Шығармалар


Ер есімі ел есінде

Ел басына күн туғанда ер етігімен су кешеді. Сондай ерлердің бірегейі-Кеңестер Одағының Батыры, генерал Сабыр Рақымовтың дүниеге келгеніне жақында 110 жыл толды.

Шымкентте Сабыр Рақымов атындағы мектеп-интернатта осы салтанатқа орай батырды еске алу кеші өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев штабта отырған көп генералдардың бірі емес, майданның алғы шебінде, желдің өтінде болған нағыз жауынгер генерал туралы мазмұнды әңгіме айтты. “Осындай ерлерімізді түгендеуге....
Шығармалар
Толық

Қазақ елі

Қай ұлттың болмасын өзіне тән ұлттық тәрбие мектебі болады. Қазақ елінің де ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мол рухани қазынасы бар. Бірақ сол қазынаны қаншалықты иеленіп жүрміз. Барымызды бағалап, жоғымызды түгелдеу мақсатында бүгін ұлтттық тәрбиеміздің кейбір қырларына тағы бір оралуды жөн көрдік.

Бағымызға қарай, ердің құны - жүз жылқы, ары – мың жылқы дейтін текті елге ұрпақ болдық. Ғасырлар бойы әбден сұрыпталған, орныққан өзіндік жол-жоралғымыз бар парасатты жұртпыз. Жаман сөз айтпауды, жаманға ермеуді, жалаңаш жүрмеуді, жағымпаз болмауды, жасқаншақ, жасық болмауды жас ұрпақтың санасына құйып отыратын тәлімді....
Шығармалар
Толық

Менің жазғы демалысым

Менің аты-жөнім Жұмабай Әмина Жеңісқызы. Мен 9 жастамын. Ақтау қаласында тұрамын. Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым.

Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім.

Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп....
Шығармалар
Толық

Менің жазғы демалысым

Мен жазғы демалысымды Балқаш қаласында өткіздім. Менде осыдан бірнеше күн бұрын үлкен бір сұрақ бар еді. Оның жауабын табу әлбетте қиын емес, бірақ, соңғы кездері қызықты жауаптар естіп жүрмін.

Каникул дегенді осы адамдар қалай түсінеді екен? Бір күні осы сауалға өзім жауап іздедім. Таптым. Оны мен мына басымнан өткен оқиғамен сабақтағым келіп отыр. Әрине, мен....
Шығармалар
Толық

Мұғалім мамандығы

Ұстаз жүрегін жарып шыққан тебіреніске толы шұрайлы шығарманы назарларыңызға ұсынамыз!

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандық....
Шығармалар
Толық

Ағылшынша шығарма: Қазақстан (Kazakhstan is my Motherland)

Kazakhstan, officially Republic of Kazakhstan, has the population of 15,186,000 people and territory 2,719,500 sq km, is situated in central Asia. It borders on Siberian Russia in the north, China in the east, Kyrgyzstan, Uzbekistan, and Turkmenistan in the south, and the Caspian Sea and European Russia in the west. Astana is the capital and Almaty (Alma-Ata) is the largest city. Other major cities include Shymkent, Semey, Aqtobe, and Oskemen.
Kazakhstan consists of a vast flatland, bordered by a high mountain belt in the southeast. It extends from the lower Volga and the Caspian Sea in the west to the Altai Mts. in the east. It is largely....
Шығармалар
Толық

Әбу Насыр Әл-Фараби

Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ.....
Шығармалар
Толық

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл

Ғашықтың тілі, әрине, тілсіз тіл. Адамға өз махаббатыңды дәлелдеу үшін, көп сөз керегі жоқ. Шынайы сүйген адам ешқашан өз махаббаты жайында айқаламайды. Ол оны істе дәлелдейді. Махаббат жайында....
Шығармалар
Толық

Жетім баланың ойы

Ана деген бір керемет жан ғой. Сірә, ана сияқты еш адам саған қамқор бола алмас,- деп Мейірім өз әңгімесін бастады. Менің достарым өте көп. Олардың барлығының да анасы бар. Бірақ, жалғыз мен ғана ана мейірімі не екенін білмей өстім. Мен туған кезде, анам қайтыс болған еді. Солай мен әкем қолында тәрбиеленіп өстім. Әкем өте қатал , бірақ сабырлы жан еді. Алайда бала кезімнен бері, әкеммен сырласып көрген емеспін.

Менің есімім – Мейірім,- деп бар денесімен күрсінді. Мен осы жылғы мектеп түлегімін. Иә, мен болашақ студентпін. Оны мен мақтанышпен айтамын!

Бүгін соңғы қоңырау. Мектеппен қоштасу күні. Менің сыныбымдағы.....
Шығармалар
Толық

Қазақ күресінің тарихы

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес – ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.

Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы....
Шығармалар
Толық