Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт мейрамы, Айт мерекесі » ZHARAR © 2016 | поздравления на казахском языке с курбан айтом 2016, құрбан айт құттықтау тілектер 2016, курбан айт поздравления казахском 2016, курбан байрам поздравления на казахском языке 2016, курбан айт поздравления казакша 2016, құрбан айт мерекесі құтты болсын 2016, құрбан айт мейрамы құтты болсын 2016, курбан айт мерекеси кутты болсын 2016, курбан айт мейрамы кутты болсын 2016




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт мейрамы, Айт мерекесі

Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт мейрамы, Айт мерекесі казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт мейрамы, Айт мерекесі на казахском языке

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы - Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін.

Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Асылы, "құрбан" сөзі де араб тілінен аударғанда, "жақын болу", "жақындау" мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.

Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Мерекенің алғашқы күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім кіип, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәбір айту - хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті.

Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Құдай құлымын дегейсің,
Мұхамед үмметімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Намаздың қазасынан сақта,
Пайғамбардың туында қыл,
Ауызды кәусәр суында қыл.
Иман байлығын бер,
Деннің саулығын бер.
Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын.
Ықыласты батамды қабыл алсын!

А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ-береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі-шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын.
Қауіптен ел-жұртымыз аман болып,
Көп қылып үйіңізге бала берсін,
Оларға таудай талап, сана берсін,
Ер жетіп, балаларың батыр болып,
Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін,
Тауфиқты, инабатты келін берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып,
Қызығын елі-жұрты көре берсін.
«Әумин» - деп үй иесі қол жайғанда,
Жақсылап қариялар бата берсін.
Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін,
Ұлықманның жасын берсін.
Сүлейменнің тағын берсін.
Ескендір Зұлқайнардың бақытын берсін.
Атымтай Жомарттың даңқын берсін,
Дәуіт пайғамбардың даңқын берсін,
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін.
Шашы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын.

Құрбан айт мерекелерің құтты болсын!
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!!!
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!

Адам жаласынан,
Бұлт аласынан,
Көрінер-көрінбес
Мың да бір пәлесінен
Құдайым Өзі сақтасын!
Мұсылманға дін үйреткен,
Алымдардың саламаттығына!
Халық қамын жеген,
Қарқарадай хандардың
Саламаттығына!
Ел қамын жеген,
Едігедей билердің
Саламаттығына!
Өз еңбегін өзі жеген,
«Құдая шүкір, тәубе», деген
Қара бұқара халықтың саламаттығына!
Ілгері бастырамын деген,
Еңіреген ерлердің саламаттығына!
Қой орнына ат берген,
Атымтайдай жомарттың саламаттығына!
Молдаларға қол берген,
Көрпе салып төр берген,
Уызы арылмаған байлардың
Саламаттығына!
Халқы, халайығы қостаған,
Орнықты саба ұстаған,
Бәйбішелер саламаттығына!

Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбтсына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!

Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 69 373
Рейтинг:
(голосов: 31)

KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт, Қазақша Құттықтау - тілек, Құрбан айт, Казакша куттыктау тилек курбан айт на казахском языке, поздравления на казахском языке с курбан айтом, құрбан айт 2013 құттықтау тілектер, курбан айт поздравления казахском, курбан байрам поздравления на казахском языке, курбан айт поздравления казакша, Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт 2016, Қазақша Құттықтау - тілек 2016, Құрбан айт 2016, Казакша куттыктау тилек курбан айт на казахском языке 2016, поздравления на казахском языке с курбан айтом 2016, құрбан айт құттықтау тілектер 2016, курбан айт поздравления казахском 2016, курбан байрам поздравления на казахском языке 2016, курбан айт поздравления казакша 2016, құрбан айт мерекесі құтты болсын, құрбан айт мерекесі құтты болсын 2016, құрбан айт мейрамы құтты болсын 2016, курбан айт мерекеси кутты болсын 2016, курбан айт мейрамы кутты болсын 2016, Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт, Қазақша Құттықтау - тілек, Құрбан айт, Казакша куттыктау тилек курбан айт на казахском языке, поздравления на казахском языке с курбан айтом, құрбан айт 2013 құттықтау тілектер, курбан айт казакша Куттыктау Тилектер, Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт мейрамы, Айт мерекесі казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения

.

. .