Қызым,саған айтамын...
Еңсемнің еңсермейтіні, ойымның аласырмайтыны - әжемнің үнемі айтудан жалықпайтын өнегелі өсиетінің санама сіңуі, бойыма даруы деп білемін. Ес кіріп, тіл шыққалы – әжемнің етегіне жармасып, тамағына таласып өскен жандардың бірі мен едім. Ә, дегеннен-ақ сөз саптауы бөлек еді. Жиын болсың немесе кісі қарасы көп жерде сөз алғанда келген мейманның аузын аштырып, бәрі де құлақ түре ұйып тыңдайтұғын.Ата-анамның тәрбиесінен бөлек, осы үлкен кісінің тәрбиесінде өстім.Сондықтан мен әжемнің айтқан бірқатар ақыл-өсиетін айта кетейін. Сізде құлақ түріңіз, оқырман! –Қызым, үлкендердің алдын кес-кестеме,одан бұрын орағытып сойлеме... –«Ұлық болсаң,кішік бол» - дегендей, жасы үлкендерге сәлемдесіп, қол ұшынды беруге әзір тұр... –Жақсылық жасасаң, ешқашан міндетсің бе? Адамнан қайтпаса да,Алладан қайтады... –Үнемі таза жүр, «тазалық денсаулық – кепілі»... –Үйді таза ұстап,артыңды жинап жүр. Көрген кісі «қыздың жиған жүгіндей» мұңтаздай таза дейтің болсын... –Отбасыңда қандай да бір қиындықтар, кекілжіңдер болса сыртқа шашпа... –Бөгде адамдарға сырыңды ашпа... – Көпшілік орта өзіңді еркін ұста, ерсі күлме... – Етегің ұзын болсын, тілің қысқа болсын... –Кімде-кім көңілге қонымсыз сөз айтса да,жылы жүзбен жауап беруге тырыс немесе үндеме... –Үнемі дерлік әдемі сөз сөйлеуге әдеттен, балағат сөздерді аулақ бол...
–Бір істі бастамас бұрын үлкендердің ақылына жүгінген артық етпейді...
– «Достарынның ортасында сыйлы бол, қадірің түспесін», - деп әжем көптеген мағыналы сөздерді айтып отырады.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші ақылшы-дарияларымыз, үлкендеріміз аман болсын.
Сағыныш Қайыр
АТГУ журналистика кафедрасының 3-курс студенті
–Бір істі бастамас бұрын үлкендердің ақылына жүгінген артық етпейді...
– «Достарынның ортасында сыйлы бол, қадірің түспесін», - деп әжем көптеген мағыналы сөздерді айтып отырады.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші ақылшы-дарияларымыз, үлкендеріміз аман болсын.
Сағыныш Қайыр
АТГУ журналистика кафедрасының 3-курс студенті
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?