Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз казакша Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз на казахском языке

Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз шылымның жанында жатқан сіріңкеңізді де қоса алып келсе, не істейсіз? Қуанасыз ба? Мұндай баланы жазалау керек. Өйткені бұл бала өздігінен ойлана алатын бала болып тұр. Ол өскенде бұл мінезінен екіжақты тұрғыда ұтылатын болады. Сондықтан оған сабақ бола берсін. Біріншіден, оның бұл қылығын бастығы жақтырта бермейді. Өйткені оған сіріңке жайлы әңгімені бастығы айтуы керек болатын. Ол дәл қазір бастықтың шаруасына араласып кетті. Екіншіден, оның бұл мінезі әріптестеріне де ұнай бермейді. Ал, үшіншіден, өздігінен орындалған жұмысқа марапатты былай қойғанда, рақмет те айтыла қоюы қиын.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз шылымның жанында жатқан сіріңкені де қоса ала келуді біле тұрып, бірақ әкелмей, тек шылымыңыздың өзін ғана әкеліп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Өйткені жақсы кадр деп берілген тапсырманы ғана орындап, оған өздігінен ештеңе алып-қоспай, сол үшін марапат алып отыратын адамдарды да айтамыз.

Бірақ сіз ұлыңызға міндетті түрде ұрысатын болыңыз. Не деп ұрысасыз? "Кішкентай миғұла-ау, ана бөлмеге соншама дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барғаныңда, шылымның жанында жатқан сіріңкені де ала келуге миың жетпей қалды ма?!" деп ұрысасыз. Өйткені оған дәл осы сөзді ертең бастығы айтатын болады. Қысқасы, "былай тартса, өгіз өледі, былай тартса, арба сынады".

Егер сіз ұрысып жатқанда, ұлыңыз дым жыламай, ренжімей тұра беретін болса, онда бәрі дұрыс болғаны. Өйткені ертең бастығы ұрысып жатқанда да, ұрысқа еті өліп кететін, шыбын шаққан құрлы көрмейтін, төзімді, жақсы кадр болады.

Сонымен шылымыңыз бен сіріңкеңізді ұлыңызға алдыртып алдыңыз. Ендеше, шегіңіз. Бірақ ақыл айта отырыңыз. Қандай ақыл айтасыз? Мұндайда ең тиімді тақырып - ар-ұят тақырыбы. Өйткені ұлыңыз кейде үлкендердің тарапынан өздері орындай бермейтін, бірақ кішілерге үнемі айтылып отыратын мұндай әңгімелерді жиі естіп өсетін болады. Құлағы үйрене берсін.

Сіз мұны қалай атқарасыз? Оп-оңай! Бар болғаны шылымыңыздың түтінін ерніңізден сыздықтатып шығарып отырып, ұлыңызға "Түрсиіңді киіп ал, ұят болады" десеңіз, жетіп жатыр. Сіз ар-ұят тақырыбына әңгіме қозғап жібердіңіз.

Егер сіз шылымыңыздың түтінін ерніңізден сыздықтатып шығарып отырып, ұлыңызға "Түрсиіңді киіп ал, ұят болады" деген сәтте, ұлыңыз кіп-кішкентай трусиін ала салып, жалма-жан киіп ала қойса, не істейсіз? Қуанасыз ба? Күрсініңіз. Өйткені мына бала болашақта ар-ұятты айналып өтіп барып, өзінің қара басына пайда келтіргелі тұрған талай нәрседен құр қалып қояйын деп тұр.

Егер сіз шылымыңыздың түтінін ерніңізден сыздықтатып шығарып отырып, ұлыңызға "Түрсиіңді киіп ал, ұят болады" деген сәтте, ұлыңыз кіп-кішкентай алақанымен "кәмпитін" баса қалып, сізден өп-өтірік ұялған кейіп танытқансып, біраздан кейін қарасаңыз, әлі сол жалаңбұт күйінде шапқылап жүрсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Өйткені оның қоғамдағы кейбір көкелері мен тәтелері де заматында өп-өтірік ұялған бола қалып, біраздан кейін қарасаңыз, "баяғы жартас - бір жартас" күйінде шапқылап жүре беретін болады. Ұлыңыз солардың арасына барып "кірпіш болып қаланып" кеткелі тұр. Уайымдамаңыз.

Егер сіз ұлыңызды өзіңіз өмір сүріп жатқан қоғамға дайындап жатсаңыз, онда осы бір әдістермен сынап көріңіз.

Бәрібір сіз бұлай етпесеңіз де, кейбір адамдардың балаларын болашақ қоғамға дайындауда осыған ұқсас бірдеңелермен айналысып дайындауы да ғажап емес қой.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ғабиден Қожахмет Ұлым қандай десеңіз туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Ұлым қандай десеңіз на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ғабиден Қожахмет Ұлым қандай десеңіз туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ғабиден Қожахмет Ұлым қандай десеңіз на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арна, Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер