Қазақша Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні » ZHARAR © 2016 | Қазақша Құттықтау - тілек: Он алтыншы 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, Қазақша Құттықтау - тілек, Он алтыншы 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні казакша куттыктау тилек, 16 декабрь поздравления на казахском языке день конституций




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Қазақша Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні казакша Қазақша Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні на казахском языке

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!

Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл ...... жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.
Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.

Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің .......... жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.

Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін.

Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.

Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.

Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін.

Сізге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілеймін.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.

Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Өзіңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!

Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.

Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!

Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 76 609
Рейтинг:
(голосов: 25)

.

. .