Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын

Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын казакша Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын на казахском языке


В.А.Сухомлинский былай деген екен «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшіліктің құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі жаңадан буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншісі ағысы қатты өзен сияқты, енді бірі момын да жуас, ал енді бірі өткір де өжет.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, яғни ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де, еңбекқор болашақта үлгілі әке мен шеше, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.

Қыз баланың ұстанар ережесі:

Қысқаша амандасу рәсімін орындау;
Орынсыз еліктеп, әлем-жәлем киініп ерсіленбеу;
Әдепсіздік пен азғындық жолға түспеу;
Ойлы, ұстамдылық жолмен лайықты жар таңдау, алданбау;
Спиртті ішімдіктер ішуден, темекі тартудан аулақ болу;
Әйел адамға тән өнер түрлерінің барлығын, үй шаруасын меңгеруді үйрену;
Ұлдар мен ер азаматтар тәртібіне қыздар әдептілігінің зор ықпалы бар екенін дұрыс түсіну;
Үлкендердің алдын орғытып жолын кеспеу;
Өтірік, өсек айтпау;
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан-дүниесімен байланысты деп айтады, ендеше ішкі жан-дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, айғайлай сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. Әрдайым айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен даусыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Ашық-шашық киінгеннен ешқашан жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» -деген ойға қалады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өзі даурығып сөйлеу өте ұят, бұл өзімшіл, өркөкіректікті білдіреді. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін тыңдамай, «өзімдікі дұрыс» дегенше, өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар. Рухани байлығымыз білім мен тәрбиені жақсы меңгерген қыз баланы ата-анасы мен ұстаздары да мақтан тұтады. Әрбір отбасында «баланы бастан....» деп басталатын тәрбие қандай тағылым, дерсіз?! Оны салт-дәстүрімізде қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікте ұштастырған. Адамды ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген адам тәрбиелі адам.

Адамның басшысы – ақылы
Жетекшісі – талап
Жолаушысы – ой
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны – сабыр
Қорғаушысы – мінез
Сынаушысы – жолың.
Қазіргі таңда қоғамда, қыз бала тәрбиесі жазылмас дертке ұшырап, жаза қадам басуы, соның ішінде мектеп қабырғасындағы қыз балаларда жиі белең алуда.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт – берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейіріділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелесек, онда нұр үстіне нұр болар еді.

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы
ЖББ М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені
Мамбетова Гүлжанат Ғинаятқызы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 10 сынып жетекшісі




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Әдемі қыз көзіңе жақын туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Әдемі қыз көзіңе жақын на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Әдемі қыз көзіңе жақын туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Әдемі қыз көзіңе жақын на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные рассказы на к, Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер