» » » Шығарма: От кешкен жылдар

Шығарма: От кешкен жылдар

Шығарма: От кешкен жылдар казакша Шығарма: От кешкен жылдар на казахском языке
Базарова Алтын
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстармен да сақталары анық. Өйткені, бір ғана екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы- қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы- қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллиондаған адамдардың өмірін қиған жер бетінде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған мызғымас одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қақан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түргелді. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта, біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбекерлерді жігерлендірді.
Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ қандай шығынмен десеңізші? Қаншама жас қыршын кетті. Тіпті бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін, солардың тым болмаса бірі елге аман оралмаса не дейсіз? Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті? Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілі суығанша үміттерін үзбеді.
Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып бара жатыр. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтан да мұны, Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға, мына тап өздері секілді кешегі гүлдей құлпырған жап- жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қару алып сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан қайтара алмады.
Ал соғыс ол - қасірет. Басқа түскен қасіреттен олардың көбі қайтып қайтып оралмады. Қайтар оралғандары соғыстан кейінгі өмірдің қызығын, жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі жүрекке түскен жар, тәнге қадалған оқ табы, әлі мазалайды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын олардың қатары азайып бара жатыр. Енді міне қарасаң, саусақпен санарлықтай қалған олардың әрқайсысы - бір, бір кітап жазуға тұрарлық лайықты жандар.
Тарихи оқиғалар- тарихи тұлғаларға толы. Қан майданда жаумен алысып, бейбіт өмірде еліміздің өркендеуіне үлес қосқан жауынгерлер ерлігі дәріптеуге тұрарлық. Олардың әрқайсысы- өмірі мен ісі жас ұрпаққа ғибрат боларлық эпостық туындыларға өзек болар тұлғалар. Бұлар елі үшін, туған халқының дамуы үшін, жеңіс үшін, тәуелсіздік үшін жүрегін шырақ еткен қаһарман алып ардагерлер! Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірі, сән- салтанаты- батыр халықтың жеңісі, жауынгерлер мен соғыс ардагерлерінің батырлығы мен еңбекқорлығының жемісі екенін ешкім де ұмыта алмайды. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақтар өзінің ерлігінің, жауынгерлік және қолбасшылық өнерінің арқасында Одақ бойынша ең жоғары мемлекттік награда алғандардың алдыңғы қатарына кіріп, Қазақстан мен қазақтарды бүкіл Одақ пен әлемге танытты.
Бүгінгі жаһандану кезеңінде қазақ халқының көкейкесті мәселесі- өзінің ұлттық болмысын сақтап қалу. Міне осы жағдайда жас ұрпақ мен және менің құрбы- құрдастарым Ұлы отан соғысында көрсеткен өз ұлтының ерлігіне, жау жүректілігіне қайта көз жүгіртпек. Еліне паналы қорған болған батырлардың, халық қаһармандарының өнегелі өміріне оралу, оларды болашақ ұрпақтарға жарқырата үлгі ету- әрбір қазақстандықтың парызы. «Ер тарихы- ел тарихы» дейді дана халқымыз. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, жеңіске үлес қосқан ағаларымыздың өмірін жастарға үлгі етіп елжандыққы тәрбиелеу басты міндет.
Ұлы Жеңіс - біздің Жеңіс! Бұл ең алдымен, ақ ниетті адамдардың жеңісі. Социалистік қоғам тәрбиелеген ұлттар достығының, бауырмалдығының жеңісі. Ел мен жерді қорғаған, ұрпағына аманат етіп тастап кеткен ата- баба дәстүрінің, ерлік дәстүрінің жеңісі. 71 жылдығын атап өткелі отырған бұл жеңіс баянды болғай! Ендігі жас ұрпақ соғысты көрмесін деп тілеймін.
Ұлы Жеңіс мерекесі шынын айтқанда бір жағынан қаралы кезең болғанымен, ерлік пен елдік, ар-намыс, отаншылдық пен биік рух аяусыз сынға түскен ғаламат тарихи сәт еді.
Қазіргі күні әлемдегі ең басты проблема - ортақ үйіміз - Жер шарын соғыс өртінен сақтау, бейбітшілік, аймақтық соғыстарға жол бермеу, терроризмге қарсы күрес және дінаралық, ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау. Соғыстың барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына кері әсерін тигізгенін ешқашан да ұмытпауға тиіспіз.
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан- ғайыр даланың тіпті бір пұшпағына жау табанын тигізбей, көгімізден жау жебесін ұшырмай, ағабабаларымыз бізге бүгінгі Тәуелсіздікті тарту етті. Тарту етті дей салу бізге оңай болғанымен, шын мәнінде ол найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, яғни ата-бабаларымыздың жаугершілік замандарда әскери өнерді жан- жақты меңгеріп, дамытып, шеберлікпен шыңдай алғандығының арқасында қол жеткізген баға жетпес құндылық екенін ұғынуымыз қажет. Біз әлдекімдер үйреткендей, әскердің әліппесін кешегі Кутузов, Суворов, Чапаев немесе тағы сол сияқты шенділерден бастаған емеспіз, одан әлдеқайда тереңіректе, сонау Европаны тітіренткен Еділ мен Едіге, мысырды билеген Бейбарыс сынды патшалар мен сұлтандардың, қыл аяғы кешегі Кенесары, Исатай мен Махамбеттей қас батырлардың ұрпағымыз.
Қорыта айтқанда, біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Тірілерге құрмет көрсетіп, қаза болғандарды үнсіздікпен еске аламыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір- бірінен ажырағысыз және бір- бірін толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасірет арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ. Бүтіндей әулеттердің түбіне жеткен, ошағын өшірген, ананы жесір, баланы жетім қалдырған бұл алапаттың зардаптарын жою қашанға дейін созылады десеңші? Бір ғана нәрсе ақиқат. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 46 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығарма: Ұлы соғыс жаңғырығы өшпейді
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы соғыс жаңғырығы өшпейді
Шығарма: Ерлікке тағзым
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлікке тағзым
Шығарма: Өлшеусіз  ерлік
Шығармалар жинағы
Шығарма: Өлшеусіз ерлік
Шығарма: Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығарма: Қазақстан-Ұлы Отан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақстан-Ұлы Отан
Шығарма: Отан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отан
Реферат: Қазақ әдебиеті | Бекбосынов Серікқазы
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Бекбосынов Серікқазы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Соғысты көрген тағдырлар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Соғысты көрген тағдырлар)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма От кешкен жылдар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про От кешкен жылдар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, От кешкен жылдар, шығарма От кешкен жылдар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про От кешкен жылдар на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен От кешкен ж, Шығарма: От кешкен жылдар шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы