Тәуелсіздік күні
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада балаларға және балабақшаға арналған тәуелсіздік туралы тақпақтар жарияланды.
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада балаларға және балабақшаға арналған тәуелсіздік туралы тақпақтар жарияланды.
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.....
Азат күн туды қырандай еркін самғаған,
Асыл арманы ақиғат күнмен жалғаған
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған.....
Егемен елдің ұлымын
Байтақ жерімді сүйемін
Ата-бабам қалдырған
Еліме бас иемін!.....
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік бұйырған күн,
Тыныштық мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!
Тәуелсіздік! Атқан таңым, арайлым,
Сағындырған талай жылдар талайын.
Қарашығы Отан менің көзімнің
Сондықтан біз қастерлейік, ағайын!....
Елін, жерін сүйетін,
Ел басымыз еңселі.
Аман болсын әрқашан,
Нұрсұлтандай атамыз....
Тәуелсіздікке **-жыл,
Бір баланың жасындай.
Талай күткен бұл күнді,
Мәңгілік жасасын!
Тәуелсіздік-тұғырым,елім менің,