Мәңгілікке желбіресін жеңіс туы
Касенова Диана
10 сынып, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі
Баянауыл ауданы
Жетекшісі: Абилова Г.Н.

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәнгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Біздің ата – бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп; біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын.
Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынанн, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Ашаршылық пен ауыртпашылық бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан куннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз... Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын – күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді. Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды. Отаншыл болу – бір-біріне бауырмал болу. «Жақыныңд жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесен істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай... Ыңтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. “Отан үшін отқа түс, күймейсің” деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отан үшін еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі.
Біздің жерлес аталарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Ұлы Отан соғысының майдан шебіне аттанып, өзінің ерлікті істерімен Жеңіс күнін жақындата түскен жерлестеріміз мың сан. Байтақ елімізді баспалап кірген жауға қарсы күреске біздің облысымыздан 46257 адам қатысқан. Ертіс жағалап, Баян тау бөктерін төңіректей қоныстанған бар елді мекендерімізден аттанған жауынгерлердің 22252 – сі майдан даласынан оралмады. Сол жаужүрек жауынгерлер арасында ер деп ерекшелеп, батыр деп бөліп айтар тұлғалар да аз емес. Ғұмыр – тіршілігі біздің облысымызбен тығыз байланысқан 23 азамат Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болған. Олар:
Серік Мүткенов майданға Павлодар облысы Краснокутск (Ақтоғай) ауданынан аттанды. 1 Украин майданындағы әскери бөлімшеде 45 милиметрлі зеңбірекшілер взводының командирі болды. 1944 жылы Украин даласында фашистермен қиян – кескі ұрыста ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы 9 ақпанда Отан үшін жастығын қиған ер жауфңгер Серікбай Мүткеновке Кеңестер Одағының Батыры атағын берді.
Қабдеш Нұркин – 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Үшқамыс ауылында туған. 1942 жылы сәуірде Лебяжі аудандық халыққа білім беру бөлімінде қызметте жүргенде Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1942 жылы Ұлы Отан соғысында алғаш жауынгерлік шайқасқа қатысады. 1943 жылы атқытар ротасының командирі болып, 1945 жылы соғысты аға лейтенант шенінде аяқтайды. Полковник әскери дәрежеге дейін көтерілді. Екі қызыл Жұлдыз, бірінші дәрежесіне Отан соғысы, Александр Невский атындағы тек командирлерге берілетін әскери ордерінің иегері.
Қалмұқан Исабаев – 1925 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1943 жылы 10 сынып партиясынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Сол уақыттан бастап майдан шебінде жанкешті щайқастардың бел ортасында болды. Офицерлер қатарына көтеріліп, капитан дәрежесін алды. Жеңіс жылынан кейін де Германияда қалып, Ильменау қаласында комендант болды. Елге 1954 жылы ғана оралды.
Ғаббас Жұматов – 1920 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Соғыс басталғанда Белоруссияда Брест қамалының әскери гарнизонында қызмет атқаратын. Фашистік Германияны шабулын алғашқы болып қабылдаған жауынгерлер қатарында болды. 1941 жылы Москвада саяси маңызы зор болған соғыс кезіндегі алғашқы мерекелік паратқа қатысады. Жеңіс күніне дейін майдан шебінде ерлер қатарында болған Ғ.Жұматов бейбіт ғұмырын ғылымға арнады.
Минжамал Тумашева - Павлодар облысы Баянауыл ауданыны тумасы. Соғыстың алдында Томбы қаласындағы университеттің медициналық факультетін бітіріп, Қазан шаһарында дәрігер болып қызмт атқарған. Медицина ғылымнын кандидаты, шет елдік неміс және француз тілін жетік білген. 1941 жылы майданға алынып госпиталдарда дәрігерлік қызмет атқарды. Майдан шебінде жауынгерлерге медициналық қалтқысыз қызмет көрсеткені үшін Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен марапаталады. Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендкр де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеу керек. «Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматтар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады.
Бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатыр. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз.Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?