Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

 Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Тлектес Айым
9-сынып, Павлодар обл., Павлодар қ.,
«Дарынды қыз балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты»
Жетекшісі: Айгерім Сертайқызы Жумабекова

Қажеті жоқ...
Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып ізденейік.
Ги де Мопассон
Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы. Қазақ халқы – бауырмал, бейбіт жатқан ел. Өзі бастап соғыс ашып, ешкімнің қанын төкпеген, қайта қандай қайсар, қайратты, батыл, өр болса да, «ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», бейбіт елді қырмаған! Біздің кең байтақ жерімізге көз алартқандар аз болды ма? Жоңғарлар, қалмақтар, қытайлар жерімізге сұқтанып, қол сұқпады ма? Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Баян батыр, Райымбек сынды қазақ батырлары – елі үшін аянбай күрескен, жауға сыбанып аттанған жаужүрек қаһармандар.
Соғыс... Соғыс деген – жою. Тарих беттерін ақтарсақ, бүкіл әлемді жаулап алғысы келген қанқұмар адамдар болғандығын көреміз. Шыңғыс хан, соғысқұмар Ескендір, қанішер Цезарь бүкіл әлемге танылғысы кеп, жер жаһанды жаулап алу мақсатымен соғыс ашып, бейбіт елдерді қырып-жойып, тарих бетін шимайлады ғой! Олардың дүниеқоңыз, ашкөздік саясаттарын жер бетіндегі ештеңе ақтай алмайды. Сондай маңсап қуғандардың бірі – Гитлер. Ол – аңыз адам. Оның аңыздығы – жауыздығы. Сол Ұлы Отан соғысын бастаған бірден бір адам – Гитлер. Сұрапыл соғыстың әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, адамдардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Сол шайқастағы атабабаларымыздың жүректегі жарасы, қайғы-мұңдары қан жылатты. Оны Махмұтбай Әміреұлының мына жыр жолдарынан көре аламыз:
Қан майданнның жүректе жарасы бар,
Қайғы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып бара жатқанмен, олардың жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Адамзат тарихында қанша соғыс болды, сол соғыс біреуге пайдасын тигізді ме? Адамның ақылы дүниені таң қалдырған жер серігін, ұшақты ойлап тапқанда, соғысты болдырмайтын құралды неге ойлап таппайды екен?!! Жетер бізге өшкен үміттер мен орындалмаған армандар, қиылған қыршын өмірлер мен бұзылған тағдырлар, төгілген жас пен ағылған қан! Жетер! Бабалар арманы қай кезде де бейбіт өмір, ашық аспан болды ғой. Ендеше, сол күнге біз, кейінгі ұрпақ жеттік. Ендеше, сол бейбіт өмірге шүкіршілік айтып, бар мақсатымыз еліміздің гүлденуі мен дамуы, ал біздің бәсекеге қабілетті ұрпақ бола білуіміз емес пе! Болашақ бүгіннен басталады ғой, ендеше мен сияқты бейбіт өмірді аңсайтын ұрпақ санасында бейбітшілік туралы мызғымас ой болса, біз еліміздің іргесін берік қалауда тыныш өмірді мақсат етуіміз керек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі