Табысты болу – адамның бәсекелестік көрінісі

 Табысты болу – адамның бәсекелестік көрінісі

Ақтөбе қаласы №61 жалпы білім
беретін орта мектебінің 9 «а» класс оқушысы
Ғазизов Нұрәділ Ғалиасқарұлы

Табысты болу дегенде адамға келешекте өзің қалаған мамандығыңның зейнетін көру деп білемін. Ол бәсекелестік қабілетінің бір көрінісі болып саналады. Деректер арқылы таразылап көрсек, бәсеке –ол заманның сұранысына жауап беретін тауар өнімдері. Ал, мен сияқты болашағымды жазушылықпен байланыстырғым келетін жастар, не жазсақта заман ағымымен үндесіп, халықтың айтатын ойымен дәл келуі, халықтың жүрегінен шығатын тақырыпты таңдап алуымызда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»-деп айтпақшы, тақырыпты «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын басқа әлемге атын жайып, ақпарат беру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жетік білуге, жаңа дәуір әдебиетін «Ұштұғырлық тілде» таратуға өзімді даярлаудамын. Мемлекеттік тілдің жаһандық жаңару әлемінде қазақ поэзиясымен прозасында болып жатқан ақын- жазушылардың шығармаларын үш тілде тарату, алдыға қойған мақсатым деп айтуға болады. Тіл арқылы осынау қоғамда насихатталуы тиіс, жақсы дәстүрлермен замануи адамшылық істер, кейде талас тудыратын, адами рухани жаңғыртатын көкейкесті мәселелерді ұсыну, адамның асыл мұраты екенін ұғындыруға тырысудамын. Мен, өзім тұратын Ақтөбе өлкесінің жаңалықтарын бүкіләлемге паш етуді, қарапайым еңбек адамдарын әңгімелеріме қосып, қазақ елінің қайсарлығын, бірбеткейлігін, намысқойлығын, ержүректілігін өз әңгімелеріме арқау етпекпін. Біздің батыста орналасқан облысымызда химиялық элементтер көп, бай жер. Мұнай өнімдерін, хром рудасын, мыс концентраты, алтын кендерін шығаратын екіжүзге жуық кәсіпорындарда әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін арттыруда, өңір халқы үлкен үлес қосуда. Облысымыздың елді мекендеріне жыл сайын көгілдір отынмен қамтамасыз ете отырып, енді шағын ауылдарға он бес газ желісін қосу жоспарланып отыр. «Бақытты бала» отбасылық бағдарламасы бойынша, жас отбасыларды тұрғын үймен көптеп қамтамасыз етуде.Осы жылы бірнеше кәсіпорындарда тұрғындардың еңбекақысы өсіріліп, материалдық жағдайлары жақсарып,кәсіпкерлік саласы даму институттары арқылы қаржыландырылып, кәсіпкерлік субьектілері көптеп дамуда.

Сонымен бірге, жазушылардың оқиғалы романдары, повестерін оқып, келешекте өзім осылай жазғым келеді. Жазушы Кемел Тоқаевтың шытырман, ізкесушілік повестері көп көңіленен шығып, елге танымал болды. Қазіргі таңда сол кісінің ізбасары ұрпағы, тіл білудің полиглоты атанған Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың бірнеше тілде сайрауы ел тұтқасын ұстаған азаматтың ең биік шыңы дер едім.

Қорыта айтқанда, жазу ісімен айналысуым , болашақта ел сұранысын қанағаттандыратын түрлі халықаралық жағдайлық тақырыптар, сұранысы бар шығармаларды жазып қана қоймай, өзге тілде аудару арқылы «қазақ» ұлтының бәсекеге қабілетті текті ұрпақ екенін, әлемге түсіндіре отырып, тіршілікке жіберсе биылғы жылы жүз жасайтын Жұбан ағамыздай «мың өліп, мың тірілген қазақ ұлтының ұрпағы екенімді», бәсекеге қабілетті жас болашақ өркен жаяр тұлға екенімді мақтан тұтамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!