау айтты.

Абай сот бұйрығын естігенде ажарланып ерекше қуанды. Қасындағы Кәкітайларға: «Жауыздықпен кездесу, табандасу әмісе осылай аяқталсайшы!» деп айтып қалды. Абай Әлімбекпен сөйлесіп Мәкенді Дәрменге жіберді. Қалың мал жағын өтеп беруге Абайлар жағы келісті, қарсы жақтың дегеніне оңай көнді. Оразбайлар жағы әлі ұзақ дауласамыз деп тұрған еді. Абайдың көнгіштігіне таңғалды. Артынан пәлеге тоймайтын әдетімен айып тіледі. Абай өз атынан екі тоғыз айып атады. Сөйтіп, Оразбай, Дайырларды қанша қақап тұрса да тез қақалтып, оңай тоқтау салды. Осылайша Абай мен жастарды ұзақ айлар бойына Семейдің тұрғыны еткен сұлу жүз, сезімді жүрек Мәкен дауы аяқталды.

Бұл уақытта Дәрмен Әбен үйінде азаптанып отырған болатын. Ол Мәкенді бүгін келеді деп ойламаған. Қызды алып келген Кәкітай оны төргі үйге, Дәрмен қасына кіргізіп жіберіп, өзі сыртта қалып қойды. Дәрменді көрген бойда Мәкен құшағына ұмтылды. Дәрмен мұның жүзіндегі салқын жасын жұта берді. Екі жас осылайша Әбіш күйеушілеп барған жаз ортасынан кейін қайтадан қапысыз табысты.

Қапада

1

Күз ортасы ауып барады. Абай мен Дәрмен жатақты аралап келе жатты. Оларды арнайы тез шақыртқан Базаралы мен Ербол болатын. Төрт күн болғалы жетпісті арқалаған Дәркембай қатты науқастанып жатыр еді. Әлсіреп қалған шал: "Келді ме?", – деп есікке қарай береді екен. Абайлар кіріп, сәлем беріп, Дәркембайға жақындасты. Жаңыл жылап отыр. Базаралы мен Ербол да сонда отырған болатын. Дәркембай Абай мен Дәрменді көре сала ажарына күлкі жүгіріп, бірақ зорға күбірлеп: "Абай, Дәрмен жалғыз балам Рахымды өздеріңе тапсырдым. Елдің керек етер адамы болсын", - деді де, басқа еш үн қатқан жоқ. Көзін жұма сала үндемей кетті. Рахым осы кезде 13-14 жастағы бала болатын. Әкесін қайғырып ол да отыр. Осыдан ертеңгі күні Дәркембай өмірден өтеді. Абайлар Дәркембайдың жетісіне дейін жатақта қалады. Олардың қайтарында Базаралы Абайға оңашада бір бүлік шыққалы жатқанын баяндайды. Әзімбай жылқы ұрлатып, соны Базаралының көршісі Әбдіден көріп, жала жауып отыр екен. Бұл әншейін сылтау. Ырғызбайдың ақсақал мен қарасақалдары осыдан біраз бұрын жиналып, Базаралыны бір жақты етуге, яғни көзін құртуға серттесіпті.

2-3-4-5

Қыстың басы тақау қалған. Абай оңаша, Мағаш пен Кәкітай кітап оқып ізденуде. Осы кездері Абай бір ойға тұтар өлеңдер жазды:

"Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!", - дей бере:

"Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға", - дейтін. Абай өлеңдері әнмен шырқала, кең қазақ даласына таралып жатты. Осындай бір күндерде Әбіштен телеграмма келеді. Екі айдан бері Әбіш қатты ауырып, лазаретке (әскери орталықтағы кішігірім аурухана) түсіп қалыпты. Ол кезде Мағыш та Ақшоқыда болатын. Ол былтыр Әбіш екеуінің бірінші перзенті Рахиланы туу алдында Алматыдан қайтқан. Абай лезде Мағаш, Майқан, Өтегелді үшеуін Алматыға жөнелтеді. Мағаштар Алматыда пәтер жалдап, Әбішті лазареттен алып шығып, сол пәтерде жақсылап күтеді. Қыс бойы әр үш күн сайын Фидлер деген дәрігер келіп, Әбіштің жағдайын біліп жүреді. Абайдың асқан ақындығы Алматыда көп тараған екен. "Абайдың ұлы науқастаныпты", - деп, жөн сұрап келушілердің қарасы да көбейе түскен. Аты тегіс Жетісуға тараған айтыскер ақын Жамбыл да келіп, жөн біледі. Көктем жақындай түскенде Әбіш тым әлсіреп кеткен еді. Ол: "Туған жеріме жете алмадым", - дей бере, достарымен үндесе қайтыс болады. Мағаш әкесімен қыс бойы хат жазысып отырған болатын. Оның соңғы хаты осы сұм хабарды Семейге алып барды.

Абайдың айтуымен Әбіштің бейіті уақытша Алматыға қойылады. Сосын Мағаштар ауылға қайтып кетеді. Кейін мамыр айында Майқан, Өтегелді және тағы үш жігіт Алматыға жетіп, Әбішті туған өлкеге алып кетеді. Оның бейіті үлкен ана Ұлжан бейітінің қасына қойылады. Абай өмірінде алғаш рет ауыр соққыдан қатты жеңілген жандай өз-өзіне келе алмайды.

Қайғыға батумен болады. "Құйрықты жұлдыз секілді Туды да көп тұрмады!.. Жиырма жеті жасында

Ғабдрахым көз жұмды."

Қастықта

Қысыр сауылып отырған көктем шағы болатын. Түс кезінде Абай аулына бір топ, төбелеске бейім, қолында шоқпары бар балуан денелі жігіттер келе жатыр. Топты бастаған – Әзімбай. Олардың Абайға келу себебі, Көкеннің Уағы бірнеше жыл бұрын Құнананбайлар тартып алған жерлерін қайтарып алу үшін қаладағы ұлыққа арыз берген. Арыз бойынша землемер келіп жерді өлшеп кеткен. Бұған қарсы Тобықтының намысын жыртып Оразбай Уақтарға қарсы бүлік бастаған. «Уақты шабамын» деп қол жинаған. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді, бар

Тобықты жиылсын» деген. Тәкежанның айтуымен, осы Әзімбайлар Оразбай жинаған қолға қосылуға бара жатқан еді. Жолда әдейі Абайды сөйлетіп, сыр тартқысы кеп, аулына бұрылған.

Әзімбай болған жайды баяндап: «Туыстарыңыз қару асынып, Уақты шабуға дайын отыр. Оразбайдың осы басшылығына не дейсіз?» деді. Абай болса: «Зорлықшыл зорлықтан қаза табар. Қарашоқпар, шабуыл Оразбай түгілі Құнанбай заманында таусылған. Танып жетпесеңдер тағы да тұмсықтарың тасқа тиер» деп мысқылдады. Әзімбай өзінің құдасы жағына шығып, іштей «бұл Оразбайдың басшылығын жақтырмай, баяғы басараздығымен жақсылықты қимай отыр» деп ойлады. Ештеңе деместен жүруге ыңғайланды.

Бұл кезде Оразбайдың Қарақұдықтағы үйінде Тобықтының сан жуандары бас қосып жиын өткізіп жатыр еді. Әзімбайлар тобы да оларға кеп қосылды. Қымызға балқыған Оразбай «Салдым барымды, Жер ашуы – жан ашуы! Арыңды жоқтадым Тобықты!» деп сілтеп отыр. Жиренше, Абыралы, Әзімбай, Әбділдалар оны қостап, көтермелеп мақтай түседі. Сүт пісірімдей уақыт өткенде Тобықтыдан жиналған жүз қаралы қол Уақ отырған Көкен еліне аттанды. Топты бастап бара жатқан Оразалының ұры қарымтаға тәжірибесі мол Бесбеспайы болатын. Көкендегі Тұщыкөлге жақындағанда ол қолды алты топқа бөліп, жұрт ұйықтағасын бір-ақ соқтығысуды қатаң тапсырды.

Уақтар да қамсыз емес еді. Олар Тобықтының осылай шабарын біліп ертеден қамданып отырған. Қалың жылқыны алдымен алып кететінін ойлап оған Бостан деген балуан денелі жігітті басшы етіп, жиырма адамды қарауылға қойған. Жау келе қалса алдымен осылар қарсы шығатын болып келісілген. Ал ауылда қалған азаматтар түнімен сергек ұйықтап, сақ отырған. Бесбеспайлар жылқының шетіне іліне бергенде-ақ алдарынан «қайт-қайттап» Бостандар қарсы шықты. Сарт-сұрт ұру, сатыр-сұтыр төбелес басталды да кетті. Бостанға қарсы келген Бесбеспайдың өзі екен. Оның соққысынан Бостанның оң қолы сынып, салдырап қалды. Бірақ Бесбеспай да сау кеткен жоқ. Бостан бұрыла бере оның қарақұсынан періп жіберді. Басынан қан бұрқ еткен Бесбеспай қарсы келгендерден тайқып қаша жөнелді.

Тобықтының жүз шақты жігіті «алмай қоймаймыз» деген жылқылардың қарасын да көре алмады. Ауылдан келіп, жан-жақтан қаптаған Уақ жігіттері оларды тықсырып, қоршауға ала бастады. Бір кезде Бесбеспай тобы анық, жеңлетінін біліп «айрылмас-айрылмас» деп қашу қамына кірісті. Таң қылаң бере Тобықты тобы оннан аса адамын тұтқынға тастап қашып құтылды. Уақ жағынан да бірнеше адам мертікті. Осылай Оразбайдың қысыр қымызына тойып, есірген топ қан жоса боп қаңғып қайтты.

Арада бірнеше ай өтіп, жаз шықты. Тобықтының Бұғылы болыс дейтін елінде он күннен бері үлкен жиын өтіп жатыр. Жиын себебі исі қазаққа таныс емес «санақ» болатын. Санақ жүргізу үшін қаладан бірнеше чиновник келген, оларды күтуші Тобықты жуандары қазір жанын салып жүр. Әсіресе, Оразбай ерекше көзге түседі. Оның себебі, санақтың осы жолғы басшысы үлкен төре, қазақ жігіті Әзімқан Оразбайдың атына сырттай қанық боп, оның көктемде Тұщыкөлге жасаған шабуылын қызығып тыңдапты. «Анық бұл өңірдегі қазақтың мықтысы Оразбай» деген көрінеді. Оразбайға келген қазақ чиновтиктері де Әзімқанды "Петербургте оқыған, нағыз төре, орта жүзді билеген Жабай ханның немересі, туысқан ағалары Құнанбайды Омбыға жауапқа тартқызып, Итжеккенге айдата жаздаған" деп мақтауын асыра жеткізеді. Мұны естіген Оразбай болса: «Ақ патшаның арқаға қаққан төресі, әрі атам қазақ бағынған хан төрем, бұны күтпей кімді күтем» деп Семей тілмаштарының алдында әдейі алқына сөйлейді.

Әзімқан келе салысымен оны мақтаған, қошеметтеген сөздер Тобықтының төрт болысына да жетті. Оразбай өзімен ниеттес жуандарды «Орысша-қазақшаға да жүйрік ұлықпен таныстырамыз» деп әдейі шақырады. Осындай шақырумен Шұбар да келеді. Кешкі отырыста Оразбай бастаған бай-бағландар Әзімқан төремен кеңеседі. Бұл кеште Әзімқан ерекше дараланып, қазақтың арғы-бергі тегін таратады. Шыңғысханға бір соғып, бергідегі Қасымханның «қасқа жолынан»,

Есімханның «ескі жолынан» сыр шертеді. Қазақ хандары мен төрелерін Шыңғыстың Жошы ұлымен байланыстырады. Қазақтың бүгінгі орналасқан жерін, болыстарын, орыс патшалығына қайтіп бағынғанын ұзақ баяндайды. Тобықтының бай-билері таңдай қағысып, ауыздарын ашып тыңдайды. Бұлардың атынан Оразбай төреге қошемет сөздер айтады.

Таңға жақын қалың жұрт тарап кеткенде Шұбар Әзімқанның қасында қалып қояды. Төре одан «Абайдың өлең жазатыны рас па? Орысша білетіні рас па?» деп сұрайды. Әсілінде, Шұбар Абайға іштей қастық ойлайтын. Ол Тәкежандар жанында жүргенде солардың сойылын соғып, Абай қасына келгенде Мағаш, Дәрмен, Кәкітайлардың істегенін істеп, қатар жүрген кісі бола білетін. Абай отырған жерде оның өлеңін жатқа айту керек болса, айтып та беретін. Абайдың өзі айтатын «бүгінгі дос – ертең жау» дейтін туыстарының бірі еді. Сондықтан Төре сұрағанда Абайды көп білетін кісі етіп көрсетпеді. «Орысшаны долбарлайды» деп қана қойды. Содан соң Әзімқан: «Пушкин, Лермонтовты аударғаны рас па?» деп те сұрап қалды. Оған Шұбар: «Аударғаны рас» деп қысқа жауап берді. Төреге жанасудың бір себебі Абай болғандықтан енді ол Әзімқанның айтуымен Абай өлеңдерін жатқа айтып шықты. Бірақ жаратылысынан өлеңді сүймейтін бұл адам туған тілінде жазылған Абай өлеңдерін ұқпады. Ол қазақ ақыны деп Бұқарды танитынын айтты. Шұбар болса Абайдың:

«Шортанбай, Дулатпенен Бұқар жырау,

Өлеңі бірі жамау, бірі құрау» деген өлеңін оқып берді. Осыдан соң Әзімқан Абайды жақтырмай өлеңдерін тыңдауды доғарды.

Тағы бірнеше күн өткенде төре Шұбар мен Оразбайдың ұлы Елеуді шақырып алып: «Ат ерттеңдер. Абайға барып, сәлемдесіп, жүздесіп қайтамын!» дейді. Ертеңгі шайдан соң он шақты кісі Абай ауылына жөнеледі. Жолда Әзімқан Шұбар, Әзімбай, Елеуді топтан бөліп алып Абай туралы сыр тартады. Себебі, ол Абаймен табысудан бұрын, сынапмінеуге бейім боп бара жатқан еді. Алдымен Шұбар сөйледі. Ол Абайдың оба ауруы кезінде имамдармен араздасқанын, Оразбайдың жесірін тексіз кедейге әпергенін айтты. Әзімбай болса Абайдың қалың жатақтағыларды Тобықтының жуандарына қарсы қойғанын баяндады. Елеу Тұщыкөлдегі шайқаста аталасы Тобықтыға емес, Уақ жағына болысқанынан сыр шертті. Үшеуін тыңдап алған Әзімқан: «Ал енді жақсылығы қандай?» деп сауал тастады. Онысын Шұбар таратып берді. «Абай ағам жақсылық Ресейден болады. Тәртіп өзгереді» дегенді көп айтады дейді. Әзімқан болса оларды қайдан біліп жүргенін сұрайды. Шұбар Абайдың достары Михайлов пен Павлов жайын баян етеді. Осыдан соң Әзімқан күрт өзгеріп: «Елеу! Анау қалың топты артқа қайтар. Мен Абайға бармаймын. Ол менің сәлем беріп баратын адамым емес екен» деп қайтып кетеді.

Осыдан үш күн өткесін Сәмен болыс пен Оразбай Әзімқанды оңашалап ақыл сұрайды. Олар Төреге он бес күннен кейін Арқат деген жерде сияз өтетінін, бұл жолғы сиязда Оразбайлардың Тұщыкөлге шабуылы мен жер дауы көтерілетінін, оған Абай куә ретінде шақырылғанын баяндайды. Оразбай Төреге қарап: «Жараның үлкені сол. Абай аталастарын қостамайын деп тұр. Егер ол Уақты жақтаса Тобықты ішінен маған қарсы айғақ шығып, басқа рулар Уаққа болысады. Ендігі басшым, асыл төрем! Айтарыңды өзің айт!» деп тоқтайды. Төре болса

Абайға сыншы емес, жазалаушы сынды жұдырығын түйіп алып: «Несіне ұйлығып, қамалып отырсыңдар! Абайды молда қылатын да сол Тұщыкөлдегі қайрат! Оған тиылмаған Абайды көріп алармын. Ұқтыңдар ма?!» деп шолақ қайырады. Сәмен мен Оразбай іштей ұғысып, бастарын изей береді.

Он бес күн өтіп Маковецкий Уақ пен Тобықтының жанжалын тергейтін болып сияз шақыртады. Сиязға бар Тобықты мен Уақтың байжуандарынан бөлек, көрші ел – Матай, Керей, Бура, Сыбан, Наймандардың да атқа мінерлері жиналады. Қара халықтың да қарасы мол болды. Енді бұлар бірнеше күннен бері Абайды күтті. Ұлықтар да Абай не айтар екен деп тосып отыр. Шешімді соның сөзіне қарап шығармақшы. Абай мұны келген күні Самалбек тілмаш арқылы білді. Ертеңіне куәлік беретін кез жеткенде талайдан бері топ алдында сөйлеп жүрсе де, талай істі тергеген болса да Абай қатты қысылды. Ол алдымен ұлықтар отырған үйге кірді. Оған еріп келген қара халық үйге сыймай қалды. Осыдан соң ояз жиынның сыртта болатынын айтты.

Сыртқа шыққанан соң Абай қолын арқасына қойып тұрып сөйлеп кетті: «Ағайын, мені куәға тартпақсыздар. Қанша ащы болса дәрі дертті жазады. Мұндағы дәрі — әділет, дерт – Қаскөйлік. Қазақ «Инемен құдық қазған қиын» дейді. Меніңше, адам ішінен қаскөйлікті қуып шығарудан гөрі инемен құдық қазған оңай ма деймін» деп бір тоқтады. Айналадағы адамдар «ой, бәрекелді, сөзіңнен айналдым!» деп қалысты. Содан соң Абай көп бөгелмей сөйлеп кетті: «Зорлықшы деп кімді айтамын?! Алдымен Тобықтыны айтамын. Әділет тілесең атаңның айыбы болса да айт. Ең алдымен айыпкер деп Құнанбайды айтамын!» деп ауыр шындықты айтып қалғанда арқасы жеңілдеп, жеңіл тыныс ала бастады. Тобықтылар болса дүр сілкініп: «Астапралла! Ажалды азғын» десті. Осыдан соң Абай Құнанбай бастаған Тобықтының жуандары Уақтың жерін тартып алғанын баяндады. Оған қоса осы жанжалдан жапа шеккен Бостандарды, Уаққа тұтқынға түскен Тобықты жалшыларының зарын да айтты. Куәлік сөзін бітіре келе: «Көкен елінің жер дауы Уақтың пайдасына шешілсін!» деп байлау жасады.

Абай куәлігі қалың жұртты қадалтқан түйін болатын. Өзін Тобықты демей әділет жолында оны Абай шешіп берді. Ояз бұйрығы бойынша көктемде землемер жүргізген бөлік сол күйінде қалатын болды. Оразбай, Әзімбай, Жиреншелер шабуыл жасап, екі ел арасына бүлік салғаны үшін айыпты боп аталды. Көкен еліне Тобықтының он бес жуаны түйе бастатқан тоғыз-тоғыздан айып тартады деп шешілді. Бұл жиында

Оразбай мен Сәмен өздері жеңілген өкімді естіп іштерінен Абайға қылар қастығын ойлады. Топтан оңаша шығып, қорланып, кекті ашумен сыр түйісті. Жақында болар сайлауда Абайға қарсы сұмдық іс істейтін болып тарасты.

Көп өтпей сайлау күні де жетті. Оған Қоңыркөкше жұртының «бізді Сәмен болыстан құтқар. Ол сайланбасын» деген тілеуімен қасына Кәкітайды алып Абай да келді. Абайлар түскен үйде Сәмендердің жылпос жігіті бар еді. Сол сыртқа шығып: «Абай ұлыққа кіргелі отыр, қам қылсын» деп Сәменге хабар жіберді. Көрші үйлерде сайланып отырған елу-алпыс атқамінер болатын. Солардың алдына Сәмен түсіп алып Абай отырған үйге беттеді. Ол отауға кіргенде он-он бес кісі қасына ере кірді. Бәрінің қолында қамшы мен шоқпар. Сәл сескеніп қарап қалған Абайға Сәмен жетіп барып қатты бір боқтық сөз айтты да: «Соңымнан қаласың ба, жоқпысың?!» деп басынан сегізөрімді дырау қамшымен тартыптартып жіберді. Сол екен қалғандары да жабыла кетті.

Үйдегі отырғандардың бірен-сараны Абайға араша түсті. Осындай кезде Абайды ұра алмай қалған қалған топ Кәкітайларға қамшы ала ұмтылды. Жанұшырған Кәкітай үйден қалай шыққаны белгісіз, далаға шығып орысша айқайлап: «Көмектесіңдер! Құтқарыңдар!» деп ұлықтар отырған үйге қарай жүгірді. Бірталай уақыт өткенде ояз үйінен шыққан стражниктер мылтық атқанда жаңағы топ тарап, қашып кетті. Оразбайлардың қастық ниеті осылай орындалды. Абай есінен танып қалған екен. Ол не болғанын аңдағанда: «Несіне тірі қалдым, өлсем етті!» деп өкінді.

Абай үйіне келгесін де екі күн бойы қыбырсыз жатты. Келесі күні оған Мағаш, Кәкітай, Баймағамбет келіп жақын маңдағы Тәкежан аулында Оразбайдың ұрысы Қиқымды көргенін, бірақ ұрының астында Әзімбайдың бәйге аты болғасын ұстатпай қашып кеткенін айтады. Қиқымды Оразбай Абай не істеп жатыр екен деп Тәкежанға әдейі жұмсаған болатын. Мұны естігенде Абай орнынан тұрып Баймағамбетке: «Атты дайында, кеттік! Мені шағатын жылан қойнымда отыр екен. Кетем бұл елден!» деп қатты налып кетуге айналды. Баймағамбет сөзге келместен тысқа шықты. Екеуі батысты бетке алып жүріп кетті. Осы кезде әлі аңғырған күйде тұрған Мағаш пен Кәкітайдың жанына Ысқақ пен Шұбар келді. Ысқақ алдында тұрған жастардың түрінен шошынып: «Не болды? Анау кетіп бара жатқан Абай ма?» деп қалды. Мағаш көзіне жас толып: «Білмедім. Кетіп барады. Енді қайта оралмастай болып жұрттан күдер үзіп кетіп барады» деді. Сол-ақ екен Шұбар мен Ысқақ қатар Абай ізінен шаба жөнелді.

Жайлаудың ашық кеші батып қалған кез еді. Қатарласып шауып келген туыстарына Абай бұрылып та қарамады. Шұбар келе сала оның атының шылбырын мойнына орап: «Абай аға, кетпейсің. Алдымен мені өлтіріп кет!» деп өтірік болса да құбылып, даусын дірілдетті. Артынан келген Ысқақ аярланбай, шын қысылған күйімен сөйлеп кетті: «Сабыр қыл, Абай! Жаңа ғана біліп қайттым. Сүйген балаң Әбіштің жары Мағрипа үзілгелі жатыр. Ол да балаң емес пе? Мағрипа соңғы демінде сенімен қош айтысамын деген тілек білдіріпті. Кешегі Әбішіңнің аруағын ұмытасың ба? Бұ да балаң еді, қош айтпай кете бересің бе?!» дегенде Абай шешімінен айнып қалды. «Соным бар ма? Менен де сорлы мұңлым бар ма?!» деп қайтудың белгісін жасады.

Дәл осы сәтте өмір бойы қабақ шытысып көрмеген құрбысы

Мәкеннің тізесіне басын салған күйі Мағрипа үзіліп бара жатыр еді. Соншалықты сау, сұлу денесін қасірет ақыры жеңген. Екі жыл бойы қайғы шеккен ол Әбішке берген сертін орындады. Жұбана алмаған Мағрипа дегеніне жетті. Қазір Абайлар Әбіштің қаралы отауына келіп жете бергенде Мағрипа да қайтыс болды. Жылап отырған Мәкеннің жүзінен Мағрипаның о дүниеге аттанғанын білген Абай есіктен кіре бере еңкілдеп, еңіреп жылап, Мағрипаның жүзін құшып, кесек-кесек ыстық жасын төгіп-төгіп жіберді.

Шайқаста

Көшбикеде Абай басына жасалған қастық көпке дейін жұрт аузынан кетпеді. Сол оқиғадан кейін Ырсай бастаған Ырғызбайдың бір топ кісісі Абайға келіп, «Қарағым, не бұйырасың, жауыңның қолында өлгелі келдік?! Шап десең, Шабамыз!» деп тілек білдірді. Абай болса туыстарының сөзін үнсіз тыңдап: «Қапқан иттен өш алам деп, мен де қапсам, аузымда не қасиет қалады!» деп қысқа қайырды. Оразбай болса доңайбатты естіп қорықты. Әзімбайға кісі салдырып, болған жайды біліп отырды. Бұл жаманат іс – Керей, Найман, Уақ, арысы Жетісудағы елге де тарады. Ондағы Абай сөзін естіп жүретін халық, Оразбайға тіс қайраумен болды. Абай бұл істі жылы жауып қоя салғанымен Оразбай жазасыз қалмады. Оның кегін халық алды. Оқиға былай басталған еді...

Биыл қыс аяғында балуан грузчик Сейіт сүзекпен ауырған. Ауыр жұмысқа жарамайтын болғасын достары оған жазда елге шығып, қымыз ішуді ақыл еткен. Сонымен, Сейіт Тоғалақтағы еліне келген. Достарын аралап жүріп, бір күні ол Оразбай ауылына көрші қонған ауылға қонақ боп барады. Екі күн бойы ән салып, сауық құрады. Соңғы күні Айса дейтін досының үйіне келіп думан құрғанда әнімен бірге балуандық өнерін де көрсетеді. Осындай күндердің бірінде ауылдағы құдыққа түйе түсіп кетіп, жұрт әбігер болады. Бұл құдық Оразбай байдікі екен. Қиқым маңайдағы бар жігітті жиғызып, түйені шығару қамына кіріседі. Оған Айса мен Сейіт те барады. Түйені шығарып болғасын, жиналған жұрт Сейітке ән айт деп қолқа салады.

Сейіт іркілмей Абайдың «Алыстан сермебін» шырқап кеткен. Осы кезде жиынға Оразбай келеді. Ол Сейітке: «Сен менің аулыма кімнің сөзін әкеліп жүрсің?!» деп зілдене сөйлейді. Сейіт әуелі түсінбей қалып, соңынан: «Абай өлеңдерін айтасыз ба? Оны мен қыр түгілі қалада да көп айтам. Қайт дейсіз, байеке?» деген. Оразбай жақтырмай: «Онда тағы да айтшы?» дейді. Сейіт іркілместен Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» деген өлеңін қара сөзбен айта жөнеледі.

«Мал жияды мақтанып білдірмекке,

Көзге шұқып малменен күйдірмекке» - дей бергенде «Тоқтат!» деп бай ақырып қалады. Содан соң Сейітке қарап: «Сен өзің қаңғып жүрген немесің, ауылға менің жауымның, елді бүлдіретін арамның сөзін әкелдің. Сол үшін сені жазаға бұйырамын!» дейді. Сейіт сескенбей: «Қаңғысам, сенің алдыңа келгенім жоқ. Жоқ, ақсақал, сіз айтқандай Абай ел бүлігі емес. Біз айтсақ сендейлерді Абайдан садаға кет! дейміз» - деп Айсаға иек қағып жүріп кетеді.

Оразбай әмірімен Қиқым бастаған екі-үш жігіт өре түрегелгенімен, олар Сейіттің айбатынан жасқанып, жақындай алмай, тайқи береді.

Осыдан әрі Сейіт Айсаның үйіне жетіп атын ұстағанша Оразбайдың жиырма-отыз жігіті келіп, Айсаны соққыға жығып, мұны байлап алып кетеді. Жендеттері Сейітті әкеле бергенде Оразбай оны тірідей көмуге бұйырады. Тек, өлмес үшін басын топырақтан шығарып қояды. Оразбайдың бұл ісі бұрыннан ойластырылған іс еді. Ол Сейіттің Мәкен дауы кезінде атақты Дондағұлды ұрып, Қорабайдың күрек тістерін сындырғанын естіген болатын. Содан бері оған қастық ойлап жүретін. Түсте көмілген Сейіт қас-қарайғанша жатты. Ешкім одан хабар алмады. Тек түнделетіп келген Айсаны ауылдың кәрі күзетшісі Сейітке ертіп апарды. Екеулеп қазып алды. Біраз үнсіз жатқан ол, су ішіп әлденіп, Тоғалақтағы аулына қарай жүріп кетті.

Сақ-Тоғалақта айт күніне арналып жиын өтіп жатыр екен. Жиналған қауымға қасына Жомарт, Омар дейтін достарын алып Сейіт те келді. Осы топқа қатты дауыстап кеше түнде болған істі Жомарт баяндап шықты. Омар да шапшаң Жомарт сөзін іліп әкетіп: «Елмісің, жоқ ез қормысың?! Асты ғой мынау. Тұяқ серіппей осылай кеткеніміз бе?!» деді. Мұнда Базаралы мен Әбді де бар еді. Жомарт Базаралыны танитын, сондықтан оған қарап: «Тым болмаса сен айтшы, нағашы?» деп қалды. Жиналған жұрт енді Базаралының аузына қарады. Базаралы қатты сөйлеп кетті: «Уай, ер жігіттер. Нағашың қазір ұмтылғанымен, аурудан құр сүлдесі қалып өкініп тұр. Бұндайда менің қолымнан не келетінін білетін едіңдер ғой. Оразбайдың асып жүргені алдындағы малы. Қаптау керек қалың ел. Ықпағанын көрейін. Оның тізесі осы тұрған қайсыңа батпады?! Айтшы қане?! Ердің өшін алу керек... Абайдың өшін алу керек!» деп бұйыра айқайлап жіберді.

Осыдан соң жиыны бес жүздей қол «Қапта! Ал Абайдың өшін! Кімнің көз жасы жоқ еді! Оразбай аулы қайдасың?!» деп шауып кетті. Қалың азамат Оразбай аулын тас-талқан етті. Үш мың жылқысын айдап әкетті. Байдың өзін тоқалы көрпе-жастықты үстіне үйіп, жасырып қалды. Міне, Көшбикеде Абай басына жасалған қастықтан соң, жылдан аса мезгіл өткенде әдейі арнап, серт, уәде айтыспаса да, сол Абай үшін жаны күйген жұрт атаулы Оразбайдай жауыздан осылайша өзінің кегін алды.

Арада біраз күн өтті. Бүгін түс ауа жатақ аулына жұмыспен барған Дәрменге Базаралы Сақ-Тоғалақта Оразбайды қалай жазалағанын дастан етіп айтып берді. Қайтып келгесін ол Абайларға сол жайды сүйсіне түсіп ырзалықпен жеткізді. Абай оны сабырмен тыңдады да, қатты ойланып қалды. Күн еңкейе бергенде ұзақ аяңдап, оңаша сейілдеп кетті. Ымырт жабыла үйге келе сала «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген өлеңін жазды. Содан соң көңілі жадырап сала берді. Осы шақта үйге қаладан Кішкене молла келді. Ол Мағаш пен Кәкітайдан хат әкепті. Хатта Павловтың ерекше сәлемдемесі бар екен. Осыдан соң көп өтпей қасына Баймағамбетті алып Абай Семейге жүріп кетті.

Мағаш пен Кәкітайдың Абайды шақыртуының себебі болатын. Бірнеше күннен бері Семейде орта жүздің игі жақсылары басын қосып сөз жүргізеді екен. Оған Мағаш пен Кәкітайды да шақырған. Жиындағы жұрттың ниеті — Абай алдына Оразбайдың қол-аяғын байлап алып келу. Осыны алдымен олар Абайдың үміт етер баласы деп Мағашқа білдіріп отырған жайы бар. Мағаш көптің сөзін тыңдап салқын ғана:

"Ниеттеріңізді естідік. Бұл сөздің түп иесі не дегенін сіздерге жеткізу, біздің бүгінгі жиыннан мойнымызға ала кететін қарызымыз болсын" деп қысқа қайырып жүре берген.

Абай қалаға келгесін бар мән-жайды Мағаштардан есітті. Жауап берген жоқ. Оның орайына Павловтай досымен кездесуге асығып кетіп қалды. Екі дос былтырғы ауыр оқиғадан соң кездеспеген еді. Сондықтан оңаша ұзақ сырласты. Павлов Абайдың әндері мен өлеңдері қала жұртына қатты сіңгенін, өлеңі қалың елге қандай қадірлі екенін баяндап берді. Досымен қоштасарда Абай оған осы жолы қалада ұзақ тұрақтап, өзімен жиі көрісіп тұратынын уәде етті. Және Павлов мәслихаты бойынша қаладағы еңбек адамдарының топтарымен етене танысып, осында оқып жүрген қазақтың әр школдағы, медреседегі жастарымен де біліспек.

Келесі күні Мағаш айтқан істің кезегі жетті. Абайға сәлем береміз деп Керей, Уақ, Найман, Сыбан келіпті. Алғашқы сөзді Бегеш бастады. Ол шешендігімен ұзақтан орап әкеліп: «білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы. Халық ұстазынан айрылса не таппақ?! Абайдай жақсысынан ауса не болмақ? Сабындай бұзылып, сағымдай құбылып, іріп шірімей ме?» деп тыңдаушыларына өтімді сөз айтқан. Абай Бегештің шешендігін бағалап: «Бегеш-ай, сөздерің дұрыс. Бірақ қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол. Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол десе не дейсің?!» деп келген жұртты аңыратып, тоқтатты. Осылай ол бұл іске бейілі жоқ екенін аңғартты. Абаймен кездесуден кейін Орта жүздің жуандары өз бетімен әрекет етуге кірісті. Бұл іске Абай араласқан да, сөздерін естіген де жоқ.

Бұдан кейін Абай Павловқа берген уәдесі бойынша еңбекші халықтың жайымен танысуға көп көңіл бөлді. Алдымен Дәмежан, қайықшы Сейілдердің шаңырағында қонақта болды. Кейін қаланың ұсақ байлары – Есберген, Кәріпжан, Төлепбергендердің үйінен дәм татты. Школда оқып жатқан балалармен кездесуді де ұмытпады. Бір күні оларды пәтеріне алғызды. Оқушылар арасында Дәркембайдың Рахымы, Иіс кемпірдің немерелері – Асан мен Үсен, Сейіт пен Әбеннің балалары бар еді. Кездесуден кейін Абай Крыловтың «Есек пен бұлбұл» атты мысалын қазақшаға аударып шықты. Осы түннен бастап ол Асан-Үсен, Рахымдар жаттарлық талай мысалды аударумен жүрді.

Арада біраз жыл өтті. Бұл жолы Абай қыс ортасында қалаға өзгеше шақыртумен келді. Онысын Құмашқа қысқа ғана білдіріп: «Білмеймін Құмаш, сен қалада жүріп осы жайдан хабардар боларсың. Дін мұсылман баласының байласатын сөзі бар көрінеді. Сол үшін әр тараптан қалаға кісі шаптырыпты. Маған да сол хабар жеткен еді», - деген. Құмаш тегінде ақылды, момын жігіт болатын. Бір істің байыбына жетіп алмай ол туралы сөйлемейтін. Сол момындығына салып қазір де «осындай сөз жұрттың аузында жүр, менің естігенім де сіз білетін жайлар» дегеннен басқа ештеңе айтпады. Ертеңіне таңғы шай кезінде Абайға екі кісі келді. Оның біреуі бұрын Абай қасында жүріп, әнші-ақын атанған Көкбай болса, екіншісі сол Көкбайдың шәкірті Әлпейім. Көкбай бүгінде ақындығын қойып, дін жолына бет бұрып қаладағы білдей мешітке бас имам болған. Ақын аты ұмытылып, халфе аты шыға бастаған кез еді. Абай ескі досының бұл жолға түскенін ұнатпаған. Қазір де сол жақтырмаған қалпы салқын амандасты.

Көкбай Абайға өз еркімен келген жоқ еді. Оны қаладағы үш-төрт мешіттің имамдары, хазірет-қожалары жіберген болатын. Олар қырдағықаладағы қазақ жұрты Абайды тыңдайды деп, өтініш білдірген. Көкбайдың айтуынша, жиынның басты мақсаты дін мұсылман баласы қосылып мүфтиге қарау. Онысын Түркиядағы Шайхұліслам дін орталығымен біріктіру екен. Осы жолда қазақтың оқығандарына бас болып Әзімқан төре, дін жолындағыларына бас болып Ғабдыразақ хажы, Икрам бай, қазақтан шыққан Ахметжандар ақ патшаға арыз түсірген көрінеді. Ақ патша «приговорларын, арызын жиып түсірсін» депті. Енді олар қырдағы-қаладағы дін мұсылман жұртынан көп арыз жинау үстінде жұмыс істеп жатыр екен. Осыған жұртты көндірсін деп Абайды шақыртыпты. Көкбайды тыңдап алған Абай «мен жауабымды үш күннен кейін беремін» деп Павловпен ақылдасуға кетіп қалды.

Павлов Абайға орыстың діні орыстың мұжығына тозақтан басқа ештеңе тілемейтінін айтады. «Орыстың попы жаман, мұсылманның имамы жаман. Бұл екеуінен халыққа жақсылық жоқ. Олар халықты алдайды. Орыстың жұмысшы табы патшаны, шіркеуді айыптайды. Бұларға қарсы тұру керек», - дейді. Абай Павлов үйінен қаланың қалың көпшілігімен жалғасып, сөйтіп имам қазіреттерімен айқасып көрмек болып қайтты.

Ертеңіне ол Семей жұрты сөзін тыңдайтын, ойға, сөзге жүйрік қыпшақ Бектоғай Ботабаев деген жігітті Сейіл қайықшымен бірге шақыртты. Оларға: «ескіден келе жатқан қазақтың өз ата-дәстүрі бар. Енді соның бәрін тастап шариғат жолымен жаңа өмір құрам деу бос сөз. Мүфти бізге қол емес, молдалардың өзі жетеді», - дейді. Осыны елге таратуды тапсырады. Павловпен ақылдасып алған Абай үлкен қағазға сөздерін қайтадан жазып:«Осыны мұқият оқып ал, ешкімге көрсетпе. Қағазда айтылған сөздерді өз айтқандарыңдай қылып айта бер!» деп, Бектоғайға ұсынады.

Елге осы сөз тараған соң көп жұрт мешіттегі имамдардың арыз жаз дегеніне көнбей қояды. Приговор саны жүзден аспайды. Енді қазірет, қалфелер халықты қаланың бас мешітіне жинайды. Оған Абай да баратын болды.

Жиынға халық көп келді. Алғаш сөзді Ахметжан қазірет бастады. Одан соң Ысқақ дейтін ноғай баласы мүфти қажеттігін айтты. Артынша қаланың байы Сейсеке, оқыған чиновниктердің арасынан Сақпаев сөйледі. Кейін сөз кезегі Абайға келді. Оның сөзі бірден «мүфтиге қазақ халқы қараудың қажеті жоқ» деген тура, жара сөйлеген сөзінен басталды. Абай ұзақ сөйледі. «Өзіміз надан өтсек те ұрпағымызды оқытайық. Мүфтиге қарап надан болмайық, жұртым. Білім жарығы керек. Ермеңдер молдалар сөзіне! Олар қастық ойлайды. Қалың жұртым менің айтар сөзім осы!» деп тоқтады. Көпшілік «Бәрекелді!...Абайдың дегені рас...» деп көтеріліп, дабырлап кетті. Бар молда, имам атаулы Абайға қарсы келе алмай буылып қалды. Сақпаев қана тұшталаңдап бірдеңе айтып еді, Абай оны қатты тиып тастады. «Ең алдымен адасқанды сендер қойсаң нетті! Оқыған дейді, көзі-қарақты дейді. Сендердің осы жиында не ақыларың бар, неғып қаңғып жүрсіңдер?!» дегенде жұрт та Абай сөзін қостап «Абайдан басқасы ақыл айтпасын бізге. Сөзді доғарыңдар!» деп тарауға айналды.

 Бұл қыста ойда жоқ, өзгеше жиын осылай Абай сөзін тыңдаған халықтың жеңуімен аяқталды. Бірақ соның орайына көп өтпей Федор Иванович Павлов қамауға алынды. Абай үйінде де қатты тінту болды. Бес кісі жандарм үш сағат тіміскіп Құмаш үйін асты-үстіне шығарып ештеңе таппады. Әлдекімдердің сыбысы бойынша полицеймейстерге «Абай халықты аздырып жүр, ақылшысы Павлов» деп арыз түсірген Сақпаев екен. Жандарм Павловты ұстаған жерде таба алмаған қағазын, қылмыстың ізін суытпай Абай қалтасынан суырып алмақ болатын. Бірақ ол қағаз бар сырын бүккен күйімен Бектоғайдың қалтасында қалған еді.

Жұтта

 Абай соңғы жылдары Семейге бір күндік жердегі Аралтөбеден өзіне арнап жаңа қыстау салдырған. Қыстауға қонғалы қазіргі қалы қыстың ортасына шейін кітап соңында уақыт кешіретін. Сол оқыған кітаптарын Әйгерімге, ауылдағы жастарға, қолы бос көршілерге көркем әңгіме етіп айтып беретін. Әйгерім мұндайда өзінің қасында ешкім болмай қалса қызметкер әйелді жұмсап, Мәкен мен Дәрменді, ауылда бала оқытып жатқан Хасен молданы шақыртып алатын. Бұлардың бәрі Абайдың айтуымен шытырман оқиғаларға, күші мол, қаһарлы зұлымдықпен саны аз жақсы жандардың жасқанбай алысқанына куә болатын.

 Міне, бүгін дәл шаңқай түс кезінде Абай тыңдаушыларына француздың бір қалың романын әңгімелеп беріп отырғанда бөтен жолаушы сәлем бере кірді. Келген адам үй ішіндегілерге жақсы таныс Әбді екен. Әйгерімдерге шай қамына кірісуді бұйырған Абай Әбдіге қаланың жайын, жолда көрген-білгендерін айтқыза бастады. Әбді қазір екінің бірінің аузында қыстың жайы екенін, жолаушылардың барлығы мұрнын, құлағын үсітіп алып жатқанын, қаладағы көп жатақ биыл қыс нан мен суға зар болып отырғанын жеткізді. Бұл жайсыз хабарларға Абай да алаңдап, қамығып қалды. Соны сезген Әбді: “Жә, осымен жайсыз хабарымды тоқтатайын. Біреу жол жүріп келсе “жақсы аттан, жаман аттан не бар?” деп сұраушы еді ғой. Енді өзім білген жақсы атымды айтайын, Абай аға”, - деп алып Абайды анық қуантарлық хабарын бастады.

 Бұның айтуынша қалада қазір алты дуан елі бас қосқан ұлан-ғайыр үлкен шербешнай өтіп жатыр екен. Ой мен қырдың, ылди мен өрдің сорпаға шығар бетке ұстарлары жиылған көрінеді. Әбдінің естуінше, осы дауда «кетіскенді келістірген», «қиюсыздың қисынын тапқан» кейбіреулерді қалың жұрт мақтап жүр екен. «Тобықтыда, қала берсе Семей дуанында сондайлық қара үзіп, жақсы аты мейлінше шығып тұрған кісі Мағаш болыпты» деп Әбді көп әңгімесін Мағаштың жайына арнаған. Өзі осы әңгімелерді естіп Мағашқа сәлем берейін деп Сүлейменнің үйіне барса, қалың ел Мағашты қоршап билігіне жүгініп жатыр екен. Олардың ішінде тек Тобықты емес, Керей, Найман, Сыбан, Матай, Уақтар да бар. Осындай адамдардың қарасын көріп Әбді сүйсініп, амандаса алмай қайтыпты. Абай бұл хабарды үй ішімен қуанып тыңдады.

 Осыдан екі-үш күн өткеннен кейін Аралтөбеге тағы қонақ келді. Бұл Көкбайдың шәкірті Әлпейім еді. Ол да қаладан келеді екен. Әлпейім өздігінен көрген-білгенін айтып, содан соң Мағашты мақтап сөйлеп кетті. “Алты алаштан жүзге жуық би жиналыпты. Соның ішінде қаршығадай бойы бар, үйдей үлкен ойы бар, ақ сұр жүзді Абай баласы – Мағаш бәрінен қара үзіп отыр” деген сөзді қала халқынан көп есіттім”, - деді. Абай бұдан өз көзімен көргені болды ма екен, соны сұрады. Әлпейім оған қызық жауап қайырды.

 Ол осыдан екі күн бұрын, Сүлейменнің үйіндегі Мағашқа барыпты. Сондағы үлкен дауда тартысып екі Уақ келіпті. Олар бұрын тамыр болып, бір-біріне бергені бар екен. Кейін араздасып би алдына келіп отырған жайы осы. Семейдің атақты төрт биінің ішіндегі абыройлысы, сөзге жүйрік Қали би бұл істі ұзақ тергеп, соңын бұлдыр етіп жіберіпті. Анау екеуі бітіспей сөзден береке кетіпті. Сол кезде Мағаш тұрып: “Қали аға, рұхсат болса осы дауды мен шешейін, тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ! Бұл даудың нүктесі осы болса қайтеді?”, - деп көпке қарапты. Үйде толып отырған билер шу етіп Мағашты мақұлдапты. “Абай аға, Мағаштың осындай тапқырлығын өз көзіммен көрдім” дейді Әлпейім. Абай ойлана сүйсініп: “Мынау бір біз естімеген сөз болды-ау”, - деп Дәрменге қарап еді. Дәрмен күлді де: “Естілмеген себебі, мен білсем Мағаш оны өз жанынан шығарып отыр. Тіпті, ақынның өзі ғой!” деді.

 Қаланың осындай алуан жаңалығынан бір жұма өтіп тағы бір жолаушы келді. Ол Абай ортасына бөтен емес, жақын кісі Самарбай молла еді. Самарбай молла Мағаштан хат әкеліпті. Ол – Мағаштың әкесіне жазған аса ауыр сыры бар хаты еді. Абай хатты ашып оқығаннан соң қолы дірілдеп, көпке шейін үнсіз отырды. Мағаш өз хатында: “Соңғы кезде науқас болатын аңғарым бар. Қалада жұмыс басты боп қайта алмай жатырмын. Бірақ докторға қаралып, жауабын тосып жүрмін. Жайым қандай болатыны мәлімсіз. Қалада жайланып жатып емделем бе, болмаса дәрілерін алып доктордың рұқсатымен елге қайтам ба? Ақылыңыз керек боп тұр” депті. Жаратылысынан сыпайы, жібек мінезді Мағаш әкесіне кел демепті, бірақ қазір қасында болуын тілейтіні танылып тұр. Бұдан соң Абай шай іше алмады. Маңдайынан суық тер шығып, бір отырып, бір тұрды. Ертеңіне қасына Дәрменді алып, қалаға аттынды.

 Қалаға келген күні тура Мағаштың пәтеріне түсті. Әкесінің шошынып асығыс жеткенін аңдаған Мағаш Абай шанасы қораға кірді дегенін ести сала, басына жеңіл тымағын киіп алдынан шықты. Алғашында түлкі тымағы, бешпент ішігі жарасқан қалаша киінген Мағашты Абай танымай қалды. Сол екенін оның ширақ берген сәлемінен білді. Даусынан, ажарынан сау екенін байқады. Және әкесі баласын төсек тартып жатыр деп ойласа, олай емес, баласы өздіген төмен түсіп келеді екен. Бойы, қозғалысы, ширақ сияқты. Абай Мағашты құшағына тартып, көзінен иіскеді. Екеуі қатар басқышқа симайтын болғандықтан ұлын алға оздырып, “өзің баста” деді. Осы кезде әкесінің алдына түсіп өрлеген Мағаштың қозғалысында жастыққа тән емес баяу, жеңіл денесіне жараспайтын ауыр қимыл танылды. Абай алғаш көргенде “түрегеп жүр ғой, ауруы жеңіл тартқан болар” деп үміт еткен еді. Мұны байқап жүрегі қайтадан лоблып қалды.

 Мағаш кеш бойы сергек, көңілді отыруға тырысты. Қаладағы дау, тартысты, қыстың қатты тиіп жатқанын сөз еткенімен, Абай дәрігерді айтып: “Оның қаншалықты білімі бар, Павлов пен оның әйелі бұл докторды сенімді адам санай ма?”, - деп сан рет сұрай берген. Мағаштың айтуынша, оны қазір қарап жүрген Семейге жақында келген, білімі толық, тәжірибелі Станов дейтін доктор. Докторды Мағашқа ертіп келген Павловтың өзі екен. Енді Станов Мағашты қазір ұқыпты қарап жүр. Қалған жайды ол әкесімен ақылдаспақшы. Және әкесі Павловпен сөйлесіп, Становпен ақылдасып өзіне не маслихат береді соны тоспақшы. Әкесін жұбату үшін ғана айтпайды, өзінің көңіл сенімі солай, әзірге үзіпжұлып әкетіп бара жатқан ештеңе жоқ сияқты. Осылай Абайды алғашқы күн өз үйіне қонақ еткен Мағаш, әкенің алаңдаған көңілін біраз тыншытты. Абай бұл түнде де ұйықтаған жоқ. Ұлының ұйықтай алмай жиі жөтеліп жатқанын көріп жатты.

 Мағаш келер күндерде алғашқыдай бола алмады. Әкесі байқаса, ұлында жиі демігу мен үнемі қайталанып отыратын құрғақ жөтел бар. Абай енді Мағаштың жайын үлкен уайым ете бастады. Барлық сенгені доктор мен дәрінің күші. Бүгін түс кезінде Мағаштың қонақ бөлмесінде сол докторды Абайлар тосып отыр. Станов пен бірге Павлов та келді. Станов келе сала Абайлармен амандасып, төргі үйге, Мағаштың қасына кетті. Павлов пен Абай ауызғы бөлмеде қалып қойды. Доктор Мағашты ұзақ қарады. Өзіне оңаша отырып алдағы уақыттағы емін айтты. Әсіресе, қатты тапсырып айтқаны күтімнің жайы. Ол енді қаладағы жиынға Мағаштың қатысуына тыйым салды. Дос көңілмен талай кеңестер айтып, елге қайтуды ұйғарды.

 Абайдың қасында қалған Павловтың айтуынша, биылғы қыстың қатты болуына байланысты ішкі Россиядағы біраз крестьян Жетісу жеріне көшіріліпті. Себебі, ішкі Россияда биыл астық аз шығыпты. Бірақ Жетісуда да жағдай мәз емес көрінеді. Ол жақтан ашыққан қалың крестьян енді Семейге келіп жатыр екен. Семейдегі завод-фабрикаларға тамақ үшін жалданып жұмыс істейді. Арзан еңбек күшін тапқан байлар жұмысшыларын босатқан көрінеді. Сол себепті қаладағы Сейіт, Әбендер жұмыссыз қалыпты. Семейде ғана емес, бүкіл Россияда қазір жұт жайлайтындай қауіп бар екен. Ішкі Россияда патшалыққа наразы крестьяндардың өзі көп ереуіл жасапты. Соны пайдаланып революцияны астыртын әзірлеп келе жатқан күштер істерін өрбітіп кетуге дайын жүр. Сол үшін патшалық соғыс бастағалы тұр деседі. Соғысатыны – Жапония. Себебі, сыртта жау пайда болғанда іштегі топ өз арасындағы наразылықты қоя тұрады екен. “Жақында Россия мен Жапония соғысын естіп қалармыз” деп Павлов Абайға қызық жайларды, революция жақындап қалғанын баян етті.

 Осы кеңестен соң доктор келіп екеуіне байлауын айтты. Становтың айтуынша, Мағаштың науқасы ауыр. Оны жазамын деп ешкім айта алмайды. Әзірге ғылым бұл дерт алдында қауқарсыз. Тек, күтіммен, баппен ұзақ созылатын – сүле науқасқа айналдыруға болады. Сонымен бірталай жыл өмір сүретіндер бар. Доктор бұдан кейін Мағашты тезінен қырға әкету керек екенін айтты. Өзі де Абайдың ауылын алыссынбай Мағашты барып емдеп қайтпақшы. Бұдан кейінгі күндер – Абай, Дәрмен, Баймағамбет, Кәкітай Мағашты елге алып қайту әзірлігіне ауысты. Олар биыл қыстың ерекше суық екенін ескеріп, елден келген, қаладан жүретін адамдар — барлығы бір топ болып аттанып, бес-алты шана Мағаш шанасына жол салып отырады деген байлау жасады.

 Арада көп өтпей Павлов келіп, Абайға “Россия-Жапония” соғысы басталғанын хабарлады. Ол: “Орыс патшалығының соққыға ұшырауы – революцияны жақындата түседі”, - деп қуанып айтып кетті.

 Мағаштың елге кетейін деп жатқанын естіген Сейіт, Әбен, Сейіл қайықшылармен бірге Затонның бес-алты жұмысшылары келді. Олардың жұмыссыз қажып жүргенін білетін Абай: “Қонақтарға мол етіп ет асыңдар. Сейілдер бүгін менің қонағым болсын!” деген еді. Келгендерге Абай Павлов айтып кеткен жайды баян етті. Білгендерін ұғымды етіп, таратып әңгімелеп берді. «Неше заман, жылдар өтер екен. Болжау өз басыма оңай емес. Әйтеуір бір болжайтынымыз, осы өздерің көріп-білген дүние асты-үстіне түседі. Келер заман сендер білмеген, ерекше заман болады!», - деп тоқтап, тыңдаушыларды таңырқатты. Осы қонақтардың ішінде Шұбар да бар еді. Ол мысқылдап: “Абай аға, өзгелер ақырзаман келе жатыр десе, сіз жаңа заман орнайды” дейсіз. Ондай жақсылық болса, тез болса екен. Осы отырғандарымыз көретін жақсылық па екен, айтып бере алмайсыз ба?!” деп қатты күліп жіберді. Абай Шұбардың бұл сөзін елемей, қасындағылармен басқа бір жайға ауысып әңгімелесіп кетті.

 Мәжіліс ымырт жабыла тарқады. Баймағамбет пен Дәрмен қонақтарды шығарып салып қайта үйге кірді. Дәрмен Абайдың қасына келіп күні бойы көкейінен кетпей жүрген сауалын қойды. “Аға, жаңа Шұбар айтқасын біз тартынып қалып едік. Сол сіз айтқан заман қашан болады? Біз көрмесек те тым болмаса мына жеткіншек балалар көре ме?” деп тоқтады. Абай оған сәл ойланып жауап қатты. “Балалар әлбетте көреді. Оған жақсы да, жаман да жетер. Әрине, жақсы жақсылығына тиісті, жаман жамандығына тиісті өз орайын алар. Мен айтсам, сол заманға сен жетсең екен. Тым, құрыса сен жетер болармысың!”, - деп қалтыраған үнмен тоқтап қалды. Дәрмен Абайдың қалтыраған үнінен сезіктеніп жүзіне қарап еді, оның көзінде жас толып тұр екен.

 Келесі күні таңсәріде тұрған Абайлар Сүлейменнің үйіндегі Мағашқа келді. Осы кезде бес-алты шана қорадан шығып жатыр екен. Ең соңғы шана қалың кесек киізбен қапталған. Үстіңгі жағы тағы бөлек киізбен қымтап қоршалған. Бұл – Мағаштың шанасы еді. Абайды аңғарған жолаушылар тоқтамақ болып еді, Абай: “тоқтамай тарта беріңдер!” деп бұйрық етті. Ауру Мағаштың шанасын ортаға алған жеті-сегіз шана, әлі оянып болмаған Слабодканың қоңырқай, көп кедей үйлерінің жанымен, қаланың сыртына шұбатылып тарта берді. Күн бүгін де қатты аяз екен. Өтімді жел өкіре соғып тұр.

Эпилог

 Мағашты елге алып қайтқаннан бері апрель айы туды. Қыс әлі де қазақ даласына салған шеңберін босатпады. Даланың ақ қары кеткен жоқ. Қала емес қырдағы ел де жұтқа ұшырады. «Қырдағы пәлен ауыл отарға шығарған төрт жүз жылқысынан жиырма үш жылқы алып қайтыпты», «Аягөзге мың жылқы жіберген Шыңғыстың үш-төрт ауылы жиыны жиырма жеті жылқы келгенін көріпті», «Уақтың, Керейдің жеріне жіберілген пәлен қос жылқыдан елу жылқы қалыпты» деген сөздер ауыздан ауызға тарап жатты.

 Апрельдің он бес-жиырмасына қарай қар толық кетті. Дәл осы уақытта Мағаштың да дерті меңдеп, оны әбден жеңіп болған еді. «Қатты әлсіреп, терісі тарамысына ғана ілініп қалыпты» дегенді естігесін Құнанбай балалары Мағаш аулына көшіп келіп жатты. Абай да Әйгерім отауын әкеліп тікті.

 Осыдан он шақты күн бұрын Мағаш бойындағы бар күш-қуатын жиып әкесімен арыздаса сөйлескен. Үйді оңашалап алып Абайға айтар сөздерін баяу, сыбырлап жеткізген. «Аға, Әбіш ағамды жөнелтіп,

Алматыдан қайтым ем ғой...», - деп алып біраз демігіп жатты. Содан соң, әкесіне қарап: «Ұлы жүз Жамбыл ақын айтқан сәлемін жеткізіп ем... Есіңізде ме?», - деген. Абай ауыр күрсініп: «Есімде Мағашым», - деп басын изеген. «Сол айтып еді ғой... Хатын әкеп беріп ем... «Нелер жылаған, зарлағанды өзі уатқан аға, әке емес пе еді? Оның қайғысына сол жұрт қоса қамығады. Ерінен айрылса да, елінен айрылу жоқ! Қамалған қарындас халқын ойласын!» деп еді ғой...» - деген сөздерін Мағаш ұзақ сөйлеп, үзіп-үзіп айтып болғанда қатты жөтеліп тұншығып қалды. Соншалық терең ойлы Мағаш әкесіне Жамбыл сөзімен көңіл айтып, қоштасқандай болып еді.

 Бүгін Абайлар таңғы шайын енді іше бастағанда қызметкер әйел Зылиха жасқа толы көзін үй ішінен жасыра алмай суық хабар әкелді. «Абай аға! Мағаш қысылып жатыр... Сізді шақырады...» деп айтуға ғана шамасы жетті. Абай орнынан жас баладай атып тұрып, шапанын жамыла бергенде бойы қалтырап шапаны түсіп кете берді. Өзі кебісін кие алмай бір жағына қарай қисая бергенде оны Әйгерім жүгіріп кеп сүйеді. Әйгерім Абай жүзін көріп шошып кетті. Сақалы ағарып, бір сәтте қартайған жүзі аппақ қаудай болыпты. Көзі шатынап тұр екен. Әйгерім Абайдың мұндай жүзін әсте көрмеген еді.

 Әкесі қасына жеткенін аңдаған Мағаш болымсыз ғана белгі берді. Созылып жатқан оң қолының арық саусағын бір-екі қыбырлатты. Абай құлағына оның соңғы демімен аралас соңғы сыбыры әрең жетті. «Аға... Дүние осы...» деген Мағаш үзіліп кетті. Осыдан соң дала, қыстаудағы қалың ел өксіп жылап, дауыс салып айқайлап кетті. Жер-дүние күңіренгендей болды. «Мағашым... Мағатайым... ағакем, ағатайым» деп жылаған сөздер де естіліп жатты. Абай болса бір алуан түсініксіз күйге түсті. Онда үн жоқ, айқай жоқ. Тек қана бадырайып, шошынғандай шатынап ашылған көздерінен оқтын-оқтын үнсіз жастар бұршақтай боп үзіліп түсе береді. Енді ол біреу өзін сүйеп тұрғысза тұрады, жетектеп алып жүріп бір жерге отырғысза жөн сұрамай, тіл қатпай отыра кетеді.

 Мағаш қазасына жиылған жұрт ойдағыдан тыс соншалық мол болды. Жетісіне шейін жылау болып, қалың жұрт ұлардай шулады. Алғашқы үш күн бойы жылаған еркектер тобында Абайдың өзі тұрды. Оны екі жағынан Дәрмен мен Кәкітай сүйейтін. Осы қазаға жоқ-жітік, көпшілік ағылып келді. Оларды «жұттан әрең шығып, тамақ іздеп келді» деп Тәкежандар жақтырмағанымен шын жылаған, шын қайғырған осылар екенін Абай мен Дәрмен анық аңғарды. Дәл осы көрісу үстінде Абай шұғыл өзгеше жат күйге ауысты. Қалың ел мұның өзін өлді деп жоқтаған сияқты. «Шыны сол, расымен өлді деген осы» деп Абай мүлде өзгеріп кетті. Енді айналаға өліп кеткен адамның көзімен қарады. Мына жұрт өз қазасына келгендей, ол өз өлімін көріп тұрғандай күй кешті. Осыдан соң жылаудан тыйылды. Абай тек Дәрмен, Әйгерім, Баймағамбеттің дегеніне ғана жүретін боп алды. Олар киіндірсе киеді, тамақ берсе жейді. Бірақ өзі ештеңе айтпайды.

 Мағаштың өліміне отыз күн толғанда Баймағамбет Абайдың қатты өзгеріп кеткенін Дәрмен мен Әйгерімге сыр етіп айтты. Абай Мағаштың қазасына он күн толғанда жас балаларды алып, қасына Баймағамбетті ертіп зират басына барыпты. Мола ішіне кіріп біраз отырғаннан соң, ол Баймағамбетке балаларды алып тысқа шыға бер деп белгі етіпті. Осылай Абайды Баймағамбет пәуескеде екі сағат тапжылмай күтіпті. Кеш бата моладан шықан Абайдың жүзі қуарып, денесі жер тартып шыққан екен.

 Баймағамбеттен кейін Дәрмен де бір сырды баян етті. Осы көктемде Абайдың екі айнымас досы Базаралы мен Ербол сүзектен қаза тапқан еді. Кәкітай мен Дәрмен Абайдың қайғысы онсыз да жетіп жатқасын ешкімге айтпай ірке тұрған-ды. Мағаш қазасынан соң он шақты күн өткесін Дәрмен мен Кәкітай болған жайды оңашада амалсыз жеткізген болатын. Мұны естіген Абай еңіреп жылап жіберген. Осыған дейін үнсіз келген ол соңғы сөзімді айтып қалайын дегендей алға ұмсынып: «Бақсының моласындай жалғыз қалыппын... Кімім қалды?! Нем қалды?!», - деп өзөзімен сыбырлап сөйлесіп кетіпті.

 Абай осылайша асыл жандарынан айрылғасын белгісіз бір дертке шалдықты. «Күнім санаулы, енді мен жоқпын» депті бірде Баймағамбетке. Қасындағы Кәкітай, Ақылбай сияқты іні-бала жақындар «доктор алғызамыз» десе Абай суық қана бас шайқаған. Мүлде керек етпейтінін білдірген. «Не болды сізге Абай жаным?!» деп бет-жүзін жасымен жуып үш күн қатарынан келген Әйгерімге де тіл қатпады. Тек үшінші рет келгенде Әйгерімнің жас тамған оң көзінен сүйіп, алақанымен «басқа жайды айтпа» дегендей ым жасады. Абай үшін қазір дүние тозып бара жатқандай. Халық жұттан қырылып барады, сахара жұрты бордай тозып шұбырып жүр. Бұл білетін халық таусылып барады. Абайдың өзі болса тірегі санаған Мағашы кеткесін ортасынан сынып, опырылып қалған тәрізді.

 Қазір оның күннен күнге қуаты кеміп сөніп бара жатыр. Ештеңені сезбейді. Санасы көп нәрсені түсінбейді, ұқпайды. Сөйлемейді, күлмейді. Оған қуаныш пен жұбаныш, жақсылық пен жаманшылық, күн мен түннің айырмашылығы жоқ. Ең соңғы санасы өзін толқынды, лай судың ішінде сезеді. Талпынып жүзбек болады. Жаға жоқ. Тек алыста бір қоңыр бел бар. Абайға соның ар жағында түн түнегін серпіп бір алтын арай келе жатқандай елестейді. Оның бар ойы сол алтын арайға жету. Осы күйге салған жұмбақ жай соңғы деміне дейін айықпады. Осылайша айналасы сұр тұман, суық заман ішінде бір ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңіне Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім шынар құлады. Өмірден Абай кетті...

 Осыдан бір жарым ай өткесін жайлаудың елі Шыңғыстан қайта асып, бауырға қарай көшті. Абайдың туған елі Жидебайда пішендік ұзарып өсіп, сарғайып болған. Өртеңнің төсіндегі көде, бетеге сап-сары, жадау жүзді. Тозған дүниенің елесін танытады. Қыстаудан күншығысқа қарай құлай бере сондай бір созылған дөңесте сырты тозған бейіт бар. Оның басына Оспан аты жазылған. Соның қасына төрт құлақты жаңа – Абай бейіті қосылған. Бүгін осы бейіт басына көштегі көп ел соғып өтті. Үлкен, төрт құлақты бейіттің іші кең, салқын болатын. Осы жерге таң атқалы жиналған жұрт толып, симай кетті. Бәрі де еңіреп жылауда. Көптің жылауы бәсеңдеген кезде зор дауыспен «қос қоңырым» деп Зейнеп жоқтау айта бастады.

 Зейнеп жоқтауынан соң өзгеше дауыспен, жұрттың көзіне жас алғызып Әйгерім ұзақ жоқтау айтты. Әйгерім үшін жоқтау сөзін Дәрмен жазып берген еді. Ал, шерлі, күйлі көркем сазды Әйгерім өз жүрегінен тудырған. Ол айтқан сөз – бұл уақытқа дейін бұл өңір естімеген сөз. Асыл жардың аузымен Дәрмен халық атынан Абайға үн қатады.

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғұн артында сөз қалдырған», –

деген өзіңсің, Абай аға! Алтын терек, арсыға құлаш ұрған азамат –

сен өлмейсің, аға! Сенің тірлігің бірге жасайды. Сенің күнің халықпен бірге жарқырайды», - дейді Әйгерім сазы.

 Әйгерім жұртты егілткен сазын айтып бітірген шағында оның қасында күңіреніп Дәрмен отырған еді. Оның ар жағында Дәркембайдың баласы – Рахым, одан әрі Абайдың жас достары, оқыған – Үсен, Мұрат, Шәкет отыр. Дәрмен осылардың ортасында Әйгерім сазы шырқалып жатқан уақытта Абай қабіріне қарап отырып, ішінен: «Абай аға! Сақтармын сіз қалдырған дәндерді... асыл ұрықтарыңды. Олар өлген жоқ көктей өсіп келеді. Өсе бермек күн санап...жыл санап. Сол үшін де өз өмірімде асыл сөзіңді сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын, ағажан!» деп серт берді.

 Адал жар жоқтауымен Абай жаңаша жолға өтті. Ол өлмеске қадам басты. Әйгерім әні мен соған орай айтылған Дәрмен жыры Абай туралы туатын жаңа өнердің басы еді. Жаңа туған әннен бастап Абай жаңа күйге ауысқан. Осы күйдің куәсі боп қазір де Абай қабірінің басына көп ел жиылып қалған. Әйгерім мен Дәрмен де, оқыған жас шәкірттер де байқамапты. Әйгерім зарлы сазын шырқап отырғанда оның шерін, мұңын тыңдап, іштей құптап қалың жұрт отырған. Абайдың жаңа бір туысын қабыл алып отырған халық-ата, халық-ана осы еді.

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер:

  • М.Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясы
  • Massaget.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу