Қазақша шығарма: АқМешіт » ZHARAR © 2017 | мешіт туралы шығарма, мешит туралы шыгарма, мешіт туралы мәлімет, сочинение на казахском языке про мечеть, сочинение на казахском языке мешит




  • »

Қазақша шығарма: АқМешіт

Қазақша шығарма: АқМешіт казакша Қазақша шығарма: АқМешіт на казахском языке

Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.

Ресей империясы, Орынбор губерниясының әскери губернаторы В.А.Перовский бастаған отряд Ақмешіт бекінісін басып алуға жіберілді. Ол кезде В.Перовский Ресейдің Орта Азиядағы саясатын дербес жүргізуге толық құқылы адамдардың бірі болған екен. Ол, тарихи деректерге қарасақ, Қоқан хандығының бекінісі болып тұрған Ақмешітке 1853 жылы 2 шілдеде келіп жетіпті. Оның отрядында 2850 жауынгер, көптеген зеңбіректер, қару-жарақтар болған екен. Генерал бекіністің Түркістанмен, Ташкентпен, Бұхарамен, Хиуамен, басқа да жергілікті мекендермен қатынас жолдарына қатаң бақылау орнатып, сол жерлерге барлаушы топтар жіберіп отырған көрінеді.

Ақмешітте 400-ден астам сарбаз, зеңбіректер, қару-жарақ қоймасы болды. Жасақтарды Бекбай, Құлбай, Қаңлыбай деген қазақ жүзбасылары және Лепес есімді қарақалпақ басқарды. Тыңғылықты әзірліктен кейін 28 шілдеде генерал шешуші шайқас бастады. Оған қазақ сұлтандары Елекей (Ермұхамед) мен Мұхамеджан Баймұхамедовтің қарулы күштері де қосылды. Қорғанды алу кезінде 230 ақмешіттік қаза тауып, 77-сі (35-і жаралы күйінде) тұтқынға түсті. Ақмешіттің ойрандалуы Ресей империясының Орта Азияны одан әрі отарлауына жол ашты. Ақмешіт генералдың құрметіне 1853 жылы 31 тамыздан бастап «Перовск форты» болып аталды.

Қазан көтерілісінен кейін ғана бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. Ол Сырдария облысының уездік орталығына айналды. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, қала 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 3 815
Рейтинг:
(голосов: 6)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, мешіт, ақмешіт туралы, Қазақша шығармалар жинағы, Қазақша шығармалар сайты, Шығармалар жинағы, Қазақша шығармалар, Мешіт туралы шығарма, болған, Ақмешіт, болып, Қызылорда, Бекіністің, жоғарғы, балшықтан, тұрғызылған, Қазақстанның, Қоқан, қазылған, алдынан, ордың, қорғаныс, ойықтар, Қабырғаларының, биіктігі, жағында, атуға, ыңғайлы, мешіт туралы шығарма, мешит туралы шыгарма, мешіт туралы мәлімет, сочинение на казахском языке про мечеть, сочинение на казахском языке мешит, Қазақша шығармалар жинағы, Қазақша шығармалар сайты, Шығармалар жинағы, Қазақша шығармалар, Қазақша шығармалар жинағы, Мешіт туралы шығарма, Қазақша шығарма: АқМешіт шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .