» » » Шығарма: Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың!

Шығарма: Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың!

Шығарма: Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың! казакша Шығарма: Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың! на казахском языке
Мыңжасова Елена
10 сынып, №38 мектеп-лицей
Орал қаласы
Жетекшісі: Тасқарина Г. Ү.

Бүтін ек біздер, бір едік –
Шаршысын көрген шалдардың.
Жүрекке әсем жыр егіп,
«Отан!» деп ойлы қалды әр күн
Жат өлке солай төрі боп,
Таққанбыз тағдыр жолға сын.
Бәрібір өстік Бөрі боп,
Бабамыз Көкжал болған соң...
Сабыр Адай.
Иә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ .Солардың қатарына қастерлі байлығымыз-Отанымызды , еліміз бен тарихымызды жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі- осы сөздерді мадақтай айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді . Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.
Тағдырдың талай тауқыметі мен тепкісіне кейде төзе, кейде қабырғадан қан кешіп қарсыласа жүріп, ата-бабалардан мирас болып қалған ұлан-ғайыр мекеніне ықылым заманнан бері иелік етіп келе жатқан жаужүрек те дана халқымыз қашан да ел басына күн туған қысылтаяң шақта елінің азаттығы мен егемендігі үшін жасқанбады. Халқымыз қай кезеңде де жалаң кеудесін жау оғына тосты. Өр кеуделі батырларды туғызды. Сонымен қатар,тарих-ана тумысынан бойында намыс оты тұтанған, сол отты жасындай жарқылдатып, халқының тәуелсіздік жолындағы жорығына ту етіп ұстап, ақыл- парасаты мен санасын сәйгүлік қып мінген Күлтегін, Білге қаған, Оғыз,Алып Ер Тұңға, Томирис тағы басқа да түркілік тұлғаларымен әлемге аян болды. Көне түркі жазбаларында: «Түбінде бәрімізді осы топырақ жер қорек қылды. Бірақ киеден айырылу біз үшін дұрыс болмас» деген сөз бар. Нұрдан жаралған қаракөктің тұқымы арғы түркілердің бүгінгі ұрпағы бабаларымыздың үстемдік, жаугершілік құрған заманда да теңдікке, тәуелсіздікке қол созғандығын байқатады.
Иә, рауандап ХХ ғасыр туғанда,халқымыздың қалғып бара жатқан рухын дір сілкіндіре оятып, ұрпақтан -ұрпаққа жететіндей шоқ тастап кеткен ағартушы-қайраткерлер-Әлихан Бөкейханов,Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,Жүсіпбек Аймауытовтардың қоғам алдындағы саяси-әлеуметтік қызметіне де тарих әділ төреші болды.Кейінгі ұрпақ оларға құрмет көрсете отырып, олардың өмірін сүйсіне оқиды, шөліркеген жандай тұнығынан тамсана сіміріп , ұлылар өмірінен өзімізге ғибрат алып келеміз. Иә, түптеп келгенде, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларын ел құрметіне бөлеген олардың бойындағы ұлтжандылық пен отаншылдық қасиеттер дер едім.
Ұлт зиялылары туралы айтқанда,мен ізденіс барысында «Мәдени мұра мемлекеттік бағдарлама сериясы бойынша «Қазіргі түркі философиясы »атты жиырма томдық кітапты оқып шықтым. Бұл еңбекте Алаш зиялылары туралы: «Алмағайып тарихи аласапырандар тұсында ғұмыр кешкен ұлы ағаларымыз бір-біріне биік талап қоя білген, егер ұлт мүддесіне қылаудай көлеңке кемшіліктер байқаса, оны құлбілтелемей,әлдебір арам ниет көздемей, ашық айтқан»,-деп жазған. Бұл пікірдің астарына мән беріп қарайтын болсам, елімізді мәдениет пен білім,ғылым өресіне сүйреген қайраткерлер еңбегінің орасан зор болғандығын және олардың қоғам алдындағы адалдығын кейінгі ұрпақтардың ұлығылауы туралы айтылып тұрған жоқ па ? Қазақ деген намысқой да өжет халқымды өміршең еткен де, ұлылық деңгейіне көтерген де, айдай әлемге танытқан да әр ғасыр тоғысында осындай елім деп өткен ұлдары болса керек.
Иә, тарих тұңғиығына көз жіберсең, ата қоныс жер үшін, сол қоныстан қуылып, соры қайнаған елі үшін «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» ұрандап жауға тиетін , халқына бас иетін батыр бабаларымыз бен тағдырдың қиынына төзгенмен, тарихтың қиянатына көнбеген , «көш бастаса көсем болған, сөз бастаса шешен болған» даналарымыз, қай тарапта да жауға белін бермеген, басын имеген, сол халқымыз не көрмеді?!
Қазақ қазақ болғалы,
Қазақ атқа қонғалы,
Не көрмеді бұл елім?!-деп бөрілі байрақ астында елді бірлікке үндеген Сүйінбай ата секілді кемеңгер жырау бүкіл қазақ елі басынан өткерген ауыр кезеңдерді еске түсіріп, терең ойға шомылдырады.
Расында да, елін сүйген, жерін сүйген, халқының өткенін құрметтеп, болашағын ойлайтын, төл тарихын сыйлайтын біз секілді жас ұрпақты айтары мен берері мол өткен тарих елесі ойландырады, толғандырады, тіпті еріксіз көзге жас алдырады.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Бұл Қасым ақынның жүрегінен атойлап шыққан, ар-намысқа шақыратын өлең жолдарынан таудай биіктікті, даладай кең махаббатты байқаймыз.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?! - деп іштей ұлттық идеяны жүрегінде сақтаған, азат елдігін, еркін тұрмысты аңсаған бабалардың әр толғауы кезінде бойға қуат,жанға медет, үмітке тірек болса керек...
Шынында да, біздің халқымыздың тарихы, қоғамдық-әлеуметтік ел басқарудағы дарындылығы өзге халықтарға ұқсамайды. Қазақта әр ханның тұсында бір сұрқылтай болатындығы сияқты әр ғасырдың өзінің ел билеуші көсемдері, қол бастаған батырлары болған. Шалқар дала, кең-байтақ әсем өлкемізді дүниеге тойымсыз озбыр көздер көреді. Қызығады, қызғанады, иеленсем дейді. Сондай қысылтаяң шақтарда қылышын жарқылдатып, «біртіндеп садақ асынған, біріндеп жауды қашырған, қорамсаққа қол салған, қозы жауырын оқ алған, атқан оғы жоғалған» ерен ерлер еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес,біздер бұл қалың тарихты асыл жәдігерліктей үкілеп, «мойнымызға бойтұмар етіп тағып жүруіміз керек» деп ойлаймын.
Әлқисса, тарихты жасайтын да, оны жаратушы да – халық. Мен – сол халықтың бір перзентімін. Нәсілге, текке, түске бөлінбеген ұлттық тұлғалардың қадір-қасиеті бүгінде ақиқаттан аңызға айналып, біздерді, жастарды, ойландырып келе жатқандығы сөзсіз. Ой толғанысында отырған мен үшін бүгінгі ұлттық тұлғаларға төрелік айту, әрине, қиын. Бірақ бабалар мен бүгінгі ұрпақтың арасындағы алтын көпірді жалғау- менің намысымды ширықтырып, жадымды жаңғыртуға, тарихты білуге ұмтылдырады.
Иә, ХХI ғасырдың уақыт дөңгелегі айналып келген сәтте:«Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық» деп атойлап ар-намысқа шапқан Абылай ханның кемеңгер ақылшысы Төле би бабамыздың ғибратты сөзі бүгінде де өркениеттің тар жол тайғақ кешу жолына түскен бүкіл қазақ халқының парызын, міндетін көрсетіп бергендей.
Асылы,«Әр ұрпақ тарихты қайта жазып шығады».
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, сонау тұлпардан тұлпар, сұңқардан сұңқар, асылдан асыл туған замандарда өмір сүрген, толғамалы найза қолға алған арыс бабаларымыздың мәңгілік батырлықтарын насихаттап, бүгінде тарихымызға қайта назар аударылып жатқандығының өзі көңілге қуаныш сыйлайды. Жанымызды жадыратады. Өйткені еліміздің тарихының тамыры ешқашан суалмайды, замана көшімен алға жылжи береді, өткен тарих пен бүгінгі тарихты келешекпен жалғастыратын тек қазақ халқының өз ұлдары емес пе, мен солай деп ойлаймын. Әрине, бұл пікірімнің астарында бір шындық жатыр...
Туған жер. Туған тіл.Салт-дәстүр. Туған тарих.Қасиетті төрт анасың Сен!..
Осы алтын айбарлы мемлекеттік құндылықтарды біздірге,бүгінгі жастарға ,үлкен жауапкершілік жүктейді.
құрметтеу Рәміздерді құрметтеу,түптеп келгенде,халқымыздың жастарының өй-өрісін ,өзгеше бірегей бітімін танытып қана қоймайды, жаһандану заманында,тіпті,қоғамдық ойлауына, қазақша сөйлеуіне де да ықпал ететіндігі сөзсіз.
Халқымыз бүгінгі бүлдіршіннің – ертеңгі ел келешегінің берік қалыптасқан өзегі деп осы Отандық патриотизмді ту етіп,нұрлы болашақ астында ұрпағын ізгіліктілік,өз елін сүюге баулып келеді.Бұл – берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болғандай. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дейді ұлы Абай. Бұдан асқан сөз бар ма?! Бұл идея бүгінгі таңда жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеуде аса қажет. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбіщұлы Назарбаев: «Қазақстанның Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі орталықтарында, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады » - деген еді. Олай болса, тарихты білу, қастерлеу ,Отансүйгіштік– қазақ жастарының ұлттық - қоғамдық санасын белгілейтін әлеуметтік тарихи қалыптасқан сезім. Аса қасиетті сезімнің оты сөнбесін,ол Мәңгілік елімізге, Мәңгілік тілімізге, бәрімізге Жерұйық болған сүйікті Отанымызға қызмет көрсетуден бастау алып, ұлтымызды жылыта берсін деймін!.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 72 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Қасиетті мекен тарихым-елімнің нұрлы бағысың! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қасиетті мекен тарихым-елімнің нұрлы бағысың! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қасиетті мекен тарихым-елімнің нұрлы бағысың!, , Шығарма: Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы