Берік отбасы - есірткіден алыс

есірткі, отбасы, қолдау

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған сайысына

ӘЛІМБЕТОВТЕР ОТБАСЫ
Арал ауданы, Қосжар ауылы


Берік отбасы – есірткіден алыс!


«Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы» деген анықтама берілген. Иә, расында да отбасы, жанұя ұғымдары қаны қазақ үшін қымбат. Жанның ұясы, оттың басы деген мағынаны беретін секілді. Отбасы мүшелері арасында рухани қарым-қатынас бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыруда көрінеді. Бала дүниеге келген сәттен-ақ шаңырақтың үлкендері, әулеттің тәжірибелі мүшелері ата мен әженің қолында тәрбиеленген. Біздің отбасында да солай қалыптасқан. Шаңырақта дүниеге келген 6 бала да ата-әжесі мен ата-анасының бауырында қатар тәрбиеленген, еркін өскен. Қазақ халқының әрбір жанұясы секілді біздің отбасымызда да отбасылық құндылықтар маңызды рөл атқарады. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Біздің отбасымыздың дәстүрлі құндылығы - жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды дұрыс тәрбиелеу. Себебі, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, — деп атам қазақ бекер айтпаса керек.Отбасымызда махаббат, сенім, түсіністік берік орын алған. Оның басты айғағы айрандай ұйыған тату отбасымыз деп мақтанышпен айта аламыз. «Отбасылардың басты мақсаты - бақытты ғұмыр кешу» дейді жанұямыздың үлкені, 80-нен асқан Шарухия әжеміз. Абай атамыз «Тамағы тоқты, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деп айтқан. Қазіргі уақытта баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ата-аналар ден қойған заман. Себебі, қазірде қазақ халқының көзі ашық, көкірегі ояу. Десе де, қоғамда ата-аналарының бақылауынан шығып немесе аз көңіл бөлінгеннің кесірінен теріс әрекеттерге соның ішінде нашақорлыққа үйір болуы көңіл қынжылтады. Бұл есірткіге әуестік ең алдымен отбасында бірлігі жоқ, өзіне қолдау іздеп бірақ жанұясынан таппаған адамдарда болады деп ойлаймын. Тек қана жасөспірімдер, жастар ғана емес ересектер де есірткіге әуес болып, өз өмірлерін улауда.Өз өмірі мен әрекетіне жауап бере алмайтын, есірткіге санасы уланған ересек адамнан қандай үлгі-өнеге болсын?
Есірткі қолдану немесе сату, сияқты әрекеттер түбінде опа тапқызбайды. Оған дәлел күнделікті еститін жаңалықтар, құрықталған қылмыскерлер... Есірткі қылмысқа итермелейтіні сөзсіз. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға,есірткінің құлына айналады. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпаса да, о бастан белгілі. Апиын деп айтқан ертеректе. Есірткіге үйрену өте тез,оны тұтынған сайын көбірек мөлшер керек болады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге душар болады.Себебі оны бір рет қабылдаған соң оны тағы да қабылдау қажет болады.Бір шырмалаған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды.Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн. Есірткіге үйір болған адам барлығынан айрылады. Өміріңді бақытқа толы қылып өткізгіміз келсе, ең алдымен өзіңе — өзің берік болу керек. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Темекі тарту, спирттік ішімдіктерге әуестік - есірткілік заттарға салынуға итермелейді. Біздің отбасында тәртіп пен еңбек қатар сақталады. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Әрбір адам салауатты өмір салтын ұстана білу керек. Спорт - өмірге сенімді көзбен қарауға үйретеді. Барлық адам спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді.
Отан – отбасынан басталады. Еліміз егемендігін сақтап, әлемге танылсын десек әр отбасы ұлттық құндылықтарымызды сақтап, бір-біріне ізгілік пен сенімммен қарауы тиіс. Себебі, әр отбасы – шағын мемлекет. Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстайық! «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» көрсетіп, бір-бірімізді қолдайық, білім іздеп рухани жаңғырайық, еліміздің дамуына үлес қосайық, сонда біз отбасымызға, қоршаған адамдарға сыйлы боламыз. Сөзімізді қорытындылай келе: «Отбасы – ошақ қасы, әр адамның ыстық ұясы» дегіміз келеді. Біздің отбасы – нағыз берік отбасы. Біздің отбасы – есірткіден алыс!
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...