» » » Шығарма: Киелі менің Созағым!

Шығарма: Киелі менің Созағым!

Шығарма: Киелі менің Созағым! казакша Шығарма: Киелі менің Созағым! на казахском языке
Малдыбай Гүлханым
11 сынып,Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі Созақ ауданы
Жетекшісі: Кәдірханұлы О.

Менің бүгінгі таңдап отырған тақырыбым- өзімнің қазіргі өмір сүріп жүрген сан ғасырлық тарихы бар сырлы Созағым жайлы болмақшы. Бұл өлкені қай жағынан алып қарасам да, қалай жырлап жазсам да сөз жетпесін білемін. Созақ жері Қазақстанның Оңтүстігінде, Теріскейде орналасқан .Тарихи мұра мен қазба байлықтарына бай бұл өлке кезінде «Теріскей» деп те аталған екен. Халық арасында айтылып жүрген аңыз әңгімелерге сенер болсақ, «Суы зәк» деген сөз тіркесінің қазіргі кезде «Созақ» атауына айналған деп те естиміз. Бұл өңірде ел билеген хандар, аты аңызға айналған абыздардың кесенелері, тарихи ескерткіштер мен петроглифтер көп сақталған. Созақ ауданындағы ежелгі қалалар жайлы айтар болсам, XIII ғасырдың жазба деректеріне қарағанда Созақ Хузак деген атпен аталып, XVI ғасырдан бастап Созақ деген атпен белгілі бола бастаған көне қамал- қала. «Хан Мазары» деген жерде Әбілхайыр мен Жәнібек хандардың сүйектері жатыр. Қала қоныстары арасында ең ірі қалалар болып Құмкент, Саудакент, Созақ қалалары саналған. Ортағасырлық қала орны Құмкентке 1946 жылы Ә. Марғұланның жетекшілігімен Орталық Қазақстан археология экспедициясы, 1947 жылы А. Н. Бернштамның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы зеттеу жүргізген.Ә. Марғұланның пікірінше Құмкент араб деректерінде кездесетін Камукент қаласының орны. Ә. Марғұланнын деректерін қарай отырып, Құмкент шаһары ертеректе «Көкарал» деп аталғанын білеміз. Осы шаһар маңындағы Жылыбұлақ жерінде құнды саналатын Баба Түкті Шашты Әзіз мазары орналасқан. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі қазақ жұртының қиын қыстау кезде табынатын, жауға шапқанда батырларымыздың ұрандата айтатын киелі әулие болған.
Созақ ауданының тарихы осымен шектеліп қалмақ емес. Мұнда XIII-XIV ғасырларға жататын Ақсүмбе ауылы жанында орналасқан, ел аузында сақталған аңызы көп архитектуралық ескерткіш- Ақбикеш мұнарасы.
Ә. Марғұлан осы өңірге жасаған сапарынан жазған еңбегінде: «Егер Теріскейдегі Ақбикеш мұнарасы құласа, бүкіл Дешті Қыпшақ тарихы құлағалы тұр»- деп мұңая жазуы көнеден жеткен мұнараның құндылығы мен маңызын көрсетіп отыр. Ал белгілі шығыстанушы В. В. Бартольд осы Ақбикеш мұнарасы жайлы жазған шығармаларының 3 томында
«Мұнараның бұлай аталуы мұнда будда дін- мәдениетінің байланыстығынан» деп жазған. Бұл мұнара жайында В.Тизенгаузер, В. Бартольд, В. Веронина, Ә. Марғұлан, К. Байпақов сынды ғалымдар зерттеп өз еңбектерін жазған. Бұл өңірде Мұхаммед пайғамбардың Хазіретәлі ұрпақтарының бірі, дала түріктеріне Ислам дінін ең алғаш таратушы саналатын Ысқақ бап Қаратаудың терістігіндегі Қаракөз бұлағының маңында қайтыс болғаннан кейін сонда жерленіп, басына сағана орнатылған. Жергілікті тұрғындар қазіргі кезде ол жерді Бабата деп атап кеткен. Қазір Бабата елді мекенінде Ысқақ бап әулие кесенесі орналасқан. Сонымен қоса Созақ даласында Қара бура, Саңғыл би әулие кесенелері орналасқан. Мен тұрып жатқан ауылда Саңғыл биден тараған ұрпақтарының бабамызға арнап тұрғызған Саңғыл би кесенесі мен Саңғыл ата мешіті орналасқан.
Саңғыл би кесенесі,
Саңғыл ата мешіті.
Бой көтерген Созақ сынды
Көне шаһар бесігі.
Созақ ауданы тек тарихи қалалар мен ескерткіштерге, әулиелерге арнап тұрғызылған кесенелерге ғана бай емес, сонымен қатар петроглифтер де көптеп табылған.
Петроглифтер- тақтатас, жартастарға салынған суреттер мен бейнелер. Петроглифтер жалпы адамзат мәдениетіндегі маңызды құбылыс. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып, жан- жақты зерттеліп ғылыми айналымға түскендердің ішінде Созақ ауданында орналасқан Арпаөзен, Қаратау, Қойбағар да үлкен маңызды орындар алуда . Арпаөзен Созақ ауданы Абай қыстағының оңтүстік батысындағы 7 км жерде орналасқан. Ол жерден таңбалы тастарға санынған 3,5 мыңнан астам суреттер табылған. Осы аудандағы менің ауылым Сызған елдімекенің оңтүстік батысында 5 км жерде орналасқан Қойбағар таңбалы тастарындағы суреттер саны да осы жобада. Таңбалы тастарға салынған суреттерді көру үшін біз бір күнді белгілеп, тарих пәні мұғалімімен сынып болып бір күндік саяхатқа шықтық. Бұл саяхатта біз көптеген ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көрдік. Ол суреттер алғашында анық көрінген жоқ. Біз тасқа қашалып салынған суреттердің үстінен бормен
сызу арқылы анықтап көре алдық. Онда қос дөңгелекті арбаға жегілген түйелер, көптеген аңдардың бейнелері, адамдардың, садақтар мен жебелердің суреттерін көрдік. Петроглифтер ежелгі адамдардың шаруашылығын, тұрмыс-салтын, немен айналысқанын, дүниетанымынан хабар береді.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 61 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Киелі менің Созағым! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Киелі менің Созағым! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Киелі менің Созағым!, , Шығарма: Киелі менің Созағым! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы