Мамандығым - мақтанышым

 Мамандығым - мақтанышым

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы
"Қарлау бастауыш мектебі" КММ-нің мұғалімі
Мухамбеткалиев Думан

«Ұстаздық жолы,бала тәрбиелеу - ардақты іс»-деп марқұм әкем айтып еді.»Айтушы ақылды болса,тыңдаушы дана болады» -деп халқымыз тауып-ақ айтқандай, міне бүгінгі таңда әкемнің сөзін мәңгі есіме сақтап,мұғалім мамандығын таңдап тер төккеніме де биыл 4 жыл 3ай өтіпті.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл... » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған мақал.

Жақсы ұстаз — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашыл әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.Мен үшін бұл міндеттерді орындау,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып,өз тәжірибемде қолданудамын. Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден — өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін үлкен қуаныш.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Әрине,тиімді де орынды пайдаланылған балалардың даралық қасиеттері өз ұстаздарын бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені әрбір бала өзін-өзі дұрыс тану. Бізде болашақта оқушыларымыздың қияға қанат қағып,елінің саналы азаматы болғанын қалаймыз. Ендеше бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген біліміміз бен тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол сөз шын айтылған екен. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту,өзіңнің бүгінгі күні не бітіргеніңді,енді ертеңгі күнге қандай жоспарларың барын білу, бұл мамандығын сүйген адамның ісі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі