👈 қаріп өлшемі 👉

Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай

 Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай

Жетпісов Рүстем
11 «А» сынып, №7 орта мектеп Ақмола облысы,
Степногорск қаласы
Жетекшісі: Қалымтаева Гүлжан Серікқызы.

Қорықпай соғыстық, бірлесіп тоғыстық.
Дөйлерге бас имей, Осалға болыстық.
Жүрекке жеңістің, Әлі де нұры ыстық,
Шындықтан айнымау, Шынайы дұрыстық.
Мұзафар Әлімбаев

1941 жылдың 22 маусымында фашистік германия әскері Кеңес Одағының тұтқиылдан, соғыс жариаламастан басып кірді. Жау жағының басымдығына қарамастан, шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангерлер-ардагерлерімізді мәңгі жадымызда сақтаудамыз. Миллиондаған қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Солардың қатарында қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Қан төкті, жаралы мүгедектер болды, аштыққа да, суыққа да төзді, сөйтіп фошистерді жеңуге ортақ Отанды қорғап қалуға өлшеусіз үлес қосты.
Немістер ол кезде көп нәрсені білмеді. Өз тұсында төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың лайықты ұрпағы қарсы тұрғанын білмеді. Азаттық жолында қаншама қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқының ауыртпалықтардан қабырғасы қайысса да, морт сынбайтының, еңсесі езілсе де, рухы түспейтінің, асылын берсе де, намысын бермейтінің білмеді.ұлттың рухын теңселтіп, адамдардың санасын шайқалтқан дүрбелеңдер қазақ халқының рухани кемелдігін, батырлық тамырының тереңдігін жеріне жеткізе дәлелдеп бере алады. Батырлар туралы естелік бізге отаншылдықты оятатын, намысты қамшылайтын, рухты асқақтататын қырларымен қымбат. Менің ойымша мұндай қасиеттерді қастерлеп, үкілей ұстай алсақ, жеңісті күндеріміз көп болары күмән келтірмейді.
Менің арғы аталарым да, бір үйден үш ағайынды болып, қан майданына аттанды.Үшеуінен бір атам ғана үйге оралады. Беларусиядан жараланып, үйге қайтып келгеннен кейін оғын алады. Ал атамның бір інісі Курская дугасында қайтыс болғаны міне осы жылы белгілі болып, үлкен немересі ескерткішіне барып, туған жердің топырағын салды.
Бұл соғыстың тауқыметін тартпаған, санасында сыз қалмаған адам жоқ десе де болады. Осы соғыстың әкелген қайғысы қасіреттің өзі қандай екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Егер біздің бабаларымыз сол кезде жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік?! Сондықтан біз дархан даланы қорғап, ұрпаққа аманат етіп қалдырған батыр бабаларымызға мәңгілік қарыздармыз.
Әрқайсысы олардың дара батыр,
болмысына тамсанып қара да тұр.
Бейбіт күнді сыйлаған мына бізге,
Ардагерлер азайып бара жатыр!?
Жыл өткен сайын ұлы Отан соғысының ардагерлері де азайып барады бірақ біз оларды әрдайым жадымызда сақтаймыз. Соғысқа қатысып, жеңіске жеткен және осы жолда өмірлерін құрбан еткен асыл азаматтарды еске алып, құрмет көрсетіп отыру бәрімізге қасиетті борыш, қастерлі міндет.Бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін сезініп, бағалай білуіміз керек.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы