Қазақ тілі (Т1)_4 cынып
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің 2-4- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту 4.1.7.1 Сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, дыбыс үндестігін сақтап айту |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді мұқият тыңда. Кестеге сүйеніп, мәтіннен негізгі тірек сөздерді түртіп ал. Тірек сөздер Мемлекеттің орны Еліміздің табиғаты Халқы Негізгі белгілері Азаматтық парызы
Кестедегі тірек сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын айт. | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||
Мәтіннен негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды | 1 | мәтіннен тірек сөздерді анықтайды (3-тен кем емес) | 1 | ||||
Тірек сөздердің | мәтіннің мазмұнын толық баяндайды; | 1 | |||||
көмегімен мәтіннің | ойын жүйелі, еркін жеткізеді; | 1 | |||||
мазмұнын айтады | |||||||
тірек сөздерді орынды қолданады; | 1 | ||||||
Әңгімелеу барысында үндестік заңын сақтап сөйлейді | 2 |
|
| ||||
сөйлеу барысында дыбыс, буын үндестігін | 1 | ||||||
сақтайды. | |||||||
Барлығы | 7 | ||||||
«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіннен негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды | 1 | Мәтіннен тірек сөздерді анықтауда қиналады. | Мәтіннен тірек сөздерді анықтауда қателіктер жібереді. | Мәтіннен негізгі тірек сөздерді анықтайды. | ||
Тірек сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын айтады Әңгімелеу барысында үндестік заңын сақтап сөйлейді | 2 | Тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтуда қиналады. | Мәтіннің мазмұнын айтады, тірек сөздерді қолдануда/сөйлеу барысында тілдік нормаларды/ үндестік заңын сақтауда қателіктер жібереді. | Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды, тірек сөздерді орынды қолданады. | ||
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау 4.3.3.1* Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
| |
- тапсырма
Берілген жоспарға сүйеніп, оқыған мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
- Балалардың өзенге қарай асығуы
- Әлжанның суға кетуі
- Үш баланың ерлігі
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді | 1 |
|
| ||||||||
Оқыған мәтін бойынша мазмұндама жазады | 2 |
|
| ||||||||
Барлығы |
|
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді | 1 | Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда, мәтінге тақырып қоюда қиналады. | Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда/ мәтінге ат қоюда қателіктер жібереді. | Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдау арқылы тақырыппен сәйкестігін дәлелдейді. | ||
Оқыған мәтін бойынша мазмұндама жазады | 2 | Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі жазуда қиналады. | Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазуда/сөйлемнің құрылымын сақтауда/ грамматикалық және пунктуациялық қателіктер жібереді. | Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі жазады. | ||
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші, екінші тапсырмалар тыңдалым және айтылым дағдысын, үшіншісі – оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||||||||||
| Менің Отаным – Қазақстан Құндылықтар |
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||
| 4 |
| ||||||||||||||||||||||
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
- тапсырма
Сызбада берілген тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнына болжам жаса. Жасаған болжамыңның себебін түсіндір.
- тапсырма
Ұсынылған рөлдердің біреуін таңдап, жұпта «Менің Қазақстаным» тақырыбында диалог құр. Сөйлесу барысында берілген жоспарды негізге ал.
Рөлдер:
- Атасы мен немересі
- Мұғалім мен оқушы
- Сен және шетелдік досың
Жоспар:
- Еліміздің табиғаты
- Ұлттар достастығы
- Қазақстанның бүгіні мен болашағы
Балл қою кестесі
[2]
[4]
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Тыңдалым және айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Мәтін кейіпкердің өз елін таныстыруы туралы деп ойлаймын, себебі мемлекеттің атауы, жер көлемі мен тарихына қатысты тірек сөздер берілген. |
|
| ||||||||
Білім алушының ықтимал жауабы:
|
|
| |||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
- Ата-анасы Маратқа қандай жаңалық айтты? Белгіле ().
- 3-абзацтан «асығу» деген мағынаны білдіретін сөзді тауып жаз.
- Мараттың үнемі досының қамын ойлап жүретін бала екендігін қай сөйлемдерден байқауға болады? Бір сөйлемді көшіріп жаз.
- Мәтіннен Мараттың арманы орындалғанын көрсететін бөлікті тауып, қоршап сыз.
- Мәтін бойынша шешімін табуға арналған бір сұрақ құрастыр және оған жауап бер. Сұрақ: Жауап:
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Оқылым |
|
|
| |||||||||||||
Барлығы |
| |||||||||||||||
Жазылым
- тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Адал достық» тақырыбына мәтін құрап жаз.
Тірек сөздер: ізгі қасиет, адам жанының айнасы, сенімді серік, адал болу, жанынан табылу
Жоспар:
- Достық туралы
- Дос қандай болу керек?
- Сенің досың қандай?
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Жазылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай дос іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсаты бір адамдар ғана шынайы дос болады. Достық – адамдардың бір-біріне деген сенімі. Адал достар бір-бірінің қуанышына ортақтасып отырады. Жалған достық ұзаққа бармайды. Олар бір-бірінің кемшіліктерін түземейді. «Адал достық- өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа» деген сөз бекер айтылмаған. Менің досымның аты - Талғат.Ол өте адал, шын дос. Біз көп уақытымызды бірге өткіземіз, көп сырласамыз. Мен досыммен мақтанамын. Өмірде дос табу қиын емес, бірақ досыңды сақтап қалу оңайға түспейді. Сондықтан достарыңды сатпандар! |
|
| ||||||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||||||
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру 4.1.3.1 Сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
1-тапсырма Бейнежазбаны мұқият тыңда: https://youtu.be/USs_vj-wAtg (0.40 -2.13 аралығы). Бейнежазбада не туралы айтылды? Көтерілген мәселені анықтап, оған қатысты ойыңды айт. Бейнежазба мәтіні: | |
- тапсырма
Берілген суреттерге сүйеніп, жұпта «Мәдени мұра – баға жетпес байлық» тақырыбында диалог құрастыр.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Аудио-бейнежазба мазмұнына қатысты пікір білдіреді | 1 |
|
| ||||||||
Тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалог құрастырады | 2 |
|
| ||||||||
Барлығы | 7 | ||||||||||
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Аудио-бейнежазба мазмұнына қатысты пікір білдіреді | 1 | Аудио-бейнежазба мазмұнына қатысты пікір білдіруге қиналады. | Аудио-бейнежазба мазмұнына қатысты ойын айтады, көтерілген мәселені анықтауда қателеседі. | Аудио-бейнежазба мазмұнына қатысты өз көзқарасын білдіреді. | ||
Тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалог құрастырады | 2 | Тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалогке қатысуда қиналады. | Тілдік нормаларды сақтай отырып, тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады, мәнмәтінге сәйкес сұрақтар қоюда/сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. | Тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалогке қатысады. | ||
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.2.6.1 Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян, мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау 4.4.2.1 Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу(біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз) 4.3.3.1* Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
1-тапсырма Берілген мәтіндерді оқы. Олардың түрін, жанрын, стилін анықтап, кестеге жаз. | |
1-мәтін | 2-мәтін |
- Мәтіндердің қандай ұқсастығы бар? Жаз.
- тапсырма
Мәтіндегі қарамен берілген күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп, кестеге жаз.
Қос сөздер | Біріккен сөздер | Қысқарған сөздер |
- тапсырма
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында эссе жаз.
Тірек сөздер: мамандық иесі, мамандық таңдау, қызығушылық, икемділік, өзіндік ерекшелігі бар, аянбай еңбек ету.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Мәтіндерді түріне, жанрына, стиліне қарай салыстырады | 1 |
|
| ||||||||
Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады | 2 | мәтіннен күрделі сөздерді табады:
| 1 1 1 | ||||||||
Тірек сөздерді қолданып эссе жазады | 3 |
|
| ||||||||
Барлығы | 10 | ||||||||||
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіндерді түріне, жанрына, стиліне қарай салыстырады | 1 | Мәтіндерді түріне, жанрына, стиліне қарай ажыратып, салыстыруда қиналады. | Мәтіндердің түрін/ жанрын/ стилін анықтауда қателіктер жібереді. | Мәтіндерді түріне, жанрына, стиліне қарай ажыратады. | ||
Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады | 2 | Күрделі сөздердің түрлерін ажыратуда қиналады. | Қос сөздерді/ біріккен сөздерді/ қысқарған сөздерді анықтауда қателіктер жібереді. | Күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп жазады. | ||
Тірек сөздерді қолданып эссе жазады | 3 | Тірек сөздер бойынша берілген тақырыпқа эссе жазуда қиналады. | Берілген тақырыпқа сәйкес эссе жазады, эссенің құрылымын сақтауда/ тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді. | Тірек сөздер бойынша берілген тақырыпқа эссе жазады. | ||
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||||||||||
| Мәдени мұра Мамандықтар әлемі |
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||
| 3 |
| ||||||||||||||||||||||
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
- тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып,
«Домбыра – ұлттық аспап» деген тақырыпта монолог құрап айт.
Тірек сөздер: қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме, ұрпаққа мирас, ұлттық өнерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.
Жоспар:
- Қазақ халқының көне аспабы
- Домбыраның қолданысы
- Домбыра – ұлттық символ
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Тыңдалым және айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған, екі ішекті, көп пернелі көне музыкалық аспабы. Домбыраның үні құлаққа өте жағымды. Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады. Құрманғазы, Тәттімбет, Дина секілді ағаларымыз бен апаларымыз шындықты, әділдікті осы күйлері арқылы жеткізген. Домбыра – ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. |
|
| ||||||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||||||
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
- Патша кедейге неліктен таңғалды? А) жұмбақтап айтқан жауабына В) жалданып еңбек ететіндігіне С) еңбек ақысының тым аздығына
D) егістік жердің өзгенікі екендігіне
- Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта.
- Не ексең соны орасың.
- Қанағат қарын тойғызар.
- Еңбегі көптің өнбегі көп.
- Ханда қырық кісінің ақылы бар.
- Мәтінге ат қой.
- 1-абзацтағы «лира» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
- Егінші ақшасының бір бөлігін ата- анасына беретінін қалай жұмбақтап айтты?
- Мәтіннің соңғы бөлімінен патшаның шаруаға жасаған жақсылығын білдіретін сөйлемді тауып, көшіріп жаз.
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |||||||||
Оқылым |
|
|
| |||||||||
|
|
| ||||||||||
Барлығы |
| |||||||||||
Жазылым
- тапсырма
Оқыған мәтінге сүйеніп, диаграммаға егіншіні сипаттайтын сөздерді жаз. Сол сөздерді қолданып, егіншіге жазбаша мінездеме бер.
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||
Жазылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Еңбекқор, ақкөңіл, үнемшіл, мейірімді, қарапайым, қанағатшыл, ... | 1 | Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. | ||||||||||
Білім алушының ықтимал жауабы: Егінші - өте қарапайым, мейірімді, болашақ өмірін ойлайтын, қартайғанда зейнет көргісі келетін адам. Азға қанағатшыл, ашық, көпшіл, ақкөңіл, сыпайы, әдепті кейіпкер. Ол өзгеге жалданып еңбек етеді. Өзінің адалдығы мен еңбекқорлығының арқасында патшадан үлкен сый алды. Егінші еңбекқорлығымен ғана емес, өзінің ақылдылығымен де ерекшеленеді. Егіншінің бейнесі үнемшілдікке, қанағатшыл болуға үйретеді |
|
| |||||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||||
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.2.1* Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/ сызба/ кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу 4.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Диаграммаға сүйеніп, «Қыс көрінісі» тақырыбына берілген мәтіннің не туралы болатынын болжап көр. Оны қалай анықтадың? Түсіндір. ұйқыға беттерікету алмадайқар ұлпалары Қыс көрінісі ақ мамыққар тайатысу Жаңа жыл мерекесі
Жоспар бойынша жоғарыда берілген тақырыпқа монолог құрап айт.
| |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||
Берілген тақырыпқа сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды және негіздейді | 1 |
|
| ||||||||||||
Тірек сөздердің негізінде берілген тақырыпқа монолог құрады | 2 |
|
| ||||||||||||
Барлығы |
|
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Берілген тақырыпқа сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды және негіздейді | 1 | Берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда қиналады. | Берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын негіздеуде қателіктер жібереді. | Берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және ойын негіздейді. | ||
Тірек сөздердің негізінде берілген тақырыпқа монолог құрады | 2 | Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырыпқа монолог құрауда қиналады. | Берілген тақырып бойынша монолог құрады, тірек сөздерді қолдануда/ сөйлемнің құрылымын/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді. | Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша монолог құрап айтады. | ||
31
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау 4.4.2.3* Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу 4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді түсініп оқы.
| |
- тапсырма
Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді теріп жаз және олардың қай септікте тұрғанын анықта.
1)
2)
3)
- тапсырма
Берілген сұрақты негізге ала отырып, пайымдау элементтері бар мәтін құрап жаз.
Қоршаған ортаны қорғау деген не және ол үшін не істеу керек?
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді | 1 |
|
| ||||||||||
Септік жалғауларын ажыратады | 2 | зат есімнің септік жалғауларын анықтайды:
| 1 1 1 | ||||||||||
Берілген тақырып аясында пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазады | 3 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 10 | ||||||||||||
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді | 1 | Мәтіннің негізгі ойын анықтауда және мәтінге тақырып қоюда қиналады. | Мәтіннің негізгі ойын анықтауда/ мәтінге тақырып қоюда қателеседі. | Мәтіннің негізгі ойын анықтайды және мәтінге сәйкес тақырып қояды. | ||
Септік жалғауларын ажыратады | 2 | Берілген зат есімдердің қай септікте тұрғандығын анықтауда қиналады. | Берілген зат есімдердің септік жалғауларын ажыратуда қателіктер жібереді. | Берілген зат есімдердің септік жалғауларын анықтайды. | ||
Берілген тақырып аясында пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазады | 3 | Берілген тақырып бойынша пайымдау мәтінін құрауда қиналады. | Берілген тақырып бойынша пайымдау мәтінін жазады, мәтіннің құрылымын/ грамматикалық және тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді. | Берілген тақырып бойынша пайымдау мәтінін құрап жазады. | ||
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 18
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші және екінші тапсырма тыңдалым мен айтылым дағдысын, үшіншісі – оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||||||||||
| Табиғат құбылыстары Қоршаған ортаны қорғау |
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||
| 4 |
| ||||||||||||||||||||||
- Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
- тапсырма
Бейнежазбаны мұқият тыңда (https://www.youtube.com/watch?v=N9vGZYTiFbg ) Берілген сұрақтарға сүйеніп, тыңдалған мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойыңды білдір.
- Мәтінде не туралы айтылды?
- Бейнежазбаны көргенде қандай сезімде болдың?
- Мәтінде айтылған оймен келісесің бе? Неліктен?
Бейнежазба мәтіні:
- тапсырма
Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, монолог құрап айт.
- Табиғаттың таңғажайып құбылыстары
- Табиғатты аялайық, адамзат!
- Табиғат - менің өз үйім.
Тірек сөздер: табиғат көрінісі, егіз ұғым, азаматтық парыз, ғажайып әсемдік, аялау, орны ерекше.
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Тыңдалым және айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Бейнежазбада табиғаттың ғажайып көріністері, оларды қорғау туралы айтылған. Оны көрген кезде бойыңды қуаныш билейді. Табиғаттың осындай тамаша көріністеріне таң қаласың. Әрине, табиғатты қорғау керек. Себебі, табиғатсыз тіршілік жоқ. |
|
| ||||||||
Білім алушының ықтимал жауабы: Табиғат пен адам - егіз ұғым. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адам да табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. |
|
| |||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
- «Садықтың әкесі – бағбан» сөйлеміндегі «бағбан» сөзі нені білдіреді?
- Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесің? Кестеге жаз.
Сөздер | Мағынасы |
жігерлендіру | |
ауыз тигізу | |
жомарттық |
- Егер ...болса , онда.... , неліктен?, ... не істеу керек? т.б. сұрақтарды қолданып, мәтін бойынша шешім табуға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.
Сұрақ:
Жауап:
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Оқылым Оқылым |
|
| Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады. | ||||||||
|
|
| |||||||||
Барлығы |
| ||||||||||
Жазылым 4-тапсырма
«Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы» тақырыбына пайымдау мәтінін құрап жаз.
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Жазылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп-өнер мекені. Халқымызда «Жер- Ана» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан да жерді өз анамыздай көріп, оны қорғап, қамқорлық жасау - баршамызға ортақ іс. Адам өзіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сол себепті табиғат міндетті түрде таза болуы тиіс. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау туралы көптеп айтылуда. Өйткені адамның кейбір іс-әрекеттері табиғатқа зиян келтіруде. Осылай жалғаса беретін болса, болашақта не болатынын елестету қорқынышты. Сондықтан да біз табиғаттың қамқоршысы болуымыз керек екенін ешқашан естен шығармауымыз қажет. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қараса, ол үшін табиғат – құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық. |
|
| ||||||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||||||
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту 4.1.3.1 Сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз. | |
- тапсырма
Кестедегі тірек сөздер мен тыңдаған мәтіннің мазмұнына сүйеніп, жұпта «Құс жолы»
тақырыбына диалог құрастыр.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды | 1 | мәтіннен берілген ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды:
| 1 1 1 | ||||||||
Берілген тақырып бойынша диалог құрады | 2 |
|
| ||||||||
Барлығы | 7 | ||||||||||
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды | 1 | Тыңдаған мәтін бойынша негізгі тірек сөздерді анықтауда қиналады. | Тыңдаған мәтіннен негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтауда қателіктер жібереді. | Тыңдаған мәтін бойынша негізгі тірек сөздерді анықтайды. | ||
Берілген тақырып бойынша диалог құрады | 2 | Берілген тақырып аясында диалог құруда қиналады. | Берілген тақырып аясында диалог құрады, тақырыптың мазмұнын ашуда/ тірек сөздерді мағынасына сай қолдануда/орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер жібереді. | Берілген тақырып аясында, мәтін мазмұнын аша отырып, диалог құрады. | ||
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау 4.2.5.1* Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме,сұхбат) жазу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді түсініп оқы. Мен өзiм түсiнбейтiн сөздi әрқашан көкемнен сұрап аламын. Мұндай сұрақтарыма көкем де ерiнбей жауап бередi. Бiр күнi:
– Туысқан болса, үйiне неге қонақка бармаймыз? Көкем күлдi.
Ертесiне балаларды түгел жинап келдім. Оқтай түзу көшемен тауға қарай ызғытып келемiз. Көп ұзамай таудың iшiндегi қалың баққа келдік. Алма, өрiк, түрлi жемiс-жидек тұнып тұр екен.
Қалың ағашқа кiрдiк те кеттiк. Қып-қызыл алмаларды шелекке салғың келмейдi, жеуге және болмайды. Ой, көзiм қызып әрең жүрмiн. Амал жоқ, жинап жатырмыз. Бiр кезде мен шыдамай кеттiм. Жұрттың көзiн ала берiп, қызыл сары алманың бүйiрiнен бiр тiстеп алдым. Мұнымды көкем байқап қалыпты.
Ауылға қайтып келемiз. «Шiркiн, Болашақ қандай ғажап адам! Титтей еңбек iстесең, дүниенiң алмасын жейдi екенсiң. Менiң алма жеп қойғанымды Болашақ ағай естiсе, ұят болатын болды. Болашаққа баратын жол тезiрек бiтсе екен. Сол Болашақтан жаңағы iстеген әбестiгiм үшiн кешiрiм сұраймын», – деп ойлап келемін. | |
Тапсырмаларды орында.
- Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой.
- Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді? Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдап жаз.
- Мәтіндегі қарамен берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп жаз.
Сөз тіркестері | Мағынасы |
тұнып тұр екен | |
көзiм қызып |
2-тапсырма
Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, кейіпкерді сипаттайтын бірнеше тірек сөз жаз. Сол сөздерді қолданып, кейіпкерге жазбаша мінездеме бер.
Тірек сөздер:
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді Мәнмәтін арқылы сөздердің мағынасын түсіндіреді | 1 |
|
| ||||||||||
Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді | 2 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 9 | ||||||||||||
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| ||||
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді Мәнмәтін арқылы сөздердің мағынасын түсіндіреді | 1 | Мәтінге ат қоюда және мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда, берілген сөздердің мағынасын түсіндіруде қиналады. | Мәтінге ат қоюда/мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда/ берілген сөздердің мағынасын түсіндіруде қателіктер жібереді. | Мәтінге ат қояды және мәтіннің негізгі ойын анықтайды, берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді. | ||
Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді | 2 | Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме беруде қиналады. | Кейіпкерге мінездеме береді, жазба жұмысының стилін сақтауда қателеседі, орфографиялық және грамматикалық қателіктер жібереді. | Мәтіннің кейіпкеріне сәйкес мінездеме береді. | ||
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауды спецификациясы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
- 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
- Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
- Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | ||||||||||||||||||
| Ғарышқа саяхат Болашаққа саяхат |
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||
| 3 |
| ||||||||||||||||||||||
- Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
- тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. (https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane- halam/lesson/harysh-kengistigin-alhashqy-zertteu-kezengi)
Мәтіннен негізгі тірек сөздерді түртіп ал (6-7 сөз).
Тірек сөздер:
- Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын айт.
- Галактикалар туралы тағы не білесің?
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||
Тыңдалым және айтылым | Білім алушының ықтимал жауабы: Галактика, шексіз кеңістік, 15 миллиард жыл бұрын, үлкен жарылыс, химиялық элементтер, Құс жолы, жарық жолақ, жарық жылы | 1 | Баламалы жауап нұсқалары қабылданады | ||||
Білім алушының ықтимал жауабы: Галактика – аспан денелерінен тұратын шексіз үлкен кеңістік.Түнгі аспанда жыпырлаған жұлдыздарды көреміз. Бұл – ғарыш әлемі. Бұл әлем 15 миллион жыл бұрын үлкен жарылыстан пайда болған. Жарылыс кезінде ұсақ бөлшектерден жұлдыздар |
|
| |||||
|
|
|
|
| |||||||
Барлығы |
| ||||||||
Оқылым
- тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Берілген тапсырмаларды орында.
- 1-абзацтан көздің үлкендігін білдіретін сөзді тауып жаз.
- 2-абзацта берілген көп нүктенің орнына сәйкес болатын шылауды анықта. А) себебі
В) және С) мен
- пен
- Автор кейбір сөйлемдерде «әкетіп барады, әкетіп барады», «жазып жатыр, жазып жатыр» деген сөздерді неге екі рет қайталайды?
А) бір нәрсенің мәнісін күшейтіп көрсету үшін В) бір нәрсенің маңызды екенін көрсету үшін С) оқырманның есіне бір нәрсені түсіру үшін
- мәтіндегі сөз санын толықтыру үшін
- Мәтіндегі қарамен берілген сөздің мағынасын түсіндіріп жаз.
- Мәтіннің мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған бір сұрақ құрастыр және оған жауап жаз.
Сұрақ | Жауап |
[6]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Оқылым |
|
|
| ||||||||||||||||
|
|
| |||||||||||||||||
Барлығы |
| ||||||||||||||||||
Жазылым
- тапсырма
Төменде берілген тақырыптардың біреуін таңда. Тірек сөздерді пайдаланып, берілген тақырыпқа эссе жаз (50-60 сөз)
Тақырыптар:
- Болашақтың мектебі
- Менің болашақ мамандығым
- Менің болашақ туралы ойларым
Тірек сөздер: болашақты елестету, техникалық жабдықталған, қызығушылық, таңдау жасау, маңызды қадам, жетістікке жету, еліміздің болашағы, білікті маман.
[6
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Жазылым | Білім алушының ықтимал жауабы: «Болашақтың мектебін қалай елестетер едің?» деген сұраққа «әдемі, гүлденген, кабинеттері кең, ауласы, спорт алаңы бар, техникалық жағынан жабдықталған» деген сияқты жауаптарды жиі алуға болады. Ал менің ойымша болашақтың мектебінде оқушылар қазіргідей бір-екі тілде ғана оқымайды. Оларда сабақтар бірнеше тілде жүргізіледі. Оқушылардың қызығушылығын ескеретін пәндер көп болады. Оқушылар сабақты кәсіпорындар мен зауыттарға барып оқуға мүмкіндік алады. Сол арқылы олар мектепте алған білімін өмірде қолдануға үйренеді. Мен болашақтың мектебі білімге құштар, бір-біріне қолдау көрсетіп, көмек қолын созатын оқушылар мен мұғалімдерге толы білім ордасы болатынына сенемін. |
|
| ||||||||||||
Барлығы | 6 | ||||||||||||||
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру